Latin Common Turkic

Матерамен Қоштасу - 06

Общее количество слов 4001
Общее количество уникальных слов составляет 2090
36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
51.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
59.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
— Əкел бері,— деді Дарья жылап жібермес үшін аузын орамалымен
басып, сосын кілтті алып, алақанына қыса қойды.— Мейлі, менде-ақ
болсын. Келіп-кетіп, қарап тұрармын.
— Қақпаны жауып жүр,— деді Настасья; ол өз-өзінен күлімсіреп,
əлденеге мырс етіп күліп келе жатқан: тəрізді, ал оның ескерусіз ұмыт
қалған жүзі құбылып, бірде олай, бірде бұлай салбырап, қисайып
кетеді.
— Əйтпесе мал кіріп, ауланы бүлдіріп кетеді. Оған: сөз бар ма.
— Үйдің қасы емес пе. Күнде қарап тұрамын ғой. Сен одан қам жеме.
— Ал біз — Егор екеуміз кетеміз...
...Сəске болып қалса да, Настасья мен Егор Матёрадан аттанып
кеткенде, таңның табы əлі тарқамаған еді. Күн жарқырап, жайнай түсті,
аралдағы көк біткен гүлдей, күлте-бүрін төккен-ді, мөлдір су түбіндегі
тастар жалтырап, анық көрініп жатыр. Ангараның ерке ағыны шұғыланұрға шағылысып, от тигендей жалтылдап, көз жауын алады, зулап
жүрген сұр қарлығаштар бар пəрменімен сол шұғылаға қойып кетіп,
көзден ғайып болады. Өзен ағысы тап-таза болып, мөлдіреп жатқан
жерлерде зеңгір аспан төмендеп, тұңғиық су түбіне батып кетіп,
Ангара суы əндетіп, аспанда ұшып бара жатқандай болып көрінеді.
Жүк тиелген қайық жұрт су алатын көпірше жанында тұр екен.
Кемпірлер Настасьяның соңынан қиыршақ тасты табанға түсті, биік
жарқабақтан деревня көрінбей қалды. Ангара қасына келгенде Матёра
үні естілмейді екен. Настасья самаурынды қайықтың тұмсығына
орналастырды да, кемпірлермен қоштаспақ болып қайта келді. Олар
енді қысылып-қымтырылмай, солқылдап жылай бастады. Олардың көз
жасынан қорыққан Симаның балақайы бақырып жылап қоя берді.
Настасья рет-ретімен кемпірлерге қолын ұсынды, ол басқаша
қоштасуды білмейтін, басы селкілдеп:
— Оқасы жоқ, оқасы жоқ... Бəлкім, ештеңе болмас...— деген сөздерді
қайталай берді.
Егор атай оны асықтырып тұр.
Аяғының астынан көзін жазбай, артына созған қолын бұлғап, қала
беріңдер дегендей белгі бере, ол көпіршеге шықты да, жалт бұрылып
артына тағы бір қарап, қайыққа аяғын салды.
— Ал Егор жылайды, жылайды...— деп шалын мегзеп, сөз бастай
түсті де, үндемей қалды. Егор атай жағалауға қарап, үш мəрте — оңға,
солға жəне алға қарап, Матёраға иіліп тəжім етті. Сосын қайықты дереу
итеріп жіберді де, өзі етпеттеп барып оның ішіне аунап түсті.
— Настасья! Настасья!—деп шуласты кемпірлер.
— Бір жөні болаттағы, бір жөні болаттағы,— деп күбірлейді түрегеп
тұрып Настасья ағыл-тегіл көз жасын алақанымен сүртіп. Кенет екі
бүктетіліп, буыншақ-түйіншектер үстіне құлап түсті де, аңырап қоя
берді.
Егор атай асыға-үсіге ескегін жиекке тіреп, əрі қарай жылжи берді.
Алдарында, терең суда оны Павел моторлы қайығымен күтіп тұрған.
Қатты ағыс қайықты жұла жөнелгенде Егор атай оған арқан лақтырды;
Павел моторына от алдырды — қарттар отырған қайықты бір жұлқып,
тарта жөнелді, алыстаған сайын оның жүрісі жылдамдап, Ангарамен
төмен қарай зулап бара жатты.
Бұрылыста Матёра қыстағы бір сəт көрінді де, қайтадан көзден таса
болды.
Ақырында мысық табандап осынау түн де, Матёрадағы ең бірінші
жарық та ыстық түн келіп жетті. Сосын мұндай түндер сентябрьде,
оның соңына таман тіпті көбейіп кетті де, сол түндер бірінен соң бірі
лапылдап, Ангара құрметіне əдейі жағылып жатқандай-ақ. өзеннің екі
жағы орасан зор оттар шұғыласына малынатын болады əлі. Бірақ сол
түн бірінші рет Матёрадағы басқа түндерден көп бұрын, жамандықтың
басы болып келді.
Бұл түнде Петруханың үйі өртенді. Өрттің басынан аяғына дейін сол
арада болып, əбігер-машақатқа қарамастан уақытқа көз салып қоюды
ұмытпаған Петруха, кейін: көп тұрып қаңсыған əдемі үй небəрі екі
сағат қана жанады екен — деп Матёра халқының қаперіне салып та
қойды. Бұл үйдің оның қалауы бойынша ғана жанғанына, оған басқа
ешбір себеп болмағанына деревняда күмəн келтірген жан жоқтың қасы
еді. Соның алдында ғана Петруха бір жаққа барып, бірдеңелерді біліп
қайтты да, келісімен шешесі Катерина кемпірге: көшеміз — деп əмір
етті: ертең бірер күнде ағаш үйді əкетуге музей кісілері келеді-мыс.
Таситын да көп артық ештеңе жоқ болатын. Петруха, əлгі моншаға
бару үшін де, көшіп-қонатын кісілердей-ақ, артынып-тартынып
жататын бай-бағландардан емес-ті. Сиырын осыдан екі жыл бұрын
сатып жіберген, ашатұяқ дегеннен ең соңғы торайын, дастарқан
жаярлық ештеңе болмағасын, сəуірде сойып тастаған; Катерина кемпір
тірлігіне қажетті қорбай-жербайын буып-түйді де, қолына ұстап
Дарьяның үйіне апарып тастады. Тап сол өрт шығатын күннің алдында
ғана апарған; өзі мас болып келген Петруха зіркілдеп, күштеп қуып
шығардай болғасын, Катерина осы шіркінмен салғыласып жатам ба
деп тым-тырыс кетіп қалған. Дарья, Матёрада енді қалған соңғы
күндерімізді тезірек өткізу екеумізге жеңілірек болады деп оны көптен
өзіне шақырып жүрген. Иə, көңілдірек екені де рас, онсыз да ауылдың
күллі кемпірлері күндіз үйріліп, Дарьяның төңірегінен шықпайтын.
Дарья да өзге жұрттың бəріне ортақ қорқынышқа бой алдырып тұрып
жатқан-ды, бірақ өзгелерден гөрі оның тірлігі тұрлаулы да тиянақты
еді, совхоздың санаттағы кісілерінен саналатын баласы мұның сөзін
жерге тастамайды, бұл араны су басқаннан кейін, тіпті қайда барам
десе де, оның паналайтын жері əзір: қаласа — олай, қаламаса — былай
да жүре береді; бұған қоса ұлғайған жасына қарамастан, Дарья
бөркеміктеніп жасымаған, қатал мінезді жан-тұғын, егер басқа іс түссе,
өзін ғана емес, өзгені де қорғай алар еді. Біздің мекен-жайларымыздың
əрқайсысында бұрын да, қазір де тура мінезді бір немесе екі кемпір
болғаны жəне бар, əлсіз немесе жəбір-жапа шеккен жандар əдетте
соларды барып пана тұтқан; егер осындай бір кемпірдің татар дəмі
таусылып, дүние салатын болса, онда оның орнын қолма-қол, тап сол
кезге дейін қартайып, қайғы ойлаған, өзінің қатал да əділ мінезімен
өзгелер арасында абырой-беделге не болған екінші бір кемпір басады.
Матёра душар болған осы бір өзгеше хал-ахуал кезінде Дарьяның
кемпірлерге қол ұшын берер қайраны жоқ, бірақ олардың бəрі бас
қосып, Дарьяға келеді, əйтеуір қоян-қолтық соның қасында болса,
ерқара, дəтке қуат сезінеді. Көппен көрген ұлы той — деген рас, егер
əлдекім оларға бəрің осылай бірге тұрып, бір мезгілде өлесіңдер десе,
бұлардың ешқайсысы да, ойланып көрейін деп сетінеп шықпас еді —
олар соңғы рет болса да, мұнымен қуана-қуана келісер еді.
Осынау түнде Матёрада ел аяғы ерте басылды. Əдетте жастар жағы
кешеуілдеп көпке дейін жатпайды, ал совхоздан жортуылдап келіп
кететіндер болмаса, Матёрада олар емге жоқ-тұғын. Жұрт, жарық
сырғып, Ангараның арғы бетіне, күн батып кеткен жаққа қарай
жылыстай бергеннен-ақ жатып қалған. Дені сау, жай күндегідей емес,
енді бір қырсық шалған қыңыр күндер басталып кетті: жұрт, бір
жағынан жазды өткізбей ұстап тұрып, алдарындағы көрмеген де
білмеген тірліктің келуін кешіктіре түскісі келеді, екінші жағынан, кісі
өз үйінде отыр ма, əлде қонақта ма, осының бəрі өңінде болды ма, əлде
түсіне енді ме — соны айыра алмайтын осы бір ауыр нəубеттен тезірек
құтылғысы да келеді. Олар əдеттері бойынша ерте жатты. Катерина
үйінен ғұмырында тұңғыш рет кеткелі отыр, осылай кетуге ол көптен
əзірленіп, ыңғайланып жүрсе де, біржолата көшу алдындағы осынау
уақытша қоныс аударуды күн ілгері сезсе де, іші əлем-жəлем болып,
жаны күйіп жай табар емес, осы сəтте оған айтылатын сөздің бəрі
орынсыз да оспадар болып көрінеді. Оның жай-күйін бірден түсінген
Дарья лəм деп тіл қатпады. Кешке салым Богодул келді, бірақ онымен
сөйлесіп кісі əңгіме-сөзге жари ма, əйтеуір үн-түнсіз отыра бермес
үшін, əрдеңенің басын шалып, дабыр-дұбыр сөйлескен болды, сосын
Дарья оны далаға шығарып жіберді. Ол өзіне төсекті орыс пешінің
үстіне салды, жазда да, қыста да ол пеш үстіне шолан арқылы шығып,
көбіне-көп сонда ұйықтайтын, ал Катерина болса, алғы бұрыштағы
тапшанға жайғасты. Павел келетін болса, оған арналып ағаш кереует
қалдырылды.
Екеуі жатысымен жым-жырт тыныштала қалды. Көз ілініп кетті ме,
əлде бұлдыр бір ой жетегінде дұға қайырып жатып, енді-енді
маужырай берді ме, Катерина білмейді, əйтеуір біреу келіп, терезені
тарсылдатты — əуелі терезені, сосын есікті ұрғылады, со мезет
сырттан Богодул (жайсыз хабардың бəрін де Богодул жеткізетін)
қарлығыңқы даусымен барылдай жөнелді.
— Катер-рина!— Боғауызсыз дені сау екі сөздің басын құрай
алмайтын шал үйреншікті əдетімен бір сықпыртып өтті.— Катерина,
өртендің! Кур-рва! Петр-руха!
Кемпірлер атып-атып тұрды. Матёраның жоғары жақ шетіне
қарайтын екі терезе лапылдап жанып жатыр, оттың жақын көрінгені
сондай, ұйқысын əлі аша алмаған Дарья селк етіп шошып қалды.
— Құдай-ай! Біз жанып жатырмыз ба?
Істің мəн-жайын Катерина бірден түсінді. Асығыс киініп жатып, ол
қабырғаны басымен соққылаған кісідейін, əлсіз ашуланып, айқайлаған
болады:
— О жынды! О құтырған неме! Білген ем! Білген ем! Жаратушы жан
ием-ай!— Сосын бірдеңе есіне түскендей-ақ, бар пəрменімен үйіне,
əлгіде, кешкілік қана, үйі болған жаққа қарай тұра жүгірді. Оның
артынан асығыс ере түскен Богодул, əуелгі ойынан қайтып, деревняны
ояту үшін жарты жолдан төменгі жаққа қарай бұрылды.
Катерина алқынып жүгіріп келсе, ағаш үй алаулап маздап тұр екен.
Енді оны оттан сақтап қалатын ешбір мүмкіндік жоқ еді, тіпті оны
сақтап қалу да қажет емес-ті. Оттан көздерін жазбай, үн-түнсіз
қаумалай қарап тұрған кісілер арасында тек Петруха ғана безектеп
жүр, ол осынау жұртқа өзінің жанып кете жаздағанын, өкпесін түтін
қармап шашалып, шашы пышырлап күйіп бара жатқан» ен соңғы сəтте
оянып кеткенін айтпақшы болады. «Əйтпесе алдақашан ана дүниеде
болар едім,— дейді ол қайталап мырс-мырс күліп.— Ендігі қара
күйікке айналатын едім де, сендер менің күлімді де таба алмай
қалатын едіңдер»—дейді де, басын түкжитып:— осылар сенді ме,
сенбеді ме?—деп жұрттың көзінен көзін алмайды. Жұқпалы ауруы бар
кісідейін жұрт одан шегініп кетеді, бірақ Петруха ел өзіне сене қояды
деп ойламаған, ол Матёраны кəміл білетін, өзін Матёраның жөргегінен
бастап өсіргенін де анық білетін, сол себепті де еркінен тыс кінəлі
болғанын мойындамай тұра алмады. «Мен кешқұрым пешке от жағып,
жатып қалғанмын,— дейді ол қайдағы бір ешкімге қажеті жоқ дəлелдəйегі» айтып.— Бəлкім, бір бəлелі шоқ ұшып түсіп, жоқ сұмдықты
туғызды ма, білмеймін»—сосын қайтадан мылжыңдап, қалай аман
қалғанын айтады. Оған керекті ең маңызды нəрсе осы еді — өзім де
жанып кете жаздадым, əйтеуір бір ғажайыптан ғана аман қалдым —
дейді ол ежіктеп жəне соған өзінің сенетіні сондай, айтып тұрғанда
көзіне жас алып, даусы дірілдеп кетеді — шындыққа керек нəрсенің өзі
осы ғой. Пеш жайлы, шоқ жайлы айтқан сөзін табанда ұмытып кетеді
де, ол: «Қандай оң бағанның от қойғанын білсем, көрсетер едім...»—
дейді тістеніп, пышақ жанығандай-ақ, бір жұдырығын екінші
жұдырығымен егеп. Ол өрттен мас болып қалды ма, əлде кешкі қызуы
əлі тарқаған жоқ па, Петруха елге масаңдау болып көрінеді, өзі аракідік
теңселіп, шайқалақтап кетеді. Бет-аузы қожалақ-қожалақ болып, шашы
қобырап, майкішең жүрген оның бір иықбауы салбырап түсіп кетіпті,
аяғында етігі — əйтеуір етігін ұқыптап киіп үлгіріпті. Петруха оған
қоса жалаңдаған оттан біраз нəрсені сыртқа лақтырып тастапты:
жерде мақталы көрпе, көне күбі, «подгорна» гармон-сырнайы жатыр,
ол осы сырнайымен тек: «Сен Подгорна, сен Подгорна сала құлаш
көшесін, жан баспайды сені мынау, енді елге не етесің...» деген əннен
өзге ештеңені де тартпайтын. Петруха оны қолынан тастамай,
қайнаған от қызуынан əрігерек жерге апарып қоюмен əлек болып жүр;
үсті-басын күйдіріп бара жатқан кезде қаумалап тұрған жұрт та кейін
шегінеді, олар бірақ тарамайды, бірдеңені көріп, білгісі келгендей-ақ,
үрейлі көздерін алаулаған оттан айырмай тұра береді.
Деревняның кеудесінде жаны бар кісілерінің бəрі осында, тіпті балашағаларға дейін келіпті. Бірақ олардың өзі əдеттегісіндей улапшуламайды; өрттің қаһарлы күшінен жасып, беті қайтып, сиқырланып
қалған тəрізді үнсіз тұр. Қатулы да қайғылы жүзді кемпірлер əр-əр
жерге шашырап кеткен — əркім жүгіріп келген жағында, отқа тақап
келіп тұрып қалған. Олардың өмірде тап осылай бедірейіп көрмеген
жүздері от жарығынан балауыздан мүсінделген секілді болып
көрінеді: жұрттың шұбатылған ұзын көлеңкелері бұралаңдап, секіріпсекіріп түседі. Катерина жүгіріп келісімен, шыңғыра айқайлап жіберді
де, жанып жатқан үйіне қарап, қолын соза ұмтылып, дауыс қылып
жылай бастады, теңселіп жылап тұрып, үй жаққа қарап иіліп, тəжім
етеді — жұрт оған бұрылысып қарап, оның кім екенін, айқайлап
жылауға қақысы бар екенін білісті, білісті де, оны үн-түнсіз іштей аяп,
қайтадан бір тылсым ойға батып, гуілдеген отқа көз тікті. Қараңғылық
құшағына бір сүңгіп шыққандай-ақ, Дарья шыға келіп, Катеринаның
қасына келіп тұра қалды, осыдан кейін жұрттың көңілі де байыз тапты.
Дарья қатар келіп тұрды ғой, қажет болса, Катеринаны қасынан
жібермейді, демек бұлар енді орны-орнында тұра берсе де болады,
бірақ Катеринаның өзі де жұрттың тап мынадай жым-жырт болып,
сүле-сапа тұрып қалған ыңғайына қарай бейімделіп, біраздан кейін
жылауын қойып, қаршадайынан құттыхана ұясы болған жерге көзін
қадап, енді оны содан қайтып айырмай, сілейіп тұрып қалды.
Жұрт қазір өздерінің əрқайсысының жалғыз емес екенін ұмытып,
бір-бірінен айрылып қалған еді жəне тап осы сəтте бір-біріне зəру де
емес-ті. Əманда осылай: аса жайсыз, масқара бір оқиғалар кезінде,
қанша адам бірге тұрып, бірге жүрсе де, олардың əрқайсысы ешбір
жанды байқамай, соқа басы сопайып, жалғыз қалғысы келеді,—
өйткені кейін ұяттан арылу оңай болады ғой. Бəрінің төрт көзі түгел
тұрып, шөп басын сындырмағаны үшін, ағаш үйді құтқаруға мүмкіндік
бар кезінде оны сақтап қалуға күш салмағаны үшін, оған күш салудың
да қажеті жоқ-тұғын, жұрт біртүрлі қысылып-қымтырылып,
ыңғайсызданып тұр. Ұзамай, басқа үйлердің басына да осы зауал
төнеді — Петруханың үйі бірінші болды. Міне, сол себепті де енді олар
соның қалай болатынын білу үшін ештеңені назарынан тыс
қалдырмай қадалып қарай береді, қарай береді — əдетте кісі өз
басынан да өтетін ақуалды, өзі болса қалай болатынын күн ілгері көз
алдына елестету үшін, өлікке тап осылай өзгеше бір ынтамен тесіле
қарайды ғой.
Олардың əрқайсысының тағдыры, таяу шетке келіп аялдаған, енді
ешкіммен де бөлісе алмайтын тағдыры осынау оттан ешбір бөгетсіз,
ап-анық жарқырап көрінгені сондай, бұл оқиға тап бір баяғыда, атам
заманда болғандай-ақ, жұрт тіпті дəл қасында өзге кісілердің
тұрғанына да сенбейтін секілді.
Өрт жалыны бүкіл үйді тегіс қамтып, лапылдап аспанға шапшиды,
өз қызуынан өзі балқып, от бір қалыппен гуілдеп жанып тұр, үйдің
барша қабырғалары, шатыры, сенегі тұп-тұтас болып алаулап,
шалаларды лақтырып, бұрқыратып ұшқын шашып, жұртты жасқап,
кейін шегіндіреді, əйнектер балқып, шартылдай сынады; үй ішінде
əлдекім құлаштап шалпылдатып бензин төгіп; жатқандай-ақ, гу етіп от
тілдері көтеріліп, сумаңдай жөнеледі. Өрт шалқып, жалындап тұрғаны
сондай, аспан жүзі көрінбей кетті. Осынау рақымсыз ыстық шұғыла ат
шаптырым айналаның бəрін самаладай жарқыратып жіберді, одан
бергі шеттен басталатын көшелер нұрланып, ағаш-ағашты қуалай,
ойқас салған от сəулесінен үйлер жанып жатқандай болып елестейді;
осы оттан жар астындағы Ангара суы да арайланады жəне сол арай
түскен жер тамыр-тамыры лыпылдап тұрған ашық жарадай опырайып
көрінеді; Шалқып ойнаған от жарығынан бірде жалт етіп көзге ұрып,
бірде жалп етіп жоғалып тұрған, жолдың ар жағындағы төбе өртен
шалғандай қуарып көрінеді. Алаулаған қабырғалар ішінде, жарылыс
кезіндегі сияқты, əлденелер дүрсілдеп құлап жатыр; ал терезетерезеден жасындай жайнап от шоқтар атылады; буырқанған
ұшқындар аспанға көтеріліп барып, жұлдыздармен араласып сөніп
жатыр, өрепкіген жалын биікке ысқырып шығып, түтінге айналып
кетеді. Шатырдың бір тақтайы кенет оттан қашып, қап-қара көмірдей
болып тіп-тік көтеріліп барып, со алаулаған күйі деревняға қарай иіле
берді — ендігі өрт со жақтан, со жақтан шығады, солай қараңдар
дегендей. Тап сол сəтте үй төбесі жалп етіп құлады, от басылып,
жоғарыда жанып жатқан тақтайшалар сырғып төмен түсті — жұрт
шуласып, кейін қарай жалт берді. Катерина қайтадан еңіреп қоя берді
де, бір сəт түтін басып құлап түскен үйіне көзін жұмып, иіліп тəжім
етті, от сəл ғана тыныстап, ысылдап-пысылдап тұрды да, жаңа күшпен
дүрілдеп, қайтадан шалқып жалындай жөнелді, міне, осы алаулаған от
арасынан орыс пеші қозғалып билеп тұрғандай болып, жиі-жиі көрініп
қалады. От шарбақты қуалап, аулаға көшті, жұрт отты бұл арада да
тоқтатқысы келмеді — үйсіз аула кімге керек? Басынан айрылған
адамға аяғын аман сақтағаннан не пайда?
Үйдің төбесі құлап, біржолата құрығаннан кейін, жұрт та өртке
назар аударуын қойды. Əлдекім азғырғандай-ақ, олар жаппай
бұрылып Петрухаға қарады. Олар солықтап жылап тұрған Катеринаға
да қарап, оны бұрынғыдан бетер аяған үстіне аяй түсті, ал бірақ
Петрухаға да көздерін тоқтатты: Осының жайы қалай? Енді қайтер
екен? Не сезіп, не біліп тұр қазір? Көңілі хошуақ па, əлде қорықты ма?
Петруха жалаңаш кеудесін тыр-тыр қасып, басын көкшеңдетіп,
алаңдап тұр; жұрттың сынай қарағанына ызасы келеді. Оны бағанадан,
шешесі жүгіріп келгелі бері, бұған жақындап мəн-жайды сұрамағаны,
дат-бұйрат болып кейіп, айыбын бетіне баспағаны жанына қатты
батып тұрған, шешесі мұны мүлде ұмытып, баласынан бас тартып
кеткен тəрізді, сол себепті де Петруханың оған өзі барып, осында
екенін есіне салғысы келді, сөйтіп оның сыңайын байқап көргісі келді.
Енді, міне, ызасы келіп, осыған бел байлады да, шешесінің қасына
барып, аузына келгенді айта салды жəне тұрпайы бірдеңені өрескіл
дөрекілікпен айтқаны сондай, өз сөзінен өзі қорқып кетті.
— Апа, темекі берші?
Əлі де солқылдап жылап тұрған шешесі ештеңеге түсінбей, оған
аңыра қарады.
— Сенің темекі иіскейтінің бар, білемін ғой. Қалтаңда бар шығар,—
деді Петруха тақымдап.
Мұны Дарья есітті.
— Мен саған темекіні тартқызайын қазір!—деді ол бəсең, бірақ үні
өктем де батыл шықты.— Мен сенің тұмсығыңа оттың шаласын
тығайын! Мен от қоюшы, сендей жүзіқараны желкелеп апарып
иіскетейін ана жерді, ненің иісі шығар екен. Мына сұмдығын аз
болғандай, шешеңді қорлағың келе ме, кəззап! Көзіме көрінбей құры
бұл арадан, жағадан алмай тұрғанда.
— Пəле!— деп жауап қатып, Петруха қараңғыға сүңгіп кетті.
Бірақ енді қараңғылық сұйылып, сейіліп, аспан бозара бастаған еді.
Енді өрт сөнуге айналып, тек төменде қалған ағашты жеміріп
жатқанда, күйік иісі көңірсіп, айналаға ыс үпелектері үйіріліп ұша
бастады. Шөп арасында, жол бойында ұшып түскен шалалар баяу
бықсиды. Онша құтырынып шалқымай-ақ, түтіні шұбатылып, қамба
жанып жатыр. Таң ағарып атқан сайын оттың түсі де ағара берді.
Жұрт ыдырап, тарқай бастады. Олар айналасына елегзи көз тастап,
абайлап басып бара жатты: міне, енді Матёраның да тəртібі бұзылды,
деревняның бір шеті жалаңаштанып қалады, осы шет енді қорғансыз
қалды. Иə, өрт сосын осы арадан əрі қарай кететін шығар, бүкіл қауым
болып — іздесең де, енді одан құтылатын ешбір шара таппайсың...
Катеринаны жұбатып, өртеңнің басынан жетелеп алып кеткенде,
Дарья оған осы жəйтті сөз етті. Жұрттың бəрі осы кепті көреді əлі, тірі
жан бұл тағдырдан құтыла алмайды. Катеринаның пешенесіне ол
бірінші болып жазылған екен — кейін жеңілірек болады: үйім қашан
өртенеді ден сарғая күтпейсің, ал соған жеткен кезде жанын; күйе
күйзеліп, сол отқа жаутаңдай қарап тұрмайсың. Сен өз ретіңнен өттің
əйтеуір.
Шынында ағаш үй онша ұзақ жанбайды екен, небəрі екі-үш сағат
қана жанады, бірақ от табы суымай, ол пəлен күнге дейін түтіндеп,
күйік иісімен қолқаны атып жатады екен, сонда да ақырына дейін
жанып бітпей, ештеңеден де жойылмайтын тіршілік иісін аңқытып
жая береді екен.
Қожайын бұл түнде күні бұрын таңдап қойған төбе басындағы
орнына ертерек шықты, ол жерден өртті бақылау қолайлы да қауіпсіз
еді. Ол оны басынан аяғына дейін түгел көрді. Ол шырпының тұңғыш
рет жылт еткенін, со бір өзгеше, қажетсіз от жалтылын өз көзімен
көрді, бұл отты ағаш үйдің бірден сезіп, елегізіп, бойын жинап ала
қойғанын, сон соң сықырлап барып, шөге түскенін көрді. Ол өзінің осы
арада екенін жəне істің ақырына дейін осында болатынын білдіру
үшін, Қожайын жүгіріп барып, тым-тырыс тыншып қалған үйдің қу
ағашына соңғы рет бір сəтке жабысып тұрды да, дереу орнына қайтып
келді.
Ол əуелгі кезде үй ішінде дірілдеген бір əлсіз жарықтың
жыпылықтап тұрғанын, сосын оның қашан терезелер қызғылт арайға
малынып кеткенінше, бірте-бірте өршіп күшейе түскенін көрді.
Қожайын жəй қарап тұрса да, жіті көзімен қабырғаны көктей өтіп, іште
не болып, не қойып жатқанын көрді. От көпке дейін жымдастырыла
төселген, ғасырлар бойы ысқыланып, жып-жылтыр тегістеліп қалған
еденді құр жалағаны болмаса, тұрақтай алмады, қайта-қайта
тайғанақтап, мүлт кете берді — кенет жұқа тақтай қоршауды көзі
шалып қалды да, соған лап қойып, оны қуалай отырып, ілезде
жоғарыға шықты. Үй қабырғалары қызып, шатырлай жөнелді,
қайнаған от қызуынан ба, əлде басқа бір күш араласты ма, əйтеуір
Ангара жаққа қараған терезе əйнегі жұмсақ қана тысыр етіп, ағып
түскендей болып, ойылып қалды. Сол-ақ екен, осы жақтан, көрік
басқандай-ақ, салқын ауа лап қойды, кеудесін кере еркін бір тыныстап
алған өрт, енді буырқанып-бұрсанып, жолай кездескен уақ-түйекті
күйедей жалап, төбе мен қабырғаларды қақтап, үй ішін түгел адақтап
кетті.
Қожайын жұрттың жапа-тармағай жүгіріп бара жатқанын, Петруха
бірінші болып келген кісілердің алдынан шығып, қолын ербеңдетіп,
оларға лапылдап жанып жатқан үйді мегзеп тұрғанын көрді. Бұл кезде
ағаш үйдің кеудесінде қалған жаны шырқырап күйіп кеткен болатын,
енді ол азап-машақатсыз жайымен маздап жатты. Жалын шалқып
сыртқа тепті де, үйдің екі жағын тұтас қамтыды. Үй шатыры алаулап
əуеге көтерілді, оның жарығы Қожайынға да барып түсті, ол со замат
жер бауырлап қараңғыға зып берді.
Ағаш үй жоғары шапшып, шалқи жанып жатқанда, Қожайын
байыппен деревняға қарап тұрды. Осынау арайлы өрт жарығынан ол
əлі тірі жанға тұрақ болып тұрған үйлер үстінен əзірше қолдан
салынған сурет секілді бозғылт оттарды көрді — оларды тек киелі
Қожа ғана көре алады жəне бұл оларды оттың қандай кезекпен
жалмайтынын көрді. Ол тағы со үйлердің қасынан бөгде кісілерді
байқады — олар көп еді. Қожайын басын көтеpiп, одан да жоғарыға көз
салып, Матёра орман-тоғайының үстінен шұбатылған түтінді көрді,
желсіз тымықта сол түтін қош-қош айтқандайын, арал үстінде
айналып ұзақ жүрді.
Подмога да жанып жатыр...
Ол зират үстінен де түтін көрді, бұл əлгі кемпірлер біржолата бұзып
тастауға жол бермеген зират қой баяғы.
Ол Петруханың ағаш үйіне тағы бір рет көз жүгіртіп, ертең ол араға
Катеринаның баратынын, сосын от табы қайтпаған күлді
аударыстырып, одан жəне өзінің зейін-зердесінен бірдеңені іздеп, күн
батқанға дейін жүретінін, одан арғы күні де келетін, содан кейін тағы,
тағы... келетінін анық көрді...
Ол тіпті оның ар жағындағы дүниені де көрген еді...
9
Павел бірте-бірте келуді сиретті, ал келе қалса, көп кідірмей, ісін
жайғастырып, кейін қайтып кетеді. Бірде о жаққа, бірде бұ жаққа
баратын тынымсыз жүріс оны қатты шаршатады, ол жағалаудан əбден
титықтап, үн-түнсіз көтерілетін, жалпы алғанда ол ауыз-жағы тыным
таппайтын сөйлеуіктер тұқымынан емес-тұғын, ал қазір тіпті тілі
байланғандай үн қатпайды. Павел колхозда бригадир, сосын гараж
меңгерушісі болып істеген, жұмысқа тындырымды болатын, ал енді
совхоздан оған қандай орын береді, ол əлі мұны жөнді білмейтін, тіпті
оны тегі, тірі жан білмейтін тəрізді. Жаңа бастықтардың жанын
жегідей жеп жүрген қиын міндеттің бірі — кішкентай да болса
басшылықтың дəмін татып, одан оқыс түсіп қаламын ғой деп əсте
ойламаған, елге басшылық етуді үйреніп, соның салдарынан
қосшылықты
ұмытқан,
бұрынғы
колхоздың
қыруар
шеншекпенділеріне, орта жəне жоғары деңгейдегі кісілерге орын тауып
беру мəселесі еді. Павел өзін қара дүрсіндер қатарына қосатын да,
қайда жіберсе сонда баруға бел байлаған, бірақ ол мансапқор кісілердің
бір-біріне ұрлана қарап, қолды-аяққа тұрмай, сүмеңдеп жүргенін, енді
өзінің қайдан, бұлардың қайсысының алдынан барып шығатынын
білмей, ұлықтармен де, кішіктермен де сөйлескенде, олардың бетауыздарын тыржыңдатып, сасқалақтап қалатынын талай рет көрді.
Павелді əзірге бригадир етіп тағайындап, техниканы жөндеуге қойды,
əуелде өзі жалғыз еді, бірақ ұзамай мұның қасына екінші бригадир
келді, енді үшіншісі келеді деген сыбыс бар. Бұл енді іске жауап
беретін кісі болмайды деген сөз, ал істелетін жұмыс көп: техниканың
жаңасы да, көнесі де, жөнді жол мен қамқор қол болмағандықтан,
сынып-бұзылып жатады, əдеттегідей запас бөлшектер жетпейді, ал
əміршілер болса, құмырсқадай өріп кеткен, сонда əмір-бұйрықтың
артынан бас тарту жетеді демігіп, ал жұрт бас тартқасын, өзге бұйрық
келеді. Міне, тап осындай жəйт бұлардың бригадирлердің,
жұмысшылармен ара қатынасында да болып жүр — жұмысшылар
кімді тыңдарын білмейді. Жұмыс емес — жүйкелеу. Совхоз Ангарада
жатқан етек-жеңін қашан жинап алғанша, жалпы жұрттың бүкіл
шаруашылықтың басын қосып, жаңа тірлік əбден анықталып, бой
түзелгенше, жағдай жақсарады деп иегін қышымаса да болады.
Катерина Дарьяның үйіне келіп кіріп алғанда, Павелдің де көңілі
орнына түсейін деді: қанша айтқанмен кемпірлер бірге тұрса, тірлігіне
оңтайлы, жеңілірек болады, өзі де шешесін ойлап, енді онша көп
алаңдай бермейді. Катерина ол-пұл шаруаны жайғасуға жəрдемдеседі,
шешесі секілді əлі де қонақ күңкілдесе де кісі сөзін бұзбайды əйтеуір.
Аралды хал-қадарынша өз қолымен тазалап, су астына жіберу үшін,
рас, Павелдің өзі де соңғы айларда шөп шауып, егін жинап қайтуға
анда, Матёраға барайын деп сұранған — оған əдеттегі сəуегей
дерексіздікпен: «жақындағанда көрерміз»— деген де қойған, сол
себепті де ол өзіне рұқсат болар-болмасына сене бермейді. Бірақ өзінің
қиылып, қолқа салмағаны да рас, өйткені егінді жинап бітіргеннен
кейін, оған қоса екінші бірі жиын-терінді — үй-жайларды өртеу ісін
тиянақтап қайт деп зорлай ма деп қауіптенген. Əйтеуір біреу кейін бұл
жұмысқа да кірісуі керек қой, бірақ Павел туған деревнясын өртеуге
қалай əмір ететінін тіпті көз алдына да келтіре алмайды. Арада
жиырма жыл, отыз жыл, тіпті елу жыл өткеннен кейін де ел-жұрт: «Е-е,
ол əлгі Матёраны өртейтін Павел Пинигин ғой...» деп еске алып
отырады. Жоқ, өз басы ондай атаққа ие болғысы келмейді.
Матёраға келген сайын ол бір нəрсеге — уақыттың. өз соңынан лып
етіп тұйықтала қоятынына қайран қалады: тіпті, өзі əлгіде ғана
қайықпен келген, жаңа поселке болмаған да сияқты, өз басы
Матёрадан ешқайда шықпаған да сияқты. Ол поселке ана жақта, арғы
бетте, бірақ оның бұған, Павелге, ешқандай қатысы жоқ. Біреулерге
қатысы бар-ақ шығар, бірақ бұған қатысы жоқ. Ол оған барған, көрген
— жақсы поселке, бірақ жалғанның жарығында жақсы поселкелер аз
ба? Мұның жар басына көтеріліп, алдынан титімдей бала күнінен бері
көріп, біліп келе жатқан нəрселерімен бірге, туған деревнясы да
жамырап шыға келген мезеттеп бастап, Павелдің көз алдына, міне,
осындай жəйттер тізіліп тұра қалады.. Жүзіп келісімен — бір көзге
көрінбейтін есік артынан жабылады да, зейін-зердесі лəппайлап, осы
арадағы өмір-тірлікке қатысы бар қам қарекетті мегзеп айтады да,
кейінгі кездегі күллі өзгерістерді көлегейлеп, əрі ысыра береді.
Ал өзгерістер ше? Енді оларды өзгерте де алмайсың, қайта қарай да
алмайсың. Жəне олардан еш жаққа қашып та кете алмайсың. Ол мұның
өзіне де, өзгелерге де тəуелді нəрсе емес. Солай болуы керек екен —
болсын-ақ, бірақ осынау «керек» деген сөздің ол бірінші жартысын"
ғана, Матёрадан көшу керек дегенін ғана түсінеді, бірақ ана поселкеге
неліктен көшу керек екеніне түсінбейді, рас, ол кемелдеп-келістіріліп,
əшекейлеп-əдемілеп-ақ салынған, үйлері, линейкаларды бір-бірімен
үйлесіп жарасып-ақ тұр, бірақ со құрғырдың ешбір жылусыз, кісі тұруға
қолайсыз-жайсыз етіп жасалғаны сондай, тек шарасыздықтан
қолыңды жайып қана қоя саласың. Мұжықтар əдейі жиналып, мұның
мəн-жайын түсінбекші, сыр-жұмбағын шешпекші болып бас қатырған,
сонда осы алқапқа көл-көсір болып жайылатын теңіз жағасынан
поселкені неге жəне нендей себептен бес шақырым жерге алып кеткен,
сөйтіп мұғар шоқының солтүстік беткейіне балшық пен тас тасыған,
əрине, мұның шешуін тапқан жан болмады. Əкеліп қондыра салған —
енді тарс жарылып кетсең де еркіңде! Ежелгі заманның ертегі сияқты
сұр жебені ысқыртып беталды-құладүз жібере салған, со жебені жел
қайда апарып түсірсе, солай қарай тартып отырған. Мұны түсіндіру опоңай: өздеріне арнап салмаған, тек оны салудың оңай жолын ғана
қарастырған жəне мұнда тұрудың жайлы-жайсыз болатынын ойлап
жан қинамаған. Осынау жаңа поселкені салу мəселесі шешіліп
жатқанда, комиссия құрамында халық мүддесін қорғайтын өз адамы —
совхоз директоры бар деп есептелініп жүрді, бірақ сол «өз адамы» бір
жақтан көлденең келген көк атты екен-дағы, келіскені жөнінде қол
қойысымен, табанда тағы бір жаққа із-түзсіз тайып тұрады. Со поселке
жер астынан салынады десе де, ол соған жайбарақат қолын қоя салар
еді. Тіпті жаңа поселкелерді тұрғызып жүрген су-электр станциясы
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Матерамен Қоштасу - 07
  • Части
  • Матерамен Қоштасу - 01
    Общее количество слов 3942
    Общее количество уникальных слов составляет 2252
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 02
    Общее количество слов 3917
    Общее количество уникальных слов составляет 2104
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 03
    Общее количество слов 4056
    Общее количество уникальных слов составляет 2187
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 04
    Общее количество слов 4037
    Общее количество уникальных слов составляет 2176
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 05
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2129
    35.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 06
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2090
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 07
    Общее количество слов 4062
    Общее количество уникальных слов составляет 2173
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 08
    Общее количество слов 3952
    Общее количество уникальных слов составляет 2200
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 09
    Общее количество слов 4029
    Общее количество уникальных слов составляет 2114
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 10
    Общее количество слов 3994
    Общее количество уникальных слов составляет 2064
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 11
    Общее количество слов 4040
    Общее количество уникальных слов составляет 2227
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 12
    Общее количество слов 3958
    Общее количество уникальных слов составляет 2184
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 13
    Общее количество слов 4067
    Общее количество уникальных слов составляет 2140
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 14
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2107
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 15
    Общее количество слов 4046
    Общее количество уникальных слов составляет 2145
    35.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 16
    Общее количество слов 4047
    Общее количество уникальных слов составляет 2043
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 17
    Общее количество слов 4004
    Общее количество уникальных слов составляет 2023
    37.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 18
    Общее количество слов 221
    Общее количество уникальных слов составляет 180
    49.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    62.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    67.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов