Latin Common Turkic

Ақ Гвардия - 18

Total number of words is 3993
Total number of unique words is 2163
34.5 of words are in the 2000 most common words
48.8 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
да, бикешті бір таза орындыққа жайғастыруын сұрады. Ол тұтатулы
махорқасын сора жүріп, жасыл шам мен қаңқа сүйек тұрған жерден
ыңқылдап орындық алып келді.
-
Сіз медик емессіз ғой, мырзабала? Медиктер бірден үйреніп кетеді, -
деп ол үлкен есікті ашып электр ажыратқышты басты. Əйнек төбедегі шар
жанды. Бөлмеден сасық иіс аңқыды. Ағараңдап қатар-қатар цинк үстелдер
тұр. Олардың бəрі бос, əлдеқайда шұңғылшаға тасырлап су құйылып
жатыр. Аяқ астында тас еден тасырлайды. Мұндағы иістен запы болған
Николка ештеңе ойламауға тырысып келеді. Күзетші екеуі қарсыдағы есік
арқылы мүлдем қараңғы дəлізге шықты, күзетші кішкентай шамды жақты
да, сəл-пəл ілгері жүрді. Күзетші ауыр ысырманы жылжытып, шойын есікті
ашты да, ажыратқышты қайта басты. Николканың бетіне суық ұрды, қара
бөлменің бұрыштарында төбеге дейін тірелген үп-үлкен цилиндрлер тұр,
олардың іші толған кісі еті, терілерінің қиқымы, ұнтақталған сүйек, сынған
саусақтардың сыймағаны сыртқа шығып қалған. Николка сілекейін жұтып,
теріс айналды да, күзетші:
-
Иіске мынаны, мырзабала, - деп құты ұсынды.
Николка көзін жұмып, танауын жарған иісті құшырлана тартты - кəдімгі
мүсəтір құтыдағы. ¥йқылы-ояу сияқты Николка көзін қысып Федордың
трубкасындағы жылтыраған отты көрді, махор-қаның тұтанған тəтті иісін
сезді. Федор лифт торының құлпымен недəуір əуреленді, оны əрең ашып
Николка екеуі платформаға тұрды. Федор тұтқасын тартып қалып еді,
платформа шиқылдап төмен тартты. Төменнен мұздай суық соғып тұр.
Платформа тоқтады. Дағарадай үлкен қоймаға кірді. Николка өмірі
көрмеген-деріне көзі бұлдырай қарады. Қат-қабат үйілген отын сияқты
бірінің үстіне бірін жалаңаш тізіп тастай берген адам денелерінен шыққан
иіс мүсəтірге де қарамастан қолқаны атып, кісіні қарадай тұншық-тырады
екен. Аяқтары сіресіп, немесе тізелері бүгіліп, сирақтары шығып жатыр.
Əйелдердің шашы қобырап, мойнына оралып, омыраулары басылып, төсі
көгеріп көз тастауға қиналтады.
- Ал енді бұларды аударыстырамыз, сіз дұрыстап қарап тұрыңыз, - деді
күзетші еңкейіп. Ол бір əйелдің мəйітін аяғынан ұстап тартып еді, ол май
жаққандай сырғып сарт етіп еденге түсті. Николкаға ол керемет сұлу,
жабысқақ көрінді. Көзі ашылып қалған екен, тура Федорға қарап
жатқандай. Николка оны орай түскен қып-қызыл тыртықтан көзін əрең
аударды. Оның жүрегі лоблып, басы айналды, сонда мынау тау-төбе өлікті
түгел аударып шығуға тура келе ме, деген ой зəресін ұшырды.
- Керегі жоқ. Тоқта, - деді ақырын ғана Федорға, сосын құтыны
қалтасына салды, - ол əне жатыр, таптым. Əне үстінде жатыр. Əнекей,
деймін.
Федор сол сəт тайғанап кетпес үшін тепе-теңдікті сақтай қозғалды да НайТурсты басынан ұстап, жұлқи тартты. Найдың қарнында жалпиған, кең
бөкселі əйел жатыр екен, желкесінде шашын басқан арзан тарақ жүр.
Федор оны жедел жұлып алып, алжапқышының қалтасына сүңгітіп жіберді
де, Найды қолтығынан алды. Оның басы салбырап, қырынбаған үшкір иегі
көкке қарап, бір қолы сырғып түсті.
Найды Федор əйелді лақтырғандай сілкілемей қолтығының астынан ұстап,
босап кеткен денесін иілтіп, бері бұрғанда аяғы еден сызып, беті Николкаға
қарады.
-
Сіз қараңыз - осы ма, өзі? Əйтеуір қате болмасын, - деді күзетші.
Николка Найдың көзіне тура қарады. Ашылып қалған, əйнектеніп кеткен
көзде ешбір мағына жоқ. Сол жақ самайы ептеп көгергені байқалады, ал
кеудесі мен қарнында қошқыл үп-үлкен дақ көрінеді, шамасы қатып қалған
қан болса керек.
-
Сол, - деді Николка.
Федор оны қолтығының астынан ұстаған қалпы платформаға кіргізіп,
Николканың аяғының астына тастады. Өлік қолын жайып, иегі тағы да
аспанға шаншылды. Федор өзі шығып, тұтқаны қозғап жіберіп еді,
платформа жоғары тартты.
Сол түні шіркеуде Найға Николка ойлаған рəсімінің барлығы жасалды.
Бозбаланың көңілі орнына түсіп, ар-ожданы мазала-майтын болды, бірақ
қабағы қатыңқы, жүрегі шерлі еді. Анато-миялық театрдың жанындағы
шағын жалаңаш, көңілсіз шіркеу де жарқырап кетті. Бұрыштағы белгісіз
біреудің беті жабылған табыты да, сүйкімсіз, үрейлі жат марқұм да Найдың
тыныштығын бұза алған жоқ. Табытта Найдың өзі де недəуір көңілденіп,
қуанып жатқандай көрінді.
Разы болған, сөзуар күзетшілер жақсылап жуындырған Най бұл. Тап-таза,
погонсыз френч киіп жатқан Най бұл. Үш оттың астында маңдайында шір
жарқырап жатқан Най бұл. Ең бастысы Николка жейденің астына суық,
жылбысқы кеудесіне өз қолымен дұрыстап қойған георгий лентасы бар Най
бұл.
Кемпір ана, кейуана қалтыраған басын үш оттан Николкаға бұрып, алғыс
айтты:
-
Балам менің. Ал, енді саған мың да бір рақмет!
Осы сөзден көңілі бұзылып, қайта жылаған Николка шіркеуден қарға
шықты. Анатомиялық театрдың төңірегін түгел түн басқан, аула аппақ қар,
аспанда крештелген жұлдыздар, ұзына тартылған құс жолы.
18
Жиырма екінші желтоқсан күні Турбин ажал аузында жатты. Бұл күн
бұлыңғырлау болды, тек алдағы рождествоның екі күнінің болашақ
жарқылының əсерімен ғана ақшыл тартып тұрды. Сол жарқыл əсіресе білек
біріктіріп Анюта, Николка жəне Лариосик айнадай ғып ысқылап тазартқан
еденнің паркетінен де көзге ұрып тұрды. Рождествоның легі сондай-ақ
Анютаның ұқыпты қолымен жалтырата тазартылған шамдалдардың
сыртынан да есіп тұрды. Ақыры, қарағай иісі аңқып, ашық пернелердің
үстінде мəңгі ұмыт қалған түрлі түсті Валентиннің тұсындағы бұрышты да
жасыл желек жадыратты...
Қарындасым үшін мен...
Талма түстің шамасында Турбин бөлмесінің есігінен сылбыр басып Елена
шықты да, тым-тырыс боп Карась, Мышлаевский жəне Лариосик отырған
асхана арқылы өтіп кетті. Ол өткенде түрінен шошып, ешқайсы да
қозғалған жоқ. Елена өз бөлмесінің есігін жауып алды да, соңынан ауыр
перделер ізінше бұрынғы қалпына келді.
Мышлаевский қозғалақтап қалды.
- Міне, - деп бастады ол қарлығыңқы үнмен, - командир барлығын жапжақсы жасап, ол Алешаны сəтсіз орналастырды...
Карась пен Лариосик оған ештеңе алып-қосқан жоқ Лариосик көзін
жыпылықтатып, бетіне қызғылт көлеңке шыға келді.
- Е... сайтан, - деді тағы да Мышлаевский, сосын орнынан тұрып кетіп,
теңселіп есікке барды, сосын батылсызданып тоқтады, қайтып келіп
Еленаның есігін меңзеді, - бері қараңдар, жігіттер, анда қарап абай
болыңдар... Əйтпесе...
Ол тырпылдап, кітап бөлмесіне шықты да, сонда аяқ дыбысы басылды.
Біраз уақыттан кейін оның даусы шықты жəне Николканың бөлмесінен жан
сыздатар бір оғаш үн естілді.
- Никол жылап жатыр, - деді торыққан үнмен Лариосик, сосын бір
күрсініп алып, аяғын ұшынан басып Еленаның есігіне келді, еңкейіп
кілттің тесігінен үңілді, бірақ ештеңе көре алмады. Дəрменсізденіп
Карасьқа қарап, бірдеңе сұрағандай үнсіз ым қақты. Карась есікке келіп
қипақтап тұрды да, сосын тырнағының ұшымен бірнеше рет баяу
тықылдатып, ақырын ғана:
-
Елена Васильевна, а Елена Васильевна... - деді.
- Аһ, сіздер қорықпаңыздар, - деген Еленаның басыңқы даусы келді
есіктің аржағынан, - кірмей-ақ қойыңыздар.
Карась сергіп қалды, Лариосик те бір серпілді. Екеуі де өз орындарына Саардам пешінің алдындағы орындықтарға кеп жайғасып тынышталды.
Турбиндарға жəне олармен тығыз байланыстыларға Алексейдің бөлмесінде
істейтін ештеңе де жоқ еді. Онда кірген үш еркектен кейін былай да жер
тар болатын. Олар сол баяғы алтын көзілдірікті аю, екіншісі мұнтаздай
қырынған сұңғақ бойлы дəрігерден гөрі гвардия ұланына ұқсас жас, сосын
соңғы үшіншісі ақбас профессор. Оның өнері оған, жалпы Турбиндардың
отбасына он алтыншы желтоқсанда осында келген күннен бастап қапалы
хабар əкелген. Ол барлығын бірден түсініп, сонда-ақ Турбинның сүзек
екенін айтқан. Содан бастап сол жақ қолдағы қолтықты тесіп өткен жара
екінші кезеңге ысырылған. Ол осыдан бір сағат бұрын ғана Еленамен
қонақжайға шығып, келіншектің тілімен ғана емес, кілегейленген көзімен
де, жарылып кеткен ернімен де, жалбырап тұрған тұлымымен де қойған
табанды сауалына үміт аз деп жауап берген, сосын Еленаның көзіне асқан
тəжірибелі, сондықтан жұрттың бəрін аяйтын көзімен қарап “тым аз” деп
қайталаған. Баршаға, соның ішінде Еленаға да белгілі, бұл ешқандай үміт
жоқ деген сөз, демек Турбин өледі. Осыдан кейін Елена ағасының
жатынжайына кіріп, оның бетіне қарап ұзақ тұрды, сол арада өзінің де
ешқандай үміт жоқ екеніне көзі əбден жетті. Ақбас, қайырымды қарияның
өнерін меңгермей-ақ, доктор Алексей Турбинның өлетінін білуге болатын
еді.
Ол əлі де денесінің қызуы басылмай жатыр, бірақ ыстығы бұрынғыдай
емес, əне-міне түсіп кетуі де мүмкін. Өңі бұрынғыдан да бозарып, балауыз
түсіне ене бастады, мұрны қушиып, оның қырынан бəз-бір үмітсіздіктің
белгісі байқалады. Еленаның аяғы мұздап, мынау ірің мен кампараның иісі
қолқаны қапқан ауада қапа боп, көзі тұмантты. Бірақ онысы тез тарады.
Турбинның кеудесінде бірдеңе тас болып тығылып тұрып қалғандай,
ысқырып тыныстайды, шықырлаған тістерінің арасынан көкірегіне
жылбысқы ауа əрең-əрең өтеді. Оның есі көптен бері жоқ, көзі жаудырап
қарағанымен төңірегінде не болып жатқанын мүлдем білмейді. Елена соған
қарап əлі тұр. Профессор оны қолынан тартып, құлағына сыбырлады:
-
Сіз бара беріңіз, Елена Васильевна, біз бəрін де өзіміз жасаймыз.
Елена айтқанға көніп, табанда шықты. Бірақ профессор қайтып ештеңе де
істеген жоқ.
Ол халатын шешіп, дымқыл мақталы домалақпен қолын сүртіп, Турбиннің
жүзіне тағы бір үңілді. Ерні мен мұрнындағы көгілдір көлеңке қоюланып
барады екен.
- Үміт жоқ, - деп тіптен ақырын айтып, қырынып жүретін жігіттің
құлағына сыбырлады: - доктор Бродович, сіз аурудың қасында қалыңыз.
-
Камфара егу керек пе? - деп сұрады Бродович сыбырлап.
-
Иə, иə, иə.
-
Шприцтеп пе?
- Жоқ, - деп терезеге қарап ойланып қалды, - үш грамын бірден беру
керек жəне жиірек.
- Аз-кем ойланып былай деді: - Ақыры қасіретпен тынғандай жағдайда
сіз маған клиникаға телефон соғыңыз. - Бұл сөздерді тұман мен сандырақ
арасында жатқан Турбин əлдеқалай естіп қалмасын деп тіптен ақырын
сыбырлап айтты. - Ондай жағдай болмаса, дəрісім біте сала бірден келемін.
Турбиндар өздері өзі болғалы жылма жыл үйлерінде жиырма төртінші
желтоқсан күні шамдардың бəрі жағылып қонақжайда жылы оттарымен
жасыл шыршаның бұтақтары жарқырап қоя беретін. Алайда енді қаскөй
оқтың жарасы, қылқындыра қырылдаған сүзек барлығын бытыстырып,
жолдан тайдырып, тірлікті тақымдап, шамдалдың жарығына да əсер етті.
Елена асхананың есігін жауып, кереует қасындағы сандықшаға келіп, одан
сіріңке алып, орындыққа шығып, ежелгі иконаның алдына ілінген
шынжырлы ауыр шамдалға от тұтатты. От лаулап жанып жылынғанда
құдай-ананың қара торы жүзіндегі шір алтындай жарқырап, көзі мейірім
шуаққа толды. Бір жағына қисайған басы Еленаға қарағандай болды.
Терезелердің екі шаршысында да желтоқсанның аппақ үнсіз күні сығалап
тұрды, бұрышта қалтылдаған от тілі мереке алдындағы кешті мерзімінен
бұрын бастағандай болды. Елена орындықтан түсіп, иығындағы орамалды
сілкіп тастап, тізерлеп отыра қалды. Кілемнің шетінен түріп, жалтыр
паркеттен өзіне орын босатып, үнсіз ғана иіліп тəжім етті.
Асханаға Мышлаевский, оның артынан көзі ісіңкі Николка өтті. Олар
Турбиннің бөлмесінде болып қайтты. Николка асханаға оралған соң
сұхбаттастарына:
-
Өлім аузында жатыр... - деді ауаны құныға жұтып.
- Маған мынадай ой келді, - деп сөз бастады Мышлаевский, -поп
шақыртсақ қайтеді? А, Никол? Қайткенмен де оның жаратқан иеден
кешірім өтінуі керек қой.
- Ленаға айту керек, - деді шошып кеткен Николка, - онсыз болмайды
ғой. Тағы да оның өзімен бірдеңе болып қап жүрсе қайтеміз...
-
Ал доктор не айтады? - деп сұрады Карась.
-
Тəйірі, бұл арада айтатын не бар. Енді айтатын ештеңе қалған жоқ.
Олар мазасызданып үрпиісе ұзақ сыбырласты, аппақ шөлмектей көзі
тұмантқан Лариосиктің күрсінгені естіліп тұрды. Доктор Бродовичке олар
тағы да барып қайтты. Ол алдыңғы бөлмеге шығып шылым тартып тұрып,
бұл жантəсілім алдындағы жанталас, жалпы попты шақыруға болады, оған
қазір оның бəрі бір, өйткені оның ес-түсі жоқ, сондықтан дұға оқығанның
зияны болмайды, -деп сыбырлады.
-
Тəубеге келудің артықшылығы жоқ дейсіз ғой...
Олар сыбырласып, сыбырласып, бірақ əзірше бір шешімге келе алмады,
Еленаның есігін тықылдатып еді, ол аржақтан баяу ғана “əзір бара
тұрыңдар... өзім шығамын...” деп жауап қатты.
Амал жоқ, олар кетті.
Елена тізерлей тағзым ете отырып, көз жанары айқын, қарауыт-қан өңіне
алтын тəжі жарасқан құдай-ананың бейнесіне қолын созып, қабағының
астынан жалбарына қарап ұзақ күбірледі.
- Қасіретті үйіп-төгіп бірден көп жібердің-ау, арашашы-ана. Осылай
отбасын бір-ақ жылда жайпап салайын деп пе едің? Не үшін?.. Не
жазығымыз бар еді?.. Анамызды алдыңыз, менің күйеуім жоқ, енді
болмайды да, оны түсінемін. Енді қазір тіптен жақсы түсінемін. Ал енді
үлкенімізді алып кетейін деп жатырсың. Не үшін?.. Николка екеуміз ғана
қалып, қайтып күн көреміз. Қарашы, айналада не болып жатқанын, қарашы
сен... Арашашы-ана, қалай ғана ара түсіп, жаның ашымайды?.. Бəлкім,
адамдар біздің өзіміз жаман шығармыз, бірақ соншалық аяусыз жазалауға
бола ма?
Ол қайта тағзым етіп, еденге басын құлшына тигізіп, бір шоқынып алып,
қолын қайта жайып, жалбарына бастады:
- Бар үміт өзіңізде ғана, пəктің пəгі перизат, өзіңізде ғана. Өз ұлыңды
аяп, ғажайыбыңды жібер деп құдай-тағаладан өтінші.
Еленаның күбірі құштарлыққа ұласып, ара-тұра сөзден жаңылса да
дамылсыз тасқындап құйылды да жатты. Ол еденге барған сайын көп
жығылып, тарақтың астынан шығып көзіне түскен тұлымын кері серпіп,
басын жиі сілкіп тастап отырды. Терезе шаршыларынан күн ғайып болып,
ақсұңқар да көзден бұлбұл ұшты, күндізгі сағат үштегі қоңырау үні де
естілмей өте шықты, кенет қараторы перизаттың араша түсуі арқасында
ешкімге де естіртпей Еленаға өзінің шақырғаны келді. Ол ашылған
қабірдің қасында мүлдем қайта тіріліп, жадырап, жалаң аяқ тұрды.
Еленаның кеудесі керемет кеңіп, самайына қызғылт дақ жүгірді, көзі
жарыққа шып-шып толып, көкірегіне көз жасынсыз өксік кептелді. Ол
маңдайымен де, самайымен де еденге жабысып, жан-тəнімен отқа
ұмтылып, тізесінің астындағы еденнің қаттылығын да сезген жоқ. От
ұлғайып тəждің астындағы қараторы жүзге жан біткендей болып,
жанарымен Еленадан барған сайын жаңа тың сөздер тартқандай болды.
Есік пен терезелердің сыртында құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады,
күн сұмдық тез қараңғыланды, елес тағы да бір көрінді - аспан күмбезінің
əйнек сəулесі, бəз-бір бұрын көрмеген қызыл-сары құм кесектер, майлы
ағаштар, мəңгілік тыныштығымен жəне салқындығымен жүректі
тебіренткен шіркеу келді көз алдына.
- Арашашы-ана, - деп міңгірледі от ішінде Елена, - өтінші одан. Ол əне
тұр. Сұрау, саған не тұрады. Бізді аясаңшы. Аяй гөр. Сенің күнің, сенің
мейрамың келе жатыр. Бəлкім, ол игі, ізгі бірдеңелер жасар, күнəміз үшін
өзіңе жалбарынамыз. Мейлі Сергей қайтып келмей-ақ қойсын... Алғың
келді ме - алдың оны, ал мынау ағамды өліммен жазалай көрме... Біздің
бəріміз қанымызбен кінəліміз, бірақ сен жазалама. Жазалай көрме. Ол əке,
əке ол...
От бөлшектене бастады, оның бір шұбатылған сəулесі ұзыннан ұзақ
созылып, Еленаның көзіне кеп тірелді. Осы арада оның есірік көзі алтын
желеңмен зерленген бейненің ерні бетінен ажырап түскенін шалып қалды,
көзі бұрын-соңды білмеген үрейге толып, қуаныш жүрегін жыртып, ол
еденге жабысып жатып алды.
Бүкіл пəтерді ескек желдей үрей кернеп, аяғының ұшымен басып асхана
арқылы біреу жүгіріп өтті. Тағы біреу есікті тырналап “Елена... Елена...
Елена...” деді. Елена алақанының сыртымен суық, тайғақ маңдайын сүртіп,
тұлымын серпіп тастап, қарсы алдына соқырша қарап, орнынан көтерілді,
жарқыраған бұрышқа қайтып көз салмай, болаттай бекем жүрекпен есікке
беттеді. Есік рұқсатты күтпей-ақ өзінен-өзі ашылып, Никол перденің
жақтаушасынан шыға келді. Еленаны көріп Николканың көзі
қорыққанынан шарасынан шығып кетті, оған ауа жетпей қалды.
- Сен білесің ғой, Елена... сен қорықпа... қорықпа деймін... анда баршы...
мамасы...
Терлеген қолда майысқан балауыз сияқты өңі боп-боз доктор Алексей
Турбин тырнағы алынбаған сүйекті қолын көрпенің астында серпіп тастап,
үшкір иегін көтеріп жатыр. Бүкіл денесі жылбысқы термен балқып, семіп
қалған кеудесі көріктей көтеріліп, жейдесінің омырауын теуіп тұр. Ол
басын төмен қаратып, иегін төсіне тіреді, сарғайып кеткен тістерін
ажыратып, көзін сəл ғана ашты. Онда əлі тұман мен сандырақ пердесі
толық ысырыл-мағанмен, саңылау ашылып, қара көлеңкенің арасынан
жарық сығалады. Өте əлсіз, қырылдаған жіңішке дауыспен ол тіл қатты:
-
Дағдарыс па, Бродович. Немене... тірі қаламын ба?.. А-га.
Карась қалтыраған қолымен шам ұстап тұр, ол умаждалған төсекке,
түйіншектелген ақжапқышқа, оның сұрғылт бүкте-сіндеріне жарық түсірді.
Қырынған дəрігер батымсыздау қолымен білектің қалған етін шымшып,
Турбиннің қолына кішкентай шприцтің инесін сұқты. Дəрігердің
маңдайынан шып-шып тер шықты. Ол əрі толқыды, əрі қайран қалды.
19
Пэтурра. Оның қаладағы өмірі қырық жеті-ақ күн болды. Ол күндер
Турбиндардың төбесінен қар мен мұзға құрсауланып, 1919 жылдың
бұрқасынды қаңтары боп өтті де, алақаншық боранды ақпанға ұласты.
Екінші ақпан күні Турбиндер пəтерінде шашы тақырлап алынған, басында
қара жібек тақиясы бар бір адам жүрді. Бұл өліп тірілген Турбинның өзі
еді. Ол күрт өзгеріп кетті. Бетінде, аузының айналасында екі қатпар
мəңгілік қалды, түсі балауыздай сарғыш, көзі шүңірейіп, көгілдір көлеңкесі
көбейіп, тұнжырап күлмейтін болып алды.
Қонақжайда Турбин бұдан қырық жеті күн бұрынғыдай, əйнекке жабысып,
сыртқа құлақ түрді, онда терезелерден жылы ұшқындар шашырап, қар
түсіп, опера үні шалқып, əлдеқайда қиырда ақырын дүңк еткен зеңбірек
даусы. Қабағын қатал қыржитып, денесінің бар салмағын таяққа салған
Турбин көшеге көз тастады. Ол күннің көзбояушыдай білдіртпей көп
ұзағанын, əйнектің аржағында қапалақтап қар жауып, бұрқасын болып
тұрғанына қарамастан жарықтың молая түскенін көрді.
Жібек тақиялы баста айқын да адуын, қуанышы жоқ ойлар ағындады. Басы
иықтағы басқа біреудің бос қорапшасындай қаңырап, жеңілденіп
кеткендей, ойлардың бəрі оның ішінен шықпай, сыртынан келіп жатқандай
көрінді, осыны жəне өзі қалайтын да секілденді. Турбин терезенің алдында
жалғыз тұрғанына қуанып, сырттан көз алмады...
“Пэтурра... Бүгін түнде, бұдан кеш емес, барлығы жүзеге асады, Пэтурра
қайтып болмайды... Ал жалпы ол болып па еді, өзі?... Əлде осының бəрі
менің түсім бе? Əй, неғайбыл-ау, тек тексеруге болмайды оны. Лариосик
өте əсем жігіт екен. Оның отбасына бөгеті жоқ, қайта қажет. Күтіскені үшін
оған алғыс айту керек еді. Ал Шервинский ше? Ой, оны сайтаның біле ме...
Əйел дегендер бір сор. Сөз жоқ, Елена онымен шатасады, ол шүбəсіз... Ал
онда не жақсылық тұр? Тек əйтеуір даусы болмаса? Дауыс дегені ғажап
енді, бірақ ол дауысты былай да тыңдауға болады ғой, ол үшін некеге
тұрудың не қажеті бар... Жарайды, онда тұрған мəнді ештеңе жоқ. Ал сонда
маңыздысы не? Иə, əлгі Шервинский айтады, олар папахасында қызыл
жұлдызы барлармен біргеміз деп. Зайыры, қалада үрей ұшыратындай
сұмдық бірдеңе болады. О иə... Онсыз да бүгін түнде... Əлбетте, қазір
керуен тасыған көліктер көшеде ағылып жатқан шығар... Оның үстіне мен
күндіз баруым керек... Апарып берейін. Брынь. Ұста! Мен кісі өлтірген
құны-кермін. Жоқ, мен оны ұрыста атып өлтірдім. Немесе атып түсір-дім...
Ол келіншек кіммен тұрады екен, ə? Күйеуі қайда? Брынь. Малышев. Қазір
ол қайда? Жер жұтқандай жоғалды ғой. Ал Максим ше... Александр
бірінші?”
Осылай ағындап бара жатқан ойларды қоңырау сыңғыры бұзды. Пəтерде
Анютадан басқа ешкім болмайтын, барлығы күн жарықта шаруаларын
жайғап алғалы қалаға кеткен.
-
Егер емделуші болса, қабылда Анюта.
-
Жақсы, Алексей Васильевич.
Біреу Анютаның ізімен баспалдақтан көтеріліп келеді, алдыңғы бөлмеде
ешкі терісінен тігілген пəлтесін шешіп, қонақжайға кірді.
-
Келіңіз, - деді Турбин.
Мамықтақтан арық, сары өңді, сұр бешпетті жас жігіт көтерілді. Көзі
кілегейленіп, бір нүктеден аумайтын көрінеді. Ақ халат киген Турбин
ысырылып, оның кабинетке кіруіне жол берді.
-
Кəне, отырыңыз. Қандай қызмет көрсете аламын сізге?
- Менің ауруым - мерез, - деді келермен қырылдаңқы үнмен, сосын
Турбинге тіке, əрі тұнжырай қарады.
-
Бұрын емделмеп пе едіңіз?
-
Бірақ нашар, анда-санда бір. Емнің көмегі аз болды.
-
Сізді маған кім жіберді?
-
Александр əкей.
-
Сіз не, онымен таныс па едіңіз?...
- Мен оған барып тəубеме келіп, тəуеп еткенмін, əулие ақсақалдың
əңгімесі маған рухани жеңілдік берді, дəтке қуат болды, - деп баяндады
келермен аспанға қарай отырып. - Маған емделудің қажеті жоқ сияқты еді...
өзім солай топшылағанмын. Құдайдың өзі сұмдық күнəм үшін арнайы
жіберген нəубетті төзімділікпен көтеріп, барлық сынын бастан кешірейін
деп едім, имам менің ойымның дұрыс емесін дəлелдеп, түсіндіріп берді.
Мен оның айтқанына көніп, келіп тұрмын.
Турбин ең алдымен емделушінің қарашығына мейлінше мұқият үңіліп, бір
бастан рефлекстерін зерттей бастады. Ешкі елтірісі иесінің қарашығы
қасіреттен қарайып кеткені болмаса, дұрыс болып шықты.
- Сізге мынаны айтар едім, - деді Турбин балғасын лақтырып тастап, адам ретінде тегі сіз діншіл болуыңыз керек.
- Иə, мен күндіз-түні құдай туралы ойлап, соған табынып, ғибадат
қыламын. Менің жүгінетінім де, жүгіретінім де жалғыз сол ғана.
- Əрине, оныңыз өте жақсы, - деп үн қатты көзін оның көзінен айырмай
Турбин, - оған мен де құрметпен қараймын, əйткенмен осы бастан ескертіп
қояйын, ем алып жүрген кезіңізде құдай туралы ұдайы ойлауыңызды
доғара тұруға тура келеді. Мəселе мынада: сіздің сеніміңіздің
өзгермеушілік идеясына ұласып кететін түрі бар. Сіздің жағдайыңызда ол
зарарлы. Сізге ауа, қимыл, ұйқы керек.
-
Түні бойы мен ғибадат қып шығамын.
- Жоқ, ол əдеттен арылу керек. Мінəжат уақытын азайтқан абзал. Ол
сізді титықтатып тастайды, ал сізге тыныштық керек.
Ауру айтқанға ұйып, көзін төмен салды.
Турбиннің алдында жалаңаш тұрған ол тексерудің бəріне бағынды.
-
Кокаин иіскеуші ме едіңіз?
- Мен бой алдырған кесел мен кесапаттың ішінде ол да болатын. Енді
жоқ.
“Сайтан біле ме бұны... кенет бір баукеспе боп шығып... əдейі істеп жүрген
шығар; ауызүйдегі тондарды жымқырып жүрмесін, қарап қою керек екен”.
Турбин балғасының сабымен аурудың кеудесін сызды. Аппақ белгі бірден
қызылға айналды.
- Діни мəселелерімен шұғылдануды тоқтаңыз. Жалпы жүйке жұқартар
ауыр ойларға бармаңыз. Енді киінсеңіз де болады. Ертеңгі күннен бастап
сізге сынап себе бастаймын, бір аптадан соң оны құямын.
-
Мақұл, доктор.
-
Кокаин қабылдауға болмайды, ішуге болмайды. Əйелдерге жəне...
- Əйел мен удан аулақтағанмын. Қаскөй жандардан да іргемді аулақ
саламын, - деді ауру жейдесінің түймесін салып жатып. -Менің өмірімдегі
зұлым дана, құдайға қарсылардың жаршысы жын-перілердің қаласына
кетіп қалған.
- Көкем-ау, олай деуге болмайды, - деп аһ ұрды Турбин, - мына
түріңізбен жүйке аурулары емханасына да түсерсіз. Құдайға қарсы деп
айтып отырғаныңыз кім, кім өзі?
- Мен солардың əрі басшысы, əрі жаршысы Михаил Семенович
Шполянский, жылан көз қара сақал туралы айтып отырмын. Ол
антихристардың патшалығы Мəскеуге кетті. Онда дабыл қағып, осы қалаға
тұрғындарының күнəсі үшін жазалауға жендеттерді қаптатып алып келмек.
Кəдімгі қадым заманның Содамы мен Гомморасы сияқты...
- Сіз сонда большевиктерді жендет деп отырсыз ғой. Оған келісемін.
Əйткенмен де, олай айтуға болмайды... Сіз бром ішетін боласыз. Асхана
қасығымен күніне үш рет...
- Ол өзі жас. Ал оның залымдығы мың жасаған дəуперіден де асып
түседі. Əйелдерді жезөкшелікке бейімдеп, жеткіншектерді бұзықтыққа
баулайды, дабыл қаққанда күнəкарлардың қара-құрым қолынан əскери
кернейдей дабылдатады. Сайын далада да оның соңынан ерген
сайтандардың сұлбасы көрінеді.
-
Троцкий ма?
- Иə, ол оның қабылдаған аты ғана. Ал шын есімі жебірейлерше
Авваддон, грекше Аполлон, тұншықтырушы деген мағынаны білдіреді.
- Шынын айтамын, сіз мұңдайыңызды доғармасаңыз, байқаңыз... сізді
əсіре əуестік ауруы меңдей бастапты..
- Жоқ, доктор, мен сап-саумын. Доктор, мынау қасиетті еңбегіңіз үшін
қанша аласыз?
- Кешіріңіз, адым аттаған сайын сіздің аузыңыздан “қасиетті” - деген сөз
шығады екен. Мен өз еңбегімнен ешқандай қасиеттілікті де, əулиелікті де
көріп отырғаным жоқ. Барлығы сияқты емдеген мерзіміме ақы аламын.
Егер менде емделетін болсаңыз, кепілақы тастап кетіңіз.
-
Өте жақсы.
Бешпентінің түймесін ағыта бастады.
- Бəлкім, ақшаңыз аз болар, - деп бұрқ етті Турбин оның қырылған
тізесіне қарап.
-
Жоқ, доктор, ақша табылады. Сіз адамзатқа өзіңізше жəрдемдесесіз.
- Кейде оным өте сəтті де болады. Өтінерім-бромды уақытылы қабылдап
отырыңыз.
- Толық жеңілдікті біз анау жақта ғана аламыз ғой, құрметті доктор, деп ауру аппақ төбені көрсетті. - Ал əзір барлығымызды да сынақ күтіп тұр,
оны біз əзір көргеніміз жоқ. Сын сағат жəне тез арада туады.
- Ал сөзіңізге құлдық! Ондай сынды бір басыма жетерліктей-ақ кештім
ғой.
- Тəубеден жаңылуға болмайды, доктор, ой, болмайды, - деп міңгірледі
ауру ешкі елтірісін үстіне жапсырып жатып, - өйткені үшінші періште
тостағанын судың көзіне төңкере салғанда қайнар қан болып кетіпті деуші
еді ғой.
“Осыны бəз-бір жерде естігенім бар. Ой, əрине, поппен сұхбаттасып, біраз
жайдың басын шалғанымыз бар еді-ау. Міне, біріне-бірі сай келіп тұр - бұл
да тамаша ғой”
- Қадай айтып, берер ақылым - Апокалипсисті азырақ оқыңыз. Қайталап
айтам, ол сізге зиянды. Бас июді борыш санаймын. Ертең сағат алтыда
күтемін. Анюта, шығарып сал, өтінемін.
- Мынаны қабылдауға қарсылығыңыз болмас... Өмірімді ажалдан
арашалап қалған жанда менен де бір белгі болсын деймін, бұл менің
марқұм анамның білезігі еді...
- Алмаймын... Мұныңыз не... Қажеті қанша... - деп Рейсс Турбиннан
қолымен қорғанып еді, ойлағанын орындап, оның аппақ білегіне қолдан
соғылған сом күміс қара білекті болмай салды. Одан келіншектің қолы
əрленіп, Рейсс бұрынғысынан да сұлуланып кеткендей көрінді... Тіпті іңір
қараңғысының өзінде оның жүзі қалай қызыл шырайланғаны байқалып
тұрды.
Турбин шыдай алмай, оң қолымен оның мойнынан құшақтап, өзіне тартып,
бетінен сүйіп-сүйіп алды. Сол сəт таяғы қолынан шығып кетіп, үстелдің
сирағына тиіп тасырлап еденге түсті.
- Барыңыз... - деп сыбырлады Рейсс, - уақыт болды... Уақыт кеш...
көшеде көліктер күтіп тұр. Байқаңыз, олар өзіңізге тиісіп жүрмесін.
- Сіз маған сондай сүйкімдісіз, - деп күбірледі Турбин. - Сізге тағы да
келуіме мұрсат беріңіз.
-
Келіп тұрыңыз.
- Айтыңызшы, сіз неге жалғыз тұрасыз, ана үстелдің үстіндегі сурет
кімдікі? Қара бакенбарды бар?
-
Ол менің немере бауырым... - деп жауап қатқан Рейсс жерге қарады.
-
Фамилиясы кім?
-
Оның сізге қажеті қанша?
-
Сіз мені құтқардыңыз ғой... Ал менің білгім келді.
- Құтқаруын құтқардым, білуге де хақыңыз бар. Оны Шполянский деп
атайды.
Турбиннің жүрегінің түбінде бірдеңе дір ете қалды.
-
Ол осында ма?
-
Жоқ, Мəскеуге кеткен... Қандай əуесқой едіңіз!
Турбин оның қара сақалы мен қара көзіне ұзақ тесілді... Жанын жеген
сүйкімсіз бір сезім көңілінен көпке дейін кетпеді. “Магнитный Триолет”
төрағасының маңдай мен ернін қанша шүйіле зерттегенмен, ештеңе
айқындай алмады. Жаршы деді əлгі ешкі елтірісінен ішік киген бейбақ...
Жанымды мазалап, жүрегімді жұлмалап жатқан не? Жендеттер дейді...
Онда менің не жұмысым бар? Маған бəрібір емес пе! Тек мынау оқшау,
тыныш, алтын эполетті сурет тұрған үйге тағы да соқсам болды ғой.
-
Барыңыз. Уақыт болды.
-
Никол? Сенбісің?
Ағалы-інілілер тылсым бақтың төменгі текшесінде басқа бір үйдің алдында
бетпе-бет түйісіп қалды. Неге екені белгісіз, Николка ұрлық үстінде
ұсталғандай қысылып қалды.
- Ə мен бе, Алеша, Най-Турстардікіне бардым, - деді апалақтап, оның
түрі алма ұрлап ұсталған адамға ұқсап кетті.
-
Несі, бар, ізгілікті іс. Оның шешесі бар ма екен?
-
Байқайсың ба, Алеша, тағы қарындасы да бар көрінеді... Жалпы...
Турбин Николкаға көзінің қиығымен қарады да, қайтып сұрақ қойып
қинамады. Жарты жолды бауырлар үнсіз жүріп өтті. Сосын үнсіздікті
Турбин бұзды.
- Бауырым, Пэтурраның бізді Мало-Провальная көшесіне дейін
лақтырғаны көрініп тұр. Ал енді? Жарайды, амал нешік, келіп тұрамыз.
Николка мынау жұмбақ сөздерге керемет ынтамен зейін қойып, өз
кезегінде сұрағын да беріп үлгерді.
- Ал сен де бəз-біреуге барып жүрсің бе? Осы Мало-Провальнаяда ма ол
да?
- Угə, - деп жауап қатқан Турбин пəлтесінің жағасын көтеріп, бетін соған
жасырған бойы үйге жеткенше лəм-мим деп тіл қатқан жоқ.
Осынау маңызды да тарихи күні Турбиндарда барлығы -Мышлаевский мен
Карась та, Шервинский де бірге түстенді. Бұл жаралы Турбин жатып
қалғаннан бергі алғашқы ортақ ас еді. Барлығы да бұрынғыша болды, тек
жетіспегені бір ғана нəрсе-үстел үстінде тұнжыраған аптап раушан жоқ еді,
өйткені “Маркиза” кəмпит сауыты сынып, бұл төңіректен кеткеніне көп
болған, қайда тыным тауып жатқанын кім білсін, бəлкім мадам Анжумен
белгісіз қиырда табысқан шығар.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ақ Гвардия - 19
  • Parts
  • Ақ Гвардия - 01
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2312
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 02
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2332
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 03
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 04
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2379
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 05
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2276
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 06
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2225
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 07
    Total number of words is 3817
    Total number of unique words is 2218
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 08
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 2225
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 09
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2244
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 10
    Total number of words is 3895
    Total number of unique words is 2104
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 11
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2111
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 12
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2082
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 13
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2249
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2038
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 15
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 16
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2344
    28.7 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 17
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2051
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 18
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2163
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 19
    Total number of words is 2671
    Total number of unique words is 1718
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.