Latin Common Turkic

Қарағанды - 23

Общее количество слов 3929
Общее количество уникальных слов составляет 2250
33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
шахта тоқталуы мүмкін. Алдымен адамды құтқару амалдары
қолданылып жатыр. Көмір өртінің ұлы түтіні біртіндеп жайылып
барады. Біреулер жығылса, сүріне, біреулер бірін-бірі сүйемелдеп
барады. Ермек басқадан бұрын жетті өртке. Жетсе де еш əрекет істеген
жоқ. Мықынын таянып, жай тамашалаған кісідей, тиыш қарап тұр.
Бірақ оның басында тиыштық жоқ: «ылай су құйып өшіру керек пе,
əуе жібермей тұншықтырып өшіру керек пе?» деген екі ой жеңісе
алмай тұр. Бықси жанған қалың кемір, қою тұман, тұман ішінде
жарқылдаған от, құлап жатқан төбе, маңына жолатар емес...
Құтқарушы команда, оларға қосыла шахта жұмысшыларынан
құрылған көмекші команда келіп жетті. Жез қалпақ, маска киген, өрт
аспаптарымен қаруланған өңкей ірі жігіт. Қимылдары батыл, шапшаң.
Бəрін еңгезердей біреу басқарып жүр. Аз сөйлеп, көп ымдайды. Өртке
алдымен өзі кіріп, отты бері жазыққа қарай күрей бастады. Жанған
аумақты бөліп тастап, жазыққа шығарып алып өшірмек. Серпіп
жібергенде, боратып жібереді шоқты. Жан алып, жан берген өжет
қимылдарды қою түтін жөнді көрсетпейді. Қайла, күрек, сүймендердің
тынымсыз тарсылы, шытырлай жанған көмір дыбысы — адам күші
мен мылқау күштің ғажап соғысын сездіріп тұр...
— Бұлай өшіре алмайсыңдар! Əуе жібермей тұншықтыру керек,
тұншықтыру керек!— деді де Ермек тұра жөнелді. Оның басындағы
шахтының өз ішіндегі жəй маска. Қырық-отыз минуттан артыққа
кислороды жетпейді. Құтқарушы командалардікі үш-төрт сағатқа
жетеді. Енді кешіксе Ермектің өзі тұншығатын еді. Асығыс келе
жатқанда Балжан төтеден қосылып, бір жапырақ қағаз ұстатты да қала
берді. «Екі жұмысшы шықпады, өзгесі құтылды» депті қағазда. Ермек
салған күйі тығылатын бөлмеге келді. Маскасын шешіп, алқынып
отыр. Жоғалған екі жұмысшы осында көрінеді. Біреуі шалқасынан
басын кекжите жатыр екен. Тірілігін тəутиген сақалы айтып тұр.
Қозғалып-қозғалып кетеді. Дəрігер əйел жайраң, «ештеңе етпейдіні»
сенімді айтады.
— Жұмабай ғой мынау! Жұмеке қалайсың?—деп қасына келді
Ермек.
— Шүкір. Басым сынып барады, құданың құдіретімен...
Екінші жұмысшы сергек. Сусынды өзі алып ішті. Тығылатын үйдің
егісі ұқыпты қымталған. Тамақ, сусын, дəрі-дəрмек əзір. Əуе тұрба
арқылы даладан келеді. Бəрі дəрігердің бақылауында. Жер астындағы
мəдениетті аурухана жұмысшыларға осындай халде бірінші көмек
көрсетеді.
Ермек дəрігермен, аурулармен қысқа сөйлесіп, өз ісіне кірісті.
Телефон трубкасын ала-сала бұйрық беріп жатыр:
— Əкімбісің? Өрт басына кірпіш, топырақ жеткізіңдер.
Əкім, Əшірбек, Ысқақ, Сейтқалылардың қазір қайда жүргені Ермекке
мəлім. Күні бұрын апатқа қарсы шаралар дайындалып қойылған.
Кімнің не істейтіні, тіпті қай учаскенің жұмысшысы тысқа қай жермен
шығуына дейін белгіленген. Абыржу, топыр жоқ. «Аттан» шығысымен
əркім өз жұмысын біліп, құтқарушы командаға жəрдемдесіп жүр. Ермек
командаға ақыл салмай, өз тұсынан төтенше шаралар қолданып
жіберді. Жөтеле, ентіге Щербаков енді есіктен. Қасында Əшірбек.
— Адам аман ба?
— Аман.
— Өрт бой беретін емес, не ойларың бар?
— Бөліп тастау керек. Екі есікті бітесе, тұншығып өзінен-өзі өшеді,—
деді Ермек. Щербаков мүдіре қалып:
— Таптық!— деді де жауырынға қақты.— Ең дұрыс амал осы. Ал,
тұрмалық!
Сусындап, маскаларын жаңартып алып, қайта жөнелді үшеуі.
Булыққан улы түтін бос забойларға лап беріп, шахтыға тез жайылатын
еді. Машина айдаған күшті ауа желдетіп кейін тықсырыпты. Желден
жеңілген түтін, өрттің аржағынан тесік тапқан. Ескі шахтымен жаңа
шахтының түйіскен жерінде əуе, кейде тіпті адам өтетін тесіктер бар.
Сол жапсардан ескі шахтыға қарай ауысыпты. Əуе түтінді қуғанымен
өртті құтыртып барады. Құтқарушы команда жауынгерлері бір
жағынан өртпен алысса, екінші жағынан метаннан, тозаңнан қатты
сақтанып жүр. Бұларға от ұшқыны түссе, апат əрекеті ғаламат болмақ.
Сондықтан əуенің жылылығын, метан газының бар-жоғын оқтыноқтын бақылап, өлшеп қояды. Өрт маңындағы жолдардың қабырға,
төбелері жүз елу метрге дейін аппақ: тозаң тұтанбасқа қалың қылып,
сланец порошогін сеуіп тастаған. Команда бастығы бағанағы дəу жігіт
əлі өрт ішінде. Көк жалыны аралас, қызыл шоқтарды құлатып, бері
шығарып алып өшіреді. Суды өртке құйғызбай, маңайына, бөліп алған
шоқтарға құйғызады. Əдейі топырақ қосқан ылай су тез өшіреді. Түтін,
жалын, бу араласқан сарыала тұман ішіне Ермек кіріп кетіп, команда
бастығын жеке алып шықты.
— Бой бермейді. Бітеу керек!
— Қа-қаншама дайындалған көмірді тастаймысың!? Болмайды!
— Дайындалған көмірдің көбі бержақта. Мына, жолдас Щербаковтің
де, Əшірбектің де ойы осы.
Жігіт алқынып тұрса да ойланып тұр. Щербаковтің келгенін жаңа
білді. Кекеш, бір бет, өрт үстінде өз əмірін ғана жүргізетін түрі бар.
Ермектің ұсынысы миына енсе керек. Басын бір изеп, тұман ішіне
қайта енді.
— Тоқтаңдар! Тастаңдар!— деген дауыс маска ішінен де қатты
естіледі.
Ендігі шара өртті бөліп тастау, ауа жібермей, булықтырып өшіру.
Ұзын штректің түп жағында өрт аумағына қатынайтын екі ауыз тұр.
Команда сол екеуін бітеуге кірісті. Кірпіш, ағаш, топырақ лезде келіп
қалған. Жер астына қанық, ысылған жігіттердің қимылына көз
ілеспейді. Қалап, сылап барады. Апатпен күресудің тəжірибесін ғана
емес, ғылымын да білетін, арнаулы курстерден өткен жауынгерлер от
ішінен шыққан соң, даңғыл жолға шыққандай зулай жөнелді...
Əшірбекті қалдырып, Щербаков пен Ермек тығылатын бөлмеге
қайта келді. Жұмабай басын көтерген. Бір қолында маска, екінші
қолында қойын книжкасы, басын шайқап отыр.
— Маскаңыз бар, қалай уланғансыз?—деді Ермек.
— Құданың құдіреті, осыған өзім де қайранмын! Өртті елден бұрым
біліп, хабарлаған мен. Əуе жылып сала берді. Тынысым тарылған
тəрізді. Кеңірсіген иіс сезіледі. Сонсоң маскамды кие сала жүгірдім.
Электровозбен Балжан келеді екен. Ести сала кейін шапты.
— Атпен бе?
— Жоға тəйірі! Электровозбен.
— Сонсоң?
— Сасқалақтап жүргенде басқа бір жолға түсіп кетіппін. Білмеймін,
мынаның ішіндегі дəрісі таусылды ма, əлде жүгіріп алқынғандікі ме,
əлім азайды. Енді жүгірмей, дереу рештакты, рельсті, трубаларды қаға
бастадым. Сөйтіп жатқанда бір жауынгер кездесіп, осында арқалап
əкеп тастады.
— Книжкадан не қарайсыз?— деп сұрады Ермек.
— Бəрін жазып алғам. Керекті жерін таба алмай отырғаным.
— Ережені жатқа білу керек.
— Сыя бере ме жұдырықтай басқа. Айтпақшы, аман екенімді біздің
қатын естіді ме?
— Естімесе, көрер. Бүгін бір бозқасқа жейтін шығармыз сіздің үйден.
— Жөні келіп тұр, қатын ұнатса. Жанабіл мен Майпаға сақтаған бір
қой бар еді. Щербаков та келіпті, өмірі біздің үйден дəм татқан емес.
Қайдам, қатын біледі, ақыры.
— Е, қатын сізден асып қайда барады!
— Ойбай, мінезі шəлкес! Құданың құдіреті, кейде тіпті қарадан
қарап отырып соқтығады.
Жұмабай қазір ескі жұмысшы саналады. Сауатын ашқан, жер астына
таныс, шахты өзінің үлкен үйіндей болып кетті. Аңқау, момын мінезі
қалған жоқ. Отырған жері күлкі, күлдірейін деген ниеті жоқ, сонда да
жұрт күледі. Жаңағы сөздерін Ермек орысшылап жеткізгенде Сергей
Петрович те рақаттанып күліп алды.
— Бəлесін қарашы! Сезе қойып, тағы дереу хабарлап жүргенін!—деп
үлкен Жұмабайды балаша қызықтап отырды да, Ермекке кілт
бұрылды.— Бұны атаусыз тастамау керек. Көңілдегідей орындап
шықса, жауынгерлерге де сыйлық берілсін.
— Олардың өз мекемесі, өз басшысы бар ғой.
— Мені сараң дейді, түге. Нағыз сараң сен. Ең көмірден целикті мол
қалдыруға аяп, өрт шығардың. Өртті ұлғайтпай өшірушілерден
сыйлық аяйсың, тағы.
— Біз мүлде целик қалдырмау жағындамыз. Міндеттен артық
орындау жағындамыз.
— Бұл сөздің де сараңның қияс мінездерін көрсетті.
Екеуі қалжыңмен қағысып отыр. Төнген ауыр апаттан жеңіл
құтылуға көздері жеткен сияқты. «Көмірді арғы түптен бастап алу
керек», «дайындық жұмыстарын күшейту керек» деп ертеден қақсаған
Əшірбек, Ермектер дес өздеріне тиген соң ойларын орындапты.
Бірсыпыра шахтыларда алдымен жақын көмірді алады. Күнделік,
айлық жоспарды орындауға құмартып, дайындықты ұмытады. Олар
осындай апат кездессе мықтап отырар еді. Бұл шахты бірнеше сағаттаақ бұрынғы қалпына келгелі тұр. Бағана Ермек, ЬІсқақ, Əкімдердің түс
шайысуына да дайындық жұмыстарға көңіл көбірек бөлінгеннің, əуелі
алыстағы көмірді алғанның əсері тиген. Енді сол əсер апат зардабын
тез жоюға да тиді!
— Көмірді кеулеп барып, арғы түптен бері қарай алса, шахтының
тынысы тарылмайды ғой,—деді Ермек.— Егер жақыннан бастасақ,
осындай апат, аварияларда аржақтағы көмірге жол кесіліп қалған
болар еді. Бүгін біздің жігіттер жоспардың бескүндігі орындалмады,
деп шу көтерді. Сіз де телефонмен маза бермедіңіз. Мүмкін, тағы бесон күн шабандармыз. Оның есесіне ай бойы, жыл бойы талмай шабуға
бармыз. Кейбіреулер тай шығымындай дыз етіп, жайыла қалатын
қарқынына мəз. Ондайларды сіз де аз мақтаған жоқсыз.
— Тек алысқа шап, Ермек Борантаевич. Бірақ, бір күннің, нормасы
кемімесін.
— Бүгіннің кемін ертең толтыра, өрлеген қалай? Ертеңдікін бүгін
беріп, төмендеген қалай?
— Əрине, төмендеу жаман.
— Біздің Əшірбек сол жаманнан қашады. Алғыр жігіт, Сергей
Петрович!
— Білем, білем. Əттең, еркіне жіберсең айға шабады. Мерт қылып
алма, тізгінді онша босатпа.
Жұманияз енді. Басындағы маскасын, сырт киімін шешіп тастады.
Ентігіп терлеген. Ашулы. Əдемі қара мұртын сылауды, амандасуды
ұмытып, келе Ермекке соқтықты:
— Біледі, біледі дегенге беттеріңмен кетесіңдер! Сондай целик
қалдыра ма кісі?! Бірің тіпті целик қалдырмаймын, бірің ашық шахты
жасаймын, деп аспанға қарайсың. Жерге, забойға үңілу керек!..
Ермек үндемеді. Щербаков теріс айналып жымыңдап тұр. Жұманияз
ескі шахтер, ескі слесарь, əрі профсоюздар советінің бастығы. Тез
ашуланып, тез басылады. Ешкімнің бет ажарына қарамай, қатты
айтады. Ол арындап алғанша қарсы келмейді бұлар. Енді Щербаковтің
өзіне тиісті:
— От шашып электровоз жүр. Сергей Петрович көріп отыр.
Қатерден сақтануды ұмытсаңдар, мен жұмысқа бір жұмысшы
шығармаймын. Ал, шауып алыңдар!
— Жұмеке!—деді Ермек, Жұманияз басылған кезде.— Қажет болған
соң үлкен жолда бір ғана электровоз жүр. Ол жол қатерсіз. Басқа
электровоз тоқтаған. Көп целиктің осалдығында емес. Бос жатқан
көмір үйіндісінен де өрт шығады. Көмірдің сондай жанғыш тегін күні
бұрын зерттеп, біліп қою керек еді, біле алмадық. Əшірбек екеуміз
жаңада келдік. Соның салдары ғой...
— Салдары болса, жүмысшылардың бос уақытына ақы төлеп көр,
көмір бағасы арзандайды сонда.
— Төлейміз, Жұмеке. Шахты да, жұмысшы да күйзелмейді. Оңай
құтыламыз апаттан...
Ермек ұғындырып, Жұманияз əбден сабасына түскен соң Щербаков
қалжыңдай сөйледі:
— Ақыры келдің-ау, тіпті.
— Бай ауылдың бір байбалам шалы болатын. Қожайын сен, күйетін
алдымен партия, профсоюз.
— Мейрам Омарович қайда?
— Сонда қалды. Телефонмен өрт хабарын алған соң мен жүріп
кеттім.
— Плотина бітіп пе?
— Шлюздері кеше бітіпті. Бүгін жиналған судың өзі кішігірім көл.
— Станцияны срогінен бұрын тапсыратын болды бұлар.
— Үш ай бұрын тапсырады. Неше тоймайтын болсаң да, су мен
электрге тоярсың. Шахтаны күндізгідей жарқыратып жібер енді...
— Ия, Каргрэс көп өзгерістер енгізеді,— деп Сергей Петрович көзін
шүйіре ойлап кетті. Тереңде, апаттан тығылатын тар қуыста, ақ бас
адам кең ойлап отыр...
Өртшілер қайтты. Əшірбек, Лапшин, Ысқақ, Əкім, Сейтқалы,
жауынгерлердің бастығы бағанағы дəу жігіт те бар. Шахтының саяси,
көпшілік, техникалық басшылары түгел. Үлкен шаруашылықтың
салалары көп. Бас инженер Əшірбек барлық жайды баяндай бастады:
— Бітелді. Қалап, сылап тастадық. Қызуды, газды бақылайтын адам
қалды басында. Əуе бармайды. Енді тұншығып тез өшуге тиісті. Апат
уақытында паника болған жоқ. Адам аман. Əркім өз міндетін дəл
атқарды. Транспорт, электр, вентиляция, су жолдары қаз-қалпында.
Енді желді күшейте түсіп, шахта əуесін тазарту керек те, жұмысты
кешіктірмей бастау керек.
— Тек, өрт ауданында істеуге əзір рұқсат етпеймін!— деп команда
бастығы орнынан тұрды. Жұмабай оны жүгіріп келіп құшақтай
алғанда, бойы емшегіне де жеткен жоқ. Шұрқырасып жатыр...
Бірін-бірі жаңа таныды. Қарағанды басталған кезде, Құтжан
балуанның бригадасында Əлібек үшеуі бір істепті. Сонда, Əлібекке:
«дəуде болса сен кулаксың» дейтін бадырақ көз, кекеш бала жігіт осы
командир көрінеді. Қазір екі иығына екі кісі мінгендей, жігіттің
сырттаны. Бүгін Жұмабайды жығылып жатқан жерінен тығылатын
бөлмеге əкеп тастаған жауынгер де осы екен.
— Айтжан, қарағым, қарызың көп менде, жүр, үйге жүр!—деп
Жұмабай қалбалақтап тұр. Щербаков келіп Айтжанның қолын қысты.
— Сізге, сіз басқарған жауынгерлерге көптен-көп рақмет!— деді де
оның қолына өзінің қол сағатын байлады.— Дəл жүреді. Осы сағаттай
дəл істе. Сыйлық емес, ескерткіш, шырағым...
Төнген үлкен апат осымен аяқталды. Дуылдасып, тығылатын
бөлмеден шықты бəрі. Темір, резинка трубалардан гулеген жел шахты
ішін сейілтіп сала берді...
IV
Щербаков шыққан бетінде шахтаның моншасына кірді. Наряд үйі,
лампа үйі, монша үшеуі бір корпусте. Жұмысшылар пəтерінен таза
киімдерімен шығады. Осында келіп жұмыс киімдерін киеді, лампа,
наряд алады да шахтыға түседі. Шахтыдан шыққан соң бəрін қайта
тапсырып, жуынып, таза киімдерімен үйіне қайтады. Щербаков те киім
ауыстырып киген. Енді жуынып, өз киімдерін киюге келді. Бұл
шахтының жаңа моншасын көргені осы. Сүйсіне қарап тұр.
Қабырғаларына су жұқпайды, жалт-жұлт етеді. Екі жүздей кісі сиятын
кең залдың ортасын жара тұтас, ұзын шкаф жасаған. Шкафтық екі жақ
беті де шыпырлаған есік. Əр есікке иесін жазып қойыпты. Душ керек
пе, пар, ванна керек пе, қай мезгілде келсең де дайын, тегін. Моншашы
қартаң əйел орамал, простыня əкеп бергенде:
— Анна Петровна! Ағылшындардың өз моншасы осыдан қалай еді?
— деді Щербаков.
Айнадай жалтыраған дойбы шыбар қыш қабырғаны моншашы бүкір
саусақтарымен тықылдатып тұрып қайырды жауапты:
— Бұны шіркеуде де көргем жоқ. Шебер əйел тазаның қиқымынан
құрап баласына сəнді көрпе істейтін. Сондай-ақ құрастырған. Шыны
ма, тас па, əйтеуір асылдың тегі өзі. Қазына ақшасын аямайсыңдар,
дүниенің қадірін білмейсіңдер, түге. Моншаға мұнша зейнеттің керегі
не?
аз.
— Жұмысшы жұрт еңбегінің игілігін көрсін, Анна Петровна. Бұл əлі
— Шүкірлік етіңдер, шүкірлік! Астамшылық болмасын. Өзгесі бір
жөн, дəретханаға айнаның, шынының керегі не еді. Қазына мүлкін
судай жұмсайды, түге. Ұрсып қой,
Сергей Петрович, орынсыз жұмсамасын. Оңай табылған дүние
емес...
Сергей Петрович бишара қамқорлыққа сылқ-сылқ күлді де, душ
бөлмесіне еніп кетті. Жуынып шыққан соң, жүмысшылар столовойына
сусындауға енді. Ұқыпты көзі көргенінің бірін елеусіз өткізген жоқ.
Тұрмысқа сіңіп кеткен сол нəрселерге де, өткенмен салыстырып
сүйсіне қарайды. Столовой залының қабырғасындағы сурет тау
басындағы құйғытқан аңшыны, түлкіге түйілген бүркітті көрсетіп тұр.
Сергей Петрович пенснесін сүртіп киіп, шүйіле қарап, суретші
Жұнысов деген жазуды оқығанда:
— Талант! Үлкен талант!—деп өзіне-өзі күбірлеп қойды. Қазақ
жастарының ішінен болашақ Репинді де көрген сияқты. Жасамыс
байсалды адам магазинге кірген балаша бəріне қызығады. Оның
комбинат бастығы, үкімет мүшесі Щербаков екенін білмегендер:
«мынау апсағай шал, алаңғасар ма» деп қалар еді. Бірақ, бұл қалада оны
білмейтін кемде-кем. Отырғандардың бірін атымен, бірін
фамилиясымен, кейбірін тіпті жолдастары қойған қосымша атымен
атап, амандасып етті. Бауырсақ мұрын, қоңырша, жасөспірім қыз келді
қасына. Күлімсіреп алжапқышымен ойнап тұрып:
— Сергей Петрович, не əкелейін?—дегенде, ымдап, өзі тақала түсті
де:
— Бəрі бар ма?— деді сыбырлап.
— Не керек еді, сізге?
— Нарзан.
— Бар.
— Бір бутылка нарзан ғана бер. Тоқта, жылпосын қарашы. Қалай,
жұмысшылар риза ма, тамақтарыңа?
— Риза. Тек осы сусын жағы кейде болмай қалады.
— Ақырынырақ сөйле, құлағым естиді. Неге болмай қалады?
— Соны білмейсіз бе, Сергей Петрович! Басқа қалалардан əкеледі
ғой.
— Көп əкеп қойса қайтеді?
— Одан да осында неге жасамайды?
— Нарзанды ма?
— Тəтті суды айтам...
— Жаны бар сөз! Жаны бар!— деп Щербаков кілт ойлана қалды. Қыз
кете бергенде тағы бөгеп, алжапқышынан ұстап тұрды енді.
— Сынапсың ғой өзің, тұрмайсың. Фонтандарың тамаша екен! Кім
жасады?
— Соны білмейсіз бе, Жұмаш емес пе.
— Жұмаш!? Қай Жұмаш?
— Өзіміздің Ысқақ атайдың баласы.
— Кəдімгі адуын Ысқақтың ба?
— Иə.
Сергей Петрович қыз сусын əкелгенше фонтанға құныға қарап
отырды. Цементтен жасалған екі жас баланың мүсіні аумаған қос
орнындай цемент тегенеде, су ішінде біріне-бірі су шашып тұр. Суда
тірі балықтар ойнап жүр. Шахтер столовойы салтанатты ресторанға
ұқсайды. Ішіндегі адамдардың киімі, сөзі оқымыстыларға,
физкультурниктерге ұқсаса да, Сергей Петрович бірсыпырасын танып
отыр:
учаске
бастығы,
мастер,
механик,
инженер-техник,
стахановшылар. Қайсысы өндіріске қашан келіп еді, немен келіп еді?
Көр дегендей, əрқайсысының артында, алыста қалған бір мешеу тұлға
елестеп кетеді көзге...
Щербаков сусындап далаға шыққан соң, шоферына:
— Ере бер соңымнан!— деді де, машинаға мінбей жаяу аяңдады.
Əуелі ойдағы театрға беттеп еді, бұрыла сала беткейге тік өрледі. Бір
кезде жел ескен құба белдің бетінде бос жер жоқ. Тіпті, анаукүні ғана
бос алаңдарда жаңа үйлер тұр. Жоспарсыз, қалай болса солай салынған
үйме-жүйме поселке тез өсіпті. Бір шеті сонау колхоз жеріне—
Майқұдыққа, бір шеті — ағылшындар тұсындағы ескі бекетке жеткен.
Отыз, отыз бірінші жылдары совет Қарағандысы басталған кезде жан-
жақтан құйылған қараша ауылдардың көбі, соның ішінде Ардақ,
Жанабіл, Боқайлар осы арада отыратын. Қазір жер үстінде істейтін
жұмысшы, қызметшілердің бірсыпырасы меншікті үй салып, үлкен
поселка қылып жіберіпті. «Загородный» аталады. Қаланың солтүстік
жағында, ойда темір жол сыртында да «Капайгород» аталатын
осындай үлкен поселка бар. Қарағандының жаңа қаласы, қабат-қабат
биік үйлері, жоспар бойынша есіп бара жатса, бұл поселкелері бетімен
өсіп барады. Қалай өссе де бəріне электр, су керек. Сергей Петрович
соны ойлап келеді. «Жуырда Каргрэс жүреді, енді электр, су жолдарын
қаланың шетіне дейін тартуға болады» деп келе жатқанда бір үйдің
жанынан Қанабек пен Бəйтен көрінді.
Бəйтенкің аузынан түкірігі шашырап тұр. Күрек тісі түскен, қара
мұрты бурыл тартқан. Шашын алып тастапты. Басы тұз түйген
келсаптың басындай. Əлі де ойқастай жүріп, қара бурадай сөйлейді:
— ...Бұл отырғандардың бəрі дайынға келген жаңалар.
Шыдай тұрады. Қарағандыны біз жасағанбыз. Менің үйімде су,
электр неге жоқ!? Кəрі жыным қозбай тұрғанда бірдеме істеңдер...
— Істейміз, істейміз,— деп күледі Қанабек.— Шығанға шығып алып
ақырмасаңшы. Қазына үйін өзің тастап кеткенің қайда. Енді осы
көппен бір көресің
— Сиырымның жайына бола кеттім. Беті ашық жер еді, бұны да
тарылтты жұрт.
— Ал жағасынан, босатпа!— деді Щербаков келе.— Даусың
естілмегелі бірсыпыра болды. Осында ма едің? Қайда істейсің?
— Завод күзетемін. Мехцехты тастап қайда барам.
Бəйтен əдетінше мұртын қораздана бір сипап қойды. Бұрынғы
мехцех қазір заводқа айналған. Вагонеткалар, жүзден аса машина
бөлшектерін жасайды. Күн сайын кеңіп, жасайтын заттарының, түрі
көбейіп бара жатқан үлкен завод. Ескі Бəйтен сонда да ескі мехцеғын
қоса сөйлейді:
— Өзіміз мехцехта істеп жүргенде бүкіл шахта, бүкіл қала
қолымызда болатын. Мұрныңды көрсетпейтін боранда он екі жігітті
бастап барып, төртінші шахтаны құтқардым. Сонда тізе бүкпей
жиырма сегіз сағат істеген екеміз! Жұрт жағасын ұстады. Осы күні
омдай жұмыс бар ма! Бəрі машина. Біздің заводтың ішіне кірсеңіз
машинадан бас айналады. Мен күзетіп тұрмын. Саяси орын Бəйтен
ғана күзетсін,— депті...
Мақтан мен өтіріктің арасы қанша екен? Бəйтен мақтанамын деп,
өтірік те айтып жіберді. Щербаков пен Қанабек мырс-мырс күліп кете
барды. Бетімен ескен поселкада бейбастақ істерді де көріп келеді.
Біреу есік алдында қой сойып жатыр. Біреу бөшкемен əкеп су сатып
жүр. Тар жолда кесе-көлденең салып жатқан үйлер көрінеді...
Осы ығы-жығы дүниеден əлдеқайда биік тұрған үш қабат ақ үй
поселка балалары оқитын орта мектеп. Айналасын қоршап, тал егіп
тастапты.
— Мектеп-ақ емес пе? Тез бітірдік, ə?—деп келе жатып Щербаков бір
кезде таңдана тұра қалды.
— Мынау не?
Қанабек сылқ-сылқ күледі:
— Мешіт қой ол.
— Бұл кімге керек?!
— Молдасымақ бір-екі шал қайта-қайта келіп мазамды алған соң,
рұқсат бердім. Маған десе шошқа қамасын, онда менің жұмысым не?
Жаңа салынып жатқан кішкентай кірпіш үйлердің маңында
қолғабыс тигізген үш-төрт, кейде жеті-сегіз орыс, қазақ жүрсе, жаңа
мешіттің қасында екі молда ғана жүр. Үлкен өзен тасығанда үйір-үйір
сең көшеді, соқтыға ағып, сынады, ериді, бітеді сең. Бір мұздақ мүжіліп
жеке қалады. Сорлы мешіт, сорлы молда тек осыны еске түсіреді.
— Бұған да су, электр керек шығар,— деді Щербаков.— Бұның бəрін
тəртіпке салғанша Қанабектің басы қатар.
— Жұмысшы сенікі. Менің басым неге қатады?
— Қала сенікі.
— Жə-жə, сырғытпа! Əр шахты өз жұмысшысына жағдай жасауға
міндетті. Бірлескен күшпен электр, су жолдарын тарта беру керек.
Ертең қалалық совет ерекше қаулы шығарады. Поселкелерді тəртіпке
келтіреміз. Каргрэс бітіп қалды. Су, электр байлығы жетеді енді.
— Əне, қит етсең күш көрсетеді. Қаулы...
— Күшті əлі көрмеген екенсің, Мейрам мені кемпірімнің қойнынан
суырып алып жіберді осында.
— Кемпірдің қойнынан суырған өкініш емес.
— Сені тоқалыңның қойнынан суырды ма?
— О да ештеңе емес,— деп Щербаков күрсінді. Поселкеден шыға,
шеттегі жаңа бақшаға қарай бұрылды екеуі.
— Неге күрсіндің, неге түйілдің?
— Мен қайранмын осы жігітке!— деп кең құшағын барынша жая,
артына бұрылды Сергей Петрович.— Осынау қайнаған кең қала тар
оған. Алып қашады, тежесең ерегіседі. Қаулап өсіп келе жатқан анау
жас бақшадан, əдемі қаладан ертең бұзылып қалатын мына
поселкесымақты кергіш боп барады.
— Жаманды көргені теріс пе? Жақсы өзі де көрінеді.
— Жаманды көре берсең ой кірлейді. Жақсы сол кірді тазартады.
— Мейрам ондай сыңар езу емес қой. Рас, көбірек сынайды.
— Сынның да мөлшері бар. Өндіріс деген үлкен есеп. Социалистік
жоспар — əр адамды өз орнына қоюды, əр сомды өз орнына жұмсауды
тілейді. Мейрам Омарович менің бұл міндетіме қол сұқпақ. Тіпті
жоспардың өзін жөндемек. Болған үстіне бола бергенін кім жек көреді.
Табыстан бас айналса керек. Əлі зерттелмеген, жете есептелмеген
ұсыныстарды тықпалайды. Қабылдай қоймасаң шамданады. Ақылды
жігіттің — ақылсыз, байсалды жігіттің — ұшқалақ ойына еру де, ермеу
де қинап жүр мені.
Қанабек томсарып келеді. Екеуінің де өзінен өресі биік, жақын
жолдастар. «Сенікі теріс, не дұрыс» деуге ғылымдық, техникалық
таластардың түйінін шеше алмады. Тек, бүтіндік, бірлік жайында ғана
басалқы айтты.
Əңгімемен екеуі бақшаға енді. Жас бақшаны жел ақырын тербеп тұр.
Уақыт сəл ертерек. Адам əлі аз. Жапырақтар сыбыссыз қозғалады.
Қолтықтасқан бірен-саран жастар сыбыр-сыбыр сөйлеседі. Қара
топыраққа егіп тастаған алуан түсті гүлдер қазақ текеметін, əдемі
түскиіз, сырмақтарын еске түсіреді. Сусын, асханалардың, тир, би,
сауық орындарының есігі жаңа-жаңа ашылып жатыр. Қаланың
қапасынан шеткері, тұнық бақша, шахтерлердің жан тынысы. Осыдан
екі-үш-ақ жыл бұрын жып-жылмағай дала еді бұл жерлер, ырымға бір
бұта болмайтын.
— Мейрам, бұдан да кемшілік тапты, ə,—деп күлді Қанабек.— Үш ай
менің орныма тұра тұрып, өз орнын маған бермейді-ау! Бəлемге
көрсетер едім, бұйрықпен орындаудың айырмасын.
— Қалжың өз алдына. Ол бұл кемшілікті дəл тапты. Жер жүзінің
картасын осы арадан орнату керек. Стахановшылардың суретін
көлденеңдете тартсақ...
— Ал, фонтан! Ленин тұлғасы.
— Оның орны əне, кең алаң...
— Сергей Петрович! Бізде цемент жоқ осыларға?
— Біресе сұрап, біресе қорқытып алады. Жарайды, мен берейін.
— Несіне қазбалайсың. Менің кемпірім келмейді бұнда. Сенің
жұмысшыларың келеді.
Поселка, бақша зейнеттерін кеңесе, кеңес арасында əзілдесе тату
замандастар машинаға да бір мініп еді. Қанабек шоферына айғайлады:
— Сен бағанағыны бітіріп қайт. Мен мына байдың артына мінгесіп
жүріп, тағы біраз жерді аралайын.
— Пайдакүнемін қарашы!—деп үлкен денесін селкілдете күлді
Щербаков.
Жаңа қалаға тартты бұлар. Ұзын жонды сауырлай, ерсілі-қарсылы
ағылған машиналар тас қайрақ жолды тіліп жіберіпті. Он екі километр
шетке салса да, шахталар жаңа қаланы қуып жетіп, асып кеткен.
Соқырды, Қаракөз, Ащылыайрықты басып, батысқа — Долинка,
Шерубай нұрасына қарай жайылып барады. Бұрын жып-жылмағай
белестердің беті көпір, шурф, көмір, балшық үйінділерімен қобырап
жатыр. Поездар, шахты-шахтының арасында көмір ғана таситын. Енді
сағат сайын адам тасыған поезд, автобустар жүр. Сиырбүйрек белес —
бұйраттарға сіңіп, ұшығын көрсетпей ұзап бара жатқан қалаға биік
жонның жотасынан көз жіберіп:
— Қанабек Амантаевич, қарашы!—деді Щербаков.— Мен келгенде
ағылшындардан қалған, түтінсіз жалғыз тұрба бар еді осы жерлерде.
Бұдан артық жасампаздық ертегілерде, Мейрам Омаровичтің басында
ғана болар. Жастық мастығына табыс мастығы қосылып, бұзған оны,
бұзған!— деп қояды.
Қанабек қостаған болып, əңгіменің бетін бұрды:
— Рас, табыс кейде бұзады. Машиналар жолды да бұзып тастапты.
Асфальт керек, асфальт! Трамвай керек, трамвай!
— Мəдениет сарайы ше?
— Соғыс киіп кетпесе, зейнет, салтанат жасауға мықтап кірістік қой.
Үшінші бесжылдықтан коммунизм биіктері көріне бастады.
— Мен соғыстан қорықпаймын енді...— деп қолын сермеп тастады
Сергей Петрович. Жаңа қалаға кіріп қалып еді. Күн сайын өсіп бара
жатқан қабат-қабат биік үйлер, жапырақтаған жас ағаш, əдемі сквер,
фонтандар бөлді көңілді. Ескінің қиқымы да жоқ. Шеткі көшеде, төрт
қабат үйдің үстінде балконда домбыра шертіп Боқай отыр. Жерде, оған
төбесінен қарап, мотоцикліне сүйене Жұмабай тұр. Бүгінгі өрт жайын
айтып тұрған тəрізді, сақалы мен қолы бірден шошаңдайды...
— Көрдің бе!? Анау, тышқан ініндей жер барактан, төртінші қабатқа
шығып кеткен. Мынау «қара сиырдың ыңылдағанын» ғана білетін.
Енді мотордың гуілін де білді. Құрылыс жұмысына күніне бір миллион
сом жұмсалып жатыр. Мейрам Омаровичқа сонда да аз.
Қаланың батыс жақ іргесі кел. Көлдің батысында үлкен орман
қарауытады. Орман мен қала аралығында көл жиегінде, бақша ішінде
шахтерлердің демалыс үйлері көрінеді. Осы көрінгендердің бəрі
қолдан жасалған. Көлге келіп машинадан түскен соң, Қанабек қарнын
сипап тұрып сөйледі:
— Рас, бұл жерлер менің иегімдей көсе еді, енді мынау!.. Сонда да
жетпей жатыр. Қарағанды үшін кел ме, осы! Шалшық қой. Бұтасыз
жонға анау орман көп болса да, Қарағандыға аз. Ал, не істейміз?
Ойыңды айта бер.
— Жарайды, қаздық. Белдің түбіне жеттік. Көл үлкейді, тереңдеді.
Сондағы күнде ағынсыз суды қалың ел сасытып жібермей ме?
— Өзенді қайдан табамыз?
— Шерубай нұрасын тартсақ қайтеді?
— Алысырақ қой. Жəне өрге қарсы келе ме?
— Машинамен айдаймыз.
— Онда Қаранұраның өзін тарту керек.
— Каргрэстің, Қарағандының ішуінен аса ма, Нұра?
— Егер Каргрэстің төменгі жағынан бұрып əкеліп, осы көлге құйса.
Көлден асқан суды Нұраның өз арнасына қайта апарып құйса қайтеді?
— Су мамандарымен кеңеселік,— деді Сергей Петрович ойланып
тұрып.— Шахтадан шыққан суларды көшенің тозаңын басуға,
өсімдіктерге пайдалануға болар еді. Бұны да кеңеселік.
— Орманның өсу беті қалай? Сенің шахталарың бүлдірмей ме?
— Дұрыс беттеп барады. Бұл бетте көмір жоқ. Жел, боран көбінесе
осы жақтан соғады. Орманды ұлғайта бер. Қорғасын қаланы...
Əңгімемен келді жағалап ұзап кетті екеуі. Машинаны қайтарып
жіберген. Күн кешкіріп орман тасасына түсті. Қанабек орман жайын
əңгімелеп барады. Ескі, жаңа қаланың оңтүстігін ала, Балқашқа тартқан
темір жолды бойлай жас орман жиырма бес-отыз километрге
созылмақ. Қаланың өз ішіне мыңдаған түп ағаш, төрт-бес жерге бақша
егіліпті. Енді ағашсыз кеше болмаса, əр шахтаның өз бақшасы болса,
деп келеді. Күн бата көл ығындағы өз үйлеріне оралды. Шудан
шетірек, қою ағаш арасында ағараңдап үш-төрт үй тұр. Болатты
жетелеп, Ардақ пен Антонина жүр.
Сергей Петрович баласыз адам. Баланы көтеріп алып, кеудесіне
қысқанда жадырап кетті көңілі:
— Ой, курносик! Мұнша сүйкімді болармысың!.. Əкең мінезді сенен,
шешеңнен неге алмайды.
— Əкесінің өз мінезі өзіне жарайды,— деді Антонина.
— Əркімнің өз мінезі өзіне жарайды. Басқаға жарай ма?—деп еді
Ардақ, Сергей Петрович қарқ-қарқ күліп жіберді:
— Міне, тауып айтты! Басқаға, жолдастарға ұнауы керек.
Кешкі тұнық əуеде, күлдіргі сөздермен қас қарайғанша отыра берді
бұлар...
Мейрам шықты үйден. Қасында Чайков бар. Чайковтың мойнында
сумка, қолында қарайған бірнəрсе, қызу сөйлеп машинасына мінгелі
барады.
—...Өндіріс өміріне ұлы өзгеріс жасайды бұл!— дегенде, Щербаков
Қанабекті түртіп қалды:
— Қолындағы тас. Сумкедегінің де бəрі тас. Дəуде болса соның
қасиеті жөнінде сөйлеп барады.
Мейрам Чайковты жөнелткен соң бері аяңдады. Оның жетуін
күтпей-ақ Қанабек сөз тастады:
— Анау қасқабас сені бұзып кетті-ау, шырағым?
— Иə,— деді Мейрам.— Біздің Чайков, Козлов, Əшірбек, Ермек,
Лапшиндер ескірген ойды бұзушы. Анатолий Федорович бұл жолы да
өте бағалы, ойсаң пікір айтты.
Қандай пікір екенін Мейрам өзі айтқан жоқ. Мына жағынан Болат
келіп қойып. жібергенде етпетінен түсті. Жас бала «мен боксер» деп
сақ-сақ күледі. Баланы біраз қызықтап болған соң Щербаков əңгіме
бастады.
— Шынында да қаланың шетіне көңілді аз бөліппіз. Қанабек екеуміз
көп нəрсені көріп қайттық...
— Алдымен су, электр жеткізу керек,— деді Қанабек.
Щербаков толықтыра түсті.
— Сол уақытша үйлердің өзін бұдан былай тəртіппен салу керек
екен.
— Тəртіпсіздік, мəдениетсіздік мейлі ортада, мейлі шетте болсын,
жоюға міндеттіміз,—дей беріп еді Мейрам, Ардақ оқып отырған
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Қарағанды - 24
  • Части
  • Қарағанды - 01
    Общее количество слов 3886
    Общее количество уникальных слов составляет 2256
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 02
    Общее количество слов 3884
    Общее количество уникальных слов составляет 2278
    33.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 03
    Общее количество слов 3910
    Общее количество уникальных слов составляет 2218
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 04
    Общее количество слов 4072
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 05
    Общее количество слов 4010
    Общее количество уникальных слов составляет 2219
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 06
    Общее количество слов 3951
    Общее количество уникальных слов составляет 2336
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 07
    Общее количество слов 3948
    Общее количество уникальных слов составляет 2240
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 08
    Общее количество слов 3959
    Общее количество уникальных слов составляет 2268
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 09
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2197
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 10
    Общее количество слов 3908
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 11
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    34.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 12
    Общее количество слов 4092
    Общее количество уникальных слов составляет 2304
    34.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 13
    Общее количество слов 3962
    Общее количество уникальных слов составляет 2311
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 14
    Общее количество слов 3896
    Общее количество уникальных слов составляет 2267
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 15
    Общее количество слов 3904
    Общее количество уникальных слов составляет 2309
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 16
    Общее количество слов 3825
    Общее количество уникальных слов составляет 2308
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 17
    Общее количество слов 3828
    Общее количество уникальных слов составляет 2301
    33.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 18
    Общее количество слов 3912
    Общее количество уникальных слов составляет 2263
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 19
    Общее количество слов 3865
    Общее количество уникальных слов составляет 2307
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 20
    Общее количество слов 3853
    Общее количество уникальных слов составляет 2357
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 21
    Общее количество слов 3913
    Общее количество уникальных слов составляет 2347
    31.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 22
    Общее количество слов 3863
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    32.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 23
    Общее количество слов 3929
    Общее количество уникальных слов составляет 2250
    33.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 24
    Общее количество слов 3799
    Общее количество уникальных слов составляет 2228
    30.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    49.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 25
    Общее количество слов 3831
    Общее количество уникальных слов составляет 2243
    32.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 26
    Общее количество слов 3843
    Общее количество уникальных слов составляет 2226
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қарағанды - 27
    Общее количество слов 2731
    Общее количество уникальных слов составляет 1685
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов