Latin Common Turkic

Тар Жол, Тайғақ Кешу - 11

Süzlärneñ gomumi sanı 3813
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
— Қазақ қашаннан бояқ мұсылман?
— Əлмисақтан бері мұсылманмын.
— Сол қазақтың мұсылмандығында біздің шегіміз бар.
— Сендердің шектерің болса, біздің қазақтың да шəді бар.
— Шəді немене? Қане айтын?
— Шəді шеш кімлар диніне (ол «шеш кіме динин» маған бастан-аяқ
түгел айтқызып шықты. Құдай бақ беріп жас күнімде жаттап
алғандарымның ұмытылмағаны мұндай абырой болар ма!)
Осындай тергеу қойып болған соң сарттар анық сенгендей болса да,
онымен қоймай тұс-тұстан анталап, ол жер, бұл жерімді шұқылап,
мұсылманшылықтың онан көрі көзге көрінетін «нышанасын» іздей
бастады. Сол уақытта қасымдағы менімен бір жетіден бері таныс жолдасым
Омархан төре ат үстінде маңқайып тамаша қылып тұрғаннан басқа ешбір
жəрдем көрсете алмады, ол бүкіл Ферғанаға атақты бір ишанның баласы
болғандықтан маған жəрдем қылайын десе, бір ауыз сөзі ем еді. Ақырында
мынау сарттардың жуық арада мені жібермейтініне көзі жеткен соң, атын
борбайға бір салып, «шу» деп жүріп берді.
Сарттар менің мұсылмандық жағымнан ешбір кінə таба алмаған соң
«Сен қазақ бұл жақта қайдан жүрсің?» – деп сұрады. Мен өтірік қоспай,
жайымды айттым жəне Мұсахан қажы ишанның үйінде бірнеше күн
мейман болып жатқанымды сөйледім.
«Мұсахан қажы ишанның үйінде жатқаның рас болса, оның баласы сені
неге тастап кетеді?» — деді сарттар. Мен олардың бұл сауалына не деп
жауап берерімді білмедім. Жолдасым молда Омархан көңіліне ғалым
толып, онда жолдас қақылыққа да орын қалмаған екен.
Енді сарттар мені осы жерде ұстады: «Бəрібір. Бұл кім болса ол болсын,
қайдан шықса одан шықсын, əйтеуір сарт емес екендігі ақиқат. Онан өзі де
танбайды. Мұны өлтіру керек. Енді заман сарттікі. Бізге қазақ та бір,
большевик те бір», — деп, қолымнан жетектеп, қышлақтың шетіне қарай,
көшеменен «қазақ ұстадық» деп айғайлап, тұс-тұстан адам шақырып алып
жөнелді.
Міне, өлтіруге жиналған адамның саны жетпіс-сексендей болды,
бəрінің қолдарында қару бар. Мылтық, айбалта, қанжар, пышақ, келтек,
шот, шоқпар. Менде өлмеймін деген ойға орын қалған жоқ. Ақыры
өлтіреміз ғой деп, сарттар мені ұрып-соғып əуре де болған жоқ. Екі
көшенің айырылатын жерінде үлкен бір ағаштың түбіне отырғызып,
сарттар мені өлтірудің жабдығына кірісе бастады.
Екі қолым артыма таңулы, екі көзім байлаулы. Мойнымда қара
қайыстан тұзақ. Ажалды күтіп мен отырдым!
Сарттардың ниеті мені екі аяғымнан ағашқа асып қойып, атып
өлтірмекші, өзгелерден көрі маған рақым қылған сарттар бытырамен атса
жаны қиналар деп, мылтыққа жалғыз оқ салдырды... Құдайдың əжеп
құдіретіне, əділдігіне күман келтіріп болмайды. Дəл осы тайғақ кешу, тар
жолда Алла əділдігі алдымнан шықты!..
Енді асамыз деп даярланып отырғанда, бір сарт келіп:
— «Сендер мұны қазақ дейсіңдер. Қазақтың неше түрлісі болады. Бұл
өзі қандай қазақ екен, көрелік», — деп, көзімді шешкізді. Ол сарт көзімді
шешкен соң, бетіме тура қарап жіберіп: «Ассалаумаликум, Мұстафа
əпенді!» — деп жалма-жан байлаулы қолымды босата бастады. Екі көзі
жасқа толып, мойнымдағы тұзақты пышақпен қиып жіберіп, отырған
орнымнан тұрғызып, өзге сарттарға менің кім екенімді баян қылып, көп сөз
сөйледі. Өздері өлтіруді қойып, мені қоқандыққа Ергеш қарақшының
алдына жібермекші болып, қалаға бара жатқан адамдардың біреуінің атына
мінгестіріп жөнелтіп салды...
Енді əлгі мені өлімнен құтқарған сартқа келейін. Бұл сарт (атын
білмеймін) былтыр мардікер болып, соғыс тарапына барған көп сарттың
бірі екен. Ол былтыр жұмыс басында зəбір көріп, Ферғанаға қашып бара
жатқанда Петерборда маған кез болып, менен жол қаражаттық пұл алып,
қажеті шыққан екен. Жəне былтыр мен биыл менің Петерборда,
Түркістанда қылып жүрген қызметтеріме де сырттан қанық екен.
Құмбастыдан шығып, айдалған арыстанға ұқсап, кейін оралып,
жоғарыдағы айтылған Елеш қышлағын басып, Гəуханаға жөнелдік. Елеш
жəне Гəухана қышлақтары арасында бір сай бар. Сол сайдың басында
олай-бұлай өткен сарттан басқа жанның бəрін ұстап, тергеп тұрған
мылтықты үш сарт кез болды. Менің бөтен екендігім жəне ықтиярсыз
қалаға айдалып бара жатқанымды білген соң, олар сөзге келмей мені атып
өлтірмекші болды.
Аттан түсірді, жар басына отырғызды, мені бастапқы тұзақтан
шығарған сарт Құмбастыда қалған. Енді бұл оқтан кім құтқарар? Əйтеуір
көп қиналмай жылдамырақ өліп кетсем екен деп, көзімді басып отыра
бердім.
Жалат сарт өзінің мергендігіне сеніп, «менің жүрегіме тигізе атсаң,
қиналмай бірден өліп кетемін дегеніме болмай», көздеді ме, көздемеді ме,
тарс еткізіп атып салды. Құдай өзі сақтады. Оқ тимей, зу етіп жанап кетті,
сонан соң сарттар «бетбақтың бақыты бар екен!» — деп, қайтадан атқа
мінгестіріп жөнелтіп жіберді.
Гəуханаға жеткен жерде əлгі қышлақтардың болысы (Қайнар болысы)
Қатымқұл Мұқамбетұлы кез бола кетті. Ол мені бұрыннан таниды екен.
Жайымды сұрап білген соң, жанымдағы мені алып келе жатқан сарттарға
келіп, өздеріңді атып өлтіремін деп ашу қылып, оларды қайырып жіберді.
Қатымқұл болыс мені өз үйіне алып барып, қонақ қылған соң, өзімнің
айтуым бойынша қасыма жігіт қосып, Құдаш болысына қарай шығарып
салды. Гуназар деген қышлақта Құдаш болысына жолығып, оның да мені
пəледен құтқара алмайтындығына көзім жетіп, қайтып айналып Гəуханаға
келіп, Қоқанда соғыс бір жайлы болғанша сонда жатып алдым.
Қоқан соғысы тоқтады. Ергеш қарақшысы қашып кетіп, қала
большевиктердің қолында қалды деген хабар келді. Сонан соң сарттар
ішінен желі шығып, солған қарындай жым болды. Қышлақ сарттарының
бейілін білген соң, ертерек бұлардың арасынан шығып кетпекке қам
қылдым. Бірақ көлік жоқ, ақшаға я салт ат, арба табылмай, жол бастауға
жолдас шықпай жаман қиналдым. Заманасы көшкен сарттар тым болмаса
жөн сілтеп, қышлақтардың атын айтпай, жаяу жүріп шаршап келгенде,
таңдай жібітуге шай бермей, талай қорлықты көрсетті-ау. Алдында екі күн
бұрын сарттан басқаның бəрін қырамыз деп, үрген местей кеуіп жүрген
сарттар «қазақсың» деп, өлтірмек болып бір қинап еді. Енді большевиктер
жеңген соң хан көтеретін Ергештері қашып кетіп, солған сарттар жөн
сілтеп, жол көрсетуге кежірлік қылып тағы ыза қылды.
Екі күн жаяу жүріп, осындай бейнеттер шегіп, «Дағыстан» деген
қышлаққа келдім. Сонда тоғыз тоқсан сомға жолдас жалдап, «қазақ-қырғыз
қайдасың» деп қарлы таулар асып жөнеп кеттім жəне сарттарға сол арада
«қош» айттым.
Көргендерім көп еді. Өзім осы күні көшпелі салтқа түсіп, ат үсті
болғанымнан орнығып отырып, толықтырып жазуға уақытым жоқ,
шырақтарым. Жеке жүрген бауырыңның дос тапқан халінен дұшпандық
көріп, көңілі қапа болып тұр. Сөйтсе де Құмбастыдан басқа жер көрмеген,
сарттан басқа ел көрмеген ғауамдардың маған қылған жаманшылығын
бүкіл сарт халқына жабыстырғым келмейді-ау.
«Бірлік туы» арқылы «Алаш азаматтарына» сəлем. Құдай тірлікте
күліп-ойнап жолықтырсын. Жатқан жерім белгісіз, жария қылып болмайды.
24 (11) февраль. Тау арасы.
Мұстапа»
Міне, Қоқан министрі Шоқайұлы мырзаның хаты. Қоқанға барып
қоқайып министр болып отырғанда жалпы өзбектер мен жалпы қазақ
халқының «тілегі бойынша» отырдық деген «ердің» жайы осы.
Шоқайұлының хатында өтірігі көп болуға керек. Шынында Қоқанның
қамалындағы
большевик
пікірлі
солдаттарды
Шоқайұлдарының
солдаттары тұтқынға алмақ болып, түнде барып тиіп қалған. Қоқаңдап
қамап оқ атқан. Сонсоң ғана қамал солдаттары Шоқайұлдарын қуған. Бұл
туралы Ташкенде шыққан «Жаңа Түркістан» деген орыс газетінің 13 (30)
нөмірінде жазылған.
Бірақ сарттар «иманын»
Шоқайұлы ырза тəрізді.
есіне
түсіріп,
«құдайын
танытқанға»
Шоқайұлы əуелі Ақмешіт қаласынан қашқан. Бұдан бұрын Шоқайұлы
Ақмешіт қаласында Абылайхан ұрпағы төре Қасымұлын уездік «əкім»
қылмақ болып, неше күн, неше түн əрекет қылып, топта аузынан сілекей
аққанша сөйлеген. Ақмешіт уезінің барлық қазақтарын Шоқайұлы қолына
алған. Сүйтіп, «жеңіп» тұрғанда, Ақмешіттегі үркердей большевиктер
келіп, Қасымұлының иығындағы «мұра шендерін» жұлып тастап, өзін
қамап тастаған. Шоқайұлы Ақмешіттен жымып қаша жөнелген. Содан
Қоқан өткен. Сырдария облысының Түркістан қаласында болған облыстық
қазақ съезінің басында болған. Мұны да айта кету керек болады; бұл съезге
Алашорданың бас үкіметінің атынан Бақыткерей Құлманұлы, Міржақып
Дулатұлы келген. Съезді шақырған бюроның бастықтары тағы
Абылайханның ұрпағы Əзімхан төре Кенесарин мен қоңырат Байұзақ
датқаның баласы болған. Съезде төрағасы сол Əзімхан төре болған. Бұл
съезден Шоқайұлы Қоқанға келіп, Қоқаннан құр дəрінің дауысынан
қашқан. Қашқандағы суретін хатынан жақсы білуге болады. Бұл хатқа
қарағанда да Шоқайұлын құр дəрілеп атқан мылтық дауысымен біраз
қорқытып мазақ қылып жіберген тəрізді. Сарттар мазақ қылып апарып, жар
басына отырғызып қойғанда, Шоқайұлы мырза шоқайып отырып, Құдайға
жалбарына білгеннің арқасында аман қалған...»
ТҮНДЕ ТАУ ІШІНДЕ
Жəне бір кішкене сурет келтірейік. Тағы сол Қоқан министрлерінен.
Əлгі құр дəрінің даусынан Шоқайұлы қашқанда, Қоқан автономиясының
өзге «министрлері» де бет-бетімен жан сауға қылған. Министрлер советінің
төрағасы Мұқаметжан Тынышпайұлы мен министрлер советінің жауапты
хатшысы Қоңырқожа Қоджықұлы бірге қашқан. Тауға сіңіп кеткен екеуінің
астында екі ат. Күндіз-түні тау ішінде. Кез болған қырғыз ауылдарына
баруға қорқады. Ит қуып сандалған киік тəрізді...
Түн. Жаңбыр құйып тұр. Көзге түртсе көрмейтін қап-қара түн. Қалың
құзды тау іші. Екі министр əр тасқа бір соқтығады, əр шұқырға бір
жығылады. Аттары да сенделді. Көйлекке шейін сорғалап су өтті. Су
болмаған түк қалмады. Екі министр əбден сүмірейіп көк иық болды. Екеуі
де аштықтан əбден бұралды. Аттары да аш. Ілбіп сенделіп, жартасқа келіп
тіреліп, ат сорлылар бастарын жерге салады. Аузына ілінген бұтаны жұлып
алып, ауыздықтарымен қоса күрт-күрт шайнайды. Екі министр ақырын
«шу-шулеп» тебініп, тағы да бір жерге кептеліп кеп тұрады. Жаңбыр суы
сылп-сылп етеді. Етектен, тоқымнан сорғалап, ат бауырынан ағады. Көк
пен жер тұп-тұтас қараңғы. Таудың іші аққан сел. Таудың арасында, андасанда қырғыз ауылдарының оттары жарқ-жұрқ, жылт-жылт етеді.
Саңқылдап үрген иттің даусынан тау аралары жаңғырығады. Тау ішінде
зарлап ұлыған аш қасқырлар үні естіледі. Жылтылдаған отқа баруға
министрлер қорқады. Қараңғы тауда бейшара қасқырлар сыңсып ұлиды.
Министрлер ақырын келе жатып күңкілдеседі. Жаны құрғыр тəтті.
Министрлер қараңғы түкпір іздейді. Міне, бір қараңғы түкпірге қашқан
уəзір мен хатшы келіп кептелді. Екеуі ақырын күңкілдесіп сөйлесіп
аттарынан түсті. Аттарын ұстап, тастың ығына бүрісіп отырды. Жаңбыр
суы сылп-сылп етеді. Етектен сорғалап жерге ағады. Екеуі де өзді-өзі
аттарының алқымында, тастың ығында бүрісіп-бүрісіп отыр. Бір мезгілде
Қоңырқожа ақырын:
— Мұқаметжан! — деді.
Мұқаметжан ақырын, өлімсіреген үнмен:
— Ə,ə, — деді.
Қоңырқожа да ақырын:
— Енді министр боласың ба?.. — деді.
Мұқаметжан кейіп:
— Не дейді?.. Осының-ақ ойыны қалмайды екен!.. —деді.
Міне, кішкене сурет осындай. Бұл əңгімені маған Қоңырқожаның өзі
айтып еді...
«ХАН» БОЛҒЫЛАРЫ КЕЛЕДІ
Большевиктердің мылтығына біреуді қарсы қоймаса, мұндай болатынын
əуелде-ақ «Алашорда» бастықтары сезген. Сол себепті қазақтан «милиция»
жасамақ болған.
Милицияны «Алашорданың» бастықтары Қазақстанның екі жерінде
жасай бастады. Бірі Семейде, бірі Оралда. «Алашорда үкіметі Семейге
көшті десек те, үкімет мүшелері: Жанша Досмұқамбетұлы, Қалел
Досмұқамбетұлы Семейге бармай, өз губерниялары Оралда қалған. Бұлар
əлгі Орынборда болған 2-жалпы қазақ-қырғыз съезінде қазақ автономиясын
кешіктірмей «бүгіннен бастап жариялаймыз» деп бөлініп шыққандардың
бастықтары.
Бөкейханұлы, Дулатұлы, Байтұрсынұлы, Ғаппасұлы, Ермекұлы,
Тұрлыбайұлы, бұлар — қазақ автономиясын «біраз милиция жасап алған
соң жариялайық» дегендердің бастықтары. Досмұқамбетұлдарының даусы
ол съезде аз боп шықса да, Бөкейханұлдарына көніңкіремей шығатын.
Міне, бұлар «Алашорда» үкіметі Семейге қашқанда, өздерінің
Оралында қалып, өз беттерімен «Алашорданың» əрекетін жүргізе берген.
Милиция жасауға кіріскен. Бұлар Бөкейханұлдарынан гөрі екпіндірек
болған, Бөкейханұлдары ептеп амалдап, «Ой бауырым-ай! Алашым-ай»
деген көлгірлікті жүндей сабап. Досмұқамбетұлдары тура амалдамай-ақ,
ептемей-ақ, өздерінің «хандығына» жетуге кіріскен.
Колчактың заманында осы бетімен барып Досмұқамбетұлдары
Семейдегі Бөкейханұлы «Алашордасынан» бөлек, Орал, Ақтөбе
губернияларын иеленіп, өздері үкімет құрып, үкіметіне «Күнбатыс
алашорда» деген ат қойған. Бұл жерде кішкене, əңгіменің ілгерідегісін
айтып жібердім...
Сөйтіп қоқиып отырған Қоқан үкіметін құр дəрілеп атқан мылтық
даусымен қуып жіберген соң, «Алашорда» ұлықтары Орал, Семейде
милиция жасай бастады. Семейдегі «Алашорда» біраз жігіттерді жиып
алып, əскер ойынына үйрете бастады.
Семейдің большевиктері біраз шыдаса да, бір күні он шақты большевик
солдат «Алаштың» əскер ойынын үйреніп жатқан «милицияның» қасына
келеді. Тұра қалып, милицияның басынан асыра мылтық атады. Милиция
бет-бетімен қаша жөнеледі. Милицияның бастығы Қази деген жігіт
айқайлап, жігіттерге: «Тоқта! Қашпа» — деп тұрады. Сол кезде Қази оққа
ұшады. Бұдан кейін Семейдегі «Алашорда» милиция жасай алмады.
Милиция бастығының оққа ұшқандығын «Алашорда» өзінің «Сарыарқа»
газетінде «Тұңғыш құрбанымыз» — деп, жария қылды. «Алаш»
ділмарлары өздерінің кімді ату үшін оқ даярлап жатқанын былай тастап,
өкірген сиырдай шулады.
Газеттен:
«ТҰҢҒЫШ ҚҰРБАН
Соңғы жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша Семейде аттыжаяу милиция құрылған еді. Мұны соңғы кезде большевиктер ұнатпай
«Ойыныңды тоқтат, мылтықты бер»,—деп, мінез көрсетіп жүрді. Оған
біздің милиционерлер, қорғаушылар өз жүректерінде ұлт сақтаудан өзге
ешкімге қастық қылатын ниеті болмаған соң, қарсы да келмейді. Ойынын
да тоқтатпайды. 6 мартта таңертең 9 шамасында Алаш қаласында
мылтықсыз ойнап жатқан атты қорғаушылардың жанына 10— 15 солдат
келіп, еш себепсіз мылтықты басып қалады. Ешкімге оқ тимейді. Мылтық
дауысы шыққан соң, бірлі-жарымды жігіт қашуға айналғанда, милиция
бастығы учительский семинария шəкірті Қази Нұрмұхамбетұлы жігіттерге
айғайлап:
— Қайда барасыңдар? Жазықсыз өлсек өлейік, бəрімізді қырмас! — деп
тоқтау айтып, өзі орнында тұрады. Сол арада мылтық үсті-үстіне атылып,
Қазидың өзіне де, атына да оқ тиді. Оқ жүректен тиген. Есіл жас сол арада
жан тапсырды.
Марқұмның жолдастары ботадай боздап, басын құшақтап, шуласты.
Көрген, естіген жан қайғырды... Ертеңінде халық көп жиналып, жаназа
шығарылды.
Алаш жолында құрбан болған жас балғынды ұмытпасқа белгі болып
қалсын деп, екі рет суретке басылды. Бірі қанды киімімен жатқан халінде,
екіншісі — халық жаназа оқып, сапта тұрғанда табыттағы жатқаны».
Қабірге қойып, құран оқылып болғаннан кейін Шəкəрім ақсақал
халыққа қарап сөз сөйледі.
«Əлеумет! Мынау жатқан кім, білесіңдер ме? Бұл ұлты үшін шыбын
жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер,
бұл өлген жоқ. «Бұл күні жəне мұнан соңғы «ұлтым» деген азаматтар мына
мен сияқты болып, «ұлтым» деңдер деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес,
іспен көрсетті. Марқұмның аты да Қази еді. Қази «би» деген сөз, Қази
билігін айтып кетті.
Қарағым, Қази, өлімнен өкінбе! Арманың жоқ: Құдай алдында да, жұрт
алдында да сенің орнын бөлек. Оқығандар! Жастар! Мынау
жолдастарыңды ұмыта көрмеңдер. Мұның үй ішінің міндеті сендердің
мойындарыңда. Бір кішкентай көзінің қарашығы (1 жасар ұл баласы)
қалыпты. Соны тəрбиелеп, адам қылу бəріңнің, барлық Алаштың мойнына
парыз. Жəне өздерің де бұл оқиғаға қажымаңдар, құдай тағала Алашқа
шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім жетті: 60 жасқа келгенде мұндай ұлты
үшін жанын қиып құрбан болатын азаматты көрермін деген үмітім жоқ еді
— көрдім. Енді бүгін өлсем де арманым жоқ.
Қарағым, Қазижан, қадіріңді біліп, құрметтей алмасақ, кешу қыл. Қош,
қабірің нұрлы болсын! — деді.
Жиылған əлеумет жылап, еңіреп жіберді. Сонан кейін Міржақып тұрып
мынаны айтты:
Мынау кім жатқан, əлеумет,
Жас қабірді жамылып?
Мұнша ардақты кім еді,
Тұрсыңдар бəрің жабығып?!
Жалғызы ма еді біреудің,
Тілеп алған зарығып?
Байы ма еді бұл елдің,
Құрметтейтін жабылып,
Би мен бектің бірі ме еді,
Жылардай жұрты сағынып?
Ханзада яки сейіт
Қарашы шулар қамығып!
Жоқ, əлеумет!
Бұл жатқан:
Жалғыз да емес,
Бай да емес,
Би де емес,
Бек те емес,
Сейіт те емес,
Хан да емес,
Бусанып жатқан жас қабір,
Иесін мұның айтайын:
Мақсұты ұлттық жолына,
Туын ұстап қолына,
Жас өмірін пида еткен,
Жар-жолдасын күйзелткен,
Алаштың адал баласы,
Армансыз өткен данасы!
Жүректен жалғыз оқ тиген,
Жаза баспай дөп тиген,
Алаштың бұл құрбаны,
Аяулы жолдас, Қази жас!
Қош, бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың,
Қабыл болып құрбаны,
Алашты құдай оңдасын!..
Жиылған халық қамығып, көңілі босап, көзіне жас алды, бұлардан кейін
Райымжан, Жанғаш қажы, Мұстақым сөз сөйледі. Ақырында Қазидың бірге
оқып жүрген жолдасы Жүсіпбек, еңіреп тұрып, «Жан бауырым, жолдасым!
Қош бол! Жасаған алдыңды өзіңе, артыңды бізге қайырлы қылсын!
Талаптандың, талпындың, оқып қатарға кірдің. Бір күнде мынадай
мезгілсіз қазаға душар болдық, өкінбе, ұлтың үшін туып едің, ұлтың үшін
өлдің. Кеудеңде бірақ арманың кетті. Ешкімге оқ атып, қылыш суыра
алмай, жазықсыз оққа ұштың: тым болмаса ұлтыңның бақытының шетін
көре алмай кеттің. Қош, бауырым, жолдасым, қош!» — деп көзінің жасын
тыя алмай сөзін əзер тоқтатты.
Сөйтіп 7 мартта бейсенбі күні Алаштың тұңғыш құрбанын баянды
сапарына жөнелтіп, жұрты тарқасты.
Сол күні біздің басшы азаматтар Қазидың жолсыз өлгені туралы
большевик бастықтарымен сөйлесті. Олар: «Біз мұндай жұмысты істе деп
ешкімге бұйырғанымыз жоқ. Өз бетімен істеп жүрген бұзақылардың
жұмысы», — деп оқ атқан солдаттарды айыптады. Сонан кейін атушы
солдаттар веннореволюциялық сотқа берілді.
«Қази марқұм жасы 22-де, Семей уезі, Еңірекей болысында сыбан деген
рудан еді. Жасынан кедейшілікпен алысып, талайымен оқып келіп еді.
Семейден екі класты школды бітіргеннен кейін, бірер жыл бала оқытып,
пұл жинап алып, 1915 жылы семинарияға түсті. Ендігі жылы бітіремін деп
жүргенде, ұлт тілегін зор көріп, бірге оқып жүрген жолдастарымен
милицияға жазылды. Қыс ортасынан бері атты милицияны басқарып
тұрушы еді. Марқұм ақ көңіл, талапкер, жігерлі жас еді. Ұлтшылдығын
көрсетті, ұлтының жолында жанын құрбан қылды. Жасаған ие есесін
толтырып, кейінгі жастардан орынбасар шығарсын.
Басшы азаматтарымыз жəне облыстық қазақ комитеттері кеңесіп
марқұмның басына тас қоюға жəне жақсылап белгі, бейіт салуға қаулы
қылды. Қазидың оқуға жасы жеткен бір інісі бар еді. Соны оқытуға
стипендия ашты. Кəрі ата-анасына, қатын-баласына жеті мың сом ақша
бермек болды.
Жастар ұйымы марқұмның жетісі толған күні жұртты шақырып, құран
оқытты, дұға қылдырды.
Алаш аман болса, бұл тұңғыш құрбан ұмытылмас, тарихта аты қалады.
Бірақ біздің бұдан үлкен алып жүрегімізді соның жүрегіндей қылуымыз
керек.
Рухың шат болсын, шейіт болған Алаштың шын баласы! Біз де сенің
ізіңде. Қош, жолдасым!
( Бейімбет)
«АЛАШТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰРБАНЫ»
Тірі жанға қылымсыз
Қисыны жоқ оққа ұштың.
Қара өмірден тұрымсыз,
Періште болып көкке ұштың.
Қандай жанға қастық қып
Кіммен баққа таластың!
Жат жігерің жастық қып,
Қаһарманы Алаштың!
Ойлатып қал, шағыңды,
Таңба салдың жүрекке.
Бірақ сенің бағыңды,
Таппас ешкім тілеп те.
Əрі тұңғыш, əрі атақ
Күнəсы жоқ мейман дос!
Қонағыңды күтіп ап,
Ұлттың ұлы қош бол, қош!..
( Сəбит)
Міне, сөйтіп «Алаш» ділмарлары өкірген сиырдай азан-қазан болды.
Өздері кімді ату үшін əскер жасап жатқаны естерінде болмаған тəрізденеді.
Бұдан кейін Семейде «Алашорда» əскері жасалуы тоқталып қалды.
Жəне Орал облысында «Алашорда» əскері жасалды деп айтқан едім.
Оны біраз баяндап өтейін.
«Алашорда» милициясы Семей мен Оралда жасалды. Жəне Торғайда
жасалды. Торғай мен Семейдегі əскер «Алашорда» үкіметіне бағынды.
Жанша Досмұқамбетұлы мен Қалел Досмұқамбетұлы Орынбордан
Семейге кеткен Бөкейханұлы, Дулатұлы, Байтұрсынұлдарына ермей қалды
дедім ғой. Міне, бұлар сол бетімен өздерінің Орал облыстарында,
Жымпиты қаласында, өз алдарына «Алашорда» үкіметін ашты.
Үкіметтерін қыстыгүні, 1918 жылдың басында жасады. Айтып өтейін, ол
былай болған: 1917 жылы желтоқсан айында Орынборда Бөкейханұлы,
Дулатұлы, Байтұрсынұлдары жасаған жалпы «екіншісі қазақ-қырғыз
съезінде» қазақ автономиясын қазір жариялау дұрыс па, жоқ біраз байқап,
милиция жасап алып, жариялау дұрыс па деген мəселеде съезд екі жаққа
бөлінген. Көпшілік жағы — Дулатұлы, Бөкейханұлы, Байтұрсынұлы бас
болып, «автономияны милиция жасап алып, біраз байқап барып
жариялайық!» — деген. Азшылық жағы — Жанша Досмұқамбетұлы, Қалел
Досмұқамбетұлы бас болып «автономияны қазір жариялайық» деген.
Досмұқамбетұлдарының «қазір жариялайық» дегендерін қостаушылардың
бəрі-ақ сол Орал, Бөкей, Ақтөбе жақтарының адамдары болған.
Орынбордан, манағы айтқандай, «Алашорда» үкіметі қашып Семей кеткен
соң, Орынборды большевиктер алып, Орынборға жанасқан қазақ ісін
Жангелдин басқара бастаған соң, Досмұқамбетұлдары Орал облысына
келіп, «Алашорда» жасауға əрекет қылған. Орал облысының съезін
шақырған. Съезд Қаратөбеде болған. Қысқаша съездің қалай болғанын
айтып өтейін.
ҚАРАТӨБЕ СЪЕЗІ
1918 жылдың бас кезі. Қыстың күні. Съезге Қаратөбеге Орал
облысының бар оқыған қазақтары жиылды. Бастықтары — екі
Досмұқамбетұлы. Съезге жиналғандардың ішінде, соңынан коммунист
болған осы күнгі өзіміздің Кенжеұлы, Қасаболатұлы, Мырзағалиұлы,
Қаратілеуұлы,
Жолдыбайұлы,
Қангерейұлы,
Ипмағамбетұлы,
Əлібекұлдары бар. Бұлар онда большевик емес...
Съезд
ашылды.
Съездің
Досмұқамбетұлдары сайланды.
басқармасына
(президиумына)
Қаралатын мəселелердің зоры: əскер жасау, үкімет құру, үкіметке
қаражат ақша жинау. Əскер жасауға, үкімет құруға қарсы сөз болған жоқ.
Ақша жинау мəселесіне келгенде съезд екі жікке бөлініп, айтысты да
қалды. Бір жағы көп, бір жағы аздау. Көпшілік жағы Досмұқамбетұлдары
жағы. Бұлар: ақшаны жинағанда «үй басына, от жаққан түндік басына жүз
(100) сомнан салайық», — деді. Азшылық жағы Ғұбайдолла Əлібекұлы,
Ипмағамбетұлы, Қангерейұлы жағы. Жəне бұлардың соңында
Жолдыбайұлы, Қасаболатұлы, Кенжеұлы, Қаратілеуұлы, Мырзағалиұлдары
бар. Бұлар «байға байша, кедейге кедейше салайық», — деді.
Бұлардың бүй дегеніне Сырым батыр ұрпағы əлгі белгілі Салық бай
қарсы болды. Салық қарсы болған соң, Досмұқамбетұлдары да қарсы. Сөз
қызды. Талас күшейді. Екі жақ бір-біріне көнбей екпіндеп, белсеніп
айтысты. Екі жақ та өз ұйғаруларын дəлелдеп, съезге кезек-кезек баяндады.
Съезд толқыды. «Дəлелдер» күшті. Досмұқамбетұлдарының ол кезде, ол
съезде беделдері артық. Съезд олардың дегендерін теріс деп білмейді. Бірақ
мына Ғұбайдолла Əлібекұлы, Ипмағамбетұлдары жағынын дəлелдері
көкейге қонарлық. Адамшылық ұяты бар кісіні ұйытарлық. Екі жағының да
сөздері қызу. Съезд толқып əбден қызды. Съезд мешітте. Мешіт лық толған.
Үй іші əбден булықты. Есік берік. Съезге кіре алмаған жай бұқара халық
анталап мешітті айналып алған. Ашық терезелерден бастарын сұғып, талас
сөздерді тыңдайды. «Байға байша, кедейге кедейше салу керек. Жарлыға
тіпті салмау керек...» — деген сөздер терезелерден сығалап тұрған кедей
бұқаралардың қышыған жерлерінен шыққандай. Кейбіреулері қоштап,
терезеден айқайлайды. Ақырында, Ғұбайдоллалар түндік басы салық
бірдейлігіне ырза еместігін дəлелдеп, қағазға жазып əкеліп, басқармаға
тапсырды. Бірақ оған Досмұқамбетұлдары болмады. Бұлардың бұл жазып
əкеліп отырғандары «большевикке» қосыламыз дегендері деп сөйледі
съезге. Олардың дəлелдері де қисынсыз емес. Олар былай дейді:
«Жамағат! Бұл жиылысты үлкен үмітпен, зор ниетпен жасап отырмыз...
Россия аласапыран заманға кез болды. Үлкен толқынға ұшырады. Россияға
үлкен пəле жабысты, жікке бөлініп, өзді-өзі соғысып, бірінің қанын бірі
судай төгіп жатыр. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы дегендей кер
заманға кез болдық. Кезінде, уақтысында іс қылмасақ Россияның пəлесі
бізді де қосақ арасында іліп əкетуі. Сүттен ақ ел болайық, жұрт болайық
деп бұл съезді жасап отырмыз. Съезге келіп отырған «Алаштың инабатты
адамдары — сіздер. Ұлттың шамшырағы тəрізді қазіреттер араларыңызда,
ел ағасы ақсақалдар араларыңызда, жігіт ағасы азаматтар араларыңызда.
Бəріңіз де «Алаштың» алдыңғы қатардағы адамдарысыздар. Бауырлар!
Мұндай уақытта талас-тартыс дегенді қоялық. Алалық-құлалықты жоялық.
Түнеугі күні Орынборда «жалпы қазақ» съезінде ел үшін, жұрт үшін
«Алашорда» үкіметіне бізді сайлады. «Алаш» партиясын жасады. «Алаш»
баласын ала-құлаға бөлмейміз деп ант қылдық. Кімде-кім ұлтын сүйсе, алақұлаға бөлмейді. «Алаш баласымын» деген азамат мұны есінен тастамауы
керек.
Міне, біз «Алаш» баласын алаламаймыз. «Алаштың» баласын тегіс
бірдей сүйеміз. «Алаш» баласы неге болса да бірдей ортақ. Нені болса да
бірдей көреді. Алашқа келген қандай жүк болса да, бай демей, кедей демей
— бəрі бірдей көтереді...
Міне, сондықтан бай демей, кедей демей, жалпы елге, түндікке жүз
сомнан салу керек. Алашты сүйген адам «Алаш» баласына алалыққа
бармайды», — дейді.
Міне, бұл алаштың байын да, кедейін де бөлмей, бірдей сүйетін
көсемдердің топқа ұсынған жобалары. «Алалық-құлалық жоқ», түндікке
жүз сомнан!.. Қазақ баласын тегіс бірдей көреді!.. «Бөлмейді!»,
«Жармайды!», «Қазақ баласын бірдей сүйеді!» Қазақ баласының мұңмұқтаж кемшілігін бірдей жоқтайды! Бай да, кедей де олардың бауыры.
Бауырларына алаламай салықты бірдей қылып, жүз сомнан салады.
Міне, бұл қисынды дəлел емес пе?! Сөйтіп, екі жақ таласып, мəселені
съездің көпшілігінің шешуіне дауысқа қойды. Съезд қақ жарылып дауыс
қылды. Досмұқамбетұлдары састы. Тез, басқармада отырған өзді-өздері
сыбырласып жіберіп, бұл мəселені кейін дауысқа қоюға, съезд мəжілісін
түстен кейін ашуға тоқтатып тыныс қылды. Түстен кейін съезд мəжілісі
қайта басталды. Басқарушылар съезді ашып, отырғандарға қарап:
— Жамағат! Мына Жанша Петербордағы мұсылмандар советінің қазақ
атынан кірген мүшесі, съездегі кейбір ақсақалдардың өтінуі бойынша, сол
мұсылман советінің істеп жатқан істері туралы қазір қысқаша баяндама
қылады. Бұл мəселе, мына съезд қарайтын мəселелердің ішінде жоқ еді.
Сөйтсе де, біраз адамдардың өтінуі бойынша, қазір айтылмақ болып тұр, —
деді. Отырған жұрт:
— «Дұрыс! Дұрыс!..» — деп шулады.
Жанша шығып сөйледі:
«...Мұсылман советінде, ислам діні, дін мұсылман, барлық мұсылман
бауырларымыз! Қорлық көрген, зорлық көрген дін мұсылман не көрмеді,
дінді қорлай бастаған еді, құранды аяқасты қылатын еді...» — деп Жанша
ағызды.
«Алашорда» көсемдерінің ішінде жұртты сөзбен ерітіп əкететін
айрықша екі кісі бар. Бірі — Міржақып Дулатұлы; Бірі — Жанша
Досмұқамбетұлы. Міржақып—жазу сөздің шебері. Жанша — ауызша
сөздің шебері. Міржақыптың сөз əдістері жатық, майда шығады. Жаншанікі
ірі, оғаштау шығады.
Сүйтіп, Жанша қызып, екпіндеп сөйледі. Толқып отырған съезд жым
болды. Теп-тегіс қимылдамай қатып қалды. Бəрі бір кісідей көздерін
Жаншаға қадады. Ұшқын атқан көздерін Жанша да айнала, əр көзге бір
қадап, съезді билеп алды. Қайрат беретін жерде буындары сықырлап,
жұдырықтары түйілді. Нандыратын жерде — сілкініп, қолдары созылып
жайылды. Ұғындыратын, түсіндіретін жерде — қолдарын қанатша жұмсақ
қағып, бір қолын бір қолына қаттады. Керекті жерінде қолын айбалташа
жарқылдатып, орап сілтеді. Телміріп қадалып отырған жұртқа ұшқын атқан
көзімен жағалай қарап, «əпсін» оқығандай, айтып тұрған сөзін, ойын,
жүректегі сезімін жағалай құйды. Беті неше түрлі құбылды, даусы неше
түрлі өзгерді. Айтып тұрған сөздерінің керекті жеріне қарай барлық денесі
сөйледі.
Съезд əбден Жаншамен бірге еріп кетті. Тегіс рухтанды. Жұрт
Жаншаның соңынан отқа да, суға да түсуге əзір болды.
«Жаншадай ұл жоқ, Жаншадай ер жоқ. Алаштың туын көтерген Жанша,
ислам дінін қорғайтын Жанша, Алаш үшін бір жанын бəйгеге тіккен
Жанша. Тар жол, тайғақ кешуде Алаш баласын аман алып өтетін Жанша...»
Аз ғана уақытта съезді Жанша осындай иманға келтірді. Сөзінің ақырында
Жанша:
«Петербордағы мұсылман советінде отырдық... Орыстың өзді-өзіне
алалық кірді... Большевиктер қаланы кезіп, сыпыра оқтын астына алды.
Мұсылман советіне де оқ жаудырды. Қала бықпырт тигендей аласапыран
болды. Жұртқа жан қайғы болды. Мұсылман советі дін мұсылман үшін
өлсек арманымыз жоқ деп отырдық. Дін мұсылманның қасиетті
шамшырағы Осман қалипаның өз қолымен жазған исламның ең əуелгі
құраны орыстың қолында, Петербордағы музейде сақтаулы болатын. Сол
аласапыран уақытта басқа сап ете түскен ой — барып, сол құранды алып
шығу еді. Советтегі өзге мұсылман ағзаларына айттым. Қорқып ешқайсысы
батпады. Сонан соң бұдан аяған жан не болады деп, өзім тəуекел қылып
жөнелдім. Көшеде жан-жақтан зуылдаған оқтың арасымен ұшып музейге
келдім. Музейде астан-кестен екен. Айт-үйтке қарамай барып, неше
бөгеттерден өтіп барып Османның жүрегінің қанымен жазған қара құранын
құшақтап алып шықтым...
Сөйтіп, самсаған жаудың арасынан, жаңбырдай жауған оқтын ішінен
осы қолыммен исламның қасиетті құранын мұсылман советіне əкеліп
бердім...» — деді.
Еріп, балқып жылаған жұрттың кейбіреулері еңкілдеп қоя берді.
Кейбіреулері:
— ...Өй, қарағым, Жанша-ай, қадіріңді білмейміз-ау!.. Саған да
кейбіреулер сөйлейді-ау!.. — деді.
Қуанай қазіреттердің, Салықтардың жылағаны былай тұрсын, əуелі
Балтанұлы, Жəленұлдары тəрізді «студенттер» жылады.
Жанша отырды. Манағы: «Ақша салығын байға байша, кедейге кедейше
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Тар Жол, Тайғақ Кешу - 12
  • Büleklär
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2013
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1996
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3838
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1924
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3608
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1776
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3648
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2033
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3435
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1828
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3557
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1757
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3724
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2085
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3813
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3568
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1808
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3623
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1869
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3682
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3821
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3799
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1969
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3530
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1883
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1901
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2023
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3749
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1788
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1853
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3804
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1970
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1937
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2114
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3985
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1960
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3722
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1980
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3755
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3587
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2183
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 2577
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1633
    25.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.