Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 10

Süzlärneñ gomumi sanı 3872
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2061
36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
болыпты. Соның сұлу бəйбішесі болыпты. Қай заманда да ханның қатыны
көп болар. Бірақ Əз Жəнібек күнде бəйбішесінің қасына жатады екен.
Сөйтсе, ол бəйбішесі күнде қойнына қыз болып келетін көрінеді.
– Қалай?
– Қалай болушы еді? Күнде жұпар шөп пен хош иісті гүлдерді
қайнатып, соған шомылады екен. Қолтығын, шабын, аузын, омырауы мен
бақайларын жұпар шөппен тазалайды екен. Сөйтіп күн сайын қыздай
болатын көрінеді. Сен де сөйтіп жуынып жат, жатарда дəрет ал, тұрған соң
ғұсыл күйеуіңді де солай жаса, жуындыр. Сонда екеуің бір-біріңе бүгін
үйленгендей боласыңдар.
– Сіз менің туған шешем сияқтысыз, апа. Құдай сізге ұзақ ғұмыр берсе
екен!
– Сен менің баламды тиген күніңнен бері білесің, ал мен көтерген
күнімнен білемін. Сондықтан, Шəйкентай, маған сен.
– Жаным, апа, кеттім. Майымды шыжғырайын, табамды қыздырайын.
...Түнде Тазабекке енесі екеуінің қалай əңгімелескенін қуана-қуана
айтып берді.
– Қойшы-ей, апам сөйдеді ме? – деді Тазабек таңданып.
– Мен енді өтірік айтып жатыр ғой деймісің?
– Апама таңғалып жатырмын. Апамды сыйлағаның менің ата-бабамды
сыйлағаның ғой сенің.
– Өзі де солай.
– Кішкентай алтыным!
– Ойбай, ақырын! Жанымды шығарасың.
– Жаныңды кіргізейін бе, шығарайын ба?
– Иə. Əуелі кіргіз, сонан соң шығар.
Екеуі бір-біріне жабысып бүлк-бүлк күлді.
– Шəйкен! – деді бір кезде шалқасынан жатқан Тазабек Шəйіні өзіне
тартып. – Еркек əйелді не үшін қорғайды?
– Өйткені ол оған ұрпақ сыйлайды.
– Ал ұрпақ үшін неге жанын қияды?
– Өйткені ол өзі үшін ғана емес, халқы үшін де қымбат. Ұрпағы
қалмаған халық, қаншама данышпан болса да, түптің түбінде құрып бітпей
ме?
– Иə, сөйтеді. Құдай құрып біткеннен сақтасын!
КЕЙІН
Қыстың қиындығы мен қардың қалыңдығынан ба əлде басқалай бір
себебі бар ма, қазақтарды айдалада атып кету, өлтіріп кету пышақ
кескендей тыйылды. Жалаңаштың орыстары өзімен өзі болып, күрт өзгеріп
кетті. Көп кешікпей «Бұлардың патшасы тағы құлапты, төңкеріс болыпты»,
– деген əңгіме тарады. Бірақ оның мəнісін қазақ тұрмақ, əлі орыстың өзі де
біле қоймаған секілді. Өйткені ештеңе айтпайды, айтқысы келмейді. Соған
қарағанда, өздеріне де ол жаңалық онша ұнамайтын тəрізді.
Шəйі: «Жүзікті сағынып кеттім», – деген соң, Оралбек екеуін алып
Тазабек Жалаңашқа келген. Табай мен Сəмен – малда, Əбен мен Жүзік үйде
екен. Екі əйел амандасып жатқанда, Əбен орнынан ұшып түрегеп:
– Ассалаумəликім! – деді қолын созып.
– Əликісалам, Əбен батыр! – Əбеннің саусақтары дəп өзінікіндей
жуантық екен, көзі түскенде, денесі дір ете қалды. «Қалай айнымай
қалған?» – деді шошып. Бетінің жалпақтығы, қасының қалыңдығы мен
көзінің дөңеттілеу айналасы – бəрі бұлжымай тартыпты. Байқамағансып,
самбырлай жөнелді. – Үлкен жігіт болыпсың ғой! Қалай, əке-шешеңе
қолғабыс қылуға жарап жүрсің бе?
– Апама даладан отын əкеп берем.
– О-о! Жүзік əпке, балаңыз жігіт бопты ғой. Отын əкеп берсе, одан
артық қандай көмек керек сізге?
– Құдайға шүкір, Сəменім мен Əбенім ержетсе, маған кемдік көрсетпес.
– «Қара шалым аман болса» деп Табай байғұсты да қосып қойсаңызшы!
– Е, аман болсын. Екі бала десе, байғұс ішкен асын жерге қояды. Менің
балаларымды кəйтесің, мына өз балаңа қарасаңшы! Бетінен иіскейін десем,
ойбай, жаман неме, жатырқап жолатпайды тіпті. – Шəйінің қолында тұрған
Оралбекке қарап жұдырығын түйді. – Əй, күшік, апаңды іздеп келгенің
шын болса, неге енді апаңа келмейсің? Түріңнен айналайын, түрің бар
болғыр! Құдай-ай, келгендерің қандай жақсы болды! Тазабек, шықшы
төрге. Жо, сен шығып жүрсің ғой, Жібекжан шықсыншы! Жандарым-ау
менің!
...Табай мен Сəмен шам жаққанда келді. Сəмен кірген бойда Шəйіні бас
салды.
– Қарқараның жəрмеңкесі біздің үйге көшіп келіпті ғой?! – деп, Табай
да табалдырықты көңілдене аттады.
– Үйімді жəрмеңке жасадыңдар, былғадыңдар дегені ғой, Шəйкен,
үйдің иесін ренжітпейік, қайтамыз ба, қайтеміз?
– Қойшы, Тəйкен, қайдағыны айтпай! «Үйімді базар қылдыңдар.
Балаларыңды алып келгендерің қандай жақсы болды!» – деп қуанғаны ғой
ағаның.
– Солай ма? Қазақша сөздің мағынасы қырғызша басқа болады екен-ау,
ə?!
Табайдың аяғына оралып, Əбен бойы жеткен жерден құшақтай алып
еді, қолтығынан тік көтеріп, Табай оны құшырлана тамағынан йіскеді.
Сонан соң Шəйіні құшақтап бауырына қысты.
– Құдайдың өзі жолықтырған жаным, қарындасым! – деді маңдайынан
сүйіп. – Оу, апасының алдында ең үлкен қонақ отыр екен ғой, кəне, келе
қойшы маған! – деп еді, енді-енді Жүзікке үйреніп келе жатқан Оралбек
жатырқамай Табайға қарай талпынды. – Көп жаса, көгершінім! – деп, Табай
қолына алып, бетінен сүйді.
– Бəрін сүйдің, құшақтадың, сонда Жүзік екеуміздің жазығымыз не?
– Сендер өзім боп кеткен адамсыңдар, адам өзін өзі қайтып құшақтап
сүйеді?
– Қап, мынаның қағынуын-ай, ə?! Жауабы да даяр, қалжыңы да даяр,
əбден баптап қойыпсыз ғой, əпке.
Екі еркек бір-біріне мейірлене құшақтасты.
Табай ет жерде Қожабек пен əйелі Бөбекті шақырып алды. Əңгіменің
тізгінін алған Қожабек жақыннан бері Атаманның жылқысы ішінде қысқа
жалды, шолақ құйрықты жирен қасқа арғымақтың пайда болғанын сөз
қылып еді.
– Иə, ол атты мен де көрдім, – деді Табай. – Жылқышы: «Біздің
қожайындікі ғой», – деді де қойды. Қанша тақақтасам да, артық ештеңе
айтпады. Соған қарағанда, бір құпиясы бар-ау. Олай дейтінім, таңертең бір
топ орыс жігіті аңға барамыз деп, Жалаңаштан шығып кетеді де, кешкісін
аттарын қансорпа қылып қайтып келеді. Бірақ бірде-бір аң атқанын көрген
емеспіз. Мен білсем, бұлар бірдемеден қорқып не сақтанып жүр, не қазаққа
қарсы бір пəле ойластырып жүр.
– Не ойластыруы мүмкін? – Тазабек əңгімені айтқан Табайға емес,
сұраулы кескінмен Қожабекке қарады.
– Оны бақылау керек. Қапы қалып жүрмейік, – деді ол бұл əңгімені
қазір естіп отырған кейіп танытып.
Осы əңгімеден кейін Тазабек Жалаңашқа жиі келетін болды. Табай мен
Сəмен бір пəлеге ұрынып қала ма деп қорықты. Қожабекпен ақылдасып
еді, ол күдігін одан бетер өршітіп жіберді.
– Табайдың сөзінен кейін мен де сезіктеніп жүрмін, – деді ол абыржып.
– Бір пəленің бары бар. Көзі ашық қой деп, Қапезден сұрасам, Уақытша
үкімет деген үкіметті құлатып, Бəлшебек деген үкімет орнағаны рас дейді.
– Ол қандай үкімет?
– Ит біле ме? «Бəлшебек» дегені «көпшілік» деген сөз көрінеді.
Қысқасы, таққа таласқандардың көпшілік жағы жеңген болу керек. Оның
айтуынша, бұл үкімет кедейлер мен шаруаларды жақтайтын көрінеді.
– Оған кедей мен шаруадан не пайда?
– Кедей мен шаруа көпшілікке жатпай ма? Олардың «бəлшебек»
аталғаны соларды жақтағаны үшін шығар?
– Сонда оған байлар керегі жоқ па? Олар адам емес пе?
– Оның бəрін біліп тұрсам, мен де орыс болып кетпеймін бе, Тазабек?
Қайдан білейін? Бірақ, бір байқағаным, жаңа үкімет байларға онша
ұнамайды-ау. Өйткені Көпзіптің, Көкөріннің, атаманның да қабағы
бұрынғыдай емес, салыңқы, кісімен сүлесоқ сөйлеседі. Бұрын біз Қытайға
қашып едік, енді Қытайға осылар қашпасын де. Себебі түн баласы
Жалаңашта тыныштық жоқ, аттың дүбірі бір тыйылмайды. Түнде далаға
өзім де шықпаймын, балаларды да шығармаймын. Өйткені куəнің көзін
құртып жіберуі мүмкін. Таң ата, мен намаз оқитын кезде, Жалаңаштың тұстұсынан мылтық асынған орыстар топ-тобымен кіріп жатады. Неге олар бір
арадан кірмей, əр тұстан келеді? Түнімен қайда барып, таңертең қайдан
келеді? Олар, сірə, күдік салмау үшін сөйтеді. Бірақ оны көрген адам қалай
күдіктенбейді? Мен күдіктенгеніммен, күрмеуін шеше алмадым. Бірақ,
қалай болғанда да, мұның бекер емесі балаға да белгілі.
– Əрине, бекер емес. Бірақ, айтуыңызға қарағанда, бұлар қашуды емес,
қарсы шығуды жоспарлап жүргенге ұқсайды ғой?
– Иə, дұрыс айтасың, соған ұқсайды.
Ертесі түс кезінде Қожабек жүгіре басып Тазабекке келді.
– Жүрші, төбеге шығайық, кешегі айтқанымыз басталды-ау деймін.
Екеуі үй іргесіндегі төбеге ентіге басып шықты. Бұлардан бұрын
жеткендер де, енді ентелеп келе жатқандар да бір-бірімен дабырласып
жатты.
– Əне, ана Жылқыбайдың сайы жаққа қарашы! – деді Қожабек бұрын
көктемде қой төлдетіп, күзде күзем алып жүрген төбесі ашық тамдарды
көрсетіп.
Есіз, қаңырап қалған он шақты тамы бар жерді, Жылқыбай деген кісіні
сол арада құтырған қасқыр талап өлтіргендіктен, жұрттың Жылқыбайдың
сайы, Жылқыбайдың жотасы атап кеткенін Тазабек білетін.
– Ойбай, Қарашоқыдан Қобыға қарай көп атты төмендеп келеді, – деді
дүрбісі бар Қабылбек деген кісі. – Жылқыбайдың беліндегі тамдарды
Жалаңаштың орыстары бекініс жасап алған екен, бəрі соған кіріп-шығып
жүр. Ана төменде келе жатқандар оны білмейді-ау.
Қабылбектің дүрбісімен жұрт Жылқыбайдың беліне кезек-кезек
қарасты. Тазабек дүрбіні алғанда, жоғарыдан келе жатқандар мен тамда
тығылып жатқандардың арасында атыс басталды да кетті. Мылтықтың
даусы Жалаңашқа ап-анық жетіп жатты. Келгендер кім, неге атысып жатыр,
оның бірін білмесе де, төбедегілер тым-тырақай қашып үйлеріне тығылды.
– Кім болса да, ана келгендер казак-орыстарға қарсы біреулер, – деді
Қожабек өз жорамалын Тазабекке ашып. – Оларға қарсы болса, əлгі кедей
мен шаруаны жақтайтын үкіметтің адамдары болды. Барлау жасамай келіп,
босқа қырылды байғұстар.
Тазабек үндемеді, өйткені Қожабектің болжамына сене қоймады,
басқаны қолдаса да, орыстың ешбір үкіметі қазақты қолдай қояды деп
ойламады. Ертесі Тазабек Табайдыкіне келіп отырғанда Қожабек оны
төбеге тағы шақырды.
– Тездет! Тағы басталды! – деді арық ақбоз атын тебініп. – Кешегі сап
түзеп келгендер, құдай біледі, қарсылық болатынын білмей қапы қалды.
Бүгін топ-топ болып əр тұстан асып келе жатыр.
Дүрбісін алып Қабылбек те қастарына келді. Əп-сəтте төбенің үсті
үлкен-кішіге толды да кетті.
– Шілік жақтан келгендер етектегі жазыққа жиналып жатыр, – деді
Қабылбек дүрбісін Қожабекке беріп жатып. – Ал кешегі қарсы шыққандар
бүгін жоқ.
– Ендеше бұл келгендер – кедейді қолдайтын бəлшебектер. Қазір келем,
– деді Қожабек үйіне қарай асығып. Сəлден кейін қолына ақ таяққа
байлаған ақ мата ұстап төбеге тағы шауып шықты. – Əй, Дүйсембек, кел
мінгес! – деді бұйырып.
– Е, не боп қалды?
–Жүр, аналардың алдынан шығайық! «Казактар қашып кетті.
Жалаңашта жау жоқ», – дейік. Казактардың қашып кеткеніне қарағанда,
бұлар бізге тимейтін адамдар. Екеумізді өлтіргеннен оларға не пайда? Жүр,
қорықпа!
Мінгескен екеуге жұрт көз алмай қарап тұрды. Жазықтағы жағдай
дүрбісіз де көрінетін еді. Екеуі аман-есен жетті. Аз-кем əңгімелескен болу
керек, бір кезде мінгескен екеу алдыға түсіп, келген топ бері қарай
қозғалды. «Апырмай, мұның арты не болар екен?» деді Тазабек, бір
жағынан, Қожабектің қылығын сөге алмай; екінші жағынан, Қытайға
үріккен қазақты өз халқым деп қайтарып алған өкіметті қия алмай. Екіұдай
сезім екі жаққа тартқылады. «Екі түйе сүйкенсе, арасында өлетін шыбын»
қазақ болып жүрмес пе?»
Біраздан кейін екіұдай сезім Тазабекті екі жақтап талай бастады.
Қайсысын жақтайды? Оған ақылы да, білімі де жетпеді. Болатын нəрсе
бұдан сұрамай-ақ болып жатыр. Ендігісін өмірдің өзі көрсетер.
Қалың солдат қалаға кіргенде, жұрт жүрексініп үйді-үйіне тығылды.
Тазабек неде болса деп, Қожабектің қасына жетпек болды. Соның
арасынша Қожабектің атымен Дүйсембек алдынан шықты.
– Кел мінгес, Қожабек келсін деп жатыр! – Бастықтың бұйрығын
жеткізген шабарманша шақылдай қалыпты.
– Жарайды, жаяу-ақ барайын, – деді жымиып. – Андағы атыңыз
екеумізді көтере алмай омақасар.
– Сөйтуі кəдік, – деді Дүйсембек Тазабектің тұрқына күле қарап.
Орысы көп, қазағы аз жұртшылық шіркеудің алдындағы төбеге
шоғырланыпты. Тазабек шетін ала тұрып, жан-жағын шола қарады.
Жалаңаштың шетін солдаттар айнала қоршап алыпты. «Бəрімізді қырып
салғалы жинаған жоқ па екен?» – деді тіксініп. Сол кезде көзіне Қожабек
түсті. Бір топ солдаттың қақ ортасында қолын сілтей сөйлеп тұр екен.
«Орысша білмеуші еді», – деді таңданып. Сөйтіп тұрғанда, Жалаңаштың
бір аяғы шолақ атаманы Александровты арбамен алып келді. Солдаттардың
кəмəндірі болу керек, ыйығынан асыра тартқан қайыс белбеуі, жамбасында
тапаншасы бар орта жастағы орыс ортаға шықты. Ноғай тақиялы арық
жігіт қасына келіп тұрды.
– Жолдастар! Ресейде патша өкіметі де, Уақытша үкімет те құлады.
Оның орнына жұмысшылар мен шаруалардың өкіметі орнады, – деді
кəмəндір орыс. Оның айтқанын ноғай жігіт қолма-қол аударды. – Ол –
кедейлер мен кембағалдарды жақтайтын өкімет. Байдың кедейді қанауына,
күштінің əлсізді адам санамауына қарсы өкімет. Біз сол езілген халықты
қорлықтан, қанаудан құтқаруға келдік. Мына арбада отырған атаман
Александров – қарапайым халықтың қанын сорған патша өкіметінің өкілі.
Оның баласы Василий – ақ патшаның əписері. Сол бастаған казактар кеше
қаншама біздің жазықсыз жауынгерімізді қапияда қырып тастады?! Сол
жаулық əрекеті үшін, большевиктер өкіметіне қарулы қарсылық
ұйымдастырғаны үшін, мен атаман Александровты ату жазасына
бұйырамын! Бұйрық орындалсын!
Үш солдат алдыға шықты. Арбада отырған қалпы Александровты атты
да тастады. Біреулер бетін басты, біреулер ойбайласты. Алайда жаңа
өкіметпен ойнауға болмайтынына бəрінің көзі бірден жетті. Кəмəндір тағы
сөйледі:
– Енді кедейдің күні туды, жолдастар! Бүгіннен бастап Жалаңашта
еңбекшілердің мүддесін қорғайтын революциялық кəмитет, яғни ревком
құрылады. Оның бастығы етіп кедейден шыққан Секерин жолдасты
тағайындаймын! Секерин жолдас, ортаға келіңіз!
Ол орысты Тазабек білетін. Өз шаруасымен жүретін, қақ-соғы жоқ
қарапайым шаруа. Соны сайлағанына қарағанда, жаңа өкімет кедейді
жақтайды дегеннің жаны бар тəрізді. Орыс атаманды орыстың атып
тастауы да адамның ойына сыймайтын оқиға. Шынында, үлкен төңкеріс
болған секілді. «Қазақтың көз жасын құдайдың көргені ме? – деді біртүрлі
көңілі босап. – Қой, қайтайын, жаңа өкіметтің қыр-сырын Қапезден біле
жатармын». Бұрыла беріп, солдаттар жаққа бір қарап еді, өзіне қарай
ентелеп келе жатқан Қожабекті көрді.
– Кеше əтіретпен атысқан казак-орыстар із-түзін білдірмей бір жаққа
кетіпті, – деді келе сап. – Қырғыз жаққа ма, Қытайға ма, – ешкім білмейді.
Түн ішінде тұтқиыл шабуылдаса, Жалаңаштың халқын қырып тастауы
мүмкін. Солардың қайда кеткенін анықтау үшін, барлауға жұмсайтын жас
бала керек болып жатыр. Соған Сəменді жұмсасақ қайтеді? Жоқ іздеген боп
жүріп, елдің сөзін елеусіз тыңдауы керек. Соншама əскердің жан адамның
көзіне түспей жасырынып қалуы мүмкін емес дейді.
– Ондай іске баланың елеусіз болатыны рас. Бірақ, Қожеке, Жүзік оны
басқаша түсінсе, баламды қауіпті жерге жұмсады деген күдікке қалам ғой.
– Иə, сөйтуі мүмкін. Тəуекел, онда Самсалымды жұмсайын.
Сонымен барлаушы болып Самсалы кетті. Қара танаға мініп,
Жалаңаштың желке тұсынан «жоқ іздеуге» шықты. Ол күні ешкімге жолыға
алмай қайтты. Ертесі батыс жаққа беталып, Дегерес маңайына жол тартты.
Түс ауа бере танасын танаулатып асығыс оралды. Қожабекке ілесіп Тазабек
те алдынан шықты.
– Не болды? Бірдеме білдің бе? – деді Қожабек баласын тананың
үстінен көтеріп алып жатып.
Самсалы бағжаң етіп əкесіне бір, Тазабекке бір қарады.
– Айта бер, ағаң өзіміздің адам.
– Дегерестен төмен түсіп келе жатсам, бір адам пышылдап сайдан жаяу
шығып келе жатыр екен. Бұрылмай кетіп бара жатыр ем, айғайлап
шақырып алды. Қатай дегеннің жылқысын бағатын кісі бар еді ғой, соның
інісі Қаратай екен. Ағасына келіп-кетіп жүргенде көргенмін. Ол да мені
танып, жылап амандасты. «Амансыңдар ма? Жалаңаштағы қазақтарды
бəлшебек деген біреулер қырып тастапты деген рас па? Соны біліп кел деп,
үлкендер мені жұмсап еді, жүрегім дауап қалаға кіре алмадым», – деді.
«Бəлшебек деген ешкімді көргем жоқ. Бірақ Шілік жақтан көп солдат келіп
казак-орыстармен атысып, атаман Александырыпты атып тастады», –
дедім. «Қайдан білейін, қырық-елу солдат Саты жаққа өтіп барады екен, ел
солардан естісе керек», – деді.
– Үйге бар да, шайыңды іш, балам. Мен келгенше Тазабек ағаңның
қасынан шықпа!» – деді де, Қожабек дереу атына мініп шауып кетті.
Оның салдаттарға баратынын Тазабек сезді. Сол кеште Жалаңаштағы
солдаттар суыт бір жаққа аттанып, үшінші күні қайта оралды. Қожабек
оларға жолығып, ау-жайларын біліп қайтты. Қашқан казактардың
Таушілікке қарай кеткенін білген соң, солдаттардың кəмəндірі жол білетін
екі қазақ жігітін Кеңсу арқылы Қарақолға аттандырады да, өзі Саты асуы
арқылы казактардың соңына түседі. Қарақолдан көмек дер кезінде үлгеріп,
Талдысу деген жерде екі жақтап, Қытайға қашпақ боп жатқан казактардың
быт-шытын шығарады. Қолға түскендерін Қарақолға айдап əкетіпті де,
Жалаңашқа қайта оралған солдаттар ертең Шілік арқылы Алматыға
қайтады екен. Самсалының еңбегі үшін кəмəндір Қожабекке үлкен рахмет
айтып, қолына емін-еркін жүріп-тұратын куəлік қағаз беріпті.
Он алтыншы жылы жоғалып кеткен інілері Нүсіпбек пен Мүкейдің
балалары мал бағуға жалданып, былтыр Шілік жаққа көшіп кеткен
болатын. Солардың жағдайын сендермен бірге барып біліп келсем бола ма
деп, Қожабек кəмəндірден сұраған екен, «Біз – өзің сияқты кедейлерге
қамқорлық жасау үшін жүрген жандармыз», – деп, əтіретпен бірге алып
кетті. Содан бір аптадай жүріп, інілерінің балаларын түгел Жалаңашқа
көшіріп əкелді. Кəмəндірдің бұл адамгершілігі Тазабекке қатты əсер етті.
Солдаттар келіп кеткен соң, қазақ пен орыстың арасындағы қуғынсүргін тоқтап, Жалаңаштың ел-жұрты ес жия бастады. Жаңа өкіметтің бұл
саясаты Тазабекті қатты таңдандырды. Əсіресе қазақты көпе-көрнеу
қырғыннан сақтап қалғанына қайран қалды. «Не үшін?» деген сұрақты өз
ақылымен індетіп шеше алмады. «Шынымен, ендігі өкімет тек орыстікі
емес, ортақ бола ма?» – деді дағдарып. «Тағы бір алдаудың жаңа түрі емес
пе екен?» – деп те күдіктенді. Бірақ мына жасап жатқан қылықтары оған
жыға дəлел бола алмады. Ақырында күдігін сенімі ығыстыра бастады.
***
Əбеннің Тазабекке ұқсайтынын Шəйі қарсы отырып қалғанында
байқады.
– Жүзік-ау, мына балаң біздің Тəйкенге тартып кеткен бе? – деді
таңданып. – Қас-қабағына қарашы!
– Туысқан болған соң, тартқаны шығар? – Жеңгесінің үні берекесі
қашып божырап шықты. Ұрлығын білдіріп алған адамша жүзін бұдан
тайдыра берді. Оның өйтіп аяқасты əбігерге түскені Шəйінің сезігін
күшейте түсті.
– Жүзік, не болды? Саған Тəйкеннен туып алыпсың деп жатқан ешкім
жоқ қой.
– Жібекжан-ау, сен өйдемегенмен, басқалар сөйдесе, қайтем? Табай да
өткенде таңғалып: «Біздің Əбентай күн өткен сайын Тазабек ағасына
тартып келе жатыр-ау!» – деп қалды. Не дерімді білмедім. Содан бері сезік
ойдан мазам кетті. Сендер байқағанды басқалар байқамас деймісің? Сондай
өсек тарап кетсе, масқара-ай!? Кімнің аузына қақпақ боламыз?
Шəйінің мыйы шаншу тигендей шым ете қалды.
– Шынында да Тəйкеннің баласы шығар? – Сол сөз аузынан шыққан
замат Шəйінің есіне жəрмеңкенің желкесінде кетіп бара жатқан салт атты
əйел сап ете қалды. – Əлгі сен айтқан əйелдің баласы емес пе екен?
Жүзіктің көзі шарасынан шығып, зəресі ұшып кетті.
– Қайдағы əйел? Саған мен қашан айтып ем?
– Айтқансың. «Еркектер емін-еркін жүреді, саған дейін біреумен болса
болған шығар», – деп мені жұбатқансың. Енді есіңе түсті ме?
– Əбенді сол əйелдің баласы демексің бе?
– Əбеннің əке-шешесін жерлеген Тəйкен мен Жомарт. Шындықты сол
екеуі біледі.
– Білсе, екеуінің бірі сездірер еді ғой? Қойшы, Жібекжан, қай қазаққа
қай қазақ ұқсамай жатыр. Аласапыран заманның мені де бір аяғаны
шығар?! Сен сезіктенбесең, басқаның өсек-аяңы маған пішту ғұрлы да
болмайды.Қара жер көтергенді қатын да көтереді! Мен бəрін де көтерем,
сен де көтер!
– Əй, зəлім жеңгем-ай, тағы мені тəрбиелегелі тақымдап келемісің?
Əбенге бола Тəйкенмен араздасып қалар деп қорқамысың? Көрген қорлықзорлығымыздың қайырымы шығар.
– Жаным, сені əлі кішкентəй деп жүрсем, өзімді үйрететін зəлім бопсың
ғой!
– Өзінің тағдыры қым-қиғаш адам өзгенің қисық-қыңырын кешіргіш
болады екен. Оралбекті құшақтап, иіскеп отырғанын көргенде, Тəйкен
маған жай күйеуім емес, тап бір кемеңгер болып көрінеді. Мінезімен,
қылығымен мені, əйтеуір, өзіне ілестіріп жетелеп келеді.
– Жаным Жібегім! Бақыт деген – сол. Қол жетпейтіннің бəрі – қиял.
Қолындағыға ие болу, басындағыны бағалау – ақылды адамның ісі.
Ақылыңнан айналдым! Ой да адамды ойсыратып тастайды екен, тіпті.
Табайдың Əбенді Тазабекке ұқсағанын айтқаннан кейін ел Тазабектен
тауып алды дей ме деген өсектен қашып төркініме кетіп қалсам ба екен деп
те толқыдым. Бірақ олардың не өлі, не тірі екенінен хабарым жоқ.
Қырылып жатырмыз, қуғындалып қашып жатырмыз, одан қайта көшіп
келіп жатырмыз; ат ізін салған бірі жоқ; аман ба, жоқ па деп, оларды да
уайымдай бастадым.
– Сен төркініңе қашып кетсең, мен қайда қашып кетем, Жүзік?
Оралбектің орыс сияқты екенін жасырам деп, жердің астына кіріп кетем
бе? Сені мен Сəменді көрмесем, құса боп өлмеймін бе?
Екі əйел бірін-бірі құшақтап, көздеріне жас алды. Болған істі қайта
өзгерту қолдан келмесін екеуі де түсінді. Өткенге өкініп те, бүгінгіге тəубə
десіп те жыласты.
***
Жаңа өкімет билігін жеделдете жүргізіп жатты. Байыған орыстардың
малын бағуға жаппай жалданып жатқандықтан, Жалаңашта қазақтар
əжептəуір көбейіп қалды. Сондықтан ба əлде жаңа өкіметтің қазаққа деген
жанашырлығы ма, ревком Секерин Тазабекті шақыртып алып: «Сен маған
орынбасар боласың. Орысша білесің, хат танисың, осы араның мен білетін
қазағы мен орысын сен де білесің, – деді қарсы сөз айтуға аузын аштырмай.
– Бірлесіп істейміз, білмегенімізді бірге үйренеміз».
«Бірге үйренеміз» дегені баурап əкетті. Келісті. Қожабек те, Табай да
бұл жаңалықты қуана қарсы алғанмен, Жүзік пен Шəйі шошына тыңдады.
«Алдап құрған қақпаны болмасын?!» – деп, Жүзік сезіктенсе, «Қызметі
құрсын, тып-тыныш жүре бергенің жақсы емес пе еді?» – деп, Шəйі де
жақтырмады. «Мен бармасам, басқа барады, қазаққа пайдам тимесе,
зияным тимес», – деп, Тазабек сөзді өзі түйіндеді.
Ертесі Секериндікіне келген Тазабек оның қасында Сергейчук
отырғанын көріп, босағадан аттай бере бөгеліп қалды.
– Кел, Тазабек, кел! – деді Секерин қалбалақтап. – Жақсы келдің, біз де
жұмыс жайын сөз қып отыр едік. Петірді білесің ғой, істелген жұмысты,
бұйрық, жарлық дегендерді жазып отыратын хатшы керек екен бізге, соған
Петір Сергейчукты алдық. Енді үшеу болдық, өстіп-өстіп көбейеміз.
– Мен де сол нақты қандай жұмыс атқаратынымызды ақылдасайын деп
едім.
– Ақылдасатын несі бар? – деді Петір бірден сөз тізгінін алып. – Өкімет
– кедейлердікі, демек байлардың көзін құрту керек. Бір атаманды атып
тастағаннан олар құрып кетті ғой деймісің? Атаманмен ауыз жаласқан
Кобзев пен Стариковты да атып тастау керек.
– Қызбаланбасаңшы, Петiр. Бiз ең əуелi елдi бiрiктiре бiлуiмiз керек. Бiз
бай деп біреулерді ата бастасақ, олар да бізді ата бастайды. Орыстың
бəрінде қару бар, өзің білесің ғой, он алтыншы жылы астыртын
үлестіргенін. Біз оларды атып біткенше, олар бізді бір-ақ күнде тасталқанымызды шығарады. Жоғарғы жақтың нұсқауы солай: орыс пен
қазақты жауықтырмау. «Ə, 16-жылы орысқа мылтықты өкіметтің өзі
үлестірген екен ғой?» – Тазабек оны ішіне бір түйіп қойды.
– Екі бірдей інімді өлтіріп кеткен қазақтармен мен қалай тату тұрам?
– Оларды орыс өлтірді ме, қазақ өлтірді ме, қайдан білесің? Ондай
дəлелсіз сөзді айтпау керек. Егер олар қазақ ауылына барса, біз көрдік деп
ендігі біреулер айтқан болар еді. Он алтыншы жылғы қырғынға патша
өкіметі кінəлі деп большевиктер ашық айыптап отыр. Сондықтан біз соған
орай қызмет жасауға міндеттіміз. Оны мойындамасақ, біз өзіміз бұл
өкіметтің жауы боп табыламыз.
Жуас саналатын Секеріннің сөзі Тазабектің айызын қандырды.
Сергейчук сазарып отырып қалды.
– Тазабекті орынбасар, өзіңді хатшы етіп тағайындағанымды бұйрыққа
жаз да, ертең соларды алып Жəркентке жүріп кет. Қандай тапсырма
болатынын, алда не істейтінімізді – бəрін біліп кел.
***
Табай мен Сəменнің кештетіп келгенінен Шəйі тіксініп қалды. Бірақ
қабақтарына қарап, қобалжуын тез басты.
– Апамның тамағын сағынып келдік, – деді Табай күле амандасып.
Ағынтай ағасынша жымиып тұрған Сəмендi əй-шəй жоқ бас салды.
– Алтыным-оу, əпкеңдi əбден сағындырдың ғой! Қанатым, əке-шешем!
Сорайған бойыңнан айналайыным-оу! Апа, қарашы, айнымаған əкесi ғой!?
Мəре-сəре қуаныш бiразға созылды. Табайдың жезделігі, Тазабектің
балдыздығы екеуін əзіл-қалжыңсыз амандастырмайды; сөз қағыспен
бастайды, төс қағысып тоқтайды.
– Жүзік қалай? Əбендерің жігіт болды ма?
Қалишаның дəстүрлі жөн сұрасына Табай толықтай жауап қайырды:
– Қалай деріңіз бар ма, апа? Сəмен екеуміз – орындаушы, Жүзік пен
Əбен – бізді жұмсаушы. «Барыңдар!» – деді, келдік; «Айтыңдар!» – дегенін
айтамыз, сонан соң қайтамыз.
– Е, тəртіптерің тəуір болды ғой онда? Айт дегенін айт ендеше.
– Ол айта салатын жай сөз емес, апа. Бұйрық. «Əке-шешем бар еді. Бір
бауырым, келінім бар еді. Келінім соңғы көргенімде ауыраяқ еді.
Көріспегінімізге үш жыл боп барады. Үй ішімізбен өртеніп жатырмыз,
ауыл-аймағымызбен қашып-пысып жатырмыз, бір ат ізін салмағанына
қарағанда, олардың да күйі күй емес. Тазабек мені ертіп барсын, Шəйі
келіп шалым мен балаларыма қарасын», – деді.
– Жөн, жөн, – деді Қалиша алдына алып отырған Оралбекті жерге
түсіріп жатып. – Бұндай бұйрықты бұлжытпай орындаудан басқа ылаж
жоқ. Балам да, келінім де дайын.
– Болды, апа. Сəмен екеуміздің жұмысымыз осымен бітті. Енді Шəйінің
шəйін ішейік.
***
Жол бойы Жүзік Тазабектен, Тазабек Жүзіктен сыр тартып, əбден
əңгімелесті. Тазабекті састырған Жүзіктің бір сауалы болды.
– Əбен кімнің баласы, əке-шешесін білесің бе? – деді.
– Білем. Табай мен Жүзіктің баласы.
– Жоқ, маған шындығын айт.
– Шындығы сол. Өз əке-шешесі өлді, ендігі əке-шешесі – Табай екеуің.
Мен басқаны білмеймін.
– Сенің еш қатысың жоқ па? Əбеннің түрі саған тартқан ғой.
– Қазақ қазаққа тартпағанда, Табайға тарта ма?
– Жүгірмек! Жасырып келесің.
– Жоқ, жасырғаным емес, əпке, түсіндіргенім. Шын əке-шешесін
білгеннен Əбенге де, сізге де келіп кетері жоқ. Ол – қилы заманның қиюы
келген бір ісі.
Бұлар Сатыдан өтіп, Күрметіге жақындағанда ымырт та жабылды. Ық
қойнауда оты жылт-жылт еткен үш үйдің қой қорасы кеңдеуіне қарай Жүзік
ат басын бұрды. Абалап алдарынан екі ит шықты.
– Жолдаяқ, жат! – деді Жүзік үлкен итке еркелете жекіп.
Жолдаяқ жатпады, аттың аяғына орала жаздап құйрығын бұлғаңдата
қыңсылады. Сірə «таныдым» дегені болу керек.
Үйден еңгезердей жігіт шықты.
– Əпке? – деді дүдəмəл дауыспен.
Жүгіріп келіп Жүзіктің атын ұстады. Аттан қолтықтап түсірді де, бас
салып құшақтады.
– Асқар тауымыздан айрылып қалдық қой, əпке! – деп еңіреп қоя берді.
– О-оу, бас ием-ау! – деген үйден де егде əйелдің үні естілді.
Жүзіктің əкесі жақын арада қайтыс болғанын Тазабек түсіне қойды.
***
Жүзіктің шешесі алпысқа биыл келіпті. Отағасы өзінен бес жас үлкен
екен. Қойын бағып, мал-жанға ие боп жүрген еті тірі кісі көрінеді. Таңертең
қойын Көлсай жаққа өргізіп, артынан торы атымен өзі де өріске кетіпті.
Сол кеткеннен мол кетіпті. Күндегі уақытында қой өрістен қайтпаған соң,
күдіктеніп, «Əкең неге жоқ? Бірдемеге ұшырап қалмаса, келетін уақыты
болды ғой», – деп, баласын жұмсайды. Баласы бытырап жатқан қойды
табады, əкесін ары іздеп, бері іздеп, таба алмайды. Адасып кетті ме, аттан
жығылып қалды ма деп, мың сан жорамал жасап, түнімен жылапсықтап шығады. Ертесі ауыл боп іздеп те еш дерек біле алмайды, із-түзсіз
жоғалып кетеді. Өлді дейін десе, өлігін таба алмайды; тірі дейін десе, тірі
адам қайда кетеді, – түсіне алмайды. Жер жұтып кеткендей. Не өлінің, не
тірінің белгісі жоқ. Сөйтіп сергелдеңмен жүргенде, түс ауа қалың қарулы
қол ауылға сау ете қалады. Ішінде екі-үш қазағы бар. «Əскер келді ме?
Қайда кетті? – деп сұрайды. «Көрмедік, білмедік» дегенмен, сол сұрақтың
астарында бір сұмдықтың жатқанын жүректері сезеді. Сол күні Көлсай
жақта қырғын атыс болыпты. Кімді кім атқанын, кімнің қашып, кімнің
қуғанын бұлар білмейді. Бірақ қуып келгендер жеңіп, қашқан əскерді түгел
тұтқындап Қарақолға айдап əкетеді. Жол көрсетесің деп қашқындар
отағасын зорлап əкеткен көрінеді, атыс басталғанда қашқан болу керек,
жауырынынан оқ тиіп жан тапсырыпты. Соның бəрі Василийдің əтіреті
істеген əрекеті екенін Тазабек түсінді. «Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын
өледі» деген осы екен-ау?» – деді күрсініп.
***
Күрлеуітке барып қайтқалы жаңа өкіметке Тазабек шындап жылы қабақ
таныта бастады. Оның көкейіне ең қонғаны – адамға деген жанашырлығы.
Казак-орыстардың қолынан қаза тапқан Жүзіктің əкесін кəмəндір киіз үйге
өзі көтерісіп кіргізіпті. «Бұдан былай қазақ та, орыс та өкіметтің өз адамы.
Оларды қорғау, тең санау, қамқорлық жасау – өкіметтің ең басты міндеті», –
депті. Кəмəндірдің кісілігін Жүзіктің шешесі мен бауыры айтып тауыса
алмай отыр. Соған қарағанда, қазақтың бағын бір ашса, осы жаңа өкімет
ашатын сияқтанды.
Тазабек Жүзіктің басын тауға да ұрып, тасқа да ұрып таусылмай,
əкесінің қазасын солай болуы тиіс нəрсеше сабырмен қарсы алғанына
қайран қалды. Ұстамдылығына, өзін де, өзгені де тəубеге шақыра білгеніне
сүйсінді. «Қойды сен бағып жүрсең, олар сені өлтіріп кететін еді ғой», –
деді інісіне кісінің ойына келмейтін ой айтып. Солай екен-ау дегендей,
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Əй, дүние-ай! - 11
  • Büleklär
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2127
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2152
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3957
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2173
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2061
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2080
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2223
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4025
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1688
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.