Latin Common Turkic

Матерамен Қоштасу - 15

Общее количество слов 4046
Общее количество уникальных слов составляет 2145
35.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
— Анаған қара!—деп таң қалды кешегі мұжық.— Тұр ғой. Тоқта,
бəлем, тоқта...— Ол өзі бір көңілді еркек болатын. Жуан даусымен: «Ты
постой, постой, красавица моя, дай мне наглядеться вдоволь на
тебя»— деп əндетіп жіберді.
Бірақ оның бұл ағашқа көп қарауға мұрсаты болмады. Көп ұзамай
түс ауа от қоюшылар, бұлар тап солар еді, самырсынға бүкіл
командасымен, бес адам болып қайтып келді. Олар тағы да ағашты
айналып біраз жүріп, оны балталап шауып көрді де, бұл ісін доғарды:
балталары ағаш күйігін қырнап, тап бір резинаға тигендей, діңге
батпай кейін шоршиды.
— О нойыс!— деді таңдай қағып, тəнті болған көңілді мұжық оған
сығырая қарап.— Біздің қожайынға ұқсайды екенсің.— Ол сонда
Богодулды айтып тұрған.— Сол сияқты қияс бір бəлекетсің ғой.
Жұртты азапқа салмай, жақсылықпен жана салсаң қайтеді. Бəрібір
мойынсұнасың. Бізде алты да алты — отыз алты. Қадалған жерден қан
аламыз.
— Осыған бір түкіріп жүре берсек,— деді күмілжіп, самырсынның
кешегі балшыққа арнап етік киген екінші танысы, бригадиріне көз
қиығын салып.— Бізге осының бəрін мұнтаздай етіп тазартудың
қажеті бар ма?!
Дене бітіміне қарағанда, осылардың ішіндегі көзге ілінбейтін
бəкенесі, бірақ, балаға ұқсамас үшін мұрт қойған бригадир шалқайып
жоғары қарады:
— Күдіреюін, кесірдің! Бұл мыңқ етпейді. Басқа бірдеңе жасау керек.
— Ара керек.
— Сен оны арамен келесі ораза тұтқанша сырылдатасың. Бұған
темір кесетін ара керек.
— Мен бензинараны айтып тұрмын.
— Жарамайды. Тағы не керек: аш... жазуға болмайтын бір сөз
айтылды.— Бұл үшін сенің бензинараң — қытықтағанмен бірдей.
Кеше осынау самырсын маңында болмаған кісілердің біреуі жерден
күйген бір ұнтақты алып, иіскеп көрді.
— Бос дабыр-дұбыр кімге керек?!—деді ол мырс етіп.— Шешілмес
жұмбақты тапқан екенсіңдер! Шайыры көп. Қараңдаршы. Отты
маздатып жағыңдаршы, сосын оның жанбағанын көрейік.
— Кеше жаққанбыз.
— Демек, нашар жаққансыңдар. Жанармайды аямай құйыңдар.
Балшық етіктіні жағалауға кеспектен бензин əкелуге жұмсады,
қалғандары құлап жатқан шарбақтардан сырғауылдар əкеліп, оларды
шауып, самырсынды айнала бір емес, қос қабаттап, кісі бойындай етіп
қоршап тастады. Олардың ара-арасына уақ шепшектерді, қайыңды тыр
жалаңаштап, қабығын сыпырып алып соны тыққылады. Бұ кезде
бензин де жеткізілген болатын, сосын оны аямай, ағаш діңіне
айналдыра құйды да, оның төменгі жағынан от қойды. От патырлап,
қайыңның қабығын бүрістіре, көңірсіген қап-қара түтінін бұрқыратып
барып, кенет гүр етіп жанып кетті, бір сəт өзінің құдіретті де кең
тынысы бітеліп қалды ма, əйтеуір тұншыға түсті де, сосын лау етіп
шалықтап,
аспанға
шаншыла
көтерілді.
Мұжықтар
кенеп
қолғаптарымен беттерін көлегейлеп, кейін шегіне берді.
— Екі де екі — төрт сияқтанды-ау,— деп масайрай айқайлап жіберді
əлгі көңілді мұжық...
Бірақ ол бұ жолы да ерте қуаныпты. От біраз билеп-билеп тұрды да,
бензинді жалап бітіргесін, жылжып төмен түсіп, тек айналадағы ауа
жалындап тұрғандай-ақ, ағаштан беліне бастады, ал үстіне бір
күймейтін сауыт кигендей-ақ, самырсын тағы да дін-аман қала берді.
Он минуттен кейін от біржолата жылжып төмен түсті, сытырлап қу
сырықтар жана бастады, бірақ олар өз бетінше дербес жанып жатты,
оның оты «патша самырсынға» күйе жаққаны болмаса, мүлде
күйдірмеді.
Ұзамай сырықтар да жанып бітті. Оларды тағы əкелгеннен ешбір
мəнпағат шықпайды. Еркектер керілдесіп жатыр. Ал ағаш болса, өз
күшінен басқа ешкімнің де күш-қуатына бас имей, олардың үстінен
жайбарақат тəкаппарси қарап тұр.
— Дегенмен де, ертең бензинара əкеліп, кесіп керу керек,— деді
əлгіде ғана мұндай аса қатты да қуатты, орасан зор ағашқа бензинара
жарамайды деп безектеген бригадир.
Қолды бір сілтеп, кетейік — деген əңгіме қайтадан қаттырақ та
өктемірек айтыла бастады:
— Осыған бір түкіріп, жүре берсек — іс тəмам. Мейлі, қодырайып
тұра берсін! Ол кімге бөгет болады. Су қай араға дейін жетеді?!
Деревняның көзін құртпақ керек, ал біз мына пəлеге шырмалып
қалдық...
— Бəріне де бір түкіруге болады!—деді бригадир ызаланып.—
Түкіруге келгенде бəріміз де шеберміз, оған бізді үйретудің керегі жоқ.
Ал ертең қабылдауға келгенде сен оны қайда тығасың? Шапаныңмен
жабасың ба? Шынымен-ақ осы ағашты құлата алмаймыз ба?
— Бұл өзі ағаш болса екен...
Үшінші күні таң ертеңнен қосымша іс емес, ең маңызды жұмыс
ретінде «патша самырсынды» бензинарамен қырқуға кірісті. Оны
бригадирдің өзі араламақ болды. Ол ағаш түбіне өзіне-өзі сенбей, бір
қырындап күмілжіп барды, оның құдіретті тұрпатына тағы бір қарап,
басын үмітсіздене шайқап қойды. Бірақ арасына от алдырып, оны ағаш
діңіне тақап, басып қалды. Ол баж етіп ыршып түсті де, қолынан
шығып кете жаздады, дегенмен діңге əлсіз ғана сызат салып үлгірді.
Араны сол сызатқа салып, бригадир қаттырақ басып еді, ол безілдеп
шырқырап барып, шарылдап кетті, оның астынан шаң-тозаң
тəрізденіп, ұлпа ұнтақ себелей жөнелді, бірақ бригадир араның алмай
тұрғанын көрді. Ағашты ырғайын десе жуан діңі мыңқ етпейді, бар
болғаны оны айналдыра жіңішке сызат салып, білезіктеп шығуға ғана
болады. Бұл шөркені кесіп тастау үшін оған қаймыжықтай қауіпті
ұстараны қолданумен бірдей — екеуінен шығатын нəтиже осы. Сол
себепті де бригадир арасын тоқтатты.
— Құламайтын пəле,— деді ол жеңілгенін мойындап, самырсынның
қадір-қасиетін енді ғана кəміл білген бригадир ағашты түбінен ұшар
басына дейін көзімен тағы бір рет өлшеп шықты.— Енді сендей
бəлекетпен саған зəру кісі ғана айналыса жатар!
Ол қасына тақап келген резина етіктіге араны ұстата салды да,
ызалы кейіппен қайыңға иегін көтерді.
— Тым болмаса ананы құлатшы. Ербиіп тұрмасын бұл арада...
Өздері қаптап кетіпті...
Бар айыбы сол — тек мына кісілерге мойынсұнбаған, қуатты да
қайсар мінезді «патша самырсынға» тақау тұрған қайың өзінің соңғы
бұтақтарын сындыра гүрс етіп құлап түсті, кесілген, сынған жері
ырсиып, өзегі бұрынғыдай аппақ емес, қызғылт-қоңыр тартып қартая
бастағаны көрініп қалды. «Патша самырсын» бұған міз бақпады. Ол сəл
ғана ұмсынып, аралдың Матёра орманы сыңсып тұратын төменгі
шетіне қадалып, қатулана қарап тұрғандай еді. О жақтан енді орман
қарасы көрінбейді. Тек шалғынды жазықтан жетімсіреп, бірең-сараң
қайың мен өртендерде қарайып күйіп кеткен сояу бағандар көзге
түседі. Сейіліп сөне бастаған түтін жер бауырлап, аралды кезіп жүр;
меже-межелерін өрт шалған аңыздық та түтіндеп жатқан тəрізді,
сарғайып көрінеді, шалғын-шабындықтардың жылуы кетіп, жүдеп
қалған; жалаңаштанып, бүлініп-бұзылған Матёраға тап осындай тыржалаңаш, бүлінген Подмога келіп жабысып тұрған тəрізді.
Тек тағдыр тəлкегіне көнбей, қасарып жалғыз қалған «патша
самырсын» ғана бұрынғыша айналадағы нəрсенің бəрінің үстінен
асқақтай қарайды.
20
Əк табылмады жəне оны алатын жер де жоқ еді. Дарьяның
лажсыздан жоғарғы мүйіске жақын жердегі шығанақтан ақтасты теріп
алып, қары талып, мықшыңдап шелектеп тасуына тура келді, сосын
«саусағын қимылдатуға» шамасы жетпесе де, баяғы заманның əдісімен,
ол тасты отқа күйдіру керек болды. Бір ғажабы — істі бастарда күшім
жетпей ме деп, өзіне-өзі сенбеген кейуана істі мұқият тындырды:
тасты күйдіріп, əк жасады. Ақтауыш та табылды, Дарьядан жіпжіңішке, жеп-жеңіл, қар жауар алдында ғана орылған, орманның ақ
шөбінен жасалған ақтауыштары өмір бойы үзіліп көрген емес.
Үйді ақтау əрқашан да мейрам саналатын; жұрт үйлерін жылына екі
рет: күзде егін-таран жиналып біткесін, боқырау алдында жəне қысқы
от жағу тоқтағасын, Пасха қарсаңында ақтайтын. Үйді əңгірлетіп
əзірлеп, жаңғыртып, еденді қашан ақсары болғанға шейін ысқылап
жуып біткесін, ауқат қамына, ас қайнату, қуыру ісіне кірісіп, сырты
ағартылып, іші тазартылған пеш қасында, мұнтаздай тазалық пен
тəрбие-тəртіп арасында, шарапатты мейрам тынысын сезе жүріп,
қолды-аяққа тұрмай, іс істеп, шаруаны тындыру — жанға жайлы,
жайдары сəт ретінде, со бір нұрлы жексенбі ұзақ уақытқа дейін кісі
есінен кетпейтін.
Бірақ бүгін ол үйді той-томалаққа əзірлемейді, жоқ. Зират басына
барып, ата-анасының қорымы қасында отырып, олардан: не істеймін?
—деп сұрағанда оған өзі жалғыз ғана жауап естігендей болып, соны
малданып қайтқаннан кейін, соған құлдық ұрып, құлақ асқан. Марқұм
болған кісінің сүйегін бипаздап жуып, ең тəуір киімдерін кигізбей
тұрып, оны табытқа салмайды — бұл ескіден қалған салт. Ал əкесі мен
шешесін, атасы мен əжесін шығарған, өзі күллі өмірін түгелге жуық
өткізген, туып-өскен үйін тазалап, жинап-термей, қалай ғана ажал
тырнағына бермекші? Мейлі, өзге жұрттың не істеймін десе де өз еркі,
ал бұның өз түсінігі бар. Ол өз үйін мұнтаздай етіп шығарып салады.
Құдай деген бұ байғұс жүз елу жылдай сау-саламат тұрған, болған-
толған, енді уақты жетіп, күні бітті, өз жөнімен жөнеледі.
Ал мұның үстіне от қоюшылардың біреуі келіп:
— Енді қайттік, əжелер,— оның көз алдында тізіліп, Дарья,
Катерина, Сима үшеуі бірден отырған — біздерге сендердің өліміңді
күтіп отыра бер деген ешкім жоқ. Сендердің кетуің керек. Біздер өз
ісімізді аяқтауымыз керек. Ал енді көп соза бермеңдер!—деп
қамшылай айтқан сөзі батып кетті.
Сол-ақ екен, Дарья асыға бастады, құдай сақтасын, əйтпесе олар
рұқсатсыз өртеп жібере салады. Матёраның жоғарғы жағы, колчак
барағынан басқасы, жылан жалағандай тазарды, ал төменгі жағында
əлі бір жерге шоғырлана салынған, өзара айрылмастай тіркесіп алған
алты үй бар, отты олардың екі жағынан бір мезгілде қойып, өртеп
жібермесе, жеке-жеке құрту қиын.
Үйдің ақталып жатқанын көріп, Катерина:
— Мен үйімді тазарта алмадым,— деді кінəлі кісідейін.
— Сен мұның ақыры қандай болатынын білген жоқсың ғой,— деп
жұбатқысы келді Дарья серігін.
— Білмегенім рас,— десе де Катерина өз кінəсін жеңілдеткісі
келмеді.
Дарья столға шыққан кезде басы айналып, көзінің алдынан неше
түрлі от көрініп, тізесі бүгіле береді. Құлап кетемін бе деп
қорыққанынан, ол дереу отыра қалады да, басын қос қолдай қысып
ұстай алады, оны біраз қалпына келтіріп, айналуын қойғасын қайтадан
жоғары көтеріледі, столдың жатаған да орнықты келгені мұндай
жақсы болар ма, ол əуелі төрт тағандап алып, сосын барып түрегеледі.
Ақтауышты əгі бар шелекке малып алады да, бір қолымен стол үстіне
қойылған орындықтан ұстап, бір қырын қисайып тұрып, құлашын
емін-еркін жаза алмай, екінші қолын шолтаңдатып, үй төбесін əктей
бастады. Оның азаптанып тұрғанын көріп, Сима жатып жалынады:
— Маған берші. Мен жасырақпын ғой, басым айналмайды,— дейді.
— Отыра бер!—деп шамдана жауап қатады оған Дарья өзінің
дəрменсіздігін көргеніне ашуланып.
— Жоқ, қайтсе де өзі ақтайды. Кеудесінен жаны шығып кетсе де өзі
істейді, бұл істі басқа біреуге тапсыруға болмайды. Қолы əзірше
біржола семіп қалған жоқ, əзиз анаңды қойғанда өзге емес, өзін жоқтап,
өзің жылағанда ғана құса-шерің қалай тарқайтын болса, мұнда да өз
қолың керек. Оған үй ақтауды үйретудің қажеті жоқ, бар өмірі ақтаумен
өтіп келеді — бұл ақтағанда əк бір қалыппен түсіп, ұлпа бояу ақкегіс
тартып, енді-енді көбе бастаған үй төбесі жадырап-жайнап, тыныстап
тұрғандай болып көрінетін. Бұрынғы мен бүгінгі ісін салыстыра келіп,
Дарья: «Тез кебуін. Не болатынын бұл да сезеді, асығады. О, сезеді ғой,
сезеді, басқа не дейсің»—деп түйеді ойын. Жəне əк бір түрлі
қамыққандай көмескі түсіп жатқан тəрізді болып елестейді оған, бұл
өзі осылай болуы керек қой дегенге де кəміл сенеді.
Басқа бір от қоюшы кемпірдің қолына ақтауышын алып, столға
шығып, баратқан үстінен түсті — олар бұларды кезекпе-кезек
асықтырмақ болғанға ұқсайды. Таң қалғаннан оның көзі бақырайып
шығып кетті:
— Сен кемпір ақылыңнан адасқан жоқсың ба?! Не, осында тұрайын
деп пе едің? Біз ертең бұл үйді өртейміз, ал сен оны ақтап жатырсың.
Саған не болған?!
— Ертең өртерсің, зəнталақ!— деп Дарья оны тоқтатып тастады
қатал да қаһарлы үнімен.— Тек кешке дейін бізге тиіспе. Ал енді
табаныңды жалтырат, бұл араға сенің билігің жүрмейді. Бөгеме бізді
жəне ертең, күні ертең өртеуге келгенде — үйге кірмейсің, есіттің бе?
Сырттан өртейсің. Менің үйімді таптап қорлама. Ұқтың ба?!
— Ұқтым,— деді басын изеп ештеңеге түсінбей абыржып, сасып
қалған еркек. Сосын тағы да айналасына алақтап бір қарап кетіп
қалды.
Ал Дарья болса бұрынғыдан бетер асыққан үстіне асыға түсті. Жаны
шығып бара ма екен сонша дызақтап. Олар күтпейді, жоқ, күтпейді,
асығу керек. Бітіру керек. Со күні ол қабырғаларды əктеп, орыс пешін
сырлады, ал Сима ымырт əлетінде оған боялған қоршау мен терезе
алдын жуып, тазартуға көмектесті. Дарья перделерді күн ілгері жуып
əзірлеп қойған. Қол-аяғы сіресіп, қимылдаудан қалса да, басы
солқылдап ауырып, көз алды қарауытып кетсе де, Дарья түннің бір
уағына дейін тыным таппай, қимылдай берді, өйткені сəл ғана тоқтап,
отырса болғаны — тұра алмайтынын сезді. Ол өзінің бар қадарынша
қозғалып, күйбеңдей бергеніне жəне сонда құлап қалмай жүргеніне таң
қалды, демек, бұл — оның болмашы ғана əл-дəрменіне, осынау жұмыс
үшін өзгеше бір соны күш келіп қосылды деген сөз. Басқа бір
қарапайым жұмыс болса, ол мұншама істі тындырып тастай алар ма
еді? Жоқ, тындыра алмас еді, ондайды тіпті ойламаса да болады.
Ол кебе бастаған əктің салқын да жағымды иісімен тыныстап
жатып, маужырап ұйықтап қалды.
Ертеңіне бозала таңнан тұрды. Орыс пешін маздата жағып, еден мен
терезелерді жууға су жылытты. Жұмыс əлі бастан асады, шалжиып
жата беруге уақыт тығыз. Терезелерді ойлағанда, кенет Дарьяның
есіне əлі терезе қақпақтарын боямағаны түсті. Ол енді бəрін ақтап
біттім ғой деп ойлаған, терезе қақпақтарын мүлде ұмытып кетіпті.
Жоқ, бұл шалағайлық. Кеше бүкіл əкті жұмсап қоймағаны жақсы
болды.
— Маған берші,— деді тағы да Сима ықылас білдіріп.
Дарья тағы оның бетін қайтарып тастады:
— Жоқ, оны өзім істеймін. Сендерге онсыз да жұмыс жетеді. Бүгін
соңғы күн.
Сима мен Катерина екеуі бірігіп, қол арбамен Настасьяның
картобын колчак-бараққа тасыды. Оларға Богодул көмектесті. Ертеңгі
ажал алдына апарып төге салу үшін, бүгінгі ажалдан тірнектеп тасып
жүріп құтқарды, шамасы, солай болатын да шығар. Колчак барағы да
енді көп тұрмайды. Бірақ əзірге құтқаратын нəрсенің бəрін құтқарып
жатыр — өйтпесең тағы болмайды. Енді Настасья келеді-ау деген үміт
те үзіле бастады, бірақ бұрынғы құдайға деген көзқарас сияқты, нан
мен картопқа деген ескі, қасиетті көзқарас қаз қалпында қалған
болатын.
Дарья сырт жағынан əлдекімдердің дабырласып келе жатқанын
естіген кезде, көше беттегі екінші терезенің қақпағын ақтап бітіруге
айналған еді, бұлар өз жұмысына түгелдей сап түзеп бара жатқан от
қоюшылар еді. Олар Дарьяның қасына келіп аялдай берді.
— Мына кемпір шынымен-ақ жынданған екен,— деді олардың
біреуі əрі көңілдене, əрі таңдана.
— Үндеме!— деп екінші дауыс оны тыйып тастады.
Дарьяның қасына иығына бір машинканы салып алған жылы жүзді
мұжық келді. Бұл өрт қоюшылардың «патша самырсынды» үшінші
шабуға шыққан күні еді. Мұжық бір жөтеліп, былай деді:
— Кемпір, есітіп тұрсың ба, бүгін тағы да түнеңдер. Бүгін біздің
айналысатын шаруамыз бар. Ал ертең бітті... көшесіңдер. Сен мені
есітіп тұрсың ба?
— Есіттім,— деп жауап қатты Дарья оған мойнын бұрмастан.
Олар кетіп қалғаннан кейін, Дарья үйге арқасын сүйей сəкіге
отырды, сонда арқасымен қаңсып тозған ағаштың түрпідей де болса,
жылы, жанды өзегін сезе отырып, от қоюшылардын кенет пейілі түсіп
бере салған осынау ақырғы күні оған əрі күйінішті, əрі сүйінішті болып
көрінгені сондай, көкірегі толы өкпе реніші мен басына түскен
нəубеттен арылу үшін, жассыз көзін сығып, мұң-шерін тарқата,
армансыз бір жылап алды. Бəлкім, ажал алдында да тап осылай мұрсат
беpiп: жарайды, ертеңге дейін жүре тұр дейтін шығар — сонда өзі не
істейді, бос уақтың қандай іске бағыштайды. Е-һе, əрқайсымызды
жеке-жеке алғанда, біз бəріміз неге мейрімді болып кетеміз, ал бəріміз
біріккенде əдейі қасақана жасайтындай-ақ, ақылсыз есуастықпен
жамандықты сонша неге көп жасаймыз!
Бұл оның ең соңғы көз жасы еді. Жылап болғаннан кейін, ол: өзінің
ең соңғы жылауы осы екенін, енді мейлі мұны үй-күйімен қоса өртеп
жатса да, шыдаймын, сыр бермеймін — деп өзіне өзі серт берді.
Жылап-сықтау — бұл өзің жұрттың аясын дегені, ал Дарья болса, өзге
жұрттың аяғанына ділгер емес. Тірілер алдында, бұ дүниеде тым ұзақ
жасағаны болмаса, ешбір кінəсі жоқ. Бірақ əлдекімдерге шамасы мұның
тірі жүргені де қажет тəрізді, осында болып, үй ішін жинап-теріп,
Матёраны өздігінше, ағайын-туысындай етіп шығарып салуға қажет
тəрізді.
Түскі асқа самаурын қасына тағы да үш кемпір, бала мен Богодул
жиналды. Қазір Матёрада қалған тек осылар ғана, өзгелері кетіп
қалған. Максим атайды да алып кетті: ол өз аяғымен жүре алмайтын
болғасын, оны қолтығынан демеп-жебеп алысты. Тунгусканы алып
кетуге қызы келді, түр-пішіні шешесінен айнымайтын егде əйел екен,
өзімен бірге шарап ала келді, Тунгуска оны ішіп алып, кетіп бара
жатқан катер үстінде тұрып, өздерінің түсініксіз көне тілінде
бірдеңелерді айтып, ұзақ айқайлады. Үлкен Кошкин соңғы келгенінде
ағаш үйі терезелерінің көсектерін қопарып алды да, үйін өз қолымен
өртеп, көсектерді поселкеге алып кетті. Өткен аптада Воронцов та
құйындатып бір соғып кетті, от қоюшылармен кездесіп, біраз
əңгімелесті, сонда жолай көзіне Богодул түсіп қалды да, сен дереу бұл
аралдан жөнелгін — деп оған жабыса кетті.
— Егер сен үй-күйсіз, баласыз-панасыз болсаң, жалғыз басты деп
анықтама жазып беремін. Аудандық атқару комитеті сені
орналастырады. Кəне, жинал,— деп мəн-жайды түсіндіре бастады.
— Кур-р-рва!— деп сөзді қысқа қайырды да, Богодул сырт айналып
жүре берді.
— Эй, сен, байқа... өзіңнің атың кім еді?— деп қоқан-лоққы жасады
сасып қалған Воронцов.— Мен учаскелік милицияны да шақыра
аламын. Мен сен сияқты элементпен саясат айтып, бас қатырмаймын.
Не айтқанымды ұқтың ба, ұқпадың ба?
— Кур-р-рва!—Ал енді оның түсінген-түсінбегенін өзің анықтап ал.
Бірақ мұның бəрі болған, өтті-кетті; соңғы екі күнде Матёраға ешкім
қатынамады жəне жасайтын жұмыс та қалмады: керек заттардың бəрі
тасып алынған, ал керек емес нəрсе — керек емес. Жаңа өмірдің аты
жаңа өмір, оған ескі-құсқыларды тыққыштай берудің қажеті жоқ.
Шай ішіп отырғанда Дарья от қоюшылардың үйді ертеңге дейін
өртемейтінін айтты да, бұларға бір өтініш білдірді:
— Сендер əлгі қонбақшы болған жерлеріңе қона беріңдер. Мен
ақырғы күні жалғыз болайын. Онда жататын орын бар ма еді?
— Қу құдай-ай!—Сəкі-лер!—деді Богодул ызалана құлашын жайып
жіберіп.
— Ертең сендерге мен де келемін,— деп уəде берді Дарья.
Түстен кейін ол еңбектеп жүріп, еденді жуды, жуып жүріп, еден
тақтайының бетіне қыртыстанып қатып қалғaн кір-қоңысты əбден
ысқылап сыпырып тастауға, содан кейін оған ангара қиыршағын сеуіп,
малта таспен тырнап, еденге күн шағылысып, жарқырап тұруы үшін,
оны мұнтаздай етіп тазартып қоюға болмайтынын ойлап қатты өкінді.
Ол əйтеуір ең соңғы рет бірдеңе етіп бұны да ыңғайлар еді. Бірақ еден
сырланған болатын, үйдің ызғары Соняның еншісіне тигеннен кейін,
оны қояр да қоймай сырлатқан да сол, Дарья онымен тəжікелесіп
жатпаған. Əрине, сырланған еденді шая салу оңай, бірақ үй кеңсе емес,
өз үйіңде еңкейсең де одан сының түсіп қалмайды, бүйте берсе, бұ
халық, моншаға бармас үшін, көп ұзамай өздерің де сырлап алады əлі.
Мұның үстімен ол қанша рет жүрді, қанша рет таптады мұны — əне,
еденнің тақтайлары басылып, шұқанақ-шұқанақ болып қалғанын
қарашы. Бұл еденді соңғы болып басатын өзінің аяғы.
Ол үйді жинастырып жүріп, өзінің аяғы əл-дəрменінен айырылып,
болдыра бастағанын сезді, жұмыс азайған сайын, бұл да əлсірей берді.
Оған бойындағы қажыр-қайрат бірден сарқылып қалатындай көрінген,
Дарьяға керегі де сол-тұғын. Бар шаруасын тындырғасын, табалдырық
түбіне жата кетіп, ұйықтап қалса жақсы болар еді. Ал сосын не болса,
ол болсын, бұл оған қиналмайды. Кейін, есіне түскен кезде, мұны
тірілер ме, өлілер ме, əйтеуір біреулері тауып алады, сонда өзі кез
келген жаққа бара береді, мыналардың да, аналардың да бетінен
қақпайды.
Ол есігі ашылып, қоршауы құлап, қаңырап қалған бұзау қораға
барып, оның бір бұрышынан сартаңдақтанып, тот басқан шалғыны
тауып алып, шөп шапты. Шөп те қатайып, жағалай сарбалақтанып
ұйысып қалған екен, ырым етіп еденге төсеуге келмейді, бірақ бұ
мезгілде басқа балғын шөп табылмайды. Шөпті ол қомақты себетке
салып, үйге келді де, еденге шашып тастады; шөптен көк иісі емес,
қаңсыған ыс пен түтін иісі шығады — мейлі, ол енді ұзақ жатпайды,
иісі де көпке бармайды. Оқасы жоқ, осы да жетеді. Енді бұдан жауап
алар жан қайда?!
Жұмыстың ең ауырын атқарды, енді оның азғантайы ғана қалды.
Сəл де болса, тыныстап тұрып қалғысы келмей, Дарья терезелер мен
пеш алдына перде тұтты, сəкі мен тапшан үстін басы артық заттардан
босатты, асхана мүліктерін мұқияттап орны-орнына қойды. Бірақ
сонда да бірдеңе жетпейтін секілді, өзі бір нəрсені назарынан қағыс
қалдырған секілді. Ол да ғажап емес: мұндай ырымның қалай
жасалатынын өз басы көрмеген, оны көрген жан да жоқ шығар. Ол
адамды ақ жуып-арулап соңғы сапарға шығарып салу үшін не істеу
керек екенін жақсы біледі, бұл білім-тəжірибені оған тірі жүріп, тірлік
еткендердің сан ұрпағы мирас етіп кеткен, ал мына істе ол өзінің көз
алдында тұрған көмескі де бұлдыр түйсігіне, бірақ ұдайы əлдекім
іштей мегзеп отырған сезім-түйсігіне сенуіңе тура келді. Ештеңе
етпейді, бұл кейін өзгелерге жеңілірек тиеді. Істің басы болса, қалғаны
əрі қарай сабақтасып жүре береді.
Тағы не жетпей тұрғаны кейуанаға да аян болды. Ол алдыңғы
бұрышқа, сосын басқаларына қарады да, сол бұрыштарға майқарағай
бұтағы ілініп тұруы керек еді ғой деп, жоғалтқанын таба қойды.
Терезелердің жоғарғы жағында да тұруға тиіс. Дұрыс, онсыз болмайды.
Бірақ Дарья оның Матёраның қай жерінде қалғанын не қалмағанын
білмейді — айналаның бəрін бүлдіріп, өртеп жіберді ғой. Дереу барып,
іздеп көру керек.
Ымырт үйіріліп келеді. Аспан да, іңірдің ала көлеңкесінен бұлдырап
тұрған орман да көкшіл бір нұрға бөленіп, тамылжып тұрған қоңыр
кеш еді. Əмандағы əдетінше түтін иісі бұрқырайды, қазір Матёраға осы
бір иіс əбден сіңіп қалған секілді, бірақ неге екені белгісіз жаңа бір жас
иіс, жер жыртқандағы тəрізді, салқын себез иісі де келеді. «Бұл қайдан
шығып жатыр?»— деп Дарья біраз іздеп, таба алмады. «Ана жақтан
жер астынан шығып жатыр, деген сөз естілді оған. Басқа қайдан
шығушы еді?». Онысы рас — ылғал жер иісі жерден шықпағанда қайда
шығады?
Дарья жақын жердегі жоғарғы өзекке қарай беттеді, ол ара онша
бүлініп, тоналмаған-ды, ол күні бойы тізесін бір бүкпей, тынымсыз
тыпырлаған кісі сияқты емес, құр аттай жеңіл жүріп келеді, аяғыаяғына жұқпай, соқпаққа табаны тиер-тимес болып, ұшып келе жатқан
тəрізді. Кеудесін керіп, еркін тыныстайды. «Ендеше май қарағайды
ойға алғаным дұрыс екен»,— деді ол іштей. Сол-ақ екен, барша істі
дұрыс жасаған екенмін, тіпті Сима мен Катеринаны соңғы рет
қондырмай жібергенім де дұрыс екен — деген бір мамыражай, ізгі
сезім жанын жадыратып өн бойына жайыла берді. Күнілгері
ойланбастан, бірден, бір тыныспен оларды маған қондыртпа деген де
бір бұйрық бар-ау?! От қоюшының өртеуді ертеңге қалдыруына
себепші болған не екен, шамасы, ол да мұны мүлде есіне алмаса да,
ойламаса да, айтты ғой. Жоқ, мұның бəрі жайдан жай емес, мəнісі бар.
Сол себепті де ол бұған тап бір жол көрсеткендей-ақ өзінен сəл ғана
ілгері немесе бір жағын ала, бірде қонып, бірде пыр етіп көтеріліп, əсте
қалмай ұшып келе жатқан сары төс шымшыққа ғайыптан жіберілген
киелі құс деп қарады.
Ол мұның өзі үшін сақталып қалып, енді көзіне бірден түскен май
қарағайды тауып, оның бұтағын бір құшақ етіп, сындырып алды да,
қараңғыда үйіне қайтып келді. Ол қайтып келгенін үйге кіргесін барып
білді, жолай қалай жүргені, не ойлағаны есінде қалмапты. Мені біреу
сыртымнан ұдайы бақылап, басшылық етіп жүр — деген бір сырлы да
нұрлы сезім, көңіл күйі оның басынан кетпей қойды. Міне, қазір түн
болса да шаршайтын емес, өзіне тап бір қанат біткендей-ақ, аяқ-қолы
өз бетімен, ың-шыңсыз жеңіл қозғалады.
Шам жағылғаннан кейін, оның дірілдеген қызғылт та күңгірт
жарығында орындыққа шығып, май қарағай бұтақтарын бұрышбұрышқа ілді, терезелердің жоғары жағындағы саңлауларға сұға-сұға
салды. Со замат май қарағайдан ақырғы қоштасу сəтіндегі қайғылы бір
иіс аңқып кетті, оның көз алдына жағулы шырақтар елестеп, көңіл
елжірер жоқтау үні естілгендей болды. Со замат бүкіл үй бұл дүниеден
баз кешкен қасіретті күйге түсіп, сүлесоқ қатып қалғандай еді. «Мен
өзің қайда əзірлеп жатқанымды сезеді, оһ, сезеді ғой»—деп ойлады
Дарья, сосын: тағы не бар, бірдеңені естен шығарып, ұмытып кеткен
жоқпын ба?—деп айналасына жаны жуасып, үрке көз тастады. Бəрі де
орын-орнында тұрған тəрізді. Едендегі шөпті басқан сайын
былқылдап, сыбдырлағаны оның зықысын шығарып, көңілін алаңдата
берді; ол шамды сөндіріп, пештің үстіне шықты.
Құлазыған үрейлі тыныштық зəресін ұшырды — ит үрмейді,
біреудің басқан аяғынан кішкене бір тас та тысырламайды, саңқ етіп,
кездейсоқ бір дауыс та шықпайды, қою жапырақты бұтақтарды қозғап,
жел де шуламайды. Айналадағы бар тірлік өліп-өшкен тəрізді. Аралда
иттер бар-ды, иелері: тас түссе талайыңнан — деп тастап кеткен. Үш
төбет қалған еді, олар бас ауған жағына қарай жортақтап, Матёраны
кезіп кеткен-ді, бірақ бүгінгі түнде олардың да үні өшкен. Тым-тырыс.
Дарья қорқып, пештен қайта түсті де, дұға қайыра бастады.
Сонымен таң атқанша дұға-намаз оқып, кінəлі де мүлəйім көңілден
көне үйімен қоштаса берді, сонда белгісіз біреу оның сөзін қағып алып
қайталап, алысқа əкетіп жатқандай болып елестеді.
Ертеңгілік ол ақирет киімі сақтаулы жатқан ұшқат қол сандығын
жинап, алдыңғы бұрышқа қарап, соңғы рет шоқынды да, еденге құлап
түсіп, солқылдап-селкілдеп жыламас үшін сабыр сақтап, бір рет қана
өксіп, сыртқа шығып есікті жапты. Самаурын бұрынырақ шығарылып
қойылған. Настасья үйінің жанында оны қарауылдап, Сима мен
Катерина тұрған. Дарья оларға самаурынды алыңдар деді де, колчак
барағына қарай жүре берді. Мұнда келгесін ол қолсандығын бірінші
сенекке қойды да, от қоюшылар тұрып жатқан екінші бөлмеге қарай
беттеді.
— Мен біттім. Өртеңдер енді. Бірақ үй ішіне аттап баспаңдар,— деді
кемпір оларға.
Сосын бірден деревнядан кетіп қалды. Кейін ол өзінің күні ұзақ
қайда жүргенін есіне түсіре алмады. Тек əйтеуір тынымсыз тыпырлап
жүре бергенін, əл-қуатының қайдан шығып жатқанын да түсінбей
сандала бергенін жəне ұдайы өзімен жанаса, бұрын ешқашанда
көрмеген кішкентай бір мақұлықтың жүгіріп келе жатып, мұның көзіне
анықтап қарағысы келгендей болып көрінгенін ғана біледі.
Кемпірлер оны іздеп, айқайласыпты, бірақ бұл оларды естімепті.
Кешқұрым қайықпен келген Павел оны қол созым жерден, «патша
самырсынның» қасынан тауып алды. Дарья со жерге жайғасып алып,
деревня жақтан көзін айырмай, желдің ең соңғы түтінді аралдан қалай
айдап кетіп жатқанына қарап отыр екен.
— Апа, тұр. Настасья жеңгей келді,— деді Павел оны тұрғызып
жатып.
Настасья бетін қолымен қысып, ілгері-кейін теңселіп, жылап
отырып:
— Ал, Егор ше... Егор ше!..— деп əлсіз ғана ыңырсиды.
Кемпірлер Егор атайдың қайтыс болғанына сенерін де, сенбесін де
білмей, абыржып-сасып қалып, үн-түнсіз еңселері түсіп отыр. Егер ол
осы арада жүрген кезде шалы туралы: ол тынымсыз жылай береді,
ішінен қан кетіп, əлсіреп қалды — деп қайдағы жоқты шығарған болса,
қалада тұрғалы бері Настасьяның сол есуастығы күшейе түспеді — деп
кім кесіп айта алады, бəлкім, сол ақылынан адасқаны оны енді шалы
өлді деп айтуға дейін апарып соққан болар. Ал Егор атай, мүмкін, тап
қазір ештеңе болмағандай-ақ жайбарақат трубкасын бұрқыратып
отырған шығар. Жəне іс насырға шауыпты, кемпір тірі шалын
жерледік дейді — деп ойлаудың өзі қорқынышты бір сұмдық еді. Ал
Егор атайды жоқ — деп көзге елестету де тап сондай сұмдық болатын...
Богодулдың тұрағы дəліз тəрізді қуықтай тап-тар, өмірде ұсынақты
қол тимеген, кір-қоңыс бір қуыс еді. Кеше мен бүгін кемпірлер əкеліп
тастаған қорбай-жербайлар оны бұрынғыдан бетер былықтыра
түскен-ді. Сəкілерге төселген шөп үстінде көпəйкелер, əдиялдар, ұсақ
буыншақ-түйіншектер шашылып жатыр, жалаңаш, лақса үстел үстінде
аяқ-табақтар үюлі тұр. Төменгі əйнегі жоқ, жалғыз терезе алдындағы
еденге сам ауыр қойылыпты. Осынау тар саңлаудан күн сығалайды,
сол күн көзінен жылдар бойы шыбын таңлақтап тастаған, салтақсалтақ сау əйнек еріген майдай болып жылтырайды. Бір кезде темір
пеш тұрған жер кірпішінің қызыл шаңы еденге жосалана тапталып
қалыпты. Енді қазір пештің жұрнағы да жоқ, жалпы бір жақ
қабырғасында шөп төсекті сəкісі, екінші жағында астау тəрізді ұзын
столы бар осынау тауық қора тəрізді бөлмеден тіпті аздап та болса
тірлік иісі шықпайды.
Бірақ бұдан гөрі тəуірірек үйді іздеп, таңдап жүретін күн қайда: тап
сол сəтте тек осы колчак барағы ғана cay тұрған, одан басқа бірде-бір
қора, бір де бір монша қалмаған-ды. Төменгі жақта əлі де болса
өртелген үйлер бықсып жатыр, қойыны ыстық қоламтадан əлсін-əлі от
қызуына шыдамаған бір нəрселер, дəрі сияқты гүрс етіп жарылады,
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Матерамен Қоштасу - 16
  • Части
  • Матерамен Қоштасу - 01
    Общее количество слов 3942
    Общее количество уникальных слов составляет 2252
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 02
    Общее количество слов 3917
    Общее количество уникальных слов составляет 2104
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 03
    Общее количество слов 4056
    Общее количество уникальных слов составляет 2187
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 04
    Общее количество слов 4037
    Общее количество уникальных слов составляет 2176
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 05
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2129
    35.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 06
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2090
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 07
    Общее количество слов 4062
    Общее количество уникальных слов составляет 2173
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 08
    Общее количество слов 3952
    Общее количество уникальных слов составляет 2200
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 09
    Общее количество слов 4029
    Общее количество уникальных слов составляет 2114
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 10
    Общее количество слов 3994
    Общее количество уникальных слов составляет 2064
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 11
    Общее количество слов 4040
    Общее количество уникальных слов составляет 2227
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 12
    Общее количество слов 3958
    Общее количество уникальных слов составляет 2184
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 13
    Общее количество слов 4067
    Общее количество уникальных слов составляет 2140
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 14
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2107
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 15
    Общее количество слов 4046
    Общее количество уникальных слов составляет 2145
    35.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 16
    Общее количество слов 4047
    Общее количество уникальных слов составляет 2043
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 17
    Общее количество слов 4004
    Общее количество уникальных слов составляет 2023
    37.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 18
    Общее количество слов 221
    Общее количество уникальных слов составляет 180
    49.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    62.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    67.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов