Latin Common Turkic

Дауылдан кейін - 13

Общее количество слов 4102
Общее количество уникальных слов составляет 2332
34.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
отырғанда, ұялып, мойындап отырған жоқ. «Ауыздарыңды аша түс,
көмейлеріңді көрейін əбден!»—деп, мығым отыр. Шəкен мен Малқарға
қол артқан соң, кімнен жасқансын ол! Бір қорқатыны осы ауылдың қол
күші болатын, оған да қарсы күш дайын. Анада Шəкеннің берген кеңесі
бойынша, басқа жақта бытырап жүрген ағайындарын жиыстырып
алған. Қазір қасындағы бөтен үш-төрт жігіт — сол туыстары. Мақашқа,
Байболға қарағандар, туыс жағынан Аманға бір табан жақын
болғанмен, Жақыппен ниеттес. Алда-жалда жанжал шыға қалса,
Жақып енді қол күштен де жеңілмеймін,— деп жүр. Əйтседе көп
ауылға кейінгі кезде көбірек келеді. Жылпылдап, кіші пейіл көрсетіп
кетеді. Онысы қорыққандық та, татулық сүйгендік те емес, болыс
болудың, сайлауда дауысты көбірек алудың қарызы. Аңқау, момын
шаруалардың біразы бұл қулыққа түсінбей: «Жақып түзеліп қалды, есі
бар жігіт қой»— дей бастағанда, Аманның үстінен берілген анау арыз
ол үмітті өшіргелі тұр. Сондықтан бірдеме демеске болмады,
насыбайын атып алып, шырт түкіріп тастады да:
― Ағайын арасында көздің былшығы, тістің сарсығы сияқты
бірдемелер болмай тұра ма?— деді Жақып.— Ондайдан жаттың
көңілінде кек қалғанда, ағайынның көңілінде дақ та қалмайды. Биыл
ойламаған жерден Аманжанмен түс шайысып қалғаныма қатты өкініп,
өзін тіпті сағынып жүр едім. Мынау хаттағы сөзін естігенде, шоқтығым
бір көтерілді. Өсіп кеткен екен! Сендер болыс қоям дейсіңдер, оныңа
пысқыратын емес қой. Тілім тасқа, болысың тұрсын, ояздың арнасына
сия қоймас. Тек тіршілігін сұрайық. Ауыл арасындағы көр-жермен
шырмамай, алысқа салайық. Ізбасар, адресін берші, ақтарыла бір
жазайын өзіне.
Манадан басыңқы отырған Байбол көтеріле отырды. Оның басынан
əрдайым: «Шəкенге Жақып екеуміздің қайсымыз жақын? Болыс
қайсымыз боламыз?» деген ой шықпай жүргенде, көлденеңнен Аман
қосылып, қаупі күшейе түскен. Сондықтан Жақыпты амалсыз қостады:
— Оқыған иттің орны, қайда барса да, күреулі ғой. Аманды үлкен
жарысқа салайық. Ауыл арасындағы шолақ бəйгеге өзіміз де ақ
мылтық!— деп, бұ да өзінің бұқпа қулығын көрсетпей, басын
бүркегенде, бөксесі көрініп жатты. Бірақ соны ешқайсысы байқамай
бара жатыр еді, Тоқабай орнынан ұшып тұрып:
― Бұлаңдатпа құйрықтарыңды! Аманды ауызбен жарылқап өздерің
бола қалмақ шығарсыңдар,— дегенде, Жaқып пен Байбол оны екеулеп
алды қолға:
― Əлмəмбеттің ішіндегі əңгімеде сенің нең бар, ей? Басалқаңды анау
Салияңа барып айт!
― Өзіңді тағы бірдеме түртіп жүр ғой, сірə...
― «Тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалжуыр байлайды»
деген осы!
― Қызыл темірмен қарыса аузын!
Екі жақтап соңынан қалар болмаған соң, Тоқабай да тайынбады:
― Жігіттер, қызынбаңдар маған. Бит тояр қаным, аярлық жаным
қалған жоқ, бекер қызынасыңдар. Ашынды адамның тілі ащы болады.
― Мынау Шəкеңнің ашуын бізден алмақ па? Ашшы, кəне, аузыңды
ашшы тіліңді көрейін!— деді Жақып. Тоқабай:
― Ашқанда қайтесің?— дегенде:
― Битемін!—деп, Жақып қамшымен тартып-тартып жіберді. Ізбасар
ұстай алды қолынан. Жақыптың ағайындары үш-төрт жігіт
орындарынан дүрдие тұрысты, Тоқабай қол көтерсе-ақ, бассалғалы
тұр. Тоқабай қапелімде қол көтеруге үлгірмеген. Енді қонышынан
пышағын алып:
― Қан керегің келе бер!— деді қалшылдап.
Ешкім келе алмады. Арашашылар жанжалды басып. жиынды дереу
таратты. Тоқабай пышағын қонышына қайта тығып, Жылқыбай
аулына жаяу беттегенде серт қылды:
― Осының кегін саған жіберсем, жер басып жүрмей-ақ қояйын!
V
Жанжалдан кейін Жақып жалғыз өзі Шəкен аулына тартты. Күн
кешкіріп, көз байланып қалған. Қараңғы далада, жол үстінде бір
жұмадан бергі естіп-білгенін жиыстырып, мырзаға өңдеп айтудың
түрлі тəсілдерін ойлап келеді. Əңгімені, оқиғаны ол ешуақытта болған
күйінде айтқан емес, əсірелеп, кейде тіпті өрескел өтірік қоса айтады.
Қазір бар өнерін Аманға жұмсап барады.
Шəкен бұл кезде төргі бөлмеде Шолпанның қасында отыр. Шолпан
мана Танагөз, Мақаштар келіп кеткен соң, қарлы далада жалғыз, жаяу
тентіреп бара жатқан Тоқабайға, ол беттеген көп ауылға қарап,
бірсыпыра тұрған соң, түрлі ойлар басып, бірін шеше алмай, домбыра
шерткен. Домбыра жұбата алмады. Бүк түсіп, киімшең жатып қалды.
Көзін қанша жұмса да, ұйықтай алған жоқ. Жинап жүрген қисса, біренсаран газет, журналдары да тартпады — бəрі таныс, кебін жатқа біледі.
Ақыры, ала мысық болды ермегі. Жас мысық тіпті ойыншы, қызық.
Жатқан Шолпанды алдыңғы екі аяғымен мойнынан құшақтап, бетіне
бетін тиістіріп, бырылдайды.
― Аяғаның ба, жақсы көргенін, бе бұл?— деп, Шолпан оған тіл
қатады. Əрі-беріден соң мысық та зерікті. Мияулап олай, былай жүрді
де, ышқына атқыды. Қабырғаға құрулы кілемнің басына бір-ақ шықты.
Одан жерге секіріп, бөлменің ішін опыр-топыр қыла, айнала жүгірді.
Қож-қож етеді, көзінен от шашады. Шолпан «құтырды ма?»—деп,
шошып қалды. Басын жастықтан жұлып алғанда, Шəкен кірді есіктен.
― Мырза, мына қараңызшы! Қожылдап, мияулап аласұрады.
Құтырса керек!
Шəкен сылқ-сылқ күліп:
― Білмеуші ме едің, мас мысық мауыққанда өстеді,— деді. Кұшақтай
келіп отырғанда, Шолпан оның кеудесіне басын сүйеді. Көзі жұмулы,
шырайлы жүзі сонша момақан, бірақ сонша сезімтал, ұйқыда жатқан
жас марал тəрізді. Ерге шыққалы екі жылдан асса да, жасы əлі
жиырмадан аспаған жаулықты əйел бірде бала, бірде сұңғыла. Қазір
балаша еркелеп жатып, күрсінеді. Шəкен жағынан сипап отырып:
― Қабағың неге келіспей жүр, неге күрсінесің?—десе:
― Мен қашан балалы болар екем?— деп, қарсы сұрақ қояды.
Құлазыған көңілі баланы жұбаныш, қуаныш еткісі келе ме, əлде жоқ
іздеген көңілдің көп далбасасының бірі ме,— əйтеуір, Шəкенге ауыр
тиді бұл сұрақ. Өйткені Шолпан үшінші əйелі. Алғашқысынан бала жоқ,
ерте қайтыс болған. Екіншісінен бір ұл, бір қыз көрді, ұлы тұрмады,
қызы ұзатылып кетті. Үшіншісі міне екі жылдан асты, əлі бала
көтермей келеді. Кінə өзінде екенін Шəкен кейінгі кезде сезініп, кейіп
жүрсе де, Шолпанға жайраң қайырды жауапты:
― Бала кəртайтады əйелді. Мен сені кəртайтпауға, осы қызғалдақ
қалпыңда сақтауға тырысам. Сен, кəртайғанша неге асығасың? Маған
бала да, жар да — бір өзің.
― Кəртаюға құмар дейсіз бе, жұбаныш іздегенім де. «Төсекпен
көтереді» дейтіні қайда?
― Ол жəй сөз. Біреу ерте, біреу кеш көтере береді. Уайымдама
баланы. Сол екен ғой қабағың келіспей жүргені,— деп Шəкен
Шолпанды жұқа ернінен сүйіп алды. Шолпан тағы бір күрсініп қойып,
наз айта бастады:
― Мендегі уайым сол ғана дейсіз бе... «Балам да, жарым да — бір
өзің»— деп отырып, мені бəрінен қағажу ұстайсыз. Құшағыңызға күнде
енсем де, сырыңызға əлі бір енгем жоқ. Оңаша отырып, əркіммен
сырласасыз, соның бірін маған сездірмейсіз.
― Жас басыңмен, əйел басыңмен, ойыма ортақ болуға жарасаң, сенен
жасырарым болмас, Шолпанжан.
― Жас болып, аузымның не мінезімнің жеңілтектігін көрсеттім бе?
― Жо-жоқ! Тек байқағайсың, ой деген ауыр нəрсе, əрі-беріден соң
діңкеңе тиеді.
― Иə, ауыр. Білемін, ауыр.
― Қайдан білесің? Бақшадағы бұлбұлым, тұғырдағы тұйғыным
ешбір уайымсыз деп жүр едім.
― Соның екеуі де құс қой, мырза. Əкем құсты көп ұстаған. Құс
атаулы көкке, еркіндікке ұмтылмай ма?
― Сен еріксізбісің? Еркіңмен келіп, еркін жүрсің ғой.
― Еріктімін, тіпті бақыттымын. Еріксізбін, тіпті бақытсызбын.
Шəкен ойланып қалды. Ойланса да, Шолпанның ойын таппады.
Таппағанын таптым деп ойлап:
― Түсіндім,— деді.— Кейінгі сөзің əлі де сол сырласпайсың,
ақылдаспайсың дегенің шығар. Бұдан былай сенен іштеме бүкпейін. Ал
бақытты, ерікті санашы өзіңді. Тек есіңнен шығарма: сенің қабағың
жабылса, менің көңілім жабырқау; сенің қабағың ашылса, менің көңілім
жайлау.
Ауыз үйдің есігі ашылды. Шолпан ұшып тұрып, төргі бөлменің
есігінен қарады.
― Ағажан келді.
― Жақып, шешін-дағы мұнда кірі
― Кəзір, кəзір.
Жақып келсе, құр келмейтіні белгілі. Бұрын ылғи төргі бөлмеде
екеуі оңаша сөйлесетін. Бұл жолы Шолпан да отырды.
Жақып амандықтан, бұралқы сөздерден əрі бара алмай, қипақтай
беріп еді.
― Айта бер. Менің Шолпанымнан жасыратын сырым жоқ,— деді
Шəкен. Жақып сонда да лақ етпей, ауыл арасының құпия, құнды
сырларын түпке сақтап, алысты біраз шолып кетті.
― Кеше Тиішбек түстеніп аттанды біздікінен,— дегенде, күлім
қақты қабағы.— Сармантай Сəбден балаларымен құда ғой ол. Құдасына
барып келеді екен. Сарекең екі жар көрінеді. Тағы да Азына мен Қорам
тұқымы сиыса алмапты. Жарылғаны жақсы емес пе? Сармантай бүтін
тұрса, таразының бір басына бір өзі салмақ қой.
― Əрине,— деп басын изеді мырза.— Тиішбектің өз елі не күйде
екен?
― Малқар Қараөткелден қайтқалы, біздің ата болыстыққа ырза.
«Енді үйде тиыш жатамын» десе де, Шөгелді баптап отырғаны анық
сияқты. Бірақ Шөгелге қара Мұрат, Үмбет жағы өмірі көнбейді, əлденақ үстінен арыз жаудырып жатса керек.
― Қарекеден не хабар бар?
― Ештеме естілмейді, момын ел ғой. Саңырықта бас көтерер қалған
жоқ. Нұржанмен біткен. Басқа кімі бар жұлқынып тұрған!
― Аймағамбет балаларының ептеп орысша оқығаны, тілмаш болып
жүргені бар емес пе еді?
― Тəйір, ол көп болыстың кезінде, азғантай елдің ішінде көзге
түскен жылтықайлар ғой.
― Осы Қарекені аржағынан Барғаналар өзіне тартып жүрмесін.
― Тартқанмен, Алтайдың əруағын аттай алмас Қареке. Аттай қалса,
Алтай болып, таптап жібермей ме!
― Таптата ма үкімет! Бірақ Алтай ынтымақтасса, өзі де шыға қоймас.
Барғанадан не естіледі?
― Анық хабар жоқ. Барғанға көп Алтайдың бір жағы қосыла салады
да. Түптеп келгенде, бұл сайлауда төбе би өзіңіз, мырза. Алтай, Қарпық
бас қосқан жерде сізге тоқтамайтын кім!
Шəкен көңіл қойғансып, жаңа естігенсіп, тыңдап отырса да, рулар
арасында жүріп жатқан бұл тартыстарды Жақыптан көбірек, тереңірек
біледі. Олардың талайы өзіне соғатыны да, сонда қайсысына қалай жөн
сілтейтіні де белгілі. Қашаннан басқарып, билеп қалған ру басы, бай
халық пен үкімет арасын бөліп тұрған биік бел сияқты. Сол белден
асып қатынасу маңдайдан тер шығарады. Кейде тіпті шаршатады.
Шəкен бұны да жақсы біледі. Ол қолын созса, Ақмоладан асын
Оренбург, Ташкентке, Алтай-Қарпықтан асып, Қуандық, Сүйіндік,
Қаракесек, мына жағы Қанжығалы, Керей, Тінəлі, Темештерге жетеді.
Қазір бұл жақтағы қазақ елі түгіл, Түркістан қазақтарының жайына да
қанық. Осындай əржақты, хабары мол үлкен адам қойынындағы
кішкентай Шолпан құрлы көз алдында өсіп келе жатқан Аманды
білмейді. Білмейді емес-ау, жас жігіттің келешегінен біресе үміттенеді,
біресе хауіптенеді. Сондықтан əрдайым бақылап отыратын.
Бір кезде Жақыптың сөзін бөліп: «Өзіміздің маңайда не болып
жатыр?»—дегенде, алдымен көп ауылдың хабары еді білмегі. Жақып
дəл тапты ойын:
― Жолшыбай көп ауылға соқтым,— деп жымыңдайды. Бірақ жүзінде
жылылық жоқ. Біреуді келемеж етердегі өзінің кəдімгі сұрқия
жымыңы.— Аманнан хат алған екен. Құдай сақтасын, ауыздарынан ақ
көбік шашады!..
Шəкен Аман хабарына құмартса да, хат келді дегенге елеңдей
қойған жоқ. Өйткені ол хатты Ізбасарға тапсырмастан бұрын, кеше осы
уақытта, дəл осы бөлмеде Байбол екеуі оңаша оқып алды. Бұл
Байболдың ауыл советте атқаратын үлкен ісінің біріне айналған.
Шəкен мана Танагөзге «ауылнай боламысың?» дегенді қалжың үстінде
айтса да, хаттағы Аманның пікірін өз пікірі етіп айтқан болатын. Енді
түк білмегенсіп:
― Не жазыпты, не айтады?—дейді. Шолпан хат хабарын естуге
асығып, Жақыптың аузына телміре қалыпты.
― Қазақ атаулыны балағаттап жатыр. «Шетінен шенқұмар,
малқұмар келеді. Шен үшін елін қиғанда, мал үшін баласын қияды.
Көздерін тезірек сылып, құдайдан, ата жолынан айыру керек»— депті.
Бұл не сұмдық, мырза? Оқығанда, қолына дес тигенде, істейтіні мынау
болса, құртады да!
Шəкен бұл сөзді де елей қоймады, төмен қарап, сұлқ тыңдап отыр.
Шолпан шошынып, қобалжып кеткен екен, Жақып енді солай бұрыла
сөйледі:
― Көп ауылдың кедейі осындай сөздерге əбден семіріп, желігіп
алған. «Аманды болыс қоямыз!»—деп, гу-гу етеді. Осынан кеткен бетте
Тоқабай салып отырып сонда барды. Сапекең қолтығына дым бүріксе
керек, қарадан қарап отырып, Байбол екеумізбен байланысқаны.
Шыдай алмай, қамшымен тартып-тартып жібердім. Түрі жаман,
іштемеден тайынатын емес...
― Иə, ол бұзық жігіт. Сондықтан шығардым,— деді ІІІəкен. Жақып
жылмаң қағып жақындай түсті де, күбір етті оған:
― Неге бұзылып жүргенін білесіз бе?
― Жоқ.
― Білмесеңіз, пəленің үлкені келе жатыр. Соны сезген ол. «Яшейка
боламыз»— деп, күзді күні арыз берген бесеу бар еді ғой, солардың
арызы бойынша, алдыңғы күні түнде Ақмоладан біреу келіп,
Ізбасардікіне қонып кетіпті. Түні бойы арыз иелерімен əңгімелесіп,
əнкет дей ме, немене, бірдемесін толтырып əкетіпті. Яшейке көп
ұзамай ашылатын көрінеді. Содан кейін «Қосшы» деген бір ұйым тағы
ашылса керек. Бұнысы жалшы, кедей түгілі, орташаны құтыртатын
пəле сияқты. Аман ауылдағы кезінде осының бəрін үрлеп жүретін,
Ақмолаға барған соң, тұтатқан ғой.
― Кім айтты саған? Кімнен естідің бұнша хабарды?!— деп, Шəкен
жаңа ғана тура қарады Жақыпқа. Көзі үлкейіп кетті, жүрегі
қобалжығаны өңінен, даусынан айқын көрініп тұр.
― Өзіміздің жаман Сəду яшейканың бірі емес пе, сол айтты.
Дəл осы араға келгенде, əңгіме үзілді. Шəкен өз ойымен болып кетті.
Ауылда партия, қоғам ұйымдары некен-саяқ, əсіресе бұл маңайда
болмайтын. Енді қақ іргеден келіп орнаса, маза қала ма! Орнатпауға
амал жоқ. Шəкенді басқан ой емес, дұрысында осы қайғы еді. Ол сол
ұйымдасқан шаруалармен де ішті-тысты болып, Сəду сияқты кедей
жастарды жасырын хабаршы, қолшоқпар етіп қойып, күнелте беруге
бар. Ал Аманды қайтеді? Қолға қондырсам,— деп, қызылға шақырыпақ бақты. Мынау істеріне қарағанда, қонатын түрі жоқ. Жақып,
Байболдарды Шəкен сыртымен дəмелендіргенімен, ішінен қомсынып,
болыстыққа Аманның өзі қайтер екен!—деп жүргенде, Жақып əкелген
суық хабар ішін суытып жіберді. Сонда да Аман туралы сыртына
іштеме шығармастан:
― Сайлау басына мен бармаспын. Барғыза да қоймас,— деді түнеріп
отырып.— Саған өзіміздің елден қарсылық көп болар. Үйде отырсам
да, сыртқы елдің көмегімен сені болыс сайлатам. Бірақ жаңағы өзің
айтқан ұйымдарға ие боласың.
― Мен оларға Малқар емес қой. Қорқатыным жоқ, жоғалтатыным
тағы жоқ!— дегенде, Жақып тіпті елеуреп, жүгіне отырды. Жаңа
дауалады көңіл. Мырза бұған дейін кімді болыс қоярын ешкімге ашып,
кесіп айтпаған. Енді айтты, айтса,— болды,— деп, оның көзі жайнай
шықты бұл үйден.
Жақып кеткен соң, Шəкен төсек салдырып, жатып қалды.
Жатқанымен ұйықтай алмады. Ауық-ауық күрсінеді. Күндегідей
Шолпанға арқасын да сипатпады, жігіт шағында көрген қызықтарын
да айтпады. Үнсіз өзімен-өзі болып жатып, екі жағына кезек
дөңбекшігенде, жуан қарны қасындағы жіңішке Шолпанды басып
қалады.
― Мырза, бүгін мазаңыз болмады-ау,— деді Шолпан бір кезде.
― Иə, болмады,— деп, Шəкен бері аунады да, Шолпанды құшақтай
жатып, мазасы неге кеткенін там-тұмдап айтты.— Ой деген тіпті ауыр.
Саған айтып, жас қабырғаңды қайыстырмау керек еді. Айтпасам,
өкпелейсің. Сенің өкпең. бəрінен ауыр. Осы үкімет сырттан мықтап
қоршаса да, ішке əзір еніп кете алмаған. Ауылыңның қасынан яшейка,
«қосшылар» орнаса, ішті де кеулегені ғой. Бұған себепші бізде Аман
болды. Есіңе берік сақтағайсың, бара-бара Аман бізбен жауласуы
мүмкін. Өкімет өзіне-өзі келгенше байларға біраз сыпайышылық істеп
отыр. Өзіне өзі келген күні есігіңді түріп қойып, шауып алудан
тайынбайды. Əйтеуір, Ленин ауру. Жазылмайтын түрі бар. Сыртқы
мемлекеттер жабылып, бұл өкіметті қоймайтын түрі бар. Осы екі үміт
болмаса, мен алдақашан советке барымды жинап беріп, басымды
сатып алар едім. Бұл сырды саған ғана аштым. Сен ешкімге сездіріп ала
көрме, Шолпанжан.
― Жарайды,— дегенде, Шолпанның үні азар естілді. Тұңғиық
күйеуінің ішіне бір сүңгіп шыққанда, жүрегі өрекпіп аузына келгендей
болды. Байсалды ойға бара алмай «Бұл қалай? Бұл қалай?!» деп жатыр
ішінен.— Сонда мен-дағы Ленинге, Аманға жамандық тілеуім керек пе?
Жо-жоқ, тілей алмаймын! Мырза өзіңе қандай тілемесем, оларға да
сондай тілемеймін! Əттеген-ай, білгенше, білмесем еді бұл сырды!..
VI
Қазанқап намаз оқымаса да, намазшылардан ылғи ерте тұратын.
Бүгін күндегісінен де ерте тұрды. Таң жоқ, үй қараңғы, шам жағып
киінді. Шам байдікі болғанымен, өзінікінен əрі ұқыптап, сығырайтып
қана қойды. Далаға шыққанда өшіріп кетті. Өзге аттарды қозғамай, үш
атты ғана суарып келіп, сұлы берді. Үйге қайта енгенде, шамды қайта
жағып, қазандыққа от тұтатты. Үндемейді, дағдылы жұмысынан өзгені
ойламайды, тынымсыз күйбеңдеп жүр. Төр жақтағы əйелі, ауыз
жақтағы малайлар əлі тұяқ серіпкен жоқ еді, оята бастады. Таймас
ұйқысын аша алмай, ыңыранып жатыр.
― Тұр, ит, тұр! Ыстық іше салып, жүріп кетейік. Көп жер... Тұрмадың
ба? Ал суық су əкеле жатырмын. Таймас басын көтерді. Көзі жұмулы,
сөйлеп отыр:
― Адамда Қазакеңнен, айуанда қара төбеттен артық берілген бар ма
екен мырзаға! Шығара түс шамның білтесін, киімімізді тауып киейік.
― Мен киіндім ғой осы жарықта-ақ. Көзіңді жұмып алсаң, түнде
түгілі, күндіз қараңғы.
Шынылы шамды «Закүнбай жағыс» дейтін жағысқа салып, білтені
дəл ұшынан жандырғанда, керосин өте аз кетеді. Қазанқап «Закүнбай
жағыстан» да құлдыратса керек. Жарық тым əлсіз. Үй іші ала көлеңке,
Таймастан өзгесінде төсек жоқ, қалай болса солай жата кеткен
малайлар қасына-қасына орындарынан тұрды. Шам жарығынан бет
бейнелері азар көрінеді. Мұрындарының пысылы, тыр-тыр қасынғаны
анық естіледі. Дəрет, намаз былай тұрсын, көбі қолын да шаймады.
Ішіне таба нан турап, бір-бір шара аяқ ыстық, майлы сорпаны
бастарына көтере, борп-борп ұрттап жатты. Қазанқап əрқайсысына
бүгін істелетін жұмысты қадағалап тапсырған соң, қасына Таймасты,
тағы бір жігітті ертті де, жүріп кетті.
Таң жаңа-жаңа белгі беріп келеді. Бұлаң құйрықтата жөнелген
үшеудің беті — елсіз дала. Қанжығаларында — шумақтап байлаған
арқан, жіп. Жылқыға, соғымға барады. Жылқы қашықта. Қыс қатаймай
тұрған кезде алыстағы панасы аз, бораны көп болатын жердің отын
жеп жатыр. Қыс қатайған кезде желі саябыр, бораны аз болатын
құйқалы, шөптесін ойпаттарды, түбек-қорықтарды, өзен, тау ықтарын
сағалайды. Көбік қар тіпті қалың түсіп қалған екен. Аттар толарсақтап,
əжептəуір ауырлап келеді. Үп етсе-ақ алай-түлей боран болғалы тұр.
Ауылдан ұзаған сайын таң жарығы молайып, шаққан ақ далағы
кеңейтіп барады. Белесті кең даланың əр жерінде жортып жүрген
аңшылар алыстан қара ноқаттай көрінеді.
Жас Таймастың ұйқысы мана ашылған. Мамық қарлы, кіршіксіз таза
даланың таңертеңгі бейнесіне сүйсініп, көңілі лепіре бастады.
― Қазеке! Аттың басын азырақ жіберіп алсақ қайтеді?—деді.
Қазанқап жауап қатпай, оның бетіне бұрыла бір қарады да, қоя
салды. Қоян, қарсақ, біресе ақтиін, сасық күзен іздері кездеседі.
Кездескен сайын Таймастың іші бір қайнайды. Еркін далада, ат үстінде
келе жатып та ерікті емес. Бір ызғыта алмады. Ізіне түсіп, иесіз аңның
бірін ала алмады. Амал жоқ, ере береді Қазанқапқа. Қазанқаптың беті,
аңның ізі түгіл, өзі көрінсе де бұрылар емес. Ойында — тек соғым. Бай
соғымын өз соғымындай ойлап барады.
― Қазеке, қанша соямыз биыл?—деді Таймас.
― Он.
― Бəрін осы жолы алып қайтамыз ба?
― Е, қайта-қайта келіп жүреміз бе?
― Онда, əйтеуір жуастарын ұстаңыз. Асаулармен алыстыра көрмеңіз.
― Жаман ит!— деп, Қазанқап тағы бір бұрылды Таймасқа,— Малдан
кісі қорқа ма екен!
― Ит, ит дей бересіз. Ит мендей ме, Қазеке?
— Енді қандай?
― Айтайын, ұрыспайсыз ба?
― Ұрыспаймын.
― Ұрмайсыз ба?
― Ұрмаймын.
― Ендеше, ит дəл өзіңіз сияқты үлкендеу болады да, мен əлі
күшікпін ғой.
― Оның рас, сен əлі жассың-ау,— деді Қазанқап. Өзінің итке теңеліп
қалғанын елеген жоқ.— Мен жас кезімде жабу арасында күшіктермен
бірге өстім. Күшікті əлі күнге жақсы көрем. Сенің бірдемең сол
күшіктерге ұқсайды. Неменең екен, ə?..
― Күшіктерге сіздің де бірдемеңіз ұқсайды. Ол антұрғандар
ержеткен соң, ұяласын ұмытып, бірін-бірі талап жатады. Сіз де жабу
арасында өзіңізбен бірге жатқанын ұмытып, Əлжанды сабадыңыз ғой.
― Е, аттың аяғын неге кеседі?
― Ол кесті ме? Жақыптан жерін қорғап тұрғанда, омыраулап келіп,
өзіңіз түстіңіз шалғыға.
― Бəрібір ол кінəлы.
― Жарайды, кінəлы болған соң, ұрған екенсіз. Сазайын тартты.
Соңынан неге қалмайсыз?
― Не істедім, қалмағанда?
― Кеше таңертең мырзаға не айтқаныңызды мен естіп тұрдым.
«Аманды арқаланып, Əлжан тізе бүкпей-ақ кете ме» деген жоқсыз ба?
Қазанқап үндемеді. Қап-қара қалың бетінде ұят нышаны байқалмаса
да, сөзден жеңілгенін сезсе керек. Атын борбайға бір көміп, ілгері кетті.
Сеңсең тымағының қырауын қамшысын бүктеп алып, қағып-қағып
жіберді. Таймас қуып жетіп, құлағының етіп жеп барады.
― Егер кешірмеген жақсы болса, Əлжан ертең оқуын бітіріп,
қызметке тұрып келгенде, сізден кегін алар. Ұрғаныңыз үшін тіпті
соттатып жібереді.
― Көтіне қарасын! Мырза оны тескентау өткізіп жіберер.
Бұл сөзге Таймас та тоқтады. Өйткені өкімет те, ел де мырзаның
қолында. Мырзаны түнде тоқалы, күндіз Қазанқап билейді, деген ұғым
малайлардың басына берік орнаған. Қу тілді Таймастың, қалжыңы,
шыны аралас, батыл сөйлеп келе жатқаны: Шолпанды арқа тұтады.
Қазанқап Шолпанның бетімен өзге малайлардан гөрі оны жақындау,
еркіндеу ұстайды. Бірі əйел, бірі еркек қожасына жаққан бүл екеудің
көңілі өзге малайлардан көтеріңкі. Қастарындағы Бұқпа ауылдан
шыққалы жақ ашқан жоқ. Анда-санда Таймастың сөзіне ыржия күледі.
«Қазанқаптай бола алмасам да, Таймастай тоқалға жақсам» деген
арманы бар. Оның ойынша, Қазанқап пен Таймас — ең бақытты
жалшылар, Қожасымен жиі кездесіп, сөйлесіп тұрады. Астың дəмдісі,
киімнің тəуірі тиеді оларға. Былай шықса, мырзаны арқаланып, еркін
жүреді. «Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал» деп, ел бұларды да
əжептəуір сыйлайды. Сондықтан Бұқпаның арманы сағым емес, ізденсе
табарлық, қуса жетерлік нəрсе еді. Таймасқа тұтқиылдан бір сұрақ
қойды ол:
― Малай байға қайтсе жағады? Осының ақылын айтшы. Мен жаға
алмай қойдым.
― Оны менен гөрі Қазекең жақсы біледі. Осы кісі айтсын.
― Ала жібін аттама. Суын сүт қыл. Жаныңды аяма,— деді Қазанқап.
Таймас сақ-сақ күліп алып, тағы түсті оның соңына:
― Өкімет байға қарсы қояды, сіз жығып бересіз. Қайсыңды
тыңдайық?
― Өкімет сонда не береді? Өзі байдан күн көріп отыр. Орташа өзінен
аспайды. Əгəр бай құрыса, кедей мен жалшы қырылып қалады. Оның
бер жағында бай біреуден ұрлап алды ма? Зорлап алды ма? Алдап
алды ма? Күндейді, түге.
― Онда қалай байыған?
― Құдай берсе, байымақ түгілі, патша боларсың.
― Бізге неге бермейді сол құдай? Қатынының қойнынан шықтық па?
― Астапыралла! Тəубə қыл, шайтан!— деп, қамшымен тартып
жіберді Қазанқап. Таймас, шыны ма, өтірігі ме, ойбайлап, алға қарай
шаба жөнелді. Тақымын əйтеуір бір жазды. Сұлыға піскен, жарау күрең
төбелмен көсілтіп барады. Даусы əлі семген жоқ. Жылау ма, əн бе, кім
білсін. Қазанқап шошып қалды:
― Əлгі итке өтіп кетті ме қамшы? Атты қинады-ау!— деп, мазасы
кетіп келеді.
Күн арқан бойы көтерілген. Таймас зырлатып белеске шыға
келгенде, аржағында, етекте, ит ерткен екі адам аттарына қапылғұпыл міне сала, бері жүрді.
― Сауға, сауға! Байла, байла!—деп, Таймас оларға айғайлай жетті.
Сыздық пен қисық мұрын Тəуке екен.
― Кеш қалдың. Қанжығадан шешіп байламайды аңшы,— деді
Сыздық. Астында — жүйрік көк, қанжығасында — ішін жарып
бөктерген өлі қасқыр, жетегінде—аузын буған тірі қасқыр. Аманның
қос аққасқасымен Тəуке соңында келеді. Қасқырдың аузына қамшының
сабын көлденең тістетіп байлапты. Аузымен қару істей алатын емес,
тартынайын десе, артындағылардан қорқады, ілезде иттей жетекшіл
бола қалған. Таймас таңданып тұрып:
― Батыр-ау, мынауың не саясат?—дегенде Сыздық күліп жіберді.
«Саясат»— совет кезінде енген жаңа сөздердің бірі. Əзір қарапайым
жұрттың көбі түсінбейді. Таймастың өзі де түсінбейді, əдеттен тыс
бірдеме көрсе, айта салады. Сыздық оның бұндай мінездерін қызық
көріп, орайына күлдіргі бірдеме айтпай қалған емес.
― Бұл — қасқыр деген саясат,— деді,— аузына ағаш тығып
байлағанский. Мойнына шылбыр тағып сүйрегенский. Бай Иванға
тірідей ұстап апарсам, ол айдаһардай көредский. Қымбатқа сатып
аладский.
― Сызекең бəрін біледский,— деп Таймас аттан түсті де, қасқырдың
үстіне мінді. Көп құмарының бірі аң болатын. Мыналарды көрген соң,
тіпті құмартты. Бүкір торының белінде шоқиған жұдырықтай Тəукенің
де қанжығасы құр емес: қақпан басып бір қарсақ, қазып екі ақтиін, бір
сасықкүзен алған. Əрі қызық, əрі ақша — аңшылыққа қалай
қызықпасын Таймас! Əттең, еркі жоқ, еркі болса, аты жоқ. Қасқырға
мініп алып, дəл осы сағатта атым да, еркім де бар-ау!» деп тұрғанда,
Қазанқап пен Бұқпа да келді.
Қазанқапқа бұл көрініс онша əсер етпеді. Қалпын бұзбай, жəй бір
қарап етті. Жөнді амандаспады да. Онысы — белгілі əдет. Мұрнына
насыбай иіскеп тұрған Тəукеге қолын созып еді, ол шақшасын
қонышына сүңгітіп жіберіп: «Жоқ!»—деді. Бар тұрып бермеді.
Əлжанды ұрғаннан бері Қазанқаппен қарап жүріп араз. Сыздық сол
төбелестің жуан ішінде болған кісі. Көршілес, ауылдас ағайындардың
далада кездесуі осылай тоңторысқа айналған кезде Қазанқап күж ете
қалды:
― Ей, ит, анау атты өлтіремісің?! Əкең өлгендей шапқаның не? Жүр,
кеттік!
― Бара бер өзің, бармаймын!— деді де, Таймас атына мініп алды.—
Терлеген атқа жаның ашығанша, менің білеудей арқама жаның неге
ашымайды?
― Боқты бармассың!— дегенде, Қазанқап атының басын бері бұрды.
Енді қарсыласса, ұратын түрі бар. Таймас тайынбады, бірақ:
― Боқты барармын! Апаршы, кəне! Сенің малайың емес, Шəкеннің
малайымын. Сен түгілі, Шəкен де əлі қол тигізген жоқ. Дəндеме, төбет!
― Не дейсің? Не дейсің, ей?—деп, Қазанқап бұрыла бергенде,
Сыздық араға түсіп, шаужайынан ұстады. Басалқы айтып тұр:
― Отағасы, қол жұмысқа көп үйір бомаңыз. Үйір болып барасыз...
Тəуке мүлде қайнап кеткен. Бүкір торыны борбайға көміп жіберіп,
айнала жүріп сөйлейді:
― Тырп етші, кəне, керіп салайын! Таймас — саған көп малайдың
бірі емес! Кірме емес! Қожамсейіт ұрпағы қорлатып қоймайды саған.
Күліңді көкке ұшырады!..
Қазанқап, қанша ноқай күш болса да, сескенейін деді. Таймастың
сыртқы көмекшілері мынау болғанда, ішкі көмекшісі онан да мықты:
Шолпан! Мыналармен төбелесіп байқар еді, Шолпанмен байқасуға
батпай, жүріп кетті. Ол кеткен соң, Таймас ашуын лезде басып,
алақанын шапақтай күліп, Тəукеге келді:
― Қайтып барасыз ғой, шоқпарыңыз бен шотыңызды маған беріңіз.
Осы жанжалды əдейі, аңға бір шығу үшін, шығардым. Аң аулап, кешке
барамын ауылға. Шолпан тұрғанда, жаңағы төбет маған түк қыла
алмайды.
Сыздық пен Тəуке ауылға беттегенде, Таймас, жалғыз өзі, ақтиіннің
ізіне түсе жөнелді. Шаңқан далада, мамық қарды бұрқырата жортып
бара жатқан жалшы жастың көңілінде дəл қазір қара кез, қара құйрық
əдемі ақтиіннен өзге ештеме жоқ. Жортып барады, ара-тұра шоқытады,
текітеді. Кең далада əдемі тиін қуған Таймас тəрізді, кең дүниеде əркім
өзінің бір қызығын қуып барады...
Қазанқап та, айрылысымен жортып кеткен. Қабағын қарс жауып
алып, қасындағы Бұқпаға жол бойы түк айтқан жоқ. Жылқы отарына
сəске түсте жетті. Жылқышылар қоста екен, «Қазекелеп» қарсы алды.
Елден кісі келсе, жылқышылар қуанып қалатын əдеті. Өйткені ел алыс,
қысты күні қатынас аз, адамды сағынады. Жылқы, қарлы дала, қасқыр
— көретіндері. Айдан асты, міне ел адамын көріп отырғандары осы.
Əсіресе хабарға аңсайды. Əншейінде елеусіз бірдемелерді елеңдеп
отырып тыңдайды. Қазанқап бірақ, үш жылқышы ұтылай сұраса да,
хабарға жарытпаған жылқышы Баубек:
― Сайлау шығатыны рас па?—деп елеңдегенде, Қазанқап бүлк
етпей, төсеулі жатқан жабағы терісіне тесіле қарап отырып, жауап пен
сұрақты бірден берді:
― Солай деседі. Өзге ет дəмсіз болды ма, жабағы неге сойғансыңдар?
― Қасқыр тартып кеткен соң, сойып алдық.
― Ұйықтап қалғансыңдар ғой.
― Ұйықтау қайда! Қасқырдың сыңайы биыл жаман. Күндіз-түні
ториды. Үркер бесіндікке барған кезде ат үстінде, сойылға сүйеніп
тұрып, азырақ мызғыдым. Дыбысы қашан өшеді деп жүр екен, сол екі
арада жылқы шу ете түсті. Шауып келсем, сұр жабағыны тартып
кетіпті. Əйтеуір, жегізбей айырып қалдым. Создан бері түнде екі
кісілеп күзетеміз.
― Ол қасқырларың соғылды ендеше,— деді Бұқпа.— Сыздық біреуін
бөктеріп, біреуін тірідей жетелеп барады.
― Ой, тілеуің берсін! Тазымен алды ма екен, атпен соқты ма екен?
― Екеуі де бар.
Темір мосыға асулы қара шелектен бу көтерілді. Қараған жағып
отырған жылқышы даладан қар əкеліп еселеп, қар еріген кезде
жабағының жас етімен толтырды. Қарағанның ұзын жалыны, ұшқын
шаша, лық толы дəу шелекті жалмай жанып жатыр. Отқа бүйірінен
тұрған шойын құман тасып төгілді. Шай жасалды. Қанты жоқ, наны
көп, майы бар қара шайды ұрттай отырып əңгімелесті. Қазанқап күпісі
мен шекпенін шешіп тастап, ішкі шолақ тонымен отыр. «Абылайша»
аталатын кең қос жып-жылы. Іргесін қармен көміп, астына қараған
төсеген. Киізі қалың, жаңа, тек ішкі жағы түтін шалған соң сарғайыпты.
Шəкен, есепқой, қатал адам болғанымен, малайларды əсіресе ішіпжемнен онша қыспайтын. Қазір өзі келген болса, Қазанқапша жабағы
терісін ежіктемеген болар еді. Қазанқап əлі күдікті. Шай ішіп отырып
та, терінің қасқыр жыртқан жерін көзімен іздеп қояды. Осы мінезінен
малайлардың көбі оны жек көреді. Үстінен Шəкенге шағым айтып
жүреді. Қазанқап Шəкенге жағыну үшін итаршы болып, жексұрын
көрінсе, Шəкен малайларға жағымды болып шығады. Бұл қулықты
Тоқабай сияқты бірен-саран сезіп қалғаны болса, Шəкен дереу
құтылады одан.
Баубек мырзасына адал, еті тірі, аңқылдақ жігіт. Əлі ауыз жапқан
жоқ. Мырзаның өзі келеді,— деп жүр екен.
― Əттегене-ай, келе алмағаны. Келем-ақ! деп еді,— деді де,
Қазанқаптың өзін айналдыра берді.— Сайлау келе жатса, болыс кім,
ауылнай кім? Не айтады жұрт?
― Қайдан білейін. Онда менің нем бар?
― Мырзадан құлағыңа бірдеме тимеді ме?
― Мырза сайлауды неғылсын?
― Дегенмен, ол кісіге соқпайтын сөз жоқ қой.
― Біреулер Танагөзді ауылнай қояды,— деді Бұқпа.— Осының жаны
бар сияқты. Танагөз мырзаға келгіштеп жүр. Пысық антұрған
Байболды шоңқитып кетпесін.
― Еркек құрып қалып па? Қанша пысық болғанымен қатынды
ауылнай қоюшы ма еді, тəйірі! Байболды шоңқитса, Жақып
шоңқитады.
― Оның болыстықтан дəмесі бар, деседі.
― Ауылнайлық тақиясына тар болмас, Малқардан болыстық алуға
шонтайына қарасын.
― Ойбай-ау, əлі естімеп пе ең? Бай-жуаннан болыс сайланбайтын
болып жатыр ғой.
― Қойшы!?
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Дауылдан кейін - 14
  • Части
  • Дауылдан кейін - 01
    Общее количество слов 4186
    Общее количество уникальных слов составляет 2478
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 02
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2410
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 03
    Общее количество слов 4173
    Общее количество уникальных слов составляет 2290
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 04
    Общее количество слов 4101
    Общее количество уникальных слов составляет 2351
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 05
    Общее количество слов 4154
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 06
    Общее количество слов 4223
    Общее количество уникальных слов составляет 2367
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 07
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2283
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 08
    Общее количество слов 4107
    Общее количество уникальных слов составляет 2391
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 09
    Общее количество слов 4142
    Общее количество уникальных слов составляет 2372
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 10
    Общее количество слов 4104
    Общее количество уникальных слов составляет 2380
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 11
    Общее количество слов 4136
    Общее количество уникальных слов составляет 2348
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 12
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2305
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 13
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2332
    34.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 14
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2378
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 15
    Общее количество слов 4068
    Общее количество уникальных слов составляет 2247
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 16
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2289
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 17
    Общее количество слов 4166
    Общее количество уникальных слов составляет 2421
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 18
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2376
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 19
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 20
    Общее количество слов 4008
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 21
    Общее количество слов 3974
    Общее количество уникальных слов составляет 2382
    31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 22
    Общее количество слов 4023
    Общее количество уникальных слов составляет 2405
    32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 23
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2379
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 24
    Общее количество слов 4055
    Общее количество уникальных слов составляет 2375
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 25
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 26
    Общее количество слов 3988
    Общее количество уникальных слов составляет 2269
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 27
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 28
    Общее количество слов 4051
    Общее количество уникальных слов составляет 2363
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 29
    Общее количество слов 3997
    Общее количество уникальных слов составляет 2415
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 30
    Общее количество слов 2776
    Общее количество уникальных слов составляет 1692
    38.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов