Latin Common Turkic

Ақ Гвардия - 01

Total number of words is 3903
Total number of unique words is 2312
32.3 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БIРIНШI БӨЛIМ

ЕКIНШI БӨЛIМ

ҮШIНШI БӨЛIМ

Любовь Евгенъевна Булгаковага арналады
Қыламықтап жауган қар кенет қапалақтай жөнелді. Жел турып, бурқасын басталды. Бір сəтте-ақ қара
аспан қарлы теңізге уласты да кетті. Айналадагының бəрі гайып болды.
— Апырай, мырза, қырсық шалмаса игі еді: боран басталды, — деп айгайлады жəмшік.
“Капитан қызы”.
Кітаптарда жазылып қалган өз істеріне сəйкес өлгендер де сотты болды...

БIРIНШI БӨЛIМ
1
Ұлық жыл еді, бірақ Иса пайғамбардың туған күнімен тіркесе келген бұл
1918-ің екінші төңкерістің басталуынан-ақ қатерлі жылға айналды. Жазда
күн шуағы шаш-етектен, қыста қары белуардан болды, əсіресе аспанда
асқақтап екі жұлдыз тұрды: бірі малшы жұлдызы - кешкі Шолпан да,
екіншісі - қалтыраған қызыл Марс.
Алайда күндер бейқұт жылдары да, қанды кезеңдерде де жебедей зулайды
емес пе, жас Турбиндар сақылдаған сары аязда жалбыр тонды аппақ
желтоқсанның қалай келіп қалғанын да аңғармады. Қармен жалтырап,
бақытпен жарқылдаған, қайран, біздің шыршалы атамыз. Қайдасың,
ақжарқын патшайым анамыз?
Турбиндардың қызы Елена капитан Сергей Иванович Тальберг-пен
некелескеннен кейін бір жылдан соң үлкен ұлы Алексей Васильевич қиын-
қыстау жорықтар мен ауыр қызметті, қайғы-қасіретті бастан кешіріп,
Украинаға, өз қаласындағы, туған ұясына оралып, анасының ақ табытын
құлама жар Алексеев еңісімен Етекке Взвоздағы қайырымды Николайдың
кішкентай шіркеуіне апарған.
Анасының жаназасын шығарғанда мамыр айы еді, шие мен ақ қараған
ағаштарының жапырағы сүйір терезелерді түгел жауып тұрған-ды. Қайғы
мен қысылудан сүрініп-қабынып жүрген Александр əкей алтындай
алаулаған оттың алдында жарқылдап, жəрдемші шəкіртінің бет-аузы мен
мойнына дейін, тіпті етігінің басына дейін қып-қызыл болып, балаларын
тастап бара жатқан анаға арнап шіркеу жоқтауын сампылдатқаны бар.
Ана өлімі қатты батқан Алексей, Елена, Тальберг, Турбинаның қолында
өскен Анюта мен кенжесі Николка қабағын аша алмай тұнжырап, əулие
Николаның қоңыр көне суретінің түбінде тұр. Николканың ұзын құс
тұмсығының бүйірінде жаудыраған көгілдір көздерінде абыржу, лажсыздық
байқалады. Ара-тұра ол көзін мехрабтың күңгірт түкпірінде ілулі тұрған
иконостасқа салса, құпиясы көп қарт құдай көзін қысатындай көрінеді. Бұл
не келемеж бе? Əділеттілік қайда? Барлығы жиналып, көңіл жай тапты ма
дегенде, ананы арадан алып кетудің қандай қажеттігі болды?
Қарс-қарс айырылып айғыздалған қара аспанға ұшып бара жатқан құдай
жауап қатқан жоқ, ал Николканың өзі солай болуға тиіс сияқты өтіп
жатқанның бəрінің түбі қайыр екенін əлі біле бермейді.
Жаназасын шығарып, шіркеу баспалдағының даңғырлаған тақта тастарын
сықырлатып, күллі қаланы көктей өтіп анасын қара мəрмəр крештің
астында баяғыдан жатқан ерінің жанына əкеп жерледі. Еһ, жалған-ай,
ананы да жұтты-ау...
Өзі дүние салғанға дейін ұзақ жыл ана Алексеев еңісі бойындағы №13
үйдің өрнекті пеші бар асханасында кішкентай Еленасын, тұңғышы
Алексей мен құйтықандай Николкасын мейірімімен жылытып аман өсірді.
Пештен ескен ыстықтың аясында “Саардам шебері” балаларға дауыстап
оқылып, би биленіп желтоқсанның аяғына таман шырша иісі аңқып, жасыл
бұтақтарда түрлі-түсті шырақтар жанатын. Француз биін ойнайтын қола
сағаттан басқа ананың, қазір Елена жататын жатынжайында қоңыраулы
қабырға қара сағаты жəне бар. Əкесі оны əйелдер жеңінің иығы үріп
қойғандай қоқиып тұратын кеудеше киюді сəнге айналдырған кезде сатып
əкелген болатын. Қазір ондай жеңдер жоқ, жалт етіп жоқ болған ұшқындай
ол кезең де өтті, профессор-əке де өмірден озды, бірақ қоңырауын
күмбірлетіп, сағат əлі соғып тұр. Оған үйдегілердің түгел үйреніп, бауыр
басып кеткені сондай, ғайыптан тайып ол сол қабырғада болмай қалса,
туғандай таныс бір дауыс майып боп кеткендей бəрін де алаңдатар еді,
жəне оның орнын жоқтатпайтын да ештеңе шықпас еді. Бақыттылығы сол,
сағат деген өлмейді ғой, сондай-ақ Саардам шебері де мəңгі жасайды,
мызғымас жартас сияқты өрнекті пеш те ең бір ауыр шақтың өзінде жылу
шашып, нəр беріп тұруынан танбайды.
Міне, мынау қызыл барқытпен қапталған өрнекті көне жиһаз-дар, төрт
басында жылтыраған домалақ шарлары бар кереуеттер, қырыла бастаған
түрлі-түсті, қызғылт кілемдер, қолына сұңқар қондырған Алексей
Михайловичтің, пейіш бағында жібек көлдің жағасында рақаттанып жатқан
Людовик Х^-нің суреттері тоқылған термелер, шығыстың ирек-ирек оюөрнектері бар түрік кілемдері, кішкентай күнінде скарлатинамен ауырып
жатқанда Николканың көз алдында бытысып елестегендердің бəрі,
абажуралы қола шам, ежелгі шоколадтың ғаламат тылсым иісі шығатын
кітаптар, ішінде Наташа Ростова мен Капитан қызы бар қазыналар иін
сірескен дүниедегі ең тамаша шкəптар, алтындаған күміс кеселер,
портреттер мен портьерлер - əзір шаң басып тұрған Турбиндардың жеті
бөлмесі сықасқан осындай дүние-мүлік бұл отбасының əр мүшесіне ыстық,
анасы ең ауыр шақта осылардың барлығын балаларына тастап бара жатып,
екі иінінен əзер дем алып, жылап отырған Еленасының қолынан ұстап əлсіз
ғана:
- Тату ... тұрыңдар, - деді.
Алайда қалай тұру керек? Қалай өмір сүрмек?
Үлкен ұлы, жас дəрігер Алексей Васильевич Турбин жиырма сегіз жаста.
Елена - жиырма төртте. Оның күйеуі, капитан Тальберг отыз бірде, ал
Николка он жеті жарым жаста. Енді ғана гүл ата бастағанда қатыбас тағдыр
оны қатты соқты. Терістіктен бір бұрқасын соққалы қашан, ызғырық ұрып
тұр, ұрып тұр, толастар түрі жоқ, барған сайын үдей түседі. Днепрдің
жағасындағы тауларды тітіреткен алғашқы соққыдан кейін үлкен Турбин
туған қаласына оралды. Міне енді дүрбелең тоқтап, тəтті кітаптарда
жазылғандай өмір орнайды деп ойласа, қайдағы тыныштық, тіршілік деген
барған сайын қиындап, қатер күшейіп кетті. Терістікте жел ұлып, боран
бұрқаса, дауыл дабылы мұнда да аяқ астынан көтеріліп, қара жердің
құрсағын солқылдатады. Он сегізінші жыл сөресіне жақындаған сайын
əрбір күні түгін тікірейтіп, қаһарын төгіп тұр.
Қабырғалар құлап, ақ қолғаптан алаңдаған ақ сұңқар да ұшып, қола
шамның оты өшіп, Капитан қызының пешке жағылар күні де жақын
тəрізді. Анасы балаларына:
-
Сендер өмір сүріңдер, - деп еді.
Ал бұлардың азап шегіп, өлуге тура келетін түрі бар.
Шешесін жерлегеннен кейін, көп ұзамай бір іңір қараңғысында Алексей
Турбин Александр əкейге келіп былай деді:
- Иə, қайғыдан арыла алмай жүрміз, Александр əкей. Анамызды ұмыту
қиын, оның үстіне мынандай ауыр кезең тап болды... Ең бастысы, енді ғана
оралдым ғой, тірлікті ептеп жолға қоямын ғой деп ойлап едім, ал міне,
көрмейсіз бе...
Осыны айтып үстел басында отырған ол үнсіз қалды, ойға шомып, қиянға
көз тастады. Шіркеу ауласындағы жасыл желек поптың үйін де басып
қалыпты. Айнала кітап үйілген кішкентай кабинеттің қабырғасынан əрі
қазір көктемгі тылсым аралас орман басталатын сияқты. Қаланың кешкі
кəдімгі у-шуы, серігүл иісі бұрқырайды.
- Не лаж бар, не істей аларсың,- деп абдырай міңгірледі поп (Оның
жұртпен əңгімелесуіне тура келгенде осылай апалақтап қалатын əдеті). Құдайдың еркінде ғой бəрі.
- Осынау алас-күлес аласапыранның бітетін де кезі болар? Одан əрі
жақсы боп кетсе ғой? - деді кімнен сұрағаны белгісіз Турбин.
Поп мамықтақта қозғалақтап:
- Ауыр, ауыр шақ, оның тіпті айтары жоқ, бірақ моюға тағы болмайды, деп міңгірледі.
Сосын кенет қара қапталының жеңінен аппақ қолын шығарып, кітаптар
будасының үстіне қойды да, бетіндегі біреуін ашып, сырылған бетбелгі
салынған бетке үңіле отырып:
- Сары уайымға салынуға болмайды, - деді, қысылғанмен де даусы нық
сенімді шықты. - Уайымға берілу деген зор күнə... Маған сын сағаттар əлі
де болатын сияқты көрінеді. Онсыз қалай, үлкен сынақтар əлі алда. - Ол
барған сайын сенімдірек сөйледі. -Білсеңіз бар ғой, кейінгі кезде мен көбіне
кітап қарап отырамын, əрине, мамандығым бойынша, көбі діни еңбектер...
Ол қолындағы кітапты ашылған бетіне күннің соңғы жарығы түсетіндей
етіп көтеріп, оқи жөнелді:
- “Үшінші періште тостағанын өзендер мен су көздеріне төкті; содан қан
пайда болды”.
2
Сонымен, ақ балақты түгі қалың желтоқсан туды. Туды дейміз-ау, ортасына
да тақап қалды. Рождествоның жарқылы қарлы көшелерден-ақ сезіліп
қалды. Он сегізінші жыл ұзамай тəмам болады.
Құрылысы ғаламат №13 екі қабатты үйдің жоғарғы жағында
(Турбиндардың көшеге қарайтын пəтері екінші, ал шағын теп-тегіс аядай
ауласы бірінші қабатта болатын) құлама жотаның етегіндегі бақта
ағаштардың бұтақтары саусақтанып, салмадай салбырап тұрды. Жотаны
жапқан қар ауладағы сарайшаларды да сипап кетіп, қанттан құйылған алып
бір бастан айнытпай тастады. Үйдің өзі басына генералдың аппақ сеңсең
бөркін киіп алған сияқты. Оның астынғы қабатында (көше жақтан бірінші,
аулаға Турбиндардың айбаны астынан шығатын подвалда) шамының
жарығы өлеусіреген сарғыш инженер, сужүрек, сүйкімсіз буржуй тұрды,
аты-жөні Василий Иванович Лисович, ал үстіңгі шамдары самаладай
жарқы-раған Турбиндар терезесі.
Қас қарая Алексей мен Николка отын алғалы сарайға барды.
- Ой-ой, отын тіптен азайып қалыпты ғой. Бүгін мынау арадан тағы да
алыпты, қарашы.
Николканың электр фонарының көгілдір қиық сəулесімен сарай
қабырғасының қапталған жері жыртылып, сыртынан қайта қағылғаны
айқын көрінді.
- Шайтандарды шетінен атар ма еді? Құдай ақына! Білсең бар ғой, бүгін
түнде осыны күзетсек пе екен? Білемін - мұны істеп жүрген он бірінші
нөмірдегі етікшілер. Қандай жексұрын оңба-ғандар, ə?! Олардың отыны
біздікінен көп.
-
Əй, қойшы соларды. Кеттік. Ал отынды.
Тот шалған құлып шылдырлап, ағайындылардың үстіне қар құйылып,
отынды құшақтап алып келді. Кешкі сағат тоғызға таман Саардамның
өрнекті кірпіштері əбден қызып, қол тигізбейтіндей болды.
Тамаша пештің көз қарықтырған үстіңгі жағында он сегізінші жылдың əр
кезеңінде Николканың қолынан тушьпен жазылған мəн-мағынасы терең
мынадай тарихи жазбалар тұрды.
Айтса сені одақтастар Құтқаруға асық деп,
Сенбе оған. Одақтаста - пасық көп,
Жүрер жаны большевиктерге ашып тек.
Сурет: Момустың бет-аузы.
Қолы: “¥лан Леонид Юрьевич”.
Сыбыс кəрлі, сыбыс сұмдық
Банда шықты қызыл кіндік.
Бояумен салынған суретте; көк құйрық жапсырған папаха киген салбыр
мұртты бас.
Қолы: “Соқ, Петлюраны”.
Еленаның, Турбиндардың бала күнгі һəм ежелгі аяулы достары Мышлаевский, Карась жəне Шервинскийдің қолдарымен бояу, тушь, сия
жəне шие шырынын пайдаланылып жазғандары мынандай:
Елена Васильевна бізді сүйеді,
Бірақ көңілі кімге қалай иеді?
Лена-жан Аидаға билет алдым.
Сегізінші нөмірі бельэтаждың.
1918 жылдың 12 мамырында болдым ғашық.
Сіздей шартықпен жүре алам ба қолтықтасып?
Мұны естігенше өлсемше омақа асып.
(Браунингке өте ұқсас қарудың суреті салынған)
Жасасын Ресей!
Жасасын патшалық!
Маусым. Баркаролла.
Бүкіл Ресей шығармайды мəңгі естен,
Бородино шайқастарын қан кешкен.
Баспа əріптерімен баттитып Николка өз қолымен былай жа-зыпты:
“Кездейсоқ жолдастың құқығыңнан айырып атып тастай-мын деген қоқанлоққысынан қорқып пешке бөгде бірдеңелер жазбауға əмір етемін.
Келіншектердің, ерлер мен əйелдер киімінің тігіншісі Абрам Пружинер.
1918 жыл, 30-шы қаңтар”.
Шимайланған өрнекті пеш ыстық леп шашып, қара сағат отыз жыл
бұрынғысындай тоңқ-тоңқ деп соғып тұр. Қырынған, сары шашты,
егделене бастаған, тұнжыраңқы, 1917 жылғы 25 қазаннан бері қабағы
ашылмайтын үлкен Турбин қалтасы даладай френч пен көк рейтуз киіп,
жұмсақ кебіспен өзінің сүйікті ыңғайын сақтап сирақты мамықтақта отыр.
Оның аяғында орындықта буфетке дейін көсіліп Николка жатыр - аржағы
кішкентай асхана. Оның аяғында айылбасты етік. Кеудесінде жан досы гитара нəзік үнмен баяу ғана “трень...” деп дыбыс шығарып қояды.
Дыңғырының өзі де айқын емес, өйткені көңілге қонар белгілі ештеңе əлі
жоқ. Қалада үрей, бəрі тұманды, тірлік нашар...
Николканың иығында унтер-офицердің ақпен көмкерілген погоны, сол жақ
жеңінде үшкір бұрышты үш түсті шеврон, яғни оқалы белгі (Бірінші жаяу
əскер жасағы, оның үшінші бөлімі. Жасақтала бастағанына төртінші күн,
шамасы қалыптасқан жағдайға байланысты болса керек).
Алайда осындай оқиғаларға қарамастан асхана тамаша. Ұядай ғана, ыстық,
сарғыш перделері түсірулі. Ағайындыларды ыстық жылытып, маужырата
бастады.
Үлкені кітабын тастап, керілді.
- Ал кəне, “Түсірмелеріңді” тартшы.
Тринь-те-там... Тринь-те-там...
Етіктері сəнді Береттері əрлі
Келе жатқан кім десек,
Көріп жүрген күнде сен,
Юнкерлер ғой инженер!
Үлкені əнге қосылып, көтермелеп қояды. Көздері тұнжыраңқы, алайда от
ұшқыны байқалады, тұла бойда бір жалын бар. Бірақ баяу, баяу,
тыншыңдар мырзалар
Армысыңдар, саяжайшы серілер,
Армысыңдар, саяжайшы келіндер!
Гитара маршқа басып келеді, ішектері рота боп шашырайды, перделер
инженер боп əйт та əйт деп тықылдайды. Николканың көз алдында естелік
көріністер:
Училище. Соғылған Александр колоннасы, зеңбіректер. Юнкер-лер
етбауырлап, терезеден терезеге жорғалап барады, атысып жүр. Терезелерде
пулеметтер.
Қара бұлттай қаптап солдаттар училищені қоршап алды. Не лаж жасайсың.
Генералдың үрейі ұшты. Богородицкий берілді жəне юнкерлерімен бірге
берілді. Мас-қа-ра...
Армысыңдар, саяжайшы серілер,
Армысыңдар, саяжайшы келіндер.
Түсіруің баяғыда басталған,
Сонда-дағы суретке түс, келіңдер.
Николканың көзі тұманданып кетті.
Украин даласы аптап ыстықтан қызарып шаңытып тұр. Шаңға бөккен
юнкерлер ротасы шаңның ішінде келеді. Болған, бəрі де болған, енді
ешқайсы жоқ. Масқара. Түкке тұрғысыз.
Елена перделерді ысырды, қара көлеңкеде оның жалқын шашты басы
қарайды. Ағасы мен інісіне жылы шыраймен қарап, сағатқа көз тастағанда
мейлінше мазасызданды. Онысы түсінікті де еді. Шынында да, əлгі
Тальберг қайда жүр? Бұл енді алаңдамай қайтеді?
Сонысын жасырып, бауырларының көңілін таппақ еді, кенет тоқтай қалып,
бір саусағын көтерді.
-
Тоқтаңдаршы. Естисіңдер ме?
Рота жеті ішектің бəрінде жүрісін кілт үзіп, тоқтай қалды. Үшеуі де
құлақтарын тігіп, зеңбірек гүмпілін естіді. Алыстан ауыр гүрсіл анық
келеді. Міне, тағы да жер солқылдатып, бух деді. Николка гитарасын қойып
тез атып тұрды, онан кейін ыңыранып Алексей көтерілді.
Қабылдау бөлмесі - қонақжай мүлдем қараңғы. Николка орындыққа
соғылды. Жанарынан аптап ыстық та, училище де ғайып болып, көзі əлде
бір дыбысқа тігілді. Қайда ол үн? Унтер-офицер иығын қиқаң еткізді.
- Сайтаның білсін оны. Тегі Святошино түбінде атып жатқан тəрізді.
Ғажап, соншалық жақындап қалуы мүмкін емес қой.
Алексей қараңғыда, Елена терезеге тақау тұрған-ды, қарында-сының қара
көзі үрейге толы. Тальбергтің күні осы уақытқа дейін жоқ болуында не мəн
бар. Ағасы оның алаңдауын түсінеді, сондықтан оған сонша айтқысы келсе
де, бір ауыз сөз шашау шығарғысы жоқ. Святошинодан дей ме? Оған
ешқандай да күмəн жоқ. Қаладан жиырма шақырым берірек болмаса,
əріден атып жатпағаны айдан анық. Сонда бұл не болғаны?
Николка терезенің ысырмасынан ұстап, екінші қолымен əйнекті қармап,
оны суырып алып сыртқа шығып кеткендей оған мұрнын жапсырды.
- Менің солай қарай барғым келіп тұр. Не болып жатқанын білсем
деймін...
-
Иə, саған, со жақта жетпей тұрғаны сен едің...
Елена мазасыздана сөйледі. Гитара үнсіз мұңаяды. Николка ас үйден буы
бұрқырап түкірік шашқан самауырды көтеріп келеді. Үстел үстінде
сыртына нəзік гүлдер салынған, іші алтындаған өрнекті кеселер тұр. Анасы
Анна Владимировнаның тұсында бұлар отбасының мерекелік сервизі
болушы еді, балалары қазір күнделікті қажетіне ұстап жүр. Сырттағы
зеңбіректің гүрсіліне, іштегі торыға күрсінуге қарамастан дастарқан
крахмалданған, аппақ. Бұл өйтпесе көңілдері жай таппайтын Елена мен
Турбиндар-дың үйінде өскен Анютаның ісі. Еденнің сыры көпси бастаған,
қанша айтқанмен желтоқсан ғой, үстел үстінде ұзынша бағанға ұқсас
көмескі əйнек құтыда көгілдір жапонгүл мен аптап раушаны тұр, осының
өзі-ақ өмірдің əсемдігі мен беріктігін əйгілеп тұрғандай. Оны қаланың
іргесіне келіп қалған қаскөй дұшпанның қимылы да мызғыта алмайтын
сияқты. Тек олар тамаша қарлы қаланы қиратып, тыныштық пұшпағын лас
табанымен таптайды-ау. Солардың арасында мына гүлдер де кетер ме екен?
Бұл гүлдер Еленаға құмар, көңілі адал, “Маркиза” кəмпит дүкені сатушысының, “Нацца флорасы” атты гүл дүкені сатушысының досы Леонид
Юрьевич Шервинскийдің сыйлығы. Жапон гүлдерінің саясындағы көк
өрнекті тəрелкеде туралған шұжық жатыр, мөлдір майсалғыштан сары май
көрінді, кептірілген нан салатынның қасында сопақша бөлке. Мынау
көңілсіз жағдай болмаса, жайланып отырып шай ішуге болатын еді...
Əттең, шіркін...
Аққұманның үстіне жүннен тоқылған шұбар қораз қап қонақтаған,
самауырдың жалтыраған бүйірінен үш Турбинның ұсқынсызданған жүздері
көрінеді, ал Николканың бет-аузы Момустікі сияқты үріп қойғандай.
Еленаның көзінде мұң, қызғылт отқа шалынған шашы самайына түсіп тіпті
көңілсіздендіріп жіберіпті.
Тальберг ақшалы гетман пойызымен кетіп, қай арада ошарыл-ғаны белгісіз,
кештің шырқын əбден бұзды. Жан ұшырып жүргенде бір пəлеге ұшырап
қалды ма кім білсін?... Ағалы-інілілер бутер-бродты əрең шайнап отыр.
Еленаның алдында шайы суыған кесе мен “Сан-Францискодан келген
мырза” тəттісі. Оның көзі тұмантып қарағанын көрмей, қалаған:
“... түнек, мұхит, боран” деген сөздерді шалады.
Жəне оларды оқымайды.
Николка ақыры шыдай алмады:
- Неге мұншалық жақыннан атып жатқандарын білсем бе деп едім.
Бұлай болуға тиіс емес еді ғой...
Өз сөзін өзі үзіп, қозғалғанда самауырдан бұрмаланған бет-əлпетін көрді.
Бəрі де үнсіз. Сағат тілі жылжып, он бірден он бес минөт кетіп те қалды.
- Атып жатқан себебі, жексұрын немістер ғой, - деп бұрқ етті ағасы
кенеттен.
Елена басын көтеріп сағатқа қарап:
- Қалайша олар бізді тағдырдың тəлкегіне тастап кетеді, - деп назаланды
даусы мұңая шығып.
Ағалы-інілілер біреу бұйрық бергендей-ақ бастарын жалт бұрып,
алдаусырата бастады.
- Əзір айқын ештеңе жоқ, - деп Николка нанның бір тілімін аузына
салды.
-
Мен мұны əншейін ғана айттым, өз болжамым ғой. Бəрі де сыбыс.
-
Жоқ сыбыс емес, - деп тіке жауап қатты Елена, - Бұл сыбыс емес
шындық; бүгін Щеглованы көріп едім, ол Бородянканың түбінен екі неміс
полкын қайтарғанын айтты.
-
Бос мылжың.
- Өзің ойлашы,- деп бастады ағасы,- немістердің бұл құйыршықты
қалаға жақын жіберуі ойға сыя ма? Ойланшы, қане? Өз басым, ондайды
тіпті елестете де алмаймын, олардың қас қағым сəтке болса да бір-бірімен
тіл табысуы мүмкін бе? Бəрі бастан-аяқ сандырақ. Немістер мен Петлюра, екеуі екі əлем. Немістердің өзі оны бандит деп атайды емес пе. Күлкілі ғой.
- Ай, не айтып отырсың маған. Немістерді енді білетін болдым ғой.
Олардың қызыл бантты бірнешеуін өзім де көрдім. Бір унтер-офицер мас,
əйел қолтықтап барады. Əйел де мас.
- Ал онда тұрған не бар. Азғындаған жеке біреулер герман армиясынан
да табылуы мүмкін.
-
Сонымен, сіздіңше Петлюра қалаға кірмейді ғой?
-
Ім... Меніңше, басып кіруі мүмкін емес.
- Апсольман. Кəне, маған тағы да бір кесе шай құйшы. Сен
мазасызданба. Əдеттегідей сабыр сақта.
- Құдая, Сергей қайда десейші? Олардың пойызына шабуыл жасап, кəдік
қылды ма деп ойлаймын...
- О не дегенің? Қай-қайдағыны ойлап таппай отыршы. Бұл жолы жалпы
бəрінен аман.
-
Онда ол неге жоқ?
- Жаратушы құдайым-ай! Өзің де жол жүрудің қалай екенін білесің ғой.
Əрбір бекетте шамамен төрт сағаттан тұрған шығар.
-
Революциялық қадам деген сол. Бір сағат жүресің, екі сағат тұрасың.
Елена ауыр күрсінді, үнсіз сағатына қарады, сосын қайта сөйледі:
- Тəңірім-ай, тəңірі! Егер немістер мұндай қаскүнемдік жасамағанда,
бəрі жақсы болатын еді ғой. Сендердің əлгі Петлюраларыңды жайпау үшін
немістің екі полкы жетіп жатыр.
Меніңше, осы немістерің екі жақты зымиян ойын ойнап жүрген сияқты.
Мақтаулы одақтастар неліктен əлі күнге дейін жоқ. Ой-ой, жексұрындар!
Уəдені беріп, беріп, қарасын көрсетпейді...
Осы кезге дейін үнсіз тұрған самауырға жан бітіп, ызылдай бастады, күлге
айнала бастаған шоқтар подносқа түсті. Бауырлар еріксіз пешке қарады.
Сұрақтарына жауап сонда жазулы тұр:
Одақтастар - оңбағандар!
Сағат тілі ширегіне жетіп, қырылдаған қоңырауын соқты, сол сəт оған ауыз
үйдің төбесі астындағы есік қоңырауының нəзік сыңғыры қосылып, жауап
қатқандай болды.
-
Құдай-ай тəубе, міне Сергей де келді, - деді қуанышты үнмен ағасы.
-
Бұл Тальбергтің өзі,- деп нығарлаған Николка есік ашуға жүгіріп кетті.
Еленаның бетіне қан жүгіріп, орнынан тұрды.
...Бірақ бұл Тальберг болмай шықты. Үш есік бірден сықырлап,
баспалдақтан Николканың таңданған даусы шықты. Баспалдақтағы
дауысты тағалы етіктің тарпылы мен мылтық дүмінің тарсылы
алмастырды. Алдыңғы үйге шумақталып кірген ызғармен бірге Алексей
мен Еленаның алдында шинелі аяғының басына түскен кең иықты,
погонында сия қарындашпен поручиктің үш жұлдызы салынған
алпамсадай біреу тұрды. Күлəпарасына қырау қатыпты, сүңгілі ауыр
мылтығы ауыз бөлмені алып кетті.
- Сəлеметсіздер ме, - деп қарлығыңқы үнмен қырылдаған ол сіресіп
қатып қалған саусақтарын арбитып күлəпарасын шешті.
-
Витя!
Николка оны шешіндіре бастады, əуелі жалбағайын ағытты, оның астында
кокардасы қарайып кеткен офицер фурашкесі, соларды сыпырғанда ғана
кең иығына қондыра салған поручик Виктор Викторович Мышлаевскийдің
басы көрінді. Басы бұрын-нан-ақ көз тартардай əдемі болатын, əрі біртүрлі
бөлек асыл тегін танытып тұратын. Кірпігі ұп-ұзын, кісіге батыл қарайтын
екі көзінің түсі екі түрлі. Мұрны сəл дөңестеу, ерні шүйіріңкі, маңдайы
жазық, тап-таза, аппақ. Ал мұң үйірген бір миығы салыңқы, иегі сəл
қиыстау, бейне бір мүсінші ер келбетті кісінің иегін сомдап отырып қиял
қанатында кетіп сазды аз жағып алғандай кішірек əйел иегін жасаған
сияқты.
-
Сен қайдан жүрсің?
-
Иə, қайдан?
- Абайла,- деп баяу үн қатты Мышлаевский, - сындырып алма. Онда бір
шөлмек арақ бар.
Николка қалтасынан газетке оралған шөлмектің басы шығып тұрған ауыр
шинельді абайлай ілді. Сосын ағаш қынаптағы зілдей маузерді мүйіз
тұтқасын бір қозғап көріп шинельдің қасына ілді тағы да. Мышлаевский
сонда ғана Еленаға бұрылып, қолынан сүйіп, былай деді:
- Қызыл Трактирдің түбінен келдім. Лена, осында түнеп шығуға рұқсат
ет. Үйге жете алмаймын.
-
Ай, құдай-ай, əрине, жете алмайсың.
Мышлаевский кенет ышқына уһілеп, қолының саусақтарын үріп жылытпақ
болып еді, ерні икемге келмей қойды. Қырау қатып ағарған қастары мен
мұз тұрған сапарлы мұртының қары еріп, бет-аузы су-су болды. Үлкен
Турбин фреючінің түймесін ағытып, кірлеген жейдесін тартқылады.
-
Əрине ғой... Толып, өріп жүрген шығар.
- Бері қара, Николка,- деді үрейленген Елена Тальбергті де ұмытып,
əбігерленіп,- ас үйде отын бар. Жүгір де тез колонканы жақ. Еһ, мына
қырсықты қарашы, Анютаны бекер жіберген екенмін. Алексей, тез
бешпентін шеш.
Асханада өрнекті пеш жанында ыңқылға ерік беріп Мышлаев-ский
орындықта сылқ түсіп жатыр. Елена кілттерін сылдырлатып безектеп жүр.
Ағасы мен інісі тізерлеп отыра қап Мышлаевскийдің балтыры айылбасты
ұзын қонышты тар етігін шешті.
-
Жаңа жеңілдендім ғой. Оһ, жеңілдендім-ау...
Алашұбар сұмпайы шұлғау да шешілді. Бешпентті Николка табан аузында
суық айбанға шығарды - биті қырылсын. Аяғында қызғылт жібек шұлығы
бар, кір сіңген бəтіс жейдесін белдікпен айқыш-ұйқыш таңып тастаған, көк
бриджа киген Мышлаевский енді жіп-жіңішке, қарайып кеткен, сырқат,
мүсəпір болып көрінді. Көгеріп кеткен алақанын соғып, өрнек пешті
сипалады. Алақанына:
“Сыбыс... қаһар...
Банда... атар...
Ғашық болдым
Осы сапар...” деген жазу білінді.
- Бұлар неткен тасжүрек сұмырайлар! - деп айғайлап жіберді Турбин.
Қалайша олардың сендерге пима мен қысқа тон беруге шамасы келмеген.
-
Пи... бай-пақ, - деп Мышлаевский жыларман болып қайталады, - пи-
ма.
Жылына келе қол-аяғы ашып қатты ауырды. Асүйдегі Еленаның жүрісі
басылғанын естіп Мышлаевский жыламсырай ашына айғай салды:
-
Бəрі де бітті.
Бет-аузы тыржиып сұлай жатып, саусағымен шұлықты нұсқап:
-
Шешіңдерші, шешіңдерші тез, - деп бебеуледі.
Денатураттың жиіркенішті иісі шығып, жамбасына қатқан қар
еріп, бір стақан арақтан поручик Мышлаевский табанда мас болып, көзі
кілегейленіп шыға келді.
- Аяқты кесуге тура келер ме екен? О, құдая... - деп ол мамықтақта
ашына шайқатылды.
- Ол не дегенің шыда. Ештеңе етпейді... Рас, үсік əжептеуір шалыпты.
Ісігі тарайды. Жарасы жазылады.
Николка жүресінен отыра қап, оның аяғына таза қара шұлық кигізді,
Мышлаевский сіресіп қатып қалған қолдарын ваннаға киетін түкті
халаттың жеңіне сұқты. Жүзіне қызыл дақтар ойнап шығып бүктетіліп
жатқан, үсіп жаураған поручик Мышлаевский таза киім киіп, халатқа
оранған соң жан кіріп, жұмсарайын деді. Сыбап салар боқтық сөздер
терезеге соққан бұршақтай секіріп, бөлмені кернеп кетті. Екі көзін
мұрнына түйістіріп, бірінші сынып вагондардағы штабты, бəз-бір
полковник Щеткинді, Петлюраны, аяз бен боранды, немістерді де əбден
сыбап, бүкіл Украинаның гетманына дейін түгін қалдырмай жеті атасынан
бермен қарай құлатып, боқтап берді.
Алексей мен Николка жылына бастаған поручиктің тісін қалай
шықырлатып, ауық-ауық “Ал бар ғой” деп айғайлап қоятынына қарап отыр.
- Гетман ба, ə? Өй шешесін!. - деп ырылдайды Мышлаевский. Кавалерградта! Сарайда отырған шығар. Ал бізді жалаңаш-жалпы далаға
айдап салды. Ақ қар, көк мұзда, тəулік бойы сақылдаған сары аязда болуды
айтсайшы... Енеміз ұрылып шетімізден қыры-ламыз ғой деп ойлап едік.
Құдай-ау! Офицер мен офицердің арасы жүз сажын, осыны тағы тізбе
атайды-ау! Тауық құсатып бауыздап тастауға шақ қалды.
- Тоқтай тұршы, - деді боқтықтан есеңгіреп қалған Турбин. -Түкке
түсінсем бұйырмасын. Сен əуелі мынаны айтшы, Трактирдің түбінде қазір
кімдер тұр?
- Қойшы! - деп Мышлаевский қолын сілтеді. - Ештеңе ұғып болмайды.
Білесің бе сен біздің Трактир түбінде қанша адам болғанымызды? Қырықақ кісі. Əлгі делқұлы полковник Щеткин келіп (осы арада Мышлаевский
жек көретін полковнигін мазақтағысы келіп бетін тыржитып, шіңкілдеген
жиіркенішті жіңішке дауысқа салып сөйледі): “Офицер мырзалар, қаланың
бар үміті сендерсіңдер. Опат болғалы тұрған орыс қалалары анасының
сенімін ақтаңдар, дұшпанның қарасы көрінісі мен шабуылға шығыңдар,
жаратқанның өзі жар болсын! Алты сағаттан кейін ауыстыратын адамдар
жіберемін. Бірақ, патрондарыңды абайлап жұмсаңдар...” деді де,
(Мышлаевский енді өз дауысыан көшті) машинасына мініп ап
адъютантымен бірге тайып тұрды. Түн дегенің көрдей қараңғы. Арқаны
қысқан аяз инедей шабақтайды.
- Құдай-ау, сонда кімдер болғаны онда! Петлюраның Трактир түбінде
болуы, былайша, мүмкін емес қой?
- Сайтаным біле ме оны! Сенсең бар ғой, таңға дейін жынданып кете
жаздадық. Түн ортасында тұрып алып, ауыстыратындарды күтпейміз бе...
Қол-аяқ сіресіп қатып қалды, келетіндер əлі жоқ. От жаға алмайсың,
деревня екі-ақ шақырымдай. Трактир бір шақырым жерде. Түнде төңірек
түгел қозғалып тұрғандай көрінеді. Жорғалап келе жатыр ма деп
ойлайсың... Ал келсе не істейміз? Мылтықты кезеуін кезейміз ғой, бірақ
атамыз ба, атпаймыз ба? -соны ойлайсың. Бір əзəзіл. Тұрып-тұрып
қасқырша ұлисың. Айғай-ласаң тізбенің бір шетінен үн қатады. Ақыры
қарға сүңгуге тура келді, мылтықтың дүмімен өзіме табыт қазып, сонда
кіріп отырдым, ұйықтап кетсең-ақ - өлдің. Таң алдында шыдай алмай,
қалғи бастағанымды білемін. Білесің бе, мені не құтқарғанын? Пулеметтердің сатыры. Күн шыға үш шақырымдай жерден пулеметтер пытырлатып
берсін. Көз алдыңа елестетші, тұрғың да келмейді. Кенет оларға қосылып,
зеңбіректер гүмпілдетсін. Көтерілдім, аяғым зіл қара тас, “қайырлы болсаң,
Петлюраң келген екен ғой!” деп ойлаймын. Тізбе сапты сəл ширатып, бір
жерге жинап, атыса отырып, қалаға қарай шегіну керек. Қырып салса қырып салсын. Өлсек те бірге болайық дейміз де. Мынаны қара, кенет атыс
басыла қалды. Таңертең үш адамнан Трактирге барып жылынып қайтып
жүрдік. Білесің бе, бізге ауысымның қашан келгенін? Бүгін түскі сағат
екіде əрең келді ғой. Бірінші жасақтан екі жүз адам юнкерлер келіпті, жəне
бəрі шетінен тамаша киінген, Бастарында - папаха, аяқтарында - пима,
пулемет командасы тағы бар, Бұлай болар деп кім ойлаған. Оларды бастап
келген полковник Най-Турс.
-
Ə! Біздің Най ма, біздің! - деп дауыстап жіберді Николка.
-
Тұра тұр, оның əлгі ақгвардияшы гусар ма? - деп сұрады Турбин.
- Иə, иə, гусар. Бар ғой, бізді көріп олардың зəресі ұшып кетті: “Біз
ойлағанбыз, сіздер онда пулеметі бар екі рота шығарсыздар деп, қалай
төтеп бергенсіздер?” - деп қайран қалды.
Бақсаң, бағанағы пулеметтер Серебрянкадан атылған екен, таң алдында
мың қаралы адамы бар банда сол елді мекенге шабуыл жасапты. Құдай
сақтағанда, олар біздің шеп құрап тұрғанымызды білмепті, білгенде бар
ғой, бүкіл тобыр жолындағының бəрін жайпап, қалаға жол тартатын еді.
Бақытымызға қарай олардың Пост-Волынскиймен байланысы болса керек,
ол жақтан бəз-бір батарея зеңбіректен бытырлатып атқан екен, бұлардың
аптығы басылып, шабуылды жеріне жеткенбей, тұрымтай тұсына быт-шыт
болыпты.
-
Ал сонда олар кім? Петлюра болғаны ма? Олай болуы мүмкін емес.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ақ Гвардия - 02
  • Parts
  • Ақ Гвардия - 01
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2312
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 02
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2332
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 03
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 04
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2379
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 05
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2276
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 06
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2225
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 07
    Total number of words is 3817
    Total number of unique words is 2218
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 08
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 2225
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 09
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2244
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 10
    Total number of words is 3895
    Total number of unique words is 2104
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 11
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2111
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 12
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2082
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 13
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2249
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2038
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 15
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 16
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2344
    28.7 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 17
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2051
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 18
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2163
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 19
    Total number of words is 2671
    Total number of unique words is 1718
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.