Latin Common Turkic

Дауылдан кейін - 02

Общее количество слов 4128
Общее количество уникальных слов составляет 2410
33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
Дəу шараны шыпылдата, аяқты бəрінен бұрын Мақашқа ұсынды. Одан
əрі аяқтар кішірейе-кішірейе, босаға жақтағыларға жеткенде, көз
тостаған болды. Бетіне қара қошқыл майы жүзген қара сабаның сұпсуық қою қымызы пісе-пісе өліп қалған. Əнтек қышқыл тəтті дəмі бар,
тоя ішсең мас қылады. Тоймай ішсең, аш қылады. Босаға жақтағылар
тостағандарын маңдайларына тақ еткізіп, дереу қайырды. Жалақтап
отыр. Төрдегілер шайқап ішіп, бөгеліп отыр. Мақаш дем алмай тартып
орталады да:
― Жіліктің майындай екен!— деп, шараны алдына қойды. Мұртына
жұққан қымызды сорып алып, мұртын сипап болған соң, жадырай
түсті.— Шəкенжан, орыс-орманнан не хабар бар? Құлағың түрік,
тармағың көп қой, айта отырсаңшы біздей үйкүшіктерге.
― Газеттерде жайсыз хабар жоқ. Тиыштық,— деді Шəкен. Бар
оқитыны «Бостандық туы» ғана. Оның өзін анда-санда бір алады.
Есепке жүйрік болса да, сөзге шабан, opысша жақсы киінсе де,
оқымаған кісі. Мақаш сияқты сөзуар қазақы əңгімеде оның алды-артын
орап отырып, қала əңгімесіне келгенде тұрып қалады. Əсіресе: “Газет
айтты” — десе болғаны, шұлғи береді басты. Мақаш қазір Шəкеннің əр
сөзіне əлденеше шұлғи отырып, бір мезгіл өзі сөйлеп кетті:
— Құдайға шүкір, заман түзеліп қалды. Қазақтың өз дізгіні өз
қолына тиді. Пай, пай, ақ қашып, қызыл қуған сонау бір күндерде дүние
сапырылысты-ау! Əрі-беріден соң им қайсы, қызылы қайсы екенін біле
алмай сорладық қой. Өткен күннің бəрі ұмыт. Енді міне масайрап
отырмыз. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалатам»—депті Ленин. Рас
па, Шəкенжан?
― Иə, күйзелген елді қалпына келтірейік, зорлықты қойып, ақылмен
билейік,— деп жатыр.
― Өзін ауру деген не сөз?
― Сондай ұзынқұлақ хабар тарап жүр ғой.
― Тұра тұрса екен жарықтық!—деген төменгі жақтан қисық мұрын
Тəукенің үні естілді. Мұрнын шүйіріп, қысық көзін жыпықтатып қояды.
Шəкен мырза оған қарамастан, қымызын сапыра берді. Тек басын
бірер шайқап, таңдайын қаққанда, езуінен күлкі, қабағынан ызбар
көрінді. Бұған түсінген бір-ақ адам. Мана құдық басында мырза зекіп
тастағаннан кейін дыбысы өшкен жылпос Жақып енді араласты сөзге:
― Ленин кетсе, қараң қалар деп пе ең дүние! Өзің тіпті күні бұрын
жылағалы отырсың ба?
― Бұл қалжыңға жатпайды, Жақып,— деді Тəуке. Басы қалтылдап,
шамданып қалды.— Мəселен, мына мырза, Мақаңдар кетсе, не болады
бұл ел?! Қалқа анада Шалабайды жатқызып қойып сойғанда: «Мен
коммунист деймісің, мипалауды жеймісің! Тəукенің жалғыз шолағында
не əкеңнің құны бар?" деп сойыпты. Əне, соны Лениннің бұйрығымен
iстедім деген, өзі тіпті атамзаманнан коммунист. Лениннен сабақ алған
деседі. Бұзықтар соңына түсіп, ақыры мерт қылды ғой сабазды. Бəрібір
Ленин тірі болса, бұзықтардың, жауыздардың сазайын тартқызады.
Сапекең айтып отыр. Ленин жолы тіпті пайғамбарымыздың жолы екен
ғой өзі.
― Пəле, Сапекеңнің шариғаты резеңке тəрізді!— деп, Жақып жұртты
бір күлдіріп алды да, Қалқаның сыбағасын берді.— Көріңде өкіргір,
өкіріп те жатқан шығар, ашадды еді-ау! Алдыңғы жылы, əскерге ат
жинай келгенде, бастығы мес күрең қылып, осы үйдің іріңдей он бес
ат-айғырын тізіп əкетті ғой. Бір адам батып бір ауыз сөз айта алмады.
Көзі алақандай, шашы жалбыраған, белінде наган — албасты тəрізді.
Үйге сусын ішуге енгізе алмадық. Былтыр келгенде сол ашаддылығын
өзінің белсенділеріне, коммунистеріне істеді. Сондай адам сабаз бола
ма?!
Тəуке бетінен қайтқан жоқ, бірақ сəл ойланып барып қайырды
жауапты:
― Не десең, о де, мен Қалқаны жаман кісі дей алмаймын. Рас,
байларға өш-ті: Неге өшікті екен? Байды құртса, еңкей кедей қазынаға
несін береді. Өзі күнін көре алмай отыр.
― Байсыз күн жоқ екенін білді білем қазір,— деді Жақып. Қымыз
қызуы бойға жайылса керек, даусы тым көтеріңкі, қап-қара сирек,
мысық мұртын ширатып қояды. Қатыңқы, сұрғылт жүзі ептеп жіпсіген,
бірақ қызармайды. Босаға жақтағылардың мана қайтқан тостағандары
иіріліп тұрғанда, мырза оған шөпілдете үшінші аяқты толтырды.
Жұқалаң, жылпос Жақып əзір тояр емес. Бал қымызды сімірген сайын
суырыла сөйлейді. Тілі қандай епті! Біреуді əзілдесе, біреуді сықақтап,
қайсыбіреуге ақырып тастап, мырзаның қыбын тауып отыр. Ол
мырзаның үйіндегі жас жеңгесінің де қыбын тауып, күлкіден езу
жидырмайтын. Тек мына құдық басындағы зекуден секем алып,
өзінен-өзі қуыстанып, жеңгесіне беттемей қалыпты. Мырзаның мінезін
ол жақсы біледі, мүмкін бекер сезіктенбеген болар.
Қымыз құйғанда есікті жауып қоятын бұл жақтың əдеті. Жабулы
есіктің сыртында, екі жақ босағада, бала ерткен екі əйел манадан отыр.
Анда-санда кереге мен жақтаудың жапсарынан сығалаған көздері
өңменнен өтеді. Əңгіме тыңдап отырғанға ұқсамайды. Қолдарында
аяғы, топатайы бар. Үлкендердің үстіне басып енуден именетін жас та
емес, сарқарын əйелдер. Киімдері тым нашар, өңдері тым сынық екен,
желі басынан тағы да сүт алып қайтқан жас жалшының етегінен екеуі
бірдей ұстады.
― Қарағым, мына түрімізбен қалай енейік. Көксау шалдың күндегі
бір аяқ қымызына келдім.
― Мына Серіктің ағасы науқас. Осы үйдің қымызына ынтық болып
жатқаны. Айта қойшы: «Тез қайт!»— деп еді.
Жас жалшы келіншекке барып айтып, екеуінің ыдысына екі аяқ
қымыз құйып əкеп берді де: «Тұра тұрыңдар»— деп, қайта еніп кетті.
Бала бас салды аяқты. Шешесі желкесінен тартып:
― Қой, қарғам, ағаңа апарамыз. Бізге қазір əкеледі,— деп арпалысып
отырғанда, жалшы шықты. Қолында енді қымыз жоқ, екі буыншағы
бар. Екеуін екеуіне ұстатып тұрып, келіншектің тапсырмасын айтты:
― Мынау қыл —«Мырзаға шылбыр есіп əкелсін» деді.
― Мынау сабадан қалған тері. «Мырзаға жол торсық тігіп əкелсін»—
деді.
Соны естіртіп жалшы жөніне кетті. Ішіне бірдеме салып жібермеді
ме деген үмітін бірінен бірі жасырып, екі əйел əрқайсысы өз
буыншағын ашты. Бос үміт екен. Орындарынан созыла тұрып, сылбыр
аяңдап барады. Ақ үйдің ішіндегі қарқ-қарқ күлкіні, дуылдаған
дауыстарды естіп барады. Жас бала əлі жағаласып, қымыз сұрап
барады. Өздері де: жұтып жіберер ме еді,— деп қылғынады. Жұта
алмай бір-біріне мұңын шағады.
― Совет кедейді жарылқайды дегені қайда?
― Құдай жарытпағанды кім жарытар дейсің!
III
Түндік жабулы. Қараңғы үйге таңның көгілдір сəуле босаға
саңлауларынан, киіз жыртықтарынан ене бастады. Осы кездегі тəтті
ұйқының шырқын бұзып, Сапар ақсақал отыр. Ол, таң білінербілінбестен отырса да, төрт бас намазды бітіре алмай қойды. Əлхам,
Əліплəм, Ясиннен бастап, Құлқуаллаға дейін өзі білетін бар сүрені
оқып шықты. Құдайдың мың бір атын да атады. Бірақ, Шəкен
мырзаның орысшалағанындай, есіл араб тілінің мылжа-мылжасын
шығарды. Мектеп көрмеген кісі, тəжуиттен мүлде хабарсыз, ниет
дұрыс болса болыпты,— деп, айдай береді. Енді екі қолын алға созып,
жалпақ алақандарын жая, дұғаға кірісіпті. Көзі мұнша жасты болар ма,
сорғалаған жас келіп, бурыл сақалына сіңе береді. Қолы мұнша күшті
болар ма, күн шыққанша көтергенде талмады. Өзінен көп кейін тұрған
əйелі намазын оқып, сиырын сауып, сүтіне мəйек салып та үлгірді. Ал
мынау намаздан кейін де жалбарынуын қойған жоқ. Таспиығын
тартып, көзін жұмып, жайнамазының үстінде жалғызына мүлгуде.
Жайшылықта көзіне жас алмайтын, берік, байсалды ақылды адам.
Құдай десе, Мұхаммед десе, соның бəрінен айырылып, жүнжіп кетеді.
Ол осылай күн сəскелікке көтерілгенге дейін тапжылмай отырып,
мұрнына шыжылдаған бауырсақ исі келгенде ғанa көзін ашты.
― Тұрыңдар, балалар. Тұр, Аман!—деді сəлдесін шешіп жүктің үстіне
қойып жатып.
― Қазір,— деп, Аман қайта ұйықтап кетті. Қасында тағы да үш-төрт
қара домалақ бастар көрінеді. Аманды ояу санап əкесі сөйлеп жүр:
― Ораза жоқ, намаз жоқ. Қызмет істемейсің, шаруаға қарамайсың. Не
ол дүниеге, не бұл дүниеге пайдасыз бишара, не ойық бар? Осы үйде
жарты пұттай ұн қалыпты. Сауып отырған биең сойып жейтін қойың
бар ма, əлгі шақырып жатқан Шодырға неге бармайсың? Бір қап ұн
деген бір жазға азық қой...
Түні бойы алтыбақан теуіп, бозбалашылық істеп, таң алдында
жатқан Аманның құлағына бұл сөздің бірі енген жоқ. Шырт ұйқыда.
Қасындағы үйелмелі-сүйелмелі төрт бала біртіндей тұрып, жерошақ
басында нан пісіріп отырған шешесінің қасына жиналды. Сапар үй ішін
жиыстырған болып, əлі күйбеңдеп жүр. Жиыстыратын да көп дүние
көрінбейді. Бар жүгі — үш əбдіре, бір кебеже. Төр алдындағы көнетоз
сырмақтың үстінде жөні түзу үлкен бір алаша жатыр. Алты қанат үй
екен, киіздері тоза бастаған, кей жерін ескі кенеппен жамап қойыпты.
Уық керген ала жіпке қыстырулы сірі қапты кітап — шүберекпен
тыстаған құран тұр. Күйбеңі біткен соң, сірі кітапты қолына ала, Сапар
тағы да отырды. Бұл өзі бір мұқабадағы екі кітап болып шықты: «Сопы
Аллаяр» мен «Хикмат» екен.
Үміт еткен көзімнің нұры, балам,
Атаң деп болмағайсың рəсуағалам,—
деп зор даусын көтере, өзіне ғана тəн өзгеше бір мақаммен оқи
жөнелді. Аман оянып кетті. Осы өлеңді кішкентай күнінде əкесі алдына
алып, түйе жүн күпісіне орап, көзінен жасы тамшылап, теңселе отырып
сіңірген құлағына. Əкесі қазақша бір ауыз өлең білмеген, бір
намахраммен жүрмеген кісі. Жаңағы өлеңді айтқанда, өлең ретінде
емес, əулиенің мінажаты ретінде айтатын. Аман басын көтеріп алып:
― Аға!— деді. Əкесін аға дейтін.— Сіз жасыңыздан «Сопы Аллаяр»
мен «Хикматты» оқып келесіз, мен Абайды оқып келем. Қашан бітірер
екеміз?
Сапар кітаптың арасына сұқ қолын салып, жаба тұра сөйлесті:
― Абайдікі дүние сөзі. Ал, мыналардікі—ахирет сөзі. Сонда қайсысы
ұзақ, қайсысы қиын? Өзің айтшы, балам?
― Ахирет деген алдау ғой, аға. Дүние сөзі терең екен: Бойлайын
десем — шым батам.
Үміт артқан баласын құдай жолына сала алмай не одан безе алмай,
діндар əке жуасыған кез. Баласы қадімше, жəдитше бірсыпыра оқып
тастаған. Оның үстіне орыс поселкелерде екі жылдай орысша оқыды,
əкесінен əлдеқайда сауатты. Сондықтан дəрменсіз əке:
― Дүнияуи бишара! Алла өзі түзесін бетіңді,— деп жымия күлді де
əндете оқи берді.
Балаларын шұбырта бəйбіше кірді. Бес ұлдың буына піскен адуын,
орақ ауыз əйел шалына соқтыға кірді:
― Қоя тұр кітабыңды бір мезгіл! Тиыштықпен шайымызды ішейік.
Ел аман, жұрт тиышта күңіренесің де отырасың, не көрінді сонша!
― Ей, ақымақ, ұжмақ, дозақ дегеннен хабарың бар ма?
― Қойшы, күні бұрын жыларым жоқ. Көзімнен тіпті. жас шықпайды.
Аман сақылдап күліп жіберді. Сапар да жымыңдап қойып:
― Кəртайғанда осы шешең сені еліктеп, діннен шықпаса неғылсын!
— деп еді:
― Шықса да ештеме етпес,— деді бəйбіше.— Сен барсың ғой.
Баяғыдан бері жылағанда қатын-балаңның күнəсін сұрап алған
шығарсың.
Аман қолын шапалақтап секіре күліп, шығып кетті үйден. Ол
жуынып келгенше шай жасалды. Қиюы қашқан бояусыз дөңгелек
столды қоршай, бəрі бас қосты. Аманнан өзге балалары кескіндес екен
— өңкей қара домалақ. Алды оннан, арты бестен асыпты. Азғантай
бауырсақ əрқайсысына бөліп берілген. Жеуге құмартса да, бірін-бірі
бақылап, сыпайы жеп, тауыспауға тырысады. Тауысып қойғанның
тауыспағаны көзін қызықтырады. Қаспақ тұмсық біреуі қу көрінеді.
Шыдамай, өз сыбағасын жеп қойды да, шешесіне: “ Маған аз бердің” ―
деп, қиғылық салды. Шешесі тағы екі-үш бауырсақ беріп еді, балалары
қаспақ тұмсыққа көздерін aларта қарады. Сапардың алдына майға
пiсiрген екi дөңгелек, Аманның алдына молырақ қылып бауырсақ,
піскен сүттің қаймағы қойылған. Дастарқан онша тапшы емес. Тоя
жерлік мол да емес. Стол басындағы үш үлкен бармақтарының астына
құртымдай қант қысып, төрт кішкентайдан жасырып тістеп отыр.
Бырт еткенде жаңағы қаспақ тұмсық сезіп қалып, əкесінің бармағына
жабыса түсті. Əкесі болмашы қантты бере салды да, ырза болған
баланы дереу жұмсады. Алдындағы екі дөңгелектің бipiн төрт бүктеп,
баланың қолына ұстатты:
― Жүгіріп барып Əлжанға беріп кел. «Ағам беріп жіберді»— де!
Бала кетісімен бəйбіше шалына тағы бір соқтықты:
― Өзің тіпті ішпей-жемей тойып отырсың ғой.
― Тойғаннан қалғаныңды итке де қиясың. Зады, пенде тоя ма?
Пайғамбарымыз аш жүріп, өзінен бұрын қарып-қасерлергс берген.
Ленин алғашқы қысылшаң күндерде: «жұмысшы, солдат не ішсе, мен
соны ішем» деген. Кеше Əлжандікіне кіріп шықтым. Ауруының беті
бері қарапты. Дəмді тамақ тілеп жатыр. Қымыз сұратып, əйелін Шəкен
мырзанікіне жіберсе, бір аяқ қымыз беріпті. Қарымжысын тағы
жібермепті. Аз да болса қарайласып тұрайық. Нағыз кедей, адал кедей
— Əлжан.
Аман əкесінің пейіліне қатты ырза болып, түрлі ойларға кетіп
отырды. «Оқуы жоқ, тоқуы көп. Қандай зирек! Əттең, діндар. Ал өзі
жақсы көріп отырған Ленинге діннің қарсы екенін біле ме? Білсе, неге
жақсы көреді? Əлде бұнысы екіжүзділік пе? Жоқ, əкем оның адамы
емес»— дей келіп, əкесінің тамырын басып байқады:
― Сіз бəріне дін тұрғысынан қарайсыз, аға. Мұсылманша мен де
біраз оқыдым ғой. Мұсылман діні мұсылманнан өзгенің бəрін дозаққа
бұйырады. Ал Маркс, Ленин — барлық діннің жауы. Барлық еңбекшінің
досы. Сонда сіз Ленинді қалай жақсы көре аласыз?
― Бала кезімде марқұм Əпəндінің айтқаны есімде,— деді Сапар
бөгелместен. Əпенді дегені — орыс-түрік соғысында пленге түсіп,
қазақ арасында молда-дəрігер болып қалып қойған белгілі адам,—
үкіметтің, патшаның əмірін орындау — уəжіп. Ленин біздің патша
орнындағы əміршіміз. Бір де. Екінші — Ленин басқарған Кеңес өкіметі
қара бұқараны, жетім-жесірді, жалшы-кедейді сүйейді. Шындықты,
əділетті сүйеді. Бұл біздің пайғамбарымыздың жолы. Үшінші —
пайғамбар байларға зекет, салық салған. Өзінің күйеуі молда Ғұсман
бай екен. Соған бір соғыста байлығының үштен бірін қазнаға
салдырыпты. Кеңес өкіметінің салықты байларға молырақ салуы
Мұхаммед жолына еш қайшы емес. Төртінші — рас, бастығы Ленин
болып, коммунистер дінге қарсы. Қарсы қойған діншілердің өзі.
«Кітапты молда теріс оқыр, дағарадай болып сəлдесі»— дегенді Абай
тауып айтқан. Молдалар байдың қол шоқпары болып кетті. Ал дінді
бұзатын — алдымен байлар: салық салып, күштеп алмаса, малынан
зекет бермейді. Жарлы-жалшыға рахымы аз. Ел шетіне жау келсе,
халық басына ауыр күн туса, Мұхаммед мал түгіл, жанды аямаған.
Біздің байлар тышқақ лағын да аяйды. «Николай өкіметінің əмірін
орындау уəжіп, Ленин өкіметінің əмірін орындау уəжіп емес»,— деген
шариғат жоқ. Николай жолын үгіттегенде, Ленин жолын неге
үгіттемейді молдалар? Əр тасқынға бір тосқын. Əр азғынға бір зауал.
Бұл өкімет сол үшін келген. Сен сұраған соң, шындықты жарыла
айттым, балам. Құдай шындықты сүйеді. Шыншыл бол. Тəңірі баққан
тоқтыны бөрі жемейді.
Сапар сөзін бітірді де, суыған шайын жата салды. Шайға турап
салған жұқа дөңгелек езіліп, былбырап кеткен екен. Тіссіз аузын
қомпаңдата, толғап отыр. Аман əкесіне қарап қалыпты. Мұрынды, ұзын
кірпікті бетін түк басқан, өңі суық, сары кісі. Бас, бет бітімі тіпті мол.
Көзі көкпеңбек. Күнде көріп жүрсе де, əкесінің бұл тұлғасын Аман жаңа
анықтады. Əкесі: «бабаңа тартыппын»— дейтін. Бабасы да көзіне бір
елестеп кетті. Жасы, мінезі, дүние тануы түрліше ата, ана, бала
əзілдесе отырып, жаңағыдай үлкен əңгімелерге бара беретін. Аман бұл
əңгімеде əкесінің бұрын байқалмаған жақтарын байқады. «Бұл кісінің
дін-шариғатын ақыл билейді екен. Онысы жақсы. Əгəр ақылын дін
шариғат билесе, бұл кісі, тəркі дүние, жынды, дуана болып кетер еді»—
деп, ішіне түйді де, əкесіне əзілдеп қойды:
― Ауылнай Байболға өкімет жолын үйретуге жарайсыз.
― Мақтаңқырасаң, коммунист те болып кетермін. Қалқа үлкен молда
еді ғой.
Танаулап қаспақ тұмсық қара жетті. Қырып келгендей баса-көктеп
келіп, əкесінің оң тізесін шынтақтай отырды.
Мұрнының боғы дем алғызбай жылт-жылт етеді. Сонда да
сіңбірместен қорс-қорс тарта береді.
― Апарып бердің бе, балам?
― Бердім.
― Не деді?
― “ Балаларының қызығын көрсін” —деді.
― Айтқаны келсін.
Аман жасырып тістеп отырған қантын көрсете:
― Miнe, менде де қант бар,— деді балаға.— Тіл алсаң, мен де берем.
― Айта ғой.
― Əуелі бетіңді аппақ қылып жуып келші.
Бала ұшып кетті. Жуынып қайтты бір кезде. Қаспағын кетірем деп,
мұрнын қолымен тырналап, қызартып тастапты, енді қызыл тұмсық
болып тұр.
― Бер кəне, берем дегенсің!..
― Тұра тұр, енді Мырқымбайды айтасың.
Мырқымбай, Мырқымбай
Жүрмейсің жай.
Нең бар еді, құдай-ай!
Ауылнайды боқтапсың,
Шаршап зорға тоқтапсың.
Несиеден қорқып,
Сары атты сатпапсың.
Енді ол өшікті
Шауып алудан тайынбас,
Түріп қойып есікті.
Баланы арқаға қағып, қантты берген соң:
― Аға, бұны Бейімбет деген ақын жазыпты,— деді Аман.— Дəл біздің
Байбол емес пе осындағы ауылнай?
― Біраз есерлігі, қиянаты бар ғой. Құдай өзі түзесін бишараны.
Бүйірі майысқан сары самауыр əлі ызыңдап тұр. Табадағы тезек
шоғының беті күлденген, түбі əзір қызулы. Бəйбіше, басқалар қанса да,
қанбай, жалғыз айдап отыр. Терлеп алған, самауырды түгеспей тоқтар
түрі жоқ. Аман тұрып барып, əке-шешесі тұсына құрған ала сырмақтың
артынан шүберек сумка алды. Сумканың ішінен қалың дəптерге
қолдан көшірген Абай өлеңдерін алды да, тысқа беттеді.
― Балам-ау,— деді сол кезде шешесі,— екеуің бірдей кітапқа
қадаласың, кітап тамақ бола ма? Бір-ақ илейтін ұн қалды. Баратын
болсаң, барсаңшы əлгі тамырыңа.
― Барам, aпa. Екі-үш күннің ішінде ұнға байытам.
― Шай-қант та таусылды. Қасқырдың терісін ала кет. Күшігі
құрғырды қайтесің! Жас бала емессің ғой, оны да ала кет. Орыстар əуес
келеді ондайға.
― Көрерміз,— деп, Аман шығып кетті.
Күн қабағы түйіліңкі. Аспанды жапқан қара бұлт əлем тапырық
кешуде. Болмашы жел бар. Жер мен көктің жапсарында, сонау
алыстағы қара түнектің ішінде нажағай жарқылдайды, күріл естіледі.
Құйып жатыр. Жылқы келген, бие байлаған кез. Үздік-создық отырған
қара қошқыл кеп ауыл қобалжуда. Біреулер үйлерінің бауларын
тартып байлап, біреулер арқанмен бастырып жүр. Қайсыбіреулер есік
алдындағы тезек үйіндісін де жауып тастаған. Əр үйден-ақ тоқпақ
даусы естіледі, қазық қағып, желбау байлағалы жатса керек. Аман
үйден шыға, осыны бəрін байқай тұрып, есік алдында байлаулы
жатқан қасқыр күшігіне кез жіберді. Жүні ұйпалақтанған кішкентай
сұр күшік, қазығын айнала, қарана береді жан-жаққа. Аман анау күні
қызыл-шолақ арланды соққан соң, ертеңіне қаншығын да соққан.
Ұясымен бар күшігін алған. Содан бір күшікті тірі алып қалып еді.
«Осыны қайтсем екен?»—деп тұр енді. Ойын түйместен, жалпақ қоңыр
бие сауған көршілес Сыздықтікіне кірді. Сыздық—шешесінің көп
туыстарынан қалған жалғыз, жас інісі, əзір баласы жоқ, əйелі бар.
― Жоғары шық,— деді екеуі бірден. Қос ақ қасқа да бірден тұрып
қарсы алды. Бірақ басқа иттердей арсалақтап, жата қалып еркелеп,
кішіреймеді. Құйрықтарын жəй қозғап, жəй жүріп келіп, бастарынан
бір-бір сипатты да, маңғаз тұрды. Қанды қызыл көздерінде, қалың,
долы беттерінде иесіне деген аз жылылық, «Бір жаққа барамыз ба?»—
деген сұрақ бар. Оған жауап қайтпаған соң, қаншық қасқа арлан
қасқаны ертіп шығып кетті. Аман төрге шықпай, түрегеліп тұрып,
қамшы өріп отырған Сыздыққа:
― Анадағыдай поселке жаққа барып қайтсақ қайтеді ― деп еді:
― Барайық,— деді Сыздық бөгелместен, өрімге бір бүркіп қойып.—
Бірақ екі ат терлегенше бір ат терлесін. Лəшенке тап.
― Табылар. Өзім де лəшенкемен бармақпын. Шешей: Күшікті ала
кет»— дейді.
― Оны есіне салған — мен. Қайтесің сол күшікті? Бай Иванға
көрсетсең, бір қап астық болып жатыр. Орыстар қасқырға таңсық,
айдаһардай көреді.
― Күшік саудалап жүргеніміз ұят болмай ма?
― Ұятты да, күшікті де маған бер. Есебін өзім табам.
― Бердім!—деп жайраңдап қалды Аман. Сыздық оны осындайда
əрдайым құтқарады. Күшігінен асыраған қос ақ қасқа да сұрап алған.
Əйтпесе əлдеқашан біреу қолқалап алып кететін еді. Сыздықтың
қолынан алу қиын. Қазақы, алық-беріктерге зауқы жоқ, еті тірі, қолы
шебер жігіт. Қымыз іздеп, қазан аңдып қыдырмайды. Жалғыз биесін
таңертеңнен кешке дейін сауып, сабашығын иіндетіп қояды. Жалғыз
биеден туған жалғыз көк бесті жүйрік болып шықты. Оны жазы – қысы
мінсе де, мойнынан жалын бір үздірмейді, күтіп, баптап мінеді. Қысқы,
жазғы үйлері де тұянадай. Төлін қосқанда жеті-сегіз ірі қарасы, бесалты ешкі-лағы бар. Шетінен күйлі, қыстан қоңды шыққан. Аман
келген сайын бұл үйдің бірдемесіне сүйсініп кетеді. Қазір Сыздық еріп
отырған бұзаутіс өрімге қызығып:
― Əдемі-ақ екен. Осы қолың да жерде қалады-ау!— деді.
― Қалай мақтасаң да, бере алмаспын.
― Жиен сұрамайды. Алғысы келсе ала салады.
― Есебін тапқан нағашы жиеннің өзінен алады.
Үшеуі күлісіп алды. Суылдап жел келеді. Түндік желпілдеді. Үй
иелері абыржитын емес. Желбау тартулы, бақан тіреулі, үй
бастырылған.
― Бағжан, қымыз құй!— деді Сыздық.
― Кейін келіп ішемін. Шайым басылсын,— деп Аман тысқа шықты.
Ауыл түндіктері желп-желп етеді. Абыржыған əкел дауыстары
естіледі. Солардың ішінде бір дауыс дауылға дауыл қосып тұр:
― Құдай-ай, құдай, не жазып едік, құдай! Менен аяғаның бар ма?
Жөргекте шешемді алдың, төсекте өндірдей өрімді алдың. Ол аз
болғандай, былтыр екі сиырдың бірін алдың. Бүгін одан қалған жалғыз
қашарды тағы алдық? Шиеттей төрт баланы қалай асыраймын енді.
Төрт емшекке бес жан қарап қалдық-ау! Қызыл қашарды алғанша мені
алсаң еді, не төрт баланың бірін алсаң еді! Құдай, қу құдай, тас бауыр
құдай. Аясаң еді бір!..
Жел жақтан сампылдаған Ырысжанның бұл сөздері Аманның төбе
құйқасын шымырлатты. «Не боп қалды?»— деп, жүгіре басып келсе,
қашып кеткен қызыл қашар құдыққа жығылып өліпті. Сүтті сиырдың
тұқымы екен.
― Тым құрыса, адал өлмеді-ау!— деп күйінеді Ырысжан.
Төрт бала үрпе-шүрпе бір жерде. Аман аяп кетіп:
― Сабыр етіңіз, жеңеше, сабыр,— десе:
― Сабыр құрғыр сүт бола ма балаларға!— деп, Ырысжан өршелене
түседі.
Болмасын білген соң, Аман жылыстап кетті. «Жаны күйген тəңірісін
қарғайды» деген осы екен-ау!— деп келеді ішінен. Ескі ырдуанның
дөңгелегін қиқаңдата, шиқылдата, Нұрғали өтіп барады алдынан.
― Бөгелші, ей саңқай, қайдан қайттың əндетіп?
Нұрғали жауап беруден бұрын қол ұстасқанда қолын қысып-қысып
жіберді.
― Не дейсің?!
― Ағатай, ағатай! Байқаусызда аузымнан шығып кетті.
― Əрі арбамды, əрі мұрнымды мазақтайсың!..
― Қойдым, ағатай! Ендігəрі саңқиған мұрныңызды, шиқылдаған
арбаңызды ауызға алсам, желкемнің шұңқырын көрмейін.
― Бəлем! Солай ма, ант ішкіздім бе!
Екеуі құрдас. Нұрғали — аңғал, балуан құрбы. «Желкемнің
шұңқырын көрмейін. Басқан ізім артымда қалсын. Тілім мұрныма
жетпесін» деген қулықтарды шын антқа балап қабылдай береді. Аман
екеуі тіпті қатты ойнайды. Жеңіліп бара жатса, Нұрғали қол жұмсайды.
Мықыр саусақтары темірдей.
― Ақбаладан жылқының жусауын көріп едім. Соны салып əкеле
қояйын,— деп шықсам, күнді көрмеймісің...— деді де, қолындағы
шыбығымен көкті нұсқады.
― Бүгiн бастағы ауылдарды торысақ қайтеді?
― Е, жіп таққаның бар ма еді?
― Барған соң тағамыз да.
― Жай жүр. Мойныңды үзем.
― Шыныңды айтшы, жарасып па едіңдер?
― Тақау, ― деп Нұрғали жымың-жымың етеді. Ол тақау дегелі
жылдан асты, əлі тақалып болмапты. Шорқақ, аңғал зымиян қыз
түлкіше құйрығын шалдырып жүpсе керек. Зəуеде сол қыз: «Келе
ғой»—десе, Нұрғали түнде есік ашып енe алмайды. Жүрексіз.
Жайшылықта жығып жүрген жігітінен көп алдында жығылып қалады.
Еркек құрбыларына өктем, оспадар. Қыз, келіншекті көрсе қысылып,
қызарып, əбден зықысы шығады.
― Шыныңды айт!—деді тағы да Аман. Құрбысының сыры өзіне
мəлім. Əлі күнге: «Жас жастың тілеуі, жібектің түйіні бірмен» жүрсең,
қыз сенен торықты.
― Немен, мені қыздан қорқады деймісің!—деп, Нұрғали тап
бергенде, Аман атып кетті. Қашқан бетімен Əлжандікіне келiп кірді.
Бұл ― мана Сапар ақсақал алдындағы екі дөңгелек нанның бірін
баласынан беріп жіберген кедей Əлжан. Төсегінің үстінде отыр. Жүдеу.
Қынаға бояп, қой жабағысынан істеген көнетоз күпiсін, қызыл елтірі
тымағын киіп алған. Ойнақы, өткір қой көзі бұрынғысынан үлкейіп,
баяу қозғалады. Бетінде қан жоқ, ақ шөлмек.
― Жоғарыла, қарағым, ― деді, əлсіз ақырын даусын соза.
Жоғарылайтын жер шамалы. Төр алдында тор жабағының теpiсі
жатыр. Аман соған отырды. Үй үш қанат екен: киiз қап-қара тозығы
жеткен, шоқпыттан жамаса да, шұрқ-шұрқ, қай тесігінен қарасаң да
дала көрінеді. Кеше баласын ерте барып Шəкен мырзаның
босағасында зарығып отырып, қымыз алып қайтқан əйел қыл
шылбырдың екі тілін есіп тастапты. Үшінші тілге ақырғы шүйкелерді
сіңіріп барады. Аяқтағы суға қолын батырып алып, есе жөнелгенде,
аяңмен келе жатып, шоқыта жөнелгендей өндіріп-өндіріп жібереді.
Қасындағы кішкентай еркек бала шешесінен көріп, о да бірдеме ескен
болады.
Аман үй иелерімен қысқа амандасып, аурудың да халін қысқаша
сұрап, біразға дейін өзімен-өзі болып отырды. Төр алдында ескі
кебеже, аузы бұзылған, қақпақсыз ескі əбдіре. Кереге басында
жылқының бас терісінен істеген талыс, желқом ер, босағада бір-екі
қақпан жатыр. Ши жақта көз тосарлық ештеме көрінбейді. Жыртық ақ
шиді құруға келмеген соң, ас бетін қалқалап, керегеге сүйей салған.
Оның тасасындағы астың қауқарын көрмей-ақ шамалауға болады.
Аман Əлжанның кедей екенін бұрыннан білетін. Үй тұрмысын көргені
осы. Ой билеп отыр: «Нан, қант, шай дегенді көрмейді. Ет, май атымен
жоқ. Қарағаны — жалғыз сиырдың сүті. Қысты күні сол сиырдың
жалғыз торпағын талшық қылады. Əлжан бишара жауыр құла
шолақтан желқомын алмай, жаз болса артына қап бөктеріп, қыс болса
астына қол шана басып, поселке қыдыратын еді. Көбірек жатып қалған
соң, күйзеліп қалған екен ғой...»
― Шырағым, өз көңіліңді білдіре, менің көңіліме демеу сала
келгеніңе қатты ырзамын,— деді Əлжан. Аманның ойын бөліп жіберді.
Сөзін ыдырата, баяу айтып отыр.— Шүкір, бері қарадым. Бірақ көтерем
сияқтымын. Жүдетіп кетті. Тез оңалуға дəмді тамақ керек қой. Құлқын
шіркіннің тақ бетесінен құтыла алмай қойдым. Туған жерді тастап, осы
елге тентіреп келгенде, дəл езіңдей жас едім. Биыл қырыққа шығам.
Жиырма бес жыл жалда жүріппін. Соның кейінгі он жылын Шəкен
мырзаның есігінде еткіздім. Есікте жүріп оңбайтынымды білген соң, өз
тұсымнан талпынып байқадым. Жазғытұры суыр аулап, күзгі сонарды
құр жібермей, ара-арасында поселке аралап, бірді бірге жағыстырып
жүргенде жатып қалдым. Қақпан анау, желқом өр де анау бос тұрған.
«Байлықтың алды денсаулық»— дегенге жаңа түсінген тəріздімін.
Мына қатын мырзаға шылбыр естіп отыр. Тезірек апарып беріп, тағы
да бір аяқ қымыз алып қайтпақ.
― Қымыз, сірə, жағады ғой? Тез оңалтатын шығар?
― Шүкір, жағады. Жарықтық осы кездегі уыз қымызға не жетеді!
― Япырай, он жыл еңбегіңіз сіңгенде, мырза күніне бір аяқ қымыз
беріп тұрмай ма?
― Сұраушы көп. Келім-кетімі көп. Кімге жеткізеді,— дей салды
Əлжан. Ішінен мырзаға қатты налып, кейде оңашада қарая сөйлеп
қоятын. Аузы берік адам: «Өтпес өкпені жұртқа шағып не қылам?» деп,
бұл жолы аузын бағып қалды. Осы үйді басқан ауырлық жаңа кірген
жас Аманды да басып, қатаймаған қабырғасын қайыстырып барады.
Серпіп, лақтырып тастауға о да жарамады. Қолынан бар келгені:
― Бүгіннен бастап көтерілгенше біздікінен бір аяқ қымыз алдырып
тұрыңыз,— деді.
― Қарағым-ау, сіздікіне қымыз қайдан келді?!—деп, Əлжан
салбыраған ұзынша мұртын көтере езу тартты. Беті мен көзіне лезде
жылы, қунақы, шадман рең пайда бола қалды
― Сыздық жалғыз биесінің сүтін біздікімен бөліп ішеді. Мен өз
сыбағамды сізге қидым.
― Қoй, не қыласың, шырағым.
― Жоқ, жоқ! Айтқаным— айтқан, Əлеке. Денім сау, атым бар, қымыз
ішерлік беделім де бар. Керек болса, ел қыдырып ішерміз.
― Көп жаса. Бізден қайтпаса, құдайдан қайтар.
Зуылдатып келіп қалған жауын Аманды үйден шығармай басты.
Əуелі екпіндете, бүрке келді де, құйып кетті. Шүмектеп құйып тұр.
Жарқ-жұрқ етіп алып, дəл төбеден шарт еткенде, жан-жануар түгіл,
қара жер солқ етеді. Мал атаулы ықтап, бүрісіп қалған. Ауыл маңында
жайылған ешкі, лақ, қозы, бұзауларды ауылға қайрылтпай, бүкшеңбүкшең дедектеп айдап барады. Түтеген нөсер əп-сəтте сaйжыраларды, қазылған жолдары тасытып жіберді.
Күн құдіретін бүтін үйдегілер жете байқамауы мүмкін. Əлжан
үйіндегілер артығымен байқады. Жыртықтардан саулаған су жиылажиыла керегенің төменгі көгіне дейін көтерілді. Əлжан төсегі қалқып
кететін болған соң, қара əбдіренің үстіне шығарылды. Əлжанның өзін
əйелі мен Аман екі жақтап сүйеп əкеліп, кішкентай, дөңгелек ас
столына отырғызды. Алдына баласын берді. Абырой болғанда, бүкіл
үйде бұлар отырған тұста ғана тамшы ақпады. Аман мен əйел де
солардың қасын паналады. Аяқтары шылқылдаған су. Оны ескеруге
мұрша жоқ. Күн біресе жарқылдап, біресе шартылдап үрей
қалдырмады. Жай əне түседі, міне түседі деп иман айтудан ауыз
босамады. Жай шақырады деп, ағарған нəрсені тығудан, темір
атаулыны жабудан қол босамады. Əдетте, бұндай қатты келген жауын
ұзаққа созылмайтын. Жарқыл, күрсіл бір саябырлаған кезде,
жауынның басылуын күтпестен, Əлжанның əйелі күрек ала тысқа
шықты Есік алдына жиналған су үйге кіре бастаған соң, жырып басқа
жаққа ағыза беріп еді, аспан құлап жерге түскендей күн тағы бір
шатыр-күтір етті. Əйел құлап қалды. Аман ұшып барып, көтеріп енгізді
үйге. Өлген жоқ, есалаң. Аздан соң өзіне-өзі келіп:
― Осы жақ шекем күйіп барады!—деп, оң шекесін ұстай берді. Енді
біраздан кейін тиыштанды. Баласын келіп бетінен сүйді. Сол кезде:
― Жай тура түспей, шарпып кеткен,— деп Əлжан қуанышы қойнына
сыймай, ыржия бір күлді.— Құдай əмəн сақтай көр. Серікжан жетім
қала жаздады ғой.
Бұлар жайдың əуресімен жүргенде күн ашылып кетіпті. Қара түнек
белден асып барады. Бұлт астынан жаңа шыққан ащы күн дəл төбеде
шақырайып тұр. Аман үйге қайтты. Əлжандікіндей күйзелтпегенімен,
жауын өз үйін де біраз мазалаған екен. Келісімен шешініп, киімдерін
жайып, болған оқиғаны баяндап, жайуат отырғанда, даладан тосын
дауыс естілді:
― Сапар ақсақалдың үйі қайсы?
― Мына бір қоңыр үй.
Үй-іші шала-пұла жиыстырылып, тер алдына жалғыз алаша
жайылған кезде сəлем беріп, орысша киінген қазақ жігіт енді. Сапарға
екі қолын, Аманға бір қолын беріп амандасты. Орта бойлы, қамыт аяқ,
ақ шұбар жігіт екен. Сақал-мұртын қырып тастапты, жасы отыз бес,
қырық арасында болар. Сырт киімін шешіп барып отырды. Белінде
наган. Бірақ өңі жылы, амандығы сыпайы көрінеді. Өзін еркін ұстап,
үлкен көзімен өте байыпты қарайды.
― Қай баласың, шырағым?—деді Сапар қысқа амандықтан кейін.—
Тани алмадым, сөкпе.
― Иə, танымассыз. Атым — Жұмабек. Əкем аты — Ералы. Тұрағым
— Ақмола қаласында. Совет қызметімен елге шығып келем.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Дауылдан кейін - 03
  • Части
  • Дауылдан кейін - 01
    Общее количество слов 4186
    Общее количество уникальных слов составляет 2478
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 02
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2410
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 03
    Общее количество слов 4173
    Общее количество уникальных слов составляет 2290
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 04
    Общее количество слов 4101
    Общее количество уникальных слов составляет 2351
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 05
    Общее количество слов 4154
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 06
    Общее количество слов 4223
    Общее количество уникальных слов составляет 2367
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 07
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2283
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 08
    Общее количество слов 4107
    Общее количество уникальных слов составляет 2391
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 09
    Общее количество слов 4142
    Общее количество уникальных слов составляет 2372
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 10
    Общее количество слов 4104
    Общее количество уникальных слов составляет 2380
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 11
    Общее количество слов 4136
    Общее количество уникальных слов составляет 2348
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 12
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2305
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 13
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2332
    34.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 14
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2378
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 15
    Общее количество слов 4068
    Общее количество уникальных слов составляет 2247
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 16
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2289
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 17
    Общее количество слов 4166
    Общее количество уникальных слов составляет 2421
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 18
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2376
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 19
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 20
    Общее количество слов 4008
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 21
    Общее количество слов 3974
    Общее количество уникальных слов составляет 2382
    31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 22
    Общее количество слов 4023
    Общее количество уникальных слов составляет 2405
    32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 23
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2379
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 24
    Общее количество слов 4055
    Общее количество уникальных слов составляет 2375
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 25
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 26
    Общее количество слов 3988
    Общее количество уникальных слов составляет 2269
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 27
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 28
    Общее количество слов 4051
    Общее количество уникальных слов составляет 2363
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 29
    Общее количество слов 3997
    Общее количество уникальных слов составляет 2415
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 30
    Общее количество слов 2776
    Общее количество уникальных слов составляет 1692
    38.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов