Latin Common Turkic

Тар Жол, Тайғақ Кешу - 23

Süzlärneñ gomumi sanı 3889
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1937
33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
бірен-саран адам ебін тауып қашып кетіп жатыр. Қиял жүйткиді. Тəтті қиял
түрлі жобалар құрады. Ауырмай сау жүргендер сөйлесіп, сөзді бекіттік.
Қашпақ болдық.
Рұқсат алып, конвоймен Жұмабай, Катченко үшеуміз лагерьден қалаға
барып келіп жүріп, екі билет таптық. Бірін Жанайдар Садуақасұлы, бірін
Құрманғали Тұяқұлы тауып берді. Көп жолдас кетуге билет жетпейтін
болған соң, мен конвоймен Мұқандікіне барып, Жанайдардан əлгі 1917
жылғы оқып жүрген кедей жастары ашқан «демократ советтерінің»
(Педагогический Совет учащихся) штемпель мөрлерін алдым. Жəне желім,
өткір бəкі, сия қарындаш, қағаз, қалам, сия тапқызып алдым.
Лагерьге келіп, пышақпен резеңке мөрдің əріптерін сөгіп алдым, кесіп,
кейбір əріптерін жөндеп, бəрін қайта жапсырып «оқытушылар советінің»
мөрі қылып алдық. Мөр орысша мынадай болып шықты:
«Педагогический Совет учащихся». Осы мөрді оқушы шəкірттердің
билеті қылып бірнеше билет жасап алыстық. Жанайдар тауып берген
документ — куəлік қағаз Омбы оязы Сілеті болысының қағазы Дүйсенбі
Əсиұлы дегендікі екен. Жасы 26-да. Басқа түс белгілері жоқ. Менің 24, 25тегі кезім... Бұл қағаз менің жасыма туралау келді. Жəне бұрын қашпақ
болған мен болған соң, бұл қағазды мен алғам. Ол документке үйлестіріп,
мен мына мөрмен тағы бір қағаз жазып алдым. Менің билетімді бұл жерде
көрсете кетейін. Мынадай еді. (Лагерьден қашқандағы билет қағаздың
қазақша аудармасы
ҚАЗАҚ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГ СОВЕТІ
Куəлік
Осы куəлікті көрсетуші Омбыдағы ересектер оқитын орта дəрежелі
педагог мектебінің оқушысы шын Дүйсенбі Əсиұлы. Сілеті № 112 елінің
қазағы, Омбы уезі. Жасы 26-да. Əсиұлы оқудан жазғы тынысқа босанды.
Растығына куəлендіріп, қол қойып, мөр басамыз.
Педагог советі төрағасының орынбасары: (қол қойған)
Хатшы (қол қойған)
1919 жыл, 25 март (Мөр басылған)
Жанайдар тауып берген дəстəбірне де менде. Мына өзім жасаған
дəстəбірнені сол Дүйсенбі Əсиұлының атындағы қағаздың жөнімен жазып
алдым. Жанайдар тауып берген дəстəбірнеге қол қойған «Алашорданың»
уездік комитеті атынан, комитет төрағасы Садуақас Жантасұлы.
Орыс, қазақ жолдастармен сөйлесіп, сөз пісті.
«Қашып ұсталған тұтқын тергеусіз атылады» деп Колчак жарлық
шығарды. Бірақ оған қарамай-ақ аурудан сауларымыз қашпақ болдық.
Жұмабай шығып əкесімен кетпек. Өзгеміз басқа жөнмен кетпекпіз.
Жылымық түсіп, қар ери бастаған соң, барактардың аралығындағы,
алдарындағы жиналған қарларды, төгілген шайынды сулар мен еріп қатқан
мұздарды ойып, атқа жеккен шаналарға салып, тасып шығара бастады. Қар
тасушылар — жиһангерлер соғысында тұтқын болған австриялықтар.
Бұлармен сөйлесіп, тасып шығаратын қардың астына жатып шықпақ
болдық...
Ол күні ерте тұрдық. Жүрек қаттырақ соғады. Көңіл алабұртады.
Таңертеңгі қатқан салқын уақыт. Аспан бұлттау еді. Күн сұрғылт. Жуыныпкиініп алдық. Шүмекті қазаннан қайнаған су əкеп шай іштік. Ол арада
тұтқындардың бəрі де тұрды. Күндегідей бəрі де құмырсқаша қыбырлай
бастады. Біз тықыршып, тысқа дамылсыз шығамыз. Біраздан соң қар
тасушылар да келді. Барып сөйлестік... Əуелі Жұмабайды жөнелтпекпіз.
Тəуекел қайығына тағы да мінер сағат таянды... План əбден жасалып
біткен. Сөз əбден сөйленіп байланған. Енді тек бір-бірімізге үндемей
қараймыз... Бел буылған. Екі барактың арасында қарларды ойып, даярлап,
шананы қамап, оннан аса тұтқын қолдарына күрек алып тұр. Сырттан
күзетші солдат сезбесін деп, бəрі де шанаға қар салған болып жай қоршап
тұрған жұрт.
«Кəне, жүр, даяр болып қарап тұрмыз», — деп жолдастар Жұмабайды
шақырды.
Жұмабай жылдам басып жөнелді. Келіп тез шанаға жатты. Күрек ұстап,
мұзды, кірлі қарларды даярлап тұрған тұтқындар тез жан-жағынан
бастырып, тоң қарды салып жіберді. Жұмабай қарға көмілді. Қардың үстіне
тақтай қойып, тақтайдың үстіне австриялық отырып, «шүу!» — деді. Пар
жегілген екі ат дырылдатып шананы алып жөнелді... Шана тікен сым
шарбақтан аман өтті. Сым шарбақ аузындағы чех солдаттары қарап тұрып
қалды. Одан өткен соң, шанаға қақпа аузындағы солдаттар қақпаны ашты.
Шана аман лагерьден шықты.
Қозғалып көңілді азырақ тоқтатып, жолдастармен сөйлесіп, аурудан сау
Абдолла екеуміз ертең қашпақ болдық.
Ауырып жатқан Баймағамбет пен Бəкеннің қасына келдім. Оларға сүт
əкеп беріп, Хафиздің, Афанасьевтің қасына келдім. Афанасьев өліп қалған
екен. Жəне Смокотин өліп қалған екен. Хафизге сүт əкеп бердім. Тағы да
басқа науқас жолдастарды жағалап көрдім...
Көңіл алабұртып, оймен дүние кезіп, түнімен ұйықтай алмай шықтым...
Ертең қашпақ болып қойған Абдолла түнде ауырып қалды.
Түнімен жүрек алып-ұшып, ұшқыр көңіл ұйықтатпады. Түнімен ұшқыр
қиялмен істемеген іс қалмады...
Мен елге де бардым. Жас күнімнен үйренген жерлерді, тауларды кездім.
Қалың ну, шыңырау шатты, биік құзды, қиын шыңдардың бастарына
шықтым. Тауларды, салаларды, ойды-қырды басқан аппақ қарлармен
алысып, омбылап малтыдым. Жыныс ормандарды, бұралған көк өрім
талдарды араладым. Жазғы кестелі кілем төсегендей көк жібек шөпті кең
далаларды кездім. Елге барып, сағынып-сарғайған анамды көрдім. Ес
білгелі құшақтап, сүйіп, еркелеп көрмеген анамды қатты құшақтап,
алдында балаша еркелеп жаттым. Тағы да түрлі қиял басты билеп, ұйқы
бермеді. Қашқын болып, бөтен есіммен бөтен елдерді қыдырып жүрдім.
Партизандарды тауып алып, солармен бірге ақтармен аңдысып та жүрдім.
Қашқын болып, өз алдыма жігіт жинап, елсізге шығып, тауға бекініп,
дұшпандардан кек алып та жүрдім. Мен Түркістан бардым... Россия
бардым. Совет үкіметі бар жерлерге бардым... Менің бармаған жерім жоқ...
Мен іздедім, қудым бостандықты!
Ерте тұрып, қар тасушыларды тосып, тысқа бір шығып, бір кіріп
жүрдім. Олар келе қоймады. Ауруларға жаңа сүт пісіріп бердім.
Отырдым. Күн жылы. Жаздың иісі шығып, көкірекке кіреді. Шырайлы
қызыл күн қамауға алтын нұрын шашады. Барактың күнгей жақтарының
қары жіпсіп ери бастады. Келе жатқан жазды сезіп, жүзі жылынған күнді
көріп, жан-жануар шаттанған күйге түскен тəрізді.
Қар тасушылар келді. Жүрек соқты... Көкіректегі шынжырлы арыстан
жұлқынды... Барып сөйлесіп, қазір жөнелмек болдым. Баракқа кірдім. Ауру
жолдастарды көрдім... ішімнен бəріне қош айтып тұрдым.
Кешігіп қалған екенмін, бір жолдас келіп асықтырды. Аурудан сау
жолдастармен қоштастым. Тысқа шықтым.
Шананы қоршап, күрек ұстаған жолдастар мені күтіп тұр екен. Дереу
мен де шанаға жаттым... Жылдам қармен көмді. Етпетімнен жатырмын.
Үстіме ауыр кесектерді бастырып салды.
Тұс-тұсымнан қамап тұрған жолдастар жалма-жан қалың мұзды, кірлі
қармен мені бастырды. Мұзды, кірлі кесек иленіп жатқан қоқым кардың
үстіне тақтай салып, кісі басып отырды... «Шүу», — деді. Дүрілдеп шана
жөнелді. Мойнымды, шынтақтарымды, белімді қатты езіп барады. Ауыр
салмақ сыртымнан нығарлап жаншып барады... Кеудемді қысып
тұншықтырды. Бірақ мен көтердім, шыдадым. Барлық күшімді жинап,
жауырыныммен көтеріп, екі қолымды тіреп жəне мойныммен көтеріп,
маңдайымды тіреп жаттым... Лагерьдің үлкен қақпасы сықырлап ашылып,
шана дүрілдеп лагерьден шықты...
Қапастан құтылып, жалпы бостандық, теңдікті көру үшін жəне өшкен
үнді қайта тірілту үшін, белімді, мойнымды езген ауырлықтарға
шыдадым...
XI. ҚАШЫП ШЫҚҚАН СОҢ
(Кереку жолы)
Лагерьден шанамен дырылдатып сүйреп алып шығып келеді.
Қалың қарға көміліп шанада жатырмын. Қардың үстінен қар тасыған
австриялық тұтқын солдат басып отыр. Мойнымды, кеудемді, белімді ауыр
салмақ шанаға жаныштай түседі. Күшімді жиып, ақырын денемді
қимылдатып қоямын. Деміммен еріген қар суы тамшылап, мойныма, бетіме
ағып жатыр.
Əлден уақытта шана тоқтады. Австриялық тұтқын солдат шанадан
түсіп, шананы аударып, қарды төкті.
Маған сыбырлап: «Жата бер, жата бер, қармен бірге!..»—деді.
Мен əдейі лықсып, қармен бірге домалап жерге түстім. Үсті-басыма
еріген қар жабысып қалған екен, австриялық солдат үстіме жабысқан
қарларды, қиқымдарды тазалап, қолымен қағып, қардың үстінде, менің
қасымда отырды.
Мені қармен əкеп төккен жері — Омбының қазақ жақтары отыратын
күншығыс жақ шеті. Қайың тоғайдың қасы. Қаланың қар, боқтық, қиқым
төгетін жері. Маңайдан «ей» дерлік жерден өтіп жатқан бірен-саран
шаналы, жаяу адамдар бізді елейтін емес.
Австриялық тұтқын солдат: — «Кəне, енді қайда барасың?.. Қалаға
барсаң, шанаға мін! — деді.
Шанаға міндім. Енді австриялық солдат қайтадан қалаға алып жөнелді.
Қалаға кірдік. Баратын үйім — Мұқандікі — таяу, қаланың біз сол түскен
жақ шетіндегі лагерьдің қасында. Мұқан үйіне тура келмей, бір көшеде
шанадан түстім. Тұтқын солдатпен қош айтыстым.
— Қош, жолың болсын! — деп, солдат қолымды ұстап қош айтып,
жөнімен жүріп кетті.
Мен бұрылып, көшемен жаяу жүріп кеттім.
Сəске кезі. Сəуір айының басы. Күн жылы. Көше мен қаланың қарлары
еріп, ептеп жылжып су ағады. Көше мен қораның іші аздап қожалақтанып,
былғаныш бола бастаған. Аяғымда шолақ тұмсық, кең, ескілеу солдат етік.
Үстімде семинария порымды орысша шолақ бешпенттің сыртынан киген
қазақша ескілеу бешпент — ішік. Жеңдері қырқылып жыртылған. Сырты
— тас көмірдің күйесі сіңген ескі қоңыр тібен шүберек. Басымда көнелеу
құлақшын. Мойнымда шарф, белімде ескі қоңыр шүберек белбеу. Бар
киімім осы. Бұл сырт киімді лагерьден конвоймен қалаға шығып жүргенде
кимейтінмін. Онда ылғи бір ноғай қызыл əскерлік жігіттің шинелі мен
солдат бөркін киіп шығатынмын.
Мұқандікіне келдім. Жеңгей есік ашып, қарсы шықты. Амандасып
кірдім.
— Жоғары шық, шырағым! — деді.
— Біржолата келдім, — дедім.
Жеңгей қашып шығып келгенімді біле қалды да:
— Жарайды, қайырлы болсын, шырағым! Ендеше, төргі үйге, ана
қарындастарыңның бөлмесіне отыра ғой, — деді.
Қарындастардың бөлмесіне кірдім. Жеңгей бірге кірді. Үйде Мұқан да,
Жанайдар да жоқ екен. Үйде қарындасым мен жеңгей ғана бар екен.
Амандасып отырдық. Мен сақтық қылғым келді.
Жеңгейге: — Мен əзір мұнда отырмаймын, сарайларыңыз болса, сонда
барып отыра тұрайын! — дедім.
Жеңгей:
— Қой, отыра бер, кім келеді дейсің?.. Біреу келсе балалардың
бөлмесіне кірмейді. Есік жабулы тұрады. Отыра бер! — деді.
Мен оған болмадым. Əр түрлі ой кірді! Мені Колчак Мұқанның үйінен
ұстап алса, үй иелеріне жақсы болмайды. Ал қораның есігі ашық
сарайынан ұстап алса, үй иелері «біз білгеніміз жоқ», — деп жалтаруға
болады. Осы оймен, сақтығым ұстап, жеңгейге болмастан үйден шығып,
пішен үйген сарайға барып отырдым. Пішеннің үстіне шығып, шұңқырлап
алдым, қисайып жаттым. Күн жылы. Сəуір, ептеп қарды жіпсітіп жатыр.
Сарайдың төбесінен ақырындап пішенге тамшы тамады. Сəуірдің дымқыл
иісі ауаны билеп алған. Жадыраған дененің күші артқандай. Жан-жануар
жазды сезіп, жадырап көңілденгендей. Қорадағы еріген қардың шалшығын
шылп-шылп еткізіп, шүпірлесіп, жамырасып, шүңкілдесіп ақ қаздар жүр.
Былдырлап, күліп, жүгірісіп жасырынбақ ойнаған балаларша, бірін-бірін
қуалап ойнап торғайлар жүр. Шалшықты шылпылдатып сарай алдында
сиыр жүр. Басталған жазға бəрі де шат, бəрі де қуанышты тəрізді. Жанжануарлардың бəрі де қыстай бүрісіп отырып, шуаққа жаңа шыққан тəрізді.
Көзім ілініп кеткен екен, сарайға Жанайдар келіп оятты. Амандасып,
күлістік. Жанайдар болмастан үйге ертіп барды. Жеңгей сары майға құймақ
құйып пісіріп, самаурынды қайнатып шайды жасап, даярлап отыр екен.
— Қарағым, енді шешініп, шай ішіп отыра бер! Үйге танитын кісі келе
қоймас. Танитын кісі келсе қарындастарыңның бөлмесіне кіріп отырарсың!
— деді.
Енді шешініп, жуынып шайға отырдым. Тоғыз айдан бері ішпеген
шайды ішіп, жемеген құймақты жеп, кенеліп, əңгімелесіп, тіршіліктің
толқынына мəз болып отырдым.
Еркектен батыр, еркектен ақылды əйел болатын шығар. Бірақ Бəтима
жеңгейдей батыр, ақылды, орнықты əйелді көргенім жоқ. Жайшылықта
əркім-ақ батыр, əркім-ақ ақылды ғой. Батырлық пен ақылдылығын
таршылықта көрсеткен адамға кісі бас имес пе! Мұндай ілуде біреу ғой.
Сол, алдында бас иерлік, «ілуде біреу» дерлік адам — Бəтима жеңгей.
Қылышынан қан тамып тұрған Колчактан қашып келген адамды үйіне
енгізіп, төріне шығарып, аспай-саспай сыйлап отыру кімнің қолынан келер!
Ердің ері қауіп қылатын іске сыр білдірмеген əйелді қайтып мақтамассың?..
Əңгімелесіп, Жанайдар, Бəтима жеңгей, қарындастарым, — бəріміз
отырдық. Ішкі шолақ орысша бешпентімнің түймелері — семинарияның
сары түймесі. Оны қарындасыма кескізіп тастап, қара түйме таққызып
алдым.
Түс кезінде үйге бір ел қазақтары келді. Мені танымайды. Жай сөйлесіп
отырдық. Мұқанның оқудағы ұл баласы келді. Жəне оқып сол үйде
жататын бір-екі қазақ баласы келді. Бірі — өзіміздің осы күнгі Қаскей
Өтекин. Мұқан келді. Бəріміз бірге отырып ет жедік... Қазақтар жөн
сұрамай қоя ма?.. Менің жөнімді сұрады. Мен, əрине, лайықты қылып
«жөнімді» айттым. Бір даулы жұмыспен келген қазақтар екен. Істері
«Алашордада» екен. «Алашорда» теріс билік қылды десіп отырды.
Кешке Жанайдардың бөлмесінде отырып, енді жүріс-тұрыс план туралы
əңгімелестік. Түркістан кетпекпін. Түркістанда Совет үкіметі. Жүріс план
екі түрлі.
Бірі — Омбыдан отарбамен Қызылжар бару, Қызылжардан Торговая
(сауда) көшесінде 64-ші үйден Əбдірахман Байділдаұлын сұрап,
Байділдаұлы сонда болса жолығып, сөйлесіп, онда болмаса, «Тайынша»
деген көлдің қасындағы соның еліне бару. Одан күш-көмек алып, Көкшетау
уезіндегі фельдшер Ниязұлына бару. Одан Досұлына жолығып,
Атбасарлатып Ақмола уезін басып, Бетпақдаламен Түркістан өту.
Екінші план — Омбыдан отарбамен, Алтай губерниясындағы
Славгород («Шот») қаласына бару. Славгородта бір-екі большевик үйлеріне
бару. Одан Павлодар (Кереку) қаласына бару. Одан Баянауыл қаласына
келу. Баян тауының ішінде Сүйіндік деген елден əкемнің нағашысын тауып
алу. Баян қаласындағы фельдшер Шайбай Айманұлына жолығу. Ол жерде
біраз болып, тынығып, Ақмола уезіне өтіп, Бетпақдаламен Түркістан өту.
Жанайдар Əбдірахман Байділдаұлына, Əбілқайыр Досұлына, Дінмұқамет
Əділұлына хат жазбақ болды. Ол күні сонда болып, ертеңінде Мұқаннан
жолға біраз ақша алып, жүрдім.
Мұқанның ат-шанасын жегіп, вокзалға мені Жанайдар алып жөнелді.
Вокзалға келдік. Тым таянбай, бір көп вагондардың қасында мен аттың
жанында қалдым, Қызылжарға жүретін поездың қашан жүретінін білуге
Жанайдар вокзалға жүгіріп кетті. Біраздан соң «Сағат онда жүреді екен», —
деп келді. Онға əлі екі сағат бар. Мені көпшілік бар жерге тұрғызбай,
билетті Жанайдар сатып алмақ. Сөйтіп, мені вагонға мінгізіп қайтпақ.
Вокзалға жиналған көпшіліктен қауіп қылатынымыз—танитын адам кез
болып қалуы мүмкін дейміз. Өйткені мен 1913 жылдан 1916 жылға шейін
Омбы семинариясында оқығандықтан, Омбының оқыған қазақтарының
көбі мені таниды. Əсіресе «Алашордадағы» қазақтар кез болып қалса,
жұмыс сөзсіз бітеді. Міне, сол себепті мені аттың қасына қойып, билетті
Жанайдар алып, мені поезға тыстан мінгізіп жібермек. Жанайдар көп күтіп
қалатын болған соң жəне менімен сөйлесіп жүргенін біреу бақылап тұрып,
шатақ қылар деп, Жанайларды болмай қайтардым. Жанайдармен қош
айтысып, аяңдап вокзалға кірдім.
Вокзалда халық көп, иін тіреседі. Неше күннен бері билет ала алмай
қамалып жатқандар. Көбі қоржын-қапшық арқалаған еркек-əйелді
мұжықтар. Үсті-басы кір, сақалы өскен кəрі солдаттар. Жəне топырлаған,
кім екені белгісіз адамдар. Бұлардың бəрі вокзалдың жабайы, қара адамдар
отыратын үйінде (3-інші класында) екен, мен де бұлардың қасына келіп
кірдім.
Вокзал үйі кең. Едені тас. Үлкен кірпіш үй. Саспай тұрып, топырлаған
халықты көзбен аралап көріп алдым. Бетімді, қияпатымды, жүрістұрысымды бұзып алдым. Ерсілі-қарсылы кіріп-шығып, Колчактың
вокзалды бақылайтын əскерлері жүр. Офицерлердің иықтары,
жандарындағы қылыштары жарқ-жұрқ етеді. Жүрістері сырт-сырт. Вокзал
үйінің іші құжынаған құмырсқаның илеуіндей. Ың-жың, тарсылдап біреу
кіріп, біреу шығады. Ың-жың, біреуде біреудің жұмысы жоқ. Бұрышқа таяу
тұрған үстел мен бұрыштың арасында қатын-қалаштармен еденде отырған
бір кəрі солдат пен жəне бір мұжықтардың қасына келдім. Қызылжарға
жүретін поезды сұрадым. Билет сатылатын тесік əлі ашылған жоқ екен.
Отырдым. Бұрыштағы екі-үш мұжыққа кəрі солдат əңгіме айтып отыр,
Германия майданында болып, Ресейден жаңа қайтып келе жатқан солдат
екен. Большевиктерді əңгіме қылады. Əңгіме айтуға ысылған солдат
тəрізді.
Екі еркек мұжық, бір қатынмен үшеуі тыңдап отыр. Мен отырған
жерімнен сырғып, таянып отырдым. Солдат өзінен басқа кісі білмеген
əңгіме айтып отырғандай қылып сөйлейді...
— Большевиктер ме?.. Ол иттер күшті. Барлық фабрик, барлық завод
оларда. Неше түрлі мылтық, зеңбірек, пулемет, оқ-дəрі оларда толып
жатыр. Кездеме, шай, қант оларда. Неше түрлі сайман-машиналар оларда.
Айырплан, танк, оқ өтпейтін автомобиль оларда. Қызыл əскер де көп.
Ресейдің барлығы қызыл əскерге кірді. Қазір қаптап келіп Оралға шейін
алып қойды. Бірақ бері, Сібірге қарай жүрмей отыр...» — дейді.
— Е, неге жүрмей отыр? — деді бір мұжық.
Солдат: — Əдейі жүрмей отыр!.. Олар қу шайтандар, Сібір халқы
Совдепке, большевиктерге қарсы болды... Большевик үкіметін құлатты.
Міне, енді мына тілеп алған үкіметтерінің қандай екенін əбден көрсін деп
отыр. Өздері қозғалсын деп отыр!.. — деді.
Қастарына сүйретіліп келіп, қисайып тыңдап отырған менен именіп,
қатын солдатты түртіп, «байқа» дегендей ым қақты.
Солдат менің бетіме қарап, қолын изеп қойды да:
— Өй, ол өзіміздің ағайын көрінеді. Отыра берсін, солай емес пе, ə? —
деді.
Мен: «білмеймін» деп басымды шайқадым.
Колчактың бақылаушы офицерлері өтіп келе жатыр еді. Солдат сөзін
қоя қойды. Офицерлер өтіп кеткен соң, бір мұжық сақалды солдатқа:
— Сен олардың əскеріне Ресейдегі халықтың бəрі де кірді дейсің бе? —
деді.
Солдат:
— Иə,
жұмыскер,
крестьян
халқының
соғысқа
жарайтындарының бəрі-ақ кірді. Қайтсін? Өздері үшін кіреді. Помещиктен
алған жерлерін оңайлықпен крестьяндар қайтып берер ме? Байлардан алған
фабрика, заводтарын жұмыскерлер қайтып берер ме?.. Міне, сол себепті
бəрі де əскерге өздері тіленіп кіріп жатыр!.. — деді.
Мен топастау тілмен: «Большевик мұнда келмей ме?»—дедім.
— Келеді! Олар бұл уақытқа шейін əдейі келмей жатыр. Сібір халқы
мына үкіметінің қандай екенін əбден білсін деп жатыр. Енді осы қар кете
қаптап келеді! — деді.
Мен басымды шайқап: — Əй-ай, жаман... жаман.., — дедім.
— Е, неге жаман? — деді.
— Е, жаман болмай қайтеді? Большевик жаман. Талайды, барлық
халықты қырады, — дедім.
— Не дейсің сен, туған? Олар сен тəрізді, мен тəрізді кедей адамдарға
тимейді. Олардың өздері де ылғи сенімен мен тəрізді кедей, жарлы
адамдар... Олар тисе, байларға, төрелерге ғана тиеді. Оларды «жаман» деп,
«талайды», «қырады...» деген сөздердің бəрі — əдейі сендерді нандырып
қоюға таралған өтірік сөздері. Сен ондай сөзге нанба, — деді.
Ішімнен сүйсініп отырғанымды білдірмей, басымды шайқап: — Əй,
білмеймін, олар келсе жаман болады, — дедім.
Ол арада жұрт топырлап билет сататын тесіктің алдына кезекке тұра
бастады...
Мен де барып тізбекке тұрдым. Халық иін тіреседі. Билет алуға тізілген
тізбек тіпті ұзын. Сығылысып тізіліп тұрмыз. Көп уақыт өтті. Ақырында
«поезд жоқ» деп жұрт тізбектен тарады.
Бұрышта үймелеген қалың мұжықтың арасына тағы да келіп отырдым.
Бір қоян бөрікті, жаман киімді, он бес, он алтылардағы сары бала менің
қасыма келді. Маған ноғайша сөз қатты. Ноғай баласы екен, екеуміз де
лезде шүйіркелесіп, бала менің қасыма отырды. Вокзал ішінде көпке
көрініп жүре бермей, сол бұрышта жаттым. Ноғай бала біреудің
шайнегімен қайнаған су əкелді. Нан, сүт сатып əкелді. Шай іштік. Вокзал
іші құмырсқаның илеуіндей қыбырлайды. Жұрт қақтығып, иін тіреседі.
Вокзалға тарсылдатып, біреу кіріп, біреу шығады. Даң-дұң дыбыс. Біреуде
біреудің ісі жоқ... Поезд жоқ. Жұрт тықырлап зарықты...
Кеш болды. Тысқа шығып келіп, бұрышқа тағы да жаттым. Манағы
сөйлесіп отырған мұжықтар мен кəрі солдат кетіп қалыпты. Ноғай бала
қасымда. Вокзалды баққан əскерлер бір кіріп, бір шығып, сарт-сұрт етіп
жүр. Бір мезгілде əскерлер көбейіп, есіктен кіріп-кіріп тұра қалып, жұртқа:
— Вокзалдан шықпайсыздар. Билет тексеріледі! —деді...
Бір-екі əскери киінген жігіт етіктерінің темірлері сылдырлап, тас еденге
аяқтарын сырт-сырт басып ортаға келді.
— Бəріңіз де қозғалмай билеттеріңізді шығарып, даярлап отырыңыздар,
қазір жағалай көреміз! — деді.
Жұрттың бəрі орындарында құнжындап шығарып жатыр.
Мен де жай, сылбыр қимылдап «қағазымды» алып, ұстап отырдым.
Билет тексерушілер үйдегі көп кісінің бір шетінен жағалап, қағаздарын
көре бастады.
Тас еденді сырт-сырт басып етіктерінің темірлері сылдырлап, екі жігіт
көп бөгелмей жағалап келеді. Біздің алдымызға келіп, біздің
қағаздарымызды есік пен төрдей тұрып көріп, өте шықты. Сөйтіп, сыдыра
қарап шығып кетті.
Жұрт қағаздарын алған қуыстарына қайта салып, тағы да бет-бетімен
қимылдады. Біреулер шығады, біреулер кіреді. Біреулер қақтығып
топырлап жүреді. Біреулер жатыр, біреулер отыр, поезд жоқ.
Түнімен билет алуға неше рет тізбектеліп тұрып, неше тарқадық. Поезд
келмеді.
Қызылжар жақтан поездар Күншығыс-Сібірге қарай өтіп жатыр.
Қызылжарға қарай поезд жоқ. Не себептен екенін ешкім білмейді.
Вокзалда түнді өткіздік. Таң атты. Вокзал үйінде қалай болса солай
жатқан қара халық оянып, тағы да қыбырлай бастады. Тағы да біреу кіріп,
біреу шығып, жұрт иін тіресіп, қақтығып, вокзал ішін даң-дұң қылып,
топырлады. Мен де тысқа шығып кірдім.
Ноғай баласы біреудің шайнегімен қайнаған су мен сүт, нан əкелді.
Ішіп, жеп отырдық. Поезд жоқ. Жаттық. Тұрдық. Енді сарығып жалықтық.
Түс болды. Тысқа шықтым. Вокзалдың есіктерінің алдында қыбырлаған
көп халық қақтығып сеңдей соқтығады. Танымал біреу кездесіп қалар ма
дегендей байқап, иін тірескен жұрттың ара-арасымен вокзалға есік алдына
келдім. Тозған кір-кір солдат киімді, бір ілмиген жүдеу сары орыс жігіттің
көзі көзіме түсе кетті. Қарсы келеді екен. Бетімді аударғанша:
—А-а, амансың ба? Сен де мұнда екенсің ғой? — деп қолын созды.
«Шүкір», — деп өтіп кеттім.
Вокзалға кірдім, қалың кісінің арасына қақтығып, біраз жүрдім. Əлгі
ілмиген сары жігіт тағы да ұшыраса кетті. Бетіме қарап балаша ыржиып
күлді.
— Сен лагерьден қашан шықтың? — деді.
Лагерьден шыққан жігіт екенін біле қойдым. Саспай, салқын жүзбен
бетіне қарадым.
— Жақында шығып едім... Жүр, тысқа шығайық — деп, есікке қарай
жүрдім. О да жүрді. Енді сөйлеспей, тез тысқа шықтым. О да шықты.
Оңаша барып тұрдым. Қасыма келді.
Жай салмақпен тұрып:
— Сен лагерьде болып па едің? — дедім.
— Иə, танымайсың ба? Сені мен көргеннен тани кеттім. Сен жетінші
баракта болдың ғой. Мен сегізінші баракта болғамын,—деді.
— Сені қашан шығарды? — дедім.
— Мені шығарғалы төрт-бес күн болды. — деді.
— Енді қайда бармақсың? — дедім.
— Енді өз жағыма, Пермь губернесіне барамын... Поезды күтіп
жатырмын, — деді.
Жай тұрып, түсімді бұзбай, сыбырлаңқырап:
— Сен бірақ байқап жүр. Бұлардың бір шығарған кісісін қайта ұстап
апарып қамап қоятын да мінездері болатын. Осы вокзалда олардың сырттан
бақылап жүрген кісілері көп. Сен лагерьден шығып едім деп, мұнда
ешкімге сөйлеме!.. Жəне маған да жолама! — дедім.
Түсі өзгеріп, қорқып кетті.
— Жарайды, жарайды... Сөйлемеймін!.. —деді.
— Енді жай жүре бер! — дедім.
Бұдан кейін таныс жігіт таянбады. Ол күні тағы да неше рет билет алуға
тізбекке тұрып тарқадық.
Бірде тізбекке тұрғанымда қасымнан бір-екі қазақ жігіті өтті. Екеуі де
оқып жүрген жігіт. Лагерьден конвоймен шығып жүргенде біреуін
Жұмабайдың əкесі жатқан қазақ үйінде көргенмін. Біреуі — беті қыпқызыл шарық табақтай ұзын жігіт. Біреуі — аласа сұр жігіт. Екеуі қасымнан
екі-үш рет өтті. Бірақ түрім, қияпатым, киімім өзге болған соң, мені көрсе
де танымады. Біраздан соң тағы да қалаша киінген семіз қазақ пен бір
орысшалау қазақ жігіт келді. Мен əдейі бүрісіп тұрдым. Танымал адамдар
емес. Екеуі де менің қасыма келді.
Жігіт:
— Сен қайда баратын жігітсің? — деді.
— Қызылжарға баратын жігітпін, — дедім.
— Сен ендеше бізді тізбекке тұрғызбай-ақ, бізге де Қызылжарға екі
билет алшы, — деді.
— Жарайды. Бірақ билет сатылған кезде сіздер қайда боласыздар? —
дедім.
— Біз ана первый класс үйінде боламыз. Билет сатылғанда ақшасын
береміз! — деді.
— Жарайды, — дедім. Саудагерше киінген семіз қазақ менің бетіме
қарап тұрды.
— Сен өзің қай жердің жігітісің? — деді.
— Осы Омбы жігітімін, — дедім.
— Қаланыкімісің, елдікімісің? — деді.
— Қаланыкімін, — дедім.
Қазақ біреудің жөнін сұрауға қандай құмар.
— Қаланікімін деймісің? Кім баласысың сен? — деді.
— Балуан Қажымұқанның жақын інісі боламын! —дедім. Семіз қазақ
Қажымұқанды біледі. Мені білмеді. Ойланыңқырап тұрып:
— Мұнда көрмеп едім... — деді, — Қызылжарға жай барасың ба? —
деді.
— Жай, бір шаруамен барамын! — дедім.
— Онда кімге барасың? — деді.
— Садық молда деген кісінікіне барамын!.. — дедім. Семіз қазақ енді
«Садық молданы» біраз түбірлеп сұрап қойды.
Қасындағы орысшалау киінген жігіт маған тағы да ақыл айтпақ болды.
— Біз анау первый класс үйінде отырмыз. Сен енді осы тізбекке тұрып,
бізге де екі билет аларсың. Орныңнан айрылып қалма... Өзің бір жуас жігіт
көрінесің! — деді.
— Айрылмаспын! — дедім.
Екеуі первый класс үйіне кетті.
Ол күні де Қызылжарға поезд келмеді. Енді шыдай алмай əбден
зарықтым. Вокзалда уақыт өткен сайын қауіп көбейетін болды. Кеш болды.
Енді Қызылжарға қарай жүруді лажсыз тастап, Алтай губерниясына,
Славгородқа қарай жүруді ойладым. Қызылжар жақтан Сібірге қарай өтіп
жатқан поездың біреуі іңірде жетіп келді. Поезд ырсылдап тұр. Жұрт
жабырлап, дабырлап түсіп жатыр. Бірталай кісі вокзалға келді. Кейбіреулер
қолдарындағы билеттерін əркімге саудалай бастады. Бір жабайы киінген
қазақ жігіт маған жетіп келді.
— Билет аласың ба? — деді.
— Не билет? — дедім.
— Омбыға жұмыссыз кісіге билет сатпайтын болған екен. Билетті
Омбыдан асырып Татарка қаласына шейін алып едім. Қазір енді өзім
Омбыда қалатын болған соң билетімді сатайын деп едім! — деді.
Сол арада тез ойландым...
Омбыдан Славгородқа баратын кісі Татарка қаласына барып түсіп,
Татаркадан Құлынды темір жолының отарбасына мініп кетеді.
Сол арада Күншығыс-Сібірге қарай, Славгородқа жүруге бел байладым
да қазақтың билетін сатып алып, тысқа шықтым. Поезд жүк пен адам
таситын (товаро-пассажирск. поезд) екен. Нөмірлі орынға қағаз алмаған,
тек билеті бар жұрт бетімен сыйғанынша мінеді. Бір қараңғы қызыл
вагонға жұрт асығып, таласып, шуылдасып мініп жатыр екен.
Мен де міндім. Міне алмай, қақтығып жылап жатқан кемпірді мінгіздім.
Қараңғыда сипалап келіп, бір көлденең тақтайға жаттым. Қасыма басқа
біреулер де келіп жатты. Біраздан соң қоңыраулар қағылды. Лықсып,
қозғалып, салдырлап, поезд жылжып жөнелді.
«Уһ!» — деп демді бір-ақ алдым. Тыныс кеңігендей болды. Түнеріп
жəне сəулеленіп, оттары жарқылдап, бірте-бірте жылжып Омбы қала
берді... Ырсылдап, салдырлап поезд келеді. Вагонға мінгендердің біразы
майданнан қайтып келе жатқан Колчактың солдаттары екен. Қараңғы
вагонда сығылысып жатты. Большевиктермен соғысу əңгіме болды.
Əңгімені жұрт қыздырды. Біріміздің түрімізді біріміз қараңғы вагонда
көрмейміз. Тек əр жерден əр түрлі дауыс шығады. Бір дауыс күжілдеп
шығады. Бір дауыс жіңішке, бір дауыс қызу, бір дауыс салмақты. Қараңғы
вагонның ішінде түрлі дауыс əңгімені көкпар қылды. Сөзге мен де
қатынастым. Кейбір дауыс большевиктерді қаралап сөйледі. Кейбір
дауыстар ептеп қорғайды. Сөйтіп, едəуір жамырап сөйлеп жатып, жұрт
əңгімені біртіндеп қойып, ұйқыға кетті...
Ертең түс кезінде поезд Татарка қаласына келді. Поезд тоқтасымен, мен
түстім. Əр вагоннан алты-жеті кісі түсті. Бір вагоннан бір-екі ноғай жігіті
түсті. Қолдарындағы жүктері шамалы. Екеуі жаяу аяңдап қалаға қарай
жүрді. Соңдарынан жүріп қастарына келдім. Екеуінің де киімдері, түрлері
қала мұғалімдерінің түрлеріндей. Амандастым. Екеуі де үйіріліп менімен
амандасып, жөн сұрады.
— Омбы қазағымын, Славгородқа барамын, — дедім.
— Е, ендеше бізге жолдас екенсіз ғой! Біз де Славгородқа таяу бір
станцада түсеміз. Отарбаға бірге мінейік. Біздің қасымызда бол,— деді.
— Жарайды, жақсы болды, сіздерге жақсы жолдас болайын, — деп екі
ноғай жігітінің қасына ердім. Біреуі:
— Атың кім? — деді.
— Дүйсенбі, — дедім.
— Əйдə, бір асханадан шай ішейік! — деді.
Қаланын шетіндегі бір жаман лас асханаға кіріп, шай іштік.
Одан қаланың шеткі дүкендерін араладық. Екі ноғай жігіттің бірінің
аты — Қабиболла, бірінікі — Қамза.
Екеуі де Шадрин қаласынікі екен.
— Бұл жаққа саудамен келіп едік, — дейді.
Екеуі де мұғалім екен.
Дүкендерге кіріп əр нəрсенің нарқын біліп жүр. Бір қол жəшіктері бар.
Оны кезек алып жүреміз. Бір кездеме дүкеніне кірдік. Ана екеуі əр нəрсенің
нарқын біліп тұрды. Мен де көлденең сəкі тақтайға мінбелеп тұрдым.
Сəкінің үстінде сол күнгі шыққан орыс газетінің нөмірі жатыр екен. Газетті
аудардым. Газеттің бірінші бетінде ірі əріптермен басылған телеграмма
хабарына көзім түсе қалды.
«...Венгрияда Совет өкіметі орнады. Совнарком құрылды.
Венгрияның жалшы табы — пролетариаты «Ленин біздің жəне бар
дүние пролетариатының жолбасшысы» деп Мəскеуге телеграмма берді», —
деген сөзді ішімнен оқыдым. Қайта-қайта оқыдым. Қуаныш қойынға
сыймады. Бірақ ноғай жолдастарыма ештеңе сездіргенім жоқ...
Қайта аяңдап вокзалға келдік. Славгородке поезд кешке жүреді екен.
Вокзалда күтіп жүрдік. Вокзалда, вокзал айналасында толып жүрген əскер.
Атты, жаяу əскер ерсілі-қарсылы сарт-сұрт етеді. Дені чехословактар.
Киімдері жып-жылтыр, əдемі, ылғи шұға, ине-жіптен жаңа ғана
шыққандай. Беттері де май жаққандай жылтырайды. Темір жолдың кейбір
тарауларында зеңбірек орнатқан темір сауытты отарбалар тұр. Жай жүріп
білсек, жасырынып жүрген біраз большевик отряды бір-екі күн бұрын осы
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Тар Жол, Тайғақ Кешу - 24
  • Büleklär
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2013
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1996
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3838
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1924
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3608
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1776
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3648
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2033
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3435
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1828
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3557
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1757
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3681
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3724
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2085
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3813
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3568
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1808
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3623
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1869
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3682
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3821
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3799
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1969
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3530
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1883
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3815
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1901
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2023
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3749
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1788
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1853
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3804
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1970
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3889
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1937
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2114
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3985
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1960
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3722
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1980
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3755
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3587
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2183
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тар Жол, Тайғақ Кешу - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 2577
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1633
    25.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.