Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 08

Süzlärneñ gomumi sanı 3925
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Мал тынықсын деп, бірер күнге аялдаған ауыл абыр-сабыр болып
жатқан. Бір кезде Табайдың ойбайлаған жаман даусы шықты:
– Ана жерде бір топ адам өліп жатыр!
Тазабек өз көзіне өзі сенбеді. Баласын құшақтап қырынан жатқан əйелді
əуелі ұқсатты, артынша таныды: Дəнекер. Қатпарланған маңдайынан,
шалбарланған бетінен бейнет пен азаптың табын танып, соған өзін де
кінəлі сезінді. Еңкейіп, алдымен баланы ажыратпақ болып еді, тас қып
құшақтап алған екен, босатпады. Тартып алайын деп, баланы қолынан
ұстап еді, алақаны əлі жылы көрінді.
– Табай, мə, баланы алшы! – деді. – Қарашы, жаны бар ма?
– Мойны жылы.
– Апар апам мен Жүзікке!
Жомарт, Табай үшеуі Кемелбай мен Дəнекерді бір бөлек, қалғанын
тобымен жыраға апарып бетін жасырды. Шешесі мен Жүзік от жағып,
баланы тыржалаңаштап құйрық маймен сылап жатыр екен.
– Тірі ме? – деді Тазабек тірі екенін көріп тұрса да.
– Адам болар-болмасын кім біледі, əзірше, əйтеуір, кеудесінде жаны
бар, – деді Жүзік. – Сəменіме серік болады, аман қалса, асырап алам.
– Көрген мен ғой, мен бала қылып алам, – деді Табай таласып. – Өлген
балаларымның орнына құдайдың маған берген олжасы шығар?
– Қатының жоқ, сен қайтіп бағасың? Өлтіріп аласың ғой, – деді Қалиша
ара түсіп.
– Екеуіңе де бермеймін, мен алам, – деді Тазабек ойын-шыны аралас, –
баланың жанын алып қалған – менің шешем. Сондықтан бұл бала маған іні
болады. Əлде өзіміз бала қып аламыз ба, Шəйі? Кəне, сен айтшы!
– Апам кімге берсе, сол алады. Бір-бірімізге бөтен емеспіз ғой.
– Апа, айтыңызшы, жол да, жөн де менікі емес пе? – деді Табай дегбір
таппай.
– Иə, сенікі, – деді Қалиша жымиып.– Бірақ айттым ғой сен баға
алмайсың деп. Балаға əкеден бұрын шеше қажет. Егер Жүзік шеше болуға
келіссе, онда бала сенікі.
Бəрі аңырайып, бір-біріне қарасты. Табай шын-өтірігін ажырата алмай,
біресе Қалишаға, біресе Жүзікке жəутеңдеп отырды да қалды. Баланы
қимаған соң айтқаны-ау деп түсінді.
– Апа, шын айтып отырсыз ба? – деді Жүзік те бетіне сенер-сенбес
қарап.
– Е, шын айтпағанда. Жарты-жарты боп жүргенше, бүтін болғандарың
дұрыс емес пе?
– Өзіңізден алыстатқаныңыз ба бізді?
– Сені де, Табайды да өзімнен алыстатпай, біржола қасыма байлап
қойсам деген ниет менікі. Маған сыйлас керек, Тазабегіме туыс керек.
Сөйтіп көбейіп септеспесек, бізге біреу сырттан келіп сүйеу бола ма?
– Сəменім ес біліп, адам болып қалды, əкесінің жылы өтпей жатып
ондайды ойлағаным күнə емес пе, апа?
– Саған бүгін-ертең тие қой деп жатқан мен жоқ, сені тап қазір ала
қояйын деп отырған Табай да жоқ. Сөздің реті келген соң, ретін айттым,
қалғанын өздерің ойлана-толғана жатарсыңдар.
Баланы Жүзік бауырына басты. Атын Сəменге ұйқастырып Əбен қойды.
***
Шекарада Тазабектерді алты орыс қарсы алды. Бастығы өзін Иван
Карагозин деді ме, Каразогин деді ме, əйтеуір, кереңге айғайлағандай,
дауыстап таныстырды.
– Здрастите! – деді Тазабек қолын ұсынып.
– Ага, здрасти, – деді Иванның қасындағы орыс осқырына қарап. – Тарт
ары ақ патшаға оқ атқан қолыңды! Қаның жұғады.
Иван көрмегенсіп қолын алмады. Тазабек тіксініп, алты орыстың түріне
қарады. Бірде-бірінен жылы ықылас аңғармады. «Алдап өткізіп алып
қырып тастамас па екен?» – деді сескеніп.
– Тазабек, не дейді мыналар? Біз де білейік, айтсаңшы!
– «Жомарт, жолың болсын! Хош келіпсің!» – дейді.
– Өтірік айтпа, ондай түрлерін көріп тұрғам жоқ.
– Бұдан былай тек осындай түрді көресің, үйрене бер.
– Қуған орыс басқа, шақырған орыс басқа деп ойлап ем, олай емес-ау,
сірə?
– Сенше, немене, қашқан қазақ басқа да, қайтқан қазақ басқа ма? – деді
бір орыс тап-таза қазақша сөйлеп.
Жомарт жым болды.
Шегарадан өткен соң, онша ұзамай бір сайға қонды. Мал да, көлік те,
адам да арық болған соң, Қожабектің ауылы екеуі бір-бірінен қара үзбей,
күніне он-он бес шақырымдай ғана жылжып отырысты. Бір күні Есек
Артқан деген тау бөктеріне жетті. Көгі көтеріліп қалған шұрайлы жер
болған соң, мал үшін бес-алты күн аялдай тұрайық десті. Түнде жылқы
жаюға кеткен Табай таңертең шапанына орап бір құшақ арпаның масағын
алып келді.
– Мұны қайдан əкелдің? Біреудікін ұрладың ба? – деді Жүзік таңырқап.
– Бөктердің күнгейі толған масақ. Өткен күзде солдаттар пісіп тұрған
егінді өртесе керек. Сабағы жанған кезде, дəн толы масағы өз салмағымен
үзіліп түсе берген. Көбі күймеген, кейбірі жартылай жаныпты. Күзде
жаңбырдың, қыста қардың астында жатқандықтан, аздап даттаныпты,
жуып жіберіп кептірсең, жей беруге болады.
– Жумай-ақ жей берсе қайтеді?
– Онда ішің өтеді. Ішің өткен соң, берекең кетеді.
Ертеңінде Қалиша, Жүзік, Шəйі, Əбен – төртеуінен басқасы түгел масақ
теруге шығып, үйдің іргесін сол күні-ақ арпаға толтырып тастады.
Қожабектің ауылы мен Амалбай да, артарынан келген бірер үй – бəрі
жаппай масақ теріп жетісіп қалды. Тоқшылық аштықты аз-аздап ығыстыра
бастады. Əзіл, күлкі жыл құсымен қабат қайта оралып жатты.
– Табай балам елдің алғысын алды, – деді Қалиша, сірə, əдейі сөз
қозғап. Көз қиығымен Шəйіні бір шалып өтті. – Тілеулі құдам мен Əжікен
құдағиым қандай еді?! Екі перзентімен бірге кеткен Ағынтайды айтсаңшы!
«Тілеулімен құда болам!» – деп қуанып, сол құдалығының қызығын бір күн
де көрмей Тазабектің əкесі де кетті. Жазу солай ма, жауыздық солай ма,
бəрінен айрылдық. Бізге ғана емес, бүкіл елге келген нəубет болған соң,
«көппен көрген – ұлы той» деп отырмыз. Елге жетіп, есімізді жисақ,
бəрінің жылын бірге қосып берсек пе деп ойлап жүрмін. Оны Тазабекпен
ақылдасармыз. Содан кейін күйеуге тием десе, Жүзікке де, əйел алам десе,
Табайға да рұқсат етерміз. Сөйтеміз бе, Шəйі? Əлде сенің басқа ойың бар
ма?
– Басқа ойым жоқ, апа. Жүзік маған қазір жеңгеден де жақын адам
болып қалды, өзіңіз білесіз. Сəмен екеуінсіз еш өмір сүре алмайтын
сияқтымын мен.
Екеуі – əке-шешемнің де, бауырларымның да көзі.
– Солай екені солай, айналайын! Бүйтіп қалармыз деп кім ойлаған?
Астаң-кестеңіміз шықса да, аман-есендігімізге тəубə дейміз. Тірі қалған
соң, тіршілігімізді жасамасақ, тағы болмайды.
– Апа, бірнəрсе айтсам, ренжімейсіз бе?
– Айта ғой, неге ренжиін.
– Табайдың, Жүзіктің жайын айта бересіз, неге Жəмеш жайында түк
айтпайсыз?
– Е, оның неменесін айтам? Айтатын бірнəрсесі болса, сендер
айтыңдар.
– Балаңыздың Жомарт деген досы бар емес пе?
– Е, оған не бопты?
– Сол біздің Жəмешке көзін сүзіп жүрген көрінеді.
– Оған біздің қыз қалай қарайды?
– Ағасынан қорқады.
– Е, ағасына Жүзік екеуің неге айтпайсыңдар?
– Біз де қорқамыз.
– Қорықпайтын жерде қорқа қалады екенсіңдер əшейін. Қыздың өзі
қарсы болмаса, ағасы қайда барушы еді? Жүзік екеуіңнен артыла қоятын
жұмыс па сол?
– Болды, апа, болды. Сіздің алдыңыздан өттік, – деді Жүзік күліп. –
Ендігісін Шəйі екеуміз жөндейміз.
– Жөндеңдер. Күйеусіз қалу – ханның қызына да кемістік. Жоқтан бар
жақсы, жалғыздықтан жұп жақсы. Жақсыға ұмтылғанның несі сөкет?
***
Мол масаққа бола, оның үстіне төрт қойы қоздап, қозысы аяқтансын
деп, Тазабектер Есек Артқанда екі апта аялдады. Көшкенде Қожабектерге
де, бұларға да ілеспей, Амалбай сол арада қалды. Аз күн болса да дəмдестұздас болдық деп, Қалиша оларға бір киізі мен көрпесін беріп кетті. Тағы
екі қонып, баяғы Көміршіге жетті. Сол арада Қожабектермен қайта бас
қосты. Серікбай болыстың Мырқасым дейтін баласы Қарақолда оқып
жүріп, көтеріліс кезінде үй ішінен көз жазып қалған екен, сұрастыра жүріп,
отбасымен Көміршіде кездесті. Содан үш күн өткен соң түс əлетінде
сайдың аузынан бір топ атты бауырымдап қоя берді. Жаңылмай, тура
Көкшегірдікіне тартты. Жөнін білмекке бір жағынан Қожабек, бір жағынан
Тазабек келіп, есік алдында жолықты. Сəл тоқтап, екеуі ішке кірді.
Көкшегірдің:
– Елі үшін өлген ардағым-ау!
Басыңа бір уыс топырақ салмадым-ау! – дегенінен-ақ топ жігіт
Серікбайдың қазасын естіртуге келгенін түсіне қойысты. Алдаберген атты
кең жауырынды, отты көз жігіт əңгімесін айтты:
– Шілденің он бірінде албанның ақсақал-көксақалдары Қарқараның
желкесіндегі Айт төбеге жиналды. Соның ішінде болдым, – деп бастады. –
Бала бермеуге келістік. Мен Шалкөдедегі ауылыма қайттым. Болыстың
песірі тізім жасап жүр дегенді естідім. Содан песірді тауып алдым да,
кінəгесін тартып алып, жыртып тастадым. Үш-төрт күннен соң Əбдіқалық
болысқа жолықсам, «Сені ұлықтар тап деп жатыр, жүр, барайық»,– деді.
Барсақ барайық деп, Кірəпшіңкеге келдік. «Тізімді неге жыртасың?» – деп,
ол мені бірден тергеуге алды. «Елден жасырып, ешкіммен ақылдаспай
жасаған тізім екен», – дедім. «Ұзақтыкіндегі жиында болдың ба?» – деді.
«Жоқ», – дедім. Сұрақ-жауабымыздың болған-біткені сол ғана. Содан кейін
Əбдіхалықтың қасына апарып абақтыға жапты да тастады. Серікбай да
сонда екен. Сөйтіп орыстың қолына өзімізді өзіміз тапсырдық. Екі күн
жатып, үшінші күні үшеумізді кешке таман үш атты солдат Қарақолға
қарай жаяу айдап шықты. Алдымыздан бір арбалы орыс қарсы кездесті.
«Қырғыздар атысып-шабысып бүлініп жатыр», – деді. Үш солдат не істерін
білмей үрейленіп тұрғанда, артымыздан жасауыл қуып жетті де, Қарқараға
қайтадан алып келді. Əкеліп абақтысына қайта тықты. Ертеңіне үстімізге
он екі тараншыны əкеліп тағы қосты. Келесі ел жатарда үш қазақ, он екі
тараншы – он бесімізді Жəркентке қарай он бес солдат тура өгізше
томпылдатып қуалады. Бір кезде Мансұр деген тараншы болдырып, мүлде
жүре алмай қалды. Жолдастары қаумалап біраз жер көтеріп жүріп еді,
болмады, сұлап жатып қалды. Бір солдат ат үстінен мылтығының істігімен
шаншыды да тастады. Байғұстың құлындағы даусы шықты. Біздің зəреқұтымыз қалмады. Қалғанымызды таңға жуық Кегеннің поштасына айдап
əкелді. Солдаттар сол арада шай қайнатып ішті. Бір-бір ожау бізге де берді.
Сонымен таңдай жібіттік.
Тазабек Алдабергеннің əңгіме айтысына риза болды: орағытпай,
оспақтамай, нақ-нақ айтады. Ысылған, кезінде болыс болған кісі екен.
– Солдаттар тағы жүруге дайындалды. Сол арада Серікбай тұрды да.
«Біз Əбдіхалық екеуміз бұдан ары жүре алмаймыз. Ақыр ататын болсаңдар,
екеумізді осы араға атып кет», – деді. Солдаттар өзді-өзі былдырласты да,
біреуі: «Жүріңдер, жаңа кеткен тараншыны қуып жетіп, сендерді соның
арбасына отырғызайық», – деді. Көндік. Қайқының асуына жақындағанда
Əбдіхалық пен Серікбай мүлдем жүре алмай қалды. Сол араға біраз
демалтты. Орыстар мылтықтарын оқтап, тасты атып, біраз ойнап-күліп
отырды. Тағы жүрдік. Біраздан кейін Əбдіқалық пен Серікбай тағы
шаршады. Көрген көзім жазықты, сол арада солдаттар екеуін аттың
бауырына алып қамшылады.
– Иттер-ай! – деді Көкшегір сол сəт ышқына үн қатып. – Қазақтың
ардағын кəпір сабады деген не сұмдық?!
– Содан кейін Серікбайды мен демеп алып жүрдім. Шаршап, бəріміз де
кібіртіктеп қалдық. Сəске болды. «Мыналардың сұрқы жаман, – деді
Серікбай құлағыма сыбырлап. – Иманымызды үйірейік, бұлар бізді атады.
Құшақтаса құлайық, сонда, бəлкім, біреуміз аман қалармыз». Серікбай да
соны айтып бітті, арт жағымыздан мылтық тарс ете қалды. Дəл алдымызда
келе жатқан тараншы жалп ете түсті. Ыңқ деуге де мұршасы келмеді.
Серікбай мені құшақтай алды. Тарс-тұрс атқылап жатыр. Екеуміз қабаттаса
құладық. Айналамыз көк түтін. «Əй, Əбдіқалық, көтер басыңды!» – деді
Серікбай айқайлап. Серікбай мені баса құлаған, қозғала беріп ем, «Жат!
Жыбырлама!» – деді Əбдіқалық жекіп. Жалп етіп үстіме сол кезде бір
тараншы құлады. Бауыздаған малша қырылдап, жаны шықпай біраз
тыпырлады. Содан кейін атыс тоқтады. Мен əлі тірімін. Бір заматта үзенгі
бауын салдырлатып, бір салдат бас жағыма келіп атынан түсті. Мылтығын
сытырлатып оқтап атқалы жатыр. Мен жабысып жерге кіріп барам.
Кеудемде жаным бар ма, жоқ па, білмеймін. Өліп бара жатқан секілдімін.
Кенет дəл құлақ шекемнің тұсынан мылтық шақ ете қалды. Өлдім деп
ойладым. Жер-əлем санамнан өшіп кетті. Бір кезде орыстардың дабырдұбырын ести бастадым. Əбдіқалықтың үсті-басын тінтті-ау деймін,
етіктерінің тықыры дəл құлақ түбімнен шығып жатты. Біреуі алқымымнан
көтерді де, қойны-қоншымды ақтарды. Тілімді салақтатып, өлген кісіше
дем алмадым. Сылқ еткізіп тастай салды. Сол кезде есімнен танып
қалыппын.
– Айналайын-ай, ажалыңның жоқтығы ғой! – деп қалды бір кемпір.
– Қанша жатқанымды бір құдай біледі. Бір кезде ана дүниеден мына
дүниеге қайта орала бастадым. Қан мен топырақ араласып, бір жақ шекем
шоқпардай болып қатып қалыпты. Екі көзім көрмейді. Шығып кеткен екен
деп шошыдым. Көзімді жапқан қанды топырақты сипалап, аз-аздан үгітіп
алып тастап ем, көзім ашылды. Міне мына құлағымды көрдіңіздер ғой, оқ
тесіп өтіпті. Дəл қасымнан шақ ете қалғанда, осыған тиген екен. –
Алдаберген тымағын шешіп тізесіне қойды да, қойнынан сусар бөрік
шығарып Көкшегірге ұсынды. – Міне, мынау Серікбайдың оқ тиген бөркі.
Көкшегір бас сап көкірегіне басты.
– Ардағым-ау, ажалың орыстан болған екен ғой!?
– Келін, сабыр қыл! – деді Қожабек. – Ол оқ – бір Серікбайға емес,
бəрімізге атылған оқ. Ажалдымыз өлдік, ажалсызымыз қалдық. Ол оқтың
əлі қаншаға атылатынын, одан қаншамыздың өліп, қаншамыздың аман
қалатынымызды бір құдай білмесе, басқа ешкім білмейді. Бəрі тып-тыныш,
бəрі тап-таза бола қалады дегенге басқа сенсе де, мен сенбеймін. Иə,
Алдаберген, сөзіңді бөліп жібердік пе, содан кейін қайттің?
– Қайтуші ем? Тұра сап Ақшоқының тауына қарай қаштым. Бір шилеуіт
жерге жетіп бұғындым. Тірі екеніме əлі сенер-сенбеспін. Аңдып жатқан
орыстар атып сала ма деп, жан-жағыма алақ-жұлақ қараймын. Тілім аузыма
сыймай шөл əкетіп барады. Жүре беруге жүрексіндім əрі əлім де қалмапты.
Шапанымның шалғайымен бетімді көлегейлеп жата кетіп ем, көзім ілініп
кетіпті. Екінді кезінде бір-ақ ояндым. Кішкене жүріп кеп бір бастау тауып
алдым. Су ішіп ем, сол арада тағы ұйықтап қалыппын. Кеш бата оянып,
жаяу салпақтап келе жатқанымда екі атты кісі жолықты. Біреуі міңгестіріп
алып, Ақтастыдағы ауылға жеткізіп салды. Сонда қонып, ертесі төрт адам
барып Серікбай мен Əбдіқалықты, он бір ұйғырды Шоған Құлаған сайына
жерлеп қайттық. Сонда Серікбайдың бөркін алып қарасам, оқ оның
басынан тиіпті де, қаны менің бет-жүзімді жауып кетіпті. Сол қанды менікі
деп ұққан солдаттар мені де өлдіге санаған сықылды. Ойлап қарасам, менің
жанымды сөйтіп Секең марқұм алып қалған екен. Сол үшін Секеңнің
аруағына разымын, ал ұрпағына өле-өлгенше қарыздармын!
Алдаберген көзіне жас алып еді, отырғандар қосыла пысылдасты.
– Ал қазір қайдан келесің? – деді Қожабек əңгімені ары жалғастырғысы
келіп. – Көкшегірдің мұнда екенін қалай білдің?
– Былтыр Қытайға қашқанымда, үй ішімді осы Көміршіде қуып жеткем.
Шегарадан өткен соң, тоқтамай Құлжаның түбінен ат басын бір-ақ тарттық.
Мал жоқ, баспана жоқ, азық таусылған. Өлуден басқа болашақ қалмады.
Тірі қалғаныма тəубə қылмастай жағдайға жеттім. Ақыры бір қызымның
арқасында қытайдың үйін қыстап шықтық. Құрыят дегенді естіп, елдің
алдымен қайта оралдық. Сіздердің Есек Артқанда аялдағандарыңызды
жалпақ ел біліп отыр. Көміршіге жеткендеріңізді естідім де, Секемнің
өлімін естіртуге əдейі келдім.
– Е-е, жөн, жөн, – деді Қожабек соза күрсініп. – Ел деп бəріміз еңіреп
келеміз, елде не күтіп тұрғанын бір құдай білсін!
***
Мамырдың екінші жартысы мамыражай болды. Көміршіден көшуді
Қожабек бастады.
– Тазабек, – деді көшерінде жұрттың көзінше, – қойша үркіп Қытайға
бірге бардық, қуғын мен қорлықты бірге тарттық. Құдайға шүкір, туған
жердің топырағына табанымыз бірге тиді. Кеше ғана қуғын-сүргінге салған
орыстың пиғылы оқыс өзгере қалды дегенге өзге сенсе де, өзім сенбеймін.
Биліктен шыққан бір бұйрық бар шығар. Қалай болғанда да, елге
қайтарғаны – адамгершілік. Біз саған ауыл-аймағымызбен бауыр басып
қалдық. Қиыншылықта табысып едік, жақсылықта да жұп жазбасақ, қалай
қарайсың? Қарабұлаққа бізбен бірге барсаң, қайтеді?
– Сөйтсеңші, қайным! Сөйт! – деп қалды Көкшегір де. Бұрын бауырым
деуші еді, бұл жолы қайным деді іштартып.
– Мен де сіздерге бауыр басып қалдым. Бірге жүрсем де, бөлек жүрсем
де, енді өле-өлгенше бауыр боп өтем. Біз, балаларды қоспағанда, əкеммен
ағайын-туыс бес-алты үйміз. Соларды шашыратпай елге жеткізу – менің
міндетім. Ата-бабамның алдындағы борышым. Қарабұлақ пен
Жылысайдың арасы ағайынды жатбауыр қылып жіберетіндей алшақ жер
емес. Менің жөнім осындай, Қожабек аға.
– Жөн екен. Онда бізге рұқсат ет, елге қарай жылжиық.
– Жолдарыңыз болсын!
– Аға! Аға! – деп жүгіріп келе жатқан Сəменге Қожабек те, Тазабек те
жалт қарады. – Шүйінші! Шəйі əпкем босанды!
– Ала қой шүйіншіңді, ала қой, балам! – деп, Қожабек Сəменді
бауырына қысып. – Білдің бе, кім келіпті өмірге?
– Ұл, ата, ұл!
– Шүйіншіңе менен бір тай мін, балам! Қалиша əжеңе айта бар: əрі елге
аман-есен оралғанымызға ырым қылып, əрі Тазабекке ұйқастырып,
немересінің атын Оралбек қояйық.
– Болсын, аға, сіз айтқан атты қоямыз! – деді Тазабек те Сəменді
құшақтап.
***
Тазабектер орналасқан Жылысай Қулық тауының теріскейінде,
Жалаңаштың солтүстік шығысында, ал Қожабектердің Қарабұлағы
Жалаңаштың батысында. Екі ауылдың арасы – жарты күндік жер. Жалаңаш
– осы өңірдегі казак-орыстардың орталығы, жүз елу-жүз алпыс үйлі үлкен
ауыл. Қазақтар үшін өте үрейлі мекен. Өйткені ондағы тұрғындар: «Сендер
ақ патшаға қарсы шыққансыңдар», – деп, оларға кекті. Ал кек деген бір
кезде бітетін, таусылатын нəрсе емес: біреу кек алса, екіншінің онда өші
кетеді; ол өшін алса, ананың кегі қайта оянады, сөйтіп жалғаса береді,
тоқтамайды. Сондықтан кегіміз кетті деп түсінген орыстарға əлі жеткен
қазақты ұрып кету, оңашада өлтіріп кету түк те емес, тартынбайды. Себебі
заңды білетін де өздері, заңды ел ішінде жүргізетін де өздері, ешкімнен
қаймықпайды. Қазақтың оларға қарсы келетіндері қырылып біткен.
Осылардың бəрін ойлай-ойлай, ақырында Шəйіге əлімжеттік жасап, атаенесін бала-шағасымен қырып кеткен екі орыстан кек алмай-ақ қояйын
деген шешімге Тазабек іштей икемделе бастады. Өткеннің өкініші көп
болғанмен, бүгінгі берекеден айрылып қалмауды да ойлады. Кек бəрібір
өткеннің олқылығын толтыра алмайды. Қайта одан бетер қаусатып кетуі
мүмкін. Кеткен есеңді тек тыныштық қана өтейді. Өсіп-өну мен көгеріпкөктеудің одан өзге оңтайлы жолы жоқ. «Орнында бар оңалар» дегенді,
қазақ, сірə, осыны ойлап айтқан.
Намыс деген тек, əйтеуір, қарсылық жасап өлу ме? Əлде ақылмен айла
жасау ма? Кеше қазақты қырған сол орыс əлі қазақты билеп отыр. Билік
кімнің қолында болса, құрық та соның қолында. Құрықтаулы асау
бұлқынғанмен, құрықтан құтыла ала ма? Құтылар еді, егер асаудың
шамасы құрық салушыдан асып тұрса. Ондай заман туып та қала ма, кім
біледі? Тек əзірге қолдан келетін қарсылық – қырылып азайып қалмау.
Өйткені «Жалғыздың үні шықпайды, жаяудың шаңы шықпайды». Қазаққа
көбеюден өзге үміт жоқ.
Тазабек шілденің соңында əкесі Өмірəлінің, қайнатасы Тілеулі мен
енесі Əжікеннің, қайнағасы Ағынтай мен оның ұл-қызының жылын берді.
Қарабұлақтан Қожабекті, Асыдан Көкшегірді, Тасашыдан Жомартты
шақырды. Ел тарқап, көңілдері жайласқан сол түні Шəйі мен Тазабек
ашылып сырласты.
– Соңғы кезде тұйықтау, жұмбақтау болып барасың. Менен жерініп
жүрген жоқсың ба? – деп, əңгімені Шəйі бастады.
– Сенен неге жерінем?
– Орыстың қорлағаны – анау, қалмақтың зорлағаны – анау, соның бəрі
көңіліңе кір байлайтын шығар, қайдан білейін?
– Оның бəрі ойда тұратыны рас. Есіме түскен сайын кек қайтарсам деп
арпалысам. Сені солардан қорғай алмағаныма қорланам. Бірақ ондай
қорлық пен зорлықты сен ғана көріп, оған мен ғана көніп жүргем жоқ қой?
Оны бір сен, бір мен емес, күллі қазақ бастан кешті. Ел көргенді екеуміз
бірге көрдік. Кінəміз – тек қазақ болғанымыз. Халық құтыла алмаған
нəубеттен біз де құтыла алмадық. Алдабергеннің не дегенін айттым ғой: бір
қызын қытайдың қойнына салып, қыс бойы сонымен күн көріпті. Сол енді
жаймашуақ заманда қазақ істейін қылық па? Амалсыздықтың, аман
қалудың қайласы. Өзге ұрпағын өлтірмеудің амалы. Ең бастысы, сен –
менің ұрпағымды өсіретін анасың. Қалғанының бəрі – бүгін, бүгін болмаса
ертең ұмытылатын өткінші нəрсе. Сен мен үшін сол баяғы Шəйі
қалпыңдасың. Қазақ орыстан жеңілді, қазақ қалмақтан қорлық көрді деп, өз
халқымнан теріс айналып кетпеймін ғой, сол сияқты сенен де мен ешқашан
суымаймын. Өйткені мен сенің тəніңді де, жаныңды да табынып жақсы
көремін. Табыну дегеннің не екенін түсінесің бе?
– Неге түсінбейін, түсінем ғой.
– Түсінсең, əлгіндей əйелдік сөзіңді бұдан былай маған айтушы болма!
– Тек шыныңды айт, мені аяп алдама! – Шəйі көзіне жас алды.
– Қызықсың, Шəйкен, сені алдағаным өзімді алдағаным емес пе? Сен
көрген қорлықты қарындасым да көрді. Өзің ойлашы, соған бола Жəмеш
енді қарындасым болмай қала ма? Сен де сондайсың: оған дейін де əйелім
болғансың, одан кейін де əйелімсің. Сен қылмыс жасаған жоқсың, жасаған
– орыс пен қалмақ. Олардың қылмысы үшін сен неге жазықты болуың
керек?
– Ел көрді, ел естіді, содан қорқам, сені кемсітеді-ау деп қысылам.
– Елдің аузына қақпақ бола алмайсың. Айтады, айтады да қояды. «Ит
үреді, керуен көшеді» де де, жүре бер.
– Елдің бəрі сенше түсінбейді ғой!
– Саған менің түсінгенім жетпей ме, жаным-оу?
– Соны ұқпаған мен ақымақты несіне жақсы көресің?
– Жақсы қатын болған соң, жақсы көрем.
– Мен де сені өлердей жақсы көрем, жаным!
– Ол деген қаншалық? Көрсетші!
– Көрсетуге құшағым жетпеді!
Шалқайған əйелі, еңкейген еркегі құшақтаса кетті. Артынан əңгімедүкен ары жалғасты. Тағы Шəйі тұтатты:
– Оралбектің түр-түсін байқадың ба?
– Нағыпты?
– Орысқа ұқсап барады.
– Иə, солай сияқты. Сонда қалай, сенің қыз екеніңді өз көзіммен көрдім
ғой?
– «Орыстың ұрығы кеткен», – дейді Жүзік.
– «Кеткені» қалай?
– Сыртқа аққанда, ішіне де кеткен көрінеді.
– Олай бола ма екен?
– Болғаны ғой. Енді не істейміз? Оны елден қалай жасырамыз? Əлде
баланы біреуге беріп жібереміз бе?
– Қой, қайдағыны айтпа. Адам өз баласынан өзі бас тарта ма екен?
– Соны өсектеп, дұшпандарың сағыңды сындырар деп қорқам.
– Өсек те, сөз де бізді билемеуге тиіс, Шəйкен. Өзімізді өзіміз билейміз.
Ондайға опырыла қалатын мені кім деп жүрсің? Мен өмір сүруге, ол өмірді
тек сенімен бірге сүруге біржола бекінген адаммын. Дəтім берік,
күдіктенбе!
– Жаным! Сені құдай əке-шешемнің, туған-туыстың – бəрінің өтеуіне
берген шығар? Құшақташы! Жалғызым!
***
«Қырғыз Сайға кетіп бара жатыр ем», – деп, Қожабек жолай
Жылысайға соқты. Қасында қияқ мұртты қара торы жігіт бар. «Байғабыл
деген жақынымыздың баласы, аты – Қапез, Ыстамбұлдан оқып келді», –
деп таныстырды. Жинақы, қағылез жігіт Тазабекке бір көргеннен ұнады.
Адам жатырқамайтын ашық-жарқын екен.
– Патша құлағанмен, орыстар орнында ғой, – деді Қожабек күліп. – Біз
қырылдық, қашқын болдық, ал орыстар біздің иесіз қалған малымызға ие
болып, шетінен байып алыпты. Енді өзімізді сол малды бағатын малай
қылып жатыр.
Қазақта қазір мал да жоқ, бай да жоқ. «Кедейшілік жігітке қой
бақтырардың» кебін киіппіз. Жан бағыс үшін мен де Самсалыма Көпзіп
деген орыстың малын бақтырғалы отырмын. Екеуі бір-бірін бұрыннан
біледі екен, «Маған малымды бағатын бір-екі қазақ тауып бер», – депті
Байғабылға. Қасына Табайды қосып, Сəменді жіберсеңші соған. Самсалы
екеуіне бас-көз болады.
– Оған орысыңыз көнсе, тым жақсы болар еді.
– Қапез екеуміздің шамамыз Байғабылға жетеді, ал ол Көпзіпті кедей
күнінен біледі екен, көндірер. Оны уайымдама, сенің уайымдайтының
басқа нəрсе. Орысшаң бар, жазасың, олардың қыр-сырын бір кісідей
білесің, қазақша айтқанда, көзің ашық адамсың. Сен секілді елге сөзі өтедіау дейтіндерді орыстар оңашада өлтіріп кетіп жатыр. Соған қарағанда,
сөйту керек дейтін олардың құпия ұйымы бар. Байқап, сақ жүр.
– Қайдағыны айтып, қорқыта бермеңізші, Қожеке.
– Тазабек-ау, қайдағыдан қорқа беретін сен емессің, қайдағыны айта
беретін мен емеспін. Аңдыған жау алмай қоймайды, қапы қалып жүрме.
Абыйыр Түркебаев дейтін енді-енді елге танылып келе жатқан жігіт бар еді,
орысша оқыған, өз білгенін қазақ балаларына оқытып жүрген, соны
қалтарыс жерде өлтіріп кетіпті. Қарақол жақтың орыстарына малай боп
жүріп орысша үйренген Бекмырза дейтін біздің бір бауырымыз бар еді, оны
да түн ішінде үйінен алдап алып шығып, ұрып өлтіріпті. Бірқасым
Серікбаев дейтін інімізді де өлтірмек екен, ол, əйтеуір, сезіп қалып, қашып
құтылыпты. Бұлар өзді-өзі сөйлескенде, қазақты меңзеп: «Екі аяқты аң
атуға барасың ба?» – дейтін болыпты. Соның бəрін көре-біле тұрып сақтық
қылмасаң, қалай болғаны?
– Өзіміз өйтіп олардан қорықсақ, онда неге олардың малын
балаларымызға бақтырамыз?
– Көпзіп алғаш арып-ашып Ресейден келгенде, Байғабыл оның отбасын
бір жыл бағыпты: сауынға бір сиырын беріп, киім-кешегі мен қазаношағына, ішіп-жеміне дейін қарайласыпты. Ал Көпзіп қазір Жалаңаштың
атаманымен жақсы сыбай, сондықтан оған орыстар соқтықпайды. Соның
бəрін салмақтап отырмыз мен де, Байғабыл да.
– Онда дұрыс екен, аға.
***
«Табай мен Сəменді Жалаңашқа жеткізсін» дегенді Тазабекке Қапез
айтып келді. Тазабек Қожабекпен Байғабылдың үйінде Тоғызбұлақта
жолықты. Содан Табай мен екі баланы ертіп Қожабек екеуі Кобзевтікіне
келді. Жүзі жылы орыс екен, бұлардың Байғабылмен бірге келгенін көріп,
орнынан түрегеп амандасты.
– Менде, екі баламда – үшеумізде екі жүз қаралы сиыр, төрт жүзге тарта
қой, бір үйір жылқы бар. Қысқасы, жұмыс көп. Үлкен балам Константиннің
ауласы кең, мал да, сендер де сонда сиясыңдар. Киіз үйлеріңмен келіңдер,
менде беретін үй жоқ, – деді Кобзев.
– Келуін келерміз-ау, бірақ бізді бұзақы орыстардан қорғай аласыз ба? –
деді Қожабек.
– Қорғай алмасам, келіңдер деп нем бар? – деді Кобзев күліп. – Бүгін
келсеңдер де мен дайынмын. Қорықпаңдар, балаларға да, басқаға да ешкім
тимейді.
...Бұл шешімді Тазабек отбасына жеткізгенде.
– Ойбай, мен қайтем? Сəменді ешқайда жібермеймін! – деп, алдымен
Жүзік шоршып түсті.
– Сені ешкім балаңнан ажыратпайды, бірге барасың, – деді Тазабек ол
жағын ойластырып қойғанын аңғартып.
– Сонда қалай, бізді бөлек шығарасыңдар ма?
– Бөлек шығарамыз. Шəйі екеуіміздің отауымызды аласың. Біз жаз
шыққанша апаммен бірге тұра тұрамыз. Қожабек ағаның қасында
боласыңдар. Сəмен мен Самсалыға Табай бас-көз боп жүрсін деп шештік.
– Табай қайда тұрады?
– Оны енді далаға жатқызбайтын шығарсың?
– Апа, мына балаң не дейді?
– Е, не дейді?
– Табаймен бірге тұрасыңдар дейді.
– Е, бірге тұрсаң, тістеп ала ма? Мынандай бүлінген заманда балаң
екеуіңді қорғайтын да бір еркек керек шығар?
– Ыңғайыңызды байқадым, апа. Мені балаң екеуің байлап бергелі отыр
екенсіз. Жібекжан, сен не дейсің? Қалай қисаясың?
– Сəмен – менің жарты жүрегім болса, сен менің бір тірегімсің. Екеуіңді
де көзімнен таса қылғым келмейді. Өйткені сендерден өзге менде төркін
жоқ. Сен əке-шешемнің де, бауырымның да көзісің. Саған апамның да,
Тазабектің де жамандық ойламайтынын жақсы білесің. Олардың да
ойлағаны Сəмен екеуіңнің қамың. Соның бəрін көріп, біліп отырып, мен не
дейін? Табайдың Сəменге, Сəменнің Табайға қалай бауыр басып кеткенін
өзің де көріп жүрсің ғой. «Екі жарты – бір бүтін» болғандарыңа мен қарсы
емеспін.
– Апа! – деп, Жүзік тағы бірдеңе дей беріп еді,
– Болды, маған ештеме айтпай-ақ қой, – деді Қалиша. Сонан соң: –
Балам, – деді Тазабекке, – бір қойыңды сой да, кешке Əділбек ағаңды
шақырып, Табай мен Жүзіктің некесін қидыр. Əуелі Сəменнен сұра. «Сен
келісесің бе?» де. Ол келіссе, өзгеміз қайда барамыз? Сөйт, балам. Тойға
шамамыз келмесе де, мұсылмандықтың ырымын жасайық.
– Мақұл, апа. Бірақ бұған Табай көнбей қойып масқара қылмасын.
– Е, ол көнбесе, Жүзік жылап қалар деймісің? Бір əйел, екі балаға
бірдей ие болғанға қайта оның жүрегі жарылып кетер. Ісіңе кірісе бер,
балам. Табаймен мен əлдеқашан сөйлесіп қойғам.
***
Қожабек пен Табайдың киіз үйі Константиннің ауласына қатар тігілді.
Табай жылқыға, Самсалы сиырға, Сəмен қойға ие болды. Табай мен
Жүзікті көшірісіп келген Тазабек кетерінде əзілдеп күлді:
– Əпке, байқаңыз, орыстың жылқысын айдап күйеуің қырғыз асып кетіп
жүрмесін.
– Сөйтер едім, – деді Табай да қарап тұрмай.– Ол жақтан, əттең,
Жүзіктей əйел табылмайды; əйел табылса да, Сəмен мен Əбендей бала
табылмайды; тіпті олар табылса да, тап сендей туыс табылмайды, – деп,
Тазабекті Табай құшақтай алып, жылап жіберді. – Сондықтан сен енді
бұдан былай жаман жездеңді қырғыз-қырғыз деп қоңаштай бермей, қазаққазақ деп қолпаштай берсеңші!
– Сөзіңе құлдық! Сені қолпаштамағанда, кімді қолпаштаймын? Жүзік,
Сəмен, Əбен – төртеуің жер бетіндегі ең жақынымызсыңдар біздің. Үйіміз
бөлек болғанмен, тірлігіміз бір.
– Сол бірлікті құрған сенсің,– деді Табай көзін сүрткілеп. – Сен аман
жүр. Біз саған атқосшы бола алсақ та жарар.
...Тазабек Жалаңашқа жиі келіп тұратын болды. «Көріп келші!» – деп
Шəйі жұмсайды, «Біліп келші!» – деп шешесі жұмсайды, өзінің де келгісі,
көргісі келіп тұрады. Қираған, күйреген өмірді қайта құрсаулаған Жүзіктің
қылығына қайран қалып риза. Табайдың қыбын тауып, біресе: «Сəменнің
атасы-ау!» – дейді, біресе: «Əбеннің əкесі-ау!» – дейді. Дардай еркек соған
далақтай болады, соны əр естіген сайын басы бақыттан бір айналмай, мың
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Əй, дүние-ай! - 09
  • Büleklär
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2127
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2152
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3957
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2173
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2061
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2080
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2223
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4025
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1688
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.