Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 07

Süzlärneñ gomumi sanı 4007
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
кезде, орнынан Қарға екі ұмтылып тұра алмай, үшіншісінде əрең тұрды.
– Əй, жүрегім сезіп еді-ау! – деді Дəулетбайға қарай тəлтіректей аттап. –
Сезіп ем-ау сенің тірі екеніңді!
Дəулетбай түрегелген бойы тұрып қалды. Екі бауыр құшақтасып,
еңкілдеп едəуір жыласты. Оған қазақтар жарты жұмысы біткендей
жымыңдасты.
– Қалай ұмыттың, қалай? – деп, Қарға басын шайқай берді.
– Қашан балалы-шағалы болғанша ұмыта алмадым, есімнен шықпадың.
– Апырмай, бала бауырды ұмыттырады екен-ау, менің ұмыта алмай
жүргенім баламның жоқтығынан екен ғой? – деп, Қарға көзіне тағы жас
алды.
– Бауырдың баласы бауырға бөтен болмайды, сіз бүгін аға ғана тапқан
жоқсыз, ағамен қоса бала да тауып отырсыз, Қарға аға. Жылайтын жөніңіз
жоқ, – деді Көкшегір.
– Дұрыс айтасың, Қожеке батырдың қызы. Дұрыс айтасың, – деп, Қарға
өзін өзі зорлап, азар жымиды.
Дəулетбай содан кейін неге келген жөндерін айта бастап еді, сөздің
мəнісін түсіне қойған Қарға орнынан тұрды да, ағасына қарап қолын
қусырды.
– Болды, болды! Алдыма Қожеке батырдың қызы келсе, қолға түскен
ағамды құл етпей, ұл еткен қазақтар келсе жəне жай келмей, бір ағамды
тоғыз ұлдан өрбіген бір ауыл етіп əкелсе, мен қазақтардың қандай шаруасы
болса да шешіп беруге дайынмын!
Қарға бұларды байтал сойып қонақ етті. Кетерлерінде қазақы жөнмен
бұйымтай сұрады.
– Қам жемей қайта беріңдер. Малдарыңды кім алса, соның өзіне
апартып бергізем. Шегарадан қай күні өтетіндеріңді білдірсеңдер, со күні
шеріктерге тапсырма бергізем, бəрі ойдағыдай болады, – деді.
Қарғадан қарық боп қайтқан бұлар үш қыз бен Шəйіні қалмақтардың
тартып əкеткенін естігенде есеңгіреген адамша ес-түссіз ұзақ отырып
қалды. Жарық дүниенің түндігі жабылып, жер əлемді қапас қараңғылық
қымтап алғандай көрінді. «Енді қайттім?» – деді Тазабек түңіліп. Өзінен өзі
сұрап, өзіне өзі жауап бере алмады. Жауабы да жоқ, шешімі де жоқ
тығырық тəрізді.
– Қарғам, – деді шешесі дем беріп, – əкең өлгеннен кейін де өмір сүріп
жаттық қой. Тірі адам тіршіліктің тозағын да тартады, азабын да көреді,
одан тек өлі адам ғана құтылады. Ішінде ұрпағың бар əйелді жауда
қалдырма. Ол – сенің болашағың. Тек ішіндегісі аман болса екен!
Қарындасың да ағам құтқарады деп сеніп жатқан шығар. Бəріміз бір саған
сеніп жүрміз, шырағым.
Тазабек анасының айтқанын да, айтпағын да түсінді. «Кеудемде жаным
барда Шəйіні жылатпаймын!» деген уəдесі де есінде.
– Сабырыңды жоғалтпа, – деді Жүзік Тазабек мылтығына қол созып
жатқанда. – Ана екі қыздың ағайын-туысы да дайындалып жатқан.
Дəулетбай ағаның екі үлкен баласын қасыңа алсаң, онда Қарға тағы
көмектесетін шығар?
Дəп осы ақылдың дер кезінде айтылғанын түсініп, Тазабек Жүзікке
сүйсіне қарады.
***
Ертесі қас қарая дүлей қалмақ тағы келгенде, «Бұдан да өлгенім жақсы
еді!», – деді Шəйі түңіліп.
– Қатын болуға көнемісің? – деді қалмақ еңкейіп.
Шəйі басын шайқады. Анау бір қолымен қапсыра құшақтап алды да,
екінші қолымен аяғын шеше бастады.
– Тəй-ке-е-ен! – деді Шəйі тұншыға шыңғырып. Тұла бойы тыпырлап
қашты. Бірақ жанын да жаралаған, арын да арамдаған қараңғылықтан
құтыла алмады.
***
Тазабек бастаған алты жігіт Қарғаға тағы келді. Ол бұларды үн-түнсіз
түнеріп тыңдады.
– Төргенің адамдары екенін айтуларыңнан болжап отырмын, – деді
қабағын түйіп. – Малдарыңды айдап əкеткен де солар. Бүгін қайтарып
беруге тиіс. Жігіттерім оны өздері жайғастырады. Ал мынаған өзім
араласпасам, болмас. Сіздер шай ішіп жайғаса тұрыңыздар, мен
жігіттерімді əзірлей берейін.
Жиырма шақты сақадай сайланған жігіт əп-сəтте жиналды. Қарғаның
соңынан тау бөктерлей тіке солтүстікке тартты. Дəу қораны төңіректей
отырған бес үйлі ауылға бұлар түс ауа жетті. Қарға əлдене деп қалып еді,
жігіттері лездемде əр үйді төрт-бестен қоршап ала қойды. Сонан соң өзі
алдыға шығып, аспанға екі дүркін оқ атып еді, бар үйдің адамдары сыртқа
ытып-ытып шықты. Тек үшінші үйдің есігі ашылмады.
– Əйелің ана үйде, – деді Қарға сол үйді Тазабекке иегімен нұсқап. –
Алып шық!
Мылтығын жүре кезеп, Тазабек солай беттеді. Аяғы байлаулы, аузы
таңулы Шəйіні кірген бетте бас салды. Əуелі аузын шешті де, көтеріп алды.
– Енді мені өзің де алма, қалмаққа да қатын қылма, өлтіріп кет! – деді
Шəйі баж етіп.
– Шəйі! – деді бірінші рет оған жекіп. – Егер осы сөзіңді елдің көзінше
тағы айтатын болсаң, онда, шынында, өлтіріп кетем! – Сыртқа көтеріп
шыққан соң, аяғындағы жібін елдің көзінше бəкісімен кесті де, Шəйіні
көтеріп əкеп атқа мінгізгелі жатқанда:
– Тұра тұр! – деді Қарға қамшысын көтеріп. – Атты да, ерді де мынау
тауып береді. – Тазабек жалт қарап, Қарқара жəрмеңкесіне жылда келетін
жалпақ бет қалмақты бірден таныды. Мылтығын соған қарай кезене
бергенде, тағы Қарға тоқтатты. – Сабыр қыл, Тазабек! Əуелі əйеліңе ат
алып келсін! – Ақырып бірдеме деп еді, дəу қалмақ үйі жаққа емпеңдей
жөнелді. Артынша ерттеулі ат жетектеп əкелді. – Енді ана атқа əйеліңді
мінгіз!
– Қарындасым мен басқа қыздар қайда?
– Оларға бізді осы дəу бастап барады. Бəрін де табамыз. Ал енді,
Тазабек, мына дəудің бойжетіп отырған өз қарындасы бар. Жазасына сен
соны тоқалдыққа ал!
– Ал, Тəйкен, ал! – деді Шəйі ашына үн қатып.
– Ағасы мынандай болғанда, қарындасы қай оңған дейсің, Қарға аға?
Алмаймын!
– Онда кеттік.
Жəмешті, тағы екі қызды тауып алғанша қас қарайды. Бұларды
шығарып салып тұрып, Қарға дəу қалмақты атынан түсірді.
– Мұны атып тастағаннан қалмақ азаймайды, қазақ көбеймейді,
Тазабек. Қамшыңды ал да, ашуыңды бас!
– Атып тастаңыз! – деді бір қыздың ағасы ашуланып.
Атынан түсіп, қамшысын салмақтап, Тазабек дəу қалмақтың қарсы
алдына барды.
– Қарға аға, қақ маңдайдан ұрсам, мына дүлей тіл тартпай кетеді. Бірақ
одан, өзіңіз айтпақшы, қалмақ та азаймайды, қылмыс та азаймайды, қазақ
та көбеймейді. Оның үстіне, сізден жақсылық көріп тұрып, бір
қандасыңыздың қанын жүктеп кетсем, сіздің абыройыңызға дақ салып
кеткендей болам. Алайда сіз рұқсат беріп тұрғанды пайдаланып, мен мұны
өлтірмей, мүгедек қылып кетейін. Өле-өлгенше есінде жүрсін, өзгеге де
сабақ болсын.
– Уəй, – деді бір қалмақ күдіктеніп, – ол қамшыға өлмейді!
Тазабек тістеніп көзін жұмды. Бүкіл ашуын, ыза-кегін білегіне жинады.
Қалмаққа қарама-қарсы тұрып, сол аяғын алдыға созды да, бір орнында
ары-бері теңселді.
– Ах! – деп, ақыра сілтеп қалғанда, өңкиіп тұрған қалмақ шөккен
түйеше өкіріп етпетінен түсті. Тұмсығымен жер сүзе жығылды. Үш қалмақ
жігіті жүгіріп келіп, жерден көтеріп тұрғызбақ болып еді, ол жаны шығып
бара жатқандай шыңғырды. Оң иығы салбырап, бос арқанның ұшынша
қолы мен жеңі салаңдады да қалды.
– Қолыңның қаттысы-ай! – деді Қарға басын шайқап. – Таңданғаны ма,
дəу қалмаққа жаны ашығаны ма, оны Тазабек ажырата алмады. – Ал енді
жолдарың болсын! Өтетін күні хабар берсеңдер, осы жігіттерім қарсы
алады.
– Қарға аға, сізге мың да бір рахмет!
...«Кегім қайтты ма, өкінішімнің орны толды ма?» – деді Тазабек өзін
өзі іштей тергеп. Қатынын зорлады, қарындасын қорлады. Бар қалмақты
қырып тастаса да, орны толмайтын опық. Бақырып жыласа да, ақырып
аттандаса да, болар іс болды, енді оны ешқандай құдірет қалпына келтіре
алмайды. Зорланған қатын, қорланған қарындас тұрмақ, бүкіл халық қорған
таппай қырылып, қор болып жатқан жоқ па? Қырылып жатқандарға
қарағанда, тірінің өмірі тəубə емес пе? Сондықтан жасығанын жауы
тұрмақ, досы да көрмеуі керек. Өйтсе, ол да жеңіліс. Шəйі де, Жəмеш те
кінəсіз. Өйткені қорғаусыз қалған оларда қорғанатындай шама жоқ. Еркек
басына іс түскенде сыналады. Басына іс түсті. Жау қорлаған қатыны мен
қарындасын енді өз елі қорламауы керек. Жаудың жауыздығын көргені
үшін, қарындасы қарындас, қатыны қатын болмай қала ма?
Өзін өзі қайраған Тазабек қату мінезбен жан-жағына қабағын түйіп
қарады. Шəйіге жанаса келіп, тізгінінен тартып Жəмешке қарай
жақындатты.
– Еңселеріңді көтер! – деді өзгелерге де естірте. – Жарты əлемді
қаратқан Шыңғысханның да қатынын жаулары тартып əкеткен. Сол Бөрте
кейін оған жер бетінде теңдесі жоқ төрт ұл туып берген. Сендер де, құдай
бұйыртса, қазақтың кегін қуатын қаһарман ұл-қыз туарсыңдар. Біз тартқан
қорлық пен зорлықтың есесін солар қайтарады.
***
Қалмақтардан əйелі мен үш қызды қайтарып əкелген соң, жұрт
Тазабекті батыр атады. Əсіресе оның атағын жалпақ бет қалмақты
қамшымен қалай ұрып жыққанын айтып келушілер жайды. Араларынан
қорған боларлық бір ұлдың шыққанына үлкен-кіші тəубə десті. Алайда
дүниенің етек-жеңі бірте-бірте тарылып келе жатқанын бəрі аңғарды.
Сондықтан əркім өзгеден бұрын өз қамын ойлауға көшті. Қалмақтың
қылғаны мынау болса, қытайдың көрсетері тіпті зор шығар деген оймен
Қалиша баласына ойда жоқ өтініш айтты:
– Балам, ары өтпей-ақ, Жүзіктің əке-шешесінің қасына барып,
Күрметінің бір қуысын паналасақ кəйтетін еді?
– Апа, қалмақ – бір кезде қазақтан жеңілген жау. Қангелді, Райымбек
бабаларымыз оларды елден, жерден қуып шыққан. Ал орыс – бізді билеп
отырған ел. Таудың қуысы тұрмақ, жердің жеті қат астына тығылсақ та
тауып алады. Тұқымымызды тұздай құртады.
– Өзің біл, қарғам. Менікі əншейін босқа əбігер боламыз ба деген
əйелдік əңгіме ғой.
Сүмбенің солтүстік тау бетіне қазақтар жиналса, өзен бойлап, жазыққа
қырғыздар ұйысты. Олардың жағдайы адам шошырлық. Көбінің не
баспанасы, не суықта киер сырт киімі жоқ. Бірақ бала-шағасы көп жəне
əйелден еркегі аз. Қайыр сұрап, қазірдің өзінде қазақ арасында қаңғып
жүргені қаншама. Қыстың бір суығынан қала ма, қалмай ма, құдай біледі.
Өзі де өлім аузында жүріп, оларға қазақтың қайыр беретінін қайтерсің?!
Қас қарайған кезде қырғыздар жақтан тарс-тұрс мылтық атылды.
Олардың у-шуы қазақтарды да шошытты. Ет пісірім уақыттан кейін əрең
тынышталды. Не болғанын білу үшін, Қожабек ертесі Тазабекті ертіп
барды. Қаптаған қырғыздан азын-аулақ қалғанын бұлар бірден байқады.
Киіз жамылып отырған жүдеу əйелден жөн сұрады.
– Бала-шағаны басып кете жаздап, бір топ атты шауып келді де: «Ойбай,
орыстар келіп қалды, қашыңдар!» – деді. Артынша тарс-тұрс мылтық
атылды. Біреу ойбайлады, біреу шыңғырды, балалар жылады, төңірек
опыр-топыр болды да кетті. Жұрт жапатармағай шегараға лап қойды.
Алдынан шыққан қытайдың шеріктеріне де тоқтамады. Тоқтата алмаған
соң, олар да атты. Жұрт батпаққа батқандарды баса-көктеп қашты. Суға
ағып бара жатқандарды көріп тұрып, суға секіріп жатқандар болды.
Бірталайы қолынан түсіп қалған баласына қайрыла алмай зытты. Құдай өзі
кешірсін, талай қатын қолындағы баласын тастай қашты. Өзеннен өте
алмай қаншасы қырылғанын бір құдай біледі. Мен ə дегенде сүрініп
жығылдым да, сол орнымда өлген кісіше жата бердім.
– Орыстар саған тимеді ме?
– Қайдағы орыстар? Қалмақтар екен бəрі. Жұрт тұра қашқанда қараусыз
қалған малды түгел қуалап əкетіпті. Енді аштан өлетін болдық.
Қожабек пен Тазабек өзен бойындағы өліктерді көріп, жағаларын
ұстады. Көріп тұрып, өз көздеріне өздері сенбеді. Əр жастағы жиырма
шақты бала қайраңға батып, батпақтан шыға алмай, түнгі суықта сол күйі
қатып өліпті. Қол ұшын беретін бір адам табылмағаны ғой? «Сұраусыз
өлім!» – деді Тазабек өзіне өзі сыбырлап.
– О не? – деді Қожабек бетіне қарап. – Бірдеме дедің бе?
– Айтыңызшы, аға, осының бəріне кінəлі біреу бар ма, жоқ па? Əлде өз
кінəмізден қырылып жатырмыз ба? Өйткені патшаның сұраған адамын
берсек, орыс та, қалмақ та бізді бұлай қырмайтын еді ғой?
– Оны мен де ойладым, Тазабек. Бірақ намыс өлімнен де күшті ғой,
бəрін намысқа шабамыз деп бастадық емес пе? Бізге ешкім ештемені
жөндеп түсіндірмей, «Бұл жабайыларға түсіндіретін түгі жоқ, айт та,
адамын ала бер!» – деді ғой. Жуас халықты жүндей саламыз деп ойлады.
– Жүндеуін жүндеді ғой, көріп келесіз!
– Ə-əй, Тазабек-ай, жаны шығып кетпеген соң, кім барып өз еркімен
көрге кіре қойсын, болашақтан бір жақсылық күтумен өтеміз де бəріміз.
***
Көшті Қарғаның жігіттері Мыстың суынан өткізіп, Аттың тауы деген
жерге алып келді.
– Осы маңайға орналасыңыздар, ешкім тимейді, – деді бастап əкелген
адам.
Олар кеткен соң, кесімді сөзді Қожабек айтты:
– Бəріміз бір сайға сыймаймыз, мал-жанның ыңғайына қарай бөлінейік.
– Біз бəріміз ана бір сайға сыярмыз, – деді Тазабек шилі өзекті алыстан
байқап. – Қиын-қыстау күнде қабатыңызға алғаныңызға, Қожабек аға, сізге
мың қайтара рахмет! Алда да араласып тұрармыз.
– Біз де саған бауыр басып қалдық, Тазабек. Төрт қызымызды
қалмақтан қайтарып əкеп, үлкен қайрат қылдың. Дəу қалмақты қамшымен
қалай ұрып жыққаныңды жігіттер жыр ғып айтып жүр. Кек қайтарып
жүрмесін, абай бол!
...Тазабек Əділбек ақсақалды балаларымен қасына алды да, сайдың
аузына отырды, ал өзгелерді сайдың түбіне жіберді. Отыз шақты қойы, екі
бұзаулы сиыры, екі өгізі, екі бие, алты аты, жалғыз түйесі аман жеткен ол
келе сала шаруасын ыңғайлауға кірісті. Қасына Сəменді ертіп алып, əуелі
бұта шауып əкелді де, сонымен қоршаулап қора жасады. Батыс жақ сайда
бір үй қалмақ отырады екен, суды соның бұлағынан таситын болды.
Əділбектің балалары мен басқалар да бұдан көргенін істеп жатты.
– Апа, – деді Жүзік ертеңгі шай үстінде. – Тазабек болмаса, біз де
қырғыздар құсап Сүмбенің бойында қырылып қалатын ба едік, кім білсін?
– Е, қарғам, бəріне тəубə! Сəменің де серік боп қасында жүрген жоқ па?
«Орнында бар оңалар» деген – осы.
Ертесінде Тазабек қалмақтың қойын жайып жүрген қазақпен жолығып,
жөнін сұрап еді, ол:
– Е, бауырым, – деп аңырай жөнелді, – кейде адам өлмей қалғанына да
өкінеді екен. Əке-шешемнен, бір аға, бір інімнен; олардың үй іші, балашағасынан; өзімнің екі ұл, бір қызымнан түгел айрылып, бір қатын мен бір
баламды аман алып шыққаныма да тəубə деп жүрген бейбақпын. Бəрі суға
кетіп өлді. Қатынымды жетектеп, кенже ұлымды құшақтап, басқа ешкімге
көмек жасай алмадым. Бүйтіп тірі қалғаны құрысын! Енді міне аштан
өлмеу үшін, қатын-баламызбен қалмаққа құл боп жүрміз.
– Қалмақ үй берді ме?
– Үй дейтіндей үй емес, дегенмен, əйтеуір, баспана. Жарқабақтың
астын үңгіп қуыстап алдық. Еңкейіп кіріп, еңкейіп шығамыз. Əлі оңалып
кетерміз деген үміт қой əншейін.
– Үміттен үлкен не бар дейсіз, аға? Атыңыз кім?
– Амалбай.
***
Қарашаның аяғында қар жауып, қыс түсті. Сығырайған білтешамның
жарығымен бəрі кешкі тамаққа бас қойған кез еді. Іргенің сыртынан гүрс
етіп əлдене сүйкене құлады. Бəрі үрейленіп, бір-біріне қарасты. Тонын
иығына іле сап Тазабек тысқа ұмтылды.
– Байқашы! – деді Жүзік сақтандырып.
Артынша Тазабек бір əйелді үйге сүйреп кіргізді. Жаны бар екен, ернін
қыбырлатты.
– Бірдеме айтқалы жатыр-ау, байғұс! – деп, Қалиша қасына барды. Əйел
көзін бір жұмып, бір ашты.
– Қасында тағы біреулер бар-ау, сірə? – деді Жүзік жорамалдап.
Тазабек тағы сыртқа шықты. Дыбыс біліне ме деп, төңіректі біраз
тыңдады. Қараңғыға көзі үйренген соң, əйелдің қарға түскен ізін байқады.
Соны қуалай барып, етпетінен құлаған ересек балаға тап келді. Əлгіні
көтере сап үйге алып кірді. Кеудесін ашып тыңдап, тамырын ұстап көріп,
тіршілік белгісін таба алмады.
– Байғұс бала етпетінен жығылғанда, қарға тұншығып өлген тəрізді, –
деді топшылап.
– Бұл əйелдің күйеуі де болу керек, балам, қарап келші! – деді Қалиша.
Тазабек тағы тысқа ұмтылды. Із қуып, дауыс жетер жерге дейін барды. Енді
кері қайта бергенінде, бүйірлеп кеткен тағы бір ізді байқады. Сəл жүрген
соң, сүрініп жығылды ма екен, бұта түбінде бүк түсіп жатқан еркектің
үстінен түсті. Алақанын мұрнына тосып еді, жылы леп білінгендей болды.
Оны көтеріп əкеп ошақтың қасына жатқызды.
– Əйел байғұстың əлі біткен екен, – деді Қалиша, – үзіліп кетті.
Еркегінің жаны бар ма?
– Бар, – деді Тазабек дереу оның аяқ-қолын қармен ысқылай бастап. –
Киімдері жұқа, жаураған, аш та шығар, қалай жетті екен бұл араға? Киіміне
қарағанда, қырғыз болу керек. Жағы қарысып қалған-ау деймін? Бір қасық
жылы сүт ұрттатшы, Жүзік!
– Ойбай, мен қорқам, апам ішкізсінші.
– Əкел сүтіңді! Тірі қалса, бала-шағама сауабы тиер.
– Мə, апа. Сəменіме сауабы тисін.
...Кетпен-күрегі жоқ Тазабек өлген əйел мен баласын жарқабақтың
астына апарып бетін жасырды. Еркек түс ауа əрең басын көтерді.
– Балам? – деді Тазабектің бетіне əрі үмітпен, əрі күдікпен қарап.
– Балаң шешесінің қасында...
***
Екі күн толастамай жауған қар жер əлемді бүркеп тастады. Қой мен
сиыр қорада қамалып, жылқы екеш жылқы да тебіндей алмай қалды.
Мұның түбі жұт екенін Тазабек болжады. Сасқанынан шөп сұрап көрші
қалмаққа барып еді, «Жиғаным өз малыма да жетпейді», – деп, ол шынын
айтты. Енді не де болса деп, əкесінен естіген əрекетке кірісті. Ең əуелі
Əділбектің Кенжеғарасы мен Сəменді ертіп, таудан екі қу қарағай кесіп
əкелді. Біреуін үшке бөлді де, жуан бөренесіне дəл ортадан жетек жасады.
Ал қарсы жағына екі жерден басытқы қақты. Сөйтіп дайын сүйретпені
үшеулеп жотаның күнгей бетіне апарды. Екі басытқыға Кенжеғара мен
Сəменді отырғызды да, өзі жетегінен тартып төменге сүйреді. Сүйретпе
беткейдің бос қарын сыпыра жөнелді. Аршылған қардың астынан қоғажуа
тауып алған Тазабек екі балаға көрсетіп еді, тағы табамыз деп, олар одан
бетер құлшынды. Үшеуі мəз болып, беткейге он шақты рет түсіп шыққанда,
əжептеуір жайылым аршыды. Қайтер екен деп, қорадағы малды қоя беріп
еді, беткейге жабысып, күн батқанша түртінектеді де жатты. Ертесінде
барлық үйдің үлкен-кішісі арпалысып, осы əдіспен жайылым аршуға
кірісті. Тағы бір күні Тазабек бұта мен шиді шауып əкеліп, балтаман турап
араластырды да, малға жем жасады. Ағайындарына да соны істетті.
– Арамтамақ болмай, мен де бір жағыңа шығайын да, – деді жаңа-жаңа
оңалып келе жатқан қырғыз ыңғайсызданып.
– Қыс ұзақ. Сізге де əлі жұмыс табылар. Əзірше күш жинай беріңіз, –
деп күлді Тазабек.
Қырғыз Ыстықкөлдің сарыбағышы екен, аты – Табай, қырық сегізде.
Бір ағасы, бір інісі үй ішімен Текеске дейін бірге үркіп келіпті де, орыстар
зеңбірекпен атқылаған кезде, кімнің қайда қашқанын білмей, быт-шыттары
шығыпты.
Үлкен екі ұлынан да сонда адасып қалыпты. Кенжесін жетектеп,
қатынын алдыға сап əрең-пəрең бері өтіпті. Қалғандарын күтіп, екі күн сол
маңайда аялдапты. Талғажу етіп жүрген құрттары да таусылып, ақырында
аштан өлетін болған соң, қашқандарға еріп тентірей беріпті. Төрт күн бойы
не қазақ, не қалмақ не үйіне кіргізбей, не тамақ бермей, əбден əлсірепті.
Енді өлдік деп, бəрінен күдер үзген кезде, кенет осы үйдің от жарығын
қатынының көзі шалып қалыпты. Алдыға түсіп ұмтылған екен, ажалына
асығыпты, байғұс!
Жаз бен күзде жөндеп қоң жинай алмаған қой малы, Тазабек қаншама
тырбанса да, күнара жауған қардың қысымына төтеп бере алмай, өлгені
өліп, өлмегені көтерем болды. Көктемге салым қорасында он шақты қойы,
жеті жылқысы, бір сиыры мен бір түйесі ғана қалды. Ұндары бітіп, еттен
басқа қоректің бəрі таусылды. Аман-есен көкке ілінсе, осы малымыз да
асырар деп үміттенді. Бір күні кешкісін:
– Бауырларым-ау, барсыңдар ма? – деп, Жомарт үйге кіріп келгенде,
өлген адам тіріліп кеткендей, əйелдер шу ете қалды. Бəрі жылап көрісті.
Жылап жүріп күлісті. – Өңкей тасбауырлар, өліп қалсам да мені
іздемейсіңдер, – деді ол да көзі мен мұрнын кезек-кезек сүртіп.
– Көміршіге келмей, өзің ғой қашқан, – деп, Тазабек ақталған болды.
– Ауылымызды орыстар түн ішінде атқылап, қайта əке-шешемді аман
алып шыққанымды айтсаңшы. Көміршіге келмек тұрмақ, көрге кіріп кете
жаздадық.
– Айналайын-ай! – деді Қалиша кимешегінің ұшымен көзін сүрткілеп. –
Ел көшіп келгендей қуанттың ғой бəрімізді!
– Апа, мына кісіні танымадым ғой? – деп, Жомарт тебеген атқа
қарағандай Табайға секемдене қарады.
– Ол – менің қырғыз ішінде жүрген бауырым. Ел аласапыранда бірбірінен адасып жатса, біз табысып қалдық.
– Е, құтты болсын, апа. Жəмешке үйленіп алған біреу ме деп,
жүрегімнің су ете қалғаны.
– Жомарт аға мен жайында, əйтеуір, жақсы ойламайды.
– Күйеуге тигенді жаман деп кім айтты? Жаман болса, саған жаман
шығар, біздің қолымыз оған жетпей жүр.
– Сонда қалай, сіздің күйеуге шыққыңыз келіп жүр ме?
Бəрі ду күлді.
– Апа, мына қызыңыз не болып кеткен? Мені келеке қылып отыр ғой!
Қалишадан бұрын Жүзік жауап қатты:
– Өзің ғой «біздің қолымыз оған жетпей жүр» деген.
– Өздерің есімді шығарып жібердіңдер шулап. Қуанғандарыңды да,
ренжігендеріңді де адам білмейді.
Қожақ пен Сопыйаның жағдайын Жомарт білмейтін боп шықты.
– Мен сендерді іздеп Тасашыға бардым, – деді Тазабек бірінші рет сол
сапарының сырын ашып. – Қожақты жол шетінде атып тастапты. Сол араға
көміп, бейітін таспен бастырып кеттім. Сопыйадан хабар-ошар жоқ.
– Иманды болсын! Жақсы жігіт еді. Оны өлтіргендер Сопыйаны аман
қалдырды деймісің? Қазаққа тидің деп, тірідей сойған шығар?!
– Бізге оны айтқан жоқ, – деді Жүзік басын шайқап. – Қайран Қожақ-ай,
жатқан жері жайлы болсын!.. Өзің бізді қалай таптың?
– Көміршіде жолықпаған соң, сендердің мені өліге санайтындарыңды
білдім. Бірақ жер бөтен, ел бөтен, іздеп шығуға жүрексіндім. Келе-келе
көзім үйренді, көңілім орнықты. Алдымен Текес өңірін бір сүзіп шығайын
деп ойладым. Талай адамға жолықтым, талайдан сұрастырдым. Сөйтіп
жүріп, Қожабек деген кісіні таптым. «О, Тазабекті білгенде қандай!» – деп,
Қобыландыны жырлағандай зулата жөнелді. Со кісінің сілтеуімен
төбелеріңнен топ ете түстім.
– Қожабек ағалар қайда отыр екен? Іздеуге мұршам болмай, ұят болды.
Сенімен бірге барып қайтпасам болмас.
– Айтуына қарағанда, əу баста о кісі де осы маңайға тоқтапты. Бірақ
малға да, адамға да жайлы тимеген соң, қыс ішінде Текестің күнгейіне
көшіп барыпты. Қалмақтар қоқаңдап көрген екен, ырқына көнбепті.
«Атасы жеңілген қалмақтың баласын да жеңдік», – деді маған.
***
Қожабектің ауылына бара жатқан жолда Тазабек Жомарттан Дəнекер
жайын сұрады.
– Не өзін көрмедім, не хабарын естімедім, – деді Жомарт.
...Қожабектің ауылы екеуінің келгеніне əрі жылап, əрі күліп, артынан
кішігірім жиын-той жасап жіберді. Ауып келген ауылда алғаш рет əн
айтылды. Қалмақтар алып кетіп, бір айдан кейін əрең оралған бір əйел сайсүйекті сырқырата əнге салды:
– Жайлауында Қарқара жатушы едік,
Топтап малды базарға сатушы едік.
Баймен қатар кедейге шығын салып,
Шаш етектен борышқа батушы едік.
Былтыр құлын – биыл тай,
Бүгін кедей – ертең бай.
Диірменнің тасындай
Шыр айналған дүние-ай!
Кереуетте керіліп жатушы едік,
Түске таман түңлікті ашушы едік.
Жəрмеңкеге мал сатқан қалмақ келсе,
Мұрнымызды сасық деп басушы едік.
Енді қалмақ қойнымда ерім болды,
Бұл не деген, жұртым-ау, керім болды?
Паңсып жатқан мамықта қайран басым,
Босағасы қалмақтың төрім болды.
Өз орнына ел қайтып қонар ма екен?
Осы қорлық көңілден қалар ма екен?
Тентіретпей ел-жұртын, тепкілетпей,
Бір азамат тізгінді алар ма екен?
Тазабектің төбе құйқасы шымырлап кетті. Бұл зарды бір əйел емес,
бүкіл ел айтып тұр еді. Ошақ басындағы əйелден осыншама зар шығар деп
ойламаған. Бəрі бас амандығынан басқаны ойлай алмай қалған заманда
бұлайша мұң шағатын əйелдің табылғанына таңғалды. «Ел есін жия
бастаған екен», – деді өзінше ой түйіп. «Диірменнің тасындай шыр
айналған дүние-ай!» – деді іштей қайталап.
Сол сəт сырттан алқам-салқам біреу аптыға кіріп келді. Екі езуі екі
құлағында, бөркі қолында. Шырқымызды бұзады-ау дегендей, оған бəрі
жақтырмай қарасты.
– Бауырлар! – деді əлгі басының буы бұрқырап. – Құрият! Құрият
болды!
– Мынау не дейді? «Құрияты» не? – деп, Жомарт Тазабекке қарады.
– Əй, құрып қалғыр, «құриятың» не? – деп, бір əйел жеки сұрады.
– «Құриятым» сол, ақ патша құлапты. Қашқан қазақ пен қырғыз
елімізге қайтатын боппыз.
– Оны саған кім айтты?
– Көрші ауылдан үш жігіт келіп, жағалай шүйінші сұрап жүр, солардан
естідім.
Жұрт сенерін де, сенбесін де білмей сенделіп қалды.
– «Жақсы сөз – жарым ырыс», айтқаның келсін! – деп, Қожабек бетін
сыйпап еді, бəрі жапатармағай беттерін сыйпасты.
***
Табай мен Сəмен малға қарап, Қалиша мен Жəмеш үй жинап, бір сəт
оңаша қалған Жүзік пен Шəйі қора айналып кетті. Жүзік қапсыра
құшақтап, Шəйіні өзіне тартты.
– Шыныңды айтшы, Тазабектің ықыласы бұрынғыдай ма? «Қалмақ не
істеді?» – деп сұрамады ма?
– Ештеме айтқан да жоқ, сұраған да жоқ.
– Əй, жаным-ай, нағыз еркек қой! Өзі қалай ірі болса, мінезі де сондай
ірі. Біреудің бес балалы қатынына да қызығып, бұрынғы аталарымыз
тартып алып үйленеді екен. Жақсы көрген соң сөйтет те. Тазабек те сені
жақсы көреді. Жақсы көреді демекші, Жомартқа сен қалай қарайсың, осы?
– «Қалай қарағаның» не? Соны жақсы көріп қалдың ба?
– Е, жоға. Сен де қайдағыны айтады екенсің.
– Енді өзің ғой «жақсы көреді демекші» деп отырған.
– Көзінен байқадым, сол біздің Жəмешті жақсы көретін сияқты.
– Мүмкін. Бірақ Жəмеш бейіл бере қояр ма екен?
– Екеулеп иіп көрсек қайтеді?
– Көрейік. Сенің мені иігенің сияқты.
***
Ақ патшаның құлағаны, оның орнына Уақытша үкіметтің орнағаны,
Қытайға қашқан қазақ пен қырғыздың өз Отанына қайтатыны – бəрі
шындық болып шықты. Қожабекпен ақылдасып, Тазабек жақын күндерде
Аттың тауы деген жерге жиналуға келісті. Қуантайын деп, бұл жаңалықты
Тазабек Амалбайға да айтып еді, алайда ол қуанбады.
– Туған-туыстың бəрінен айрылдым, елде мені кім күтіп тұр дейсің?
Көшетін көлігім де жоқ, орта жолда бекер аштан өлермін, – деді.
Тазабек не дерін білмеді. Аузына сөз түспей састы. Қасынан кете беріп:
– Өзіңіз біліңіз,– дегенді зорға айтты.
...Аттың тауына елдің алды боп Қожабек ауылы келгенін естіп, Тазабек
көшуге асықты. Көшін түзеп, енді жүргелі жатқанда, шауыпкелі мен
тауыпкелін ертіп сол араның ақалақшысы келе қалды.
– Көш көлікті болсын! – деді ықылас білдіріп. – Қашып келген
қазақтарды түгел қайтар деген бұйрық алдық. Біреу-міреу қалып қоймасын,
тағы қайда бар?
Айтсам ба, айтпасам ба деп, Тазабек сəл ойланды.
– Келесі сайда қалмақтың қойын баққан бір үй бар.
...Жұрт Аттың тауына жан-жақтан жиналды. Баласы мен əйелін алып
Амалбай да жетті. Киімдері жыртық, жамау; басында үйі, астында аты жоқ,
жаяу. Жағдайының, шынында, қиын екеніне Тазабектің анық көзі жетті.
Алайда аяғаннан басқа оған не істей алады? Адамның азғаны, киімнің
тозғаны əркімнен-ақ аңғарылады. Бəрі тек амандығына риза. Малда да
сиық қалмаған: арық-тұрақ, жаман-жəутік. Көкшегір мен Тұрлыбай ауылы
қатар келді. Сол түні қар жауып, түтеген боран соқты. Арық-тұрақтан
аздаған ғана тұяқ қалды, көкке ілінсе, көтеріліп кете ме деген дəме жүзеге
аспады. Қардың қалыңдығы соншалық, өлген сиырды көрсетпей көміп
тастады. Сиырының үстіне киізден жабу жауып, саулық қойын босағаға
байлап бағып, Тазабек күні-түні тыным таппады. «Сиырым мен əйелім бір
күнде босанып қалмас па екен!?» – деді əзілдеп.
Не үйі жоқ, не жөндем киімі жоқ Амалбайды бала-шағасымен өз
отауына кіргізіп алды. Он күн ішінде күн қайта оңалды. Көкек айының
шуағы жерді де, елді де жылытты. Алайда малдың қоңы қайта
көтерілгенше жұрт амалсыз біраз аялдап қалды.
Қытайдың үлкен-кіші бастықтары қашып өткен елді қуалап қайтара
бастады. «Қашып келгендерді бір күн ұстап қалғаның – үкімет бұйрығына
қарсы шыққаның» деп, адам жасырып қалғандарды қатаң жазалай бастады.
Құл мен күңге, қыз бен келіншекке қарық боп қалған қалмақтар оңай
олжадан айрылғысы келмей, сан алуан айла-шарғы жасап жатты. Еркекті өз
туысым, ол да қалмақ десе; əйелді өз тоқалым, ежелгі əйелім деп жатты.
Мамырдың басында Аттың тауындағылар елге бет бұрды. Жүк артқан
түйесі, екі өгізі, аздаған қойы мен буаз сиыры бар Тазабек өзгелерден
жағдайы көш ілгері екенін көшіп келе жатып байқады. Үйі де, малы да
жоқтардың ұсқыны адам шошырлық: көздері шүңірейген, жақтары суалған,
мойнында іші қабысқан дорбасы немесе ыйығында мыж-тыж қоржыны
ғана бар; ілбіп жүреді, ыбылжып сөйлейді, кеудесіндегі жаны қалай шығып
кетпей тұрғанына қайран қаласың. Осыншама азап пен аштыққа төтетіп
келе жатқан бар қуаты – тек «Туған елге жетсек, туған топырақта өлсек!»
қана. Адам сенбейтін ақиқат.
Көре-көре өлікке де Тазабектің көзі үйренді: аш адам əуелі ауырады
екен, ал ауырып əлсіреген адам жүре алмай тəлтіректейді екен; бір кезде
жығылады екен де, қайтып тұрмайды екен. Қалтаңдап кетіп бара жатқан
əйелдің шөге құлағанын, сол құлағаннан тұрмағанын өз көзімен көрді.
Атынан түсіп, тамырын ұстаса, жығылған бетте-ақ жүріп кеткен екен
байғұс. Жол шетінде көрпеге оранған қалпы қатып қалған келіншек,
шапанының шалғайын жамылған күйі сіресіп қалған қарт, шешесінің
баурында қатып өлген бала – бəрін көрді. Шегараға жетуге бір күн
қалғанда, тау етегіне тоқтасты. Көшкен жұртта туырлықпен жапқан
кішігірім төмпешік жатты. Бұл не қылған туырлық деп, Жомарт бір
пұшпағынан тартып қалғанда, астынан бір-біріне тығылған күйі қатып
қалған алты кісі шықты.
Қалмақ пен қытай шерігі қазақтарды мал бағып жүрген жерінен айдап
əкеп орыстарға тапсырып жатты. Шегараға жете алмай жолда өліп
жатқандарда қисап жоқ. Қашқанда қалай қырылса, қайтқанда да солай
қырылып жатыр. Не ана жақтың, не мына жақтың жаны ашымайды. Бірі
ары қуады, бірі бері қуады. Былтыр қуалап қырған орыс биыл қайта өткізіп
алып жатыр. Неге өйтіп өзгере қалғанына қазақтың ақылы жетпейді. Өт деп
тұрғанда, туған жерге жетіп алайық дейді бəрі.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Əй, дүние-ай! - 08
  • Büleklär
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2127
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2152
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3957
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2173
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2061
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2080
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2223
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4025
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1688
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.