Latin Common Turkic

Қарағанды - 25

Общее количество слов 3831
Общее количество уникальных слов составляет 2243
32.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
46.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
Мейрам Омарович асықтырып барады. Не айтасыз?.. Алматы,
Москваның пікірін күтеміз? Онда тым жақсы! Оған дейін Мейрам
Омаровичқа ие бола көріңіз. Тіпті терісіне сыймай жүр,— деп күлді де
Щербаков трубканы іле салды.
Қолтығында жұмарлап ораған үлкен табақ қағаз, рұқсат сұрамай-ақ
Козлов кірді.
— Иə, Борис Михайлович тағы не?
— Тағы сол. Көр, жасап əкелдім,— деді Козлов. Аласа, төртпақ қарт
əлі ширақ. Қағазын жайып тастады. Толып жатқан сызық. Болашақ
комбайнның суреті. Сергей Петрович шүйіле қарап отырып, сұрақтар
қойды:
— Өнімділігі қанша?
— Сағатына елу бес тонна. Ұзындығы жүз елу метр лаваны сегіз
сағатта бір шауып шығады. Шапқан көмірін рештакқа өзі салып
жөнелтеді.
— Неше адам басқарады?
— Тіреушілерді қосқанда жеті кісі жетеді. Смена сайын он бесжиырма адамның еңбегі үнемделелді. Мен кемірек айтып отырмын.
Комбайн өнімі ұлғая бермек... врубмашинаша жүреді. Бары үшеу. Оның
— екеуі қисық, бірі дүзу...
— Бардың, механизм бөлшектерінің дəл есебі неге көрсетілмеген?
— Көрсетеміз, көрсетеміз...
— Соларды көрсетіп, макетін жасап əкелмейсіз бе!— деді де қағазды
ысыра салды Сергей Петрович. Козлов жалма-жан жинап жатыр.
Маңдайы қызарып, ерні жыбырлап кетіпті.
— Бюрократизм!— деді бір кезде дірілдеп.— Горкомға барам. Сені
партия талқысына салмаса болмайды...
Жасынан бірге істескен, бірге өскен қарт жұмысшы қатты
ашуланды. Щербаковке қарағанда тұлғасы торғайдай-ақ. Сонда да
төніп-төніп қояды:
— Сен түгіл, сенің əкең, марқұм Петр Алексеевич те бетімнен қаққан
емес-ті. Неге асқақтайсың, неге ысырып тастайсың, менің қағазымды!?
Онда жұртшылықтың озық ойы жатыр. Аш көзіңді!..
Ұсыныс артынан ұсыныс, керіс артынан керіс. Сергей Петрович
«лəм» деген жоқ. Козлов ұрсып болып, шаршап барып отырғанда ғана,
жымың етіп тіл қатты:
— Атылмай қалған патроның болса, тағы ат. Əйтеуір құр дəрілеп
атып жатырсың.
Хатшы əйел телеграмма əкелді. Сергей Петрович оқып жіберіп,
сағатына қарады да орнынан тұрды:
— Жанабіл келеді. Аэродромға барам. Істей бер, Борис Михайлович,
істей бер.
— Ала кет, мен де барам. Ол менің шəкіртім!— деп Козлов қоса
шықты кабинеттен.
VII
Щербаковтен шыққан соң, Мейрам тура обкомға тартты. Обком мен
Облисполком бір жерде, үш қабат ақ үйде тұрады. Ол үйдің сырт
жағында кинотеатры, бақша, алдыңғы жағында кең алаң бар. Алаңға
былтырдан бері ағаш, гүл егіліп айналасын қоршаған. Аумағымен
ойып əкеліп орната қойған ересек ағаштар бірер жылда-ақ зейнетті
бақшаға айналды. Қақ ортасында күн шығысқа қол созып Ленин
тұлғасы тұр. Ағаш көлеңкелерінде жапырақ, түсті сырлы орындықтар,
ыстық күнде су себелеп фонтандар тұр. Көмірлі Қарағандыда егін
арасындағы арамшөпше ескінің жұрнақтары кездесе берсе, бұл
Қарағандыда ол ырымға жоқ. Түзу, тегіс көше, үш, төрт, бес қабат
үйлер, фонтан, скверлар күн санап көбейе түседі. Көмір тозаңынан
аулақ, жалпақ жонның үстіндегі шымқай жаңа, қылаң қаланың бір
шетінде аэродром. Дуадақша жүгіре ұшып-қонып жүрген самолет
тобының гүрілі түнде де басылмайды. Екінші жақ шетте — «Динамо»
— спорт алаңы. Мыңдаған адам дуылдасып, дене шынықтыру өнерін
қызықтап жүргені.
Құлазыған жалаңаш дала аз уақытта осындай мəдениет, өндіріс
ошағына айналса да Мейрамның көңілі көншір емес. Щербаковтің
жаңағы: «Шабандық пен шапшаңдықтың жігін таппай жүрсіз» дегені
шамдандыра түсті. Бақша ішінде жалғыз, төмен қарап, жай басып келе
жатып: «ол тек кешегі мен бүгінгіні салыстырады. Тояттау! Бүгінгі мен
ертеңгіні салыстыру керек»,— деп Щербаковті мінеп алады ішінен.
Жайнаған алуан түсті екпе гүлдердің алқызыл бірін қызығып жұлып
алды да ыңғайсызданып қалды. «Əркім естіп жұла берсе...» десе де,
жұлынған соң тастай алмай омырауына қадап тұрғанда.
— Гүлге құмар əлі, қызыл гүлге!— деген дауыс естілді.
Обкомнан шығып келе жатқан Анатолий Федорович
Чайков екен. Қолында конверті бар. Ол жеткенше Мейрам да жауап
беріп үлгірді:
— Иə, мен гүлге құмар. Құмарлық бітсе тіршілікте не сəн бар.
— Құмарлық қиянатқа айналмасын бірақ.
— Мен жұлған бір гүлге бұны айттыңыз, өзіңіз ондап жұлғанда не
айттыңыз?
Чайков жауап қайырмай басын шайқап күлді де, Мейрамның қолын
қатты қыса амандасты. Бұдан сегіз-тоғыз жыл бұрын Мейрам
Қарағандыға алғаш келе жатқанда, жапан дүзде, ирек-ирек белдер
арасында барлаушы партияны басқарып жүрген Чайков осы. Содан
бері араларынан қыл өтпейді. Жастарының үлкен, кішілігіне
қарамастан əзілдесе беретін.
— Басыңыздың қасқасы күн санап ұлғая ма, немене,— деп еді
Мейрам. Чайков иығын бір қозғап қойып:
— Амал не!— деді.— Сенің самайыңның ағы жұлсаң да бой бермей
барады.
Екеуі бақшаны басына көтере күлді. Чайков аласа бойлы, төртпақ,
жайдары, шапшаң кісі. Өткір, көкшіл кезінде күлкі енді басыла
қалыпты. Мейрамды қолынан жетелей келіп, жапырақ көлеңкесіндегі
орындыққа отырды да, үлкен əңгімені оп-оңай бастады:
— Долинканы көшіру керек! Александр Андреевичке айтып
шықтым...— дегенде Мейрам жалт қарады, оның бетіне.
— Шын айтасыз ба?
— Шын айтам.
«Долинка» Қарағандыдан қырық-елу километр. Ондаған мың малы,
ондаған мың егісі, бақшасы бар, жерінің бір шеті мен бір шетіне екі-үш
жүз километрге созылған алып совхоз. Тікелей Москваға бағынады.
Барлаушылар көмірді қуа-қуа осы совхоздың орталығына жеткен. Оны
көшіру рулы елді көшірумен бірдей. Федоровичті бұл қиындықтың бірі
бөгеген жоқ. Өз ойын өршелене дəлелдеп отыр...
— Көшіру үшін бірер шахтаны Долинканың дəл орталығынан ашу
керек.
— Қиын мəселе, Анатолий Федорович.
— Несі қиын! Дəлел дайын. Дəлелдесең үкімет құшағын жая қарсы
алады. Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркəсіп солғұрлым күшейеді.
Малдың, егістің астына көмірдің керегі не? Совхозды ол жерде
қалдырудан көшіру əлдеқайда пайдалы. Керек болса, бұның
экономикалық есебін де жасап берем...
Мейрам таласпай тыңдай берді. Жасы, тəжірибесі үлкен, қазақ
жерінің кен байлығы туралы отыздан аса ғылыми еңбегі бар. Москва,
Ленинград, Алматымен пікір байланысы қат-қабат адам сөйлеген
сайын тереңдеп барады. Алдын алыстан болжап, ғылым дүниесіндегі
озық ойларды көлденең тартып тұр. Ойы өзіне сонша айқын, сенімі
сонша күшті сияқты — сөзінде бір дүдəмал, мүдіру жоқ. Батыл айтады.
— Көмір жалғасы алпыс-жетпіс километрге кетті!-— деді батысқа
нұсқап қойып. Екінші қолын дереу шығысқа созды.— Бұл жақ біздің
қайсыбір барлаушылардың болжауынша «Екібастұз» бен ұштасады.
Қарағанды үлкен көмір теңізі. Соған лайық кеме керек. Меніңше
Қазақстанның қара металлургиясын жасау қамына кірісетін де мезгіл
туды. Қайыр Аманбековичтің мына хатын оқығанда осы пікір келді
басыма...
Анатолий Федорович Қайыр Аманбековичті əрдайым аузынан
тастамайды. Екеуі жиырманшы жылдардың бас шенінде Томск
университетін бір бітірген кен зерттеуші инженерлер, мектептес
достар. Оның үстіне Главкадағы зиянкестер тобымен айтыс
уақытында жұбын жазбай, достықтарын нығайта түскен. Қайыр
жуырда ССРО Ғылым Академиясының қазақстандық филиалына
ауысты. Қырыққа тарта ғылыми еңбегі бар, Қазақстан тұрсын
Москваға мəлім адам. Мына хаттың бір жерінде былай депті:
«...Қуанышпен хабарлаймын — қазақ жері көмір, түсті металл, сирек
металл байлығын ғана көрсетіп қойған жоқ. Шойын, темір, болат
байлығын да көрсетіп отыр...»
— Байқадыңыз ба, бұл сөздің мəні үлкені—деп хаттың осы жолын
бірер нұқыды да қалтасына салды Чайков. Сөз түйдегімен келіп,
көмейіне тығылып тұрған тəрізді, лықып шығады аузынан.-—Қазақ
жері кең, совхозға қоныс көп. Каргрэстің суы, тогі жетеді. Темір
кендерін баурағанша өндіріс маңындағы ескі-құсқы темірлердің өзі
бірнеше мəртеге азық бола тұрады. Қарағанды көмірі Орал, Балқашпен
қоса Қазақстанның қара металлургиясын неге қозғай бермейді?!
Үндемейсің, Мейрам Омарович, ойлы жігітсің, ойлағаның жақсы. Meн
бұның
бəрін
жолдастығыңнан,
секретарьлығыңнан
бұрын
депутаттығыңа айтып отырмын. Ғылыми-техникалық пікірлер қазір
соншалық көп туа бастады, республика соншалық өсіп барады,
Қазақстан енді өзінің Ғылым Академиясын жасамасқа амалы жоқ. Міне,
бұл ең қиын мəселе. Ғалымсыз, ұлт ғалымдарынсыз қалай жасалады?!
Айтпақшы сен қашан қорғайсың?
Кенеттен өзіне тап берген Чайковке мырс етті Мейрам. Бетіне қарап
телміре қалыпты.
— Осы жылдың ақырына дейін жазып бітірем.
— Ардақ ше?
— Ол келесі жылы қорғар.
— Демек, филологиядан бір, экономикадан бір ғалым шыққалы тұр.
— Тағы бір мұғалім тарих ғылымынан дайындалып жүр.
— Бəрекелді! Көмір туралы докторлығымды мен де жазып бітірдім.
Қорғауым ғана қалды. Қайыр Аманбековичке жазып жібердім. Қандай
қуанар екен!—деп тұра жөнелді Чайков. Өзі қуанғаннан кепкесін
ұмытып кетті. Асығыс қоштасып, басын бір жағына сəл қисайта,
жебелей басып барады. Мейрам артынан қарап отырып:
— Ойы мөлдір адам!— деді ішінен, Чайков кілт бұрылып, кейін
қайтты. Қолын көтере сөйлеп келеді:
— Барлаушыларды жөнелтпек едім, асығып айтпай кетіппін.
Щербаков жақсы көмірші, бірақ жаман геолог. Қорықпаңдар ашық
шахтадан. Əшірбек біледі, ол жердің көмірі ашық алуға тіпті қолайлы.
— Анатолий Федорович, мына кепкеңізді...
— Рақмет. Ардаққа менен сəлем.
Чайков кездескен жерде жаңа ойлар айтып кетеді. Бұл жолы
айтқаны Мейрамды қатты толғантты. Қарағанды өскен сайын
қазақстандық, бүкілодақтық маңызы бар ірі-ірі мəселелер қойып тұр
алға. Бақшадан шығып, асфальт жолмен обком үйінің кең, биік
сатыларына келіп көтерілгенде де Мейрам осы ойлардың
шырмауында еді. Үшінші қабаттағы секретарьдың кабинетіне
жеткенде ғана айықты. Секретарьға кезексіз, сұраусыз кіре беретін.
Бұл жолы хатшы əйел: «Москвамен сөйлесіп жатыр» деген соң бөгеле
тұрып, сез біткен соң кірді.
Үлкен кабинеттің ең төрінде шекесі жалтырап, ақ киімді, иықты,
кеуде сүйегі кең, бурыл бас адам отыр. Бетінде əлі əжім жоқ. Ақсары
жүзі, бадана көзі жасы толып келсе де мөлдіреп тұр. Амандықтан соң
байсалды мінезін, жылы-шырайын бұзбастан Мейрамға бір қарап өтті
де:
— Қабағың неге жабық?— деді.
— Қабақты Сергей Петрович бұза береді. Рұқсат етіңіз, Александр
Андреевич, мəселені бюроға қоймақпын.
Александр Андреевич жуырда жауап қайырмады. Жай сөйлесе де
жауапқа бөгелмейтін. Мейрамның ұсынысын тастамайтын. Бұдан
бірнеше жыл бұрын комиссия бастығы болып орталықтан
Қарағандыға келгенде, Мейрамды зиянкестердің жапқан жаласынан
құтқарып кетіп еді. Қарағанды облыс орталығына айналғанда
обкомның бірінші секретары болып келді. Горкомның да бірінші
секретары. Қала мəселелерін көбінесе Мейрам басқарса да, оның
ішінде басты-бастыларын бірінші секретарьсыз шешпейді. Александр
Андреевич үндемей қалғанда, жақсы көретін жолдасының бір мінін
бетіне айтуды ойлап отыр екен.
— Есіңізде ме?—деді бір кезде,— бұдан жеті жыл бұрын көмірлі
Қарағандыда, екі қабат стандарт үйде екеуміз ұзақ əңгімелестік...
— Есімде,— деді Мейрам.
— Сонда сіз «күрескен соң жығу керек» дегенсіз. Тап жауына бұл
рақымсыздығыңыз мені əбден сүйсіндірді. Енді достарға сондай
қаттылық көрсетсеңіз күйінер едім. Партия бұған жол бермейді.
Айыптаудан аулақпын. Тек сақтандырғаным.
— Айта түсіңіз, тұйық сақтандырғаныңыз түсініксіздеу болып тұр.
— Былтыр осы уақытта «Шевченко, Афанасьевтердің комбайны»
деп Қарағандыны дүңкілдетіп жүрдіңіз. Қайда сол комбайндар?
Əнеукүні Ермектің графигін мақтағансыз, ол график орындалмай
қойды. Кейде шаруашылық, совет ұйымдарының правосына қол
сұғасыз. Менің пікірім жеңсін дегенше, дұрыс пікір жеңсін деген артық.
Енді түсінікті ме?
— Түсінікті,— деді Мейрам ойланып отырып, ақшыл жүзі қызғылт
тартты,— Кейде асығыс та, омыраулап та кетсем керек.
Александр Андреевич бұдан əрі қазбалаған жоқ. Трубкасына
«Золотое руно» темекісін салып жатқанда, ұртында жұмсақ күлкі
тұрды. Адам көңілін көбінесе жылы сөз, жылы мінезбен алатын əдеті.
Алды кең, оның алдынан сыр бүгіп шығатындар кемде-кем-ақ шығар.
Мейрамның кейбір қатал, үстем мінездерін жұмсартып отыратын
сияқты еді бұл кісі.
— Адам түсінсе де бойындағы жарамсыз əдеттің бəрін жеңе
бермейді,— деді күлімсіреп,— мен мына темекінің зиянын ертеден
білем. Қоя алмадым. Өзін-өзі жеңу, өзін-өзі түзеу — түсінумен қоса
қайрат тілейді.
— Бойда барды салып көреміз,— деп күлді Мейрам.
— Онда жеңесіз, сіздің қайратыңыз жеткілікті.
Көп телефонный, бірі шылдыр етті. Секретарь төтенше сөйлесетін
ішкі телефонный, трубкасын көтерді. Обкомның екінші секретарь!
Асан Амантаев екен. Бағана телефон арқылы Щербаковтің айтуымен
Мейрамға кейіп сөйлеп жатыр.
— ...Тəртіпке шақырсаңызшы. Щербаковке тіпті маза бермейді...
Мəселе ушығып барады...
— Меніңше ол тəртіпсіз жігіт емес. Азырақ асығыстығы болар, оның
есесіне анау отағасының азырақ шабандығы да бар. Қапа болмаңыз,
мəселе дұрыс шешіледі,— деп Александр Андреевич трубканы ілді де
Мейрамға қайта бұрылды.— Ал, енді даулы мəселеге келейік.
Щербаковтікі əзір сақтық. Ұсыныстарды зерттемей, қабылдай беруге
болмайды. Зерттесін. Егер зерттеуді кедергіге айналдырып бара жатса
көреміз.
— Осы мəселе жөнінде өз пікіріңіз қалай!
— Ермектің жаңа графигі сəтсіздікке ұшырады. Ол оны көре сала
түзеу қамында. Забой жұмыстарын тездетем, учаскелерді ірілендіріп,
дайындықты күшейтсем,— деуі қонады көңілге. Əшірбектің ашық
шахта жайындағы ұсынысы да дəлелді. Поезды бүкіл составымен
забойға енгізбек, көмірді экскаватормен тиемек... Бəрін техникаға
істетем, дейді. Тіпті батыл ой! Бұған Щербаков пен Ермек көбінесе əуе
райынан қорқып, қарсы боп жүр.
— Босқа қорқады. Боранды күннен борансыз күн көп. Ашық шахта
көмір шығаруда өнімді болса, қардан тазарту одан да өнімді
— Қардың өзіне қарсы шаралар бар. Маңайға ағаш егіп, щиталар
құрып тастаса, неқылады боран.
— Онда бұл игі істі неге бөгей береміз?
— Москваның пікірін күтпейміз бе?
— Уақыт өтіп барады. Тағы да айлар өтетін болады.
— Айлар емес, жұмалар ғана өтер,— деді де Александр Андреевич
əзілдеп қойды,— жас қайрат, соны ой өмірге жаңа қарқын береді. Кейде
олар жолын таппай жартасқа соғады.
— Тауып айттыңыз. Бірақ, паруана əкеге бой бермей жас бала
жығыла жүріп жер таниды.
— Сен де тауып айттың білем.
Екеуі біраз күлісіп алып, Козлов жайында қозғады əңгімені.
— Көмір комбайны шахта өмірінде зор оқиға. Алғашқы талаптың
сəтсіздігіне қарап жасқанбау керек. Ол сəтсіз де болса ілгері нұсқап
кетті.
— Осыны Сергей Петровичке де айтыңыз.
— Айтамын. Козловқа барлық жағдайды жасатамын. Меніңше
Шевченко, Афанасьевтердің қатесі — жұмысшы, инженер
коллективінің кеңесінің сынынан аулақ ұстады өздерін. Мейрам
Омарович, Козлов досыңды бұл қатеден сақтандыра гөр. Бұл көмекті
оған өзің ұйымдастыр.
— Жақсы!— деді Мейрам. Міні бетіне басылса да қабағы жайраң.
Сайып келгенде Александр Андреевич қостап шықты. Бірақ, толғауы
кеңірек, əрекет əдістері əрқилы, тəжірибесі байырақ екенін Мейрам бұл
жолы бұрынғыдан айқын көрді. Жаңа телефон арқылы кіммен кім
туралы сөйлескенін де шамалап отыр еді. «Сабырлы, адам сыйлау
қасиеті басым-ау осы кісінің! Ешқайсымызды құлатпай қолтықтап
алып шықпақ» деген оймен орнынан тұрды.
— Біз сөз қылған комбайн, ашық шахта, еңбек ұйымдастырудағы
жаңа тəсіл Қарағанды үшін ғана емес, Донбасс, Кузбасс үшін де үлкен
жаңалық,— деді Александр Андреевич. «Қарағанды ойдың да өндірісі»
деп дұрыс айтқансың. Бір шахтаны ВУГИ-дің қарамағына беру керек.
Көндіреміз Щербаковті.
Ризалық білдіріп, басын изеді де, шығып кетті Мейрам.
VIII
Биік көпірдің темір діңгектеріне, олардың үстіне орнатқан кең, ұзын
тақтай қораға Жанабіл төбесінен қарап тұр. Үш-төрт жыл көрмеген
шахтасы қандай өзгерсе, өзі де сондай өзгерген. Бұрын алып қаш
мінезін, өткір тілін тежей ұстап, əрнəрсеге байыпты қараған, байсалды
бола бастаған түрі бар. Партия мектебі білім ғана емес, мінез де
беріпті. Қасындағы Жұмабай мен Майпаға қазіргі көңіл күші өткенмен
салыстыра айтты:
— Еңбек сіңген, көз үйренген нəрсе қандай ыстық! Боқайдың құрым
қосты комбинатқа кіргенше тастамауына түсінбей күлген екем.
— А, солай ма?!—деді Жұмабай.— Қара сиыр да маған ыстық
көрінетін.
— Музей бар ма, қалада? Біз көргендерден жөнді ештеме қалмапты
ғой.
— Бар, бар. О, құданың құдіреті! Майпажанның станогін, сенің
станогіңді, менің тəшкеме дейін сонда жинап қойыпты. Ақшасыз
көрсетпейді.
— Кеше ғана соның бəрі еңбек құралы болса, бүгін тарих материалы
болып қалды. Шапшаң, тіпті шапшаң кетіп барамыз, Жұмеке!
Жанабіл аңқау атасының бойынан да өзгерістер тапты. Бұрынғы
жасқаншақ, кірмелік мінезі тіпті байқалмайды. Шахта қотанында
талтаң басады аяғын. Көзінде қалқан, əлектрмен темір пісіріп жатқан
жас жігітті:
— Бондаренконың баласы,— деп нұсқады.
— Қалай, Бондаренко жанжал шығармай ма?
— Пəле! Қазір «орыс», «қазақ» деп қық ете ме екен бірі!
— Бұрын қалай қық еткен?
— Сайтан азғырды да.
— Енді неге азғырмайды?
— Құданың құдіреті, осы арасына қайранмын. Орыс, қазақ, шүршіт
ағайын болып кетті бəрі.
— Ол сананың күші, Жұмеке. Халықтың санасы өсті,— деді де
Жанабіл ілгері аяңдады.
Шахтаның мехцехы бұрын бүкіл Қарағандыны қамтыған мехцехтан
үлкенірек. Қалың плиталарды электрмен ұстарадай тіліп жатыр. Осы
үймен жалғаса биік, бірнеше көркем үйлер кеткен. Ортаға үлкен алаң
қалдырып, доғаша иіліп келіп, үйлердің бір шеті шахтамен қайта
түйіскен. Жұмабай үйлерді де, олай бұлай өткен адамдарды да
сырттан таныстырып келеді.
—...Біздің мехцех баяғы сендер істейтін цехтың əкесіндей... Анау
клубымыз бес жүз кісі сияды. Оған тақау сұр үй столовой, магазин,
мынау үлкен корпус: контор, наряд залы, монша, лампа бөлмесі. Мына
кетіп бара жатқан бұйра бас жігіт Əсет маркшейдер. Ана келе жатқан
учаске бастықтарының бірі, аты тілімнің ұшында тұр...
— Театрға барып тұрасыз ба, Жұмеке?
— Е, бармай! Қыз Жібекке үш рет, Айман-Шолпанға əлденеше рет
бардым.
Жанабіл Майпаны түртіп қалып күбірлеп қойды:
— Əкең қартайғанда сұлудан сұлу қоймапты ғой.
— Үлкен кісімен ойынды қойсаңшы.
— Үлкен кісінің өзі бүлдіріп келеді.
Бұларды көріп, контор алдында тұрған Ермек, Əшірбектер бері
жүрді. Олардың соңынан бүлдіршіндей алты-жеті жігіт ерді.
Жігіттердің бірін таныған жоқ Жанабіл. Ермек таныстырды:
— Маркшейдер — Жабасов, тоғызыншы учаске бастығы —
Арыстанов. Машинист — стахановшы—Ворона. Комсомол комитетінің
секретары — Ержанов. Транспорт бастығы — Семенов. Механик —
Ақтанов...
— Жұмысшы саны қанша?
— Қызметшілерді қосқанда үш мыңға тарта бар.
Шахтаның адамдары өзгеріп кеткен. Таныстары кекен-саяқ. Жаңа
қауым, жаңа жүмысшылардың тұлғасына Жанабіл сүйсіне қарап
тұрып, қалжыңдай сөйледі:
— Кел қорыған қызғыш деуші едік Бəйтенді. Қызғанса қызғанарлық
екен. Сендер де «жұмысшымын» дейсіңдер ме, өздеріңді?
— Енді қалай?—деді жастардың бірі.
— Жоқ, интеллигентсіңдер. Біз, жалаңаяқ, сауатсыз келіп, қайла,
балға ұстадық қолға. Бізден бұрынғы Ермектер, тас көмірдің үстінде
еңбектеп, мойнымен сүйреді шананы. Сендер оқып келіп, машинаға
міндіңдер. Бұл да жұмыс па?! Жұмыс дегеннің тек аты қалды, заты
өзгерді.
— Дұрыс айтады!— деп Жұмабай қойқаң-қойқаң етеді. Екі езуі екі
құлағында, бүгін ол сөзшең, ойы асқақ. Балаларын сағынып керді. Адам
болған баладан артық, əкеге мақтаныш не? Мақтанып та қойды.—
Марқұм Құтжан балуанның бригадасында жүргенімізде, құйылған тер
бір кеппейтін. Осы күні маңдай жібитін жұмыс бар ма, тəйірі! Бəрін
машина істейді...
Майпа өзінің үйренген мехцехын көруге асығып тұр. Ұзын кірпікті
қара көзі кіртиіп, қызарыңқырапты. Елге қайтпақшы болғаннан бері
ұйқысы шала еді. Оның үстіне ертелі-кеш естіп, түн бойы амандыққа
келген жолдастар таң атқанша ұйықтатпады. Ермек, Əшірбектер сонда
болып, көзшырымын алмай келді жұмысқа. Қарағандының кішірек
кезінде кетіп, үлкейген кезінде келген Жанабіл, Майпалар өскен
қаласын көруге қандай құмартса, бас қосқан жерде өжет мінездері
ауыздан түспейтін Жанабілді көруге де жұмысшы қала құмар. Осы
тұрғандардың əрқайсысы-ақ өзімсініп, күлдіргі, тапқыр сөзін естуге
асық еді.
— Жұмекеңнің Майпажаны мехцехқа қарай иегін көтере береді.
Кетпесе болмас,— деді Жанабіл.— Бүгін сірə, жер үстімен танысармыз.
Біз «қайла вези», «шай кушайтта» жүргенде мына жастар оқып
тастапты. Енді оқулы дүниені көреміз.
— Қап! Өзім керсететін едім, смена тақалып қалды-ау!— деп қала
берді Жұмабай. Бəрін өзі жасағандай, пəлсіне сөйлейді. Ермек қана ере
кетіп, былай шыққан соң күңкілдей бастады Жанабілге:
— Мейрам мен Щербаков біз кеткен соң бөтен сөз сөйлеспеді ме?
Неғылған бөтен сөз?
— Екеуінің арасы алшақтап барады. Кім дұрыс, кім терісін кезінде
көрерміз. Əйтеуір, Щербаковке дақ салып алмайық. Есіңде болсын.
— Бұл жерде басқа түгіл, Ардақ та қостамас оны. Неғыл дейді
Щербаковке?
— Техникалық, ғылымдық таластар...
— Талассыз өсу бар ма! Таласты жаншудың бəрі бірдей пайдалы ма?
Солардың ішінен таңдап ала білу керек те.
Ермек көңіл түйткілін білдірді де қайтып кетті. Бір кварталды
қоршаған темір аран. Ішінде — созылып барып, иілген қызыл кірпіш
заңғар үй. Үйдің кірпішінен əйнегі басым. Қақпадай-қақпадай
əйнектерден электрдің жасыл оттары жарқылдайды. Күшті дүрсіл
естіледі. Аранның ішіне сыймай вагонеткалар теңкиіп-теңкиіп далада
жатыр.
— Енді де «парожняк жетпейді» дер ме екен!
— Вагонеткаларды осында жасайтын болған ба?!
— Одан да зорырақты жасайды бұл завод.
Қақпа алдында бурыл бас күзетші қырын қарап тұр еді.
— Бəйтен екен, Бəйтен!— деді Жанабіл Майпаға сыбырлап.
Білдірмей келді де көзін баса қалды.
— Бұл қайсың, ей жібер! Күзетшімен ойнама, жібер! Атамын!— деп,
Бəйтен қолындағы бердеңкесінің құлағын қайырғанда ғана босатты
Жанабіл.
— Ал, ата ғой.
— Ой, езуіңді!.. Келші құшақтасайық...
Екеуінің де көзінен жас тамшылады, Жақсы, жаман болса да бірінебірі дақ салмаған ескі жолдастар, жай адамша кездесе ала ма! Бір кезде
қадірсіз Бəйтен енді қандай сүйкімді, аянышты. Қартайып қалған.
Алды бар, арты жоқ, бар күшін аузына жиған сорлының одағай
мінездері ерке баланың қылықтары секілді көрінді Жанабілге. Аяп тұр.
Бұрынғыдай ащы тілін салмады. «Бəйтеке, «сіз» деп сыпайы сөйледі:
— Шашыңыздың ағы көбейіпті ғой. Кəрілік пе, көңіл ағарғандық па?
— Көңіл ағарғандікі де. Шүкір, денім сау. Тұрмысым жаман емес,
жұмыс жеңіл. Төрт бөлмелі үй салып алдым. Сиырым, үш-төрт ешкілағым бар. Пенсия алып тұрам. Жалақы тағы алам. Саяси орын сенімді
деп, осы зауытты маған күзеттірді...
— Бұл заводыңыз не істейді.
— Ол саяси мəселе. Айтуға болмайды. Анадағы қаптан аузым күйіп
қалыпты.
Жанабіл шегі түйілгенше күлді.
— Бəйтеке-ай, талай қызықтар бар еді-ау!..
— Істеудей-ақ істеуші ек!? Əттең мына күзет қолды байлады Бұл өзі
үлкен саяси сенім. Есіңде ме, халық жаулары суық қолын алдымен
өндіріске сұққан. Бір кісіні тексермей жібермеймін.
— Бізді ше?
— Саған қайда болса да есік ашық қой. Мейрамның орнына келеді
деп еді, рас па?
— Əзір демалыста жүрмін. Партия біледі.
Екеуі əңгімемен тұрыңқырап қалды. Ескі жолдастардың қайсысы
қайда жүр, не істеп жүр, Бəйтен арқылы бəрін білді Жанабіл. Ағылшын,
совет Қарағандысын басынан кешірген жаман Бəйтен енді жақсы
тарих. Оның мақтан аралас ожар, олақ сөздерінен де шындық
жарқылдайды...
— Біз түгіл сенің өзің кірме боп қалдың?— дегенде, ол бұрынғы
қызғанышын, қаланың ойсаң өскенін емес, жаңа адамдар билегенін
айтып еді. Жанабіл қостады:
— Иə, Бəйтеке, бəрінен де кадрлардың көбейгені қуанышты. Суға
қандай сусаса, қызыл маманға сондай сусап еді ғой, бұл қала. Жаңа
шахта алдында бір топ жас маманды көргенде, мына заводқа
мақтанған сіздей-ақ, мен де мақтанып тұрмын ішімнен.
— Пəле, біздің заводтың қасында шахтаның мамандары маман ба!
Козловтың өзі осынан шықпайды, үйреніп жүр. Өзіміз осы күні машина
тілін білудей-ақ білеміз, тек жүргізе алмаймыз...
Жанабіл тағы да бір рақаттанып күліп алды да, Бəйтенді арқаға
қағып, еніп кетті ішке. Алдымен үйренген жұмыс орнын іздеп келеді.
Мехцехтың ағылшындардан қалған шипуыт тұрбасы жоқ. Аспанмен
тілдескен темір белбеулі жуан қызыл тұрба тұр; кен, аузынан
лақылдаған қара түтін, тымық күнде өркеш-өркеш бұлт болып, қала
үстінде қалықтап барады. Алғашқы күндерде бүкіл Қарағандыға қуат
берген жапырақ тас үй тұр. Ішінде парогенератор, нефтедвигатель,
үш-төрт токарь станогі болатын. Бірі қалмапты. Бөлмелерін қосып, зал
жасап жіберген. Залдың қабырғалары шкаф, сөре — олар толы
механикалық құрал-саймандар. Өзімен өзі болып күйбеңдеп,
көзілдірікті қарт жұмысшы жүр: балғын, зор денесі бүгіле, жалпақ
иығы күдірейе жүр.
— Ковалюк!—деді Майпа Жанабілге сыбырлап,— Көзілдірік киіпті.
— Үндеме, таныр ма екен!
Ковалюк əлден уақытта баяу бұрылып келіп, тұрған екі жасқа көзі
түскенде дауыстап жіберді:
— Жанабіл, Майпа!.. Туу шайтандар, боржон сияқты жібекке
оранып!.. Танымай қала жаздадым.
— Өзің көбірек ұқсайсын. Көзіңде көзілдірік. Магазин мынау!
Ковалюк екеуін де сүйіп амандасты. Бір кезде бригадир болатын.
талай жасты үйреткен, жоқтан бар етіп жаңа өндірістің іргесін қалаған,
байсалды, ұқыпты Донбасс жұмысшыларының бірі еді. Жадағай, кең
мінезінен, сараң аузынан шыққан əр сөзінен украиндық екені аңқып
тұр. Амандықтан кейін өзгерістерді жайлап айтып берді... Кəрі Иван
қайтыс болған. Антон қартайыпты, пенсионер. Жолтайдың баласы
токарь. Бір өзі үш станокті басқарады. Козлов, Лапшиндер шахтаға
ауысқан — изобретатель, конструктор...
— Мехцехтың орнында құрал-саймандар сарайын басқарып мен
ғана қалдым,— дейді Ковалюк.
Майпа өзінің жұмыс орнын танып, есіне еткен күндерді түсіре
бастады:
— Дядя Ковалюк, менің машинам мына жерде еді-ау, Жанабілдің
станогі ана жерде...
— Иə, иə, дəл таптың.
— Менің орныма қалған қыз қайда?
— О, ол жоғарылап кетті. Аспанда жүр, летчик.
— Болар, болар. Өткір еді!
— Өзің не бітірдің?
— Тіпті жақсы, қызым, тіпті жақсы! Сендер үйрене өрлей
бересіңдер...
Бұдан шығып Жанабіл мен Майпа заводты аралады.
Жаңа заводтың іші сыртынан да айдынды. Бірнеше цех. Əр цехы
даладай. Токарьлар бөлімінде ондаған станок тұр. Бірі — жонып,
сүргілеп, бірі — кесіп, тесіп, темір, шойын, жез, қалайы, мырыш, алуан
түрлі металдан механизмнің алуан-алуан бөлшектерін жасап жатыр.
Шеберлік, көркемдік тек осында сияқты. Токарьлардың көбі кілкін
кескен жас, фабрик-завод мектебін бітіріп келгендер. Жанабіл, Майпа,
бірін танымады, жағалап отырып Жолтайдың баласы Өміржанның
қасына жеткенде:
— Здравствуйте!— деді Өміржан.
— Қазақ тілін ұмытқанбысың?— деп еді Жанабіл, бала жігіт ұялып,
қызараңдап қалды.— Оқасы жоқ. Бірақ ана тілін ұмытпағайсың. Əкең
тың ба?
— Тың.
— Мені танимысың?
— Əкеймен бірге арқан тоқып жүрген кездеріңізде көргемін.
— Мен сені танымадым.
— Сіз аз көрдіңіз ғой. Мен көбінесе фабрик-завод мектебінде
болдым.
Өміржан аялдай алмай жүре сөйлесті. Үш станогі бірден істеп тұр.
Бірінде—күбідей шойын баяу айналады. Айналған сайын болат пышақ
қырып, үгіп барады. Жас токарь қолындағы чертежына қарайды да,
сом шойынды асата, циркулімен дамыл-дамыл өлшейді. Қалыңдығы
ұстараның жүзіндей артық не кем жонып алса бүлдіреді. Дəлдік,
шеберлік шегі дəл осы болар. Өміржан станокті тоқтатып қойып
өлшегенде:
— Жігітсің!— деді Жанабіл сүйсініп.— Поршень жону əр токарьдің
қолынан келмейді. Үш станокті бірдей істейсің-ау, тағы! Біз бір
станоктің өзіне үлгіре алмаушы едік.
— Петя төрт станокте істейді.
— Қанша табасың айына?
— Жеті-сегіз мың сом. Кейде одан да асып түсеміз.
— Жөпшенді ғалымнан да асып кеткен екенсің.
Жерде қол кран, төбеде машиналы кран істеп тұр. Адам күші қозғай
алмайтын ауырды шопақ құрлы көрмей тілеген жерге жеткізеді.
Станок сайын электр кнопкасы. Тоқтатып, жүргізуге секунд ғана уақыт
керек. Станокті шапшаң не ақырын жүріске салудың өзі бұрын
бірсыпыра уақыт алатын. Қазір ол да кірпік қаққанша. Өлшеу, кесу
аспаптары қандай! Таспа-таспа, жаңқа-жаңқа болып металл
қыртыстары үйіліп қалған. Жалт-жұлт етіп, мүсінін көрсетпей
станоктерде зырлаған ақ, көк, сары — қилы-қилы механизм
бөлшектері сағымша лыпылдап тұр...
— Біздің машинада істедік, дегеніміз Бəйтеннің ескі жұмысшымын
дегені сияқты-ау,— деді Жанабіл Майпаға.— Нағыз машина, нағыз
машинист осылар! Бұлардікі жұмыс емес, көркемдік, шеберлік
бəсекесі.
— Алқынбаса, алақан қолдырап, маңдай тершімесе жұмыс емес-ау
саған.
— Жұмыс қара күш тілейді. Бұлардікі тек ой күші...
Полы асфальт, ұзын, кең зал. Темірді киізден оңай тілгілеген көп
станок. Радиодан баяу, нəзік музыка естіледі. Ашулы үлкен
əйнектерден самал соғады. Əр тұсқа қойылған түрлі гүлдерден қош
иістер келеді. Жанабіл, Майпа аралай-аралай формашы цехқа жетті.
Бұнда машина жоқ. Біраз жүмысшы құм балшықтан шымшытырық
қалыптар жасап жатыр. Металды қорытып осы қалыптарға құяды,
содан кейін токарьлар станокке салып өңдейді. Анау шетте, қасында
бір жас жұмысшы бар, Козлов та жүр. Жанабіл сөйлей келді Козловқа:
— Борис Михайлович, сіз не істейсіз, бұнда?!
— Комбайнның қамы да. Макетін жасағалы жүрмін. Сергей
Петрович бұзылды ғой, бұзылды...
— Маған көрінбеді онысы.
— Көресің əлі. Мейрам Омаровичтен сұра. Сені мен біз қандай
жəрдемдесетін едік бір-бірімізге. Ол бюрократ!
Жанабіл сақ-сақ күліп жіберді.
— Сергей Петровичтің қолынан бірнəрсе келмесе, дəл осы келмес.
— Күлме-күлме. Құлағынан басып күйдіру керек оны.
Бір кезде өзінің еңбек ұстазы болған сүйкімді қартқа
Жанабіл сын көзімен қарады. Қашанда жасы үлкеннен ойы үлкен,
кеңірек, шыдамдырақ қой. Бұрын аузына келгенін ірікпей айтып салса,
енді—«Мейрам, Щербаковтер де сіз сияқты қызыңқырап кеткен» деген
ойын айтқан жоқ. Достарының арасындағы көңіл кірбеңін, пікір
таласын өсу зады, деп тұр.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Қарағанды - 26
  • Части
  • Қарағанды - 01
    Общее количество слов 3886
    Общее количество уникальных слов составляет 2256
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 02
    Общее количество слов 3884
    Общее количество уникальных слов составляет 2278
    33.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 03
    Общее количество слов 3910
    Общее количество уникальных слов составляет 2218
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 04
    Общее количество слов 4072
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 05
    Общее количество слов 4010
    Общее количество уникальных слов составляет 2219
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 06
    Общее количество слов 3951
    Общее количество уникальных слов составляет 2336
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 07
    Общее количество слов 3948
    Общее количество уникальных слов составляет 2240
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 08
    Общее количество слов 3959
    Общее количество уникальных слов составляет 2268
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 09
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2197
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 10
    Общее количество слов 3908
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 11
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    34.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 12
    Общее количество слов 4092
    Общее количество уникальных слов составляет 2304
    34.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 13
    Общее количество слов 3962
    Общее количество уникальных слов составляет 2311
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 14
    Общее количество слов 3896
    Общее количество уникальных слов составляет 2267
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 15
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2309
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 16
    Общее количество слов 3825
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 17
    Общее количество слов 3828
    Общее количество уникальных слов составляет 2301
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 18
    Общее количество слов 3912
    Общее количество уникальных слов составляет 2263
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 19
    Общее количество слов 3865
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 20
    Общее количество слов 3853
    Общее количество уникальных слов составляет 2357
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 21
    Общее количество слов 3913
    Общее количество уникальных слов составляет 2347
    31.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 22
    Общее количество слов 3863
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    32.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 23
    Общее количество слов 3929
    Общее количество уникальных слов составляет 2250
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 24
    Общее количество слов 3799
    Общее количество уникальных слов составляет 2228
    30.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 25
    Общее количество слов 3831
    Общее количество уникальных слов составляет 2243
    32.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 26
    Общее количество слов 3843
    Общее количество уникальных слов составляет 2226
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 27
    Общее количество слов 2731
    Общее количество уникальных слов составляет 1685
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов