Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 03

Süzlärneñ gomumi sanı 3928
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Қарқарадан Жалаңашқа қарай жөңкілген алашапқын жұртты Шəйі күнде
көреді. Тазабектің кəзір жəрмеңке жақты торуылдап жүргенін білгендіктен,
əр топты көрген сайын жүрегі аузына бір тығылады. Орыстың
озбырлығына шыдамай атысып-шабысып жатқан ерлердің де, ерлерге
ілесіп есі шыққан адамдардың да – бəрінің тағдыры немен тынатыны
бұлдыр бірдеме. Тұтқында жатқан Əубəкірдің ағайындары тым қатты
дүрлігіп жатса керек. Алайда ол дүрлігудің ар жағында атыс-шабыс, өлімжітім жатқанын сол даурығып жүргендердің өзі де түсінер-түсінбес күйде.
Өлімді қауіп демей, ерлік санайтын секілді. Əкесі бірде мақтап, бірде
даттап отыратын қазақтың мына зұлматтан құтылар жолды табар-таппасы
əзірге неғайбыл. Шəйі қазір ойлай-ойлай есейіп қалған секілді. Оның
ойынша, өлім мен өмір бетпе-бет келгенде, адам бəрінен бұрын аман
қалуын ойлауы керек. Ақылын да, айласын да тек соған жұмсауы тиіс.
Сондықтан ырым-жырым, кəде-сəдені сақтамай-ақ тезірек Тазабектің
босағасына барып алғанын дұрыс санады. Сол ойға бекініп, батайын деп
бара жатқан күнге жалынышпен сыйына қарады. Тыныш атып, тыныш
батқанын қалады. Сөйтіп үйі жаққа бұрыла беріп, селк ете қалды: апасы
тықырын білдірмей ту сыртына келіп тұр екен.
– Түу, апа, зəремді алдың ғой, тегі!
– Сөйттім бе, жаным? Айналадағы жағдай менің де зəремді алып бітті.
– Бауырына тартып, иығына қолын салды. – «Адамның ашуы көбейген
сайын ақылы азая береді» деуші еді бұрынғылар. Əкемнің кегін қайтарам
деп жүріп, ана бала бір пəлеге ұрынып қала ма деп қорқам. Ақыр солардың
тілеуін тілейтін болған соң, босағасына барып-ақ алғаның дұрыс-ау, балам.
Көріп тұрсың ғой, бүкіл албан босқын болатын түріміз бар. Ел бүйтіп
бүлініп жатқанда, біздің кəде сақтап кергігеніміз кімге дəрі? «Ораза, намаз
тоқтықта» деген. Некеңді той-томалақсыз-ақ қыйғыза салайық та. Əкең де
көнер, сен де түсін.
– Мейлі, апа. Үрей құшақтап үйде уайымдағанша, не де болса
Тазабектің қасында болайын.
– Ақылыңнан айналдым сол! «Елу-алпыс қойымыз бен жиырма шақты
ірі қарамызды айдап, Қалиша құдағидың қасына көшіп алсақ па екен?» –
деп əкең ақылдасқанда, «Қаралы үйдің қасына көшіп барғанымыз қалай
болады? Оның үстіне қызымызды өзіміз тықпалағандай болармыз», – деп,
мен көнбеп ем. Енді ойласам, жол үстінен аулағырақ кеткеніміз де ақыл ма
дейім.
Ертесі түс ауа Жалаңаш жақтан қалың атты кісі келе жатқанын көріп,
Шəйі үйге шошына жүгіріп кірді.
– Əке, қаптап келеді! – деді қолын батыс жаққа қарай үрейлене сілтеп.
– Енді қайттік? – деді шешесі жау басып қалған екен деп сасып.
Түгел дүрлігіп далаға шықты. Қара қорым атты кісі бөктерде саулап
барады екен. Бəрінің киім киістері, атқа отырысы орысқа ұқсамайды.
Қолдарындағы қоқайған найзасы, тақымдарындағы шоқпары мен сойылы,
кейбірінің мойынға асқан мылтығы – бəрі олардың қазақ екенін айтпай
танытып тұр. Бұларды байқады ма, екі атты кісі топтан бөлініп Жайдақ
Бұлаққа, тағы екеуі осылай қарай шапты.
– Құдай-ай, бекер көріндік-ау көздеріне, – деді Əжікен күңк етіп.
Екі жігіт жақындай бере сонадайдан саңқылдай амандасты.
– Бұл не жорық? – деді Тілеулі екі жігіттің қолын ала амандасып жатып.
– Қарқараға кетіп барамыз, – деді көне тайжақы киген балаң жігіт
қасындағы серігіне бір жалтаң етіп. – Жалаңаштың орыстарын атаманымен
қосып үйді-үйіне қуып тықтық. Енді Қарқараға кетіп барамыз. «Бізді
қолдайтын еркек болса, қосылсын!» – деп, екеумізді Жақыпберді ағаның өзі
жұмсады. Қасында Тезек атам да бар.
– Жақыпберді ағаң мен Тезек атаң бастап бара жатса, біз де баламыз
екеуміз арттарыңнан жетеміз.
...Əкесі мен ағасы Қарқараға кеткен соң, ертесінде жеңгесі екеуі екі ат
мініп, Шəйі тағы мал жаюға шықты.
Шық кеуіп, гүл мен шөптің иісі күн жылуымен бұрқырай бастаған кезде
екеуі аттарын отқа жіберіп, өздері жалпақ сайдың төмен жақ түгел
көрінетін дөңестеу жеріне шығып отырды. Сол кез Шəйінің ойына Тазабек
оралды. Осы бір күйеуі де сияқты, күйеуі де емес сияқты дүдəмəл жағдай
оны мүлде дағдартып бітті. Ынтығып, азар шыдап жүргенін Тазабектің түртұрпатынан аңғарады: жұрттан жасырып көз қиығымен қиылып
аймалайды.
– Жібек! – деген Жүзіктің даусы Шəйінің ойын шорт үзіп жіберді.–
Өзіңмен өзің сонша не ойлап кеттің? Осындай оңашада ақылдасайық та.
– Нені?
– Нені болушы еді? Тазабек екеуіңнің жайың да баяғы мені мазалап
жүрген.
– Оның несін ақылдасамыз?
– Бəрін. Тазабек бүгін келсе, бүгін; ертең келсе, ертең екеуіңнің
басыңды бір төсекте қосам. Соны біл.
– Қойшы, Жүзік. Оң жақта жүріп қыз өйтпейді, ұят емес пе?
– Түк те ұяты жоқ. Күйеуінің қойнына жату ұят болса, онда əжелеріміз
бен шешелерімізде ұят болмаған.
– Тазабек əлі күйеуім емес қой?
– Оны саған кім айтты? Тыңда! Ата-анаң келісімін берді ме? Берді.
Құдалармен құйрық-бауыр жестік пе? Жестік. Енді саған не керек? Қайта
Тазабек көңіліңе қарап, күтіп жүр ғой. Мен болсам, бір түнде ұрын келер
едім де, шаруаңды баяғыда бітіре салар едім.
– Ой, оңбаған Жүзік, қандай жауызсың!?
– Ол жауыздық емес, менің жеңгелік міндетім. Тазабекке тигеннен опық
жесең, онда мені өле-өлгенше көрмей-ақ кет. Бірақ қайдам, «Күйеудің
қызығына батырған қайран жеңгем-ау!» – деп, əр түн сайын алғыс
айтарсың қайта.
– Түу, қойшы енді!
– Қоймаймын. Тыңда! Еркектің қойны қорқынышты дегенді кім айтты
саған? Онда ағаңның қойнында неменеге жатып жүрмін мен?
Қорқыныштан өлейін деп пе? Əлде еркектің қызығын көрейін деп пе?
– Түу, Жүзік, қандай тəртіпсізсің? Қайдағы қызық, қойшы!
– Иə, көрерміз əлі кімнің тəртіпсіз екенін. «Ойбай-ай, мұндай екенін
неге ерте айтпадың?» – деп, кейін кейіп жүрмесең, жарар.
– Түу, Жүзік, қойшы енді! Ана шетіне баршы малдың! Жылқының
соңынан қарағайдың ішіне кіріп кетсе, бұта-бұтаның арасында қой қалып
қояды, қайыршы, бар!
– Барайын. Қайырайын. Бірақ айтқаным айтқан, Тазабек келген түні
соны істеймін, дайындала бер! – Жүзік сөйлей жүріп атына мінді де,
жалпақ сайдың шығыс жақ бетіне қарай шаба жөнелді.
– Ақырын! Атыңнан ауып түсіп жүрерсің.
– Қорықпа, жығылсам, жер көтереді.
Сырт ізет қылғанмен, іштей Жүзіктің қылығын Шəйі құп көрді, ақыр
болатын нəрсе тезірек болса екен деп тіледі.
***
Жақыпбердіден: «Жəрмеңкені шабамыз. Ағайын, көмекке кел!» – деген
хабар жеткенде, «Ə, құдай, тілегімді бердің-ау!» – деп қуанды Тазабек.
Аңшылық жаса деп Василий берген ескі қосатарын мойнына іліп, атына
тас түйін мінді.
Сол күні жəрмеңкеге жетпей, іргесіндегі Бөлексазға келіп қонды.
Атынан түсіп жатып байқағаны: əр үйдің алдында он шақты, жиырма
шақты байлаулы ат, ауыл іші қаптаған алашапқын адам. Бүгін бір топ жігіт
Жəркентпен байланыс жасап жатқан Темірлікті, екінші топ Қарақолмен
хабарласып тұрған Талдыбұлақ поштасын тас-талқан қиратып келіпті.
Қаһарына мінген халық ертең Қарқара жəрмеңкесін шаппақ. Адамы түгіл,
Қарқараның ауасы да бүгін ашу-ызаға булығып тұрғандай: түйілген қара
бұлт не жаумай, не жылжымай, жəрмеңкенің үстін қара түндікше қаптап
алыпты. «Талдыбұлақты шапқанда, Василий қайтті екен, қоңсы отырған
Дəнекер не болды екен?» – деген ой бір жылт етті де, жалп сөнді.
Ертесі жұрт жəрмеңкенің желке тұсына жиналды. Жақыпберді бұйрық
іспетті тапсырма айтты. Ірі денелі, сұсты, үні зор, ашуланған адамша
зіркілдеп сөйлейтін сұсты кісі екен.
– Жамағат! – деді басындағы тұмағын жұлып алып жоғары көтере.
Аттылы жұрт тырп етпей тынып тыңдады. – Арғы тегіңде қол бастаған
атаң бар деп, жəрмеңкені шабуды маған тапсырдыңдар. Жаудан емес, мен
осы істің жауаптылығынан жүрексініп тұрмын. Өз басым осы жолда өліп
кетсем де өкінбеймін. Өйткені осы елден аяп қалар ештеңем жоқ. Менің
міндетім – орыс өлтірген Тазабек атамның да, қазір орыс тұтқынында
жатқан Əубəкір бауырымның да кегін қайтару емес, қорланған қазақтың
намысын қорғау. Бəріміз бүгін намыс үшін біріктік, сол үшін атқа қондық.
Біріккендіктен, біз күштіміз. Жəрмеңкеде мылтық көп, бізде аз. Сондықтан
елді қорғайтын адам алдымен өзін қорғасын. Өйткені өлген адам ешкімді
қорғай алмайды. Өлімнен қорықпайтын адам болмайды. Бірақ ажалы
жетсе, қорыққан да өледі, қорықпаған да өледі. Сондықтан бекер өлмей,
жауыңды жастана өлу керек. Жаудың қолынан өле салу ерлік емес, жауды
өлтіру – ерлік. Осы есте болсын. Ал кеттік!
Тебініп, шоқыта жөнеліп еді, қаумалай тұрған бауырлары, бір жіпке
тізбектеп қойғандай, тобымен дүр ете қалды. Жұрт та жаппай соңдарынан
шоқытты. Жəрмеңкені жеп қоятындай, бəрі біраздан кейін жөңкіле шапқан.
Əлдекім кенет:
– Ойбай, оң жағымыздан орап келеді! – деді қылғынып.
Жалт қараған Тазабек шоқақтап шауып бара жатқан жиырма-отыз
əскерді көрді.
– Қоршағалы келеді! Əне! Алдыға қара! – деді тағы біреу бақырып.
Сол жақ қапталдан мылтығы шошайған бір топ жаяу жақындап
қалыпты. Тазабек ең алдыңғысын көздемей атып қалды. Ажалы жоқ па, оқ
тиетін-ақ жерде тигізе алмады. Аң ату мен адам атудың айырмасы бар екен:
адам атқанда, қолың ғана емес, жүрегің де қалтырайды. Айнала пырс-пырс,
тарс-тұрс түтіндеді де кетті. Оққа ұшқандардың шыңғырған, қылғынған
жан даусы əр тұстан естіліп жатты. Ақырында аман қалғандары тауға қарай
жалт берді.
– Қаша атыс! Тоқтамай ат! – деген Жақыпбердінің айқайы естілді. –
Жау жасқанбай атса, түгел қырыласыңдар!
Алайда қазақтар атысып жарытпады. Жақыпбердінің жанындағылар
ғана біраз оқ шығарғанмен, басқалар бейберекет бірден, екіден тарс-тұрс
еткізді де, тауға қарай тым-тырақай қашты.
Тазабек шауып бара жатып артына еңкейіп қарағанда, қалың қаудың
ішінен қараң еткен бір əскерді байқады. Бірақ қосатарын қайта оқтағанша
оқ жетер шамадан тым алыстап кетті. Сонда да сол жаққа қарата басыпбасып қалды: тым болмаса, жасқанар деп ойлады. Қатар келе жатқан біреу
ат-матымен омақаса құлады. Оң жағында келе жатқан да ыңқ деп атынан
ұшып түсті. Қырылды қазақ.
Жұрт жота асып барып ат басын тартты. Тазабек топ ішінен атасы мен
Ағынтайды іздеді. Қалың нөпірдің қалқасында Тілеулі ақсақал аман-есен
шауып өткен шығар деп шамалаған. Екі-үш топтың арасынан таппады.
Тағы бір топқа кимелей кіріп бара жатқанында, қасынан өткен біреу таныс
кісі секілденді. «Қайдан көріп ем?» – деді есіне түсіре алмай. Ол да, сірə,
сөйткен болу керек, өтіңкіреп барып артына бұрылды.
– Тазабек аға! – деді ол да кеш танып.
– Сопыйа! – Қызға қарай атын тебіне ұмтылды.
Екеуі ат үстінде құшақтасып, арқа-жарқа амандасты.
– «Қайдан көрген жігітім?» – деп тұрсам, еркекше киініп апсың ғой?
Мұныңды қалай түсінуге болады? Сен кімге қарсысың?
– Мен ежелден əділетсіздікке қарсымын. Оны орыс жасай ма, қазақ
жасай ма, маған бəрібір. Əрине, өз ұлтыма оқ атпаймын, бірақ қолымнан
келген көмегімді қазақтан аямаймын. Өйткені мен оның жер-суын
мекендеп өстім.
– Əй, Сопыйажан-ай, орыстың бəрі осы сендей болса ғой, əттең!
Екеуі топты қақ жарып оңаша шығып кетті. Əлдене айтқысы келген
адамша, Тазабек қайта-қайта Сопыйаға қарағыштай берген.
– Аға, не болды? Өз көзіңізге өзіңіз əлі сенбей келесіз бе?
– Жоқ, – деді Тазабек жұлып алғандай – саған сүйсінгенімнен аузыма
сөз түспей келеді. Дəп осындайға сені барар деп еш ойламаппын. Мұныңа
əке-шешең, ағаң қалай қарады?
– Олар менен ат құйрығын кесіп кетті. Мен Қожаққа ілесіп қазақтарға
қосылдым.
– Қай Қожақ?
– Өзіңіз білетін диірменші Қожақ.
– Сиыршы Қожақ екен деп, жүрегім су ете қалғаныншы!
– Түу, тегі, маған дұрыстау қазақты да қимайсыз ба? Əне Қожағыңыз
соңымнан қуып келе жатыр.
– Өй, сен Сопыйаны қайда оңашалап барасың? Шық жекпе-жекке! –
деді атын тебініп.
– Шықсаң, шық! – деді Тазабек те қарсы тебініп. Тебінісе жақындап,
екеуі құшақтаса кетті.
– Бармысың, ей, бауырым?! Бір-бірімізбен қанжығада көрісетін күн
туды ма, не болды?– деді Қожақ дауысы бұзылып.
– Қайда көріссеңдер де, аман көріскендеріңе тəубə қылсаңдаршы, – деді
əлдекім ту сыртынан:
Жомарт екен. Қолында қоқиған найзасы. Қарағай саптың ұшына темір
қазық байлап алыпты. Шолаң қаққан батырларша əлгісін сілкіп-сілкіп
қояды.
– Нағыз жау түсіретін батырға ұқсайсың, – деді Қожақ кекеткені де,
қошеметтегені де белгісіз дауыспен.
– Тазабек құсап қорқып, мен алыстан атпаймын, жаудың дəл жанына
барып, дəл жүрегінен шаншимын.
– Атың жарау екен, жанына барсаң, барып қаларсың. Бірақ барарың
барып алып, қайта қаша алмай жүрме.
– Жауға шабуға жараған ат жаудан қашуға да жарайды.
– Міне бұл айтқаның – шындық. Сен шабудан бұрын қашуды ойлап ат
қамдағансың.
– Айналып келгенде, сен менің жақсы ат мінгенімді де көре алмай
тұрсың. Ал егер жақсы қатын алсам, онда жарылып өлетін шығарсың.
– Қойсаңшы, сен жеңілдің, – деді Сопыйа Қожаққа күле қарап. – Сенің
шоқпарыңнан Жомарттың найзасы ұзын, атыңнан аты жүйрік, сенің алған
қатыныңнан оның алмаған қатыны сұлу, енді жеңілмегенде, нең қалды?
– Əй, – деді Жомарт елең етіп, – сен қашан қатын алып жүрсің?
– Сен найзаңды қайрап жатқанда.
– Қылжақтамай, шыныңды айт, атпен ойнасаң да, қатынмен ойнауға
болмайды.
– Сен ғой қатыныммен ойнап тұрған.
– Мынау не оттап тұр, ей? Қатының Сопыйа ма?
– Иə, дəп өзі, Жомеке, – деп, Сопыйа ат үстінде еңкейіп, сəлем салудың
ишарасын жасады.
– Мынау жынды, ей, – деп Жомарт шиқ-шиқ күлді. – Біз орыстармен
соғысып жүрсек, бұл олардың қызын алып жүр. Өстісем, жаным қалар
деген қулығы ғой.
– Қалай ойласаң, солай ойла, Жомарт. Сен құсап қу тіземді
құшақтағанша, орыстың қызын құшақтағаным артық.
– Əңгіме Қожақта емес, Сопыйада, Жомарт, – деді Тазабек сөздің
тізгінін тартып. – Орыс қазақты қырып жатқанда, қазаққа келін боп жатқан
Сопыйаның қылығы, қалай айтсаң да, адам сүйсінетін қылық. Құтты
болсын, бақытты болсын! Мен де, құдай қаласа, жақын күндерде үйленейін
деп жүрмін, əкем көзі тірісінде Тілеулі ағаның қызы Шəйіге құда түсіп
қойған. Қайнатам мен қайнағамнан атыс кезінде көз жазып қалып, соларды
іздеп келе жатыр ем, Сопыйа кездесіп қалды да, артынша сендер келіп,
бөгеліп қалдым. Жүріңдер, бірге іздейікші!
...Ағынтайдың алдында ұзынынан сұлап жатқан Тілеуліні көргенде,
Тазабектің жүрегі тас төбесіне шықты. Оң жақ қара санынан тиген оқ
жамбас сүйегіне жетіп тоқтапты. Қуғыншылардың қолына түспей, қайта
бұл араға құламай жетіпті. Ем-домнан хабары бар Сімтік дейтін шал тоқым
күйдіріп басып, қанын əзер тоқтатыпты. Ағынтайдың жейдесін жыртып
жіберіп, сонымен санын таңып жатқанда қарт көзін ашты.
– Ағынтай! – деді көзімен баласын іздеп. – Мені тездеп үйге жеткіз,
балам!
Қарттың беті əрі емес, бері қарай бастапты: бір сəт ыңыранып, бір сəт
тыным тауып, əйтеуір, тірі екенін білдіріп жатты.
– Оқты сорып алатын емеген, не тіліп алатын оташы тапсаңдар, тəуір
болар еді, – деді Сімтік Ағынтайға қарап. – Асқындырып алмасаң, əкең бұл
жарақаттан өле қоймайды.
– Менде йод бар еді, – деп, Сопыйа атынан түскелі жатқанда, əлдекім:
– Ойбай! – деп барқ ете қалды. – Жотаға қараңдаршы!
– Е, көш қой, не көрінді сонша? – деді жылдамдау біреу жекіп.
– Көштің алдында ақ ту көтерген көк аттыға қараңдаршы: ер-тұрманы
түгел күміс, күнге шағылысып жалт-жұлт етеді. Ақ ту көтергені – біз
бейбіт адамбыз дегені. Тұрқы біздің жақтың адамы емес-ау. Алыстан келе
жатқан болар.
– Төһ, үлкен көш екен, тегі! Тең артқан түйесінің өзі қырық шақты.
Таудың қапталы толған мал, бір болыс ел бір-ақ көтерілген болу керек.
– Ойбай! – деді манағы барқ еткен дауыс. – Қыратын болды! Алдынан
əтірет шықты.
– Өй, бейбіт көшті неге қырады?
Жотаға шыға келген топ аттыны сайға тығылған бұлар да, көшіп келе
жатқандар да бір сəтте көрді. Көш бастаған көк атты сəл бөгелгендей болды
да, ақ туын тастай беріп, екі қолын көкке соза шалқалай барып құлады.
Мылтықтың пырс еткен үні Тазабектерге сонда жетті. Бəрі шу ете қалды.
Жапатармағай қарсы беттегі қарағайға қарай қашты.
– Енді қайттік? – деді Ағынтай алақтай сасып.
– Атамды маған əперіңдер! – деді Тазабек атына қарғып мініп.
Ағынтай мен Жомарт қартты жерден қос қолдап көтеріп алды. Сопыйа
да сүйесті. Тілеулі тістеніп, дыбысын шығармай шыдады. Тазабек оны
құндақтаулы балаша құшақтап, алдына өңгеріп алды. Жота жақтағы тырстырс, пырс-пырс, шыңғырған, қылғынған дыбыстан аспан төңкеріліп келе
жатқандай еді. Қаңғыған оқтың дыбысы ызыңдап, тиген оқтікі тұншығып
шығатынын Тазабек білетін. «Қырды-ау! Қырылды-ау!» – деді жаны
түршігіп. Қалған жұрттың қайда қашып тығылғанын бір құдай білсін, бұл
араны бес саусағындай білетін Тазабек қарағайға іліккен соң, «тура жүр»,
«оңға бұрыл» деп отырып, ақырында бұларды дəу жартастың жалпақ
төбесіне əкеп шығарды. Тілеуліні жерге түсіріп, сол арада Сопыйа
жарақатын қайта қарап, қайта таңды.
– Санын тіліп, оқты суырып алсақ, жақсы болар еді, – деді. – Əйтпесе
іріңдеп кете ме, кім біледі?
– Сен тілесің бе? Қорықпайсың ба? – Тазабек бетіне күмəнмен қарады.
– Атам атқан оқтан қорықпағанда, мен тыныш жатқан оқтан қорқам ба?
Менде тек құрал-сайман жоқ.
– Оны қайдан табамыз?
– Жалаңашта Сергейчук деген пелшір бар. Өзі келіп қараса, тіпті
жақсы. Келмесе, құрал-сайманын бере тұрар.
– Онда атамды əуелі үйге жеткізейік. Сонан соң Жалаңашқа екеуміз
барып қайтайық.
– Жоқ, Тазабек, сен əуре болмай-ақ қой. Сопыйаны өзім апарып
қайтайын. «Сен кімісің?» – десе, мен «күйеуімін» дермін, ал сен сөз таба
алмай қалып, бекер күдік тудырып алып жүрерсің.
– Ойпырмай, сені мұндай қызғаншақ деп кім ойлаған?
– Қызғанайын, қызғанбайын, келіншегімнің бөтен еркекпен кетіп бара
жатқанына қалай жайбарақат қарап тұрармын?
– Болды-болды! – Сопыйа ақырын ғана Қожақты иығымен қақты. –
Қылжақты қоя тұрып, əуелі жаралы адамның жағдайын ойласаңдаршы.
Тазабек дереу өз ойын айтты:
– Жомарт екеуміз қарағайдың ішінен екі-үш сырық тауып əкелейік те,
содан көтергі жасайық. Сонда атам да, біз де қиналмаймыз.
– Бірақ байқаңдар, – деді Сопыйа қарттың қасынан берірек келіп. –
Мыналар Фон-Бергтің баскесерлері болар. Онымен ойнамаңдар. Ол жауыз
сайдың аузын бағып жатуы мүмкін.
– Беркің кім? – Тазабек түкке түсінбей, Сопыйа мен Қожаққа кезеккезек қарады.
– Менің қазақ ішіне біржола келуіме, шынын айтсам, сол Берг себеп
болды. «Жаман сырын айтам деп, шынын айтады» дейді ғой; егер Қожақ
ренжімесе, айтып берейін.
– Айта бер, елден естігенше, өзіңнен естісін.
– Сіздер білесіздер ме, білмейсіздер ме, менің Қожаққа қосақ
болғаныма бір-ақ күн өтті.
– Міне қызық! – деді Жомарт күліп. – Мен бұларды баяғыда үйленіп
алған деп жүрмін ғой. Бірге жүреді, бірге жатады, қайдан білейін?
– Өтірік айтпа, Жомарт. Бірге жүрдік, бірақ бірге жатқан жоқпыз.
– Орыстар үйленгенше де өйтіп-бүйте береді дейді, қайдан білейін?
– Мынаған қой дейтін біреу бар ма, жоқ па? Адамға, тегі, ауыз
аштырмады ғой.
– Қой, ей! Атамнан ұялсаңшы! Берік деген бəленің кім екенін білейік те.
– Тазабек аға, оның əкесі де, өзі де осы Жəркент жақта қызмет жасап
келе жатқан адамдар. Фон-Берг дегеніне қарағанда, арғы түбі таза орыс та
емес шығар. Кеше ертеңгісін əкем сырттан сұп-сұр боп келді. «Кеше
қазақтар Башарин мен Зубковтың омартасын талқандап, өздерін өлтірмек
бопты. Бəрі үй ішімен тоғайға тығылып аман қалыпты. Олар бізге де тиісуі
мүмкін. Башаринге барып, анық-қанығын өз көзімізбен көріп қайтайық», –
деді. Əкеме ағам екеуміз ілестік. Барсақ, ауласы толған əскер. Санадым.
Бергтің өзін қосқанда, барлығы жиырма тоғыз адам. Берг екі көмекшісімен
бірге Башариннің қасында отыр екен. Əкем жағдайды сұрап еді, сол-ақ
екен, ал кеп Берг ағытылды дейсің, құдай сақтасын, ондай мақтаншақты
өмірімде көрген емеспін. «Мені ротмистір Кравченконың өзі жұмсады, –
деді, дəп бір ақ патшаның өзі жұмсағандай. Даусы да барабанның
қуысындай дүңкілдеген бірдеме екен. «Орыстардың омартасын қиратып,
өздерін ұрып-соғып жатыр екен қазақтар. Барып быт-шытын шығар!» – деп
бұйырыпты Кравченко. Содан Қарқарадан шығып, түнгі бірде
Талдыбұлаққа жетіпті. Түнгі екіде қазақтардың қарауылына кезігіп, оны
атқылап қуып тастапты. Кəдімгі қан майданда жүрген жауынгердей
мақтанады. Сөзіне қарасаң, қазақ пен орыстың арасында қырғын соғыс
жүріп жатқандай. Таңғы бесте Түп өзенінен өтіп, бір ауылдың үстінен
шығады. Ауылдың шетінде екі қарауыл тұр екен, екеуін де атып салады. Ол
қарауыл ма, жай тұрған адам ба, анығын бір құдай білмесе, ешкім білмейді.
Өйткені ол екеуі Бергке еш қарсылық көрсетпеген. Берг олардың қасына
бармаған да сөйлеспеген, көрген бетте атқан да тастаған. Берг пен олар бір-
біріне соғыс жариялаған екі мемлекеттің адамдары сияқты. Əлгі екі
қарауылдың өлердегі айқайынан ауыл оянып, бұларға қарата бейберекет оқ
атыпты. Бергтің нөкерлері уралап ауылды шауып, таңғы бесте тəтті ұйқыда
жатқан қазақтың елуін қырыпты. Өзі «қазақты өлтірдім» демейді,
«көтерілісшілерді өлтірдім» дейді мақтанып. Оның көтерілісшілері,
көрдіңіз бе, ауылда бейқам ұйықтап жатқан қазақтар. «Қалғаны үй-жайын,
мал-мүлкін тастап, тауға қашып кетті», – деді беті бүлк етпей. Қарусыз
қатын-бала тауға қашып кетпегенде, қайда қашып кетеді енді? Қайта
таудың пана болғанына шүкір! Жыным келгені сондай, зығырданым қайнап
зорға тыңдадым. Кəдімгі өзі тектес қарулы əскермен соғысып жүргендей
бөсті: «Сол шабуылда Айса деген тараншы ерлік жасап, екі көтерілісшіні
тапаншаман жайратып салды», – деп соқты. Қарусыз қазақты жайратып
салғанды да ерлік санаған ессізге не дерсің?!
– Олардың ішінде тараншы қайдан жүр? Қазақта оның қандай кегі бар
екен?
– Оны мен қайдан білейін, Жомарт. Бергтің айтқаны солай. Ол ауылды
қырып салғаннан кейін Түпті құлдай келіп таңғы сегізде тағы бір ауылға
тап келіпті. «Əлгі ауыл бізді көріп, найзаларын ұстап бізге қарсы шықты»,
– дейді Берг. Мұның көтерілісшілері, көрдіңіз бе, шетінен өз ауылында
тыныш өмір сүріп жатқан қазақтар болып шығады. Əскерін екі топқа
бөледі де, ауылды қоршап алып қылыштап қырады. «Сол қолма-қол
шайқаста сексенін өлтіріп, он екісін жараладық», – деді қысылыпқымтырылмай. «Қолма-қол шайқаста», – деді ұялмай, тап бір қазақтар да
қылыш ұстап қарсы шыққандай. Айтуынша, мұнда да «қалғандары» тауға
қашып құтылыпты, үйлерін өртепті, бірақ ол үйлердің бала-шағасы мен
қатын-қалашы қайда кеткені жайында аузын ашпайды. Қарқараға қарай
беталып келе жатқан жолда өз қолымен тағы төрт адамды атып өлтіріп, он
үйді өртеп, Башаринге қайта келіп отырған кезі екен.
Мен шыдамай кетіп: «Үйлерді өртегенде, ол үйдің бала-шағасы мен
қатын-қалашын қайда жібердіңдер? Оларды да өртеп жібердіңдер ме?» –
деп едім, Берг орнынан ұшып түрегелді. «Жауда бала-шаға, қатын-қалаш
деген болмайды. Немене, жаның ашып отыр ма?» – деді түкірігі шашырап.
Мен де орнымнан ұшып тұрып: «Өзіңізбен соғыс даласында кездескен
жаумен емес, Ресейдің өз жұртын, өз халқын өз ауылында, өз үйінде
ұйықтап жатқанда қырып салғаныңызға сонша мақтанғаннан ұялмайсыз
ба? Тым құрыса, бір адамыңызды атып өлтіріп, сол үшін оларды қырып
салсаңыз, онда мен сізді түсінер едім. Ал, айта қойыңызшы, сонша адамды
қандай себеппен қырып салдыңыз?» – дедім. Қалшылдап, қолын екі-үш рет
наганына апарып қайтарып, апарып қайтарып, не істерін білмей, əбден
долданды. Ақырында: «Уһ! Сатқын қаншық!» – деді басын кекжите сілкіп.
«Тарт тіліңді, тұрпайы! Əке! Аға! Сендер де осы жауызды жақтап
отырсыңдар ма? Жазықсыз, қарусыз халықты қырып салғанына мақтанған
мыналар орыстың жауынгері деген аттан садаға кетсін!» – дедім де, үйден
шығып жүре бердім.
– Əй, айналайын Сопыйажан-ай! Сен сөйтпесең, Сопыйа болармысың?!
– деп, Тазабек құшақтай алды. Көзінен жас та шығып кетті.
– Міне, батыр деп осыны айт! – деді Жомарт күліп. – Ал əкең мен ағаң
қайтті? Ананың қасында қалды ма, жоқ сенімен бірге кетті ме?
– Екеуі артымнан қуып жетті. «Қай жерде қалай сөйлеуді білмейсің. Өз
мемлекетіңе өзіңді қарсы қоясың. Оны да, Кравченконы да мемлекет
жұмсамағанда, кім жұмсады ғой деп ең?» – деп əкем сөкті. «Енді бізді
Кравченко да, қазақтар да қорғамайды, босқа қырыламыз», – деп ағам
ұрысты. Қысқасы, енді маған бұл үйде бейбітшілік жоқ екенін түсіндім де,
бір киерімді үстіме іле сап, «Қожақ, қайдасың?» – деп тарттым да кеттім.
– Əке-шешең Қожаққа тиіп алғаныңды біле ме?
– Білуі де, білмеуі де мүмкін. Қорадан шығып бара жатқанымда шешем:
«Əй, қайда барасың?» – деген. «Қазақтарға» – дедім. Оны қалай түсінгенін
қайдан білейін. Міне, Жомарт мырза, Қожақ екеуміздің кенет
табысуымыздың құпиясы осылай.
– Е, Берік зəлімнің пайдасы жалпы қазаққа тимесе де, Қожаққа тиген
екен.
– Жаңағы бейбіт көшті қырып салған да сол. Ол – Кравченконың
осындағы қолшоқпары. Ертең ол, сөз жоқ, ақ ту көтерген бейбіт көшті
емес, қалың көтерілісшіні қырып салдым деп мақтанады. Одан өте сақ
болыңыз, Тазабек аға. Қазақтардың қарағайға тығылғанын көрді, одан
қайткенде де бір шығатынын ол бəле біледі. Бір жерде бұғып жатпасын.
– Біз де бұғынып барып байқармыз. Көтергі болмаса, атамды атпен
алып жүре алмаймыз ғой.
***
Бұғына-бұғына, сақтана-сақтана сайдың табанына түскен соң, тым
ашыққа шықпай, Тазабек пен Жомарт шоқ-шоқ бұтаның қалқасына
тығылып, біраз тың тыңдады. Күдік шақыратындай ештеңе естілмеді.
– Қарағайдың ішімен жоғарылап байқайық, – деді Жомарт. Екеуі
қайтадан қарағайдың ішіне кірді. – Берік деген бəле Талдыбұлақтың
төңірегінде тірі жан қалдырмады. Оларды да қырып кеткен бе əлде көшіп
кеткен бе, Кемелбайдың да құры жұрты жатыр.
Ол сөздің өзіне арналған хабар екенін Тазабек бірден түсінді.
– Бəлкім, ағайын-туыстарын сағалап кеткен шығар?
– Мен де солай жорамалдадым. Дəнекердің төркіні Тасашы жақта ғой.
Жөн сұрайтын тірі пенде табылмады. Тапсам, сенен шүйінші алатын едім.
– Жарайды, ескі жараның аузын тырнап қайтесің? Қалжыңдаймын деп,
Шəйінің жүрегін ауыртып аларсың.
– Оңашада есіңе сап қойғаным ғой əншейін. Өйтпесем, қылт еткенді
қағып кетесің ылғи.
– Менің аяғым байланды, енді бəрі сенікі.
– Иə, қарық қылдың. Қазір бəрі – бұлыңғыр дүние. Қатын алмақ тұрмақ,
жан сақтаудың өзі қолымыздан келе ме, келмей ме, бір құдай білсін.
– Тоқташы!
– О не?
– Тыңдашы! Құлағыма бір дыбыс шалынғандай болды.
– Иə, біреу ыңырсиды. Мына арада.
Ұшқат пен қарақат ұйысып өскен жыңның түбінде қамқа бешпентті
жап-жас жігіт қан-жоса боп жатыр екен. Оң қолтықтан қылышпен
шауыпты. Тұқыл иықтан аққан қан белуарына дейін ұйып, бозөкпеше бөгіп
қалыпты. Тазабек атынан түсе сап тамырын ұстап, кеудесін тыңдады.
– Жаны бар! – деді қуанып. – Шап, Жомарт, Сопыйаны алып кел!
– Өзің шап, мен ол араны таба алмаймын.
Тазабек жанұшырып асыққанымен, Сопыйа мен Қожашты алып
жеткенінше жас жігіт бақилыққа жүріп кетіпті.
– Қансырап өлген, – деді Сопыйа ары-бері қарап. – Сəл ертерек
тапқанымызда, аман алып қалғандай екеміз. Бəлкім, бұдан басқа біреулерге
көмегіміз тиер, беткейге дейін барып көрейік.
Əуелде үркектеп, жалтақтап, біраздан кейін ептеп үндері шыға бастады.
– Ойпырмай, төңірек тып-тыныш қой! – деді Қожақ жота жаққа күн
сала қарап. – Тегі, түк болмағандай.
– Ойбай, əне жатыр!
Бəрі Жомарт жаққа жалт қарады. Үйме-жүйме тоғыз өлік теңнен
шашылған мүлікше теңкиіп-теңкиіп жатыр екен. Атпапты. Бірін қылышпен
басынан екі-үш шапқылап, бірін мылтықтың істігімен əлденеше шаншыптүйреп өлтіріпті. Өліктің бірде-бірінің қолында иə маңайында не шоқпар,
не найза, тым құрыса, бақан да жоқ, тек шеткі жатқан жігіт қамшысын
қолынан шығармай сұлапты. «Тоғызын да бір-ақ солдат өлтірді ме екен? –
деп ойлады Тазабек. – Қашып бара жатқан жұртты артынан қуып жетіп,
бірінен кейін бірін құлатқан-ау?!» Атының басын тартпай, меңіреу адамша
кете берген екен. Кенет аты тоқтай қалған соң, ес жиып, атының аяқ астына
қарады да, біреу мыйына ине шаншып алғандай шіміркеніп кетті. Шошына
түршікті. Тап алдында екіқабат əйел ат-көрпесімен жайрап жатыр екен.
Қолтықтан қиғаштай шапқан қылыш əйелдің ішек-қарнын ақтарып
тастапты. Қан-жынға араласып жатқан шарана шақаны көргенде, ыңырана
өкіріп жіберді.
– Жауыздар-ай! – деді үнінің шыққан-шықпағанын өзі де естімей. Үні
көмейінен емес, жүрегінен шыққандай болды. Көзі бұлдырап, бет алды
көрінбей, əлденеден, əлдекімнен көмек іздегендей жан-жағын қарманып, ат
үстінде теңселе шайқақтап кетті. Бір адамы өлсе, бүкіл ауылы бауырымдап
жылайтын қазақ қынадай қырылып жатқанда неге үнсіз? Бəрі өлген бе əлде
намысы өлген бе? Намысты өлтіретін не, үрей ме? Үрей сонда өлімнің
өзінен де үрейлі ме? Шынында, тірі өліктің тартар азабы шын өліктен
əлдеқайда ауыр, əлдеқайда зор шығар? Содан, сірə, өзінің де көзінен жас
шықпай жылап келе жатқаны?! Бірақ мынандай жауыздыққа бақырып
жылағаның жауап бола ма? Оған жауап – тек кек алу. Тебінді ме əлде
тізгінін тартты ма, аты, əйтеуір, өлік-өліктің арасымен осқырына желіп
кетті. Бүкіл беткей жайраған өлік. Көбін басынан, кеудесінен, кейбірін
ішінен, бірен-саранын төрт-бес жерінен шапқылап, түйреп, туралап, ит
тартқылаған тулақтай дал-дұлын шығарып тастапты. Айтса, адам
нанбайтын, көріп тұрып, көзің сенбейтін сұмдық! Осыншама орыс
өшігетіндей, мұншама кектенетіндей бұл байғұстардың не кінəсі бар еді?
Еркекті еркек деп, қолына қару тисе, қарсылық көрсетеді деп қырсынақ, ал əйел-ананы қылыштап өлтірген əскер қандай əскер? Оны адам деуге
кімнің аузы барады? Жендет! Жай жендет емес, қанішер жендет! Қазақ
болғаны үшін ғана қырылып жатқан қайран қыршындар! «Ат!» – деп Берік
жауыз бұйрық берсін-ақ, алдында əйел тұрғанын, оның жүкті екенін көрген
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Əй, дүние-ай! - 04
  • Büleklär
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2127
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2152
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3957
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2173
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2061
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2080
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2223
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4025
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1688
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.