Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 05

Total number of words is 3957
Total number of unique words is 2306
35.2 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
56.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бүркеп, əлсін-əлсін өксіп отырды. Жүзік айтып біткенде, Шəйіні бауырына
тартып, Тазабек шашынан сипап еді, қыз құшағына құлап өкіріп жіберді.
– Орыс аямаса да, құдай аяпты ғой, – деді Шəйіні құшақтап. – Əпке,
ырым-жырымыңызды күндіз жасап алыңыз, бүгін кешке Шəйіні алып
кетем. Апам мен Жəмеш күтіп отыр.
...Дереу қой сойылды, қазан көтерілді. Қырғыз кісінің ептеп молдалығы
бар екен, некелерін сол қиятын болды.
Қаншалық қуанып тұрса да, Шəйінің көңіл түкпірінен бір кірбең
құлантаза кетпей қойды. Ана екі орыстың тағы айналып соқпауы мүмкін
емес сияқтанады. Əубəкір соңдарынан біраз жер қуалап барып, біреуінің оң
қолын жаралап қайтыпты. «Қолынан мылтығы ұшып кетті», – депті.
Ондайдан кейін олар қалайша тыныш жатады? Жүзік пен Сопыйаның үйге
бірге кіріп, бірге шығып, тым шүйіркелесіп кеткені де Шəйіні күмəнге
итермелейді. Амансың деп, екеуі мұны алдап жүрмегей.
– Сопыйа, Жалаңашта көрген екі орысың қандай еді? Жирен мұрт, арық
жігіт емес пе? – деді Жүзік.
– Иə, кішісі тура сондай.
– Үлкені ші?
– Ол түксиген, түрі қорқынышты, абажадай біреу.
– Ендеше келген – сол екеуі. Айнымайды.
– Айттым ғой олардың ойы жаман деп. Тағы айналып соқпай тұрғанда,
бұл арадан көшіп кету керек. Əубəкір аға біреуін жараласа, онда олар, сөз
жоқ, пышақтарын қайрап жатыр.
Қырғыз оташы неке суын ішкізгеннен кейін Тазабек пен Шəйі ерлібайлы адам саналды. Қазан түсіріліп, дастарқан жайылды. Тілеулі ақасақал
мен Əжікен: «Осыны ұлан-асыр тойдай көріп, ұлан-асыр боп отырыңдар!»
– деген ықылас білдірген соң, кештің билігі Жүзіктің қолына көшті.
– Жəрмеңкеде əніңді жақыннан ести алмай арманда қайтып ем, өз
үйімнің төрінде көсіліп отырып тыңдайын, əтиім мен апамның да көңілдері
бір серпілсін, жаңа отау құрған екі жастың құрметіне шырқап жіберші,
Сопыйажан!
– Сөйте ғой, айналайын! Шалым шауып кетер ме екен, көңілін бір
көтеріп тасташы!
– Жүзік жеңге, қазақтың заңы бойынша, əуелі ауылдың алты ауызы
деген болмаушы ма еді?
– Сопыйажан-ай, сен де ойда жоқ нəрсені ойға салады екенсің. Енді
қайттім? Жарайды, алты ауыз айтпасақ та, бір ауызға шамамыз жетіп қалар.
Айт дегенге айта жөнелгенім дұрыс бола ма, апа?
– Бүгін сенікінің бəрі дұрыс, шырағым. Бəрін реттеп жүрген өзіңсің,
өлеңді де өзің бастап жіберсең, оның еш сөкеттігі жоқ.
– Ал кеттім ендеше!
Аңшылар тау мен тасты аралайды
Қашқан аң сай-жыраны сағалайды.
Жақсылар бір сөзімен жанды емдесе,
Жамандар сау жаныңды жаралайды.
– О, Жүзік жеңгем керемет өлеңші екен ғой?! – деп, Сопыйа мəз болды.
– Домбырамен айтып дағдыланғандықтан, жеңгемше айта беруден бір түрлі
жүрексініңкіреп отырғаным.
– Айта бер, қалқам. Балуанға оңы да бір, солы да бір емес пе? – деп,
Тілеулі демеп қойды.
– Жайлайды Іле бойын албан, суан,
Қуғаны қысы-жазы қызық думан,
Қытайға бас сауғалап босып жатыр,
Орыстың озбырлығы – бəрін қуған.
Болғанмен затым орыс, жарым – қазақ,
Ол тартқан маған да ортақ мұң мен азап.
Орыстан қазақ қашса, мен де қашам,
Қазақтың келіні деп қылар мазақ.
– Е, айналайын, айтты-ау! – деп Əжікен де, өзгелер де мəз болысты.
Əннен əнге көшіп, Сопыйа қыза келе: «Қожақ та маған қосылып
айтады», – деді. Екеуі Шаншар ақынның бұл араға кең жайылған «Сырғалы
еркемін» қосыла шырқап:
«Жүзің көркем-ай,
Күнде көрсем-ай!
Ахахай,
Сырғалы еркем-ай!» –
деп, бір-біріне еркелей жымиысты.
– Жарасып тұр-ау!» – деп қызықты Шəйі.
– Қазірше қазақты жақтаған мен жалғыз орыспын, – деді Сопыйа
қинала күлімсіреп. – Бір менің жақтағаным бір Бергтің қырған қазағын,
əрине, қайта тірілте алмайды. Алайда жер бетінде əділеттілік бар болса,
«Біз бейбіт адамдармыз!» – деп, ақ ту көтеріп келе жатқан жазықсыз көшті
қырған жауызды, сөз жоқ, келешек ұрпақ айыптайды. Бірақ ондай күн
туғанша біз тірі жүреміз бе, жоқ па, оны ешкім білмейді.
– Сен тірі жүруге тиіссің, Сопыйа. Жазықсыз қазақтың қырылғанына
сен куə болмасаң, кім куə болады?
– Жауыздар алдымен куəнің көзін құртады ғой? Мен қазір оларға
қазақтан да қауіптімін. Өйткені поштада істегендіктен, олардың Верныйға,
Жəркентке, Тəшкент пен Пішпекке əскери көмек, қару сұрап қандай хат
жолдағанын, не деп мəліметтер мен бұйрық беріп, бұйрық алғанын – бəрін
білем ғой. Бір Бергтің өзі Қарқара мен Қарақолдың арасын қан-жоса қылып
қырды. Ертең əлгі қалалардан қару мен əскер келгенде, қазақ пен
қырғыздың күні не болатынын мен тіпті болжауға қорқам. Сондықтан
көзсіз батырлық пен орынсыз намысқа бармай, бəріміз Қытайды паналай
тұрайық. Қысқасы, тойды осымен доғарып, қашуға дайындалайық.
Əңгіменің одан арғы түйінін Ағынтай айтты. Қырғыз оташы осында
қонып, ауылына ертең қайтады. Шəйіні қазір құтты орнына қондырысуға
жеңгесі Жүзік пен інісі – Ағынтайдың үлкен ұлы – Сəмен ілеседі. Ал
Қожақ пен Сопыйа, Жомарт – бəрі оларға серік болады. Мұндағы малды
ертең Екі Ашаға өзі айдап апарып қосып, Жүзік пен Сəменді кері алып
қайтады. Содан оралған бойда кідірмей бұлар да көшеді. Осында отырған
бəрі, құдай бұйыртса, Көміршіде бас қосып, ары қарай не көрсе де бірге
көреді.
...Шəйіні əкелген топ Екі Ашаға түнделете жетті. Ондағылар күтіп отыр
екен, Тазабектің бес-алты үйлі туысқаны үй ішіне əп-сəтте толды да кетті.
Шашуларын шашып, келіннің бетін ашты. Қалиша:
– А, құдай, келінімнің қадамын құтты қыла көр! – деді көзіне жас ала
Шəйіні құшақтап.
– Айтқаныңыз келсін, апа! – деді Шəйі де енесіне еміреніп.
– «Апа» деген аузыңнан айналайын! Бұ күнге жеткізген құдайдан
айналайын!
Шексіз, шетсіз қуаныштан шешесінің дүние-жұмақтың дəл төрінде
отырғанын Тазабек түріне қарап, көңілімен түсінді. Ананы қуантудың
құдірет-лəззəтін жан-тəнімен сезініп, бақыттан басы айналғандай болды.
Екі Ашаның екі сайында отырған бес-алты үйдің адамы түн ауғанша
тойласып, «Орнында бар оңалар деген. Өмірəлінің оты өшпеді», – десті.
Елді сəл де болса сергітейін деп, Сопыйа құлақ құрышын қандыра əн
салды. Алдағы күніміз қалай болады, ойнап-күліп қалайық деді ме, жұрт
майшамның майы таусылғанша тарқамады. Тазабек шешесі мен Шəйіні өз
отауына кіргізіп ақылдасты.
– Ал, келіншегім, – деді күліп, – осындағы бес-алты үй түгелдей
əкеммен аралас, қоралас өмір сүріп келе жатқан ағайын-туыс. Алар
əйелімді алдым, ендігісін өздерің біл деп, ертең үн-түнсіз қастарынан
көшіп кете берем бе, қайтем? Əлде қазір жөнімді айтып, не көрсек те бірге
көрейік, бірге көшейік дейін бе? Той үстінде олай дегенім əлде ұят бола ма?
Шынымен менен ақыл сұрап тұрсың ба дегендей, Шəйі бағжаң етіп
күйеуінің бетіне секемдене қарады. Оның сазарып сыр бермеген бетінен
ештеңе аңғара алмаған соң, жаутаңдап енесіне бұрылды.
– Менен сұрағаның не, апамнан сұрасаңшы!
– Мұндайда əкең болса қайтер еді, балам? Соны ойла да, өзің шеше бер.
Біз Шəйі екеуміз сенің соңыңнан ере береміз
Қазіргі жағдайда Қытайға қашудан басқа қайла жоғын Тазабек түсінген.
Алайда мал-мүлкі мен баспанасын тастай қашса, алдында суық күз бен
қақаған қыс тұр, халық одан қалай сақтанбақ? Ал малын айдап, көшін
қомдап қашқан қазақты айдаған малы, артқан жүгі жоқ орыс оп-оңай қуып
жетіп қырмай ма? Сондықтан ақыр қашуға бел буған соң, əрі қуғын түспей
тұрып, əрі қара суық қыспай тұрып көшкендері ақыл емес пе?
Осы ойын ортаға салғанда, бір-екеуі күңкілдегенмен, қалған ағайыны
батыл қостап, таңертең алдымен малды айдайық та, артынша үйді жығайық
десті.
– Жоқ, олай болмайды! – деп, сөзге Əділбек араласты. – Күндіз көшіп
көзге түспейік. Жалаңаштың орыстары жалаңдап аңдып жүр. Оларға
көрінбей, кеш бата қозғалайық.
– Иə, сөйткен дұрыс, – десті бəрі.
– Келістік! – деді Тазабек те сөзді көбейтпей.
Үйдегі мен түздегіні түгел жайғастырып біткен соң, Жүзік арнайы
тігілген отауға Тазабекті жетектеп кіргізді.
– Жата бер, – деді төсекті ымдап. – Қазір келіншегіңді əкелем.
«Шынымен қолымның Шəйіге жеткені ме?» – деді Тазабек көкірегін
кернеген шаттыққа азар ие боп.
Қазір деген Жүзік біраз зарықтырды. Ақыры бір кезде киіз үйдің
сықырлауығы сырт етіп ашылды-ау!
– Мына арадан кір, – деді Жүзік шымылдықтың шетін көтеріп. –
Бісміллə! Ал, жандарым, қадамдарыңды құдай хош көрсін! Төсектерің
жұмақ болсын!
Сықырлауық сырт етіп жұмсақ жабылды. Ендігі жағдай өз билігінде
екенін Тазабек түсінді. Алдымен сол жамбасына аунап, Шəйіге қарап
жатты. Сол жақ білегін мойын астына созып еді, басын сəл көтеріп,
құшақтауына қыз өзі ыңғай жасады. Үнсіз өзіне тартып еді, үнсіз икемделіп
жатты. Сонан соң құшақтап бауырына тартты. Бар-жоғы білінбей жабысып,
қыз құшағына көміліп, өзімен кірігіп кетті. Титтей тартыну байқатпады.
Тазабек тағатын зорға тежеді. «Құдай-ау, мына қыз құшағымда тұншығып
өлсе де үндемей ме?» – деп ойлады таң қалып.
– Жаным Шəйкенім! – деді қылығына елжіреп. – Құшақтайыншы! –
деді құшақтап жатып. Тамағынан иіскеп, алақанымен омырауын аймалады.
– Сен де құшақташы, жаным!
Отқа қарып алмайын деген адамша қыздың қолы қалтырап келіп
самайына тигенде, от тиген қау отынша Тазабектің денесі дүр өртеніп қоя
берді. Өзін өртеп жатқан Шəйіге өзі ұмтылып, бетіне бетін үйкелеп
жанталасып кетті. Ернін ерні тапқанда, есі ауып бара жатқан секілденді.
– Ағытшы омырауыңды! – деді алқынып.
Шəйі үндемеді. Сəлден кейін екеуінің қолы түймебаудың үстінде
тоқайласып қалды. От сезім одан ары ақылға билетпеді. Үстіндегі аспан
астына құлап бара жатқандай сезіммен Шəйі екі көзін тарс жұмып алды.
***
– Оу, жас жұбайлар, тұрыңдар! Жібекжан, ұйқы тəтті ме, Тазабектің
қойны тəтті ме, – қайсысы? Айтпап па ем саған, неге ерте айтпадың деп əлі
маған ұрсарсың деп?
– Түу, Жүзік! – деді Шəйі көрпенің шетімен бетін бүркеп. – Ақырын!
Апам мен Жəмеш естиді ғой.
– Е, естісе, ести берсін. Бұл төсекке қыз қалпыңда əкеліп едім, енді
келіншек күйіңде əкетсем, оның несі ұят? Ол – жеңгелік міндетім. Əдейі ел
оянбай тұрғанда өзім оятайын деп келдім.
– Əпке, тауық боп кеткенсіз бе, тегі? Жарық түскенше жата тұрайық та.
Түнімен көрсетпеді, жарықта алдымен өзім көрейін де келіншегімнің
жүзін.
– Ойбай-ау, тіл бітіп, батыр боп қалыпсың ғой?! Біз кеткен соң, күнітүні аударыстырып көріп аларсың келіншегіңді. Тапқан екенсің жарық
түскенше жататын жайлы төсекті! Біз – бүгін көшетін адам, сен – кететін
адамсың, асыққаның дұрыс болар, бауырым. Ботақанға шөккен бура құсап,
қайынсіңлімнің қабырғасын сындырып жіберген жоқсың ба, əйтеуір?
Жеңгесінің неге бүйтіп алагеуімнен келіп тұрғанын Шəйі түсінді. Өзі де
оған қуанышын тезірек білдіруге асық еді. Бұл бажылдап ара түспесе, ана
екі орыс өйтіп асып-саса ма? Аман қалғаны – осының арқасы.
Тазабек тысқа шығысымен Жүзік көрпені Шəйінің үстінен жұлып алды.
– Жүзік! – деп, Шəйі көрпенің шетін шап берді.
– Жаным-оу, құтты болсын! – деді жеңгесі бас салып құшақтап.
Екеуі бір сəт кешегіні еске алып солқ-солқ жыласты, артынан сылқсылқ күліп, сыбырласып жатты.
...Көшейік деген ойды өзі бастаған соң, оны ұйымдастыратын да өзі
боларын іштей ұққан Тазабек тау бөктерлеп барып ойланды. Қамсыз,
уайымсыз жандардай тып-тыныш ұйқыда жатқан бес-алты үйді беткейге
шығып біраз бақылады. Таудың қарағайы етекке жете бере сирексіпті. Бұл
ауылдың ендігі үлкені Əділбек шалдың үйі қарағай шетінен екі-үш-ақ
қадам жерде тұр. Бүгін көшеміз-ау, асығайық-ау деген əбігер əзірше
байқалмайды, үй-үйдегі адамдар да, қора-қорадағы малдар да – бəрі
тыныш, тым-тырыс. Бір сəт: «Осылар айнып қалған жоқ па?» – деп
күмəнданды. Жоқ, ояна бастады, Əділбек ақсақал үйінен шыға сап, жанжағына қарамастан, бірден қарағай ішіне еніп кетті. Тазабек те шық шөптің
тықырлау жерін дағдап басып, қарағайдың қалың шоғырына кірді. Орағыта
керлеп үлкен жартастың желкесіне көтерілді. Қарсы беттегі Кеңсу жаққа
көз тастады. Көкбиіктің батыс етегін ала жатқан алып сай бұл арадан
көрінбеді, көлденең жота көлегейлеп қалады екен.
Биіктің аты биік-ау! Адамды арқаландырып жіберетін құдіреті бар.
Бетін самал шарпыды. Шапанының шалғайын жел түрді. Əлдебір
ыңырсыған сезім жүрегін шымырлатты. Туған жерді тастай қашқанын атабаба аруағы кеше ме, кешпей ме? Тұла бойы сол ойдан тітіркеніп кетті.
Кеңсудың саға тұсындағы доғал шыңға дүдəмəл күйде көз қыйығын
тастады. Қарағайлы, аршалы, бұталы сай-сала да, шалғыны жайқалған
жазық беткей де – бəрі тап-таза, таңғы ауаның салқынына шомылып
шыққан күйде. Ауа емес, ғажап бір нəр жұтып тұрған секілдісің. Атабабаның көзіндей киелі жер бұған жəудіреп, əлдене күтіп, жəутеңдеп қарап
қалғандай. Тілі болса, дəл қазір бірдеме дер еді-ау деген ой көкірегін
тырнап, көмейін қырнап кетті. Мөлт ете қалған көз жасын сілкіп тастап,
болашақ тағдыры белгісіз бес-алты үйге төбесінен күрсіне қарады. Үнсіз
тістенген қалпы төменге түсе бастады.
Таудың кереметін тау көрмегендер қайдан біледі? Тау дегенді
тегістіктен гөрі биік жер деп қана ойлайтын шығар? Ал тау биіктік қана ма?
Жартасы мен шыңы, қалың қарағайы мен тұтасқан бұтасы, бұлағы мен
бастауы, сайы мен жырасы, шөбі мен гүлі, аңы мен құсы, құдай-ау, қыруар
тіршілік-тынысы – бəрі басқа жерде болмайтын, басқа жерден
табылмайтын таңғажайып қой! Бірақ сол əдемілікті əркім көре де бермейді,
көруге келе де бермейді. Өйткені таудың көрінген шыға алмайтын құз-қи
ясы, кез келген түсіне бермейтін қыр-сыры толып жатыр. Төбедегінің
көргенін төмендегі көрмейді.
Етекке түсіп тағы тоқтады. Мына етектен қараған адам таудың несін
көреді? Тек сыртқы сұлбасын ғана. Ал тау төбеңнен төне қарап, сенің бүкіл
тұла бойыңды ақтара көреді. Басқалар білмейтінді білетін, өзгелер көре
алмайтынды көре алатын сирек адамдар да тау секілді, сірə. Əкесі де
сондай еді, марқұм! Əй, ондай болу қайда бұған! Түнде бəрі: «Енді əкеңнің
орнын сен бас», – деп жатыр, баса алса, жақсы; баса алмаса, масқара да!
Ойдан ой туындап, ойды ой қуалап, Тазабекті тыным таптырмай
мазалады. Өзінің ғана емес, енді өзгенің де тағдырына жауап беретіні
қинайды. Көшеміз дегені – қашу. Баратын жағы – Қытай. Паналата ма,
тонап ала ма, – белгісіз. Қалай да қалмақ ауылдарын басып өтетіндері –
анық. Олардың емешегі қазаққа қай езіле қойсын? Қашып барған бұларға
ол арадағы қазақтың өзі қалай қарарын да бір құдай біледі. Тəуекелден
бөтен сүйенерлері жоқ.
Қонақтарының да оянғанын көріп, соларға қарай аяңдады.
– Жас келіннің шайын ішейік те, біз енді жөнімізді табайық, – деді
Қожақ əзілдеп.
– Иə, сөйтейік, – деді Жомарт іліп əкетіп. – «Біреу қатын алып қашса,
біреу босқа қашыпты» демекші, менікі босқа қашу болды. Əке-шешем мені
орыс өлтіріп кетті деп жылап отырған шығар?
– «Жақсы сөз – жарым ырыс», жақсы сөз айтсаңшы. Бір-бірімізді күтіп,
енді бəріміз Көміршіде бас қосайық! – деді Тазабек.
...Өздері оңаша қалған кезде Жүзік өз-өзінен əбігерленіп, тез-тез киіне
бастады.
– Өмірі бүйтпеуші еді, жүрегімнің өрекпіп тұрғанын қарашы, – деді
кеудесін алақанымен басып. – Əтиім қайталап ауырып қалған жоқ па екен?
– Бəлен күннен бері шапқылап, шаршаған боларсың, балам. Жөндеп
тамақ та ішпейді екенсің өзі. – Қалиша жүктің бұрышындағы кебежені
ашты. – Мынау менің бір киіп сақтап қойған қамзолым еді, осыны игілігіңе
киші! Саған кигізген китім болсын.
– Көп жасаңыз, апа! Ештеңе кигізбесеңіз де, мен қайынсіңлімді құтты
орнына қондырғаныма қуаныштымын. Көміршіге барғанша Сəмештай
əпкесінің қасында қала тұрсын. Ағынтай малдарды айдап келе жатқан
болар, Тазабек екеуміз алдынан шыға берейік.
– Мейлің, айналайын. Балам, қасыңа Биағаңның Кенжеғарасын қосып
алсаңшы, мал қайырысуға ес қатады ғой.
– Өзім де сөйткелі тұрмын, апа.
...Ағынтай бірақ алдарынан шықпады. Ауылға жақындаған сайын
алаңдап, Жүзіктен мүлде маза кетті. Бір себеп барын болжап, Тазабек те
бəймаза күйге түсті.
– Үй жоқ қой! – деді Жүзік кенет тоқтай қалып.
– Көшіп кеткен бе? – деді Тазабек таңданып. Артынша-ақ қарайған
жұрттың қомағын байқап, бір сұмдықтың болғанын заматта сезді. Көзі
қарауытып барып қайта ашылды. Не де болса бекем болуға тырысты. Желіп
алдыға түсті. «Қап, мылтығымды ала шықпағаным-ай!» – деді өкініп. Көзі
көріп, құлағы естіп келе жатты, бірақ ештемені ойлай алмады, ештемені
түсіне алмады. Үйдің орнында үйіліп жатқан күл-қоқысты көргенде, жүрегі
тоқтап қалғандай көрінді. Жалма-жан Жүзікке жалт қарады. Атының
жалын құша ес-түс жоқ талықсып барады екен. Ұмтылып құшақтай алды.
– Атты ұста! – деді Кенжеғараға. – Жерге түс! Аяғын үзеңгіден шығар!
– Өзі де атынан секіріп түсіп, Жүзікті көтеріп апарып көк шөптің үстіне
жатқызды.
– Жүгір! Əнебір тастың түбінде бұлақ бар. Мə, су əкел! – деп,
басындағы тұмағын ұсынды.
Оны алмай, Кенжеғара өз тұмағын ұстап жүгіре жөнелді.
Бетіне су сепкенде бір сəт көзін ашты да, Жүзік қайтадан былқ-сылқ
талып қалды. Сөйлей да алмады, жылай да алмады.
– Ағаға шап! – деді Тазабек Кенжеғараға. – Тез алты-жеті адам алып
жетсін. Апам мен Шəйіге əзірше білдірмей-ақ қойсын. Біздің ошақтың
түбінде сүймен жатыр, соны ала кел.
Тазабек қасына бармай-ақ, барып көрмей-ақ бұл да қырғынның бір түрі
екенін күл-талқан боп жатқан екі үйдің тұрқынан таныды. Көзінен жас
шықпады. Тұла бойы қара тас боп қатып қалғандай. Кешікпей бір топ
адаммен Əділбек жетті.
Таңға жуық тəтті ұйқының кезінде өртеген болу керек, шаңырақтың
шоғы əлі сөнбепті. Тілеулі мен Əжікенді, қырғыз оташыны үлкен үйде,
Ағынтай мен бір ұл, бір қызын отау үйде əуелі өлтіріп, артынан өртеп
жіберіпті. Тігерге тұяқ қалдырмай малды айдап əкеткендеріне қарағанда,
көп адам келіп, қорықпай, аспай-саспай істеген.
– Сүйектері де шала жанып кетіпті, – деді Əділбек құлағына сыбырлап.
– Үйдің сыртына отын үйіп өртепті.
– Енді не істейміз?
– Қалған-құтқан сүйектерін жинап жерлейік. Басқа амал жоқ.
Екі үйдің адамын бір төмпешік қылып Орта Меркінің етегіне көмді.
«Сол екі орыс. Сол екеуі», – деген ой Тазабектің мыйын тесіп жеп жатты.
«Не істесем екен?!» – деді ішінде ұлыған ызаны баса алмай ыңыранып.
Өлі мен тірінің арасында есеңгіреп жеткен Жүзік болған сұмдықты
Шəйіден жасыртпады. Кеше келін түсіріп қуанған ауыл бүгін өлік шығарып
өксіп жатты.
– Ағайын, бұл ара енді бізге қоныс болмайды, – деді Əділбек улапшулаған жұртқа басу айтып. – Орыстың осы алғаны алған, енді уысынан
босатпайды. Қайта айналып келеміз, туған жерді көреміз деп дəме
қылмаңдар. Бұдан былай бағымыз да, сорымыз да Қытай жерінде болады.
Бүгін көшпесек, бүгін түнде бізді де қырады. Орыстың қолын қағатын
құдай да, құдірет те жоғына көз жетті. Өлгенге жылайтын, жылағанды
жұбататын жағдай жоқ. Қазір бəріміз де өлі мен тірінің ортасындамыз.
Жайылымға
айдағандай
ыңғаймен
малды
кəзірден
жылжыта
берейік.
Əділбектің сөзі Тазабекті тастүйін етті. «Рас, қазір өлінің емес, тірінің
қамын жейтін жағдай!» – деді өзін өзі қайрап.
***
Тазабектер мал-жанымен кеш бата Қулық тауына қарай көшті.
Орыстардан қорқып, Қарқара мен Қарақолдың ортасынан өтуге жүректері
дауамады. Түнделете жетіп, Шыбышы деген қарағайлы тауды паналады. Үй
тікпей, теңдерін шешіп, киіз-текеметтің үстіне киімшең қисая кетісті.
Ертесі Ақшоқы айналып, түн жарымда Ақтастыға жетіп дамылдады. Содан
кейінгі түні бір қисық сайды қалқалаған топ адамның қасына қонды. Ерте
оянған Сəмен Тазабекке жүгіріп келіп:
– Жайдақ Бұлақта бізбен көрші отырған Қожабек аталар екен. Самсалы
деген баласы екеуміз бірге ойнайтынбыз, – деді.
Қайғылы жағдайды қайдан, қалай естігенін кім білсін, жұрт жаппай
оянып, қыбыр-жыбыр тіршілік басталған кезде, Қожабек бастаған біраз
кемпір-шал Жүзік пен Шəйіге келіп көңіл айтты. Тең-теңнің ортасында
отырып, ашық аспанның астында шай ішісті. Тазабек пен Шəйінің
үйленгенін естіп, құтты болсын айтысты.
– Таңға жуық басталған сол атыстан біз зорға аман шықтық, – деді
Қожабек əңгіменің ауанын аңғарған соң. – Əлдекімдердің жол сілтеуімен
бір топ орыс түнде келіп Жайдақ Бұлақтың астындағы көк төбеге
жасырыныпты. Адам көрінетін алагеуімде ал кеп ауылды атқылай бастады.
Бұзау байлауда, қозы-лақ көгенде, тігулі үй тігулі қалпында қалды, бəріміз
тек балаларға жүгірдік. Екі жасар Рауанымды шешесі төсектен
тыржалаңаш суырып əперді. Сегіз жасар Самсалыны артыма міңгестіре
сап, Кеңсуды құлдай Кегеннің өзеніне қарай қаштық. Кеңсудың арғы бетіне
жеткенімізде, Егімбайға оқ тиді. Тіл тартпай кетті. Баласы Қалдыбек
бақырып, əкесін шыр айналып жылап жүр. Атымнан түсе сап, қойнымдағы
тыржалаңаш ұлымды жерге қоя сап, Қалдыбекке ұрыстым. «Əкеңмен қоса
өзің де оққа ұшайын деп тұрсың ба? Мін атыңа!» – дедім де, əкесін алдына
өңгеріп бердім. Шыбышыға əкеліп жерледік. Жастар түнделетіп барып,
қалған үй-жайымызды, тапқан малды айдап əкелді, əйтеуір. Өлгенмен бірге
өле берсек, артымызда ел болатын кім қалады? Сондықтан тірі
қалғанымызға тəубə дейік. Бəрінен де Тілеулі ақсақалдың түтінін түтететін
Сəменнің аман қалғанына мың шүкір деп отырмын.
Қожабек ақсақалдың сөз саптасы мен əңгіме айтысын Тазабек əкесіне
ұқсатты. Аз сəттің ішінде өзімен ілесіп келе жатқандарды түгел
таныстырып шықты. Бəрі де аталас адамдар мен солардың үрім-бұтақтары
екен. Көкшегір деген келініне көбірек көңіл аударды. Асыдан ауып келе
жатқанын айтты. Қызылбөрік болысы Серікбай деген інісінің əйелі, айтулы
қырғыз батыры Қожекенің қызы екен. Тіп-тік отырып, тіп-тік жүретін əйел
екен. Елдің назары өзіне ауатынын біліп, сыр бермеуге тырысатын секілді.
Қожабек ақсақалдың ауылымен бірге қозғалып, Тазабектер ол арадан
Көміршіге келіп бірге аялдады. Бұрыннан таныс адамдар бір-бірін сүйеу
көріп, ел ішіне келгендей сезінді.
Көмірші – таудың күнгей беткейіндегі тұйық шатқал. Күнгейде
болғанымен, күн түсе бермейтін тік шат, тар табан сай. Күн түс кезінде
ғана бір жылт етеді де, қайта жоқ болады. Тығылуға қолайлы қалқа. Тар əрі
қысқа шатқалдың өр жағы доғаланған ашық жазық. Кəдімгі кең қора
секілді. Əлгі жер əрі ық, əрі мал жаюға өте қолайлы. Босып келген
халықтың бүкіл малын бала-шаға осында жаяды. Көміршінің əсіресе суы
өзгеше. Жартастан, құз тастан өрім-өрім боп тамшылап ағады. Жұрт оны
Тамшы бұлақ, Қасиетті бұлақ дейді. Осы арада бұлар біраз аялдады.
Өйткені тосын жолыққан екі ауылдың адамдары тез арада бауыр басып,
бір-бірінен ажырағысы келмеді. Жəне де хабар-ошарсыз кеткен
Серікбайдың бір хабарын білмей кете бергенді Қожабек өзіне мін санады.
Ақырында Қожабектің ағайын інісі Нүсіпбек: «Серікбайды мен іздеп
қайтайын. Əрі бауырым, əрі құрдасым. Оны мен іздемегенде, кім іздейді?
Өлсем, өлермін. Одан жаным артық па? Еретіндерің еріңдер. Ермесеңдер,
өзім кете берем», – деді.
Ары ойласып, бері ойласып, Əйімбек, Келгембай атты құрбылары
ілесетін болды.
– Мен де бірге шығып, Қожақ, Жомарт деген достарымды іздеп
қайтайын, – деді Тазабек.
Шəйі күйеуіне үрейлене қарады. Онысы сылтау екенін іші сезді. Алайда
ана орыстарды іздегелі барасың ғой деуге батылы жетпеді.
***
Кең далада ел қалмапты. Сай-саланың қалтарысына тығылған санаулы
ауыл болмаса, бүкіл Қарқара мен Кегеннің жазығында не тірі жан, не тірі
мал қараңдамайды. Əр сайдың іші мен əр қырқаның ар жағында орыстың
оғы ажалыңды дайындап тұрғандай қорқынышты. Қыркүйектің қара суығы
сəл ашылған жеріңді мұз тигендей қариды.
Тазабек Жалаңашқа, ал Нүсіпбектер Темірлік арқылы Қырғызсай мен
Кетпенге соғатын болып, Қайқының тұсында екі ажырасты. Кеңсудың
етегін бөктерлей өтіп бара жатып, ана жер-мына жерде қаптап жатқан қапқара төмпешікке Тазабек таңдана қарады. Бұрын бұл арада мұндай нəрсе
болмаған. Не екенін білейін деп, солай бұрылды. Жақындап келгенде, өз
көзіне өзі сенбеді. Үйме төмпешіктер өңшең өртенген үйдің күлі екен. Дəл
ата-енесін өртегендей отын жинап əкеп өртепті. Қаптаған қайдағы үй?
Қайдан келген үй? Бұлар қашқанда, бұл арада ешкім жоқ болатын.
Үйлердің арасы жиі, үйме-жүйме тігіліпті. Əрине, қашқан қазақтар. Қазған
ошақтарына қарағанда, бірер күн аялдаған. Атынан түсіп, екі-үш жұрттағы
күлді ағашпен аударыстырып қарады. Адамы жоқ үйлерді жүк-мүгімен
өртеген секілді. Адамдары аман құтылған болу керек. Мұншама үйді
шетінен өртеп келе жатқанда, қашан мені өртер екен деп, қалғандары қарап
жатсын ба? Үйсіз, мүліксіз адамның алдағы күз бен қыстан өзі де аман
қалмайтынын өртеушілер түсінген. Қашқандардың ақылы да қашып,
қуғандардың ақылы да асып тұрған заман-ай десеңші!
Шет Меркінің қарағайлы жотасынан бір елік атып алды. Жалаңаштың
желкесіне келіп, шағын үңгірдің аузына тоқтады. Ойы – осы арадан
орыстарды байқау. Қараңғы түскенше еліктің етін қақтап жеді. Ер-тоқымын
жастанып, үңгірге түнеді. Таңертең биіктен Жалаңашқа қарады. Біренсаран көрінген казак-орыс соғыс жағдайында жүргендей түгел мылтық
асынып алыпты. Оған бару көпе-көрнеу өлімге бару екенін ұқты. Кек алмақ
ойы да сап суынды.
Қайтарында қарағайлы жотамен Екі Аша арқылы Талдыбұлақтағы
Жомарттың ауылына соқты. Оның тып-типыл боп жатқан жұртын көрді.
Əйтеуір, өрттен аман. Оған да тəубə деді. Алайда Көміршіге неге
соқпағанын оймен де болжай алмады, Жаман ойға барғысы келмеді.
Жіңішкелеу бұлақтың жайылма етегін айнала беріп, жайрап жатқан үш
өлікке тап келді. «Астапыралла!» – деді жағасын ұстап. Қарақолға баратын
күре жолдан қырық-елу қадам шетте теңкиіп өліп бір əйел жатыр.
Омырауы күл-талқан, етегі түрілген, жалаңбұт. Бірі бозбала, екіншісі əлі
сəби – екі ұлы екі жағында өліп жатыр. Үшеуінен əріректе он екі – он үш
жасар баланың басын қылышпен қақ айырыпты. Оған да айызы қанбай,
тоңқайтып қойыпты да, артқы тесігін аумағымен ойып алып тастапты. Ол
да ана əйелдің баласы ма, басқа ма, – белгісіз. Бір атаның тұқымы
осылармен тыйпыл болды ма, кім біледі? Бар қазақ қарсы болса да, əй, осы
төртеуі ақ патшаның жарлығына қарсы бола қойған жоқ шығар?! Тіпті, ақ
патшаның, қара патшаның кім екенін білді ме екен?
Тазабектің қаны басына шапшыды. «Шынымен біз адам емеспіз бе əлде
орыс адам емес пе? – деді күйініп. – Құдай неге мұндай жауыздарды артық
қылып жаратады? Қай қылығы үшін?»
Кеш бата аласа сайдың қылтасында отырған жалғыз үйге тап келді.
Көшетін көлігі де, қара жұмысқа беретін баласы да жоқ кемпір-шал екен.
Іленің арғы бетіне ұзатқан екі қызы қозғалмаған соң, бұлар да қозғалмапты.
Қарт жалғыз атымен арғы-бергі төңіректі түгел аралапты. Қайқының
асуына жетпей, Шолан Құлаған деген жерде бір топ тұтқынды орыстар
тапа-тал түсте атып тастапты. Бірақ атылғандардың кім екенін білмеді.
Нүсіпбектер іздеп жүрген Серікбай соның ішінде шығар-ау деп Тазабек
жорамалдағанымен, қарт оған айғақ болар əңгіме айтпады.
Ертесі тау сағалай бөктерлеп, Тасашыдағы Қожақтың ауылына жол
тартты. Жолмен жүрмей, əдейі жота асып желке тұсынан шықты. Жалпақ
кең сайдың өңірінен не бір үй, не адам, не қарайған мал көрмей, адасып
кеткен адамша, аңырайып тұрды да қалды. Сайдың табанына түсуге дəті
бармады. Əлдекім əлдебір арада аңдып жатқандай секемденді. Мылтығын
ердің қасына көлденеңінен оңшап қойды. Бұл жан-жағын аңдып, мұны
жан-жағы аңдып біраз тұрды. «Жау шапты, жау алды деген – осы», – деді
түңіле күрсініп. Қожақ пен Сопыйаның, Дəнекердің ауылы осы арада
болуы керек еді. Жотамен сақтана еңістеп, бір жыраны қалқалап, Кегеннен
Нарынқолға өтетін қара жолға жақындады. Жырадан шыға келгенде, жол
жиегіндегі ағашқа асып кеткен əлдекімнің денесін көрді. «Асып кетіпті»,
«шауып кетіпті» дегенді көп естігеннен болар, одан шошынбады. Бұдан
ары бармаймын дегендей, аты тоқтай қалды. Тебініп, асулы тұрған
жалаңбұт еркекке ту сыртынан тақамақ болып еді, осқырынып, аты оған
көнбеді. Алыстау бір ағашқа атын байлап, сонан соң жаяу жақындады.
Шашылған жүн-жұрқа, тері-терсек, қараң-құраң бірдемелерден аттапбұттап өтті де, орағытып, асулы адамның алдыңғы жағына шықты. Бетін
көргенде, төбесінен біреу бір қойғандай болды: асулы тұрған Қожақ еді!
Аузына еркектік мүшесін тістетіп кетіпті. Біраз күн осылай тұрған болу
керек, бұзылған иісін де байқады. Бəкісін алды да, мұрнын басып барып,
мойнындағы жіпті қиып жіберді. Қақайып қалған дене қақайған күйі
құлады. Бетіне қарамай, жолдан аулаққа сүйреп апарды. Сол арадан
жарлауыт шұңқыр тапты да, қамшысымен, өкшесімен топырақ құлатып,
өліктің бетін жапты. Жыртқыш аң қазып жүрмесін деп, маңайдан дəу-дəу
тастарды көтеріп əкеліп үстіне үйді. Қолы-басын қағып, өзі үйген бейітке
өзі аңтарыла қарады: «Иттер-ай, орыстың қызын қатын қылғанды
көрсетейік деген екен ғой? Сопыйаны қайтті екен? Оны да өлтірді ме
екен?»
Тасашыдан ұзағанынша түн болды. Қарайғанның бəрі өзін аңдып
тұрған қарақшы сықылды. Өлім себілген далада өлімнен қорықпау мүмкін
емес еді. Қорыққаннан жаны қалса, қазақтікі қалар еді. Қорыққанынан
емегенде, батырлығынан қырылып жатыр ма? Жастығын ала жатуға
жарағаны да шамалы. Тіпті, «Жəмеңке мен Ұзақтың кегін аламыз!» –
демейді, «Жəмеңке мен Ұзақтан жанымыз қымбат па, өлсек өлерміз!» –
дейді. Өлуді ерлік санайды. Анау артын ойып алған баланың, мына аузына
мүшесін тістетіп кеткен Қожақтың кегін кім алады? Ешкім. Қашып, босып
бара жатқан жұрт кек алуға жарай ма? Осындай сұмдықты көрдім деп
Тазабек кімге арызданады? Кім тыңдайды? Үй іші ме? Олар одан бетер
үрейленбей ме? Айтуға да қорқады. Қорқудан басқа қолынан ештеңе
келмейді. Нағыз қорлық – осы. Орысты қорғайтын патшасы, əскері, заңы
бар, ал қазақтың қорғанатын қаруы да жоқ.
Көміршіге түнделетіп кете беруге батылы бармады, бірақ келіншегін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əй, дүние-ай! - 06
  • Parts
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Total number of words is 3923
    Total number of unique words is 2185
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2127
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2177
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2152
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Total number of words is 3957
    Total number of unique words is 2306
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2173
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2172
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2149
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2162
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2061
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2080
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2106
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2137
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2223
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2217
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2175
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Total number of words is 4025
    Total number of unique words is 2146
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Total number of words is 2955
    Total number of unique words is 1688
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.