Latin Common Turkic

Дауылдан кейін - 10

Общее количество слов 4104
Общее количество уникальных слов составляет 2380
33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
― Қалаға айында-жылында бір келгенде, адам сияқты орнығып бір
отырмайсың,— деп, кінəлай қарсы алғанда, Ақан онысын қалжыңға
айналдырды:
― Алпыстың екеуіне шықтым, əлі де менен бірдеме дəметемісің?
― Тəйт əрі, жастардан ұялсаңшы!
― Онда шайыңды тезірек əкел. Қонбаймын, жүремін.
― Əне, ылғи асығыс,— деді де əйел, еңкейген, екі қолын артына
ұстаған күйінде, шығып кетті.
Ақтамақтың шешесі Ақанмен ауылдас, ағайындас кісінің қызы
болған соң, Ақан Ақтамақты жиен деп жүреді. Əйтпесе туыстығынан да
көңілдері жақын. Еңкек бəйбіше манадан самаурын қойып, қазанын
асып, күтіп отыр екен, ет пен шайды бірден əкелді. Бұлар тамақ
үстінде отырғанда, қарсы үйдегі думанды қақ жарып, бір дауыс аспанға
көтерілді. Тік шырқап барады. Міне енді қалықтап бері оралды.
Төмендеді. Қанатымен жер сабай ұшты. Қайта көтерілді аспанға.
Үйдегі шу су сепкендей басыла қалыпты. Асқақтаған əсем əн
құйқылжуда. Аман ішіп отырған асын тастай сала:
― Мынау əншіні көріп қалайыншы!— деп, тұра жөнелді. Қарсы есікті
ептеп ашып сығалап тұр.
Əнім еді сүйіп салған «Қанатталды»,
Бұл əнім балқытушы ед тыңдағанды.
Өмірден өз еркіме орын таппай,
Кейінге «Қанатталды» əнім қалды.
― Паһ, паһ төкті-ау антұрған! Бұ да келіп қалып па еді?— деді Ақан.
― Қалғаны жоқ. Қосымжан да, Оспан да бар,— дегенде, бəйбішенің
қабағы бүрісіп кетті.— Тек жанжалсыз тараса екен, түге. Өлердей ішіп,
қызу бəрі.
Əн басылысымен Аман келіп орнына отырды. Төс қалтасынан
кішкентай дəптерін алып, жаңағы əннің сөзін жазып қойды.
― Жезде, бұлар Абай айтқан азғын ақындарға ұқсамайды, тамаша
əншілер ғой. Жаңағы əнші кім?
― Сəтмағамбет. Арғы тегі Сүйіндік. Бірақ өзі осы елге ертеден сіңген.
Бұл үйде жата түссең, əлі талай əншімен танысасың. Əншілердің
көрінетін жері: ас, той, жəрмеңке болатын. Бертін келе осы
қымызшылардың үйінде де көбірек көрініп жүр.
― Қымыз үйі онда əрі сауда, əрі сауық орны екен ғой.
― Кейде жанжал орны да болып кетеді.
Ақан аузын жиып алғанша, біреулердің күжілдескен даусы естілді.
Оған дереу аяқ дүрсілі қосылды.
― Ұстаңдар! Айырсаңдаршы!— деген Ақтамақтың ащы даусы
шықты.— Қиратты! Төкті!
Қарт Ақан оқтай атылып, қарсы бөлмеге енді. Мана қыли мырзаның
қасында танауы шелтиген шайтан көз жігіт, таласқан иттей тістесіп
жатыр біреумен. Жер таппағандай, астындағы жігітті дəл қымыз
тегененің үстіне əкеліп жығыпты. Қымыз төгілген, бірер кесе сынған.
Арашашылар айыра алмай жүр. Ақан, келген бетте, шайтан көзді бір
қолымен желкесінен ұстап, далаға сүйрей жөнелді. Ол астындағыдан
айрылмады. Қосақталған екеуді қабат сүйреп далаға шығарған соң:
― Ал, армансыз болыңдар!— деп Ақан қатты итеріп жібергенде,
екеуі тəлтіректеп барып, екі жерге жалп етті. Үйдегілердің бəрі енді
далада. Ақан ентігіп тұрып, қыли мырзаға сөз тастады:
― Мырза, мынау ит сенікі. Əдейі айтақтадың ба, айырылып қалдың
ба, өзің білесің. Əйтеуір, бұл жанжалға сен жауапты.
― Жауапты болса, несі бар?! Міне төлейміз,— деді де, мырза ұзын
мойнын бір жаққа, қыли көзін екінші жаққа қақырайтып қойып
қалтасынан сытырлата суырған червонды Ақтамаққа ұстата берді.—
Ақыңыз кетпеген шығар, Үш күннен қалдырмай, үйімді босатыңыз!
Соны айтып, ол аяғын кердең баса, кете берді. Жұрт тарады. Ақан да
үйге еніп жүруге қамданғанда:
― Нағашы-ау, біз қайттік!—деді Ақтамақ.—Жаңағы: “Үйімді босат”—
деп кетті ғой.
― Жəй сөз шығар.
― Жəй емес. Жанжал да жəй емес. Сол итті кіжіңдетпей, бір баспана
табуға жəрдем етіңізші. Андрейдің осындағы жесір қарындасында екі
бөлмелі үй бар. Екі жылдың ақшасын бұрын сұрайды. Оған бізде шама
қайда?
― Онда киін, Манарбек. Менің арбама мін,— деп Ақан қара мұртқа
иек көтерді.— Андрей екеуіңді келістірейін. Андрей келіссе,
қарындасы одан құрық əкете қоймас.
Манарбек қуанып кетті. Қапыл-құпыл киініп жатыр. Күн ұзын жақ
ашпаған. Енді Ақтамақты ымдап, оңаша бөлмеге шығарып алды да, сұқ
қолын сермей тұрып сөйледі:
― Байқа, қазаққа сенім жоқ...
― Бұл не дегенің?
― Мынау жігітті айтам да.
― Е, оның не сұмдығы бар еді?
― Мен жоқта басынып, қасыңа келіп жүрмесін. Келе қалса, тура
ауызға теп, сотын өзім көтерем.
― Алаңдама, бара бер. Кісі күтіп тұр.
― Енді бірдемеңді сезсем, онда, оңдырмаймын!
Манарбек пен Ақанды жөнелтіп, Ақтамақ шайға отырды. Қасында
бір ғана Аман. Бəйбіше ойраны шығып жатқан қонақ бөлмені
жиыстырып жүр. Екі-үш жасар ұл бала шатыр шымылдықтың ішіндегі
кереуеттен басын көтеріп: «Апа» дегенде, Ақтамақ ұшып барып,
баланы құшырлана сүйді де, көтеріп əкеліп, қонақ пен өзінің
аралығынан отырғызды. Аман балаға қарай береді.
― Жаңағы Сəтмағамбет əншімен туыс жақындығыңыз жоқ па?—деді
бір кезде.
― Жоқ. Оны неге сұрадыңыз?—дегенде Ақтамақтың көзі бір күлім
етті.
― Жəй, əншейін.
― Мына балаға қарап айттыңыз білем. Бала əркімге тарта береді.
«Бір қонып кеткен қонаққа да тарта салады» дейді осында бір шалдар.
Болашақ балам сізге тартқай-ақ.
Аман жауап қайырмай, қызарып кетті. Ақтамақ қанша ашықпын,
əзілшімін, маңайласқан еркекті ұршықша иірем десе де, бұл сөзімен
жақын отырған қонағын алыстатып алды. Əйел өзін алыстау ұстаса,
Аман жақындауға құмартатын. Əйел тым жақындап кетсе, алыстатуға
асығатын. Ақтамақтың жаңағы қалжыңын ол ұятсыздыққа қосты. Ұятары жоғары жігіт қазір қызарумен қоймай, танауының үсті де тершіді.
«Мен енді сізбен сөйлеспеймін» дегендей, шынаяғын төңкеріп тастап,
төмен қарап сұлық отыр. Ақтамақ үрлегенде, жігіт түгіл, қайсыбір
шалдардың да өшуге жақын шаласы бір жарқ етіп, жалп ететін. Қызыл
шоқтай жайнаған мына жігіттің, жалын атпай тұрып қалғаны
Ақтамақты да басып тастады. Үнсіз əңгімесіз бірнеше минуттер өтті.
― Сыртым бүтін, ішім түтін бақытсыз адаммын,— деді əлден
уақытта Ақтамақ, күрсініп қойып.—«Көрінгенге ұрынған ұятсыз
əйел»—десеңіз де, сізбен ашық сөйлесіп, ішімді бір босатқым келеді.
Айтылмаған сыр — шер ғой, Айта беруге болмайды. Сыр сақтаушы
кем. Сіз мені көріскеннен кейін білсеңіз, мен сізді көрмей тұрып-ақ
білгенмін.
― Қалайша?—деп, Аман таңдана сұрады.
― Тақауда нағашым аулына барып, қонақ болып қайттым. Сол
ауылдың, əсіресе Бəтима апаңыздың əңгімесінен есімде қалып
қойыпсыз. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтайтыны» белгілі. Сіз
жанжалдасқан Малқар болыс, Шөгел поштабайлар бұл үйде сан рет
болған. Ел ағасы, жігіт ағасы деген қазақтың талайын көрдім. Шіркінай, тура жолға сермеген бірін көрсемші! Қырындамаған, тұнық көңілді
лайламаған бірі жоқ. Алдайды, қызықтырады, қорқытады, қайткенде
бұзады. Жаңағы қыли мырза: «Бұзылмасаң, істейтінім міне» деп кетті
ғой. Осы қаумалау өмірлік жарымды таптырмастан, жастай
ұрындырды.. Енді тапсам да, тырп етер шама жоқ.
― Heгe? Алыстағы ауылда емес, қалада отырсыз,— деген Аманға
Ақтамақ көз жасын төгіп отырып, сыбырлай қайырды жауапты.
― Күйеуімнің баскесер ағасы бар. Тұрағы белгісіз. «Тырп етсең,
басыңды кесем» деп, серт еткен. Ол сертін орындамай қойған емес.
Қалқаның да басын кесіп тынды.
― Аты кім?І
― Шалабай.
― Кəдімгі белгілі Шалабай ма?
― Соның өзі.
Аман Ақтамақтан жаңа ғана жиреніп, көрікті əйелдердің көбі осылай
бұзық келетін бола ма?— деп отырса, енді оның себебін тауып, аяп
отыр. Жылқыбай, Малқар, Шəкен тоқалдарын есіне түсірді. «Олардың
басындағы ноқта бұдан да мықты-ау!— дейді ішінен.— Аш қарын
майлы ас жемей жұбанбаса, аш көңіл де тоят іздемей тұра ма?
Сондықтан аласұрып жүріп ұрынады, бұзылады екен ғой» деген ойын
Ақтамаққа ашып айтпастан, тұспалдап, тоқтау сала сөйледі:
― Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын. Өмірлік
жарыңызбен де табысарсыз. Бірақ жар атаулының бip-біріне қоятын
шарты, өмір бойы көксейтіні — адалдық емес пе? Адам бойындағы
қасиеттердің ішінде ол бəрінен жоғары сияқты. Жастықпен не
шыдамсыздықпен талайлар оны арамдауға асығады, арамдап алған
соң, өкінеді. Мен шамам келгенше өкінбеуге тырысам.
― Жас басыңызбен қарияша толғанасыз! Ойыңыз қалай тұнық еді,
сүңгіп шыққандай болдым ғой,— деп, Ақтамақ егілгенде, оның күлім
көзінен сорғалаған ыстық жасы, қандай арамды болса да тазартқандай
еді. Шынымен-ақ сырты бүтін, іші түтін екені көрініп тұр. Шешесі
есіктен кіре:
― Өкін, балам, өкін, өкін-дағы бекін!— дегенде:
― Бекінермін-ау, апа, əзəзілдер шыдатса,— деді.— Бұдан былай
тəңірден сұрайтыным тіпті аз. Шымшық торғай биік ағаштың басына
ұя салады. Сондай ғана ұям болса, ырзамын.
Бəйбіше де бір күрсініп, суып қалған самауырды ала жөнелді.
Ақтамақ дастарқан жия бастады. Аман қонақ үйге салынған төсегіне
келіп, шешініп жатса да ұйықтай алған жоқ. Манадан бергі əңгімелер
ойын əлдеқайда алып барады. Əлден уақытта «Университеттің» үйден
ала шыққан бір номерін ашып, соған қадалды. Түн ортасы ауған кезде
ол қолынан түсіп кетті. Танауы пыс етті.
IV
Қуарған жапырақтар төгіле бастады. Күн шақырайса да, дене
қыздыра алмайды. Жанға жайлы қоңыр күз: «Қатал қыс келеді,
қамдан» деп тұрған сияқты. Малшы қазақтар мал базарына жиналған.
Ығы-жығы көпшілік, бірі мен бірі саудаласып, қол соғысып жатқан
жұрт. Құр ат, құр өгіз, ту бие, тік өркеш түйе, тегене құйрық қой — бəрі
бар. Жаздай дамыл таппай семіртіп, ең көрнектісін, құндысын əкелген
малшы қазақ қымбатқа сатқысы келсе, оның аяулысын жалақтаған
сəудегерлер арзанға алып, пайда тапқысы келеді. Осылардың
арасында шапандарын желбегей салып, Əлжан мен Нұрғали да жүр.
Екеуінің бұрын қала көрмеген қазақтар екені беп-белгілі. Қала
өміріндегі болмашыға тамсана, аңыра қарайды. Біресе сəл нəрседен
оқыс сескеніп, елең, етеді. Əсіресе, қорқақ Нұрғали сабырлы Əлжанды
дамыл-дамыл түртіп қалып: «Мына тамашаны қара!» десе, енді бірде:
«Мынау жүлік!» деп, даусын дірілдете сыбырлайды. Нұрғали
əбігерленгенмен, Əлжан əзір байсалды қалпын бұза қойған жоқты,
аяғын жəй басып, бəріне байыпты қарап келе жатып, жалпақ ала сиыр
ұстаған біреудің қасынан өте бере кілт бұрылды. Келе сиырдың
желінін, төрт емшегін айналдырды. Одан құйрығын өлшеді,
мүйізіндегі бунақтарын санады. О жағына бір, бұ жағына бір шығып
қарап, айтпаса да өліп жүр.
― Не сұрайсыз, отағасы?
― Алпыс бес сом.
― Шырқап кеттіңіз ғой. Қырық беске. бересіз бе?
― Елуге де сипатпаймын, шырағым. Сауын керек болса, алып қал.
Төрт емшегі. төрт бұлақ, бір үйлі жанды бір өзі асырайды. Атасы өлсе
атамас малым еді, тегі бір төрт сиырымның бірі еді. Жалғыз балам
жалалы болып, сол үшін амалсыз əкелдім базарға. Жонып жерлік басқа
жуан кеңірдек болмады.
Киімі ықшам, сөзі қозғалысы шапшаң, қақпыштай қатып-кеуіп
қалған екі адам бұлардың қасына сап ете түсті. Алушы да, сатушы да
былай қалды, екеуі келе-ақ екі жақты билеп, саудаласып жатыр.
Қолдарын сарт-сұрт соғады.
― Имам Ағзам саудасы, мə, елу сегізге ала бер!
― Əкел қолыңды, тоқ етері елу бес.
Нұрғали күйіп-пісіп Əлжанның құлақ етін сыбырлап жеп тұр:
― Жын соқты ма өзіңді? Қалтаңда көк тиының жоқ, көрінген малға
саудаласасың.
Əлжан саспайды. Мұртын сипап қойып, жымия қайырады жауапты:
― Оған неміз кетеді?
― Сонда «кəне, ақшаң суыр» десе қайтесің?
― Келіспеген бола салам.
― Бүйтіп жүргенде біреу-міреу, ақшасы көп екен деп, басымызды
кесіп алар. Жүр, кеттік!
― Асықпа,— деді Əлжан.— Базарға келген соң, асықпай, базар
нарқын əбден білу керек. Əттең, ақша жоқ, шіркін-ай, малдың не төресі
бар екен! Мынау ала сиыр бір үйдің құты ғой!
― Өзің оқуға келмей, саудаға келген сияқтысың.
Жаңа келген екеудің бірі көзін қысып қойып, Əлжанды жеңінен
тарта жөнелді. Саудаласып, өнеріммен арзанға түсірдім дегенді
сыбырлаған сөзімен ғана емес, қолынан келген барлық ишаратымен де
айтып барады. Көзін, ернін кезек қысып, бетін тыржыңдатқанда,
саусақтары ойнап кетеді. Аузынан əлі Имам Ағзам түскен жоқ. Егер
Имам Ағзам саудасы осылай болса, жалдаптың үлкені сол марқұмның
өзі сияқты. Екінші жалдап сиыр иесі шалды сүйреп келеді.
― Тоқта, балам келсін,— дегеніне қоймай, Əлжанмен екеуінің қолын
еріксіз қабыстырды. Шал сонда да безектеуде:
― Қоя тұр, қоя тұр! Баламды тосамын.
Екеуді екеу зорлап, төртеуінің қолы түйісіп тұрғанда, тайқы маңдай,
таңқы танау, қара қасқа жігіт келеді. Басынан тер моншақтап, аузынан
сөз бұрқырай келеді:
― Таласпаңдар, алушы нешеусің?— деді келе-ақ.
― Алушы біреу. Мына екеуі жай келістіруші,— деп еді шал, жігіт
анау екеуіне сүзеген бұқаша қарады. Көзі де бұқаның көзіндей екен,
біраз ішіп алса керек, енді даусын бұза, күжілдей сөйледі:
— Жалдап! Нəпмандар! Құдайларың берген соң, құлқын сəріден
тұрып ап, жортасыңдар! Жырым жегіш ұры күшіктей, жолаушының
ер-тоқымын аңды, бүлдір, жеп қал! Жасай бермессің, заман айналып
тағы бір соғар. Көк мылтықтың астында, көзіңе көк шыбын үймелеп,
бүрсең-бүрсең жортқаныңды енді бір көрсем, арман жоқ! Əдхам сонда
күліп өледі.
Келістірушілер шегіне-шегіне тайып тұрды. Əлжан мен Нұрғали да
сытылып бара жатыр. «Əдхам» дегенде, «Сол емес пе?» дегендей
біріне-бірі жалт қарасты. Аз күн болыс болып түсіп қалған Əдхам
артына көп сөз қалдырған. Бұлар оны танымаса да, одағай мінезіне,
сөзіне қанық еді, қазір өзін көргенде, сол сырт естумен жаза баспай
таныды.
― Тымақтарың: «Мұратпыз» дейді. Рас па?—деді Əдхам. Тымаққа
қарап, бұ да руды дəл тапты.
― Рас,— деп, Əлжан жақындай берді.— Сіз біздің жақтан қашан кетіп
қалғансыз?
― Кеткенім жоқ əлі. Салт жүрмін. Əке-шешем, туған елім осы жақта
болатын. Сармантай, Мұраттың бай-жуандары соңыма түсіп жаптырып
қойған. Содан уақытша босанып, еркімді іздеп келдім.
― Білем, Аман екеуіңіз бір жаттыңыз ғой.
― Сендер Аманның неменесісіңдер?
― Сол ауылдікіміз. Аман қазір осында. Оқуға шақырған екен, өзін
іздеп таба алмай жүргеніміз...
― Жүр, мен тауып берейін онда,— деді де, Əдхам бастай жөнелді.
Сезді бұрқыратып келеді. Оқтын-оқтын ықылық атып қойғанда,
аузынан ханжа исі аңқиды. Əлжан жиреніп теріс қарайды. Ауыл
қазағының көзінде кісі өлтірген қанды қол мен арақ ішкен жиреніші
барабар-ақ шығар. Əлжан əрі-беріден соң жүрегі айнып, Əдхамның жел
жағына шығып алды. Сонда да тыжырынуын қойған жоқ. Жаяуға мал
базарынан қала бір қыдыру жер. Оған қосымша, жаяудың басында
тымақ, үстінде жүн тартқан қалың шапан, аяғында саптама етік болса,
шаршамасқа, быршымасқа шамасы қанша. Нұрғали мен Əлжан
киімдерін ауырлап, қара суға түсті. Əдхамнің киімі жеңіл: шұнақ
кепкасын шалқита киген, аяғында орыс етік, үстінде костюм ғана. Өзі
қызу адам, арақ қызуымен қыза түсіп, сөзі де, жүрісі де екпінді.
Қасындағы аяңы аз екеу ере алмай, кейде бүлк-бүлк желеді.
― Айналайын Күлпаш қой мені босаттырған!— деді бір кезде, қалай
жабылғанын ұзақ əңгіме етіп келе жатқан Əдхам.— Оны хабарлаған
Аманнан да айналайын. Тірі болса, Аман адам болады. Мен енді оған
мынау таз басымды кесіп беруге дайынмын. Абақты достан артық дос
жоқ.
Қос ат, жалғыз ат жекен лəшенке, фаэтондар ұшырта, жолдың
шаңын бұрқырата, ерсілі-қарсылы өтіп жатыр. Шаңнан бетін басқан
сайын Əдхам сыпырта бір боқтап алады. Оның ойынша, дүниені
нəпман басып баратқан тəрізді. Салт атты екі-үш қыр қазағы жарыса
шауып өтіп еді, оларды да бір сыбады:
― Мына жəлдеп нəпмандар шаңымен тұншықтыра ма!— деп,
жолдан шықты.
Əлжанның көңілі əлі базарда екен:
― Жаңағы ала сиыр орыс сиырының, тұқымы-ау, ірі көрінеді,—
дейді əңгімені бөліп.
― Болса болар. Мен бірақ оның шешесін Шəкен мырзадан алғанмын.
― Қаншаға?
― Тегін алдым. Байдан қорқытып ал, сұрап ал, парамен ал — бəрі
сауап. Мен қорқытып алғамын. Ол кезде байлар несін аяды? Енді міне
жегеніңді желкеңнен шығарып жатыр. Көк мылтықты кеудесіне тіреп
қоймасаң, буржүйекеңдер борбай етіңді боршалар əлі!
Нұрғали пышақ салып алады деп, мастан да қатты қорқатын.
Əдхамның даусы көтерілген кезде, көзі бір алақ етеді. Алыса кетсе, екі
кісілік əлі бар. Қорқақ жүрек есіл күшті қорлап келеді. Неше рет
оқталып: «Қойшы, мас адам байланыса кетер» деген оймен тоқталып
қалса да, бір сұрағын, əйтеуір, сұрап тынды:
― Сізді босатқан «Еңбекші қазаққа» өлең жазып жүретін Күлпаш па,
басқа біреу ме?
― Мен газет оқимын ба, тəйірі!—деп, қолын бір сермеп тастады
Əдхам. Ондық сауаты болса да, оқымайды екен.— Мені босаттырған
Күлпаш Орынбордағы рабфакта оқиды. КазЦИК-тың мүшесі. Жас та
болса, басынан кешіргені көп. Мойныма талай мінгізіп едім, ақтады
сонысын. Əгəр буржуйлар бұл қудалауын қоймаса, тура Орынборға
тартамын...
Əдхам өзі ғана сөйлеп, қасындағыларға сөз бермей, қалаға енді.
Төбесіне темір айдар қойған бір қабат əдемі сұр үйдің алдынан етіп
келеді. Үй алдында солқылдақ фаэтонға жегулі арғымақтар, жай
лəшенкеге жегулі пар аттар, күміс ерінің айшығы күнге шағылысып
салт аттар тұр.
― Көрдіңдер ме?— деді Əдхам, ызалы күлкімен сұр үйгe бір нұсқап
қойып.— Уатком осында. Бастығы — Малқардың балдызы Ермекбай
Есжанов. Мынау арба мен аттарға кедейлер мініп келмеген болар.
Қала көрмеген Əлжан мен Нұрғали қалаға енгелі сөз тыңдаудан
қалған, жан-жағына алақтаумен, таңырқаумен келе жатқан. Сұр үйге
көздері тойса да, көңілдері көншімей, дəл қасына келгенде, қолымен
бір шұқып қалып:
― Тамаша-ау! Өзін неден салған? Тас болат осы болды ма екен?—
деді Əлжан. Тастай қатты, теп-тегіс, əдемі сұр сылаудың асты кірпіш
пе, тас па, ағаш па,— үшеуі сарапқа салып, айыра алмай тұрды.
― Терезелері қақпадай! Бұндай да үлкен шыны болады екен-ау!
― Шарбағын қара! Қалпымен темір, кісі бойы...
― Бəрін Мəскеуден əкеп салдырған,— деп, Əдхам бұл арада да бір
білгіштік көрсетті.— Бұл — кəдімгі атақты Кубриннің үйі. Ол Мəскеу
байының қызына үйленген. Сол нақсүйеріне арнап салдырғаны ғой.
Қазір қазнанікі. Орыстар Кубриндерін алдақашан шауып алды. Біздің
қазекең əлі мəпелеп отыр.
Сұр үйдің сыртындағы үлкен сұр магазиннің алды, кең қорасы —
сапырылысқан адам, егіз, түйе, ат жеккен арбалар. Біреулер жүк əкеле
жатса, біреулер əкетіп барады. Орыс, қазақ шаруасы астығын, малын,
жүн, тері-терсегін өткізіп, керек-жарағын алып жүр.
― Бұл үй де Кубриндікі болатын, енді кооперация. Кіре кетелік,—
деп, Əдхам магазинге бұрылды.
Магазин іші кең, у-шу көпшілік, бұлардың тұмсығы батар емес.
Біреуді біреу баса-көктей, кимелей барады сатушыға. Бара
алмағандары керегін сырттан дауыстап сұрап, мойындарын созып тұр.
Неше жылға созылған соғыс, революция жұрттың шыңына жетіп қалса
керек, жапырласып жатыр.
― Шаңырқап келіп, астауға бас қойған жылқы ғой мыналар,— дейді
Əлжан.— Бірін бірі қағып, тістелеп, тебісуін қарашы!
Терлеп-тепшіп көптің ішінен азар шыққан адамды бұл үшеуі тағы
əурелейді. «Көрсетіңізші, ұлтан-ақ екен!», «Мына шытты көйлекке
алдыңыз-ау?», «Шіркін-ай, бір шəйнек зəру-ақ еді, сатпайсыз ба?»
Сұрақтарының, ермектерінің түрі осы еді. Ала көз, адуын əйел
алғандарын қолтықтап, есікке ентіге, сөйлей жеткенде, Əлжан оның
қолындағы ағаш аяққа жармасты. Жылдар бойы көрінбей, жаңа
шыққан сырлы аяқ көзіне оттай басылды білем:
― Жеңеше, сатыңызшы!— деді қызығып кетіп.
― Тəйт əрі, езуіңе!.. Мені жалдап деймісің? Өліп-талып өз қолым азар
жетсе...
Əйел соны айтып, бөгелместен кете барды. Нұрғалидың, дəу денесі
күлкіден солқ-солқ, етеді. Бір күлсе, жуырда басылмайтын. Кезінен жас
аққанша күлді. Əлжаннан кіші де болса, екеуі құрдастай:
― Ал, «саудаласуды қой!» десем, болмайсың! Сусының қанды ма?—
деп мазақтайды. Əлжан мұртын сипап, жымиған күйде, жауап
қайырмай, тысқа шықты.
Екі қабат ақ үй «Нардом» аталады. Əдхам, тысқа шығысымен, тура
соған тартты. Жолшыбай есігі ашық шағын дүкендер, балағандар тұр.
Кооперациядағыдай ду, көпшілік бұларда жоқ. Сауда солғын. Қайсыбір
сатушылар есік алдына шығып, олай-бұлай өткендерді ынтызар
болып шақырады. «Алмасаңыз да көріңіз» дейді. Тіпті əдепті,
кішіпейіл-ақ. Əлжан сан рет көруге бой ұрғанда, Əдхам бір рет
жібермей қойып еді, татар беркін киген дүкенші жеңінен сүйрей
жөнелді.
― Не керек өзіңе, бəрі бар. Кооперациядан арзан берем,— деп
жарылқап барады. Əдхам жүгіріп барып, оның қолынан Əлжанды
тартып алды.
― Сармаса, нəпман, сормақсың ғой? Мə, сор мынаны!— дегенде,
дүкеншінің көзі бақырайып, аузы ашылып кетті.
― Бəтшағар, мас шығар!—деді де, қала берді.
Ескі пəуескеге қос күрең жегіп, күреңдердің оң жағына шұжықтай
қара байталды бос байлаған біреу ауласы кең, еңсесі биік бір қабат
ағаш үйге бұрылды. Аттары сабылған, арбасының артқы дөңгелегінің
бірі табақ болған. Сонда да қатты жүріп, пəуескесін қисаңдата. барып
кірді қораға. Əдхам оларды көзімен ұзатып, қораға кіргізген соң,
қасындағыларға сұрақ берді:
― Жаңағы пəуескені таныдыңдар ма?
― Жоқ.
― Танымасаңдар, ол — Малқар болыс. Көшіріндегі қапылыстан
Шөгелді танып қалдым. Аман екеумізді біржола құртқалы келген
шығар. Балдызының пəтеріне барып түсті. Сол пəтерде жатып, менен
ол болыстықты алған. Енді шонтайымды ала ма?—деп, Əдхам ызалы
күлкіні біресе аузынан, біресе таққы мұрнынан шығарды. Ожар, кескір,
өткір тілді адам жалшылықтан қол үзіп, əкімдіктен айрылып, абақтыға
түсіп шыққан соң, əбден ашынып алыпты, жынын шақырған бақсыша,
жұлқына, күңірене сөйлейді. Осы денедегі есіл қайрат көзі ашық адамға
бітсе, тау қопарар еді. Əдхам басын тек тастан тасқа соғады.
Нардомның алдында папка, дəптерлерін қолтықтаған өзіндей жалшы
кедейлерді көріп келе жатып:
― Мыналар оқумен жеңбек байды,— деп кекетеді.— Аман
осылардың ішінде. Сендер де барып қосылыңдар. Менің басыма оқу
енбейді. Білекке келер күн туса,— күттім. Білімге келер күн туса,—
құрыдым, біттім. Қырық жасаған тақыр басқа, сел құйса да шөп
шықпас!
Үшеуі Нардомның үлкен албарына енді. Руға бөлінген қазақтың əр
жерінен-ақ келген екен. Қуандық, Қаракесек, Сүйіндік, Тама, Темеш,
Уақ, Керей — əрқайсысы өзін киім өзгешеліктерімен танытып тұр.
Киімдерінен ауқаттары да, сөз, мінездерінен тектері де байқалады.
Өңкей жалшы, кедей, орташаның, балалары. Білім алып, мемлекет
ісіне араласпақ. Бұлардың сауаты, дəулеті ғана аз емес, мемлекеттік
салты да аз. Автономия тиген екі үш жыл бойында советтік
мемлекеттік жаңа тəртіп ғасырлар бойы шегенделген ақсақалдықфеодалдық ескі салтпен тайталасуда. Революция өтіп, бейбітшілік
күндері жетсе де, мына жастардың ойы əлі ойран. Екі заман екі жаққа
тартып тұр. Ақ жүрек бала шағында кеудеңе уыздай ұйыған ардақты
сенімдеріңнің талайын жігіт шағыңда табанға салып тапта!— дейді
жаңа заман. Таптаудан етіңнен ет кесіп тастау оңайырақ. Таптамау
толқыған теңізде қайықпен жүзуден қиынырақ. Мондыбас қазақ
жасына өмір осылай екі алуан, бірінен бірі асқан қатал шарт қойды.
Аман соны түсінгендей, ойлы, салмақты жүретін, бірсыпыра мінездері
жастан гөрі үлкенге лайық еді, мыналарды көргенде, шұғыл өзгеріп,
балаша жүгіре, тайраңдай келіп амандасты. Мардымды амандаса алған
да жоқ, қызараңдап, күле береді. Бұрын елден ұзап шықпаған жас енді
сағынып қалса керек, дəу Нұрғалидің мойнына секіріп барып, екі
қолын айқастырғанда, аяғы жерге тимей тұрды.
― Аман шырағым!-— деді жайласқан соң Əдхам.— Мынау мұрт мен
болмағанда, бір саудагердің қолында кететін еді. Ал мынау түйеңнің
түгіне түсінгенім жоқ. Түйе үріксе, оқыс үркетін. Бұл қорыққанда оқыс
қорықпай ма?
Əлжан күлкі қысып, қорадағы қазоты көкке құлай кетті. Аман
селкілдеп азар тұр. Нұрғали шамданып қалды. Əдхамға үзіп-үзіп күж
ете түсті:
― Сіздің мініңіз менікінен сорақылау. Мен қараңғыда қалың, бейітті
қақ жарып өткен кісімін.
― Өтсең, ішің де бір өткен шығар.
Қоңырау шылдырлады. Албар ішіндегілер асыға кірді үйге, Аман да
Нұрғали мен Əлжанның документтерін ала сала, жүгіріп кетті. Үйде
Ералин басқарған комиссия курсқа оқушылар іріктеп отыр. Аман өзі
комиссиядан өтіп алып, тек Қасенді қарайлап жүрген. Бір мезгілде
Қасенді ерте шықты. Сөйлеп келеді:
― Əлеке, Нұрғали, жүріңдер, кешіксеңдер де, үлгірдіңдер, əйтеуір!
Нұрғали орнынан буыны дірілдей тұрды. Комиссияның алдына
барғанда, өңі қу шүберектей еді, қолақпандай болса да, құр сүлдері
тұрғанын Ералин сезсе керек, жымыңдай отырып, екі-ақ сұрақ берді
оған:
― Хат танисың ғой?
― Танимын.
— Төрт амалға қалайсың?
― Білемін.
― Алындың онда.
Сол екі арада-ақ Нұрғалидың көзіне дейін терлеп үлгіріпті.
Моншадан шыққандай боп, далаға шыға келгенде:
― Өй сабазым, неге бұнша сабылдың!— деді Əдхам.
― Ойпыр-ай, қиын екен! Кім біліпті, қиын екен!— деді де, терін
сүртініп, алқына берді Нұрғали.
Əдхам алқымдап тұр:
― Айтсаңшы, алындың ба?
― Алындым-ау, əйтеуір.
Əлжанды екеуі екі қолтығынан алып, дедектетіп, бір мезгілде Аман
мен Қасен келді.
― Төртеуміз де өттік! Жүріңдер той жасаймыз, қымызға барамыз!—
деп, Əдхамды ала, Аман Ақтамақтың жаңа пəтеріне қарай бастай
жөнелді.
Аласа қаладағы еңсесі көтеріңкі қоңыр үйдің адамдары бүгін кеш
жатып, кеш тұрды. Малқар болыстың, қолында шəйнек, иығында
шапан, омырауы мен аузы бірдей ашық, басқышта тұрып кең дүниеге
кішкентай көзін сығырайта бір қарады да, түсіп кетті. Үлкен ауланың
түкпіріндегі дəретханаға барды. Барса да, ішіне енген жоқ, тасасына
жалп етіп отыра қалды.
Ол дəреттен қайтып, үйге енген соң да, қала тəртібіне бағынбай,
қырдағы өз əдетін істеді. Қол жуғыштың астынан шылапшынды өзі
жатқан бөлмеге алдырды. Қолына су құйған күтуші əйелден
именбестен, кір дамбалының, ауын салақтата отырып, дəрет алды.
Дəреті шала. Таң намазын күн көтеріле оқыды, намазы қаза. Не құдай,
не пенде сүйер қылығы жоқ, пасық Малқар сонда да болыс. Болысекең
кейде паң, кейде мүлəйім. Кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген,
кейде сараң. Қазір тіпті паң. Ақ Айшаны ауылға қалдырып, ақ
Балқиясын ала келіпті Кең шалбарын, шаңын бұрқырата, сілкіп-сілкіп
алған соң:
― Біліп келші, Ермекбай тұрып па?—деді Балқияға, Балқия
қайтқанша, қол айнаға қарап тұрып, мұрнының ішіндегі жүндерді
іскекпен жұла берді. Əр талын суырған сайын, көзіне жас келеді,
тітіркенеді. Бұнысы бой күткені емес, дүмше молданың сандырағын
орындағаны. Заман ақыр болып құдай қаһарына мінген кезде осы
жүндердің əрқайсысы бір-бір істікке айналып, адамның басын сəждаға
тигізбей тұрады-мыс. Малқар сондықтан қияметке жүнсіз мұрнымен
бармақ. Ол біреуді нахақтан қан қақсатқанда, қайыршыға жеті тиын
садақа береді. Арзан батамен күнəсін жуып тастап, махшарда түк
көрмегенсіп отырмақ. Оған құдайды алдаудан ұлықты алдау қымбатқа
түседі. Өзі елден екі асағанда, ұлыққа бір асатып қоятын. Бұл əдетін
балдызының үйіне келерде де қоя алмады. Пəуескесінің жетегіне
шұжықтай қара байталды байлай, қағаз ақшаға қалтаны сықай келген.
Қарын тоқ, қалта толы. Балдызы бір оязды билеп тұр. Надан
Малқардың шалқымасқа тіпті шарасы жоқ. Балқия кіріп:
― Тұрыпты, шайға күтіп отыр,— дегенде:
― Ермекбайға ақыл айтып қоймасам болмас. Ұрысып айтам,— деп
шықты үйден.
Ермекбайдың өз ақылы өзіне жететін сияқты. Оқыған, ысылған,
саясат адамы, қазақы қулықтың, сөздің өзін егде Малқардан артық
білетіні аузын ашқаннан-ақ байқалады:
― Бұрын, ояз елге шыққанда, жездемдердің əбігері шығады екен.
Енді жездем ояздың əбігерін шығарды. Қараңдаршы!— деді, жездесі
кіргенде. Қалжыңдаса да шынын айтты; Асты биік столда ішетін. Қазір
дөңгелек стол жасаған. Еденге қалыңдатып киіз, кілем, олардың
үстінен көрпе жайған. Тарелка, шанышқы дегендерді жытырыпты.
Болыстың сабын тимеген сарғыш саусақтары ақ дастарқанды арамдай
бастады, жалап-жалап алып, табақтағы суыған етке, біресе майға,
біресе балға апарып салады. Аузы астан босамаса да, балдызының
жаңағы қалжыңына жауап та қайырып үлгірді:
― Сен, маған десең түу-түу Петроград, Мəскеу шығып кет, түу-түу
Лениннің оң дізесін басып отыр, маған бəрібір Ермекбайсың. Сенің
ояздығыңнан қорқам ба? Солай ма, Шөгел, солай емес пе? Сен айтшы!
Шөгел ерте тұрып, шай келгенше Ермекбаймен əңгімелесіп отырған.
Малқарды, əдетінше, қостай жөнелген жоқ, қабағы салқын тартып,
аузы ауырлай қалыпты. Жауапты сараң берді:
― Мен оны сенен бұрын айттым.
ақылдасатыныңды ақылдасып алсаңшы.
Осындай
оңашада
― Иə, өзімнің де ойымда отыр еді,— деп, Малқар демін аузынан
молырақ бір шығарды да, үзіп-үзіп, мыңқ-мыңқ сөйлеп кетті.— Құдайға
шүкір, сонау бір түсі суық күндерден, үрейленсек те, аман өттік. Құдай
жар болды, аруақ жар болды. Енді заман айналып қалпына келе жатыр.
Не бар жасқанатын! Селтеңдеген немелерді тарпып тастап отыру
керек! Ермекбай сен қорқақсың ба, жұмсақсың ба, білмеймін. Көзіңе
айтам, ұрсып айтам, сол, ел дізгінін бос ұстайсың. Бос ұстасаң, ел
бетімен кетеді, көрінген текешік басыңа секіреді. Мен басыма
секіртпей, Қасенді, Аманды, Əдхамды шаптырып қойғанда, сендер неге
босаттыңдар? Секіре берсін, бүлдіре берсін дейсіңдер ме? Онда
болыста не бедел қалады? Міне мен əдейі осыны айтқалы келдім
қалаға.
― Кедейді тым қудаламаңыз. Сол дүмпіту жетер,— деді Ермекбай.
Жездесінің бетін ұната қоймаған сияқты, сабырмен тыңдаса да, сəл
шытынып қалды.— Оның бер жағында оларды босатқан мен емес,—
деп, ақтала да бастап еді, жездесі киіп кетті:
― Енді кім? Сенен асатын кім бар мұнда?!
― Аспағанда, біреудің ісіне біреу қол сұға бере ме? Тағы да ескертем,
жезде, кедейді еппен ұстаңыз. Күшпен ұстаса, патша үкіметі ұстар еді
ғой.
― Кедей емес, бұзықтармен ұстасып жүрмін! Бұзықты кедей десең,
Шəкенді не дейсің? Оны неге құтыртасыңдар? Оның əкесі менің
əкемнің үстіне батып ене алмаған. Өзі екі рет. Николай заманында
болыстықты алғысы келіп, бір рет те ала алмаған. Содан кейін сайлау
сайын біреуді құтыртып, менің соңыма салып келеді. Мені тіпті болыс
екен демей барады. «Осыны бір жығып бер!» дегенім қайда?
― Сіздерге, жықпай-ақ, жығылмай жүрудің өзі қанағат емес пе?—
деді де, Ермекбай мырс-мырс күліп алды. Күлкісі келемежге бергісіз,
«сізі» «сеннен» қаттырақ. Ішінде бір ызғар бар секілді.— Жезде,
қайтесіз мені шыңдап, шыңдаудан кенде емеспін. Қанша айтқанда, өз
басыңыздың қамы ғой. Оны сізден мен көбірек ойлаймын, көбірек
білемін. Тіл алсаңыз Шəкенмен тартыспаңыз. Ол əлі күнге бір
кедеймен айтысып келген жоқ, қайта сіз жəбірлеген адамдарды қорғап
жатыр. Шəкен ақылды бай. Одан көп нəрсені үйренуге болады. Егін
салуды, шөп шабуды, мал тұқымын асылдандыруды, мəдениетті
тұруды, тіпті ел ұстауды да үйренуге болады, Үйреніңіз!
Дəл ернінің алдына бір елідей ғана мұрт қойып, оның, өзін қырқып
тұжырған сірке қара жігіт енді.
― Жоғарыла, Теміржан,— деді Ермекбай, сөзін бөліп, Теміржан
жоғарыламады, қол ұстасып амандаспады, босағада тұрып, бəріне бірбір бас иген соң, Ермекбайды асықтырды:
― Əлі шай ішіп болмағансыздар ма? Уақыт аз қалды. Дайындалған
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Дауылдан кейін - 11
  • Части
  • Дауылдан кейін - 01
    Общее количество слов 4186
    Общее количество уникальных слов составляет 2478
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 02
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2410
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 03
    Общее количество слов 4173
    Общее количество уникальных слов составляет 2290
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 04
    Общее количество слов 4101
    Общее количество уникальных слов составляет 2351
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 05
    Общее количество слов 4154
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 06
    Общее количество слов 4223
    Общее количество уникальных слов составляет 2367
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 07
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2283
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 08
    Общее количество слов 4107
    Общее количество уникальных слов составляет 2391
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 09
    Общее количество слов 4142
    Общее количество уникальных слов составляет 2372
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 10
    Общее количество слов 4104
    Общее количество уникальных слов составляет 2380
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 11
    Общее количество слов 4136
    Общее количество уникальных слов составляет 2348
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 12
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2305
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 13
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2332
    34.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 14
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2378
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 15
    Общее количество слов 4068
    Общее количество уникальных слов составляет 2247
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 16
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2289
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 17
    Общее количество слов 4166
    Общее количество уникальных слов составляет 2421
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 18
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2376
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 19
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 20
    Общее количество слов 4008
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 21
    Общее количество слов 3974
    Общее количество уникальных слов составляет 2382
    31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 22
    Общее количество слов 4023
    Общее количество уникальных слов составляет 2405
    32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 23
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2379
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 24
    Общее количество слов 4055
    Общее количество уникальных слов составляет 2375
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 25
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 26
    Общее количество слов 3988
    Общее количество уникальных слов составляет 2269
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 27
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 28
    Общее количество слов 4051
    Общее количество уникальных слов составляет 2363
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 29
    Общее количество слов 3997
    Общее количество уникальных слов составляет 2415
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 30
    Общее количество слов 2776
    Общее количество уникальных слов составляет 1692
    38.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов