Latin Common Turkic

Ақ Гвардия - 11

Total number of words is 3978
Total number of unique words is 2111
34.4 of words are in the 2000 most common words
47.9 of words are in the 5000 most common words
55.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Николканың іші-бауырында біртүрлі масаң күй көтеріліп, замат аузы
құрғап қалды.
- Кеткім келмейді, полковник мырза, - деп биязы үнмен жауап қатқан ол
жүресінен отыра қалып лентаны қос қолдап ұстап пулеметке сабақтады.
Най-Турс жасағының қалдығы қашып келген жақтан анадайда тұтқиылдан
бірнеше атты қара шапқылап шыға келді. Қараңғыда астындағы аттары
ойқастап, билеп келе жатқандай көрінеді, қолдарында жүзі жалт-жұлт
еткен қылыш. Най-Турс тұтқаны қозғап қалып еді, пулемет “ар-ра-паа” деп гүрс етті де тынды, сосын қайта гүрсілдеп, ұзақ күркіреді. Үйлердің
барлық шатыр-лары оңнан да, солдан да шатырлай теңселді. Аттылы
қараларға тағы да бірнешеуі келіп қосылды, алайда біреуін сосын үріккен
аты ала қашып бір үйдің терезесіне апарып соқты, екінші ат арындап,
аспанға шапшығанда бойы үйдің екінші қабатына жетті, бірнеше салт атты
жалпы ғайып болды. Сосын қалған аттылар да жер жұтқандай із-түссіз
жойылды.
Най-Турс қолын жайып, жұдырығымен аспанға айбат шекті, көзі
жалтылдап айғай салды:
-
Жігіттерге обал болды! Жігіттер! Штаб сайқалдары-ай! Арампездер!
Тағы да Николкаға бұрылып атты əскер кернейінің жіңішке даусына ұқсас
үнмен саңқ етті.
-
Қаш деймін, ақымақ бала! Қаш деймін жаның барында!
Ол назарын артқы жаққа аударып юнкерлердің қарасын өшіргеніне көз
жеткізді, сосын жанарын қиырға, Брест-Литва жебесімен қапталдас көшеге
қадап ызалана ышқынып дауыстап жіберді:
-
Аһ, сайтан-ай!!
Николка одан кейін бұрылып алыста, əлі алыста Кадет көше-сінде солған,
қар басқан бульварда қарауытқан саптар пайда болып, жабысып жерге жата
бастағанын көрді. Сосын Най-Турс пен Николканың төбесіндегі, Фонарь
көшесінің бұрышындағы: “Тіс дəрігері Верта Яковлевна Принц-Металл”
деген жазуы бар жарнама сынып, əйнектері қақпаның сыртына қарай
шашылды. Николка табанжолдан сылақ кесектерін көрді. Олар шоршып,
секіріп жатыр. Анау алыстағы саптар мен мынау сылақ кесектерін қалай
түсінуге болады дегендей, Николка полковник Най-Турсқа сұрана қарады.
Полковник Най-Турстың да оларға көзқарасы біртүрлі оғаш еді. Ол бір
аяғымен секіріп, екінші аяғын сілтеп вальс билегендей дөңгеленіп, тісін
қайрап, балдағыдай орынсыз жымиды. Сосын полковник Най-Турс
Николканың аяғының астына қисая кеткендей болды. Николканың миын
қара тұман қаптап, тұмшалап алған тəрізді, ол жүресінен отыра қалып,
күтпеген жерде іші алау-жалау болып, көз жасынсыз кемсеңдеп,
полковникті иығынан тартып тұрғызуға тырысты. Сол сəт ол полковниктің
сол жақ жеңінен қан аға бастағанын, көзі аспанға қарап бақшиып қалғанын
көрді.
-
Полковник мырза, полковник...
- Унтер-цер, - деді əрең сөйлеп Най-Турс, сол сəт қан оның аузынан да
кетіп, иегін жуды, үні тамшылай шығып, əр сөз сайын əлсірей берді, батырлықты қой, сайтаныңа керек пе... Мен өліп барамын... Кіші
Провальная...
Қайтып ол ештеңе баяндағысы келмеді. Астыңғы жақ сүйегі қозғала
бастады. Тура үш рет селкілдеп, қақалғандай болды да, сосын мүлдем
тынды. Полковник ұн салған үлкен қаптай ап-ауыр боп кетті.
“Осылай өле ме өзі?” - деп ойланды Николка. - Жоқ, бұлай болуы мүмкін
емес. Əлгінде ғана тірі еді ғой. Көріп тұрғаныңдай, ұрыста өлу қатерлі
емес. Маған, неге екені белгісіз, оқ тимейді...”.
Төбеден екінші мəрте “Тіс...дəрігер” - деген жарнаманың қалдығы
шайқатылып, əйнектері жарылды. “Бəлкім, ол жай ғана талып жатқан
шығар?” - деп сасқанда əнтек ойлаған Николка полковникті тартқылады.
Бірақ оны көтерудің ешқандай мүмкіндігі жоқ еді. “Қорқынышты емес пе?
- деп ойлады Николка, сосын керемет қорқынышты екенін сезінді.
“Неліктен? Неден бұл?” -деп ойлады да Николка табанда үрейдің қайғы
мен жалғыздықтан туғанын түсінді, егер қазір полковник Най-Турс аяғынан
тік тұрса бұл қайғы болмас еді, демек қорқыныш та көңілге ұяламас еді.
Алайда полковник Най-Турс қимылсыз жатыр, енді ол бұйрық бере
алмайды, жеңінде қаннан недəуір шалшық пайда болғанына да көңіл
аудармайды, қабырғадан əлсін-əлі құлап жерде үзіліп жатқан сылақпен де
ісі жоқ. Николканы мүлдем жалғыз қалған соң да үрей билеп алды.
Бүйірден шауып өтіп жатқан салт аттылар да жоқ енді, бірақ барлығы
Николкаға қарсы сияқты, өйткені ол жалғыз, жападан-жалғыз қалды ғой.
Сол жалғыздығы да қуды Николканы қиылыстан. Ол сол қолымен ғана
қарманып бауырымен жылжып келеді, ал оң қолына Най-Турстың
тапаншасын қысып ұстап алған. Ең үлкен үрей енді бұрышқа екі қадам
қалғанда туады. Міне қазір аяғына оқ тисе, жылжи да алмай қалады, сонда
петлюрашылар тапап өтіп, қылышпен бір-ақ шабады. Жатқаныңда шауып
жіберсе, одан қорқынышты не бар... Тапаншада 1 оқ болса мен де атамын
ғой... Міне, небары біржарым қадам қалды... Созылу, ұмтылу керек, бір...
міне Николка қабырғаның сыртында, Фонарь көшесіне шықты.
“Ғаламат, оқ тимегені сұмдық ғаламат. Бұдан артық ғажайып бола ма! Бұл
енді құдай-тағаланың өз ғаламаты, - деп ойлады Николка тұрып жатып, міне, бұл ғажайып. Ғажайыпты енді өзім көрдім. Ал қазір Елена не болды
екен? Алексей қайда? Погонды жұлып тастау апат болғанының белгісі
екені айқын”.
Мойны қарға малынып Николка атып тұрды да, тапаншаны шинелінің
қалтасына салып, шолақ көшемен құстай ұшты. Оң қол жақтан алғашқы
қақпа көрінді үңірейіп. Николка сықырлаған кішкене қақпадан зып беріп
қайдағы бір құлазыған аулаға жүгіріп шықты, онда екі сарай тұр екен, оң
жақтағысы қызыл кірпіштен қаланған да, сол жақтағысы жай ғана
текшелеп отын қоятын лапас. Əрі өтетін жол осы екеуінің арасында болу
керек деп ойлаған ол тайғанақтап соған қойып кетіп еді, тұлып киген кісіге
тап болды. Жирен сақалдының сықиған көзінен өшпенділік ұшқындайды.
Сеңсең бөрікті пұшық мұрын нағыз Неронның өзі. Ол бір ермек ойын
тапқандай Николканы сол қолымен қапсыра құшақтап алып, оң қолымен
оның сол қолын артына қайырып жатыр. Николканың бір сəт сасып есі
шығып кетті. “Құдая! Ол маған тарпа бас салды, демек жек көреді!...
Петлюрашы шығар...”
- Аһ, сен оңбаған! - деп қырылдай қышқырды жирен сақал. -Қайда
барасың? Тоқта! - Сосын кенет байбалап қоя берді: Ұста, ұста! Юнкерлерді
ұста! Погондарын жұлып тастапты. Жексұ-рындар, сұмырайдың
сұмпайылары, танымасын деп ойлаған ғой, ұстаңдар!
Николканы басынан қара бақайына дейін жын буғандай болды. Ол кілт
төмен отыра қалды, шинелінің арты сөгіліп кеткенін бірден сезді,
табиғатынан тыс күшпен жалт бұрылып жиреннің қолынан сытылып
шықты. Бір сəт оның өзін көре алмай қалды, бақса сыртына шығып кетіпті,
сосын бұрылып қап, оны қайта көрді. Жирен сақалда ешқандай қару жоқ
екен, ол əскери емес, аула сыпырушы болып шықты. Николканың ашуы
басыла қап, көзіндегі қызыл перде ысырылып, төтенше сеніммен алмасты.
Жел мен аяз Николканың ыстық аузына қатарласа лап қойды, өйткені ол
бөлті-рікше тісін сақылдатып ақсиып тұр еді. Николка: “Тек патроны болса
сұр жыланды жайратып салайын”, - деген оймен қолын тапаншамен
қалтасынан суырды. Оның даусының жат əрі үрейлі болғаны сондай, ол өз
үнін өзі танымай қалды.
-
Атып өлтірем, сұржылан! - деп қырылдады Николка сауса-ғымен
тапаншаның шүріппесін іздеп, сосын іле қалай ататынын ұмытып қалғанын
сезді. Жирен-сары аулашы Николканың қарулы екенін көріп зəресі ұшып,
асып-сасып тізерлеп отыра қалды, таңғажайып бір күшпен табанда
Нероннан жыланға айналып шыға келді.
-
А, жоғары мəртебелім! Жо-жо... сіздің...
Жалынғанына қарамастан Николка атып та тастайтын еді, бірақ тапанша
ырқына көнбеді. “Мына қырсықты қарашы, оғын алып тасталыпты!” деген ой Николканың басында құйындай ұйтқыды. Мынау жез сақалдың
арандай аузын жабу үшін не істерін білмей, төбелесқой қораз құсап,
аулашының үстіне міне түсіп, атылып кетсе өзін мерт қылатынына қарамай,
тапаншаның тұтқасымен оны ауыздан періп жіберді. Сонымен Николканың
ыза-кегі ізім-қайым болды. Аулашы да аяғынан атып тұрып, Николка кірген
кіші қақпадан тұра қашты. Аулашының зəресі зəр түбіне кетіп, өкіруге де,
бақыруға да шамасы келмеді, сүрініп-қабынып, тайға-нақтап артына бір
қарағанда сақалының жартысы қызыл сияқта-нып көрінді.
Сосын ол да қарасын батырды. Николка сарайдың жанымен төмен қарай
тартты, ал Разъезд қақпасына келгенде қатты өкінді. Əрине, кешігіп қапты.
Тұзаққа өзі кеп түскені ме!? Құдая, неғып атпай жатыр? Сом бұрандама
мен құлыпты ол босқа тартқылады.
Най-Турстың юнкерлері өтісімен жирен сақал аулашы разъезд қақпасын
бекітіп алыпты, енді Николканың алдында өткел бермес бөгет, ұстайтын
тұлдыры жоқ тас жабық темір қабырға тұр. Николка бұрылып, мейлінше
аласарып кеткен бұлтты аспанға қарады, кенет көзіне аралық қабырғадағы
жеңіл қара басқыш түсті, ол төрт қабатты үйдің шатырына дейін жетеді
екен. “Осыған шықсам ба екен?” деп ойлады ол, сол сəтте оған түлен
түрткендей бір алашабыр көрініс елестеді: Нат Пиккертон, үстінде сары
бешпет, бетінде қызыл маскасы, осындай басқышпен шығып бара жатыр.
“Ей, Нат Пиккертон, Америка... міне, мен өрмелеп шығамын ба, аулашы
көрсе, замат петлюрашыларды шақырады. Ол Нероннан шығады, сатып
кетері хақ... Мен оның тісін сындырдым емес пе... Оны кешірмейді ғой!”
Тура солай боп шықты. Фонарь көшесіне шығатын қақпаның астынан
Николка аулашының біреуді байбаламдап шақырған: “Мында, мында кел!”
деген даусын естіді. Іле ат дүбірі шықты. Николка Петлюраның атты əскері
осы қанаттан қалаға кіргенін түсінді. Қазір ол Фонарь шолақ көшесінде
жүр. Най-Турстың Фонарь көшесі жаққа қайтып оралма дегені осы екен
ғой.
Мұның бəрін ол көрші үйдің қабырғасының түбінде сарайға қатарластыра
үйілген отын текшелерінің үстінде топшылады, бірақ бұл араға кеп
қалғаны есінде жоқ. Мұз қатқан бөлендер аяқ астында сырғып, Николка
шалқалақтап барып құлап кетті, шалба-рын жыртып алды, əйтеуір
тырмысып қабырғаға жетті, сонда ғана сарайдың нақпа-нақ əлгінде өзі
қашып шыққандай екенін байқады. Ұқсастығы сондай, қалың тонды жирен
Нерон шыға келе ме деп күтті. Əйтеуір ешкім көрінген жоқ. Іші-бауыры
төмен тартып, белі үзіліп, Николка жерге отыра қалды, сол сəт қолында
ойнатып жүрген тапаншасы гүрс етіп атылып кетті. Николка таң-тамаша
болды, сосын ғана оның сақтандырғышы бұрын жабық болғанын, əлгінде
секіріп жүріп қозғап алғанын ұқты. Басуына атуының дөп келгенін
көрмейсің бе.
Сайтан-ай, мұнда да Разъезд көшесіне шығатын қақпа жабық. Демек, тағы
да қабырғаға өрмелеу керек болды ғой. Бірақ бір əтте-ген-айы
жаңағындағыдай үйген отын жоқ. Николка сақтанғышын жауып,
тапаншаны қалтасына салды. Сосын сынған кірпіштердің үйіндісіне
шығып, одан маса құсап тік қабырғаға өрмеледі, тырысып тырбанып,
аяғының ұшын бейбіт жағдайда теңге де кірмейтін тесіктерге салуға тура
келді. Бақайының тырнағы сынып қанап қалды, қабырғаға тырнатты. Оған
қарнымен жабысып тұрып, артта бірінші ауладан Неронның құлақ
тұндырар ысқырығын естіді, ал мынау үшінші аулада қараңғы терезеден,
екінші қабаттағы бір əйелдің үрейден бұзылып кеткен өңі көрінді де жоқ
болды. Екінші қабаттан ол сəтті құлады, тура күртіктің үстіне түсті,
дегенмен оның мойны қайырылып, басында бірдеңе жарылғандай болды.
Басы дыңылдап, құлағы шуылдап, көзінен от жарқ етті. Николка тура
қақпаға ұмтылды.
Мына қырсықты қара! Ол да жабық, түбі түскір! Əйтеуір қақпасы өрнекті
тортемір екен. Николка өрт сөндіруші сияқты соған өрмелеп асып түсті де
тұра Разъезд көшесіне шықты. Көрмейсің бе, ол қаңырап қалған, бір жан
жоқ.
“Ширек минөт алқынымды басайын, əйтпесе жүрегім жарылып кетіп
жүрер”, - деп ойлаған Николка ауаны қарбыта жұтты. “Иə... құжаттар бар
екен ғой...” Николка жейдесінің қалтасынан май-ланған куəліктердің бір
будасын алды да, жыртып-жыртып лақтырып жіберді, олар жапалақтаған
қарға ұқсап ұшты. Артта əлгі көше қиылысы жағынан, Най-Турсты
қалдырып кеткен тұстан пулемет гүрсілдеді, оған Николканың алдыңғы
жағынан пулеметтер мен зеңбірек зіркілі жауап қатты. Қаланы басып
алғаны ғой. Қалада ұрыс. Алап апат. Николка ентігін баса алмай, үстібасындағы қарды қағып жүр. Тапаншаны тастаса ма екен? Жоқ, өлсе де
айырылмайды одан. Бəлкім, аман өтіп кетер, өйткені олар барлық жерде
бірдей болуы мүмкін емес қой. Ал тапанша Най-Турстың ескерткіші емес
пе?!
Ауыр тыныстап, аяғының недəуір əлсірегенін, салдырап бос қалғанын
сезіп, көктайғақ Разъезд көшесімен жүгіріп отырып, одан етекке кететін
Лубочницк жəне қалаға қарай еңістейтін Лонск көшелері бөлініп шығатын
тұсқа жетті. Бұл жерден көлкіген қан мен қи, лақтырып тастаған екі
винтовка жəне көк студент фурашкесін көрді. Николка папахасын
лақтырып тастап, басына соны киді. Ол ептеп тарлау екен, бұған едірейген,
ұсқынсыз азаматтың кейпін берді. Гимназиядан қуылған бəз-бір жалаңаяқ
болып шыға келген Николка бұрыштан абайлап Лонск көшесіне қарап еді,
көзіне алыстан аты ойнақшыған, басында көкжолақты папахасы бар салт
атты түсті. Онда бір шу шығып, мылтық атылған сияқты. Сондықтан ол
Лубочницкімен тартты. Тірі жанды ол осында көрді. Бір əйел қарама-қарсы
табанжолда жүгіріп бара жатты, басында қара қауырсын тағылған қалпағы,
қолында сұр азық қалтасы бар, қалтадан ашулы қораз басын шығарып
мойнын созып бүкіл көшеге “Пэтурра, Пэтурра” деп қышқырып барады.
Келіншектің сол қолындағы қағаз қапшықтан табанжолға сəбіз жəне
төгілді. Келіншек ойбай сап жылап, қабырғаға қарай ұмтылды. Құйындай
ұйтқып бір тоғышар шыға келді де, жан-жағына қарап шоқынып, айғай
салды.
-
Тəңірім Иисус! Володька, Володька! Петлюра келе жатыр!
Лубочницк көшесінің аяғында көпшілік ерсілі-қарсылы сапырылысып,
əбігерге түсіп, қақпаларға қарай жүгіріп жатты. Қара пəлтелі бір кісі
қорыққанынан зəресі ұшып, қақпаға ұмтылды, өз таяғын тортемірге тығып,
ортасынан морт үзді.
Ал уақыт болса зымырап өтіп жатыр, өтіп жатыр, бақса, ымырт та үйіріліп
қапты, сондықтан Николка Лубочницкіден Вольский еңісіне жүгіріп
шыққанда электр фонары да жарқ етіп, шыжылдай бастады. Дүңгішекте
перде желп етіп, “сабан ұнтағы” деген алабажақ қорапшаларды көзден əпсəтте тасалады. Арбакеш шанамен оларды бұрышқа бұрыла беріп күртікке
аудара тастады да, мəстегін аямай қамшылап тұра тартты. Николканың
маңында үш подъезді төрт қабатты үй теңселді, үш подъездің де есіктері
сынды, итбалық жағалы біреу Николканың жанына зу ете қап қақпа жаққа
қарап өкірді:
-
Петр! Петр! Есің ауған ба сенің? Жап! Жап деймін қақпаны!
Подъезде есік күрс етті, қараңғы баспалдақта шарылдаған бір əйел даусы
естілді.
-
Петлюра келе жатыр. Петлюра!
Най-Турс нұсқаған құтқарар етекке Николка дендеп кірген сайын
жанұшырып жүгірген, əбігерге түсіп, көшеде ерсілі-қарсылы сандалған
халық көбейіп кетті, дегенмен үрей азайды, зырлаған халық бір бағытқа
ғана лықсымай, қарсы да жүріп, сапырылысып жатты.
Етекке дəл түсер жердегі сұртасты үйдің подъезінен сұр ши-нелді, ақ
погонына алтынмен “В” деп жазылған бір кадет жігіт мардымси шықты.
Мұрны түймедей домаланып қалған көзі жан-жағын жіті шолған оның
иығында үп-үлкен винтовка. Өткен-кеткен сасып-пысып қарулы кадетке
үрейлене қарап, тұра қашты. Кадет болса табанжолда табандап тұрып,
жоғарғы қаладағы атысқа құлақ түрді, маңғазсынған, барлаушылық
бейілмен, мұрнын көтеріп, бір жаққа жөнелгісі келген сыңай танытты.
Николка бағытын кілт үзіп, табан жолды кесе қозғалып, кадетті кеудесімен
тоқтатып күбір етті:
-
Мылтықты тастаңыз да, дереу жасырыныңыз.
Кадетсымақ қорқып кетіп, дір ете қалды да, кері шегінді, сосын айбат шегіп
мылтығына жармасты. Николка сыннан өткен ескі тəсілмен оны кеудесінен
итермелеп, итермелеп, подъезге кіргізді де, екі есіктің арасында оған ақыл
берді.
- Сізге айтып тұрмын ғой, жасырын деп. Мен Юнкермін. Апат басталды.
Петлюра қаланы алды.
- Алғаны қалай? - деп кадет аузын ашып аң-таң болды. Оның сол
жағында бір тісі жоқ екен.
- Қалай болушы еді, басып алды, - деп жауап қатты Николка, сосын
жоғарғы қала жағына қолын сілтеп: - Естиісің бе? Ана жақтың көшелерінде
Петлюраның атты əскері жүр. Басымды солардан əрең алып қаштым.
Үйіңізге жүгіріп, винтовканы жасырыңыз. Жұрттың бəрін ескертіңіз.
Кадет міз бақпай тұрып қалды. Николка оны сол міз қақпай жаураған
қалпында подъезге тастап, кетіп қалды, өйткені ол ештеңе
түсінбегендіктен, онымен тəжікелесіп тұратын уақыт қайда.
Етекте айтарлықтай үрей жоқ екен, оның есесіне əбігерден аяқ алып жүре
алмайсың. Əрлі-берлі жүргендер жебей басып, мойнын жиі созып, тың
тыңдайды, əсіресе аспаз əйелдер подъезд бен қақпаға сұр желеңін
арқасынан тастай салып шыға келеді. Жоғарғы қаладан пулеметшілердің
екпіндей соғуы толастар емес. Бірақ желтоқсанның он төртінші
жұлдызының мына қаракөлеңке сəтінде əйтеуір ешқайдан, алыстан да,
жақыннан да зеңбірек даусы естілген жоқ.
Николканың жолы ұзақ болды. Ол етекті кесіп өткенше аязды көшелерді
ымырт тұмшалап алды да, əбігер мен үрей сəл бəсеңдеді, оған фонарьдың
жарығына түсіп жатқан жапалақ жұмсақ қар да себеп болды. Қардың сирек
себеті арасынан оттар жылтырап, дүңгіршектер мен дүкендер тəп-тəуір
жарқырап тұрды, бірақ бəрі емес, олардың арасында соқыр қалғандары да
бар. Көбіне жарық қапалақтаған қармен жоғары жақты жарқырататын
тəрізді. Николка өз көшесінің, құлама Алексеев еңісінің басына келгенде
мынадай көрініске тап болды: №7 үйдің қақпасында тоқыма сұр күрте мен
шлем киген екі ер бала əлгінде ғана қолшанамен сырғанап еңіске түсіп
қайтыпты. Олардың шар сияқты домаланған кішкентай біреуі үсті-басы
қар-қар болып, қарқылдап күліп отыр. Екіншісі жасы сəл үлкен жұқа,
сабырлысы арқандағы түйіншектерді шешіп жатыр. Қақпада тұлып киген
жігіт қолымен мұрнын шұқылап тұр. Атыс естіле бастады. Оты жоғарыда
əр-əр жерден ұшқындады.
- Васька, Васька, мен құйрығымды жəшікке қалай соғып алдым? - деп
дауыстады кішкентайы.
“Қаперінде ештеңе жоқ, сырғанақ теуіп жүр əншейін”, - деп таңданған
Николка жеткіншектен аялай тұрып, мынаны сұрады:
-
Айтшы кəне, анау жоғарыда атып жатқаны не?
Жеткіншек саусағын мұрнынан алып, мұрнынан сөйледі:
-
Біздікі офицерсымақты соғып жатыр.
Николка оған қабағының астымен қарап, қолымен еріксіз қалтасындағы
тапаншасын сипап қойды. Үлкен бала ашулана тіл қатты:
- Офицерлердің сазайын тартқызып жатыр. Олардың өзіне де сол керек.
Бар қалаға сегіз жүз адам ғана, ал олар босқа сандатылып жүрді. Міне,
Петлюра да жетті, ал оның əскері миллион.
Ол бұрылып, қолшананы сүйрей тартты.
Сарғыш перде бірден ысырылды, ол айбан мен кішкентай асүйдің арасында
болатын бұл. Сағат тыңқ-төңк соғып тұр.
-
Алексей оралды ма? - деп сұрады Николка Еленадан.
-
Жоқ, - деді де ол жылап жіберді.
Қараңғы. Бүкіл пəтер қараңғы. Асүйде ғана шам бар... Анюта шынтағын
үстелге қойып жылап отыр. Əрине, Алексей Васильевич-ті іздеп...
Еленаның жатынжайындағы пеште отын алаулап жанып жатыр. Пеш
қақпасының саңылауларынан түскен едендегі от көлеңкесінің өзі үйді біраз
жылытып тұрғандай. Елена орындықта иегіне жұдырығын тіреп Алексейді
ойлап жылап, оның тізесінде оттың қызыл көлеңкесіне аяғын қайшылай
салып Николка отыр.
Болботун... полковник. Щегловтарда бүгін күндіз оны анау-мынау емес ұлы
кінə сіз Михаил Александровичтің өзі десті. Жалпы мұндағы
қаракөлеңкеде оттың жарығында торығу ғана. Алексейді ойлап жылаудың
қажеті не? Жылаудан келер көмек жоқ, əрине... Оны өлтіріп тастады.
Барлығы айқын. Олар тұтқынға алмайды. Келмегені дивизионмен бірге
қолға түсті деген сөз, ал қолға түскендер өлтіріледі. Қорқыныштысы сол
Петлюрада сай-дың тасындай сұрыпталған сегіз жүз мың əскер бар дейді.
Бізді алдап, тура ажалға айдады.
Ал мынандай сұмдық үрейлі армия қайдан шықты? Аязды тұманнан,
инедей шанышқан көгілдір-күңгірт ауадан тоқылып шықты ма? Ой, сұмдық
ел ғой Украина! Тұман да тұман, рухы бұлыңғыр... тұман-ды...
Елена тұрып қолын созды.
- Немістерді қарғыс атсын! Лағынет жаусын оларға. Егер оларды құдай
жазалап, сазайын тарттырмаса, онда да əділдік болмағаны. Бұл үшін
олардың жауап бермеуі мүмкін бе? Жауап береді олар. Олар да біз құсап
азап тартады, қайғы шегеді.
Осы сөздерді ол қарғағандай етіп шегелей айтты. Оның жүзінде, мойнында
қызғылт сəуле ойнады, мұңлы көзі қап-қара өшпенділікпен боялды.
Николка аяғын талтайтып, мынандай айғайдан торығып, мұңайып қалды.
- Мүмкін ол əлі тірі шығар? - деп қысыла сұрады ол. - Қалай дегенмен
де, дəрігер ғой... Тіпті ұстап алған күннің өзінде тұтқынға əкетуі ықтимал,
өлтірмейтін шығар.
- Мысық жейтін болады онда, біз құсап бірін-бірі өлтіреді ғой, - деді
Елена үні енді шығып, отқа өшіге саусағымен айбат шегіп.
“Əй... Болботунның ұлы кінəз болуы мүмкін емес. Сегіз жүз мың əскер
болуы да мүмкін емес, тіпті оны миллион деп қояды. Дегенмен, бəрі
тұманды да күмəнді, сұмдық зілмауыр шақ басқа түсіп тұр ғой. Ақырында
Тальберг ақылды боп шықты, дер уағында кетіп қалды. Еденде оның
көлеңкесі билейді. Осындай да бір бейбіт тыныш күндер, тамаша елдер
болған жоқ па еді. Мəселен, Париж бен қалпағында бейнелер бар, Людовик
те, Клопен Трульефу де етпеттей еңбектеп осындай отта жылынып еді ғой.
Тіпті ол қайыршыға да жақсы болған. Ал енді əлгі жирен аулашыдай
арамза, пасық жылан ешқашан еш жерде болмаған шығар, нағыз Нерон.
Əрине, бізді бəрі де жек көреді, бірақ анау ма, барып тұрған шибөрі. Арттан
келіп қол қайыратынын қайтерсің!”
... Міне, терезенің сыртынан зеңбіректер гүмпілдеді. Николка атып тұрып,
əрі-бері жүгірді.
-
Сен естідің бе, естиісің бе, естіп тұрсың ба?
Бəлкім, бұл немістер шығар? Мүмкін, одақтастар көмекке келген болар.
Əйтпесе олар қаланы алған соң атпасқа керек еді ғой.
Елена қолын кеудесіне айқастыра салып былай деді.
- Никол, мен сені бəрібір жібермеймін. Жібермеймін дедім,
жібермеймін. Ешқайда шықпауыңды жалынып тұрып өтінемін. Есіңнен
адаспа.
- Мен тек Алексей шіркеуіне ғана жетіп, сол арадан қарап, тыңдап қана
келемін. Одан күллі қала көрінеді емес пе.
- Егер сен мынандай сын сағатта мені жалғыз қалдыруға қисаң-жақсы,
бар.
Николка қысылып қалды.
-
Онда мен аулаға ғана шығып, тыңдайыншы.
-
Олай болса мен де барамын.
- Леночка, егер Алексей оралып қалса, басты есіктен қоңырау ести
алмай қаламыз ғой.
-
Иə, ести алмаймыз. Онда сен кінəлі боласың.
- Жарайды, онда Леночка, албардан əрі аттап баспаймын деп сөз
берейін.
-
Шын сөзің бе?
-
Шын сөзім.
- Сен есік аузынан əрі шықпайсың. Тауға да өрмелемейтін боласың.
Аулада ғана тұрасың. Солай ғой.
-
Шын сөзім.
-
Онда бар.
1918 жылдың он төртінші желтоқсанында қалың қар жауып, қаланы басып
қалды. Ал əлгі оғаш, күтпеген зеңбіректер кешкі сағат тоғызда атты. Олар
небары ширек сағаттай ғана атқылады.
Қар Николканың жағасының сыртында еріп кетіп жатты, ол қарлы тауға
шығуға деген құмарлығымен арпалысты. Одан Етекті ғана емес, қаланың
жоғарғы бөлегін, семинарияны, биік үйлердегі мың сан оттарды, төбелерді,
олардағы жатаған үйлерді, олардың жымыңдаған терезелерін көруге болар
еді. Алайда шын сөзін берген соң, оны ешбір адамның бұзуына болмайды,
өйткені уəде бұзып, бұл жалғанда жүруге болмайды. Николка дəл осылай
топшылайды. Əрбір қаһарлы, алыстағы күрсілден кейін ол баяу ғана
шоқынып тұрды.
Алайда зеңбіректердің де үні өшті.
“Бұл біздің зеңбіректер болды”, - деп ойлады қапаланған Николка. Есік
аузынан оралып келе жатып ол Щегловтардың терезесіне қарады. Кіші
үйдің терезесіне ақ перде ұсталған екен, одан Мария Петровнаның
Петьканы қалай шомылдырып жатқаны көрініп тұр. Астауда жалаңаш
отырған Петька көзіне сабын кіріп жылап отыр. Мария Петровна оның
басына көпірме ысқышты сығып тұр. Жіпте іш киімдер ілулі екен, оның
үстінде əрлі-берлі жүріп, еңкейген Мария Петровнаның көлеңкесі қараяды.
Николкаға Щегловтардың үйі жайлы, жылы боп көрінді, ал бұл болса,
түймесі ағытулы шинельмен тоңып тұр.
Қаланың сегіз шақырымдай жердегі иелігінде, қалың қардың арасында
күзетші тастап кеткен, қар есік-терезені түгел басып қалған күзетханада
штабс-капитан отырды. Үстелдің үстінде нанның қыртысы жатыр, дала
телефонының жəшігі тұр, оның қасында бүйірі шығыңқы əйнегі күйелеш
шам бар. Пештің оты жанып болуға жақын. Үстінде жағасы үлкен шинелі
бар, үшкір мұрны ұзын капитан шапаты ғана кісі. Сол қолымен шымшып,
нанның қыртысын сындырып, сол қолымен телефонның түймесін басып
қояды. Алайда телефон өліп қалғандай сілейіп тіл қатпайды.
Капитанның айналасында бес шақырымдай жерде түнек пен түтеген
бораннан басқа ештеңе жоқ. Сосынғы бары күртік қар.
Тағы бір басып көріп, штабс-капитан телефонды жайына қалдырды. Кешкі
сағат тоғыз шамасында ол мұрнын тартып, неге екені белгісіз, өзімен-өзі
дауыстап сөйлесті.
Есімнен адасармын. Шын мəнінде атылып қалуым керек еді. - Дəл осы
сəт оның сөзіне жауап бергендей телефон əндетіп қоя берді.
-
Бұл алтыншы батарея ма? - деп сұрады алыстағы дауыс.
-
Иə, иə, - деп қуанып кетті капитан.
Шалғайдағы толғанған дауыс өте қуанышты əрі ексім шықты:
Дереу шатқалға қарай оқ жаудырыңдар... - Шалғайдағы бей-таныс
сұхбаткер сым арқылы бақадай бақылдайды, - құйындата ұрыңдар... Дауысты үзіп жіберді. - Менде мынадай əсер бар... -Осымен дауыс қайта
үзілді.
Иə, тыңдап тұрмын, тыңдап тұрмын, - деді тісін қайрап, телефонға
ызалана айқайлап. Сосын ұзақ үнсіздік болды.
Мен атысты бастай алмаймын ғой, - деді капитан трубкаға, өзінің
далаға айтып тұрғанын тамаша сезгенмен, айтпай жəне тұра алмады. Менің қызметкерлерімнің бəрі, үш прапорщик қашып кетті. Батареяда мен
жалғыз қалдым. Осыны постқа жеткізіңізші.
Штабс-капитан тағы да бір сағат отырып, сосын ғана шықты. Боран
бұрқап, түтеп тұр. Түксиген үрейлі төрт зеңбіректі қар басып қалыпты,
ауыздары мен құлыптарына мұздай сүңгі байланыпты. Айнала орай соққан
боранның ызғарлы уілі астында капитан соқыр адамдай сипалады. Солай
ұзақ сипалақтап жүріп қарлы түнекте алғашқы құлыпты тапты. Оны
күзетхананың сыртындағы құдыққа тастап жібергісі келіп тұрды да
айныды, сосын үйге кірді. Тағы да үш рет шығып, құлыптарды сыпырып,
оларды еденнің астындағы картоп салатын орға тықты. Сосын алдын ала
шамды өшіріп, түнекке сүңгіді де кетті. Қарға оппалап ештеңе көрінбейтін
қараңғылықта ол екі сағаттай жүріп, қалаға апаратын тас жолға табан
іліктірді. Тас жолда көмескі жанған фонарьлар көрінеді. Сол фонарьлардың
алғашқысының түбінде оны басындағы бөріктерінің құйрығы бар аттылар
өлтіріп, етігі мен сағатын сыпырып алды.
Əлгі күзетханадағы дауыс одан батысқа қарай алты шақырым жердегі
жертөледе қайта шықты.
- Шатқалға қарай дереу оқ жаудырыңдар. Менің байқауыма қарағанда,
дұшпан сіздер мен біздің арамыздан қалаға өткен тəрізді.
- Тыңдап тұрсыздар ма, тыңдап тұрсыздар ма? - деп жауап қатты
жертөледен.
-
Постан біліңіздер... - деп дауыс үзіліп кетті.
Мұны естімей əлгі дауыс трубкадан қайта бақылдады.
- Қашып бара жатқандар мен аттыларды атыңдар! Сосын үн мүлдем
үзілді.
Жертөледен тұлып киген үш офицер мен үш юнкер шықты. Төртінші
офицер мен екі юнкер зеңбіректің қасында боран өшіргісі келген
фонарьдың түбінде тұрған болатын. Бес минөттен кейін зеңбіректер
селкілдеп, қараңғылықты сұмдық соққылай бастады. Қуатты гүрсілімен
олар айнала төңіректегі он бес шақырым жерді жаңғырықтырып, Алексеев
еңісіндегі №13 үйге дейін жетті. Құдая, бере гөр...
Аттылы жүздік боранда айналып, қараңғыда арт жақтан фонарьға шыға
келіп, барлық юнкерлер мен төрт офицерді шауып өлтірді. Жертөледе
телефонның қасында қалған командир оғын өз аузына атты.
Командирдің соңғы сөзі мынау болды:
-
Штабтың сұмырайы, большевиктерді өте жақсы түсінемін.
Николка түнде өзінің бұрыштағы бөлмесінде есігіне үлкен креш салып,
оның астына бəкімен ойып, “п.Турс.14-желт.1918ж. күндізгі с.4” деп жазды.
Жазатайым петлюрошылар келіп тінту жүргізсе, білмесін деп “Най”
дегенді құпиялық үшін қосқан жоқ.
Қоңырау сыңғырын жіберіп алмас үшін ұйықтағысы келмеді. Қабырғаны
тықылдатып Еленаға:
-
Сен ұйықта, мен ұйықтамаймын, - деді.
Сосын ол табанда кереуетте киіммен жатып өлген адамдай қатып ұйықтап
қалды. Елена болса, таң атқанша көз шырымын алмай, қоңырау қағылмас
па екен деп, құлақ түріп, күтумен болды. Алайда ешқандай қоңырау
соғылған жоқ, ағасы Алексей оралмады.
Шаршап талып титықтаған адамға ұйықтау керек, сағат он бір болды, ал ол
ұйықтай береді. Ұйықтағанда да өзінше ұйықтайды, байқап көрші.
Етігі бөгет, белдігі қабырғасына батып, жейдесінің жағасы қысып
қылқындырып жатыр, құбыжық табанын тіреп кеудесіне мініп алған.
Николка шалқасынан түсіп, басы салбырап кеткен. Беті күреңітіп,
кеңірдегінен ысқырық шығады. Ысқырып қорылдап жатыр. Қар мен бір
қайдағы жоқ өрмек торы... Тəйірі алғыр əлгі тор айнала орап тастаған! Ең
бастысы - осынау өрмекші торынан қалай құтылу, қарғыс атқыр барған
сайын ұлғайып, бетіне жақын-дап келеді. Түгел тұмшалап орап тастаса, ол
тордан шығып көр. Өрмек тордың сыртында тап-таза қар, ұшы-қиыры жоқ,
байтақ бір жазыққа жетерліктей.
Тұншығып өлмей тұрғанда осы қарға шығып алу керек, өйткені бəзбіреудің даусы: “Никол!” деп аһ ұратын сияқты. Осы арада ой жүгіртіп
көріңізші, бір өжет құс əлгі торға түсіп, тұмсығымен тоқылдатып жатыр
делік... Ти-ти-тики, тики, тики. Дью. Ди-у! Тики. Тьфу, сайтан! Оның, өзі
көрінбейді. Бірақ əлде қайдан ысқырудан танбайды, тағы біреу өз
тағдырына назаланып жылайтын сыңайлы, тағы да таныс дауыс: “Ник!
Ник! Никол!”
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ақ Гвардия - 12
  • Parts
  • Ақ Гвардия - 01
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2312
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 02
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2332
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 03
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 04
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2379
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 05
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2276
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 06
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2225
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 07
    Total number of words is 3817
    Total number of unique words is 2218
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 08
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 2225
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 09
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2244
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 10
    Total number of words is 3895
    Total number of unique words is 2104
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 11
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2111
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 12
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2082
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 13
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2249
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2038
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 15
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 16
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2344
    28.7 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 17
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2051
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 18
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2163
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 19
    Total number of words is 2671
    Total number of unique words is 1718
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.