Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 15

Süzlärneñ gomumi sanı 4014
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
– Жо-жо, өйтпеңіз. Таудың қуысында жатқан Китіңге дəл қазір ешкім
мұғалім болып бара қоймайды. Сіз тек əріп үйретсеңіз де жетеді. Тілді олар
сізге өздері үйретсін. Сіз тек жазуды үйретіңіз!
Тазабек басын алып қашты, Зəріп тақымдап қоймады. Ақыры оған
Кітəпбек те болысты.
– Əй, Тазабек, орысқа қазақ жазу үйретіпті дегеннің өзі дəріп емес пе?
Неге қашқақтайсың? Келіс! – деп, сөзді түйіндеп тастады.
Қағаз, қалам, сия тауып берем деп, Зəріп бұларды бірер күн аялдатты.
Ақыры əрбір кеңсені қарақтап жүріп, аздаған қағаз, бір уыс қарындаш
тауып берді. Кітəпбектің арқасында қонатын үйді де, баратын бастықты да
– бəрін тауып Тазабек олжалы оралды. Бірақ баланы оқыта қою оңай боп
шықпады. Оған ең əуелі мектеп болатын үй керек еді. Бар жағдай соған
келіп тірелді. Оны шешудің амалын Кобзев айтты:
– Сен, Тазабек, табиғатыңнан бастамашы адамсың. Қазақы үйден орыс
үйіне көшкен тұңғыш қазақ болсаңшы. Қыс бойы осындағы орыс-қазақ
жабылып қарағай кесейік. Жаз шыға тағы жабылып саған үй салып
берейік. Сол үйде бала оқыт, – деді.
Осы пікірді Табай мен Жүзік қолдады.
– Бəріміз бірдей малшы болғанша, сен оқымысты бол, балаларға
білгеніңді үйрет. Біз сені аш-жалаңаш қалдырмаймыз, – деп, Табай бəрі
үшін бір өзі жауап қатты.
Китіңдегі барлық орыс, Тазабекке тəн төрт үй қазақ ара-балтасын
даярлап, қыс бойы Орта Қарағай мен Шет Қарағайдан ағаш кесті. Бəрін
Кобзевтің өзі басқарды. Оның: «Мынаны кес!» – дегенін кесіп, «Мынаған
тиме!» – дегеніне тимеді.
Жаз ортасынан ауа үш бөлмелі ағаш үй салынып бітті. Ең қиыны үш
бөлмені бір жерден жылытатын пеш салу екен, оны да Кобзевтің өзі басықасында жүріп бітіртті. Кірпіш құятын қалыпты да өзі жасады, кірпіш
жасайтын топырақты да өзі тапты. Білгір екенін бəріне мойындатты.
Тазабек пен Шəйі бұл жаз жайлауға шықпады. Үй салып жатқан
орыстарға тамақ əзірлеп беруді өздеріне борыш санады. «Жайлаудан іздеп
таппадым», – деп, бір күні Кітəпбек келді. Кейпі көңілсіздеу, шаршаңқы.
Бірдеме айтқысы келетінін, бірақ қалай, қайда айтарын білмей тұрғанын
Тазабек оның мазаң түрінен таныды.
– Көмейіңде тұрғанды Шəйінің көзінше айта алмай тұрсың ба? Оңаша
шығайын ба?
– Айтарым əйеліңе ауыр тие ме деп қорғаншақтанып отырмын. Əйтпесе
айта беремін ғой.
– Айта бер ендеше.
– Пішəн жайында маған көп əңгіме айтып ең. Əнін мақтап, Қапезден
алғаш естігеніңді айтқансың. Мен де əні мен əңгімесін біраз естіген
адаммын.
– Не, қайтыс болып па?
Кітəпбек үндемей, мұртын сипалап біраз отырып қалды да, ышқына:
– Өкімет атып тастапты, – деді.
– Астапыралла, не үшін? – Тазабек бетін сипады.
Шəйі селк етіп, шошыды. Тазабек тілін жұтып қойған адамша ұзақ
үндемей қалды. Сонан соң ыңырана күрсінді.
– Неге атыпты?
– Бай болыстың баласы. Өзі болыс болған. Елді қанаған депті.
– Бай болған, болыс болған адамның бəрін ата ма? Ол бай болмаса,
басқа біреу бай болады. Елді əнімен, өлеңімен риза қылғаны есепке
алынбай ма?
– Оның бəрін мен білсем, Тазабек-ау, оны сен де білер едің ғой. Қазақ
десең, өзіңе тиеді, қазақ өзінен озып бара жатқанды, оңтайы келгенде, бір
қағып қалмай отыратын ба еді? Өзің де көрдің ғой оны. Сенен
гөрі Пішəннің көре алмастары мықты болғаны да.
– Апырмай, ə? Пішəннің өлгеніне қуанатын қазақтардың да болғаны-ау,
ə? Бұл заман не боп барады? Пішəнді өлтіргенмен, оның өнері
өлтіргендерге қонбайды ғой.
– Менің бір болжағаным; бұдан былай Пішəнді жоқтаған, əнін айтқан
адамдар да Пішəннің аяғын құшады.
– Иə, сөйтетін шығар. Онда, алдымен Қапезді сақтандыру керек.
***
Күздің алғашқы суығы сай-сайды тінте бастағанда Тазабек те қыстың
қамын ойлай бастады. Ақыры Жүзіктің айтқанын жүзеге асыруға бел
шешті. Кобзевтің арбасын алып, Табайларға су бойынан дəу-дəу тастарды
қора салатын жерге тасытты. Күз түсе дөңгелек кең тас қора дайын болды.
Содан кейін ғана Тазабек бала оқытуға қамданды.
Сəмен, Əбен, Қали үшеуін жазуға үйретіп көріп еді, олардан Оралбектің
де қалғысы келмеді. Амал жоқ, оған да қағаз, қарындаш ұстатты. Он шақты
күннен кейін Кобзев оларға екі немересін қосты. Бірін араб, екіншісін орыс
əрпімен оқыту Тазабекке қиындау соқты, бірақ əрі қызық, əрі жауапты
жұмыс болып шықты. Оның осы күйін көрген Кітəпбек ішек-сілесі қата
күлді.
– Абажадай аю адамның кішкентай қонжықтарымен ойнап отырғаны
қызық екен, ə?! Сені үйезге Зəріп шақырып жатыр. Бір айдай бала
оқытудың əділ-амалын үйретеді екен, – деді.
Жəркентте жатақханада жататын болды. Өсек өзеніне жақын шеттегі
жарлауыт үстіндегі көне үй екен. Бұрын əскерлер жатқан деседі. Төсекорнын көтеріп келе жатып алдында төсек-орнын көтеріп бара жатқан
əлдекімді айналып өтпек болып еді, сол сəт анау да солай бұрылып, екеуі
соқтығысып қалды. Оның да, мұның да төсек-орны жерге шашылды.
– Ой, Тəке, төсек-орныммен қоса омақаса жаздадым ғой, – деді əлгі
күліп. Қапез екен.
– Ой, бауырым! – деп, Тазабек құшақтай алды.
Сағынысқан екеу беттерін бір-біріне үйкеп біраз тұрды. Сонан соң ең
түкпірдегі екі орынды иеленді. Көптен көкейінде жүрген бір сұрақты
Тазабек ақыры анықтағысы келді:
– Қапезжан, «Кейбіреу бүгін тату, ертең араз» дегенді саған айтқызып
жүрген кім?
– Бəкен ғой, – деді Қапез күрсіне жөтеліп.
– Неге араздастыңдар?
– Жомарт айтпады ма?
– Бəкен туралы тіс жарған емес.
– Бəлкім, бұл əңгімені ол кейінірек естіген шығар онда. Мұның аныққанығын мен өзім содан естідім. Бəкеннің шешесі өзің тойында болған
Тұнық қарияның қарындасы ғой. Қандай кегі, нендей өші барын қайдан
білейін, үстіңізден үйезге түскен арызды Бəкен жазып беріпті. Жекжаттары
ма, туыстары ма, əлдекім үйезде үлкен қызметкер көрінеді. Соны
арқаланып, бəлкім, ақылдасып істеген əрекеттері шығар. Соны білген соң,
Бəкенге бармаймын ба? «Мұның не?» – деймін ғой баяғы. «Қатынын менен
қызғанып, қайнағамның тойын сол үшін бұзды», – деді беті бүлк етпей.
Олай емесін басқа білмесе де, мен білем ғой. «Оттама!» дедім.– «Ондай
өтірігіңді менен басқаға айт!» Бетпақ екен. «Сен Жібекпен танысуға
келгенде, əйелінің қасында тұрғанымды көрген. Өңі бұзылып, сонда-ақ
сойқан шығармақ болған», – деді.
Мұртының шеті жыбыр етіп, Тазабек шытына жымиды.
– Шебер екен. Сыртқа шыққанда Шəйіге қол жүгірткені рас. Денесі дəу
болғанмен, күйеуіңнің қимылы мəз емес шығар дегендей бірдеме айтыпты.
Шəйі де шағып алса керек. «Онда қатыныңды бір түн қойнына сап көр», –
депті.
– Ойбай-ай, өлтірген екен ғой?! Болды, түсіндім. Оның нағашы жұрты
туралы ауылдастары: «Ауылы – Тұйық, əкесі – Тұнық, баласы сұйық,
жүрмеңдер жуық, бойыңа қалар бірдемесі жұғып», – деп əжуалайды екен.
Қапез бұлар кеткен соң Жетісу облысында ұлт мəселесін басқаратын
Ораз Жандосовпен танысыпты. Қияқ мұрт, нағыз қырмызы жігіт дейді.
Келген жерінен ə дегенде: «Ауылдарыңда ақын, əнші-күйші бар ма?» – деп
сұрайтын көрінеді. Біреулер. «Бар», – деп, Қапезді айтса керек. Шақыртып
алып, бес күн бойы елді бірге аралапты. Əнді үндемей, əлденені ойлап
отырған адамша, айналасындағы елді ұмытып кеткендей тыңдайды екен.
Шалтабайдың əні мен өзінің «Дүние-айын» қайта-қайта айтқызыпты.
«Бұрынғы қазақ батыр да ақылды. Бізде бірі бар болса, бірі жоқ», – деп,
өзін де, өзгелерді де қомсынып отырыпты. «Бізге қуат беретін ата-бабаның
тарихы ғой. Тазабек, Саурық, Шалтабайлар өлетін жерін білмеді дейсің бе?
Өлсек өлейік деп тəуекелге мінген, бірақ «қанатынан қайрылып, жарға
қонған жандар ғой», – депті. «Ой, о кісінің əңгімесін айтып тауыса
алмаймын. Қалың орманның ішінде оқшау тұрған бір бəйтерек!» – деп
сүйсінді. Өзі көрмесе де, Қапездің сөзіне қарап, Тазабек те Оразды ойша
бағалады. Кім біледі, қазаққа құдай керек кезінде бір бағланды берген
шығар?!
Ораз Пішəн жайында көп əңгіме айтыпты. Көксу-Қараталды аралап,
онымен де біраз күн бірге болыпты. «Əндері əдемі екен. Көре алмасы да
көп екен. Əкесі бай, өзі болыс болған, алдынан адам қия өтпеген сері екен.
«Жауыз көп шығар, байқап жүр» деп ақылымды айттым», – депті.
Қарқараға келгенде Қаратайды тыңдапты.
«Көңіліңе келмесін, Қапез, мына шəкіртің сені шаң қаптырады.
Тəрбиесін сен берсең, дауысын Құдай берген екен», – депті. Алматыға
жібер, бұл баланы оқытайық, өйтпесек, обал болады. Өнерді білім
демемесе, өшеді», – депті.
Ораздың əр сөзі Тазабектің де көкейінде жүрген сөз секілді.
– Сөйте тұрып, Пішəнді неге атқызыпты?
– Ораз ол кезде қызметі өрлеп, Тəшкенге кеткен. Пішəннің əйелі Оразға
барып, атылмасын деген қағазды алып келгенше мұндағылар атып
үлгеріпті. Əдейі асықты ма, жазу солай ма, – бір құдай білмесе, басқа
ешкім білмейді.
– Апырм-ай, қолы қалтырамай қалай атты екен, бəтшағарлар?! Бұл əдет
өрши берсе, əлі талайдан айрылармыз.
– Білім аз жерді бəле-жала иектейді, оқу керек, оқыту керек, Тəке.
«Білімді адам білімді адамды тез түсінеді», – дейді Ораз. – «Біз ел болу
үшін, əуелі білімді болуымыз керек. Білімді адамдар əбден көбейсе, өз
елімізді өзіміз басқарамыз». Патша өкіметі бізді білімсіз етіп ұстады,
өйткені қараңғы елді басқару оңай деп ойлады, ол айтқаныңа көне береді.
Ал білімді адам тек көзі жеткеніне ғана сенеді.
Бір ай оқығанда, Тазабектің бір таныған тағы бір қазағы Ахмет
Байтұрсынұлы болды. Сөзді дұрыс жазуды еміле дейді екен, о кісінің
айтуынша еміле тілдің табиғатына қарай түзілуі тиіс екен де, ал тілді
зорлап емілеге бағындыруға болмайды екен. Қырғыз, өзбек, түрікмен,
татар, башқұрт, ноғай – бəрінің тілі түрік болса, солардың ішінде ең түзу
түрік тілі қазақта көрінеді. «Итің жаман», – десе, намыстанатын қазақ мұны
естігенде қалай мақтанбасын? Арап əрпімен жазылатын төте жазуды бүкіл
түрік халқына таратқан да сол кісі екен.
Оқулары аяқталған соң, Табай екі ат алып келіп, Қапезді Китіңге əкетті.
Бір апта жүріп, Қапез Китіңді де, Кітəпбектің ауылы Іргетау мен көрші
жалайырлардың Аралтөбесін асып, Жұматай отырған Шыңғыс сайды
аралап қайтты. Төрінде отырып Пішəннің «Дүние шіркінін» шырқап қоя
бергенде, Жұматай шыр ете қалды: «Айналайын Қапезжан, айнала ағайын
отыр дегенмен, ағайынның да аласы мен құласы бар. Құлағы шалса, арыз
жазып жіберетін көре алмастары да бар. Айтпашы Пішəннің əнін!» – деді
жалынып. Қапез күңк етті. «Адаммен бірге əн өлмейді ғой», – деп қайтып
үндемеді, əн де айтпады. Тек Китіңге қайта оралғанда ғана: «Жұртта бір
үрей бар. Сол үрей маған да кіре бастаған секілді», – деді. – Осы күнімізге
зар боп жүрмес пе екенбіз?»
Ол сөзден Тазабек тіксінгенмен жауап тауып айта алмады. Бірақ
Қапездің əлдебір ауыр ойдан арыла алмай жүрген адамша қайта-қайта
күрсініп, қайта-қайта ойланып қалып жүргенін байқады. «Байқа! – деді
кетерінде бұған. – Қазақ бауырмал халық қой. Алайда іштарлығы жоқ дей
алмаймын».
***
Бала оқытудың осыншама қуаныш екенін Тазабек болжай алмапты. Бір
əріпті үйренгеніне соншалық қуанған баланы көргенде, төбесі көкке
жеткендей көңілі көтерілді. Бірер айда барлық əріпті үйреніп бітті. Сөз
құрап үйрену балаларды дүниенің кілтін ұстағандай қуантты. Баланы
түсіну үшін, бала бола білу қажет екен. Қандай ғажап жаратылыс?!
Қалыптасып келе жатқан қым-қиғаш мінезді байқайсың. Өршіп кетуі
мүмкін өрескелдікті де көресің. Қорқасың, қуанасың, сүйсінесің – бəрін
бастан кешесің, бəріне бал ашасың. Еліңді есейту үшін бар білгеніңді
балаға үйрету керек екен. Бала күнінде əділдік пен адалдық көрмеген адам
кейін оны қайдан үйренеді? Үйренсе жақсы, үйренбесе əлдекімнің
ықпалымен ығып кетпес пе?
Бала оқытады екен дегенді естіп, жақын маңайдан балаларын əкеле
бастағандар көбейді. Оған Тазабек қабақ шытпады. Қайта өте қажет іс
атқарып жатқанына өзі сенді.
«Басқасын қайдам, бұл өкіметтің ең дұрыс ісі – оқы дегені. Баланы ғана
емес, бүкіл қазақты оқыту керек», – деген Қапездің құлшынысын күн өткен
сайын терең түсіне бастағандай. Балалардың оқып-білгеніне қызыққан
Шəйі өзі де солармен бірге оқып-үйрене бастады.
«Тəйкен, – деді бір күні Шəйі еркелей сүйсініп, – саған тағы бір оқушы
келем деп талпынып жатыр ғой».
«Жүз оқушы əкелсең де көп демеймін, Шəйкентай. Аз боп əркімге
алаңдағанша, көп боп əркімді алаңдатып жүрмейміз бе?»
Өмір өз арнасына түсіп, тіршілігі түзеле бастағандай еді. Іштей шүкір
ететін 1923-жылдың жазында өмірге үшінші баласы келді. Оның атын елжұрт Кеңесбек деп қойды. Кеңес заманында туған соң, оған Тазабек
қарсы болмады.
Ағайыны тату, Кобзев бастаған көршілері сыйлас, малы бағулы – бір
берекелі шақ басына орнағандай еді. Бірақ үйірілген бұлттай басынан
кейбір ой кетпей қойды.
«Пішəнді ату кімге қажет? Өкіметке ме, оған өш əлдекімге ме? Əлде
екеуіне де ме?
***
Ел жайлаудан қайтып, əне-міне бала оқытуды қайтадан бастармын деп
отырғанда, Тазабектің ойына кенет бір шешім келе қалды. Дереу атына
мініп, Китің суын бойлап Табайлар отырған қораға қарай бет алды.
«Сен де кəртөшке ек, сəбіз сал. Орыстың жақсысын сен үйрен,
қазақтың жақсысын мен де үйрендім ғой», – деп Кобзев қоймай жүрген.
«Жауын көп, суғармаса да болады», – деген. «Суғара алсақ, тіпті жақсы
емес пе?» – деп түйді Тазабек.
Ақыры арық тартуға болатын қылтаны тапты. Қарасай деп аталатын
сайдан екпіндеп жазыққа шыққан су дəу сопақ тастың түбінен кілт солға
бұрылып кетеді. Бəрі жабылып сол дəу жартасты жарты адым жерге
қозғалтса, су өз екпінімен жағаға шыға жөнелейін деп тұр. Кобзевтің өзін,
оның екі баласын, бəрін атқа мінгізіп, сол түйежартастың жанына алып
келді де:
– Ал, қараңдаршы. Менің не ойлағанымды табыңдаршы, – деді.
– Ұқтым, – деді Кобзев көзі күлім қағып. – Сен бүйтпесең, Тазабек
боламысың?! Балалар, көрдіңдер ме, мына жартасты ары жылжытып, мына
арадан Тазабек арық тартпақ. Қалай, шамамыз жете ме?
– Жетеді, папа!
– Жетеді, – десті бəрі.
– Ендеше, көктем шығысымен қолға аламыз. Ол арықты Тəйкен тоған
деп атаймыз.
...Көктемде жер жібіп жатқан қолайлы шақта он екі адам бір айға
жетпей бір жарым шақырым жерге терең тоған тартып бітті. Енді тек дəу
жартасты жылжыту ғана қалды. Кітəпбектен екі түйе сұрап əкеліп,
арқанмен жартасты шалып байлады да, Тазабек өзі жартастың жан-жағын
тізеден төмен қазып шықты. Сонан соң Кобзевке қос түйені бір сəтте айда
деп бұйырды. Кобзев те қарап тұрмай:
– Ал жабылайық! – деді жартасқа лап беріп.
Бақырып екі түйе тартқанда, жартастың түбі бір солқ етті. Жанжағындағы топырақ қопарылып барып қайта орнына түсті.
– Енді кетеді, кəнеки бір кезде итеріңдер! – деді Тазабек жартасты
иығымен ышқына итеріп.
Сопақ түйетас жантая беріп су арнасына көлденеңінен сұлап түсті.
Жартасқа соғылған су əп-сəтте көтеріліп, жағаға қарай жылжи жөнелді.
Кобзев бала-шағасымен қуана шулап жағаға лықсыған суды кетпенмен
жетектеп арыққа қарай алып жүрді. Арыққа су лап құйылғанда, қарап
тұрған бəрі алақайлап секірісті.
– Тереңдетейік! Су көбейсін! – деп, Кобзев судың көмейіне кетпенін
қарш еткізді. Бет-аузына, үсті-басына шашыраған суға шашала күлді.
Өстіп Тəйкен тоған 1924-жылы өмірге келді. Осыдан бастап оны осы
араның қазағы ғана емес, орысы да Тазабекті Бас мұрап деп мадақтайтын
болды.
Кəртөшке егем деген орыс-қазаққа суғармалы жерді Кобзев бөліп бере
бастады. Қазақтан тек Табай мен Тазабек қана жер алды. Қалған қазаққа:
«Келесі жылы көрерміз», – деп, сырғи жауап қатты.
Кобзевтен тұқым алып, Тазабек пен Табай біраз жерге картоп екті.
– Олар не істесе, біз де соны істейік. Үйренбейтін несі бар? – деп, Табай
егінші болғанына қуаныш білдірді.
***
Тазабек əлденеден оянып кетті. Шəйі қасында бір жамбастап жатыр
екен. Не біреу, не бірнəрсе оятпаса адам бекерден-бекер ояна ма? Біраз
ойланып жатып еді, кенет көз алдына қарағай орман елестей қалды. Талай
жыл арасында жылқы баққан қарағайдың шайыр иісі көкірегін қапқандай
болды. Бірге өскен бауырындай болып кеткен қарағай шіркінді қатты
сағынған екен-ау?!
Тау
бөктерлеген
қарағай
орманға
аралас
орман
еш
ұқсамайды. Араластың аты – аралас. Сыбдыры да, сықыры да, шуылы да
бір басқа. Қарағай орман қатты жел соқса шайқала теңселіп, төбеңнен
аспан құлап келе жатқандай қорқынышты үн шығарады. Сынып кетердей
сыздап сықырлап, мың сан қарағайдың сұрапыл гуілінен қара жер қақ
айырылып бара жатқандай сезіледі. Əрбір қарағайдың үні өзге қарағай
дінімен бірдей. Бəрі қосылғанда жер-көкті төңкеріп жібере
жаздайды.Ондай құдірет өзге орманда жоқ. Қарағай жарықтық
майыспайды, қисаймайды, еңкеймейді, йілмейді – тек теңселеді. Тік бойлап
өседі, тік тұрып өледі. Оның өміріне ешбір ағаштың өмірі ұқсамайды.
Шіркін-ай, бүгін барып Орта Қарағайды бір аралап қайтар ма еді?
Жалаңаштың, Екі Ашаның қарағайы қандай еді?! Етегінде тұрып
жел шайқаған сарынын зəрең ұшып тыңдар ма еді? Кілең қарағай өскен
таза орманды көрмей-білмей-ақ көп жұрт бұл дүниеден өтіп жатыр-ау!
Көрмеген соң олар ондай орманды сағынбайды да ғой.
Тар үй тынысын тарылтып бара жатқандай болды. Ақырын түрегеп,
шапанын желбегей жамылды. Шəйі оянып кетті.
– Тəйкен! Жай ма?
– Жəй. Түзге шығып келейін.
Сыртқа шығып та қарағайды ұмыта алмады. Қарағай орманның ішінде
жүрсе де, қазақтың қарағайдай бола алмайтынына тағы кейіді. Ана жақта
Қапез, мына жақта Кітəпбек, атылып кеткен Пішəн – бəрі жеке-жеке бір
қарағай, анда бірі, мында бірі, теңселіп тұра қалатын тұтастығы жоқ,
андыз-андыз. Қылқанды орманның күркіреген қаһарын да, жапырақты
орманның жапа-тармағай шуылын да жел тудырады. «Замана – соққан жел»
дейді қазақ. Бастан кешпесе, тасқа басқандай қылып қалай айтады?
Бабасына қонған бақ, заманын айналып келіп, баласына неге қонбасын?
Қасқайған қарағайдай қайсар қазақ ел тізгінін өз қолына тағы қайта алар
ма екен, алмас па екен?
Кенет көзіне қысқы қарағай елестеді. Найзадай басына тұрақтай
алмаған қар қарағайдың етек жағына жабысады. «Қара жердің өлгені – қар
астында қалғаны» деген бар. Ол өлгенге жата ма, бүркеніп демалғаны да.
Қарлы далада атынан жығылып жатқан жалғыз орыс оқыс есіне түсті. Неге
жалғыз? Əкесі Тазабектің қолынан қаза тапқанын сол орыс білді ме екен?
Білсе, атқа өңгеріп əкеле жатқан жолда бір сездірер еді ғой? Жоқ, əлде ол
мұны аңдып жүріп өзі арандады ма екен...
Түһ, кісінің ойына қай-қайдағы түседі екен-ау!
** *
Жетіге толып қалған Оралбек тым ерке. Оны ешкім бетінен қақпайды.
Шəйінің жүрек түкпірінде бір ғана түйткіл бар: ана бəлеге тартып кетпесе
екен деп үрейленеді. Алайда менің аналық мейірімім мен Тəйкеннің əкелік
ықыласы оны жақсылыққа жетелейтін шығар деп үміттенеді. Оралбектің
əлдене сұрағалы келе жатқанын Шəйі оның жыпылықтаған көзінен
аңғарды.
– О не, балам? Бірдеме есіңе түсті ме?
– Иə, апа. Менің əкем батыр ма?
– Иə, батыр.
– Ақылды ма?
– Ақылды.
– Мен қашан сондай болам?
– Үлкейгенде.
– Қашан үлкейем?
– Əкеңді тыңдасаң, соған ұқсасаң, мені ренжітпесең, тез-ақ үлкейіп
кетесің.
– Менің тез үлкейгім келеді.
– Келші, төбе шашыңнан бір йіскеп қойсам, тез үлкейе бастайсың.
***
Ел жайлауға енді шығайын деп жатқан кез болатын. Кеңесбек еңбектеп
келіп Тазабектің тізесіне сүйеніп тұра бастады. Тазабек көтеріп алып
мұрнынан иіскеді.
– Шəйкен, мені жақсы көресің бе, Кеңесбекті ме?
– Сен болмасаң, Кеңесбек қайдан пайда болады?
– Бұлтармай айтшы!
– Сені жақсы көрем.
– Соған сене алмай тұрмын. Мен өліп қалсам, басқа күйеуге тиіп
кетесің, ал Кеңесбекті басқа балаға айырбастамайсың ғой?
– Айырбастамаймын, əрине.
– Ал мені айырбастайсың.
– Жоқ, айырбастамаймын. Сен өйткені бүкіл өмірімнің бір ғана өзегісің.
Өзегі жоқ ағаш өсіп-өне ме, өзің ойлашы?
– Олай ойласаң, мен дұрыс үйленген екем.
– Қызықсың, Тəйкен. Қай-қайдағыны айтқаның не? Немене, түс көрдің
бе?
– Түс емес, ой ғой, Шəйкен, ой.
– Ондай арам ойды ойлама. Соншама сергелдең күндерден аман
өткенде, енді не болса соны ойлағаның не?
– Сені жақсы көрем ғой. Сонан соң ойлаймын.
Мұндай əңгімені неге қозғағанын Тазабек өзі де білмеді. Сірə, Шəйіні
сөйлеткісі келген болар.
Тазабек атына енді міне бергенде, қасына Оралбек жүгіріп келді.
– Əке, мен де барайыншы!
Тазабек тез жауап бере алмады. Жаңа көріп тұрғандай, қолындағы
қамшысын ары аударды, бері аударды. Бір ой сап ете қалып, баласын сынап
көргісі келді.
– Екеуміз бірдей кетіп қалсақ, Гүлсəн мен Кеңесбекке шешеңнің бір өзі
қарай ала ма? Қараса да, шаршап қалатын шығар? Əлде кете берейік пе?
– Жарайды, бұл жолы қала тұрайын.
– Сөйте ғой. Өй, өзіме тартқан ақылды күшігім!
Оралбектің бұл қылығына Тазабек дəн риза болды: ойын екі айтқызбай
ұға қойды. Ана бəлеге тартып кете ме деген құпия күдігін оның осындай
қылығы үнемі жуып-шайып кетеді. Ұғымтал, ұқыпты болатын сыяқты.
Шəйінің қаны, мұның мейірі зая кетпейтін шығар.
Қазақта «іштен шыққан шұбар жылан» деген сөз бар. Жұрт қанша
жамандаса да, өз балаң өзіңе бəрібір ыстық көрінеді. Содан болар, Тəйкен
тоғанның басына күнде бір рет барып қайтпаса, ішкен асы бойына
сіңбейтінге айналды. Арықпен судың зырқырап аққанының өзі қандай
əдемі! Бір жарым шақырым жер өзеннен бөлініп ағып барып қайтадан
өзенге келіп құяды. Бекер ақпай, елге береке сыйлайды. Орыс пен қазақтың
басын қосқан арық.
...Тазабек өзенге көлденеңінен сұлап жатқан сопақ тасқа ұзақ қарап
тұрды. Қаншама жыл суға төсін тосып бекер тұрды екен? Енді оны арыққа
бұрып, қызмет жасап жатыр. Өз орнын тапты. Атынан түсіп, мұздай суға
бетін жуды. Өне бойы лап тітіркенді. Орнынан түрегеп атына қарай жүре
бергенде, қарсы алдында мылтығын кезеніп тұрған таныс орысты көрді.
Айдалада аяғы сынып жатқанда атқа өңгеріп үйіне апарған орысы.
Қамшысын ыңғайлап, орысқа қарай ышқына ұмтылды. Кеудесін қапқан
ыстық от жарқ етіп жанарынан төгіліп кетті. Үңірейген қараңғы тұңғиық
зымырата жұтып бара жатты. Тұңғиыққа зымырап сүңгіп бара жатқан
сəулені шыбын жаны шырқырап қуып бара жатты. Сонан соң бəрі лып
сөнді.
ТҮЙІН
Шешесі Шəйіге: «Жайлауға елдің алды шығып, арты жаңа шыққалы
жатқанда туғансың», – дейтін. Сексен бес жасын балалары сол жобамен
жасап жатыр. Көкталдың «Белжайлау» дейтін мейрамханасы қонақтарға
лық толы. Асабаның даусы таудан құлаған тасқындай бір толастар емес:
мақтайды, мадақтайды, əйтеуір, еседі, көңілдендіргісі келеді. Шəйінің жүзі
күлгенмен, көңілі көтерілер емес. Көз алды толған елес, ойы ойран-асыр.
Қаншама талпынса да, он алтыншы жылғыдан арыны ойына түсіре
алмады: дəл он алтыншы жылы туып, сол жылы туа сап есін біліп кеткен
адамдай. Ар жағында өмірі жоқ секілді. Бар ғой, бірақ соның бəрін сұм
кезең жойып, жұтып қойған тəрізді.
«Бақытты ана, бақытты əже» дейді асаба. Шынында бақытты ма Шəйі?
Бақытты болар еді, қасында таудай боп Тəйкені отырса. Жасы жетіп жер
қойнына кірген Табай мен Жүзікті, олардан арғы-бергіні айтпағанда, екі
бірдей ұлы Оралбегі мен Кеңесбегі, Ағынтай бауырынан қалған жалғыз
тұяқ Сəмені, оның соңынан ерген Əбен, Жақсыбала мен Тəуірбек осында
отырса. Жанын түсінетін, жағдайын білетін Жəмеш пен Жомарт та жоқ.
Əнімен жер-көкті еркелеткен Қапез де, менің болашағым деп ол бағалаған
Қаратай да жоқ. Өңкей жоқ. Өңкей жақтың жоқтаушысы қалай бақытты
болады? Тірі отырған соң, көп жасаған соң, бəрі бақытты дей береді.
Шəйі, тегі, бүтін өмір сүріп көрмеген екен: ылғи жоғалту, айрылу. Əр
жақынын жоғалтқан сайын өз өмірінің де белгі бір түйірін сонымен бірге
жоғалтып отырыпты. Айрылмаған адамы қалмапты.
Кенет асаба саңқ етті:
– Қиын кезде де, қуанышты кезде де қасында болған қамқоршысы Қали
ағаға сөз береміз!
Шүкір, бұл бар екен ғой!
– Шəйі жеңге! Анамдай болған асыл жеңгем, екеуміз не көрмедік?
Кімдерді білмедік, кімдерден айрылмадық?! Құдай бұйыртса, осы күзде
мен сексенге келем. Арамыз бес-ақ жас болғанмен, мен сен көргеннің көбін
көрмедім. Он алтыншы жылдың ойранын бастан-аяқ сен көрдің: азабын да,
ажалын да. Əке-шешеңді, туған бауырың мен оның бала-шағасын орыстар
үй-мүлкімен тірідей өртеп жіберді. Тазабек ағаны тағы атып өлтірді. Соның
бəрі аздай, кешегі соғыста екі ұлың Оралбек мен Кеңесбектен бірдей
айрылдың. Соның... соның...
Көзі жасқа тығылып, шолақ қолының тұқыл иығын қайтақайта сыйпалап, Қали сөйлей алмай қалды. Шəйі де көзінен парлап
отырған жасты орамалымен сүртті.
– Мен өзім ес білгелі Тазабек аға мен дəл сіздей адам баласын
кездестірген емеспін. Тазабек ағаны өлтіріп кеткеннен кейін сіз бірде-бір
жағдайыңызды менімен ақылдаспай шешкен емессіз. Мен де бірде-бір
ісімді сізбен ақылдаспай шешкен емеспін. Балаңыздан, бауырыңыздан кем
көрмедіңіз. Ал, шындап келгенде, менің сізге түк те туыстығым жоқ.
Арқадан əлдебір себеппен ауып келген қазақтың ұрпағымын. Бағып жүрген
қозымды жамыратып алғаным үшін байдың баласы қамшының астына
алып сабап жатқанда, Тазабек аға ара түсіп құтқарып қалған. Бай əкешешемді қуып жіберген соң, Тазабек ағаны Тоғызбұлаққа іздеп кеп
паналадық. Содан туыспыз, əлі туыспыз. Осында менің іні-қарындастарым
түгел отыр, бəрі үйлі-баранды. Бəрі сізді əже дейді. Сіз бəріне жай əже
емес, алтын əжесіз. Кобзев деген орыс болды. Тазабек ағаның досы еді.
Кейін Аралтөбе, Қоғалы жаққа көшіп кетіп еді, араласа алмай, көз жазып
қалдық. Мені қазақ болған соң, жақын тартқан шығарсыз. Сол орыстың
отбасымен сіз қалай сыйластыңыз. Ол сізді қалай жақсы көрді! Оны
көрмеген мына жастар тұрмақ, бəрін көрген мына мен түсіне алмаймын.
Сіздің сиқырыңыз бар ма, əлде Кобзевтің адам біле бермейтін бір құпиясы
бар ма, түсінбеймін. Балалар! Адам адам боп жаратылған соң дəл осы Шəйі
əжелеріңдей болуы керек. Бұл кісі жай кісі емес, бүкіл заманның жаман-
жақсысын бойына сіңірген алып бəйтерек. Жүз жасасын жеңгем!
Шəйі оның бір сөзінен де жалғандық таппады. Оның сөзбен қамти
алмағанын бұл оймен қамтып отыр. Өзі де, сөзі де алтын бауыры! Өзі бірге
тумаса да, бабасы бабасымен бірге туған бауырласы...
...«Кəусен» дегенді естіп, Шəйі жалт қарады. Оймен отырып байқамай
қалыпты, той аяқталуға тақап қалған екен. Шөбересі Кəусенге сөз тиіпті.
Өзіне ұқсаған өте сүйкімдісі. Азан шақырып қойған аты Кəусəр еді. Шəйі
еркелетіп Кəусен, Кəусентай дейтін. Содан бері Кəусен деп кетті. Солай
атаған өзіне де ұнайды.
– Əжетай! Мен сені қалай жақсы көретінімді сөзбен айтып жеткізе
алмаймын. Музыкашымын ғой, күй тартып көңілімді білдірейін.
– Құлыным! – деді Шəйі көз жасына құмығып. – Сен тартқан күйден
артық маған қандай сый, қандай сөз қымбат болсын?!
Той бітті, жұрт тарқады. Ой біткен жоқ бірақ, шер де тарқамады.
Қаумалаған немерелер мен шөберелер де кеудесін басқан көп ойды біржола
ыдырата алмады. Сəл сейілгендей болады да, кешікпей кеудесін қайта
тырналайды.
– Əже, мен де Алматыма қайтам, – деді шөбересі Кəусен келіп. – Ертең
оқуға үлгеруім керек.
– Жолың болсын, құлыным!
Шөбересін құшағына қысып, маңдайынан иіскеді. Оралбегінен қалған
жалғыз ұлдың жалғасы. Үш ұлдың ортасындағы жалғыз гүл. Бақытты
заманның баласы!
***
Өткен өмір қайта жазуға болатын кiтап емес: өттi, бiттi. Қатесін де, қате
емесін де түзете алмайсың. Өзіңе, өзгеге ұнай ма, ұнамай ма – бəрібір.
Білмейтіндерге бұрмалап, əдемілеп айтуға болар, бірақ өзіңді өзің алдай
алмайсың. Əрбір адам өз өмірін өзі зерттеу арқылы адам болады. Онда да
дұрыс шешім шығара алса. Іштарлық, кекшілдік, атаққұмарлық,
кеңпейілділік,
көргендік,
адамгершілік
сияқты
мінез-құлықтың
қалыптасуы, сірə, сол шешімге байланысты болар. Алайда, қалай шешсең
де, бəрі өтеді, кетеді, бітеді. Шəйінің де өмірі бітуге таяған шығар. Оның
басынан не өтпеді? Жиырма төрт жасында жесір қалды. Үш баланың
кенжесі Кеңесбек емшекте болатын. Тазабек өлгенде Шəйінің де өмірі
біткен тəрізді еді. Бірақ бітпепті. Əлі жалғасып келеді. Көрсін, бағаласын
деп Құдай да ғұмыр берген шығар, Тазабек те тілеген болар. «Уақыт бəрін
емдейді», – деп жұбатады жұрт. Ол ем, ойлап қараса, ұмыту екен. Алайда
ұмыту үлгі емес, ұмытпау үлгі ғой. Ата-бабасын ұмытқан адамды ұрпағы
да ұмытады емес пе? Бұл өліп кетсе, Тəйкеннің шырғалаң өмірін ұрпағына
кім айтады? Ештемені естімеген ұрпақ қалай есті болады?
«Осы Көпзіп арғы тегі айырықша адам-ау» деуші еді Тəйкен. Сонысы
рас-ау, сірə?! Тəйкен өлген соң қазақтың бəрі қайғырудан басқа қам
жасамады.Тек Көпзіп: «Мұны істеген – Сергейчук. Мен оны өз қолыммен
атып келем», – деп үлкен ұлын ертіп Жалаңашқа аттанған.Біраз күн жүріп,
«Сергейчук екі ай бұрын өліпті. Сірə, соның өлер алдындағы аманатын бір
туысы орындаған сияқты», – деп қайтып келді ұнжырғасы түсіп. Қызғылт
бір ұзын тасты тауып əкелді де, соны жарты ай бойы қашап, бас жағын
жұмырлады да, Тазабектің басына белгі қойды.
Бала деп жүрген адамыңның дана боп шыққаны қандай керемет!
Тазабектің жылын берген соң ел-жұртпен ақылдасып, алдына Кітəпбек
келді. Бұл өңірдің жөн білетін, сөз білетін көсемі емес пе, өмірдің ұңғылшұңғылын тарата келіп, Шəйінің ендігі тағдырына тоқталды. «Жасың
жиырма бесте. Келіншектің кемел шағы. Суғарылмаған егіндей солып
кеткенің бізге де, өзіңе де абырой емес. Құдай əйелді қосақ болуға
жаратқан. Тазабектің орнын өле-өлгеніңше күзетсең де сені ешкім
күштемейді. Нəмеңгерлік жолмен Кенжеғараға тоқтаған едік, ол есті сөз
айтты: «Шəйі маған шешемдей болған кісі. Мені адам қылған – Тазабек аға
екеуі. О кісіні алғаным маған шешемді алғандай. Кімге тигісі келсе, өзі
таңдасын. Жер бетінде тірі жүрсем, шешеме жасайтын жақсылықтың бəрін
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Əй, дүние-ай! - 16
  • Büleklär
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3923
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3950
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2127
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2152
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3957
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2173
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3925
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2061
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2080
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2223
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4025
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2146
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1688
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.