Latin Common Turkic

Матерамен Қоштасу - 14

Общее количество слов 4007
Общее количество уникальных слов составляет 2107
35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
жүргізбей тұра алмайды, бұл оның жанына жағатын ең тəтті жұмысы,
егер ол өзі тірлікте басқа бір кісінің қарамағында неғұрлым көп жүрсе,
кейін қолынан сусып кеткен есесін соғұрлым тезірек қайтаруға
тырысады.
Катер паромды күн сайын, кейде тіпті күніне екі реттен тасиды.
Жұрт картобын, калған-құтқан малын, əжетке жарайтын ең соңғы онымұны заттарын тергіштеп, алып кетіп жатыр. Енді ештеңені кейінге
қалдыруға болмайды: əлгі ең соңғы мерзім — сентябрьдің орта шені
деп жария еткен уақыты келіп жеткен еді. Көптеген кісілердің бағына
қарай, осы жағалауға күтпеген жерден өз бетімен жүретін бір баржа
келді де, ондағы жолаушылар əр қабын төрт сомнан қыруар картоп
сатып алды. Біраз ойланып барып, ең дұрысы картоптың
машақатынан əбден зықысы шыққаннан кейін, оның соңғы жиырма
қанарын Павел де сатып жіберді. Онсыз да совхозға үш рет барып
қайтқан жəне əр барғaн сайын он бес қаптан апарып тастаған, өздеріне
шаш етектен жетіп жатыр. Катеринаға ол картобыңды түгел сат, ал
күнделікті асқа керегін өз қамбамнан беремін, картоптың бəрі бірдей
ғой деген. Алайда, Катерина үш қанарды өзіне қалдырды — не
боларын кім біледі! Сима да жиырма сом ақша алып, біраз байып
қалды — о кемпірдің картоп сақтайтын жері де жəне дəметер кісісі де
жоқ, ал бақшасы да ашөзек-таран емес, түсімді көңілде күткендегіден
əлдеқайда мол берді. Кейін Сима картопты көбірек сатпаған екенмін —
деп қатты өкінді, ал ол əлденеге бүгежектеп, картобының жартысын
сақтап қалды, енді ол қазір сенекте күн көзінде жатып, жасыл тартып
барады.
Кемпірлер көпке дейін Настасьяның бақшасына не етерін білмеді.
Настасьяның өзі келмеді. Жазда Дарья одан көз айырмай, арамшөбін
отап, қопсытып, оған тауықтарды жолатпай, қуалап жүрді — игі еңбек
йен егін қор болмасын деді. Бүкіл деревняда жинаусыз қалған жалғыз
бақша сол еді: иесіз қалғасын қайтсін. Əр-əр жерден селтиген сəбіз,
қызылша мен шалқан көрінеді. Капуста пісіп, қатайып үлгірмейтін
болғасын, оны əуелден екпеген. Енді жұртқа қажет болмағасын
шарбақтар да жантайып, құлай бастады, тентек жел аңырап, қурап
қалған бəдірен шөптің жіңішке сабағын қозғайды, рəсуа болып
пайдасыз жатқан картоп сабақтарын көтеріп, қопсытып кетеді. Тек
Вера Носарева ғана бұрынғы əдетімен оларды шөмелелеп қойды, бірақ,
оны тасып, малға азық етуден ол да бастартты: пайдасынан машақаты
көп. Картоптың сабағын қайтсін ол, əйтеуір пішенін жеткізіп алғаны
жақсы болды, бұған қуанбағанда енді неге қуанарсың.
Настасья келмеді, содан кейін кемпірлердің жаппай жұмылып,
соның бақшасын жинаудан басқа лажы қалмады. Сөйтпегенде қайтеді?
Настасья үйі терезелерінің күллі қақпақтарын жауып, картопты еденге
əкеліп төге берді — сонда ол үймен бірге өртеніп кетсін деді ме, əлде
қанша айтқанмен əйтеуір біреудің пайдасына ассын деді ме — мұны
неге қазып, неге əкеліп төгіп жатқанын өздері де білмейді. Орманды
өртеген кезде тамырлап тұрған күйі пісіп қалатын саңырауқұлақтарды
теріп жейміз — деп от қоюшы-мұжықтар мақтанатын көрінеді — сол
сияқты, бəлкім, картопты да пісіріп жер. Бірақ оны жерде қалдыруға
тағы арың жібермейді — шынында да піскен өнімді қазбай қалай қарап
отырасың, ол ел естімеген сұмдық қой. Қанша айтқанмен, уəдесінде
тұрып, Настасья келетін шығар — о жақта картопсыз қалай тұрады
байғұстар? Бəлкім, бірдеңеге айналып жатқан шығар, бəлкім, картоп
қазуға уақыт болмай қалатын ең соңғы сəтте Ангара жақтан шыға
келетін шығар, ал қазылған картопты жинап алуға көп уақыттың
керегі жоқ, оған өздері де көмектеседі.
Картопты да қазып бітірді — Настасья келмеді...
Малды түгел алып кетті. Павел сиырды əкетуге ең соңғылардың бірі
болып келді. Айнала азып-тозып, өртеніп, əбігері шығып, əлек-шəлек
болып жатқанынан, жалғыздықтан қатты шошыған, жуас та көнбіс,
есті жануар Майка бірнеше күннен бері қорадан далаға шықпай
қойған. Дарья оны өріске айдаса, ол мөңіреп, жылыстап қараңғы да лас
қора түкпіріне тығыла берді. Ол қорадан тек түнемелікте ғана шығады,
онда да кең далаға емес, картоп сабақтарын шалып, жүрек жалғап
қайту үшін іргедегі бақша ішіне жайылады. Ол ұзақ сағаттар бойы
басын төмен салып, мойнын есік жаққа созып, ұдайы бірдеңені ынтыға
күтіп, бірдеңеге əзірленгендей-ақ сілейіп тұрады да қояды. Бірде Павел
келіп, мойнына арқан салып, жетелей жөнелгенде, Майка телмеңдеп
жүре берді — қайда апарсаң, онда апар, əйтеуір осынау қорқынышты
жерден аулағырақ, алысырақ əкетсең болды. Жəне көнбіс кейіппен
тақтай төсенішті басып, паром үстіне шықты, өзін байлағанда
Матёраға сыртын беріп, алыс қарсы жағалауға көз қиығын салып,
жайбарақат тұра берді.
Дарья оны шығарып саларда жылап жіберді.
— Қалай, апа, бəлкім, сені де бірден ала кетсек қайтеді? Енді бұл
арада істейтін жұмыс та қалмаған тəрізді,— деген Павел шешесіне
үйде отырғанда.
— Жоқ,— деп кесіп айтқанды Дарья.— Сен мені əзірше қозғама.
Қараптан-қарап тұрып, Матёрадан кете салатын мен саған сиыр
емеспін. Бұл арада сендерге ғана істейтін жұмыс жоқ. Маған табылады.
— Ұзамай өртейді ғой, апа...
— Мейлі өртей берсін.
Сосын шыдамай кетті де, енді кешігіп қалғанын, оны сұраудың да
қажеті жоқ екенін біле тұра, өкпелі кейіппен кінəлай тіл қатты:
— Сонымен молаларды тастайтын болдық қой шамасы? Өзіміздің
ата-бабаларымыздың молаларын? Су астына?
Павел сұлқ түсті, оған қараудың өзі бір түрлі аянышты еді.
— Өзің көрдің ғой, анада не болып, не қойғанын,— деп ақтала
бастады ол.— Əлгі бір нəрсе болмағанда... əкетеміз деп едік қой... Ал
енді қашан? Мен өзімді алмастыратын кісіге үш күн қарыздар болып
қалдым. Реті келмейтін шығар, апа. Жалғыз біз ғана емеспіз ғой...
— Егер біз оларды тастап кетсек, сен екеумізді ойланбастан
лақтырып кетеді əлі,— деді ол сəуегейсіп. Ой-бой, дүние-ай, біз адам
болудан кеттік қой, кеттік, енді басқа не қалды. Туғантуысқандарымыздың моласынсыз қалай ғана жүрмекпіз?!
Павел кетіп қалғаннан кейін, осы əңгімеден алабұртқан көңілін
баспастан, қызулы күйі кемпір бейітке қарай жүре берді. Күн екіндіден
еңкейіп, ұясына жартыдан аса батса да, құрғақ та салқындай түскен
аптабымен айналаны жылытып тұр. Күйік, ыс иісі булықтырып,
қолқаны қабады: тепсеннің ар жағындағы қарағайы қырқылған
далаңқай өртеніп, түтін болып аспанға ұшып жатыр, оның үлкен
ойнамалы сəуле тəрізді, бос қуықтай бозғылт жалыны бірде желпілдеп
жоғары көтеріледі де, енді бірде бəсеңсіп төмен түседі. Со жақтан
патырлап, гуілдей естіліп жатқан дыбыс болмаса, далаңқайдың
өртеніп жатқанын білу де қиын болар еді: оның түтінін басқа жақтан
келіп, Ангара үстінде кілкілдеп төселіп жатқан өзге түтіннен айыру да
оңай емес-ті. Жоғарыдан күйік иісін көңірсітіп, əлсіз жел соғып тұр,
Дарьяның тамағын түтін қырнап, басы айналып, аяғын əлтек-тəлтек
басады. Оң жақтағы мүйістің бұрылысынан Майканы əкеткен катердің
тықылы əлі естіліп тұр. Міне, енді осы араның бəлесін сезіп, ана
жақтың бəлесінен бейхабар Майка да жүріп кетті, ана жақтағылар
мұның еті бұзылып кетпесін деп, оны аяз түскенше қалай асыраудың
қам-қарекетіне кіріседі ғой.
Бейіттің қақпасы шалқайта ашылыпты, қақпаның ар жағындағы ең
бірінші алаңқайдан өртелген жер қара саңлақтанып ə дегеннен көзге
түседі. Дарья көз қиығын бір тастағанда мола бастарынан крестерді де,
белгілерді де, шетен-шарбақтарды да көрмеді — жаз басталар кезде
бейтаныс мұжықтармен арпалысып жүріп кемпірлер кедергі жасаған
іс, от пен түтін тасасында енді ғана жасалыпты. Бірақ Дарья қазір оған
ашуланған да, ренжіген де жоқ — бəріне де бір зауал. Одан бері де
талай сұмдықты көріп, талай бəлені бастан өткерді — жүрегі тастай. Бұ
байғұс енді мұны да көрді — жазмышта солай жазылса, мақұл,
көрмегенде қайтеді. Ашулану жөн емес: ол өз туғандарының басына
келе жатыр, ал о жаққа көңіл шіркін алабұртып, құбылып тұрғанда
баруға болмайды, онда кейін қайтуы керек. Бəріне де бір, бір ғана
зауал...
Ол сол жаққа қарай бұрылды да, шағын тоғайдың түкпірінен өзіне
өмір-тірлік берген əкесі мен шешесі жатқан төмпешікті тауып алды.
Төмпешік үсті қопарылып алынған крестен бүлініп қалыпты. Сол
қанатта, əуелі қойылған шешесі жатыр да, оң қанатта əкесі жатыр. Бас
жақта, төмпешіктің үстінде емес, етегінде бір кездері Дарьяның өзі
отырғызған шетпе өсіп түр, шөп арасында құстар шұқып тастаған
қызыл жидектер жатыр. Ал аяқ жағынан сыптығыр қарағай өсіпті,
баяғыда, моланы қазған кезде, оның қарасы да жоқтұғын, ол емін-еркін
түскен бір тұқымнан жетілген ғой. Төмпешік көптен бері Дарьяға тым
қысқа сияқтанып көрініп жүрген, ол талай рет осы араға жата кетіп,
аяғын созып жіберіп, ұзақ жылдар ішінде осы төмпешік мүжіліп
кішірейді ме, əлде адам шынымен-ақ сонша қораш па,— соны
салыстырып білмек болып, талай рет оқталған. Шетпе мен қарағай
бұтақтары жоғарылап барып айқасып кеткен. Мұның өзінің өміртірлігіндегі сияқты, мына екі ағаштың тірлігінде де, бұлардың
тамырлары нəр алған топырақта тереңде жатқан екеудің де азды-көпті
үлесі бар шығар — деп ойлаудың өзінде жанға əрі жағымды, əрі
қорқынышты күнəлі бір сезім бар еді. Айналаның бəрі, бəрі-бəрі туғантуыстары...
Дарья мола төмпешігіне иіліп тəжім етіп, соның қасына жайымен
отыра берді. Бұл араға жел жете алмайды, төңірек тып-тыныш, тек
шегіртке-шекшектер ғана шаншудай ащы шырылдайды. Тек бейіт
басында ғана тұнып тұратын, өзгеше бір елірме, тəтті иісті түтін əлі
өшіре алмапты, содан ба əйтеуір осы маңнан семіп бара жатқан адам
рухы елестегендей болады.
Ол шұбатылған түтінді, бұзылған-бүлінген молаларды көрмес үшін
жайымен көзін жұмды, кісіні бір маужыраған бейжай күйге түсіретін
жұмсақ əуенмен ілгері-кейін тербеліп отырып, бір халден екінші халге
қалықтап ұшып баратындай-ақ, өзін-өзі мүлде ұмытып, өн бойы
жеңілдеп бəсең үнмен тебірене тіл қатты:
— Бұл менмін, əкетай. Бұл менмін, апатай.— Дауысы күмілжіп,
құмыға шықты, сосын қашан дауысы түзеліп, қоңырлана түскенге
дейін, үндемей күтіп отырды да, айтар кепті бабымен бастауға
қолайлы бір ырғақ тауып, əлгі сөздерін басқаша үнмен қайта айтты.—
Міне, келдім қастарыңа. Қолым біржолата босады, сиыр екеш сиырдың
өзін бүгін алып кетті. Енді көз жұмсам да ерсі емес. Ал, əкешім, маған
Матёрадан топырақ бұйыратын емес. Қастарыңа келіп, жайымен жата
қоярмын деуші едім, одан ештеңе шығатын көрінбейді. Ана жақта бірге
жату үшін сендерді ала кетемін бе деп едім, одан да ештеңе шықпады.
Ренжімеңдер маған, мен бейбақта айып жоқ. Айыпсызбын деймін-ау,
айыптымын, айыпты болатын себебім, осы бір нəубет тек маған, менің
басыма келіп түсті. Ал ақылсыз мен жазған, не істерімді де білмедім.
Сен маған, ғұмырың ұзақ болсын деп бата беріп едің... Сөзіңді екі
етпедім, ұзақ жасадым. Мұнша ұзақ жасаудың қажеті қанша еді,
сендерге келуім керек еді, бəріміз бірге болатын едік. Ал енді, міне, не
болды? Сендерді талақ етіп тастап кеткенім үшін, енді маған тыныш
өлім бұйырмайды, басқаның емес, тек менің тұсымда ғана біздің
тұқымды — тамырынан шауып, айдап əкететін болды. Ой-бой, əкетеді,
əкеткенде қандай... Ал қарғыс атқан, мен сорлы, сендерден бөлініп,
басқа қоныста тұра бастаймын. Мұны маған кім кешіреді?! Əке! Апа!
Менің жазығым не?— Ол мола төмпешігіне шыққан шөпке бетін басып,
иығы селкілдеп жатты. Осылай жатып, жер мен шөпке күйіне
шағынып жатты: Бізді түтін басты, түтін. Түтінге тұншығып, өлер
болдық. Өздерің де көріп жатсыңдар ғой. Ал сендер мені көресіңдер
ме? Түр-сиқыма қараңдаршы, қандай екенмін? Мен сендердің,
сендердің қаныңмын, сендерге баруым керек... мені тірілерге қосуға
болмайды. Мен олардың
əжетіне жарамаймын, сендердің
ұрпағыңнанмын. Мен сендерге... үйді ұзатып салғаннан кейін келемін.
Мейлі от, су болсын... Ол басын көтеріп, жаулығын жөндеді.
Біздің үйді, əке, бүгін-ертең... оны да ана жаққа жібереді. Ал, мен
қарап тұрамын. Күйіп кетпейтін жерге жақынырақ барып, қалай жанар
екен, қараймын ғой. Сосын кейінірек келіп, бəрін саған айтамын. Бұдан
басқа не істейін енді? А?
Кенет оның ойына бірдеңе түскендей алыс-алыс бір жақтан
сыбырлаған дыбыс естілгендей болды: «Сен біздің үйді жинап-теріп
тазалап қойдың ба? Сен оны ұзатып салам дейсің, қалай ұзатасың?
Əлде есікті тарс еткізіп жауып, қайқайып кете бересің бе? Үйді жинау
керек. Бəріміз сонда тұрғанбыз». Дарья селк етіп, асығыс мақұлдай
берді: «Жинаймын, жинаймын. Соны қалай ұмытып кеткенмін? Өзімақ білетін нəрсе ғой. Жинаймын».
«Тағы не айтасыңдар?»—деді ол бір жауап бола ма деп үміттеніп.—
Тағы не істейін? Өзімнің не істеуім керек?»— ол мойнын созып,
айналада ағып өтіп жатқан əлсіз дыбыстарға құлағын тігіп, қалшиып
отырып қалды. Бірақ өзіне арнап ештеңе де айтылмады. Ең басты
нəрсе айтылмады. Төңірек бұрынғыша тып-тыныш, жапырақтар мен
шөптер сыбдырынан жауап табылмады. Үміті үзілсе де, кейуана тағы
бір рет сұрау қойды — мола тіл қатпады. Содан кейін ол кешірім ала
алмадым деп ойлады. Өзіне де сол керек. Мұны кешіретіндей қай бір
еңбегі сіңіп еді сонша? Өзін-өзі кешіре алмай жүргенде, олардан қай
бетімен кешірім күтеді,— ұят емес пе мұнысы?
Дарья жоғары қарады, ағаштардың ұшар басына түтін ілініп
қалыпты, ал зеңгір аспанда көңілді селдір бұлттар жүзіп барады. Күн
төмендеп, бейіт тоғайына ала жолақтап, шұғыласын септі, ағаштар
көлеңкелері ұзарып, жұмырланып қатып қалған секілді болып көрінеді
— тап бір көлбей жатқан баған үстімен жүргендей-ақ, сондай бір
көлеңке бойын қуалай, екі шымшық құйрықтарын көтеріп алып,
бірінен-бірі қалмай, секіріп ойнап жүр. Бірақ Дарья батар күннің нұр
шапағы төгіліп, шымшық құстары секектеп жүрген осынау жарық
дүниеге қайта оралғысы келмеді — ол уақыт əлі соққан жоқ еді. Кейін
ол бұл арадан кетіп, өзінің шыққан тегіне барып қосылғанда, мұны
қарауға қыруар көп халық жиналады — оның ішінде əкесі мен шешесі
де, аталары мен бабалары да — бұның өзіне дейін кезек ретінен
өткендердің бəрі түгел жиналады ғой деп ойлаған. Кемпір оларды,
сына сияқты екі жаққа жарыла, шет-шегі жоқ орасан үлкен бір сапта
тұрсам кісілерді — қабақтары салбырап, бұдан əлденені сұрағандай
қатулана қарап тұрған кісілерді айдан анық көріп тұрғандай еді.
Осынау бағы заманнан келе жатқан сына-саптың дəл үшкіл ұшында
сəл шегініңкіреп, жұртқа анық көрінетіндей, сапқа бетін беріп, жалғыз
өзі тұр. Ол дабырласқан дауыстарды естиді, сөздері онша анық
естілмесе де, бұл олардың не сөйлеп тұрғанын түсінеді, бірақ өзінің
оларға қайтаратын жауабы жоқ, ол: бұлар маған қол ұшын берер,
қалған кісілер алдында өзін арашалап, орынды бір сөз айтар деген
оймен өзінің тап қарсы алдында тұрған əкесі мен шешесіне, елеңдеп,
үркектеп, сасқалақтап көз тастайды, бірақ олар үн қатпайды. Ал əлгі
дауыстар барған сайын қатайып, өрепкіп, жаныға шығады... Олар үмітсенім жайын сұрайды, сен, Дарья, біздердің болашағымызды, үмітсенімімізді үздің — дейді олар даурығысып. Мұның шегініп кеткісі
келеді, бірақ шегінетін жер жоқ: ту сыртынан бір бала мұның орнынан
қозғалмай, қойылған сұрауларға жауап беруін талап етеді, со замат ол
артында тұрған баланың, əлгі ағаш басып қалатын өз ұлы Сенька
екенін біле қояды...
Оның үрейі ұшты, алдындағы елестен əрең дегенде көз жазды. Есін
жинағаннан кейін Дарья: «Ойпырмай, о жақта да үміт-сенімсіз ештеңе
болмайды екен-ау. Еш жерде де болмайды. Демек солай болғаны да»—
деп бір бұлдыр ойға қалды.
Ол орнынан көтерілгесін, қашан аяғын берік басқанша теңселіп
біраз тұрды, сосын төмпешікке иіліп тəжім етіп, көлеңке шұбалып
түскен жаққа қарай бұрылып жүре берді. Басы бұрынғыдан бетер
айналып барады, бірақ Сеньканың бейіті жақын, отыз қадамдай жерде,
ол қиралаңдап жүріп барып, жерге отыра кетті. «Жердің тартуын мені,
тартуын,— деп түйді ол ойын.— Бүгін қай кездегіден де қаттырақ
тартады ғой». Ол баласымен тілдесуден қорқады: шынымен алдаған
адамы осы, басына келмеді, бұ байғұс осынау мəңгі мекенінде, өзі
шыққан ру-тегімен байланыса алмай, қалжырап-қажып бітеді-дағы.
Енді бəрібір ештеңе де жасауға болмайды. Ол ештеңені көрмейтін
көзімен əлдеқайда қадала қарап, еркінен тыс, бір ауыр ойға беріліп
кетіп, оның жауабын да таба алмай, ойланып отыр. Айналасында,
туысқан қарағай-қайың, шетен мен мойыл бұталары арасында, шөп
басып кеткен төмпешіктер астында бүлінген, бұзылған молалар
жатыр, олардың əрбір екіншісінде туыс-бауырлары: інілері, апасіңлілері, ағалары мен жеңгелері, аталары мен бабалары жəне
басқалары жатыр... Олардың саны қанша, бұл əншейін əлсіз ақылымен
көз алдына елестеткені ғана, соның өзі түгел болмаса керек. Жоқ, оны
жер тартып жатыр, тартып жатыр. Бұлардың үстінде жапырақтар
дірілдейді, биік шөп ағараңдай тербеледі. Жоғарыдағы жел жеңіл ұшпа
бұлттарды айдап, күн көзін жаппай, оған соны жабыстыра салды —
күн жарығы күңгірт тартып, көлеңкелер жерден жоғары қарай
көтерілді. Бірден салқын түсті.
Ал Дарья өзіне сауал қойып, соған өзі жауап бергісі келеді, бірақ
жауап таба алмайды. Сонда кім, қандай ақыл иесі жауап береді? Адам
жарық дүниеге келеді, келеді де, бірталай өмір кешкесін тап кəзіргі өзі,
Дарья секілденіп, шаршап-шалдығып, кейде тіпті онша шаршамай да,
дау-дамайсыз кейін кетеді. Рет-кезегі өзіне жеткенше, қанша адамдар
келіп-кеткен, өзінен кейін қаншасы келіп-кетеді əлі! Бұл өзі қазір дəл
бұрылыста тұр: оның бірінші бөлігі бар жəне бола береді, ал екінші
жартысы болған, енді төменге аунап түседі, оның орнына, бұрылысқа
жаңа біреу келіп тұрады. Олар қай жағында көп: алдында ма əлде
артыңда ма? Жəне адам жөніндегі ақиқат шындықты: оның неге өмір
сүретінін кім біледі? Өмірдің өзі үшін бе, балалары үшін бе, балалары
немерелерін, немерелері шөберелерін, шөберелері неменелерін
артына қалдырып кетуі үшін бе, əлде басқа да бір нəрселер үшін бе?
Осынау қимыл-қозғалыс мəңгі болып тұра ма? Ал егер балалар үшін,
қимыл-қозғалыс үшін, тап осылай тынымсыз сынап-мінеу үшін болса
— онда мына молаларға келудің қажеті қанша? Міне, олар,
матералықтар, тұтас бір қол болып осы арада жатыр, өздерінің
бойындағы барын Дарьяға жəне сол сияқты басқа жандарға толығынан
беріп, үн-түнсіз жатыр.— Сонда одан не нəтиже шығады? Талай буын
өзі үшін өмір сүрген адам нені сезінуі керек? Ол ештеңені де сезбейді.
Ештеңені де ұқпайды. Ол бүкіл тірлік бірінші рет, тек өзінен ғана
басталып, өзімен бірге біржолата бітетіндей-ақ, кенеусіз өмір кешеді.
Өлілер, кəне, өздерің-ақ айтыңдаршы: сендер со жақтан, сона бір
меженің ар жағынан ақиқат шындық дегенді анық білдіңдер ме, жоқ
па? Сендер не үшін өмір сүрдіңдер? Біз мұнда соны білуден қорқамыз
жəне оған уақытымыз да жетпейді. Жұрт өмір деп атайтын нəрсенің өзі
не жəне ол кімге керек? Оның өзі бірдеңеге керек пе, əлде жоқ па?
Біздің қанамыздан шыққан балаларымыз, кейін жүре келе шаршап,
ойлана-толғана келе, өздерің не үшін тапқанын сұрайды ғой. Бұ дүние
қазір тарылып қалды. Көкала түтін өзі. Күйік иісі көңірсиді.
«Мен шаршаппын,— деп ойлады Дарья.— Үһ, шаршаппын,
шаршаппын сүлелеп. Тап қазір ешқайда да бармай, осы араға жата
кетсем. Сосын бірдеңемен бүркеніп, көптен сарғая тосқан
тыныштықты тапсам. Жəне бар шындықты бірден білсем. Қара жер
шақырады мені, тартады мені. Сосын ана жақта жатып; сендерде ес
жоқ десем. Сендер неге сонша ақылсызсыңдар? Оның несін
сұрайсыңдар? Бұл тек сендерге ғана түсініксіз, ал мұнда бəрі де, əрбір
тамшысына дейін түсінікті. Біз сендердің əрқайсыңды көреміз жəне
əрқайсыңнан жеке-жеке сұраймыз. Сұраймыз дегесін сұраймыз. Сендер
біздің алдымыздағы көрме сияқтысыңдар, кімнің не істеп, не
қоятынына, нені біліп, түсініп жатқанына дейін қалт жібермей
қараймыз. Шындық дегенің кісінің зейін-зердесінде».
Дарья енді өзінің тірі екеніне əзер-əзер сенеді, осынау сөздерді ол
осы əлгіде ғана біліп, оларды жария етуге тыйым салып үлгіргенше, со
жақтан айтып қалуға асығып тұрған секілденеді. Шындық — кісінің
зейін-зердесінде. Кімнің зейін-зердесі болмаса, оның өмір-тірлігі де
болмайды.
Бірақ ол мұның шала шындық екенін түсінеді. Өмірде не болып, не
қойып жатқанын ең ақырына дейін көріп, есітіп жүру үшін, содан соң
өзі басынан өткеріп сынаған, толық көріп, естіген нəрселерінің басын
қосып қорытып, оның орнына ақиқат шындықты толық білу үшін енді
орнынан тұрып, кетіп қалуы керек еді. Ол орнынан қинала тұрып,
жүріп кетті.
Оң қанаттағы далаңқай өртеніп жатқан жерден ымырт
қараңғылығында қызыл жалын шалқып, алаулап жатыр, барқын
аспанды тесіп, жұлдыздар шығады. Тепсең төсіндегі «патша
самырсын» жападан жалғыз қатулана қарайып, ап-анық көрініп тұр.
Жұрттың бəрі түгелдей талақ етіп тастап кеткен жұрт сияқтанып,
жылт еткен оты, тырс еткен дыбысы жоқ қасіретті Матёра соңғы ағаш
үйлері бұлдырап көзге шалынып, тым-тырыс мүлгіп жатыр.
Матёраны, оның аралын да, деревнясын да сонау тепсеңдегі
самырсынсыз көзге елестету мүмкін емес-ті. Жайылымға шашырап
кеткен бір отар қой арасында қойшы қандай басты тұлға болып
көрінсе, басқа барша дүние ішінен самырсын да тап солай биік, басты
тұлға болып көрінетін. Ол шынында да көне заманның күзет қызметін
атқаратын қойшысын еске түсіретін. Қанша сауатты болғанымен,
самырсынды ешкім де əйел текті «она» деп атауға жүрегі
дауаламайтын; жоқ, ол еркек, «патша самырсын» еді — ол деревнядан
жарты шақырымдай жерде, дөң басында, жұрттың бəріне əйгілі
құдіретті де өктем ағаш, шартараптан көрініп, мен мұндалап хадым
заманнан тұратын. Оның өн бойына алапат күш жинап, асқақтап
кеткені сондай, жалпы тəртіп пен мөлшер үшін көк тəңірісі оны
қысқартуға шешім қабылдайды, міне, сол кезде күн күркіреп, жай
түседі де: «патша самырсынның» басын кесіп, жерге лақтырып
тастайды, əлгі жұрт арасына, əйгілі болған жасын сол. Самырсын
молақтанғасын бір түрлі кішірейіп, аласарып қалғандай болады, бірақ
өзінің
құдіретті,
салтанатты
кейпін
жоғалтпайды,
қайта
бұрынғысынан да айбарлы, бұрынғысынан да өршіл-өжет кейіпке
көшкендей еді. Арал тек осы «патша самырсын» арқылы ғана өзеннің
түбімен, жалпыға ортақ жер-анамен берік бекиді екен, сол ағаш тұра
берсе, Матёра да тұра береді екен — деген аңыз-əңгіменің қай
заманнан келе жатқаны беймəлім. Осы кешегі жақын-жуық жылдарға
дейін, үлкен жылы мейрамдар келген сайын, мəселенки, Пасха мен
Тройцада, жұрт оның түбіне алуан түрлі тағамдарды апарып үйіп
қойып, жарықтықтың көңілін аулайтын, бірақ оған кейін, əлбетте, ит
біткен бір жарып қалатын, бұл өте қажет, əйтпесе самырсынның
өкпелеп қалуы мүмкін деп есептелінетін. Бұл тарту-тарылғылар жаңа
заманда бірте-бірте тыйылды, бірақ қарт кісілердің осынау ең басты,
билеуші патша ағашқа деген құрмет-қошаметі мен қорқыныш сезімі
бұрынғыша кеуделерінде ұялап қалған еді. Əрине, мұның да өз
себептері бар-тұғын.
«Патша самырсынның» арбиған жуан бұтақтары, əдеттегідей,
діңінен жоғарыға қиғаш көтерілмей, тұс-тұсқа қарай жаңа бір дербес
ағаш өскен тəрізденіп, жан-жағына тіпті тік болып жайылып кеткен
болатын. Оның ең төменгі бұтағы жерден төрт метрдей биікте, жеке,
кесе-көлденең өскен еді жəне атам заманнан бері «Патшаның бұтағы»
деп аталатын: бір кездері Матёраның бүлдіршіндей жас қызы Паша
бақытсыз махаббаттан осы бұтаққа асылып өлген-ді. Аралды басып
алған колчакшылар, Паша туралы ештеңені естімесе де, əйтеуір
осындай бір бұтақ барып біледі де, қалың қол ішінен өздерінің екі
солдатын, басқа ағашқа емес, тап осы бұтаққа əкеліп асып қояды. Ол
байғұстар немен айыпты болып қалғанын Матёраның тірі жаны
білмейтін. Қашан мұжықтар барып, сəбилерді шошытпай, өліктерді
тұзақтан босатыңдаршы деп жалынғанға дейін, қарттар мен
жастардың зəре-құтын қалдырмай, дарға асылғандар бүкіл
деревняның көз алдында күні бойы салбырап тұрады. Өлі болса да, о
сорлыларды сонда тағы бір жазаға кеседі: тіке жардан Ангараға
лақтырады.
«Патша самырсын» түбіндегі ен соңғы, мүлде бейкүнə қаза соғыстан
кейін болды: əлгі сол «Пашканың бұтағынан» құлап, бармақтай бала,
Вера Носареваның ұлы опат болды. Тек осыдан кейін ғана еркектер
оны қырқып тастады — мұны бұдан көп бұрын жасау керек еді —
сосын балалар оны өртеп жіберді.
«Патша самырсынмен», міне, осындай талай оқиғалар байланысты
еді.
Өзінің ұзақ өмірінде бұл ағаш қылқандар мен бүрлерін мейлінше
мол төккені сондай, айналасындағы жер кісі аяғының астында
былқылдап, шұқырайып кететін төмпешікке айналған еді, оның құлаш
жетпейтін құдіретті шомбал діңі осы төмпешіктен шыққан-ды. Осы
діңге сиырлар сүйкенеді, оған келіп жел тиеді, деревня бозымдары
таяқ алып келіп, оның шайырын қағып түсіреді де, сосын оны қыздарға
сыйлайды — уақыты жеткесін бе, бір жылдары оның қабығы
сыдырылып түсіп қалды, сонымен самырсын жалаңаштанып, енді
жазғытұрым жасыл қылқанын жамыратып көктете алмайтын болды.
Алыстағы, бес-алты буыннан кейінгі, жіңішке де əлсіз шыбықтары
қурап түсіп жатады. Ал оның cay бұтақтары бұрынғыдан бетер
нығайып, күшейіп, мəңгіге біте-қайнап кетер еді. Ағаш діні ағарып,
тақметін болып қатып қалды; оның тамырлары тарам-тарам болып
дөңбектене көрініп жатқан түбірі өзегі қуарып, шіру дегенді білмей,
темірдей дыңылдап, əндетіп тұрар еді. Самырсынның төменгі ылдиға
қараған жағында, тура жон-арқасында, баяғы заманнан келе жатқан,
ішіне кеулей кірген бір құж-құж қуысы болатын, оның осы бір
ақауынан басқа қалған мүшесінің бəрі шойыннан құйылғандай тұптұтас еді.
Ал оған таяу, Ангара жақ бетінде, жиырма метрдей жерде əлі
көктеп-көгеріп, жапырағын жайып жіберетін бір қайың бар-ды, ол
бірақ жасы жеткен, өлмелі кəрі қайың-тұғын. Бір кезде айбарлы
«патша самырсынмен» қатар бой түзеуге тек соның ғана батылы
барған еді. Содан ол қайыңның əбестігін кешірді, оны қасынан
аластамады. Бəлкім, олардың тамырлары жер астынан бір-бірін тауып,
қосылған да шығар, жарасып кеткен де шығар, бірақ ол мұнда-сыртта,
ел көзінше, адасып жүріп, кездейсоқ тұрып қалған қайыңды көңілі
түсіп, бір жарылқап тастаған түрі осы еді.
Хош, сонымен бөтен кісілердің, оған, «патша самырсынға да»,
тиісетін күні келді. Бұл күндіз де емес, кеш еді, күн батып, аралға
ымырт келе жатқан кез болатын. О кісілер ұзақ екі аптадан бері
Матёрада атқарып жүрген үйреншікті жұмысынан қайтып келе
жатқан. Олар өз ісін қаншама мұқият, қаншама тиянақты істеп жүрсе
де, уақыт бұрынғыдан да тез етіп, жұмыс мерзімі таяп қалған. Сол
себепті де асығуға тура келді. Бұ кісілер жұмысының бір ерекшелігі,
кей кездері со жұмыстың көзін тауып қозғап, жандандырып, жөнге
салып жіберсе болды, сосын ол өз бетімен жалғасып жүре берер еді.
Міне, сондықтан да бет-ауыздары əбден ыстанып, тотығып кеткен екі
мұжық қызыл іңірде жолдан бұрылып, осынау ағашқа жақындай
берген.
Бірінші болып келе жатқан еркек, самырсынды байқап көрмекші
болып, оны балтаның шүйдесімен құлаштап тұрып қойып қалды, бірақ
оның өзгеше бір күшпен мұны қайта серпіп тастағаны сондай, ол
балтасын түсіріп ала жаздады да, шошып кетіп, басын көтеріп ала
қойды.
— Oho!—деді мұжық таңырқап.— Мынау бір нойыс қой! Біз сенің,
нойыс неме, көріміңді... Бес те бес жиырма бес — ойнайтын кісің біз
емес. Сендейлердің талайын көргенбіз.
Олардың жасамыстау екіншісінің қолында канистрасы, деревняға
қарап есінеп тұрды. Оның аяғында балшыққа киетін ұзын қонышты
резина етігі бар, онысы жүрген кезде сықырлап мазаны алады.
Қожайыны жасап жүрген жұмыс тегіне қарағанда, осынау етіктер
мүлде ерсі жəне əншейін тектен-текке қор болып жүрген секілді
көрінеді, оған аяғының қалай шыдап жүргені мүлде түсініксіз еді. Енді
ол, қанша айтқанмен, суға киюге жарамайды, өйткені екеуі де шұрқшұрқ тесіліп қалған-ды.
Мұжықтар ағаш діңін бір айналып шығып, əлгі ойық қуыстың
тұсына кеп тұра қалды. Самырсын жоғары өскенде тіп-тік болып түзу
өспей, сəл ғана еңкейіңкіреп, əлгі қуысты жат көзден жасырғысы
келгендей, соған көлбей өскен екен. Əлгілердің балталысы діңді жанай
шауып, жаңқалағысы келді, бірақ бір ғажабы балтасы ағашқа батпай,
болмашы із қалдырып, дыңылдап тайғанай береді. Мұжық абыржып,
күйе-күйе кенеп қолғабымен ағаш жонын бір сипады, балта жүзіне
үңіле бір қарап, басын шайқады.
— Темір сияқты,— деді ол күбірлеп, сосын əдеттегі арифметикалық
есебі жолымен тағы бір айбаттанып қойды — оқасы жоқ, бəрібір сен
бізден еш жаққа да қашып құтыла алмайсың. Бізде бес те бес —
жиырма бес.
Ол пайдасыз балтасын бір бүйірге тастай салып, сол арада аткөпір
болып жатқан шөпшекті теріп, сындырып, оларды əлгі қуыс түбіне
апарып, айқастырып қоя бастады. Оның серігі үн-түнсіз, бұрынғыша
есіней жүріп, ағаш діңіне жағалатып бензин құйды да, оның қалғанын
үйіліп қойылған шөпшек үстіне шаша салды. Канистраны артына
қойып, шырпы тұтатты. От лап етіп көтеріліп, алаулап ағаш діңін
қуалап кетті.
— Міне, бұл дұрыс,— деді көңілі көншіген сөзуар мұжық жерден
балтасын іздеп жатып.— Қараңғы басып қалған ба, жарық түсірші. Біз
қараңғыны жек көреміз.
Сосын олар деревняға қарай бет түзеп, кешкі асын ішіп, жата кетпек
болды жəне өздері ұйықтап жатқанда оттың көп істі тындырып
қоятынына кəміл сенді. Бұлар кетіп бара жатқанда оттың құдіретті
самырсынның төменгі жағын түгелдей жалынға бөлеп, жоғары
шалқып, лапылдап бара жатқаны сондай, оған шек келтірудің өзі ұят
еді.
Бірақ ертеңіне ертемен олар аралдың əлі бітпей жатқан жұмысы бар
төменгі жағына бара жатып қараса, самырсын түк көрмегендей
бұрынғы орнында тұр.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Матерамен Қоштасу - 15
  • Части
  • Матерамен Қоштасу - 01
    Общее количество слов 3942
    Общее количество уникальных слов составляет 2252
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 02
    Общее количество слов 3917
    Общее количество уникальных слов составляет 2104
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 03
    Общее количество слов 4056
    Общее количество уникальных слов составляет 2187
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 04
    Общее количество слов 4037
    Общее количество уникальных слов составляет 2176
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 05
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2129
    35.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 06
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2090
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 07
    Общее количество слов 4062
    Общее количество уникальных слов составляет 2173
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 08
    Общее количество слов 3952
    Общее количество уникальных слов составляет 2200
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 09
    Общее количество слов 4029
    Общее количество уникальных слов составляет 2114
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 10
    Общее количество слов 3994
    Общее количество уникальных слов составляет 2064
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 11
    Общее количество слов 4040
    Общее количество уникальных слов составляет 2227
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 12
    Общее количество слов 3958
    Общее количество уникальных слов составляет 2184
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 13
    Общее количество слов 4067
    Общее количество уникальных слов составляет 2140
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 14
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2107
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 15
    Общее количество слов 4046
    Общее количество уникальных слов составляет 2145
    35.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 16
    Общее количество слов 4047
    Общее количество уникальных слов составляет 2043
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 17
    Общее количество слов 4004
    Общее количество уникальных слов составляет 2023
    37.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 18
    Общее количество слов 221
    Общее количество уникальных слов составляет 180
    49.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    62.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    67.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов