Latin Common Turkic

Ақ Гвардия - 17

Total number of words is 4067
Total number of unique words is 2051
35.1 of words are in the 2000 most common words
49.7 of words are in the 5000 most common words
56.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
буалдыр мұнардың арасынан кенет күн көрінді. Күн болғанда да мұндай
үлкен əрі таза қан сияқты қып-қызыл күнді Украинада бұрын-соңды ешкім
көрген емес. Бұлт пердесі арасынан жарқыраған қызыл шардан қатқан қан
мен ірің жолақтары тарамданды. Күн София соборының бас мұнарасын
қанға бояп, одан алаңға ғаламат көлеңке түсіп, сол көлеңкеден Богдан
ескерткіші күлгін тартып, сапырылысқан халық тобыры қарайған үстіне
қарайып, қалыңдап, қарақұрымдана түсті. Сатымен жартасқа көтерілген
сұр киімді, белдерін қынай буынған біреулер көрінді, олар мылтықтың
сүңгісімен қара граниттен көзге ұрған жазуларды өшіруге тырысты. Алайда
оларынан түк шықпай, сүңгілерімен сырғанап, тастан тайып түсті.
Құйғытып бара жатқан Богдан атын жалт бұрып, тұяғына жармасқан
сотқарлардан сытылып, ұшып кеткісі келгендей көрінді. Оның беті тура
қызыл шарға қарап, айбар шашып, күрзісімен бұрынғыша қиян алысты
меңзеді.
Дəл осы кезде Богданның қарсы алдында гүржілдей ағылған жұрттың
үстінде, қатып қалған фонтанның тайғанақ табақшала-рының арасынан кісі
қолы көтерілді. Оның үстінде елтірі жағалы қара пəлте, аязға қарамастан
бас киімін шешіп, қолына ұстап алған. Алаң бұрынғысынша гуілдеп,
құмырсқаның илеуіндей қыз-қыз қайнайды, алайда Софияның қоңырау
мұнарасы тынған, музыка да аязды көшелермен жан-жаққа маңыпты.
Фонтанның етегіне де ұлан-ғайыр тобыр жиналып қалды.
-
Петька, Петька! Мынау көтергендері кім?
-
Петлюра болар.
-
Петлюра сөз сөйлейді.
-
Не сандалып тұрсыңдар. Бұл қарапайым шешен...
-
Маруся, шешен дейді. Қара, қарашы əне...
-
Декларация жариялайды...
-
Жоқ, оны Универсал оқитын болады.
-
Жасасын азат Украина!
Көтерілген адам шабыттана жыпырлаған мыңдаған бастардың үстінен
күннің дөңгелек арайы қан қызыл алтын бояуымен крештерді аптап тұрған
тұсқа көз тастап, қолын сілтей, ақырын ғана айғайлап қалды.
-
Халықтың даңқы артсын!
-
Петлюра... Петлюра.
-
Иə, қайдағы Петлюра? Сендер де айтады екенсіңдер!
-
Петлюра өрмелеп фонтанға шығушы ма еді?
-
Петлюра Харьковте.
-
Петлюра əлгінде ғана сарайға банкетке бет алған.
-
Өтірік соқпа, ешқандай да банкет болмайды.
- Халықтың даңқы артсын! - деп қайталады əлгі адам сол сəт сары
шашының бір тұлым ыршып маңдайына түсті.
-
Тыныш!
Ақсары кісінің даусы нығайып, тасыр-тұсыр мен аяқ сықы-рынан, гуіл мен
тасқынның, барабан даңғырының арасынан айқын естілді.
-
Петлюраны көрдіңдер ме?
-
Көрмегенде қалай, тəңірі-ау, жаңа ғана.
-
Аһ, қандай бақытты əйелсіз! Қандай екен өзі? Қандай, ə?
- Мұрты қара, сапары Вильгельмдікіндей жоғары қарай ширатылған,
басында шлемі бар. Іздесең, ол əне деймін, қарашы, Мария Федоровна,
қапы қалма, қара - əне келе жатыр...
- Сіз неге арандатасыз мені! Ол қаланың өрт сөндіру команда-сының
бастығы емес пе!
-
Ханым, Петлюра Бельгияда.
-
Бельгияға не үшін кеткен ол?
-
Одақтастармен одақ жайын орайластырмақ.
-
Жоқ, олай емес. Əлгінде ғана ол экскортпен Думаға кетті.
-
Не дейді?
-
Ант береді...
-
Ол ант бере ме?
-
Неге? Қайта оған ант бермеуші ме еді?
-
Ал оған ант бергенше, менің өлгенім артық (сыбыр).
-
Сізге ант берудің қажеті де жоқ... Əйелдерге тимейді.
-
Жөйттерге тиіседі, ол анық...
-
Офицерлерді де оңдырмайды. Барлығының ішек-қарнын ақтарады.
-
Помещиктерді де сөйтеді. Жойылсын!!
-
Тыныш!
Ақсары кісі бəз-бір сұмдық қайғы-мұңмен, бірақ батылдықпен көзі ұшқын
ата күнді нұсқады.
- Осы тұрған қалың қауым, бауырлар мен жолдастар, - деп бастады ол. Казактардың: “Старшиндар болса егер бізбенен, бауырымыз біз олардың
іздеген” дейтін өлеңінде айтылғандай, бізбен бірге болыңдар! Бəрің де
бізбен бірге болыңдар! - деп əлгі кісі бас киімімен қызыл банты алып
толқындай алаулаған кеудесін соқты, - бізбен бірге! Əлгі айтқан
старшиндер бəрі де халықтан шыққан, сонымен біте-қайнасқан, содан
туды, бірге өледі. Олар қаланы қоршағанда көк мұз, ақ қарда бізбен бірге
болып, бірге тоңып, қаланы жан аямай ерлікпен қорғап қалды, соның
айғағындай алқызыл жалау анау алыптардың төбесінде желбіреп тұр.
-
Ура!
-
Қандай қызыл? Мынау не айтып тұр. Жалқын сары емес пе біздікі.
-
Большактардың да туы қызыл.
-
Тыныш! Даңқы артсын!
-
Əй, мынау оңбағаның украин тілінде жылмайды ғой...
- Жолдастар! Сіздердің алдарыңызда қазір жаңа міндет тұр, ол - жаңа
тəуелсіз Республиканы көтеріп, күллі еңбекші қауым үшін нығайту, ендігі
жерде жұмысшылар мен диқандар өзінің жанын қиып қорғаған, қанын
төгіп суарған туған жеріне өзі ие болуға, өзі билеуге хақылы!
-
Дұрыс. Даңқы артсын!
-
Сен естіп тұрсың ба, “жолдастар” дейді бізді, ғаж-жап...
-
Ты-ныш.
- Сондықтан да, қымбатты азаматтар, халық жеңісінің осынау қуанышты
сəтінде ант етейік, - деген шешеннің көзі жайнап, барған сайын желпініп,
қолын аспанға жайды, оның сөзінде украин сөздері барған сайын азая түсті,
əзір анау азаттықтың белгісі -қызыл ту бүкіл дүние еңбекшілерінің
төбесінде желбірегенше қолдан қару тастамасқа ант етейік.
-
Ура!Ура!Ура! Интер...
-
Васька, өшір үніңді. Сен не, жынданғансың ба?
-
Щур, сіздікі не, тыныштал!
- Құдай ақына, Михаил Семенович, шыдай алатын емеспін -оян...
қарғыспен қарылған...
Қап-қара онегин сақал қалың құндыз жағаға көміліп, тобырдың арасында
қысылып-қымтырылып, алға ентелеп келе жатқан шабытты жезтаңдайдың
көзі желтоқсанның он төртіне қараған түнде опат болған Шполянскийдің
көзінен керемет аумайтын еді. Сары қолғапты қолы созылып, Щурдың
қолын қысты.
- Жарайды, жарайды, енді айтпаймын, - деді Щур көзімен ақсары кісіні
аймалап.
Кенет күн сөнді, София мен оның мұнараларына көлеңке түсті; Богданның
да жүзі, əлгі адамның да жүзі айқын айшықтанды. Маңдайында сары
тұлымы желпілдегені анық көрінді.
Ол болса, өзін-өзі билеп, алдыңғы қатарда тұрған жұртты жəне баурап:
- Жұмысшылардың, шаруалар мен казак депутаттарының Кеңестері
мəңгі жасай берсін! Жасасын... - деп айғай салды.
-
Г а-а. Г-а-а-а, - деп дуылдады тобыр.
- ... Жұмысшылардың, шаруалар мен қызыл əскер депутаттарының
Кеңестері. Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер! - Ур-ра! -деп
дауыстады басқа жерден. Кенет сапырылыс басталып кетті.
-
Қалай? Қалай? Не дейді?! Даңқы артсын!!
Артқы қатарларда бірнеше еркек жəне бір жіңішке дауыс “Жер-леңіздер
мені өлсем...” деп əндетіп қоя берді.
- Ұстаңдар оны! Ұстаңдар! - деп айғайлады ызалы, жарықшақ, жылауық
еркек даусы. - Ұстаңдар! Бұл арандату. Большевик! Москаль. Ұста. Оның
не айтқанын сендер естідіңдер ғой...
Бəз-біреудің қолы ауа қармады. Шешен бүйірге жалт берді де оның ізі өшті,
қарны көрінбеді, сосын бөркін бастыра киген басы көзден ғайып болды.
- Ұстаңдар! - деп біріншіге екінші жіңішке дауыс үн қосты. -Ол жалған
шешен. Ұстаңдар оны, жігіттер, ұстап алыңдаршы, туғандар.
- Га, га, га. Тоқта! Кім? Кімді ұстадыңдар? Кімді деймін? Тəйірі-ай,
ешкімді де ұстамапты!
Жіңішке дауыстың иесі алға фонтанға қарай ұмтылып, тайғанап жүрген
үлкен балықты ұстағандай қимыл жасады. Алайда пəруей-сіз Шур шолақ
тон мен құлақшынын бастырып алып, оның алдын кескестеп: “Ұста!” деп
кенет барқ етті.
-
Тоқта, туыстар, сағатымды сыпырып кетті.
Бəз-бір əйелдің аяғын басып кетіп, ол жан даусы шыға шарыл-дап:
-
Кімнің сағаты? Қайда? Өтірік айтасың, құтылмайсың, - деп безектеді.
Жіңішке дауыстыны сыртынан біреу келіп белдігінен ұстады да, сол сəт
үлкен бір суық алақан оны аузы-мұрнын ала бір жарым қадақ ауыр
шапалақпен сарт еткізді.
- Уһ! - деп айқайлаған жіңішке үнді өліктей бозарып кетіп, баскиімсіз
жалаңбас қалғанын сезді. Сол сəтінде екінші шапалақ оған тозақ отындай
тағы тиіп, бəз-біреу аспан-көкті жаңғырық-тырып:
-
Міне, ұрының өзі, баукеспе, иттің ғана баласы. Соқ өзін!!
- Сендердікі не?! - деп шырылдады жіңішке дауысты. - Мені ұрғандарың
не?! Ол мен емес. Мен емес деймін. Анау большевикті ұстау керек! О-о! өкірді ол...
Фонтанның тап жанындағы тобырдың бұрандасы шыр айналып, біреу
соғылып, біреу өкіріп, халықты быж-тыж қылды, ең бастысы - шешен ізімғайып жоқ болды. Жоқ болғанда да жұрттың бəрін сиқырлағандай, тура жер
астына түсіп кеткендей із-тозсыз кетті. Иірілген жұрттың арасынан біреуді
ұстап əкеп еді, жалған шешен қара киімді жандай болса, мынауың
папахамен атып шықты. Үш минөттен соң иірілген жұрт өз-өзінен тарап,
жалпы керіс болмағандай, сөзге əуес тобыр жаңа шешенді фонтанның
шетіне өздері шығарып, оның сөзін тыңдауға жан-жақтан ентелеп, ортаға
топтасты, соның өзінде де олардың ұзын саны екі мыңға тақап қалды.
Шағын баудың алдындағы ақ көшеде əуесқой халық тараған əскердің
артынан тағы да қабындап, күлкішіл Щур шыдамай жүгіріп келген бойда
табанжолға отыра қалып:
- Ой, күлкімнің келгені-ай, - деп ішін басып ал кеп күлсін. Күлкі аузынан
тасқындай ағытылып, аузындағы аппақ тістері жалтырай көрінді, күлкіден иттей боп өліп барамын. Оны қалай соқты десейші о тəңірім
Иисусе!
- Омалып көп отырмаңыз, Щур, - деді серігі құндыз жағалы бейтаныс,
өзі марқұм əйгілі прапорщик, “Магнитный Триолет” төрағасы
Шполянскийден екі тамшы судай-ақ ажыратқысыз.
-
Қазір, қазір, - деді Щур жұлқына тұрып жатып.
- Михаил Семенович, папирос беріңізші, - деді Щурдың екінші серігі,
қара пəлтелі ұзын бойлы кісі. Папағын желкесіне ысырып, сары шашының
тұлымы қабағына түсті. Ол алқына демалып, ентігін əрең басып, аязда
ыстықтағандай қолымен бетін желпіді.
- Немене? Жапа шектік пе? - деп сыпайы ғана сұрады бейтаныс іш
тартып, сосын пəлтесінің етегін түріп, қалтасынан кішкентай алтын
портцигар шығарып, ақсарыға мүштіксіз тартатын неміс папиросын
ұсынды; ол сіріңкенің отына қолын қалқан етіп ұстап, темекісін тұтатты да,
бір сорып.
-
Уһ! Уһ! - деп түтінін ішке тартты.
Сосын үшеуі де шапшаң қозғалып, бұрыштан əрі бұрылып, көзден ғайып
болды.
Алаңнан шолақ көшеге шапшаң басып екі студент шықты. Біреуі
кішкентай, пысық, ұқыпты, аяғындағы галошы жалтырап тұр. Екіншісі
ұзын бойлы, кең иықты, сирағы да ұзын, бір аттағанда бір сажынды бір-ақ
алады.
Екеуінің де жағалары фурашкелерінің жиегіне дейін көтерілген, ал
ұзынның тіпті қырынған бет-аузына дейін кашнемен қымталған, аяздан
қорғанғаны да. Екеуі де əмір берілгендей бастарын бір жаққа бір мезгілде
бұрып, капитан Плешконың мəйітін көрді, оның аяқ жағында бетін басқа
жаққа беріп, аяғы серейген екінші біреу жатыр, лəм-мим деп тіл қатпай,
екеуі өте шықты.
Сосын Рыльскийден студенттер Житомир көшесіне бұрылғанда ұзын
бойлы кішкентайға бұрылып, қарлығыңқы жіңішке дауыспен былай деді:
-
Көрдің бе əлгілерді? Көрдің бе деп сұрап тұрмын ғой мен сенен.
Кішкентай еш жауап қатқан жоқ, бірақ аяқ астынан тісі ауырып қалғандай
тітіркеніп, ыңырсыды да қойды.
- Өлгенімше ұмытпаспын оларды, - деді сөзін жалғап аршындай
адымдаған ұзын, - есімнен кетпес.
Кішкентай оның соңынан үнсіз келе жатты.
- Рақмет, үйретіп шығарды. Ал, егер бірде болмаса бірде маған əлгі
кəззап... гетман кездесетін болса, - кашненің астынан қырылдап, - оны бар
ғой... - деді ұзын осы арада үш қабат қып бір сыбап алды да, сонымен
тынды. Үлкен Житомир көшесіне шықты, екеуінің жолын бірақ ескі
қаланың мұнаралы учаскесіне кетіп бара жатқан шеру бөгеді. Шын мəнінде
оған алаңнан барар жол тура да төте болатын, бірақ Владимир көшесін
парадтан əлі кетіп үлгермеген атты əскерлер жауып, барлығы сияқты
айналып жүруге тура келді.
Шерудің алды қаптаған балалар. Олар жүгіріп ойнап, секіріп, ысқырып та
қояды. Сосын тапталған көшенің жиегінде үрей мен уайымнан көзі
бұлаулаған, жыртылған бешпентінің түймесі салынбаған, баскиімсіз бір
адам келеді. Беті қан жоса, көзінен жас парлайды. Жалаң төс аузын арандай
ашып, əбден қарлыққан жіңішке дауыспен айғай салып, орыс пен украин
сөздерін араластыра сөйледі:
- Сендердің бүйтуге құқыларың жоқ! Мен белгілі украин ақынымын.
Фамилиям - Горбалаз. Мен украин поэзиясының антологиясын жазған
адаммын. Мен Раданың төрағасы мен министрге шағымданамын.
Мыналарыңа енді тіл жетпейді.
- Үрыңдар арамзаны, қалта ұрысын! - деп айқайлады біреулер
табанжолдан.
- Мен бе, - деп ышқына айғайлап жан-жағына алара қарады қан-жоса
кісі, - мен арандатушы большевикті ұстайын деп əрекет етіп едім.
-
Не, не дейсің? - деп гүжілдесті табанжолдағылар.
-
Кімді ұстамақ едім дейді?
-
Петлюраға қастық жасағанды.
-
Пəлі?!
-
Иттің баласы, біздің Батьконы атқан ба?
-
Ал бұл украиндық қой.
- Украиндық емес, сұмырай бұл, - деп барқылдады бір жуан дауыс, əмиянды кесіп əкетті.
-
Ф-юх, - деп өшпенділікпен ысқырды балалар.
-
Бұл не өзі? Қандай құқықтарың бар бұған?
-
Арандатушы большевик ұсталды. Өлімтікті табан аузында өлтіру керек
еді.
Қанжалағанның артында толқыған тобыр еріп келеді, арасында алтын
оқалы құйрығы бар папахалар мен екі мылтық жылт етіп қалады. Түрлі
түсті белдікпен бекем буынған біреу қанжалағанмен қатар келеді,
қасындағы ара-тұра ышқына айғайлағанда жұды-рықпен желкеден түйіп
жібереді, сонда ұсталмайтынды ұстаймын деп əлек болған бейбақ тұтқын
тына қалып, артынан үнсіз еңіреп жылайды.
Екі студент шеруді өткізіп жіберді. Шеру ұзаңқыраған кезде ұзын
кішкентайды қолтығының астынан алып табалаған үнмен күбірледі.
- Оған сол керек, солай соққаны сауап болған. Ал саған бір-ақ нəрсе
айтайын, Карась, большевиктер жарайды. Арыммен ант етейін олар жігітақ. Міне, жұмысты істеген соң осылай істеу керек. Көрдің ғой, шешенді
қалай жітіріп жібергенін? Батыл-ақ. Оларды батылдығы мен өжеттігі үшін
жақсы көремін, шешеңді...
Кішкентай ақырын ғана былай деді:
-
Егер енді ішпесек, асылып өлуге болады.
- Мұның пікір-ақ. Жақсы пікір, - деді ұзын бойлы оны қостап. - Сенде
қанша бар?
-
Екі жүз.
-
Менде жүз елу. Тамараға кіріп бір жарымын бір-ақ алайық...
-
Жабық қой.
-
Ашады.
Екеуі Владимир көшесіне бұрылды да, сыртында “Ұсақ-түйек сауда” деген жарнамасы бар екі қабатты үйге жетті, оның қасында “ПогребТамараның құлпысарайы” деген жазу тағы тұр.
Басқышпен төмен сүңгіп екеуі де абайлай екі қабат əйнек есікті қақты.
17
Отбасының төбесінен түскен тастай болған соңғы оқиғалардан
шырматылып шыға алмай үш күн бойы жанын жеген көкейтесті
мақсатына, қар үстінде жантəсілім еткелі серейіп жатып басшысының
айтқан сөзіне байланысты мақсатына Николка бүгін жетті. Ол үшін оған
парадтың алдында қала қыдырып, оншақты адресті ақтап шығуға тура
келді. Осы жүгірісте Николка əлденеше рет күдер үзіп, құлап сүрініп,
жығылып тұрып дамыл көрмей, ақыры ойындағысын орындады.
Литва көшесінің ең шетіндегі бір кішкентай үйден ол жасақтың бірінші
бөлімшесінің бір адамын іздеп тауып, одан Найдың адресін, өзі мен
əкесінің атын білді.
Николка София алаңын кесіп өту үшін екі сағат бойы буырқанған халық
толқынымен арпалысты. Алайда алаңды көктей өту деген мүлдем ойға
сыймайды екен. Сондықтан қуатты қысқыштың аузынан сытылып,
алғашқы шыққан жері - Михаилов монастыріне қайтып оралу үшін
табандатқан жарты сағатын жоғалтты жаураған Николка. Одан
Костельнаяны бойлай отырып, үлкен шеңбер жасап Николка төмен
Крещатникке түсіп, одан төменгі жолдармен Мало-Провальнаяны табуға
тырысты. Бірақ бұл мүмкін болмай шықты. Костельнаямен де құжынаған
жыландай ирелеңдеп парадқа əскерлер қаптап келе жатты. Амал жоқ,
Николка бұрынғысынан да үлкен айналым жасап, жападан жалғыз
Владимир тауына шығып кетті. Трассалар мен аллеяларды бойлай жүгіріп,
қардан қаланған аппақ қабырғалардың арасында ілгері ұмтылды. Қары
аздау алаңқайларға да тап болды. Терраса-лардан қар теңізінің айдынында
қарсы алдан таудағы Патша бағы көрініп тұрды, одан əрі солға қарай
қыстың толық тыныштығында Днепр өзенінің ар жағында Чернигов
жазығы жатыр.
Бейбіт тірлік, толық тыныштық дегенің міне, осы, бірақ Николкаға дамыл-
тыным қайда. Қармен алысып, террасадан соң терраса асып, аракідік қары
тапталған жерлерге тап болып, тауда біреулер қыста да қыдырады екен-ау
деп таңданды да.
Ақыры аллеямен төмен түсіп Николка еркін тыныстады, Крещатникте
əйтеуір əскер жоқ екен, соған шүкіршілік қып іздеген жеріне қарай тартты.
“Мало-Провальная, 21”. Николканың тапқан адресі осы. Жазылмаған бұл
адрес Николканың миына шегеленіп қалды.
Николка толқып, қатты қысылды. “Кімнен дұрысырақ сұраған жөн?
Ештеңе де белгілі емес...” Бақтың бірінші қабатында тұрған қосалқы үйдің
қоңырауын шалды. Ұзақ уақыт ешкім үн қатқан жоқ, ақыры аяқ дыбысы
білініп, есік шынжырымен сəл ашылды. Пенсне киген əйел жүзі көрінді де,
ауыз үйдің түнегінен қатаң сұрақ естілді:
-
Сізге не керек?
-
Білуге мұрсат етіңіз... Най-Турс осында тұра ма?
Əйел жүзі мүлдем сазарып тұнжырап кетті де, тек көзəйнегі ғана
жалтырады.
-
Мұнда ешқандай да Турс жоқ, - деді əйел бəсең үнмен.
Николка қызарып кетті, қысылып, недəуір қиналды...
-
Бұл бесінші пəтер емес пе...
- Ал болса ше... - деп бейілсіз күмəндана жауап қатты əйел, -сіз не
керегін айтсаңызшы.
-
Маған Турс осында тұрады деп еді...
Əйел жүзін молырақ шығарып, Николканың артында басқа ешкім жоқ па
екен дегендей көзін бақ жаққа жүгіртті... Николка оны енді толық көрді,
бұғағына да көзі түсті.
-
Сізге өзі не керек? Маған айтыңызшы.
Николка күрсініп, жан-жағына қарап алып, былай деді:
-
Мен Феликс Феликсович жайында айтпақшы едім... одан хабарым бар.
Əйелдің жүзі кілт өзгерді. Көзін жыпылықтатып:
-
Сіз кімсіз? - деп сұрады.
-
Осы арада тұра тұрыңыз, - деп есікті жапты, аяқ дыбысы да басылды.
Жарты минөт өтер-өтпесте өкше тықылдап, есік мүлдем ашылып, Николка
ішке кірді.
Қонақжайдан алдыңғы бөлмеге жарық түсіп, Николка түкті мамықтақтың
шетін шалып, сосын пенснелі əйелді көрді. Николка фурашкесін шешкен
сəтте қарсы алдынан жүзінің əрі тая бастаған аласа бойлы ашаң екінші
əйел шыға келді. Жүзіндегі кейбір болар-болмас, онша анық та емес
сипаттардан, бəлкім шашының түсінен болар, Николка Найға бір ұқсастық
тауып, анасы екен ғой деп топшылады да, қалай хабарларын білмей, үрейі
ұшты... Бəйбіше оған жарқыраған назарын тіке қадап, Николка бұрынғыдан
бетер абдырады.
-
Ал, айтыңыз енді, кəне... - деп тіке сөйледі ана.
Николка бас киімін умаждап, əйелге қаймыға қарап:
-
Мен...мен, - деп міңгірледі.
Ашаң əйел - ана Николкаға қара көзімен ата қарап, жек көргендей зеки
сөйлеп, оның даусы Николканың сыртынан шыққандай, есіктің əйнегіне
жаңғырықты:
-
Феликс өлген бе?!
Ол жұдырығын түйіп Николканың қарсы алдынан сермеп өтіп, айғай
салды.
-
Өлтіріпті ғой... Ирина, естимісің, Феликсті мерт етіпті!
Николканың көз алды қарауытып кетті үрейден. - “Апырау, мен ештеңе
айтқан жоқпын ғой... құдая!” - деп қатты қысылды. Пенснелі толық əйел
Николканың артынан есігін жауып, тез, тез басып, ашаң бəйбішеге
ұмтылды, оны иығынан құшақтап, жұбата бастады:
- Жарайды, Марья Францевна, сабыр қыл енді, жарқыным... -Сосын
Николкаға еңкейіп: - Бəлкім, олай емес шығар? Тəңірі-ау... Сіз айтыңызшы,
өзі ... Қалайша ол?...
Николка бұған ештеңе айта алмады... Тек ашына алға қарап, тағы да
мамықтақтың шетін көрді.
- Тыныштал, Марья Францевна, тыныштал, жарқыным... Құдай үшін...
Естіп қалады... Құдайдың əмірі ғой... - деп қалбалақтады жуан.
Най-Турстың шешесі шалқалай құлап ойбай салды.
- Төрт жыл! Төрт жыл болды ғой мен күткелі. Əлі де күтіп ем, əлі де...
Күтемін! - Осы арада Николканың сыртынан жас қыз келіп, шешесіне
ұмтылды. Николканың оған көмектесуі керек еді оған, анасын сүйеуіне,
алайда қатты булығып тұрған ол өзін-өзі ұстай алмай, өкіріп жылап жіберді
жəне тоқтай алмады.
Терезелердің пердесі жабық, қонақжай қаракөлеңке, құлаққа ұрған танадай
үнсіз тыныштық, тыныштықтың өзінен ұнамсыз дəрі иісі шығатын тəрізді.
Қыз терезеден бері бұрылып Николканың қасына келді. Николка
мамықтақтан көтерілді, қолында мынандай сұмдық жағдайда да ажырай
алмай қойған фурашкесі. Қарындас замат қара тұлымын түзеп, аузын
жиып:
-
Ол қалай қайтыс болды? - деп сұрады.
- Ол қаза тапты, - деп жауап қатты Николка өзінің бар жақсы даусымен, білсеңіз бар ғой, ол ерлерше қаһармандықпен қаза тапты... Нағыз батыр...
Юнкерлердің бəрін дер кезінде кері қуып үлгерді, ең соңғы сəтте, оның өзі,
- деп əңгімелеп тұрып Николка жылап жіберді, - оның өзі оларды қалқан
боп оқтан қорғады. Онымен бірге мені де мерт ете жаздады. - Біз... тек
екеуміз ғана қалдық, ол мені де қуды, ұрысты, ал өзі пулеметпен оқ
жаудырды... Жан-жақтан аттылар қаптап кетті, біз қоршауда қалып, тұзаққа
түскен екенбіз. Барлық жақтан қысып келеді.
-
Ол кенет оған оқ тиіп, жараланды ма?
- Жоқ, - деп батыл жауап қатты Николка, сосын кір орамалымен көзін,
аузын, мұрнын сүртті, - жоқ оны өлтіріп кетті. Оны өзім көзіммен көрдім,
қолыммен ұстадым. Оқ басына жəне кеудесіне тиіпті.
Қонақжай бұрынғыдан да қараңғылана түсті, көрші бөлмеден еш дыбыс
естілген жоқ, өйткені Марья Федоровна жылап-жылап басылса керек,
мұнда үш адам ғана күбірлесіп отыр: Найдың қарындасы Ирина, əлгі
пенснелі жуан əйел, пəтердің қожайымы Лидия Павловна, сосын
Николканың өзі.
- Менің өзіммен ақшам жоқ, - деп сыбырлады Николка, - қажет болса,
қазір жүгіріп барып алып келемін, сонда барамыз.
-
Ақшаны мен қазір беремін, - деп гүрілдеді Лидия Павловна,
- ақша деген не тəйірі, тек сендер онда, құдай үшін, жеріне
жеткізіңіздер. Ирина анаңа тіс жарма, қайда, не үшін баратын-дарыңды
айтушы болма. Мен өзім жалпы не істерімді білмеймін...
- Мен онымен бірге барамын, - деп сыбырлады Ирина, - біз ойлағанға
қол жеткіземіз. Сіз ол қазармаларда жатыр, оны көру үшін рұқсат деген
жоқсыз ба.
-
Иə, иə... Бұл жақсы болар еді, жақсы...
Жуан ізінше көрші бөлмеге жүгіріп, одан оның сыбырлаған, ананы
сендіруге тырысқан даусы естілді.
- Марья Францевна, құдай үшін жатыңызшы... Қазір олар барып, бəрін
біліп келеді. Əлгі юнкер ол казармада жатыр деп отыр.
- Нарда ма?... - деп сұрады тағы да Николкаға жеккөретіндей естілген
əлгі дауыс.
- О, не дегеніңіз, Марья Францевна, шағын шіркеуде, казарма-ның
шіркеуінде жатыр дейді...
-
Бəлкім, көшенің қиылысында иттер мүжіп жатқан шығар.
- Аһ, Марья Францевна, қайдағы жоқты айтпаңызшы... Тыныш қана
жатыңыз, жалынып сұраймын сізден...
-
Мама соңғы үш күнде мүлдем есінен алжасқандай боп кетті...
- деп сыбырлаған Найдың қарындасы бағынбайтын тұлымын қайта кері
серпіп, Николкадан əрі əлде бірдеңені қарады, - дегенмен енді бəрі де бос
сөз.
-
Мен де солармен барамын, - деген дауыс шықты көрші бөлмеден.
Қыз табанда түршігіп жүгіріп кетті.
- Мама, мама, сен бармайсың. Сен бара алмайсың. Егер сен баратын
болсаң, юнкер көмектесуден бас тартады. Оны тұтқынға алуы ықтимал.
Жат, жатшы, мен өтінемін сенен...
- Əй, Ирина, Ирина, Ирина, - деп күңіренді көрші бөлмеден, -өлтіріп
кетті ғой, оны өлтіріп, ал сенікі не бұл? Сен ғой, Ирина... Феликсті өлтірген
соң, енді не істей аламын? Өлтірді ғой, өлтірді. Қарда жатыр-ау... Соны
ойлайсың ба сен... - Еңіреп, өксіп-өксіп жылау қайта басталды, кереует
сықырлады, қожайымның даусы шықты.
-
Түу, Марья Францевна, ой, бейшара шыдасаңызшы, шыдаңыз...
- Ай, тəңірі-ай, тəңірі, - деп жас қыз қонақжай арқылы жүгіріп кетті.
Өкініш пен үрейді бірдей сезген Николка ұнжырғасы түсіп: “Ал таба
алмасаң, қасіреттің көкесі сонда болар” деп ойға батты.
Ақырған аязға қарамастан сұмдық ауыр иіс аңқып тұрған сұмдық үрейлі
есіктің алдында Николка тоқтап, тіл қатты:
- Бəлкім сіз осында тұра тұрарсыз... Əйтпесе онда сондай иіс, сізге
жаман əсер етуі мүмкін. Ирина əуелі жасыл есікке, сосын Николкаға қарап,
жауабын бір-ақ айтты:
-
Жоқ, мен сізбен бірге барамын.
Николка ауыр есікті тұтқасынан жұлқи тартып, олар ішке кірді. Алғашқы
бетте қараңғы еді. Сосын бос тұрған киім ілгіштердің таусылмайтын тізбек
қатары бұлдырап көрінді. Жоғарыда көмескі жанған шам ілулі тұр.
Николка алаңдап өзінің серігіне көз тастап еді, ол ештеңені елең қылмай
қатар аттап келе жатыр, тек жүзі бозарыңқы, қабағы қатыңқы, қабағы
түйілгенде ол Николканың есіне Най-Турсты түсірді, дегенмен ұқсастық
өткінші ғана сияқты. Найдың бет пішіні мызғымайтын темір секілді
қарапайым да айбынды болатын, ал мынау сұлу, кəдімгі орыс аруы, тіпті
шетелдік тəрізді. Үріп ауызға салғандай тамаша қыз.
Николка қорыққан иіс барлық жерде бар екен. Еден де сасып тұр,
қабырғалар да, ағаш киім ілгішке дейін сасып тұр. Бұл иістің сұмдықтығы
сондай, тіпті оны көруге болатын сияқты. Қабырғалар майлы, жылбысқы
сияқты, киімілгіштер жылтырап тұр, еден май-май, ауа тығыз өлексі иісі
шығады. Əйткенмен, иістің өзіне тез үйреніп кетеді екенсің, жан-жағыңа
қарамасаң, ештеңе ойламасаң болды тек. Ең бастысы ойламау, əйтпесе
жүрек айнудың не екенін қазір-ақ көресіз. Пəлте киген бір студент жалт
етті де, жоқ болды. Сол жақтағы киім ілгіштің сыртынан есік ашылып,
етікті кісі шықты. Николка оған бір қарады да көзін тез тайдырып əкетті,
өйткені оның пенжегін көргісі келмеді. Пенжегі де киім ілгіш сияқты
жылтырап тұр екен, қолы да солай.
-
Сіздерге не керек? - деп қатаң сұрады əлгі адам.
- Біз шаруамен келдік, - деді Николка, - бізге меңгеруші керек еді...
Өлген кісіні табуымыз қажет. Шамасы, ол осында.
- Қай өлгенді айтып тұрсың? - деп сұрады ол Николкаға қабағының
астынан қарап.
-
Осында үш күн бұрын көшеде өлтіріп кетті...
- Ага, демек, юнкер немесе офицер болды ғой... Гайдамактар да түскен.
Ал ол кім?
Николка Най-Тур офицер деп айтып салуға жүрексінді де, былайша:
-
Иə, оны да өлтіріп кетті, - дей салды.
- Ол гетман əскерге шақырған офицер - Най-Турс, - деп Ирина етікті
кісіге жақындады. Зайыры оған Най-Турстың кім екені бəрі-бір болса
керек, Иринаға қырынан қарап, жөткірініп, еденге бір түкіріп тастап жауап
қатты:
- Мұндайда не істеу керек екенін білмеймін, жұмыс аяқталды, залдарда
ешкім қалған жоқ. Басқа күзетшілер кетіп қалды. Іздеу қиын. Өте қиын.
Біраз мəйіттерді төменгі қоймаға көшірген. Қиын, өте-мөте қиын...
Ирина Най сөмкесін ашып, қағаз ақша алды да күзетшіге ұсынды. Күзетші
адал жан боп шығып, бұдан бас тарта ма деп қорыққан Николка бұрылып
кетті. Бірақ күзетші бас тартқан жоқ.
- Рақмет, бикеш, - деп жаны кіріп кетті, - табуға болады. Тек қана рұқсат
керек. Егер профессор мұрсат берсе, мəйітті алуға болады.
-
Ал, профессор қайда? - деп сұрады Николка.
-
Олар осында, тек қолы бос емес. Мен білмеймін... Баян етейін бе?
- Қалауыңыз білсін, өтінемін, оған қазір-ақ баян етіңізші, - деп сұрады
Николка, - мен өлген кісіні бірден танимын...
- Баян етуге болады, - деп күзетші оларды бастай жөнелді. Олар
баспалдақпен дəлізге көтерілді, мұндағы иіс тіпті сұмдық екен. Сосын
дəлізбен солға бұрылды, бұл арада иіс бəсең, əрі жарық, өйткені бұл тұс
əйнек шатырлы көрінеді. Мұндағы оң жақтағы да, сол жақтағы да есіктер
аппақ. Күзетші солардың біріне тоқтап, есік қақты да баскиімін алып ішке
кірді.
Дəліз тып-тыныш, шатыр арқылы сəуле себездеп тұр. Бұрышта əрірек
бірдеңе ақтаңдақтана бастады. Күзетші шығып:
-
Мұнда кіріңіздер, - деді.
Николка сонда кірді, одан Ирина Най да қалған жоқ... Николка фуражкесін
алып, əу дегеннен толқындаған перденің қара дақтарына көзі түсті, даладай
бөлмедегі бір уыс өткір жарық назарын аударып, жалт қараса, шамның
түбінде беті əжімді, қошқар тұмсық қара сақал отыр екен. Сосын еңсесі
түскен ол қабырғаларды шола бастады, айнала ұзыннан-ұзақ жалтыраған
шкəптар, олардан өңкей бір кемтар мүсіндер елестейді, қытайдың кəдімгі
қошқыл сары қорқынышты ойыншықтары сияқты бірдеңелер. Одан əрірек
былғары алжапқыш салып, қара қолғап киген ұзын бойлы адам көрінді. Ол
зеңбірек сияқты айнасымен алтындай жарқырап шам жарығының астында
микроскоптар тұрған үстелге еңкейіп тұр екен.
-
Сіздерге не керек? - деп сұрады профессор.
Николка шаршаңқы жүзінен сақалдының профессор екенін таныды, ал анау
ұзын бойлы оның бəз-бір көмекшісі болу керек.
Николка жөткірініп, əлі де шамнан шыққан біртүрлі бұралған өткір
жарықтан, темекіден сарғайып кеткен саусақтардан, профессордың
алдында жатқан сұмдық заттар - адамның тарамыс-пен тігілген мойны мен
иегінен, жылтыраған ілмектер мен қайшылардан көз ала алмай тұр.
- Сіздер туысқандары боласыздар ма? - деп сұрады профессор.
Шаршаңқы жүзі мен сақалына сəйкес даусы бəсең шықты. Ол басын
көтеріп, көзін сүзіп Ирина Найдың ішігіне, ботиына қарады.
- Мен оның қарындасымын, - деді Най профессордың алдында
жатқандарға көз салмауға тырысып.
- Міне, көріп тұрсың ғой, Сергей Николаевич, бұл мəселенің қиын
екенін. Бұл жəне бірінші оқиға емес... Бəлкім, ол бізде емес те шығар. Қара
жұмысшы жайына да мəйіттерді тасып еді ғой!?
-
Мүмкін, - деп үн қатты ұзын, бір аспапты басқа жаққа лақтыра салып.
-
Федор! - деп айғайлады профессор...
-
Жоқ, сіз онда ма...
-
Онда сізге болмайды...
-
Мен өзім... - деді Николка қипақтап...
- Сабыр сақтаңыз, бикеш, - деп нығарлай түсті күзетші. - Осы арада
күтуге болады.
Николка күзетшіні аулағырақ алып кетіп, қолына екі көгала қағаз қыстырды
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ақ Гвардия - 18
  • Parts
  • Ақ Гвардия - 01
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2312
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 02
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2332
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 03
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 04
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2379
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 05
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2276
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 06
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2225
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 07
    Total number of words is 3817
    Total number of unique words is 2218
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 08
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 2225
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 09
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2244
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 10
    Total number of words is 3895
    Total number of unique words is 2104
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 11
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2111
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 12
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2082
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 13
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2249
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2038
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 15
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 16
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2344
    28.7 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 17
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2051
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 18
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2163
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 19
    Total number of words is 2671
    Total number of unique words is 1718
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.