Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 06

Total number of words is 3971
Total number of unique words is 2173
37.5 of words are in the 2000 most common words
53.2 of words are in the 5000 most common words
60.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қатты сағынғанын сезді. Бұл жоқта екі көзі жəутеңдеп, сенері мен сүйенері
жоқ Шəйі қайта-қайта сайдың аузына жалтақтап жүрген тəрізденді. Жүрегі
шым-шым сыздады. Анасына, Жүзік пен Сəменге – бəріне жалғыз тірек өзі
екенін осы айдалада есіне алды. Олардан алыстаған сайын олардың
жақындығын сезіне бастады. Ойлап қараса, мұның амандығы өзінен гөрі
соларға керегірек. Ары айт та, бері айт, амандықтың өзі – өмір. Кездейсоқ
орыс түн ішінде атып тастаса, оның зардабын өлген бұл емес, тірі солар
тартады. Өйтіп өле салғысы келмеді. Жарлауыт сайдың қалқасына тығыла
жатып түнеді. Ертесінде Көміршіге кеш бата жетті. Шешесі мен
қарындасы, Жүзік пен Шəйі – бəрі жабыла бас салды.
– Қасыңдағылар қайда? – деді апасы өзгелерден бұрын ес жиып.
– Олар Қырғызсай жаққа кеткен, мен Кегенде қалғам.
– Қожақ пен Жомартты іздеймін демеп пе ең?
– Іздедім. Екеуін де таппадым.
***
Əйел сағынышының құдірет шəрбəтін Шəйі жан-тəнімен татты.
Төсекке азар сиятын Тазабекті құшағында қантша ерітті. Айтпайтын сөзді
құштарлығы еріксіз айтқызып: «Сағындым!» – деді балқып. «Жаным!» –
деді Тазабек те дегбірі қашып. Сүйген жар ғана сыйлай алатын сиқыр
бақыттан Шəйінің басы айналды. Ешбір сөз, ешқандай əуен жеткізе
алмайтын əсер екеуін де есінен тандырды. «Бір түніңнің рахаты бүкіл
ғұмырыңа сəулесін шашып тұрады», – дегені Жүзіктің шын сөзі екен.
«Сəулем!» дегенді сол үшін айтқан екен қазақ.
– Жаным! – деді жар құшағы жанын кіргізіп.
– «Жаным!» деген аузыңнан айналдым! – деді Тазабек аузынан сүйіп. –
Көкте күн қандай жалғыз болса, жерде маған сен де сондай жалғызсың!
Жанын кіргізе Тазабек құшақтағанда, сүйсінгенінен Шəйінің жаны
кеудесінен шығып кете жаздады.
– Мен саған ат қойдым, – деді Шəйі күйеуінің арқасын алақанымен
сипап.
– Қандай ат?
– Сен мені Шəйкен десең, бұдан былай мен сені «Тəйкен» деймін.
– Бұған апам қалай қарайды?
– Апама да айттым, қуанып кетті. Батыр атамыздың атын атамағаның
дұрыс деді.
***
Шəйі Тазабекке тəңірдің сыйындай табынады. Егер оған сол түні тиіп
үлгермесе, бір атадан тұяқ қалмай қырылатын екен. Əсіресе Сəменнің ере
келгеніне айрықша тəубə қылады. Жүзікті өзімен жалғап тұрған – сол. Егер
Тазабек қастарында болмаса, бұлар – өңкей əйел – баяғыда кім көрінгенге
жем болмас па еді?! Тəубə! Бұларға қорған болсын деп, Тазабекті құдайдың
өзі аман сақтаған сияқты.
Самаурынға шоқ салып жатып, ту сыртынан тықыр естіді. Бір бала
ерткен Көкшегір жеңгей екен. Бұрыла салып сəлем салды.
– Көп жаса, ұл тап, айналайын! Қайным келді деген соң, келіп тұрмын.
– Иə, келді. Үйге кіріңіз.
Киіз есікті көтеріп, сықырлауықты өзі ашып берді. Көкшегірдің
келістіріп киім киісіне, салмақты жүрісіне, кісіге тура қарап тіл қататын
əдетіне – бəріне Шəйі көргелі бері тəнті. Байыпты, байсалды, батыл
сөйлейтін батыр əйел бола тұра ешқашан əдептен аспайды. «Елдің
шаруасын сыртта Серікбай шешеді, ағайынның жағдайын үйде Көкшегір
жөндейді», – деген сөздің тегін тарамағаны əр қылығынан көрініп тұрады.
– Қайным, не анықтап келдің? – деді Тазабекке, құрақ көрпенің шетін
ала отырып жатып.
– Біз қуанатындай бірдеме біле алмадым, жеңге. Жөн сұрайтын да
жөнді адам жолықпады. Ақшоқының түбіндегі бір қойшыға қырғыз досы:
«Кегеннен бір топ адамды Жəркентке айдап барады екен, ішінен Серікбай
болысты таныдым», – депті. Соны естіген соң, Нүсіпбек ағалар солай кетті
де, мен Талдыбұлақ пен Тасашыдан қайттым. Қарақол түрмесінен қашып
шыққаннан кейін Əубəкір аға Шəйінің əкесіне əңгімесін айтқан екен. О кісі
Серікбай ағаны Қарақолдан көрмепті. Соған қарағанда, қырғыздың көргені
рас шығар.
– Əйтеуір, тірі шығар деп дəметеміз. Тірі болса, тірі екенін үш-төрт
айда бір білдірмейтіндей адам емес еді. Үміт өлмейді деуші еді
бұрынғылар, рас екен, – деді Көкшегір күрсініп. Оған қосылып Қалиша да
күрсінді.
– Болысқа мұндай күн туғанда, қара қазақтың күйі не болады десеңші!?
Алдынан шыққанын аямай қырып жатыр, албаннан адам қалмайтын
шығар.
– «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген, апа. Құдайға
жалбарынғаннан басқа қазақта амал қалмай тұр ғой.
– «Құдай өзі берген жанын өзі алады» деуші ек, құдай емес,
жанымызды орыс алатын болды. Қаласа, атып тастайды; қаламаса, қамап
тастайды, ойына келгенін істейді. Сол Серікбай ел сайлаған, өздері қалаған
болыс емес пе еді?
– Не кінə таққанын біз де білмейміз. Кетерінде орыс хатшысына:
«Мен келгенше тізім жасама. Жағдайды өзім біліп келем», – деген. Сол
сөзін жеткізушілер болды ма, кім біледі? Оның үстіне, тамыздың үшінде
ойда жоқта бір шатақ болып еді, соның да кесірі тиген болар деп
болжаймын.
– Е, біз естімеген шатақты орыс қайдан естиді?
– Олар орысқа қатыстының бəрін естиді, апа.
– Е, орысқа не істеп қойып едіңдер?
– Жаз шыққалы қазақтардың малын тізімдеп санап жатқан орыстар бар
еді ауылымызда. Ішінде Анна дейтін əйел ме, қыз ба, əдеміше біреу бар.
Соған қырындап жүретін Қылыноп деген ұлық он бес нөкерімен тамыздың
басында сау ете қалды. Қазақты қорқытуға орыс ұлығы шетінен шебер ғой,
өзінің үлкен бастық екенін көрсетіп, ана əйелдің алдында мақтану үшін:
«Маған қара жұмысқа баратын қазақтардың тізімін көрсет», – дейді. «Тізім
жоқ», – дейді орыс хатшы да, сол арадағы қазақтар да – бəрі. «Неге жоқ!»
«Серікбай Қанайыш мен келгенше тізім жасама деген». «Жасайсың. Бес
сағаттың ішінде тізімді жасап əкелмесеңдер, осы тұрғандарыңды түгел
атып тастаймын. Бол тез!» – дейді ақырып. Қарсылық айтқан төрт-бес
ақсақалды санақшылар жатқан киіз үйге қамап тастайды. «О қарттардың не
жазығы бар, босатыңыз», – деп, жігіттер алдына үш рет барады. «Тізімді
үлкен кісілерсіз жасай алмаймыз, кімнің қанша жаста екенін солар біледі»,
– дейді түсіндіріп. Тыңдамай, бəрін қуып жібереді. Отағасы жоқта ел-жұрт
ойран болмасын деп, у-шу болып жатқан жерге мен де бардым. Қаны
қарайып, қазақтың жігіттері қатты ширығып тұр екен. «Сабыр етіңдер!» –
деп басу айтып тұр едім, əлгі əумесер: «Кет!» – деп, кеудемнен итеріп
қалғаны. Қамсыз тұрған адам шатқаяқтап барып шалқамнан түстім. Мені
тұрғызбақ болып бес-алты жігіт тұра ұмтылып еді, əлгі əумесер өзіне тап
берді деп қорқып, тапаншасын аспанға атып-атып жіберді. Не болғанын
түсінбей қалған қасындағылар, атуға бұйрық берілген екен деп, біздің екі
адамды атып тастады. Қайыргелді деген аңшы қайным бар еді, табан
астында ол да олардың біреуін атып өлтірді. Қалың қазақ аз орысты
қаумалап бірдемде қоршап алды. Жан керек екен, олар одан кейін оқ
шығармады. Мен жалынып, ақсақалдар араға түсіп, əйтеуір, екі жақты азар
ажыраттық. Сонымен бұрыннан санақ жасап жүргені бар, кейін келгені бар
– барлық орыс ауылдан жаяу шұбап қашты. Қысқасы, қуып шықтық.
– Ойбай-ау, кəдімгідей соғысыпсыңдар ғой? – деді Қалиша таңырқап. –
Көпшілік бірікпейді ғой, біріксе, анау-мынауға бой бере ме? «Көп
қорқытады, терең батырады» деген ғой бұрынғылар. Сонымен не болды?
– Не болсын? Қуып шығарымыз қуып шығып алып, артынан қорықтық.
Бірақ бірер күннен кейін: «Е, олардан бір адам өлсе, бізден екеу өлді,
сонымен əңгіме бітті», – дедік те, жүре бердік. Сөйтсек, жаяу шұбырған
орыстар Түргенмен құлдап көрші ауылға барыпты. Бəрін бүлдірген əлгі
əумесер сол арадан бір ат тауып мініп, тура Алматыға тартыпты. Барған
адам мен кінəлімін дей ме, «Қазақтар қарсылық көрсетті, тізім жасамады,
бір кісімізді атып өлтірді», – дейді де. Оның жамандауынан кейін Алматы
бізді жазалауға арнайы əтірет жіберіпті. Төменгі ауылды қырып салыпты
деген хабар құлағына тиген жұрт алды-артына қарамай қашты. Тігулі үй
тігулі қалпында қалды. Малға қарайтын мұрша болмады. Үрей билеген ел
өткел іздеп əуре болған жоқ, кез келген жерден секіріп түсіп, бірталай адам
бекерден-бекер суға батып өлді. Өлімнен қашқан адамның өлімге өзі барып
қырылып жатқанын көрдік. Қаншама əйел, қаншама бала көз алдымызда
өзенге ағып, көз алдымызда өзенге батып жатты, – есеп жоқ. Əркім өз
басымен қайғы, өзіне өлім төнген адам өзгені ойламайды екен. Біз де
қашып қайнағалардың қасына келдік. Осының бəрін істеп отырған орыс
біздің отағасын аяйды деймісіз?
– Жаңа өзің айтпақшы, «қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі».
Орыс аямаса да, құдай аяр, қарағым, қайдан білейік.
– Қазақ қашса да, қашпаса да ажалдан құтылмай тұр ғой, апа.
***
Бұған дейін Серікбайды жоқтағандар енді оны іздеп кеткен Нүсіпбек,
Əйімбек, Келгембай – үшеуін қоса жоқтай бастады. Тазабекпен бірге
шыққан олар əлі оралмады. Əсіресе Қожабектің қабырғасына бұл жағдай
қатты батты: бір бауырын іздеймін деп, екіншісінен тағы айрылды. Енді
оларды өзі іздеп қайтуға бекінді. Оған Серікбайдың кенже інісі Тұрлыбай,
тағы бірнеше адам ілесті. Тұрлыбайдың өз мылтығы бар екен, Қожабек
Тазабектікін алды.
– Қатын-қалаш, мал-жан – бəрі саған аманат, – деді кетерінде Тазабекке.
– Сайдың аузын көзден таса қылмаңдар. Тұтқиыл келіп, қырып кетіп
жүрмесін.
***
Қазақтың өлуі, орыстың өлтіруі адам таңданатын оқиға болмай қалды.
«Анау өліпті», «ананы атып кетіпті», «мынаны шауып кетіпті» деген сөз
қазір ешкімге əуелгідей əсер етпейді. «Бала бермейміз» дегеніміз үшін дəл
бұлай қырып салады деп бірде-бір қазақ ойламаған. «Бізбен де санасар»
деген сандалбай сəуегейлікке сенген. Қазір, міне, қашудан басқа қайласы
жоқ. Онда да түн жамылып қана. Өз жерінен, өз елінен безіп, өзгеден пана
іздеуге мəжбүр. Еркегіміз бүгін өлмесе, бəрібір ертең өледі дей ме, қазір
əйелдер күйеуінен бұрын бала-шағасын қорғаштайды. Онысы ақыл ма,
түйсік пе əлде үрейдің үйреткен үміті ме – оны Шəйі білмейді.Талай
нəрсені Жүзікке қарап түсінеді. Балалармен бірге мал бағып жүрген
Сəменді ол бір сəт көзінен таса қылғысы жоқ. Онсыз күнім қараң деп
ұғады. Шəйіге де Сəмен – жалғыз бауырының көзі. Оны көргенде, бүкіл
өртенген үй іші көз алдына келеді. Солардан қалған сарқыншақ санайды.
Түске таман жеңгесі:
– Жібекжан, жүрші, Сəмендерді бір байқап қайтайықшы. Жақын жер
ғой, – дегенде, соның бəрін түсінгеннен Шəйінің жүрегі бір сəт тоқтап
барып, қайта жүріп кеткен тəрізденді.
– Апам жіберсе, барайық, – деді Қалишаға көз қиығын тастап.
– Бара ғой, қалқам. Жалғыз емеспін, жанымда Жəмеш бар ғой.
– Оның да бізбен бірге барғысы келетін шығар?
– Жеңгең екеуіңнің оңаша əңгімелеріңе кедергі боп қайтем, өздерің бара
беріңдер.
– «Бара бер» десең, бара берейік.
Былай шыққан соң, əңгімені Жүзік бастады:
– Мен бақытсыз боп қалсам да, сен бақытты болдың, Жібекжан. Ол да
маған медет. Тазабек – текті бала. Арғы-бергіні – бəрін ойлайды, əкесіне
тартқан.
– Маған оның кек алам дегені ұнамайды, Жүзік. Айтпайды, бірақ
байқаймын, өткен жолы Қожабек ағалармен бірге кеткенде, Жалаңаштағы
екі орысты іздеп қайтты. Оларды өлтірем деп жүріп, өзі өліп қала ма деп
қорқам. «Ашу ақылды азайтады», – деуші еді ғой апам.
– Қорқуын қорқасың ғой, Жібекжан. Бірақ елдің кегін еркек қайтармаса,
енді кім қайтарады? Өзің ойлап қарашы, мен жесір болатындай, сені мен
Сəмен жетім қалатындай не жазығымыз бар? Қолымнан келмейді, келсе,
мен де кегімді алар едім, əттең! «Судың да сұрауы бар» дейді қазақ, сонда
немене, халықтың қаны сұраусыз ба? Оны мен білгенде, Тазабек білмей
ме? Біледі. Тек ішінде ит өліп жатса да, сыртқа шығармайды. Өйткені ол –
еркек. Нағыз еркек солай болуы керек. Сен оның айтқан сөзін емес,
айтпаған сөзін түсін.
– Ол үшін мен де нағыз əйел болуым керек қой?
– Сен де нағызсың, теңісің.
– Жүзік, мен бір сыр айтсам, мазақ қылмайсың ба?
– Обай, мен сені қашан мазақ қылып ем?
– Ұялам.
– Бұрын мен əйел, сен қыз кезіңде ұялам дегенің орынды еді, енді
екеуміз де əйел болғанда, ұялам дегеніңе жол болсын. Əйел əйелден
ұялушы ма еді? Айта бер.
– Мен бұрын еркек тек бала сүю үшін керек деп ойлайтынмын.
– Сөйтсең?
– Сөйтсем, ол, тегі, сан түрлі өнері бар сиқыршы секілді екен ғой:
сүйсініп, құмартып, біресе жаның кіріп жанталасасың, біресе жаның
шығып бара жатқандай жанталасасың. Құдай-ау, жаныңды қоярға жер
таппайсың. Бақайыңның
тырнағына дейін балқып бара жатқандай
боласың.
– Солай ма? Есіңде ме, баяғыда: «Мұндай екенін неге ерте айтпағансың
деп, əлі маған бəле саларсың» дегенім.
– Болды, болды. Жаңа мазақтамаймын дегенсің.
...Шешесі мен əпкесін көріп, Сəмен қастарына өзі келді.
– Балам-ау, сырт киіміңді шешпей ойнасаңшы, мұздайсың ғой, – деді
Жүзік баласын кеудесіне қысып.
– Бəрі шешіп тастады, ыстықтап кеттік.
Шəйі Сəменді құшақтап, шашынан иіскеді.
– Тер қатып қалмасын, ойнап біткен соң тез киініп ал. Қарның ашқан
жоқ па? Қалтамда бір құрт жүр екен. Мə, аузыңа сала қойшы!
– Əкел, əпке. Кеттім, апа.
– Бара ғой, құлыным. Байқап жүгірші!
Жүзік пен Шəйі көздері жасаурап, Сəменнің соңынан елжіреп қарады.
Екеуіне де болашақ өмірлері Сəменмен бірге шапқылап бара жатқандай
көрінді.
– Құдай енді осымның қызығын көрсетсе, ештеңеден кенде қалдым деп
қынжылмаймын. Тұқымымен типыл боп жатқандарды естігенде, бұл
күніме де іштей тəубə қылам. Бір Тазабектің ортамызда жүргені – ол да
құдайдың бізге жасаған қайырымдылығы. Ол болмаса, өңкей қатын жылапеңіреп, ес жыя алмай жүретін ек.
– Мен сенің аман қалғаныңа, сол күні Сəменді ала кеткенімізге тəубə
қылам. Сəмен екеуің болмасаңдар, менің күнім не болатын еді? Түу, басым
айналып кеткенінші. – Шəйі Жүзіктің иығына басын сүйеді. – Қайқайдағыны ойлағандікі ме?
– Жібекжан, бері, маған тура қарашы! Жүрегің айнымай ма?
– Сəл-пəл.
– Құдай құтты қылсын, жаным! Көтеріп қалғансың ғой.
– Қойшы, теп-тез-ақ па?
– Жаңа өзің де мойындадың ғой бəрінің теп-тез боп жатқанын.
– Түу, саған бекер айтқан екем соны. Қайта-қайта бетіме баса бересің
енді.
Бірі өкпелегенсіп, екіншісі өкпесін тарқатқансып, екі келіншек бір-
біріне сүйкене, біріне бірі сүйене сылқ-сылқ күліп үйге қайтты.
***
Қырық шақты адам мал-жанымен, көш-көлігімен Көміршіге түнделетіп
жетті. Тоқтамай, ертесі таңбозынан тағы көшті. «Орыс жазалайтын əскер
шығарыпты. Енді албаннан тірі жан қалдырмайды», – деді бастаушысы
артық сөз айтуға да сабыр таппай. Үрей билеген бəрінде өң-түс жоқ. Ертесі
ұбап-шұбап тағы елу қаралы үй өтті. «Орыстар тоқтамай ататын
мылтығын, от шашатын зеңбірегін сүйреп келеді», – деді. Өздері көрмесе
де, өзгені үрейлендіре айтады. Қалай дегенмен де, қашқан ел жиілей
бастады. Соларды көріп, Қожабектің əйелі Бөбек жылайды. «Қытайға қалай
жетеміз? Бізді кім алып өтеді?» – дейді уайымдап. Ашып айтпаса да, айға
жуық хабарсыз жоғалған Қожабекті өлдіге санайды. Қимағанмен, тірі
екеніне Тазабек те күмəнді, тек айтуға аузы бармайды. Жазалаушылар келіп
қырып кетсе, көпшіліктің обалына қалармын, енді бір-екі күнде еш хабары
болмаса, онда ақырындап шегараға жақындай берерміз деп түйген.
Кешкісін апақ-сапақта Қожабектер сау ете қалғанда, қуанғаннан балаша
жүгіріп кетті. Бір өкініштісі, Нүсіпбектерді бұлар да таппапты. Қарабұлақ,
Таушілік, Саты, Есікті, Түрген, Қырғызсай, Тастықара, Кетпенді түгел
аралапты. Тек Көктал мен Жəркентке бара алмапты. Іледен атпен өтуге əлі
мұз қатпапты, орыстардың өткелегіне баруға, тексереді деп, ағайындары
жолатпапты. Нүсіпбектерді Қарабұлақтағы ел ғана көріпті, басқа еш
жердегілер не көрдік, не естідік демепті.
– Бір жыраға үшеуін көме салды ма, кім біледі? – деп күрсінді Қожабек.
– Асығайық, ырғалып-жырғалатын заман жоқ.
Айдаған малдың жауға бұйырары да, өзіңе қалары да белгісіз
болғандықтан, жұрт бірер малын сойып, етін қақтап алуды ұйғарды. Сонан
соң дүр көтеріліп, Сүмбе деген жерге барды. Қазақ пен қырғызды қосақтап
қуырып жатқан қазан шұңқыр осында екен. Орыстар артынан қуады,
қытайлар одан ары өткізбейді. Пішпектен, Қарақолдан қашқан қырғыздың
көбі малсыз, үйсіз. Оранған киімінен өзге не баспанасы, не үстінде лыпасы
жоқ. Киіз жамылған кемпір-шал мен теріге оранған бала-шағаны, бұтабұтаға жүн-жұрқа жауып, соның астын паналаған қатын-қалашты көргенде,
Тазабектің төбе шашы тік тұрды. Жайсыз, күйсіз жұрт жалаңаш ағаштай
жұтаған. Аштан қырылғанша жыбырлай тұратын көбі аз күннің ғана
адамы. Бұларға не қытайдың, не орыстың жаны ашымайды. Бұралқы иттен
бетер бейнет тартқан халық. Иесі де жоқ, елі мен жері де жоқ. Жанашыры
да жоқ. Не көкке ұшып кете алмайды, не жерге кіріп кете алмайды.
Ешкімге керексіз.
Қазақ пен қырғызды кіріптар қылып, қалмақтың тілеуін құдай беріпті.
Тау арасынан тұтқиыл шыға келіп шабуылдайды екен. Малын айдап, əдемі
қыз-келіншегін өңгеріп əкетеді екен. Сол əкеткеннен кейбірі қайтпай қалып
жатқан көрінеді. Аштан өлгенше, қалмаққа қатын болайын деген шығар,
бəлкім, өлтіріп тастаған шығар, анығын ешкім білмейді. Көбін бір түн
асырып қайта əкеп тастайды екен. Селге аққан салындыдай не өң жоқ, не
түс жоқ, сөлбірейіп қайтады екен қыздар. Жаны олжа болған соң,
қалғанына көз жұмады екен бəрі. Қорғансыз жандардың төзуден өзге
шарасы жоқ.
Шегараға ұйлыққан жұртты аралап қайтқан соң: «Бұл – Албанға келген
ақырзаман», – деп бағалады Қожабек. Солай екенін қасына ерген Тазабек
те түсінді. Шекараны күзеткен қытаймен де, олармен сыбайлас
қалмақтармен де сөйлесіп көріп, қайтерін білмей, бірінің бетіне бірі
қарады. «Мен көштеріңді аман-есен өткізіп берем. Тек он жылқы, елу қой
жинап беріңдер», – деді бір қалмақ. Оның сөйте алатынына бұлар сенді.
Өйткені оның кіріп-шығып жүрген жеріне өзгелер маңайлап та бара
алмайды. Бірақ оның сұраған малын жинап берсе, өздері осы қыста-ақ
аштан қырылып қалар еді. Сондықтан оның шарты «Егер маған өміріңді
қисаң, мен сенің өміріңді сақтап қалар едім» дегенмен барабар-ды.
– Көнеміз бе, қайтеміз? – деді Қожабек қынжылып.
– Басқа амал жоқ болса, көнбегенде қайтеміз? – деді Тазабек те
ұнжырғасы түсіп.
– Əуелі елмен ақылдасайық, – деді Қожабек. – Екеуі шешті, біз білмей
қалдық деп жүрмесін кейін. Кімде қанша қалды екен, малдың да есебін
алайық.
Екеуі ауыл қонған маңға жақындай бергенде, арғы шеттен баж-бұж
еткен шу шықты. «Ұрып кетті!» – деген Сəменнің дауысын Тазабек
жаңылмай танып, тұра шапты. Балалар төбелесіп қалған болар деп
болжады. Қожабек екеуі жетіп келсе, бір Сəмен емес, Самсалының да,
екеуінен ересектердің де бет-ауызы мен бас-көзі қан-қан, жырым-жырым.
Бір топ қалмақ бұлар мал жайып жүрген жотаның арғы бетінен шыға
келіпті де, шоқпармен, қамшымен, таяқпен шетінен ұрып жығып, бар
малды түк қалдырмай айдап əкетіпті. Əйтеуір, ешкімді атпапты, бірақ
асынған мылтықтары да бар екен. Астындағы атынан басқа ешкімде мал
қалмады. Нағыз ақырзаман енді туды. Аштан өлудің осылай басталатынын
Тазабек түсінді. Өлімнің өзінен гөрі өлем-ау деген қаупі зор секілді. «Енді
қайттік?» – деп, қатын-қалаш, бала-шағада ес қалмады.
– Тазабек, – деді оны Қожабек оңашалап, – жаны алқымға таянғанда,
адам ең ақырғы амалға барады. Біз де сөйтпесек болмас. Өзің Дəулетбай
деген ағамызды көріп жүрсің, Көкшегір келіннің жақын қайнағасы. Жасы
жетпістен асты. Осыдан тұп-тура елу алты жыл бұрын бұ кісі қазақтың
қолына түскен тұтқын еді. Он алты жасар қалмақ болатын. Оны
Серікбайдың ағасы асықты жілік ұсатып асырап алған. Қатын əперді, үйлібаранды қылды. бетінен қақпай өсірді. Он алтыдағы бала оның бəрін
біледі. Бірде-біріміз ол жайлы көзінше сөз қозғап көрген емеспіз. Қазір
тоғыз ұлы бар, бəрі қазақ, бəрі албан, бəрі қызылбөрік. Енді, амал жоқ, сол
əңгімені əйгілеуге тура келіп тұр. Өйтпеске ары ойлап, бері ойлап, амал
таппадым. Мына бізді тонап, шауып əкетіп жатқан қалмақтардың бір дөкейі
осы кісінің туған інісі Қарға екен. Соған енді Дəукеңді жұмсамасақ, кімді
жұмсаймыз? Ес білгелі ағалап келе жатқан адамыма «сен қалмақсың»
дегенді бетім күймей қалай айтам? Кешке үйге қонақ шақырайын. Сен
менен гөрі сырт адамсың, əңгімені Көкшегір екеуің бастаңдар, ар жағын
мен алып кетермін. Бұған қалай қарайсың?
– Қожеке-ау, оның не «қалай қарайтыны» бар? Көпшілік үшін бет
күймек тұрмақ, жан күйіп жатқан жоқ па?
...Кешкісін əңгімені Тазабек қалмақтар айдап əкеткен малдан бастады.
Малдан айрылудың арты жаннан айрылуға апаратынын ескертті. Одан ары
ұзақ оспақтатқанды орынсыз санап, қалмақ ішінде Төрге, Жырғал,
Батмолда секілді көсемдері бар екенін, солармен келіспесе, істерінің
оңалмайтынын қадап айтты. Солардың ішінде Қарға деген ерекше батыр,
атақты көсемі бар екенін айтқанда, Дəулетбай селк ете қалғандай болды.
Сонан соң төтелей келіп:
– Сол Қарғаға ортамыздан Дəулетбай ағаны жұмсамасақ, басқа амал
қалмай тұр. Қиналған мына елі үшін, қатын-баланың қамы үшін, ағамыз
оған ренжімес, – деп тоқтады.
– Неге мен баруым керек? – деді Дəулетбай əлдебір астарды аңғарып.
– Ата, айыпқа бұйырмаңыз, – деді Көкшегір сөзді іліп əкетіп. – Бар
сенеріміз сіз болған соң, бұған амалсыз барып отырмыз. Өзіңіз білесіз бе,
білмейсіз бе, ол жағы бізге беймəлім, бірақ сол Қарға деген батырдың сізге
іні екенін елден естідік. Естіген құлақта жазық жоқ, соны естіп, сөздің
шыны керек, қуандық. «Қырылудан, аштан өлуден аман қалатын болдық.
Құдай бала-шағамыздың көз жасын көрген екен», – деп қуандық. Өйткені
ініңіз болса, ол Қарға сізді тыңдамағанда, кімді тыңдайды?
– Сонда сендер мені қазақ емес, қалмақ деп жұмсап отырсыңдар ма?
Соған көздерің мен жетпістен асқанда жетті ме? Тоғыз балам мен қатыным
қазақ та, мен қалмақпын ба? Бұл не қорлықтарың? – деп, қарт еңкілдеп қоя
берді.
Бүлдіріп алдық па, енді қайттік дегенді аңғартып, Тазабек Көкшегірге
қарады. Ол көзін жұмып, басын шайқап, үндеме дегенді ұқтырды.
– Ата! – деді сəлден кейін сөзді өзі бастап. – Мен сізге келін боп
тұрғанда, балаларыңыз бен жеңгеміз қазақ болып тұрғанда, сіз қалай
қалмақ боласыз? Бірақ қалмақ та болса Қарға бауырыңыз ғой, өз қазағыңыз
үшін өз бауырыңызға бір ауыз сөз айта ма деген тілек қой біздікі.
Содан кейін қарттың иі жібиін деді. Басқалар да қаумалап, аштан
қырылмас үшін, амалсыз солай істеуге тура келіп тұрғанын айтқансып
жатты.
Қарғаға төрт кісі аттанды: Дəулетбай, Қожабек, Тазабек жəне Көкшегір.
Олар ауылдан ұзап бара жатқанда, Шəйі есік алдында тұрған. Үш атты үй
сыртынан өтіп бара жатты. Кенет ең алдыңғысы тізгінін тартып, бұған
бұрыла қарады. Оның түрін көргенде, Шəйінің жүрегі су ете түсті: жазда
жəрмеңкеде көрген жалпақ бет қалмақ. Үрейленгеннен өне бойынан əл
кетіп, есікке дейінгі екі-үш қадамды əрең аттады. Енесі бетіне бір қарады
да, құшақтай алды.
– Қарғам, не қылды? Бір жерің ауырды ма? Жата қойшы! Жүзік,
Жəмеш, жүгірсеңдерші! Құдай-ай, ішіндегісі аман болса екен!
Бəрі Шəйіні қаумалап, текеметтің үстіне көрпе төсеп жантайтты.
– Аяқ асты не болды? Көзіңе бірдеме көрінді ме? – деді Жəмеш басына
жастық төсеп жатып.
– Көзіме ол көрінгенше, шайтан көрінгені жақсы еді. Естеріңде ме,
жəрмеңкеде Сопыйаның əнін еститін күні дəу бір қалмақтың қасынан
мұрнымызды басып қашып едік қой? Жаңа соны көріп, тұрған жерімде
құлап қала жаздадым. Мені таныды-ау деймін, бұрылып, бір сұмдық
қарады. Қайта оралып келіп, бəрімізді қырып кетіп жүрмесе жарар еді.
– Мен Əділбек атама айтайыншы, Кенжеғарасын қасымызға жіберсін.
Еркегі бар үй екен деп, қаймығар, –деді Жəмеш.
– Сөйтейік, – деді Жүзік те қостап.
...Кешкі апақ-сапақта есіктің алды кенет тасыр-тұсыр етті. Жүгіріп
шықпақ болған Жүзікті əлдекім кеудесінен итеріп жіберіп, үйге кіріп келді.
– Ойбай, Сəмен, атама жүгір! – деді жығылып жатып.
Еңгезердей төрт-бес қалмақ əй-шəй жоқ Шəйі мен Жəмешті бас салды.
Қалиша мен Жүзік бажылдап ара түспек болып еді, екеуін екі жаққа
ұшырып жіберді. Есіктің алдында тағы үш қалмақ ат үстінде əзір тұр екен.
Жəрмеңкеде көрген жалпақ бет қалмақ Шəйіні өңгеріп алды да тұра шапты.
– Мен қыз емеспін, қатынмын! – деді Шəйі далбасалап.
Дəу қалмақ қыңқ деген жоқ. Құлағына Жүзіктің дауысы бір жетіп, бір
жетпеді. Байқауынша, арттарынан қуғын түспеді. Қалмақтар қашпайпыспай тау ішіне кірді. Ə дегенше қас қарайды. Енді тіпті қуғын
түспейтінін Шəйі сезді. Қожабек пен Тазабек болмаса, бұл ауылдың ауыл
болмасын осы жолы байқады. Қалмақтың қарасы жиырма шақты еді, көбі
жолай бөлініп кетті де, ақырында үшеуі қалды. Бажылдап келе жатқан
Жəмештің де үні өшті.
Өзгелерінен бөлініп шыққан екі қалмақ тау ішіне еніп барып тоқтады.
Екеуі екі жағынан ұстап, Шəйіні жерге түсірді. Жұлқынып еді, екеуі екі
иығынан басып тырп еткізбеді. Өздерінше бірдеме десті. Əлденеге келісе
алмай тұрған секілді. Осы арада зорламақ-ау деп, Шəйінің зəресі ұшты.
– Маған тимеңдер!– деді олардың ұятын оятқысы келіп. – Ішімде балам
бар. Байы бар əйелмін. Сендердің əпкелерің, қарындастарың жоқ па?
Жылатпаңдар мені!
– Əпкеміз де, қарындасымыз да бар, тек сендей қатынымыз жоқ, – деді
біреуі кекете күліп.
– Қазақ ішінде жүріп, қазаққа қас қыласыңдар ма? Жіберіңдер мені!
– Көп сөзді қайтесің, бұған дейін қазаққа қатын болсаң, енді қалмаққа
қатын боласың, – деді жаңағы жігіт жекіп.
Қасындағысы қапсыра құшақтап тұрды да, екіншісі аузын орамалмен
буып, қолын жіппен тас қып байлап тастады.
– Ал енді əңгімеңді айта бер, – деді кекетіп.
Сонан соң дəу қалмақ тағы өңгеріп алды. Бұлқынып байқап еді, оны
анау құмырсқаның қыбырлағанындай да көрмеді. Сəл жүрген соң
алдарынан ит үрді. Малқораны айнала алқақотан отырған бес үйлі ауылға
келді. Жеке бір үйге көтеріп кіргізді де, аяғын қоса байлап, текеметтің
үстіне дөңбекше тастай салды. Есікті сықырлатып, тықырлатып ұзақ
жапты. Сірə, əбден мықтаған болу керек. Сырттан дабыр-дұбырды
естігенімен, не болып жатқанын түсінбеді. Əлден уақыттан кейін дəу
қараның өзі кірді. Үстіне тон жапты да, үн-түнсіз қайта шығып кетті.
Аузымды аш дейін деп жер тепкілеп еді, тіпті мойнын да бұрмады. Есік те,
түңлік те жабық, тас қараңғы. Неге əкелді, неге қол-аяғын шешпейді, –
түсініксіз. Бекерден-бекер əкелмейді, бекер қол-аяғын байламайды, ол –
түсінікті. Сонда не істемек? Өлтірсе, айдалада-ақ өлтіріп кетпес пе еді?
Шынымен-ақ зорлап қатын қылмақ па? Осы ойдан Шəйінің тұла бойы
түршігіп кетті. Балағынан жылан жылжып келе жатқандай тыжырынды.
Осымен өмірінің біткені ме? Əкеден, шешеден, бауырдан, туған ел мен
туған жерден – бəрінен айрылса да, əлі тіршіліктің тауқыметін Тазабекпен
бірге татайыншы деп талпынып еді, оны да құдайдың көп көргені ме?
Əттең-ай, қолына бір қару тисе, дəу тұрмақ, тау қалмақ болса да алысып
өлер еді! Кеудесінен жаны шыққанша кеудесіне мінгізбес еді! Орысқа да,
қалмаққа да қор қылған құдай-ай! Бұдан да жаратпай-ақ қойса қайтетін
еді?!
Аузы байлаулы болса да, ойы байлаусыз Шəйі шарасыздықтан
шыңғырып жылады. Бірақ жүрегі шыңғырғанмен, үні шықпады.
Бауыздалған қойдың бақылындай бірдеме өз құлағына азар жетті. Буынып
өлуге де мүмкіндігі жоқ міскін дəрменсіздіктен булығып өксіді.
Бір кезде есік ашылды. Бірақ есіктен ешқандай жарық кірмеді. Есіктен
енген қараңғылық тыныштықты бұзбай біраз тұрды. Сонан соң есікті
ішінен мықтап жапты. Əлденемен байлады. Жақындап келді де, үстіндегі
тонды ақырын алып тастап, жанына жантайды. Жат иіс те жақындады.
Артынша құшағымен қақпанның шаппасынша кеудесін қысып алды да,
зілдей қалмақ бар салмағын салды. Əйел бойында дүлей күшке бөгеу
болатын еш құдіреттің жоқтығына Шəйінің көзі жетті. Күштіні тоқтататын
құдіреттің бірі – ұят. Тағы бірі – аяушылық. Жəне бірі – мейірім. Мұның
бірде-бірі бойынан табылмаса, онда күшті не істесе де, бəрі – заң.
Қалмақ аяғындағы жіпті алды да, аузы мен қолын шешпеді. Бəрін
түсінді: бақырмасын, қарсыласпасын деді. Еңіреп жылағаннан өзге ештеңе
қолынан келмеді. Үні шықпаған соң:
– Тəй-ке-е-ен! – деді жүрегінің даусымен шақырып.
***
Қарға көсем десе, дегендей адам екен. «Қазақтар келді» дегеннен-ақ
дайындалса керек, орнынан тұрмай, бəріне бажайлап бір-бір қарап өтті.
Əлдене кенет есіне түскендей, Дəулетбайға қайта жалт қарады, сонан соң
есіне ештеңе түсіре алмаған адамша қабағын шытты.
– Иə, таныса отырайық, жөндеріңізді айтыңыздар, – деді.
Алдымен Қожабек сөйледі.
– Менің атым – Қожабек. Мына бізді бастап кеп отырған ақсақалдың
аты – Дəулетбай. Мен бұ кісінің інісі болам.
– Мен Тазабекпін. Қожабек ағаның інісі болам.
– Мен Дəукеңнің келінімін, қырғыз Қожеке батырдың қызымын.
Əкемнің қойған аты – Қаныкей, албандардың қойған аты – Көкшегір.
Бас шұлғып тыңдап отырған Қарға орнынан ұшып түрегелді.
– Апырмай, Қожеке батырдың қызымын дедің бе? Сенің əкеңнің қалай
өлгенін өз көзіммен көріп ем, айналайын. Қытайлар қып-қызыл шоққа
тірідей лақтырып өртегенде, қыңқ деп бір дыбыс шығармап еді! Соны
көрген қалмақтар күні бүгінге дейін түсінен шошып оянады. – Көкшегірдің
алдына келіп қолын ұстады. Бетіне сүйсіне қарады. – Менің үйім – сенің де
үйің, Қожеке батырдың қызы: Төрге шық! – деді қолтығынан сүйеп.
– Сіз менің əкемді ардақтайтын адам болсаңыз, сіздің үй маған да үй
болмағанда, кімге үй болады, Қарға аға?
– Дəл айтасың, Қожеке батырдың қызы. Ал енді дұрыстап жөндеріңді
айтыңдаршы, мені қалай таптыңдар, қайдан келесіңдер, қандай шаруамен
жүрсіңдер?
– Оны Жəкем айтсын, – деді Көкшегір Дəулетбайға бұрылып.
Дəулетбай əңгімесін қазақтарға қалай тұтқын болғанынан бастады.
Қолын қақпай, маңдайынан шертпей, қазақ əкесі қаншама бағыпқаққанымен, өз елін, əсіресе кішкентай інісін көп жыл бойы ұмыта
алмағанын айтқанда, Қарға орнында отыра алмай қозғалақтап кетті.
– Дəулетбай – менің қазақ əкем қойған ат, өз атым – Дөрбөжін, – деген
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əй, дүние-ай! - 07
  • Parts
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Total number of words is 3923
    Total number of unique words is 2185
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2127
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2177
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2152
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Total number of words is 3957
    Total number of unique words is 2306
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2173
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2172
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2149
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2162
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2061
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2080
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2106
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2137
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2223
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2217
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2175
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Total number of words is 4025
    Total number of unique words is 2146
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Total number of words is 2955
    Total number of unique words is 1688
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.