Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 09

Total number of words is 3977
Total number of unique words is 2162
35.5 of words are in the 2000 most common words
50.0 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
айналып кетеді-ау, сірə?! Бір келгенінде Жүзік өңі қашып, үрейленіп қарсы
алды.
– Не болды? Өңің қашып кетіпті ғой? – деді Тазабек тіксініп.
– Ойбай-ай! Жаңа ғана баяғы екі жауыз орыстың біреуін көрдім, – деді
дəл сол орыс алдында тұрғандай қалшылдап. – Екеуміз де бір-бірімізге
бажырая қарап қалдық. Таныды, иттің баласы. Ол атты, мен жаяу. Тап
береді екен деп, тізем дірілдеп, жығылып қала жаздадым. Өтіп барып,
артына бұрылып қарады. Сыртымнан қай қораға кіргенімді бақылады ма,
жоқ па, онысын білмеймін, мен артыма қараудан қорқып, үйге зорға жеттім.
Əй, бекер келген екеміз Жалаңашқа. Менің күйеуім екенін білсе, ол
алдымен, құдай біледі, Табайды өлтіреді. Балаларға да зиян жасай ма, кім
біледі. Сен сақ болшы. Енді бізге көп келе берме. Көзіне түссең, сені
аңдиды. Жалғыз-жарым қазақты көзге түспейтін жерде орыстар өлтіріп
кетіп жатқан көрінеді. Ондай сөзді осындағылардан күнара естиміз.
– Көргенің қайсысы?
– Жирен мұрт жастауы. Шілтиген арық. Көзі бірақ өңменіңнен өтеді:
сондай суық, ызғарлы.
– Менен бұрын Табайды сақтандыр, өзіне де, балаларға да абай болсын.
Тағы бірер күннен кейін Тазабек Жалаңашқа келіп, кештеу, бірақ күн
батпай қайтты. Тоғызбұлақты басып, Жылысайға Ақтоғай арқылы өтпек
болды. Ақтоғайға жете бергенінде күн батты. Неге екенін, «Сен сақ
болшы» деген Жүзіктің сөзі есіне түсті. Жан-жағына қарады. Қараңғы
түскенше Ақтоғайдан өтіп кетерін болжады. Атын тебініп, жеделдете
жүрді. Əлдебір сақтықпен төменгі өткелге бұрылмай, Сарқамыс жаққа
өрлеп кетті. Сол сəт өткел жақтан мылтық тарс ете қалды. Зың еткен оқ
желке тұсын жанай өтті. Өлімнің үрейі өне бойын мұздатып жіберді. Жалт
қарап, мылтық кезенген екі аттының өзен жақтан шыға келгенін көрді де,
тұра шапты. Екінші оқтың атылғанын ту сыртымен естіді. Сарқамыстың
қорысына кіре бергенде, үшінші оқ тап қасындағы шырғанақты кірш
еткізіп қиып түсті. Ажалдың айналсоқтап жүргенін жүрегімен сезді. Қалың
ағаштың арасында жол – біреу, адастыра алмайды, атпен тығыла да
алмайды, не істеуі керек? Не де болса тəуекел деп, Шарын өзенінен
өтпестен атынан қарғып түсті. Көк шұбарды қамшымен бір-екі салып
жіберді де, өзі оң жақтағы Ақтоғайдың қалыңына қойды да кетті.
Қуғынның келіп қаларын болжап, онша ұзамай жата қалды. Екі орыс
қырық-елу қадам жерден қоқаңдап өте шықты. Орнынан тұрып, аңның
жымы ма, малдың ізі ме, бір таптаурынға түсіп, өрдегі Мойнақтың
жотасына қарай тартты. Тоғай бір жерде шалаң, бір жерде қалың,
жалтақтап, сақтана қашты. Біраздан кейін ойлана бастады. Екеулеген орыс
құтқармауы мүмкін. Ақыр өлетін болған соң, жастығымды ала жатып, тым
құрыса біреуін мен де өлтірейін деп бекінді. Кенет ат кіре алмайтын
қорысқа жата қалғысы келді де, ат кіре алмайтын жерге оқ кіре алады ғой
деп, қайта қобалжыды. Көкшұбардың үстінде иесі жоқ екенін көрген соң,
сөз жоқ, екі орыс кері қайтады. Сонда қайда барады, мұны қайдан іздейді?
Жаяу адам өзеннен өте алмайды, сондықтан олар мұны Шарыннан өтіп
алған соң тығылды деуі мүмкін. Бір шатасса, содан шатасады. Олай ойласа,
екінші рет шатасып, онда өзенді құлдай қашты деп қуады. Ал егер өзеннен
өтпеді деп есептесе, өткелдің тек өр жақта екенін біледі, онда өзенді
бойлай қуады. Алда-жалда оған да, бұған да дүдəмəл болса, онда екеуі екі
бөлініп, бірі өзенді құлдай, бірі бойлай іздейді. Құдай сəтін берсе, сонда
бірге бір кездесіп қалуы мүмкін.
Қараңғы түскен сайын Тазабек батылданайын деді. Қаша-қаша
тоғайдың шетіне жақындады. Өргі өткел осы арада. Жаяу адам тоғай
ішінде байқалмайды, ал атты адам алыстан қараңдайды. Олар бұдан
қарсылық күтпейді, қашқынның мақсаты тек қашу, қəйтсе де құтылу деп
санайды. Соны пайдалануы керек. Өткелдің тұсына келіп біраз ойланды.
Қуғын арғы беттен келсе, осы арадан бері өтеді; бергі жақтан келсе, ары
өтеді. Бұдан кейін тығылатындай тоғай жоғын біледі, сондықтан осы
арадан ұстаймыз деп сенеді.
Өткелдің бергі бетіндегі сəмбі талға көзі түсті. Шашақтары жерге
жеткенше салбырап, құрған шымылдықша дөңгеленіп тұр екен. Соған
тығылса, көрінбейтінін бірден болжады. Судан өтіп келе жатқан қуғыншы,
сөз жоқ, содан – сəмбі талдан – секемденеді. Ал жолдың екінші жағындағы
итмұрынды елемейді. Бірақ ол да бір адамды қалқалай алады. Сезіктенген
адам сəмбі талға алаңдап келе жатқанда, итмұрын жақтан атылып барып
бас салуы керек. Сол ойға бекінді де, қамшысын оңтайлап итмұрынның
түбіне тығылды.
Қараң еткен аттылыны Тазабек арғы беттен байқады. Қол-аяғы суынып
қоя берді. Ол – атты, бұл – жаяу. Оның мылтығы бар, бұл құрқол:
қамшысынан басқа қаруы жоқ. Оның алдында Тазабектің жазығы жоқ, ал
ол мұның бүкіл қайын жұртын қырып салып, алғалы отырған əйелін
зорлады. Онымен қоймай, енді өзін өлтірмек. Қазір қайсысы қателессе, сол
өледі. Ол да сақ, бұл да сақ. Бəрін сəттілік шешеді.
Өткелден өтіп келе жатып, қуғыншы сəмбі талға жалтақтай берді. Ол
өзеннен өте шыққанда, Тазабек итмұрынның тасасынан сақпанша атылды.
Сол қолымен атының шылбырынан шап берді де, оң қолымен етегіне
жармасты. Мылтықтың дүмімен ұрмақ боп, орыс қолын көтере бергенде,
бұл қамшымен қақ бастан бір тартты. Мылтығы қолынан сусып, жирен
мұрт екі бүктетіліп ердің қасына құлады. Тазабек аттан жұлып алды да,
кеудесін тізесімен басып тұрып, шылбырдың бір ұшын кеңірдегіне орап,
екінші ұшын ышқына тартқанда, қылғынған орыстың тыпыр етуге ғана
шамасы келді.
Тазабек тез қимылдады. Əуелі орыстың атын ағашқа байлап қойып, өзін
көтеріп апарып өзенге ағызып жіберді. Сонан соң мылтығын алып, атына
мініп, өткелден арғы бетке өтті. Екінші орыс аман кетсе, тағы тыныштық
болмайтынын түсінді. Сондықтан енді соны аңдыды. Егер ол өзеннің
төменгі жағына кетсе, ол арадан мұны таппаған соң, сөз жоқ, кері оралады.
Оралады да, серігін іздейді. Іздегенде, осы өткелге келмегенде, қайда
барады?
Сол ойы дұрыс болып шықты. Біраз жүрген соң қарсы алдынан атты
адам қарайды. Танытпау үшін, Тазабек ердің үстіне етпеттеп жатып алды.
Ол мұны өз серігім деп ойлап:
– Ты чо? Чо с тобой? – деді дауыстап.
Тазабек тым жақындасам, танып қояр деп, басын көтере беріп атып
салды. Анау ыңқ деді де, жалп ете қалды. Көтеріп апарып оны да, екі
мылтықты да Шарынға лақтырды. Сол арада екі аттың ер-тұрманын,
тоқымын сыпырып алып, өзі мінген аттың жүгенінен басқасын түгелдей
өзенге ағызып жіберді. Бос атты қуып жіберді де, өзі екінші атты жайдақ
мініп Жылысайға жетіп алды. Сонан соң оның жүгенін, шылбырын
бəкісімен турап-турап тастың астына бастырып кетті. Ауыл маңын айнала
қарап жүріп, Көкшұбарын жайылып тұрған жерінен тауып алды. Аман
келдің бе дегендей, аты оқыранып қарсы алды.
– Жануарым! – деді жалғыз куəні басынан құшақтап. – Бір аман қалуын
қалдым, алда екеумізді əлі не күтіп тұрғанын кім біледі?!
***
Жалаңашқа барсам ба, бармасам ба деп, Тазабек көп толқыды. Бармаса,
бəрінен бұрын Кобзев күдіктенуі мүмкін; барса, Жүзікке бəрін өзі білдіріп
қоюы кəдік. Ары ойлап, бері ойлап, «Жарайды, Жүзік білсе, біле берсін», –
деп шешті.
Табайдікіне кіріп, Əбенді бетінен сүйіп жатқанда, Кобзевтің кіші
баласы келіп:
– Сізді əкем шақырып жатыр, – деді.
Жүзікпен жүре амандасты да, шыға жөнелді. Кобзев қулана көзін
сығырайтты.
– Сенде, осы, мылтық бар ма?
– Бар. Аңшылық жаса деп Василий Бербитский ескі қосауызын берген.
– Сен онымен адам атып көрген жоқсың ба?
– Бір-екі рет оқталдым, бірақ реті келмеді.
– Құпия болмаса, айтшы, қай кезде оқталдың?
– Бірінші рет əкемді атып кеткенде. Екінші рет ата-енемді, қайнағам
мен оның екі баласын өлтіріп, өліктерін үй-мүлкімен бірге өртеп кеткенде.
– Оларды кім өлтіргенін білемісің?
– Əкемді өлтірген Кірəпшіңкенің əскері, ал əйелімнің əке-шешесі мен
бауырларын өлтірген – Жалаңаштың екі казак орысы. Олардың аты-жөнін
де, түр-түсін де білмеймін. Өйткені өзім оларды көргем жоқ.
– Көрсең, кəйтер ең?
– Өлтірер ем.
– Дұрыс. Сенің орныңда болсам, мен де сөйтер ем. Ал енді екеуміз
былай келісейік. Сен бұдан былай бұрынғы кегіңді ұмыт. Кінəлі екі казак
орыс өлді, кім өлтіргені белгісіз. Оларды сен өлтірсең де, мен сені
кінəламаймын. Өйткені олар өзіне тиісті жазасын алды деп санаймын.
Олардың ондай адам екенін мен де білетінмін. «Сақтықта қорлық жоқ»
дейсіңдер қазақтар. Сақтанып, мылтығыңды бұдан былай тақымыңа баса
жүр. Əсіресе айдалада. Қаруыңның бар екенін білсе, кім де болса
қаймығар. Ал егер менің тілімді алсаң, жағдайың келсе, не Жалаңашқа –
Табайдың қасына, не Тоғызбұлаққа –Байғабылдың қасына қыс түскенше
көшіп ал. Сенің Жылысай мен екі арада жалғыз жүре беретінің маған
ұнамайды. Жаным ашыған соң, сенің мына туыстарыңды жақсы көріп
қалған соң айтып отырмын мұны. Адамның адамға жаны ашуы керек қой,
солай емес пе?
– Солай. Шешеммен ақылдасып көрейін. Табайдың əйелі – менің қатты
сыйлайтын адамым. Əйелім де оны менен артық көрмесе, кем көрмейді.
Солар үшін ғой екі арада шапқылап жүргенім.
– Оның жақсы. Адамды сыйлаған адам – жақсы адам. Мен де сені сол
үшін сыйлаймын.
...Жүзіктің зəресі ұшып отыр екен.
– Неге шақырыпты? – деді табалдырықты аттар-аттамастан. Жағдайды
Тазабек түсіндірген соң, Жүзік оның бетіне бір сəт сезіктене қарады. –
Бəсе, біраздан бері көрінбей кетіп еді. Шыныңды айтшы, сенің ешқандай
қатысың жоқ па? Осы жолы бізге ұзақ келмей кеттің ғой?
– Оларды мен өлтірсем, кегімнің қайтқаны; басқа өлтірсе, құдайдың
жазасын бергені; ал саған керегі олардың өлгені емес пе? Сондықтан оны
сөз қып қайтесің, одан да көшіп келейік пе, жоқ па, соны айтсаңшы.
– Оны Қожабек ағамен ақылдассаңшы, көпті көрген кісі ғой.
...Қожабек бірден құптады:
– Салт басты, сабау қамшылы емес, мал-жаның бар адамсың, Жалаңаш
саған қол болмайды. Тоғызбұлақ таяқ тастам жерде, менің ақылымды
алсаң, Байғабылдың қасына көш. Айналасы ашық, мал ұстауға қолайлы.
Осы ойды шешесі Қалиша да, ауылдың ақсақалы Əділбек те құп көрді.
Шəйі тіпті қуанып кетті. Сөйтіп қарашаның қара суығында қауырт көшетін
болды. Ауылымен қоштасып, ағайындарын шайға шақырды. Əділбек
ақсақал күтпеген қошемет көрсетті:
– Жас болсаң да, бізге бас болдың, – деді Тазабекке. – Бірігіп жүрсек,
басқаға жем болмайтынымызға көзімізді жеткіздің. Саған арқа сүйеп ары
өттік, аман-есен бері өттік. Біреуден ілгері, біреуден кейін күн кешіп
жатырмыз қазір. Бас аман болса, бəрі бірте-бірте орнына келер. Өз
отауыңды өзгеге беріп, алыс-жақынның жағдайын жасап жатқаныңды
бəріміз де көріп-біліп жүрміз. Сенің де басыңа адам төзбейтін теперіштер
түсті. Сасатын жерде саспадың, жүнжитін жерде жүнжімедің. Өзің түгіл,
өзгенің қамын жедің. Мен əкеңнің бауыры əрі өзіңнің ағаң ретінде саған
дəн ризалығымды білдіріп, кенже ұлымның жаңа отауын келін екеуіңе
сыйладым. Оны сен менің ғана сыйым демей, осында отырған өзіңе барша
ағайынның сый-сияпаты, құрметі деп түсін.
Тазабек не дерін білмей, тек. «Ой, аға! Ой, аға!» – дей берді.
– Ал, қайным! – деді Əділбектің əйелі əңгімені əдейі жылдам
жалғастырып – Мен саған кəрі даусыммен бір əн салып берейін.
Дүние – қызыл түлкі бұлаңдаған,
Бақ тайса, ерге дəулет құралмаған.
Күніне мың бір пəле жолықса да,
Сонда да күдер үзбе бір алладан!
– Мың жасаңыз, жеңге! – деп, Тазабек келіп құшақтап жатқанда, Шəйі
жеңгесінің басына ақ түбіт шəлі əкеліп жапты.
Жұрт мерекеге тап келгендей мəз-мейрам болысты.
***
Байғабыл Тазабектің екі үйін өз қасына қондырды. Келген күні-ақ
ерулікке шақырды. Кішігірім той жасағандай құрметтеп, Қапезге əн
айттырды. «Балам, шешең екеуміз ас-суымызды бердік, енді сен əніңді айт.
Бауырларыңды бауырыңа тарт!» – деді. «Сізден рұқсат болса, неге
айтпайын?!» – деп, Қапез домбырасына дереу қол созды. Көзін жұмып, сəлсəл теңселіп, ұзақ үнсіз тартты.
Мұңды сарынды Тазабек тітіркене тыңдады. Қапез қабағын шытты.
Домбырасы кенет қатқылдау үнге көшті де, артынша Қапездің даусы
арқырай жөнелді:
– Шалтабай – менің атым, əкем Алпар,
Өлеңге жас кезімнен болдым іңкəр.
Орыстың мың солдаттық бағасындай,
Тазекем өтіп кетті-ау қайран сұңқар.
Менің атым Шалтабай,
Асылдан соққан балтадай.
Үй кеңейіп далаға айналып кетті ме, дала үйге кіріп, үй кеңейіп кетті
ме, Тазабек түсіне алмай қалды. Қапездің əн айтысы адамды сыйқырлап
тастайды екен. Соншалық əсер еткен сөзі ме, əні ме, ажырата алмай қалды.
«Қазаққа атым шыққан қыран едім, Қайрылып қанатымнан жарға қондым»,
– дейді қайран Шалтабай атам. Тазабек ағасының өзін де, заманын да
аңсайды. Атын ардақтаған қазағы араша түсе алмайды: шарасыз. Өз елін,
өз жерін қорғағаны үшін жазықты. Бəрінен түңіліп, бəрінен күдер үзіп,
дауысым құдайға жете ме деп кіжіне бұлқынады.
Домбырасын үнсіз күйледі де, Қапез екінші əнді шырқай жөнелді:
– Ауылым көшіп барады таудан асып,
Таудан асқан бұлтпенен араласып.
Көштің соңы кеткенде көкке сіңіп,
Бауырымды жыладым жерге басып.
Əридай, көкем,
Бір кеткен соң көкемді
Көрер ме екем?!
Əрі сағынған, əрі өкінген сезімді Қапез соншалық бір айрықша əуенмен
жеткізді. Тазабек түсінді: əнге қосып өз мұңын да шақты. Өзі де байқамай,
Тазабек қатты күрсініп қалды. Қапез бетіне жалт қарады. Жанары жалт ете
түсті. Тазабек ыңғайсызданып, қозғалақтап қалды.
– Жалаңаштың тауынан кекілік қудым,
Жеткізбейтін болған соң, секіріп қудым.
Көшіңе ерген көңілімді жұбата алмай,
Жалаңаяқ соңыңнан өкініп қудым.
Қайран еркем,
Қайта айналып өзіңді
Көрер ме екем?!
Тазабек алкүрең тартқан Қапезге тесіле, сыр тарта қарады. Анандай
сөзді ешбір əнші əншейін айта салмасын сезді.
– Қайран еркем,
Бір көрмей-ақ өзіңді
Өлер ме екем?!
– Болды! Қайдағыны айтып кеттің, – деді Байғабыл жақтырмай.
– Мен емес, əке, ел ғой бұл əнді шығарған.
– Е, мен де бірдеме білем, елдің əнін жамылып, өзіңнің сырыңды айтып
отырсың.
Байғабыл Тазабектің ойын тап басты: əуен елдікі болғанмен, ондағы
мұң Қапездікі еді. Сол жорамалын анықтай түсу үшін, сыртқа шыққанда
Қапездің өзіне сауал тастады:
– Бір ғажап қыздан айрылып қалғансың-ау, сірə?
– «Ғажап» деген жай сөз ғой, ол құдірет болатын. Оны көрген сайын
мен қайта туғандай болатынмын.
– Ендеше неге айрылдың?
– Ілім іздеп Ыстамбұлға кеткеннің өкініші ғой!
Осы күннен бастап Тазабек Қапезді əулиедей сыйлайтын болды. Оның
шырқаған кезі тұрмақ, ыңылдап əн салған сəтінің өзі жүрегін суырардай
сүйсінтетін. Не деген сиқырлы дауыс?! Мамық үн, асқақ сезім, мұңды
өкініш, ерке мінез, тапқыр ой, назды қылық, сыпайы пейіл – бəрі оның
əнінен, түрленген үнінен сығалап, сезіліп тұрады. Ашық-жарқын адалдығы
мен даусының мөлдір тазалығы астасып, адамды еріксіз баурап əкетеді.
Адам түсінбейтін бір құдіреті бар.
Қарағай кесісіп, мал қорасын жасасып, Қапез көп көмектесті. Біраз жас
кішілігіне қарамай, Тазабекпен тең құрбысынша қалжыңдасып кетті.
Көршілерінің пейіл-ықыласын көріп, Қалиша мен Шəйі құтты қоныс
таптық деп риза. Жұмыстың ауыры мен жеңіліне қарамастан, Қапез ылғи
ыңылдайды да жүреді. Анда-санда даусын шығарып: «Ажарың аппақ екен
атқан таңдай», – деп, көз алдына келіп бір сұлу тұра қалғандай, басын
шайқап, таңдайын қағып қоятыны бар. Екі-үш рет байқады: Шəйінің ту
сыртынан көз алмай қарап қалады.Қызыға ма, сүйсіне ме, неге өйтеді?
Тазабек ыңғайсызданып, байқамағансиды. Бірақ ұрлық жасап қойған
адамша көпке дейін өзіне өзі келе алмай жүреді. Ақыры бір күні айтып
салды:
– Жеңгеңе қарағыштай бересің, қызығып жүрсің-ау, шамасы?
– Қап, байқап қалдыңыз ба? Ұят болды-ау! Шəйінің сəл қара торылығы
болмаса, бүкіл тұла бойы мен айрылған адамнан айнымайды екен, Тəке.
Əсіресе кісінің ішін көріп тұрғандай жалт қарайтыны ғажап ұқсайды.
Жадылап қойғандай, ұмыта алмай-ақ қойдым соны. Қалай екен, бір көріп
қайтайыншы деп, өткенде ауылына да бардым. Ешкім білмейді. Қытайға
қашып баруын барыпты, бірақ қайтпай қалған сияқты. Күйеуі қызғанып,
əдейі сөйтті ме деп те ойлаймын. Өзім есеңгіреп жүріп, көңіліңізге келетін
қылық жасап қойыппын, айып етпеңіз, Тəке!
– Е, қайдан білейін, əйеліңнің əдемі болғаны да бір пəле екен-ау! – деп,
уайымдап қалып ем.
– Уайымдамаңыз, Тəке! Жаманға жаман қалай ұқсаса, жақсы да
жақсыға солай ұқсайды екен, Шəйі жеңгемді көрген сайын қандай
асылымнан айрылғанымды біліп, жұртта ұлып қалған иттей көңілім аяқ
асты бұзылып кетеді. Өзіме өзімнің шамам келмей қалады.
– Онда со қызды елестетіп бір əн айт!
– Айтайын. Өзімнің де айтқым келіп тұр.
«Ажарың аппақ екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай...»
«Қандай ғажап!» – деп таңданды Тазабек. Сағынышын да, іңкəрлігін де
– бəрін əуенмен жеткізіп, еркелетіп, аялап, бар дүниені табанына төсеп
тастағандай айтады. Шіркін-ай, өстіп Шəйіге бұл да бір əн арнаса-ау!?
***
Бір түні Шəйі Тазабекке тосын қылық көрсетті.
– Жалаңашқа неге сенің жақын келгеніңді ішім сезеді, – деді төсіне
алақанын салып. – Еркектің көр-жерді əйеліне айта бергенін ұнатпаймын.
Сондықтан құпия сақтағаныңа ренжімеймін. Бірақ сенің кейбір сырыңды
сезіп жүрем. Сенің амандығыңды өзімнің амандығымдай көрген соң, кейде
қəуіптенем. Жақында Жалаңаштың екі орысы із-түзсіз жоғалып кетіпті.
Оны осы өңірдің орыстары да, қазақтары да айтып жүр. Сол баяғы Жүзік
екеумізге жабылған жауыздар көрінеді. Соңғы кезде түсіңде шошитынды
шығардың. Мен соған қарап, солардың жоғалып кетуіне қатысың бар-ау
деп шамалаймын. Жүзіктің айтуына қарағанда, менің əке-шешем мен
бауырларымды өлтірген, өлтіргенімен қоймай өртеген, өзімді зорлаған
солар көрінеді. «Батыр – бір оқтық» деген ғой бұрынғылар, байқап,
орыстардан аулақ жүрсеңші! Заң да, заман да солардікі боп тұрған жоқ па?
– Ондай оймен басыңды қатырып қайтесің? Бар жаудан жоқ жау жақсы
емес пе? Екі орыс өлді екен деп, бүкіл қазақты орыстар қырып
тастамайтын шығар? Қазақтың да талайы талай жерде өліп жатыр ғой.
Менің мылтығым бар екенін Жалаңаштың барлық орысы біледі. Қазаққа
керек жан орысқа да керек. Сондықтан мен олардан қалай сақтансам, олар
да менен солай сақтанады. Соның өзі – мен үшін жеңіс.
– «Аңдыған жау алмай қоймайды», аңдыспасаңшы! Сенен басқа менің
тірегім де, панам да жоқ. Менің сенімен өткізген ең бақытсыз күнім өзге
əйелдің ең бақытты күніне бергісіз. Сенің бағаңды білуден, қəдіріңе
жетуден басқа менде бөтен ой жоқ. Денемнің титімдей түйіріне дейін сені
аңсап, сағынып тұрады. Көрмеген қорлықты көріп, тартпаған азапты
тартып, не өлі емес, не тірі емес шалажансар күйде жатқанымда, «Егер осы
сөзіңді елдің көзінше тағы айтсаң, онда, шынында, өлтіріп кетем!» – деген
өктем дауысың мені көрден суырып алғандай əсер еткен. Мен оны өлеөлгенімше ұмытпаймын! Еркектік өрлігіңе, кесіп сөйлейтін мəрттігіңе мен
ақыл-санаммен бейілмін. Бағыма жолыққан байым деп тəубə қылам. Өзіңе
жолықтырған Жүзікке сол үшін ризамын. Жаныммен, тəніммен, өне
бойымда не бар, соның бəрімен сені өліп-өшіп жақсы көрем. Сондықтан
сенен айрылу – мен үшін тек өлім. Осыны ұмытпашы, жаным! Жалғызым!
Тазабектің көзіне үйірілген жас көмейіне құйылып, түйір тамшы
тамағына кептеліп тұрды да қалды. Қапезге сенер-сенбес күдікпен
жүргенінде, Шəйінің мына қылығы қорғасыннан бетер балқытты.
– Жаным! – деді үні қырылдай шығып. – Ақылдым! Құшақташы!
– Алдымен өзің құшақташы! Сен еңкейіп, төніп келе жатқанда, өне
бойым күн еңкейіп келе жатқандай қуанады. Соны білесің бе, Тəйкентай?
– Бұдан былай білем, Шəйкентай! Ашшы құшағыңды, күнің еңкейіп
келе жатыр, жаным!
– Еңкейші, жаным, келші! Еңкейе берші!
***
Кеген, Жалаңашқа қарашаның ортасында қар түсті. Қазақ пен орыстың
арасы қатты ушықты. Соңғы кезде Жалаңаштың айналасынан ғана алты
қазақтың өлігі табылды. Түнгі жүрістен қазақ пышақ кескендей тыйылды.
Үрей үлкен-кішіні түгел биледі. Тірі жүргеннің бəрі əзірше ғана тірі
жүргендер секілденді. Қай қазақтың да болашағы орыстың қолынан өлу
тəрізденді.
– Күніміз күн болмай қалды ғой, қайтеміз? – деді Тазабек Қапезден сыр
тартып.
– Қайтушіек? Төземіз, – деді ол да осы сұрақты күтіп жүрген адамша
жұлып алғандай жауап қатып.– Əрбір адам сияқты халықта да тағдыр деген
болады. Қазақтың тағдыры осындай. Орыстар бізді сыйламайды, тіпті көбі
адамға санамайды. Неге? Өйткені олар бізді менсінбейді. Қазақ жерінде
тұрғанмен, қазақпен олардың ешқандай рухани, мəдени байланысы жоқ.
Тарихымызды, салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрпымызды білмейді. Кейбіреуі
бізде ондай халықтық ерекшелік бар деп ойламайды да. Өйткені бекерденбекер бізді жабайылар демейді ғой? Тарихы, өнер-білімі, салт-дəстүрі,
ештеңесі жоқ халықты, өзің ойлашы, олар не үшін сыйлайды?
– Өй, Қапез, сен не айтып тұрсың? Сонда олардың бізді адам
санамағаны дұрыс па?
– Əрине, дұрыс емес. Бірақ оларды қайтіп өзімізбен санасатындай
қыламыз? Ол үшін біз алдымен солардан үйренуіміз керек. Осыншама
орыс жердің түбінен неге осы араға келіп жатыр? Орыс мемлекетін
күшейту үшін. Оның жеріне жер қосып, үлкейту үшін. Ал қай қазақ
қазақты күшейту үшін бірдеме істеп жатырмыз? Өз басымыздан асып
жатқан бізде ештеме жоқ. Бəрі қара басымыз бен қарнымыздың қамы үшін.
– Ойбай-ау, енді қазақ өз жерінде отырғаны үшін де орысқа жазықты
ма?
– Қазақтың жазығы əлсіздігінде, білімсіздігінде, күштіге қарсы
тұратындай қауқарының жоқтығында. Не патшасы жоқ, не əскері жоқ
қазақты, өзің ойлашы, кім қорғайды? Қорғаусыз жатқан елді патшасы бар,
əскері бар орыс келді де алды. Өзі мемлекет құра алмаған елді мемлекеті
бар ел бағындырды. Біз бірікпедік, бір-бірімізге бағынбадық, өзіміз секілді
бір бауырымызға бағынғанды қор санадық. Ақырында жат жұртқа жем
болдық. Бұл – бір күннің немесе бір жылдың емес, ұзақ жылғы
алауыздығымыздың нəтижесі. Бірігетін кезде бірікпедік, бір-бірімізді
қолдайтын кезде қолдамадық, енді соның зардабын тартып отырмыз. Осы
күйімізге жазықты ата-бабамыз баяғыда жер астында жатыр, олар бізге
жауап бермейді, біз оларды жазықтай алмаймыз, бірақ соларға сыйынамыз,
соларға құлшылық жасаймыз: «Ата-бабамыздың аруағы, қолда!» – деп.
Міне қазақтың жағдайы осылай.
– Сонда осы бағынғанымыз бағынған ба? Ел болудан біржола қалдық
па?
– Оны айта алмаймын. Бүкіл халықтың тағдыры тұрмақ, өзімдікін де
болжай алмаймын. Кəзір орыстың аз кезінде күніміз мынандай болса, кейін
олар көбейгенде қандай болатынын бір құдай білмесе, мен білмеймін.
– Сенің сөзің кісінің зəресін алатын сөз екен. Олардікі дұрыс болса да
дұрыс, бұрыс болса да дұрыс болады деші.
– Дұрыс айтасың. Зорланған қыздай өзіміз жылап, өзіміз жұбатып, кінə
зорлаған адамда емес, зорланған қызда деп, өзімізбен өзіміз кінəлесіп
өтетін шығармыз, кім біледі?!
– Қайдағыны айтып, көңілімді құлазытып жібердің ғой, тегі. Қазақтың
жағдайын «Жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өледі, таспен жапалақты
ұрсаң да жапалақ өледі» қылдың. Шынымен-ақ қазақтың ешқандай
болашағы жоқ па?
– Жоқ деуге аузым бармайды. Өйткені болашақты болжай алмаймын.
Ал бірақ жағаласып, өліспей беріспеуге қазақтың мүмкіндігі бар.
– Қандай?
– Өзің ойлашы, аңдысқанда, ақылды жеңе ме, қу жеңе ме?
Тазабек тез жауап бере алмай ойланып қалды.
– Мына сұрағың жұмбақ сықылды екен, ит біле ме қайсысы жеңетінін?
– Қазаққа осының екеуі де керек. Аңқаулығына, еренсіздігіне мақтана
бермей, алды-артын ойлайтын, болжайтын дəрежеге жетуі керек. Қазақтың
қолынан келетін ең басты қару – қайтсе де азаймау. Азайды бітті, бəрінен
айрылады. «Екі ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болады» дейді ғой, тура солай
болады: он алтыншы жылдың ең ауыр зардабы сонда, қазақ мүлде азайып
қалды. «Патшаның жарлығына қарсы болдың» деген сылтаумен
жазықтыны да қырды, жазықсызды да қырды. Еркек-əйел, бала-шаға деген
жоқ, бəрін, малға дейін қырды. Əдейі азайту үшін, жер бетінен жойып
жіберу үшін қырды. Бұдан былай қыңқ етпесін деп қырды. Былайша
айтқанда, жағдайды жақсы пайдаланды. Қырылған қазақтың орны енді
ешқашан толмайды. Көп жыл өткен соң, көбейсе көбейер, бірақ
бұрынғыдай қаулап-қаптап өспейді: өлгендердің орны үңірейеді де тұрады.
– Сонда қалай, өсіп-өну үшін, патша жарлығына қарсы шықпауымыз
керек пе еді?
– Қарсы шықпасақ, əрине, дəл бұлай қырмас еді. Онда өзіміз өлмесек
те, намысымыз өлетін еді, орыс қоныстанушылары басынып, бұрынғыдан
бетер ағылатын еді. Өзің ойлашы, қазір қазақ бұрынғыдан біраз өзгерді: сен
бізді өлтірсең, біз де сені өлтіре аламыз дегенді аңғарта бастады. Оны мен
халықтың ояна бастағаны деп білем.
– Қырылмай тұрып оянудың жолы жоқ па еді?
– Бар еді, əрине. Бірақ оған көпшіліктің көзін жеткізу – өте қиын жəне
өте ұзақ іс. Ол жол – ағартушылық. Оның мəнісі – оқыған, білімді
адамдардан үйрену, солардың соңына еру. Ал бізде білім де, білімді де аз.
Сондықтан бір-бірімізді тыңдамаймыз, өйткені бір-бірімізді түсінбейміз.
Түсінбейтін себебіміз – білімдінің айтқанын білімі жоқ адам ұқпайды.
Ұқпаған соң, құптамайды.
– Қазаққа оқы деп жатқан да, оқыма деп жатқан да ешкім жоқ, қалай
білімді боламыз? Өзің құсатып баласын Ыстамбұлда оқытатын қай
қазақтың жағдайы бар?
– Дұрыс айтасың: оқыма деп те, оқы деп те жатқан ешкім жоқ. Демек
бұл жағдай өзімізге байланысты: өзіміз де оқуымыз керек, балаларды да
оқытуымыз керек. Бірақ балалар оқысын деп, кірпіштен мектеп салып
берген қай албанның байын білесің? Білмейсің. Мен де білмеймін. Жан
бағу үшін, əрине, байлық керек. Алайда мықты халық болу үшін, білім
керек. Білімді халықпен бəрі санасады. Білімсіз халықты бəрі алдайды,
ешкім менсінбейді.
– Мұның құлаққа кіреді. Менің де оқығым келеді. Бірақ қайда барып
оқимын? Орыс мектебіне барам ба?
– Қазақ оқысын деп, мектеп салып жатқан өкімет жоқ. Мектеп те,
өкімет те орыстікі. Бірақ соған қарамастан жағаласып, таласып, өзіміз
мектеп ашып оқымасақ, орыстың көлеңкесінде осы қалғанымыз қалған.
Патшасы, əскері бар халыққа бағынбасқа бізде амал жоқ. Күшті күштілігін
көрсетпей тұра алмайды. «Патшаға қарсы шықты» деген сылтаумен,
қарашы, қаншама өзіне пайдалы істерді жасап жатыр? «Орыстың қаны
төгілген жерлерді орыстарға біржола береміз», – деп, қырғыздың қаншама
жерін, қазақтың Қарқарасын тартып алып отырған жоқ па? «Күштінің көті
диірмен тартады» деген – осы. Оған көнсең де көнесің, көнбесең де
көнесің. Өзің қырыласың, өзің жəне жазықты боласың, көрдің бе қалай
мəжбүр ететінін?
– Қапез, сенің сөзіңнен басым айналып, зəрем ұшып кетті. Патша
өкіметі: «Əскерге адам бермедің» деп қырды, оны құлатқан өкімет бізге
құрият жариялап бостандық берді, сонда сен оған да, бұған да сенбейсің
бе? Жүрші, əңгімемізді Шəйінің шəйін ішіп отырып жалғастырайықшы!..
Екеуі үйге кіргенде, Қалиша Оралбекті ұйықтатып жатыр екен:
– Əлди, əлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Қара ала иттің құйрығын
Бөкпен етіп берейін.
Құйрық жүнін қырқып ап,
Шекпен етіп берейін.
– Міне саған мысал, – деді Қапез күліп. – Апам Оралбекті қалай алдап
ұйықтатса, орыс та қазақты солай алдап жусатады. Бала əуеннің əдемілігін
ғана ажыратады, сөзін ұға алмайды, қазақ та орыстың əдемі сөзіне мəз
болады, ал оның түпкі мақсатына зейіні жетпейді.
***
Оралбекті ұйықтатып қойып, сыртқа шыққан енесіне Шəйі өз ойын
айтты:
– Апа, əнеукүні сойған қойдың ішмайы мен құйрық майын қосып
шыжғырып алсам қайтеді? Көжеқатыққа тоңмай керек қой.
– Сөйтсең сөйте ғой. Тəйкенің шыжық жегенді жақсы көреді. Ыстық
нанмен жесін, табаны да қозға қоя сал.
– Сөйтейін, апа. Балаңыз шыжықты жақсы көрсе, шыжық берем, сонда
мені де жақсы көріп жүрер.
– Немене, жақсы көрмей жүр ме еді? Өйтіп айтпа, балам. Əркім өз
баласының сырын бүге-шігесіне дейін біледі. Сенің Тəйкенің – аумаған
əкесі. Ол марқұм да əрбір ісі мен əрбір қадамын күні бұрын ойлап, алдын
ала бəрін шешіп, пішіп қоятын. Тəйкен де дəп солай. Ол сен ойламағанды
ойлайды, өзі бекем болып алмай тұрып еш əрекетке бармайды. Одан
сезіктенбе де, күдіктенбе.
– Сіз бəрін білесіз бе, апа?
– Менің білмейтінім биттің ішінде, шырағым.
– Сонда да жақсы көресіз бе мені?
– Неге жақсы көрмейін? Балам жақсы көрген адамды менің жек
көргенім құдайшылық па? Сенің қандай жазығың бар? Сенің орныңда мен
болсам, ол қорлықты мен көрмес пе едім? Сопыйаны алғаны үшін орыстар
Қожақты ағашқа іліп, көтін аузына тістетіп кетті. Біз қыз-келіншегімізді
қынадай қырса да, бір орысты ағашқа ілгеміз жоқ. Күштінің зорлағаны –
заң, əлсіздің қорғанғаны қылмыс саналған заман болды. Мына өкімет
орнамағанда қатын-қыз ғана емес, бүкіл қазақ қорлық пен зорлықтан көз
ашпайтын еді. Қайта құдай бар екен. Бір аман қалуын қалдық, арты не
боларын бір құдай білсін.
– Бұл өкіметке де сенбейсіз бе?
– Күшті күштілігін көрсетпей тұрар деймісің? Елді əркім басқарады, əр
басқарушы əр жаққа тартады. Тартқылай берген соң, əлсіз жерінен əрнəрсе
де жыртылады.
– Тəйкен бір мені емес, бəрімізді қорғап қалды ғой, апа.
– Құдай жар болған шығар, Шəйкентай.
– Тек Оралбекке салқындық көрсетпесе екен деп қорқам.
– Көрсетпейді. Мен өз баламды сенен артық білмесем, кем білмеймін.
Аралас қаннан туған немесе асырап алған баланың тұқымы көп болады деп
отыратын əкесі. Қазақ ұлды бауырына тартады, қызбен елді
бауырластырады. Тəйкенім – сондай тəртіптің адамы. Қайта сен оны
салқындатып алма!
– Қайтіп салқындатам?
– О, құдайдың құлы-ай, сұрамайтынды сұрағаныңды қарашы. Шешең
мен Жүзік айтқан шығар. Баяғыда қазақтың Əз Жəнібек деген ханы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əй, дүние-ай! - 10
  • Parts
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Total number of words is 3923
    Total number of unique words is 2185
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2127
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2177
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2152
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Total number of words is 3957
    Total number of unique words is 2306
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2173
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2172
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2149
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2162
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2061
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2080
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2106
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2137
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2223
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2217
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2175
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Total number of words is 4025
    Total number of unique words is 2146
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Total number of words is 2955
    Total number of unique words is 1688
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.