Latin Common Turkic

Матерамен Қоштасу - 17

Общее количество слов 4004
Общее количество уникальных слов составляет 2023
37.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
52.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
сарынды сұлулығын бұзып, оны əр түрлі, əр қырлы етіп жандандырып
тұр. Қайран дүние-ай, егер мұның өз балалары болмағанымен,
немерелерінің біреуі осы мектепке келіп, оқып жүрсе, ал мұны
жиналысқа шақырып, оның екілігі мен тентектігі үшін жауап алып
отырса, қандай жақсы болар еді. Бірақ, тегі, осы арманы да жүзеге
аспайтын секілді. Мектепке қарап тұрып, тап осы сəттегі секілді,
балақайлар дауысын естіген кезде, оның əлденені аңсап, тынысы
тарылып кететіні де, міне, осыдан. Өмір шіркін өте шықты деген осы
— əлі уақты жетпесе де өте шыққаны. Осыны ойлаған кезде оның есіне
тағы да шешесі келіп түсті, оны бір есебін тауып, қайтсе де көшіріп
əкелуі керек еді, бірақ ол шешесінің осы поселкеге əйтеуір бір келіп,
аяқ басатынына тағы да сенбей қойды. Оның бұған сенуіне бірдеңе
бөгет, жібермейді соған — қолыңнан не келсе, соны жасап бақ — бірақ
ол мұны тіпті көз алдына да елестете алмайды, елестеткісі келсе-ақ
болды, дереу алдынан бір перде жабыла қалады.
Осы арада, тау жотасында, айнала ағарып ашыла түскендей, үйүйлердің шифермен жабылған биік шатырлары жанды толқын тəрізді
жайымен тербеліп, көшеден көшеге ағындап жатқандай; мотоциклдер
бұрынғысынша тарылдап, шаң-тозаңды бұрқырата түседі; егістік
жақтан трактордың зорлана гүжілдеген даусы естіледі, көше-көшеге
дабыр-дұбыр тарасып бара жатқан шəкірттер үні əлі басылмаған,
əлдеқайдағы ауладан бір сиыр қасіретті үнмен азар да безер бола ішін
тартып, сонау көмейінің түбінен қосарлатып мөңіреп-мөңіреп жіберді.
Ангара ағып жатқан жердегі ағаш сақтайтын қойма-қораның ар
жағынан, алыстан арғы жағалау көгеріп көрінеді, оның үстінен тіп-тік
болып, төсінде бір шетімен көкжиекті қымтап, сəл ғана нұрлана
түскен, шөкімдей қауырсын бұлты бар зеңгір аспан мөлдіреп тұр. Ал
бұл араның шырқау биік аспаны салқындап, қабағы салына
қарауытып, солай, Ангара жағына қарай ұмсынып бара жатқан сияқты.
Күн батысымен салқын ауа есе жөнелетін Матёра тəрізді емес, бұл
арада айналаның бəрі жылы да құрғақ, осы жылу күні бойы қызған жер
мен үйлерден тарап жатыр; солардан шығып жатқан бензин мен сыр
иісі де анық сезіледі.
Павел үйлер бір жағына, орманға қарама-қарсы жағына салынған өз
көшесінен келіп шықты, қақпаның алдына жетіп, аялдай берді де, бұтабұтаның арасында қу шыбықтарды сытырлатып, жайылып жүрген
сиырлар ішінде Майка жоқ па екен деп сығалап біраз қарады. Ол жоқ
екен, Павел қораның саңлауынан ішке көз тастап еді, сиыры аулада тұр
екен.
Не деген ақылды жануар еді — мал біткен, өрісі мен қарайтын кісі
жоқ болғасын, орман-тоғайды кезе-кезе, жабайы аң тəрізді тағыланып
бара жатқан мына мекенде, Майка күн сайын өзі қайтып келеді. Міне,
тап осындай ақылды малды ұзамай құртуға тура келеді. Павел, бұл іске
біреуді шақырмаса болмайтын шығар деп ойлады, өйткені өз басы —
тіпті өлтіріп жіберсе де — бұл іске кіріспейді, қайта қора-жайынан
қашып кетіп, қашан істі жинап-теріп бітіргенше, үйге жуымай,
сенделіп жүреді де қояды. Ол торайды сойып немесе қораздың басын
шауып тастап жатқанына да шыдай алмайтын, мұндай іске келгенде
жанып түсетін Соня, күйеуі тұра жөнелмекші болғаннан-ақ, одан
түңілгендей, қолын əлсіз бір сілтеп қана қоя салатын. Соғыста болып,
талай өлімді көре-көре көзі талса да, осы кезге дейін түсінде соғысқа
кірісіп, қаза тапқандармен арыздасып-қоштасып жүрсе де, Павел бұл
іске келгенде кежегесінен кейін тартып, жоламайды, солай болып туса
— қайтерсің енді.
Неге екені белгісіз, оның үйге кіргісі келмеді... Мүлде кіргісі жоқ,
енді оған не шара. Кеш маужырап, мүлгіп келеді, кісі бетін аймалаған
қараңғылық та əлі қоюланып біткен жоқ. Билеуші уақыттың со бір баяу
ағыны абайлап əкетіп бара жатқандай-ақ, үлкен поселкенің барша
дыбысы мен у-шуы жылыстап-алыстап баратқан тəрізді. Қарсы беттегі
көктеректің қызыл жапырағы үзіліп түсіп, қалай ұшарын білмей, бір
сəт қыбыр етпей тұрды, сосын болмашы бір леп-қозғалыс оны іліп
алып, жолға апарып тастады да, оны тағы да бірер аунатып кетіп
қалды. Ойында ештеңе жоқ, бейжай тұрған Павел: солай болуы керек
те — деп басын бір изеді де қойды. Не нəрсе солай болуға керек,
қайдағы-жайдағы беймаза ойды қайта қозғап кеткен не — кəне осыны
анықтап көрші! Бəлкім, бүгін қасарысып, шешесін əкелуі керек пе еді.
Арғы күні катерді сұрап алып, осынау көшті-қонды кезінде оларды бірбірінен айырмай, бəрін бірге əкетермін деп, ол бағана Матёрадан
жайбарақат жүріп кеткен, ал, қазір кенеттен көңілі алабұртып, нілдей
бұзылып тұр. Жəне бұл «кенеттен» емес-ау — өзі оларды қалдырып
кеткелі бері ұдайы көңіл көкірегінде бірдеңе сыздап-сырқырап,
толқып кетіп, маза бермеген, ол бұ сырқырап тұрған басқа бірдеңе
шығар — деген де қойған. Бірақ сонда о байғұсты қалай ғана
зорлайсың? Егер оның өз көңілі қаламаса, шешесі сөзге қонақ бере ме,
əрине, ол өзге кемпірлерден бөлініп, еш жаққа да кетпейді. Тіпті басқа
кемпірлерсіз, оның жалғыз өзі болған күннің өзінде де, үйінің көзі
құртылғаннан кейін сол туған топырағында, жылы ұясының жанында
отырып, біраз көңілін орнықтырып, сабырға келмей жатып, анасы
əлбетте бірден жеделдетіп жүріп кетпес еді.
Осынау қақпаға шешесі əйтеуір бір кезде келіп кіреді дегенге ол
іштей тағы да сенбеді...
Тағы да біраз тұрып, құлазыған көңілі байыз табар бір жұбаныш та
сезбей Павел үйіне қарай жүре берді — енді жатпаса болмайды, ертең
жұмысқа ерте шығуы керек. Соня мұны күтіп, төменде, асханада,
бірдеңе тоқып отыр екен, едендегі үлкен кəстрөлден қызыл, жасыл
жəне қара жіп ширатылып шығып жатыр. Тоқу ісімен ол осында,
поселкеге келгесін əуестеніп кеткен, дүкенге Риганың ба, əлде
Париждің бе, əйтеуір біреуінің аса сирек кездесетін жібі келіп түскен
кезде, кеңседегі əйелдер түгелдей, тағы да бірінен-бірі қалып қоймас
үшін, сол жіпті шумақ-шумағымен алған болатын. Матёрада жүргенде
Соня қолындағы өз қойларының бір тал жүнін де тоқып көрмеген еді,
қалыңдығы бір елі шұлық пен қолғапты шешесі тоқитын жəне со
шұлықтар мен қолғаптар өмір де тозу дегенді білмейтін. Шілтер
тəрізді жағалай шұрқ-шұрқ тесік болып келетін, сəн-мода қуалап
жасалған Соняның нəрселері секілді емес, шешесінің мүліктерінің
ішіне су құйсаң да, бірде-бір тамшы тамбайтын.
Павелді ауқаттандыру үшін орнынан тұрып жатып, Соня:
— Біздің əлгі бір жерлесіміз осы кеште сені сұрап, екі рет келіп кетті,
— деді жəйімен.
— Ол кім?
— Петруха. «Менің шешем қайда?»—дейді өрекпіп.
— Шешесін есіне енді ғана алыпты да...
— Мен оған: шешеңді есіңе ертерек алған жоқсың ба, балақан?—
дедім. Ана жақты суға батырып жібергенге дейін күтіп, содан кейін
іздесең етті. Оны қазір не cay, не мас екенін білудің өзі оңай емес.
Ұдайы даңғырлайды да жүреді.
Павел, Петруха «даңғырлағанда» не істеді деп сұрамады, оны тіпті
білгісі де келмеді. Бірақ Петруханы көруі керек еді. Қарап жүргенше,
арғы күні кемпірлерді əкелуге көмектессін. Ойламаған жерден
алаңдап, есіне түсірген шешесін алып қайтсын — бірақ ол оны қай
сарайына, қай жақтағы патшалығына алып келеді? Бірақ, бұл оның,
Павелдің, қам-қарекеті емес. Өзінің сезінуіне, күнілгері байқауына
қарағанда, Сима мен балақайды, Богодулды бір жерге орналастыру,
Настасьяны қайтадан ұзатып салу қамы да мұның бір басына жетіп
жатыр. Əлі талай машақат болады əлі, болады... Бірақ мəселенің түптөркінінде ол бұдан қорықпайды, оны бірдеңе етіп реттейді ғой, мұның
ақылы жетіп, шеше алмай қойған, сəл де болса ертерек болжай алмай
қойған бір мəселесі — шешесіне не болады?— деген. Оны кейінге бір
күн шегергеннен еш нəтиже шықпайды; артыңа мойын бұрып
үлгірмей жатып-ақ, сол арғы күнін жетіп келеді, сосын оған барып,
алып қайту керек...
Ол тек кешкі асын ішіп, жоғарыға көтерілмей жатқанда, айваннан
басқан аяқтың тықыры естілді, оның əдейі тарс-тарс етіп, алдын ала
ескертіп келе жатқанына қарап, Павел оның Петруха екенін біле
қойды. Құланның қасынуына — мылтықтың басуын. Бірақ Петруха
жалғыз емес еді, онымен бірге — күтпеген кісі осы болатын —
Воронцов жүр екен. Ол «сəлеметсіз бе» деп айтпай жатып кіріп келді,
келді де, өзінің қызыл шырайлы дөңгелек жүзіндегі бадырайған
дөңгелек көзін жүгіртіп, үйдің мүйіс-мүйісін тінте бастады.
— Павел Миронович, сіздің кемпіріңіз қайда?— деп бірден өктемси
тіл қатты.
— Матёрада,— деп жауап қатты Павел мəселенің төркінін сезе
бастап.
— Матёрадан қалай?! Сен бүгін о жаққа барып қайттың ғой! Неге
Матёрада болады?
— Баруын бардым, бірақ оның кеткісі келмеді.
— Əзілді қоямыз ба, əлде бірдеңе істейміз бе?— деді əуелі сасып
қалған Воронцов өрекпіп.— Кеткісі келмедің қалай?! Кетпеді дегеніңе
жол болсын?! Ол бұған əлі де болса сенбей, жан-жағына алақтап қарай
береді, тіпті басқышқа қарғып шығып, жоғарыға көз тастады.
— Жоқ, жоқ,— деп Павел оны тоқтатпағанда, ол тіпті жоғарыға да
шығатын түрі бар.— Мен сізді алдап қайтемін? Жоқ. О жақта. Əлі
мауқымды басқан жоқпын, дейді. Тұра тұрмақ болды.
— А менің апам ше?—деді Петруха дауыстап, сол сəтте шешесін
ойлап, Петруханың жүрегі қан жылап тұр деп ойлап қалуға болатын
еді.— Ол да сонда ма?
— Егер сен оны о жақтан алып кетпесең — сонда.
— Қашан?!—деді ол ышқына дауыстап.— Оны алып кететін уақыт
болды ма! Мен тапсырмадан бүгін ғана қайтып келдім, тапсырманы
орындап жүрдім. Міне, Борис Андреевичтің өзі айтсын,— деп ол
Воронцовқа иек артты да, неге екені белгісіз қара шүберекпен таңып
алған кір-кір қолын оның тап көз алдына апарып, бір сермеп қалды.
Қолын осылай жаныға сермегеніне, көзінен от шашып, тамағын
жыртып, ақыра сөйлегеніне қарап, Павел, Петруханың масаңдау екенін
білді.
Воронцов селт етіп, тыжырына қойды.
— Т-тапсырма!—деді ол ызаланып.— Т-тап-сырма! Сенің шешең
осында болуға тиіс — тапсырмаң, міне, осы. Ол қайда барса, онда
барсын, тек ана жақта болмауға тиіс. Ал сен не бітіріп жүрсің?! Нұсқау
бар, ол бəрімізге қатысты! Соны ұғамыз ба, ұқпаймыз ба?..
Оның не айтып тұрғанын Павел ұғуын ұғады, анау айқай Петрухаға
емес, əрине, мұның өзіне арналып жатыр.
Бірақ Петруха қолма-қол өкпелемек болды.
— Мен, мүмкін, маскүнем де шығармын,— ол көзінің астымен бəріне
бір-бір қарап, осыны мойындаудың өзінде үлкен жауапкершілік
жатқанын менімен бірге сезініңдер дегенді білдірді,— бірақ сорлы
емеспін, қатты кетсем — кешіріңіз, жолдас Воронцов Борис Андреевич.
Мен ондай атсымақты, өз басым, əсте ала алмаймын. Хақым жоқ! Иə,
солай!—деді ол басын кегжең еткізіп көтеріп, сосын өз сөзінің уытына
өзі риза болып, сіресіп тұрып қалды.— Ал маскүнем... жарайды,
маскүнем...— Петруха үндемей қалды.— Осынау маскүнемдер болмаса,
сендердің күнін не болар еді?..
— Олар онда қайда тұрып жатыр?— Оның сөзін қаперіне де алмай,
Воронцов тағы да жеделдетіп, Павелге дегбірсіздене тіл қатты.
— Баракта.
— Баракта?! Барак əлі тұр ма?! Барак, тұр ма?
— Тұр.
— Ay, бұларың! Бұл əлгі... Сіз оның мəнісінің не екеніне түсінесіз бе?..
— Воронцов тіпті қалш-қалш етіп, терезеге қарай тұра ұмтылды — о
кісінің о жақтан не көргісі келгені түсініксіз еді.— Ал сен,— деді ол
терезеден бері қарай бір-ақ секіріп,— мына сен, Павел Миронович,
қайда қарадың а? Қалайша рұқсат еттің? Сен, ана соққан емес,
коммуниссің ғой,— деді Петруханы тыжырына иегімен мегзеп.— Ал
сен шешеңді, жүз жасаған кемпірді, тəртіпке шақыра алмайсың! Барак
тұр!— деді ол ыңырсып.— Ал ертең Мемлекеттік комиссия. Ертеңгісін
сау етіп жетіп келеді. Мен не — оларға баракты көрсетпекпін бе? Өз
бетімен кідіріп қалған адамдарды көрсетпекпін бе? Мемлекеттік
комиссия — сен оны түсінесің бе, Павел Миронович?! Ал өзі барады,
жайбарақат қайтып келеді. Жəне шай ішеді. Қаннен қаперсіз! Ал ертең
кімнен сұрайды? Өзінің «ертең кімнен сұрайды?»—деген сауалын
айтқан кезде, Воронцов бедірейіп, қатуланып шыға келді.—
Жиналыңдар! Ойын ойнағанымыз жетеді енді. Жағдаятты түсіну
керек. Таң ертеңге дейін барақ та, адамдар да болмауға тиіс. Сен бір
жаққа тайып тұрам деп ойлама,— деді ол Петруханы ескертіп.—
Барасың. Т-тапсырмаға барасың. Менімен бірге. Павел Миронович, сен
де жинал. Жетті. Бұл — мемлекеттік іс. О шайтан, не болып барады
осы!
Павелдің барғысы келмеді, ол қатты шаршаған жəне түнделетіп не
жорық, ал ертең ертемен сменаға шығуға тиіс, демек, көз шырымын да
ала алмайды, бірақ бəрінен де бұрын ол қазір кемпірлерді тұр-тұрлап,
жылы ұясынан қуып шыққысы жəне солардың көзінше Матёрада
қалған, ең соңынан қалған, міскіндерге ең ақырғы баспана болған
барақты өртегісі келмеді. Бірақ қолдан келер қайран жоқ — жүріп кетуі
керек. Павел, Воронцовтың тас қараңғыда дызақтап, катерге айдап
кіргізу үшін кемпірлерді асықтырып, оларға қалай ақырыпжекіретінін, аузына не келсе, соны айтып, кейуаналарды қалай
қорқытып-үркітетінін, оларға қоса бұ дүниені түгендеп бір сыбап
шығатынын көз алдына елестетті. Сосын шешесінің осынау өкімет
өкілінің бетінен алып, талауын қалай қайтарып тастайтынын да, сол
арадағы ұлына, Павелге өктем пішінмен, жаны ауырып қарайтынын да
анық көрді... қорыққанынан қоғадай дірілдеп, асып-сасып, зəре-құты
қалмай, тек басын изей беретін Настасьяны... жылап тұрған баланы...
дереу тікірейіп шыға келетін, жанжалқой Богодулды... ол содыр —
бəледен аулақ!— Воронцовқа тап бермес үшін, байқас болмақ керек...
ойша алдына əкелді. Міне, осының бəрін көзімен тізіп шыққан Павел,
Воронцовқа:
— Бəлкім, сен бармассың? Біз бірдеңе етіп өзіміз-ақ істерміз оны,—
деп ұсыныс жасады.
— Жо-оқ,— деді ол зіркілдеп.— Жоқ, Павел Миронович, мен енді
сізге сене алмаймын. Жетті. Сіз сенімнен айрылдыңыз. Мен ертең есеп
беруім керек, сол себепті де аралдың тазартылғанына көзімді
жеткізуге тиіспін, ал сізге сенсем — сіз оны тағы да қожыратып
жібересіз. Міндетті жете түсіну керек. Мен оған жауап беремін.
Ол Петрухаға катершіні барып оят деп бұйрық етті де, гаражға
кідірмей тезірек жүріп кету үшін, ол əзірлікке, өздері жиналатын
гаражға дейінгі жолға жарты сағат уақыт беріп, сыртқа атып шықты.
— Енді қайтсін. Мұнысы дұрыс. Адамды соққы астына неге
қоясыңдар? Ол жауап береді,— деді Соня.
— Мейлі жауап берсін,— деді Петруха бүлініп.—- Берер жауабын
бере берсін, оның жауап беруіне ешкім де бөгет жасамайды. Бірақ
адамды сыйлауы керек қой. Қалаған кезінде үстіме отыра кететін,
аузына келген сөзбен боқтай салатын мен оған қу томар емеспін.
Қатты кетсем кешір. Менің де тəкаппар мінезім бар. Əкіреңдейді келіп!
Біз ондай жау жүректердің талайын көргенбіз! Өкімет!
Бірақ бəрі бас қосамыз дегенше, Петруха, жұрт катерші деп атайтын
катердің моторшысы, шофер болып жүрген жерінен комиссиядан
өткізіп алынған, тұнжыр қарт еркек Галкинді іздеп тауып алып, оятам
дегенше, ал сосын өзі бір қажет ісіне жүгіріп барып, келем дегенше
жарты сағат емес, бір сағат өтті. Олар күнде ертеңгісін жұмысшыларды
алыс учаскелерге апарып тастайтын шағын автобуспен қараңғы түсіп,
жұлдыз жыпырлап тұрған кезде жолға шықты. Рульге Павел отырды.
Жол даңғыл еді, ылдиға қарай жеделдетіп жүйтки жөнелді. Екі
жақтағы орман алдарынан асығыс жүгіріп шығып, асығыс шегініп,
үйіріліп қалып жатты; түннің қанатты уақ-түйек жəндіктері керемет
бір жылдамдықпен жарыққа шығып, қараң-қараң етіп қалып қояды.
Машина дөңгелегі астындағы малта тастар бір сарынмен үздіксіз
шықырлайды. Павелдің артындағы кісілер үндемейді. Петруха,
жұмыстан тыс уақыттың ақысын төлеу туралы Воронцовқа құлаққағыс
етіп, бір əңгіме бастағысы келіп еді, бірақ Воронцов тіпті оның сөзін
бөліп тастаудың өзін бойына ар санап тіл қатпады, бұған Петруха
кəдімгідей жəбірленіп, кіржің етті де, (Павел оны айнадан көрді)
үндемей қалды. Галкин қарт қалғып келеді. Воронцов маңдай əйнегіне
қатулана қадалып, машина секеңдеп кеткен кездің өзінде
қозғалмайтын кісі сияқтанып, бəрінің алдында тіп-тік болып, қақшиып
отыр.
Олар жарты жолдан өтті, со мезет Павел бұрылыста терезеден
салқын сыз есіп кеткенін сезе қойды. Орман, машина алдынан
бұрынғыдай емес, шабандап жай жүгіріп шыға бастады, дөңгелек
резинасының тысыры да бəсеңдей түсті. Өзеннен бір жарым
шақырымдай жердегі жалтаңға заулап шыға келгенде, машинаға
қарсы, əуелі сирек-сирек селдіреп, сосын бірте-бірте көбейіп, қалыңдай
түскен, шам жарығына ұшып келе жатқандай болып, жалбыр-жалбыр
жабағы жүн тəрізді бозғылт бірдеңелер көріне берді. Павел оның
тұман екенін ə дегенде аңғара алмады. Павелдің артында отырған
Галкин қарт селк етіп қозғалақтап, əлденеден шошынғандай:
— Мынау тұман ба?— деп күмілжіді.
— Тұман,— деп Петруха оның сөзін қуана қостады..
— Бəлкім, бұл...— Ол өзінің көмейіндегісін ашық айтуға жүрексініп,
басын кегжең еткізіп, шалқая түсті.— Немене тұманда түртінектеп
жүреміз бе?..
Воронцов бұ жолы да жауап қайтарғысы келмейтінін білдірді.
Павел бұрылмастан автобус тұмсығын суға əкеліп тіреді де, бірінші
болып сыртқа шықты. Оң жақта қаңтарулы тұрған қайықтар тізбегінің
тасасындағы катер көрінбейді, бірақ тұман əлі ауада кілкіп түр, сол
себепті де төменгі су жолағы, түн қанша қараңғы болса да,, ап-анық
көрініп жатыр. Төңірекке меңіреу тыныштық орнаған су
шылпылдамайды, Ангараның қол созым жердегі, жоғарғы жарлауыт
бұрылысындағы сарқыраманың үйреншікті шуылы естілмейді,
ұйқысыраған балықтың кездейсоқ шолп еткен дыбысы шықпайды,
өзен ағысының басқа бір мезеттерінде сақ құлаққа ұдайы шалынып, бір
сарынмен үздіксіз сылдырап жататын ойнақы үні мүлде жетпейді, жер
де үн қатпайды — айналаның бəрі дыбыс етпейтін жұмсақ бір затпен
нығыздалып тасталған тəрізді. Аяқтарын абайлап басып, олар катерге
көтерілді, Галкин моторға от алдырды, бірақ ол əдеттегіше жұрттың
құлағын жара дабылдатып, төңіректі үркіте, тарсылдай жөнелмеді,
қайта қысыла тыныстағандай-ақ, үнін абайлап, құмыға шығарғаны
сондай, оның тырылдаған дыбысы отыз қадамдай жерге əрең-əрең
жеткен шығар. Катерге ең соңынан Петруха; секіріп шықты да,
миығынан бір күліп, Павелге көңілдене тіл қатты:
— Воротилоны сыртынан жауып кеттім. Қатып ұйықтап қалыпты,
селт еткен жоқ.
— Сенің-ақ балалығың қалмайды,— деді Павел кіржиіп.
— Мейлі. Күзетші екенсің — күзет, суыр сияқты ұйықтап қалма.
Оянса, атасының басы, шығар, шыға алмайды. Терезеден шығуы керек.
Шықса, катерді айдап кеткен. Воротило бір дызақтайтын болды.
Петруха қарқылдап бір күлді де, мына қияңқылығы Павелге онша
ұнамағанын көріп, тез бұрылды да, жұрт шаруаларша бөдке деп атап
кеткен рубкаға барып кірді.
Катер сумен шегініп барып, бір бүйірге қарай бұрылды. Жаға
табанда ғайып болып, тұман күргейлеп қоршап алды да, ылғал бүрке
бастады, бұл ылғал дейтін ылғал емес, шаң-тозаң тəрізді сұрғылт бір
жабысқақ дымқыл сыз еді. Павел үсті-басы киім-кешегі түгелдей
ауырлап, кісі жеркенерлік дымқыл сызға малына бастағанын сезді,
бірақ орнынан тұрып, бөдкеге кіргісі келмеді, ол бөдкенің артындағы
отыруға арналған шөркеге жайғасып, салқын мен мазасыз жай-күйден
арылуға себі тиер деп темекі тартты жəне ащы түтінді рақаттана
отырып, құныға сорды, бірақ беймаза күйден арыла алмады, қайта ол
бірте-бірте күшейіп, көңілі байыз таппай, алаңдай берді. Міне, қазір
бұлар келеді — сосын не болады? Осы сауалдан аза бойы қаза тұрып,
ілгері жүзгісі келмегені сондай, көзді жұмып, суға қойып кеткісі келді.
Ол əсіресе өзінің осынау түнгі жортуылға келіскеніне қатты өкінеді; ол
өзінің бұған көнгеннен басқа шарасы қалмағанын ұмытып та кетіп еді.
Расында да, осы бəлелі іске келісіп, мұны не қара басты десейші?! Бірақ
онда шешең қалса, оны көшіріп əкелуді басқа біреуге тапсыра
алмайтын болсаң, апасы оны бұған мəңгі көшпес еді, сонда одан тағы
қалай бас тартарсың?
Матёра төменге қарай қиялай жүргенде, əлгі шыққан жағадан үш
шақырымдай жерде жатқан. Галкин бірден Ангараға қарай беттеді де,
сосын катерді ештеңені көрмей, қараңғыны қармалап, соқыр көзбен
жүргізіп келе жатты: шыққаннан кейін бес минут өтпей жатып, олар
кілкілдеген қалың тұманға кіріп кетті де, алдыңғы жақтан екі метр
жердегі нəрсені көру мүмкін болмай қалды. Павел, ешбір жаңылыссыз
Матёраның дəл үстінен барып түсу үшін, сосын оны жағалап, айналып
өтіп, қажетті жерге жайбарақат жету үшін, бəлкім, əуелі ағыспен
біршама төмен қарай жүзіп, тек содан кейін ғана кесе-көлденең бұрылу
керек еді ғой деп ойлады кешігіңкіреп. Бірақ қазір оны айту кеш,
бірден солай ету керек еді. Оқасы жоқ, Галкин осы маңда ала жаздай
жүзген, жол болса таныс, тегі, бір түйсігіне сеніп-ақ, былай жетіп
барады-дағы. Ол катерді абайлап, жайымен жүргізіп келеді; Павел
Воронцовтың газды қосып, тездетуді талап етіп жатқанын есітті, бірақ
Галкин оған құлақ аспады да, жүріс бұрынғы күйінде қалды; ал толық
жылдамдықпен зулап кетсең қайырлап қалуың мүмкін — сосын екі
көзің төрт болып отырғаның. Катерге моторшы жауап береді. Мотор
сонау алыс түкпірдің бір мүйісінде естілер-естілмес болып дүкілдеп
тұрғандай, тіпті су астында соғып тұрған секілді, оның есесіне тілінген
тұман мен судың шылпылдаған дыбысы келеді, міне, осы бір сарынды
көмескі дыбыстан көңілі қобалжып, елегзіп отырған Павел өзін-өзі
ұмытып, мызғып кетіпті.
Катер бұрылыста қисайып барып, шайқалып кеткенде, ол селк етіп,
шошып қалды; сол шошыған күйі орнынан тұрып, Галкин беттеп бара
жатқан жағалауға көз тікті, бірақ қанша қадалып қарағанымен, ол
ешбір жағаны көре алмады. Тұман тұп-тұтас қабырғадай болып тіреліп
түр, ал катер осынау тіп-тіке қабақтан өте алмай, оның жарлауыт
биігінен қайта-қайта тайғанап төмен түсе бергендей-ақ, бір орнында
шырқ айналып, ілгері жылжи алмай қалған секілді; Павел өзінің тап
осындай қалың да қою тұман арасында бұрын болған-болмағанын
білмейді, əйтеуір осы тұманнан өзен суы терең де қараңғы құдық
түбінен жылтылдап əзер көрінгендей болып елестейді. Кісі көзі
осынау кілкілдеген сұрғылт ұйыққа тіреледі де, ол дəл қасында
тұрғандықтан да, көзін өзінен-өзі сығырайып, жұмыла береді. Уақытқа
қарағанда, енді жететін-ақ кез болды, бірақ олар əлі таяп келгенге
ұқсамайды; Павел рубкаға келіп кірді, Галкиннің алдындағы тас
түнекке мойнын ырғайдай созып, бірдеңені көремін бе деп мазасыз
кейіппен тесіле көз тігіп тұрғанына қарап, ол өздерінің адасып
кеткенін кəміл сезді. Енді бұған не шара, мұның осылай болатыны
анық еді. Ақылды кісілердің осындай көз байланып тұрғанда жəне су
үстімен, жолға шықпайтыны өзінен-өзі белгілі болатын... Мұның
Павелдің өзі де, кішкентай бала сияқты: қайда жетелесе, солай қарай
жүре береді, тіпті болмашы қарсылық та жасап көрмеді. Енді қайтесің,
енді қашан екі жағаның біріне тап болғанша, айналып жүре бересің.
Шамасы, олар Матёраның жоғарғы жағынан өтіп кетсе керек, сосын
елеусіз ғана бұрылып, ағыспен төмен қарай жүзіп келе жатқан тəрізді.
Тегі, тап солай болған тəрізді. Олай болса, онда оңға қарай сəл
бұрылып, Матёраны басқа жағынан, өз Ангарасы жағынан табуға
тырысқан жөн. Павел күмілжіп, тек кеңескендей болып, Галкинге оңға
қарай деп иегімен белгі берді, ол рульге тек бір өзінің ғана жауап
бермейтініне қуанып кетті де, ойланбастан рульді солай қарай бұра
салды.
— Ұзақ жүрдік қой тіпті,— Галкиннің сол жағында тұрған Воронцов,
бір бəленің болғанын сезіп, күдіктене қойды.— Біз қайдамыз осы? Неге
ұзақ жүріп кеттік? Аралды жоғалтып алдық па қалай? А?
— Табамыз,— деді Галкин сенімсіз үнмен.
Дабырласқан дауыстан бұрышта қалғып-шұлғып отырған Петруха
елеңдеп оянып кетті, суықтан тұла бойы тітіркене бүрісіп (ол со
күндізгі көйлекшең күйінде жүрген) есіктен басын шығарып сыртқа
қарады:
— Оһо, тұман болғаныңа!— деді ол таңырқап, есікті тарс еткізіп
жапты да, жылыну үшін қолымен кеудесін ысқылай бастады.—
Пышақпен кескендей екен. Айналып жүрміз бе? Айналамыз əлі,
айналамыз... Айтпап па едім...— Петруха жарытып ештеңені айтпаған,
жұртты да сақтандырмаған, бірақ тіпті өзінің ойына да келмеген
бірдеңені дұрыс айтқанын білдіру үшін, ол мынадай қолайлы сəтті
қалай тегін жіберсін, əрине, Петруха оны пайдалана қойды.— Мұндай
тұманда адаспас үшін кісі тек балық болуы керек шығар. Ісі-ң-е
болайын!
Тағы да он бес минуттей жүріп көрді — бұл бергі, өз Ангарасынан
Матёраға немесе Подмогоға барып жететін уақыттан екі еседей көп —
бірақ ештеңе де: жаға да, өзгеше бір белгі де, болмашы жарық та
көрінбейді, тек бұрынғыдан да бетер қоюланып, ұйық тəрізді іркілдей
түскен, жылбысқы шетсіз-шексіз тұман ғана көзге ұрады. Галкин не
істейтінін, қалай қарай бұратынын сұрамақшы болып, Павелге қарап
еді, Павел оған иығын қушитып, білмеймін деп жауап берді.
— Сөндір,— деді ол нығыз үнмен.
Галкин орнынан тұрып, моторды сөндірді. Павел бортқа шығып, су
мен тұман сылдырының басыла түскеніне құлақ тікті — бірақ судың
өзі мүлде көрінбейді. Ол əлгіде отырған шөркені көтеріп алып, оны
төмен қарай тастап жіберді — о жақтан бір шалп еткен бəсең дыбыс
естілді, ендеше онда судың болғаны. Воронцовтың төзімі таусылды:
— Немене, біз бұл арада əлі ұзақ тұрмақпыз ба?
Сендер не — мəселені түсінесіңдер ме, түсінбейсіңдер ме? Ұзамай
таң атады, іске, іске кірісу керек.
— Ақырма! Бұл саған жиналыс емес,— деп Галкин оны тыйып
тастады.
Бір ғажабы, бұл арада жалаң бұйрықтан ештеңе өнбейтінін сезген
Воронцов өрекпуін қойып, жым болды. Бірақ оның шамына тиген,
«ақырма» деген сөз, өйткені ол бұрын өзіне бұлай сөйлегенді
естімеген, оны қолма-қол басқа бір қимылға жетеледі, ол Петрухаға:
— Айқайла!— деп əмір етті.
— Неге айқайлаймын?—деді ол түсінбей.
— Қалай айқайласаң,— олай айқайла! Қарауыл дейсің бе. Осы маңда
бір тірі жандар бар шығар, солай ма? Бəлкім, солар есітер. Əлде сендер
бəрін уəделесіп қойғансыңдар ма? Кəне, бол?!
Петруха бұған бірден, оқыс көне алмай, Воронцовпен біраз ойланып
алып келісті дегенді білдіргісі келгендей-ақ, катердің тұмсығына
таман барды, сосын о жақтан оның:
— А-па-а! Дарья-а-а шешей! Қайдасыңдар? Е-е-ей!—деп айқайлаған
даусы шықты.
Бұған ешбір жауап болмады. Тіпті оған біреу жауап қатады екен-ау
дегеннің өзіне кісінің күлкісі келеді: өйткені қалың тұман оны қолмақол жұтып, дауысты өшіре салды, оның кілкілдеген оппа ұйығынан
ешбір дыбыс шыға алмас еді.
Олар двигатель-қозғауышты қайта от алдырып, жағалау тап осы
бағытта шығар деп жүріп кетті, бірақ оны таба алмай, басқа жаққа,
сосын үшінші бір жағалауға қарай жүзді, бірақ олардың ешбіріне де
жете алмады. Дүниенің бəрі қалың тұманның тас түнегіне сіңіп жоқ
болған-ды.
— Өзімізге де сол керек,— деді Павел ең ақырғы, зілсіз ашуын
Воронцовқа арнап.— Түнделетіп қай шайтан су үстімен жолға
шығарды — немене таңертеңге дейін шыдауға болмас па еді?
— Егер сен кемпірлерді күндіз алып келгеніңде біз шықпас едік,—
деді Воронцов ақталып.
Павел: енді не болса — о болсын — деп бұған көне кетті. Ол енді
Галкинге оңға немесе солға қарай жүр деп айтпады да, ал катер беті
ауған жаққа, белгісіз бір құлазыған қуыс дүниеге қарай өз бетімен
жүзіп келеді. Воронцов та бұ халге көніп, тым-тырыс үндемей қалды,
ол түнгі жүрістен қызарып, ісініп кеткен көзімен меңірейіп ілгері
қарап, ұнжырғасы түсіп отыр, бірақ əлсін-əлі қасында отырған
Петруханы жұлқылап қоюды ұмытпайды. Петруха сілкініп орнынан
тұрады да, бортқа шығып, өз дауысын өзі зорға есітіп, үмітсіз кейіппен
құмыға айқайлайды:
— А-па-а! Дарья-а-а ше-шей! Эй, Матёра!—деп үйреншікті сөздерін
қайталайды.
Сосын қайтып келіп, тап бір туысындай-ақ Воронцовқа сүйеніп
қайта ұйықтап қалады.
Ақырында ешбір жағаға жүзіп жетуден күдер үзген Галкин моторды
сөндірді. Бірден меңіреу тыныштық орнады. Айналаның бəрі шалқыған
су мен кілкіген тұман су мен тұманнан басқа ештеңе де жоқ.
Ұйқыдан оянып кетіп, балақан жылады, үрейленіп, шырқырай
жылады, сол-ақ екен кемпірлер оянып, күйбеңдесе күрсінісіп,
бойларын түзеді — олардың əрқайсысы сол кеше жайласып
əңгімелескеннен кейін, бұрынғы орын-орнында отырған күйі қалғып
кеткен-ді. Сима бірдеңені күбірлеп айтып, баланы жұбата бастады,
сосын ол анда-санда əлсіз ғана қысыла солықтап қойып, үндемей
қалды. Богодулдың тауықханасының іші қараңғы ғана емес, көзге
түртсе көргісіз түнек. Терезеден су астындағы əлем тəрізді, түнерген
дымқыл, соқыр жарық аңғарылады, одан түр-түсі жоқ бірдеңе
қыбырлап, қалқып өтіп жатқан секілденеді.
— Бұл не — түн болып қалғаны ма?—деді Катерина жан-жағына
қарағыштап.
— Солай, əйтеуір күндіз емес. Енді біз бұдан былай жарық күнді
көруден қалған шығармыз,— деді Дарья.
— Біз өзіміз қайдамыз? Тіріміз бе, əлде өліміз бе?
— Əй, тірі болғаннан не пайда?
— Осы да жарайды. Əйтеуір біргеміз — бұған да шүкіршілік. Тағы не
керек бізге?
— Тек əйтеуір осы арадан баланы қайда жөнелтсек екен. Баланың
бар ғұмыры алда.
Симаның даусы əрі шошына, əрі батыл шықты:
— Жоқ, мен Колянаны бермеймін. Біз Коляна екеуміз біргеміз.
— Бірге болсаң — бірге бол. Рас-ау, бізсіз ол қайда барады?
— Дарья, сен жатқан жоқсың ба?
— Мен сенің қасыңда отырмын. Көрмей отырсың ба, қалай? Бұл
отырған менмін ғой.
— Енді ғана көрдім. Мен бір жаққа ұшып бардым, бұл арада болған
жоқпын. Ештеңе есімде қалмапты.
— Қайда ұшып бардың — онда адамдар бар ма екен, жоқ па екен?
— Көрген жоқпын. Мен қараңғымен ұштым, жарыққа қараған
жоқпын.
— Ал, сен кімсің? Менің мына бүйірімде отырған кім?
— Мен бе? Мен Настасьямын.
— Сен əлгі Матёрадағы Настасьясың ба?
— Соның өзі. Ал сен Дарьямысың?
— Дарьямын.
— Менімен көрші тұрдың ғой?
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Матерамен Қоштасу - 18
  • Части
  • Матерамен Қоштасу - 01
    Общее количество слов 3942
    Общее количество уникальных слов составляет 2252
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 02
    Общее количество слов 3917
    Общее количество уникальных слов составляет 2104
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 03
    Общее количество слов 4056
    Общее количество уникальных слов составляет 2187
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 04
    Общее количество слов 4037
    Общее количество уникальных слов составляет 2176
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 05
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2129
    35.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 06
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2090
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 07
    Общее количество слов 4062
    Общее количество уникальных слов составляет 2173
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 08
    Общее количество слов 3952
    Общее количество уникальных слов составляет 2200
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 09
    Общее количество слов 4029
    Общее количество уникальных слов составляет 2114
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 10
    Общее количество слов 3994
    Общее количество уникальных слов составляет 2064
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 11
    Общее количество слов 4040
    Общее количество уникальных слов составляет 2227
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 12
    Общее количество слов 3958
    Общее количество уникальных слов составляет 2184
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 13
    Общее количество слов 4067
    Общее количество уникальных слов составляет 2140
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 14
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2107
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 15
    Общее количество слов 4046
    Общее количество уникальных слов составляет 2145
    35.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 16
    Общее количество слов 4047
    Общее количество уникальных слов составляет 2043
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 17
    Общее количество слов 4004
    Общее количество уникальных слов составляет 2023
    37.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 18
    Общее количество слов 221
    Общее количество уникальных слов составляет 180
    49.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    62.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    67.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов