Latin Common Turkic

Қарағанды - 07

Общее количество слов 3948
Общее количество уникальных слов составляет 2240
34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
қазақтың жұмысшы табы болып қалады. Біздің ескі Ресейде бес-он
жылда үйренгенімізді, бұлар бес-он айда үйренетініне көз жетті. Бəрі
болады, жолдастар. Тек жасыма, шыда, баулы. Кадр бəрін жасайды...
Көрмейсіздер ме, Қарағандының қарамы əнеукүні қандай еді, бүгін
қандай! Осылай кете бермек...
Козловтан кейін сөйлеген Жанабіл еді. Жас батырақ арындай
жөнелді. Екі сөзінің бірі —«тап тартысы». Жаратпаған адамын кулакқа
теңейді. Сөзінде ауыл тілі көп. Тілінде өзгеше бір өткірлік, тапқырлық
бар. Сол қасиеті көп мінін көрсетпеді. Бюро мүшелері оның аузынан
шыққанды жас баланың аузынан шыққандай қызыға тыңдап отыр...
—...Кулак, жалқау, бойкүйездер — Ленин айтқандай, бір ақшаның
екі беті. Кейінгі екеуін де тап есебінде жою керек дегенде, ду күлді
бəрі. Мейрам күле отырып қағып қойды:
— Жалқау, бойкүйездерді жою керек емес, ыспалау керек.
— Ендеше екі асықтың арасына салып, таспаша ысып жатырмыз
Бəйтенді.
Комсомолдар
аянбай
күреседі
олармен.
Тек
арашаламаңыздар...
Аузы ауыр Ермек Жанабілдің сөзіне жымия күліп, анда-санда басын
шайқап қояды. Бұл, қатты сүйсінгендегі, не қатты ұнатпағандағы
мінезі. Қазір соның екеуін бірден көрсетіп отыр. Ойын тайынбай тура
айтқан өжет жасқа мейлінше риза. Ал Бəйтенге соқтыққанына
шамданады. Бəйтенді Ермектің өзі де ұнатқан емес. Бірақ, ол ауыр
бейнеттерді басынан кешірген, қажыған ескі жұмысшы. Ескі
жұмысшылардың арасында, бір түрлі ұйымшылдық дəстүр бар. Өзара
ұрыссып, боқтасып жүргенде де басқадан жанын сала қорғайды.
Сөйлегісі келмеген Ермекті осы намыс қозғап жіберді:
— Əуелі мына жігіттің сөзіңе жауап қайырам,— деді Ермек.— Оңды
жігітсің. Бірақ, Бəйтен сенің кулагің емес, жолдас. Конфискелейтін де
ештемесі жоқ. Ескі Қарағандыда он сегіз жыл істеген адам.
Ағылшындардың, бай, подретшіктердің жұмысына селқос қарап
əдеттенген. Енді əліне сай жұмыс беріп, баулыса жаңаша да істеуге
үйренеді. Осында сөйлеушілердің бірде-бірі жер астына қарамай өте
шықты. Қарағанды — алдымен көмір — деген сөз. Көмір жер астында.
Айласын таппасаң алдырмайды. Ен көмірге енетін бір ғана жол —
штрек бар. Штрек, лава, проходкалар көбеймей, көмір көбеймейді.
Тұйыққа тығылмай тұрып, жер астының дайындық жұмыстарын
өршіту керек. Ертең машина жүре бастағанда, мол көмірден көмір бере
алмай отырсақ, ұят емес пе?
Кəрібайдан өзгесі үлкенді-кішілі ой айтып, кейбірі еселей айтып,
жаңа Қарағандының тағдырын шешіп жатты.
Жасы бірсыпыраға келген, тəжірибесі бар, поселкелік совет
председателі — Кəрібайдың үндемеуін Мейрам ұнатпады. Бағанадан
бері айтылған пікірлерді қорыта өзі сөйлегенде, алдымен Кəрібайдан
бастады:
— Жергілікті өкімет бастығы Əлібаев жолдастың, айтары жоқ па,
іркіп қалды ма, əйтеуір үндемеді. Қайсысы болса да жараспай тұр.
Осындай сəл нəрсенің өзінде, кейде салмақты мəн жатады. Мен қазір
кінəлаудан аулақпын. Халықтық ұлы істе əркімнің ұлылы-кішілі
сыбағасы бар, соны ал демекпін,—деп Мейрам сөзін бір түйіп тастады.
Кəрібай көсе қара жігіт еді. Беті қара күрең тартты. Салған жерден
сынға алған секретарь əрқайсысын бір қымсынтты.— Советтік
Қарағандыны жасау — социализм жасау болып шығады. Социализм
мен надандық бір қазанға сыймайды. Меньше, үлкен қауіп, үлкен күрес
мəдениет жолында тұр. Кеше екі жұмысшы боқтасып жатыр екен. «Сен
шошқа баққаннан басқа не біліп едің» дейді бірі. «Сен қой құрттағаннан
басқа не біліп едің» дейді екіншісі. Қазір атын атамаймын, осында
отырған жолдастардың бірі ести тұра бұл сөзге сол арада, не осы
бюрода мəн бермеді. Мəн бермейтін сөз бе? Ескі ұлт өшпенділігін кулак
үгіті қоздырып тұрған жоқ па? Егерде сол жұмысшылар саяси сауатты
болса, солай сөйлеспейді. Егер оларды тыңдап тұрған жаңағы жолдас
адал, саяси сауатты болса, ескерусіз қалдырмайды. Белгілі Бəйтен
жұмсақ егеумен егейтін темірді, түрпідей егеумен егеп тұрғанын
көрдім. Көп ауылдың ішінде бір əйел көмірді жаға білмей, ақ жапаны
жоқтап тұрғанын көрдім. Екеуінде де Жанабіл айтатын «кулак
қастандығы» жоқ. Білім жетпей жатыр. Қайтсе жетеді?..
Мейрам осылай сұрақ қоя, ол сұрақты өзі шешіп тұрды. Мысалдар
келтіріп, оған терең түсініктер берді. Үндемей жүріп аз уақытта ішіне
көп тоқыған. Ленин ғылымдарына сүйеніп, жержүзілік жағдайды да
кез алдына əкелді. Сөзінің бəрі мəдениетке тіреледі.
Жадағай ауылдан жоғары көтеріліп, биік басқышқа шығып бара
жатқандай, тіпті осы отырғандардың өзін үйретіп тұрғандай əсер
берді. Окта-текте қолымен жай орағытып еткені, бүкіл Қарағандыны
орағытып өткендей сезіледі. Сөзінің ақырында не істеуді кесіп-кесіп,
айтып тастады...
— Жалпы білім беретін мектептер, оқу комбинаттары құрылғанша,
жан-жақтан мəдениет көмектері келгенше барымызбен базарлай
тұрайық. Поселкелік совет, профсоюз комитеті ертеңнен бастап
санаққа кіріссін. Сауатсыздар қанша, оларды оқытуға жарайтындар
қанша? Білейік. Оқытушыларға норма беріп, еңбекақысынан басқа
сыйлық жариялайық. Жоспарлы түрде саяси оқу, жиналыстар өткізуді
партия, комсомол ұясы ерекше міндетіне алсын. Оқу жалаң қағазда
емес. Əрбір тəжірибелі, маман жұмысшы бірнеше жаңа жұмысшыны
жұмысқа үйретуге тиісті. Бұған да белгілі срок, норма-беру,
ықластандырарлықтай ақы, сыйлық белгілеу треске — жолдас
Щербаковке тапсырылса деймін. Жұмысшыларды үйсіз, сусыз ұстап
болмайды. Сол сияқты «сенбілікті» де, үй салуды да бетімен жіберуге
болмайды. Ұйымдасқан түрде, жоспарлы түрде, негізгі жұмыстарды
бөгеместей етіп, жүргізуіміз керек. Поселкелік совет, трест, профсоюз
бұның жоспарын кешіктірмей жасап əкелу керек. Естеріңізде болсын,
осы айтылғандардың орындалуы алдағы бюрода тексеріледі. Əркімнің
іскерлігі байқалады. Бізде күш, ықлас жеткілікті, жолдастар. Іскерлік,
тек іскерлік жетсін, оған сезімпаздық, керімпаздықты қосалық!..
Мейрам мен Щербаков дайындаған қаулының проекті бұл
айтылғандардан кеңірек те, дəлірек те еді. Бірауыздан қабылданды.
Бюро тарады. Əркім көтергенше жүк алып шыққандай, толғана басып,
ауыр қозғап барады аяғын Щербаков Мейрамның қасында қалып
қойды. Жайран, қағып, көтеріле сөйлеп отыр. Жасамыс, байсалды адам
болса да, қуаныш үстінде жеңіл екен, жас секретарьға, ол басқарған
мəжіліске риза көрінеді:
— Жақсы басқардыңыз, Мейрам Омарович. Гəптің бəрі басқаруда
ғой,— деп бір кідірді.— Баспана, су, тəрбие... бүгінгі ең ауыр міндеттер
еді. Соны орындаудың бюро дұрыс шараларын белгіледі. Отыз
коммунист бармыз. Үлкен күш, бұл — үлкен күш. Жұманияз, Жанабіл,
Ермектер қандай таза жанды адамдар!..
— Козлов ше?
— Ол белгілі тарлан.
— Кəрібай маған ұнамады. Өз ойы жоқ. Кеше екі жұмысшы
керіскенде қасында тұрған да сол. Коммунист, жергілікті совет
председателі осылай бола ма? Шляпа! Кулак үгіті надандықты
қоздырып жатса, ол жақ ашпайды.
Сергей Петрович жымиды да, біраз үнсіз қалды. Алғыр жастың
албырт мінезін де сезіп қалған тəрізді. Ендігі сөзінен өзіңе тан
байсалдылық, қамқорлық көрініп тұр:
— Адамдар əрқилы, кемшіліксіз бірі жоқ. Кемшілігін көрсете,
шыдамдылықпен тəрбиелей білу керек. Дұшпан болса бір сəрі.
Мейрам жауап қайырмады. Жұқа, таза, ақсұр жүзінен бұл сөздердің
əсері байқалған жоқ. «Өзімшілдігі басым, өр мінез жігіт пе? Əлде
түсінді ме?» деген ойдың біріне тоқтай алмай, Сергей Петрович
ақылын айта берді:
— Жақсы қаулы жарым іс. Оның орындалуын қадағаласаң ғана
толық іске айналады.
— Дұрыс айтасыз.
— Бірнəрсені ұмытып барамыз. Осы жұртқа ойын-сауық та керек.
— Рас, бірақ қазір амал не?
— Самодеятельность. Жанабілдер жанып тұрған жоқ на? Мегзесең
болғаны, жинап алады жастарды.
— Ол кəріні де тиыш қоймайды.
Жаңа қоныс көптің, жаңа өндірістің мүдделерін Сергей Петрович
біртіндеп айта берді. Сағат екіден ауғанда ғана орнынан тұрды екеуі.
Сараң сөйлеп, көп тыңдаған Мейрам, көңілін де аз сөзбен білдірді:
— Тəжірибеге кедейлігімді аз күнде көп көрдім. Əрдайым жəрдем
етіңіз.
XIV
Бүгін бір желді күн. Көп ауылдың аяғымен тақырланған төңірек
борандатып тұр. Қарағандының өз іші қара боран. Ұйтқып-ұйтқып
соғады. Панасыз биік жон қыс болса қардың, жаз болса осылай
топырақтық ойнағы. Алыстан қарағанда сары, қара шаң діңгектері
аспанмен тілдесіп, олардың түбіндегі тұтас, сарғылт мұнар заводты
бүркеп көрсетпейді. Тек, биік темір труба ғана, толас-толаста «мен
мұнда» дегендей қараң етіп қояды...
Осы астан-кестен дүниеден бөліне шыққан бір шаң кəдімгі Қара
Нұраға беттеп барады. Шалғыны жайқалып, тұнық толқыған жер
бетіне атжал болып тұрып қалды сол шаң.
Қарағанды мен Нұраның арасы отыз бес километр. Үкіметтің үлкен
жоспары бойынша, Қарағандыны Нұра суымен, электрмен қамтамасыз
етеді. Ол үшін, Нұраны байлап, миллиондаған кубаметр су қорын —
теңіз жасау керек. Теңіз де аздық қылады. Нұраның астын зерттеу,
тереңдігі күшті су көзіне жету қажет. Бұның бəрі — келешекте
«Каргрэс» аталатын үлкен мекеменің міндеттері.
Мейрам мен Щербаков ол үлкен міндетті иелеріне тастап, өз
тұстарынан төтенше шара қолданды. Өткен бюроның қаулысы
бойынша, Қарағанды — Нұра канауын бастап жіберді. Ұзыннан-ұзақ
атжал болып көрінген шаң — ауылдан жаңа келген, суға аңсаған жаңа
жұмысшылардың шаңы. Жүздеген қайла, шот тың қолдарда. Ғасырлар
бойы ескі арнамен аққан Нұраға жаңа арна жасап барады жұрт. Үш
жүзге бөлініп, өзара жіктесе, жұлқыса жүретін қазақ жұрты осы араға
келіп, ынтымағын қосқан тəрізді. Алуан-алуан тымақтар — əр руды
көрсетіп тұр. Əр тұстағы бір түс қызыл тулар тілек бірлігін көрсетіп
тұр. Ленин бастаған сенбілік жойқын күшпен кең даланы қопарып
барады...
Бұл көптің ішінде Жайлаубай да бар. Төрт қанат қоңыр үйін ала
келіп, шаңнан аулақ, шалғынды өзекшенің қабағына тігіпті. Айдау
көрген үш-төрт қарасы, он шақты қой тұяғы, соны жерге тұмсығы
тиген соң қарындары қампия қалыпты. Көппен бірге канау қазып
жүрсе де, Жайлаубайдың бір көзі малдарында. Қойлары желге беттеп,
канауға жақын келген екен, шотын тастай сала:
— Шайт!— деді Жайлаубай. Əрірек айдап тастап орнына қайтты.
Шотын тіпті төмен сермейді. Əйтседе молырақ қамтып, опыра
құлатпақ ойы. Онысына жер көнер емес. Азырақ алып еді, өнер емес.
Шот ұстасының өзі тым олақ. Əйелше, балаша қылғындыра ұстап, қара
күшке салып тұр. Міне қойлар тағы келді. Тағы да,— шайт!— деп кейін
қайырды Жайлаубай.
Пар ат жеккен арбада, канауды бойлап келе жатқан Мейрам мен
Щербаков Жайлаубайды көргенде қатты күлді.
— Екі жақты Жайлекең — қой ұстарын, кетпен ұстарын біле алмай
жүр-ау!— деп күледі Мейрам. Жайлаубайдың халіне күліп те, аяп та
қарады бұлар. Бірақ, кең Жайлаубайда қысылған түр көрінбейді.
Маңқая тұрып, ыржия күліп, қарсы алды екеуін.
— Бəрекелде! «Бітер істің басына, жақсы келер қасына». Кəне, үй
жаққа баралық...
— Үйді қайтесіз...— деген Мейрамға одырая қарады Жайлаубай...
— Онысы несі! Қойдың бірін соям, дəм татып кетіңдер. Қасыңда
ұятты кісі бар көрінеді...
Мейрам бұл сөзді орысшалап, Щербаковқа жеткізіп еді, екеуі шегі
түйіліп құлап қалды. Ұлы жиын, қызу жұмыс мынау. Жайлекең
жайланып отырып қонақ күтпек.
— Ай, Жайлеке,— деді Мейрам.— Жұмысты қайтеміз?!
— Е, тəйірі, осынша жұрттан жұмыс қала ма? Дəмнен үлкен ештеме
жоқ.
Күні ұзын аңызақ жел қаққан қонақтар, мал союға көнбесе де,
сусындап шығуға қарсы болмады.
Қоңыр үйге келіп, атбасын тіреді. Мейрамның нағашы апасы Шекер
шығып қарсы алды. Жаулығының сыртынан күндік тартқан, көйлегін
шалбарланған, денелі, мұрынды қартаң, əйел. Əлі тың. Еңбекке піскен,
шаруақор сиқы бар. Дереу қара құманды мосыға іле бастап еді.
— Қозғама. Жиен шіркін ел бола ма!— деп қалжыңдады Жайлаубай,
— Қымыз əкел. Қашқалы отыр.
— Асығыс шығар, — деді Шекер. — Жиен ел болады малы болса,
желке ас болады жалы болса. Мейрамжанда екеуі де бар, кемітпе.
— Желкесі пышақ жанығандай, жалы қай жерінде? Төңірегі тері
сүйреткендей, малы қай жерінде?
— Бəрі маңдайда. Маңдайыңнан қасқиған!— дегенде. Шекер мейірі
түсіп, мақтан кернеп, шалқып отырды. Қадағалап сауған, баппен
ұстаған жалғыз биенің қымызы балдай екен. Қонақтар маңдайы
терши, мақтай ішіп, Жайлаубайдың жайын сұрастырды. Мейрам бұл
үймен араласып кеткен. Жайлаубайдың үйін көшіре келгендегі ойы
белгілі. Бірақ, сол ойдың орындалуы көрінбейді.
— Жəке, елден бұрын кешіп едің, ештеме бітірмепсің ғой?
— Бұл өзі колхоз жері екен. Колхоз дегенің мəйек түгіл, даланың
шөбін де қориды. Шалғымен шұқып, қатын екеуміз төрт-бес көпене
шауып едік, түнде біреу алып кетіпті. Білмеймін кім алғанын.
— Енді қайтесіз?
— Е, бір жөні табылар.
Қыстайтын үй, малына қора, шөп жоқ. Жайлаубайда сонда да уайым
жоқ. Жай сөйлеп, кең отыр. Ол үшін Мейрам қысылып барады:
— Апыр-ау, сенгеніңіз бар ма? Бір саспайсыз!
Жайлаубай əдетінше сақалын тарамдай, жай ғана жауап қайырды.
— Неге сасам?! Осынау жұрт не болса, мен сол болам. Тəуекел.
Мейрам Жайекеңе таңдана қарады. Тəуекелінде таудай күш жатқан
сияқты, сол күшті таба алмай:
— Сергей Петрович! — деді бұрылып.— Біздің осы кісі тəуекелшіл.
Тəуекелінен не шығар екен?
— Ол жақсы қасиет, Мейрам Омарович. Өндіріске икемі аз, тым
жайуат демексіз ғой. Менімше, бұл өте мықты адам. Тек орнын таппай
жүр. Орны өндіріс емес. Подхоз, совхоздардың малын қолына берсе,
қандай ұқсатар еді. Адал, мал жайын жетік білетін, ерінбейтін,
қажырлы адам сияқты көрінеді.
— Ол жағы жетеді.
— Онда бұны подхоз, совхоздар құрылғанша, атқораға ала тұрайық.
— Орнын жаңа тапты білем! — дейді Мейрам. Щербаковпен орыс
тіліндегі кеңестерін айтқанда Жайлаубай ыржия күліп, əйеліне
бұрылды:
— Жоқ, жиеннің жалы да, малы да бар екен.
Бұл, мейлінше қуанғаны. Сонда да сыртына шығарғаны осы-ақ.
«Бізді енді өзің басқар» деп анада айтқан бір ауыз сөзден кейін
қыңқылдамады. Мейрам үндемей келсе де саспады. Кең жайлаудай осы
көңілге ғылым қонса қайтер еді? — деген ойымен үйден шықты
Мейрам. Шекер ере шығып, Щербаков пен Жайлаубайдан бөліп əкетті.
Оңаша aпaрып сыбырлап тұр:
— ...Сол бала маған ұнап қалды. Құдай бірдеме сездіре ме, жақын
тартады, бізді. Не ойың бар? Əркім айналдырып жүрген сияқты.
Көп ауылдың ішінде отырғанда Мейрам бұл үйге бірер келген
болатын. Орнығып сөйлесе алмаса да, Ардақпен тары бір кездескен
болатын. Содан бері Ардақ бұлармен жылы амандасып, Мейрамды
сырттан торып жүрсе керек. Шекер жаңағы сөзімен өз ойын ғана емес,
қыз бен жігіттің райын да айтады. Енді қыздың, ішін сипаттай
бастады:
— Ардақ десе Ардақ. Сызылып тұрғаны. Ақылы қандай, аңдамай аяқ
баспайды. «Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді». Көргенді
бала. Бір мен емес, жұрттың бəрі ұнатады. Құдай жазса, шырағым,
жіберме осы баланы.
— Баланың ойында не бар екенін қайдан білесіз?
— Білем, кет əрі емес.
Мейрам ашып ештеме айтқан жоқ. Ардақ аты қанын қыздырып
жіберсе де, тасыған іш терең арнадан аспады.
— Ойласармыз, апа. Өзіңізге ақылдаспай ешқайда ұрынбаспын,—
деді де арбасына мінді.
Оқтай түзу ұзын тізбек, тынымсыз қыбыр,— анадайдан қарағанда
құмырсқа жолы сияқты қайнап жатыр. Алды жазықтан өтіп, «Керіалат»
белестеріне шыққан, қызыл тулар өр бетінде тіпті айқын тұр.
Бөкселері канау ішінде, кеуделері сыртта қалың көп мыңдаған қолын
қауырт сермеп барады. Дүңкілі тым күшті. Үзілмей алыстан естіліп,
өзгеше бір күй ырғағындай сезіледі. Канаушы жұрттың аржағында,
сонау «жер мен көктің жапсарында» қара бұлттар топталған. Түсі суық.
Қаратүнектің ішінде от бишік шартылдап, жарқылдап қояды...
Мейрам мен Щербаков бəрін көріп келеді. Канаудың алдыңғы
жағында, көп еркектің ішінде бір-екі əйел де жүр.
— Қазақ əйелінің завод ісіне араласқанын көргенім осы! — деді
Щербаков.
— Мен де қайранмын. Кім болды екен бұлар? — деп Мейрам да
қадала қарады. — Кім болса да қарлығаштай көмегімен қырандай
көзге түсті-ау!
— Иə. Қазақ əйелін үй жұмысынан көп жұмысына бастады бұлар.
Мейрам мен Щербаков жеткенде, бастарына орамал байлаған,
көйлектерін шалбарланып, белін буған екі қыз теріс қарап, бірінің
қолын бірі орамалмен таңып тұр еді.
Жалт қарағанда Мейрам аңырып қалды. Ардақ пен Майпа екен.
— Бəрекелді! Сіздер де келгенсіздер ме?!
— Ол не дегеніңіз! — деді Ардақ.— Ленин келген сенбілікке, көп
жұмылған игі іске біз неге келмейміз?
— Дұрыс-ақ! Осы келістеріңізбен көп əйелге жол салыңыздар.
— Оныңыз артықтау болар. Əзірге өз жолымыз да жоқ.
Ұялыңқырап қырындай тұрса да, Ардақ сөзден ұтылар емес.
Бусанып, қызарып, жайшылықтағыдан беті толығa, көркейе түскен.
Мейрамның да сұрғылт жүзіне қан жүгіріп, салмақты, ойлы қой көздері
күлімдей береді. Щербаковты сырт қалдырып, қазақша сөйлесіп кетуді
лайықсыз көрді білем, екеуі орыс тілінде сөйлесті. Ардақтың
орысшасы тіпті жатық екен, Мейрам қатты сүйсінді, бұдан гөрі жақын,
жылы сөйлесудің, қалжыңдасудың ретін таппай тұрды да:
— Олай орамаңыз,— деп барып Ардақтың қолынан ұстады. Орауды
жазып қайта орап жатты. Екі алақан бірдей қолдырап, жарылған,
ашып, аурып тұрғанын Мейрамның көзіне көзі түскенде ұмытып
кетеді Ардақ. Бір алақанды Мейрам өз орамалымен орады. — Таза,
ұсталмаған орамал. Дəрігер көмегінің жоғын қарашы. О да болар əлі.
Енді істемеңіз, ушығып кетер.
— Ушыққаннан да, жаман тақтаға жазылған батады.
Щербаков тақтадан бұрын Ардақтың бетіне қарады. Орысша таза
сөйлеген қазақ қызы таңқалдырды оны.
— Қай қаладан келдіңіз?
— Ауылдан келдім.
— Ауылдан?!
— Донбасшылардың, қазақ ауылы туралы ұғымы қызық,— деп күлді
Ардақ.— Қазақ аулынан Шоқан, Ыбырай, Абайлар да шыққан. Естімеп
пе едіңіз? Қазақтар Пушкин, Лермонтовқа қоса Шевченконы да оқиды.
Щербаков үлкен денесімен етпетінен құлағандай болды. Мейрам да
сілейіп қарап қалды Ардаққа. Қазақтың бұл тарихи адамдарын бірі аз
білсе, бірі жаңа ғана естіді. Жас қызды жаңа таныды. Екеуінің басынан
асып, қырандай қияға көз жіберген тəрізді. Бірақ, осы ұяттарын
Мейрам мен Щербаков үлкен сабақ есебінде қуана қабылдады.
«Саясатты, шаруашылықты ғана білу аз екен» деген ойларын бірбіріне көз тастап, үнсіз ұғысып тұрды.
— Ау, бай қызындай нəуетек болмаңдар!— деп Жанабіл дауыстады
осы кезде. Денесі белуарынан жоғары жалаңаш. Шашы будыраған.
Сарша жүзінде шолақ танауы саңқиып, шегір көзін қадай келеді. —
Жазам-жазам, ана тақтаға!
Еті суыңқыраған Ардақ, ораулы қолынан, қорғана-қорғана қайланы
қайта ұстады. Көрнекті жерде екі тақта тұр. Бірі қара, бірі қызыл.
Қызылдың жоғарғы жағына — самолет, поезд, ат суреттерің қараның
жоғарғы жағына — түйе егіз, тасбақа суреттерін салған. Бірі ұят, бірі
мəртебе тақтасы. Мехцех алдында тұратын. Жанабіл бұнда ала келіп,
асыра сілтеңкіреп жіберді. «Сенбілікке» ақысыз-бұлсыз, еркімен
келген жұрт аяна ма. Əркім барын берсе қара тақтаға жазып несі бар?
Норма беріп, екі қызды осы тақтамен қорғалатып алыпты. Қыздар
қысылып барады. Ардақ қайласын сермеп қалып қынжылды. Жаралы
қол жанды жесе де, білдірмеуге тырысып жатыр. Майпа əзір сыр
білдіретін емес. Үндемей құнжың-құнжың етеді.
Мейрам Жанабілдің асыра сілтегенін білсе де үндеген жоқ. Жұрт
көзінше еркелетіп, мұндай мінездерді оңашада түзейтін. Ардаққа жаны
ашып:
— Маған беріңіз! — дегенде, қайласын ұсына берді Ардақ. Щербаков
Майпаның қайласын алды. Тыңнан қосылса да ұзаққа бара алмазы
бұлар. Қарқындары жайылған соң ентігіп, терши бастады. Мейрамның
алақаны да қызарып қалды.
— Былай, тұрыңыздар, былай! — деп Жанабіл өзі түсті канауға.—
Тіпті қолдары батпайды. Сонда да жауыр болғыш. Хан қызы ма, түге!
Төртеуі бірдей болдыра қалғаны несі! Сөзге келсе алып қашар еді...
Жанабіл жұмысты қаусатып та, күлдіріп те барады. Қарымды жас
жігіт. Тал шыбықтай бұралып, шүйіре соғады қайланы. Қозғалған
сайын бұлшық еттері ойнақшып, шашы желкілдеп тұр. Дене
қозғалысында белгілі бір дағды бар. Саспайды, шабандамайды,
Алқынып, терлеген де жоқ. Жер тіпті жеңіл опырылып жатыр. Оқтыноқтын қыздарды қағытып қояды.
— Əлден тақыс, бара-бара не оңдырады бұлар!
— Беймаза жігіт, — деді Ардақ. — Үй басы кіріп, маза бермеген соң,
тегіс аттанды ауыл.
— Жоқ, сіздің отағасы қалып қойды, зілдей екен, көтере алмадым.
— Өзі келмесе, баласы келді. Азсынсаң тағы бір норма бер.
Жанабіл қарқ-қарқ күлді.
— Айттым ғой, сөзге келсе, шыдатпайды бұлар. Дал-дал болып
тұрып мықтысын қарашы!
Мейрам мен Щербаков жастардың қалжыңына біраз араласып күлді
де тақтаға барды. Канаудың бұл бөлігінде жұмыс тіпті қызу екен. Жұрт
өзінше норма шығарып, өзара қазатын жерін бөліп алған. Ең алда
Жанабіл көрінеді, самолеттің астында тұр. Екі қыз əлі тақтаға түспепті.
— Ұрысса да, қыздарын аяйды антұрған!— деп күлді Мейрам.
Щербаков бір жымың етіп Мейрамның өзін қағытты:
— Қолдыраған қолдарды көргенде, сіздің көзіңіз тіпті жасаурап
кетті білем.
— Сергей Петрович, өзіңіз ғой алдымен шұрқырап түсе қалған.
— Жо-жоқ, о тықыр мен бұ тықыр қосылмайды! Менікі тек əкелік
махаббат. Шынында, Мейрам Омарович, қапы қалмаңыз. Осы бала
үлкен ой салды маған. Жаңағы бір сөзі тым нəрлі жатыр. Бірсыпыра
көрсең де, білсең де мұнда жүр екенсің, деген жоқ па?
— Сол сөз сізден гөрі маған батты. Оқысаң да өз еліңді білмейсің,
басқаны қалай білесің? — деген сияқты.
— Түсіністік білем, — деді Щербаков.— Енді кез жазып қалма!
— Əкесі жұмбақ,— деп Мейрам күмілжігенде, Щербаков үлкен
денесін селкілдете күлді..
— Жанабілшілдеп тұрған жоқсыз ба? Бұл балаға əкеден совет
мектебінің, совет қауымының бергені көбірек болу керек. Тіпті, əкесі
жат болған күнде ашына қимылдап, айырып алу керек. Мен олардан
жақсының қиқылын да қызғанамын.
Мейрам жауап қайырмады. Əңгімені бөліп, Жанабілді шақырды.
Сергей Петровичтың «солақайлау ма, əлде сақтығы ма?» деген ойын
Жанабіл келіп бұзды.
— Білем, тағы бірдеме тапсырмақсыздар ғой.
— Иə,— деді Мейрам.— Жұмысың жақсы барады екен. Ал,
самодеятельность қалай?
— Үш жастан үйірме құрдым.
— Олар кім?
— Ардақ, Майпа, өзім.
— Аздау, көбейте түс.
— Талғамай тарта беруге болмайды, жолдас! Үйірменің абыройын
түсіреді.
Сергей Петрович Жанабілдің олақ орысшасынан гөрі мінезін
қызықтап тұр.
— Бұл жөнінде де комсомол тəртібін қолданғанбысың?
— Енді қалай? Комсомол тəртібі партия тəртібімен байланысты.
Партия тəртібі барлық іске байланысты.
— Онда үйірмеге енген қыздарға анкет толтырып, өмір тарихын да
жаздырғансың ғой. Тегі кім екен?
Жанабіл мүдіріп, басын бір сипап қойды.
— Тегін кім біліпті, қағаз толтыртқам жоқ. Кулактан жаман
жұмсаймын, қыңқ етпейді. Түбі бұл екі қыздан бірдеме шығады. Анау
Ардақ тіпті мұғалім болғалы тұр.
— Онысы тіпті жақсы. Тарта бер ішке,— деп Сергей Петрович
Мейрамды түртіп қойып:— Байқайсыз ба, қыздарды баулып жүр,
ісімен өлшеп жүр.
Мейрам бір мырс етті. «Сен де солай өлше, баулы» деген сөз екенін
түсінген тəрізді. Жанабілді қайтарды да, екеуі енді жүре сөйлесіп,
канауды бойлаңқырай барып тұрды.
Инженер қаққан көп қазықты қуа қазып келеді жұрт. Төменірек,
канаумен жарыса үлкен жол жатыр. Жол үсті үздік-создық кеш. Қазақ
кеші ғана емес, орыс-қазағы, украиналықтары, эстоны, татары аралас,
қым-қуыт көш. Қарағандының бұл жағынан Сүйіндік, Павлодар
округінің қазақтары, Нұра бойындағы əртүрлі ұлт поселкелерінің
адамдары келеді. Солардың ішінде цыганның да бір таборы қосылып
кетіпті. Жолдың, канауды дəл кесіп өтер жерінде, жоғарыда, көлденең
тартқан ұзын қызыл матада: «Ленин келген сенбілікке келіңіздер!»
деген ірі ақ жазу тұр. Бұл жазуды оқымай, ең азы бір метр жер шаппай
еткен көш жоқ. Міне, тағы бір арба жақындады. Іші толған адам. Үбіршүбір сегіз бала, селкілдеген ақбас шал отыр.. Ерлі-байлы екі адам
арбаны жанамалай жаяу келеді. Қызыл матадағы жазуды көргенде,
тоқтай қалып жамырай оқыды бірнешеуі. Тобымен келіп түсті қанауға.
Арбада жалғыз қала алмай, таяғына сүйеніп, əпі-тəпі басып, кəрия да
аяңдады. Бүкіл денесі қалтылдап, канауға жеткенде қолын жайды
көтере!
— О, жасаған! Көп тілегін көл ет, көп дұшпанын жер от. Даналардың
сөзі, қаралардың тері сіңген жер екен. Немереме, шөбереме осы жерді
несіп ет...— деді де азар еңкейіп, канаудан бір кесекті алып тастады.
Қызу жиын аруақ сынды кəрінің батасын да, кесегін де байқаған жоқ
еді. Анадайдан бақылап тұрған Мейрам:
— Қараңыз,— деді Щербаковке, — осынау қаусаған қазақ шалы
бойындағы болмашының бəрін берді... Сонымен қоса бүкіл жұртты
беріп кеткен тəрізді.
— Япыр-ай, байқағыш екенсіз!— деп, сүйсініп қалды Щербаков.—
Мен осы жұрт шахтаға түскенде, оның қолына машина берілгенде,
көмір Нұрасын ағызады, деген ойда тұр едім. Кəрия екеуіңіз сол ойды,
дəл бастыңыз-ау!
Екеуі канауды бойлаған сайын алуан көптің алуан ойын да, əрекетін
де көріп бара жатты...
Техника жоқ. Қайла, шот, күректердің өзі жетімсіз. Олардың сынған,
мұқалғанын қолма-қол түзеу үшін Козлов мехцехтың ұсталарын ала
келіпті осында. Əр тұста ұста балғасының шаңқылы естіледі. Салт
атпен канауды жағалап, кейде аттан түсе сала:
— Былай шап!— деп көрсетіп Жұманияз жүр. Бір көріктің басында
шылымын ойлана сорып, Козлов тұр. Щербаков қалжыңдай келді оған:
— Қиялда, Борис Михайлович, қиялда!
— Қиялдамасқа болама, — деді Козлов.— Осынша адамның
істегенін бірер машина-ақ істер еді...
— Рас. Бірақ, көп ауқымы техникадан күшті. Техниканы жасайтын
да сол ауқым.
— Бұл жұрттың көпшілігі сауатсыз. Бəрінен қиыны осы ғой! — деп
еді Мейрам, Щербаков оны да бір қайрап қойды:
— Жоқ, ең қиыны — қорықпау,— деді де арбадан түсті. Иықты,
апсағай зор денесін көре тұрып, төңірекке қолымен нұсқай сөйледі.—
Көресіздер ме, тұс-тұстан құйылып жатыр көш. Бұлар тек осы
төңіректің көші. Темір жол келгенде бүкіл Қазақстаннан, бүкіл Совет
Одағынан құйылады. көш... Орджоникидзе жолдас прямой провод
арқылы ауызба-ауыз сөйлесе бастады... Біздің осы сенбілігімізді біліп
отыр, ол кісі.
Көктайынша əңгімеге араласпай, қайла шоттарды бірінен соң бірін
таптап, ұштап тұрған:
— Oho!— деген даусы кенеттен қаттырақ шықты,— Серго білсе
болды.
— Əрине,— деді Щербаков. Көктайынша балғасын да, сөзін де
шапшаңдата түсті:
— Қимылдаңдар, жігіттер, қимылдаңдар. Мен ақылы істен осы істі
екі есе артық істеуге шақырам!..
Жайдақ легчанкеге аяғын салбырата отырып, канауды бойлай
Орлов келеді. Қасында өзімен бірге істейтін инженер бар. Щербаков
соларға иегімен нұсқап қойып, күңк етті Козловқа:
— Қалай істеп жүр?
— Салқын.
— Бетте шіркеу болған соң салқын да, жасқаншақ та шығар. Біз
түсімізді суыта бермей, кейде жылытайық... Орлов өте керекті адам...
Орлов қашықтау келіп тоқтады Легчанкеден түсе, плащын шешіп
сілікті. Баусыз көзілдірігін сүртіп қайта киді. Үлкен басшының
кабинетіне енетіндей далада біраз баптанып алған соң жаяу келіп,
сынайы амандасып, сұлық тұрды, Сида, қағілез адам, аузын бағып,
сергек тұр.
— Жұмыс қалай бара жатыр, Андрей Андреевич?— деді Щербаков.
— Бұл қарқынмен бір-ақ жұмада бітіреді.
— Сіздің шамаңыз екі жұма еді-ау!?
— Қарқын менің ойымнан озып кетті.
— Иə, су мəселесі тез шешілетін болды. Канау дайын, темір жол мен
трубалардың жетуін ғана күтеміз. Бірақ, осының бəрі уақытша шара.
Чайковтың мəліметі бойынша жер үстіндегі Нұрадан жер астындағы
Нұра молырақ. Сол мол суға, электр байлығына Каргрэс жеткізеді бізді.
Жер үстіндегі Нұрадан шалқар көл жасалады. Ол көлдің, бір ұшы мен
бір ұшына көз жетпейді...
— Əзірге қолда бар аз суды дұрыс пайдаланса...— деп күмілжіді
Орлов. Щербаков «айтыңыз, айтыңыз!» деген соң ашыла сөйледі:
— Нұра суын ішуге пайдалансақ, «Герберт» суын құрылысқа берсек,
«Майқұдық» бұлағын тек қазандарға арнасақ. Өйткені «Майқұдық» суы
өте аз жəне тұщы...
— Жаны бар сөз.
— Жылымшылап аққан «Майқұдық» бұл күйінде қазандардың өзін
жарытпайды, жарыту үшін оны бетімен жібермей, қазірден байлап, не
жерден қазып су қорын жасап алу керек...
— Дұрыс ақыл! Сіздер не айтасыздар? — деп еді Щербаков, Козлов
қостай жөнелді. Мейрам ештеме айта алмады. Тəжірибесіз, жас адам,
əрқайсысының аузына бір қарaп, шаруашылыққа шорқақ екенін
бағанадан сездіріп тұр.
— Жүріңіздер. Сол бұлақтың басына барып кеңеселік,— деді де,
Щербаков арбасына мінді...
— Канауды бойлап қайта жүрді бұлар. Шаңқай түс. Жұмысшы халық
тыныстай бастаған. Жанабілде əлі тыным жоқ.
— Əн естіңдер, əн!— деп қолын бұлғай айқайлап тұр ол. Жұрт лезде
жиналды. Бір арбаны жаяу сүйреп əкеліп, жұрттың алдына қойды
Жанабіл. Ардақты сол арбаға көтеріп мінгізді.
— Тырс етпеңдер! Ардақ «Ардақ» деген əн салады. Бұрын топ
алдына шықпаған жасөспірім қыз қипақтап, қызыл түлкідей бұлаңдап
біраз тұрды да, даусын шығарды:
Уай, Ардақ, сен ақ қоян шыққан қашқан,
Артыңнан мен ақ тұйғын тілеп ұшқан.
Щербаковтер қаттырақ жүріп өтіп бара жатыр еді, аттың басын
тежеді. Көгі жетіліп толықсыған кең даланы, қызу еңбектен кейін
тыныстаған қалың көпті нəзік əн тербеп тұрған тəрізді...
— Қазақ қандай əнші халық еді!— деді Сергей Петрович. Қыбыр
етпей, ұйып қалған, əн басылған кезде ғана үні шықты.— Елінің əдемі
əнін шырқап, əйелін өндіріске бастап, есте мықты қалды-ау бұл бала.
Арт жақта көпшілік дуылдасып қол соғып жатыр. Бұлар да соғып
барады. «Өркенің өссін, тағы да, тағы да!» деген дауыстар естіледі.
Ардақ енді «Сырымбетті» айтты. Жүрегі орнықса керек, тамылжыта
шырқап тұр. Əсем əн алыстаған сайын асқақ сезім берді Мейрамға...
— Кім болды екен, бұл қыз?— деп жай ғана бір күрсініп қойды.
XV
Алғашқы сенбілік көп жұмылса керемет жасайтынын көрсетті.
Жайшылықта айға созылар еді, «Қарағанды — Нұра — Майқұдық»
каналдарын ақысыз-бұлсыз бір-ақ жұмада қазып тастады көпшілік.
Сол көп енді əрқайсысы өз тұсынан өзгеше бір қайрат, құмарлық
көрсетіп барады...
Қарағанды биік белдің солтүстік бетінде. Бұл беті бірсыпыра жазық.
Жұмысшы ауылдарының шеті сонау «Кампан», «Аққұдық»
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Қарағанды - 08
  • Части
  • Қарағанды - 01
    Общее количество слов 3886
    Общее количество уникальных слов составляет 2256
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 02
    Общее количество слов 3884
    Общее количество уникальных слов составляет 2278
    33.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 03
    Общее количество слов 3910
    Общее количество уникальных слов составляет 2218
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 04
    Общее количество слов 4072
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 05
    Общее количество слов 4010
    Общее количество уникальных слов составляет 2219
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 06
    Общее количество слов 3951
    Общее количество уникальных слов составляет 2336
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 07
    Общее количество слов 3948
    Общее количество уникальных слов составляет 2240
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 08
    Общее количество слов 3959
    Общее количество уникальных слов составляет 2268
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 09
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2197
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 10
    Общее количество слов 3908
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 11
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    34.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 12
    Общее количество слов 4092
    Общее количество уникальных слов составляет 2304
    34.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 13
    Общее количество слов 3962
    Общее количество уникальных слов составляет 2311
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 14
    Общее количество слов 3896
    Общее количество уникальных слов составляет 2267
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 15
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2309
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 16
    Общее количество слов 3825
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 17
    Общее количество слов 3828
    Общее количество уникальных слов составляет 2301
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 18
    Общее количество слов 3912
    Общее количество уникальных слов составляет 2263
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 19
    Общее количество слов 3865
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 20
    Общее количество слов 3853
    Общее количество уникальных слов составляет 2357
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 21
    Общее количество слов 3913
    Общее количество уникальных слов составляет 2347
    31.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 22
    Общее количество слов 3863
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    32.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 23
    Общее количество слов 3929
    Общее количество уникальных слов составляет 2250
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 24
    Общее количество слов 3799
    Общее количество уникальных слов составляет 2228
    30.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 25
    Общее количество слов 3831
    Общее количество уникальных слов составляет 2243
    32.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 26
    Общее количество слов 3843
    Общее количество уникальных слов составляет 2226
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 27
    Общее количество слов 2731
    Общее количество уникальных слов составляет 1685
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов