Latin Common Turkic

Қарағанды - 11

Общее количество слов 3969
Общее количество уникальных слов составляет 2300
34.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
ала сала қайта енді. Кезек күтіп отырғандар тарай бастады. Боқай
қайтқан жоқ. Есік жымдаспай жабылып еді, сығалай қойды. Кең
бөлмеде көп адам көрінеді. Көпке қарап төр алдында Мейрам жеке
отыр. Ермек сөйлеп тұр:
—...Біздің хатымызды бүкіл Донбасс болып талқылап, ең жақсы
мастерлерін жіберді. Келген «екі жүздің ішінде бірінші шахтадағы
Ворона нормасын ылғи жүз елу-екі жүз процент орындап жүр.
Мехцехтағы коммунист — токарь Ковалюк норма орындау үстінде
ұқыптылықтың, шеберліктің тамаша үлгілерін көрсетіп жүр.
Овчаренко басқарған шахта мен басқа шахталардың арасында бір
қыдыру айырма бар. Біздің бастауыш партия ұйымы донбасшылардың
осы озық тəжірибелерін көптің көкейіне құюды мақсат етті. Қазір Əкім
сияқты жас шахтер, Ворона сияқты озық шахтермен социалистік
жарысқа түсе бастады.
Боқай сығалай-сығалай басының жарымысы ішке енгенін
байқамады. Есік арасынан көзі тесіп, сақалы тəутиіп тұр еді, Лапшин
сөйлегенде ыңғайсызданып тартып алды басын.
—...Механикалық мастерскойдың партия ұйымы алғашқы
күндерден-ақ үйрету-үйрену мəселесін өндірістік жоспарымен қатар
қойған. Соның нəтижесінде Жанабіл, Балжан сияқты жастар түгіл,
жасамыс адамдардың өзі механизмді шапшаң үйреніп келеді. Мысалға
Боқайды алайық...
Боқай есікті жауып, кейін шегініп кетті. Жамантіктің қасына
келгенде күлімдеп, қызараңдап тұр еді.
— Не сөйлесіп жатыр?—деді Жамантік.
— Жұмыс жайы, жұмысшылар жайы,— деп, Боқай аржағын айтқысы
келмесе де ішіндегі қуанышын жасырып тұра алмады.— Мені кочегар
дейді, екпінді дейді, əр жиында ауызға алып жүреді. Мені соған
жеткізген донбасшылар:
— Маған да солардың бірінің етегінен ұстат.
— Олар ешкімді жатырқамайды. Сергей Петрович дегендер əкеңдей
қамқор. Козлов, Костя дегендермен туысқандай болып кеттік. Бұлар
патшаға, Колчакқа қарсы соғысқан, Ленинді көрген адамдар екен. Біз
ұйықтап жатқанда, біз үшін қырқысып жүріпті.
— Осы заводты жүргізген солар емес пе?
— Əрине, донбасшылар. Басында Щербаков жиырма кісімен-ақ
келген. Біртіндеп мамандарды тарта берді. Жуырда екі жүз мастер бірақ келді Донбастан. Соның бірі Ковалюк мехцехта істейді. Адамның
шебері! Темірден түйме түйеді, Жанабіл содан көріп токарь болғалы
жүр...
Кабинеттің есігі ашылды. Мəжіліс бітіп, тараған көп қауырт шыға
бастады. Көзі шалып қалып, Лапшин Боқайға бұрылды:
— Бұнда не қып тұрсың?
— Мейрамға жолыққалы келдім. Мынау жолдасым жұмысқа түсе
алмай жүр екен...
— Ырымбекке бару керек қой.
— Ол алмапты.
— Неге алмайды? Щербаковқа айту керек.
— Ж-оқ, Костя!—деп даусын соза айтты Боқай.— Орыстар
Бондаренкосын өзі түзеткенде, қазақтар Ырымбегін өзі неге
түзетпейді.
Лапшин кенеттен ойланып қалды.
— Ақылды боп барасың,— деді де, Боқайды шоқша сақалынан бір
сипап шығып кетті.
Жұрт тараған соң, Боқай Жамантікті ала кірді кабинетке. Үстіндегі
жұмыс киімінен именіп, отырмастан айта бастап еді, Мейрам екеуін де
отырғызып қойып тыңдады.
— Мейрам шырағым, мынау менімен ауылдас жігіт. Кедей. Нашар
атаның баласы. Арғы атасы Қалтайдың шешелерінің, шаңырақ
түйесіне мініп келіпті. Құл. Өзінің бір кезде дөңгелек ауқаты болған.
Колчак тұсында Қалтай шауып алып, содан кедей боп кетті. Тіпті
нақақтан шапты бишараны...
— Оның бəрін баяндап қайтесіз,— деп күлді Мейрам.
— Ендеше мына қағазды оқып көр өзің.
Мейрам Жамантіктің документін оқып, күліп жіберді. Сия
қарындашпен жазылған, ауыл советтің куəлігі екен. «Бұл куəлікті
ұсынушы Жамантік Сексенбай ұлы, сүр кедей, арғы атасы шаңыраққа
мініп келген. Нағыз совет адамы»... Депті. Мөрі, штампы танылмайды,
шығыс номері қойылмаған. Бірақ, осы шалағай документтен Мейрам
момын Жамантікті ғана емес, шапқылап жүрген кейбір шалағай ауыл
совет председателін де көріп отырды.
— Не жұмыс келеді қолынан?
— Жамантік бір кезде салпы ауыз Андрейде кашеғар болып істеген.
Мехцехты сұраса, «шахтаға бар, бармасаң жұмыс жоқ» деп айтады,
дейді Ырымбек. Бұл қалай?..
— Жарайды,— деді Мейрам. Боқай тағы созып барады, тез бітіргісі
келді.— Үйретуге де кепіл болыңыз. Қазандар, шахтылар күн санап
көбейіп келеді, кочегар етіп шығарыңыз. Бұл, екпінділердің қоғамдық
міндеті.
— Мен барымды Жамантіктен аямаймын.
— Дұрыс. Ертең Козловқа Жамантікті ертіп барыңыз. Мен бүгін
кадр бөліміне айтып қоярмын. Жеңгейдің, кішкентайыңыздың күйі
қалай? Кіріп шығуға қол тимей жатыр.
— Жақсы, айналайын, жақсы, дендері сау, тамақтары тоқ. Мен үйде
жатсам да жұмысыңның көбін біліп жатам ғой.
Жылы сөздер Боқайдың төбесін көкке жеткізді. Жайраңдап шықты
кабинеттен. Бірақ, оның келісі Мейрамға ой салды. Ойлана отырып,
Ырымбекті шақырды телефонмен.
Керген төстіктей, орта бойлы, толықша, қара сұр жігіт енді. Тілді,
жайдары жігіт. Ойнақшыған қара көзінде талай сыр жатыр. Трестің
кадр бөлімінің бастығы, «жұмысшы» деген жалған документпен талай
жауапты қызметте болған, төмендей-төмендей ақыры шахтыға жеткен
Ырымбек осы.
— Буыршын жастар шақырса, жүрегім зуылдайды. Ал, əміріңді бере
бер бала,— деп лыпып тұр.
— Ыреке!—деді Мейрам, төмен қарап отырып,—Жамантік деген
аздап кочегар екен, мехцехқа сұранып жүр. Сіз оған шахтаға бармасаң
жұмыс жоқ, депсіз. Бұл қалай?
— Шахталарға адам жетіспей жатыр ғой.
— Қай өндіріске, қай мекемеге жетісіп жатыр? Əр адамды өзінің
бейіміне, тілегіне қарай пайдалану керек емес пе? Кеше біреу келді,
менің шахтаға түскім келеді, жібермейді деп. Одан арғы күн біреу келді
— документімді жаратпайды, жұмыс бермейді деп. Мен сізді түсінбей
қойдым.
— Түсінбейтін несі бар, қазекең баласы қашаннан шағымға үйір ғой.
— Əзің жұртты шақпасаң, жұрт та сені шақпайды.
Ырымбектің танауы қусырылып, сұрлана қалды. Қанша жайдары
болса да, білдірмейін десе де кейіннен жеткен жастың өктем сөзі, ескен
көңілге найзадай тиді. Сол найзаны қағып жіберіп, қарсы сөйлеуге
дəрмен жоқ. Артта тақау келе жатқан көп найзаның ұшы көрінеді. Енді
ашық қарсылықтан жасырын айла ұтымды. Ырымбек лезде өзгеріп,
наз айта бастады:
— Шырағым, жақсы, жаман болсақ та, біраз жыл партия қызметінде
болдық. Тəжірибеміз, сіңірген еңбегіміз бар. Рас, қатеміз де бар. Сол
қатені мықтап ұстап, «білмейсің» не «сенбеймін» дегің келеді. Онда
партия билетін несіне алып жүрмін? Сапты аяққа ас құйып, сабынан
қарауыл қарайтын болсаң, қызмет істеу өте ауыр.
— Өткеннің жақсысы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді,— деді
Мейрам, қабағын сəл шытып қойып,— Мен бүгінгі ісіңіз жайыңда ғана
айттың. Сіз кешегіні несіне қопарасыз. Одан да іспен жауап беру керек.
Бұрын өндіріс көрмеген қазақ қалаға келіп адасса, жек сілтеу біздің
міндетіміз. Сіз адасқанға күле қарағандай, не бейтарап тұрғандай
көріндіңіз. Мүмкін, менікі қате болар, тек қате болсын. Бірақ «адам»,
«еңбек» деген ат аспанға шығып тұрғанда, Жамантік сияқтыларды
қаңғыртып қойсақ партия оған шыдамайды. Сол Жамантікті ертеңнен
бастап Козловтың қарауына жіберіңіз.
Мейрамның өңінен өзгеше бір қаталдық байқалды. Жайшылықтағы
жылы жүз, кішіпейілділік жоқ. Бұдан əрі сөйлесе қатты кететін түрі
бар. Ырымбек түйсініп қалды; Сұрғылт беті күрең тартса да
сездірмегенсиді.
— Жарайды. Өзіміз де талай шындаған едік. Шындадың, бала!— деп
өтірік күлкімен үйден шықты. Жүрісі шапшаң болатын. Басқыштан
жүгіре түсіп, астыңғы қабатта, бір бөлмеде оңаша отырған Бейсек
Керімовқа келді.
Бейсек екі қолын артына ұстап, ойланып жүрген. Жасы қырықтар
шамасында, өңі жұқалаң, ерні қалыңдау, үстіңгі ерніне бір елідей ғана
мұрт қойған, орта бойлы, қара торы жігіт. Аузы ауыр, мінезі салмақты.
Ырымбектен ойы да тереңдеу екені байсалды қара көзінен байқалып
тұр. Бұл кісі Қазақстанда халық комиссарларының бірі еді. Социализм
жорығындағы, əсіресе жер мəселесіндегі кейбір қылықтары үшін
төмендеп келіп отыр. Қазір трест бастығының бірінші орынбасары.
Ырымбек екеуі көптен істес, пікірлес достар. Досын келген бетінде
қабағынан танып:— жай ма?—деді баяу ғана. Көз тоқтата қарап етті.
Осы қарасы, баяу үні Ырымбекке терең де, жылы да сезілді. Қапа
көңілін ақтара сөйледі:
—...Сірə қуғыннан көз ашпаспыз. Горкомдағы бала бізге бұл күнді де
көпсінетін түрі бар. Шақырып алып, саяси шоқпарын үйірді. Жұмысшы
жетпесе, жұмысқа біреу орналаса қоймаса, мені айыптайды,
Қарағандыға ай сайын жүздеген адам керек. Оларды қолма-қол
орналастыру керек. Мүлт кетсең аяр емес. Бұл қалай болады?
— Иə,— деді Бейсек. Соза айтқан «иə»-сынан Ырымбектің дегенін
ғана емес, аржағын да түсініп, көріп тұрғаны байқалады. Көзін
кішірейте, терезеге қадала қарап, біраз отырған соң сөзін өрбітті. Жəй
айтып, əріден бастады:
— Бұл қазақтың бар байлығы жер мен мал еді. Қырда колхоз, совхоз,
ойда қала мен завод жұтып жатыр бəрін. Ұлттық нысана дегеннен ең
ақыры бастағы тымақ та қалмай барады. Осы күннің салқынын ерте-ақ
сезгеміз. Бойда барды болдырмауға салғамыз. Алаауыз қазақ ақыры
ұстап берді өзімізді. Енді сол қазақ, дегеніне тез жетсін.
Асыра сілте. Шаш ал десе, бас ал. Қама, құмар болған тақырына.
Қаңтарып бақ. Өліп бара жатса аузына су тамызба, сазайың де-де өте
шық. Көзіне кек шыбын үймелегенде білер біздің қадірмізді...
«Қазағым», «елім» деп даусы қарлыққанша айқайлайтын Бейсектің
іші сол елдей кең, жүрегі сол елдей таза сияқты көрінетін. Мына
сөзінен апшысы құрылып, қаны қарайғаны көрінді. Көңіл тарылғанда,
дүниенің кеңдігінен не пайда! Екі дос тарылғанмен қазақ даласы
қалпында болатын. Жері жан басына екі шаршы километрден, малы
жан басына бес-алты қарадан айналушы еді. Бірақ, бұл байлық
байлардың қолына көшкен. Социалистік жорықта байлар ғана
тақырланды. Өмір бойы мəдениетке, теңдікке, машиналы еңбекке
аңсаған қара бұқара дес өзіне тиген соң, қала мен колхозды бірден
жасап жатыр. Осы ұлы өзгерістердің, тұсында «Қазақшылдар»
кулакшыл болып шыға келді. Өзінше, Ырымбектен естияр Бейсек
есінен танғанын əлі сезбесе, бойындағы ыза, кулак ызасы екенін де
сезген жоқ. Ырымбек зады кулак үшін де қиналған емес. «Кімнің
тарысы піссе, соның тауығы. Советтің алғашқы кездерінде кулактың
жуан санынан қарбыта-қарбыта асап та жіберген. Кейінгі жылдарда
қомағай құлқыны көзге түсіп, шені төмендеді. Шен құмарлық —
қастандыққа, төмендеушілер үйіріне əкеп қосты.
— Бар айла асыра сілтеу ме?— деді Бейсекке.
— Асыра сілтеу!— деп анықтай түсті Бейсек. Кем сілтеуден
көрешекті көрдік. Енді «тек алға» деген ұранды бетке ұстай арандатып
қал. Мың жұмысшы сұраса, екі мың жұмысшы, мың тонна көмір сұраса,
екі мың тонна береміз де. Шамадан артық жүктеп, бел сындыру бір
тəсіл. Шама келгенді болдырмау, сабатаж, бүлдіру, тіпті жеке террорға
дейін бару екінші тəсіл болу керек. Бірінші бесжылдыққа бүкіл əлем
назарын аударып отыр. Бұл жоспар халық шаруашылығын негізінен
өзгертеді, не негізінен құртады. Менің байқауымша, қазір барлық
қарсы күштер оянған шақ. Ада-күде жеңетін де, жеңілетін де осы шақ.
— Сол қарсы күштерді ұйымдастырушы, басқарушы кім?—деген
Ырымбектің сұрағына жуырда жауап қайтпады. Бейсек ойланып
қалды. Өңінде үлкен қиналыс бар. Қалыңдау еріндері салбырап,
маңдай əжімі тереңдей түскен. Күрсініп қойып, там-тұмдап айтқаны
тереңге тыққан сырдың ұшығы ғана сияқты.
— Ашық жиында ғана емес, оңаша бөлмеде де байқап сөйлеу керек.
Бақылау күшті. Ел дегенің жау. Топ жинайтын, елге таласатын дəуір
өткен. Сол сияқты қарсы күштің көлемін айтатын кез де өткен. Сен
мені біл. Сені біреу ғана білсін. Мен көп болғанда екеуді не үшеуді
білермін. Мыңның жасағанын бірге бүлдірт, сол, бірге бірді ғана
білдіру ендігі əрекеттің ең шебер түрі.
— Түсінікті,— деді ЬІрымбек, əрқайсымыз бірер сенімді адам табу
керек болды ғой. Мен соны тапқан сияқтымын.
— Ол кім?
— Патшадан талай рет шен алған атақты Əлібек.
— Япыр-ау, ол осында ма еді?
— Шахтада істейді. Сұлу қызы бар екен, Мейрам алғалы жүр деседі.
Бейсек ойланып қалды. Шылымын алып, жүймелете сорғаннан
кейін айтты пікірін:
— Менімше бұл адамның совет үкіметіне іші жылуға мүмкін емес.
Тамырын ұстап көр, қызын Мейрамнан айыруға тырыс. Оған айла
толып жатыр.
— Енді бір дəмелі адам Орловтың өзі емес пе?
— Қоя тұр,— деп басын шайқады Бейсек.— Мұндайлардың көбі
ұстап береді. Бермеген күнде тауы шағылған, тайғаққа баспайды.
Ырымбектің өңі бұзылып сала берді. Таңдайын тық-тық қағып,
басын шайқап отыр.
— Неге өкіндің?
— Əлібек Орловқа бар сырын ашып қойып еді. Көнбей кетсе, Орлов
бізге ете қауіпті адам.
Телефон қоңырауы əңгімені бөліп жіберді. Бейсек трубканы алып:
— Қазір,— деді де орнынан тұрды,— екеумізді Щербаков шақырды.
— Мұның, етек-жеңі кең мұжық. Шошытып алмау керек.
— Мейраммен тым жақын, бірақ.
Екеуі осы сөзбен үйден шықты.
II
Сергей Петрович столына шынтақтай отырып, оң қабырғаға қадала
қалыпты. Столға шеңкерілген кең кеудесі, басын тіреген жуан, жүнді
білегі отырса да, денесінің зорлығын білдіріп тұр. Қабырғада екі карта
ілулі. Бірі Қарағанды қаласының үстін, бірі астын көрсетеді. Олардан
жоғары, көмір өндіру жоспары ілінген, ирек-ирек қызыл сызығы
төменнен басталып, сонау жоғарыға жеткен.
Қандай ерлеуі Қандай қиындықтар тұр!—деп Сергей Петрович
демін ішіне ұзақ тарта, столдан кеудесін көтерді. Осы демімен,
сүйсінген өрлеуін, қауіпті қиындығын қоса жұтқан тəрізді. Трубкасын
ойлана сорып отырғанда, Жаппар мен Ырымбек енді. Екеуіне кірген
бетінде қабырғадағы карталарды нұсқады.
— Танысыңдар, жігіттер.
Олар танысып болғанша кең шалбарының терең қалтасына
қолдарын сұғып, ойын бұзбастан ерсілі-қарсылы жүрді біраз.
— Қарағанды қазір бас құрау, баспана, су, темір жол мұқтаждығынан
өтіп, жоспарлы түрде елімізге көмір беруге кірісті. Тамаша
қиындықтарды тез жеңдік. Бірақ, үлкен Қарағанды əлі жоқ, оны жасау
жолында қиындықтар əлі кеп. Ағылшын, орыс байларының ондаған
жылда алған көмірін біз бір жылда алуымыз керек. Осыған қарап
алдағы істің аумағын шамалай беріңіздер.
— Бұл жоспар қанша үлкен болса да жетпей жатыр-ау,— деді
Бейсек,— Ескі Донбасты былай қойғанда, жаңа Кузбастан неге кем
түсеміз?
Сергей Петрович басын ақырын шайқап қойып, жымия күлді. Сəл
үндемей қалды. Өңінде ұнатпау белгісі көрінбейді. Кең көңілдің
толғанғаны байқалады. Бейсек тəжірибелі, ойлы жігіт деп
құрметтейтін. Оның əр сөзін салмақтап алып, жауап қайыратын əдеті
еді.
— Бейсек Керимович, дұрыс айтасыз,— деді содан кейін,— жоспар
қанша үлкен болса да жетпей жатыр. Өйткені тілек үлкен. Он бесжиырма жылдан кейін де «жетпейді» дегенді айтамыз. Өскелең тілек
əрдайым жоғары тұрады. Мүмкіндіктермен есептесу керек. Кузбасс
қанша жас болғанмен Қарағандыға аға, екінші кочегарка. Жəне ол
көмірдің ғана кені емес, шығыстағы қара металлургия алыбы, Оралмен
қат-қабат байланысқан индустрия комбинаты.
Ырымбек киіп кетті төтеден. Ұтылай сөйлеп. екеуі Щербаковті
бұрмалауға əрдайым тырысатын осылай.
— Қарағанды да көмірдің ғана кені емес. Қазақстанның индустрия
ошағы. Балқаш, Жезқазған бүкілодақтық түсті металлургия алыбы.
— Білем, əбден білем! Бірақ жоспар бекіген. Бəрі есептелген. Бос
таласты қоялық. Мен сіздерді басқа мəселе жайында шақырдым.
Əңгіме үзіліп қалды. Сергей Петрович шұғыл өзгерді. Бейсек пен
Ырымбек тосын хабарды асыға күтіп отырса да, жəй бастады сөзін:
— Кеңес, сол бекіген жоспарды орындау жайында. Мен жаңа
горкомда болдым. Мейрам Омарович салақтығымызды бетке басты.
Кадрды жинау, дұрыс орналастыру бар да, орналасқандарын баулу,
мамандандыру бар. Бұл жөнде де бізде сара жоспар болу керек.
Қазіргіміз тек жоспарсымақ. Ырымбек Қадырбаевич, бүгіннен бастап
осы жоспарды жасауға кірісіңіз.
— Бес күнде дайын болады,— деді Ырымбек.
— Оқу комбинаты, фабрик-завод мектептері жəне маман
жұмысшыларға тіркеу арқылы баулып келсек, Мейрам Омарович кадр
баулудың тағы бір түрін ұсынады. Донбасс, Кузбасс сияқты ірі
өндірістерге жұмысшы бриғадаларын жіберіп, тəжірибе, өнеге алысу
əдетке айналсын, дейді. Маған бұл ұсынысы қатты ұнады. Бұл да
жоспардың бір тармағы болып енуге тиісті.
— Кұп!— Деп Ырымбек блокнотына жазып қойды. Щербаковтың
аузынан шыққанда қағып алып жалақтап тұр. Сірə, əр адам өз ролінде
артист болса керек. Жаңа ғана оңаша бөлмеде бір қилы, енді бір қилы.
Іштегі өлексенің исін, хош иісті сөздермен себелеп сездірмей тұр.
— Осылардың үстіне, əр шахтаның, цехтың жанынан кешкі курстар
ашылса, мамандық алудың өзін жаппай міндетті оқуға айналдырса
қайтеді? Жұмыс сағаты аз, жұмысшылардың бос уақыты көп, жұмысқа
да, оқуға да үлгереді. Мемлекет ақша аямайды.
— Тым асыра сілтемелік,— деді Сергей Петрович.—
Жұмысшылардың бос уақыты көбі де, мемлекеттің олардан ақша
аямайтыны да рас. Бірақ, міндеттеу, күштеу арқылы барлық істі бірден
істеу, көп санасын өктеу қолдан келмейді. Сабыр, есеп керек, өмір
əуеніне үйлесе білу керек.
«Мынау жуан сіңір болар емес қой» дегендей Бейсек пен Ырымбек
біріне-бірі қарады. Егер сол жуан сіңір төрт-бес жыл бұрын кездессе,
іштен тұнбай ашықтан-ашық кескілескен болар еді. Мезгіл өткен,
жағдай өзгерген. Лапылдауға дəрмен аз. Астынан қызған қордадай
бықсыған көңілдер булығып жатыр. Щербаков оны байқаған жоқ. Кадр
жайындағы кеңесті бітіріп, екінші мəселеге көшті:
— Бейсек Керимович! Сізге өте бір жауапты, өте қиын іс тапсырғалы
отырмын. Менің уақытымның көбі көмірге кетіп жатыр. Сіз сол
көміршілердің азық-түлік жағын өз қолыңызға алсаңыз қайтеді?
— Алайын.
— Алсаңыз, мейлінше есепсандық ұқыптылық керек болып отыр.
Азық-түлік байлығын колхоздарымыз əлі жасай алған жоқ. Олар да біз
сияқты жаңа қоныс. Бір карточка орынсыз берілмеуіне қандай
күрессек, əр карточка тиісті нормасын уақытында алуына сондай
күреселік. Енді екі-үш айда қар ериді. Жол бұзылып қатынас
қиындайды. Қанша запасымыз бар? Оларға қараған жан қанша? Күн
сайын қосылып жатыр адамдар. Жан санын өтірік асырып, артық азық
алсақ, соттайды. Кем көрсетіп жұмысшыларды ашықтырсақ тағы
соттайды. Менімше дəл қазір ең қиын мəселе осы. Сондықтан, Бейсек
Керимович сізге ғана тапсырып отырмын. Партия алдында екеуміз де
жауап береміз.
Бейсек жəй ғана езу тартты. Күлімсіреген жүзінде күлкіден
келгірлік басым еді, қалжыңмен бүркеп, білдірмей жіберді.
— Былай да, былай да соттайды! Сергей Петрович сонда бір
адамнан бір карточка қымбатырақ болғаны-ау?
— Иə,— деп басын изеді Щербаков,— өйткені соның өзі адам үшін.
Əркім өз сыбағасын алуға тиісті. Егер оны бермесек, не біреудікін
біреуге жұлып берсек, бізді соттамағанда, карточканы соттай ма?
Үшеуі де күліп жіберді. Алдыңғы бөлмеден секпіл бет, сарша қыз
келді. Хатшы қыз. Қолындағы бір жапырақ қағазына қарап алып:
— Сізді, Махмет Торсықбаев деген жігіт бағанадан күтіп отыр,—
деді Ырымбекке.
— Қазір, қазір,— деп Ырымбек дереу Щербаковқа сөз тастады.—
Жұмысшыларды жабдықтау бөліміне лайық па деймін. Дұрыс жігіт
таныссаңыз қайтеді?
— Ол орынға горком жолдайды ғой.
— Горкомға баруға баталмай жүр. Мейраммен араларында
бозбалалық қызғаныш бар ма, қалай.
— Бұл араға бозбалалық неге қыстырылады!— деп үлкен денесін
селкілдете күлді Щербаков.— Əй, жастық! Кірсін, бозбаланы көрейік.
Хатшы қыз шығып кетті. Қатып киінген, бұйра шаш, аққұба,
тығызша жігіт — белгілі Махмет енді. Ол жабайы адамдардың
алдында, əсіресе қыз көзінше кеудесін көтергенмен, бұндай жерде
тіпті сынық, кішіпейіл болатын. Амандасуы, өзін ұстауы, тойған
тоқтыдай момақан сырты Щербаковқа ұнап қалды. Енді ішін білуге сөз
тастап отыр:
— Бұрын қайда істеп едің, шырақ?
— Осы Тельман ауданында, аудандық тұтыну кооперациясының
бастығы болып істедім.
— Одан қалай босандық?
— Москваға, сауда қызметшілерінің, курсына кеткен едім. Қазір сол
курсты бітіріп келген бетім.
— Көрші ауданның кадрын тартып алу бізге лайықсыз, ақша
шығарып оқытып, күтіп отырған ауданды тастап кету сізге лайықсыз
емес пе?
Махмет мүдіріп қалды. Ырымбек түсті араға.
— Облыс Қарағандыға жіберіпті. Аудандар адам бермесе, Қарағанды
қалай жасалады?
— Сіз не айтасыз?—деп, Щербаков Бейсекке қарады.
— Мен бұл жігітті Ырымбек арқылы білем. Орта дəрежелі білімі,
тəжірибесі бар көрінеді. Оның үстіне мамандығын көтеріп келіпті.
Бұндай кадр табыла бермейді.
— Жарайды,— деді Сергей Петрович бір жымың етіп.— Горкомнан
сұрап көрелік. Бозбалалықтан басқа татары болмаса, көндіреміз. Бірақ,
ісіңе мықты бол, шырақ. Көмір мəселесі қандай зор болса, сол көмірді
беретін жұмысшыларды жабдықтау мəселесі де сондай зор. Біз осы
отырғанда жұмысшылардың қамын ойлап, бас сындырып отырмыз...
Махмет дамыл-дамыл басын изеп тыңдай берді. «Əлбеттені» тіпті
жиі айтады. Егер Щербаков: «үрген қуықтай неме түртіп қалып, бырс
еткізейін бе» десе де, «əлбетте» деп бас изер еді. Ырымбек осы мінезін
басқадан бұрын біліп, қолына қондырған түрі бар. Демеп қояды.
— Өзіміздің қызыл маман, лаулаған жас қой, алып кетеді,— дегенде,
Махмет басын изей түсті. Беймаза басын, одағай «əлбеттесін» еске
мықты қалдырып, үйден шықты Махмет.
Сергей Петрович сағатына қарады.
— Отырып қалыппыз, тарайық,— деді де орынан тұрды.
III
Ардақ ешуақытта мұндай қуанған емес. Жиналыстан шығып үйіне
жүгіре басып келеді. Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе
алмады. Мына тұрған үйі əрі алыстап бара жатқан тəрізді. Томп-томп
желеді. Желкесінен шыққан қара шашы желкілдеп, екі ұрты бүлк-бүлк
қозғалады. Ақша беті қып-қызыл нарттай, қарақат көзі жанған
шырадай болып табалдырықтан аттағанда:
— Көке!— деді ентігіп. Көкесі баяу ғана мойнын бұрды. Екі дізесін
құшақтап, қырын отырған. Қасындағы Ырымбекке де тура қарамай:
— Мен болдым, іс керек!— деді де сөзін шорт кесті. Екі сөз ұзақ
əңгіменің түйіні сияқты. Ырымбек Ардаққа жүре амандасып шыға
жөнелді.
Ардақ сəл аңырып қалған. Таныстығы, араласы жоқ, үлкен
қызметкердің ойламаған жерде келе қалғанына түсіне алмады. Оны
ежіктеп тұруға сабыры да жетпеді. Дереу қолтығындағы Лениннің үш
томдығын əкесінің алдына тартты. Білегіндегі сағатын алып,
томдардың үстіне қойды.
— Балаңыздың тырнақ алдысы, көке! Көп алдында мақтағанда
шыдай алмай шығып кеттім!..
Сіресіп отырған Əлібек құшақтаған дізесін жазбастан Ленин
томдарына көзінің қырымен қарады. Қолын сүлесоқ созып, сағатты
ұстады. Сағаттың сыртындағы:
«Ардақ Мырзабек қызына социалистік мəдениет майданында
көрсеткен екпінді еңбегі үшін берілді»,— деп асыл бізбен жазылған
əдемі жазуды оқыған соң ғана тіл қатты:
— Кім жазды?
— Слесарь Лапшин.
Сағатты орнына қойып, дізесін қайта құшақтап, түнерген қалпын
бұзбастан тағы да бір сұрақ берді Əлібек:
— Əкеңді сатып алдық ба, советті алдап алдың ба?
Ардақтың денесі дір етті. Төбеден суық су құйып жібергендей
болды. Беті енді сұрланып, жұқа танауы қусырылып барады. Не дерін
білмеді... Жүрегі аузына тығылды. Əкесінің сыртына шықты да отыра
кетті булығып. Желді күнде, көл бетінде, толқынмен бір батып, бір
шығып, жағаға қарай шірік томар қалқып келе жататын.Қазір дəл осы
томар тəрізді көрінді əкесі. Оның желкесіндегі қарыс сүйем пышақ
дағы ойын сонау алысқа, халық ішіне əкетті. Қанды, қаралы, зарлы
күндер өтіп жатты алдынан...
— Əзір сатуды да, алдауды да білмеймін. Еңбегіме алдым,— деді
əлден уақытта Ардақ.— Осы сөзіңіздің салмағын шамаладыңыз ба,
көке? Зілдей екен!
Бұдан əрі айта алмай жылап жіберді. Əкеге деген аяулы махаббатын
əкесі өзі қара балтамен шауып отырғандай көрінді.
— Мен одан да ауырды көтеріп тұрмын. Сенше еңкілдеп жылауға
көзде жас қалған жоқ,— деп Əлібек жаңа ғана бетін бұрды қызына.—
Ал, салмақтап көрейік. Мен жаралымын, атысып, шабысып түстім
аттан. Əкең жаяу қалғанда, шылбыр ұшын жатқа бересің. Жау салған
жарадан осының батты маған!
— Жауыңыз кім?
— Қаптаған мына қаратобыр!
Осыны айтқанда Əлібек бар қанын ішіне тартып алған екен.
Керосин шамның жарығында кішкене көзі ойнақшып тұр. Ардақ
тайлығып төмен қарады. Үнсіз бірсыпыра уақыт өтті. Екі бөлме жер
үйді тас көмір қыздырып барады. «Жау, қаратобыр» деген екі сөз əке
мен баланы қыздырып барады.
— Сіз айнып қалғансыз ғой?— деді Ардақ,— бір кезде. — Совет
жолын бұзушыларға, бұзықтарға ғана қарсымын дегеніңіз қайда?
— Бəрі бұзық!
— Жаңа түсіндім.— «Əке деген бір сөз барлық сөзден жылы еді, енді
суып кетті. Əке болу — табиғат заңы. Əкелік борышты ақтау
адамшылық заңы» депті. Адамшылық қайда, көке?
— Оқыттым, тəрбиеледім. Басыма қара тұман туған күндерде де
аюша арқалап жүріп, аталық қамқорлығымды істеп келем. Адамшылық
деген сол.
— Соның бəрін тек өзіңіз үшін істепсіз ғой. Өз өміріңіздің оты
шайылған соң, жас өмірдің көгін қылтақтап жұлмақсыз. Өмір тек
əкелер үшін бе?
— Өмірің не? Өмір ме осы? Азап!
— Мен көрген халық, мен оқыған кітап өмірді — еңбек, деп үйретті.
Аз тəжірибем адамшылықты еңбектен көрсетті. Сіз «азап» дейсіз. Егер
азап болса, халық бұнша құнықпас еді ол азапқа.
— Түстік өмірің болғанда, кештік малың болмаса, айдауыңа жүретін
тым құрығанда бір ауылдай елің болмаса, күндегіңді күнде қылқып,
еңбек қызық дегенің саяси мастық, балам! Жастық мастығынан бұл
мастық қауіптірек. Жый есіңді, улап өлесің!
— Мен қазір жас та, мас та емеспін, көке. Қаршадайымнан қайғы
арқалатып, тесік өкпе қылып өсірдіңіз, анамның ақ сүті тамағымнан
етпей тұрып қалған күндер де болған. Сіз ұйықтап жатқанда, көз
жұмбай ой теңізіне талай сүңгігем. Озбыр таптың ескі мүддесін сырлап
əкеліп тартпаңыз алдыма. Сіз көксеген елден, байлықтан алдыңызда
жатқан үш кітап, маған əлдеқайда құндырақ. Сізден естімеген жылы
сөзді, елден естідім. Сізден көрмеген қамқорлықты, Советтен көрдім.
Сонда да сізді қарайлап келген едім. Егер бетіңіз осы болса, əке мен
баланың қоштасатын жері де осы.
— Саяси сауатың ашылған екен, балам. Енді ұстап беруің ғана қалды,
— деп Əлібек күрсіне орнынан тұрды. Жұмыс киімдерін киінді.
Күрегін алды да шығып кетті.
Белес-белес биік қар. Қар астында шыпырлаған жер үйлер. Айсыз,
бұлтты қараңғы түн. Қоян жымыңдай тар соқпақпен қатты қарды
шықырлата басып, Əлібек шахтаға келеді. Қатесін жаңа білді. Қасқабағына қарап, ұршықтай үйрілген жалғыз қызы советтік болып бара
жатқан соң, қаттырақ айтып, қайырып алмақ еді. Бұндай қатал мінез,
саяси бет көрсетеді деген ойында жоқ. Тек Мейрамнан айрылмай ма,
деп қауіптенетін. Ырымбек те осы жайды ескерткен. Ендігі қауіп тіпті
тереңдей түсті. Бірақ, «ұстап бередіге» көңілі бара қоймады.
ЬІрымбекпен əңгімелескеннен кейін Орловтан сескенді. Не ол көнеді
айтқанға, не ұстап береді, деп ойын бекітті.
Осы оймен шахтыға жетті Əлібек. Көпір маңы қазір жарық. Əр
жерден электр лампалары орнатылған. Эстакада үстінде вагонетка
айдаушы жұмысшылардың тарсылы естіледі. Оған оң бүйірде, мехцех
ішіндегі бу қазанының, шахта алдындағы көтергіш машинаның
дауысы қосылып, ұласқан механизм үндері күндіз-түні басылмайды,
əсіресе түнде күшейе түседі. Шахта аузы да өзгерген. Бұрынғы құдық
сияқты тік тесік жер астына əуе беріп қана тұр. Белдің солтүстік
беткейінен жасалған кең уклон, белдің астын кеулеп, ұзап барады.
Суыр іні секілді көлбеу, тереңге кеткен бұл ауыздың ішімен темір жол
да тереңге, жер астына бойлап барады. Адам жүретін жол жасалып
жатыр, біткен жоқ. Жұмысшылар уақытша уклонмен түсіп шығады.
Тəртіп жөнді нығаймаған. Жер астына тексерусіз, пропускасыз кіре
береді. Əлібек те келісімен еніп кетті. Ұзын бойын иместен тік жүріп
келеді. Уклон биік. Қол саласындай қылып төбені, екі қабырғаны
жұмыр ағаштармен тіреп, қиып тастаған. ЬІлдилап кеткен тар темір
жолдың үстінде бүлк-бүлк қозғалып, болат арқан жатыр. Арқанның бір
ұшы далада — көтергіш машинада, екінші ұшы жер астында сонау
алыста, қараңғыда жылтыраған шамдар арасындағы вагонеткаларда.
Арқан бір тулап, шерте қалды да, зулай жөнелді. Жер асты күнше
күркіреді. Əлібек қабырғаға жабыса қалғанда, қабырғадағы ыстық бу
трубасын ұстай алып, қолын тартып алды. Көмір тиеген үш-төрт
вагонетка ағызып өте шықты. Бұрын қолмен бұрап, атбарабанмен
шелектеп тартатын көмірді енді вагонеткалап тартып жатыр. Бұл тек
будың күші. Электр станциясы біткенде не болмақ?! Əлібек қарылған
алақанын сипап келе жатқанда, алақаны емес, электрді ойлап ауырып
келе жатты. Ауыр күрсінген демі тым ыстық, көңілі осы уклондай
қараңғы. Бойды буған ыза байқатпай, төбенің аласалау жеріне басын
қатты соқты. Зеңгіген басын ұстап біраз тұрып қалды Əлібек.
Уклонның түбінде Ермек бригадасы істеп жүр. Төбеден сорғалаған
тамшы іркіліп, қақ тұрған. Аяқ асты батпақ. Сазды, суды кешіп, ұзап
барады бригада. Үстерінде бұрынғыдай өз киімдері емес, қазналық
жұмыс киімі: қонышы қара санға жететін резинке етік, су өтпейтін
бешпент, шалбары бар, бастарында жез қалпақ. Камерон жиналған
суды қомағай ұрттап, алыстағы жер үстіне темір тұрбамен лақ-лақ
төгіп тұр. Жұмыстың ең ауыры, бүкіл шахтаның тағдыры уклонда
болғандықтан Ермек бұнда өзі тіленіп келді. Адамдарды өзі іріктеп
алды. Табельді ақтарып, əркімнің еңбек табысына қарағанда Əлібек
жуан ортада екен. Жəне Ардақтың əкесі екенін ескеріп, оның да қосты
бригадаға. «Жеті жүз тонна үшін» социалистік жарыста ең алдағы,
қызыл тулы Ермек бригадасын Қарағанды бұл күндерде үлгі қыла
сөйлейді.
Уклон түбіндегі екі забойщиктің бірі Ермектің өзі. Ол қазір
бұрынғыдай қайла сілтеп тұрған жоқ, қайладан əлдеқайда салмақты
машина балғаны қабырғаға тірей итеріп тұр. Итерген сайын денесі
селкілдеп, балғасының болат тұмсығы сол көмірге сүңгіп барады.
Сүйсініп, қасындағы Əкімге сөйлеп қояды Ермек:
— Шіркін өнер! Бір балғаның арқасында он қайлашының беретін
көмірін беріп тастадым.
— Врубмашина бұдан да жойқын деседі ғой.
— Ол қырық-отыз забойщиктің бергенін береді, дейді.
— Ворона оны да білеме екен?
— Жоқ. Ол машина Донбастың өзінде аз көрінеді.
Əкім əлі қайлада жүр, əбден төселіп алған, ендігі құмары машина.
Қайта-қайта машина жайын сұрап тұрып:
— Бізді тезірек неге үйретпейді, Ворона?—дегенде, Ермек зекіп
тастады:
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Қарағанды - 12
  • Части
  • Қарағанды - 01
    Общее количество слов 3886
    Общее количество уникальных слов составляет 2256
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 02
    Общее количество слов 3884
    Общее количество уникальных слов составляет 2278
    33.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 03
    Общее количество слов 3910
    Общее количество уникальных слов составляет 2218
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 04
    Общее количество слов 4072
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 05
    Общее количество слов 4010
    Общее количество уникальных слов составляет 2219
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 06
    Общее количество слов 3951
    Общее количество уникальных слов составляет 2336
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 07
    Общее количество слов 3948
    Общее количество уникальных слов составляет 2240
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 08
    Общее количество слов 3959
    Общее количество уникальных слов составляет 2268
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 09
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2197
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 10
    Общее количество слов 3908
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 11
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    34.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 12
    Общее количество слов 4092
    Общее количество уникальных слов составляет 2304
    34.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 13
    Общее количество слов 3962
    Общее количество уникальных слов составляет 2311
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 14
    Общее количество слов 3896
    Общее количество уникальных слов составляет 2267
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 15
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2309
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 16
    Общее количество слов 3825
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 17
    Общее количество слов 3828
    Общее количество уникальных слов составляет 2301
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 18
    Общее количество слов 3912
    Общее количество уникальных слов составляет 2263
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 19
    Общее количество слов 3865
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 20
    Общее количество слов 3853
    Общее количество уникальных слов составляет 2357
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 21
    Общее количество слов 3913
    Общее количество уникальных слов составляет 2347
    31.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 22
    Общее количество слов 3863
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    32.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 23
    Общее количество слов 3929
    Общее количество уникальных слов составляет 2250
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 24
    Общее количество слов 3799
    Общее количество уникальных слов составляет 2228
    30.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 25
    Общее количество слов 3831
    Общее количество уникальных слов составляет 2243
    32.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 26
    Общее количество слов 3843
    Общее количество уникальных слов составляет 2226
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 27
    Общее количество слов 2731
    Общее количество уникальных слов составляет 1685
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов