Latin Common Turkic

Əй, дүние-ай! - 11

Total number of words is 4000
Total number of unique words is 2080
36.6 of words are in the 2000 most common words
52.0 of words are in the 5000 most common words
60.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
содан кейін шешесі де сұңқылдап жылауын сап тыйды.
Тазабек пен Жүзік Күрметіде бес күн болып қайтты. Бес күннің де көп
күн екеніне Тазабектің көзі Шəйіні көргенде жетті. Бұлар сəске ауа
Жалаңашқа келгенде, бəрі үйде екен. Табай, Шəйі, Сəмен, Əбен – бəрі
шұрқырап амандасты. Көзінің астымен де, үстімен де ынтыға қарап,
əсіресе Шəйінің дегбірі кетті. Бір сəт жанаса беріп: «Жеттің-ау əйтеуір!» –
деп қалды. Сол сөз ішіне от тастап жібергендей əбігерлетті. Самайында
сырғыған бір шөкім шашы қайта-қайта көзіне сырғып, оны Шəйі қайтақайта кейін сілкіп, сілкігенге көнбеген соң, саусағымен ысырып құлағының
үстіне нығарлай қыстырып қояды. Сəлден кейін шөкім шаш тағы самайына
қарай сырғиды. Тағы сілкиді, тағы саусағын созады. Жанары Тазабектің
жүзінен тайғанап өтеді. Екеуінің көзі өліп-өшіп түйіседі. Елдің сөзін
құлақтарымен естіп, өздері көзбен сөйлеседі. Табайдың Жүзікке:
– Үй бар екенін, үйде күйеуі мен бала-шағасы бар екенін мүлде ұмытып
кеткен шығар деп едім, – дегеніне екеуі де езулерімен күлді, ал көздері бірбірінің өне бойын ақтарып жатты.
– Ойбай-ай, мына жаман да əкесін сағыныпты! – деген Жүзіктің дауысы
Тазабек пен Шəйіні селк еткiздi.
Малдас құрып отырған Тазабектің оң тізесіне Оралбек келіп отырып
жатыр екен. Бір жастан асып, тəлтірек басып жүрген Оралбектің бұл
қылығы «сендер не десеңдер де əке менiкі» деген өктемдік секілденді.
Тазабек баланы емірене бауырына тартты, тықырлап қырған бас құйқасын
иіскеді. Қылтанақ шаш иегіне батты. Күн қаққан құрғақ, жып-жылы бала
иісі көкірегіне мейір төкті. Құмарлана құшағына қысып еді, сəбидің сүт иісі
танауына лап қойды.
– Уһ, иісіңнен айналайын-ай, өмірдің, тіршіліктің иісі ғой! – деді
сүйсініп.
Бетіне Шəйі бар ықыласын төгіп жалт қарады. Далада көк төбет үрді.
– Дет! – деді Оралбек оған жекіп. – Дет! –деді тағы қайталап. Қопаң
етіп, қайта отырды да: – Дет! – деді жұмсақ үнмен.
– Тазабектің баласы төбетімізді тəртіпке шақырды ғой?! – деді, Жүзік
Табайға күле сүйсініп.
– Əкесі бастық болғанын баласының да білгені ғой.
«Бастық! – деді Тазабек іштей күбірлеп.
Елді бастаушы да бастық, елді басып-жаншушы да бастық. Бастық
басуы керек пе, бастауы керек пе?»
***
– Мектеп ашсақ деген ойым бар, – деді Секерин Тазабек пен
Сергейчукке сыр ашып.
– Ашайық, – деді Сергейчук сөзге келмей.
– Оған үй керек қой, – деді Тазабек.
– Иə, үй керек. Атаманның үйін сұрасақ.
– Неге сұраймыз? – Сергейчук орнынан ұшып түрегелді. – Тартып алу
керек.
– Петр, қанша айтам саған: «Қызбаланба!» – деп. Жесір əйелдің үйін
тартып алсақ, ел бізді бандит деп ойламай ма?
– Онда Кобзевтің үйін алайық. Атаманның ең сенімді адамы сол
болатын.
– Кобзев – өз еңбегімен байыған адам. Оған тиіссек, бүкіл орыс
бетімізге түкіреді.
– Ендеше өз үйіңді бер. Не менікін, не мына қазақтың киіз үйін бер.
– Осыны ойлаңдаршы. Оқитын бала қанша екен, оны да шамалайық.
Барыңдар.
«Сəмен мен Самсалы оқиды ғой. Əттең, өзім де оқыр ем!» – деді
Тазабек жасының өтіп бара жатқанына өкініп.
– Бастық тегі, бетімізге де қарамайды ғой! – дегенге, жалт қарады.
Кобзев екен.
– А-а? Ойланып кетіппін. Амансыз ба?
– Ойланғаның дұрыс. Бəріміз де ойланып жүрміз. Жүрші, біздікіне,
бірге ойланайық.
Əйелі де, балалары да бірде-бірі бұлардың үстіне кірмеді.
– Мен бұл арадан көшейін деп жүрмін, – деді Кобзев тікесінен. – Адам
өзінің амандығын жау шапқан соң емес, жау шапқанға дейін ойлауы керек.
– Сізді шабатын қандай жау?
– Ол жау – Сергейчук. Ол ревком болды дегенше, менің күнім санаулы
дей бер.
– Сергейчуктің үстінен қарайтын Секерин бар ғой, ол ойына келгенін
істей алмас.
– Сергейчуктің өлген үлкен інісі Секериннің əпкесінің қызын
алған. Секерин əлі ерте ме, кеш пе оның торына түбі түседі. Сол кезде мені
ешқайсың құтқара алмайсың.
– Соншалық оған не істеп қойып едіңіз?
– Мен оған емес, ол маған істеді. Осыдан он бес жыл бұрын біз Іленің
арғы бетінде Аралтөбе деген жерге тұрақтағанбыз. Он алтыға толған
қызым – тұңғышым тым əдемі еді. Құдайдың маған берген бір байлығы деп
ойлайтынмын. О-ой, жанымдай жақсы көруші едім-ау! Өз балаңды өйтіп
өліп-өшіп жақсы көру де күнə ме деп ойлаймын осы күні. Сол қызым
саңырауқұлақ теруге екі құрбысымен бірге кеткеннен қайтып оралмады.
Екеуі жылап-сықтап ауылға əбден кешкісін келді. «Саңырауқұлақ көп екен.
Қызығына түсіп, үшеуміз үш жаққа кеткеміз. Бір кезде жан-жағымызға
қарасақ, еш жерде Валя жоқ. Таба алмадық», – дейді. Менің ол күнімді тірі
адамның басына бермесін. Өлі мен тірінің арасында жүрдім. Елдің сөзін
естимін, өзін көремін, бірақ басым істемейді, түнімен Аралтөбенің
төңірегін тінткілей беріппін. Ақыры таң ата талып жығылыппын. Таңертең
қызымның өлігін арбамен жұрт ауылға алып келді. Зорлап, қорлап өлтіріпті
де, бетін ағаштың бұтағымен жауып кетіпті. Жалғыз адамның өйтуге
шамасы жетпейді. Тірі қалдырмағаны – танитын адамдар. Бірақ кім екенін
тап басып біле алмадық.
Қызымды жерлеген соң кеудемде жанып тұрған шамым сөніп қалғандай
сұмдық күйде жүрдім. Бір күні ұйықтағалы жатқанымда біреу қақпаны
қақты. Ашсақ, шөп теріп, сонымен елді емдеп жүретін кемпір бар еді, сол
екен. Ұрланып, жан-жағына жалтақтап, үйге кіруден де қорықты. «Қызың
өлетін күні мен Қайыңды өзенінің бас жағында шөп теріп жүргем.
Сергейчуктің екі інісін көрдім, өзенді бойлап тау ішіне кіріп кетті,
астындағы аттарын да таныдым», – деді.
Түнімен ұйықтай алмадым. Үйлерін өртеп жібергім келді. Жазықсыз
бала-шағасын аядым. Кіріп барып атып тастағым келді. Оған да батпадым.
Кемпірдің «көрдім» дегенін кімге дəлел қыламын? «Мені сатпа, ешкімге
айтпа», – деп жалынған соң, «Сатпаймын, ешкімге айтпаймын», деп, оған
да уəдемді беріп қойғам. Ақыры таңертең мылтығымды оқтап
Сергейчуктің үйіне келдім. «Екі ініңді атам. Қызымды өлтірген солар. Мал
бағып жүрген бір қазақ көріпті», – дедім. Жан керек екен, Сергейчук қашып
үйіне кіріп кетті. Мен бір рет аспанға атып жібердім. Көршілері шулап, ел
жиналып қалды. Бəрі жабылып, мылтығымды қолымнан тартып алды. Мен
жылап-сықтап үйіме қайттым. Семен деген көршім бар еді, сол көтеріп
əкелгендей сүйреп əкелді. «Неменеңе сеніп олармен жауласасың? Ана екі
кішкентай ұлыңды аман сақтағың келсе, олармен жауласпа?» – деді
құлағыма сыбырлап. Сол сөз мені сабама түсірді.
Не аға, не іні жоқ, жалғыз екенім еске түсті. Бəрібір ол арада өмір сүре
алмадым. Көшіп Іленің бергі бетіндегі Қырғызсайға келдім. Сол араны бір
қыстаған соң, Жалаңашқа келіп жан сауғаладым. Күнім күн емес еді. Екі
ұлым əлі кішкентай. Əйелім күні-түні жылай береді, өзім де оңып тұрғам
жоқ, бір өгіз, бір сиырымнан басқа байлығым да жоқ. Байғабылдың
жақсылығын сонда көрдім. Өзі не жесе, маған да соны берді.
– Ал Сергейчук мұнда қалай келіп жүр?
– Соны өзім де білмей жүр едім, бір жолы Жəркентке барғанда,
Аралтөбенің атаманына жолығып қалып, содан сұрадым. Мен көшіп кеткен
соң, қай қазақ айтып қойды деп, екі інісі сол арадағы қазақтың бəріне тиісіп
шығыпты. Барады екен де, «Бізді кім таниды?» – деп сұрайды екен, бас-көз
жоқ. «Танымаймыз», – дейді екен олар. «Неге танымайсыңдар? Өтірік
айтып тұрсыңдар!» – деп, еркек-əйел демей бəрін сабап кетеді екен. Ақыры
ашынған қазақтар атқа мініп, қолдарына найза-шоқпарын, барлары
мылтығын алып, орыс ауылын қоршап алыпты. Үш жүз қаралы қолға
қарсы шығу қайда, орыстар сасқанынан екеуін ұстап бермекке айналыпты.
Содан туған-туыстары атаманға жалынып: «Ертеңнен қалмай бұл арадан
кетейік. Қазақтарды соған көндіріңіз!» дейді. Екі жақ соған келісіпті.
«Секерин келіп-кетіп жүретін, соған баратынын білгем», – деді атаман.
Міне сен білмейтін біраз тарих осылай. Екі інісі өлген соң, енді басылар
деп күткем. Керісінше, тіпті жауығып алды. «Екі інімді өлтірткен – осы.
Қазақтарды жалдады. Ана малын бағып отырған қазақтар болу керек», –
деп, сені мен Қожабекті қоса қаралап жүр. Оның жақтастары баршылық,
Қожабек екеуің сақ жүр, əсіресе сен.
– Е, солай деңіз. Сіз кетпесеңіз, мен күшті болар едім, кеткеніңіз мені
əлсіретіп кетейін деп тұр. Кетпей-ақ қойсаңызшы, біріксек, бой бермеспіз
оған.
– Əрине, бой бермеспіз. Бірақ оның əдістері – аяусыз əдістер: тек
өлтіреді, күш көрсетеді. Ал мен тыныштықты ұнататын адаммын.
– Тыныштықты кім ұнатпайды дейсіз?! Бізге керек тыныштық
Сергейчукке де керек шығар?
– Оны өкімет қолдайын деп тұр ғой. Өкiмет қолдаған адам кез
келгендi қорқыта алады. Ал қорқытатынын бiлсе, Сергейчук ешқашан
ешкiмге тыныштық бермейді.
– Сонда Сергейчуктен қашып қайда бармақсыз?
– Жаркент жаққа. Тау ішінде, судың бойында Китің деген жер бар.
Малға өте қолайлы жер. Аралтөбеде бірге болған бір орыс досым сонда
екен, үй салуға керекті ағаш та тауып бере алады. Екі ұлымды сол арадағы
орман-тоғайға бақылаушы етіп орналастырам деп отыр. «Сенгеніңнен
сүйенгенің мықты болсын» дейді ғой қазақ. Сүйенетін адам тауып
отырмын. Мен сені өте жақсы көрем, Тазабек. Саған сенген соң, сырымды
айтып отырмын. Сен тастан да берік адамсың. Өзің ғана білетін, өзгеге
өмірі айтпайтын сырларың бар адамсың. Сөйте тұра мейірлісің. Табай мен
Жүзікке сенің қалай қамқор болып жүргеніңді көріп, өте риза болам.
Сендей сенімді туысқаным болса, мен бақытты болар ем.
– Онда туысқан болайық.
– Сөйтейікші.
– Онда үйге жүріңіз. Отбасыма барып, өкіл аға болатыныңызды өз
аузыңызбен айтыңыз.
– Жүр, айтам. Қазір атымды мініп келейін. Байғабылды көрмегеніме де
көп болды.
...Екеуінің келгенін көріп, Байғабыл жоғалтқанын тапқандай қуанды.
Дереу қой союға ыңғайланды.
– Жоқ, қоя тұр, – деді Кобзев оған. – Бүгін Тазабектің қойын жейміз.
Бүгіннен бастап мен оның өкіл ағасы, ол менің өкіл інім болады. Соны
сендерге айтқалы келдік.
– Е, онда екі үйден екі қой жейсің.
Шынында екі үй екі қой сойды. Қапез əн айтты. Шəйі екі үйдің де
тамағын əзірлеп тыным таппады. Кобзев қымыз ішіп отырып:
– Байғабыл! – деді досына елжіреп. – Мен Тазабекті сенен де жақсы
көріп кеттім. Мұның қолынан бəрі келеді. Қазақты осындай адамдар
басқаруы керек.
***
Кобзев Тазабек күтпеген тағы бір қылық көрсетті. Қазақтың байырғы
салтымен оған шаңырағын көрсетіп, ежелгі досы Байғабылды жəне Табай
мен Қожабекті қоса шақырды. Бəрінің көзінше мұны құшақтап, екеуінің
бауыр болғанын айтты. Қазақша қой сойды, табақпен ет тартты.
Байғабылдан бата сұрады. «Өй, сен қазақтан да асып кеттің ғой!» – деп
Қожабек күлді.
Еттен кейін тағы шай əкелді. Артқа сақтаған сырын сол кезде айтты:
– Мен жақында не Жаркент жаққа, не Қарақолға көшейін деп отырмын,
– деді қонақтарына бағамдай қарап. – Егер Тазабек қарсы болмаса, Табай
мен Жүзікті өзіммен бірге əкететін ойым бар. Тазабек екеуіміз бауыр
болған соң, қай бауырдың қасында жүрсе де оларға бəрібір емес пе?
Бауырмыз дегенді құры сөз жүзінде айта бермей, соның дəлелі болсын деп,
үш бөлмелі үйім мен қора жайымды түгелдей Тазабекке беріп кетпекпін.
Отырғандар бір сəт демін жұтып тып-тыныш бола қалды. Бəрін күтсе
де, ешкім Кобзевтен дəл мұны күтпеп еді. Тіпті Тазабектің түсіне де
кірмеген.
– Əй, тамыр! – деді Байғабыл басын шайқай үн қатып. – Орыстың əйелі
қазақтың қатыны емес, байының айтқанына бас шұлғи беретін, кемпірің
оған келісе ме?
– Мен келіспесем, ол бүйтіп есіп сөйлей қоймайды ғой? – деді əйелі
Маша.
Жұрт та, Кобзев та оған ду күлісті.
***
Кобзевтің «Табайды өзіммен бірге ала кетейін» дегенін естігелі бері
Шəйінің мазасы кетті: ағасының жалғыз ұлы Сəменді көрмей қалай күн
көреді? Ақыры шыдамай Тоғызбұлақтан Жалаңашқа жаяу келді.
Жүзік алдынан жүгіріп шықты.
– Жібекжан, жайшылық па?
– Жайшылық, жеңге.
– Нағып жалғыз жүрсің?
– Өзіңмен оңаша ақылдасайын деп келдім.
Екі əйелдің де ойы бір жерден шықты: бір-бірімізді көрмей қалай өмір
сүреміз? «Бірақ...», – деді Жүзік кенет есіне əлдене түсіп.
– Немене «бірақ?» – деді Шəйі қабағын шытып.
– Бірақ еркектер бізді тыңдай ма? Бəрібір солардың айтқаны болады
ғой. Оның үстіне...
– Тағы немене айтқалы отырсың?
– Мен жүкті боп қалдым, Жібекжан.
Шəйі не дерін білмеді. Қуанарын да, қуанбасын да білмей, дағдарып
отырып қалады. Жүзік өзінен алыстап, Табайға біржола жақындап бара
жатқандай сезінді.
– Құдайым-ай, Ағынтай енді өлген екен ғой!?
– Жібек, өйдеме! Аруақты қозғап, менің де, өзіңнің де жаныңды
ауыртпа. Біздің басымызды біріктірген – Табай емес, Тазабек. Сол қалай
шешсе, солай болады.
***
Шəйі мен Жүзіктің жағдайын Тазабек түсінді. Бірақ құптай қоймады.
Бірден жауап қатпай, үндемей ойланған күйі отырып қалды. Шəйі əдептен
асып тақақтай алмады.
Тазабек Кобзевке жолығып, екі əйелдің жағдайын түсіндіріп айтты.
– Е, екі оттың ортасында қалған екенсің ғой, – деді Кобзев күліп. Ол да
ойланып, бет-аузын сыйпап біраз отырды. – Мен Ресейден осында неге
келдім? Соны сен білесің бе, Тазабек? – деді ұйқыдан шошып оянған
адамша бағжаң етіп.
– Қайдан білейін.
– Өйтіп бұлаңдама, білесің: жан бағу үшін келдім. Мол жер-су бар, мал
бағуға, егін егуге қолайлы жер бар деген соң келдім. Байғабылды
байытайын, Тазабекке ақыл үйретейін деп келгем жоқ. Қазір, құдайға
шүкір, бала-шағамды баға алатын шаруам бар. Егер келмесем, тапқантаянғаным аузыма жетпей, біреудің босағасында бүрсең қағып жүрер ме
ем, кім білсін, əркім өз қамын өзі жеуі керек. Мен қазақтың қамын ойлап
келгем жоқ, өз қамымды ойлап келдiм. Мен сенен, Байғабылдан жақсылық
көрдiм. Қолымнан келгенше соның есесiн қайтарайын деген ой менiкi. Сені
мен түсінем: əйеліңнің де, оның жеңгесінің де, Табай мен Сəменнің де
қамын жейсің. Ал олар неге сенің қамыңды жемейді? Мен Сəменді де,
Табайды да өз бетінше күн көруге үйреткем. Олар саған көмекші болады.
Іленің арғы беті қазақтың жері емес пе, немене? Қазақ қай араға барса да,
өз жерім деп, өз жеріне ие болуы керек емес пе?
– Байғабылдан жақсылық көріпсің, рас. Ал менен не жақсылық көрдің?
– Жарайды, жəдігөйленбе, жаман қатты, білмей жүрген шығарсың.
Сергейчуктің екі інісін сен жайратпағанда, мен жайратты ғой деймісің?! Ол
жақсылығың үшін мен сенің табаныңды жалауға бармын, бауырым. –
Кобзев Тазабекті бас салып құшақтады. Көзінің жасын жеңімен сүртіп, екі
тізесін жұдырығымен соққылады. – Менің қолымнан келмеген сенің
қолыңнан келді. Өйткені сен батырсың, мен қорқақпын. Ақыры, міне, тағы
қашып барам.
– Жоқ, сен қорқақ емессің, ақылдысың.
– Ақылдының көбі қорқақ. Не болса соны ақылға салады да, ақырында
не істерін білмей қашады. Өзі айтпаса, өмірі сұрамаспын деп жүр едім,
жатқан жыланның құйрығын өзің бастың, енді сол екі жауыздың көзін
қалай жойғаныңды айтып берші маған. Қызым тіріліп келгендей қуанайын.
– Айтайын. Мұны адам баласына бірінші рет айтып отырмын.
– Білем. Мен сені сол үшін де сыйлаймын. Сырға берік еркек – жау ала
алмайтын қамалмен бірдей.
Тазабек өзін екі орыстың қалай өлтірмек болғанын, ақырында өздерінің
қалай мерт қылғанын бастан-аяқ айтып берді.
– Əттең, – деді Кобзев тыңдап болып, – не орыста, не қазақта əлі əділ
сот жоқ, бар болса, сені дəл сол қылығың үшін ешкім айыптай алмас еді.
Сен – бар-жоғы өзіңді өзің қорғаған адамсың. Бəрін саясат билеп кеткен
заман туды ғой, əйтеуір!
– Ал, ағасы, сен енді маған осы саясат дегеннің не екенін дұрыстап
түсіндірші!
– Саясат па? Бұл – не өтірік те емес, не шын да емес, сағымға оранған
сиқыр нəрсе. Саясаттың түбін саясаткерлердің өзі де түсінбеуі мүмкін.
Өйткені оның нəтижесі неше ғасырлардан соң ғана белгілі боп жатады.
Қап, қалай түсіндірсем екен?! Ə, мысалы былай: өзіміз көріп-біліп отырған
жағдайға келейік. Өзің білесің, он сегізінші ғасырдың соңын ала біраз орыс
қазақ жеріне ауып келдік. Қазір əжептəуір көбейіп қалдық. Орыс мемлекеті
əрине, алдымен өз орысының қамын ойлайды. Оған қазақтың жақсы жерін
алып бергісі келеді. Алайда: «Қазақтың шұрайлы жерлері орыс
қоныстанушыларына алып берілсін!» – десе, онысы бұйрық болады. Жəне
озбырлық болады. Оған қазақтар, сөз жоқ, қарсы тұрады. Ал егер «қазақ
жəне орыс шаруаларының тұрмыстық жағдайын қауырт жақсарту үшін
Жетісу өңіріндегі шұрайлы, ыңғайлы жерлер егіншілер мен бау-бақша
өсірушілерге берілсін!» – десе, оған қазақ та, орыс та қарсы болмайды.
Бірақ іс жүзінде ол жердің басым көпшілігі егін егетін, бау-бақша өсіретін
орыстарға тиесілі боп шыға келеді. Саясат деген шамамен, осы.
– Апыр-ай, ə?! Ақылдының аңқауды алдауы екен ғой?
– Олай деуің де орынды шығар. Өйткені саясат-білім мен ақылдың,
айла мен қулықтың, зəлімдік пен адамгершіліктің – бəрінің бəсекеге түсетін
жері.
– Қой, құрысын, мұны білгеннен гөрі білмегенім дұрыс еді. Енді
айналамның бəріне күдікпен қарап масқара болармын.
– Сөз жоқ, сөйтесің. Кезінде мен де сөйткем. Бірақ қазақ айтады ғой,
«битке өкпелеп тоныңды отқа тастама» деп. Саясатқа қарсы сен де саясат
ұста.
– Қайтіп? Орыстар қазақты алдап жүр деп, саған қарсы шығам ба?
Орыс пен қазақты жаңа өкімет тең көрді екен деп іштей қуанып жүр едім,
жаңағы сөзіңнен кейін оған да күмəнденіп отырмын.
– Рас, бұл өкімет екеуін тең көрейін деп отырған сияқты. Бірақ өкімет
тең көргенмен, Сергейчуктер тең көрмейді ғой. Өкіметтің сөзін, заңын
жүзеге асыратындар солар ғой. Жік осы арадан шығатынын біліп қой,
менің де басым аманда барар жеріме барып алайын деп отырғаным
сондықтан. Мені шын бауыр санасаң, Табай мен Сəменді маған сеніп
тапсыр. Көрсін, үйренсін, піссін, ақылдың қайда керегін, неге қажетін
өмірдің өзінен үйренсін.
– Көндім. Сенің нағыз бауыр екеніңе сендім. Екеумізді ортақ жау
біріктірген екен, құдай баянын берсін!
***
Кобзевтің сөзінен кейін əрі Жүзіктің ыңғайын білген соң, Шəйінің
көңілі нілдей бұзылды: Табай мен Жүзік Жəркентке кетсе, олардан жырақ,
Сəменді көрмей, бұл қалай өмір сүреді? Құсадан-ақ өлмей ме? Бүкіл туғантуыстан аман қалған жалғыз бауырын көз алдында жүргізе алмаса, онда
мұның кімге қадірлі болғаны? Егер оны Жəркентке жіберуге көнсе, онда
Тазабектің мұны жақсы көргені – өтірік.
Осы оймен ол тұңғыш рет Тазабекке қарсы шықты.
– Кетсе, өздері кетсін, Сəменді сен алып қал! – деді өтініп. – Оны
істемесең, онда саған өле-өлгенше өкпелеймін. Ішқұсадан өлсін демесең,
осы тілегімді орында!
– Шəйкентай!
– Жоқ, оны істемесең, мен саған ешқандай Шəйкентай емеспін! Мені
өйтіп өтірік еркелетпе!
– Жарайды, дəл қазір асығыстық жасамашы! Табай не дер екен, əуелі
соның шешімін күтейік.
– Ол не дейді? Кешікпей өз баласы болады, ол енді Жүзіктің
айтқанынан шықпайды.
«Ə, Жүзік жүкті екен ғой?!» – деп, Тазабек ішіне бір түйіп қойды. –
Жүзік те ақымақ əйел емес қой, ол да бəрін ақылға салар.
– Бұл жолы сенің жалпақ шешім жасағаныңа көнбеймін. Сəмен – менің
əке-шешемнің, бауырларымның бірден-бір көзі, ол көзімнен таса болса,
мен ауа жетпей тұншығып өлем. Мен өлмесін десең, дегенімді істе.
– Мұны мен шешпеймін, Табай шешеді.
– Жоқ, сен шеш.
– Шешпеймін.
– Онда, мені өлдіге сана.
– Санамаймын. Өйткені: «Бұдан былай менің жаным сенімен бірге», –
дегенсің. Ашуыңды басшы, сонан соң апаммен ақылдасайық.
***
Шəйінің ашына сөйлегені Тазабекті тіксінтті. Бір қарағанда, дұрыс
секілді. Алайда өмір бойы Табайды тізгіндеп ұстау адамгершілікке жата
ма? Бір рет жақсылық жасаған екеміз деп, оны үнемі уысынан шығармай
ұстауға бұлардың қандай қақысы бар? Ол да өздері сияқты құдайдың құлы
емес пе? Өз отбасына өзі ие болуға тиіс қой.
Бірақ Шəйіні қалай тоқтатуға болады? Бүкіл туған-туыстан айрылу оған
да, əрине, оңай емес. Көңіліне қаяу түсірмей тоқтата алатын əдіс бар ма?
...Жалаңашқа келген соң, бірден Кобзевке бармай, əуелі Тазабек
Секеринге жолыққанды жөн көрді. Сергейчук та сонда отыр екен. Екеуі
əлденеге келісе алмай қалған секілденді: қабақтары қатқыл, бір-біріне
қарамай, қияс отырыпты. Мұның сəлемін Секерин орнынан түрегеп, қолын
беріп алды да, ал Сергейчук: «Кел, отыр!» – деп, қысқа күңк етті.
– Қабақтарың жақсы емес қой, не боп қалды? – деп, Тазабек Сергейчук
нұсқаған орындыққа барып отырды.
– Білем, сен де оны жақтайсың, – деді Сергейчук өз тізесін өзі бірер
тоқпақтап. – Өзі «Қазақ балаларын оқытатын мектеп ашу керек», – деді.
Соған Кобзевтің үйін алып берейік, оның екі баласында екі үй бар,
біреуінің қолына барып тұрады десем, «Өйтіп біреудің баспанасын тартып
алуға өкімет қарсы», – деді. «Онда мектеп ашам деп айтпай-ақ қой», –
деймін мен.
– Өйтіп біреудің үйін тартып алу, шынында, қиянат нəрсе ғой?
– Əне, айттым ғой, сен де соны жақтай кетесің деп. Сенің онымен ымыжымың бір, бүкіл ағайының мен ауылдасың соның мал-жанын бағады.
– Ал сен оған не үшін қарсысың?
– Қарсымын. Ол – қанаушы тап. Бай. Кедейлерді қанаушы.
– Жалаңаштағы жалғыз бай сол ғана емес қой?
– Онда барыңдар, Секерин екеуің соның көтіне кіріңдер!
– Тіліңді тарта сөйле!
– Тартпасам, кəйтесің?
– Тартасың, Кобзевтің көтіне мен сені тығып жіберем!
– Ей, ей, қойыңдар! Сергейчук, ревком атынан бұйырамын: шық, бар!
Бұл жағдайды Тазабек Кобзевке айтпады. Бірақ оның көшем дегені
дұрыс шешім екенін іштей мойындады. Сенің Табайың сенімді жігіт екен, –
деді Кобзев күліп. – «Мені қинамаңыз, мен өле-өлгенше Тазабек қайда
жүрсе, тек соның қасында жүрем. Құдайға берген уəдем бар», – деді.
Тазабек не дерін білмей бөгеліп қалды. Неге өйтті екен Табай?
***
Кешкісін апасымен ақылдаспақ болып, енді ыңғайлана бергенінде,
сырттан Шəйі аптыға кірді.
– Апа! Табай аға келді.
– Е, келсін, балам.
– Апа, айтыңызшы: бармасын Жəркентке! Сіз айтсаңыз, тыңдайды, апа.
– Балам, алдынан шық! – деді Қалиша келініне жауап бермей, Тазабекке
қарап.
Табай əдетінше сырттан сөйлей кірді:
– Ылғи мақтап жүрем, ылғи сары самаурын қайнап тұрғанда келем.
– Енді сен мақтамасаң, бізді кім мақтайды?
– Мына балаңыз соны білмейді ғой.
Жөн сұрау ұзаққа созылды. Шəйі дастарқан жайды. Бір кесе шайды
үндемей отырып ішкен Табай кенет өз-өзінен мырс етті.
– Түу, Шəйінің бір кесе шайы тамағымнан зорға өтті ғой! Не айтар екен,
неге келді екен деп, бəріңнің мені бағып отырғандарыңды көріп, құр шайға
қақалып қала жаздадым.
Табайдың дəл тауып айтқанына бəрі мырс-мырс күлді.
– Сенің бекер келмейтініңді білеміз, өзіңді де, сөзіңді де сағынып
отырамыз, – деп, Қалиша бетіне күле қарады.
– Қарға адым жерде отырып сағынып қаласыздар, Жəркентке көшіп
кетсем, құсадан қырылып қалар деп қорқып келдім. Көпзіп дегенің қазаққа
бергісіз орыс қой, түсінді. «Сенен көп жақсылық көрдім, оны ұмытпаймын,
ал Тазабек – менің жанымды алып қалған адам. Көзім тіріде оны тастап
басқа жаққа бара алмаймын, – деп ем, бас салып құшақтай алды, бəтшағар.
«Қандай бауырмал халықсыңдар!? – деді арқамнан қағып.
Мен де көңілін аулап: «Бірақ Сəмен екеуміз малыңды айдасып барып
келейік, – дедім.
Шəйі сүріне-қабына барып Табайды бас салды. «Ағатайым-ай!
Ақылдым-ай!» – деп, солқылдап жылады.
Қалиша да көз қиығын алақанымен сипалап, басу айтты.
–Енді ағаңды құр шаймен аттандырмай, қазан көтер!
– Екеуің ғана емес, қастарыңа Кенжеғара інімді де қосайын, – деді
Тазабек күрделі істің күрмеуі оңды шешілгеніне көңілденіп.
***
Тазабек малдарын бағуға Қапез екеуі шыққан. Малға қарағаннан гөрі
Қапезді қызықтаумен болды. Аңқылдаған бала мінезді: елеусіз нəрсеге елең
ете қалады, ойыңа кірмейтін нəрсені ойлай қояды, аяқ асты мұңайып, көзді
ашып-жұмғанша күліп шыға келеді. Жалпақ тасқа секіріп шығып, шырқап
қоя беретіні де бар. Оның ең кісі қызықтыратын тұсы – сол сəт. Ентікпейді,
қысылмайды, ағып жатқан бұлақтай көмейінен əн құбылып төгіледі.
– Тəке, мен əн айтқанда, шөптің басына қарашы, құлақтары тікірейіп
тыңдап қалады, – деді күліп.
– Шөптің құлағын қайдан білейін, менің құлағым тікіреймек тұрмақ,
құлақ шекемнен үзіліп түсе жаздайды.
– Мен жақында Тасашыға барам. Біраз күн не Табай, не Сəмен əкеме
көмектесе тұрсын, екеуміз бір серуендеп қайтайық.
– Барсақ барайық. Менің қарындасым сол жақта тұрмыста.
– Ыстамбұлда бірге оқыған Бəкен деген досым бар. Ол да əн айтып,
домбыра тартады. Қыз көрсетем деп еді, көріп қайтсақ қайтеді?
– Тіпті тамаша!
***
Оралбекті енесіне қалдырып, бұлармен бірге Шəйі де шықты.
– Жеңге, Оралбекті бекер қалдырдыңыз-ау, – деді Қапез қалжыңдап. –
Қыз көреміз деп мəз болып келгенде, қыз екен деп, сізді біреу алып қашып
кетсе, Тəкең екеуміз жер соғып қап жүрмейік.
– Көзі қарайған жынды болмаса, бала емізген ана екенімді бітімімнен
аңғарар.
Тазабек пен Қапездің ортасында Шəйі шат күліп келе жатты.
Тазабекпен бірге ел қыдыруға шыққаны бірінші рет. Жарықтық таулы
даланың кең тынысы-ай! Атқа емес, аспандағы бұлтқа мініп келе
жатқандай желпінесің.Құлағы екі жігіттің əңгімесінде, көңілі өткенді бір
елестетеді, кеткенді бір жоқтатады. Орта Меркіден өтіп, Аралға іліге
бергенде, Жайдақ Бұлақтың қарағайлы желкесіне көзі түсті. Селк ете
қалды: сол беткейде сол екі орыс əлі сығалап тұрғандай сезінді. Өзі де
байқамай атының басын тартып қалған болу керек, Тазабек жалт қарады.
– Шəйкен!
– Жеңге, не болды?
Тазабек пен Қапез екі жағынан қаумалай келіп ұстай алды.
– Жайдақ Бұлақтағы қырғын есіне түскен ғой, – деді Тазабек Қапезге
түсіндіріп. – Аттан түсесің бе? – деді Шəйіге қарап.
– Əке-шешемнің басына соғайықшы.
Күйген сүйектерді үйген төмпешікке келіп үшеуі аттан түсті.
Он алтыншы жылдың күзінде дəл Шəйі екеуі үйленген түні болған
қырғынды Тазабек Қапезге сол арада түсіндірді.
Əлдебір нəрсені көз алдына елестеткен адамша төмпешікке ұзақ тесіле
қараған Қапез кенет Шəйіге бұрылды да, белінен құшақтап бауырына
тартты.
– Мен бұл əңгімені естігем, жеңге. Бірақ оқиғаның орнын бүгін көріп
тұрмын. Дұға оқиын.
Қапез көкке тізерлеп оқи жөнелді.
Ə деп Қапездің үні естілгеннен-ақ Шəйінің өне бойы шымыр ете қалды.
Сөзі түсініксіз, мақамы құдіретті дұғаны бүкіл айнала ұйып тыңдап
қалғандай. Əкесі Тілеулі, шешесі Əжікен, бауыры Ағынтай, Ағынтайдың
ұлы мен қызы – бəрі де осы дұғаны елжіреп тыңдап жатқандай. Шəйінің
көзінен парлаған жас иегінен сырғып омырауына төгілді. Бірақ сүртпеді.
Сүртсе, дұғаның қасиеті кемитіндей көрінді.
Талып кеткені ме, талықсып кеткені ме, өзі де түсінбей қалды, Тазабек
пен Қапез қаумалап көтергенде ғана есі кірді. Бірдеңе дегісі келді, бірақ дей
алмады: таңдайы жабысып қалған ба əлде тілі күрмеліп қалған ба, –
түсінбеді. Өзі құлады ма, Тазабек тартты ма, оны да білмеді, əйтеуір,
күйеуінің көкірегіне шекесін сүйеп солқ-солқ жылаған соң ғана есін
жиды...
...Кеңсудан өтіп, Көкбиіктің үстіне шыққан кезде оң жақтан Екі Аша
жарқ ете қалды. Басқа ауыл, басқа адамдар. Бірақ бір түрлі жүрекке ыстық.
Келін боп түскен киелі мекен! Бəрінен айрылған, бəрінің өтеуіне
Тəйкенімен табысқан түні осы Екі Ашада. Ордаға бергісіз отау тіккен жері.
«Жаратқан ием, мұныңа да тəубə!» – деді Шəйі іштей күбірлеп.
– Ойға түспей-ақ осы жотамен кете берсек қайтеді? – деді Тазабек
қасындағы екеуіне қарап.
– Қарнымыз ашады ғой, Тəке. Сай ішінде біреудікінен шай ішейік. Бір
тынығып алмасақ, жеңгем де шаршар.
– Мейлің. Шəйкен, сен алдыға түсші. Мен Қапезге бұл араның өзім
көрген бір сойқанын айтып берейін.
Бергтің бейбіт көшті шауып, бейқам келе жатқан адамдарды қалай
қырғанын айтып бергенде, Қапез терең күрсінді де, көпке дейін үндемей,
атының құлағынан арыға қарамай жүрді де отырды. Қарны жарылған
қатын-қалаш, қан-жоса болған қыруар өлік Тазабектің де көз алдынан қайта
өтіп жатты. Екеуін де Шəйінің даусы оятты.
– Ана бір ауызда екі үй отыр.
– Солай бұрылайық, – деді Қапез ойланбастан.
Үшеуі жақындағанда қараша үйден қаптаған қара домалақ бұларға
қарсы шықты. Қызы мен ұлы аралас. Ересектеу екі ұл, бір қызы бұлардың
атын ұстады. Кəдімгі ересектерше қос қолын беріп амандасты. Тұрмысы
жұпыны болса да, тəрбиесі тəуір балалар екенін Шəйі олардың ізет
қылығынан аңғарды. Аттан түсіп, бұлар үйге беттегенде, алдарынан орта
жастағы еркек пен əйелі шықты. Шəйі олардың қонақжай пиғылын
амандасқан үндерінен-ақ таныды.
– О-о! – деді еркегі келгендерін қош көріп. – Өмірəлі аға мен Байғабыл
ағаның балалары бізді іздеп келіпті ғой. Əйелімнен қорқып, жас ет жеудің
сылтауын таба алмай жүр едім, жақсы болды. Сен Тілеулі ағаның қызысың
ғой?
– Иə.
– Білем. Естігем. Иманы жолдас болсын!
Тазабек қой сойдырмады. «Арнайы келгенде соярсыз», – деп əзілдеді.
«Жүрек жалғасақ та жетеді. Барар жеріміз əлі алыс», – деп, оны Қапез де
қоштады. Бұлар шайға отырғанда көрші үйден күмбір-күмбір домбыраның
үні шықты да, кілт басыла қалды. Қапез елең етіп, үй иесінің бетіне
қарады.
– Ə, біздің екінші ұл домбыраға əуес, – деді отағасы оның мəнін
ұқтырып. – Менің тұқымымда əн-күйге үйір ешкім жоқ, мынаның əкесі мен
шешесі де, атасы мен əжесі де əжептəуір əн айтатын кісілер. Нағашысына
тартқан болу керек, десі қайтпасын деп, бір жаман домбыра шаптырып
беріп ем, бізден қашып барып қарағайдың ішіне кіріп кетіп əн айтады.
– Онда оған өнер қонған бала ғой, шақырыңызшы! – деп, Қапез қатты
қызықты.
Əлдебір таныс əннің ырғағы Шəйіні Тазабекке жалт қаратты.
– Сопыйа салатын əн ғой!? – деді елең етіп.
Қалақтай қара домбыра ұстаған қалақтай қара бала үйге кірді.
– Келе ғой! Жаңағы бір əніңді бізге айтып берші! – деді Тазабек
үлкендік танытып.
Жалтаң етіп бала əкесі мен шешесіне қарады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əй, дүние-ай! - 12
  • Parts
  • Əй, дүние-ай! - 01
    Total number of words is 3923
    Total number of unique words is 2185
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 02
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2127
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    52.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 03
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2177
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 04
    Total number of words is 3929
    Total number of unique words is 2152
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 05
    Total number of words is 3957
    Total number of unique words is 2306
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 06
    Total number of words is 3971
    Total number of unique words is 2173
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 07
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2172
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 08
    Total number of words is 3925
    Total number of unique words is 2149
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 09
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2162
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2061
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 11
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2080
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 12
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2106
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2137
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 14
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2223
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 15
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2217
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 16
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2175
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 17
    Total number of words is 4025
    Total number of unique words is 2146
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əй, дүние-ай! - 18
    Total number of words is 2955
    Total number of unique words is 1688
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.