Latin Common Turkic

Тар Жол, Тайғақ Кешу - 29

Süzlärneñ gomumi sanı 3755
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Бəуеттен, біздің əкей, Мəдібектер, тағы он шақты кісілер толып отырдық.
Киіз үй. Ортада қазан асулы. Қазандағы ет шымырлап қайнайды. Қойдың
сары қиы маздап жанады. Рақымжан мен Бəуеттен мені əлі «Қарқаралы
уезінің Жұмақасы» деп отыр. Ағайыны — Сейфулланың қасына келген соң
Рақымжан жарқылдап қуанып, көңілденіп алды. Қолында домбыра,
екпіндете шертеді. Мол қалаған сары қи маздап жанып жатқан соң қазанда
ет шымырлап қайнап жатқан соң, үйде отырған жұрт та ойнағысы келіп
отырды.
Домбыраны шерте түсіп, Рақымжан маған қарап сөйлейді:
«Жұмақас құда!..» — деп қояды.
Отырған жұрт не қыларын білмейді. Кейбіреулер шыдай алмай, теріс
қарап, ақырын күледі... Рақымжан сезбейді... Рақымжан жарқылдап
домбыраны шерте түседі.
— Шіркін, Сəкен домбырашы еді ғой!.. Ақмолада қымызшыларды
аралап, қымыз ішкенде екеуміз ылғи бірге жүруші едік. Кейде қымыз ішіп
отырып, домбыраны алып, қағып-қағып жіберіп əн салушы еді... Тамаша
еді ғой! — дейді...
Мəдібек сездірмей:
— Кəне, Сəкен салатын бір əнге салып жіберіңізші! — деді.
Өзгелер де күлімдеп, қозғалып қойып: — Е, е! Кəне, салып жіберіңіз! —
десті.
Рақымжан мəз.
— Жарайды... Сəкеннің тəуір көретін əнінің бірі, əлгі жаңа да өзіміздің
Тінəлі-Темеш ішінде жүрген бір Мəриям Жəгөр деген орыс қызы шығарған
«Дудар» деген əні еді. — Ендеше соны салып көрейін, — деді Рақымжан.
— І-м-м!..
Мəриям Жəгөр деген орыс қызы,
Он алты, он жетіге келген кезі.
Қазаққа Дудар деген ғашық болып,
Мінеки Мəриямның айтқан сөзі!..
Дудар-ай! Дудар, Дудар-ай, Дудар.
Дудар-ай, Дудар... е-е-ей!..
Қолында Мəриямның өткір қайшы,
Қағазға атым Мəриям жазылсайшы,
Қор болып бір қоқолға кеткенімше,
Алдымнан қазылған көр табылсайшы!
Дудар-ай, Дудар...
Дударды көп көргем жоқ, бірен-саран!..
Дудардың аулы алыс, бітеу арал:
Ашықтық тілегіме жете алмасам,
Ілгері көрер күнім болды қараң.
Дудар-ай, Дудар...
Ауылым Өтебайдың қырқасында,
Бірде қар, бірде жаңбыр бұрқасында.
Мойнына ақ білекті орай салсам.
Алмасам өзің жазып қырқасың ба!
Дудар-ай, Дудар!..
Дудар-ай, көк атыңды жемдедің бе!
Жеріңе уəде айтқан келмедің бе?
Жеріңе уəде айтқан келмегенің, —
«Мариям заты орыс» деп сенбедің бе?
Дудар-ай, Дудар!..
Үйдегі жұрт қалжыңдап отырса да, Рақымжанның əні маған едəуір əсер
берген тəрізді болды.
Рақымжан əнін шорт үзіп, тоқтатып, домбыраны қаттырақ шертіпшертіп жіберді.
«Сəкен өстіп салушы еді», — деп, домбыраны қоя салды...
Ертеңінде Рақымжан, Бəуеттен, біздің əкей — бəрі біздің елге жөнелді.
Мен Рақымжан мен Бəуеттенге танытпай қалдым.
Біз енді көшіп, жылжи бердік.
Оның ертесіне тау ішінде, қыстауының жанында отырған Шуға
көшпейтін Мəдібектердің бір ағайындары, баяғы Байқазы батырдың
немересі Сейдуəли дегеннің аулына кез болдық. Көштен бұрылып, Мəдібек
бəріміз Сейдуəлидің үйіне түстік.
Түстеніп отырдық. От жанып, қазан қайнап тұр, Мəдібек Сейдуəлимен
сөйлесіп отырды. Сейдуəли, сары тіс болған, шоқша сақалды, денелі құба
кісі... Ақмоланың жайын, «арғы ұрыс болып жатқан жақтың жайын», «сары
орыс пен большевиктердің» жайын сұрап отырды. Мəдібек:
— Күллі жерде большевиктер Колчакты жеңіп алып келеді. Ендігі
Ақмола да алынған шығар... — деп, мөлдіретіп сөйлеп отырды.
Сейдуəли уайымдап, қорқыныш қылып тыңдап отырды.
— Е-е, большевиктер алса, əлгі Сейфулланың баласы тағы да шыға
келеді десейші!.. Дым-ақ діні қатты, бұзық бала деп еді... Тағы да шыға
келеді десейші! — деді.
Мəдібек сездірмей менің санымды қысып қояды. Түртіп, қыздырмалап,
Сейдуəлиге мені жамандап, сөзін қостай берді.
Мен шыдай алмай:
— Отағасы, діні қатты болғанда, бұзық болғанда Сəкен не қылып еді?
— дедім.
Сейдуəли тігініп, мені көрсетіп Мəдібектен:
— Бұл кім еді? — деді. Мен:
– Тоқамын... сол Сəкеннің ағайынымын, – дедім.
— Е, ағайыны болсаң, діні қатты емей немене, əлгі, болып
тұрғандарында, Ақмолада уезной комитеттен өзінің жақын ағасы, елінің
ақсақалы Байтабарды қуып шығыпты. Өзінің əкесін қуып шығыпты...
Бұзық емей немене, бір күні некесін бұзып, байынан он сегіз əйелді
босатып жіберіпті. Намаз оқымайды дейді. Пайғамбарды «өзіміздей кісі»
деп айтады дейді, — деді.
Əрине, Сейдуəлиге сыр білдірмей аттандық.
Содан жалғыз ауыл жылжып, елсізге, шөлге шықтық. Үлкен таулар
артта қалды, Енді шөлге, «Бетпақ далаға» шықтық. Қуарған құба жондар,
ұшы-қиыры жоқ тəрізді, таусылмайды. Елсіз, жансыз бетпақ дала...
Арқаның шалғыны бірте-бірте селдіреп, үзілді. Бірте-бірте қалың бетегелер
де таусылды. Бірте-бірте «Бетпақ даланың» белгілері көріне бастады...
Селдіреген сұр сояу жусан, тырбиған сұрғылт көкпек. Тырбиған, қуарған
баялыш, боз қараған. Жерінің қыраңы тастақ, ойпаңы шақат, сортаң.
«Бетпақ дала» сұп-сұр, жан жоқ, көлбеген өлік тəрізді қиырсыз дала.
Бетпақ далада сыдырта аяңдап келеміз. Он шақты түйеге төрт үйдің
жүксымақтарын артып, тізген. Ауыл бастығының əйелі салт атпен көшті
алып келеді Əйел үсті-басына қабаттап киінген. Кей түйелердің үстіндегі
жаман шекпен күпісіне оранып, шошайып отырған кемпір, бала-шағалар
көрінеді.
Елсіз ен даланы қақ жарып, изеңдеп, ырғалып, аяңдап, шұбалып,тізіліп
көш келеді Ұшы-қиыры жоқ теңіз үстінде тізбектеліп, шұбап дүзіп келе
жатқан бір топ құс тəрізді. Көштің жанында бір-екі салт атты əйел келеді.
Көштің алды-артына шығып, жортып төрт-бес ит келеді. Көшті
қабырғалап, бір үйір жылқысын айдап, бір бала мен ауыл бастығы келеді.
Жылқымен жедел, ауылдың үркердей қойын айдап, жирен байталды,
жыртық шекпен күпілі сары бала келеді. Көштің алдында бес-алты атты
кісі Мəдібектер мен біз келеміз. Бəріміз де ырғалып аяңдаймыз да
отырамыз. Сұп-сұр болған айнала, қиырсыз, көлбеген, қуарған дала...
Ел жоқ... Жан жоқ... Ұшы-қиыры жоқ. Бетпақ далада шоқтай болып,
сыдыра, сау аяңдап жүреміз. Теңізде малтығандай қыбырлап, көктегі
күннің астына қарай жылжимыз да отырамыз... Таусылмайды. Ылғи құба
жон, ылғи сұр дала. Бүгін де сол, ертең де сол. Біріне-бірі ұқсайды.
Таусылмайды. Біз де бетпақты қақ жарып, таусылмайтын жондарды,
қырқаларды сыдыртып, бөгелмей, жалықпай сау аяңдай береміз. Елсіз,
шұбалған «Бетпақ дала» да таусылмайды. Бізде ұшы-қиыры жоқ даланы
қақ жарып, жан-жаққа бұрылмай, ілгері, ылғи бір қалыппен сыдыра аяңдап,
ырғақтай береміз. Жүре береміз... Жүрісімізді бір күйге салыстырғанда,
ылғи бір қалыпты ырғалып шұбырған «балбырауын» күйі тəрізді немесе
құдды «танго» тəрізді деуге болады.
Кештетіп келіп, соқыр құдыққа жете қонамыз. Лезде баспаналар
тігіледі. Біреулер үй іргесінен оп-оңай баялыш шауып əкеледі. Тамызық
тигізіп қалса, қу баялыш ду етіп жанады. Қызуы қатты-ақ. Біреулер соқыр
құдықтан барып су əкелді. Суға талғау жоқ. Табылса болғаны. Тез шай да
қайнайды. Ет те асылады. Жылқы мен аттарымыз ауыл қасында жайылып,
жусан, изен, ебелекті тырсылдатып жұлып жатады. Қой мен түйелер іңірге
шейін ауылды айнала жайылып, көз байлана ғана қотанға иіріледі. Түнде
төрт жаппа, бір қара қос шоқтай болып, бір-біріне тығылғандай бүрісіп,
қиырсыз бетпақ далада бүкіл дүниеден адасқандай кіп-кішкентай болып
отырады. Баялышты маздатып жағып, отты жарқылдатып, оттың
айналасында сығылысып, əңгімелесіп отырамыз. Домбыра шертеміз. Кейде
оттың жарығымен қарта ойнаймыз. Ауылдың бір-екі жігіті гармонь
ойнайды. Бір-екі кішкене қыз бала əн салады.
Сол көшіспен көп күн көштік...
Екі жерде бір жақтан жылқы алып бара жатқан екі топ жау қудық. Екі
жылқы түсіріп алдық.
Ақырында Шуға көшіп бара жатқан Мəдібектердің елдерін қуып жеттік.
Енді тұрмыстың өзінше қызығы да бола бастады. Бірақ жаза бергенге
уақыт жоқ. «Бетпақ дала» тұрмысынан талай жазарлық түрлер бар... Бірде,
кезінде басқа ишаратпен жазылар... Шуға таяндық.
Бір түні үйдің артында арқандаулы тұрған менің күрең атымды ұры
əкетті, сол елдің ұрылары қашып бара жатқан жалғыз аттының атын
«олжа» қылды. Қатар отырған төрт-бес ауылдың күзетсіз жатқан төрт түлік
малы аман, жалғыз менің атымды ғана қадап ұрлады. Тағы да жаяу тастап,
шоңқайтты да кетті. Мал ұрлауға шебер қазақ ұрлықты шығаруға қандай
шебер. Ертеңінде-ақ сол түнгі «жортқан» ұрылар білінді. Бірақ ондай кезде
бізге ұрылар теңдік бере ме? Ол түнгі «жортты» деген ұрылар аяқтарына да
отырғызған жоқ. Бірақ шындықтарына жету қиын — сол түні «пəлен ұры
жүріс қылған екен, түген ұры жүріс қылған екен» деген сөз таратып, атты
шын ұрлаған ұры, алдырған кісіні бөтен ізге салып жіберуі де мүмкін.
Күрең ат жоқ болды. Бетпақта жаяу қалдым. Көңіл жететін жерден мінетін
ат іздедім. Бірте-бірте күн өтті. Қалың ел Шудың қабағына келді. Сол біздің
Тарақты елімен жапсар екінші болысқа қарайтын Тама елінде біздің бір бай
ағайынның Мақажан деген құдасы бар еді. Соған барып Мақажанның
Жұмаділдасынан бір мықты ат сұрап мініп, Əулиеата қаласына жүрдім.
Қасыма үш-төрт жігіт жолдас болды. Біреуінен басқасы Мəдібектің жақын
інілері. Біреуі — Батырбек жəне шойындай Сүйіндік батыр. Əулиеатаға
қарайтын жапсар елдерді Батырбек пен Сүйіндік жақсы біледі. Құдандал.
Батырбектің қатыны сол елдің біреуінің қызы екен.
Шудан өттік. Қыс болса да жер қара. Қалың сексеуіл басқан жота-жота,
үйдім-үйдім қалың құм теңізге кірдік. Сарыарқадан «Бетпақ дала», Шу
бойы, одан құм теңіз, құм іші көзге бір түрлі жат көрінді. Жүріп келеміз.
Жүріс қатты.
Кешке Əулиеатаға баратын шеткі елге, Батырбектің қайнысының
ауылына келдік. Арқадан бұл елге бірінші мəрте келген маған бұлардың
жерінің, малдарының, адамдарының, үйлерінің түрі, барлық қайбаты тіпті
басқаша көрінді. Екінші бір жат дүниенің жандарындай көрінді. Əуелі
сексеуіл арасында жүрген жылқыларына кез болдық. Əдейі тоқтап, бір
жылқыларды айдап көрдім. Жүндері тықыр, мойындары жіңішке, шөмек,
маймиған, қамыс құлақ, тұяқтары қалың, үлкен. Одан құмдардың
араларында, ойда жүрген түйелеріне кездестік. Түйелері де тықыр, сида,
жүндері күнге күйген, қара. Одан аулына келдік, үйлері шошақ, тік.
Адамдары ылғи сары тоңды. Кеуделері тар, етегі ұзын, жеңдері тар, шолақ.
Аяқтарында кебіс байпақ, не жаман кішкене етік. Адамдары өңсіз, ұяң
көзінің астымен қарайды. Сөзді айқын сөйлемейді. Ішінен бір қулық
даярлап отырған тəрізді.
Батырбектің қайынына екі күн қондық. Батырбек сонда қалды. Өзгеміз
жүріп кеттік. Ол ауылдан шығып араға бес қонып, бірде ел таба алмай, құм
арасына қалып, Əулиеата қаласына келдік...
Сағынған советке жүрек лүпілдеп келдік. Қасымызда Əулиеатаға
таянып қонған елдің орысша азырақ оқыған жігіт баласы бар. Əдейі бізді
ертіп шыққан. Əулиеатаға кештетіп келіп бір шеткі үйге қонып, ертеңінде
əлгі жігіт бастап бізді Əулиеатаның іс басындағы қазақ жігіттеріне
жағалатып ертіп əкелді. Əуелі бір əскерлік жігітке əкелді. Атын ұмыттым,
өте тəуір жігіт көрінді. Пəтерінде газет, журналдары бар. Оқыған жігіт
тəрізді. Жөнімді айтқан соң əлгі жігіт дереу киініп, бізді құрметтеп атына
мініп, бізді алып жүрді. Чеканың (ЧК) бастығына əкеп менің жайымды
баяндады. Ол бір жанып тұрған отты жас жігіт, қазақ, Жылыспайұлы. Ол да
құрмет қылды. Өзі елге шығып бара жатыр екен. Одан кейін исполкомға
əкелді.
Сағынған исполком жүрекке, көзге сондай ыстық. Исполкомға кірдік.
Қабырғаларда ілулі Лениннің, Троцкийдің суреттері жапсырулы жəне түрлі
жалынды сөзді суреттер тұр. Исполкомның төрағасы Қабылбек
Сармолдаұлы отырған бөлмесіне кірдік. Тесіле қараймын. Алдында
үстеліне қарсы отырған бір-екі орыспен сөйлесіп отыр. Біз кейінірек тұрған
орындыққа отырдық. Исполкомның төрағасы Сармолдаұлының аузына,
бетіне қадалып, сөздерін қадала тыңдап отырмын. Орыстар ақша
бөлімдерінің басқарушылары тəрізді, əлі ұмытқам жоқ. Орыс қызметкерлер
жұрттан ақша алып, ақша беру ретін қалай тəртіпке қою жөнін сұрап
отырды. Сармолдаұлы кəдімгідей ақыл, жөн айтып отырды. Бір түрлі
сүйініп кеттім. Жап-жас жігіт, қазақ большевик, уездік исполкомның
бастығы! Кəдімгідей жөн айтып, əмір айтып отыр. Бұл уездің совет
үкіметінің ең басында отырған қазақ большевиктерін менің ең бірінші
көрген кісім. Бұған едəуір қуандым.
Бізді ертіп келген əскерлік жігіт Қабылбектің қазына кісілеріне айтып
отырған сөзін бөліп, құлағына күбірлеп бізді айтты. Қабылбек те дереу
үйіріле қалды. Қазына кісілерін қоя берді. Исполкомның бір қазақ мүшесін
шақыртып алып, бізді күтуге, жататын, тұратын жайларымызды реттеуге
соған тапсырды. Кенен іс қылдық. Əр қызметтегі жігіттердің күнде біреуі
қонаққа алып жүрді. Бір қырғыз, бір ноғай, бір өзбек жігіттері де қонаққа
шақырып сыйлады. Жататын үйіміз сол Əулиеата қаласындағы
Қалмағамбет деген аз ғана оқыған арғындікі болды. Қалмағамбет бізді
үйіне өзі ертіп апарды. Судыраған екпінді кісі қазақша «ағайын-бауыр»
тартып күтіп, асты-үстімізге түсіп сыйлап жатыр.
Сол Əулиеатаның бір-екі мұғаліміне «Жас қазақ марсельезасы» деген
өлеңімді көшіріп бердім. Əнін салып бердім. Мұғалімдер қуанып «Жас
қазақ марсельезасын» жырлап кетті...
Газет, телеграмма хабарын бас алмай оқып жатырмын. Колчактың,
Деникиннің быт-шыт болып жатқан хабарларын оқып, жүрек лепірді.
Шоқайұлы «Қоқанды билеп» қоқайып жүргенде, оны естімей жатқан
Түркістан еңбекші табының қазақ азаматтары қозғалып, большевик жолына
кіре бастап, уездік совет үкіметінің бастығы жас қазақ большевик болып іс
басқарып отырғанға көңілім толып еді. Енді, «Барлық Түркістан совет
республикасының бастығы да қазақ, большевик Тұрар Рысқұлұлы деген
жігіт» деп есіткен соң көңіл онан сайын толды. Республиканың қазақ
большевиктерінен болған ең бірінші бастығы! «Алашорда» ділмарлары
қазақ большевиктерін газеттері арқылы сөккенде: «Қаңғырған, қағылған,
соғылған, елден шыққан бірен-саран бұзықтар, қулар, большевик бола
қалғансып...» — деп, балағаттаушы еді. Жоқ, «Алашорда-еке», қағылған,
соғылған емеспіз!.. Біз бірен-саран да емеспіз!.. Дұрыстық — біздің түскен
жолымызда! Сондықтан біздің санымыз күн сайын көбеюлі. Көпшілік те
бізде, күш те бізде!» — деген ойлар кірді. Əлгі оязды жəне барлық аймақ —
республиканы басқарып отырған жас қазақ большевиктерін көріп көңіл
толғанда, көңіл осы, жоғарғы ойлармен толды. Кешікпей Колчактың қолға
түскенін жариялаған телеграммалар келді. Жүрек лепіріп, қайтуға
талпындым. Қабылбек Сармолдаұлы «қызметке қал» деп көп жабысты.
Партияның мұсылман бюросының (мұс. бюро) кең алқа мəжілісіне салып,
бюро атынан менің қызметке қалуыма ұсыныс қылды. Мен бюроға
Ақмоланың шабыншылық көрген ауыл халдерін айтып, баяндама қылып,
мені қайтаруларын өтінген соң, ақырында, көнді. Қабылбек енді жіберетін
болған соң, ұсыныс қылып, мұс. бюро маған күш көмек қылып, едəуір ақша
мен жолшыбай Ақмолаға шейін үгіт, баяндама жасап отыруға мандат
беретін болып, қаулы жасасты.
Қабылбектен ертеңіне мұсылман бюро атынан жəне исполкомның билеу
бөлімі атынан мандаттар алып жəне ақша алып, елге тарататын екі қоржын
үгіт-жобалар басылған кітапшалар алып, екі милиция алып, лаумен
Ақмолаға қайттық.
Қабылбектің тек ауызша айтқанға сеніп, бұл істеген жəрдем-көмегі
біздің жолымыз оңайлауына кез болғандай болды. Əулиеатаға келгенде
Колчактан қашқан совдепші екендігіме күдіксіз дəлел боларлық жөнді
қағаздарым да жоқ еді. Жəне Əулиеатада мені танитын бір адам да жоқ еді.
Сенбейін деген кісі «ақтардың кісісі» деп сенбеуге де мүмкін ғой.
Қабылбек білгіштік қылды. Ақтан қашқан екенімді күдіксіз танығандығы
бізге үлкен жақсы болды. Мен тəрізді Омбыдан əрі қарай қашып, одан
қайта Көкшетау, Атбасар, Торғай уездерін басып, Ақмешітке келген Сабыр
Шəріпұлына Ақмешіт исполкомының басында отырғандар нанбаған.
«Колчактың жіберіп отырған тыңшысы» деп ұйғарған. Ұстап абақтыға
тығып қойған. Бір тозақтан аман келген Сабыр іздеп келген қызылдардың
абақтысына түскен. Ақмешітте танитын адамы жоқ. «Колчак тыңшысы»
саналып, абақтыда пұшайман болып жатқан. Бұдан талай жауап алған.
Сабыр күйіп-жанып, «Колчактан қашқан совдепші большевик» екенін
түсіндіріп, баяндап айтып баққан. Ақмешіттің топас əкімдері оған ешбір
нанғысы келмеген. Сабыр едəуір жатқан, көп азап көрген.
Ақырында мұны сынамаққа түрмеден шығарып, қасына мылтықты бірекі солдат қосып, Атбасар уезінен ашығып жатқан Ақмешітке астық
келтіруге жіберген. Сабыр аз уақытта Атбасар уезіне, Есілге шейін барып,
əдемі тізбек байланыс жасап, Атбасардың Ақмешіт жақ шетіндегі «Қасен
ханмен» шарт (договор) жасасып, көп түйелік керуенмен Ақмешітке астық
апарған. Бір емес əлденеше апарып, ашығып жатқан Ақмешіт қаласына көп
пайда көрсеткен. Сабырдың мұнысына да азық-түлік комиссарынан басқа
Ақмешіт əкімдері тиісті баға бере алмаған. Ақмешіттің азық-түлік
комиссарын Ташкентке шақырып əкеткеннен кейін «Сабыр Шəріпұлын
мұнда жібер» деген Ақмешіт исполкомына Ташкенттегі Аймақтық ЧК-дан
телеграмма келген. Сабырды тағы да тұтқын қылып, бір солдатпен
Ташкенге айдап жіберген. Сабырлар Ташкенге белгілі Осипов көтерілісі
болып күшпен басылып, енді Ташкен советінің төңкерісшіл Комитеті мен
Чекасы (ЧК) қаланы тінтіп, тексеріп, күдікті адамдарды «шапшаң сотпен»
атып жатқан үстіне тура барады. Үрпиіп, демін ішіне тығып алған қалаға
келеді. Сабырды турадан-тура «шапшаң сотқа» апарады. Сол қаһарлы
тынысын ішіне тартқан, қимылы шапшаң, қабағы түйілген «шапшаң сот»
үш-төрт-ақ жауап сұрайды. Соттың бір мүшесі:
— Ə-ə, мұны білемін, Колчактың облыстық комитетінің мүшесі! —
дейді.
Соттың бастығы «апар» дейді.
Атылатындарды шығаратын есікке қарай Сабырды жетелейді. Атылуға
апаратындардың аты-жөнін жазып алып отырған жігіт Сабырдың атыжөнін жаза бастайды. Көк тырнақты кəрі ажал Сабырды бүріп құшақтап
алады. Ұзақ азап тартқан жанның енді тыныштанатын минуты жетеді.
Сабыр сол арада біраз мəңгі тыныштық мұнарына мең-зең болып елтіп
отырып, селк етіп ышқынады. Жан алқымға келеді. Сабыр жұлқынып, тағы
да сотқа өзінің кім екенін, жан ұшырып асығып сөйлей берді. «Шапшаң
сот» азырақ ойланып, шын күйініп сөйлеген сөзді тексермек болады.
— Білетін кісің бар ма? — дейді.
Сабыр əлгі Ақмешіттен Ташкенге шақырылып келген азық-түлік
комиссарын айтады. Сөйтсе ол Ташкенге келген соң, Чеканың бастығы
болған екен. Осипов оны өлтіріп кеткен екен. Тағы да Сабырға:
— Сені ертеңге дейін кепілге алатын кісі табыла ма? — дейді. Ондай
кісі жоқ. Сабыр аларып айнала қаранады... Сабырдың қасында тұрған,
Сабырды Ақмешіттен əкелген қызыл солдат:
— Мен кепілге аламын, — дейді.
Сабырды қызыл солдатқа бір тəулікке кепілге береді. Содан ілініп,
Сабыр сол уақытта Түркістанның ЧК-сының бақылау комиссиясының
мүшесі, Түркістан республикасына ең алдымен совет туының шылауын
көтерген, қолмен санарлық азаматтың бірі Дүйсебай Нысанбайұлына
жолығып, істі баяндап, ақырында өлмей қалады.
Бұдан соң Сабыр Дүйсебайлармен жақындасып, Мəскеуден Түркістан
келген Куйбышевке кіріп, баяндама жасап, Апинға жолығып, бұлардан
мандат алып, партияның тапсырған жобаларымен Түркістаннан Торғай,
Ақмола губернияларының оңтүстік жақтарына шығып кетеді...
Сабыр сөйтіп Ақмешіт əкімдерінің топастығынан көп бейнет көріп,
ақырында текке атылып қала жаздайды.
Ал Əулиеатаның
көрсетпеді.
Қабылбек
басқарған
үкіметі
ондай
топастық
Біз тағы да екі қоржын кітапшалар жəне жолға керек нəрселер алып,
сексеуілді «құм теңізбен», Шумен, «Бетпақ даламен» Ақмолаға қайттық...
(ақыры бар)
1926 жыл, 17-сəуір.
Қызылорда.
Сəкен.
«ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ»
ТУРАЛЫ
«Еңбекші қазақ» газетінің 296-шы санында Төреқұлов Нəзірдің «Тар
жол, тайғақ кешу туралы бір-екі сөз» деген мақаласы басылды.
Төреқұловтың мен туралы жазатын сөзінің қандай болатынын, оның
бұрынғы мақаласын оқыған жұрт білетін болар.
Төреқұлов сөзінің ақырында: «Қолы тисе, Сəкен жауап қатар», — дейді.
Рас, басқа не жұмысқа қолым тисе де, мұндай сынға жауап жазып отыруға
қолым тимегені тəуір болар еді.
Төрекұловтың мақаласы туралы «Еңбекші қазаққа» пікір жазамыз
дегендер болып еді. Мəселен Шымкенттің бір алыстағы ауылынан
Байтілеуұлы деген мұғалім «Еңбекші қазаққа» мақала жібердім деп,
көшірмесін маған да жолдаған еді. Ол мақала басыла қоймады. Жақсыжаман болса да, істеген бұйымды көлденең біреу ұстап алып міней берсе,
«өзімдікі жөн» деп, таласу да ыңғайсыз.
Кемшіліксіз бұйым сирек жасалады. Сонда да істеген бұйымды керек
қылатын кісі табылса еңбегіңнің далаға кетпегені.
Төреқұлов қонақтарына су əкеп берген Қожанасырдың мысқылын менің
алдыма тартады. «Бұл суға пəлен қосса, түген қосса, пəлен қылса, түген
қылса, сонда «дегенбай» палау болар еді деп айтқан екен Қожанасыр», —
дейді. Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешуі де сондай», — дейді...
«Мұны тіпті жазбай қойғаны-ақ дұрыс болар еді...» — деп кейиді
Төреқұлов. — «Алашорда министрлерінің қашқанын несіне жазған», —
деп шамданады... Əрине, Сəкен «Тар жол, тайғақ кешуді» жазбаса, талай
«батырдың» жанына жағар еді.
«Алашорда
министрлері»
Тынышпайұлдарының
суреттемесе талай «білімпаздарға» ұнар еді.
қашқандарын
«Бірақ, не керек, антұрған жазып шығарды. Қайдағы бір
Тəтімовтардың,
Дүйсекеевтердін,
Угарлардың,
Мұкеевтердің,
Шəріповтардың
жəне
басқалардын
ақтармен,
«Алашордамен»
майдандасқанын айтты. Өзінің төңкеріске қатынасқанын, өзінің қыздарды
көргенін айтыпты, бір жерлерде қымыз ішкенін айтыпты. Өзін мақтапты...
«Алашорданың» қашқанын мазақтай суреттепті», — дейді.
«Тар жол» 421 бет кітап. Соның төрт-бес жеріндегі оқиғада кез болған
қыздарды айтқан. Бұндай сөздер он шақты беттен аспайды.
«Құла қыздарды, құба қыздарды айтыпты», — деп, Төреқұлов көгере
шатынайды. «Құла» деп Қожанасырлар болмаса, қазақ малдың түсін
айтушы еді. «Тар жолда» «құла қыз» деген жоқ. Кəдімгі адам сияқты
қыздарды айтқан. Əйелді ауызға алса, Қожанасырдың мүриттері ғана
шамдануы мүмкін. Қыздың салған əні бозторғайдың жырындай ырғалды
дегенге оншалық ойран болудың орны шамалы-ау деймін. СССР
пролетариат жазушыларының ішінде Горькийді былай қойғанда, өлең
жазатындарынан қазір Демьяннан асқаны жоқ та, қара сөзбен
жазатындарынан Ф. Гланковтан асқаны жоқ. Сол Гланковтың жақында
шыққан «Кемшіліксіз шайтан» деген кітапшасында, Анюта деген
коммунист əйелдің сырт бейнесін былайша сипаттайды: «Анюта, шыдай
алмады. Жайнаған көзбен, қызған бетпен орыс биін қыздырып жіберді... Ол
қызу əйел, сондықтан салқын қанмен қимылдамай, барлық ісінде де қайнап
кетеді... Қыздың емшегіндей торсиған кеудесі ана сүтімен дертіп болған.
Қызған кезінде емшегін дірілдете қимылдататын еді...»
Мұндай сипаттауға тек Қожанасырдың күлгір мүриттері ғана беттерін
басуға тиісті. Əйелді бүркеп қоймайтындарға мұндай сөздің оншалық
сөкеттігі шамалы.
«Шалқамнан көкке қарап, жұлдыз санап жаттым» деген сөзді де
Төреқұлов өрескел көреді. Баяғыда, Қожанасырдың мүриттері: «Ой,
найсап, жұлдыз санама, жаман болады!» — деп ұрсушы еді. «Неге жаман
болады?» — деп сұрай алмаушы едік... Төреқұлов та жұлдыз санағанға
шамданып, «Сəкен-ау, жұлдыз нешеу екен? — дейді. Бұл сұрауды
оқығанда, менің есіме қу тілді бір Қожаның сөзі түсті. Қожа салпаң құлақ
көк есекке мініп кеп тұрса, біреу «Қожеке, аспандағы жұлдыздың саны
нешеу?» — депті. Сонда, қу Қожа: «Аспандағы жұлдыздың саны мына
есектің түгінің санымен бірдей, нанбасаң санап көр», — депті.
Төреқұлов сынында «француз жұртының мақалы» деп, «сұлу əйел
қанша сұлу болса да, бойындағы барынан басқаны бере алмайды» деген
дейді.
Біз Төреқұловтай Николайдың француз тілін оқытқан жақсы
школдарынан оқыған жоқпыз, сондықтан француздың тілін де білмейміз,
ендеше жаңағыдай мақалы бар-жоғын да білмейміз. Егер ондай мақалы бар
болса, француздың іріген, бұзылған қанағыш табының аузынан шыққан
шірік мақалы болу керек. «Əйел қанша сұлу болса да, бойындағы барынан
басқаны бере алмайды» деген барып тұрған боғауыз сөз емес пе?
Жарайды, Тереқұловты қоялық, жауабымның басындағы — «бұйымды
кімдерге арнасаң, соның берер бағасы қымбат» деген сөзімізге оралалық,
«Тар жолды» Төреқұловтардан басқалардың қандай бағалауын айталық.
«Сəкен өзін-өзі мақтапты» демес үшін, бұл арада марксизм
жолбасшыларының өз сыншыларына қайырған жауаптарынан үлгі
келтірейік. Маркстың «Капиталы» кітап болып шыққанда Германияның
пролетариатқа дұшпан сыншылары шулап жамандаған, əсіресе кітаптың
тіл мүсінін, жазу тəсілін жамандаған. Оларға жауап ретінде Маркс
«Капиталды» мақтағандардың қысқаша сөздерін былай деп жариялаған:
«Өз жазғандарымның кемшіліктерін мен кімнен болса да артық білемін.
Əйтсе де, Германияның оттаған шуылдақтарының рахаттануы үшін
ағылшын мен орыс сыншыларының сөздерін келтірейін. Ағылшынның
«Сатердей ревию» деген, менің саяси бағытыма қосылмайтын журналында:
«Маркстың жазу тəсілі құрғақ шаруашылық мəселелерінің өзіне бір
түрлі көркемдік береді», — деген. «Петербург ведомствосы» деген газет
«Маркстың жазу тəсілі жалпыға түсінікті, анық, өте жанды, бұл ретте
Маркс, немістің тілі көмескі, сырдаң, жабайы адамдардың басын
ауыртатын жазушыларының көбіне ұқсамайды», — деген. Жəне Блок деген
адам: «Бұл еңбегімен Маркс өзінің ең ірі зертшіл ақылдың бірі екенін
көрсетті», — деген, деп жауап жариялаған.
Бұл арада ескерте кететін бір сөз: кейбір тез өзгергіш «жағымпаздар»
біздің əдебиет майданындағы дұрыс деген пікірлерімізді, Маркс ғылымына
жетік ғалымдардың сөздерімен дəлелдегенімізді жайлы көрмейтін сияқты.
«Біздің жазушыларымызда бар нашар əдет — сынасақ-ақ болғаны, тасталқаны шығады. Өздерінше теория шығарады, мен былай жазып едім деп
қисын табады, Маркс қисынын алып. Плехановтан дəлел келтіреді.
Осындай мінез Сəкен мен Сəбитте бар...» — дейді Төреқұлов.
Оларды ниетінше, біз дұрыс болсын, теріс болсын «сын жаздым»
дегендердің сөздерін талғамай қабыл алып, үндемей қол қусырып,
бүлкілдей беруге тиіспіз. Олардың ниетінше, бізге Маркс пен Плехановтың
сөздерін дəлел қылу сөкет. Тек олардың жандарына жағатын міншілердің
сөздері ғана талассыз пəтуа, шүбəсыз дəлел болуға тиіс. Міншілердің
өздерінің міндерін айтуға жарамайтын сияқты.
Кез келген үкіметке бір сұрқылтай болған жазымпаздар қанша
жайсызданса да біз тиісті жерлерінде, білгенімізше, Маркс біліміне жетік
адамдардың сөздерін дəлел етуге тырысамыз, үлгі ұсынуға тырысамыз.
Былтыр Қызылордада пікір таластырғанда Ахмет Байтұрсынов «Маркс
айтты екен деп, мен тоқтай алмаймын» деген еді. «Əйел теңдігі»
журналына жазған бір хатында Бөкейханұлы «Маркс «білімді болмыс
билейді» деген екен», — деп Марксты мазақтамақ болған еді. Маркс пен
Плехановтарды пəтуа қыла сөйлеу, бірсыпыра ұшқырсыған жазымпаздарға
осылайша жақпайтынын білеміз...
Енді «Тар жол» кімдерге ұнап, кімдерге ұнамауына келейік. Кімдерге
ұнамауға тиіс екені саяси сауатты адамдарға түсінікті. Ол жағын қоя тұрып,
қанша кемшіліктері болса да, бұл кітаптың кімдерге ұнаңқырағанын
дəлелделік. Оқыған азаматтардан əдебиетші ретінде біздің кейбір
пікірлерімізге қосылмайтын Ораз Жандосұлы еді. Бұ да менімен бір
сөйлескенде: «Сіз, өлеңнен қара сөзді əдемі жазады екенсіз. Қазақтың бəрі
өлең жазуға құмар келеді. Сіз, өлеңнен гөрі қара сөзді көбірек жазсаңызшы.
Қара сөзді тым шебер жаза алатыныңызды «Тар жолды» оқып білдім. «Тар
жолдың» кей жерлері өте көркем суретті (высокохудожественно)
жазылған», — деді. Осы сөзін Ораз Крайкомда əдебиет туралы болған кең
жиылыста жиырма шақты жауапты қызметкерлерінің көзінше айтты.
Жұрт
Төреқұловтан
Жандосовты
көбірек
біледі,
екеуінің
салмақтарының қандай екенін де халық жақсы түсінеді. Ыдырыс
Мұстамбайұлы əдебиетші ретінде жəне кейбір саяси мəселелерде бізді
онша жақтырмайтын азамат. Ол да «Қызыл Қазақстан» журналында:
«Сəкеннің «Қызыл сұңқарлары» мен «Тар жол, тайғақ кешуіне» заманның
қалпы мен ақынның өскен ортасын салыстырып тексеруге бір жеке сын
керек. Мұның өзі едəуір үлкен еңбек. Бұлардың жоғарғы айтқандағы
кемшіліктері де бар. Бірақ соңғы жазылып жүрген «Тар жол, тайғақ
кешуде» де жақсы жерлері бар», — дейді.
Көркем əдебиетші ретінде бізге онша қосылмайтын Ерғали
Алдоңғарұлы «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы, 3 желтоқсанда
шыққан нөмірінде жазушылардың бірсыпырасы, əсіресе Сəкен өздерінің
қолымен істеп, өз бастарынан кешкенін өз өмірбаянынан алып жазды.
Сəкен үш-төрт жылдан бері «Тар жол, тайғақ кешуді» өзінің төңкерісшіл
болып жүрген уақытынан, сондағы жолдастарымен бірге істеген
жұмыстарынан, тартыстарынан бастап жазып жүр. Бұлай жазу əдебиет
заңында дұрыс нəрсе. Төңкерісшіл романтизмге (социальная романтика)
бұл түгел қосылады. Гəп тарихқа кіретін материалға бояуды тым
қоюландыруда...» — дейді. Төреқұлов «Тар жолдың» тілінде құрттай
көркемдік əсерлік жоқ», — десе, Көкшетау «Алашордасының» бастығы
Сəлім Кəшімұлы түрмеде отырып, «Еңбекші қазақ» арқылы маған мынадай
хат жазды: «Сіздің «Тар жол, тайғақ кешу» деген кітабыңызды оқып
шықтым. Қамауда отырған маған көп əсер берді. Жұқартты, қамықтырды,
қайрат берді, түрлі күйге салды...»
«Тар жолды» өте жек көретін адамдардың кейбіреулері де еріксіз осыны
айтып отыр... Ал «Тар жолды» оқыған өзіміздің Совет қызметкерлері де,
əсіресе Октябрь төңкерісіне қатынасып, төңкеріске қарсы оқ атқан, лай
шашқан мырзалармен шайнасып, сан қиындықты басынан кешіргендер не
дейді екен?
Колчак түрмесінде қол-аяғы темір кісенде болған, төніп келген жаудың
қандай найзасына ілінбей кеткен мұғалім, (ноғай жігіт) қазір
Башқұртстанда билік кеңесінде зор еңбектер істеп отырған Уəли Қангелдин
«Тар жол, тайғақ кешуді» оқып, маған мынадай хат жазады:
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Тар Жол, Тайғақ Кешу - 30
  • Büleklär
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2013
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1996
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3838
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1924
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3608
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1776
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3648
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2033
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3435
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1828
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3557
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1757
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3724
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2085
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3813
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3568
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1808
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3623
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1869
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3682
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3821
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3799
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1969
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3530
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1883
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1901
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2023
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3749
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1788
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1853
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3804
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1970
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1937
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2114
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3985
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1960
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3722
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1980
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3755
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3587
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2183
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 2577
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1633
    25.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.