Latin Common Turkic

Тар Жол, Тайғақ Кешу - 09

Süzlärneñ gomumi sanı 3769
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Құр лаңнан басқа жұртқа түскен түк пайда жоқ. Соғыс лаңынан
қажыған халық бүліншілік лаңына түсіп, киерге киім, ішерге азық таппай,
күні бүгін аман, ертең не боларына көзі жетпей, жинаған мал-мүлкі кімнің
қолына кететінін білмей отыр. Соның бəрі демагогияның лаңы. Бəрі
халықтың ақыл жағын алмай, нəпсі жағын аулай іс қылғанының салдары.
Былтырғы біздің қазақтың бүліншілігі де осындай демагогиядан болған.
25 июнь жарлығы туралы халыққа басшылық етуші екі түрлі болған.
Біреулер: «Қазақ қарсы тұрып, күш қылып, ешнəрсе өндіре алмайды.
Қырғын-сүргін көріп əлекке түскенше сұраған адамын беріп, тыныш отыру
керек», — деген. Екіншілері: «Бермеу керек», — деп, елді желіктірген.
Сонда қабағынан қан тамып тұрған Роман үкіметінің тұсындағы қазақ
қарсылық қылып, адам бермей құтылып кетеді деп бермеу керек деген
емес, олай айтушылардың есебі өзгеше болған. Халыққа шын жаны
ашитындар ел бүліншілікке түсіп əуре болады деп аяғанда, балық ұстауға
лай су таба алмай жүргендер, сауын қылып сауып қалғысы келген.
Алысып əлі жетпей жүргендер, халықты құтыртып қолына қару қылып
ұстап, кіжініп жүргендерінен өшін алғысы келді. Халықты өзіне қарата
алмай жүргендер, осындайда халық қамын жеп, халық үшін жаны ашитын
сияқтанып, жұртқа жақсы атты көрініп қалғысы келген.
Соғыс жұмысына барғысы келмей тұрған жұртқа барма деп айтса,
халық көңіліне ұнайтынын білуге данышпандық керек емес. Халық өзі қып
етсе лып етіп, кетейін деп отырған жағына бастасақ ере жөнелетіні мəлім.
Жер деп ынтығы құрып отырған мұжық жер береміз дегендерге ергені
сияқты, үйін сағынып отырған солдаттар қайтарамыз дегендерге ергені
сияқты, қазақ та адам берме деген жаққа еріп, əуре болып барып
тоқтағандар қандай бүліншілікке түсетіні Николай тақтан түспегенде
белгілі болатын еді. Бағына бостандық болып, қырғын-сүргіннен қазақ
аман құтылды. Демагогияның кесапаты қандай екенін өз басынан кешіріп
көрмеген қазақ болса, басына түскен бүліншіліктен көріп отыр.
Халыққа демагогия жолымен басшылық етушілер Европа тілінде
демагог деп аталады деп жоғарыда айттық. Былтырдан бері қазақтар да
демагогтан құр емес. Орыстың осы күнгі демагогтары еліктіріп қазақтан да
демагогтар шығып, елді бүлдіргісі келеді. Бірақ тілін жұрт ала қоймаған
соң амалы құрып тұр.
Бұл сөзді жазып отырғанда мақсұт — демагогия деген қара халықты
алдайтын адамдардың əдісі барын білдіру, халықты демагогтардан
сақтандыру. Біреулер тонын айналдырып киіп, ұлтшыл болып келіп,
демагог сөзін сөйлер, біреулер жалтыраған түймесін жұлып тастап,
жұртшыл болып келіп, демагог сөзін сөйлер. Біреулер мойнындағы кресін
жұлып мұсылманшыл болып келіп, демагог сөзін сөйлер, сақ болуымыз
керек...
Уа, шіркін! «Алашекеңдер» сөйтіп мөлтеңдепті. «Алаш» бастықтары
əскер жасауға талпынды. Кей жерлерде жасала да бастады. Сонымен қатар
таратқан өкімет сөздері де жүріп жатты. «Қазақтың» сол 259-нөмірінде
«Офицерлер даярлау» деген мақалада былай дейді.
Газеттен:
ОФИЦЕРЛЕР ДАЯРЛАУ
Россия мемлекетінің қазіргі бейтəртіп бүліншілік күйінде қазақ басын
бағып, аман қалайын десе істейтін шарасы тез милиция жасау. Ол милиция
автономия болса да керек, болмаса да керек. Майданда соғыс тоқталғанына
көп болды. Майдандағы əскерлер қайтқаны қайтып, қайтпағаны
большевиктерге қосылып елмен соғысып жатыр.
Большевиктерге қосылып жатқандар оңай олжаның адамдары. Шаруасы
бар солдаттар ел соғысына қатыспаймыз деп екі жақта да үйіне қайтып
жатыр. Қайтқан солдаттар қару-жарағымен қайтып келеді. Майдандағы
солдат қолында не қару-жарақ болса, сонысымен келеді. Орыстың
поселкесінде адамы солдатқа бармағаны жоқ. Əр поселкеде майданға
барып жатқан адамы біреу-екеу емес, бірнешеу, солай болған соң орыс
поселкелерінде соғыс əдісін үйреніп, соғыс қару-жарағын асынған бойында
еліне келген адамдардың басы құралған. Олар қолында қару тұрған соң
өзінің күшті екенін біледі. Олар зорлық қылайын лесе қолынан жəне келеді.
Солдаттардың бұзықтары большевиктерге қосылып, елге келген түзіктерін
бұлар күштімін деп себепсіз зорлық қыла бермес деп, жұбата беруімізге
болар ма, болмайды. Екі-үш айдан соң жаз келеді. Мұжыққа жыртатын жер
керек болады. Қазақ арасында отырған орыстар жер керек болса, қазақтан
аламын демей кімнен аламын дер? Жері бар помещиктердің жерлерін,
малдарын, мүліктерін ішкі жақтың мұжықтары қалай алғанын майданнан
қайтқан солдаттардың көргені көріп, көрмегені естіп келіп жатыр. Жерге
менікі, сенікі жоқ. Жер құдайдікі, онан соң кім еңбек сіңіріп пайда
шығарса, соныкі деген сөздер қайтқан солдаттардың да, мұндағы
мұжықтардың да құлағына бостандық болғаннан бері сіңіп болған.
Ішкі жақтағы мұжықтардың ісін көріп отырған адамдар шошитын түрі
бар. Əлі жетсе мұжықтар ақылды керек қылмайтын көрінеді, мұнымыз жөн
бе, жөн емес пе деп ойлану деген халықта тіпті жоқ көрінеді.
Қысқасы, мұжық əлі жетпейтін жерде ақылды керек қылып ойланады.
Əлі жетіп тұрған жерде мұжық ақылға салып, алды-артын тексеріп іс
қылады деп ойламасақ керек.
Осы жағынан шошығаннан милиция мəселесі автономиядан бұрын
қозғалған, милициямызды жасамай жатып шашылып отыра берсек, жаз
болысымен жер тақырыпты талай шатақ шығатыны шəксіз, сонда мұжықты
қазақ ақылмен тоқтата алмас. Айбынмен тоқтатар. Сол айбын милиция
болар. Қазақ милициясы бар деген соң қазақты басынып, басып-көктеп іс
қылудан кім де болса тартынар. Осыны ұғыну керек. «Тісі шыққан балаға
шайнап берген ас болмас» деген.
Оны баптап, баяндап айтпай-ақ осылай ұғындырса да түсінерлік нəрсе
ғой. Шынын айтамыз деп сырын айту болып кетеді.
Қазақ баласын қорғауға милиция керек. Милицияны үйрететін
офицерлер керек. Ол екеуі де қазір жоқ. Милицияны қалай жасау жағы
декабрь съезінің қаулысында түгел айтылған, енді айтайық деп
отырғанымыз офицер болуға қандай білімі бар адамдар алынатынын
түсіндіреміз:
Юнкер школының бастығымен шарт мынаған келіп тірелді. Юнкер
школына кіруге атты қазақтарға деген толып жатқан шарттары бар екен.
Олардың бəрін қазақ туралы тексермейтін болды. Қазақ жастарын өзі
оқытпақшы, жақсысын берсе жақсылығын өзі көреді, қазақ жаманын берсе,
жамандығын өзі көреді, сондықтан жақсысын берер дегенге келтіреді.
Сондықтан бергендеріңді аламыз дейді. Бірақ орысша жақсы «грамотный»
адам болсын дейді, яғни орыс тілін жəне жазуын жақсы білетін адам болса
болғаны дейді. Өлшеуі осы, өлшеуімен сынап аламыз дейді. Əлгі айтылған
екі білімнің кіретін адамда шамасы қандай екенін байқамай алуға
болмайды; шамасын білмей алып қойып, орысша оқу-жазуды бастан
үйрету мүмкін емес еді.
Ал, Алаштың азаматтары! Юнкер школына кіру өлшеуі осы. Айтылған
шама қатарлы орысша білімі барларын жəне ұлтын қорғау жолында қызмет
істейтін талабы барларын юнкер школына кіруге ниеттерің болса, «Қазақ»
басқармасына кешікпей білдірулерің керек. Қайда оқығандарыңды да білу
ақыл. Бір рет алатыны 24 кісі, I/ІІ-де оқу басталмақ. Оқу үйінде барлар 1
февральға келіп кіруге оған дейін ниеттерін басқарма школ бастығымен
сөйлесіп, жұмыстың бəрін бітіру керек.
Юнкер школына жастар кіруге əзірге ең аз болса, 30 мың сомдай керек.
Ол ақшаны «Алаш Орда» жастар школға кірместен бұрын даярлау керек.
Қазір Алаш Орданың қолында съезд тарқарда берген Отарбай қажы
Қондыбайұлының 12 500 сомынан басқа ақша жоқ. Елден ақша тез
жиылмайтыны мəлім. Солай болған соң байлар Отарбай қажының істегенін
істеп, Алаш автономиясын əуелгі кезде көтермелеп жіберулері тиіс еді.
Ноғайлар автономия болса ұлт қазынасына деп байларынан ақша ағылтегіл болып құйылып қалады. Біздің байлар да əуелі өздері үшін, екінші ұлт
игілігі үшін шабандық қылмай Алаш Ордасына ең болмағанда қарызға
қаржы беретін жөні жоқ па?..»
Шіркіндерің солай сарнап жатты...
Олар өйтіп жатқанда, біздің іс қайнаған қалпында жүре берді. Совет
үкіметі күн сайын күшеюде. Большевиктерге қарсылық қылып жатқан
аймақтар күн сайын əлсіреуде. Біздің көзімізді қадап, құлақтарымызды
түріп, алыстан бағып отырған жеріміздің бірі — Орынбор. Орынбор казакорыстарын Дутов деген атаманы бастап, Совет үкіметіне қарсы тұрып,
большевик əскерімен ереуілдесіп, қағысып жатқан. Орынборға біздің
көзімізді қадайтынымыз – «Алашорданың» басқармасы Орынборда.
Барлық Қазақстанға нұсқау беріп, «Алаштың» ордалық туын көтеріп
отырған «Қазақ» газеті Орынборда. Ал «Алашорданың» орталық үкіметі
Орынбордан кетпек хабарын газеттен көргеміз...
1918 жылдың қаңтар айында Орынборды большевиктер алды. Атаман
Дутов қашты деген хабар алынды.
Енді біраз күнде Орынбордағы «Алашорданың» бастықтары:
Бөкейханұлы, Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Омарұлдары Орынбордан қашқан
бетімен біздің Ақмола уезін басып, Семей өтті. Біз білмей қалдық. Бұлар
қонып кеткен бір ауылдың қазағы екі күннен соң Ақмолаға келіп маған
айтты. Бұлар жолындағы Спасск заводына соғар деп, мен тез Спасск
заводының жұмыскерлер советіне уездік Совдептің атынан телеграмма
бергіздім. Екі күннен соң «олар өтіп кетті...» деген заводтан жауап
телеграмма алдық...
Орынборды большевиктер алған соң «Қазақ» газетінің жаңа шыққан
нөмірлері келді. Газеттің шығарушысы жаңа адам — Əбілхамит
Жүндібайұлы деген кісі. Қайта шыққан «Қазақ» газетінің 1918 жылы 27
(14) ақпанда шыққан 261-ші нөмірінде жазылған «Орынбор жайы» деген
мақалада, Орынбор алынғаннан кейінгі түрді жəне алынар қарсаңдағы
түрді былай жазады.
Газеттен:
«ОРЫНБОР ЖАЙЫ
Бір айдан бері большевиктермен соғысқан казак-орыс əскері мен
юнкерлер 17 январьдың түнінде жеңіліп, Орынборға қарай қаша бастады.
Қаладағы барлық əкімшілікті өз қолында ұстаған отанды қорғау
комитетінің адамдары, — казак-орыстардың басы атаман Дутов, Орынбор
комиссары Архангельский жəне басқалар қашып кеткендіктен қала иесіз
қалды.
Осындай аумалы сағаттарда қаланың халі қыл үстінде тұрғандай еді.
Жаман ойлы бұзық адамдар иесіз қалаға тиіп, неше түрлі талан-тараждар
істесе, əй дейтін əже, қой дейтін қожа жоқ еді. Сондықтан Орынбордағы
мұсылман Карби комитеті қалаға большевиктер кіріп, əкімшілік
орныққанша, өзін Орынборға əкім екендігін жария етті.
Өзінің күнілгері қамын қылып, жиып қойған жігіттерін қару-жарақ
асындырып, үкімет пен халық мекемелерінің бəріне қарауыл қойды.
Қарби комитеті тұрған башқұрттың керуен сарайы мұсылманның еті
тірілігін көрсететін бір орда түрін алды. Керуен сарайдың ауласында қаружарақ асынған мұсылман солдаттары мен дружинаға жазылған ноғай
жігіттері «ерсілі-қарсылы» жүріп жатты. Жегулі аттар, автомобильдер даяр
тұр еді. Қалада тəртіп сақтау жалғыз мұсылман Қарби комитетінің
мойнында ғана қалған еді.
18 январьда қалаға большевиктер кіріп, өздері орнатқан үйлерге
орныққан еді. Көшелерде қару-жарақ асынған түсі суық матростар, қара
жəне қызыл гвардиялардың кісілері оннан-бестен үй-үйге кіріп — мұнда
офицер бар ма, құрал бар ма — тінте бастады.
Осы тінту ісіне жүргендердің ішінде сөзге түсініп, күшке салмай, өз
міндетін қолындағы мандат қағазын көрсетіп атқарғандар бар болған
секілді. Бас жібі жоқ егіздей күшке салып, ақырып-жекіріп, қала халқының
апшысын қуырғандары да бар еді. Осындай жүгенсіз азғындар көбінесе
матростардың, анархис дейтін партия адамдарынан, солардың етегін ұстап,
олжа түсе ме екен деп жалған «большевик» болған Орынбордың өз
ұрыларынан құралған еді. Большевик штабы осы түрдегі жаман ойлы
жолдастарына қатты жазалар салып, жаман қысты. Қалада большевик
əбден орнығып əкім жүргізгенше болған талан-тараждар, кісі өлімдері —
бəрі осылардың қолынан келді. Большевиктердің жоқшылары яки Қарби
комитетінің жігіттері талаушылардың көбін ұстап жауып қойды.
Айыптыларын атып өлтірді деген хабарды соңынан есіттік.
«Большевикпін» деп тінту артында жүрген «ерлер» ірі байлардың үйіне
кіріп, үйді асты-үстіне келтіріп, жын ойнағандай қылып аударыстырып,
қымбатты нəрселерді қойын-қонышына толтырып алып кеткендерімен
тұрмай, қапқа салып арқалап яки жегулі көлікке артып əкеткендері де
болды.
Шекесіне тақап тұрған мылтықтың атылуынан, жүрекке сұққалы тұрған
пышақтың түсінен қорыққан адамдар қысылғанда жан садақасын беріп
құтылып, құр жан қалды. Кейбір жаннан малын қымбат көріп, малға ара
тұрамын деп мылтыққа ұшқандары да болды.
Қарби комитетінің қару-жарақ асынған жігіттері күн демей, түн демей
автомобильге мініп алып, қаланың көшелерін аралап жүрді. Бірнеше
жерлерде талаушылардың үстінен шығып қалып, маңдайы ашық кейбір
бақытты адамдардың жиған дүниелігі өзінде қалуына себеп болды.
Тонаушылардан үш-төрт күн ішінде қала халқының сыйынғаны жалғыз
мұсылман Карби комитеті болды.
Матростар яки анархистер жолдарына бөгет бола берген Карби
комитетінің жігіттеріне көздерін алартып, тістерін қайрап жүрді.
Осылардың қыңқылы жерде қалмай, Орынбор вокзалында болған бір
мəжілістерінде мұсылман қолындағы құралды сыпырып алудың керектігі
сөз болды.
Большевиктер қалаға кіріп, салығын салып тынығып алған соң, военнореволюционный комитет ашылды; түрлі іс басына комиссарлар қойылды.
Үкімет жəне халық мекемелеріне өздеріне сенімді солдаттардан
қарауыл шығарылды. Сөйтіп, қала тұрмысы біраз сабасына түскендей
болды.
Большевиктер қалаға кірісімен кадет партиясының пікірін тарататын
«Оренбургский край» газетінің басқармасын өздеріне қаратып алды. Осы
күні оның орнына У.Р. комитетінің пікірін тарататын «Известия» газеті
шығып тұр.
Кооперативтер шығарып тұрған «Южный Урал» газеті де жабылды.
Осы күні оның орнына «Народное дело» газеті шығып тұр.
Большевиктің інісі меньшевик партиясының пікірін таратушы
жұмысшылар газеті «Рабочая заря» большевиктер кірген соң, бірнеше
нөмір шығып тұрып, тілі ащы болып масадай шаға берген соң, ол газетті
У.Р. комитеті жапты. Оның орнына іле-шала «Рабочая газета» шықса да
таздың басын қаси беретін мінезі большевиктерге жақпай тоқтатылды.
Сөйтіп, інілердің ағаларына қарап бұртиып тұрған жайы бар.
«Уақыт» газеті тұтынған жолы жұмысшы, жарлы халық ыңғайына
ереуіл келгендіктен У.Р. комитеті тарапынан тоқтатылды. «Уақыт»
баспаханасы, барлық нəрсесі жəне қолындағы ақшасымен реквизировать
етілді.
Февральдың 9-да «Уақыт» баспасында басылып «Орынбор мұсылман
қарби инхлап комитеті мұқбары» деген газеттің бірінші нөмірі шықты.
Январьдың аяқ жағында қалада тұрмыс өз жолына түсті десе болады.
Бір айдан бері Орынбордын сыртында бөгеліп жатқан хат-хабар, газет,
журналдар ретсіз бір түрде келе бастады.
Мұсылман Қарби комитетінің панасына сиынған мұсылман байлар бар.
Мұсылман Қарби комитеті соларды қорғайды деген күңкіл сөз түбінде іске
асып, мұсылман қолындағы қару-жарақты У.Р. комитеті жиып алды. Сөйтіп
аз күн болса да қалаға қызмет сіңірген, талан-тараждарға ара тұрып тəртіп
сақтаған мұсылман дружинасының таратылуы көңілге қайғы түсірді.
Қолынан құралы алынған соң, мұсылмандар тағы бір түрлі бас қамын
қылуды ойлады.
Бетегеге бойын жасырына алмаған «буржуйлардың» бүлініп кетуімен
ноғайдың солдат жəне жұмысшылары басын қосып, кеңесіп, мұсылман
қарби инхлап комитетін ашты.
Комитеттің бастығы — Ғали Шамғұнұлы. Жолдасы — Мұхаммет
Тайырұлы. Секретары — Абдолла Якупұлы.
Бұл комитетке мұсылманның табан ет, маңдай термен күн көретін
жігіттерінің көбі кірген көрінеді.
Большевик келместен бұрын жабылып, сонан бері ашылмаған дүкендер
жəне мектептер 29 январьдан былай ашылды. Саудагерлер саудасын істеп,
балалар сабағын оқып жатыр. Бұрынғы Кадетский корпус əскери гимназия
болды.
Большевиктердің жеңіп алған қалаларында тұратын байларға салатын
контрибуция дейтін салығы болады екен. Орынборға келген большевиктер
де Орынбор байларына белі қайысарлық салық салып отыр. Бір жиюға
10 000 000 сом салық салынды. Бұл салықты жиятын комиссия байларға
былайша бөлген: Зарепнов 1 млн. сом, Сараков 1,5 млн. сом, Панкратов 1
млн. сом, Деев 300 мың. Буров 600 мың, Пемнов 150 мың, Нехарчев 125
мың, Слащилин 75 мын, Коробков 60 мың, Баландин 100 мың, Нехонов 75
мың, Урецкий Орштері 75 мың, Потлов серіктігі 100 мың, Захо 100 мың,
Брагин 50 мың, Каймуштер, Вольфсон, Корнилов, 50,40,20 мыңнан,
Лшескин 50 мыңнан, Лысых 5 мың, Агладонов 100 мың, Андреев 30 мың,
Вотем 5 мың, Шепшайши 20 мың, доктор Воскресенский 15 мың, Попов,
Теревинский жəне Николин 10 мыңнан, Мақмұт бай Құсайынұлы
дарыстері 600 мың, Уəли қазірет Құсайынұлы фирмасы 125 мың, Ғыдбай
Балтабайұлы 50 мың, П. Ғимадиұлы, Əбдірахман Əмзін, Бырдаран
Ғабділлендір, Ауаринбазыұлы, Ақымбайұлы, Аюпұлы, Г. Шепиров,
Ғабділқайым Седачұлы 25 мыңнан, М. Шараполдинұлы, Г. Кинеев, З.
Құртапулы, Рамовтар 15 мыңнан, Ш. Мұсыпұлы 20 мың, 3. Қабибуллиндер,
З. Омаров, Р. Қабимовтер, Мырзабайұлы, Ғабділрашит Құсайынұлдары 10
мыңнан. Осы салықты байлар төлемей құтыла алмайды.
Адвокат Градскийдің зор жұрты ісіндегі общинымен У.Р. комитеті
қолына көшті.
Ташкент темір жолы, сол жолда қызмет қылатын жұмысшылар мүлкі
болды. Орынбордың зор баспаханаларынан Левинсон баспаханасы
бұлардың билеуіне көшті.
Орынборда тұрғын қазақ 5-6 үй болатын, бұлардың азаматы əм балашағалары большевик сүргінінен тегіс аман. Өздерінен болмаған
себептермен Орынбордан шығып ел ішіне кеткен. «Қазақ» газетінің
басындағы азаматтар əлі Орынборға оралған жоқ. Шəкірттері Орынборға
қайтып оқуға кірісті.
Большевикті азуы алты қарыс арыстандай көргендіктен бе, яки басқа
бір себебі бар ма, Орынборда қазақтың басы осы февраль ішінде ғана
көріне бастады. Қалада осы күні тыныштық. Таңырқарлық талан-тараж,
өлім-жітім хабарлары жоқ. Орынборға жақын отырған қазақ ауылдары да
аман. Торғай комиссары қазақ пен орыс арасында болған жанжалдарды
басуға жəне «большевик» болған мұжықтар қазаққа бел көрсетіп, ауылын
шауып талап əкетпесіне қолдан келген істерді шұғыл істеп жатқан көрінеді.
Почта, телеграф жүріп, банктер ашылды. Бірақ банктегі ақшадан жұма
сайын иесіне 150 сомнан артық берілмейді. Қалада уақ ақша жоқ еді,
Петроградтан жаңадан келген уақ ақшаны 100 сомдықтарға айырбастап
алып жатыр. Дутов кезінде шығарылған Орынбордың жаңа ақшасы
бұрынғы бəсін жойған жоқ. Большевиктер де сол ақшаны тағы даярлатып
жатыр.
Ж. Жəнібекұлы»
Жəне сол 261-нөмірінде жазған басмақаласында тағы да былай деген:
Газеттен:
«ОРЫНБОР 27 (14) ФЕВРАЛЬ
Тоқсан тарау ерсілі-қарсылы саяси партияны қолдаушылар əмəн пікір
жарысында жүр. Бірі бір жолмен, екіншісі өзге жолмен ұлтты көгерту
ниетінде екені газет оқушыларға мəлім. Сол түрлі саясат партиялардың бірі
— большевик партиясы.
Патша түсіп, төңкеріс болғаннан кейін, большевиктер өзгелермен
бірдей саясат майданына жарысқа шығып, сол уақыттағы «жаңа үкіметке»
ынжық, айтқанын негізгі жұмысқа аудара алмай, құры сөзбен желбуаз
қылып табаны тесілген, алақаны ойылған сорлы жұмыскерлерді есіне
алмайды деп наразылығын сөзбен де, күшпен білдіріп, үкіметті өз
қолдарына алу ойында еді. Октябрь жұлдызының ақырына шейін Россияда
большевик алмаған атты казактары мол Орынбор мен Дон, Теке,
Украинадан басқа жер жоқ еді.
Қалшиып бірнеше заман қайрат қылған, табан тіресіп атысқан
Орынборға осы күнде большевиктер қанаттарын жайып, қонып алды.
Қалың большевик ішінде 18 январьда Уфа отрядын бастап, Торғай уезінің
жігіті, руы қыпшақ, Əліби мырза Жангелдин келіп іске кірісті. Өзіне
қолғабысшы қылып Орынборда тұрып жұрт жұмысына ысылған
Мұқаммедияр мырза Тұнғашынды шақырды. Мұқаммедияр мырза төрт
күндей толғанып, Орынбор мұсылмандарының аға азаматтары мен
мекемедегі жолдастары қолай көріп айтуымен комиссардың сөзін қабыл
алды, комиссар жұртқа болып қалған оқиғаларды баяндап, жар шақырып,
жақын жердегі Ақтөбе азаматтарының бірнешесін телеграмма арқылы
Орынборға шақырды.
Телеграмма алып, хат алып хабарланып, тебіреніп отырған мылтықтың
оғының астында жатқан Ақтөбе азаматтары ойланып, заманның түрін ойға
алып, бірісі ойдан, бірісі қырдан Орынборға құйылды.
Арқада аламан əңгіменің түрін байқай алмай жан-жағына жалтақтап
келген азаматтар комиссар Əліби мен Мұқаммедиярдан басқа қазақ
азаматтарын Орынбордан көре алмады.
Комиссар мырза Əліби Жангелдин заманның əсерінен əңгіме айтып,
көздеген мақсатын, тұтынатын жолын əшкере еткен соң, азаматтар
комиссармен қол ұстасып, жұрттың басына түсіп тұрған ауыртпалыққа
шара көздеу ниетімен дағдылы жұмысқа кірісетін ырзалық көңілін білдірді.
Ақтөбе елі Торғай облысының шетінде Орынбормен шектес қолтығында
болғандықтан, əңгіменің асқынатын түрін сезіп: Ырғыз, Торғай
уездеріндегі басты адамдарымен телеграмманың кəдірсіз тілі арқылы
хабарласты.
Заманаға сай деп сөйлескен азаматтары, бірнеше жұрт басшылары
болып өз беттерімен комиссарға келіп дидарласпақ болды.
Осындай заманның аударылып тұрған шағында, жұрт газет хабарына
аса мұқтаж екендігін ойға алып, жан-жаққа хабар беріп, жөн сілтеп, нұсқа
көрсетіп тұрған «Қазақ» газетінің басында тұрған азаматтардың
Орынборда жоқ екенін көріп, жауын тілеген егін қалпындағы жұрттың
үмітіне қарсы бару ниетімен Орынборға февраль басында келіп, басын
қосқан Ақтөбе уезінің төменде аты аталған азаматтарының өтініші
бойынша «Қазақ» газетін шығаруды мен мойныма алдым.
Келген азаматтар мына аты аталғандар: ақсақалдардан — Мырзағұл
Қойайдарұлы, Сəрсен Жақыпұлы, Ахметкерей Қосуақұлы. Зиялы
жастардан: Есен Нұрмұқамбетұлы, Сағындық Досжанұлы, Нысанғали
Бегімбетұлы, Сұлтан Арқабайұлы, Нұрғали Атантайұлы, Задакерей
Нұрмұқамбетұлы, Əли Ыбрайымұлы, Ережеп Қойайдарұлы, Қасым
Арынғазыұлы, Досмұқамбет Қожабайұлы. Камалиддин Арынғазыұлы,
Бақыткерей Кəкенұлы, Қарасай Қойайдарұлы жəне басқалары.
Заман аударылып тұрған шағында дағдылы жолмен жүру бір бағытқа
маңдай қою— қиядағы қиын іс. Сондықтан газет оқушылар заманының
құбылуымен есептесу керек.
«Қазақтың» соңғы жүретін жолы — халыққа болып жатқан өзгерістен
хабар беру, заманына қарай амал қылу, жол көрсету, сасқанда алдынан
шығып жəрдем беру маңайында ғана болашақ...
Əбділхамит Жүндібайұлы»
Бұл мақаладағы комиссар Жангелдин — қазақтан шыққан ең бірінші
большевик. Біз тəрізді бір түкпірде жатып совет үкіметін жасасқан емес.
Қызылдар мен ақтардың майдандасқан жерінен шығып, өзі сол майданның
жуан ортасында болған кісі. Қызылдар əскерінің басында болған кісі. Бұл
жолдас Жангелдинді біз газет арқылы əбден қанықпыз. Оны
«Алашорданың» барлық газеттері оңдырмай жамандайтын. Мұны
жамандағанда «елді бұзғыш, жамандыққа азғырғыш» дейтін. Өзі қазақтан
шоқынды, мойнына крес таққан дейтін жəне поп болып, миссионер болып
мұсылманды орыс тіліне кіргізбек болған «бұзық» дейтін.
Біз тек «Қазақ» газетінің осындай сөздерін оқып, Жангелдинді сырттан
білетінбіз, «Мына жамандаған сөздерінің жартысы рас болса да,
Жангелдин жаман адам шығар», — деп жүретінбіз.
«Алаш» газеттерінің иттің құйрығындай шулап балағаттауына
қарағанда бұл бір өте қауіпті адам ғой дейтінбіз. Ішімізден: «Əттеген-ай,
əлгі поп болды дегені болмаса, бір өте қажырлы маңызды адам-ау», —
дейтінбіз. «Дəл Көлбай тəрізді екен ғой... Көлбай да жылпостығы,
тұрлаусыздығы болмаса, аса зерек, өткір адам тəрізді көрінеді...» —
дейтінбіз.
«Қазақ» газетінің 1917 жылы 2 желтоқсанда шыққан 253-ші нөмірінде
«Жұрт төресі» деген мақалада Бөкейханұлы («Қыр баласы») Жангелдинді
жамандап «өзі» жазды... «Торғайға келген Жангелдиннің соңынан жұрт
ерсе, олардың 3-ші нөмірлі спискесіне учредительное собрание сайлауында
Торғай халқы 41-ақ дауыс берер ме еді.
«Алаш» шемендері газеттерінің беттерінде большевиктерді сөгуді,
жамандауды қоймай жатты. Большевик болған аз ғана қазақтарға
шашылған топырақ аз болмады. Батпақ əсіресе Жангелдинге, Көлбайға,
Тұнғашынға көбірек шашылды. Батпақ шашудың қисыны жоқ тəрізді де
емес. Келтірілген сөздерінің жартысы рас болса да дəлел. Бұл жерге
«Қазақ» газетінен бір мақала келтірейік.
«Қазақ» газетінің 1917 жылы 2 желтоқсанда шыққан 253-ші нөмірінде
«Жұрт төресі» деген мақалада бүйдеген.
Газеттен:
«ЖҰРТ ТӨРЕСІ
Өткен март айында жұмысшы жəне солдат депутаттарының Петроград
советі Торғай уезінің қазағына жаңа тəртіпті түсіндіру үшін ас ішіп, аяқ
босатар Жангелдинді шығарған еді.
Совет өкілі Жангелдин ескі өкімет заманында, қазақ шапанын кент
киіміне, ислам дінін христиан дініне айырбастап, Жангелдинді Степновқа
айналдырып миссионер болып еді. Бірақ өзінің өкіл ағаларының үмітін
босқа шығарды. Степновты сүйреп, түрлі мекемелерде переводчик, хатшы
қылып та қарады. Степнов барып тұрған сəулесіздің өзі болып
тұрғандықтан еш жерде тұрақтап тұра алмай, тіршілікке қыры жоқ
қаңғыбас болып кеткен еді.
Міне, осы бұралқы Степнов март ішінде Петроград советінің өкілімін
деп алғашқы ашылған Торгайский облыстық комитетке келеді. Степновтың
кім екенін бұрыннан білетін комитет Петроград советінен сұрайды. Дін
өзгертуі қулық биенің сауынынан да жиі, бұл күнде қайтадан ислам дініне
шыққан Степнов — Жангелдин Совет өкілі екені рас па? — деп. Совет
жауап қайырады: Степнов — Жангелдин Торғай уезіне социал-демократ
партиясының пікірін таратуға шығарылғаны рас деп.
Степнов — Жангелдин жаз бойы Торғай уезін аралады. Советке қазақ
атынан шиелі арыздар берді. Комиссарлардың Торгайский облысының
управ мүшелерінің жəне учредительный собранияға сайланатын
кандидаттардың үстінен түрлі шағым жүргізді. Кадет деді, қазіргі заманның
түрлі кінə-сұмдығын солардың үстіне аударды. Советтер оны қорғады, ішкі
іс министерствосымен хат тасып «еріккен шарттың» шағымынан басқа
жұмыс жоқтай əуре болды.
Ақырында, халық төреші Жангелдин жəне ол арқылы ақымақтанған
совет ісі туралы адал төресін берді. Торғай уезінде учредительное собрание
сайлауы болғанда бəйге алғандар:
1-нөмір «Алаш» партиясы 54 897
3-нөмір Социал-демократ 41 дауыс алды.
Міне, риалықпен халықты адастырушы ұятсыздардың ісіне жұрт төреші
екені осы.
Қыр баласы»
Міне, Жангелдинді осылай «алдаушы» деп жамандайтын. Көлбайды
бұдан да сорақы қылатын. Жангелдинге сырттан қанық болсақ, Көлбайды
1915 жылда Омбыда оқып жүргенімізде бір көрген едім. Рас, жылпос жігіт
еді. Бірақ зерек, шешен адам тəрізді еді. Қарап тұрғанда «əттеген-ай»
дерлік адам еді...
Батпақ шашудың қисыны жоқ тəрізді де емес. Келтірілген сөздерінің
жартысы рас болса да дəлел. Бұл жерге «Қазақ» газетінен бір мақала
келтірелік. «Сарыарқанын» 31-нөмірінде 1918 жыл, 3 наурыз «Кім дос, кім
қас» деген мақалада былай дейді:
Газеттен:
«КІМ ДОС, KIM ҚАС
Алаш ұранды автономиялы халық боламыз деген зор мақсұтта белді
байлап отырмыз. Автономия алған жəне алғалы отырған жұрттардың
басынан не кешіп отырғанын да көріп отырмыз. Сонда да автономия
боламыз деп талпынып отырмыз. Жалпы қазақ-қырғыз съезі ішкі
істерімізді басқару үшін жəне кезінде автономия жария ету үшін Алаш
Ордасын сайлап та қойған, бірақ бұл жолда Алаш Ордасы алаңсыз қызмет
ете алмай отыр. Оның неше түрлі себептері болып тұр.
Қазіргі Россияны билеп отырған Совет үкіметі «Программамызда əр
халықтың өз тізгіні» өзінде болуына, яғни автономиялы болуына қарсы
емеспіз, бірақ халықты капиталистер— буржуалар билеуіне ырза емеспіз»,
— дейді.
Осыны себеп қылып большевиктер Украина, Сібір, Түркістан, Башқұрт,
Қырым автономияларына қарсы болып бұлар буржуазная автономия, яғни
байлар автономиясы деп жорғалатып отыр.
Біз біреуді ақтарды, біреуді жақтарды былай қоя тұрып, өз жайымыздан
бір-екі сөз айтып өтейік.
Біздің қазақ-қырғызды капиталист, буржуй, жұмыскер деп бөлуге
болмайды. Бізде Европа халықтарындай завод, фабрик жоқ. Бізде
миллионерлер, жатыпішерлер жоқ. Біздің халық ақсүйек, қара сүйек, бай,
жұмыскер, жерлі, жерсізге бөлінген емес. Қалың қазақ-қырғыздың
тіршілігі, шаруасы мал бағу.
Қазақ жері бұрыннан да жеке адамның еншісі болып бөлінген емес.
Мемлекет мүлкі болып саналатын. Мұнан кейін де жер ортақ болады. Жер
еншіге бөлінсін деп жүрген ешкім жоқ.
Біздің «Алаш» автономиясы əлі жарыққа шыққан жоқ. Рəсімі жария
етілсе біздің басымызға да Түркістан, Сібір күні туа ма. Ол белгісіз. Бірақ
оларға жауып отырған жала бізге жанаспайтынына көзіміз жетеді. Бірақ
бізде басқаларға түсімізді бояп көрсетіп отырган өзімізден шыққан
шағымшылар. Олар бүгін большевик болыпты-мыс. Қазақтан шын
большевик шығып, халықтың мұң-мұқтажын ойлаушы болса арманың бар
ма? Төрт-бес жұрттан шыққан сұмдар большевик болмақ түгіл, тескентау
өтіп кетсе де жолың болсын дер едік. Бірақ жұрт атынан сөйлеп, соңынан
ерген он қазақтың баласы жоқ, жұртты адастырып отыр, соған күйеміз.
Кешегі қаралы патша заманында бірі шоқынып миссионер болып, бірі
сатылып жандарм мекемесіне тыншы болып, бірі ел алдап, бірі жол тосып
жолаушы тонап жүрген соғылғандар. Мынадай лайсаң заманда
«большевик» бола қалып, ордалы алаштың ортасына от тастағалы отыр.
Жалпы қазақ-қырғыз съезіне жиналған өкілдер байлар қазаққа зияндастар,
оны съезд демеңдер, алашқа автономия бермеңдер деп отыр. Алаш
Ордасына сайланған он бес кісі қазақ-қырғыздың дұшманы, оларды жоқ
қылу керек деп шағым қылып отыр. Қазіргі шығып тұрған «Қазақ»
газеттері бостандық дұшманы. Бұлардың жазушылары Николайшыл деп
отыр.
— «Көдеден көп қайнаға-ау, түйе ауғанда қайда едің?»
— Ұлтшыл «Алаш» ұлдары-ау, кеше жұрттың көзінің қанды жасы ағып,
барар жер, басар тау таба алмай зар еңіреп жүргенде қайда едің?
— Кедейшіл сабаз ерлер-ау, қазақ баласы зар жылап, халқың қанға
боялып мал орнына айдалғанда қайда едің?
Бұл сұрауларға сендер жауап бере алмайтындарыңды білеміз. Бұған
жауапты халықтан күтеміз. Өздерің жарылқаймыз деп жүрген жарлылардан
күтеміз. Сендер кімсіңдер? Қаншасыңдар? Аттарыңды атап, сандарыңды
санауға он саусағым еркін жетеді, бас-аяғың онға толмайтын оңбағандар
жалған ұран шығарып, жай білмейтін жатқа жарамсақтанып, жақынға жала
жауып, жақсы атқа ие болғансып отырсыңдар. Шын ұлтшыл екендеріңді
білейік, жұрт соңдарыңда екенін көрейік, майданға шық, тапқа түс. Елден
қалсаң арманымыз жоқ. Арттарыңнан ерейік, болмаса сендер кімсіңдер?
Сендер «күні бойы сабан тартып, шаршап келе жатырмын» деген өгіздің
мүйізіндегі шыбынсыңдар.
Естеріңде болсын санасыздар. Халық құдай жаратқаны рас болса
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Тар Жол, Тайғақ Кешу - 10
  • Büleklär
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2013
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1996
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3838
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1924
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3608
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1776
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3648
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2033
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3435
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1828
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3557
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1757
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3724
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2085
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3813
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3568
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1808
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3623
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1869
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3682
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3821
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3799
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1969
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3530
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1883
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1901
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2023
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3749
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1788
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1853
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3804
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1970
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1937
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2114
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3985
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1960
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3722
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1980
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3755
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3587
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2183
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 2577
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1633
    25.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.