Latin Common Turkic

Матерамен Қоштасу - 02

Общее количество слов 3917
Общее количество уникальных слов составляет 2104
35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
ілмек таяғымен тауықты іліп алып сенекке лақтыра салды. Содан
кейін бойын жазып, айналасын түк басып кеткен сығыр көзімен
кемпірлерге бір қарап:
— Кур-рва!—деп айқайлап жіберді.
— Міне, əл-дəрменсіз əулие келді,— деді Дарья бей-жай кейіппен,
сосын стакан алмақ болып орнынан түрегелді.— Именбейді өзі. Біз:
Богодул неге келмей жатыр?— деп отыр едік. Самаурын біржола
суымай тұрғанда отыр.
— Кур-рва!— деп тағы да қарқ етті шал дауыстап.— Самаурын! Өлліктерді тон-нап жатыр. Самау-рын!
— Кімді тонап жатыр? Сен не шатып тұрсың?!—Дарья шай құйды,
бірақ шүмек астынан стақанды алмай, бір түрлі тіксініп қалды. Қазіргі
уақыттың өзі солай, тіпті кісі сенбейтін нəрсенің өзіне сенуге тура
келеді; егер біреу, аралды жұлып алып, жаңқа сияқты ағызып барады
десе — далаға жүгіріп шығып, аралды шынында да ағызып бара
жатқан жоқ па екен — деп өз көзіңмен қарауың керек. Күні кеше ғана,
қара жартас тəрізді, мəңгі мызғымай тұра береді деген нəрсенің бəрі
оп-оңай-ақ о дүниеге құлдырай жөнелгені сондай, енді көзіңді жұмып,
бетіңді баса берсең де болады.
— Хрестерді шауып, тақтай мазараттарды аралап кесіп жатыр!—
деді Богодул айқайлап, таяғымен еденді соғып.
— Қайда — бейіт басында ма? Айтсаңшы былай түсіндіріп.
— Ана жақта.
— Кім? Кісіні ынтықтырмай айтсаңшы.— Дарья орнынан тұрып,
стол басынан шетке шықты.— Кім шауып жатқан?
— Бөтен біреулер. Албастылар. .
— Ой, олары кім екен?— деді Настасья аһылап.— Албастылар дейді.
Шай үстінде шешіліп кеткен жаулығын асығыс байлап, Дарья:
— Қыздар, кеттік дереу. Əлде бұл есінен ауысқан, əлде мұның
айтқаны ақиқат шындық?— деп əмір етті.
Зират деревня сыртындағы диірменге баратын жол бойында,
құрғақ құмдауыт дөңесте, қайын мен қарағай арасында болатын, о
жерден алыс төңірек, Ангара мен оның жағалаулары түгел көрінетін.
Тіссіз ұрты опырайып, ернін қатулана жымқырып алған Дарья,
жолдан бірдеңені ысыра салатын кісідейін, қолын алға созып жіберіп,
бəрінің алдында емпеңдей басып келе жатты: оның соңынан Настасья
əрең-əрең ілесіп келеді: демікпесі тынысын тарылтқандықтан,
Настасья аузымен ауа қармап, жиі-жиі басын изей береді. Артта
баланы қолынан жетектеп, Сима мөлтеңдеп келеді. Деревняны сансапалақ еткен Богодул кейін қалып қойды да, зиратқа баса-көктеп,
кемпірлер келіп кірді.
Богодул албастылар деп атаған кісілер қиылған мазаратты,
крестерді бір жерге үйіп, от қойып, бір-ақ өртеп жіберу жөніндегі
істерін аяқтап қалған екен. Жасыл брезенттен күртке киген, бұтында
тап сондай шалбары бар, аю секілді, үйелмендей еркек, зират басына
орнатылған лақса белгілерді бір құшақ етіп көтеріп, молалар үстімен
қорбаңдап келе жатқанда, Дарья ең ақырғы күшін жинап, ілгері
ұмтылып шықты да, бір бүйірден келіп, жолай қолына ілінген таяқпен
оны қолынан қойып қалды. Соққы əлсіз болса да, абыржып қалған
мұжық қолындағы заттарын түсіріп алып:
— Саған не көрінді, не көрінді сонша, əжетай?—деді сасқалақтап.
— Кəне, бұл арадан тай, ала шайтан түге!—деп айқай салды ыза мен
қорқыныштан қалшылдап кеткен Дарья, ол оны ұрмақ болып таяғын
тағы сермей берді. Еркек ыршып, кері шегінді.
— Қой, қой, қария. Сен бүйтіп... кісіге қол жұмсама. Бүйте берсең
байлап тастаймын қолыңды. Сен... сендер... Ол адырайған күрең
көзімен кемпірлерді бір шолып шықты.— Сендер бұл араға қайдан
келдіңдер? Моладан шықтыңдар ма?
— Кет!—дедім ғой мен саған,— деп Дарья əлгі еркекке тап берді.
Кемпірдің ештеңеден тайынбайтын сұсты жүзін көріп, ол кейін шегіне
берді.— Қараңды батыр бұл арадан, көрбақ неме сол! Моланы бұзды
деген не сұмдық!— Дарья дауыс қылды.— Бұларды осы араға қойған
сен бе едің? Сенің əке-шешең осында жатыр ма? Балаларың жатыр ма?
Сен қарабеттің əке-шешең болмаған ғой. Сен адам емессің. Қандай
адамның жүрегі дауалайды бұған.— Ол үюлі жатқан, қалай болса солай
лақтырыла салынған крестер мен мазараттарға қарап, кісінің аза
бойын қаза тұрғызып бұрынғыдан бетер дауыс қылды. О-о-о!
Жаратушы жан ием, мына безерді тұрған жерінде жоқ қылшы,
аямашы. Аяма! Жо-оқ,— деп ол тағы да еркекке қарай тұра ұмтылды.—
Сен бүл арадан тегіннен-тегін кетпейсің. Жауап бересің. Барша елжұрт алдында жауап бересің.
— Сен кемпір, бүйтіп жабыса берме кісіге!—деді мұжық безілдеп.—
Жауап бересің дейсің. Маған бұйрық берді, сосын істеп жатырмын.
Əйтпесе сендердің өліктеріңді үркітіп, маған бірдеңе көрінді дейсің бе.
— Бұйрық берген кім?—Кім бұйрық берген?—деп бір бүйірден
дүрсе қойды Сима Кольканы қолынан ұстаған күйі. Бала жыламсырай
қыңқылдап, əжесін қолынан тартып, ашуға булығып түтеп тұрған,
өңкиген ағайдан əрірек əкетуге тырысты, Сима болса, оның ырқына
көніп, шегініп бара жатып:— Сендер үшін жер бетінде қасиетті орын
қалмаған, жауыздар!—деп шаңқылдап ұрса берді.
У-шу дыбысқа ұйысқан бұта арасынан екінші бір мұжық шықты —
бұл анадан гөрі кішірек, жасырақ та жинақтырақ екен, бірақ бұл да
сойылмен соқсаң да қыңбайтын, бұл да брезент киім киген жігіт екен,
қолында балтасы, жақын келіп тоқтап, бұларға сығырая қарады.
— Сен мыналарға қарашы,— деді аю серігінің келгеніне қуанып.—
Бірден бас салды кісіге. Таяқтарын шошаңдатып.
— Суға батырылатын азаматтар, не жұмыспен жүрсіздер?— деді
маңызданып екінші мұжық.— Біз санитарлық бригадамыз, осы
маңайды тазартып жатырмыз. Санитарлық-эпидемиялық станцияның
бұйрығы бойынша.
Түсініксіз сөз Настасьяға өзін қорлап, тəлкек етіп айтылғандай
болып көрінді.
— Тағы қайдағы сам-аспид-стансья?— деді ол бірден шыжбалақтап
— кемпірлерді келеке еткілерің келе ме! Нағыз аспид — зұлым сенсің!
Сен екеуің де тойымсыз зұлымсыңдар. Құдайдың қаһары соқсын
сендерді. Жəне сен мені балтаңмен қорқытпа. Қорқытпа дедім ғой.
Таста балтаңды.
— Жабысуын бəлекеттің!— Еркек балтасын қасындағы қарағайға
бір соғып, сіңіре салды.
— Сен өйтіп сығырайма. Ұры көзін сығырайтуын қарақты
шайтанның. Сен бізге тікелей тура қара. Кəне, нені бүлдірдіңдер,
зұлымдар?
— Не істедіңдер?! Нені бүлдірдіңдер?!—Дарья дауыстап серігінің
сөзін іліп ала жөнелді. Үсті жалаңаштанып, жетімсіреп, бəрі бір-бірінен
аумайтын мылқау төмпешікке айналған молаларда жаны күйіп,
жəбірленіп, істелген істі ақыл-санасымен ойлап, түсінуге тырысқан
жəне сол істен бұрынғыдан бетер қабағы салынып кеткен кемпірді
осынау молалар өзінің бұзылып-бүлінген түр-пішінімен қайтадан
ашындырып жіберді. Өзін-өзі ұмытқан Дарья тағы да таяғын сермеп,
жақын тұрған аюға тұра ұмтылды, бірақ анау таяқты шап беріп ұстап,
жұлып алды. Дарьяның тізесі бүгіліп, құлап түсті. Оның бірден ұшып
тұруға əл-дəрмені жетпеді, бірақ ол Симаның жан ұшыра айқайлап
жатқанын, баланың да бақыра жөнелгенін, бұған жауап ретінде
мұжықтардың бірдеңе деп дауыстап дүңкілдегенін, сосын ың-жың
айқайды көптеген дауыс қағып алып, жағалай уласып-шуласып,
төңіректі дуылдатып жібергенін естіді. Əлдекім мұны қолтығынан
демеп, тұруына көмектесті. Дарья содан кейін ғана деревнядан біраз
жұрттың жүгіріп жеткенін көрді. Сол арада Катерина да, Татьяна да,
Лиза да, балалар да, Вера мен Егор атай да, Тунгуска мен Богодул да,
тағы басқа біреулер бар екен. Айқай-шудан құлақ тұнады. Мұжықтарды
жұрт қоршап алған, олар салғыласып үлгіре алмай жатыр. Богодул
қарағайға сіңіп тұрған балтаны қолына ұстап алыпты, енді ол ұшы істік
бір қу таяқпен аюды төсінен түрткілеп, артына ұстаған екінші
қолындағы балтаны, əлденеге əзірлегендей, қозғап-қозғап қояды. Егор
ата болса, бірде ыбырсыған крестер мен белгілерден сынып түскен
жұлдыздарға, енді бірде осы ойранды жасаған мұжықтарда үн-түнсіз,
меңірейе қарайды. Əлі қайратты, қорқу дегенді білмейтін қатын Вера
Носарева, бүлінген бір мазардан шешесінің суретін көрді де, көкпеңбек
болып тұлданып, мұжықтарға тап бергенде, олар дереу шегініп,
əйелден бас сауғалай қорғанып жүріп, зəресі ұшып, қатты қорықты.
Айқай-шу мүлде күшейіп кетті.
— Бұлармен тілдесіп қайтеміз — мына ісі үшін тап осы жерде көзін
құрту керек. Нағыз қолайлы орын осы.
— Не істегенін білсін, дінсіздер.
— Бұ жерді харамдап қайтеміз. Оларды Ангараға атайық.
— Қолдары қалай сембейді. Осындай зұлымдар қайдан пайда
болады?
— Сəбізді жұлғандай, жұлып алыпты... Бұл не сұмдық?!
— Бұлардан жер жарықтықты тазартайық. Ол бізге тек алғыс
айтады.— Кур-рвалар!
Екінші жасырақ мұжық, басын əтеш тəрізді кекшитіп, жан-жағына
ұршықтай айналып, жұрттан даусын асырмақ болып:
— Біздің жазығымыз не?! Жазығымыз не?! Айтқанды ұқсаңдаршы.
Бізге нұсқау беріп, осында əкелді. Өзіміз келген жоқпыз,— дейді.
— Алдап тұр. Жасырын қайықпен келген,— деді жұрт оның сөзін
бөліп.
— Сөзге қонақ берсеңші,— деді мұжық қиылып.— Жасырын емес,
бізбен бірге уəкіл де келді. Бізді əкелген сол кісі. Сендердің
Воронцовтарың да осы маңда.
— Қайдағы жоқты қоқсытпа!
— Бізді деревняға алып барыңдар — сол арада бəрін де
анықтаймыз. Олар сонда.
— Е жөн, деревняға апаралық.
— Оның құр бекершілік: жауапты бүлдірген жерінде бересің.
— Бұлар бізден қайтсе де құтыла алмайды. Кеттік.
Сөйтіп еркектерді деревняға қуа жөнелді. Олардың көңілі көтеріле
жадырап, асығыс жүріп кетті. Оларға ілесе алмай қалған кемпірлер
жүрістерін баяулатуын сұрады. Тұсалған кісідейін шоқырақтап келе
жатқан Богодул əлгі өңкектен айрылмай, оның арқасына таяғын
қадаумен болды. Анау артына бір қарап, гүр ете қалады — Богодул
оған езуін керіп, мысқылдай мырс етеді де, қолындағы балтасымен
айбат шегеді. Бала-шағалары алды мен артқы жағында, тап ортасында
мұжықтарды жан-жағынан қоршап, ашу-ызадан жарылып кетердейін,
ебіл-дебіл болып, белдері бүгіліп, кирелеңдеп, əлсіреп, бəрі бірдей
улап-шулап, күре жолдың шаң-тозаңын бұрқыратып келе жатқан осы
бір бүйірі қызып алған, ызалы, шулы тобыр жапырлап келіп, деревняға
кіре берген кезде, бұларға қарсы асығып келе жатқан екі кісімен
беттесіп қалды: олардың біреуі — селолық советтің ал қазір жаңа
поселкедегі поселкелік советтің председателі Воронцов та, екіншісі —
кеңсе қызметкеріне ұқсайтын, бет-пішіні сыған тəрізді ши қалпақты
еркек екен.
— Бұларың не? Не болды сонша?— деп жүріп келе жатып, алыстан
айқай салды Воронцов.
Кемпірлер ə дегеннен жаппай гуілдесіп, қолдарын ербеңдете
сермеп, бірінің сөзін бірі киіп, еркектерді мегзеп жамырап кетті, ал
еркектер енді бірден батылданып, қоршаудан сытылып, сыған түстінің
қасына жақындап барып тұрды.
— Біз, əрине, тиісті жұмысты жасап жүргенбіз, мыналар келіп, бізге
бас салды,— деп мəн-жайды түсіндірді оған жасы.
— Иттер сияқтанып,— деді іле-шала өңкигені, көп ішінен
Богодулды таппақ болып, күрең көзін алақтатып.— Мен сені... бақшаға
қойылған қарақшы...
Ол сөзін аяқтамады, «иттер» дегенге араның ұясындай гу ете түскен
кемпірлер мен оның сөзін Воронцов бөліп жіберді.
— Ты-ныш-талыңдар!—деді ол даусын соза өктем үнмен.— Сіздерді
тыңдаймыз ба, əлде бет-бетімізбен шулай береміз бе? Хал-жағдайды
түсінеміз бе, əлдене жасаймыз?.. Мыналар — Воронцов иегімен
мұжықтарды мегзеді,— зиратта санитарлық тазалау ісін атқарып
жүрген. Оны барлық жерде де жүзеге асыру шарт. Ұқтыңдар ма?
Барлық жерде. Жасалуы шарт. Міне, мына тұрған кісі жолдас Жук, ол
суға батырылатын аймақ жөніндегі бөлімнен келген. Бұл — осы іспен
шұғылданып жүрген кісі, қазір сіздерге бəрін де түсіндіреді. Жук
жолдас — ресми адам.
— Е, бұ кісі ресми болса, мына халыққа жауап берсін. Біз мыналар
өтірік айтты деп ойласақ, ал сіз ресми адам екенсіз. Біздің
зиратымызды жермен-жексен ет деп бұйрық берген кім? Онда жатқан
адамдар — айуандар емес. Мола-мүрделерді былғап, бүлдіруге
жүректерің қалай ғана дауалады? Кəне, жауап берсін бізге. Кейін
өлілердің өзі сұрайды əлі сендерден.
— Мұндай сұмдық тегіннен-тегін кетпейді!
— Қасиетті əулие анамыз! Мұндай бəлені де көрдік? Масқара
қорлықтан суға батқан артық!
— Тыңдаймыз да, əлде не істейміз?..— деп қайталады сөзін
Воронцов дауысын қатайтып.
Жук жайбарақат, тіпті үйреншікті əдеті бойынша ма, əйтеуір
жұрттың тынышталуын тосып тұр. Оның түр-пішіні шапқылаумен
жүріп шаршаған кісінің түрі тəрізді, сығанға тəн қараторы өңі қабарып,
сұрланған. Жергілікті халықпен тап осылай бірінші рет түсінісіп
тұрмағанын ескерсек, осынау жұмыс оған, шамасы, оңай тимейтін
тəрізді. Бірақ ол сөзін асықпай, емін-еркін бастады, үнінен тіпті
бұларды мүсіркеп тұрғандай да бірдеңе сезіле ме қалай?
— Жолдастар! Бұл арада сіз тараптан бір түсінбестік болған. Бізде
арнаулы қаулы бар,— қанша ізетпен айтылса да, «шешім, қаулы,
тоқтам» деген сөздердің қайрат-күшін Жук жақсы білетін,— иə, су
қоймасының бүкіл алабын санитарлық тұрғыдан тазарту туралы
арнаулы қаулы бар. Сол сияқты зираттарды да тазарту туралы... Суды
жібермей тұрып, ең əуелі сол батырылатын жер аймағын жөнге
келтіріп, территорияны əзірлеу керек...
Егор ата шыдамады:
— Сен сиыр құйымшақтағанды қой. Сен одан да ана крестерді қай
қажетіне жаратам деп қырықтың, соны айт?
— Мен жауап беріп тұрмын ғой,— деді ол қиқаң етіп, налып
қалғандықтан да тезірек сөйлей жөнелді.— Өздеріңіз де білесіз, бұл
арада телегей-теңіз шалқып, үлкен кемелер жүзеді əлі, жұрт сейілсеруен құрады... Туристер мен шетелдік туристер жүретін болады. Ал
сонда сіздердің крестеріңіз қалқып шыға келеді. Олар су астында,
мола-моланың басында қалқиып тұрмайды, су шайқап, жұлып алып,
ағызып əкетеді... Осыны да ойлауға тура келеді бізге...
— Ал сіз бізді ойладыңыз ба?— деп шаңқ етті Вера Носарева.— Біз
де тірі жанбыз, əзірге осы арада тұрып жатырмыз. Сіз күні бұрын
туристер қамын ойлап тұрсыз, ал мен əлгіде ғана сендердің мына
доңыздарыңнан кейін, жерде жатқан жерінен шешемнің фотосуретін
тауып алдым. Бұ қалай? Мен енді оның моласын қай арадан іздеймін,
оны маған кім көрсетеді? Кемелер жүзеді... Сенің о кемелерің қашан
жүзеді, ал мен енді бұл жерде қалай тұрмақпын. Мен сенің əлгі
туристеріңе...— Вера тұтығып қалды:—Мен қазір осында тұрып
жатқанымда, туған жерімді басып жүргенімде, оны қорлап,
зорламаңдар. Осы бір тазарту деген бəлелеріңді біз көрмес үшін, ең
ақырғы кезде жасауларың керек еді...
— Қайдағы ақырғы күн? Бізде көшірілетін жетпіс елді мекен бар,
солардың кез келгенінің зираты бар. Хал-жағдайды білмесеңдер,
сөйлемеңдер түге.— Жуктың да уысы көпе-көрінеу қатайып барады.—
Сегіз зират толығынан көшіріледі. Ең акырғы кез дегенің осы. Бұдан
əрі сағыздай соза алмаймыз. Менің де басы артық уақытым жоқ.
— Сен жұрттың басын қатырма.— Деревня халқы Егор атаны бір
қозғаудың қиын екенін, ал бір қозғаса, енді қайтып ештеңемен тоқтата
алмайтынын жақсы білетін. Бұл атайдың арқасы ұстап, қызған үстіне
қызып, күйіп-жанып тұрған шағы еді.— Қайдан келсеңдер, сол жағыңа
тайыңдар,— деп жөн сілтеді ол.— Зиратқа енді қайта тимеңдер.
Əйтпесе мен қолыма берданкамды аламын. Сенің ресмилігіңе
қарамаймын. Ресми болсаң, қоқырайтып қалпақ кигенше, əуелі
адамдарды сыйлай біл. Ал ырғалып келгендегі тапқан жұмысың осы
ма! Мұндай жұмыс үшін бұрынғы заман болды бар ғой...
— Əй, мыналарыңа не болған?!—Жүктің өңі қуқыл тартып, жəрдем
күткендей Воронцовқа бұрылды.— Бұлар, шамасы, түсінбей тұрған
тəрізді... Əлде түсінгісі келмей ме. Немене, бұлар бізде не болып, не
қойып жатқаннан хабарсыз ба қалай?
— Кур-рва!—деді Богодул ұмсына түсіп.
Воронцов кеудесін шіреп, айқайға басты.
— Сендер неге улап-шулап кеттіңдер. Неге шулайсыңдар а? Бұл ара
сендерге базар емес!
— Эй, Воронцов, сен бізге айқайлама,— деп оның сөзін үзіп жіберді
Егор ата жақынырақ келіп.— Сен өзің бұл араға күні кеше ғана
келгенсің. Нағыз турист өзіңсің... Тек теңізден бұрын тасыраңдап өзің
жетіпсің. Саған қайда тұрсаң да, бізде ме, əлде басқа жерде ме — бəрі
бір. Ал мен Матёрада туғанмын. Əкем де Матёрада туған. Атам да
солай. Мен бұ жерде қожайынмын. Ендеше мен осы аралық екенмін —
сен маған əкіреңдеме.— Егор ата қап-қара күсті саусағын шошайтып,
Воронцовтың мұрнына тақап, сес көрсетті.— Жəне мені талағаныңды
тоқтат! Ел-жұртқа масқара болмай, жəйімен көз жұмайын.
— Сен, Карпов, халықты бүлдірме. Нені талап етсе, соны жасаймыз.
Сенен рұқсат сұрамаймыз.
— Қараңды батыр!..— деп Егор ата Воронцовты бір сыбап алды.
— Е мұның жөні басқа,— деп келісе кетті Воронцов.— Тап осы
күйінде есте сақтаймыз.
— Сақтасаң — сақта. Қорқақты тапқан екенсің.
— Бір қорғаушысымақ табылыпты ғой.
— Сен сияқтылар толып жатыр!
— Күнəдан аулақ, құрыңдаршы түге тезірек.
Кемпірлер қайтадан кіжініп, улап-шулап, Воронцовты, Жук пен
мұжықтарды анталай қоршап алды. Вера шешесінің фотосуретін
Жуктің мұрнына тақап-тақап қояды — ол шегініп, жиіркене кіржиеді;
екінші жағынан оны Дарья мен Настасья қыспаққа алады. Жуктың
қалпағы бір жағына қисайып кетті де, мойылдай қап-қара бұйра шашы
көрінді, сөйтіп оның сығанға ұқсас екені бұрынғыдан бетер анықтала
түсті — ол тап қазір шыдамай, сығандарша бір рет қиқулап, секіріп
түсіп, өз тілінде оңды-солды сөйлеп, анталап тұрған адамдардың
бəріне бір-ақ жауап беретіндей болып елестеп кетті. Катерина кемпір
бірден Воронцовқа жабысып, оған əлсін-əлсін тап-тап беріп: «Ондай
правоң жоқ, ондай правоң жоқ»— деп қадалады. Воронцов одан
тайқақтап, шегінгісі келіп еді, осы у-ду кезінде трубкасын сорып, үнсіз
тұрған Тунгусқа оның алдына барып тұра қалды да, сен ана
Катеринаны тыңда дегендей, үн-түнсіз оған кемпір жақты нұсқады. Ең
басты, негізгі дауыс иесі ретінде Егор атай гүжілдеп жүр. Міне, осынау
бірте-бірте күшейіп қыза түскен ала-топалаң айқай-шу ішінде, бірбірімен əзер дегенде бірер ауыз сөз алмасты да, Воронцов пен Жук
қалың нөпір арасынан қысылып-қымтырылып əрең шығып, деревняға
қарай беттеді. Əлгі өңкиген Богодулдан балтаны тартып алғысы келіп
еді, бірақ Богодул гүр етіп, балтаны сермеп қалды — сол араға келіп
қалған Егор ата өңкекке:
— Сен, жігітім, онымен байқап ойна. Ол бізге жер аударылып келген.
Taп қазіргі сияқты, біреуді шоқпармен сипаған дейді...
— Қылмысты ма сонда?— деп сұрады əнтек.
— Иə-иə.
— Бəлкім, менің өзім де қылмысты шығармын.
— Е, ендеше сынасып көріңдер. Біз қарап тұрайық.
Бірақ өңкек сəл мүдірді де, бұған қарап, шоқтай жайнаған қып-қызыл
көзін қысып тұрған Богодулға көз қиығын бір тастап, өз кісілерін қуып
жетпек болып жүгіре жөнелді. Енді бір сағаттан кейін төртеуі түгел
қайықпен Матёрадан жүріп кетті.
...Ал кемпірлер болса, қас қарайып, түн батқанша зират ішінде
бүкшеңдеп жүріп, крестерді орын-орнына қайта тығып, мазараттарды
орнатып жатты.
4
Богодулдың Матёраға тұңғыш рет қашан келгенін білетін кісілер азтұғын — енді ол осы маңнан атам заманнан бері айналсоқтап шықпай
жүрген кісі секілденеді, əлде бір күнəсі үшін бе немесе басқа бірдеңесі
үшін бе, əйтеуір Богодул деревняға, о дүниеге күллі тізбегімен бірге
кеткен бұрынғы кісілерден олжа болып қалған-ды. Бұлар тек оның бір
кездері, өзен бойындағы деревняларды аралаған сапарында, жолай
Матёраға бұрылып, жүзіп келіп-кетіп жүретінін білетін. Сонда оны
əрнені айырбастаушы ретінде білетін: ол бізді тұзға айырбастайтын.
Шынында да ол қорапқа жіп пен инелерді, крөжке, қасықтарды,
түймелер мен сабынды, тоға мен қағазды толтырып алып, бұларын
жұмыртқаға, нан мен майға, көбіне жұмыртқаға айырбас жасайтын.
Жұртқа мəлім жəйт, дүкен көрінген деревняда бола бермейді,
шаруашылыққа қажет нəрсе қос астында дайын тұрмайды, ол Богодул
болса, со сəт жетіп келеді, есігіңді қағады: саған мына нəрсе, хана нəрсе
керек емес пе?— деп сұрайды. Керек болғанда қандай? Сөйтіп
Богодулды жағалай шақырып, он жұмыртқаның үстіне тағы да екеуүшеуін, кейде тіпті бесеуін де артық салады, шүкір, əйтеуір, тауық
жұрттың бəрінде бар — о жұмыртқаларды ол кейін сельпоға өткізіп,
айналымға қосады да жібереді. Мұндай айналымнан оның байып
кетпегені анық, бірақ тамағын табады жəне аяқ-қолы аманында
тамақтан тарығып көрген емес.
Əлде Богодулды Матёрада жұрттан гөрі көбірек қадірледі ме, əлде
басқа бір себебі болды ма, əйтеуір, осы арал оған ұнайды, ал енді гəп
мекен-жайға келіп тірелгенде, Богодул Матёраны қалап алды.
Үйреншікті əдеті бойынша келді, бірақ кіндігі жабысып қалғандай,
кетпей қойды. Жазды күні кейде біраз уақыт кетіп қалады, шамасы,
сүйегіне сіңген сандалма тірлігі шыдатпай, белгісіз бір жаққа қуалап,
əлденені жалына-жалбарына өтініп, маза бермейтін тəрізді, бірақ
қыстыгүні орнынан қозғалмайды: бір апта бір кемпірдің үйінде тұрса,
екінші аптада басқа біреуін паналайды, əйтпесе жағылып біткен
моншаға кіріп, түнеп шығады — сосын ұзамай көктем де келеді, күн
жылысымен Богодул өзінің «пəтеріне»— Колчактан қалған баранка
барып кіріп алады.
Жұрт ұзақ жылдар бойы Богодулды көп жасаған шал деп білетін,
бірақ ол со баяғы бірінші келгендегі кейпінен айнымай, ұзақ жылдар
бойы өзгеріссіз, бір қалпында тұрып алды, шамасы, құдай тағала өз
алдына, тым болмаса бір адамды бірнеше ұрпақпен бірге жасатпаққа
мақсат қойған секілді. Ол ұдайы жалаң аяқ жүретін де, аяғын асықпай
аршындай басып, арқасын бүкірейтіп, дудыраған шашына торғайлар
емін-еркін ұя салатындай, дəу қазан басын кекірейтіп, салмақпен
балпаңдап бара жататын. Бет-аузына ұйыса біткен қалың түк
арасынан етті де шошақтау дөң мұрны мен ұдайы қанталап тұратын
қып-қызыл көзі жылтылдап тұрар еді. Көктем жылт етіп шыққаннан
алғашқы қарға дейін Богодул тас-қиыршақ, тікен-шөгір дегенді
елемей, тек қана жалаң аяқ жүреді, оның жалпақ табан, қап-қара
аяғының терісі, тері түрінен баяғыда арылып, күс басып мүйіздей
қатайып кеткені сонша, оның ескі сүйегінің үстіне қабаттаса жаңа
сүйек өскендей болып көрінетін. Бір кездері ауыл балалары жыланды
оңай ұстауға машықтанып алды: олар таяқпен жыланды басып,
мойнынан қысып ұстайды да, қыздар мен қатындарды қорқытпаққа
жүгіре жөнеледі. Бір күні байқаусызда қолдан шығып кетіп, жол
бойымен жылжып бара жатқан, айналасында бала-шағалар секіріп
жүрген жыланды көрді де, Богодул кеп ойланбастан оған жалаң
табанын тоса қойды — жылан шап етіп, тісімен бір шанышқанда, тесе
алмады да, тұмсығы тасқа тигендей жасып қалды. Осы оқиғадан кейін
балалар жаңа бір ермек тапты: ұстап алған жыландарының бəрін
Богодулге əкеледі, ал ол кісі барағының алдындағы қойтасқа отырып,
қолымен аяғын көтеріп, жылан біткен оқтай атылып, мұның мүйіз
табанын теспек болғанда, ол аяғын əлде біреу қытықтап жатқандай-ақ
кеңкілдей күліп, əлгі жəндіктерді мазақтап:
— Кур-рва!—дейді жаны рақаттана жай тауып.
Өзге кісілер қолданбаса ісі оңға баспайтын мың сан сөздің орнын
оған осы бір сөз ғана алмастырар еді. Богодулге осы сөз де жететін. Ол
поляк па, əлде басқа ма қайдам, əйтеуір орысша сараң сөйлейтін. Бірақ
соның өзі əңгіме сөз емес, керекті бір нəрсені əлгі «курвамен» жəне
оның ағайын-туыстарымен үсті-үстіне тұздықтай отырып, жай ғана
түсіндіретін бірдеңе болып шығатұғын. Мұжықтардың бағзы бір
кездері қайдағы жоқ қияңқы-қитұрқы сөздерді тауып яки
қазымырлана қадалып боқтайтыны бар, бірақ ешкім де тап мына
кісідей боқтаудан лəззат алып көрген емес: ол боқтық сөзді қалай
болса солай айта салмайды, ол оны сүйсіне сылап-сипап, мүсіндеп,
майлап-сулап, оған əлде бір мейірім-ықылас немесе ыза-зəр дарытып,
атып жібереді. Бөтен кісілердің боқтағаны құлақты сарсытқан
үйреншікті сөгіс есебінде, кісінің қаперіне де кірмей, жолай жоғалып
жатса, Богодулдың боқтауы əңгіме болған нəрсенің күллі мəнмағынасына дəлме-дəл тиіп жатар еді. Қанша айтқанмен, сирек те
болса, Богодул кемпірлермен сөйлесіп қалатын — жасырып қайтеміз,
мұндай кезде де бір курва екінші курваға мініп, оны курвалап айдап
отырады екен, дегенмен де бұл өзге кісілердің де тыңдауына болатын,
бас-аяғы сабақтас, түсінікті əңгіме-сөз болар еді.
Кемпірлер Богодулды жақсы көретін. Мұның оларды қандай
қасиетімен сиқырлап, тəнті қылып қоятыны белгісіз, əйтеуір осы шал,
мəселенки, сол əлгі Дарьяның табалдырығын аттаса болды, кемпір не
жұмыс істеп жатса да, со жұмысын тастай салып, оны қарсы алып,
асты-үстіне түсіп, бəйек болар еді.
— Амансың ба, Дарьюшка!—деп гуілдейтін ол қарлығыңқы
дауыспен.
— Сəлем берсең, саламат бол!—деп жауап қататын Дарья сабырлы
қуанышпен.— Келдің бе?
— Құдайдай болып келдім,— деп боқтығын бұрқыратады.
Дарья образға қарап, шал айтқан жəне айтатын балағат сөзі үшін
құдайдан кешірім тілеп, бір шоқынады да, самаурын қайнатуға асығыс
кіріседі.
— Настасья! Шайға кел, Богодул келді!—деп дауыстайды ол шетен
арқылы. Ар жағынан Татьянаны да шақыр, ол да келсін.
Богодулды кемпірлер жақсы көргесін, əрине, шалдардың жек
көретіні анық. Тек ас ішіп, аяқ босатар бөтен біреу, оның үстіне ақылы
кеміс диуана, өзімен əңгімелесіп, бірдеңені білу де қиын — осы бір
кемпірлердің басын шыр айналдыратын жадының қандай адам екенін,
шайтан білмесе, кім білсін. О кемпір өзінін жүз атадан бері туыс болып
келе жатқан адамына самауыр қоюды ұмытып кетеді, ал оған
ұмытпайды, бұл алаяқ кейуанаға шынымен-ақ осынау қайғы-қасірет
азабын көп тартқан жерге түсіп, өзінің күнəкар да дуаналық түрпішінімен тірі пендені түгел сынап жүрген құдайдай болып көрінеді.
Шалдар бұған күңкілдейді де қояды:
— О жер ауған қарақшы! (Богодулды кезінде кісі өлтіргені үшін
Сібірге жер аударыпты деген сыбыс барды).— Қанша күңкілдегенмен,
оған төзіп келеді: кемпір-сампырмен ұстаспағанның өзі жақсы, қанша
айтқанмен ана шалдың да аты адам, ит емес қой. Күллі жарық
дүниедегі көк тиындық пайдасы жоқ нағыз зиянкес болса да, қайтерсің
енді, адам ғой əйтеуір.
Соңғы жылдары əуелі қауесет тарап, сосын, жүре-келе көшіреді
деген əбігер басталғалы осы бір мəселеге қай жағынан болса да қатысы
жоқ бірден-бір кісі Богодул болатын — ол əлде сол уақытқа дейін өліп
те қалармын деп, не болмаса, осы арадағы сияқты, жаңа жерде де
кемпірлердің қасына жантаярмын деп ойласа керек. Енді бұлар үшін,
бүкіл тірлік тек осы мəселеге келіп тірелетін, əңгіме-сөз не жөнінен
болса да, ол қай кезеңге қарай бұрылып кетсе де, əлдекім сөзге телініп
жатса да, соның бəрі бір түйінмен — Матёраның жақында суға
батырылатыны жəне өздерінің тез арада көшетінімен бітетін. Богодул
да осы арада отыр, отырғанда тасты тасқа жанығандай өзінің
қабыршақтанып-мүйізденіп кеткен аяғын екінші аяғымен тыр-тыр
қасып қояды да, шайдан кейін мұрнын шуылдатып, ауыр тыныстап,
тұнжыраған қалпы:
— Хах-қысы жоқ,— деп қырылдайды.
— Хақы бар болса, ол қалайша жоқ болады,— деп бас салады
кемпірлер оған əрі налып, əрі үміттене қарап.— Бізден рұқсат сұрайды
дейсің бе?
— Хах-қысы жоқ. Қалың жұртқа... тасқын... Кур-ва... хақы жоқ. Мен
заңды білемін.
Сосын сұқ саусағын жоғары айбаттана көтеріп, одан бірдеңені талап
еткендей ызалана қарайды.
— Құдайдың құлы, сен сорлы қайда барып паналайсың?—дейді
кемпірлер жаны ашып.
— Еш жаққа кетпеймін!—дейді Богодул дауыстап.— Тəңірі атсын
түге! Хах-қысы жоқ! Тірі күнімде, кур-рва!
— Егер судың алдын бөгесе, сен жападан-жалғыз оны тоқтата
алмайсың ғой. Саған да құрық салып, бір жаққа жөнелтетін шығар.
— Тірі болсам... кур-рва!—дейді ол қасарып.
Зират басында болған оқиғаның ертеңіне ол Дарьянікіне, дағдылы
əдеті бойынша, кешке салым келмей, ертеңгісін келді — ол мұны
түрегеліп қарсы алмады, сөйлеспеді де, тынымсыз жұмыстан еті
қашып қуарып, сүйектері шодырайып кеткен тарамыс қолын тарақтай
ұстап, тізесінің арасына түсіріп жіберіп, еңсесін көтере алмай, тапшан
үстінде тапжылмай отыр екен, есікке таяу сəкі үстіне отырып жатып
Богодул бір жөткірініп қойды — магазиннен алынған жаңа мебельді
Павел совхоздағы пəтерге мұз сөгілмей тұрғанда апарып тастаған,
мұнда тек ескі-құсқылар ғана қалған-ды, Богодул тағы да бірер
жөткірініп, мына жайына көңілі толмай, бірдеңе деп күңкілдеді де,
Дарьяның сөзін күтіп үнсіз отырып қалды. Бірақ ол əлсін-əлі ауыр
күрсініп, ештеңені көрмей, белгісіз бір нəрсеге қарап отырған көзін
Богодулға жəйімен, зілдене бір тастап қойып, оны танымайтын немесе
оның мұнда неге, нендей жұмыспен келгенін түсінбейтін кісі тəрізді,
шалмен сөйлескісі де, шай ішкісі де келмей, үн-түнсіз отыра берді.
Уақыт сəскеге таянған мамыражай тыныш кез еді, арқан бойы
көтерілген күн жадырап, жарқырап тұр, бірақ əлі ыстық уытын бойына
жинап, жерді онша қыздыра қоймай, жаймашуақтанып тұр, бұл тіпті үй
ішінен де сезіледі: терезе сыртындағы сəуле де бір. түрлі сүле секілді,
айналадағы алуан түрлі у да шу бұл жаққа, осындағы тыңдар құлаққа
құйылғысы келмегендей, басқа жаққа ағындап кетіп жатыр. От
жағылмаған үйде онша ыстық та, суық та емес, орташа ғана қоңыржай
жылылық бар — ұйқы кезіндегі тəрізді ол тіпті сезілмейді де; терезе
жанындағы шыбындар бір сарынмен, кісіні мезі етердей ызыңдап,
əйнекке соғылып жатыр, малға арналып құйылып қойылған, бірақ əлі
далаға шығарылмаған шелектегі жуындыдан ашқылтым бір иіс
шығады; кешегі кештен бері стол үсті əлі жиналмапты, Богодулға
арнап кешкілік құйылған бір стақан шай сол қалпында əлі тұр. Богодул
со стақанды енді ғана көрді де, жетіп барып, қағып салды — Дарья
сонда ғана қимылдап:
— Жаңадан шай қояйын ба?— деп сұрады.
Ол басын шайқады: керек емес — деп, бірақ кемпір оған қарамастан,
орнынан тұрып, самауыр қойды. Бір шетінен басталған іс оны əрі
қарай жетелей берді: ол жуындыны шығарып, тауықтарға жем шашты,
олар жапа-тармағай шулап, жемге бас салды, сосын қайтып келіп стол
үстін жинастырды, сенектегі самауыр əндетіп, бұрқылдай бастаған
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Матерамен Қоштасу - 03
  • Части
  • Матерамен Қоштасу - 01
    Общее количество слов 3942
    Общее количество уникальных слов составляет 2252
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 02
    Общее количество слов 3917
    Общее количество уникальных слов составляет 2104
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 03
    Общее количество слов 4056
    Общее количество уникальных слов составляет 2187
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 04
    Общее количество слов 4037
    Общее количество уникальных слов составляет 2176
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 05
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2129
    35.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 06
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2090
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 07
    Общее количество слов 4062
    Общее количество уникальных слов составляет 2173
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 08
    Общее количество слов 3952
    Общее количество уникальных слов составляет 2200
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 09
    Общее количество слов 4029
    Общее количество уникальных слов составляет 2114
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 10
    Общее количество слов 3994
    Общее количество уникальных слов составляет 2064
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 11
    Общее количество слов 4040
    Общее количество уникальных слов составляет 2227
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 12
    Общее количество слов 3958
    Общее количество уникальных слов составляет 2184
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 13
    Общее количество слов 4067
    Общее количество уникальных слов составляет 2140
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 14
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2107
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 15
    Общее количество слов 4046
    Общее количество уникальных слов составляет 2145
    35.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 16
    Общее количество слов 4047
    Общее количество уникальных слов составляет 2043
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 17
    Общее количество слов 4004
    Общее количество уникальных слов составляет 2023
    37.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Матерамен Қоштасу - 18
    Общее количество слов 221
    Общее количество уникальных слов составляет 180
    49.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    62.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    67.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов