🕙 21-minute read

Ақ Гвардия - 19

Total number of words is 2671
Total number of unique words is 1718
33.7 of words are in the 2000 most common words
46.9 of words are in the 5000 most common words
54.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  Аузын ашып бəрі Шервинскийді тыңдады, тіпті асүйден келіп Анюта да
  есікке сүйеніп тұрды.
  - Əлгі жұлдыз дегендері қандай екен, өзі? - деп тұнжырай сұрады
  Мышлаевский.
  - Кокарда сияқты кішкентай бесқырлы, - деді Шервинский, папахаларына тағады. Қара бұлттай қаптап келеді дейді ғой. Тегінде, түн
  ортасында осында болатын көрінеді.
  -
  Мұндай дəлдік қайдан шыққан: түн ортасы дейді...
  Алайда Шервинскийдің жауап беруінің сəті түскен жоқ, өйткені қоңырау
  қағып пəтерге Василиса кіріп келді.
  Оңына да, солына да иіліп, ілтипатпен қол қысысып, əсіресе Карасьқа
  жылы қарап, етігін сықырлатып Василиса тура пианиноға барды. Елена
  күндей күлімдеп оған қолын созды, Василиса бір-ақ ырғып оның қолына
  жабысты. “Неліктен екенін кім білсін, Василиса ақшасын алдырғаннан бері
  сымбаттанып кетті, - деп ойлады да Николка арғы жағын пəлсəпалап кетті,
  - бəлкім, ажарлы болуына ақша бөгет жасайтын шығар. Міне, осында
  отырған ақшасы жоқтардың бəрі əдемі”.
  Василиса шайды қаламады. Жоқ деп, ілтипатпен алғыс айтты. Өте, өте
  жақсы. Қазіргідей аласапыран кезеңге қарамастан сіздерге бəрі сондай
  сəнді де жайлы, деп қояды. Е...һе... деп шын ниетпен алғыс айтады. Ванда
  Михайловнаға деревнядан сіңлісі келген екен, сондықтан ол табан аузында
  үйіне оралуы керек. Ол Елена Васильевнаның атына келген хатты
  тапсырып кеткелі ғана кіріпті. Əлгінде есікке шегеленген жəшікті ашса хат
  жатыр. Соны тапсырып, тағзым етуді борыш санапты. Василиса безектеп
  қош айтысты.
  “Хат шетелден бе? Қалайша? Мұндай да хат болады екен-ау. Конвертті
  қолыңа алсаң-ақ болды, ішінде не барын бірден білесің. Ал бұл қалай
  келген? Ешбір хат жүрмеуші еді ғой. Тіптен Житомирден қалаға хатты
  кінəратпен жөнелтесің. Бізде қалайша осы барлығы орашолақ, енді өзі
  жабайыланып бара ма? Қолайсыздық өзі сол пойызбен келетін сияқты.
  Əйтпесе хат сол пойыздың өзімен дұрыс келмей жоғалып кетеді ғой. Ал
  мынау аман жетіпті. Бірақ оған алаңдамаңдар, мұндай хаттар жетеді жəне
  иесін де табады. Вар... Варшава. Варшава. Бірақ жазу Тальбергтікі емес.
  Жүрек қалай сүйкімсіз соғады десейші!”
  Шамның абажуры болса да, Еленаның жатынжайы өзіне жақын көрінбеді,
  бəз-біреу түкті жібекті жұлып алып, өткір сəуле көзіне ұрғандай, шашының
  астан-кестені шықты. Еленаның өңі бұзылып кетті, оюлы рамада тұрған
  анасының қартаң тартқан жүзіне ұқсады. Ерні діріл қақты, бірақ ұсқынсыз
  қатпар түскен жоқ. Миығын қозғалтты. Жыртылған конверттен шыққан бір
  парақ сұр қағаз бір шөкім жарықтың астында жатты.
  ...Сенің күйеуіңнен ажырасқаныңды осында жаңа ғана білдім.
  Остроумовтар Сергей Ивановичті елшілікте көріпті - ол Герцтер-дің
  отбасымен бірге Парижге жүргелі жатыр екен, ол Лида Герцке үйленбекші
  дейді, мынау ырду-дырдуда барлығы қалай оңай жасалады десейші. Сенің
  бірге кетпегеніңе өкінемін мен. Мұжық-тардың табанында қалған
  барлығыңды аяймын. Осында газеттерде Петлюра қалаға шабуыл жасайды
  деп жүр. Біз немістердің оны жібермейтініне сенеміз.
  Еленаның басында Николканың маршы қабырға мен есіктен көктей өтіп өзөзінен секіріп, даңғырлағандай болды. Ал есікті Людовик XIV суреті тарс
  бекітіп тұрған болатын. Қолындағы лентамен əшекейленген таяғын үйіріп
  Людовик күлгендей болды. Есікті таяғының басымен тықылдатып Турбин
  кірді. Қарындасына көзінің қиығымен қарап:
  -
  Тальбергтен бе? - деп сұрады.
  Елена тіс жарған жоқ, ол ұялды əрі мына хабар ауыр соқты. Алайда ізінше
  өзін-өзі билеп алып, парақшаны Турбинге қарай ысырып, “Олядан,
  Варшавадан жазыпты” деді. Турбин көзін мұқият жүгіртіп, хатты аяғына
  дейін оқып шықты да, басын-дағысын қайта қайталады.
  “Қымбатты Леночка, жетер-жетпесін білмеймін...”
  Оның жүзінде əралуан бояулар ойнады. Былайша жалпы түсі сарғыш,
  жақтың бұлшық еті қызғылт, көзі көктен қараға айналып кеткен.
  - Қолыма түссе, бет-ауыздан рақаттана бір соғар едім-ау, -деп тісін
  шықырлатты.
  -
  Кімді? - деп Елена көз жасы іркіліп тұрған мұрнын тартты.
  - Өзімді дегенім ғой, - деді доктор Турбин ұяттан өлердей боп, - сенің
  анда онымен сүйіскенің үшін.
  Елена табан астында жылап жіберді.
  -
  Сен маған бір жақсылық жасашы, - деді Турбин, - атасына нəлет, мына
  біреуді үстел үстінен алып тасташы, - деп ол таяқтың басымен суретті
  түртті. Елена кемсеңдеп жүріп суретті алып Турбинге берді. Турбин қас
  қаққанша болмай рамадағы Сергей Ивановичтің суретін жұлып алып
  жапырақтап жыртты да тастады. Елена əйелдерше еңіреп жылап, екі иығы
  селкілдеп басын ағасының крахмалданған кеудесіне басты. Ол көзінің
  қиығымен үрейлене алдында алтын торда шағын шам жанып тұрған қоңыр
  иконаға қарады.
  “Міне ғибадат қылдық, жалбарындық... шарт қойдық... не лаж бар басқа...
  шамданба, құдай-ана, шамданба”, - деді іштей ойланып дінге сенетін
  Елена. Турбин шошып кетті:
  - Тыныштал, тыныш, аналар естісе не жақсылық?
  Бірақ қонақжайдағылар естіген жоқ. Пианино Николканың саусағы астында
  “Екі басты самұрық” маршын ойнап, күлкі ғана естілді.
  20
  ¥лық жыл болатын, Иса пайғамбардың туған күнімен тіркесе келген 1918
  жыл қатерлі еді, ал 1919 жыл одан да сұмдық болды.
  Ақпанның екісінен үшіне қараған түнде Днепрдің үстінен тартылған
  Шынжырлы көпірдің аузында бет-аузы ісіп көгеріп, қызарып кеткен қара
  пəлтелі бір кісіні екі жігіт қарда сүйрелеп келе жатты, куреннің жаны
  олармен қатарласа жүгіріп жатқан адамды басынан шамполмен соғып
  келеді. Əр соққы сайын басы шайқатылып, қанға батқан байғұстың
  айғайлауға дəрмені жоқ тек уһілей береді. Жырым-жырым болған пəлтеге
  шампол тиген сайын:
  -
  Уһ,... а... - деген ғана үн шығады.
  -
  Ə, жөйттердің сілімтігі! - деп қырылдай айқайлайды курень паны. -
  Үйіндіге апарып атып тастау керек. Көрсетемін мен саған қараңғы
  бұрыштарда қалай сумаңдауды! Көрсетемін мен саған, үйілген отынның
  артында сен не бітірдің, ə? Шпион!
  Алайда қан-жоса кісі терісіне сыймай ашуланған курень панына еш жауап
  қайтарған жоқ. Сосын куренбасы алға жүгіріп шықты да, жалтылдаған
  темір таяқтан жалтарып, екі жігіт екі жаққа ытты. Курень паны соққыны
  есептемеді ме, шамполды тура басқа тигізді. “Уһ” деуге де шамасы келмей,
  тек ыңқ етті ол... Қолын бұрып басын шайқады да, тізерлеген қалпы құлап
  түсті, екінші қолын кең сермеп, тапталған қарлы топырақты көбірек
  уыстағысы келгендей жер тырнады. Бүгілген саусақтарымен кір қарды
  шеңгелдеді. Сосын қою қара шалшықта дірілдеп, бірер рет тұяқ серіпті, де
  тынды.
  Сұлап жатқан жанның үстінен электр шамы ысылдап, көпірдің аузында
  оны басына құйрық қадаған гайдамактар абыржып төңіректеп жүрді, ал
  жоғарыда жұлдыздары жымыңдаған қара аспан ештеңеге де міз баққан
  жоқ.
  Жатқан кісі жан тапсырған сəтте қаладан төмен Слободканың үстінде кенет
  Марс жұлдызы мұздаған шырқау биікте жарылып, от шашып, құлақ
  тұндыра шатырлады.
  Жұлдыздан кейін Днепрдің арғы бетіндегі қап-қара қиыр, кəдімгі Мəскеуге
  барар жақтағы шетсіз-шексіз қырда күн күркі-реп, ұзақ жарқылдап тұрып
  алды. Сол кезде екінші жұлдыз төменнен, қарға бөккен үйлердің шатыры
  үстінен соқты.
  Көпірдің аузында топырлап тұрған гайдамактар дивизиясы табанда
  қозғалып, қалаға қашты, содан қала арқылы əрі асып, табанын мəңгі
  жалтыратты.
  Көк дивизияның ізімен қасқыр бүлкекке салып, жаураған аттарымен
  Козырь-Лешконың курені өтті, бəз-бір асүй секектеп билеп,.. сосын
  ешқашан ешқайда болмағандай із-тоз жоқ жойылып кетті. Көпірдің
  үңірейген аузында тек қара киген жебірейдің суыған мəйіті мен шөптің
  қырқындысы жəне аттың тезегі ғана қалды.
  Пэтурраның аңыз емес, шын мəнінде болғанын тек осы мəйіт қана
  куəландырды... Оған дзынь... трень... гитара, түрік, Бронная-дағы құрсаулап
  қойған фонарьды, оқтан түскен жараларды, ұлыған қасқырларды, қараңғы
  түндер мен ақырған аязды... қоссаңыз ол өмірде шын болған боп шыға
  келеді. Яғни, болған.
  Кіріс, Гриць, жұмысқа
  Десең қабағы тырысқан...
  Оңай жолын олжаның
  Тапқан шапқын ұрыстан...
  Неге ондайлар болды екен? Оны ешкім де айта алмайда. Ал олардың
  төккен қанының өтеуін кім төлемек?
  Жоқ. Ешкім де төлемейді.
  Жай ғана қар еріп, қаулап Украинаның көк шалғыны шығып, жер бұрымын
  өреді, жайқалып жасыл егін өсіп, сайын далада ыстық самал еседі, сонда
  қанның ізі де қалмайды. Қызыл далада қызыл қаннан арзан жоқ, оны ешкім
  де сатып алмайды.
  Ешкім де.
  ... Кештен бері Саардамның өрнекті пеші жақсы жағылып, ыстық боп тұр,
  түн ортасына дейін қызуы қайтқан жоқ, бірақ Саардам шеберге жазылған
  жазулар жуылып кетіп, жалғыз-ақ: “Лен... мен Аидаға билет алдым...”
  деген ғана сөз қалыпты.
  Алексеев еңісіндегі ақ генералдың аппақ бөркін киген үй баяғы-дан жылы
  ұйқы құшағында жатыр. Ұйқы шіркін пердені тербеп, көлеңке боп
  теңселеді.
  Терезенің сыртында жеңімпазсыған ысқаяқ қыстың жүзі балбұл жайнап
  жер бетімен жүзіп барады. Жұлдыздар ойнап, біресе жиырылады, біресе
  жайылады, əсіресе аспанның шырқау биігінде қып-қызыл боп, бесбұрышты
  Марс жұлдызы тұрды.
  Жылы бөлмелерді ұйқы иектеді.
  Турбин өзінің жатынжайында ұйықтап, ұйқы оның төбесінен жуып
  тазартқан суреттей төнді. Вестибюль шайқалып, жылжы-ғандай болып
  Александр I пешке дивизионның тізімін жағып жатты... түсінде. Юлия өтті
  соңымнан ер дегендей ым қаға күліп, бір көлеңкелер жүгіріп “Ұста! Ұста”
  деп айғай салады.
  Үнсіз атысып, олардан Турбин қашып құтылғысы келеді, алайда аяғы
  Мало-Провальная көшесіне жабысып, түсінде ол опат болыпты. Ол
  ыңқылдап оянды, құлағына қонақжай жақтан Мышлаевскийдің қорылы,
  Карась пен Лариосиктің баяу ысқырығы кітап бөлмеден келді.
  Маңдайының терін сүртіп, есі кірді, əлсіз ғана жымиып, сағатына қарады.
  Сағат үш екен.
  - Шамасы, кеткен болар... Пэтурра... Қайтып енді ешкім ешқашан да
  болмайды.
  Ол қайтадан ұйықтап кетті.
  Түн өз күшінде тұр. Таңға ойыса бастаса да, қырын берер емес, қалың
  қарға көмілген үй қалың ұйқыда. Титықтап шаршаған Василиса суық
  көрпені арық денесімен əрең жылытып жатыр. Василиса қолапайсыз,
  қыңыр түс көрді. Ешқандай да революция болмаған көрінеді, барлығы
  түкке тұрмайтын шатылбай. Түсінде Василисаның басына күмəнді,
  тұрақсыздау бақыт қонған екен дейді. Жаз болса керек, Василиса бақша
  сатып алыпты. Оған баптап тұрып көкөніс өсіріпті. Көшеттер көңілді
  шырмауықтарға оралып, жасыл түйін тастап, арасынан томпиып қияр
  сығалайды. Василиса кенеп шалбармен бақшада тұрып қарнын сипап
  байып бара жатқан сүйкімді күнге қарайды екен.
  Сол арада оған тартып алынған глобус сияқты дөңгелек сағаты түсіне енді.
  Сағатты қимай іші удай ашыса да, күлімдеп күн ұмыттырып жіберді.
  Осы бір оп-оңды сəтте қайдағы бір домаланған қызғылт торайлар бақшаға
  қойып кетіп, талпақ танауларымен көшеттерді ал қазсын. Топырақ аспанға
  фонтанша атты. Василиса жерден таяқ алып торайларды қуайын десе,
  əлгілер сұмдық қорқынышты екен, ақсиған азулары үрей шашады. Онымен
  де қоймай, олар Василисаның үстіне секіре бастады. Секіргенде де бір
  аршын көтерілді, бақса іштерінде серіппе бар көрінеді. Василиса түсінде
  өкіріп тұрып жылады. Бүйірдегі есіктің қара жақтауын жұлып алып сілтеп
  еді, əлгілер жер жұтқандай ғайып болды. Василисаның көз алдынан
  қараңғы, дымқылдау жатынжайы қалқып жүре берді.
  Түн өз күшінде тұр. Дел-сал ұйқы қаланың үстінен құстай қалықтай өтіп,
  Владимир крешін айналып барып Днепрдің аржағында түннің қалыңына
  сүңгіп, одан темір доғаны бойлай жүрді. Дарница стансасына дейін жүзіп
  барып, сонда кідірді. Үшінші жолда бронепойыз тұр. Тас қып
  доңғалақтарына дейін алаңқайға қысып броньдап тастаған. Паровоз
  сиқырлы шамбал-дарымен қарауытып, бүйірінен от ұшқындары шашырап,
  рельс-терге себездеп, бір қырынан қарағанда қазандығының көмейі шоққа
  айналған көмірге толы екен деген ой туындатады. Ол баяу да аяр
  қырылдап, бүйірдегі қабырғаларынан бірдеңе тамып, топар тұмсығы үнсіз
  ғана Днепр жағасындағы тоғайға шүйірілді. Соңғы алаңнан оның апандай
  аузы қаракөк аспанға қарап он екі шақы-рымдай шалғайдағы түнгі крешке
  бағытталды.
  Станса үрейден демін ішіне тартты. Маңдайы түнекті ысырып, кешегі
  гүрілден запы болған көзден сарғыш от жылтырады. Таң алдындағы
  мезгілге қарамастан платформадағы əбігер саябырлар емес. Телеграфтың
  аласа сары барағының үш терезесінде шам жарқырап, əйнектен үш
  аппараттың тық-тық соққаны естіліп тұрды. Бет қаратпайтын аязға
  қарамастан платформаларда ерсілі-қарсылы жүгіріс, келте тонды,
  шинельді, қара бушлагты кісілер. Бронепойыздан аулағырақ немесе
  артында ұйлығып тұрғандардың күбірі, əскери бөлімшенің жылы
  вагонының есік сартылы басылар емес.
  Ал паровоз бен вагонның бірінші темір корпусымен қатар тұрған
  бронепойызда үстінде ұзын шинелі, аяғында жыртық пимасы, басында
  шошақ жалбағайы бар біреу ерсілі-қарсылы теңселіп жүрді де қойды.
  Қолында шаршаған ананың баласын аялағанындай мəпелеген винтовкасы
  бар, онымен қатар рельстердің арасында жарығы сараң фонарь ұстаған,
  мылтығының сүңгісі шошайған тағы да бір көлеңке жүр. Бұл кісі керемет
  қалжырады, əрі жан төзбестей боп жаурады. Оның көгеріп салдырап қалған
  қолдары жеңінің жыртығын тырмалап пана іздеді. Ақ сейсеп пен
  шашақтың арасындағы күлəпараның арасынан көрінген көнтік үсіген ауыз,
  қырау қатқан ұзын кірпік көзі де дұрыстап көрсетпейді. Ал бұл көздерге
  ұйқы тығылып, мұң ұялап, көгілдір екенін де байқатпайды.
  Кеудесінде əйтеуір жаны бар пенде сүңгісін шошаңдатып, бар ойлағаны
  кезектің аязды сағатта тез өтіп, жазадан бетер мынау қатыбас жерден кетіп,
  құдайы ыстықпен тұрбалары тыныстап тұрған ішке кіріп, эшелонды
  жылтып тар кереуетке ұзыннан түсіп бір көсіліп жату. Кісі мен көлеңке
  броньды бүйірдің отты ұшқынынан əскери жəшіктің қаракөлеңке
  қабырғасын бойлап “Бронепойыз Пролетарий” деген қара жазуы бар жерге
  жетті.
  Көлеңке бірде өсіп, бірде бүгіліп, тек күлəпарасының төбесі шошаюдан
  танбай, қара сүңгімен қар сызып жүр. Фонарьдың көгілдір жарығы кісінің
  сырт жағында жылтырайды. Екі көгілдір ай жылтпай, ыза қылып
  платформада тұр. Кісі жылынатын отты əр жерден-ақ іздеп жүр, бірақ
  тапқан жоқ, башпайларын жылытудан үмітін үзіп, оларды қозғап қойып,
  Слабоданың төбесінде алда аспанда жылмыңдап тұрған Марс жұлдызына
  көз тікті. Жұлдыз жаны бардай жиырылып, жазылып тұрған тура
  бесбұрыш. Көз айырмаған кісі миллион шақырым жырақта тұрса да
  қызғылт жанды жұлдыздан айырылар емес. Ара-тұра жалығып
  винтовкасының дүмін қарға қойып, қас қағым сəт қалғып кетеді, бірақ бұл
  мызғудан бронепойыз ешқайда кететін емес, жұрттың у-шуы да басылатын
  емес. Түсінде бұрын көрмеген көк күмбезі өсіп шығыпты. Түгел қызылға
  оранып, жаны бардай жарқыраған Марстың құшағында шалқиды. Адам
  жаны əп-сəтте бақытқа толды. Бейтаныс, түсініксіз бір салт атты шыға
  келіп, жылы шырай танытып бұған жақындап келеді. Тегінде бронепойыз
  түсінде мүлдем талқан болып, оның орнына қар астында қалған Кіші
  Чугры деревнясы өсіп шыққан сияқты. Ол өзі Чугрдың шетінде тұр да, оған
  көршісі əрі жерлесі қарсы келе жатыр.
  - Жилин, сенбісің? - деді үнсіз, еріксіз адам миы, сол сəт көкірегіндегі
  қаһарлы күзетші дауыс кеудеден үш сөз шығарды:
  -
  Күзет... қарауыл...
  Кісі мүлдем адам қолынан келмейтін күш-жігермен винтовкасын жерден
  алып қолына секіртті де, теңсетіліп аяғын жерден əрең жұлып ап қайта
  жүрді.
  Ілгері-кейін. Ілгері-кейін. Түстегі көк күмбезі көзден бұлбұл ұшты, аязды
  əлем көк жібекке аспанды қайта киіндірді. Зеңбіректің қап-қара апатты
  тұмсығы шұрқ-шұрқ тескен көк жүзі қайта бүтінделді. Қызыл шырайлы
  Шолпан жымыңдап, фонарьдың көгілдір айынан кісінің кеудесінде жауап
  жұлдыз жылтырады. Ол кішкентай болғанымен, бесбұрышты екен.
  Мазасы кеткен мүлгіген ұйқы онда соқты, мында соқты. Днепрді бойлай
  ұшты. Өлі айлақтарды басып, ұшып кеп етекке құлады. Онда оттар
  баяғыда-ақ сөнген екен. Барлығы ұйықтап жатыр. Тек Волыниская
  көшесінде үш қабатты тас үйдегі кітапха-нашының пəтерінде, арзан
  мейманхананың арзан көміріндей тар бөлмеде бүйірлі шыны қалпағы бар
  шамның алдында көзі көк Русаков қана ояу отыр. Русаковтың алдында
  сары былғары тысты ауыр кітап жатыр, жолдарды бойлап көз баяу, бірақ
  салтанатты жылжиды.
  “Мен де тəңірінің алдындағы өлілерді, кішілер мен ұлыларды көрдім, онда
  да кітаптар ашылып жатты, өмір кітабы атты өзге кітап та ашылды;
  өлгендер өз əрекеттеріне орай кітаптарда жазыл-ған бап бойынша
  айыпталды.
  Сонда теңіз өзінде болған өлгендерді, ажал мен тозақ өзіндегі өлгендерді
  берді, олардың бəрі жасаған қылмысына сəйкес сотталғандар
  ……………………………………………………….....
  ……… жəне өмір кітабына жазылмағандар бірден от көліне
  тасталды………………………….
  Мен жəне жаңа аспан мен жаңа жерді көрдім, өйткені бұрынғы аспан мен
  бұрынғы жер енді жоқ”.
  Оның қайран қалдырар кітапты оқуына орай ақыл-ойы түнекті қақ жарған
  семсердей жарқырады.
  Ол үшін ауру мен уайымның ешқандай мəні қалмаған сияқты боп көрінді.
  Орманда қурап ұмыт қалған бұтақтың қабығындай дерт далада қалды. Ол
  ғасырлардың түпсіз көк мұнарын, мыңжылдықтардың дəлізін көрді.
  Үрейді, құлақкесті құлдықты, талақ етіп, дана тірлікке сүйсіне қарады.
  Жүрегіне əлем орнап, сол əлемде ол: “... көзінен ұштым олардың, өлім енді
  болмайды, жылап-сықтау, аһ ұру, ауру қоңсы қонбайды, өткенмен кетті бар
  қайғы” деген сөздерді айтуға жетті.
  ... Ымырт үйіріліп, қаракөлеңке поручик Шервинскийдің Еленаға жолын
  ашты. Оның ісіңкі көзінен күлкі ұшқындайды.
  - Мен дəупері, - деді ол өкшесін тақ еткізіп, - ал енді оралмайды ол
  Тальберг - мен сізге əн салып беремін.
  Ол қалтасынан үп-үлкен жапырақша жұлдыз алып, оны сол жақ кеудесіне
  қадады. Үйқы тұманы торлап, оның қуқыл жүзі қуыр-шақтай əп-əдемі боп
  кетті. Ол əдеттегідей емес, жүрек қылын шерте шырқады.
  -
  Өмір сүру керек, өмір сүруге тиіспіз!!
  -
  Ал ажал жетсе өлуге де тиіспіз... - деп əндете Николка да бөлмеге кірді.
  Оның қолында гитара, ал бүкіл мойны қан, маңдайында иконкамен бірге
  сары шір. Елена ізінше ол өледі екен деп ойлап, еңіреп қоя берді, түн
  ішінде өз даусынан айғайлап оянды.
  - Николка, о, Николка?
  Жəне ұзақ өксіп, түннің былдырына құлақ түрді. Ал түн болса,
  баяғысынша жүріп жүр.
  Ең ақырында Петька Щеглов кішкентай үйде түс көрді.
  Петька кішкентай болатын, сондықтан большевиктерге де, Петлюраға да,
  Дəуперіге де ынта аударған жоқ. Сол себепті түсі қарапайым, кəдімгі
  күннің шарындай қарапайым һəм қуанышты болды.
  Петька кең байтақ жасыл шабындықта келе жатыр екен дейді, шалғында
  бір оның өзінен үлкен шар жатады. Түсінде үлкендер жүгіру керек болса
  аяғын ми-батпақтан суырып ала алмай, жанталасып жерге жабысып жатып
  алады ғой. Балалардың болса аяғы жеңіл, жүйрік келеді. Петька алмас
  шарға əпсəтте жетті, қуанышты күлкіден шашалып, шарға бас салды. Шар
  Петькаға жалт-жұлт еткен моншақ ұшқындар шашты. Түстің бар болғаны
  осы. Рақаттанып қанағат тапқан ол түнде қарқылдап күліп жіберді. Оны
  көңілденіп пештің қуысындағы шырылдауық шегіртке қолдады. Петька
  басқа да жеңіл, шат түстер көрді, шегіртке оған қол соққандай шырылдап
  əндетті де жатты, сөйтіп шелектің сыртындағы бұрышта отбасының
  қуанышын қолпаштады.
  Соңғы түн де шешек атты. Оның екінші жартысында зілмауыр көгілдір
  мұнар айығып, əлемді тұмшалаған тəңірдің пердесі ысырылып, аспан шыпшып жұлдызға толды. Тегінде олар шексіз шырқау биікте көгілдір перденің
  аржағында патша қақпасында күзетте тұрса керек. Михрабта самсата от
  жағып өздері үркер боп үйіріліп, креш боп тарамданып, шаршы боп
  тұйықталып, төңірегіне жарық түсірген тəрізді.
  Қан жұтқан күнəкар қарлы жерден Днепрдің үстіне тұнжыраған құзар
  биікке түн ортасындағы Владимир креші көтерілді. Қиырдан қарағанда
  оның көлденең қанаттары ғайып боп, тік жаншылған-дарымен қосылып,
  креш емес, қаһарлы семсерге айналып кеткен-дей көрінді.
  Алайда ол қатерлі емес. Бəрі де өледі. Зар-мұң да, азап-қайғы да, қанды
  майдан да, аштық пен тапшылық та, жоқшылық жұт та ұмыт болады.
  Семсер жойылады, ал міне мынау жұлдыздар қалады, онда жер бетінде
  біздің де тəнімізден де, ісімізден де түк қалмай көлеңкесіне дейін өтеді.
  Бұны білмейтін бірде-бір адам жоқ. Неліктен біз осыған назар аударғымыз
  келмейді. Неліктен, ə?
  1923-1924 жылдар.
  Мəскеу.
You have read 1 text from Kazakh literature.