Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 16

Süzlärneñ gomumi sanı 4028
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
жасаймын. Киімін көк, тамағын тоқ жасау – менің борышым. Қалғанын өзі
білсін», – дегенін естігенде, Шəйі Тазабек тіріліп кеткендей қуанды.
Мұндай сөзді ол түгіл, одан үлкендерден де күтпеген. Бойына күш бітті,
қуатына жігер қосылды. «Мен ешкімге де тимеймін, бала-шағамды бағыпқағып отырам», – деді.
«Құдай қуат берсін», – деді Кітəпбек. Артық сөз айтпады. Құп көргені
құбылған өңінен байқалып тұрды бірақ. Сол айтқанын Жақсыбала қайнысы
айнытпай орындады. Оралбек, Гүлсəн, Кеңесбектерге аға болды, бұған
пана болды. Қанаттыға қақтырмады, тұмсықтыға шоқыттырмады. Айбатты,
алымды жігіт болды. Бірі сыйлады, бірі ықты. Беделі де, билігі де жүрді.
***
Тазабектің там-тұмдап оқытқаны Шəйінің кəдесіне жақсы жарады.
Отызыншы жылы өкімет Китіңнен қызыл шатырлы мектеп салдырды.
Мектеп ашылған соң, оған мұғалім керек болды. Аздап хат танитын Шəйіге
мектеп басшысы Ығиса қолқа салды. «Жəркентке барып үйреніп келесің,
сенің қабілетің бар», – деп қоймады. Өңшең өзі секілді əйел-еркектің
ортасында Шəйі екі ай оқыды. Мұғалім жігіт сол заманның ең білімдісінің
бірі болса керек. Аса сыпайы, таза киінетін, үйрете білетін, асықпай
сөйлеп, асықпай жүретін жігіт ағасы еді. Əйелдердің естімейтіні жоқ,
айтуларынша, əке-шешесі жер аударылып кеткен байдың баласы көрінеді.
Алматыда тұрады екен десетін. Білгісі, үйренгісі келген адамға оқудан
артық ешнəрсе жоқ. Əр білген нəрсең, əр оқыған жаңалығың – жан рахаты.
Оқыған, білген сайын біртіндеп биікке шығып бара жатасың. Биіктей
бергің келеді. Биіктеген сайын білмейтініңді білесің, көрмей келгеніңді
көресің. Көкжиегің кеңиді. Өзің де байқамай өзгере бастайды екенсің. Не
болса соны айта салмайсың: басқалар оған қалай қарайды, түсіне ме, жоқ
па деп таразылайсың; қалай болса солай киіне бермейсің: жұрт бұл түрімді
қалай бағалайды деп ойлайсың; көрінген жерге бара бермейсің: ол арада
кімдер болады, менің барғанымды қалай бағалайды деп күдіктенесің.
Қысқасы, не істесең де ойланып істейтін боласың. Жақсы адам атанғың
келеді. Жұрт мені жақсы десе, жақындарым да, немерелерім де қуанатын
шығар дейсің. Қуандырғың келеді.
Оқи бастағандарына он шақты күн өткенде ғой деймін, мұғалім мұның
қасына келіп жазуына үңілді. «Жақсы жазады екенсіз», – деді елге естірте.
Бұл қуанып қалды. Ертесі басқа жақты аралады да, бұл жаққа жоламады.
Неге келмеді деп, бұл бір-екі рет жалтақтады. Бірақ келмеді, қарамады да.
Ертесі де сөйтті. О күні ол жаққа бұл да жалтақтамады. Келесі күні мұғалім
тағы бұған көңіл аудармады. Шəйі енді кəдімгідей ойға қалды: ештеңенің
қарасы жоқ, менің бұл алаңдауым қай сасқаным? Маған ол сөз айтқан жоқ,
хат жазған жоқ, көңіл білдіріп бірдеме десе екен-ау, масқара!
Еркексірейтіндей не көрінді маған? Қас қылғандай, мұғалім ертесі мұның
жанына келді. «Жазуыңызды бұзып алғасыз ба? – деді ақырын ғана
сыбырлап.
– Жазу тұрмақ өзім де бұзылып барам.
Мұғалім мүдіріп, басқа ештеме демеді. Тек баяу күрсінгендей көрінді.
Шəйі орнынан ұшып түрегеп, есіктен шыға жөнелгісі келді. Тек
көпшіліктің қалай қарарынан қаймықты. Мұғалім жаққа жақтырмай жалт
қарады. Ол кітəпке үңіліп, бет-аузын сонымен жауып алыпты.
Үш күннен кейін Өктəбір ауданынан келген жеті кісіні мұғалім жеке
алып қалып, оларды бүгін аудан басшылары қабылдайтынын айтты.
Мүмкіндігінше дұрыс киініп келуді тапсырды.
Жиын екі сағатқа жуық созылды. Отырықшылық өмірге аяқ бастық,
енді бізге білім қажет деген төңіректе алты-жеті адам əңгіме айтты.
Мұғалім де сөз сөйледі. Арап қəрпіне көшудің қажет екенін ол да, бəрі
айтты. Бірақ бəрібір Шəйі соншалық неге қажет екенін түбегейлі түсіне
алмады. «Қай сөзді қай əріппен жазғанда не тұр?» – деп ойлады.
Жиыннан шығарда мұғалім мұның қасына келді. Үнсіз қолын ұсынды.
Шəйі оның қылығына тосырқай қарады. Алақанында бірдеңе ағараңдады.
Хат екенін білді. Жұрт байқап қалмасын деп жұлып алғандай жылдам ала
қойды. Артына қарамастан кете барды.
Мұғалім ұзақ жазыпты. Бай баласы екені шын болып шықты. Түргеннің
əйгілі байы деп, əкесін Орынбор жаққа жер аударыпты. Өзі де өкіметтің
бақылауында жүрген көрінеді. «Менімен бас қосу – болашағы беймəлім
өмірге аяқ басу. Мен сізді ұнаттым. Бірақ сіз ұнатпасаңыз, бəрі бекер екенін
білем. Шынымды айтсам, мен сізге пана бола алам ба, жоқ па, білмеймін.
Ал сіз маған пана бола аласыз. Өзіңізге, балаларыңызға бас ие болу – мен
үшін үлкен бақыт. Егер сіз хош көрсеңіз, бəрін тəрк етіп, қасыңызда қалар
едім», – депті.
Шəйі оған жауап жазбады. Өйткені бөтен еркекпен байланысқа түскенін
Тəйкеннің əруағы кешпейтіндей көрінді. Оның үстіне Оралбегі мен
Кеңесбегін алдайтын қылықтай сезінді. Табай мен Жүзіктің, Сəмен мен
Əбеннің, басқалардың бетіне қалай қараймын деп те қорықты. Бір сезімнің
басталғаны да, біткені де сол.
***
Киімі де мал, тамағы да мал боп отырған қазаққа қалқоздастыру
науқаны өте ауыр тиді. Жан бағып отырған бар малын ортаға жинап алған
соң, жұрт жаппай ашаршылыққа ұшырады. Өкіметтің өктемдігінен,
аштықтың аранынан құтылудың бірден-бір амалы елден қашу болды.
Бүкіл аймақ алды-артына қарамай үрікті. Қоғалы мен Аралтөбенің
жалайыры да, Кітəпбектің ауылы мен Китің жұрты да – бəрі Қытайға
қашты. Айгүннің əке-шеше, туған-туыстары, Жұматай –бəрі кетті. «Жүр
бізбен бірге», –деді Айгүннің əке-шешесі. «Жоқ, – деді Айгүн еш
қобалжымай, – мен Шəйi апамдар көшсе, көшем, қалса, қалам». Əкешешесi екi күн қарайлады да, ақыры көндiре алмай, өздерi кеттi. Өзi бiлсiн
деп, Шəйi Айгүнге ақыл-кеңес айтпады, тек кейін маңдайынан иiскедi.
«Ақылыңнан айналайын! Ерiн сыйлаған əйел елiн де сыйлайды.
Елдi сыйлағаныңа ризамын. Ендi ел де сенi сыйлайды», – дедi.
***
Оралбегі соғыстан оралмады. Хабарсыз кетті. Аттанып кеткенінен кейін
хат келмеді. Соғысқа жеткені де, жетпегені де белгісіз. Бір қызы мен бір
ұлын құшақтап келіні қалды. Кеңесбек соғыс басталмай тұрып үйленген,
бірақ бала сүйіп үлгермеді. Сəменнен – екі қыз, бір ұл қалды.Қаншама
қайғы-қасіретке қайыспай келген Табай қуанышқа төтеп бере алмады.
Əбеннің екінші ұлы мектепке барғанда, тілашар жасап, ертесі оны мектепке
апара жатып, жолда үһ деп отыра кетіпті. «Ата!» – деп, немересі бассалады.
«Үйге», – деп қисая беріпті. Үйге əкелгендегі бар айтқаны: «Жүзігім!» –
деген сөз болыпты.
Тəуірбек пен Айшаның екі ұлы майданға кетіп, үлкені Қали оң қолын
түбімен майданда қалдырып, шолақ болып оралды.
Қанды соғыстың қай күні ауыр, қай күні жеңіл болатынын Шəйі қайдан
білсін, білсе, соғысып жатқандар өздері шамалайтын шығар. Қазақ байғұс
«Балаң бақытты болуы үшін, өйт, бүйт!» – десе, өйте береді, бүйте береді.
Бəріміз сөйттік.
Шəйінің де шекесі қызып тұрғаны шамалы. Бірақ, əйтеуір, шүкір
дегізетін жағдайы жоқ емес. Кеңесбегінен ұрпақ қалмаса да, Оралбектен
бар. Соларды өсіру үшін, атасы Тазабектің, əкесінің қандай адам болғанын
солардың құлағына құйып айту үшін ғана өлгісі келмейді.
Екі ұл туып, екеуінен бірдей айрылу қандай анаға қиын болмасын?
Бірақ орнында бар оңалар деген үміт – қайғы-қасіреттің бəрінен биік.
«Өлгеннің артынан өлмек жоқ» дейді қазақ.
Адам жақсылықты алдымен өз баласынан, қала берді ағайын-туыстың
баласынан күтеді. Соғыстан кейін
Шəйіге қарайласатындай ешкім
қалмаған сияқты еді. Бүкіл болашағын қара жамылғы жауып қалғандай еді.
Сол қаражамылғының ұшын Тəуірбектің Қалиы қайырып тастар деп кім
ойлаған?! «Мені Тазабек ағам қамшының астынан жұлып алған. Мен оны
өле-өлгенше ұмытпаймын, тəте. Мен тіріде сізді жан баласы басына
алмайды», – деген Қалиды Шəйі қайтіп өз жақынынан кем көрер? Тектілік
пен тексіздік өмір бойы өстіп өрбіп отырады екен ғой, өзі.
Жесір əйелдің жағдайын жетім-жесір де түсіне бермейді. Тек текті
кісінің ғана оған көзі жетеді. Қалидың көзі жетті.
***
Китің мектебінде сабақ беріп жүріп, тағы бір жағдайға тап келді.
Кітəпбектің қасында жүретін Қамза сары жігіт Китің ауылындағы
Қараменде руы бірлескен қалхозға бастық боп келе қалды. Көзкөргеннің
аты көзкөрген ғой, келген бойда-ақ ол бұған қамқорлықпен қарады.
Оралбекті қызметке тартып, ауылдық кеңестің орынбасары етіп қойды.
Анда-санда үйге келіп, хал-жағдайды біліп кетіп жүрді. Жүз көрісіп жүрген
адамдар жүре-жүре үйренісіп кетеді. Сары жігіт бастық болған соң Қамза
деген атын ұмытып қалғандай елдің бəрі оны «басқарма, басқарма» деп
кетті. Сол арада Кітəпбек қайтыс болды деген хабар келді. Китіңде оны
білмейтін кім бар, жұрт жаппай Ақжазыққа қарай аттанды. Əуелі
Қайшының ішінде əртел құрып, артынан «Ақ жазық» əртелін «Ақ жазық»
қалхозына айналдырған, оның орталығын Қайшыдан Ақырқұдыққа, одан
Ақжазыққа біржола орнықтырған айбынды, алғыр басшыны аудан ішінде
білмейтіндер кемде-кем болатын. Шəйі бала-шағасымен баруды ұйғарды.
Табай мен Жүзік те – бəрі тобымен шықты. Бүкіл Китің көшіп келгендей
болды. Кітəпбектің кісілігі, бұларға істеген жақсылығы соған татитын еді.
Соны көрген сары жігіт Шəйіге: «Апырм-ай, еркек істей алмайтын істі
істедің-ау! Бүкіл Китің сенің қоластыңда екен ғой», – деді сүйсініп.
Құшақтап, иығынан қақты. Байқатпай өзіне қарай тартты. Қатты
құшырланып қысты. «Жаным-ай!» – деді əлденеге өкінгендей. Сол кеш
Китіңнен келгендерге қонақасын сары жігіттің өзі берді. Аяғынан тік тұрып
күтті, өзгелерді де тік тұрғызды. «Кітəпбек інісін жақсы тəрбиелеп кеткен
екен», – десті қариялар.
Түн жарымда Тұйықтан құдалары келді. Ішінде Бəкен де бар екен.
Ертесі Кітəпбекті жерлеп қайтқан топ ішінен оны көріп, Шəйі бүйі
көргендей шошып кетті. «Тазабектің үстінен арыз жазып берген Бəкен
екен», – деген Табайдың сөзі тап сол арада есіне түсті. Ол да, бұл да
көрмегенсіді.
Адамдар аза тамаққа кіргенде, Тұйықтан келгендер мен Китіңнен
келгендер бір үйге бөлінді. Амал жоқ екеуі тағы ұшырасты. «Көрдегіні
көретіндей үңірейген көзінің үрейлісі-ай!» – деді Шəйі үрке теріс айналып.
Жұрт сыртқа шыққанда, ақыры Бəкен бұған жақындады. Шəйі ту
сыртымен тыжырынды. «Көңіл көрген жерде» деген. Қаза қайырлы
болсын!» – деді қатарласа қасына келіп.
Əрине, ол Тазабекке көңіл айтты. Шəйі бірақ əдейі ұқпағансыды.
«Жақсы кісі еді, арыздан қашып арып-ашып келгенімізде осы кісінің
қолтығына тығылып едік», – деді қасақана əңгімені Кітəпбек жайына
бұрып. Бəкен бұл жақтың да жағдайын жақсы білетіндігін байқатты: «Қазір
де қолтығына кіріп жүргенің осал адам емес көрінеді ғой», – деді кекетіп.
Кімді меңзеп тұрғанын Шəйі түсінді. Бірақ түсінбегенсіді. Тіпті
естімегенсіп бұрылып кете барды.
***
Жұрт өз малын өзі сойып алудан қорқатын заман туды. «Алып кетіпті»,
«Атып тастапты» деген сөздер тіршіліктің есігін ашып-жауып тұрған перде
секілді еді. Осындай кезеңде Оралбек: «Үйленем» дегенді айтты. Шəйі
баласының он тоғыздан асқанын, заман қаншама қыспаққа салса да,
тіршіліктің əлі тоқтамағанын кенет түсінгендей күйге түсті. «Қайтем? Не
істеймін?» – деп састы. Табай мен Жүзіктен басқа кіммен ақылдасады?
Соларға барды. Табай да састы. Жүзік қана сыр бермей, ойланып барып:
– «Бұдан жаман күнімде де тойға барғанмын» депті ғой бұрынғылар.
Кешегі он алтыншы жылда да байға тиіп, қатын алғамыз, елміз ғой, бір
жөні болар, – деді өмір көргендігін көрсетіп.
– Той жасайтын түгіміз жоқ қой, мені қинайтыны – сол, – деді Шəйі тоқ
етерін айтып.
– Абдырама! Табай мен Жақсыбалаң ақылдассын. Балаңа қуанғаныңнан
басқа сыр білдірме!
Жүзіктің жігер бергеніне Шəйі желп ете қалмады. Ол, құдай біледі,
Сəмен үйленген кезді ұмыта қоймаған шығар? Ол əлгі кəмпеске жүре
қоймаған кез еді. Елде мал бар, береке бар уақыт. Ағайын-туыс бір-бір
малдан атағанда қора толып шыға келген. Құдаларға беретін киіт пен
кəденің бəрін Жақсыбала қайнысы бір өзі көтерген. «Тəйкен ағам тірі
болса, өстер еді», – деген сөзі əлі құлағында. Ол күн келмеске кеткелі
қашан?! Елмен бірге қайнысы да қарасирақ кедей болып отыр. Оған тіпті
«өйт-бүйт» деп бірдеме айтуға да аузы бармайды. Айтса, қасақана сынап
айтқандай болады. Сағын сындырады. «Жоқтық жомарттың қолын
байлайтынын» біле тұра оған не дейді?
Шəйі оған ештеме демеуге бекінді. Айтса, Табай мен Жүзіктің өзі
айтсын. Өзі бір ұсақ мал тауып бер деп, неде болса Кобзевпен ақылдасады.
Баласы үйленгелі жатқанын айтқанда, Кобзев кəдімгі қазақ туысқаны
құсап құшағын жая орнынан ұшып түрегелді.
– Міне, «Орнында бар оңалар» деген – осы. Құдай бізді бұған да
жеткізді. Мен орыс қонағыңа самогон жасаймын, қазақтарыңа қатыным
картоп пісіреді, балаларым қолынан келген көмегін жасайды. Саспа, бəрін
жайғастырамыз, – деді даурығып.
Шəйі көңіліне риза болды, бірақ дəл солай бола қоятынына біртүрлі
сеніңкіремеді. Өйткені, жоқшылықтың тамыры орыс пен қазаққа бірдей
жайылып кеткенін көзі көріп жүр ғой.
Табай не дер екен деп Шəйі бір күн күтті, келмеді. Ертесі кəдімгідей
елеңдей бастады: бұған не көрінді? Жүзік екеуі келісе алмай қалды ма?
Əлде көмек берер жағдайымыз жоқ деп ұялғаны ма? Кеш батқанша күтті.
Келмеді. Енді өзі баруға бекінді. Асығыс, алқын-жұлқын киінді. Есіктен
енді шыға бергенде, сырттан құлағына дабыр-дүбір шалынды. Жақсыбала
қайнысының даусы. Көңілі көтеріңкі кісінің үні. Не шығарын, не
шықпасын білмей бөгеліп қалды.
– Оу, жеңгем киініп апты ғой?! «Бұлар келмесе, мен оларға өзім
барайын» деген-ау, сірə?
Қайнысы дөп басты. Шəйі күліп жіберді.
– Енді қашанғы күтем? Барып, бəріңді бір қырайын деп ем.
– Сізге қалай болса солай келе салудан қорқып, алдымен Кобзевке кіріп
ақылдастық, жеңге. Бұл өзі – құдайға қараған орыс. Қазақтың жағдайын
қазақтан кем білмейді. Айтпақшы, кідіргеніміздің ең үлкен себебі, мына
Табай ағамның ұлы Əбен де үйленем деп қабаттасып жатыр.
– Е, оны неге айтпайды? Жүзік менен оны неге жасырады?
– Əңгіменің бар қызығы сода боп тұр ғой, жеңге. Əкесі мен шешесі де
кеше ғана естіп отыр. «Оралбек үйленсе, мен де үйленем. Айта алмай
ұялып жүр ем», – депті.
– Тіпті жақсы. Екеуінің тойын қосып жасаймыз.
– О, аузыңнан айналайын жеңгесі! Осыны сізге қалай айтарымызды
білмей састық қой. «Неге жағаласасыңдар?» деп ұрса ма деп бəріміз
қорықтық. Табай ағам тіпті мен бармаймын, əуелі сендер айтып көріңдер
деп, келмей қала жаздады.
– Жүзік ше?
– О кісі: «Неге бұрын айтпайсың? Жібектің алдында мені жерге
қараттың», – деп, ұлына ұрсып, балаңның сырын білмейсің деп, одан Табай
ағама ұрсып, одан асып бізге тиісе бастағанда зорға тоқтаттық.
– Жарайды, зуылдатпа! Сонымен қалай келістіңдер?
– Бəрі ойдағыдай болады, жеңге. Ертең Кобзев, Сəмен үшеуміз
Тышқандағы əтіретке барамыз. Текше деген жайлауда арқар, теке дегенің
өріп жүреді дейді. Əтіретте Кобзевтің таныс кəмəндірі бар көрінеді, соған
барып аң атып əкелеміз. Ет табылса, басқасын уайымдамаймыз.
Шəйіге бұл сөз əзіл тəрізденді. Əйткенмен құп көрді. Кім біледі,
кəмəндірі күшті болса, қолынан келіп те қалар. Көпзіп сенімсіз сөзді
сөйлемесе де керек.
– Екі ұлдың тойын қосып жасау бұрын-соңды болды ма, жоқ па, оны
білмеймін. Бірақ маған қатты ұнап тұр, – деді Табай бұл жағдайға өзінің
риза екенін білдіріп.
Олар Тышқан жаққа кеткенде, ертесі кешкілік Китіңге Қамза келді.
Кешкі апақ-сапақта амандасуға кірді. Аман-саулық сұрасқан соң, Шəйі екі
ұлдың қабат үйленгелі жатқанын айтты.
– Ойбай, мынауың үлкен жаңалық қой!? Екі күйеу, екі келін – одан
артық қандай қуаныш болмақ? Келгенім қандай жақсы болды. Тазабек тірі
болса, бұл тойды қалай жасар еді, дəп сондай етіп жасаймыз, құдай
бұйыртса. Қам жеме, бəріне өзім бас-көз болам, – деді басқарма бəрін өзі-ақ
бірден ойлап-пішіп.
– Ə, айтпақшы, – деді кенет есіне əлдене түсіп, – тойға тамақ табармызау, əн-күйсіз той той бола ма? Кісі жіберіп, Қапез бен Қаратайды алдырсам
қайтеді?
– Келер ме екен?
– Неге келмейді? Өлердегі сөзімді айтып хат жазып жіберем.
Шақыратын кісілерді де тізімдеп бер, бəрін бір-ақ бітіріп келсін.
Үйден шығып бара жатып басқарма артына бұрылды. Бірдеме айтқысы
келіп тұрғанын түсініп, Шəйі бетіне қарады.
– Мынандай бір өлеңді білесің бе?
Көзің – қара, ағаштың көміріндей,
Бойың – түзу, мылтықтың теміріндей.
Сеніменен өткізген жарты күнім,
Жаманның өте шыққан өміріндей.
– Оны неге айттың? – Шəйі не айтпағын сезе тұрып сұрады.
– Сен сондай əйелсің! Сонан соң айттым. Менің əйелім үш қыз туып
берді. Бес жыл болды, бала көтермеді. «Маған ұрпағымды жалғайтын ұл
керек. Сен бір үйім болып отыр, басқа əйелге үйленейін», – дедім. Көнді. –
Соны айтты да, артына қарамастан шығып кетті. Бəлкім, жайсыз сөз естіп
қалам ба деп қаймықты; бəлкім, мен айтарымды айттым, енді сен ойлан
дегені.
***
Жер бетінде жақсы адам көп болса, жақсыны аңсап неміз бар, кез
келгенімен көңіл жарастырып кетпейміз бе? Орыстың бəрі Кобзевтей
болса, он алтыншы жылы қазақты орыс қасқыр шапқан қойдай қырар ма
еді? Бəрі адамның ала-құлалығынан. Тазабекті дəл Кобзевтей бірде-бір
қазақ жақсы көрген жоқ шығар. Екеуінің соншалық бауырлардан бетер
сыйласуында не сыр бар екенін бір құдай білмесе, басқа ешкім білмейді.
Өлгеннен кейін де өзгермей сыйлау туған бауырдың да қолынан келе
бермейді.
...Кобзевтер бір құлжа, бір таутеке əкелді, басқарма бір жылқы берді.
Ашты-тоқты жұрт астатөк жағдайға тап болатын болды. Шəйінің іштей
күдікпен күткені Іленің арғы бетінен кімдер келетіні еді. Сонадайдан
саңқылдап сөйлеп келе жатқан Жомарттың даусын естігенде, құлынының
үнін құлағы шалған құла биедей орнынан тұра ұмтылды. Жəмеш те, Қапез
бен Жібек те қасында екен. Отыз алтыдағы əйел дəл он алтыдағы қыздай
құлдыраң қақты. Қапез бен Жомарт аттарынан домалай түсіп, құшақтай
алды.
– Бауырларым, бар екенсіңдер ғой! – деді əрбірін аймалай құшақтап.
Жан-жағына жалтақтап, Шəйі тағы біреулерді іздеді.
– Əділбек аға ауырып жатыр екен, Байғабыл аға мен Қожабек аға,
Самсалы – бəрі түнделетіп кеп қалар, – деді Жомарт соларды жоқтап тұр ма
деген оймен.
– Қаратай келе алмады ма?
– Келе алмады, – деді Қапез күрсініп. – Енді оны көре алмаймыз. Отыз
екінші жылғы аштықта одан айрылып қалдық.
– Құдай-ай, қыршын кеткен екен ғой?! Иманы жолдас болсын! Үйленіп
пе еді?
– Үйленген. Əке-шешесі, əйелі, екі баласы – бəрі Қытайға қашып бара
жатқан жолда Қаратай қаза болыпты. Əркім өз басымен əуре боп жүріп,
сақтай алмадық. Онымен бірге өнер де өлді. Орны толмайтын қаза сол
болды.
...Ол тойды еске алу сол кездегі адамдарды аңсау секілді: танауы
желпілдеп, Əбенім үй болып жатыр деген қуаныштан қысық көздері шоқ
шашып жүрген Табай қандай еді; құдайдың бұған жеткізгеніне де шүкір
деп, тойдың иесі емес, күтуші келініндей жайпаң қағып жүрген Жүзік
қандай еді; тойдың бір жерінен түйткіл шығып қала ма деп, қайта-қайта
Шəйіге жалтақтап, былай шыға бере бір-бірімен жаңа көріскендей ауыз
жаласып тұрған Жақсыбала қайнысы, Сəмен бауыры, солардың анда-мұнда
жұмсағанын адам санап ардақ тұтқандай көрген Кеңесбегінің күлім қағып
зыр жүгіргені қандай жарасымды еді? Ой, шіркін-ай, өтіп кеткен соң,
қымбат көріне ме, əлде шынында да шаттыққа толы шақ па еді?! Орыс
Көпзіптің қулана қуанып: «Во!» деп бармағын шошайтып күлгені əлі көз
алдында.
Сол тойда ғой, басқарманың көңілін анық аңғартқаны. «Бұл тойды біз
жасап жатқан жоқпыз. Бəрі сенің ниетіңнен. Сен сұлу əйел ғана емессің,
адамның бəрін өзіңе ынтық қып қоятын құдіретсің», – дегені. Шəйі оның
бетіне «О не дегенің?» дегендей қараған. «Өйтіп қарамашы кісіге! Бəрін
көріп, бəрін біліп қойғандай қарайсың. Адам қорқады», – деген тағы
қыбыжықтап.
Қайран Қапез-ай, оның орны ерекше еді ғой! «Ағаның үйі – ақжайлау»
дейді ғой қазақ. Ағасының үйіне келген ерке інідей емін-еркін жайраңдап
еді. «Төркініне келген қыздай қайтқым келмейді», деп еді елді күлдіріп.
Жомарт екеуі бір-бірімен əзілдесіп, елді де мəз қып, өздері де мəз боп, алқа
отырыстың сəні болып еді.
Табайдың кісі көңілін таба қоятыны болушы еді. «Қапезжан, Шəйінің
үйі – ағаң Тазабектің үйі. Олардың ұлы Оралбек үйленіп жатса, менің
ұлым Əбен де үйленді. Бір ағаңның үйінде болып, екінші ағаңның үйіне
қонбай кеткенің қалай болады? Бір-бірімізді күнде көріп жатқамыз жоқ,
балаларымыз күнде үйленіп жатқан жоқ. Шынымды айтсам, əніңе,
əңгімеңе қанбай қалдық. Бүгін кешке Жүзік екеуміздің де шаңырағымызды
көрсеңші!» – деді.
Оны Жақсыбала қайнысы іліп əкетіп, ол да қонаққа шақырды. Ақыры
Қапез тойдан кейін үш-төрт күн аялдады. Жұмысым қалды демей, басқарма
да бірге болды.
Жақсыбала қайнысынікінде отырғанда Қапез Қаратайды есіне алып,
содан үйренген əнім еді деп, Шаншардың «Сырғалы еркем» əнін салды. Əн
Қаратайды жоқтатты. Қаратайды жұтқан аштық сөз болды. Сонда отырып
Қапез сол аштық кезінде шығарған «Ауыр күн-ай» деген əнін айтты. Оны
əн деу – аз, мұң, зар деу – дұрыс.
«Балалары айрылған анасынан,
Айрылған аналары баласынан.
Жетім-жесір жалаңаш ашыққан соң
Сабанның дəн іздеді арасынан.
Айхой, ауыр гүн-ай,
Жазатын күн болар ма бауырыңды-ай!
Айхой, қазағым-ай,
Арылар күн бар ма екен азабыңнан-ай!?
Күнің қайда кешегі əн іздеген,
Сайрандап ат үстінде сəн іздеген?
Қара түнге тап болдың күндіз-түні,
Інінен сұр тышқанның дəн іздеген».
Жылт еткен жұлдызы жоқ қараңғы түн Шəйінің көз алдына келді. Апта
бойы бір түйір татпаған адамға күн мен түнде қандай айырма бар? Оның
көзі қара түнек көрден басқа нені көреді?
– Айтуға да, тыңдауға да тым ауыр екен, – деді басқарма көзін сүртті ме,
уқалады ма, алақанымен бетін біртүрлі үйкелей сипап.
– Менің ақылымды алсаң, Қапез, бұл əніңді ел алдында айта бермеші.
Көре алмай жүрген бір дұшпаның ауыр күнді өз басыңа орнатып жүрер.
– Иə, – деді Шəйі құптап. – Сөйтеді.
Содан кейін бəрі бір-бірінің бетіне қарай алмай, көздерімен жер шұқып
біраз отырып қалды. Ол тыныштықты тыныш отыра алмайтын Табай тағы
бұзған.
– Сен, Қапез, тышқанның інінен дəн іздегенді айтасың, ал біз
тышқанның өзін іздеп, өзін жедік, – деп салды.
– Қойшы қайдағыны айтпай! Тышқан
отырмысың? – деп, Жүзік əзіл намыс жасады.
жеген
Табай
атанғалы
Табай бірақ қыңқ демеді.
– Шындық адамға ұнамағанмен, құдайға жағады. – Сайдың аузынан
суыр ұстап əкелгенімде, сары қазы жегендей құшырланғандарыңды қалай
ұмыта қалдыңдар? – деп, тіпті əріге барып тоқтады.
Табайдың онысы рас еді. Əуелгіде Оралбек пен Кеңесбек ешкімге
айтпай, аттың құйрығынан қылтұзақ жасап алып тышқанның ініне салып
жүрді. Қытайға босып бара жатқан аш-жалаңаш жиілей бастаған соң, біреуміреу балалардың өзін жеп қойып жүрер деп қауіптеніп, Табай өзі
балаларды бастап тау-тасты аралап кезетін болған. Өлгелі жатып та ұятын
ойлайтын қазақ тышқан жегенін бір-бірінен жасырады. Түнде қайнатып,
түнделетіп жейтін. Ұстаған тышқандарын өзіне, Тəуірбекке, Кенжеғараға,
Шəйіге – төрт үйге Табайдың өзі тең бөліп тарататын. Анда-санда қоян
ұстаса, күнде қоян жеп жүргендей, оны жариялап айтатын.
Қатты ашыққаннан отыз екінші жылдың қысында Кобзев тұқымдық
кəртөшкесін де жеп қойып, көктемге салым қатты қысылды. Көзі
шүңірейіп, қабағы үңірейіп, қатты жүдеді.
Кенжеғара мен Тəуірбек отыз екінші жылдың көктемінде Көкталдан екі
көк есек мініп келді. Сол екі есек жаз бойы біраз үйді асырады. Қолы ісмер
Кобзев бұрынғы ат арбасын екіге бөліп, одан екі дөңгелекті екі арба
жасады. Ондай арбаны көтек арба дейді екен. Екі есекті екі арбаға жегіп
алып Кобзев бала-шағасымен, Кенжеғара мен Тəуірбек, Сəмен, Əбен, Қали,
Оралбекті ертіп – бəрі таңсəріден он шақты шақырым өрдегі Аяқсазға
кетеді. Табай бір дағар тауып берді, тағы үш кенеп қап алып, бəрі
Аяқсаздың суынан балық сүзді. Əуелі таяқпен шымның түбін, судың шөп
басқан жағасын түрткілеп үркітіп, дағар мен қаптың аузын керіп сүзіп
алады екен. Ұсақ-ұсақ қара балық соған қаптап түсетін көрінеді. Сасып
кетпесін деп, ұстаған балықтарын тұлыпқа, көнекке су толтырып, соған
салып əкеледі. Оны қалай қайнатуды, қалай қуыруды Кобзевтің өзі мен
əйелі бұларға ерінбей үйретеді.
Күзде Аяқсазға қар түсті. Енді балық та, тышқан да таптырмайтын
болды. Сол кезде Шəйі қатты састы. Балаларға беретін бидайы да, қара суға
қайнатып беретін қалақайы мен жалбызы да бітті. Осы жағдай жалғаса
берсе ұзамай өзі де, балалары да өлетінін білді. Өлмеудің амалын күні-түні
ойлап таба алмады. Бала-шаға ойнау түгіл жүруден қалды. Өзі де көзі
қарауытып, қай жерде біржола жығылады екем деп күдіктене бастады. Күні
бойы жатып-жатып, кеш бата далаға шықты. Балтаны зорға көтеріп, итінің
қасына келді. Арыған, құр сүлдері қалған Ақтөс құйрығын бұлғаңдатты.
Əзірше екеуміз де тіріміз ғой деп тілдескен тəрізді. Күдіктенбеді, қашпады.
Балтаны ыңғайлап, екі оқталды, бірақ ұра алмады. Қолы батпады. «Жеті
қазынаның бірі деуші еді, киесі ұрар» деп ойлады. Үйге қайта кірді.
Көзімен тінтіп, үй ішіндегі мүліктерді шетінен түгендеп шықты. Бүгін
емес, бірақ не ертең, не одан арғы күні не өзін, не балаларды өлім күтіп
тұрғанын жүрегімен сезді. Сол сезігі анықталғандай əуелі Оралбегі, сонан
соң Кеңесбегі мен Гүлсəні бірдей ауырып қалды. Бастарын көтере алмай,
ертелі-кеш тек жатады, ыңырсиды. Кеңесбегі аздап ісіне де бастады. Ол –
өлімнің жақындаған белгісі. Ана жүрегі үміттен гөрі күдіктің белең алып
бара жатқанын сезді. Ең ақыры балалардан бұрын өзім өлсем екен, олардың
өлімін көрмесем екен деп тіледі. Өз етін балаларына тірідей өзі бөліп бере
алса ғой, шіркін!
Кенет көзі енесі астына төсеніш ететін тулаққа түсті. Қуанып кетті.
Ақыл-есі орала бастады. Тазабектің тоны бар. Айтпақшы, қамшысы да бар.
Бəрі жеуге жарайды. Орнынан ұшып түрегелді. Дереу қырықтықты іздеді.
Бар еді, бірақ таба алмады. Қой қырықпағалы қай заман? Бір қалтарыста
қалған болу керек. Тінтіп жүріп, ақыры тесе боп қалған қайшысын тауып
алды да, дереу тулақтың ойдым-ойдым боп қалған қылшықтарын қырқа
бастады.
Бойына күш бітті. Өлмейтіндей үміт оралды. Тулақты тықырлап біткен
соң, пышақпен төрт-беске бөлшектеді. Сумен əбден жуды. Сонан соң
ұсақтап турады. Үш баласына бір-бір уыстан, өзіне жарты уыс деп төртке,
бөлді. Басқалар ше? Олар өле бере ме?
«Қой, бір шөкімнен болса да бөліп жер. Тулақтың бір бөлігін түгел
қайнатайын» деп шешті. От жақты, қазанға су құйды. Кеспедей тілінген
тулақтың тілім-тілімін түн ішінде қайната бастады. «Шіркін-ай, бір түйір
май болар ма еді!» – деп армандады. Сонда сорпаның дəмі кірер еді.
Қатқан тулақ жұмсарсын деп, қазанға отты лапылдатпай, баяулатып, азаздан жақты. Қазан аузында отырып қалғып кеткен екен, түсіне той кіріпті.
Кімнің тойы екенін дəл білмейді, Қапез, əйтеуір, əн айтып отыр екен. Əн
тыңдаған жұрт Бəкенді үйге кіргізбейді. Ол мен де айтам, үйге кірем деп
болмайды. «Ананы кіргізбеңдер!» деп, Шəйі тұра жүгіреді. Жығылып қала
жаздайды.
Оянып кетті. Оты өшуге сəл қалыпты. Тулақтың бір тілімін алып тістеп
көріп еді, кəдімгідей былбырап, жеуге жарап қалыпты. Содан кейін от
жақпай, қазанның үстіне Тазабектің тонын жаба салды. Бығып жатса, тулақ
былқып жұмсара түсер. Балалары оянғанша бабына келер деп күтті.
Өстіп өмір сүріп жатты. Бір күні түн жарымда біреу есік қақты.
Балалары ояна қоймады. Неде болса деп, есікке өзі барды. Даусын
шығармай, босағаны əдейі тықыр еткізді.
– Шəйі, мен ғой, – деді Кобзев.
Кенеп қапқа ораған сиырдың сан етін əкеліпті.
– Балаларға айтпа, түнде пісір де, қалғанын ешкім көрмейтін жерге
тығып қой. Шетінен талғажау қыларсың. Жан баласына сездірме.
Ол шығып кетісімен Шəйі шикі еттен бір тістеп шайнады. Тұла бойына
тараған нəр əлемдегі ең дəмді астың сөлі еді. Еттің иісінен елітіп басы
айналды. Бірақ біреу біліп қоя ма деген үрей дереу есін жиғызды. Есіктерезені қымтап от жақты. Қазанға су толтырып, етті молырақ салды.
Піскен етті төртке бөліп, бір бөлігін дастарқанға орады да, қалған үш
бөлігін қалған үш үйге реттеп қойды. Бірер күннен кейін Кобзев тағы түн
ішінде есік қақты. Тағы ет əкеп берді.
Ертесі түс ауа бере ауылға үш салт атты сап ете қалды. Үшеуі ауылды
үш жағынан тінте бастады. Шидем сары жігіт Шəйіге келді де, босағадан
аттаған бойы аңырып тұрып қалды.
– Кел, төрге шық, – деді Шəйі бет-жүзіне зер салмай.
Жігіт тұра берді. Шəйі оның жүзіне амалсыз қарады. Бір жерден көрген
адам сыяқтанады. Есіне түсіре алмай аң-таң күйі жігіттен көз алмады.
– Шəйі апа, – деді жігіт бір-екі аттам жақындап. – Мен Амалбайдың
баласымын ғой. Он алтыншы жылы есіңізде ме, ар жаққа бірге өтіп, бер
жаққа да бірге келмеп пе ек?
Мұнымды біреу естіп қоймады ма дегендей жігіт жан-жағына
жалтақтады.
– Е, жаным, сен бе едің? Бəсе, қайдан көрдім деп шырамытып тұрсам.
– Апа, біз сиыр ұрлаған біреуді іздеп жүрміз. Күдігіміз бойынша,
колхоздың сиырын осы Китің, Сарыбел, Шежін, Бұрқан ауылдарының
бірінде сойып алған болу керек.
Шəйі сəл үндемей қалды да, бəрін болжамдай қойды.
– Мұнда ондай күдікті кісі жоқ, – деді кесімді үнмен. – Бір сиырды
бүтіндей тығып жеу бір кісінің қолынан келе қоймас. Тізе бүксеңші,
Тазабек ағаңның үйі ғой, – деді.
– Иə, апа, ағаның қаза болғанын естідім. Əкем айтты. Қаза қайырлы
болсын. Мен енді көрші орысыңызды тексеріп шығайын. Қызметтің аты
қызмет. Үш кісіміз. Үшеуміз де бір-бірімізден сақтанамыз. Кімнің ішінде
не жатқанын кім білсін.
– Оның рас, шырағым. Жүр, көршінікіне бірге барайық. Бұлар бір өте
қайырымды адамдар. Ет жемейді, шөп жейді. Сол шөптерін бізге де беріп
қарайласып тұрады.
Бұларды көріп, Кобзевтің өңі қашып кетті. Қайта-қайта Шəйіге
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Əй, дүние-ай! - 17
  • Büleklär
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2127
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2152
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3957
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2173
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2061
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2080
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2223
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4025
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1688
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.