Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 13

Total number of words is 3934
Total number of unique words is 2137
36.4 of words are in the 2000 most common words
51.3 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бұлар дүркіреп далаға шыққанда, жаңа арашаға түскен қара сұр жігіт
ентіге қастарына жетті.
– Əй, жігіттер! – деді бұлардың қайтуға бет алғанын түсіне қойып. –
Мені Тұнық қарияның өзі жұмсады. Қазір өзі де келіп қалар. Үйге
кіріңдерші, əңгіме бар.
Енді кетсе, өкпелеп кеткендей көрінетінін біліп, Тазабек тосылып
қалды.
– Кірсек кірейік, – деді Қапез сол іркілісті сезе қойып.
Кітəпбек сүндетке отырып жатқан баланың нағашысы екен.
Мəн-жайды екі арада біраз біліп алған да секілді.
– Тазабек, сенде еш кінə жоқ, – деді тізесін алақанымен басып. – Сенің
орныңда болсам, мен де сөйтіп арашалар едім баланы. Біреуі саған қамшы
жұмсады, біреуі тап берді, кінə өздерінде. Егер сол арада тоқтай қоймаса
мен саған жақ боп төбелесер едім олармен.
Содан кейін Кітəпбек өзін таныстырып, Іленің арғы бетінен келгенін, ол
жақтағы ел-жұрттың жағдайын біраз əңгімеледі. Сол арада немересіне той
жасап жатқан қарт та келіп, балаларының əбестігі үшін кешірім сұрады.
– Күшті əлсізді зəбірлейді, бай кедейді зəбірлейді, күшті мен бай содан
лəззат алады, əлсіз бен кедейдің содан көңілі қалады. Оған тосқауыл
болатын білім бұл қазақта болмай тұр ғой, – деді Қапез өзіне өзі сөйлеген
адамша кейіп.
Қапездің сөзін əркім əрқилы оймен қуалап бір сəт бəрі жым-жырт
отырып қалды.
– Оның рас, – деді Кəтіпбек қабағын шыта үн қатып. – Сен оқыған
адамсың, Қапез. Оқыған адам оқымаған адамнан едəуір биік тұрады. Биікте
тұрған адам биіктегіні көреді. Таудың басында тұрған адамның көргенбілгенін таудың қасында тұрған адамда көріп-білмейді. Бірақ екеуі де: «Біз
тауда тұрамыз» деп көпіреді. Тіпті таудың қасында тұрған басында
тұрғанға жеңістік бермей де кетеді. «Көргенді көттеген жеңеді» дегенді
қазақ сірə, сондайға айтқан болар. «Білместің білмегенін кешірмесең,
білгендігің қайда?» демей ме қазақ. Ағаның əпербақан балалары бір
ағаттық жасап қалды. Қапез, Тазабек, сабаларыңа түсіңдер! Той – халықтың
несібесі, ортақ іске ортақ көңілмен қараңдар.
– Қапезжан, ат-шапан айыбымды өтермін, өнеріңді жұртқа аянбай
көрсетші! – деп, Тұнық қарт осымен сөз тəмəм болғанын аңғартып,
орнынан көтерілді.
***
Қапез кешкісін қанаттанып шырқады. Ертең басталатын той бүгін
басталғандай болды. Əуелгіде босағадан сығалаған жұрт сəлден соң
табалдырықтан аттады, біраздан кейін есікті де ашып тастады, оған да
қанағат етпей, ақырында іргені түріп тастап тыңдады. Жұрт алқалағанда
арқалы адамның адам танымастай түрленіп кететінін Тазабек өз көзімен
көрді: əн шырқаған кездегі Қапез күнде өзі көріп жүрген Қапез емес еді,
даусы да, мінезі мен түрі де – бəрі басқа, бəрі ғажап! Өзінің алдына
Қаратайды салып, Қапез жұртты бір таңғалдырса, артынан өзі шырқап екі
таңғалдырды.
«Қайран заман асау құлын секілді байланбаған», – дегенде, жұрттың
кешегі күнін көз алдына қайта елестетті. Бастығы дана болса, өзі де дана
болған, бастығы шала болса, өзі де шала болған момын қазақ елінің
өткенін, сірə, күрсіне еске алды. Бастығына қарап бас изеп өскен əдетін
күрсіне еске алды.
Қапез бір əннен кейін бір əнге басты.
«Мына заман қай заман, соқпа заман,
Бұдан басқа қызығың жоқ па, заман?
Бұдан басқа қызығың жоқ болса егер,
Күліп-ойнап алайық, тоқта, заман!» –
дегенде, күрсінбеген бір адам қалмады. Содан Шалтабайдың əнін
шырқап:
«Қазақтың аты шыққан сұңқары едім,
Қайрылып қанатымнан жарға қондым», – деп қайырғанда, санасы сансаққа жүгірген жұрт күлерін де білмей, жыларын да білмей қозғалақтады.
Қапездің даусы Тазабекке көкжиектен көкжиекке жетіп жатқандай көрінді.
Тұйық жайлауының жалпақ даласы, тау-тасыҚапездің үнін жұтына сіміріп
жатқандай сезілді. Шалқар дауыс елге шалқар қуаныш, сиқыр таңданыс
сыйлады. Құдай біледі, шыбын-шіркей де тырп етпей тыңдаған шығар. Əн
біткенде жұрт əлі есеңгірегендей болып есін біразға дейін жинай
алмағандай жым-жырт отырып қалды. Тұнық қарт орнынан тұрып кеп
Қапезді үнсіз құшақтады.
Сонан соң қарт айнала қарап оң қолын жоғары көтерді.
– Тапқан анасына, таптырған əкесіне рахмет! – деді даусы дірілдеп.
Жұрт жамырай шуласты. Кенет сол кезде есіктен бір егде əйел еңкейе
кірді. Жұрт дабыры тыйыла қалды.
– Мен жаңағы əнін айтқан батыр атамның немере келінімін! – деді
салмақпен. – Отағасы тірі болғанда ат мінгізетін еді. Мынау алтын
білезігімді қолымнан алып беріп тұрмын. Келін қолына тақсын!
Қапез білезікті алып, кемпірді қолынан сүйді. «Бойдақпын, білезікті
кімге берем?» демеді. «Алтын көрсе, періштенің жолдан тайғаны» осы
шығар деп топшылады Тазабек. Ол ойының ағаттығын ертесі бір-ақ
аңғарды.
Көк шалғынға текемет, кілем төсеп, сыйлы қонақтар сыртта отырған.
Сол кезде қымынған да жоқ, қысылған да жоқ, Бəкеннің жанында отырған
Жібекке келіп Қапез қолын ұсынды. Жібек көзі жыпылықтап елге бір,
Қапезге бір қарап қатты састы.
– Жібек, ұстатшы білегіңнен! – деді күле бұйырып. – Алтын білезік
сенікі.
– Не үшін? Қалың мал ма?
– Жоқ, Шалтабай атамыздың бізге берген батасы.
– О, бəрекелді? – деді бір қарт Қапездің қылығын хош көріп. – Сала ғой,
балам, қысылма!
Тойдың тарту-таралғысы да бір төбе болды. Қапез қос ат жетектеп,
Қаратай тай мінді, Тазабекке қарттың өзі құшақтап бұлғын ішік жапты.
«Балаларымды дұрыс сабағаның үшін», деді күліп. Естігендер кеңк-кеңк
күлісті. Қарттың қасында тұрған Кітəпбек бөліне шығып кеп Қаратайды
құшақтады.
– Мен мына Қаратай жиенім мен Қапезді, Тазабек дəу – үшеуін Іленің
арғы бетіне Белжайлауға елімнің атынан шақырам! – деді. – Келесіңдер
ғой?
Қапез Тазабекке қарады. Ол басын изеді.
– Барамыз.
– Күтеміз.
...Тойлы ауылдан ұзай бере Қапез Тазабекке бұрылып:
– Біз ат мініп қайтқанда сіздің жаяу қайтқаныңыз жараспас, бір атымды
сізге сыйладым, таңдағаныңызды алыңыз, – деді.
– Жоқ, мен де жаман сыйлық алғам жоқ. Тайым қашан ат болады деп
күтіп жүре ме, бір атыңды Қаратай мінсін. Екеуімізге Қаратайдың
қуанғанынан артық қуаныш бола ма?
Қапез атынан аударылып кете жаздап кеп Тазабекті құшақтай алды.
– Қаратай, Тазабектей ағамыз бар екеуіміз қандай бақыттымыз!
***
Тазабек үйден шығысымен-ақ Шəйі Кобзевтің үйіне тездетіп кіріп
алуды ұйғарды. Орыс көрген рахатты қазақ көрсе, күнə бола ма деп ойлады.
«Апа! – деді енесіне, – ана үйді тазалап келейін, кешке дейін соған көшіп
алайықшы!»
Келінін бетінен қағып көрмеген Қалиша бұл жолы да қыңқ демеді. Шəйі
Кобзевтің қарағайдықиып салған үйінің іші-сыртын су жылытып жуды.
Еденін, төбесін түгел сүртті. Қожабектен екі өгіз сұрап алып, түс ауа
Тоғызбұлақтағы үйін жықпай-ақ, ішіндегі көрпе-жастығын, киізі мен
кебежесін Кобзевтің үйіне артып əкелді.
– Қарғам-ау, осынша асығып не көрінді? – деді енесі таңданып.
– Балаңыз келгенде бізді Тоғызбұлақтан таба алмай қалсын, – деді
күліп.
Қожабекті шақырып Құран оқытты. Баптап шай, дəмдеп қуырдақ берді.
Түнде енесі мен Оралбек ішкі үйге, өзі ауызғы үйге жатты. Шəйіге ас
ішетін бөлменің жеке болғаны аса ұнады. Ыдыс-аяқтың, киім-кешек,
көрпе-жастықтан араласпағаны дұрыс екен деп түйді. Тазабек құптар ма
екен, келгенімді неге күтпедің деп ренжір ме екен? Жақсы көрем дегені рас
болса, жымың етер де қояр. Өтірік болса, осындайды пайдаланып қайқайдағыны айтар.Қаншама сенейін десе де түбегейлі сендірмей бір түйткіл
Шəйіні үнемі шырмайды да жүреді: орыстың қорлағаны анау, қалмақтың
зорлағаны анау, бəрін біле тұрып бір кейістік айтпайды; шыны ма,
шыдамдылығы ма? Бірақ аймалауында, құшып-сүйгенінде секем алып,
сезік салар бір салқындық жоқ: қалай еркелесе солай еркелетеді,
жұмағымсың дейді құлағына сыбырлап. Сол сəттің жұмақ екенін Шəйі де
мойындайды.
Шəйі өзінің соңғы кезде Жүзікке де сезікпен қарай бастағанын тітіркене
еске алды. Малды жайлауға шығарайық дегендері əншейін Табай екеуінің
ойлап тапқан сылтауы секілді. Табайдан бала тапқан соң Ағынтайды да,
онымен бірге өртенген балаларын да, ата-енесін де – бəрін ұмытатын
шығар? Малдың қамын ойлағансып, Байғабыл ағамен бірге жайлауға шыға
қалғаны ептеп бізден алыстағаны да. Сəменді де менен салқындатпақ па?
О, құдайым-ай, əлде осының бəрі менің əйелдік күмəнім бе?
Аунай бергенінде əлдене сырттан сырт еткендей болды. Лақтырған
тастан пыр-пыр ұшқан торғайдай ойлап жатқан күдігі быт-шыт бытырап
кетті. Əлдекімдер күбірлескендей көрінді. Біреу үйді айнала бірдеме іздеп
жүргендей. Ұшып түрегеп есікке барды. Тыңдап көріп еді, түк ести алмады.
Саңылаудан тыңдайын деп, ілгегін ақырын ашып, есікті сыртқа итерді.
Ашылмады. Əлдекім тіреп тұрғандай. Қатты жұлқып қалып еді, солқ етті
де, саңылау бермеді. Əлдекімнің сырттан бекітіп тастағанын сезді. Неге?
Не үшін? Жүгіріп енесі жатқан үйге кірді.
– О не? – деп, о кісі ояна кетті.
– Апа, бізді біреу сыртымыздан бекітіп кетті.
– Не дейт? Өртегелі жүрген шығар?
Солай екенін Шəйі түсінді. Өле ме? Өлмейтін не амал бар? Жүгіріп
барып терезеден қарады. Терезені сыртынан жабатын ағаш қақпақтың
темір ілгішінсыртқа итеріп еді, ол да қозғалмады. Бекітіп тастапты. Тірідей
өртеудің əдісін əбден білетін біреу болды.
Енесі мен Оралбекті табалдырықтың дəл түбіне жатқызды да, текеметке
екі шелек суды лақ еткізіп құйды. Сонан соң екеуінің үстіне жапты. Төргі
үйден түтіннің иісі мүңк етті. Оқтау есіне түсті. Əкеліп терезені ұрғылап
еді,əйнегін сындырғаннан өзгеге оның əлі келмеді.
Төргі үйден лап еткен қызыл жалынды көзі шалды. Кенет Тазабектің
мылтығы есіне түсті. От тисе, оғы мен дəрісі атылып кетеді ғой. Мана
тығып қойған жерден мылтық пен оқ-дəріні іздеп тауып алды, бірақ
түтіннен қақалып-шашалып, ауызғы үйге атып шықты. Кірген есігін
шығарда таба алмай жанталасты. От ауызғы үйге де жетті. Терезенің
тұсына тұра қалып, сыртқа қарай қосауызды басып-басып жіберді. Құлағы
бітіп, қақалып-шашалып, тіпті өз даусын да ести алмады. Сипалап жүріп
қосауызды тағы басты. Енді ортаңғы үйге мылтығын қалдырды да, қалған
оқ-дəріні дорбасымен ішкі үйге қарай өрт ішіне бар құлашымен лақтырып
жіберді. Басына суланған киіздің бір шетін бүркеп, бала мен енесінің
қасына ол да жата кетті. «Өлетініңді білген өлімнің өзінен де қорқынышты
екен-ау?!» – деді əлі ақыл-есі дұрыс екенін өзі соңғы рет сезіп жатып. Одан
кейін Оралбектің аяғы алақанына тиген сияқтанады. Түнектің ішіне түк
қарсылықсыз кетіп бара жатты.
Қас-қағым сəт пе, əлде одан көп пе, өзі де білмеді, бір кезде құлағы
адамның даусын естіді.О дүние деген осы шығар деді бұлдыр ойлап.
Əлдекім жұлқыды. Бəлкім, сілкіледі. Біреу бетіне су шашты.
– Тірі! Тірі! – деді бір еркек. Шəйіге ме, басқаға ма, – белгісіз.
Бұлдыр дүниенің арасынан былдырлаған орыстардың даусын естіді.
Өліп бара жатып та адам түс көреді екен-ау?!
***
Кегеннің тұсынан Қапез бен Қаратай жайлауға бұрылып, Тазабек
ауылына жалғыз кеткен. Үйіне кіріп келгенде, үрейден жүрегі ұшып кетті:
түк қоймай тонап, ине-жіп қалдырмай үптеп əкетіпті; шешесін, қатыны мен
баласын – бəрін қырып тастаса керек. Өзін өзі көтере алмай,Тазабек
тізерлеп отыра кетті. Миы, ақылы, сезімі – бəрі қасқыр шапқан қойдай бытшыт.
– Өй! – дегендей болды əлдекім. – Байғабылдың əйелі Бөбек екен.
– Өй, Тазабек, түрегел! Өзім де сен жаман ойлап қалады-ау деп жүгіріп
ем, бəрі аман, Жалаңаштағы орыс берген үйге көшіп алды. Саған бір тосын
сый жасайын депті келін.
– Шын ба, апа?
– Е, өтірік айтып маған не көрініпті.
– Түһ, апа-ай, бəрін орыстар қырып кеткен екен деп...
...Тазабек Жалаңашқа келгенде, күн əжептəуір еңкейіп қалған. Кобзевтің
күйген үйі Шəйінің əке-шешесі өртенген күйді көз алдына əкелді. Атынан
ауып түсе жаздады. Жарық дүние жалп етіп, жабылып қалды. Көзі
қарауытып кетті. Бəрін күтсе де, мынадай сұмдықты күтпеп еді. Кенет
құлағына Қожабектің даусы жетті. «Бəрі аман! Бəрі аман!» – дейді. «Қалай
аман? – деді күдіктеніп. – Үй түгел өртеніп кеткенде, олар қалай аман
қалады?»
– Бəрі біздің үйде. Жүр! – деп, Қожабек атын жетектей жөнелді.
...Қалиша бір іргеде, Шəйі екінші іргеде жатыр екен.
– Апа! – деп, Тазабек бас жағына тізерлеп отыра кетті.
Апасы ақырын көзін ашты. Ерні азар жыбырлады, үнін ести алмады.
Кірпігін қақты. Сірə, көрдім деп амандасқаны болар.
Шəйі басын көтеріп, боздап жылады. Оралбек бас салып, бауырына
кіріп кетті. Үшеуінің тірі екеніне анық көзі жетті.
***
Тазабек тағы дал болды: бұл орыс дегенің қандай халық? Бірі жауыз
Сергейчук секілді, осы өртті не жасаған, не жасаттырған сол; бірі қазақтан
өткен қамқоршы: егер көрші орыс мылтықтың даусын естіп тұра
жүгірмесе, шешесі де, əйелі мен баласы да – бəрі өрттің құшағында өлмек.
Есікті ашып, босағада талықсып жатқан үш пақырды далаға сүйреп
шығарып, ауыздарына су тамызып, тірілтіп алған орысты қалайша аузың
барып жамандарсың?». «Бiреу есiктiде, терезенi де сыртынан бекiтiп, үйдің
ішіндегілерді өртеп өлтірмек болғаны беп-белгілі», – деді мылтықтың
даусын естіп, далаға атып шыққан орыс. – Лап еткен жалынды көріп,
жартылай жалаңаш жүгіріп жеттім.
Артынан əйелі, баласы – бəрі ұмтылыпты. Босағада былқ-сылқ жатқан
үшеуін сүйреп шығарған солар екен. Тазабек оларға айрықша алғысын
айтты.
– Қызметіңе бір қой ал, оны азсынсаң, қалағаныңды сұрамай ал», – деді.
– Адамды аман сақтап қалудың өзі сый емес пе? – деді орыс күліп.
Басыңа күн туғанда ағайыннан артық қамқоршы жоқ екеніне Тазабектiң
көзi тағы жеттi. Көрпе-жастық, киім-кешек,төсек-орнынан жұрдай болған
Тазабек шешесі мен əйелін қалай үйге əкетерін білмей дал еді, жағдайын
естіген алыс-жуық жұрт үйге төсейтін текеметін де, жататын көрпе
жастықты да – бəрін жарты күнде жыйып əкеп бергенін көргенде əрі риза
болды, əрі таңғалды, бұл қазақ біліп болмайтын халық екен, бірде тасбауыр
жауың секілді, бірде бəрін бір сенен аямайтын бауырың секілді. О, ғажап,
дүние-ай! Үйі үй қалпына келіп тұрған соң, бала-шағасын арбаға салып,
Тоғызбұлаққа əкеліп алды.
– Бəріне мен кінəлімін. Бір шайтан айдады, – деді Шəйі жыламсырап. –
Сені бір таңғалдырайын деп ем, ақыры апамнан айрылып қала жаздадық.
Апасының жағдайы Тазабекті қатты алаңдатты: сап-сау жүрген адам
қазір күрк-күрк жөтеледі, сəл отырады да, басым ауырды деп жатып
қалады; Оралбекті жалықпай ойнатушы еді, енді оны да қойды. Сөйте
тұрып: «Шəйім мен Оралбегім аман болса болды, мен асарымды асап,
жасарымды жасадым ғой», – деп өз күйіне өзі шүкіршілік қылады.
Апамды сорпалатайын деген ойға келіп, Тазабек жайлаудағы Табайдан
мал əкелуге Əділбек ағасының Кенжеғарасын жұмсады əрі оларды болған
жағдайдан хабардар етуді ойлады.
Күн еңкейе бере Тазабек өгізге жүк артқан біреулердің ауыл шетіне
келіп қалғанын байқады. Бір қарады да, ауыл арасында қоныс жаңартып
жүрген біреулер шығар деген. Енді бір кезде əлгі өгізге жүк артқандардың
тап өзі үйіне қарай туралап келе жатқанын көрді. Еркекті бір жерден көрген
сияқтанады. Артынша өгіз жетектеген балаға көзі түсті де, тани кетті: той
күні қозыны жамыратып алғаны үшін таяқ жеген бала.
– Оу, жол болсын, аға! – деп алдарынан шықты.
– Əлей болсын, Тазабек інім. Таныдың ба бізді?
– Таныдым, аға, таныдым.
– Танысаң, сол. Ара түсетін ағайының бар ғой, кет! – деп, бізді қуып
жіберді. Барар жер, басар тауымыз жоқ, кім көрінгеннің таяғын жегенше,
өзіңнің таяғыңды жейік деп келдік. Сүйреп тастасаң да сенің босағаңда
өлейік дедік.
– Жарайды, əуелі үйге кіріңіз!
Əйелі мен алты-жетілердегі қыз бала: «Амансыз ба?» – деп амандасты.
Шүңірейген көздерін, кезерген еріндерін көріп, Тазабек пақырлардың
жай-күйін айтпай-ақ түсінді.
– Шəйкен, қонақтар келіп қалыпты, шай қоюға шамаң бар ма? – деді
күліп. – Əлде өзім-ақ қоя берейін бе?
– Аман қалғанымыз бəлкім, осы қонақтардың тілеуі шығар, өзім шай
қояйын.
Екі жақ жөн сұрасып, одан ары шүйіркелесіп кетті. Бұл келген кісінің
аты – Тəуірбек, əйелі – Айша, ұлы– Қали, қызы – Мəрия. Өзінің айтуына
қарағанда, Тəуірбектің арғы аталары бір заманда əлдебір себеппен Арқадан
ауып келген екен. Бұл арада бұларға бүйрегі бұратын адам жоқ деген оймен
Тұнықтың балалары басына берген көрінеді.
Қиюы келген нəрсе кейде ойлағаныңнан да асып кетеді екен. Тəуірбек
Тазабектің ең қыжалат жеріне қолқанат бола кетті. Мал бағу қолынан
келген қазақ мал бар жерде далада қалмайды ғой, Табайға табылмас серік
бола кетті. Жүзік пен Табай Қалишаны күтуге қалды да, Тəуірбек пен Айша
жайлауға шықты. Олар қысылған кезде құдайдың өзі берген сыйындай
болды.
***
Қоңыр күздің билігі жүріп тұрған кезде Қапез бен Жібек үйленетін
болып, Байғабыл тойға Кобзев тамырын бала-шағасымен тойға шақырамын
деді. «Табайды жұмсайық. Жолды біледі. Басқалар тауып бара алмас», –
деді Тазабекке. Оны Тазабек те құп көрген. Табай да барсам барайын деген.
Бұл сөз құлағына тиіп, күтпеген жерде Кенжеғара: «Табай жездемді əуре
ғып қайтеміз, өзім-ақ барып келейін. Мен де жолды білем ғой», – дегенді
айтты. «Сен əлі баласың ғой», – деуге Тазабектің аузы бармады. Бірақ
Байғабыл оны баласына ма, қомсына ма деп қорықты. Болған жəйтті айтып
көріп еді, Байғабыл қатты қуанып: «Əй, сенің осы інің адам болады.
Қылығы ірі. Барса, барып келсін», – деп келісті.
Тойға Кобзев кемпірін, екі ұлын ертіп, кəдімгі қазақы құда-жекжатша
үлкен бір өгізшесін жетектей келді. Екі-үш күн аунап-қунап, Тазабек пен
Қожабектің үйіне бір-бір қонып қайтты.
Той өткен соң-ақ Қалиша қайтадан төсек тартып жатып қалды. Қансөлсіз өңінен өлімнің елесі көрініп тұрғандай болып, Тазабек пен Шəйі
қатты шошыды. «Жаман айтпай, жақсы жоқ, дайындала берейік», – деді
Жүзік Шəйіні оңашалап.
О дүниеге шын беталған адам бұ дүниеде көп бөгелмейді екен, көп
ұзамай Қалиша дүние салды. Егер өрт ішінде қалмағанда, ол əлі жүре
тұрардай көрініп, Тазабек Сергейчукке тағы кектенді.
***
Қалишаның қырқы суық күзге тура келді. Ықтасынынан айырылған
арық қойдай Тазабек бүрісіп, бір түрлі босаңсып қалды. Күздің ызғары
денесін түршіктірсе, анасының қазасы жанын жүдетті. Біраз ақылы бар
сияқты еді, бəрі божырап быт-шыт боп кеткендей: орнықты ештеңені ойлай
алмайды, анамның шынымен-ақ өлгені ме деп, ойдан бұрын уайымға
салынып кетеді. Өзі білінбей, көрінбей жүріп, бəрін жарастырып жүретін
жан екен. Оралбек пен Шəйі де, Тазабек те – бəрі жеке-жеке төбеде бірбірімен қатынаса алмай қалған ағайын адамдар секілді. Араларын
жымдастырып тұрған нəзік жіпті жел үзіп тастаған тəрізді. «Оралжан!» деп
еркелететін əже, «Шəйкентай!» деп сыйлайтын ене, «Тəйкентай!» деп
мекіренетін ана енді біржола жоқ. Оған енді айта алмаған алғысыңды да,
кеш түсінген білместігіңді де – ештемеңді де айтып жеткізе алмайсың.
Үстіңде аспаның, астыңда жерің, ортасында ауаң – бəрі бар. Тек жер-көкте
сені ең жақсы көрген, сен үшін жанын қиюға да дайын анаң жоқ. Ешқашан
орны толмайтын, орнын ештеңе ауыстыра алмайтын, ешбір асыл мен
қымбатқа ұқсамайтын, ешнəрсемен салыстыруға, ауыстыруға болмайтын
құдірет! Түсінгені: анасы тіріде баланың бəрі, қанша жасқа келсе де,
бəрібір бала екен?!
***
Бір күні Тазабек ревкомға кіріп бара жатқанда, Сергейчук шығып келе
жатты. Қылғындырып, жағасынан ала кетті.
– Үйімді сен өртедiң, иттiң баласы! – дедi Сергейчуктің екі аяғын
ербеңдете жерден көтеріп алып. – Шешем содан өлді. Енді сені мен
өлтірем.
– Кімді кім өлтіретінін əлі көрерміз. Екі бауырымды сен өлтірдің.
Балаңды көрдім, тап менің кіші інімнен аумайды. Сенің əйеліңді сол
екіқабат қылған. Сен сол үшін өлтірдің оны.
Тап мұны Тазабек күтпеген еді. Орысты бар пəрменмен лақтырып
жіберді. Домалап кеткен оған бұрылып қараған да жоқ. «Бұл да мені аңдып
жүр екен ғой, иттің баласы!» – деді жерге бір түкіріп.
Сергейчук жайындағы ойларын айтып Қожабекпен ақылдасты. «О
немең сүйкімсіз екені рас. Ыс тиіп Қалиша мен Шəйі құлап жатқан соң,
бірден соған бала жүгірттім. Жалаңаштағы жалғыз пелшір сол ғой.
Таптырмады, қайда жүргенін үй іші де айтпады. Тұқым-тұяғымен қазақты
жек көреді. Бірақ ондай иттің қанын жүктегеннен не опа табасың? Жазасын
құдай берер», – деді о кісі ойын құптамай. Бірақ оның тірі жүргенін көріп
тынши алмасын тағы білді. «Оны көрмейтін жаққа көшіп кетуім керек
шығар», – деді өз ойынан өзі қобалжып. Басқа қандай амал бар?
***
Желтоқсанның орта шенінде Тазабек Жылысайдағы ағайындарын
аралады. Үш қонып, ауылына Əділбек ағасыныкінен аттанған. Қар
қалыңдау түскенмен, биылғы аяз бет шымырлатар ғана. Қасатқа ұрынып
қалмайын деп, Қулық тауының мойнағынан асқан соң, жота-жота мен
қырат-қыратты қуалап қана жүрген. Тау етегіне жете бергенде, əлдебір
ерттеулі аттың алысырақ сайда бос тұрғанын байқады. Ə дегеннен-ақ: «Əй,
тегін емес-ау!?» – деп күдіктенді. Екі арада екі жайдақтау сай бар.
«Мынандай қыста, мынандай айдалада бос ат бекерден-бекер жүре ме?!
Неде болса барып білуді ұйғарды.
Сайдың түбінде екі бүктеліп адам жатыр екен. «Əй!» деп еді,
қыбырлады. Басын көтерді. Екеуі де бір-бірін таныды. Сергейчуктің үлкен
інісінің баласы. Оң аяғының жіліншігі дəл тізесінің астынан сыныпты.
Пимасының қонышы əнтек қисайып жатқанынан-ақ байқады. Ол сірə сайға
түсе бере атының тізгінін тартқан. Ал езуін тартқан соң ат басын кекжең
еткізіп көтерген, сол сəт шауып келе жатқан ат алдындағы тасты көрмей
қалып, сүрініп құлаған. Мылтығы бес-алты қадам жерге ұшып кетіпті.
Тазабек мылтықтың дəл қасына келіп атынан түсті. Қосауызды қолына
алып, екі оғын шығарып қалтасына салды. Көз қиығымен бəрін байқады:
бұл мылтықты көтергенде, орыстың өңі құп-қу болып кетті. Оғын шығарып
алғанда ғана шыға жаздаған жаны қайта кірді.
– Қанша болды жатқаныңа?
– Көп болды.
– Пимаңды тіліп шешіп тастамасам, басқа амал жоқ.
– Мейлің.
Сынған жіліншегін шұлғауымен қалыңдап орап, оның сыртынан өз
белбеуімен байлап, бір ұшын таңып тастады.
Атын ұстап əкеп, орысты көтеріп алып еріне отырғызды. «Ердің
қасынан ұстап отыр», деді де, шылбырынан жетектеп алды.
Жалаңашқа екеуі қас қарая жетті. Əйелі, бала-шағасы у-шу боп қарсы
алды. Орысты аттан көтеріп алып, əйелі даярлаған төсегіне жатқызды да,
Тазабек қайрылмай шығып жүре берді. У-шу болғандар оның қалай кетіп
қалғанын байқамады да.
«Үйді өртеуге Сергейчук өзі келді ғой деймісің?Сөз жоқ, осыны
жұмсады!– деп ойлады Тазабек атына мініп жатып. – Адам ғой деп,
адалдық жасадым. Əркім өз күнəсін өзі көтерер».
***
Тазабектің əлдебір мазасыз күйде жүргенін сезгенмен, Шəйі сұрамады.
Өзі айтпаса, сұғанақтық жасағанды жаны сүймейді. Бірақ кейде бақылай
жүріп, айтпаған сырын да анықтап алады.
Жалаңашқа кеткен Тазабек келіп қалар ма екен деп, есіктен шыға бере
жолға қараған. Шана айдаған орыс əйелін көрді де, қайта үйге кіріп кетті.
Сықырлап кеп есіктің алдына шана тоқтады. Əкем деп қалды ма деген
Оралбек орнынан ұшып түрегелді.
– Отыр, суықта не бар? – деді оған жекіп.
– Сəлеметсіз! – деді əйел еркін қазақшалап.
– Сəлемет. Төрлетіңіз!
Келген – Сергейчуктің келіні. Қолында Тазабектің белбеуіне ораған дəу
бөлке.
–Мынаны балаң жесін, – деді бөлкені көрсетіп.
Шəйі бөлкеге емес, белбеуге қарады.
– Айдалада аттан жығылып аяғы сынып жатқанда күйеуімді сенің
күйеуің үйге алып келген. Сонда аяғын орапты.
– Отыр. Шəй қояйын.
– Рахмет. Асығыспын. Əлгі менің қайнымнан туған балаң мына бала
ма? – Ол Оралбекке қарады, Шəйі əйелге аңыра қарады. Бəрін анық-қанық
білетін адамша сөйлегені үнсіз мылтықпен атқандай əсер етті. Шатқаяқтап
барып керегеге сүйенді. Əйел жауап күтпестен шыға жөнелді. Бір сүйеніш
іздеген Шəйі керегені жағалап барып, жүкке арқасын тіреп отыра кетті.
Құпия деп жүргені жария боп шықты.
Үйге Тазабек жан-жағына жалтақтай кірді.
– Ана əйел жайша жүр ме?
– Белбеуіңді əкеп тастады.
– Бірдеме деді ме?
– Деді. Оралбекті менің қайнымның баласы деді.
– Кімнің аузына қақпақ боламыз, кетейік бұл арадан.
– Сөйтсек сөйтейікші.
Екеуіне қарап состиып тұрған Оралбекке Тазабек құшағын ашты.
– Құдайдың берген баласы, бері келші!
***
Жер жібіп, жазықта көк қылтиып, тау сағасында қар алашабдарланып,
көктем шіркіннің босағадан сығалап қалған кезі болатын. Екі кештің
арасында Тоғызбұлаққа Самсалы салт келді.
– Аға, сізді Секерин шақырып жатыр, – деді Тазабекке босағадан аттай
бере-ақ.
– Дəл қазір ме?
– Иə, «Үйде күтем», – деді.
Шəйі күйеуіне үрейлене қарады. Оның көзіндегі шошыныс Тазабектің
көңіліне де кірді: «бейуақытта не шақырыс?».
– Келе ғой, нан ауыз тиші! – деді Шəйі Самсалыны төрге шақырып.
– Секериннің қасында біреу бар ма?
– Жоқ. Ойнап жүрген жерімнен мені өзі тауып алды. Ешкімге естіртпей,
оңашалап айтты.
...Секерин Тазабекті жылы қабақпен қарсы алды.
– Əлдекім үстіңнен арыз түсірген секілді, – деді бірден күлтелемей.
«Үйезге келіп, Жалмағамбетовке жолықсын» депті жаркенттегілер.
Телеграммада одан басқа ештеме айтылмапты, мен бірақ тегін емесін
түсініп отырмын. Бəленің басы осындайдан басталатынын талай көргенмін.
– Жалмағамбетов деген кім?
– Білмеймін. Көп бастықтың бірі шығар. Қалай-қалай емес, жалғыз
барма. Өзің кірмей, əуелі Жалмағамбетовке ертіп барған адамыңды кіргіз.
Егер қəуіпке анық көзің жетсе, бір-екі ай ауылға жоламай, басқа жаққа
қашып кет. Қазір үйездегілер ай сайын ауысып жатыр, тыныштанған кезде
келе жатарсың.
– Сергейчуктен келген пəле емес пе?
– Жоқ. Мен де содан күдіктеніп, шақырып алып едім, ант-су ішті.
– Жарайды, құдайдың басқа салғанын көрерміз.
– Байқа. «Құдай да сақтансаң сақтайды» дейді ғой қазақтар.
***
Тазабек қасына Табайды ертті. Жəркент келіп-кетіп жүрген қаласы
болғанмен, бұл жолы оған құрулы қақпандай көрінді. Екеуі Жалмағамбетов
дегеннің кеңсесін аса қиналмай-ақ тапты. Бірінші сұраған адам-ақ нұсқап
жіберді. Тазабек екі атты есік алдында өзі тізгіннен ұстап тұрды да, кеңсеге
Табайды кіргізді. «Ұстаңдар!» деген дауыс шықса, алдыңғы ұмтылғанын
бір салып жіберермін дегендей қамшысын қысып-қысып қойды. Пəле
қайдан, жала қайдан демейтін заман туды ғой.
Табайдың қымың еткен жүзін көріп, Тазабек таңдана тосырқады.
– Өзің кіріп шық, – деді Табай қымыңдап. – Жалмағамбетов дегенің
баяғы Қытайдан бірге өткен Амалбай болып шықты. Арыз жазған
Тұнықтың балалары, жазып берген Бəкен екен.
– «Бізді сабады» деп пе?
– Барсаңшы. Өзінен естірсің.
Амалбайды Тазабек бірден таныды. Бір бөлмеде бір-бірінен бір-бір
адым қашықтықта үш кісі отыр екен.
– Ассалаумағалейкүм! – деді əдеп сақтап.
– Бері келіңіз, – деді Амалбай бəрі үшін амандасқан сыңай танытып.
Түсі суық, қабағы қату.
– Келдік. Хал-жағдайыңыз қалай?
– Жағдайды мен сұрармын, жауапты сіз бересіз. Мұнда сіздің тамыртанысыңыз отырған жоқ. Түсіндіңіз бе? – Амалбай жан-жағына жылдам
көз қиығын тастап шықты да, тұқшиып төмен қарады.
– Түсіндім. – Бұл сөз Тазабекті тіксінтті. Астарында əлдебір ым
жатқанын ұқты. – Құлағым сізде.
– Онда, тыңдаңыз. Сіздің қойыңызды Тəуірбек деген кісі баға ма? Кеңес
өкіметі құл мен күң ұстағандарды қатаң жазалайды. Ондайларға біздің
ортамызда орын жоқ.
– Иə. Менің де, өзінің де қойын қосып бағады.
– Сіздің қойшыңыз ғой?
– Жоқ, ол да, Табай да, екеуінің бала-шағасы да – бəрі кезектесіп
бағады.
– Табай да қойшыңыз емес пе?
– Жездем. Өзіңіз де білесіз, ...
– Һім. Айша деген кім?
– Тəуірбектің əйелі.
– Қали шы?
– Ол – баласы.
– Солардың бірі сізге құл, бірі күң болып жүргені рас па?
– Өтірік. Қойымды кей-кейде өзім де бағам. Сонда өзіме өзім құл болам
ба? Тұнық қарттың тойына дейін Тəуірбек деген адамның бар-жоғын да
білмейтінмін. Балалары қуып жіберген соң, маған келіп паналады.
– Түсінікті. – Кенет Амалбай сыбыр ете қалды. – Біз бір-бірімізді
танымайтын адамбыз. – Содан соң даусын кілт көтерді. – Арыздың мəнін
түсіндіңіз ғой?
– Түсіндім.
– Бұл жала болса да өте қауіпті жала. Ойнамаңыз. Қамап тастайды.
Атып жіберуі де мүмкін, – деді бəсең үнмен.
– Өкімет оған жол бере ме?
– Өкіметтің дегенін жүзеге асыратын – адам. Ал адамды адам əрқалай
түсіне береді. Жан керек болса бір ай бойы Іледен ары өтпей-ақ қойыңыз.
Ең дұрысы ол арадан үй ішіңізді көшіріп əкетіңіз. Бұл намыстанатын
жағдай емес, жан сақтайтын бірден-бір амал. Маған сіз келген жоқсыз,
Табай ғана келді. Түсіндіңіз бе? Мен сізді «таба алғам жоқ» деген мəлімет
беремін.
– Ұқтым. Бəрі құдайдан қайтсын!
...Амалбайдың адамшылығына Табай мен Тазабек аң-таң қалды. Елеусіз
ғана, жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы түсініксіздеу біреу секілді еді, тап
мынандайды одан екеуі де күтпеген.
– Ал енді не істейміз? – деді Тазабек басын сипап.
– Көпзіпке барамыз. Басқа қайда барушы ек?
...Екі итін абалатып, Кобзевті күңкілдетіп, олар Китіңге ел жата жетті.
Кобзев Тазабек пен Табайға туған бауырлары іздеп келгендей қуанды.
Китің ауылы екі таудың ортасындағы жазықтың иіліп келіп тұйықталған
тұсында екен. Жеті қазақтың, алты орыстың үйі бар, қасында өзені бар,
өзенінің бойында тоғайы бар, өзенге құятын бірер бұлағы бар, ұзын
астаудай ойпаң жер екен. Кобзев қой сойып, қонақасы берді. Орыс
достарымен таныстырды.
– Кітəпбек деген қазақ осы жақтамын деп еді, білесіз бе? – деді
Тазабек.
– О, білгенде қандай?! Оны осы арадағы қазақтардың атаманы десе де
болады. Іргетау деген жерде отыр. Барғыларың келсе, ертең-ақ алып
барайын.
...Ел жатарда Тазабек Кобзевтің үйінен ұзап біраз жерді жаяу аралады.
Арыздан бүйтіп қашып құтылғанына қуана алмады. Адамдардың
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əй, дүние-ай! - 14
  • Parts
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Total number of words is 3923
    Total number of unique words is 2185
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2127
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2177
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2152
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Total number of words is 3957
    Total number of unique words is 2306
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2173
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2172
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2149
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2162
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2061
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2080
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2106
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2137
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2223
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2217
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2175
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Total number of words is 4025
    Total number of unique words is 2146
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Total number of words is 2955
    Total number of unique words is 1688
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.