Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 04

Total number of words is 3929
Total number of unique words is 2152
36.4 of words are in the 2000 most common words
49.4 of words are in the 5000 most common words
56.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
соң, қылышы қолынан түсіп кетпеген қандай хайуан? Оның несі жауынгер?
Əйелді жау санап, оған мұншама жауығатындай не күн туды бұлардың
басына? Жер бетінен қазақ атаулыны жоқ қылуды мақсат қылғандары
көрініп тұр. Əйтпесе əскер деген өзіне қарсы шыққан əскермен ғана
соғыспай ма? Бейбіт жұртта, кемпір-шал мен бала-шағада не əкесінің құны
бар?
Тазабектің мыйы да, сезімі де тас боп қатып қалған сияқтанды. Кейбір
өлікке көз салмай да өтіп бара жатты. Көре-көре көзі де үйреніп, шошынашошына жүрегі де шаршап, көңілі де көндігіп, өлген адамға енді өзі де өлі
көзбен қарай бастағандай. Қалай өлтіргілері келсе, солай өлтіре беріпті.
Құмары тарқап, айызы қанғанша қырыпты. Біреуін де жемей, қойды тек
қыра беретін қасқыр болушы еді, қылықтары қандай ұқсас?! Жазықсызданжазықсыз қаншама ғұмыр, қаншама тағдыр тапа-тал түсте қиылып түсті?!
Оны кім санайды, кім сұрайды? Құдай бұларға неге мұншама артықшылық
берген? Қазақтың қай күнəсі үшін? Момындығы, өзін өзі қорғай алмағаны
үшін бе?
Үрей өлген адамның көзіне тығылып, жанарының ішіне кіріп өледі
екен. Қай адамның қалай өлген сəтін көзіне қарап түсінесің. Бəрінің көзі
шарасынан шыға жаздап шатынап, бірақ ол шығып үлгергенше, адамның
жаны шығып үлгереді екен. Əр өлікке қараған сайын өзің де бір өлесің. Əр
өліктің жанарында өлген сəтінің суреті сіресіп тұр. Мынау шал өзін
өлтіргелі жатқанына сенбей тұрып-ақ өліп қалған сықылды. Бөркі бір
айдалада, өзі бір айдалада жатыр. Құлақ шекеден шапқан қылыш бас
сүйегін құлағымен қоса қақ бөліп тастапты. «Маған не болды?» – деп, не
болғанын аң-таң жанары сенен сұрап жатқандай. Кемпірі шалына қарай
қолын соза сұлапты. Мені қорға деді ме екен əлде өзің қорған деді ме екен,
бейбақ? Қалай болғанда да, қолы ұзын ақ патша бұл кемпір-шалды
Мыңжылқының жотасында қуып жетіп, ақыры жазалапты. Оларды Берік
өлтірді ме, Беріктің шерігі өлтірді ме, бұйрық ақ патшаның аузынан
шыққан соң, бəріне сол кінəлі.
– Бірде-бір тірі қалғаны жоқ! – деді Қожақ таңдана күрсініп. – Жаралы
болғанның бəрі қансырап өлген.
Тазабек атының басын тартты. Өзгелер де тоқтады.
– Өліктерді санап шықпасақ, енді аралап қайтеміз? Бұл көргенімізді
ұмытсақ, бізді ата-бабамыздың аруағы да ұмытар. Қайтайық.
Бұлар қозғала бергенде, Сопыйа:
– Тоқтаңдаршы! – деді ентігіп. Бəрі жалт қарасты. – Мына қырылып
жатқан өліктердің қасында тұрып өтінем: мені бұдан былай орыс
демеңдерші! Бүгіннен бастап мен қазақпын. Қожақ қабылда десе,
мұсылмандықты да қабылдаймын. Қазақтың келінімін. Қожақтың
қатынымын. Албанмын. Софья да емеспін, Сопыйамын. Мен білсем,
қазақтың көретіні əлі алда. Талдыбұлақтың поштасында отырғанымда өз
құлағыммен естідім, қазақ пен қырғызды жазалау үшін, Жəркенттен,
Верныйдан, Тəшкенттен, Пішпектен күнде жəрдем сұрап жататын. Кəзірдің
өзінде қазақтың көргені мынау болса, ол жəрдем келіп жеткенде күні не
болады? Сондықтан Қытайға қашу – өлімнен қашу. Менің ойымша, қазаққа
аман қалудың одан басқа амалы қалған жоқ.
***
Тілеуліні Орта Меркіге жеткізгенше қас қарайды. Ертесі Жалаңашқа
баратын болғандықтан, Қожақ пен Сопыйа сонда қонды да, Тазабек
түнделетіп Жомарт екеуі Екі Ашадағы өз ауылына келді. Шешесі мен
Жəмеш əлі ұйықтамапты, бұлардың дүбірін естіп, қарындасы далаға
жүгіріп шықты.
– Бір кетсең, мол кетесің, қайда жүрсің? – деп, шыға бас салды. – Апам
екеуміз сені уайымдап өлетін болдық. Мен: «Шəйінің ауылында қасынан
шыға алмай, шыр айналып жүрген шығар», – деймін, апам Қарқараға
барып, бірдемеге ұрынып қалды ма деп қорқады. Сенің қайда жүргенің біз
үшін біліп болмайтын жұмбақ.
– Апаңдікі де, сенікі де дұрыс. Қарқараға да бардым, Шəйінікінде де
болдым. Əңгімемді үйге кірген соң айта жатармын, алдымен ана Жомарт
ағаңмен амандассаңшы.
– Ой, аға, амансыз ба? Өз ағамды аман көргеніме қуанып, сізге тіпті
қарамаппын ғой.
– Қызды қарататындай қасиетіміз болмаған соң, біз байғұс кімге
өкпелейік?
– Ойбай, Жомарт ағамды өкпелетіп алыппын, енді
Өкпелемеңізші, бұдан былай ең алдымен сізбен амандасам.
қайттім?
– Тазабекті құшақтағандай, құшақтап амандас.
– Мақұл, сөйтем.
Тілеулінің жағдайын естіген соң, Қалиша қатты мұңайды.
– Алда құдай-ай, нағып бізді шыр айналдырып кетті? Шəйіні жуық
арада тағы түсіре алмайтын болдық қой?! Жəмеш, самаурыныңыңды қой,
Жомарт балам шай ішсін.
– Апа, мен Жəмешке өкпелеп отырмын.
– Неге, көңіліңе келетін сөз айтып қойды ма?
– Қарқарада Тазабек алыстан тиетін мылтық алып шапса, мен жанына
барып шаншитын найза ұстап шаптым. Одан гөрі менің өмірім қауіпті
болды. Бірақ Жəмеш өз ағасының аман келгеніне қуанды да, маған
қуанбады. Сол дұрыс па?
– Онысы дұрыс болмапты. Əй, Жəмеш, Жомарт ағаңның өкпесін жаз,
қант-майыңды шығарып, жақсылап шай бер.
– Сөйтем, апа, сөйтем. Сойталдай адамның өкпесі де сойқандай болады
екен, тегі. Үйге кірмей жатып айта бастап еді, əлі бітер емес. Жомарт аға,
өкпелей бермеңізші, ағамның қасында аман жүргеніңізді апам екеуміз де
тілейміз.
– Енді мына сөзіңнен кейін өкпем тарқады. Енді Тазабек екеумізге оқ
тимейді: қыздың тілегі құдайдың құлағына еркектердікінен тез жетеді.
Тазабек мырс күліп жіберді.
– Оны қай кітаптен оқыдың?
– Оқығандардан естідім.
«Осы бəленің қарындасыма қырындағысы бар ма?» деген күдігі қылт
ете қалды да, өршімей өше қойды. Ертесі екеуі түс ауа Орта Меркіге қарай
шықты. Жолда Жомарт: «Жəмеш қарындасың тым ерке, ə?» – деді. «Ымм», – деді де қойды Тазабек.
Қожақ пен Сопыйа Жалаңаштан тым кеш оралды.
– Неге кешіктіңдер? – деді Жомарт олардың аттан түскенін күтіп
жатпай.
– Ойбай, Жөке, қайта аман қайтқанымызға қуан. – Қожақ тұрғандарға
қол беріп амандаса жүріп жөнін айтты. – Оларың нағыз оңбаған орыс
болып шықты. «Ол қайда жүріп жараланған қазақ? Орыспен атысқан қазақ
болса, сенің неге оған жаның ашып жүр? Қасыңдағы мынауың кім? Байың
ба? Қазақтан бұрын сенің өзіңді атып өлтіру керек!» – деп, Сопыйаның өзін
сөге жөнелді.
– Құрал-сайманын берді ме? – деді Тазабек тыңдай беруге шыдамы
жетпей.
– Бермеді, – деді Сопыйа сұрланып. – Мен олардың сұрқынан
шошыдым. Əнебір едіреңдеген екі інісі адамды өлтіре салудан еш
тайынбайды. «Ол қазағың Орта Меркінің қай жерінде отыр?» – деп
қадалып сұрағанынан сезіктендім. Түрлері де, сөздері де сұрқайы. Бұл
арадан дереу көшу керек.
– Оғын алмасақ, қалай көшеміз? – деді Ағынтай Сопыйаға жəутеңдей
қарап.
– Байқаймын, бұл оқтан атама төнген қəуіп жоқ. Өйткені іріңдемеді.
Күйген киіз басқаннан болу керек. Сүйек пен еттің арасындағы оқ
қарақотырланып жазылып кететін шығар.
– Ойбай-ау, оқты алып тастамаса, өз-өзінен қалай жазылып кетеді?
– Құлантаза жазылып кетпесе де, жанын күнде қинай бермейді, аға.
Оқты алып тастасақ, əрине, жақсы болар еді, бірақ оған құрал-сайманымыз
болмай тұр ғой.
– Тəуекел, мен ертең Қарабелдекке барайын, – деді Тазабек. – Сонда
қырғыз оташы бар, қолынан бəрі келеді дейтін. Соны тауып əкелейін.
– Елден естуімше, қырғыздың жағдайы қазақтан да жаман. Сондықтан
барсақ, топтанып бəріміз бірге барайық, – деді Сопыйа. – Əйтпесе:
«Қырғыздармен сөз байласуға келген қазақсың», – деп, не қамап, не атып
тастауы мүмкін. Ал араларыңда мен болсам, «Е, ішінде орыс əйелі бар екен
ғой», – дейді.
Олар өстіп сөз саудаласып тұрғанда, үйден Шəйі шықты.
– Əкем бəріңді үйге кірсін деп жатыр.
Арыздасқалы жатқаны ма деп, Тазабек шошып кетті.
– Бір жерің ауырып жатыр ма? Балаларды жайша шақырдың ба? – деп,
Əжікен де сезіктенгеннен бəйек болды.
Қарт басын шайқады. Сонан соң ауырсынып, біраз уақыт үнсіз көзін
жұмып жатты.
– Тазабек! – деді кенет көзін ашып. – Шəйі екеуің жаныма келші! Əй! –
деді Əжікенге иегін қағып. – Екі балаңның қолын ұстат! – Əжікен қызының
қолын Тазабекке ұстатты. – Қалғаның қолдарыңды жайыңдар, қарақтарым!
Кеште бар адам таңертең жоқ болатын заман туды. Өмекеңнің аруағы разы
болсын, кеудемде жаным барда құда болайық деген өтінішін орындап, екі
балама аталық батамды берейін:
А, құдайым оңдасын!
Пайғамбарым қолдасын!
Дəм-тұздарың елден бөлінбесін!
Ұл-қыздарың ағайыннан ажырамасын!
Құдай бір-біріңе мейір берсін!
Қосақтарыңмен қоса ағаратын ғұмыр берсін!
Жазықсыз жаладан, мезгілсіз қазадан сақтасын!
Қазақтың бақытты болған күнін көріңдер!
Халықпен бірге өсіп-өніңдер!
Əмин!
Бүгін қосылсаңдар да қарсылығым жоқ, қарақтарым. «Ораза-намаз
тоқтықта» деген. Тоқтық заман туып жатса, той-томалаққа орын табылар.
Қазірше, кемпір, қолдан келер кəде-сəдеңді істе де, екі балаңның басын
қос!
Тазабек не істерін білмей, бір қызарды, бір бозарды. Қайтем дегендей,
біресе Шəйіге, біресе Əжікенге жалтақтады. Ақырында:
– Ата! – деді дауысы сəл қырылдап. – Бата-ықыласыңызға рахмет!
Кеудемде жаным барда Шəйіні жылатпаймын. Екі үйдің береке-бірлігін
бөліп-жармай сақтаймын, ата!
– Дегеніңе жет, балам!
Одан ары не істеуі керегін Əжікен де білмей, шалы жаққа жалтақтай
берді.
– Балалар кете берсін бе, жо тағы бірдеме дейсің бе?
– Ендігісін Жүзік екеуің жөнде. Қалишаға сəлем айт, дайындалсын. Сен
де арқаңды кеңге салма, асық. Қытай аспасақ, енді мұнда тыныштық жоқ.
– Ойбай-ау, мына түріңмен қалай асасың?
– Ассам, асармын; аспасам, жаным шыққан жерге көміп кете беріңдер.
Мен үшін емес, ана үш күшігімді аман сақтау үшін қашамыз. Мен үшін
олардың өмірін қауіп-қатерге байлағанша, солар үшін мені құрбан етіңдер.
Шəйіні құтты орнына қондырайық та, қозғалайық.
Таңертең Тазабектер Қарабелдекке кетті де, Шəйі мен Жүзік тағы
малдарын жаюға шықты. Тілеуліні дəретке отырғызуға, əрі-бері қозғалтуға
Əжікеннің шамасы келмейтін болған соң, Ағынтай əкесінің қасында қалды.
Жайбарақат жанында келе жатқан Жүзік кенет Шəйіні жеңінен жұлқып
қалды.
– Жібек, анаң қара.
Нұсқаған жаққа Шəйі жалт бұрылды. Ақтоғай жақтан көш дейін десе,
артқан үйі мен жүгі жоқ; мал айдаған жай адам дейін десе, бала-шағасы
мен итін де ертіп алған бір шоғыр тура бұлардың үйіне қарай шұбап келеді
екен.
– Орыстан қашқан қазақ қой, – деді Шəйі жобалап.
– Кім де болса бізді жақсы танитын біреу, – деді Жүзік те тез байымдап.
– Аш мал əзірше ұзап жайыла қоймас. Жүр, апама қонақ күтісейік.
Босып келе жатқан Сұлтанбектің Əубəкірі болып шықты. Қарақолдың
абақтысынан қашып шыққан бетте Сарықырда отырған үйіне соқса, бəрі
Қытайға үркіп кетіпті. Жалғыз қалған қатын-баласын алып, үй-жайын
тастап, малының да көбін қалдырып, Қытайға қашқандарды қуа шыққан
беті екен. Əдеткі аман-саулық сұрасқан соң, жастығын биіктеткізіп, Тілеулі
кеудесін көтеріңкіреп отырды.
– Өзгеден естісек, өсегі көп болады, өзің айтшы, Қарақолдың
түрмесінен қалай шықтың? Қасыңдағы Жəмеңке қайда, Ұзақ қайда?
– Оның бəрі ұзақ əңгіме. Тыңдау сізге де ауыр, айту маған да ауыр.
Қысқасы былай. Қарқарадан жаяу айдап апарған соң, Қарақолдың
қамағында тура он күн жаттық. Он бірінші күні алты солдат келіп
Жəмеңке, Ұзақ – үшеумізді кісенімізбен айдап шықты. Жəмеңке ауру, мен
сүйемелдеп жүрдім. «Сұраққа алатын шығар. Сөзіміз бір жерден шықсын»,
– дедім екеуіне сыбырлап. Сот алдымен мені сұрады. «Жігіт беруге қалай
қарайсың?» – деді тілмəш арқылы. «Қарсымын», – дедім. Ана екі шал
естісін деп, əдейі айқайлап сөйледім. – Сендерден солдат алмаймыз деп,
қаншама салық салдыңдар, қаншама жүн-жұрқа жинадыңдар, үстіміздегі
үйімізге дейін алдыңдар. Жігіт беретін болсақ, солардың бəрін
қайтарыңдар», – деп ем, «Бопты бұйамайт» деп, сот мені боқтап жіберді.
– О не дегені?
– Е, ит біле ме, Тіке? Сірə, əке-шешемді сыбағаны шығар? Əйтеуір,
қатты ашуланды. Үстелді үсті-үстіне үш қойып қалды. Онысынан
ықпадым. Ақыр бір өлім деп, аянғаным жоқ. Менен кейін Жəмеңкеге кезек
келді. «Сен де жігіт бермейсің бе?» – деді мысқылдап. «Бермеймін деңіз», –
деп ем, қасымда тұрған солдат мылтығының дүмімен мені бір түйіп қалды.
Мен де оны бір қойып қалдым да, қолындағы мылтығын жұлып алдым.
Шетімізден атып тастайды деп шошыса керек, бəрінің көзі бақырайып
кетті. Бірі салдатқа ұрсып, екіншісі тілмəшке бірдеме айтып, аяқ асты
əбігер болды да қалды. Ақырында тілмаш жалынып, мылтықты менен
сұрап алды.
– Қап, біреуін атып салмағаныңыз-ай, аға! – деп қалды Ағынтай.
– Онда əлі бізді қырып салатынын білмедім ғой. Білсем, ақыр бір өлім
деп, сөйтер едім. «Бала бересің бе?» – деді сот қайталап. «Мен 75-тегі
шалмын, – деді Жəмеңке. – Берем деп уəде қыла алмаймын. Біреудің
баласы тұрмақ, билігім өз балама да жүрмейді». «Неге жүрмейді? Қазақ
үлкенді сыйлайды ғой. Бергіз!» – деді сот жекіп. «Сен үлкенді сыйлап
жетістіріп отырсың ба? Олар да үйреніп жатқан жоқ па сенен? Беретін
балам жоқ. Бермеді десең, менің шандыр мынауымды кесіп ал да, пісіріп
же!» – деді бұтын қос қолдай саптап. Тілмəш əлгі сөзін аударған соң, сот
боқтап, үстелді тағы тоқпақтады. Ұзақ бірден: «Бала бер десең, бізді
босат!» – деді. «Босатуға бұйрық жоқ», – деді сот. «Ендеше абақтының
ішінде жатып жиып беретін балам жоқ», – деп еді, сот тағы боқтап, тақтай
еденді тепкілеп, бұлқан-талқан болды.
– Сұрақтарының сыйқы жоқ қой, – деп қалды Тілеулі жақтырмай.
Əубəкірдің зіркілдеген үні бірте-бірте Шəйінің құлағына жағып бара
жатты. Анау-мынаудан ыға қоймайтын, айтатынын қаймықпай қай жерде
де айтып салатын адам екенін сұсы мен тұрқы да аңғартып тұрғандай
екен.
– Содан үшеумізді қайта əкеп абақтыға тықты. Біраздан кейін бір салдат
Жəмеңкеге құмырамен дəрі əкеліп берді. «Ішпеңіз! Андағы – у», – деп ем,
Ұзақ тұрып: «Өйтіп бізге қастық қыла қоймас. Қорқытып қояйық деп,
домбытқаны шығар», – деді. Ауруы жанына батқан соң шыдамады ма,
Жəмеңке дəріні ішіп салды. Ішті де, дөңбекшіп кетті. Талмаурап барып,
екіндіде көз жұмды.
– Жатқан жері жайлы болсын жарықтықтың! Жақсы адам еді. – Тілеулі
бетін сыйпаған соң, бəріне қосылып Шəйі де сыйпады.
– Ертесі қанбоймен жүріп, Жəмеңкені мұсылмандар қорығына
жерледік. Одан кейін тағы алты күн жаттық. Жанымызда жеті орыс
жататын, біреуі – əйел. Əлгілерді «мұнапас болды» деп босатып жіберді.
Түрмеде тек қазақтар қалдық. Түсте үш салдат есігімізге келіп: «Əубəкір
батыр, патшадан сендерге мұнапас келді, сағат екіде шығасыңдар», – деді
кекетіп. «Əй, тоқта! – дедім əлгілерге. – Ол мұнапасың бағана орыстармен
бірге неге келмеді? Одан да екіде атамыз десеңші. Өй, əкеңнің аузын...», –
деп салдым. Сонымен өлетініміз белгілі болды. Кəрібозды имам қылып
бесін оқыдық. Ата-бабамыздың аруағына дұға қылдық. Бір кезде əлгі үш
салдат тағы келді. Арса-арса есіктен бəрі көрініп тұр: бірінің қолында
бесатар, екіншісінде бердеңке мылтық, үшіншісінікі тапанша. Келе сап
темір есіктің тесігінен бізді атқылай бастады. Бұрқ-бұрқ, айналамызды көк
түтін басты да кетті. Атып түрегеліп қалпағымды кигенше екі оқ арқамнан
тиді. Айнала бергенімде, үшінші оқ сүбеме қадалды. Жандəрмен темір
есіктің тасасына тығылдым. Қасымдағы алты адам алты жерде теңкиіп
қалды. Ақыр өлдім дедім де, атқылап жатқан бесатардың ұңғысын
шекпенімнің шетімен шап бердім. Төмен қарай тартып қалып ем,
салдаттың шенелі қолыма қоса ілікті. Жұлқи тартқанымда, əлгі
қорыққанынан бақырып жіберді. Ана екеуі келіп көмектесіп, мылтықты
жабылып тартып алды. Салдаттың жыртылған етегі қолымда қалды. Үшеуі
алды-артына қарамай зытты. Неге өйтті десем, түрмені өздері өртеп
жіберген екен.
– Қап, құдай-ай, оқтан өлмегені отқа күйіп өлсін деген екен ғой?! – деп,
Əжікен түршігіп кетті.
– Сол кезде Ұзақтың: «Ойбай, өкпемнен оқ тиді, – деген дауысы
шықты. – Не де болса жарыққа шығып өлейік, бұзыңдар қабырғаны!» –
деді. Ырғап-ырғап, босаға жақтан бір тақтайды суырып алдым. Тақтаймен
ұрғылап жатып, есіктің төрт шегесін түсіріп тастап ем, зілдей неме сыртқа
қарай шалқасынан түсті. Жұрт дүркірей далаға ұмтылды. Ұзақ, Сыбанқұл
үшеуміз ең соңында қалдық. Сыртқа шыққан бетте қоршаған дуалға қарай
ұмтылдық. Ұзақты көтеріп дуалдан асырып жібердім. Кісендеулі бес
қырғызды тағы ары лақтырып жіберіп, ырғып өзім де дуалға шықтым.
Етегімнен ұстай Сыбанқұл да шықты. Қарғып жерге түсе бергенімде, қарсы
үйдің бұрышында бізге мылтық кезеп тұрған салдатқа көзім түсті.
«Сыбанқұл, қарғы!» – дедім бақырып. Үлгірмеді. Ыңқ еткен үнін естідім.
Оған сол арада оқ тиді. Ұзақты іздеп таба алсамшы. Əлгі өзім лақтырған
бес қырғызды көрдім, бірақ Ұзақ жоқ. Көк ала түтіннің ішінен қашып
шығып, бір ноғайдікіне кіріп кетіп ем, ол қақпасынан сүйреп шығарып
тастады.
– Апырмай, кəпір екен-ау, ə?
– Кім біледі, Əжіке, ол да жанынан қорыққан шығар? Қашқынды
паналаттың деп, бала-шағасымен қырып тастайды. Сонымен қойшы, əбден
əлсіредім. Бір тобылғы таяқ тауып алдым. Сол да таяныш болды.
Ажалымның жоқтығы шығар, бұзылған ескі қораға тап келіп, қараңғы
түскенше сонда тығылып жаттым. Түнімен жаяу жүріп, Балпақ деген таныс
қырғыздікіне таң ата азар жеттім. Ол оташы тауып əкеліп, үш оғымды
соған алдырдым. Асқынып кетпесін деп, жауымның аузына мылтықтың
дəрісін құйғыздым. Қырғыздар бір ат тауып беріп, аулыма келсем, ел-жұрт
түгел Қытайға үркіп кетіпті. Қатын-баламды алып, енді міне өзім де
солардың соңынан қуып барам.
– Үш оқтан аман қалғаның құдайдың қаққаны шығар. – Əжікен
Əубəкірге сөйлеп отырып, көзімен шалының да бет-пішінін бір бақылап
қойды.
– Жанды жеріме тимей, жаным қалып отыр ғой. Əйтсе адам бір оқтан
да қалмайды.
– Біз де əне-міне кетеміз деп қопаңдап отырмыз. Тек ағаңның
жамбасынан оқты алып тастайтын адам таппай, балалар алашапқын болып
жүр.
– Кəне, аға, көрейінші жарақатыңызды. Қырғыз оташының сүбемнен
оқты қалай алғанына қарап жаттым. Адам істегенді адам істейді. Маған
көмектесетін бір адам қалсын да, қалғандар шыға тұрсын.
– Біз қазан көтере берейік, – деді Əжікен келініне ымдап.
Əкесі мен Əубəкірдің қасында қалған Ағынтай бір кезде жүгіріп
шығып:
– Жүзік, үйге от жақ! – деді елпектеп. Өзі бір құшақ отынды үйге алып
кірді.
Кешікпей шаңырақтан түтін шықты. Артынша Ағынтай тағы шығып,
тағы бір құшақ отын алып кірді. Біраздан кейін үйден Жүзік те шықты.
– Не істеп жатыр? – деді Шəйі шыдамсызданып.
– Пышағын отқа күйдіріп жатыр. Оқты тіліп алатын сияқты.
– Ойбай-ай, өлтіріп алмас па екен?!
Сəлден кейін Тілеулінің тістене ыңыранғаны естілді. Артынша: «Ах!» –
деп айқайлап жіберді. Содан кейін дабыр-дыбыр, күбір-күбір естілгенмен,
сырттағылар бірде-бір сөзді анық түсіне алмады. Бір кезде тағы «Ах!» деп
ауырсынған дауыс шықты да, артынша дыбыр да, күбір де тыйыла қалды.
Бір кезде пора-пора болып терлеген Əубəкір самайын сүртіп сыртқа
шықты. Шəйі жанына жетіп барды.
– Аға, не болды?
– Дұрыс болды. Əкең енді атқа шауып кетеді.
– Ой, ағатай-ай, сіздің келе қалғаныңыз қандай жақсы болды. Біз үшін
құт болдыңыз, аға.
– Аузыңа май, айналайын! Бақытты бол!
...Көңілдері жайланған Шəйі мен Жүзік түс ауа қайтадан малдарына
кетті.
Жүзік малдың шығыс жақ шетін қайырып, Шəйі батыс жағына шықты.
Атын отқа жіберіп, өзі жалпақтау тасқа енді отыра бергенде, кенет батыс
жақ қарағайдан сопаң етіп екі атты шыға келді. Олардың орыс екенін Шəйі
асынған мылтықтары мен киім киістерінен бірден таныды. Қорыққанынан
аяқ-қолы дірілдеп, Жүзікті шақырайын десе, тамағы құрғап, дауысы
шықпады. Жалма-жан атына қарай жүгірді. Екі-үш аттай беріп сүрініп
жығылды. Тұра беріп тағы сүрінді. Əбден үрей биледі. Сонда да сүрінеқабына атына жетті. Шылбырынан енді ұстай алғанда, бір орыс артынан
келіп шап берді. Жалт қарап, ентіге дем алып тұрған жирен мұртты жас
жігітті көрді. Күлгені ме, кіжінгені ме, тісін ақситып бірдеме деді.
– Менің жазығым жоқ! – деді Шəйі өзінше орысқа залалы жоғын
білдіріп. Ұрады екен деп, бетін көлегейлей бергенде, қолынан шылбыры
сусып кетті. Еңкейіп, оны іле берем дегенше, екінші орыс келіп ту
сыртынан қапсыра құшақтай алды. Мұртты жігіт ышқырынан əлденені
суырғалы жатқан сияқтанды. Сірə, бауыздамақ болып, пышағын шығарып
жатқан сықылды.
– Жүзі-і-к! – деді шыңғырып. Бұлқынып, арт жағынан құшақтаған
орыстың қолынан сытылып кетті де, тағы атына қарай ұмтылды. Сол сəт
дəл құлақ түбінен мылтық гүрс ете қалды. Қорыққанынан жерге жалп ете
түсті. Жығылып жатып, əлі тірі екенін сезді. Оқ, байқауынша, жаны
жылдам шыға қоймайтын жерінен тиген секілді. Екі орыс ұмар-жұмар
жабыла бас салды. Бұған ба əлде бір-біріне ме, екеуі діңк-діңк сөйлейді. Ту
сыртындағысы Шəйінің екі қолын артына қайырып, сілки жұлқып
шалқасынан түсірді де, мұртты жігіт қарғып кеудесіне мінді. Көйлегін қақ
айырып, етек киіміне қол салғанын сезгенде барып, оның ойы өлтіру емес,
басқа екенін аңғарды. Жанталаса тепкілеп, тыпырлай бұлқынды. Қолын
қайырған орыс күректей алақанымен ауыз-мұрнын бір-ақ қамтып, тырп
еткізбей тұншықтырып барады. Жер, əлем – бəрі бұлдырап бара жатты.
Балтыр жағы тыржалаңаш, мүлде қорғансыз қалды. Шарасыздықтан
шыңғыра өксіді. Баж еткен Жүзіктің дауысы дəл құлақ түбінен шықты.
«Əй, тиме оған! Маған кел! Мені істе, иттің баласы!» – деді ышқынып.
Шатының арасынан жылымшы бірдемені сезгенде, «Кеш қалдың-ау!» –
деді Шəйі өлімсірей өксіп. «Мейлі, өлтірсе, өлтірсінші!», – деді мына
күйінен гөрі ажалды абырой санап.
Шəйі өзінің өлі екенін не тірі екенін түсіне алмай, шалажансар күйде
біраз жатты. Əлдекім айқайлап, алыстан мылтық атылғандай болды.
Жүзіктің дауысы біресе жақындайды, біресе алыстайды. Жылап жүр,
боқтап жүр. Тап жақыннан тағы тарс ете қалған мылтық Шəйіні оқыс
тірілтіп жіберген тəрізденді. Басын көтеріп қалғанда, мұртты орысқа
қамшысын көтерген күйі Жүзіктің ат-матымен омақаса құлап бара
жатқанын көрді. «Жүзі-і-ік!» – деді дауысының шыққан, шықпағанын өзі
де естімей. Өлу деген осыншалық оңай нəрсе ме еді деген сезім Шəйінің
санасында бір жылт етті де, жалп сөнді: бүкіл тау, тас, қарағайымен қоса
жалпақ сай құз тереңге қарай зырқырап құлап бара жатты...
Есін жиып, көзін қайта ашқанда, басын құшақтап жылап отырған
Жүзікті көріп, Шəйі есінен тағы танып қала жаздады.
– Жібекжан! – деді Жүзік еңкейіп, кеудесімен бет-жүзін жаба құшақтап.
– Сыр бермеуге тырыс, түрегел. Ағынтай мен Əубəкір аға бар жанымызда.
Қозғала беріп, Шəйі өзінің қолайсыз жағдайын қорлана сезді:
санындағы жабысқақ сұйық тағы төмен сырғыды. Сылқ етіп жеңгесінің
құшағына құлады. Өліп кетпегеніне өкінді. Өксіп, мұңын шаға жылады.
Сүйемелдеп Жүзіктің атқа мінгізгенін, сонан соң өзі артына міңгесіп
құшақтап отырғанын, ағасының ат басын жетектеп келе жатқанын – бəрін
Шəйі біліп келе жатты, бірақ соның бəріне есі бар адамша есін жыйып
қарағысы келмеді. Бұдан былай бүкіл өмірі өстіп өлі мен тірінің арасында,
есін білер-білмес жағдайда өтетін секілденді.
Ағынтай мен Əубəкір аттан қаумалап түсірген соң, Жүзік Шəйіні
қолтығынан сүйемелдеп отау үйге енгізді. Оң жақ іргеге текемет төсеп
жіберіп, дереу төсек салды да, киімшең жатқызды. Ол кезде Шəйі есін де
жиды, ақылына да келді, бірақ есі бар, ақылы бар адамша басын көтеріп,
төсектен түрегелгісі келмеді; ешкімді көрмей, ешкіммен сөйлеспей, бəрінен
безініп, осы күйі үзіліп кеткісі келіп жатты. «Орыс масқара қылып кеткен
мұны Тазабек енді не қылады?» Солай ойлағанда, өзінің қалай аңырап
жібергенін аңғармай қалды:
– Апа-а-а!
– Құлыным-оу! – деп, Əжікен жығыла-сүріне жетіп бас салды. – Бұл
қорлықты көрсеткенше, құдай мені неге алмады, жарығым-оу?! Адам
аямағанды құдай да аямады, енді қайтем, құлыным-оу! Қолыма түссе, ол
жендетті паршалап өлтірер ем, амал не?!
– Апа! – деді Жүзік жекігендей қатқыл дауыспен. – Ақырын! Əтиім
естиді ғой. Сіз со кісінің қасына бара тұрыңызшы! «Аттан жығылып
қалды» дерсіз. Алдын ала жамандық шақырмайықшы! Мен білсем, Жібекке
жамандық жасап үлгермеді ол иттің баласы!
– А? Қайдан білесің?
– Көрген соң білем. Кішкене шыға тұрыңызшы, əуелі үсті-басын қарап
шығайын.
Əлемтапырық өңіне кенет қан жүгіріп, Əжікен Жүзікке үміттене қарады
да, үн-түнсіз шығып кетті.
– Жібекжан! – деді Жүзік есік жаққа бір жалтақтап алып. – Сен маған
бəрін жасырмай айтшы, жаным. Мұртты орыс мен шауып жеткенше саған
тиіп үлгерді ме, жоқ па, соны айтшы?
– Айтатын несі бар, көрдің ғой өзің: бəрін жыртып, бəрін сыпырып
тастады, иттің баласы.
– Оны көрдім ғой. Оны айтпаймын, басқасын айтам. Бір жеріңді
ауыртты ма?
– Білмеймін. Алысып жатып ауыртқан-ауыртпағанын сезгем жоқ.
– Сол алысып жатқандықтан, аман қалдың ба деп үміттеніп тұрмын.
Өліп бара жатсаң да оны байқамауың мүмкін емес. Аман болғаның ғой
байқамағаның.
– Өйтіп алдама, Жүзік. Санымның су-су боп кеткенін сезіп жаттым ғой?
– Саның су болса, бола берсін. Ана жағың... ауырмады ма, соны айтшы!
– «Жоқ!» – дедім ғой саған, жоқ!
– Онда құдай сақтаған екен, жаным. Аптыққан сорлы сыртыңа сүрінген
болды. Ауырмағаны – аман қалғаның.
– Жүзік! Алдама мені! Қалай аман қалам?
– Солай, жаным, амансың. Енді көтер басыңды! Жасырып-жабатын
ештеңе жоқ, Тазабекке бəрін өзім түсіндірем. Нанбаса, өзің көзін
жеткізесің. Болды, қайта тəубə де құдайға. Əубəкір ағаны бүгін ауылға
келтіре қойған құдайдан айналайын! «Ойбай, жоғары жақтан мылтық
атылды!» – деп, Ағынтайдан бұрын со кісі ұмтылыпты. Сол аға төменнен
мылтық атпағанда, ана екі орыс ештеңеден қаймықпай, сені де, саған қосып
мені де масқаралап кететін еді. Ой, алла-ай, нанайын ба, нанбайын ба,
бұдан аман қалармыз деп кім ойлаған!?
– Мен сенің аттан құлап бара жатқаныңды көрдім. Саған оқ тиген екен,
енді құрыдық деп, талып қалдым.
– Мені атпағанда, атымды атты ғой деймісің? Құдай сені де, мені де бір
сақтауын сақтады, Жібекжан. Енді Тазабектің бетін қақпа, қай күні əйел
етем десе, ете берсін.
– Қойшы, айтпашы ондайды!
– Ол сен ойлағандай былғаныш бірдеме емес, жаным. Өле-өлгенше
есіңнен кетпейтін өмірдің үлкен белесі. Соған іштей дайындал. Ата-бабаң
мəн берген нəрсеге сен де мəн бер, Жібекжан. Жаным сол! Ақылдым!
– Жоқ, Жүзік, олай болмайды! Айтпа маған ондайды!
– Жібекжан, еркек əйелдің беріліп жақсы көргенін бірден бағалайды.
Бірдемені бүгіп, жасырып жатқанын сезсе, өмірбақи сенбей өтеді.
Сондықтан күйеуіңді жақсы көргеннен ұялма, қайта жақсы көре алмаудан
ұял.
– Осының бəрін сен бəле апаммен ақылдасып алған шығарсың? Мен
жүрмін ұялмай-қызармай, апам ештеңені білмейді деп.
– Келіннің енеге нені айтып, нені айтпайтынын көп ұзамай өзің де
білерсің. Əзірше менің айтқанымды істей берсеңші.
– Сен залымсың, Жүзік. Бəрін күні бұрын ойлап, күні бұрын дайындап
қоясың.
– Бұрынғылар айтады екен «Жақсының бір аты бар залым деген,
Жаманның бір аты бар момын деген» деп. Залымның қолынан əйтеуір
бірнəрсе келеді. Қалай да қарап өлмейді, өлсе де бір əрекет жасап өледі. Ал
момыннан не үміт, не қайыр? Тұяқ серіппей, арам қатады. Мен залымдық
жасасам, сенің бағың ашылса екен деп жасаймын, жаным. Оны мен
жасамасам, басқа ешкім жасамайтынын жəне жасай алмайтынын жақсы
білем.
Ендігі сөздің артық екенін ұғып, Шəйі жеңгесін құшақтап, бетінен
сүйді.
– Ақылды залымым! – деді көзінің жасын сыға сыбырлап.
...Өздері мынандай күйге душар боп жатқанда, көзге шыққан сүйелдей
болмайық деді ме əлде, шынында, қараңғылық түскенін күтті ме,
Əубəкірдің үй іші кеш бата үдере қозғалды.
– Көміршіде кішкене аялдармыз, – деді Əубəкір Тілеуліге. – Қытай бізге
қай құшақ жайып отыр дейсің? Малымызды сақтамасақ, жанымызды да
сақтай алмаспыз.
– Жолың болсын! Тірі жүрсек, жолығармыз.
...Шəйінің жағдайы үрейлерін ұшырып, Тілеуліден өзгенің бəрі түнімен
көз ілмей, таңға жуық қана талмаурап жығылған. Əкесінің үй сыртынан
жөтелгенін естіп, Шəйі орнынан ұшып түрегелді. Əкесінің далаға өзі
шыққанына қуанғанынан жүгіріп шыға жаздап, кешегі кесапат есіне түсіп,
қалт тоқтай қалды. Шықса, бəрін əкесі бет əлпетінен біліп қоятындай
көрінді. Жылап жіберем бе деп, өзіне де сенбеді. Сол сəт Тазабекті тағы
есіне алды. Бəрінен бұрын ол қайтер екен? Орыс арамдады деп, алмай
кететін шығар?
***
Бұлар жоқта бір тосын жағдай болғанын Тазабек Жүзік пен Шəйінің
бет-жүзінен байқады. Бірдемені бүлдіріп алғам жоқ па дегендей, Жүзік
Шəйіге əдеттен тыс жалтақтай берді. Ал Шəйі оған білінер-білінбес
қабағын түйеді.
– Əпке, қайта-қайта Шəйіге жалтақтай бересіз, екеуің бірнəрсе
жоғалтып алған жоқсыздар ма?
– Жоғалтқанымыз жоқ, бірақ жоғалтып ала жаздадық. Құдай оңдап,
Əубəкір ағаның арқасында аман сақтап қалдық.
Жүзіктің тұспалынан Тазабек бұл жолы кəдімгідей тіксінді. Қырғыз
оташы Тілеуліні қарап жатқанда, Жүзік Сопыйаны оңашалап отау үйге
алып кірді. Артынша Шəйіні шақырып алды. Соның бəрін сырттай
бақылап тұрған Тазабек: «Əй, мыналары бекер емес-ау?» – деп түйді.
– Əубəкір дұрыс емдепті, – деді қырғыз оташы сыртқа шығып. –
Айтпады ма, оның түрмеде тиген оқтарын мен алып бергем.
– Оны сұрайтындай болмадық. Асығыс Қытайға қашып барады екен, –
деді Ағынтай ақталғандай болып.
Сол арада Сопыйа да отаудан шыға кеп Тазабекке жымың етті:
– Келіншегіңіз шақырып жатыр, аға.
Шəйі жылап, Жүзік оны құшақтап отыр екен.
– Кел, – деді Жүзік қатқылдау үнмен, – келіншегіңнің қасына отыр.
Шəйі жеңгесіне қабағын шытып шамдана қарады. – «Ел құлағы – елу»
деген. Бəрібір біреуден естисің. Дүдəмəл болмас үшін, бəрінің басықасында болған менің өзімнен есті.
Тазабектің тұла бойы тастай суынып кетті. Бірақ сыр алдырмай,
сазарып тыңдады. Жүзік айта бастағаннан-ақ Шəйі бет-аузын орамалымен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əй, дүние-ай! - 05
  • Parts
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Total number of words is 3923
    Total number of unique words is 2185
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2127
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2177
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2152
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Total number of words is 3957
    Total number of unique words is 2306
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2173
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2172
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2149
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2162
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2061
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2080
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2106
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2137
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2223
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2217
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2175
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Total number of words is 4025
    Total number of unique words is 2146
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Total number of words is 2955
    Total number of unique words is 1688
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.