Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 17

Süzlärneñ gomumi sanı 4025
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
жалтақтай берді.
Жігіт орысшаға жымдай екен. Үйді-үйді түгел тінтіп келе жатқанын
айтты.
– Бұлар түгел қазақша біледі, – деді Шəйі сөзге араласып. – Немерелері
қазақ мектебінде оқиды. Мынау отағасы – Тазабек ағаңның досы. Жаңа
айттым ғой, біз ет жеп жүргеннің өзінде бұлар шөп жеп жүретін, əлі сол.
Ұрлық жасайтын жандар емес.
– Жарайды, апа. Біздің қызмет солай. Барлық үйді түгел тінтіп шығу –
міндет. Сондықтан мен бұл үйді де қарап шықтым деп санаймын.
Сау болыңыздар!
– Сау бол, айналайын!
Кобзев тілін жұтып қойғандай түк сөйлей алмады. Тек тексеруші
шығып кеткен соң ғана өне бойына жан кіріп, орындыққа сылқ отыра кетті.
– Уh! Өлген жерім осы ғой деп ем. Əй, Шəйкентай-ай, сен кіріп
келгенде, «əй, құрыдым, куə болады-ау!» – дегем. Бір өлтіріп, бір тірілттіңау!
Өтіп кеткен соң, соның бəрі бүгін көрген түстей. Кімнің де болса өмірі
дардың жібіне ілулі тұрғандай күн еді.
Бір күні Оралбек пен Кеңесбектің өң жоқ, түс жоқ зəрелері ұшып
келгені əлі есінде.
– Апа, Қараменденің белінде баласын құшақтаған бір əйел жатыр.
Қатып қапты! – деген көздері шарасынан шығып.
Балалар шошиды деп, Табай бір өзі барып көміп келген. Теріскейден
жан сауғалап Қытайға қарай қашқан жаяу босқынның көбі Китіңге жетержетпесте əлі құрып жығылатын. Соның көбін Көбзіп пен Табай төбетөбенің жұмсақ жеріне көміп, беттерін жасырды. Басқа жұрт туған баласын
санап жатқанда, қазақ байғұс өлгенін санап жатты. Ақыры санынан
шатасты. Өйткені тірі қалғанынан өлгені көп болып кетті. Санайтын да
адам санаулы қалды.
***
Көкөзек көктем еді. Китіңнің қойнау-қойнауында
қыстай қар
жатқанмен, күнгейі көгеріп, ұсақ мал көк қуалай бастаған. Шəйі неге
өйткенін өзі де білмейді, кенет айнаға қарап тұрып ойланып қалды.
Кеңқабақ, жазық маңдай, пісте мұрын, жайтаң көз, сүйір иек, сүйкімді ауыз
– əдемі əйелге тəннің бəрі бар. Тек соған сүйсінетін, ие болатынТəйкен жоқ.
Түн баласы аңсап оянған омырауын өзінің əлі өле қоймаған ақыл ойы əрең
жуасытады. Иесі жоқ бедеу əдемілік!
Аяқ асты мектеп деректірі ауданға барасың, озат мұғалімдердің жиыны
болады деді. «Ойбай, қорқам, жолда қасқыр жеп қояр», – деді шынын
айтып. «Басқарма ат беретін болды. Өзі жəне біргəдір үшеуің барасың».
Басқарма мен біргəдірдің біреуі жеп қоймаса, қасқыр жей қоймас», – деді
əзілге де, ескертуге де бейім жұмсақ дауыспен.
Сезіктенді. Бірақ бас тартуға себеп таппады. Үшеуі Көкталға келіп, бір
тараншының үйіне түсті. Ұйғырларды ол кезде бəрі солай атайтын. Ол бір
қалбалақтаған ақжарқын кісі екен. Ауқатты адам екені үй-жайының кеңмолдығынан да көрініп тұрды.
– Құрбан ака, сен бізге лағманың мен мантыңды жаса, ана біргəдір
бауырың бір қойын сойып əкелген, оны біз кеткен соң өзің бала-шағаңмен
жерсің, – деді басқарма күліп.
– Құп! – деп, тараншы да күлді.
Басқарма мен біргəдір бірге, Шəйі жеке бөлмеге жатты. Алдын ала
ойластырған жағдай екенін Шəйінің іші сезді. Ұят пен нəпсі екеуі де қатар
оянды. Есікті іліп алғысы келді. Амалын таптым деп ойлады. Бірақ есіктің
ілгегі жоқ боп шықты. Амал жоқ, басқарманың қашан келерін күтуі ғана
қалды. Ары күтті, бері күтті. Ары аунады, бері аунады. Үй деп айтам, бүй
деп айтам деп біресе ашуланды, біресе оған ақыл айтқысы келді. Бірақ
бірде бір ой көңілінен шықпады. Ақыры өзіне өзі ашуланды. «Сонша маған
не көрінді? Келсе, кеудесінен итеріп жібермеймін бе?!» деп кіжінді. Əлде
тебем бе? Өйткені ұят болатын шығар. Əйел еркекті теппейді ғой? Енді
қайтеді? Көне ме? Ұяттың көкесі сонда болмай ма? «Алам. Үйленем» деген
мұғалімге көнбегенде, алмайтын, əйелі бар басқармаға көне ме? Құдай-ай,
енді қайтеді? Қарабет болатын болды-ау!?
Шəйі өзімен өзі ұзақ арпалысты. Басқарма бірақ келмеді. Алысқан ойды
ақыры ұйқы жеңді.
Түс көріп жатыр екен. Шуақты жаздың жаймашуақ кезі болса керек.
Қоңыр жел қойны-қонышын аралап, қайта-қайта омырауын аша берді.
Етегіне əлдене оралғандай болды. Омырауын қаусыра бергенде, қолы
біреудің қолына тиді. Өне бойы өрт тигендей дүр ете қалды. Əлгі қол, əлгі
алақан қойнын бойлап бара жатқан соң, шап беріп ұстай алды.
– Шошыма! Мен ғой, – деді басқарма дəл тамағының астынан ентігіп.
– Мұның не? Қой! Ұят болады.
– Болмайды. Қақпашы қолымды! Айттым ғой, мен əйеліммен
келіскенмін. Екеуміз үйленеміз. – Ентігіп, есін жоғалтқан құйын еркек
төсек орнын тік көтеріп əкеткендей болды. Жерде де емес, көкте те емес,
Шəйі құйын құбыжықтың қақпанында қимылдай алмай қалды. Тек бұл іске
менің еш қатысым жоқ деген адамша екі көзін тарс жұмып алды. Тəнінен
қашқан ұят көрпе ішінде тұншығып жатты.
Ертесі жиын аудандық кеңседе өтті. Өктəбір ауданына қарасты
ауылдардың еңбек озаты болған əйелдер ғана шақырылыпты. Басқарма мен
біргəдір сыртта қалып, жиынға Шəйі өзі ғана қатысып шықты. Бұл күн
əйелдер мерекесі деп жарияланыпты. Аудан басшысы əр əйелге бір-бір
дəптерден сыйлық үлестірді. Оған бəрі ат мінгендей əсерленді.
Жиыннан шыққан Шəйі сыртта біргəдір мен Бəкеннің əңгімелесіп
тұрғанын көрді. Жақындарын да, жақындамасын да білмей, есік алдында аз
сəт дағдарып қалды. Өз бетінше кете берейін десе, қайда барарын да
білмейді. Неде болса деп, қайтадан кеңсе ішіне кіріп кетуге бекінді. Ауданы
бөлек, ауылы бөлек, бұл пəле мұнда қайдан жүр деп ойлады. Түрін
көргеннен тұла бойы түрпідей жиырылатын болыпты. Қайда барарын
білмей, ұзын дəлізбен беталды жүре берген. Біргəдір қуып жетті.
– Басқарма хатшыға кіріп кетіп еді, – деді жан-жағына алақтай қарап.
– Бəкен мұнда неғып жүр?
– Ол қазір Ақжазықта басқарма ғой.
– Қашаннан бері?
– Кітəпбек қайтыс болған соң, соны қойған.
– Ол бұл жақтың адамы емес қой?
– Ауданның басшысы – сол жақтың жігіті. Сізді Бəкен жақсы танимын
дейді. «Сəлем айта бар, басқарма өлімге барса да, жиынға келсе де
жанынан тастамайтын болыпты ғой», – деді.
– Сен не дедің?
– Аудан: «Озат əйелдеріңді əкел», – деді, əкелдік. Сен де озат
əйелдеріңді əкелдің ғой», – дедім.
Сол арада басқарма да шықты. «Жүріңдер, дүкеннен аздаған сəлемсауқат алайық та, қайтып кетейік», – деді асығыстық танытып.
– Қонсақ қайтеді? – деді біргəдір біртүрлі босаң дауыспен.
– «Көктемгі егіске əзірлік нашар», – деп жатыр хатшы. Қырына ілініп
жүрерміз, бəлесінен аулақ.
...Бұдан ары не боларын Шəйі болжай алмады. Бірақ болар іс болды.
Жалғаса ма, жоқ па, оны да айта алмайды. Бір шайтан: «Енді шегінетін
жерің қалған жоқ», – десе, бір шайтан: «Көкейіндегі істі жүзеге асырған
соң, енді саған басқарма енжар қарай бастар», – дейді. Соны растағандай,
басқарма Китіңге келмей кетті. Өзі келмегенмен, ұйқыдағы жыртқышты
оятып кетті. Оны тізгіндеуге Шəйінің шамасы жете ме əлде дегеніне көне
ме?Бозбала Оралбегін, бойжетіп қалған Гүлсəнін, кішкентай Кеңесбегін
аштықтың аранынан отыз екінші жылы көне тулақ пен Көпзіптің ұрлап
сойған сиыры құтқарып қалған. Мен өлсем де, балаларым аман қалса екен
деп тілеген сонда. Енді бұған бала ғана емес, бай да керек болғаны ғой?
Қазір Оралбегінің өз отбасы отау үйі бар, Гүлсəні əне-міне онжылдықты
бітіргелі отыр, Кеңесбегі құдай бұйыртса, бозбала болды. Бұрын оларға
айтқанын істетсе, енді бұл олардың айтқанымен санасады. Өйтпесе, өзі
құрап келген отбасын өзі күйретіп алмай ма? Қой, құрысын! Жоқ жерде өз
балаларымен араздасып қалар. Ең дұрысы əуелі Жүзікпен ақылдасқаны.
***
Мектепке келген Шəйі алдынан шыққан əйелдің жүзінен əлдебір
жүгіріп өткен жұмбақ өзгерісті аңғарды. «Құдай-ай, біліп қойған ба?» – деп
қорқып кетті. Артынша əйелдің бет əлпетінен үрей көрді. Таңданып, бетіне
сұраулы кескінмен қарады. Əйел сыбыр етті:
– Басқарманы алып кетті.
– Кім?
– Інкібідінің адамдары.
Біреу естіп тұрған жоқ па деп, екеуі де жан-жақтарына алақтады.
«Құдай бізді құп көрмеген екен», – деді үрейленіп тұрса да іштей тіпті
қуанғандай да болып.
– Не үшін? – деп қалды Шəйі ойланбастан.
Ана əйел соны да білмейсің бе деген кісіше бетіне ажырая қарады.
– Не болушы еді? Халық жауы болғаны үшін де.
– Енді не болады?
– Енді жақсы болады.
Əйел мұны əжуа қылып тұрғандай көрінді.
– Орнына біргəдір басқарма болыпты. Енді соның айтқанымен жүреміз.
Шəйі бұл арадан тез кетуге тырысты. Əйелдің əлгі сөзі «Енді сенімен
біргəдір жүреді» дегендей əсер қалдырды. Адамның өзін де, сезімін де
тəлкек қылған заман-ай!
Үйге келе жатып өз ойынан өзінің үрейі ұшты: тойға берген жылқысы
басына пəле болған жоқ па екен? Соны ойлауы-ақ мұң екен, өне бойы
тоңазып қоя берді. Оның кесірі Оралбегіне тиіп жүрмесе жарар еді! Екі
ұлға ұлан-асыр той жасады деп, əлдекімнің іші күйді-ау, қайтсе де. Құдайау, не боп кетті, қуанғаны да қылмыс, қайғырғаны да қылмыс. Кім көріп
қойғанын да білмейсің, кім айтып қойғанын да көрмейсің. Əркімді аңдып
жүрген бір үрей бар, əйтеуір.
***
Ойлап отырса, ел де, елмен бірге бұл да Тəйкен өлгелі үш үлкен
кезеңнен өтіпті. Алғашқысы – ашаршылық. Одан кейінгісі – «халық
жауларын» қыру, сонан соң – соғыс. Осының үшеуін де көрмей өткен
Тазабек қайта бақытты ма деп те ойлайды.
Ашаршылықтың ең ауыры – отыз екінші жыл. «Ас тұрған жерде ауру
тұрмайды» дейтін қазақ қатты қырылды. Он алты жылдан кейін он
алтыншы жыл тағы қайталанды. Ол жылдың қырғынынан қазақты қорғап
қалған өкімет енді өзі қырды. Ақылы жетпеді ме, əлде қулығы ма, малмен
жан бағып отырған жұртты малсыз қалдырды. Ашыққан адамды ақыл емес,
ашыққан сезім билейтін болу керек, Шəйі өзі көрмесе де адам етін
жегендер болды дегенді талайдан естіді. Бұл жақтың адамдары, жақын жер
болғандықтан, Қытайға үдере өтіп жатты. Отызға жуықтап қалған үйден
Китіңнің өзінде жеті-сегіз-ақ үй қалды. Жеке шаруашылық бола алмаған
соң, ақыры бұларды Үлкенағашқа қосып жіберді. Китің жеке бригада
болып қалды.
Басқа жерді қайдам, Китіңде бала көп қырылды. Айгүн дəл отызыншы
жылы төртінші баласына босанған, сол ғана аман қалып, қалған үйелмелісүйелмелі үшеуі бір аптаның ішінде бірінен кейін бірі кетті. Құдайға тəубə,
қайнысының содан кейін туған екі ұл, екі қызы бар.
Аштықта бір ұл, бір қызынан Сəмен де айрылды. Ағынтай бауырымның
аты өше ме деп, Шəйі қатты қайғырды. Балалары өлсе де, Сəменнің өзі
өлмесе екен деп ойлады. Ол аман болса, тағы балалы болар деген
далбасасы шығар. Құдай сол тілегін берген сияқты: қазір екі қыз, бір ұлы
бар.
Тəуірбек пен Айша да бір ұл, екі қызынан айрылып, баяғы Тазабек
арашалап алатын Қалидың бетіне қарап қалды. Ол жақсы ержетіп, үйленіп,
аштық жылы ол да екі қыз, бір ұлынан айрылды. Артынан əйелі де өлді.
Қайта үйленді. Соғысқа дейін екі қыз, бір ұл сүйіп, соғыстан кейін тағы бір
ұл, бір қыз сүйді. Күні бүгінге дейін қарайып қасында жүрген – жалғыз сол.
Он алтыншы жылда да, отыз екінші жылда да өлген қазақтың дəл
есебін алған ешкім жоқ. Он алтыншы жылғы қырғын албанды ғана
шарпыса, отыз екінші жылғы аштық бүкіл қазақты баудай түсірді. Сол екі
қырғыннан да аман қалғанына қарағанда қазақтың ырызғысы əлі
таусылмаған. Болашағы бар.
***
Отыз жетінші жылдың сəуірінде басқарма қамалды, сол күзде Қапез де
ұсталыпты дегенді естіді. Дүниенің диірмені теріс айналып бара жатқандай
болды. Қорыққан жұрттан ақыл қашады екен, жиналыста көсемдерді
жабыла мақтағанмен, ешкім бір-бірімен оңашада сырласпайтын болды.
Біреуге сыр ашу өз басыңды қақпанға тығумен бірдей еді. Əншейінде
əзіліңді көтере алмай кек сақтайтын бəтшағарлар оған бермей, біреуге шай
беріп жатқаныңды білсе, ана екеуі ауызжаласты деп жазып жіберетін. Ал
басшылар халықтың білімділігін қалай пайдаланса, қараңғылығын да солай
пайдаланып бақты. Сол кезеңде Шəйінің жанашыры Жүзік қана емес,
Айгүн де болды. Ол абысыны атына сай айы мен күніндей, дəл бір
сіңлісіндей қормалы болды. Сөзін де бағып, қабағын да бағып, қисынсыз
бір сөз айтпай, келеңсіз бір қылық көрсетпей өтті. Оны ойласа, омырауы
мейірге толып кетеді. Жүргені, тұрғаны, сөйлегені – бəрін қойшы, бетіңе
қарап жымиғаны-ақ жетіп жатушы еді. Кеудеңе күннің сəулесі төгіліп
кеткендей, сен де көңілденіп сала беретінсің. Жақсының бəрін жердің асты
жұтып жатқандай, тегі.
***
Он алтыншы жыл үшін патша үкіметін, ашаршылық үшін кеңес
үкіметін кінəласа да, соғыс үшін Шəйі үкіметті өйте алмайды. Ол да
қырды, бұл да қырды, бірақ елді қорғау – ер азаматтың ойланбай өлімге
баратын борышы. Жауды өлтірем деп барған адам жаудың өзін де
өлтіретінін біліп барады. Біліп тұрып бет бұқпау – атадан қалған намыс.
Баласы Оралбек, Кеңесбек, бауыры Сəмен, Əбен, қайнысы Жақсыбала –
сол намыстың құрбаны болды. Олардың өлімі – ұрпағы үшін елмен жерді
сүюдің үлгісі, ал ана үшін өле-өлгенінше өкініш.
Батыр мен қорқақтың аражігін ашқанмен, соғыс ешқашан адам
баласының бар мүмкіндігін аша алмайды. Қайғы жеңген елді де, жеңілген
елді де басар. Демек, екі жағы да жапа шегеді. Адамдар жапа шегіп жатқан
жерде адамгершілік
ардақталмайды. Адамның құдай берген өмірін
құдайдың өзі ғана алуы керек.
Елмен бірге соғыстың зардабын Шəйі де кешті. Біреулерден өлідей,
біреулерден тірідей айрылды.
Оралбектің алғаны Ақжазықтың қызы еді. Он сегізінде келін боп түсті.
Оралбек майданға кеткенде ұлы Нұрбек екі айлық қана болатын. Қырық
екінші жылы Оралбектің қара қағазы келді. Қырық алтыншы жылға дейін
келіні қолында болды. Түбі оның тағы біреуді табатынын Шəйі білді. Тек
балаларды бірге алып кетем демесе екен деп тіледі. Ақыры келіні,
артымнан қуып келе алмасын деген адамша, қыс ішінде қашып кетті. Жаз
шыға ата-енесімен, күйеуімен алдына келді. «Балалар келіп-кетіп жүрсе»
деген тілек айтты. Шəйі келісті. Барып-келіп жүргенмен, балалар əлі күнге
дейін Шəйінің үйін өз үйі санайды.
Кеңесбегі қырық бірдің көктемінде он алты жастағы Айнагүлге үйленді.
Ол соғысқа кеткенше əйелі бала көтеріп үлгермеді. Айнагүл десе дегендей
əдемі еді. Соғыс аяқталғанда жиырмаға шықты. Келіні қырық жетінші
жылдың күзінде колхоздың жұмысынан қолы босап үйге оралды. Жүзі
сынық, бірақ денесі толысқан тəрізденді. Кешкісін тамақ жасап жүріп
қайта-қайта тысқа шыға берді. Шəйі содан күдіктенді. Өне бойын ашу
биледі. Біржола келмейтін өлдіге санағаны ма баласын? Күдер үзген ғой?
Келіні үйге тағы кірді, тағы шықты. Шыдамы таусылды. Өзін өзі
сабырға шақырып көріп еді, басын кеулеп алған ашу басыла қоймады.
Шапанын жамылды да, сыртқа шығып кетті. Екі кештің арасы болса да, арұятын шүберекке түйіп, Табай мен Жүзіктікіне келді. Бұл бейуақытта
келісінің бекер емесін екеуі де сезді.
– Балалар, сендер ана бөлмеге барыңдар, Шəйі апаларың шəй ішсін,
мазасын алмаңдар! – деді Жүзік ойнап жүрген немерелерін төргі үйге
тығып. Балалармен бірге Табай да кетті.
– Айнагүл екіқабат болып қалған сияқты, – деді Шəйі Жүзікке ішіне
сыймаған күдігін бірақ ақтарып.
– Шəй іш, – деді Жүзік ештеңе естімеген адамша.
– Жүзік, мен саған не айтып отырмын? Естімедің бе?
– Естідім. Өзі не дейді?
– Сөйлескем жоқ, сұрамадым. Жерік екенін жаңа ғана білдім.
– Не істемек ойың бар?
– Білмеймін. Соны сенімен ақылдасқалы келдім.
– Ақыл да, ұят та адам сияқты ол да азады екен, Жібекжан. Бəріміз
азғындап барамыз ба, əлде бір-бірімізді түсінбей барамыз ба, біле алмай
басым қатты. Сəменнің əйелі де солай.
– А-а?
Тілдері аяқасты байланып қалғандай, екі əйел бір-біріне қарай да алмай
мелшиіп қалысты...
Соны да бастан кешті бұлар.
Айнагүл де, Сəменнің əйелі де қыз туды.
...Нəрестеде не күнə бар, тырбаңдап тіршілікке талпынады. Ол əжелеп
жүгіріп жүргенде, Айнагүл айтпай, дəнеңе етпей, əлдебіреумен қашып
кетті. Кеңесбектің қызы деп, баланы бауырына басып Шəйі қалды.
Оралбектің екі баласы мен Кеңесбектің қызын бағып-қағу Шəйі үшін азап
болмады, олар екі ұлын əр сəт есіне сап тұратын тіршіліктің нəрі болды.
«Оралбегім сөйтуші еді», «Кеңесбегім сөйтетін еді» деп жоқ балаларының
мінез-құлқын немерелерінен іздеп тауып отыратын. Ол да құдайдың бұған
берген қайыры еді.
Екі жылдан соң құндақтаулы қызын құшақтап Айнагүл үйге қайтып
келді. Əке-шешесімен бірге тұратын бауыры мен жеңгесі босағадан
аттатпапты. Бірер күн ана бауырына, бір күн мына бауырына барып, ақыры
барар жер, басар тауы таусылған соң, баяғы Шəйіні тауыпты. Күйдімсүйдім деп үйленген күйеуі күнде ұрып, сабайтынды шығарыпты. Боқауыз,
былғаныш сөйлейтін еркек көрінеді. Ə десе, «əкеңнен» бастап, өйтейін,
бүйтейін дегенді ел көзінше де қардай боратып, сабаудай сатырлатып
боқтай береді екен. Шəйі келінін кеудесінен итере алмады.
Кішкентайын шомылдырып, жуындырып, бауырына салып алды.
Айнагүлдің күйеуі екі мəрте кешірім сұрап келді. Кескін жағынан
келісті-ақ еркек көрінді. «Барғың келсе, ұстамаймын. Бар», – деді Шəйі
келініне. «Жоқ, бармаймын» деп келіні кесіп айтты. Бірақ, құдай атқанда,
Айнагүл айтқан сөзінде тұрмады. Қызы емшектен шығып, жаңа-жаңа тəйтəй басып жүргенде, əлдекімдер арқылы астыртын байланысып жүріп, сол
күйеуіне қайта қашып кетті. Сонда да Шəйі келініне түңіліп, кейімеді.
Өйткені, ол Кеңесбегінен қалған жəдігердей еді. Кеңесбек тірі болса, оның
мұндай күйге түспейтінін тағы білді. Мұндай тағдырды ол сұрап алған жоқ,
осындай тағдыр оған тап болды. Шамның жарығынан ұзап шыға алмайтын
жынды көбелекше бір еркекті төңіректеп сандалды да қалды. Одан кейін де
екеуі екі рет ажырасып, екі рет қайта қосылыпты. Бірақ Айнагүл бұл үйге
келмеді, балаларын да көрмеді. Мəрттік танытты. Ақыры Шəйінің
құлағына адам күлетін əңгіме жетті. Бір күні күйеуі «ой, əкеңнің» деп тұра
ұмтылған екен, Айнагүл қашпапты да, саспапты да, оқтауды ала сап қақ
бастан күйеуін қойып қалыпты. Анау шалқасынан талып түсіпті. Есін
жиған соң, еркек емес пе, екілене кеп ұмтылса, қолтығынан ұстап алыпты
да, далаға итеріп тастап, есікті тарс кілттеп алыпты. Масқара болған
күйеуін екі күн бойы үйге кіргізбепті. Ақыры анау жаздым-жаңылдым деп
алдына жығылыпты. Содан бері екеуі итжығыс төбелесетін көрінеді. Екі
баласы бар, қырық бестегі əйел деуге адамның аузы бармайтындай
Айнагүлдің бет-аузы мыжырайып кетіпті. Ол да, бұл да бір-біріне шешіліп
ештеңе айтпады. Əңгімелері амандық-саулық сұрасудан ары аспады.
***
Табайынан айрылған Жүзік те, Жақсыбаладан айрылған Айгүн де
жарым көңіл. Үш жесір бір сəт сөйлессе де бір-біріне сеп. Жағдайын
білейін деп, бір күні Шəйі Жүзіктікіне барды. Күннің шуағына арқасын
тосып, есік алдында жүн түтіп, ыңылдап əн салып отыр екен. Тыңдап
тұрып қалды.
Ауылым көшіп барады Керме көлге,
Алыс шығар Керме көл көрмегенге.
Қыс пен аштық қосарлап қысса дағы,
Күн күркіреп жаз шығар өлмегенге.
Бұраң бел,
Мен бармаймын,
Өзің кел!
– Сенің бармайтыныңды біліп, өзім келдім.
– Ой, жаным! Жер бетіндегі жалғызым! Сен ғанасың ғой менің өткен
өмірімнің де, өтіп жатқан өмірімнің де куəсі.
Мұны құшақтап ол да жыламсырады, оны құшақтап
бұл да
жыламсырады. Оның ішіндегі мұң-қасіреттің бəрін Шəйі біле ме, Шəйінің
ішіндегі мұң-қасіреттің бəрін Жүзік біле ме? Əркім өзінікін ойлап мұңаяды.
Жылай алмаған жүрек жылағанды түсінбейді.
Жас күнінде жеңгесі, кейін шешесіндей болған Жүзік алдымен Табайды
жөнелтіп, оның жылын өткізген соң көп ұзамай өзі де дүние салды.
Жапырағы сиреп, бұтағы сынған теректей бірте-бірте Шəйінің өзі сорайып
жалғыз қала бастады. Бір шүкір дейтіні төңірегін немере-шөберелері
шуылдап қоршап жүр.
Ойлап қараса, Шəйі өмір бойы Тазабектің шапағатына шомылып өтіпті.
Мұны қоршағанның бəрі – сол Тазабек табыстырған адамдар. Тірісінде
Тəйкенге тілеуқор болса, ол өлген соң бұған пана болған солар!
Қапезді айтсаңшы! Жайраң қаққан жайсаң еді ғой. Қапезді ойласа, неге
екенін, есіне еріксіз Бəкен де түседі. Соған соның кесірі тигендей болады
да тұрады. Оған себеп, сірə, Оралбек пен Əбеннің тойына келгенде Жəмеш
айтқан бір сөз.
Сері мінез, ақжарқын Қапез бір ұйғырдың қызын ұнатып қалыпты.
Жібектің үстіне оны да алғысы келіпті. Бірақ қыздың əке-шешесі əрі-сəрі
болса керек. Сол тұста Бəкен екеуі қатты сөзге келісіпті. «Қарындасымды
қорладың» деп анау, «Жібектің өз орны өзінде» деп мынау, екеуі ақыры
жауласып тарайды. Сол арада ұйғыр қыздың əке-шешесі Қытайға қашып
өтіп кетеді де, Қапез бен Жібек қайта жарасып кетеді. Бəкен бірақ қайтып
Қапезбен араласпапты. «Кейбіреу бүгін тату, ертең араз» деп Қапездің əнге
қосуы да бекер емес. Қапез отыз жетінші жылы ұсталып, итжеккенге
айдалып бара жатқанында:
«Əзəзілге сендің бе?
Айтқанына көндің бе?
Халқым деген Қапезді,
Жау деп ұстап бердің бе?» – деп мұң шаққаны тегін емес. Ол бəленің
Бəкеннен келгенін білген болу керек. Əттең, оны сұрайтын Қапез жоқ.
Итжеккенде жүріп қайтыс болыпты. Жатқан жері жайлы болсын!
***
Гүлдəн мен Гүлсəн өзара ақылдасты ма екен, Оралбек пен Əбен
үйленген жазда екеуі де теріскей жаққа іркес-тіркес күйеуге қашып кетті.
Сөйткендері дұрыс та болған секілді. Құда түсу мен құда күту де ескіліктің
қалдығы санайтындар табыла бастаған.
***
Бұл жақтың қазақтары Шаншар деген ақынын Құлманбеттен кем
бағаламайды. «Екеуі айтысқанда Шаншар басым түсіп еді. Əттең, бір
тентектің тексіз ісіне бола сөзден тосылды» санайды. Жеңілгеннен жүзі
күйіп, үнемі ел аралап кетеді екен. Жамбылды ұстаз санап, сол ауылда көп
күнін өткізіпті. Ақыры аштық жылы қайда қалып, қайда кеткенін жан
білмейді.
***
Соғыстан кейінгі жылдарда ел еңсесі көтеріңкі болғанмен, кем-кетігі
көп еді. Үш-төрт қонақ үйге қатар келсе, оларға ас құятын ыдыс жетпейтін.
Бала-шаға дереу көршіге жүгіретін. Бүтін ыдыс та табыла бермейтін.
Құрсауланған кесемен шай ішу, кетік ағаш ожаумен көже құю, су ішу, ағаш
аяқпен айран ішу, ағаш қасықпен кеспе көже ішу баршылық саналатын. Той
жасаған жұрт көрші-қолаңнан асып, бүкіл ағайыннан ыдыс жинайтын.
Соның бəрін көрген көз бүгінгіге тек тəубə дейді.
Келе-келе Китіңнен жастар қаша бастады. Тау қойнауындағы ауыл
аудан орталығынан тым алыс жатқандықтан, қарым-қатынас күн санап
қиындай берді. Арба да, ат та табыла бермейтін. Ақыры Китің жеке
біригəдə болудан да қалды. Орман күзеткен Кобзев Үлкенағашқа көшпей,
таныс орыстары бар Аралтөбе, Қоғалы жаққа көшетін болды. Кетерінде
қазақ
дəстүрімен аралас-құралас жүрген бұларды қоштасу дəміне
шақырды. Көзіне жас алып, қимас көңілмен қоштасты. Сол күні оңашалап
ол Шəйіге тосын бір сыр ашты. Еркелетсе, Шəйкен, басқа кезде Шəйі дей
беретін. «Шəйкен, сен екеуміз Тазабек марқұмға өле-өлгенімізше
қарыздармыз. Ол сенің де, менің де кегімді алды», – деді иығынан өзіне
тартып.
Шəйі оның мəнін түсінбей, Кобзевтің бетіне бажырая қарады. Ол бірден
аңғарып, «Сен немене, білмейсің бе?» – деді таңғалып. «Онша түсінбедім».
«Е, марқұм-ай, оның ондай мінезі бар еді. Сыр ашпайтын құлыптаулы
сандық сияқты еді. Сенің əке-шешең мен бауырларыңды тірідей өртеп,
менің бір тал қызымды қорлап, зорлап өлтірген Сергейчуктің екі інісін
Тазабек қой өлтірген».
Шəйі селк ете түскен. «Қашан? Қайтіп?». Кобзев ұзақ басын шайқап, ол
сырды Шəйінің шын білмейтіне ұзақ таңданды. «Екеуі мені атып өлтірмек
болып қуалады. Мен атымнан түсіп Ақтоғайға қашып тығылдым. Қараңғы
түскен кезде біреуін қамшымен ұрып, біреуін соның мылтығымен атып
тастадым», – деді. Бар сыр ашқаны – сол».
Кобзев соны айтқанда, Тазабектің қалмақ жігітті қамшымен қалай ұрып
жыққаны Шəйінің көз алдына келді. Оның солай істей алатынына сенді.
Олай болса Тазабекті өлтірген сол Сергейчуктің бір інісі екеніне де сол сəт
сенді.
Кобзевтің де екі ұлы, бір немересі майданға кетіп, немересі ғана балдақ
ұстап оралды. Орыстың бəрі солардай болса, анау – орыс, мынау – қазақ
деп жіктемей-ақ бəрін адам деп бір ғана атаумен атай салса болар еді,
əттең!
Ол да, кемпірі де өмірден өтті. Өтіп жатқан өмір, кетіп жатқан
қимастар.
Айгүн, əке-шешесін Китіңге жерлеген Қали – бəрі Өктəбір ауданының
орталығы Көкталға көшіп келген жылы Шəйі əлі мұғалім болатын.
Жəркент – ол кезде жеке аудан. Бір жас қыз мұғалім аптығып: «Апай, сізді
деректір шақырып жатыр», – деді. «Шақырып жатыр» деген сөз жүрегіне
шың ете қалды. Шақыру атаулы жақсылықпен бітпейтін.
Деректірдің қасында атжақты, кесек денелі ақ сұр кескінді бір кісі отыр
екен. Бір жерден көрген адамы секілденді.
Кірген бойда амандасты да, босағада аңтарылып
қалды. Бейтаныс жігіт орнынан тұрып, жымия жақындады.
тұрып
– Шəйі апа! – деді əлдебір алыс заманғы таныс дауыспен.
Тани алмады. Көзі жыпылықтап, тани алмағанына əрі қысылды, əрі не
дерін білмей тосылды.
– Мен Самсалымын ғой, апа. Қожабек ағаңыздың баласы.
– Айналайын! – деген болуы керек. Даусы шықпай, тек құшағын жая
берді.
Еңгезердей жігіт еңкейіп келіп құшақтады.
– Алтын апатайым!
Құлап бара жатқанын біліп, сезімтал жігіт сүйемелдеп, қасындағы
орындыққа отырғыза қойды.
«Тірі болғанда, Сəменім де осындай болар еді-ау!» – деп ойлады.
Ағылып, тоқтамай қойған көз жасынан өзі ұялды. Əйтеуір, əрең тілге келіп,
амандық-саулық сұрасты.
«Сіздің осында екеніңізді, Қоғалыға жұмыспен барып ем, сонда баяғы
Кобзевтің немересіне кезігіп қалып, содан естідім», – деді. Жəркент
аупарткомының бірінші хатшысы болып келгеніне төрт-бес ай болыпты.
«Жас өспей ме, жарлы байымай ма?» деген – осы. Зіңгіттей жігіт болыпты.
– Үйге жүр, жаным. Жаман апаңның шəйін іш! – деді Шəйі əлі өткен
күндердің елесінен айыға алмай.
– Жоқ, апа, бұл жолы мен сізді əдейі шақыра келдім. Демалыс күні өзім
келіп, бала-шағаңызбен алып кетем, – деді.
Сөйтті. Содан бері сол
да байланыстарын əлі үзген жоқ.
Самсалымен
өзі
де,
бала-шағасы
«Былтыр құлын – биыл тай,
Бүгін кедей – ертең бай.
Диірменнің тасындай
Шыр айналған дүние-ай», – деген – осы. Кешегі жалаңаяқ балалардың
бүгін ел басқарғаны Шəйіге заманның оңала бастағанындай сезілді.
***
Немере-шөберенің қызығын қазақ басқа қызықтың бəрінен жоғары
қояды. Солай екеніне Шəйінің көзі баяғыда жеткен. Құдайдың оған берген
бір мінезі: өз немере-шөбересін қалай жақсы көрсе, Сəмен, Жақсыбала,
Қалидың бала-шағаларын да өз ұрпағындай жақсы көреді. Əйткенмен ол
Нұрбектің қызы Кəусенді айрықша сағынып тұрады. Өйткені оның қылығы
– оқшау қылық. Алматыдағы музыка мектебіне барғанынша оны өзі бағыпқақты. Бір жасында жүрді, бір жасында сөйледі, жас күнінен алғыр, ерке
өсті. Қой деп бетінен қаққан емес, əке-шешесіне де жекітпеді. «Менің
жекеменшігіме тимеңдер!» – дейтін.
Елдің баласы өзге балалармен ойнаса, Кəусен тек əжесімен ойнайтын.
Үйде де, түзде де: «Əже, ойна!» – деп, қасынан қарға адым шығармайтын.
«Құдай сақтасын, мінə біреудің ауырын-ай!», «Əнебіреудің дəмін
көрейінші» деп, əжесінше сөйлегеніне əке-шешесі де мəз болатын. «Əже,
сен маған көрініп жүр, мен ойнаймын», – дейтін бес-алты жасының өзінде.
Бір-біріне бауыр басқан, бір-біріне əбден үйреніскен шөбересі. Нұрбек пен
келіні əжесі мен шөбересінің қылығына қарап-ақ қарқ болады.
Немере мен шөберені алдына алып төбе шашын иіскеп отырған ана мен
əженің танауы тіршіліктің таңғажайып иісіне толады. Ол иіс – адамды
шексіз рахатқа бөлейтін əлемдегі ең қуатты дəрі. Ондай дəріні ешбір
оқымысты мен ғұлама жасай алмайды, өйткені оны Жаратушы иемнің өзі
жасаған.
***
Шəйінің өткенді ойламайтын, бүгінде көзі жоқ жақындарын еске
алмайтын күні жоқ. Кейде солармен əлі бірге өмір сүріп келе жатқандай
болып кетеді. Күбірлеп сөйлесіп те отырады. Оларсыз өмір сүру оған
опасыздық секілді.
Қиын-қыстау кезде ағайын болған
Жақсыбала мен Тəуірбектің,
басқалардың ұрпақтары мен өз ұрпағын ұштастырып, бас қостырып отыру
– ол да Шəйінің аналық міндеті. Мұның бəрі кішігірім мемлекеттің тізгінін
ұстаудан бір кем емес. Ағайын бола білу – қазақтың ең үлкен мүддесі.
Немере-шөберелердің, жиендердің мінез-құлқынан, түр-түсінен
Тазабектің, Оралбектің əлдебір ұқсастықтарын, дағдысы мен əдетін көру –
Шəйі үшін бақыттың бақыты. Өмір сүру деген – сол.
***
Көкталдың күзі жазға ұқсас: күн жаумайды, суымайды, шыбынсыз
жаздың дəп өзі. Қазақтың өз мінезіндей момын, алқын-жұлқын ештеңесі
жоқ. Қоңыр күз.
Нұрбек пен келіні жұмыста, өзгелері де өз тірлігімен кетіп, Шəйі үйде
жалғыз өзі кіріп-шығып жүрген. Телефон шыр ете қалды. Əй, Алматыдан,
Кəусенім шығар деп, асыға жүгірді. Сол екен, даусы саңқ ете қалды:
– Əже, хəлің қалай?
– Ой, даусыңнан айналайын, жақсымын. Өзің қалайсың?
– Жақсы. Əже, бүгін паспортымды алдым. Атымды Кəусен деп
жаздырдым. Бəрібір елдің бəрі Кəусен дейді. Оның үстіне ол – сен айтатын
ат. «Кəусен» дегенде, құлағыма ылғи сенің даусың келіп тұрады.
– Жарығым сол. Əке-шешең ренжіп жүрмей ме?
– Ренжімейді. Менің əке-шешем сенсің, олардың бұйрығы маған
жүрмейді. – Соны айтты да шөбересі сықылықтап тұрып күлді.
– Алтыным. Бəрі құтты болсын, жаным!
***
Шəйі тағы ойланып отырған. Есіне қазақтың ескі бір əні түсті:
– Тобылғының бүріндей,
Текеметтің түріндей-ай.
Заман өтіп бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ай.
Қазақ қалай дəл байқағыш. Күнде көгеріп тұрған тобылғының қашан
бүр ашқанын білмей қаласың. Текеметтің түрі де күнде көрсең, күнде сол
қалпы сияқты, бірақ ол да байқатпай тоза береді. Бəрі кеше ғана сияқты.
Биылғы қыс күздің жалғасы сияқтанды: қарсыз, қара суығы да жоқ.
Шəйінің ауыратын жүрегі бір нəрседен ғана секем алды: желтоқсанның дəл
он бесі күні қыс ішінде күн күркіреді. Бұрын мұндайдың болғанболмағанын, қанша ойласа да есіне түсіре алмады. «Ə, құдай амандығыңды
бер!» – деп сыйынды да қойды.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Əй, дүние-ай! - 18
  • Büleklär
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2127
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2152
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3957
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2173
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2061
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2080
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2223
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4025
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1688
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.