Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 14

Süzlärneñ gomumi sanı 4006
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2223
35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
арамдығынан заң да, заман да қорғай алмайды екен ғой. Арыздан мұны
құтқарған адамның өзі қорқып отыр. Ел ішін жаппай қорқыныш жайлап
келе жатқандай.
***
Кітəпбек бұларды күтіп жүрген адамша қарсы алды. Тазабек пен
Кобзевтің əңгімесін əбден тыңдап болған соң, жағдайды қазбаламай-ақ
ұқты.
– Тазабек, – деді екі көзін Кобзевтен алмай отырып, – біздің, қазақтың
білімі – баста, оны бəрі өзімізден сұрап біліп алады, сұрамағаны көріп
алады, ал орыстың білімі – қағазда, оны тек оқу білетін адам ғана үйрене
алады, сондықтан орыс көбейген сайын біздің білетініміз азайып, өмірдің,
заңның құпиясы көбейіп барады. Орыстың қағаздан білгенін қазақ білмей
барады. Қазақтың білген-білмегенін керек қылмайтын орыс күн сайын
көбейіп келеді. Осының бəрін ойға сап қарасақ, сені ақтап алатын қазақ
үйезден, тіпті шыға да қоймас. Ана арыз жазған қазағыңды мен жақсы
білем, олар сенен жеген қамшысын бастары жерге жеткенше ұмыта қоймас.
Осы өшіккені өшіккен, не сен өлгенде қояды, не өзі өлгенде қояды. Өз
қазағың сені орысқа жамандаған жерден жеңіс табам деп дəмеленбе. Адал
орысты паналаймын десең, Китіңге, Көбзіптің қасына көшіп кел, өз
қазағымның қасында болам десең, маған кел, өзім өлмей сені жауға
бермеймін.
– Қара басымды сақтау қиын болмас, он алтының дүрбелеңінде
қасымда болған ағайын-туыстарымды тастап кеткенім өліммен тең емес
пе? Мен Сергейчуктен қорқып та отырғам жоқ, шынымды айтсам, сол
иттің қанын жүктеуден қашқалы отырмын. Онда қалсам, сөз жоқ, не ол, не
мен өлем. Мені нағыз қинайтын нəрсе – осы.
– Сен сыйған жерге туған-туыстарың түгел сияды. Китіңнің жері
жетеді, отыз үй келсең де келе бер. Солай емес пе, Кітəпбек? – деді Кобзев.
– Солайы солай, – деді Кітəпбек мұртын бір сипап. – Сақтықта қорлық
жоқ деген бұрынғылар. Сен өзің осында қалып, мына Табай жездеңді
жұмса. Əуелі үй-ішіңді Тоғызбұлақтан Жылысайға көшіріп əкелсін. Сонда
біраз отырған соң үдере осында көшіп кел. Сөйткені дұрыс емес пе,
Көпзіп?
– Өте дұрыс ақыл!
– Сіздің орыстар сенімді ме?
– Бəрі сенімді. Бəрі қазақтардан жақсылық көрген, алғашқыда келген
орыстар. Қазіргі келіп жатқандар бізге ұқсамайды, өйткені біз келгенде, бұл
жақта бірде-бір орыс жоқ болатын, бізге қазақтар ғана қамқорлық жасады,
ал қазіргілер бұрыннан тұрып жатқан орыстарға келіп қосылып жатыр.
Қазақтарға күні түспеген соң, қамқорлығы қандай халық екенін дəл біздей
білмейді. «Білмеген у ішеді» дейсіңдер ғой, білмегендер үшін оларды сөгу
де қиын, бірден сене қою да қиын. Сендер түгіл, олармен біз өзіміз де
сыйыспай қаламыз.
«Туыстарыңмен түгел көшіп кел» деген сөз Тазабектің көкейіндегі
түйткілді дөп басты. Ең солқылдақ жері де сол еді.
***
Китің Тазабектің көңілінен шықты. Шығыс бетін жиектеп Бурақожыр
деген өзен ағады. Оны мұндағылар Китіңнің суы дей салады. Екі жағалауы
иін тірескен тал-қайың, шырғанақ пен итмұрын, малға да, адамға да аса
қолайлы жер. Бұлағы көп, бетегелі жота-жотасы қоңды қойдың
құйрығындай теңкиіп-теңкиіп жатқан құнарлы төбелер. Туыстары көшіп
келе қалса, қыжалат тартпай күн көріп кетер еді. Кім біледі, ары тарт – бері
тарты көптеу жұртпыз ғой. Кіндік кескен жерден жырақтау кеткенді кім
жақсы көрсін, бəрі келмесе де, Шəйі мен Табай қасында болса, оған да
шүкір демеске лажы қайсы?
Бурақожырдың қолайлы, қойнау жерлеріне орыстар ат соқамен картоп
егеді екен. Жақсы шығатын көрінеді. Орыс біткен шетінен омарташы. Оны
кəсіп қылған бірер қазақ та бар деседі. Сырлытам, Баркөрнеу, Үлкен
Қарағайлы, Орта жəне Шет Қарағайлы деген орманды жердің бəрі жазда
омартаға толып кетеді екен.
***
«Бүгін Орта қарағайға барып қайтайық», – деген соң, Тазабек атын
ерттеп, Кобзевтің қасына жетектеп келді. Ол да атының тартпасын тартып
жатқан. Ит шəу ете қалды. «Жат, ей!», – дедiкелген адам итке жекіп. Түйе
жетектеген сары жігіті бар Кітəпбек екен. Түйеге артқан кереге, шаңыраққа
көзі түсіп, Тазабек: «Маған əкеліп жүрмесе жарар», – деп күдіктенген.
– Көшіп келесің бе? – деді Кобзев амандасып жатып.
– Киіз үйдің кең ауасын жұтып үйренген қазақ орыстың тұмшалаған
үйінде тұншығып өле ме деп, бір киіз үйді керек-жарағымен Тазабекке
алып келдім. Ағайын деп бізді арқа сүйеп келгенде, бір баспана беру
бауырлық қақымыз ғой.
– Мұны кім тігеді?
– Е, біз адам емеспіз бе? Мына сары жігіт – менің інім, аты – Қамза.
Үй тігетін орынды Тазабек өзі таңдады. Үшеуі ə дегенше-ақ алты қанат
үйді орнатып тастады. Теңнің ішінен Кітəпбек сары самаурын мен төрт-бес
кесені суырып алғанда, Тазабектен бұрын Кобзев сүйсінді.
– Сый қылсаң, сыпыра қыл деген осы шығар?! – деді басын шайқап.
– Əй, Көбзіп, мен емес, мұның бəрін жайғап жүрген – ана сары жігіт, –
деді Кітəпбек мақтаудың да соған арналуы тиіс екенін меңзеп.
– Мен қатынды шақырайын, – деді Кобзев қалбалақтап. – Сары
самауырға су құйшы. Қазақша бір шəй ішейік.
– Əй, сендер мені өйтіп-бүйтіп біржола алып қалайын деп жүрген
жоқсыңдар ма?
– Алып қалсақ несі бар? – Кітəпбек Кобзевке көзін қысты. – Атамыз бір,
əжеміз бір халықпыз, қай ауылда отырсаң да, бəрі өз елің емес пе?
– Кiтəпбек дұрыс айтады.
– Арыздасқан елден алыста, сыйласқан елдің ішінде жүрген жақсы ғой.
– Оны Табай екеуміз шеше алмаймыз, біз жарты ақылымызды қатынға
қосып қойған халықпыз.
– Е, қатынжандымыз десеңші. Қой, Көбзіп, қатыныңды шақыр, шəй
ішейік.
***
– Тазабек, – деді Табай екеуі оңаша қалғанда, – мен бір сыр айтсам,
ашуланбайсың ба?
– Айт, ашуланбаймын.
– Мына орысың да, ана қазағың да маған ұнап қалды. Қайырымды,
сөздері де, істері де шын. «Сыйласқанға жат жақсы» дегенді бұрынғылар
бекер айтпаған болар.
– Жақсы адам қай жақта да бар, сол үшін мұнда келу міндет пе?
– Əрине, жақсы қай жақта да бар. Бірақ мына Көбзібіңдей орысты жеркөктен іздеп таба алмайсың. Оның үстіне, өзің ойлап қарашы, елді билеп
отырған – əлі де орыс. Солардың заңы, солардың айтқаны. Қазақ, өзбек,
татарлар – бəрін сыйлап, бəрін қадірлеп отыр. Не үшін? Өйткені оған
тыныштық керек. Тыныштық болмаса, ондай елді ешкім билей алмайды.
Оны он алтыншы жылы көрді, көзі жетті.
– Онымен не айтпақсың?
– Көбзіптің қасында болсақ, орыстар бізге осқырып қарамайды.
– Солай екен деп, қазақты орысқа айырбастаймыз ба?
– Қазақтың жерінде біз қайда жүрсек те қазақ боп қаламыз.
– Ал жарайды, солай-ақ болсын. Тағы не айтасың?
– Мен сенің маған айтпаған сырларыңды да білем. Сен ешкімнің сырын
сұрамайтын, ешкімге сырыңды ашпайтын, бітеу адамсың. Сенің мына
көрініп тұрған сыртың бір адам, ешкімге көрсетпейтін ішің тағы бір адам.
Не сыртыңа, не ішіңе ешкімді етене жақындатпайсың. Оныңа сүйсінем,
нағыз еркексің.
– Орағытпай айт!
– Айтсам, сен өзіңді ғана ойлауды қой. Шəйіні де, Оралбекті де ойла.
Сабыр! Айтып болайын. Оралбекті орыстың баласы дегенді алысжақынның бəрі сыбырлап айтады. Жүзік қойнымда жатқан соң, оның шын
жағдайын мен ғана білем. Бірақ қай қазақтың аузына қақпақ боларсың? Бір
күні бұл өсекті Шəйі естиді: қорланады, ұялады, қайда қашып құтыларын
білмей дағдарады. Ол естігенді бір күні Оралбек те естиді. Ол не күйде
болады? Саған қалай қарайды, елге қалай қарайды? Сен нағыз еркек
болсаң, осыларды ойла.
– Айтарыңды айтып болсаң, бар! Əділбек ағамен ақылдас та, келем
дегендердің бəрін əуелі Жылысайға, онан соң осында көшіріп əкел!
Сыздауықтың аузын тіліп, оның сөзі əрі жанын ауыртты, əрі
мойындатты. Ол үйден шығып кеткен соң, арқасын керегеге сүйеп сұлқ
отырып қалды. «Рас айтады! – деді күрсініп. – Бұл өсек Оралбектің
құлағына тиген күні бəрі быт-шыт болуы мүмкін.
***
Мал келген соң Кобзевтің қасына отыру қиянат болатынын Тазабек
түсінді. Оның өр жағына қоныс тебуді де теріс көрді. Батыс жақ іргеге
шағын бастаудың қарсысына қоныс тепті. «Ағайын жоқ болсаң бере
алмайды, бар болсаң көре алмайды» дейміз. Бірақ сенің ағаң кенже ұлын
қосып беріпті, оны істеген ағайынды əлгі сөзге қалай қиясың? Қисаң,
қиянат болады ғой», – деген Кітəпбек қоныс іздемек ойын білгенде.
– Өзіңе мен берген үйді сол ағаңның кенже ұлына тік. Əлі саған қыстау,
күзеу, көктеу – бəрі керек. Бəрінің орнын өзің аралап, өзің таңда.
«Таңда» дегені қалаған жеріңді ал дегені шығар?
***
Жаңа қоныс Шəйіге де қатты ұнады. Күн жұма болған соң аруақтарға
бағыштап шелпек пісіргісі келді. Ата-бабасын, əке-шеше, бауырларын, атаенесін еске алмай кеткеніне біраз болып қалыпты. Даяр тоңмайға пісіре
салмай, шелпекті шыжық шыжғырып пісіргенді жөн санады. Нанды ыстық
шыжықпен жегенді жақсы көретін Тазабекті бір қуантқысы да келді.
Жанған оттың пысылы мен шыжықтың шыжылынан жақындағанын
байқамаса керек, əлдекім ту сыртынан:
– Бəйбіше, аман-есенсіз бе? – дегенде, селк ете қалды.
Жалт қарап, атынан түсiп жатқан Жомартты көрдi.
–Жо-ма-арт! – Қолын етегіне жүре сүртіп тұра жүгірді. Маңдайын
кеудесіне басып жылап жіберді.
– Оу, жұртқа тастап кеткен мен жылаудың орнына қашып кеткен сенің
жылағаның қалай?
– Мен сенің іздеп келгеніңді күттім. Жəмеш қалай?
– Ол да келем деп еді, кішкентайды ауыртып алармыз деп, мен
көнбедім.
Күн еңкейіп қалған екен, Шəйі самаурынын қойып, қазанға ет салғалы
жатқанда Тазабек келді.
– Жомарттың аты қайдан жүр? – деді атынан түспей жатып. Əрі дос, əрі
бірі қайнаға, бірі күйеу бала – екеуінің əзіл-қалжыңы айрықша: бірде
досша, бірде қайнаға мен күйеу балаша құбылып кетеді.
Екеуі арқа-жарқа амандасқан соң, Тазабек тысқа шығып:
– Əкеңе айт, бір тəуір қой сойып əкесін! – деді Қалиды жұмсап.
Бар етін қазанға салайын деп жатқан Шəйі Тəйкеннің мұнысын құп
көрді: қарындасын сыйлаған адам күйеу баласын құрметтеуі керек.
Жомарт бұлардың опай-топай көшіп кеткенін кеш біліпті. Бəрі əлденені
жасырып тұрғандай көрініпті. Өйткені бір-бірінің аузына түкіріп
қойғандай: «Білмедік», – деп, қысқа жауап қайыра беріпті. Ақыры Əділбек
ақсақалдан Китің деген ауылдың атын біліп алыпты да, жолға шығыпты.
– Сендер қашуларыңды қоймайсыңдар, мен қууымды қоймаймын, – деп
күлді.
Тұнықтың балалары арыз жазыпты дегенге ол өлгенше таңғалды.
– Олар тұқымымен əліпті таяқ деп білмейді. Бəкен – солардың жиені.
Арызды сол жазып берген ғой, – деп Жомарт бірден дөп басты.
Жомарт үш күн қонып ауылына қайтты. Тазабек Қызылеспе деген жерге
дейін шығарып салды.
***
Қоныс жаңалап көшіп-қонып жатқанда Жүзік босанды. Табай не табаны
жерге тимей, не төбесі көкке тимей, ауада қалықтап жүрген құсқа ұқсар еді.
Беті бет емес, кигізіп қойған күлкі секілді. Ұйықтағанда да езуі
жиылмайтын шығар? «Қызыма жер-көкте жоқ ат қоям», – деп, жолыққан
адамның бəрінен жақсы ат сұрап жүрді де, ақыры «Гүлдəн» деп қойды. Сол
қуанышты сарқып бола алмай жүргенде «Бізге де бір перзент келе жатыр»,
– деді Шəйі.
– «Жаңа қоныс жақты-ау бізге!– деп Тазабек шүкіршілік етті.
Кобзев пен Кітəпбектің ақылымен бұлар Бетбастау деген жерді
жайлады. Құстұмсық дейтін мүйіс жотаның оң жақ қапталында жоғары
беткейден шығып жатқан бастауды Бетбастау деп дəл атаған екен. Арқасын
тауға тіреп үш үйді қатарластыра тіккенде үш үйлі ауыл төңірекке жараса
кетті. «А, құдай, амандығыңды бер! Абыройыңды бер!» – деп тіледі
Тазабек.
Көп ұзамай Кітəпбек:
–Жаңа жерге үйрене алмай, жатырқап жүрген шығарсың.
Ағайындарыңмен біргекеліп, ерулігіңді жеп қайт, – деп Тазабектiауылына
шақырып кетті.
Ерулікке əне барамыз, міне барамыз деп жүргенде тіршілік Тазабекке
тағы бір барғызбай қоймайтын себеп тауып берді.
Бір арнаға түскендей болып өмір шіркіннің өңі кіре бастаған. Əділбек
ағасының еншілеп берген баласы Кенжеғара биыл он алтыға толды. Бұл –
біреуге ерте, біреуге дəл жас. Кез келген əкенің арманы – баласының
қызығын көру. Жетпіске жетіп отырған əкесі бүгін бармын, қашан жоқ
болар екем деп жалтақтап жүр ғой, сөз жоқ. «Тазабекке еншіледім. Енді ол
қайтер екен?» – деп, іштей күтіп те жүрген болар. Ағаның үмітін ақтау –
ініге парыз. Əлі өмір алда деп алдана бермей, Кенжеғараның аяғына тұсау
салғаны дұрыс секілді. Сол оймен «қалыңдық іздеңдер!», – депЖүзік пен
Шəйіге бірдей тапсырды.
– Оған ерте емес пе? – деді Шəйі.
– Саған ерте болмағанда, оған неге ерте болады? Қарай көр.
– Мен жасы үлкен күйеуіме сендім. Жетегінде жүрсем, өлтірмес дедім.
Өзі жас, өзіндей жасты жетектей ала ма?
– Біз қайда қараймыз? Бір ініміз бен бір келінімізге қол ұшын бере
алмасақ, неменесіне жер басып жүрміз?
– Дұрыс, – деді Жүзік жұлып алғандай. – Мен Тазабекті құптаймын.
Жабыла іздесек, жақсы келін табамыз.
***
Тазабек пен Шəйі, Табай мен Кенжеғара – төртеуі Үйгентас жайлауына
түс ауа жетті.
Кітəпбектің əйелі албан тайпасының қызы болғандықтан, төркіндерім
келді деп бұларды көргенде қатты қуанды. Тəуірбала деген əдемі келіншегі
бар екен.Үйгентас дегендері үлкен бейіт боп шықты. Ортада үйілген тас
бейітке атақты біреу жерленсе керек, оның айналасын дөңгелене қоршап
ұсақ-ұсақ тас бейіттер тағы жатыр. Кең астаудай екі таудың ортасындағы
ұзын жазықты Үйгентастың белі дейді екен. Жайлау десе жайлау-ақ,
шіркін! Күнгей беті шүйгін шөп, теріскей беті қарағайлы, аршалы, ұзындықысқалы көп сай, сай сайын сан бұлақ, бұлақ бойы шылқыған саз, бетегесі
мен теңгежапырағы тұтасқан жайылым. Гүлі мен көгі араласқан беткей.
Дəл Үйгентастың көгі тым өзгеше: белдің үсті жайып тастаған көкпеңбек
жабудай. Ұйысқан тапал шөп торлап тоқыған кілемдей бас-аяғы біртұтас.
Бассаң, саздауыт көгал нəрестенің еңбегіндей былқ-былқ етеді. Мамық
төсенішпен келе жатқандай əсер аласың. Қайран қазақтың жері-ай! Қайда
барсаң да бəрі өзінше əдемі.
Кітəпбек көзін қолымен көлегейлеп тұрып, Тазабекке жайлауын
таныстырды:
– Мына алдыңда жатқан үлкен жалпақ саз – Үсенсаз. Үсен деген ағамыз
осы арада болыс сайланып, осы араны жайлаған. Ал мына батысқа қарай
ағып жатқан белдің суын бұл жақтың жұрты Терісаққан деп атайды. Себебі
бұдан басқа судың бəрі Ілеге қарай ағады да, тек осы су ғана батысқа қарай
ағады. Анау жотаның ар жағына барғанда Қарғалы аталады. Одан соң
Көксу аталып, Қаратал деген атпен Балқашқа құяды.
Қыз көре келген Кенжеғара Тəуірбалаға бірден ұнады. «Ағасы мен
жеңгесі сыйлай білген бала өзге елді де сыйлай алады», – деді оның
сыпайылығы мен Тазабекке деген ықыласын байқап.
– Осы қайнымды аяқтандырсақ деген ойдамыз, – деді Шəйі сөз арасына
елеусіз ғана қыстырып.
– Ой, оны да сөз деп. Қыз дегенің қайсы ауылда жоқ. Мен саған бүгінертең-ақ бес-алтауын көрсетіп тастармын, – деді Тəуірбала құлшынып.
Кітəпбек бұларды қызы бар бірер үйге алып барды. Ауылдастарының
оны ханындай сыйлайтыны Тазабекті қатты таңғалдырды. Үлкені де, кішісі
де «Кітəш» деп құрметтейді. Көп қазаққа жетіспейтін бауырмалдық пен
сыйластық осы ауылға жақсы орнығыпты. Соның бəрі Кітəпбектің
кісілігінен екені көрініп тұр. Кімді кезіктірсе де құшағын жая барып
амандасады, арқасынан қағып шығарып салады. «Əкеңе сəлем айт»,
«Шешеңе сəлем айт!» деп жік-жапар болып жатады. Көбінен кіші болса да,
бəрінің атасы секілді. «Бізде де осындай бір адам болмады-ау!» – деп
қызғана қызықты.
Ордың бұлағында бұларға Кітəпбектің Жұматай деген жақын жекжаты
кездесті. «Ой, Кітəш, қонақтарыңмен бірге Аралтөбеге жүр. Аунап-қунап
қайт!» деп жабысты. Кітəпбек не дерін білмей састы. Тəуірбала еркелік
жасады:
– Бұ кісілер – менің төркінім. Көктемде Китіңге көшіп келген. Анау
тұрған жігітке Шыңғыс ханның тұқымынан қалыңдық тауып берсең,
барамыз, əйтпесе əуре қылма.
– О не дегенің? Бүкіл жалайырдан таңдап алам десең де, мен
қастарыңда жүргенде, ешкім қолдарыңды қақпайды. Шарттарың сол ғана
болса, не тұрыс, кеттік! – деді атына қарай ұмтылып.
Жұматайдың алғаны Кітəпбектің ағайын əпкесі Үминə. Ірі, алқамсалқам емес, жинақы əйел екен. Бауырмалдығы бірден байқалды. «О, менің
Кітəшім келіп қалған ба?!» – деп, көргеннен құшағын жая жүгірді.
Тəуірбала атынан түсе сап сəлем салды. «Көп жаса, қара домалағым! –
деп, оны маңдайынан иіскеді. Бəрімен амандасып, «Кітəш, қонақтарыңды
үйге кіргіз!» – деді бұл үй өз үйің дегенді аңғартып.
Кітəпбек пен Тазабекті ең өкіндіргені – осыдан бірер күн бұрын бұл
араға келіп кеткен Пішəн серіні көре алмай қалғандары еді. Көріп
қалғандар көзін жұмып, аузын ашып таңғалысады. Əнді айтқанда
шалқытып, теңселе отырып тебірене шырқайтын көрінеді. Əн де айтылып,
күй де тартылыпты. Өзі палуан, өзі мерген, өзі шежіре, əрі ақын, əрі əнші,
əн де шығарғыш адам екен.
...Тəуірбаладан мəн-жайды естіп білген Үминə бұлар күтпеген қылық
танытты. «Əй, жеңгесі, – дедi өз əдетiмен Шəйiге өктем сөйлеп. – Кітəштің
көңілі көрінгенге құлай бермейді. Дəу күйеуіңде дəу адамгершілік бар
шығар. Жақсыға жақсылық жасау – жаудан басқаның бəріне парыз. Мен
қайныңа бір-ақ қыз көрсетем. «Ұнай ма, ұнамай ма?» – деп сенен де,
қайныңнан да сұрамаймын. Қызға қайның ұнаса, бөркіңді аспанға лақтыра
бер. Ол – менің жақын қайынсіңлімнің қызы. Текті десең, текті, əдепті
десең, əдепті, көргенді əке-шешенің баласы. Байсырап, бай іздеп отырған
ештеңесі жоқ. Кітəш кім көрінгенді ертіп келмейтінін біліп, бидайдың
баратын жері – диірмен дегендей, қыздың баратын жері күйеу болған соң,
қыздың да қор болмасын ойлап отырмын. Төрт ұлдан кейін туған бір үйдің
айы мен күні, «айым да, күнім де осы!» – деп əкесі атын Айгүн қойған», –
деп, тіке сөйлеп, төте қайырды.
Үминəнің үкімді үні Шəйіні бірден билеп алды. Оның шын пейілі дауыс
ырғағы мен бет-пішінінен-ақ аңғарылып тұр еді.
– Əпкетай, мен сізге өзімнен артық сеніп отырмын. Не айтсаңыз да,
қалай шешсеңіз де, мен бəріне мақұл, – деді Шəйі шын пейілімен толқып. –
Бұл қайнымды, шын атын атамай, мен «Жақсыбала» деймін. Шынында да
жақсы бала.
...Айгүнді Шəйі бір көргеннен ұнатты. Ұялып амандасты. Ешкімнің
бетіне қарамай, шай қамдауға шығып бара жатқанын білдіріп, босағада
жатқан қышқашты ала кетті. «Ақылды екен!» деді өзіне өзі сыбырлап əрі
сүйсініп.
Қыз əкесі үйде жоқ екен, малға кетіпті. Шешесі бəрін білетін адамша,
Тəуірбала мен Шəйіге көзінің астымен кезек-кезек қарағыштай отырды.
Үминə өзі төрге отырып, бір жағына Тəуірбаланы, екінші жағына Шəйіні
отырғызды. Кенжеғара Шəйіден төмен отырып, шай құйып отырған
Айгүннің қасына жайғасты да, кісілерге кесе алып беріп отырды. Шəйі қыз
бен жігіттің қолын бағып, кесе ұсынған қыздың саусағы кесе беріп отырған
қайнысының саусағына тиер ме екен, тимес пе екен деп бақылады.
Қайнысы батылдық жасап бір-екі рет саусағын түйістірген тəрізді.
Қыз үнсіз бір қызарып, бір бозарып отырғандай көрінді. «Əй, екеуі
қосылса, жарасып-ақ кетер еді-ау!» деп қуана үміттенді.
Екі жақ та шай үстінде қыз бен жігітке қатысты еш емеурін байқатпады.
Əншейін келген қонақтардай əрнені айтысты. Тек дастарқан жинарда
Тəуірбала қыздың шешесіне ықылас білдірді.
– Қызыңыздың құйған шайы таңдайымызды да, маңдайымызды да
жібітті, онымен қоймай, көңілімізді де жібітті. Көп жасасын, бақытын
тауып, бағы ашылсын!
– Айтқаныңыз келсін!
Қыз сонда ғана селк еткендей болып, шешесінің бетіне жалт қарады.
Орнынан тұра бере Шəйі қайнысының бетіне көз қиығын тастады. Ешкімге
байқатпай, босаға жаққа ығыса тұрып, қыздың сырт пішініне, өне бойына
барлай, байқай қарап тұр екен. Кенет жігіттік жасап, қызға бірдеме деп
бұрыла қарады. Қыздың да ерні жыбыр етті. Екеуі де жылы сөйлескен
тəрізді.
Шəйі қайнысының өжеттігіне риза сүйсінді. Сыртқа шыққанда сыр
тартып, қайнысын қасақана қағытты:
– Қыздан қорыққаныңнан
Жақсыбала! Не деп жалындың?
керегеге
жабысып
– Жалынғам жоқ, тəте. Қайта əзіл айтып сынадым.
– Не дедің?
– «Менің жаман екенімді жұртқа айтып қойма!» – дедім.
– Ол не деді?
– «Сен де мені ауылыңа жамандап барма!» – деді.
қалдың
ғой,
– Жауабы ұнады ма?
Кенжеғара үндемей күліп, желкесін қасыды.
– «Құдай жұптарыңды жазбасын!» – деді Шəйі қайнысын ақырын
арқасынан қағып. Сол сəт ішіндегіде бүлк етіп, бір бұлқынды. Сірə, ол да
бір қуанышты сезінген секілді.
***
Тазабектің бір түйгені: Жұматай да, Үминə да аңқылдақ жандар: сөздері
естіп тұрғаныңдай, қылықтары көріп тұрғаныңдай, астары жоқ, бəрі –
анық, бəрі – көрнеу. Бір Жұматай емес, мұндағы бүкіл жалайыр: «Біз –
Андаспыз, Шыңғысхан бізден шыққан», – деп мақтанады. – Біздің
Əшіркүл. Зейнеп деген екі қызымыз Пішəнді де айтысып жеңген», – дейді
желпігіп. Бұларға басқаша уəж айту еш мүмкін емес, «иə-иə» деп бас
шұлғып қана құтыласың.
...Қыз кетəрі болмапты. Он бестен асқан бойжеткен адам танитын боп
шықты. Қуанған Шəйі оңашада Тазабекке: «Тəйкен, – деді еркелей ішін
алақанымен басып, – қарашы, мынау да қуанып тулап жатыр».
– Мал басы мен жан басы көбейсе, қатты қуанатын қазақпыз ғой.
Қуанышы құтты болсын!
***
Енді тойға қамданам ба деп отырғанда Тазабек қыз əкесінен асықпасын
деген жауап алды. «Қызым əлі жас, келесі жылға қалдырайық», – депті.
Ойлай келе оны да жөн көрді. Күзде шешесінің жылын берсе, той мен асты
жарыстырмағаны жөн секілденді. Алайда қызға үкі тағып, кəдежоралғысын жасап, құда түсіп қойғанды құп көрді.
...Күзде шешесінің жылын беріп, бір парызынан құтылды. Қаңтар
айының аяқ шенінде Шəйі босанып, өмірге Гүлсəн атты қыз келді. «Туыс,
бауыр екенімізді аттарының ұқсастығынан да ұғып жүрсін, менің Гүлдəнім
мен сенің Гүлсəнің əпкелі-сіңлілі бір туған қыздай өссін!» – деп Табай осы
атты таңдады. Тазабек пен Шəйі оған риза болысты.
Жайлаудың сəні кіріп, жер əлем əдемі гүл көрпе жамылғанда, Гүлсəні
алты айға аяқ басқанда, Кенжеғара мен Айгүннің үйлену тойын Тазабек
Бетбастаудың баурайында, Құсмұрынның шығыс жақ жазығында өткізді.
Табайды арнайы жұмсап, тойға Қапез бен Қаратайды шақырды.Қожабек,
Байғабылдың тобын бастап төбесі көк тірердей масаттанып Əділбек келді.
Қапез бен Қаратайдың əні бұл жақтағыларды сиқырдай баурады.
Əсіресе Қапездің өз əні қатты таңырқатты.
«Ақтоғай, Кеңсу, Арал, Орта Меркі,
Қарқара Кеген менен жердің көркі.
Кейбіреу бүгін тату, ертең араз,
Берген соң бұзылмаса, дүние-ай, ердің серті», – деп қайырғанда, жаскəрі əннің ырғағымен ырғатылып, қосыла ыңылдасты.
– Басқа жақты білмеймін, аралағам жоқ, дəл мына Іленің арғы беті мен
бергі бетінде Қапез бен Қаратай екеуіңе теңесер ешкім жоқ. Мен екеуіңді
осы жаққа бірінші шақырған адаммын, – деп, екеуіне Кітəпбек екі ат
мінгізді.
– Ағасы-ау, маған сіздің атыңыз емес, «Қапезжан, шырқашы!» дегеніңіз
де жетіп жатыр ғой, – деп, Қапез Кітəпбекті ризалықпен құшақтады.
– Тазабекжан, – деді Əділбек ағасы толқып. – Ініңе ылайық аға
боларыңа сеніп едім. Алайда дəл бүйтіп ұлан-асыр той жасар деп күтпеп
ем. Енді өлсем де, көрімде уайымсыз жатам.
– Ел-жұрттың алдында үлкен бір абыройлы іс жасадың-ау, Тəйкеш! –
деп, Шəйі де риза болды.
– Сатпайтын, сатылмайтын іні тапсам, маған басқаның түкке де керегі
жоқ! – деді Тазабек ешкімнің мақтауына масайрамай. – Одан ештеңе
аямайтынымдыКенжеғара түсінсе болды.
Əлдебір ой айтқысы келгенде, езуін бір тартып, мұртын жыбыр
еткізетін əдетімен Кітəпбек Қапезге түйіле қарады.
– Мен өзім, Қапез, бар жоғы молдадан екі-ақ апта дəріс алған адаммын.
Оған мен кінəлімін бе, əлде тұра-ақ десе шыбық ала жүгіретін молда кінəлі
ме, бір құдай біледі. Бірақ оқыған адамның əр сөзі ұйыған айрандай
бойыма сіңе кетеді. «Пікір ішіңде өлгенше, сыртыңда талау болсын» деген
ғой қазақ, мені ылғи мазалайтын бір ойымды айтайын. Сен маған соның
мəнін түсіндірші.
– Айтыңыз!
– Айтсам, қазақ ішкі алауыздығын қоймаса, ешқашан ел болмайды.
Бірін бірі жамандайды, бірін бірі көре алмайды. Біреу озып бара жатса
біреу оның аяғынан шалады. «Неге өйттің?» десе, анау оған кектене
қалады. Менің ойымша, бұл да соғыстың бір түрі. Ал үнемі өз-өздімен
соғысып жатқан елде ілгерілеу бола ма?
– Үйбай-ай, ағасы-ау, осының бəрін ылғи ойлап жүресіз бе?
– Құдай ой берген соң, ойламағанда қайтем.
– Сіздің ойыңызды естіп, өне бойым түршігіп кетті ғой. Ең жанды
жерден ұстап отырсыз. Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ дегенді айтып отырсыз.
Сіз айтып отырған соғыс – мəңгі бітпейтін соғыс. Сіз бен біз – сол
соғыстың сарбазымыз. Ол соғыстан бас тартуға болмайды. Өйткені, ол –
ұлт болудың, бірігудің соғысы. Сондықтан, ағасы, сіз бен біз бұл соғыста
жеңеміз, біз жеңбесек, ұрпағымыз жеңеді деген үмітпен соғысуға
міндеттіміз. Басқаша ойлау – сатқындық саналады. Халықтың болашағы
үшін қам жеу деген – сол. Білімдісі көбейген сайын халықтың бірлігі нығая
береді. Сол себепті бұл соғыс – ұзаққа созылатын соғыс. Бұның қысқаша
мəні осындай, ағасы.
– Е-е, біз көрмейтін, ұрпақ көретін бақыт деші?! Мейлі, солар көрсе
екен!
***
Тазабектің əр күні, əр түні оймен өтіп жатты. Көп күнін ойламай өткізіп
алған адамша ой арпалысына сүңгіді де кетті.
«Екі орысты өлтіргенім күнə ме, күнə емес пе?» – дейді өзін ақтауға да,
кінəлауға да күмəнданып. Бұл оларды өлтірмесе олар мұны өлтірмей ме?
Адам өмірге бірін-бірі өлтіру үшін келмейді ғой. Сопыйа мен Қожаштың,
əкемнің, ата-ене, қайнағамның кегін қуа берсем, өмірім өлім іздеумен өтпей
ме? Əлде олардың мені өлтіргені орынды болар ма еді?» дейді өзіне өзі
қарсы келіп. Шəйі тартқан азап, қырылған əке-шешесі, бауырлары – бəрі
сұраусыз ба? Сергейчук маған өштесуі керек пе, жоқ мен оған ба?»
Ана арызқой қазақтікі не? Ол əлімжеттік жасап, қозыны жамыратқаны
үшін жап-жас Қалиды сабады. Мен де əлімжеттік жасап, оның өзін сабап,
баланы арашаладым. Əлде көрсем де көрмегендей, əлім жетсе де, əлім
жетпейтіндей тып-тыныш тұра беруім керек пе еді? Орыстың, қалмақтың
қорлығын көрген Шəйіге мен де қорлық көрсетуім керек пе еді?
Соның бəрін басқаша істесем, осы бақыт менің басыма қонар ма еді,
қонбас па еді? Əрине, қонбас еді. Онда менде жан тыныштығы болмас еді.
Əділбек ағамды айрықша қуанттым. Одан артық маған не керек?Қапез бен
Қаратайды риза еттім. Соған өзім риза болдым. Оларды риза етуге
мүмкіндік берген құдайға мың шүкір! Енді Кенжеғарамен Айгүнді
бақытты ете алсам, бауырлық борышым сол ғой. Жасаған ием енді соған
мүмкіндік берсе екен!
Табай мен Жүзікті Кенжеғара мен Айгүннен бөле алмаймын. Бізге өлеөлгенше ажырамайтын адал бірлік керек. Мұнда ел де, жер де жақсы.
Кобзев мені жауын өлтіріп бергенім үшін ғана сыйласа, онда оныкі – есепті
сыйластық. Олай деуге аузым бармайды. Оның адалдығы сөзінде емес,
ісінде. Қазақты жаратқан құдай орысты да жаратқан. Барлық адамзат Адам
ата мен Хауа анадан жаратылған. Адамды адамнан ажырататын – тек
арамдық. Арамдықтың түрінен адам баласы аяқ алып жүре алмайды:
іштарлық, күндестік, бақталастық, көреалмаушылық, пайдакүнемдік,
дүниеқоңыздық, мейірімсіздік, қатыгездік, кекшілдік, толып жатыр.
Соншама арамдықтың бірінен ада болсаң, біріне тұтылып қаласың. Мен де
сөйттім бе, кім біледі? Құдай өзі кешірсін!
Кітəпбек сыйлаған үйді Тазабек Кенжеғара мен Айгүнге отау ғып тікті.
Төрт үй бірігіп Кобзевті паналады. Екі қазақ, бір орыс ақылдасып, Китіңнің
шығыс жақ жотасындағы қалқалау екі сайға екі қыстау салуға келісті.
Тазабек пен Кенжеғара бір сайға, Табай мен Тəуірбек бір сайға, екі-екіден
бөлініп қыстайды, малды да екі бөліп бағады. «Қыстауда киіз үйге
отырмай, ағаш үй салып алыңдар, біз көмектесеміз», – деді Кобзев.
«Сөйтейік», – деді Табай сөзге келмей.
Осы шешім өте əділ шешім сияқтанған. Бірақ құлағына тиген заматтаақ оған Жүзік қарсы шықты.
– Тəйкен, еркектердің сөзін ерен қылмады деп сөкпе. Сендер малдың
қамын дұрыс ойлапсыңдар, ал адамның жағдайына қарамапсыңдар. Жаңа
өкімет «оқы» деп жатыр жастарға. Сəмен, Əбен оқыса, олардың соңынан
Оралбек те ержетіп қалады. «Китіңнен мектеп ашамыз», – деп Ығиса
бастаған кісілер қам жасап жатыр. Малды Табай мен Тəуірбек екі үйіміз
бағармыз. Екі бөліп бағатындай, өріс жетпей жатыр ма бізге? Бір сайға, бір
қораға-ақ сыя береміз. Тəйкен, сен осы Көпзіптің қасынан үй сал.
Балаларды сендерге жинап береміз, оқытыңдар. Қасыңда Кенжеғара мен
Айгүн болсын. Бала оқытатын ешкім шықпаса, өзің оқыт. Сенің білімің де
оларға аз білім болмайды. Жəркентке бар, жөн-жосығын біліп кел.
Осы ойды Кобзев те, Кітəпбек те қостады. Тазабек енді мұғалім болуға
бейімделе бастады. Кітəпбек екеуі Жəркентке барып, əуелі үйез
басшыларына жолықты. Онда Зəріп Жақсымбетов деген жігітті Кітəпбек
жақсы таниды екен. Оның əкесі Ұлтанбай деген кісі орыстардың қазақ
жеріне қоныстануына қарсы шығып, бір арба орысты мұсылман қылып
тастағаны үшін Сахалинге жер аударылып, содан аман-есен оралған адам
екен.
– Сіз қандай оқу бітіріп едіңіз? – деді Тазабекті тексеріп.
– Ешқандай оқуым жоқ. Əкем екі жаз молдаға берген. Содан алған
білімімді Ыстамбұлдан оқып келген Қапез деген жігіт біраз жетілдірді.
– Қай Қапез? Байғабылдың баласы ма?
– Иə.
– Оны сіз қайдан білесіз? Ол Жалаңаш жақта тұрмай ма?
Амал жоқ, қалай арыздан қашып құтылғанын айтуға тура келді.
– Е, біздің қазақ бірігудің орнына бірін бірі қоңаштап құриды ғой.
Қапезден үйренсеңіз, жаман үйренбеген шығарсыз, – деді сəл ойланып.
– Ептеп орысша да оқи аламын, – деді Тазабек ақыр айтқан соң, бəрін
айтайын деген оймен.
– Оны кімнен үйрендіңіз?
– Сопыйа деген орыс қызынан. Солардың біраз жыл малын баққан едім.
– Е, нағыз жан-жақты мұғалім екенсіз ғой? Онда сол арадағы орыс
балаларын да оқытыңыз. Сонда Кеңес өкіметінің нағыз қызметкері
боласыз. Орысша білетін болдыңыз ғой онда?
– Ептеп қана. Орыста нем бар, өз тілімді оңдырып алайын да.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Əй, дүние-ай! - 15
  • Büleklär
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2127
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2152
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3957
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2173
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2061
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2080
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2223
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4025
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1688
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.