Latin Common Turkic

Ақ Гвардия - 05

Total number of words is 3905
Total number of unique words is 2276
33.3 of words are in the 2000 most common words
46.5 of words are in the 5000 most common words
52.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тілгілеген арқалар, гетман армиясының майорлары мен лейтенанттарының
бір жапырақ қағазға жазып берген қолхаттары зығырданды қайнат-пай қоя
ма! Оқиықшы:
“Орыс шошқасына одан сатып алынған шошқа үшін 25 марка берілсін”.
Осындай қолхатпен қаладағы герман штабына келгендерді жəне қарқылдап
кекете күліп, мазақ қылатынын қайтерсің.
Ортаға түсірілген аттар да, тартып алынған астық та, гетманның тұсында өз
иеліктеріне қайтып оралған беттері сары табақтай помещиктер де “офицерсымақ” деген сөз естілгенде аза бойыңды қаза ғып, өшпенділікті
өршітіп жібереді.
Міне, осындайлар да болған.
Оның үстіне пан гетман жасауға ниет қылған жер реформасы жөніндегі
сыбыс та жүйкені жұқартып бітті.
- Əй, қап! Əттегене-ай! Тек он сегізінші жылдың қарашасында ғана, қала
түбінде зеңбіректер гүрілдегенде ақылды адамдар, арасында Василиса да
бар, мұжықтардың əлгі пан гетманды құтырған иттен жек көретінін болжап
білген.
Ал, мұжықтардың өзіне салса, ешқандай əлгі оңбаған пан реформасының
қажеті жоқ, керегі шаруалардың өзі мəңгуден армандаған мынандай
реформа:
-
Бүкіл жер шаруаларға берілсін.
-
Əркімге жүз десятинадан тисін.
-
Ешқандай помещиктің қарасы да көрінбесін.
- Аталмыш жүз десятинаның мəңгілік пайдалану берілгені елтаңбалы
қағазға басылып, мөрмен расталып, атадан - əкеге, əкеден - балаға, одан
немереге, əрі қарай мұра болып қала берсін.
- Қаладан ешқандай ұры-қары келіп, астық талап етпейтін болсын.
Астық мұжықтыкі, оны ешкімге бермейміз, жегенімізді өзіміз жеп,
артылғанын жерге көміп тастаймыз.
-
Қаладан тек кəрəсін əкеп тұрсын.
- Ал енді мұндай реформаны қадірменді гетман жүргізе алған жоқ.
Жалпы мұндай реформаны ешқандай шайтан жасай алмайды.
Көңіл жабырқатар сыбыстар болды: гетман мен неміс шабуылын тек
большевиктер ғана тойтарады, бірақ олардың да өз нəубеті бар деп жүрді,
олар:
-
Жөйіттер мен комиссарлар.
- Міне, осылай Украин мұжықтарының басы қатты. Ешқайдан құтқарар
күш жоқ!!
Соғыстан оралған, мылтық ата білетін ондаған мың адамдар болды...
- Бастықтардың бұйрығымен офицерлердің өзі үйреніп жатты. Жерге
көміп, елеусіз таса орындарға жасырып, немістердің тəйт десе əйт дейтін
жедел соттарының шешіміне, шомполмен сабап, бытырамен атқанына
қарамастан жұрт жүздеген мың мылтық-тарды, миллиондаған патрондарды
сақтап қалды, əрбір бесінші деревнядан пулемет табылды, əрбір қалада
снарядтар қоймасы, шинельдері мен папахалары бар, цейхгауздар болды.
Əлгі қалалардағы халық мұғалімдері, фельдшерлер, тағдырдың
бұйрығымен прапорщик болған украин семинаристері, омар-ташылардың
аяқ-қолы балғадай ұлдары, украин фамилиялас штабс-капитандар,
аулаластар, тұтқында болып Галициядан оралған мыңдаған украиндықтар...
- бəрі-бəрі украин тілінде сөйлеп, пандары, офицер-москальдары,
болмайтын қиялдағы ғажайып Украинаны сүйеді.
Бұлардың бəрі де ондаған мың мұжықтарға үстеме ауырлық емес пе?..
Ауырлық болғанда да о-го-го!
Бұл міне болды. Ал тұтқын... гитара өз алдына.
Сыбыс сұмдық, қаһарлы...
Шабуға бізді бет алды...
Дзинь... трень... еһ-е, һе, Николка.
Түрік, земгусар, Симон. Жə, ол дегенің болған емес. Əншейін ғана түкке
тұрмайтын аңыз, сағым. Басылмаған ашу-ыза да, мұжықтардың кек алуға
құштарлығы да, күн астындағы ыстық Украинасының адал ұлдарының
арманы - түгел тоқайласқан жай ғана сөз. Ал Украинаның адал ұлдары
мейлі большевиктік, мейлі патшалық, мейлі тағы қандай болсын - бəрібір
Мəскеуді жек көреді.
Василиса сəуегей сонау атақты қараша айында басын ұстап тұрып,
латынша: “Құдай кімді құртқысы келсе, соны ақылынан айырады” деп
бекер айтты, онымен де қоймай Петлюраны иіс-қоқыс қалалық түрмеден
шығарған гетманға қарғыс жаудырды емес пе.
- Бұның бəрі бос сандырақ. Ол болмаса басқа біреу босатар еді. Басқа
болмаса үшінші біреу бар емес пе.
Сонымен нышан атаулы бітіп, оқиғалар басталды... Екінші оқиға қайдағы
бір аңыз адамды түрмеден шығару сияқты анау-мынау емес,о, ол адамзат
баласы, бəлкім, əлі де жүз жыл бойы айтып жүретін ұлы оқиға болды.
Қызыл шалбар киген Гааль қораздары шалғайдағы Еуропалық Батыста
кісендеулі жуан немістерді өлімші ғып шұқып тастады. Мұның өзі сұмдық
көрініс болды: фригий қалпағы бар қораздар қырылдай шаңқылдап,
броньды тевтондарға тарпа бас салып, етін бронімен бірге жұлып тастап
жатты. Немістер де жан аямай шайқасты, мылтықтарының ұзын сүңгісін
қауыр-сынды омырауларына бойлатып, тісімен жұлмалады, бірақ төтеп
бере алмады - немістер! Қайран намістер! Аяңдар деп жалынды.
Келесі оқиға осымен тығыз байланысты, себептің салдары болып ол
осыдан арна тартады. Таңғалып, қатты абыржыған күллі əлемге есімі мен
шегедей тікірейген сапарлы мұрты бүкіл дүниеге белгілі сол бір түйір ағаш
жоқ түгел темірден жаратылған сол адам-ның тəйкесінен түскенін білді.
Тірі өлікке айналып, император-лықтан айырылды. Сосын қап-қара үрей
қаладағы бүкіл бастарды жел боп кеуледі: неміс лейтенанттарының
үстіндегі сұрғылт-көк мундирлерінің түсі сияқты өңіп, ұнжырғасы түскенін
жұрттың бəрі көрді, өз көзімен көрді. Мұның өзі көз алдында бірнеше
сағаттың ішінде ғана болды, аз ғана уақыттың бағдарында
лейтенанттардың көздері өлеусіреп, тұрғын жайларының терезелерінен
жанды жарық өшіп, үлкен əйнектерден үңірейіп там-тұм қайыршылық
сығалай бастады.
Міне дəл сол кезде ең ақылдылардың миына ток жүгіріп, берік сары
шамадандары мен тығыршықтай əйелдерін алып, больше-виктердің аран
сымды лагерьлері арқылы қалаға қарай ұмтылды. Олар тағдырының
жеңілгендермен байланысты екенін түсініп, жүректерін үрей кернеді.
-
Немістер жеңілді, - деді сұржыландар.
-
Біз жеңілдік, - деді бар жыландар.
Қалалықтар да осыны түсінді.
Əлбетте, өзі жеңіліп көрген кісі ғана бұл сөздің мəні қандай екенін біледі.
Ол электр жарығы істен шыққан үйдегі кешке ұқсайды. Ол тұсқағаздарын
өмір дертіне толы көк басқан бөлмеге ұқсайды. Ол балалардың іші
шермиген ит ауруына, иістеніп кеткен майға, қараңғыда жел даусымен
шыққан балағатқа ұқсайды. Бір сөзбен айтқанда, ол өлімге ұқсайды.
Əрине, немістер Украинаны қалдырып кетеді. Бұл дегенің біреулер қашыппысып, енді біреулер қалада жаңадан келген таңғажайып шақырылмаған
қонақтарды күтіп алады деген сөз. Демек, кейбіреулердің өлуіне тура
келеді. Қашып кеткендер өлмейді ғой, сонда өлетіндер кім болғаны?
- Өлім деген той тойлау емес, - деді кенет қайдан келгені белгісіз
палковник Най-Турс ұйықтап жатқан Алексей Турбиннің алдында тұрып.
Оның пошымы біртүрлі қызық: басында жалт-жұлт еткен дулыға, үстінде
жарқылдаған сауыт, қолында креш жорықтары кезінен бермен қарай ешбір
армияда болмаған сала-құлаш семсер. Жұмақ нұры Найдың соңында
шұғыла шашатын сияқты.
- Сіз пейіштесіз бе, полковник? - деп сұрады Турбин шын өмірде адам
ешқашан бастан кешпейтін тəтті тебіреністі сезініп.
- Иə, пейіштемін, - деп жауап қатты қала ормандарындағы таза бұлақ
суындай үні сылдыр қағып Най-Турс.
- Қандай ғаламат, қандай ғаламат, - деп тіл қатты Турбин, -Мен пейіш,
жұмақ дегендерің адамның əншейін бір арманы ғой деп ойлаушы едім.
Мынау сауыт-сайманыңыз да өзгеше екен. Сұрап білуге мұрсат етіңізші, сіз
осы жұмақта да офицер болып қаласыз ба?
- Олар енді крешкөтерушілер бригадасында доктор мырза, -деп жауап
берді вахмистр Жилин. Шамасы ол 1916 жылы Вилен бағытында белград
гусарлары эскадронында оққа ұшса керек.
Вахмистр мұнда əйдік баһадүр болып көтеріліпті, сауытының өзі сəуле
шашып тұр. Ауыр жарасын өз қолымен таңып берген доктор Турбинге
Жилиннің ұсқыны тұрпайылау көрінген еді, қазір танымастай болып
өзгерген, вахмистрдің көзі Най-Турстың көзі сияқты таза, тұңғиық, іштей
шапақ шашады.
Алексей Турбиннің бұл жарық дүниеде алаң көңілмен бəріне де жақсы
көретіні əйелдердің көзін ойыншылықтай ғып жасаған ғой... Алайда оларға
вахмистрдің қазіргі көзіне жету қайда.
- Сіз қалай? - деп қызыға сұрады қисапсыз қуанышты доктор Турбин, қалайша шпорлы етік пен жұмаққа кіріп жүрсіз? Тіпті сіздің аттарыңыз,
ақыр соңында кіре мен семсеріңіз де бар емес пе?
- Сөзіме сеніңіз, доктор мырза, - деді вилончельдей даңғырлап Жилинвахмистр жанары жүрек жылытардай шуақ шаша доктор-дың көзіне тура
қарап, - қалай десеңіз де бүкіл эскадронмен, салт атты саппен келдік.
Жарасымдылық дегенді алға тартасыз ғой. Оныңыз да дұрыс... Мұнда,
өзіңіз де білесіз қылаусыз тазалық, еденнің өзі шіркеудегідей жарқырап
жатады.
-
Ал, сонда? - деп таңғалды Турбин.
- Осы арада апостол Петр тап келмесін бе. Қызметтегі қария, маңғаз
болғанмен, кісіге жуық екен. Əрине, мен мəн-жайды баян етіп, белград
гусарларының екінші эскадроны жұмаққа аман-есен жетті, қайда тұр деп
бұйырасыз, дедім. Баян етуін баян еттім, ал өзім, - деп вахмистр
жұдырығын аузына апарып жөтеліп алды, -апостол Петр сайтанның
сапалағына кетсеңдер де мейлің, мұнда орын жоқ деп айта ма деп қипақтап
тұрмын. Өйткені, өзіңіздің де ішіңіз сезеді ғой, ат-матымыз бар, оның
үстіне... (вахмистр қысы-лып, желкесін қасыды) жол-жөнекей қылмың
қаққан қатындарды да ертіп алғанбыз. Апостолға бəрін айта тұрып,
қатындарды көрсетпеңдер деп взводқа ым қағамын. Жағдай айқын
болғанша бұлттың тасасында тұра тұрсын деймін де. Ал апостол Петр
еркін адам болғанмен дұрыс жан. Көзі жылт ете қалғанынан-ақ оның
көліктерде əйелдер отырғанын көргенін байқадым. Белгілі ғой, олардың бас
орамалдары бір шақырым жерден менмұндалап тұрады. Бітті! - деп
ойладым. Бүкіл эскадронның жолына тосқауыл қойылды...
“Еһе, сендер əйелдеріңмен жүрсіңдер ме?” - деп ол басын шайқады.
“Айтқаныңыз айдай анық, деймін мен, оған алаң болмаңыз, қазір-ақ
желкелеп қуып жібереміз, апостол мырза”.
“О, жоқ, дейді ол, сендер бұл арада қол жұмсау дегендеріңізді
доғарыңыздар”.
“Ал онда не істе деп бұйырасыз”. Аңқылдаған ақкөшек қария. Доктор
мырза, эскадронға жорықта жүргенде қатынсыз жəне болмайтынын өзіңіз
де білесіз ғой.
Вахмистр қулана көзін қысып қойды.
- Ол анық, - деп амалсыз келісуге мəжбүр болған Алексей Васильевич
көзін тайдырып əкетті. Біреуінің жаудыраған көзі қара, біреуінің бетіндегі
меңі қара, біреуінің тұңғиық жанары қалғыған қараңғылықта жалт ете
қалады. Доктор қысылғанынан тұтығып қалды да, вахмистр сөзін əрі қарай
жалғады:
- Ал, аналарды ма, қазір баяндап келейін, деп ол кетіп қалды да, оралып,
жарайды орналастырайық, - деді. Біздің сондағы қалай қуанғанымызды
сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы арада бір іркіліс болды. Күте
тұруға тура келеді, деді апостол Петр. Əйткен-мен, минөттен артық
тосқанымыз жоқ. Қарасам, таныс біреу келе жатыр, - деп вахмистр көп
үндемейтін маңғаз Най-Турсты нұсқады, ол əлгінде ғана түске кіріп,
артынша із-түзсіз кетіп қалып еді. -Кəдімгі эскадрон командирі Тушин
Ворда əдеттегідей желдіртіп жүр. Оның артынан сəл кейіндеу бейтаныс
юнкер жаяу əскер сапында адымдап келеді. - Осы жерде вахмистр
доктордан бірдеңені бүккісі келгендей бір сəтке үнсіз қалып, төмен тұқшырайды, бірақ қимылы қайғының емес, қуаныштың нышаны екен, сосын
қайта сөйлеп кетті: Петр оларға қолының астымен қарап: “Ал енді, қазір
бəрі де жанып тұр ғой!” деді де, заматта есік айқара ашылып, кəне оң
жақтан үш-үштен тұра қалыңдар деп ишарат етті.
Дунька, Дунька, сүй мені,
Жаңа піскен жидегім, деп шулап қоя берді, тура бір түстегідей темірше шыңылдаған
дауыстардың хорына итальян сырнайы қосылды.
-
Аяқтарыңды осылай ал! - деп айқайлады алуан дауысты командирлері.
И-еһ, Дуня, Дуня-жан,
Мені сүй де жүр аман, -
деп хор дауысы алыстан тынды.
-
Əлгі əйелдермен бе? Сонша қадалғандарың не? - деп аһ ұрды Турбин.
Вахлистр кеңкілдей күліп, қуана қолын сермеді.
- Жаратқан құдайым-ау, о не дегеніңіз, доктор мырза. Орын ба, орын
дегеніңіздің онда ұшы-қиыры жоқ. Алғаш шолғанның өзінде бес корпус
көзге шалынады, тағы осындай бес эскадронды, бесің не - он эскадронды
орналастыруға болады. Біздің қасымызда зəулім сарайлар тұр, төбесінің
биіктігіне тіпті көз жетпейді. Мен болсам: “Сұрауға рұқсат етіңізші,
мыналар кімге арналған?” - деп қақылдамаймын ба. Өйткені ол ғимараттар
өзгелерге ұқсамайды: жұлдыздары қызыл, бұлттары қызыл, түсі көз
шағылыстырады... “Ал, бұл, - дейді апостол Петр, - большевиктер үшін,
əлгі Перекоп-ты алған”.
- Қандай Перекоп? - деп сұрады азын-аулақ ақылына салып, шешімін
таба алмаған Турбин.
- Жоғары мəртебелім-ау, бұларға жер үстіндегінің бəрі алдын ала белгілі
болады екен ғой. Жиырмасыншы жылы Перекопты алғанда большевиктер
қисапсыз қырылған жоқ па. Демек, соларды қабылдау үшін əзірленген бұл
ғимараттар.
- Большевиктерді дейді? - деп Турбиннің көңілі алау-жалау болды. Сіз
бірдеңені шатастырып тұрсыз, Жилин, бұлай болуы мүмкін емес. Оларды
жұмаққа жібермейді.
- Доктор мырза, өзім де солай ойлағанмын. Өзім де. Апшым қуырылып,
жаратушы құдайдың өзінен сұрағанмын...
-
Құдайдың өзінен бе? Ой, Жилин!
- Күмəнданбаңыз, доктор мырза, рас айтып тұрмын, өтірік соғып қажеті
не, онымен жүзбе-жүз əлденеше рет сөйлестім.
-
Ол қандай екен сонда?
Жилиннің көзінен нұр шашырап, бет əлпеті керемет əрленіп кетті.
- Өлтірсең де айтып түсіндіре алмаймын. Жүзі нұрлы, бірақ қандай
екенін түсіне алмайсың. Былай да болады, оған қарайсың да тұла бойың
мұздап кетеді. Кейде ол сенің өзіңе ұқсайтындай болып елестейді.
Бойыңды үрей билеп, бұл не өзі деп ойлайсың. Сосын ештеңе жоқ, бəрі де
басылады. Жүзі алуан түрмен құбылып тұрады. Ал сөйлеп кеткенде
қуаныштан өзіңді қайда қоярға білмейсің... Міне, қазір көгілдір түс
тарқайды деп отырасың. Іле... ол түсің көгілдір болмай шығады (вахмистр
ойланып қалды), білмеймін қандай. Жүз шақырым жерден сені бірден
көзбен сүзіп шығады. Ал енді, мен баяғы күмəнімді шешкелі, құдай-ау,
сенің анау поптарың большевиктер тозаққа барады деп жүр ғой, деймін
баяғы. Сонда бұл өзі не болғаны? Олар саған сенбейді, ал сен оларға
қандай сарай соққансың.
“Иə, сенбей ме олар?” - деп сұрады ол.
“Нағыз құдай өзіңіз білесіз ғой, құдайға жалған сөз айтуға қорқамын”
деймін мен. Байқасам, ол жымиып тұр. Мен ақымақтың оған баяндап не
атамның құны бар, ол барлығын менен мың есе артық біледі емес пе, деп
ойладым. Алайда оның не айтқанын білген қызық қой. Ал ол былай деді:
“Жарайды, сенбесе сенбесін, оған не лаж жасайсың. Мейлі маған одан
келіп, кетер ештеңе жоқ, ыстық та емес, суық та емес. Саған да солай.
Сондықтан сендердің маған сенгендеріңнен кіріс те жоқ, шығыс та жоқ.
Біреуің сенесің, екіншің сенбейсің, бірақ бəріңнің жасайтындарың бірдей.
Қазір біріңді-бірің алқымнан сығып жатсыңдар. Ал сен сарай деп отырған
қазармаларға келсек, Жилин, бұл арада мынаны түсіну керек. Майдан
даласында өлген сендердің бəрің де маған бірдейсіңдер. Мұны, Жилин,
түсіну керек. Əрине оны кез келген біле бермейді. Жалпы сен, Жилин,
бұлармен басыңды қатырма. Тыныш тірлік етіп, сейіл құр”.
Алды-артымды орап түсіндірді емес пе, доктор мырза. Сонда да мен “Ал
поптар ше?” деп қоймадым. Осы арада ол қолын бір сілтеді де: “Сен маған,
Жилин, ең жақсысы поптарды есіме салма, деді. Олармен не істеу керек
екеніне миым жетпей қойды. Яғни, сендердегідей ақымақ поптар жарық
дүниеде жоқ. Саған құпия ретінде айтамын, Жилин, олар көп емес,
масқара, мазақ”.
- Иə, оларды таза ғана босатып жібермейсің бе жұмысынан, құдай-ау, деймін мен.
“Аяймын, Жилин, мəселе сонда боп тұр ғой” - дейді ол.
Жилиннің айналасындағы шұғыла көкке айналды, адам айтқысыз қуаныш
ұйқыдағының жүрегін кернеді. Қолын жарқылдаған вахмистрге созып ауыр
күрсінген ол:
- Жилин, Жилин. Бірдеңе ғып маған сіздердің бригадаларыңызға дəрігер
боп орналасуға бола ма? - деді ұйқысырап.
Жилин құптай қолын бұлғап, ілтипатпен нығарлай басын изеді. Сосын əрі
қарай жылжып, Алексей Васильевичті қалдырып кетіп қалды.
Турбин де оянды, алдында Жилиннің орнында жаңа шыққан күннен
бозамық тартқан терезенің шапақты шаршысы тұрды. Доктор қолымен
бетін сүртіп, оның көз жасымен суланғанын сезді. Ол таңертеңгі алакеуімде
ұзақ күрсінді, сосын ұзамай қайта ұйықтап кетті. Ендігі ұйқысы түс көрусіз
біркелкі тыныш болды.
Иə, өлім дегенің көп бөгелген жоқ. Ол күзден бастап қыс бойы Украин
жолдарында ұйтқыған қармен бірге қабындады да кетті. Орман
қылталарында ол пулемет боп зіркілдеді. Оның өзі көзге көрінген жоқ,
бірақ оған осының алдындағы мұжықтардың алапат ашу-ызасы себеп
болғаны бірден білінді. Ол бұрқаған боранмен, ызғырық суықпен
қойындасып, жыртық шабатамен, бөріксіз басқа құлаған шөппен бірге
ұйтқып, ұлыды да тұрды. Қолында əлемет дəу шоқпар, асылы мұнсыз
Ресейде ешқандай бастама болмайды ғой. Қолтоқпақтай қызыл қораздар
ұшып-қонып жүрді.Сосын қызара батқан күннің жалқынынан еркек
жынысына ілінген ішімдік сататын жебірей көрінді. Сұлу поляк астанасы
Варшавада бір елес қылаң берді. Генрих Сенкевич ақша бұлтқа оранып
мысқылдай ыржиып күліп тұрды. Сосын жайдан-жай нағыз шалдуарлық
басталып, ісініп-кебініп, бұрқыратып көбік атты. Поптар қоңырау
даңғырлатып, шіркеулерді басына көтерді, ал олардың тап қасындағы
терезелері мылтық оғынан сынып түскен мектеп үйлерінде революциялық
əндер шырқалды. Елес жолдарды да басып өтті - Дегтяренко деген бір
самогон иісі бұрқыраған, аузы-басы толған боқтық қайыршы шалдың
аузынан жұрт адам мен азамат құқықтарының декларациясын еске
түсіретіндей жаман ырым шақыратын есірік сөздер естиді. Сосын əлгі
сəуегей Дегтяренко жата ғап зарланады, ал оны омырауына қызыл бант
қадаған бір кісілер шомполмен кеп өлімші ғып сабайды. Дəл осыны
көргенде ең əккі мидың өзі естен ауысып дал болар еді, өйткені қызыл бант
болса, ешқашан шомполға ерік берілмейді, ал шомпол жұмсалса, ол жерде
қызыл бант жүруі мүмкін емес.
Жоқ деймін-ау, мұндай елде, мұндай кезде тұншығып кетесің. Мейлі,
құрысыншы бəрі. Айнала аңыз. Петлюраң да аңыз. Жалпы ол болған емес.
Бұл тамаша бір аңыз, баяғы болмаған Наполеон туралы аңыздан əдемілігі
сəл ғана төмен аңыз. Басқа да амалдар болды. Əлгі бұрқанған мұжық ашуызасының бетін бəз-бір арнаға алдаусыратып бұру керек еді, бұл жарық
жалғанда ондай əзəзілдің алуан жолы бар, қанша жан ұшырып
жүгіргенімен кісіні ұдайы сол таныс қиылысынан шығармайтын тəсіл ол.
Бұл өте оңай. Апалаң-топалаң шақта оған баратын адамдар табылады.
Мінеки əлдеқайдан бір полковник Торопец деген шыға келді. Бақса, ол
артық-кемі жоқ австрия армиясының адамы көрінеді...
-
Қойшы əрі, о не дегенің?
-
Соған сендіремін сізді.
Сосын Винниченко деген жазушы шықты. Ол өзінің атағын екі дүниесімен
шығарған көрінеді:
Бірі - он сегізінші жылдың басында-ақ сиқырлы толқынымен оны торыққан
Украин теңізінің айдынына алып шыққан романдары да, екіншісі - СанктПетербург қаласының сатиралық журналда-рының сол сəтте-ақ оны опасыз
сатқын атауы.
-
Өзіне де сол керек...
- Қойшы, онысын мен білмеймін. Ал сосын əлгі қалалық түрменің тағы
да тылсым тұтқыны бар емес пе.
Қыркүйектің өзінде Белая Церковь сияқты болмашы жерден дер кезінде
шыға келетін дарыны бар үш бірдей адамды жасақтауға болатынын Қалада
ешкім тіпті елестете де алмаған-ды. Қазан айында бұған көз кəміл жетіп,
жүздеген шамдармен жарқыраған пойыздар. Бірінші қаланың жолаушылар
вокзалынан əзір жолы кең жаңадан пайда болған Польша мен Германияға
кете бастады. Жеделхаттар жүйткіді. Жалтылдаған жауһарлар, ойнақшыған
көздер, бөліп қайырылған шаштар, десте-десте ақшалар кетті. Түстікке, иə
оңтүстікке, теңіз жағасындағы қала - Одессаға ұмтыл-ды. Қараша айында,
əттегене, жұрттың бəрі оны недəуір анық білді.
-
Петлюра!
-
Петлюра!
- Петлюра! - деген сөз секіріп қабырғалардан көңілсіз телеграф
ақпарларынан ыршып түсіп жатты. Таңертең ол газет беттерінен кофеге
тамып, тропикалық тəңірлік сусын табан астында жуындыға айналып,
ауызды сасытты. Тілдің ұшында билеп, телефонистердің саусағы астында,
Морзе аппараттарында тықылдады. Осынау жұмсақ сөзге байланысты
қалада ғажайыптар туындады, ал немістер оны өз мəнеріне салып:
-
Пэтурра, - дейтін болды.
Қаланың шет жағында сандатылатын жаман əдетке үйренген кейбір неміс
солдаттары кейде жайылып кететінді шығарды. Түнде жайылып
кеткендердің күндіз өлі денесі табылып жүрді. Сондықтан түнде неміс
қарауылдары дөңгелек леген киіп жүрді басына. Олар жəне тəртіпсіздікке
жол бермес үшін қолдарына фонарь ұстап жүретін болды. Алайда
ешқандай қолшам баста қайнап жатқан ботқадан айықтыра алған жоқ.
Вильгельм. Вильгельм дейді. Кеше үш немісті өлтіріп кетіпті. Құдая, сіз
білесіз бе, немістер кетіп жатыр дейді?! Мəскеуде жұмысшылар Троцкийді
тұтқындапты!!! Бəз-бір иттің балалары Бордянка түбінде пойызды
тоқтатып, түк қалдырмай тонап алыпты. Петлюра Парижге елшілік
жіберіпті. Тағы да Вильгельм. Сатпақ қара синегалдарың болса, Одессада.
Белгісіз жұмбақ есім - Консул Энно деген шықты. Одесса ма, Одесса.
Генерал Деникин. Тағы да Вильгельм. Немістер кетеді, француздар келеді.
-
Большевиктер келеді, əкетай!
-
Тіліңе шоқ түссін, атеке!
Немістерде көрсеткіш тілі бар бір аппарат бар көрінеді - оны жерге қоя
қойса болды, тілшігі қарудың қайда жасырынғанын көрсетеді дейді. Міне,
бұл құрал! Петлюра большевиктерге елшілік жіберіпті. Бұл əлгіден де
асқан керемет десеңізші! Петлюра. Петлюра. Петлюра. Петлюра. Пэтурра.
Ешкім де, ешбір тірі пенде əлгі Пэтурраңның Украинада не орнатқысы
келіп жүргенін білген жоқ, бірақ оның өзіндік беті жоқ, жұмбақ тылсым
жан екенін жұрт бастан-аяқ тегіс білді. (Тіпті газеттердің ауық-ауық өз
беттерінде редакцияға бірінші түскен католик имамының суретін басып,
келесі жолы оны басқасымен ауыстырып, астына Симон Петлюра деп атап
жазып жүргеніне де қараған жоқ). Сол тылсым тұлғаның Украинаны басып
алғысы келетінін, сол үшін алдымен қаланы алып алмақшы екенінен де
хабардар.
6
Мадам Анжудың “Париж сəулеті” дүкені қаланың дəл ортасына
орналасқан. Опера театрының сыртынан өтетін Театр көшесіндегі көп
қабатты үлкен үйдің бірінші қабатында. Көшеден басталған баспалдақтың
үш сатысы əйнек есік арқылы дүкенге кіргізеді. Əйнек есіктің екі бүйірінде
шаң басқан тор перде ұсталған екі терезе бар. Мадам Анжудың қайда
кеткенін, оның ғимараты нелік-тен дүкен ретінде ұсталып сауда мақсатына
пайдаланылмайтыны жұртқа беймəлім. Сол жақ терезеде түрлі түсті əйел
қалпағының “Шик паризьен” деген алтын жазуы бар сурет салынған да, оң
жақ терезенің əйнегіне артиллеристердің погонындағыдай айқасты-рылған
екі одессалық зеңбірек салынған сары қатырғыдан жасалған үлкен плакат
ілініпті, оның үстіңгі жағына:
Болма мейлі қан майданның ері шын,
Ал ерікті болу абзал борышың, деп жазылыпты.
Зеңбіректердің астында мынадай сөздер бар:
“Қолбасшы атындағы Мортирлік дивизионға еріктілерді жазу жүргізіледі”.
Дүкеннің подъезінде ыс басқан, бұрандалары ағытылған қайықты
мотоциклетка тұр, ал серіппелі есік сəт сайын сартылдап, жоғары
жағындағы таңғажайып қоңырау ашылғанда сыңғыр қағып, мадам
Анжудың осы таяудағы ғана бақытты заманын еске түсіреді.
Турбин, Мышлаевский жəне Карась мас болған түннен кейін бір мезгілде
ояндыі, бірақ недəуір кеш, түске қарай тұрды, бірақ бастары ауырмай,
ақыл-есі айқын боп оянғанына өздері де таң, Николка мен Шервинскийдің
жоқ екені белгілі болды. Николка алакөбеден құпия бір қызыл түйіншегін
қамдап мықшыңдап өзінің жасағына тартты, Шервинский болса, осы əлгі
əзірде ғана коман-дарманың штабындағы қызметіне кетті.
Мышлаевский кіндігіне дейін шешініп тастап, Анютаның ас үйдің
сыртындағы армандай бөлмесінде шымылдықпен бөлінген ваннадағы
кранды ашып, мұздай судың астына мойнын төсеп, арқа-басын жуып,
рақаттана айғайға басып:
- Эһ! Осы керек еді! Керемет! - дей жүріп, суды екі аршындай жерге
шашты. Сосыін түкті ақжапқышпен сүртініп, киінді де, басын бриолинмен
майлады, таранып болып Турбиннен:
- Алеша, досым ретінде кие тұруға шпорыңды берші, - деп өтінді. - Үйге
енді бəрібір соқпаймын, ал шпорсыз ешқайда көрінгім келмейді.
-
Кабинеттен барып ал, үстелдің оң жақ тартпасында жатыр.
Мышлаевский кабинетке кетіп, біраз бөгеліп барып, салдыркүлдір еткізіп шықты. Тəтесіне демалысқа кетіп, ертеңгілік оралған қарақат
көз Анюта қораз қанатынан жасалған сыпырғышпен мамықтақтардың
шаңын сүртіп жүрген болатын. Мышлаевский есік жаққа көз қиығын
салып, тура жолын өзгертіп, бұралаңға басып, бір айналып түсті де,
ақырын ғана:
-
Армысың, Анюточка... - деді.
- Елена Васильевнаға айтамын, - деді замат жайдан-жай ойланбай
сыбырлаған Анюта көзін жұмып, бəз-бір жендеттің пышағына
мойынсұнған жазалы сияқты.
-
Ақымағым...
Турбин күтпеген жерде есіктен сығалап қалды. Жүзі ызбарланып кетті.
- Сыпырғышты қарап тұрсың ба, Витя? Солай де. Əдемі ме екен? Ал сен
осы өз жолыңмен жүрсең қайтеді, ə? Ал сен, Анюта, есіңде болсын, егер ол
үйленемін дейтін болса, сөзіне сенбе, ол үйленбейді.
- Ал не боп қалды, құдай-ау, адаммен адам сияқты амандасуға да болмай
ма?!
Мышлаевский орынсыз жазғырудан күреңітіп кетті де, кеудесін кере түсіп,
шпорын шылдыратып қонақжайдан шықты. Асханада ол ақсары маңғаз
Еленаның қасына келді, көзі мазасызданып əржаққа жүгіріп тұр.
- Армысың, Лена, жарқыным, қайырлы таң саған. Егм...
(Мышлаевскийдің тамағынан болаттай шықылдаған тенордың орнына
қырылдаған баритон дауыс шықты). Лена жарқыным, -деді ол ілтипатпен, ашуланбашы. Мен сені жақсы көремін, сен де мені жақсы көр. Ал кеше мен
иттік жасасам, оны көңіліңе алма. Лена мені қайдағы бір сұмпайы деп
ойлайсың ба сен?
Осыны айтып ол Еленаны қапсыра құшақтап, екі бетінен сүйіп алды.
Қонақжайда баяу ғана тырс етіп, қораз тəжі құлап түсті. Мышлаевский
Турбиндер пəтеріне келсе-ақ, Анюта оғаш бірдеңеге тап болады. Қолынан
шаруашылық заттары шашылып, ас үйде болса, қолынан пышақтар түсіп,
буфет үлдірігінен шыныаяқтар құлайды. Аннушка абдырап, алдыңғы
бөлмеге əлсін-əлі жүгіріп, галоштарды реттеп, оларды сүрткішпен
өкшесіне дейін түскен шпорын шылдыратып төрткүл иек пен қақпақтай
жауырын, көкшіл бриджі көрінгенше сүртеді. Сонда ғана Аннушка көзін
жұмып алып, адыра қалғыр тар дəлізден бір бүйірлеп əрең өтеді. Міне,
қазір де қонақжайда сыпырғышын түсіріп алып, өрнексіз перде арқылы
əлдеқайда қарап, сұрғылт бұлтты аспанға көз салды.
- Витька, Витька, - деді Елена театрдың жалтырата тазартылған
тəжіндей басын шайқап, - түріңе қарап тұрсам, атпал-ақ жігітсің, ал кеше
жібің сонша босап кеткені не? Кəне, отыр да, шай іш, ептеп сергірсің.
- Ал, сен бар ғой, Леночка, құдай ақына бүгін керемет көрінесің.
Желегің тіптен жарасып тұр, рас, арыммен ант етемін, - деді сұқтана қарап,
жылпың жанарын жеңіл ғана буфеттің айналы түбіне жүгіртіп
Мышлаевский. - Карась, қарашы қандай желең. Жап-жасыл. Жоқ-ау деймін,
сондай тамаша.
-
Елена Васильевна өте əдемі, - деп шын жүректен байсалды жауап
қатты Карась.
- Байқайсың ба, Елена жарқыным, кешегі бастың сақинасынан кейін
маған сол құрғыр сақинамен күресу мүмкін емес сияқты көрінді.
-
Жарайды, əне буфетте.
- Міне, міне айттым ғой. Бір-ақ рөмке. Кез келген пирамидоның-нан
артығы сол.
Кейігендей кейіппен тыжырынып Мышлаевский бірінен соң бірін екі
стақандай арақты тартып жіберіп, жұмсап қалған кешегі қиярмен зəрін
басты. Осыдан кейін ол жаңа туғандай түлеп салып, лимонмен шай ішуге
тілек білдірді.
- Сен, Леночка, алаңдамай мені күт, - деді Турбин қырылдаң-қырап, барып жазыламын да қайтып келемін. Əскери қимылдарға қатысты
мазасызданба, осы қалада боламыз, осында отырып-ақ əлгі зəргентай
украин президентіне тойтарыс береміз - өл де маған оңбағанға.
-
Сендерді басқа жаққа жіберіп жүрмесе, жарайды ғой.
Карась тыныштандырып қолын сілтеді.
- Алаңдамаңыз, Елена Васильевна. Біріншіден, сізге айтып қоюға
тиіспін, əлі екі аптадан ерте дивизион еш жағдайда дайын болмайды,
сырттан келетін аттар мен снарядтарды күтеді. Əзір бола қалған күннің
өзінде, еш күмəнсыз Қаланың өзінде қаламыз. Қазір жасақталып жатқан
бүкіл армия қаланың гарнизоны болады. Бəлкім, одан əрі Мəскеуге жорық
басталған жағдайда жылжы-масақ...
-
Ой, оған дейін қайда... Эгм...
-
Ол үшін Деникинмен ертерек қосылу керек...
- Иə, мырзалар, сіздер мені бекер жұбатасыздар, мен жалпы ештеңеден
қорықпаймын, қайта қолдаймын.
Елена шынында да сергек сөйледі, оның көзінен күнделікті іскерлік қамқарекет байқалды. Кəдімгі “күнделікті тірлік қаратпай-дының” кері.
- Анютка, - деп айғайлады сосын ол, - айналайын, анау айбанда Виктор
Викторовичтің іш киімдері жатыр, шөткемен жақсылап тазалап, соларды
жушы, балақан.
Еленаға бəрінен бұрын созымды, көгілдір көзді, тəпелтек Карасьтің сөзі
медет болды. Өзіне сенімді Карась сарғыш френчі-мен сондай
салқынқанды, көзін сүзіп, шылым шегіп отырды.
Алдыңғы бөлмеде бəрі қоштасты.
Ал жаратқан тəңірім пана болсын сіздерге, - деп қатқыл сөйлеген Елена
Турбинді шоқындырды. Сол құсатып Карасьқа да, Мышлаевскийге де
ырым жасады. Мышлаевский оны құшақтап, шинель киіп, белін бекем
буып алған Карась оның екі қолынан бірдей сүйді.
- Полковник мырза, - деді шпорын ақырын тырс еткізіп, қолын
күнқағарына қойған Карась, - баяндауға рұқсат етіңіз.
Полковник мырза жасыл түсті аласа өрнекті мамықтақта дүкеннің оң жақ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ақ Гвардия - 06
  • Parts
  • Ақ Гвардия - 01
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2312
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 02
    Total number of words is 3862
    Total number of unique words is 2332
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 03
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2201
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 04
    Total number of words is 3792
    Total number of unique words is 2379
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 05
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2276
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 06
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2225
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 07
    Total number of words is 3817
    Total number of unique words is 2218
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 08
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 2225
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 09
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2244
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 10
    Total number of words is 3895
    Total number of unique words is 2104
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 11
    Total number of words is 3978
    Total number of unique words is 2111
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 12
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2082
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 13
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 2249
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2038
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 15
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2068
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 16
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2344
    28.7 of words are in the 2000 most common words
    42.0 of words are in the 5000 most common words
    48.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 17
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2051
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 18
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2163
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ақ Гвардия - 19
    Total number of words is 2671
    Total number of unique words is 1718
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.