Latin Common Turkic

Қарағанды - 26

Общее количество слов 3843
Общее количество уникальных слов составляет 2226
34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
— Əуелі комбайнды дəлелдеңізші. Сонсоң ол тентек шалдың күшін
көрелік!—дегенде Козлов жымыңдап, көтеріліп қалды. Дереу
чертежын, ағаштан жасаған үлгілерін көрсетіп жатыр:
— ...Мына өзгерісті Əшірбек, мынаны Əкім қосты... Инженер,
механик, машинист — үшеуі ұнатқан, қалай ұнамас екен! Макет бітсін,
мен онымен басқаша сөйлесем сонда.
Үлгі бойынша балшық-құмнан жасалып жатқан ұяларды, қағаздағы
қым-қуыт сызықтарды Козлов құмарта түсіндіріп тұр. Жанабіл бəрінен
де оның құмарлығына сүйсінді. Карт адамның сөзінен жастық жалыны
лапылдайды.
— Менің басымнан ұйықтағанда да шықпайды бұл машина.
Қызметтен бос уақыттың бəрін осыған жұмсап келем...
— Бұл құмарлық жеңіп тынады, Борис Михайлович! Жаңа ой тіпті
жасартып жіберген сізді. Бірақ, шахталарыңыз олқылықта көрінеді.
Бұл қалай?
— Оның үлкен мəні бар...— деп Борис Михайлович топырақ
үйіндісіне отыра кетті. Шахта жайын кеңінен толғап, ұзақ əңгімеге
кірді екеуі...
IX
Шатыр төбелі ұзын ақ қора өзек жағасында тұр, күнге шағылысып,
тіпті шаңқан көрінеді. Сол қорадан желе шоқытып жан-жағына қарана
шыққан Жайлаубай ұзап барады. Əуелі өзекті қабақтай жүрді, одан оң
жағындағы белеске көтерілді. Белесті жоталай отырып сары шоқының
басына жеткенде айқай сала ойға қарай құйғытты. Астында күрең
дөнен, ылди, жер тегіс емес, сүрініп кетсе допша домалар еді.
Саспайтын қартаң адам жастарша шауып келеді. Сонау ойда, шоқ
қарағанның тасасында кек сиырды қасқыр жеп жатқан сияқты. Сол
маңда ұя салған қасқыр болатын, жануар бошалап шығып, өзі барды
деп келеді. Кінəні сиырға аударса да көңілі көншіген жоқ. Осы совхоз
ұйымдасқаннан бері саулы сиырларды басқаратын, бір бұзауы
шетінеген емес-ті. Енді тапа-тал түсте асыл текті көк қасқаны қасқырға
жегізсе, қара басқаны да. «Апыр-ау, қас пен көздің арасында қалай
айрылдым!» деп тақала бергенде, ыржиып күліп жіберді. Атының
басын тартты. Қасқа сиыр теріс қарап, толғатып жатыр. Қипақтап
оқтын-оқтын артына қарағанда, маңдайының қасқасы ағараңдаған
қасқыр боп көрініпті Жайлаубайға. Алданғанына ұялып та, қуанып та
қалды. Атының аяғына тұсамыс салып қарағанға байлады да, сырт
киімін шешіп тастап, сиырдың тууын күтті. Бұзаудың тұмсығы,
алдыңғы екі аяғы көрінді. Содан артық шыға қоймай бөгеліп тұр.
Жайлаубай сиырымен қоса толғатып отыр...
— Қиналды-ау, жануар! Басы шықса екен,— деп қояды. Бір кезде
басы шығып еді, өзге денесі шығуын күтпей-ақ суырып алды бұзауды.
Дереу аузын, мұрнын үргілеп, құлағын, аяғын сыпырып жатыр. Көк
қасқа да түрегеліп мекірене жалады бұзауын. Жайлаубай енді екеуін
оңаша қалдырып, ойланып тұр:
«Адам, мал, ұшқан құс, жүгірген аң—бəріне бала қызық. Шіркін
бала!» деп өзінің дүниеден баласыз өтіп бара жатқанын тағы да бір
есіне алды. Совхозға келгелі ескі мінез, əдеттердің талайын тастаса да,
осы «ұрпақсыздық» уайымын тастай алмай қойды. «Шекер рұқсат
етсе...» дейтін бір кезде. Шекер балаға өзінен əрі құмар, əлдеқашан
рұқсат еткен. Бірақ, Жайлаубайдың əлі бітіргені жоқ. Заман
көтермейді, жаспен отасаламыз ба, деп соза тартып келеді. Жасы
алпыстың ішіне енді, Жайлекең сірə сол бетімен кететін шығар.
— Бұ да нəресте ғой,— деді де бұзауды шапанына орап, кеудесіне
қысты. Атын жетелеп, жаяу тартты совхозға. Аз мінілген шəлкес дөнен
бұзау өңгертпек түгіл, жетектің өзіне бұлтақтап жөнді жүрмей келеді.
Сиыр ыңырсып ере берді. Бұзау тұмсығымен аймалап, Жайлекеңнің
сақалының астынан емшек іздейді. Жайлекең оған ыржия күліп, иегін
көтере түседі де.
— Ай нəресте,— деп қояды. «Нəресте» бұлқынуды шығарды. Мазасы
кетіп, қолы талған соң Жайлекең оны мойнына асып, аяғынан тырп
өткізбей ұстап алды. Жасамыс адам жанды жүкпен алыса-алыса
терледі, ентікті.
— Қап!— деді бір кезде. Бұзауды жерге қоя сала шешіне бастады.
Былғап кетіпті. Сонда да ренжудің орнына күліп жіберді. Оның
ойындағы: «Көк қасқа былтыр тұмса бұзаулағанда 3 мың берген. Биыл
сөз жоқ бес мың литр береді. Бұзауы үш жылдан кейін өзіндей сиыр
болады. Аман табылғаны жақсы болды!— деген қуаныш шаршағанын
елетпеді, ренжітпеді. Былғанған киімін бəкісімен қырып, тазартып
отыр. Бұзау түртініп енесін еміп жатыр. Көк құладын айнала ұшып,
бұлардың төбесіне төніп-төніп кетеді. Желіні салақтаған бір қасқыр
баспалап алыстан торып, едірейе қарайды. Түсіне алмай жүр. Дəу қара
шұбар жылан төртеуінің дəл ортасында ұйысқан ескі көденің түбінде
деп-дөңгелек боп ұйықтап жатқан. Дыбыспен оянып кетті. Басын
көтеріп қарады да, байлаулы аттың алдынан сумаңдап өте берді. Ат
осқырып қалғанда ғана Жайлекеңнің көзі түсті жыланға. Ұшып барып
қамшымен тартып қалды. Басын мыжғылап өлтіріп, қамшының
сабымен жерді қазды да көміп тастады.
— Дұшпан өлді!—деп жақсылыққа жорып тұр. Ағара бастаған
сұйықтау сарша сақалын саусақтарымен ақырын тарап, жан-жағына
көз салды. Совхоз жерінің бұл жағы бұйрат — белесті кең дала, мал
жайылады. Бойдақ сиырлар отары да, қой фермасы да осы жақта.
Совхоздың негізгі кəсібі егіс болса да, малы жылдан жылға өсіп барады.
— Жер отайған екен, əттең су тапшы,— деді ішінен.— «Бөрілінің»
түбінен бір тоған, «Шолақтүлкіден» бір тоған, «Көкпектіден» бір тоған
байласа, су қандай молаяр еді. Сонсоң жаз бойы кезек жайлай бер.
Малдың жаны жаңа қоныс қой, шіркін!
Күн ысып барады. Сəске түс. Фонары күнге шағылысып, М-ка
құлады белестен. Із екшесі бойдақ мал отарынан шыққан тəрізді.
Жолмен совхозға тура тартып бара жатты да, кілт бері бұрылды.
Жолсыз айдап тура келеді.
— Марияштың машинасы емес...— деп қасына келгенше танымай
тұр еді Жайлаубай. Машинадан Щербаков пен - Марияш түскенде,
күлімсірей келіп қол ұстасты:
— Мал басына Сергей де келеді екен-ау, адасып жүрген жоқ па?
— Несіне келейін, саған сеніп жата берем.
— Ал, келген екенсің, айтып кет, ақталып па сенім?.
— Аз келсем де, ақталғанын кеп білемін,— деді Сергей Петрович.
Қазақша сөйледі, бұл кезде қазақ тілін бірсыпыра біліп қалған.— Неғып
жайрап жатырсың, сиырың не?
Жайлаубай сиырдың бошалап шығып кеткенің бағанадан бері
бастан көшкендерін айтып тұрғанда, тыңдаушылары рақаттанып
күліп тұрды. Оның малқұмарлығы, шыдамдылығы ертеден мəлім.
Малдың жайын, жаңа ғана ойлап еткен тоған жайын əңгімелеп еді,
Сергей Петрович Марияшпен ақылдаса бастады... Екеуі орыс тілінде
сөйлесіп кетті.
— ...Бұл ұсынысты да жоспарға енгізсе қайтеді?
— Электрдің жетуі қанша жұмыс. Содан кейін бірсыпыра жұмысшы
босайды, тоғанды қолға ала берсін.
— Егін жинауына қарбалас болып қалмаса.
— Онда экскаватор көмектеседі. Бір тоғанды биыл бітіріп тастау
керек. Қалғаны екінші жылы бітеді.
— Экскаватор көмектессе болғаны,— деді Марияш.— Өзгесін өзімізақ істейміз.
Екеуі совхозды электрлендіру, суландыру жайында бірсыпыра
кеңесті. Марияш жоғарылаған, былтырдан бері осы совхоздың
директоры, əлі күйеусіз, бұрынғысынан толыға, нұрлана түскен.
Жаудыраған үлкен көзінің байыптылығы, салмақты мінезі—ақылды
əйел екенін көрген жерде-ақ сездіреді. Келісімен совхозды
электрлендіруді қолға алды. Оған енді Жайлаубай суландыруды қосты.
Щербаков екеуін де қостап тұр:
— Электр жұмысы басталды ғой. Тоғанның жоспарын, есебін
кешіктірмеңіз,— деп киініп жатқан Жайлаубайға нұсқады.— Біз осы
адамның қадірін білдік пе?
— Білмесек жыл сайын сыйлық береміз бе! Баюға айналды. Кассада
жүз мың сом ақшасы бар деседі.
— Үкімет наградына иеге ұсынбайсыз? Жыл сайын сүт жоспарын
асыра орындайды. Қолына берілген елу сиырды жүз елуге жеткізді.
Бұндай колхозшылар əлдеқашан орден алды.
— Рас,— деді Марияш,—Бұл жөнінде Мейрам Омаровичке бір
айтқан едім, үндемеді.
— Жақын адамы болған соң ұялған шығар. Сіз қайта көтеріңіз
мəселені, мен қостаймын,— деп Сергей Петрович машинаға қарай
аяңдады.— Бұзауды машинаға сал. Біз егіс аралаймыз, жолшыбай
тастап кетелік совхозға.
— Жайлаубай шапанына орап əкеліп, бұзауды машинаға салды.
Марияшқа қадағалап тапсырып тұр:
— Осылай ораулы күйінде ұстап отыр. Əйтпесе тыпырлап,
соқтығып қалады. Барысымен өлшесін, атын книгаға «Олжакөк» деп
жазсын.
— «Олжакөк»?
— Иə, жоғалып табылған мал олжа. Енесіне тартқан көк, ұрғашы
тағы.
Жайлаубай малға тіпті ат қойымпаз. Ферма сиырларының кебінін,
аты қазақша, бəрін сол қойған. Сембі, Көктем, Майқоңыр, Жаңбыр,
Дауыл немесе — Əсемқызыл, Кербезкөк — деген сияқты ылғи
мағыналы аттар. Жоғалып табылған осы қасқа сиырдың аты
«Көкбұлақ», мейлінше сүтті тұқым. Толыға келе бəрінен озады. Рекорд
жасайды деп қатты сенеді Жайлаубай. Машинаны жөнелткен соң,
атына мініп, «Көкбұлақты» қыспай, жай айдап отырды. Совхоз əлі де
жеті-сегіз километр. Қиыстай жүріп, жолға келіп түсті. Жол
бірбатпақты жыраны басып өтеді. Жыраның үстіне кішкентай
көпірсымақ салынған, байқамаса ат аяғын сұғып алатын, арбаның,
машинаның дөңгелектері сиып кететін кетіктері бар. «Көкбұлақ»
ептеп келіп өтіп кетті. Күрең дөнен осқырып тұрып қалды.
— Бірі болмаса, бірі көре салса, түзей салса қайтеді, екен,— деп,
Жайлаубай аттан түсті. Аттың аяғына тұсамыс салып, ауыздығын
алып отқа қойды. Содан кейін жыраны төмен бойлап барып, шіліктің
ішіне енді. Қарымды бəкісімен бырт-бырт қырқып, ілезде бір құшақ,
шілік алып қайтты. Оны сымбалдап буып, тепкілеп сыналап,
көпірсымақтың кетігін бітеді.
— Міне, бітті де қалды!— деді мұртын сипап қойып.— Машина, арба
түсіп кетсе, не көліктің, аяғы сынса қаншама жұмыс.
Атына мінді. «Көкбұлақ» бұл кезде бөгелмей аяңдап, совхозға барып
қалған, желе шоқытып қуып жетті. Шаңқай түс. Жұмысшы поселкесінің
шетінде, ұзын, шаңқай ақ, қораның жанында жұмысшы əйелдер ферма
сиырын сауып жатыр. Жайлаубай оларға бұрылмай «Көкбұлақты»
тура қораға əкеп енгізді. Шекер қарсы алды:
— Табылғаны абырой болды ғой. Өлшеттім, былтырғы бұзауынан
үш кило ауыр шықты.
— Сүт одан да артық шығады.
— Атын «Олжакөк» деген екенсің, солай деп жаздырдым.
Екеуі сиырды бұзаулайтын бөлмеге енгізді. Асты тақтай, іші жарық,
вентиляция, градуснигіне дейін сай, мəдениетті бөлме. Бұзаулаған
сиырды екі-үш күн оңаша күтеді осында. Суарып, алдына жем салған
соң:
— Жанабіл мен Ермек келді,— деді Шекер.— Өлі етпен жөнелтеміз
бе, мал іздейсіз бе?
— Олар қайда?
— Совхозды аралап жүр.
— Сергей де қайта айналып соғар. Бəрінін, басы қосылған екен, бір
мал бермей болмас,— деп, Жайлаубай сиыр бұзаулаған бөлмеден
шықты. Шекер жөтеліп қалғанда, жаңа қора жаңғырығып кетіп еді,
мырс күліп жіберді:
— Сені мазақтай ма, қайтеді?
— Тезірек бас аяғыңды, кісілер келіп қалады. Ардақжанның да су
басынан қайтатын уақыты болды. Болатты ала кетіп еді, күн өтер ме
екен...
— Бұдан артық қайтсін!—деді Жайлаубай, сақалын сипап, қораға
мақтана қарап тұрып. Қора жуырда біткен. Сыртын ғана емес, ішін де
ағартқан, биік, жарық. Асты тақтай. Тақтайды екі қабырғадан ортаға
қарай түйетайлы етіп жайыпты да, дəл ортадан суағар қалдырыпты.
Сиыр басы бір бөлме — клетка. Жем науасы, суаты соның ішінде. Екі
жүмысшы электр сымдарын тартып жүр. Енді бірер жұмада сиыр
электрмен
сауылады.
Марияш
келгелі
совхоздың
егін
шаруашылығына да жаңалықтар еніп жатыр...
— Марияшты əйел деуге болмайды!— деп Жайлаубай қорадан
шықты. Маусымбай бұзау аранының, ішінде, қолында бəкі, қанатып бір
бұзаудың тілін қырып тұр. Күйеу баласы, өзінің ұзатқан қыз баласы
екеулеп бұзауды ұстап тұр.
— Бұларың қалай, дəрігер көріп кетіп еді ғой,— деді Жайлаубай.
Маусымбай жауап қайтармастан емдей берді. Сақал-шашы ағарса да,
өңі қартаймапты, екі беті шиқандай, қунақ. Ана жылы жүдеп келгенде
Мейрам осы совхозғa жіберіп, сол бетінде қалып қойған. Қасындағы екі
баласы фермада істейді, өзі совхоз сарайын күзетеді. Күндіз бос
уақытын мал ішінде өткізеді. Қазір бұзауды емдеп болған соң, бəкісін
сүртіп қалтасына салып тұрып, Жайлаубайға жауап қайырды:
— Дəрігерің «қылау» дегенді білмейді екен. Бұзаудың жататын орны
су болса, не су етсе, тілі бөртеді, оттай алмай қалады. Оның емі —
бөртпесін қырып тастау.
— Емің жақса, емдей бер. Қазым етсең төлейсің.
— Онда ақы да төлейтін шығарсың?
— Неғылған ақы?
— Айналайын совет-ай тауып-ақ қояды-ау! Сен басқарған ферманың
байымасқа амалы не?
Екеуі əрдайым қалжыңдасып, қағысып жүреді. Кейде
ойнайды. «Жайлаубай қалай ұйқысырайды?» «Қызыл
Жайлаубайдың əңгімесі» деген сияқты күлдіргі
Маусымбай шығарған. Қазір көп сөйлесуге уақыт аз,
асығыс.
тіпті қатты
сиыр мен
əңгімелерді
Жайлаубай
— Қонақтар келіп қалды. Қойыңды қарызға бере тұр,— деді
Маусымбайға
— Қонағасы таба алмасаң маған жібер. Ардақ менің де қонағым.
— Ардаққа қысылмаймын. Ермек пен Жанабіл келді, алыстан,
оқудан келді. Үш-төрт жылдан бері үйімізге бас сұғып отырғаны осы.
— Сатып ал. Шіріп жатқан ақшаңды аяймысың.
— Не сұрайсың?
— Төрт аяғы төрт мың сом.
— Қалжақты қой, турасын айт!
— Бір тиын кемі жоқ,. Сені осындайда қамтып қалмаса, қолға
түсемісің.
Сауыншылардың арасынан Шекер айқайлады:
— Екеуің тəжкелесіп тұрғанда, əне, қонақтар келе жатыр. Машинаны
кере сала Жайлаубай атына ұмтылды. Анадай кеткенде шақырып
алды Маусымбай:
— Қалай, сараңдық жақсы ма екен?
— Жаман екен.
— Ала ғой ендеше. Əкеліп сойып бер,— деді күйеу баласына.
Күн ыстық. Терлеп-тепшіп машинадан Ермек пен Жанабіл түсті.
Олар амандасып тұрғанда, Щербаков пен Марияш қайтты егістен.
Щербаков салған жерден қағыта келді Ермекті.
— Бұл бірінші шахтаның подхозы емес, комбинаттың совхозы. Сіз
не жұмыспен жүрсіз осында?
— Күн демалыс болған соң, Жанабілді ертіп көруге келдім.
— Əнеукүні де бір келіп кеткеніңізді есіткенмін.
Ермек күлімдеп, қызараңдап, ұялып қалып еді, Жанабіл іліп əкетті
сөзді:
— Сіздің ниетіңіз де ақ көрінбейді, Сергей Петрович.
— Е, мен не жаздым?
— Марияшты алып қашып, олай бір, бұлай бір кетесіз. Ерекеңнің
шаруасы Марияшта екенін білмейсіз бе?
Бəрі ду күлді. Ермектің жеңгедей алған қартаң əйелі былтыр қайтыс
болған, Марияшта көңілі бар. Бозбалашылықты басынан атқармаған
адам елуге жақындағанда көркем əйелге қалай жанасудың ебін таппай,
ойқастап жүр. Сұңғыла Марияш оны əбден сезеді. Кет əрі емес сияқты.
Ермек ашылмаған жастай ұялып қалғанда, Марияштың мөлдір көзі
күлімдеп кетеді. Жанабіл екеуінің де құлқынын танып, əдейі
соқтықтыра сөйлеп тұр:
— Əйелдің махаббаты отыздан аса, еркектікі қырық- тан аса піседі
екен, дейді Ерекең. Мəке, распа, бұл?
— Несіне тексересің. Ерекең айтса тегін айтпас.
Əңгіме бөлініп кетті. Астында газик, Чайков пен Мейрам келіп
тоқтады. Екеуі кеше кеткен. Қайда кеткенін ешкімге айтқан жоқ.
Чайков келе əңгімені жаңадан бастады. Өткір, шапшаң адам. Сөз, ой
əуеніне қарай құйқылжып, тыныш тура алмайды.
— Құлақ, салыңыздар!— деді қолын көтеріп.— Басымыз қосыла
қалған екен, күн демалыс, Мейрам Омарович Жайлаубайым бай деп,
мақтанып келді. Көрелік байлығын.
Жайлаубай жымыңдап, мұртын сипап тұрып сөйледі:
— Бүл күнде бір қонақасыға кімнің шамасы келмейді. Бір жұмаға
дейін жібермеймін, ендеше. Қой сойғалы жатыр едім. Əй, байтал
сойыңдар!— деп үй жаққа айқайлап қалды. Чайков келіп аузын басты:
— Жеңілдік, жеңілдік!
Жайлаубайдың басы шағын, бұнша қонақ сиятын кең үйі жоқ.
Қонақтарды жаңа қораға орналастырмақ болды.
Ерте күнде зары еткен кездемеден өшін бір алса керек. Көрпежастықты құшақ-құшағымен тасыды. Киіз, қызылала кілемдер де
көрінеді. Бұрын бəрін малға болса, енді үй ішіне, сберкассаға жинаған
тəрізді. Қазір мал дегенде күніне беретін бір ғана сиыры бар. Оның
сүтін ақшалап кассаға салады. Шекер биыл ғана жұмыстан қалғалы
жүр. Екі адамның айлық табысын, жыл сайын алатын сыйлығын да
жеп бітіре алмай кассаға тоғытады, Жұрттың бай деуі рас, сараң деуі
бекер. Қонағасыға Жайлекең əуелбастан мырза болатын. Бүгін тіпті
пейілді. Кең қылып төсеніш жайдырып, су септіріп, əзір мал енбеген
мəдениетті қораға қонақтарын ертіп келді. Чайков бұрын көрген жоқ
екен.
— Міне, қора! Қандай салқын, жарық, биік, таза градусник,
вентиляция, электр!—деп сөйлеп жүріп, қораны тегіс қарап шықты.
Жарайсың, Марияш, жарайсың! — деді де сұқ қолын шошайта, шапшаң
жүріп барып Щербаковтың қасына тұра қалды:
— Əшірбекке ерік бер. Босқа қауіптенбе. Ермек екеуің бұрынғы
мешеу Донбасс, мешеу Қарағандының тəжірибесін дəріптейсіңдер
кейде. Бүгінгі өмірден туған жаңа ойлар, жаңа техникалар жолындағы
бөгеттің бəрін қиратып барады. Ашық шахта бұрын болмаса, енді
болады. Коркинода жоқ па? Коркиноның тəжірибесін Əшірбек
Қарағандыға əбден қолданады. Темір тіреу Донбаста басталған.
Əшірбек оның жаңа, ең қолайлы түрін жасамады ма...
— Апыр-ау енді, ойлануға мұрсат берсеңдерші,— деп сылқ-сылқ
күлді Сергей Петрович. Чайков баспалатып барады:
— Қанша ойлану керек! Тіпті айқын нəрсе: Федоровканың көмірі
жердің бетіне шығып жатыр.
— Жергілікті отын өндірісі соны неге ала бермейді шетінен.
— Қалай ала береді? Ашық шахта жабық шахтадан екі-үш есе өнімді
болмақ. Демек, техника мейлінше кең қолданылады, поезд забойға
енеді. Ол техника жергілікті отын өндірісінде бар ма?
— Сонда олардың жұмысын біреу істеп бермек пе?
— Неге олардың жұмысы? Мыңдаған тонна коксіленетін көмір
үнемделеді. Бұл — бір. Екінші —коксіленетін көмірге ашық шахтаның,
көмірінен он бес процент қоссақ, коксінің сапасы артады, сонымен қоса
саны да артады...
Чайков тамақ ішпей, тізе бүкпей осы қалпында кешке дейін
айтысуға бар. Бұлтағы, қалтқысы жоқ, айтқанын етпей қоймайтын
бетті адам. «Көндім дегенше» Щербаковты босатар емес, қадалып
қалыпты:
— Беріл! Берілмесең обкомда сөйлесеміз,—деп тұрғанда Ардақ пен
Майпа енді. Босай алмай тұрған Щербаковке сылтау табылды:
— Анатолий Федорович, əйелдер келді. Кейін əңгімелесеміз ғой.
Үстінде ақ шапан, қолтығында кітап, Болатты жетелей келіп, Ардақ
əрқайсысымен қол алысып амандасты. Жадағай, жасанды мінезі жоқ,
қара көзі мөлдіреп, сергек тұр. Бұл отырғандардың бəріне ол сүйкімді.
Біріне жар, біріне ұстаз, бірінің баласындай болса, бірімен құрдассырлас. Жаңағы керіс, дуыл басыла қалған... Чайков жетелей келіп,
төрге өз қасына отырғызды да:
— Жазуға кірістің бе?— деді күбірлеп.
— Кірістім,— деп күлімдеді Ардақ.— Шым-шытырық жол екен,
қоймай жүріп көндірдіңіз, шырмалып қалсам, шығарып алуға дайын
тұрыңыз.
— Геолог пен филологтың арасы алыс қой, қарағым, созған қол
жетсе,— деп Чайков сақ-сақ күлді.— Бастағаның жақсы болған. Бастау
қиын істі.
— Аяқтау қиын сияқты.
— Бастаушы табылғанда, қостаушы əрдайым табылады.
Қарағандының бірінші сенбілігінде əйелден Майпа екеуің ғана
барғансың. Қазір өндірісте қазақ əйелі аз ба! Ол кезде сен бір ғана
мұғалім едің. Қазір əйел мұғалімдердің өзі қанша? Қазақ əнімен
Қарағанды сахнасына бірінші шыққан да сен едің. Қазір дағдылы əйел
əншілер қанша! Енді ғылым майданында бастасаң, қазақ əйелдері тағы
қостайды. Қостаушының көмегі бастаушының өзін есіреді. Əуелі
жазып шық. Содан кейін түзеледі, толығады...
Ардақ «Қазақ əдебиетіндегі социалистік реализм» деген тақырыпқа
диссертация жазып жүр. Ғалым болу ойында жоқ-ты. Əдебиетке
бейімділігін керген соң, Чайков осы жолға əкеп салды. Алғашқы
кездескеннен бастап Чайков пен Мейрам дос болып кеткен.
Мейрамның өзіне экономикалық ғылымды зерттеуге себепкер болған
да Чайков. Ол қазақ жерінің байлығын ғана емес, қазақ ойының
байлығын ашуға да құмар «Қайыр Аманбекович», «біздің Əшірбек»
дегенде оның үнінен, өзінен мақтаныш сезіліп тұрады. Қазір жымың
қағып, əйелден болашақ бір ғалымды керіп отырған сияқты. Ардаққа
оқтын-оқтын сұрақтар беріп, ол сөйледі-ақ, бір сөзін қалт жібермей
тыңдайды.
— Əдебиет дегеніміз, халық ішіндегі алға ұмтылған,артқа тартқан
екі идеяның айнасы ғой,— деп еді Ардақ.
— Айта түс!—деп Чайков телміре қалды.
— Ол идеялар əр тұста, əрқилы жырланған екен. Ертегі, эпос
көбінесе асыра сілтеп, жақсылықты құдайдың, жамандықты
шайтанның маңынан іздесе де, халық арманын білдіріпті. Орыс
əдебиетіндегі сыншыл реализм бізде Абайдан басталып, социалистік
реализммен ұштасыпты. Бірақ, əдебиетімізде эпос ықпалы əлі де бар.
Сол бонды еркін жаздырмай келеді.
Жантая тыңдап жатқан Жанабіл бір қағып қалды:
— Халық шығармаларын
сүмірейтіп барасың ғой.
Горький
жоғары
бағалайды.
Сен
— Ауыз əдебиет, эпос халықтың жас шағында туса, жазба əдебиет
есейген шағында туды. Ересекке баланың қылығы қонса, көшеге шық
та асық ойна.
Бəрі күліп жіберді. Жанабіл басын көтерді.
— Сахнадағы «Еңлік — Кебек», «Айман — Шолпан», «Қыз Жібек»,
«Қозы Көрпеш — Баяндарға» жұрт əлі құмарта қарайды. Өткен
қауымның шығармасын кейінгі қауым жоя бермейді, қайта дамыта
береді. Социалистік мəдениет аспаннан түсе ме!?
— Бұл дəлелді келтіргенде, екі нəрсені ескермедің, Жанабіл. Ол
эпостар бүгінгі тұрғыдан қаралып, бүгінгі жазушының қолымен қайта
жазылған. Бұны ойла. Екінші — сахнада қызықты нəрсенің бəрі бірдей
жақсы емес. Көпшілік кейде бала мінезді. Бала ішін, тісін бұзатын асты
да құныға жеп, кейін жылайды.
— Көптің бірі мен болсам, жыламаймын. Халықтық шығармаларды
оқудан, көруден еш жалықпаймын.
— Ұмытпа, Горький ауыз əдебиетті мақтаса да, жазба əдебиетке
социалистік реализм əдісін көрсетіп кетті. Əдебиет — өмірді тануға,
жасауға көмектесу керек, жасалған өмірдің айнасы, қисығы емес, түзу
айнасы болу керек. Қиссаларды қанша ұнатсаң да, бүгінгі тақырыпқа
жазылған шығармалардан Төлегендей жігіт, Жібектей қыз, немесе
Қобыланды сияқты батыр, Тайбурыл сияқты тұлпар көрсең, ол
кітапты жаба салар едің.
— Əрине, шылғи өтірік дер едім,— деді Жанабіл.— Бірақ
қиссалардың қызықтылығын, сол дəуірді тануға керектігін
бағаламасқа болмайды.
— Нана беруге де болмайды. Сахнадағы сен сүйген батырлар,
ғашықтар жыры əлі де зерттеуді тілейді.
Сергей Петрович төмен қарап, трубкасын тазартып, шеткері
отырған, ол кенет басын көтеріп алды.
— Ардақ! Саған Демьян Бедныйдан бірдеңе жұққан жоқ па?
— Осыған жұқса жұққан шығар, Демьянды көбірек оқитын,— деді
Мейрам. Маусымбай да əр қиссадан бірнеше жол айтып тастап, «қисса
қызық қой, шіркін» деп қояды Жайлаубайға. Эпос мықты орнапты
көңілге. Əрқайсысы бір қағып, Ардақ жалғызсырауға айналған кезде,
Чайков түсті араға.
— Болжамалы ғылым түгіл, дəл ғылымның өзіне қанша түзетулер
еніп жатады. Ардақ қазақ эпостары жайында жаңа бірдеңе айтпақ.
Тыңдалық, айтсын.
«Айтса айтсын» дегендей тыныштала қалды бəрі. Ардақ қайта
кірісті сөзге. Жай сөйлеп, анықтай түсіп, анда-санда жіңішке
саусақтарымен ишарат етеді. Мұғалім екені сөз əуейінен байқалып-ақ
тұр.
— Бізде филология ғылымы өте жас,— деп сəл шытынып қойды.—
Эпостардың ішінде қай шығарма халықтық, қай шығарма жат екенін
əлі айыра алған жоқ. Кенесары жайында талай қиссалар бар. Солардың
бірі мақтаса, бірі боқтайды Кенені. Алашорда ақындары «Кенекем
еңіреген ер еді ғой» деп жырлады... Маусеке, айтыңызшы, дұрыс па
осы!
Ескі сөзді Маусымбайдан Ардақ талай əңгімелер есіткен. Қазір
соның бірін қайта айтқызып, куə қылғалы отыр.
— Атамды — əкемнің əкесін көрдім. Тоқсанға келіп өлді,— деді
Маусымбай.— Бала кезімде атамнан есіткенім бар. Кенесары
қырғыздарға шабуыл жасағанда, Жетісу қазақтарын Сыпатай батыр
бастап, қырғыз жаққа шығып кетіпті. Кенесарының қырғыз қолында
мерт болуына менің атам да көмектескен тəрізді. Зады, Кенесарыға
қазақ түгел ұйыған жоқ...
— Арқа қазақтарының өзі ала болады,— деп Жайлаубай да қостады,
— Біздің Жаналы деген ру Кенесарыға бағынбай келіп, қазіргі
Аршалыны мекендеп қалыпты...
Шалдарға сөйлетіп болған соң, Ардақ қиссалардан үзінді келтірді.
Біріне-бірі қайшы. Соның ішінде «Жасауыл қырғыны», «Топжарған»
поэмалары Кенесарыны аластап береді. Ардақ биыл Алматыға
барғанда Қазақ ССР Ғылым академиясының архивінен оқыды.
Оқығанның кебін жадында сақтайтын, бəрін жатқа айтып отыр еді,
Чайков қайран қалды:
— Бұнша қалай жаттай бергенсіз?!
— Əдейі жаттады дейсіз бе. Өзі қалып қояды есте,— деді де Ардақ
Абайдың бір ауыз өлеңін айтты:
«Шортанбай, Дулат пенен Бұхар-жырау,
Өлеңі бірі — жамау, бірі — құрау.
Дариға-ай, сөз тақырлық болса кісі,
Қатесі əр жерінде көрініп тұр-ау», —
дегенде, Абай үлгіні Пушкин, Лермонтов, Толстойлардан алып,
қазақтың ханшыл, шығысшыл ақындарын мінеп отыр. Біз оларды
дəріптеп, оқу құралдарына да енгізіп жібердік. Меніңше мəдениет
мұраларын бағалау, бізде кейде ұлтшылдыққа соғып жүр.
— Қойдым, қойдым! Мынау мені бірдемеге ұрындырғалы келеді,—
деп орнынан тұрды Жанабіл. Шекер келіп бағанадан қипақтап тұрған.
Көре сала Ардақ та түрегелді:
— Əңгімемен отырып қалыппын. Апама жəрдемдесу керек қой,—
деді де шығып кетті. Чайков жайраң қағып сөйлеп отыр:
—...Мен филолог емеспін, пəтуа беру қиын. Бірақ, Ардақтың пікірі
жаңа шабуыл жасаушы пікір екенінде күмəн жоқ...
Дəм дайын боп қалды. Ардақ келіп дастарқан жая бастады. Қол
жууға орындарынан тұрды бəрі...
X
Обком бюросында талас пікірлер талдап тексеріліп, қаулы
алынғалы бірнеше күндер өтті. Бюро Мейрамды қолдады. Мейрам
Орталық Комитеттің өзінде істейтін болып, оның орнына Жанабіл
тағайындалды. Басқа өзгерістерді шахта алдындағы жарнама тақтасы
айтып тұр:
«Отыз бірінші номерлі бұйрық.
...Комбинат бастығы жолдас Щербаковтың бұйрығы бойынша,
учаскелер саны азайып, көлемі үлкейеді. Үш сменаның екеуі көмір
өндіруге, біреуі дайындық жұмыстарға беріледі. Бас инженер Əшірбек
Қалқаманов ашық шахтаға ауысқандықтан, біздің шахтаның
қызметінен босатылады. Шахта бастығы Ермек Борантаев».
Осы кішкене бұйрықтан үлкен жұмыстар туды. Адам, машина,
құрал-сайман күштері қайта бөлінді. График қайта жасалды. Он үш
учаскенің, орнына алты-ақ учаске бар. Кейінгі күндерде Ермек тіпті
тыным тапқан жоқ. Оқу бітіріп келіп жасаған жаңа графигі сəтсіздікке
ұшырады. Енді өзі тіленіп алған мынау өзгерістер тағы сəтсіздікке
ұшыраса, не демек жұртқа?! Сондықтан ұйымдастыру жұмыстарын
созбай тез бітіру, тағы қате жібермеу — оның басындағы ең ауыр ой
еді. Шахтадан көзі жайнап шықты. Күйе басқан жүзі жымыңдағанда,
əдемі ақ тісі анадайдан көрінеді. Қызыл мүйіске жебелей басып кірді.
Бес-алты жұмысшы шахта газетіне жабырласып жатыр.
— Бəле, Əкім тағы шырқады! Екі машинада бір өзі істепті.
— Қанша беріпті?
— Жүз жиырма процент!
— Ой, қасқыр ауыз!
— Воронов жүз он сегіз.
— Бірін-бірі жібермейді-ақ.
Ермек келе қабырғадағы диаграмманы түзеп тұр. Қызыл сызық
құлдилай-құлдилай қағаздың тең ортасынан асқан екен, кілт бұрып
жоғары қайырды да:
— Жігіттер!—деді.— Жоспар бүгін жүз он процент орындалды.
Жұмысшылар енді диаграмманы көріп жатқанда, ол бөгелместен
шығып кетті. Қуаныш ауыр мінезді де жеңілдетеді. Қайғы жеңіл
мінезді де ауырлатады. Ебелектеп горкомға келді. Жанабіл, Щербаков
оңаша əңгімелесіп отырған. Рұқсатсыз басып енді үстеріне.
— Жай ма, Ереке!— деді Жанабіл.
— Жүз онға бірден көтердік!
— Дұрыс-ақ! Сергей Петровичтің күдігі біткен шығар.
Щербаков үндеген жоқ. Жүнді саусақтарымен столды тықылдатқан
күйінде қалды. Ол айтыстан жеңіліп, партия қаулысын орындауға
бұйрық берсе де, бекінген ойын бұза алмаған. Əлі де сенбей, тай
шығымынша дыз еткен қарқын ба, деп отыр еді. Жанабіл сөйлемеген
еркіне қоймады:
— Неге үндемейсіз?
— Қорытындыны тым тез жасамалық. Бұл əдіс ақталса, барлық
шахтада қолданылады. Сондықтан жете зерттеу керек. Мейрам
Омаровичтің үлкен кемшілігі осы шапшаңдылығында жататын.
Ермек пен Жанабіл көз қиығымен қарасып күліп қойды. Сүйкімді
қарттың беделіне дақ түспесе де, ойы жеңілгені өзіне қатты батқан
тəрізді. Екеулеп жуып-шайып жатыр...
— ...Талас үстінде əркімнің-ақ жеңгісі келеді,— деді Жанабіл.—
Пікірім егер қате болса, жеңгенімнен жеңілгеніме қуанар едім.
— Мен де ренжіп отырғаным жоқ. Тек Мейрам Омаровичтің —
«кешегі тұрғыда қалдыңыз» дегені болмаса.
Ойлы, арлы адамға бір сөз де жетеді. Ойсыз, арсызға мың сөз
жетпейді. Сергей Петрович сол сөзге қынжылып отырғанда, қызара
бөртіп Ардақ енді. Ыстық күнде асығыс жүріп тершіген, деміккен.
Рұқсатсыз енгеніне кешірім сұрады əуелі:
— Ғапу етіңіздер, уақытым аз болғандықтан күтіп тұра алмадым. Біз
бүрсікүні жүргелі жатырмыз. Ертең Каргрэс көлінің жағасында
жолдастардың басын қосып, қоштаспақпыз. Сергей Петрович алдымен
сізді шақыра келдім. Мекемеңізден таппай іздеп келдім.
— Мейрам Омарович айтқан еді. Бара алмаспын...
— Ертең жексенбі ғой?
— Мен үшін, кейде жексенбі де жұмыс күні.
— Онда бос күніңіз қайсы?
— Рақмет, қызым, рақмет. Өткізе беріңдер, мен шығарып салам.
— Мені Мейрамға күйдіргеніңіз бе!—деді Ардақ. Осы сөздің астында
жүрек қана сезетін жылылық жатыр еді.— Сіз «қызым» дегенде, мен
«əке» дейтінім қайда? Бірақ, əкемнен жақын едіңіз. Бұл қалай?
Мейрам шақырғанда мызғымаған Щербаков, Ардақтың сөзіне босап
қалды:
— Болмас, болмас, барайын!— деді басын сыйпап.— Жеңілдім,
қызым, жеңілдім.
Асығыс кірген Ардақ, Ермек асыға кетті. Олар кетісімен Жанабіл,
Щербаков ашық шахтаны көруге шықты. Екеуі бір машинеде. Беттері
Жаңа қаланың оңтүстік батысы. Щербаков алда отырса да, кеудесі
отырғыштың арқасынан асып, Жанабілге басын тақай, дауыстап
сөйлеп келеді:
— ...Отыз бірінші шахтаны ВУГИ-дың қарамағына бердік. Мыңдаған
тонна көмір кеміді. Мынаған қаншама күш төгіп жатырмыз. Тек ақыры
қайыр болса неғылсын. Мейрам Омарович салмақты Жігіт еді. Ұшқалақ
боп кетті, ұшқалақ!
— Ол халықаралық жағдайды көріп асығады. Қарқынды күшейтелік,
Сергей Петрович, қарқынды!
— Соқтыға алмайды!
— Европаны басып алып барады. Содан кейін қанды ауыз жай тұра
ала ма?
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Қарағанды - 27
  • Части
  • Қарағанды - 01
    Общее количество слов 3886
    Общее количество уникальных слов составляет 2256
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 02
    Общее количество слов 3884
    Общее количество уникальных слов составляет 2278
    33.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 03
    Общее количество слов 3910
    Общее количество уникальных слов составляет 2218
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 04
    Общее количество слов 4072
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 05
    Общее количество слов 4010
    Общее количество уникальных слов составляет 2219
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 06
    Общее количество слов 3951
    Общее количество уникальных слов составляет 2336
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 07
    Общее количество слов 3948
    Общее количество уникальных слов составляет 2240
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 08
    Общее количество слов 3959
    Общее количество уникальных слов составляет 2268
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 09
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2197
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 10
    Общее количество слов 3908
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 11
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    34.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 12
    Общее количество слов 4092
    Общее количество уникальных слов составляет 2304
    34.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 13
    Общее количество слов 3962
    Общее количество уникальных слов составляет 2311
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 14
    Общее количество слов 3896
    Общее количество уникальных слов составляет 2267
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 15
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2309
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 16
    Общее количество слов 3825
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 17
    Общее количество слов 3828
    Общее количество уникальных слов составляет 2301
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 18
    Общее количество слов 3912
    Общее количество уникальных слов составляет 2263
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 19
    Общее количество слов 3865
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 20
    Общее количество слов 3853
    Общее количество уникальных слов составляет 2357
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 21
    Общее количество слов 3913
    Общее количество уникальных слов составляет 2347
    31.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 22
    Общее количество слов 3863
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    32.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 23
    Общее количество слов 3929
    Общее количество уникальных слов составляет 2250
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 24
    Общее количество слов 3799
    Общее количество уникальных слов составляет 2228
    30.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 25
    Общее количество слов 3831
    Общее количество уникальных слов составляет 2243
    32.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 26
    Общее количество слов 3843
    Общее количество уникальных слов составляет 2226
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 27
    Общее количество слов 2731
    Общее количество уникальных слов составляет 1685
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов