Latin Common Turkic

Дауылдан кейін - 29

Общее количество слов 3997
Общее количество уникальных слов составляет 2415
32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
47.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
қазақ түгілі орыстың өзіне қарайласады. Жұдырықтай баласы, қаусаған
шалына дейін қарап отырмайды. Өңкей еңбекқұмар. Үйлерінде кір
жоқ, шетінен əппақ шағаладай. Ақтың үстіне əдемілікке түрлі бояумен
өрнек жүргізеді. Мая салысы тамаша: қоян жон, су өтпейді, бір мінсіз.
Ат-тұрмандары, арба шаналары да оңды. Жол үстінде бірдемесі үзіліп
не сынып жатқан немісті көрмейсің. Бұл поселкеге кіре бергенде-ақ
қыр қазағы еңбек шеберлігі, еңбек мəдениеті дегенді сезіне бастайтын.
Сыздықтың ойындағы осы поселкенің елесі. «Көп ауыл» осы дəрежеге
жетсе ырза. Өйткені одан жоғарыны Сыздық əлі көрген жоқ. Əсем көк
астымнан кетпесе, «Көп ауыл» көше түзеп көшпелі елдің ішінде
көрнекті поселке болса деген ойын аяқтамай егін-жайдан шықты.
Ендігі беті Жылқыбай ауылы. Қорықты басқан жалпақ суға соқпай,
айнала жүріп, арғы бетке өтпек. Балғын даланы басына көтере əн
шырқады:
Қамысы Əупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым мен қайғының суын іше.
Қанаты ұшқан құстың маған бітсе,
Барар ем сол қалқаға əлденеше.
Соңынан ерген қос аққасқа кенеттен көтерілген əнді «айтақ!» па деп,
қапелімде орғи-орғи жөнелсе де ұзамай тоқтады. Аңсырап елең-елең
етеді. Бұл жақта бұл кезде аң болмайды. Қары ертерек кететін
қыратқа, қорықтың арғы жағына шығып кетеді. Сыздық ауылға
жеткенше əндетті. Жылқыбайда жөнді ауыл бар ма. Екі-ақ үй. Екі үйде
он үйдің иті бар. Бір топ ала мойнақ лап қойды. Кəрісі күрілдеп, жасы
шапылдап ортаға алса да қос қасқа қайқиған құйрықтарын жазған жоқ.
Тіпті қымсынбады. Қырып жіберердей дүрліге жүгірген көп
шуылдақтың бірі ауыз сала алмады. Үндері өшіп, құйрықтарын қысып,
кейін шегінді. Жылқыбай көшіп жатыр екен. Еңсесі түсіңкі, жоғары
қарамайды.
— Ассалаумаликүм, Жықа. Көш көлікті болсын. Мал-жан аман ба?—
деп Сыздық жалпылдай амандасты. Жылқыбайдың мінездерін де
талай келемеж қылған, жаңа бірдеме табам ба деп, тінте қарап тұр.
Жылқыбай жылы амандасқан кісіден бірдеме сұрай ма деп жылыстай
беретін. Сыздықтың мазағынан қашып, онымен, тіпті, жөнді
сөйлеспейтін. Бұл жолы əдеттен тыс мінез көрсетті. Салған жерден
жарыла сөйледі:
— Əзір аманбыз, шырағым. Айтсаңшы, не білгенің бар, тұтанды ғой
мына дүние?!
— Жықа-ау, оның не айтатыны бар. Балбыраған көктемде тұтанса,
қураған күзде өртенеді де.
— Шын түсінбей тұрмысың, қылжақтап тұрмысың? Əлгі бір суық
хабарды айтам. «Кəмпеске» ме еді, немене?
— Е, ол жылы хабар ғой, босқа тітіркенесіз.
— Басы ауырмағанның құдаймен несі бар деген осы! Əйтсе де
тыңдашы, «Қосшының» бастығысың ғой. Мен совет байы емеспін бе?
Советтен бұрынғы күнім бəріңе белгілі. Құдай да əркімді бас-басына
сұрайды. Сүр байға қосып, қосақ арасында жібермеңдер. Шəкенді бүгін
шауып алса түгі кетпейді. Ол былтырдан бері сатынып, тығынып
болған. Іші майлы. Мен сорлы ішпей-жемей қалтақтап, қыстан азар
шығып тұрғанда сыпырып əкетсе, ішқұса боп өлем де.
— Совет байын сыпыра қоймас. Сыпырса біздің жатаққа келіңіз.
Ақжазықты еміп, ойнап-күліп жатайық.
— Сен жындыға қор болған есіл сөзім!— деді де Жылқыбай көшін
қозғады. Түрі тіпті аянышты. Көзінің сорасын да сүртпеген. Күрсіне
береді. Бұрынғыдай малайына ақырмайды, бажылдамайды.
— Сəметжан, баста, тарт! Е, құдай, өзің оңда!— деп барады. «Иттің
баласы», «əкеңнің көрін...» дейтін əдетті боқтауының бірі жоқ. Атына
«жан» қосылған Сəметтің қабағы көтеріңкі. Қожасының бүйрек бет
тоқалына сұқтана қарайды. Тоқал оған «көкшешек келгір» десе де көзі
күлім-күлім етеді. Сыздық көшке біраз ере отырып, осыларды
байқаған соң, ішінен: «Шалым, шаруаң бітуге жақындаған екен» деді де
озып кетті.
Қорықтың бұл бетіндегі ауылдар бүгін əу дессе керек. Əр тұстан
андағайлаған көш, айдаған мал көрінеді. Қары ертерек кететін қырат,
белестердің көгі мал аузы қарбытарлықтай болып жетіліп қалыпты.
Барлық көш беттеген сонау қайқаңдағы жайлау жолының үстінде
көлігі болдырған ба, арбасы сынған ба, манадан тапжылмай бір қара
жатыр. Көктемнің дағдылы көріністеріне Сыздық жаңа көргендей
қызыға қарап келеді. Міне, алқаракөк, бүртік бетегелі, қоян жон ұзын
белеске көтерілді. Белес үсті шып-шыбар: қызыл, сары, ақ, көк... неше
түрлі қызғалдақ, қызғалдақтан да түрге бай, қуана ұшқан алуан-алуан
көбелек. Жерде сұр тарғақ қыңылдай жүгіреді. Аспанда бозша торғай
жақ жаппай шырылдайды. Астында аузымен құс ілерлік əсем көк,
айналасы безенген, құлпырған сұлу дүние, арқасын күн қыздырса,
алдынан хош иісті самал желпіп Сыздықтың көңілі тасып барады. Əлгі
жол үстінде көрінген қараға жүгірте келіп тоқтады. Ырдуан арбаның
астында бір əйел, екі еркектің бөксесі бүлкілдейді.
— Көш көлікті болсын. Бұл не жатыс?
Терлеп-тепшіп арба астынан жылпос Жақып шықты. Жуан бөксе
əйелі қоса шықты. Жақып ентігін басыңқырап, насыбайын атқан соң
ғана амандыққа келді:
— Мал-жан аман ба? Құдай бір темір табан арбаға қолымды
жеткізбей-ақ қойды. Мынау ит манадан сілемді қатырды:
— Бабын таппаса сол темір табанда сынады,— деді де Сыздық
арбаға үңілді. Алдыңғы дөңгелектің бір қимасы түскен екен. Үшеулеп
көтере алмаған арбаны қайың бақанмен жалғыз көтерді. Қиманы
орнына салды. Сыналап, су құйып ісіндіріп бекіткен соң, ырдуан
белгілі айғайына қайта басты. Жақыптың көнтек ауыз, жуан бөксе
əйелі ырдуан үстінде өгіз айдап келеді. Сыздық соның астыңғы жағына
қарай береді. Астында бір бума жатыр. Қысты күні апанда көрген
бумадан айнымайды. «Апанға неге тығады? Болыс кезінде парадан
алған дүние болып қуыстанғаны ма?.. Жоқ, оның қисыны аз.
Тоқабайдікі рас. Шəкен кəнпескеден ерте сақтанған болды. Бума
соныкі. Енді сенімді адамдарына тыққаны ғой...» деген оймен Сыздық
көшті тастап, жолдан бұрылғанда Жақып қоса бұрылды. Талақша
жабысып, сөйлескісі келіп барады. Сыздық сырдақтаса да қоймастан:
— Көптен бері ішке жиғаным бар. Ақтарылайын саған. Тыңдай бер,
—деді бір кезде,— жұрт маған Шəкеннің қолшоқпары, құйыршығы
деген ат қойды. Тегін қойған жоқ. Ұшқан құс, жүгірген аңның іздегені
тамақ. Мен сол тамақ үшін аттандым. Тамақ үшін ар-ұятты, алыс түгілі
жақынды сатқан шағым да бар шығар. Кəзір соның бəрінен жирендім.
Кейбір түнде ұйықтай алмай, өкініштен бармағымды тістей берем.
«Адасқан айып емес, қайтып үйірін тапқан соң» деуші еді. Таптым
үйірімді. Ағайын, қойныңды аш, нəрестедей ақ көңілмен кірем. Бұдан
əрі тіршілігім, өлсем өлігім бір болсын...
Жақыптың сөзі бітер емес. Сыздық оған ешуақытта сенген емес.
«Шын жарылсаң жаңағы буманы айтшы, кəне» деп келеді ішінен.
Айтпаған соң тез құтылудың амалын істеді:
— Жақа, маған бұнша жарылып қайтесіз. Анау жылы Əлжан екеуіңіз
жанжалдасқанда арашашы болғаннан басқа, өмірі ешбір «əй!» дестік пе
екен. Ол алдақашан ұмытылған. Менің сізге түк өкпем жоқ. Бұрынғы
көңілім қалпында. Сөзге араласпайтыным өзіңізге мəлім.
— Жатып атар екенің де мəлім. Сөзге бұрын араласпасаң, енді
араласасың. «Қосшысыз» кəзір сөз бар ма? Аманның ең жақын
адамысың. Оны сыйлаған ел сені де сыйлайды. Қашқақтама, шырақ.
Жұғатын мерезім жоқ. Ендігі досым Аман. Шəкенді ұстап берейін,
сенемісің?
— Шəкен өзінен өзі ұсталып тұр ғой,— деп Сыздық мырс-мырс
күлді.
— Жоқ! Шəкен əлі оңайлықпен ұсталмайды. Кəнпеске хабарын жұрт
жаңа естісе, ол былтыр естіген. Ақмола, Қызылжар, Қызылорданы
аралағанда қасында болдым. Жақындары тіпті көп көрінеді. Солардың
ақылы болу керек — кіре тартып жүрген алпыс көк арбаның елу бесін
өгізімен қоса жолшыбай сатып жіберді. Үш жүзге тарта жылқыдан
көрерсің, көп болса, жүз шамалы ғана қалды. Осы көктемнің өзінде
Қазанқап Қарқаралы жаққа бір рет, Кереку жаққа бір рет барып қайтты.
Мал-мүлікті енді басқа ояздағы жақындарына тығып жатыр. Үкімет
кəнпескелегенше Шəкен орта шаруа болып алады. Сонсоң не қыласың
оған? Міне осыны Аманға, Ізбасарға дереу жеткіз. Мені жат санамасын.
Шəкеннің қолтығында жүре берейін...
Жақып қанша маймаңдаса да Сыздық шешіле қоймады. Əбден
тыңдап болған соң «жарайды, жеткізейін оларға» деді де жөніне кетті.
Алдағы қыраттарда суырға құрған қақпаны бар. Қақпанға жеткенше
ойында тек Жақып: «Белгілі екі жүзділігі ме? Əлде маңдайына тас тиетие тауы шағылды ма? Арамдықтан шын арылса, өзіне тыққан буманы
неге айтпады? Олай-бұлай дүние болса сіңіріп кетпек пе? Шəкенмен
ашық ұстасуға неге бара алмайды? Аман шешпесе, бұл мен шешетін
жұмбақ емес екен».
Сыздық ойы бөлініп селт етті. Тазылар тұра ұмтылды. Қақпанға
суыр түскен екен. Артқы аяғымен тік тұрып, алдыңғы аяғымен бетін
баса зар қағады. «Ей, адам, не жазығым бар. Қия гөр қасық қанымды?!»
деп тұрған тəрізді. Даусы сонша аянышты, жетіп барған қос қасқа
бассалмай, тұрып қалды. Сыздық аяудың орнына өшігіп:
— Адамнан азған жеті сұмның бірі!— деді де шотпен шекеге қағып
жіберді. Суырдың үні өшті. Тыпырлауға мұршасы келмей, жан берді
бишара...
Із өкшесі елсізден, аты кішкентай, өзі үлкен, өңкиген біреу өтіп
барады. Жүрісі қатты. Жолындағы Сыздыққа бұрылмады. Қақпанын
жинап, суырын қанжығаға байлап тұрып, Сыздық оған айғай салды:
— Əй, денің сау ма?! Неге бұрылмайсың?
Жолаушы мойнын да бұрған жоқ. Сыздық атына міне сала соңына
түсті. Əудем жер жібермей жетіп келіп, бетіне үңіле:
— Денің сау ма?—деді тағы да. Жолаушы үндемеді. Дені сау. Кəдімгі
Нұрғалидың өзі. Сөйлескісі келмей, бұртың-бұртың етеді.
— Тілің байланғаннан аман ба? Сөйлеші, қайдан келесің?
— Волкомнан.
Сыздық жаңа түсінді. Жуырда болыс орталығына Тоқабай барып
қайтқан. Нұрғалидың Жақыпты жақтап, қасқа аттың дауына кірісіп
жүргенін, Шəкеннен костюм киіп, ат майын мінгенін айттым деген.
Содан кейін Ізбасар шақырып алып əкесін танытса керек.
— Жаман күйеу қалыңдығына өкпелесе, қайнағасына сəлем
бермейді. Қайнағаның кінəсі не, сонда?— деп Сыздық қалжыңдай
бастап еді, ол жуан даусын болбырата өкпесін айтты:
— Мен сізді туған ағамдай көрем. Сіз мені кірме Тоқабай құрлы
көрмейсіз.
— Көрмегенде не істеппін?
— Тоқабай, Ізбасар екеуміздің арамызға шағым жүргізді. Тату
құрбыдан айыра жаздады. Сіз онымен əмпейсіз.
— Кінəм осы-ақ па?
— Бұл аз ба?
— Онда мен ғана кінəлі, емес. Тоқабаймен Ізбасар Аман, Күлпаш та
əмпей.
— Олардікі саясат қой.
— Қарағым, саясатыңды мен білмеймін. Қасқа аттың дауына
кірісуіңді, Тоқабайды «кірме» деуіңді, сол үшін Шəкен берген
сыйлықты қылғып қойғаныңды қостай алмаймыз. Аңқаулықпен
тұтылдың. Ізбасар соны ескерген болар. Аман бірақ аңқаулықты
кешіре бермейді. Ол естісе не жаның қалады?
Нұрғалидың аузына құм құйылды. Белі бүкірейіп, басы салбырап
кеткен. Мұрнын қорс-қорс тарта береді. Аңқау ғана емес, қорқақ та,
орашолақ та жігіт. Аңқаулық бір отыртса, қорқақтық құтын қашырып,
орашолақтық екі толғауға келтірмей шынын айтқызды:
— Бұл пəледен қайтсем құтылам?!— деді əлден уақытта.— Шəкенге
өмірімде беш тиындық жақсылық істеген емен. Істеймін деген емен.
Ағайын болып жабылып, көшірмей қойдық. Енді ренжіте бермейік,
көңіліне қарайық дестік. Сыйлап берген үш метр матасының параға
айналуын қарашы!
— Тоқабаймен жарассаң əңгіме жабылады. Аманға естіртпейміз.
— Жарастыршы, айналайын. Қасқа аты құрысын!
Сыздық екеуін бүгін кештен қалдырмай татуластырмақ болды.
Нұрғалидың қабағы енді ашылды. Волком берген асығыс
тапсырмаларды айта бастады:
— Сізден жасырмайын, бұл əңгіме үшін Ізбасар етімді жеп, құр
сүйегімді қалдырды. Содан кейін кəнпеске жайын толық түсіндірді,
Бұл өзі Өлкелік партия конференциясында үлкен сөз болыпты.
Жандос, Ермекбайлар бір жақ, Ералин, Аман, Күлпаштар бір жақ болып,
армансыз сайысқан көрінеді. «Оңшылдар» құлаған. Тақауда үкімет
қаулысы шығады. Қандай бай кəнпескеге жататыны сол қаулыда
айтылады. Оған дейін ел ішіне тараған лақаптан қорқып бай атаулы,
тіпті, кейбір орташалар малын азайтуға кіріскен. Азайттырмау керек.
Ауылдағы партия, «Қосшы» ұйымдары ұғындыру керек елге. Сөз
шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлар туралы ғана болып отыр. Өзге
байлар қорықпасын. Ізбасардың бізге тапсырғаны осы. Кəзір
барысымен партия, «Қосшы» мүшелерінің біріккен жиналысын
шақырайық. Ертең ерте жайлаудағы елге кетем.
— Құп!— деді Сыздық. Ауылға да жетіп қалған екен. Екі тазы
жарыса жөнелді.
V
Болыс орталығынан кеше шыққан Қасен мен Ізбасар суыт жүрді.
Аттың мықтысын, жарауын таңдап мінген. Өздері шыдаса, аттары
шыдайтын түрі бар. Қасеннің астындағы биік, жез мойын құла терге
шомбаса да аяқ астынан бөдене ұшқанда жалт беріп, тастап кете
жаздайды. Ізбасардың мінгені ұзын шабдар, құйысқан астынан ақ
көбік шығыпты, басын шұлғып қояды. Жүрістері сыпыра бұлаң
құйрық. Шекпендері бөктерулі. Белді тоқ қылып байлап алған.
Жайшылықта екі қонып, үшінші қонаққа талығып жететін қалаға бұлар
бір-ақ қонып жетпек. Оған аттың аты, жігіттің жігіті ғана шыдайды.
Сида, тарамыс Ізбасардың ерні тобарсыған, беті тотыққан, аузын
жұмып алып үндемейді. Қасен ер үстінде қаққан қазық сияқты,
табжылмай отыр. Қысқа мойын, кеспелтек балуан жігіт. Оқтын-оқтын
əңгіме айтып, əн салып келе жатыр еді, ол үндемегелі де бірсыпыра
уақыт өтті. Түс ауды, күн қарсы алда. Азырақ жылы жел бар.
Жолаушылар əбден қаталады. Екеуі қаланың қысқы жолын ғана біледі.
Жол үстінде қоналқа, түстікке ауыл кездесе беретін. Қазір аңқиған
өңкей бос қара. Ел көшіп кетіпті. Шөлдеген, қарны да ашқан Қасен
өздерінің бейғамдығын байқамай, көшкен елді кінəлай бастады:
— Бір-ақ аяқ ашыған көже немесе бір аяқ суық шалап берсе де
қонақасы дəметпес едім. Көрдің бе, жау қуғандай тұра қашыпты бəрі.
Осы қазақтың жайлау десе не сайтаны бар!..
— Болысекең шөлдейді деп, қазекең көшпей қоя ала ма,— деді
Ізбасар.— Қазақты болысымен қоса үйрету керек.
— Болысты волком үйретер-ау. Волкомды кім үйретер.
— Бəріне өмір үйретеді. Бүйтіп шөлдей берсең сусыныңды ала
жүресің əлі. Малшы қазақ егінші болғанда, көш десең де көшпес.
— Соны қашан көрер екеміз?
— Шəкен кетіп, Сыздық, Тоқабайлар ауыл иесі болған күні көреміз...
Манадан алыста қарауытқан Есіл арнасы енді анық көрінді. Қасен
əңгімені тастай беріп шаба жөнелді. Ізбасар жеткенше ол атын
шідерлеп отқа жіберді де, шешіне сала қойып кетті суға. Жүзгіш-ақ
екен! Сүңгіп барып, өзеннің орта кезінен шықты. Етбетінен,
шалқасынан, тіпті қырындай жатып та, құлаштап немесе суды
шалпылдатпай, үнсіз де жүзеді. Мейірі жуырда қанбады. Басын ғана
қылтитып, сонау жалпақта, тереңде, үйректермен аралас жүр. Ізбасар
жүзу білмейді. Өзені, көлі жоқ, құдықты жерде өскен жігіт. Əйтсе де
қолымен жер тіреп, тайызда жүзген болады. Бұның да өз рахаты
өзінде. Бетін баса сүңгіп қалып, «а-а-а!» дегенде дауысы алыстағы
Қасенге жетеді. Асты құм қайрақ, мөлдір Есілдің бір жері жадағай
жалаңаш, түбі көрініп жатса, енді бір жері жарқабақ, тұңғиық немесе
тоғайлы келеді. Екі жағасы бірдей таяқ тастам ел. Орыс, қазақ аралас
отыр. Бірақ бір де бірі бұл өзеннің суын диірмен жүргізуден басқаға
пайдаланған емес. Биылғыдай қатты тасыған жылы қырға шығып
кететін мол су арнасына түсіпті. Талға шығатын шие, қарақат,
итмұрын, қасқыр жемі сияқты жемістер буази бастаған. Бидайық,
бетеге қаулап келеді. Аттар кəзірдің өзінде аузын толтыра асайды.
Қызғалдақ кемеліне əбден келген кез, жер бетін жайнатып жіберіпті.
Кəрі дүние жаңа түскен сұлу келіндей сызылып тұр. Көз құрты
құтырып, көңіл шіркін қаптаған мынау көбелек, инелік, араларға
қосыла сайраңдап барады. Төбеде шырылдаған торғай зары, əлдеқайда
сайраған бұлбұл əні естіледі... Қасен шалқалай жүзіп келе жатып:
— Шіркін, осы əлем сəні — сұлу көктем кетпесе! Адам сəні —
жалынды жастық өтпесе!—дейді. Ізбасар шалшықта жүзген балаша
аяғымен су шалпылдатып жүріп жауап қайырды оған:
— Əгəр қуарған күзді, қаусаған кəріні көрмесең сол арманды айтпас
едің-ау. Терең дүние, керең дүние таусылмас, тек арман беріпті.
Өзгесінің бəрі шолақ.
— Волком енді фальсафаға басты ма.
— Амалсыздан басарсың. Бүкіл өмір фальсафа. Оның алдында кəрия
да бала...
Екеуі судан шықты. Бағанағы шаршаған, шөлдегеннің бəрі ұмыт.
Киіне сала тағы мінді атқа. Аттар да шалып, белі көтеріліп қалған,
жорта жөнелгенде жарысады екен деп лап берді. Қасен Ізбасардың
бөркін ала кетті. Ізбасар қумады. Атының басын тежеп белгілі
жортаққа салды. Ақмола енді онша қашық емес. Жол кеңейіп, жол
үстінде жүргіншілер жиілеп барады. Лашенке арбаға жалғыз ат жеккен
біреуді Қасен бара сала тоқтатып тұр. Екеуінің шаңқылдаған дауысын
Ізбасар естіп келеді.
— Өзің, бір қайырымсыз, оңбаған шал екенсің!
— О-ма-яу! Жол үстінде қымыз үлестіріп отырсам сендерге?
— Осы қымыздан тартып ішсем де ішемін!
— Ақшаға ғана ішесің, ақшаға! Онда да жолаушылығың. Əйтпесе,
сатылып қойған қымыз.
Ізбасар келе қалтасына қол салды да:
— Екеуімізге шыпылдатып екі аяқ қымыз құйыңыз, не берейін?—
деді.
— Алпыс тиын.
Алыстағы ауылда тегін ішетін қымызды ақшаға ішті бұлар. Қалаға
жақындаған сайын қазақшылық жұқарып барады. Аз сөйлеп, көп
бақылайтын Ізбасар шалдан бөлінген соң, үнсіз ыржия күліп алды.
Содан кейін Қасенді қалжыңмен қажай бастады:
— Жасың үлкендеу болғанмен, жаның құрбы. Шыныңды айтшы,
жасыңда таз болдың ба?
— Оны неге сұрадың?
— Мінезің əулекілеу.
— Қалайша?
— Жаңа тақиямды ала қаштың. Жарысып ойнамақсың. Ұзақ жолда
қажыған ат шабыс көтере ме. Одан шалмен ұрыстың. Ақшаға дəндеген
шал тегін қымыз бере ме? Жылқыбайдың жаман тоқалымен
шатастырып, соттатқан да осы мінезің, а!— деп, Ізбасар сылқ-сылқ
күледі. Үлкен, таза, көкшіл көзі жауап күтіп, Қасенге жалт-жалт
қарайды.
— Сен сияқты шағыма жетпей шал болғанша, алабұртқан жас бола
тұрам,— деді Қасен.
— Жастығың қайсы сонда? Көрсетші.
— Көресің осы жолы. Мен сені бозбалашылығыммен асыраймын.
— Е, мынауың бір тəуір сөз ғой.
— Қайда түспексің?
— Аманға барамыз да.
— Аманды қайтесің. Менімен бірге бол: Шығының шықпайды,
қызық көресің,— деді де жымың-жымың етті Қасен.
— Сен қайда түсесің?
— Ақтамақтікіне.
— Ақтамақтікіне?! Онымен қандай жақындығың бар еді?— деп
Ізбасар таңданды. Қасен сырын жасырған жоқ...
Əнші, қымызшы, көркем Ақтамақ күйеуін менсінбейтін. Күйеуі
белгілі баскесер, қашқын Шалабайдың жалғыз інісі. Берекесіз жігіт еді.
Шалабай өлісімен Ақтамақ оны тастап кетті. Кəзір күйеусіз. Қасен
алғалы айналдырып жүрген көрінеді. Ізбасар онша қостамады:
— Көңілі жоғары, қаланың кербез əйелі ғой. Сен болыстықтан
түскен күні қайтер екен?—дейді.
— Біз көп адамға сырттан тон пішеміз. Онымыз дəл келе бермейді.
Мен кісі танысам Ақтамақ жар болуға жарайды.
— Аманмен ақылдастық ба?
— Маған ой салған, таныстырған соның өзі.
— Онда, мен де қарсы емеспін.
Қасен шырқап қоя берді. Денесі кеспелтек болғанымен дауысы зор.
Қысқа мойны жуан-ақ. Қатты дауыстағанда одан əрі жуандайды екен.
Тамырлары бадырайып, бұғағы ісіп, қып-қызыл болып кетті.
Ақтамақтың əнін айтып келеді:
Жасым бар жиырма бесте, жылым мешін,
Өлімнің кім біледі ерте-кешін.
Барында базарымның əн шырқаймын.
«Ақтамақ ала кетті» жұрт демесін.
Үлкен жолдың үстінде ерсілі-қарсылы жүріп жатқандардың
таңырқай не сүйсіне қарамағаны жоқ. Қасен олардың біріне де
қарамады. Қалаға енгенше əндетті. Аманның пəтері Ералинмен бір
қорада. Ешқайда бұрылмастан əуелі сонда келді бұлар. Қақпа алдында
Ералиннің шешесі отыр екен. Жөн сұрасымен:
— Балалар, кешігіңкіреп қалдыңдар-ау,—
жиналыста, ендігі ашылған шығар. Тез жетіңдер.
деді,—
екеуі
де
Атты бəйбішеге тапсырып, осы қораға байлай сала жүгіре жөнелді
екеуі.
Он шақты мың халқы бар кішкене қаланың ішінде үлкен көрініп,
кішігірім ақ үй тұр. Осы үй кəзір адамға лық толы. Əр болыстан екі
уəкіл — Ізбасар мен Қасен сияқты партия, совет басшылары келген.
Уездің жері олай-былай мемлекеттің жерінен кең. Елінің шеті ояз
орталығы Ақмоладан алты-жеті жүз километр. Ақмоланың өзі ең
жақын темір жол станциясынан үш-төрт жүз километр. Болыс
орталығының көбінде телеграф байланысы жоқ. Сондықтан «ер
қанаты» атанған аттың қадыры өзгеше. Мынау үйде бас қосып
отырғандардың бəрі соншама қиырдан атпен келеді. Бұрын бұлар
бірін-бірі көрмесе де киімдеріне қарасып, қай рудан екенін білісе
қоятын. Енді олай білу қиын, көпшілігінің киімі орысша. Топтың өзі
керемет өзгерген. «Совет болысымын» деп жүретін Малқар, Қалабай,
Мұқатай сияқты нəндердің бірі жоқ. Солардың қоңсысы не малайы —
ауылдың көзі ашық, еті тірі жігіттері ел басқару ісін өзі қолдарына
алып болыпты. Мінбеде Жұмабек Ералин сөйлеп тұр. О да өзгерген.
Бұйралау өте қара шашында əжептəуір ақ көрінеді. Үлкен ала көзі əмəн
ызғарлы болатын. Кəзір жып-жылы. Қорасан шұбарлаған жалпақ,
сұрғылт жүзі күреңітіп, оқтын-оқтын əзілдеп қояды.
— ...Ауылды советтендірейік дегенде партия ауыл тағдырын
сіздердің қолдарыңызға бермек-ті. Міне берілді,— деп құшағын жая
алдындағы топқа меңзеді. Ұзын, қайқыш кірпігінде күлкі ойнайды.—
Бай ел басқарудан, жер қожалығынан мүлде қалды. Бас сауғалай
бастады. Нəптан дəметкені көп еді, алғаны аз. Сол аздың өзін құстыру
керек. Біз бұдан əрі шабуылды күшейте бермекпіз. Байларды
кəнпескелеу — қазақ аулында кішкентай Октябрь. Бірақ, бай атаулыны
мұрыннан тізе беруге болмайды. Іріктеп-іріктеп ең шонжарын ұстау
керек. Сіздер берген мəлімет бойынша бір біздің ояздан үш жүз бай
кəнпескеге ілігеді. Бұл тым көп, жолдастар. Басып-басып үш жүздің
ішінен елуін алсақ та жетеді. Сонда Қазақстанда жеті жүздей бай
кəнпескеленеді. Үкімет ойлаған мөлшер осы. Сіздерді жинап алғанда
тағы да бір айтпағымыз — үгіт, насихат ісі. Конфискация лақабы бүкіл
қазақ байын шошытты. Тіпті қайсыбір орташалардың жүрегі лоблыды.
Солар көзге түспеу үшін мал басын азайта бастаған. Малға деген
шабуыл жоқ. Ұғындыру керек оларға...
Кейінірек келіп, арт жаққа отыра кеткен Ізбасар мен Қасен
шаршағанын ұмытты. Баяндамашының бір сөзін бос жібермей отыр.
Орыс халқы өзінің ірі байларын өкімет қолына тиген күні жойып
тынса, қазақ халқы Октябрьден кейін он жыл кешігіпті. Сонда да
социализмге орыстармен қатар бармақ. «Социализм» деген сөз бұл
топтың ұғымында: теңдік, байлық, салтанат. Сондай қызықты өмірге
жету жолында көлденең тұрған феодалды бірінің аяйтын түрі жоқ.
Ералин оңшыл коммунистердің қарсылығын, қатесін айта келіп,
Жандос, Ермекбайлардың атын атағанда Қасен дауыстап жіберді:
— Олар өздері бай, əйтпесе байдан бата алғандар.
— Қайсысы болса да қатты құлады,— деді Ералин.— Партия
солшыл коммунистердің де ырқына көнбейді. Жолдас Аман Сапаровқа
ерсек осы кəнпескені бұдан бірнеше жыл бұрын жасар едік те, ұтылар
едік. Онда ауыл советтеніп болмаған, тап жігі əбден ашылмаған, жер
бөлісі өтпеген, дайындық жетімсіз-ді. Аман бұртыңдап жүрді. «Ал қазір
жоятынымыз елу-ақ бай ма?» деп азсынады. Бұған қарап Аманды
солшыл екен демеңіздер. Оныкі тек жастық, асығыстық. Партия
бұндай мінездерді де тежеумен келеді...
Үй ысып кетті. Терезелердің форточкасы кішкентай, желдеткіші
жоқ. Біреулер терлесе, біреулер пысынаған. Жұмабек жатқа екі сағат
сөйледі. Енді екі сағат сөйлесе шаршамас. Тек, жұрт ыстықтап, желпіне
берген соң ғана тоқтады. Орнына барып отырып жатып:
— Баяндама қалай шықты!— деп еді, Песик бармағын көрсетті. Ол
кəзір Ояздық партия комитетінде екінші басшы. Аман оны қостай тұра
баяндамадан мін тапты:
— Менімше де жақсы. Əгəр сондағы пікірді екі сағаттың орнына бір
сағатқа сыйғызса тіпті жақсы болар еді. Уақытты ысырап етеміз. Уақыт
алтыннан қымбат.
Жұмабек Аманға басын изеді де, баспалатқан сұрақтарға жауап бере
бастады.
— Қандай бай кəнпескеленеді?
— Мал саны үш жүзге жеткен ең ықпалды байлар.
— Қашан кəнпескеленбек?
— Жақын арада декрет шығады. Сол күннен бастаймыз.
— Олардың мал-мүлкі кімге тиеді?
— Алдымен кедейлерге, артель болып ұйымдасқандарға...
Қолын көтеріп, Ізбасар тұрды орнынан:
— Декрет шыққанша байлардың көбі малын үш жүзден кемітіп
тастайды. Біздің Шəкендер кəзірдің өзінде орташаның қатарына келіп
қалды. Шəкен сонда құтылып кете ме?
— Құтыла қоймас. Ондай қулықтар ескерілер.
— Байлар қос қатындарының, балаларының, інілерінің еншісін
беріп жатыр. Соған документ сұрап мазаны кетіріп барады. Бұны
қайтеміз?— деді Қасен.
— Беру керек. Байдың өз басы кəнпескеленеді. Өрен-жаранын
күйдіруге болмас.
Сұрақ, жауаптар біткенше күн кешкірді. Үй іші ала көлеңке тартты.
Аспалы кəресін шамдар жағылды. Жарыс сөз болған жоқ. Өйткені
баяндама нұсқау ретінде жасалған. Ұзын бойлы, көзілдірікті, жасамыс
қара кісі орнынан тұрып қол көтерді:
— Менікі сұрақ емес. Мінбеге шығып айтатын болмашы ғана сөзім
бар.
Ералин қасындағы Аман мен Песикке сыбырлап алды да:
— Жолдас Маралбайұлы Жандосқа сөз беріледі,—деді.
Жұрт елең ете түсті. Қазақстанда халық комиссарларының бірі
болып келген белгілі Жандос Қызылордадан Қызылжарға,
Қызылжардан тақауда Ақмолаға ауысқан. Кəзір ояздық оқу бөлімін
басқарады. Мұрны қоңқиған, көмірдей қара кісі. Шашы əппақ. Сонда да
сүйкімсіз емес. Мінбеге шыққан соң толғанып бірсыпыра тұрды. Жиын
құлаққа ұрған танадай, оның аузына қарап қалыпты.
— Мен қазақ ауылын көп білемін деуші едім. Аз біледі екемін.
Өзгерген екен халық. Мен өзімді саясат қайраткерімін деп жүр едім.
Бола алмаппын. Бұл жиын мені осыларға мойындатты. Қателеріме
партиядан, халықтан кешірім сұрармын. Қалған өмірімді мəдениет
ісіне арнармын,— деді де Жандос мінбеден түсті. Көзінде екі тарау жас
кетті.
— Оңшылдардың ішіндегі ең шыншылы, ақылдысы — деп күбіркүбір етеді Аман.— Мен сенемін оның көз жасына.
— Өлкелік партия конференциясындағы сөзін ұмыттың ба?— деді
Жұмабек.
— Онда да ол шынын айтқан. «...Тіпті кəнпескелеген күнде де қазақ
кедейі əруақ, құдайды аттап, байдың малын алмайды» деді ғой. Кəзір
мыналардың сол байды тірідей жегелі отырғанын көрді.
Жандос мінбеден түскен бетте қара таяғының ұшымен еденді
тықылдата үйден шығып барады. Бұл топтың оны көргені осы. Ізбасар
ере шығып, басқыштан түспей тоқтатты.
— Сəлəмəтсыз ба, Жандос аға!
— Қай баласың, шырағым?—деп Жандос аңыра қарады. Ізбасардың
қолын босатпай тұр.
— Атым Ізбасар. Аманмен аулымыз бір. Еңбегіңізді көп оқыған
мұғалімдердің бірі едім. Анада Шəкенге қонаққа келгенде ренжіп
қалдық. Жаңағы сөзіңізді естіп қуанып келіп тұрмын.
— Шəкен бір жақсы мектеп салдырмақ еді ғой?
— Елге өкпелеп салдырмай қойған. Енді өзіміз саламыз.
— Өздерің болғанда кім?
— Өзіңізге мəлім жатақта қалған он үй.
— Япыр-ау, олардың шамасы келе ме?!
— Келеді. Қазір олардың мұртын балта кеспейді. Үй саны
жиырмадан асты.. Артель болуға айналды. Мəдениет ісіне арнап
ортадан биыл он бес гектар егін екті...
— Бəріңді сүйреп жүрген Аман ғой. Иə, ол ақылды да, бақытты да
жігіт. Ел тізгінін енді соларға біржолата бердік,— деді де Жандос қош
айтысып басқыштан түсе берді.
Ізбасар үйге енісімен жиналыс жабылды. Қасен екеуі кимелеп келіп,
төрдегі Аманға жетті. Аман сағынышпен құшақтап, қысып амандасса
да:
— Айналайын, бүгін қайтыңдар, іс тығыз,— деп жалынды. Бүгін
қайтуға бұлардың аты да, өздері де жарамайды. Ізбасар соны айтқалы
келе жатқанда, Қасен көзін қысып, тоқтатып тастады. Аман екеуін
пəтеріне ертіп əкеліп қонақ етті. Аттарын жемдеді. Ізбасардың
тізімінде кəнпескеге жататын бай он бес екен, өшіре-өшіре бесеуін
ғана қалдырды. Олар: Шəкен, Малқар, Таласбай, Қалабай, Мұқатай. Көз
байлана қонақтарын аттандырып тұрып:
— Нұрғали Шəкеннің аяғына өзі жығылғанымен қоймастан басқаны
да жықпақ,— деді Аман.— Ол бишараның басын қатырмай партия
жұмысынан алу керек. Зəуеде Шəкеннен Шолпан айни қалса сеніңдер.
Жəрдем етіңдер.
Қоштасып былай шығысымен Қасен Ақтамақтікіне тура тартты.
Сөйлеп келеді:
— ...Байды кəнпескелейміз деп өлеміз бе. Тынығайық. Аттар да
тынықсын. Таңертең жүріп кетеміз.
— Мен тынығармын-ау. Сен зорықпасаң неғылсын.
VI
Шəкен құдайға да онша бағынбаған кісі. Басы сəждаға анда-санда бір
тиетін. Бүгін таң намазын түннен тұрып оқыды. Намаздан кейін
арқандаулы Алшаңгерді əкеліп ерттеп мінді. Алакөбеде, бел астындағы
үлкен зияратқа беттеп барады. Өмірі өз қолымен ат ерттемеген, көк
ерсіз жүрмеген мырзаның бұл саяхаты да одағай-ақ. Бірақ, əзір көзге
түскен жоқ. Зияратқа келіп, өз əйелінің тамына тоқтады. Тамның
құлағына атын байлай сала ішке енді. Қабірдің бір жағы ойылып,
құлаған екен, үңірейіп тұр. Қолындағы қапшықтан темір сандықша
суырды да, сол үңгірге сүңгітіп жіберді. Сандықшаны əбден жасырып
болған соң ғана құран оқыды. Жалғыз өзі там ішінде күңіреніп отыр.
Құран сөзіне түсінбейді. Сонда да берілген. Дауысы тек ыза мен зар.
Көзінен жас та шығыпты. Батаға қол көтеріп, аузын жыбырлатқанда
бір сөзі анық естілді:
— Е, құдай, бар болсаң жібер осыларға зауалыңды!..
Шəкен тамнан шыққан соң атын жетелей келіп, бір төмпешікке
жанастырды. Алшаңгер күреңтөбел айғырдың баласы болатын.
Күреңтөбелді Омбыдан алдырған. Асыл тек. Құлыны тайдай, құнаны
аттай. Əрі сұлу. Төмпешікке жанастырғанда Шəкеннің аяғы үзеңгіге
азар жетті. Қазір қолда қалған жылқылары осы Алшаңгер сияқты
серейген өңкей будан. Өзгесін былтырдан бері сойды, сатты, əйтеуір
құртты. Сиыр тұқымын да азайтып тастады. Мүйізі шаңырақтайшаңырақтай жүз елу атан өгіз бар-ды. Соның он шақтысын, елу
шамалы сауын сиырдың жеті-сегізін ғана қалдырды. Қалдырған
малының ішінде кірлі қолмен ұстайтыны жоқ. Бір қарасы, өзгенің екі
қарасынан құнды. Қадырлы деген өлі бұйымдарын жақын адамдарына
алдақашан орналастырған. Енді «келсең келмен!» сазара күткен шағы.
Алшаңгерді сипай қамшылап қояды. Бұндай оңашада əрдайым
ыңырсып айтатын «Əупілдек» əнін айтқан жоқ. Ауыр мінезі
жеңілдемесе де, жəй қозғалатын үлкен ала көзі алақтап, жан-жаққа
қарай береді. Қаттырақ жүрген не басы қосылған екі-үш атты көрінсе,
«солар-ау» деп жориды. Бір жұма болды, осылай оңаша дала кезумен
жүр. Үйіне тамаққа, түнде жатуға ғана барады. Өзі қоңыр кісі, жел
қағып, күн қарыған соң мүлде қарайды. Бұрын да аз сөзді еді. Енді
зорын таппасаң сөйлемейді. Кең далада өз ойына өзі тұншығып,
аһлағанда аузынан шыққан дем оттай ыстық. «Құдая, бұндай да
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Дауылдан кейін - 30
  • Части
  • Дауылдан кейін - 01
    Общее количество слов 4186
    Общее количество уникальных слов составляет 2478
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 02
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2410
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 03
    Общее количество слов 4173
    Общее количество уникальных слов составляет 2290
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 04
    Общее количество слов 4101
    Общее количество уникальных слов составляет 2351
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 05
    Общее количество слов 4154
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 06
    Общее количество слов 4223
    Общее количество уникальных слов составляет 2367
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 07
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2283
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 08
    Общее количество слов 4107
    Общее количество уникальных слов составляет 2391
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 09
    Общее количество слов 4142
    Общее количество уникальных слов составляет 2372
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 10
    Общее количество слов 4104
    Общее количество уникальных слов составляет 2380
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 11
    Общее количество слов 4136
    Общее количество уникальных слов составляет 2348
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 12
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2305
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 13
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2332
    34.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 14
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2378
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 15
    Общее количество слов 4068
    Общее количество уникальных слов составляет 2247
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 16
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2289
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 17
    Общее количество слов 4166
    Общее количество уникальных слов составляет 2421
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 18
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2376
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 19
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 20
    Общее количество слов 4008
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 21
    Общее количество слов 3974
    Общее количество уникальных слов составляет 2382
    31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 22
    Общее количество слов 4023
    Общее количество уникальных слов составляет 2405
    32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 23
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2379
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 24
    Общее количество слов 4055
    Общее количество уникальных слов составляет 2375
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 25
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 26
    Общее количество слов 3988
    Общее количество уникальных слов составляет 2269
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 27
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 28
    Общее количество слов 4051
    Общее количество уникальных слов составляет 2363
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 29
    Общее количество слов 3997
    Общее количество уникальных слов составляет 2415
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 30
    Общее количество слов 2776
    Общее количество уникальных слов составляет 1692
    38.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов