Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 12

Total number of words is 3992
Total number of unique words is 2106
37.5 of words are in the 2000 most common words
51.8 of words are in the 5000 most common words
59.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Ағаларың айт дегенде айта ғой! – деді əкесі.
Бала қысылған жоқ. Текеметтің шетіне бір тізерлей отыра қалып,
домбырасын қағып-қағып жіберді.
– Шар болат жарқылдаған тастан шығар,
Өнерпаз өршеленген жастан шығар.
Аңдап бас аяғыңды, беу, замандас,
Қас дұшпан қасыңдағы достан шығар.
Жүзің көркем-ай,
Күнде көрсем-ай,
Аха-хай,
Сырғалы еркем-ай.
Қарғадай баланың ғажап үніне Шəйі қатты таңғалды: əбден əн айтып
үйренген адамша еркін шырқайды екен.
– Ой, даусыңнан айналайын-ай! – деді Қапез құлай сүйсініп. – Отағасы,
бұл бала біреуге еліктеп, біреуге қызығып əнші болатын бала емес, құдай
туғаннан əнші қылып жаратқан бала. Жаңағы əнді кімнен үйрендің,
бауырым.
– Іленің арғы бетінде мынаның Шаншар деген ағайыны бар, соның əні,
– деп, отағасы əйеліне қарап бір жымың етіп қойды.
– Жақсы əн екен, тағы бір жақсы əн айтшы!
Бала бұл жолы батылдау, əнді бабына келтіріңкіреп айтты. Қапез
орнынан ұшып түрегеп барып баланы бетінен сүйді.
– Атың кім?
– Қаратай.
– Отағасы, бүгіннен бастап Қаратайды қасыма қос. Мен енді мұнсыз
өмір сүре алмаймын.Қаратайдың үні құлағымнан кіріп, жүрегіме сіңіп
кетті. Мен адам танысам, Қаратайды құдай қазақтың əнін көкке көтерсін
деп əдейі тудырған. Бұл жай əнші болмайды, көмей біткеннің көсемі
болады.
– Қапез-ау, сонда сен өзің кім боласың?
– Мен ақыл айтатын ағасы, қолға ұстайтын байрағы, қасындағы
қайрағы, жол көрсететін ұстазы болам. Қаратайдың бұғанасы қатқанда мен
əн айтпай-ақ қоям.
– Ендеше бүгінше бізге өзің бір əн айтып бер.
– Айтайын. Қаратай інім құлағына құйып алсын...
...Шəйі де іштей соны тілеп отырған, Тазабек соны тап басты:
– Отағасы, он алтыншы жылы осынша бала-шағамен қайда болдыңыз?
– Қайда болушы ем? Мен де елге ілесіп Қытайға қаштым. Əке-шешем,
екі ағам, бір інім, екі қарындасым – бəріміз бір түнде қотарылдық.
Бауырларыма қарағанда, құдай менің мінезімді қисықтау қылып жаратқан.
Қашып Қақпақтың аузына барғанымда, күн екіндіге таяп қалды. Əкем мен
шешеме қарап: «Қытайда қай құда-жекжатымыз тұр? Қыс бойы Қақпақтың
ішін паналап шықпаймыз ба?» – дедім. «Ойбай, ол жайлау ғой. Қары
қалың, қысы қатты, мал қырылады, мал қырылған соң, біз де қырыламыз»,
– деді əкем. «Сен өзің қал», – деді кіші ағам жақтырмай. «Қалсам, несі бар?
Қалам», – дедім қитығып. Елу шақты қой-ешкі, он шақты сиырым,
жиырмаға тарта жылқым,екі түйем бар еді, бəрін бөліп алып айдадым да,
Қақпақтың ішіне сол кеште-ақ кіріп кеттім. Соным үшін құдай жазалады
ма, əке-шешем де, бауырларым да елмен бірге Қытайдан қайтпады.
«Əйтеуір, тірі болса екен» деп құдайға жалбарынам.
– Ал Қақпақта қалай күн көрдіңіз? – деп, Қапез таңдана сұрақ қойды.
– Қақпақ жынымды қағып алды. Құдайдың бір оңдағаны, біз құсап
қашып тығылған он қаралы үй бар екен. Солармен септесіп күн көрдік. Қар
ерте түсті. Сиыр дегенің суыққа төзімсіз мал екен, алғашқы қар түскенненақ қолға қарап қалды. Оған беретін шөп қайда? Бір-екі айдың ішінде түгел
қырылып бітті. Жылқы мен қой жарықтық қар тепкілеп күнін көреді екен.
Ешкің де мал екен, тебіндеген жылқы мен қойдың ізін қуалап жүріп ол да
өз күнін көріп шықты. Бір ақылды шалдың айтуымен, əйтеуір, бала-шағаны
аман сақтап қалдық. «Əй, балалар, – деді қар түсіп, қара суық қыса
бастағанда, – бізге жан сақтау керек пе, жоқ мал сақтау керек пе? – деді. «Е,
мал жанымыздың садағасы», –дестік. «Ендеше, менің ақылымды
тыңдаңдар. Қақпақ – қыстау емес, жайлау. Қары қалың болады. Оған сиыр
малы шыдамайды. Сондықтан қоңды-қоңды деген екі-үшеуін қазірден
сойып, қақтап алыңдар. Аямаңдар, ақыр өліп қалады. Одан да ағыл-тегіл ет
болсын. Ылғи ет жей берсең, тісің түсіп қалады. Сондықтан қар түспей
тұрып қап-қап жуа теріп алыңдар, – деді. Мен үш сиырымды сойып алдым.
Əлгі ақсақалдың айтқаны келді, он шақты қой мен бес-алты жылқыны азар
аман алып шықтым. Əйтеуір, ең үлкен олжам – қатын-балам аман.
– Е-е, ер екенсіз! – деді Тазабек сүйсініп.
Қапез қоярда-қоймай қара баланы қара домбырасымен өз қасына қосып
алды.
***
Біраз жер үндемей келе жатқан Қапез кенет басын шайқап Қаратайды
қамшысымен түртті. – «Қас дұшпан қасыңдағы достан шығар» дейсің, ə?
Апырм-ай, қазақтың кейбір сөзі ұйқыңнан шошытып оятады. Шаншар
нағашыңды көрдің бе өзің?
– Көргем жоқ, «Апарып аузыңа түкіртем» деп жүр ғой əкем.
– Мұндай сөзді менің əкем де айтып отыратын, – деп, Шəйі əңгімеге
араласты. – О кісі: «Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса, оны қабатын бір ит
қоса туады» деп отыратын.
– Қариялар айтса, көріп-білген соң айтады, ал Қаратай айтса, бұл оны
қайдан біледі деп, құлағың түршігеді екен.
– Сондықтан Қаратайдың: «Аңдап бас аяғыңды, беу, замандас», – дегені
дұрыс. Солай ма, Шəйкен?
– Қаратай, Тасашыға жеткенше мен саған бір əн үйретейін, – деді Қапез
тамағын кенеп. – Пішəндеген болыс шығарған əдемі бір əн үйреніп ем,
тыңдашы.
Баяу, ат жүрісінің ырғағымен Қапез қоңырлата шырқады.
Қанша ұрсаң қан шықпайды қара тастан,
Дүние ағып жатқан Сарқан, Басқан.
Біз-дағы кетеміз ғой аққан судай,
Кеткендей талай жайсаң асқан-тасқан.
Дүние шіркін,
Өтеді бір күн.
Кəне, Қаратай, айтып көрші!
Қара бала кідірген жоқ. «Жақсы əн екен», – деді де, қоңырлата жөнелді.
Шəйі баланың ұғымталдығына қайран қалды, əнді де, сөзін де айнытпай,
бұзбай, Қапезден кем түспей қағып алыпты.
– Құдай сені нағыз құймақұлақ қылып жаратқан екен, – деді Қапез де
сүйсініп. Үзеңгі қағыстыра келіп Қаратайды иығынан құшақтады.
– Қас дұшпаның қасыңдағы досыңнан шықпасын! Сені қабуға туған
иттің тасты қауып тісі сынсын!
– Əумин! – деді Тазабек бетін сипап.
Шəйі де шын пейілмен бетін сипады.
– Сен енді əлгі өзіңнің «Сырғалы еркеміңді» мына кең далада тағы бір
айтшы, дала да тыңдасын!
Оны да Қаратай оп-ойнақы күйде қысылмай айтып берді.
– Жеңге, сіз бұл əнді орыс қызы айтты дедіңіз бе?
– Иə, Сопыйа деген орыс қызы жəрмеңкеде де, біз үйленген түні
үйімізде де салып еді.
– Ол қыз қайда қазір?
– Із-түзсіз жоқ, ешкім білмейді.
– Өлі-тірісін ешкім білмейтін адам көбейіп кетті ғой... Өте көп.
– Қазір, Қапез, сол Сопыйаның күйеуі Қожаштың мен жерлеген қабіріне
барайық. Дұға оқы. Артынан Сопыйа екеуінің тарихын саған оңаша айтып
берейін, – деді Тазабек сөзге араласып.
Үшеуі Тазабекке үнсіз ілесті...
Қожаштың басына құран оқыған соң, Тазабек пен Қапез қайсы үйге
түсу жөнінде аз-кем келісе алмай қалды. «Шəйіні қарындасымдікіне
қалдырып кетейін», – деді. Ал Қапез: «Бірге келдік, қайда барсақ та, бəріміз
бірге болайық», – деді. Сөйтіп тұрғанда Қаратай: «Тəте, «Бөлінгенді бөрі
жейді» деген ғой, бірге болайық та», – деп қалды. Баланың сөзі Шəйіні
сындырды. Сонымен төртеуі Қапездің досы Бəкендікіне бірге бет алды.
Бəкен отау тігіп, əке-шешесінің қасында тұрады екен. Мұрт қойған,
қызыл шырайлы, қырма сақал жігіт. Əйелі əлі бала көтермеген, қыз мүсінді
қыпша бел келіншек. Келген қонақтарға бəрі жікжапар болып жатты.
Қой сойылды, самаурын қойылды. Қазақтың қонақ күтісі – кішігірім
мереке. Ырду-дырду, əзіл-қалжың, жөн сұрасқан əңгіме əп-сəтте-ақ
қонақтар мен үй иелерін жақындастырып жіберді.
Шай мен еттің ортасында бір əңгімені Бəкеннің өзі бастады:
– Қапез, сенің əніңді естімегелі қай заман? Əу деп жіберсең қайтеді?
– Əуелі ауылдың алты ауызын өзің баста. Біз оған дейін кішкене бой
үйретіп алайық.
– Сөйт десең, сөйтейін.
Бəкеңнің дауысы мінезіне сай ойнақы, жағымды екен. Аса шырқамай,
дауысымды бірден тауысып алмайын деп үнемдеген адамша үй ішіне еркін
естілердей етіп айтты.
– Мен жолымды Қаратайға берем. Осы бала, Бəкен, екеумізден де асқан
əнші болады, құдай бұйырса. Нанбасаң, тыңдап көр, – деді Қапез.
Қаратай «Сырғалы еркемін» айтты. Баланың дауысына Бəкен де,
Бəкеннің əке-шешесі де мəз боп таңғалды.
– Құдай бағыңды ашсын, балам. Болайын деп тұр екенсің, жасаған жар
болсын! – деп, əкесі батасын берді.
«Тағы айт», – деген соң, Қапез жолда үйреткен əнді Қаратай аса бір
құштарлықпен, бар ықыласын сап шырқады. Əнінің əсері Бəкеннен асып
түспесе кем түспеді. Он үштегі бала деуге болмайтындай. Сонан соң
Қапезге кезек тиді. Оның шоқтығы Бəкеннен тым биік екенін Шəйі іштей
таразылады. Əуенді де, сөзді де ырқына еркін көндіріп, көсіле салды. Əн
салуды сағынып қалғаны көрініп тұр.
***
Кеш жатып, кештеу оянған қонақтар ертеңгі асқа да кешігіңкіреп бас
қойған.
– Ассалаумағалейкө-өм! – деп, жез мұрт орта жастағы сары кісі мен өзі
құралпас əйел жəне талдырмаш бойжеткен үшеуі үйге іркес-тіркес кіріп
келді.
– О-оу! – деп, Бəкен орнынан ұшып түрегелді. – Жездем мен əпкем
келіп қалыпты ғой.
– Келіп қалғамыз жоқ, «Келсін!» деген соң келдік, – деді əпкесі күліп.
Жиен қарындасым – Жібек. Төрт ұлдың ішінде бір бидай. Бəріміздің
сұлуымыз да осы, еркеміз де осы, – деді Бəкен таныстырып. «Он алтыға
толған болар», – деп шамалады Шəйі қыздың балаңдығы мен ұяңдығына
қарап.
Бəкеннен жоғары отырғалы жатқан жездесіне Қаратай ұшып түрегеп
орын беріп еді, «Əуре болма, балам. Қонақ көрінесің, əкеңнің қасында
отыра бер», – деді Қапезге қарата иегімен нұсқап.
Ол сөзге ешкім мəн бере қоймады. «Қап, мына кісі бүлдірді-ау!» деді
Шəйі ғана байқап: «Келген қыз Қапезді үйленген кісі деп қалатын болдыау?!»
– Жеңге, қымызды мен құяйын! – деді Жібек Бəкеннің əйеліне еңкейіп.
– Құйсаң құйшы, үйрене бер, – деп, ожауды қолына ұстата салды да, өзі
Бəкенге қарай ығысып отырды.
– Ассалаумалике-ем! – деп, сол сəт үйге Жомарт кіріп келді. Оны
көргенде Шəйі өзінің қалай орнынан түрегеп кеткенін білмей қалды.
– Қайын жұрттың иісін қалай білем, ə? – деді келе ыржиып.
– Əкең де қайынсақ еді, тартқансың ғой, – деді Бəкеннің əкесі
қалжыңдап. – Қалай əке-шешең? Солар жіберді ме, өзің келдің бе?
– Солар жіберді. «Сол үйдегі адамдарды түгел тайлы-таяғымен
шақырып кел», – деді.
– Онда əкеңнің бір қойы бұйым болмайды, не түйе, не тай сояды да.
– Иə, өзі де тай сойғалы жатқан. Жеке үй тіктіріп қойды.
– Онда кешке барып, бір жауша шауып қайтайық. Сөйтеміз бе, балалар?
– Сөйтейік, – деді Тазабек көтеріле үн қатып.
– Онда айта бар əке-шешеңе: дұрыстап дайындалсын!
– Ойбай, қызықсыз ғой, аға. Жібектің қолынан қымыз ішейін, Қапез бен
Бəкеннің əнін естиін, жеңгесі Шəйіні де Жібек дейді, екі Жібектің
ортасынан жаңа орын тигенде, «айта бар, қайта барыңыз» қалай?
– Ой, бəтшағар, сенен сөз артылмас. Сен жоқта сенің сараң əке-шешең
шала дайындалып қоя ма деген қауіп қой менікі.
– Қауіптенбеңіз, аға. Бəрі кəттə болады.
– Қапезжан, түнде Пiшəн деген кісіні айтып қалдың. Жолсоқты, атсоқты
болып келген шығар деп, қазбаламадым. Енді айтшы, ол кім? – деді ақсақал
енді əңгіме мен əнге көшейік дегенді аңғартып.
– Айтайын, аға, – деді Қапез домбырасына қол созып. Қаратай қарғып
түрегеп домбырасын əперді. – Пiшəн бұл күнде болыс екен. Жалайыр
ішінде ұруы Байшегір көрінеді. Елден естуімше, қазір жасы отыз үш – отыз
төртке келген тəрізді. Жəлменде деген аса бай кісінің ерке баласы деседі.
Жасынан нөкер жиған, əн айтып, айтысқа түсіп, сері атанған жігіт
болыпты. Сөйтіп жүргенде, бір күні Көксу бойындағы жалайырлардың
Андас ауылына нөкерлерімен бара қалады. Үлкен тойдың үстінен түседі.
Əшіркүл, Зейнеп деген екі қыз əріптесіп өлең айтып отыр екен. Паң
мінезді, ешкімнен беті қайтып көрмеген Пiшəн əлгі екеуіне соқтыға кетеді.
Бұрыннан бар əні ме, əлде сол арада суырып салған əні ме, ол арасын
білмедім, əні мен сөзі мынандай:
– Əшіркүл, Зейнеп,
Сөз айттым түйдек.
Бұл дүние өте шығар,
Өй деп, бүй деп.
Өнерім бір басыма мол жетеді,
Бəрібір жастық шағың бір өтеді.
Мырзасы Байшегірдің келгенінде,
Көңілімді аулай салсаң нең кетеді? – деп тиіседі.
Пiшəн бастырмалатып бара жатқан соң, екі қыз былай жауап қайтарады:
– Біреуге жалынбаймыз, əзір тым біз,
Атаңыз Байшегір де емес шың-құз.
Кебесің Пiшəнмiн деп, біз қайтпекпіз,
Бас ұрған барлық қазақ атам Шыңғыс.
Сонда Пiшəн қыздарға құлдық ұрып:
– Сөзіңді өзің айтқан қайталайын,
Аулыңа қонақ болып жайланайын.
Бабаны айтып қалдың, енді қойдым,
Шыңғыстың аруағынан айналайын! –
деп, айтысын қоя қояды. Бұл əннің тарихы да осылай, аға.
– Тентек болса да, текті тентек екен, ə!
– Енді сол Пiшəн ағаның тағы бір əнін мына Қаратай балаңыз айтып
берсін, аға.
Балаң дауыспен Қаратай ойлы, мұңды əнді əдемі шырқады.
«Дүние шіркін,
Өтеді бір күн».
Шəйі байқап отырды: Қаратайды тыңдап отырып, Жібек Қапезден көз
алмады. Бəкеннің əн айтқанын талай естіген болар, бірақ Қапездің кең
тынысты қоңыр дауысы алпыс екі тамырын иітіп жіберген болар.
Бойжеткенге Қапездің бойдақ екенін қалай білдірсем екен?!
Оның реті келді. Түс ауа бұлар Жомарттікіне баруға жиналды. Жібек
əкесі мен шешесіне ілеспейтін болды. Шешесі елдің көзінше: «Сен қал», –
деп, қызына кесіп айтты. «Барсын», – дегенді Бəкен де батып айта алмады.
Бəкен мен əйелі қызды, сөз жоқ, Қапезге көрсетейік деп əдейі шақыртты.
Ашып айтпаса да Қапез жайында құлаққағыс еткен болуы керек. Енді сол
мақсаттың бəрі ойда-жоқта бұзылғалы тұр. Не істеу керек?
Құмғандағы суды пысытқылап, Жібек самаурыннан жылы су құйып
жатты. Шəйі қасына келіп:
– Сіңлім, қолыма су құйып жіберші! – деді.
– Қазір, – деді Жібек қағылез үн қатып.
– Қайынсіңлімдікіне неге бізбен бірге бармадың?
– Əке-шешем барады ғой.
– Бізге сенің барғаның керек. Саған қарап айтса, Қапездің даусы қырық
құбылады екен. Əлде ұнатпай қалдың ба?
– О кісі маған қарап қалмаған шығар?
– Саған қарап қалмаса, сені көруге сонша жерден келер ме еді?
– Қаратайын қыдырту үшін шығар?
– Қаратайды жолдан қосып алдық, даусы, мінезі – бəрі Қапезге бірден
ұнады. Өзің де көрдің ғой, қандай керемет бала!?
– Иə, маған да ұнады.
– Қапез ше? Ол ұнамады ма?
Жібек Шəйінің бетіне бағжия қарады. Саған, өзі не керек деген секілді.
– Ұнамады ма? – деді Шəйі тақықтап.
– Ұнады.
– Сен де оған ұнадың.
Жібектің екі беті лап қызарып кетті. Құмғанын құшақтап, үйге қарай
жалт бұрылды. – Апама айтыңыз.
«Апа» дегені шешесі екенін Шəйі түсіне қойды. «Оған не десем екен?»
– деді тосылып. Ақыры тəуекелге мінді.
– Қызыңыз бізбен бірге қызық көріп қайтсын да, – деді төтесінен.
– Ағасы ат тауып берсе, бара берсін.
Бəкен тез арада ер-тұрманымен ат тауып берді.
Шəйі жол бойы Жібекті жанынан шығармады. Сыпайылық сақтап,
Қапез көз қиығымен ғана бəрін барлап келе жатты.
***
Жомарт пен Жəмеш жүрегін қолына ұстап күтті. Əсіресе Жомарт. Екі
езуі құлағына жетіп қуанды.
– Біздің елден Қапездей əнші шығады деп мен ешқашан ойлаған
да емеспін, үміттенген де емеспін, – деді аңқылдап. – Даусын естігенде,
бүкіл жан дүнием бір аударылып түскендей болам.
– Мені тыңдағанда да аударылып кете жаздаушы ең ғой? – деді Бəкен
күліп. Шəйі оның даусынан əзілмен бірге əзəзілді де аңғарғандай болды.
Қапездің көңілі Жібекке ауғанын Шəйі осы жолы анық байқады. Көбіне
көзінің қиығымен қарап, анда-санда басынан аяғына дейін асығыс шолып
өтеді. Екеуінің қылығын аңдып отыру Шəйіге тіпті қызық көрінді. Қасында
отырған қызға қасақана: «Бəкен жақсы əнші екен ғой, ə?» – деп сыбырлады.
Жібек сəл үндемей отырды да, «Қапез жоқта солай болатын», – деді
күмілжіп.
Қапез келгелі бағасы бəсең болып қалғанын Бəкеннің өзі де сезді, сірə.
Соған намыстанды ма, əзіл-оспақ пен күлкілі əндерді айтуға көшті.
«Айым туып келеді алқасынан,
Шалып жықтым қыздарды шалқасынан.
Шалып жығып қыздарды шалқасынан,
Шаңын қағып тұрғыздым арқасынан», – деп күлкіге бір қарық қылды.
Сол күлкіні арқаланып:
«Тойға баптап мінемін қасқа атымды,
Қасқа атымнан мінбеймін басқа атымды.
Құдайдың маған берген бір мінезі,
Қыздан жақсы көремін жас қатынды», –
айтқанда, неге екенін, Шəйі жаққа жалт қарады.
деп те тастады. Соны
– Өй, бəдік неме! –деп, оған елден бұрын əкесі күлді.
Əдейі қарағанын Шəйі анық байқады. Көзімен де, езуімен де əлденені
аңғартып күлді. Онысы несі? Ойыны ма, шыны ма? Сонда жақсы көрген
жас қатыны мен бе? Əуелгіде əжептəуір көрінгенмен, бірте-бірте Бəкен
Шəйіге басқаша таныла бастады. Лепіріп, көтеріліп сөйлегені кейде
жарасса, кейде жараспайды. «Қапез екеуміз Ыстамбұлды өз үйіміздей көріп
кеттік. Жиын-тойларында талай əн салдық. Қапез қазақтың қай-қайдағы
мұңды əндерін айтса, мен күлдіргі əндермен қыран-топан қылам», – деп бір
соқты. Қапезді мақтаған боп отырып, білдірмей өзін одан көтеріңкіреп
жібереді. Əзілге сайып, əдейі сөйтеді. «Түріктер əзіл-оспақ, билеуге бейім
əндерді өте жақсы көреді», – деп, тағы өзін бір ерекшелеп тастады.
Күлдіргі əн айтқанды керемет артықшылық санайтын секілді. Алғашқы
кейпі де алдамшы екен, домалақ жүзді жайдары жігіт көрініп еді, онысы
бүркеме бетперде болып шықты. Маңдайының тарлығы сондай, қабағын
көтерсе, маңдайшасы қасымен түйісіп кете жаздайды. Тықыр шашы бас
құйқасымен бірге бұлтыңдап, қасы мен көзі екі жағынан екі құлағына керіп
қойғандай созыла қиғаштанып тұр. Жарғақбас жарқанаттың жүнбас адам
түрі алдыңда тұрғандай. Ол бұған бір-екі рет «менің көздеп отырған
жемтігім сенсің» дегендей шүйлігіп қарады. Шəйі өз-өзінен жайсызданды.
Бəкеннің қандай адам екенін Қапез білмей ме? Неге білмесін, білетін
шығар? Білсе, неге жақын жүреді? Неге? Адам адаммен араласпаса, адам
бола ма? Шəйіге жарқанатты елестеткен Бəкен тұрмақ, жарғанаттың өзі де
өмір сүріп жатқан жоқ па? Бəкен ұнамаса, оған əйелі неге тиеді? Ұнаған
соң тиеді. Бұл дүние бір адамның ғана билігінде емес қой. Қайта барлық
адам бір дүниенің билігінде. Көздің көруі мен көңілдің көруі – екеуі екі
басқа болғаны ғой.
Топалаң ойдан кешке дейін арыла алмады. Ақыры шаршап: «Əзілдеген
сиқы сол шығар?»деп топшылады.
– Жүрші, далаға шығып келейік, – деді Жібекке.
Екеуі алысыраққа кетті. Қыздың тамырын басатын ең ыңғайлы сəт осы
еді.
– Қапез сені ұнатып қалыпты, – деді күліп.
– Оны кім айтты?
– Өзі айтты.
– Оны неге сізге айтады?
– Енді кімге айтады? Саған бірден бата алмайды, менен басқаға сене
алмайды. Сонан соң маған айтты. «Жеңге, көңілімді жеткізші, көңілін
білші», – деді. Не дейсің?
– Не деуші ем? Онысы асығыс қой. Бір көрмей жатып...
– Бір көргеннен оянбаған сезім он көргеннен ояна қояр деймісің, Жібек?
Ұнайтын адам бір көргеннен-ақ ұнайды, ұнамайтын адам бір көргеннен-ақ
ұнамайды. Сөзбұйдаға салмасаңшы.
– Сіздің айтқаныңыз болсыншы.
– Болды ендеше. Қапезден шүйінші сұрайын.
Екеуін есік алдынан Бəкен күтіп алды.
– Қасқыр жеп қояр деп қорықпайсыңдар, ə? Жеңгеңнің қасына баршы,
Жібек.
Жібектің соңынан Шəйі де жүре беріп еді, Бəкен қолынан ұстай алды.
– Көзіме де түсіп, көңілім де ауып, əбден діңкемді құрттың-ау!
– Қылжағыңды қой, Бəкен. Байым көрсе, мойныңды үзіп жіберер.
Онымен ойнама.
– Мен онымен емес, сенімен ойнайын деп тұрғам жоқ па?
– Ол екеуміз бір адамбыз. Бізді ешкім бөле алмайды.
– Өзі дəудің өзгесі өнімсіз келеді деуші еді, оған неғып өзеуреп
қалғансың?
– Өнімді ме, өнімсіз бе, оған көзіңді жеткізгің келсе, қойнына
қатыныңды бір түн салып көр!
Қолын жұлқып жіберіп, Шəйі үйге қарай беттеді.
– Орысқа да, қалмаққа да жем болғаныңды мен білмейді деймісің?
Бəлсінбей-ақ қой!
«Иттің баласы-ай! Ит алғысыз етем деген екенсің ғой! Тəйкенімнен
садаға кеткір!»Шəйі жығылып қала жаздап, етпеттей келіп, есіктің
сықырлауығына сүйене бергенде əлдекім сыртынан кеп құшақтай алды.
Қапез екен.
– Жеңге, өңіңіз өрт сөндіргендей ғой, қыздың жауабы қатты болды ма?
– Жоқ, қайным, қыз біздікі. Сенің қадіріңді қасыңдағы досыңнан артық
білмесе, кем білмейді.
– Ендеше нағып ит қуғандай жығылып қала жаздадыңыз?
– Иə, ит қуды. Үйге кіре бергенімде бір иттің қарсы алдымнан тап
бергені. Содан шошып...
– Е, ит иттігін істемей тұра ма, жеңге. Кейбір ит үйден шыққанға да,
үйге кіргенге де үре береді. Ондай тексізге тəйт дей салыңыз.
Бір ыңғайсыздық болғанын Тазабек те сезіпті. «Сыр берме, жаным!
Анау ит бірдеме деді-ау, сірə? Қапез үшін қыңқ демейік», – деді сыбырлап.
– Қыз көнді ғой, қалғаны құрысыншы! – деді Шəйі де өзіне өзі басу
айтқан адамша байсалдылық танытып. – Не дегенін білсең ғой...
– Жарайды, кейін... Аспанын тастап жіберсе де сыр берме!
Тазабектің темірдей үні көкірегінде кілкіп тұрған жəбірінің бəрін
жапырып жібергендей болды.
***
Тазабекпен ақылдаса отырып, Жомарт пен əкесі Қапезге ат, Қаратайға
тай мінгізді. «Алғашқы олжаң құтты болсын!» – деп, Шəйі бала əншінің
бетінен мейірлене сүйді.
Жібек пен Қапез сөз байласып, Тазабек пен Шəйі құдасый көріп, бұлар
ауылға тойдан қайтқандай оралды. Ертесі Жалаңашқа Жүзіктің шешесі мен
інісі бата оқи келді. Үйіткен үлкен қара қойы бар, артынып-тартынып
келіпті. Жүгіріп келіп Тазабектің тізесіне отыра қалған Оралбекті көріп,
Жүзіктің шешесі:
– Балаңыз орысқа тартып кетіпті, ə, құдағи? – деп қалды.
– Пұсырман бабамыз қалмақпен соғысып батыр болса, Тазабек атамыз
орыспен соғысып батыр болған, құдағи. Жауыңа тартқан бала жауынгер
болады. Құдай қиса, Оралбегім батыр болады, – деді.
Тазабек Шəйіге, Шəйі жерге қарады.
– Менің балам қырғызға тартады, – деді Жүзік жасандылау күліп. –
Басқаға тартқан бала бақытты болады.
– Е, балалар бақытты болса, біз де бақыттымыз. – Жүзіктің шешесі өзі
бастаған сөзді өзі тиянақтады.
***
Үш күн ойланып, үш түн толғанып, ақыры Тазабек тəуекелге мінді.
– Сен оқыған адамсың ғой, мен Көпзіп берген үйді мектеп жасасам, сен
соған балаларды оқытасың ба? – деді Қапезге.
– Ойбай-ау, Тəке, көктен тілегенімді жерден берді ғой онда.
– Ендеше жүр, кеттік. Секеринмен ақылдасайық.
Екеуі оны өз үйінен тапты. Тазабекті тыңдап болып, таңдана басын
шайқады.
– Мұның нағыз бəлшебекке тəн қылық. Тізімін жаса, балаларды оқыт,
қолымнан келген көмегімді аямаймын, – деді жігерленіп.
Бұлар далаға шығып аттарына мінгенде сап етіп Сергейчук келе қалды.
Əлдебір маңызды нəрсе айтылғанын үшеуінің жүздерінен аңғарған болу
керек.
– Немене, тойға бара жатырсыңдар ма? – деді кекесін үнмен.
– Иə, той десең де болады, – деді Секерин атының басын соған қарай
бұрып. – Тазабек Кобзевтің берген үйін мектеп жасайық дейді.
– Сонда қалай? Қазақ балалары оқиды да, менің балаларыма бастық
бола ма?
– Болса несі бар? – деді Тазабек ызалана тістеніп.
– Есіңде болсын, Тазабек, қазақ қырық жыл оқыса да орысқа ештеңе
үйрете алмайды.
– Сенің де есіңде болсын, Сергейчук. Қазақ оқыса, орысқа бірдеме
үйретем деп оқымайды, өзім бірдеме үйренем деп оқиды.
– Сенің қазағың өзі де ештеңе үйрене алмайды, қой баққаннан басқа
қолынан ештеңе келмейді.
– Өй, əкеңнің аузы! Қазақты сен туып па едің?
Оң аяғын үзеңгіден шығара сап, Сергейчуктің атын қабырға тұстан
Тазабек теуіп кеп жіберіп еді, аты тəлтіректеп барып Секериннің атына
соқтықты. Екеуі қабатынан құлай жаздады. Қамшысын көтере бергенде,
Қапез қолынан шап берді.
– Қой, Тəке. Тексіз адаммен төбелеспе.
– Апырм-ай, Тəке, адамның күшті болғаны да қауіпті екен-ау, ə? Бір
тепкенде екі аттылыны тоңқалаң астыра жаздадыңыз ғой!
– Анау ит, көрдің бе, қазақты адамға санамайды. Қақ бастан бір салсам,
тіл тартпайтын еді.
– Өйтсеңіз, сіз бен Сергейчуктің емес, қазақ пен орыстың арасы
ажырайтын еді ғой, Тəке. Жаңағыңыздың өзі де оңай тиген жоқ екеуіне.
...Секерин сыр бермесе де, Сергейчуктің кек сақтайтынын Тазабек сезді.
Біраз күн көздеріне түспеуге бекінді. Оның орайы да келе қалды. Кешкісін
Қапез үйге күлімдей кірді. Тұйықтың төрінде отырған ауқатты Тұнық деген
кісі сүндет тойға шақырыпты. Тұңғыш немересін мұсылман етіп жатыр
екен.
– Қасыма Қаратайды алсам, екеумізге қорған боп өзіңіз бастап
барсаңыз! – деді.
– Барайын, – деді екі сөзге келместен. – Ел көріп, жер көріп, ашуымды
тарқатып қайтайын.
***
Тазабек, Қапез, Қаратай – үшеуі Кеген өзенінен өтіп Ақшоқының батыс
жақ сыртын айнала бергенде, бастау басында аттарынан түсіп алқақотан
отырған алты орысты байқады. Үшеуі бір-бірін үнсіз түсініп, олардан
аулақтай орағыта жүрді. Кенет орыстың біреуі орнынан атып түрегелді.
– Тазабек! Əй, Тазабек! – деді таза қазақшалап.
–Өй, Көбзіп қой, – деді Тазабек те танып. – Бұрылайық.
Алтауы да ірі, тығыршықтай, əлдекім əдейі іріктеп алғандай біріне бірі
сай екен. Кобзев құшағын жая амандасты. Қапезді де құшақтап, Қаратайға
көзін сығырайта қарады.
– Бұл қазақты бұрын көрмеген си яқтымын, – деді Тазабекке түсіндір
дегендей қарап.
– Бұл – Қапездің шəкірті, Қаратай деген əнші бала.
– Əн салмайтын, өлең шығармайтын қазақ жоқ, – деді Кобзев күліп. –
Қапез, əкең қалай? Тың ба?
– Құдайға шүкір, мал-жанына қарап жүр.
– Аман болсын. Менен сəлем айт.
Бұлар Қарақолға барып, содан қайтып келе жатыр екен.
– Сауда-саттық жасап келеміз, – деді Кобзев Тазабекке жөндерін
түсіндіріп. Малдарына апиын айырбастап əкеле жатыпты. Қытай асырсаң,
апиының алтыннан қымбат қазына көрінеді. «Мынау өзіңе, мынау
Байғабылға. Суық тисе, тарыдайын езіп ішсең, құлантаза айығып кетесің»,
– деп, Кобзев Тазабекке екі түйіншек апиын берді.
– Мен жақсы орналастым, – деді Кобзев. – Китің дегенің шөбі шүйгін,
айналасын жота мен төбе қоршаған ық қойнау екен. Малға да, адамға да аса
жайлы. Сен, Тазабек, Сергейчуктен қанша сақтансаң да қапы қаласың.
Одан да қасыма көшіп келсеңші. Ағайындарыңды да ала кел. Несіне
қобалжисың, ол да қазақтың жері емес пе? Саған шамасы жетпегенмен,
Сергейчук бала-шағаңа қастық жасауы мүмкін. Өзіңнен бұрын оларды
ойласаңшы!
– Ойлаймын ғой, неге ойламайын! – деді Тазабек қарсылық та айтпай,
құптай да қоймай. Орыстар мен қазақтар кəнігі бауырларша ұзақ
қоштасып, зорға ажырасты.
***
Тойлы ауылға Тазабектер күн жамбасқа жығыла жетті. Той жасап
жатқан Тұнық қарт Қапездің келгеніне қатты қуанды. «Əніңді əлі естігем
жоқ, бірақ даңқыңды естіп жатырмын», – деді күліп дөңестеу жерге тіккен
алты қанат үйге өзі жайғастырып. Əуелі қымыз, артынша шай əкелді. Шай
үстіне Бəкен, оған еріп Жібек келді. Той иесіне Бəкен жақын жиен екен,
Бұлар жөн айтысып, жөн сұрасып жатқанда əлдекімнің бажылдаған, оған
араша түскен ересек біреудің: «Ойбай, өлтірді-ау!» – деген ащы айқайы
шықты. Үйдегілер үдере далаға шықты. Еңгезердей дəу жігіт бір баланы
аттың бауырына алып сабап келеді, бала басын сауғалап, қырғидан қашқан
бозторғайша бұлталаң қағады. Ашу қысқаннан Тазабектің көзі қанталап
кетті. Ширыға барып аттының алдына тұра қалды. Аты қалт тоқтағанда
тізгінінен шап берді. Алып қара құстай өңкиген Тазабектің қос ауыз
мылтықтың ұңғысындай шүйліккен көздері аттылының өңменінен өтті.
– Өй, тұр былай!
– Тұрмаймын! Жауға шапқандай балаға шапқаның не?
– Өй, əкеңнің... Кет жолымнан!
Сілтей берген қамшысын Тазабек қолына орай тартып алды. Ананың
көзі бір сəт сасқалақ қақты. Екі жұлқып, еңкейтті де, Тазабек оны ат
үстінен жұлып алды. Екеуі ұмар-жұмар жерге домалады. Енді тиіспес деген
оймен Тазабек түрегеле бергенде, анау қолындағы қамшыға жармаса кетті.
Тазабек бір сілкіп тартып алды да, сабын тізесіне сап қақ бөліп тастады.
Сөйтті де алысыраққа лақтырып жіберді. Ері бауырына түскен ат тулап,
тепкілеп, қарап тұрған жұртты у-шу қылып қорқытып, біресе жұртқа,
біресе үйге тақау келіп, елдің əбден зəресін алды.
Тазабек артына бұрылмай жүре беріп еді, еңгезердей екі жігіт алдына
көлденең тұра қалды. Істің насырға шапқанын Тазабек түсінді. Артына
қараса білегін сыбанып, атынан аударып алған жігіті талтая шіреніп тұр
екен. «Қап, қамшым болғанда, қақ бастан перер ем!» – деді өкініп. Сол сəт:
«Аға!» деген Қаратайдың даусы шар етті. Жалт қарады.
– Мə, қамшыңыз!
Лақтырған қамшыны Тазабек лып еткізіп қағып алды. «Үшеуін үш
салып кетіп, үш жерге теңките салсам ба екен?» деді бір сəт ыза буып. Сол
кезде үшеудің кішілеуі: «Өй, əкеңнің!» – деп тап берді.
Тазабек жалт беріп бүйірге шықты да, бөкседен жанай бір тартты.
Жігіт баж етіп домалап түсті.
– Əй! – деп сол сəт қара сұр мұртты жігіт ағасы топ ішінен атылып
шықты.
– Əй, көргенсіздер! Өз тойларыңда өздерің төбелес шығарып, бұларың
не? Ал, қане, сабаңдар мені, қолдарың қышып бара жатса!
– Қозыны жамыраттың деп қаршадай баланы жұрттың көзінше
сабағаның қай сасқаның? Тойға соны тамашаласын деп шақырдыңдар ма?
– Кітəпбек, бұл не шу?– Шапанының бір жеңін киіп, бір жеңін кимей
той иесі Тұнық қарт ентелей жетіпті.
– Өй, балаларыңыздың балалығы да баяғы. Қонаққа қамшы көтеріпті.
– Өй, өңкей ез, көрінбеңдер көзіме!
Үшеуінің де ұялас тентек екенін Тазабек Тұнықтың сөзінен түсіне
қойды. Үйге кірген соң да жайғасып отыра алмады. Əлдебір алаң күдік
көкейінде кілкіді де тұрды. Кінəлі ме, кінəсіз бе, қалайда ыңғайсыз болдыау!? Ел көрді, жұрт естіді, тойдың шырқын бұл бұзды дейді-ау?!
– Қапез, менің қайтып кеткенім жөн шығар? – деді есік жаққа бетін
бұрып.
– Сол дұрыс шығар, – деді Бəкен Қапездің жауабын күтпестен. –
Тазабек аттан жұлып алған жігіт – бұл өңірге аты шыққан көкпаршы, əйгілі
тақымгер. Ал бөксесіне қамшы соққан жігіт оның ең кенже інісі, сүндетке
отырып жатқан – соның баласы. Екеуі де намыстан өлетін шығар. Ұят
болды.
– Онда біз де кетеміз, бірге келдік, бірге қайтамыз, – деді Қапез есікке
қарай бір аттап.
– Біз де кетейік, – деді Жібек Бəкеннің бетіне қарамастан.
– Е, бізге не жоқ, – деді Бəкен күңк етіп.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əй, дүние-ай! - 13
  • Parts
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Total number of words is 3923
    Total number of unique words is 2185
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2127
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2177
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2152
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Total number of words is 3957
    Total number of unique words is 2306
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2173
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2172
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2149
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2162
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2061
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2080
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2106
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2137
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2223
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2217
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2175
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Total number of words is 4025
    Total number of unique words is 2146
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Total number of words is 2955
    Total number of unique words is 1688
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.