Latin Common Turkic

Дауылдан кейін - 08

Общее количество слов 4107
Общее количество уникальных слов составляет 2391
34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
жатқанда, жол бұйрат арасына енді. Шалғынды сайлар, өр, ұра төкпе
ылдилар кездесе бастады. Бір бұлақты сайдан өте бергенде, сайдың өр
басына қарай қамшымен нұсқады Аман:
― Мына сайдың басында бүлдірген көп болатын еді.
― Мырзаға бүлдірген теріп əкелейік!— деп, солай қарай Шолпан
шоқыта жөнелді. Аман да кетті соңынан.
Арбалылар ойға құлап, жазыққа шықты. Бұйрат алыстап қалып
барады. Бүлдіргеншілер көрінбейді. Шəкен мен Сыздық дамыл-дамыл
қарайды артқа. Аттың божысын тежеп, тоса жүрді. Бүлдіргеншілер
бүлдіргеннің қызығына түскен болу керек, əлі көрінбейді.
— Тоқта!— деді Шəкен.— Сыздық, сен шеткі атқа мiне сала,
жаңағылардың артынан баршы, аман ба екен, нағып кешікті.
Сыздық арбадан түсіп, шеткі аттың постромкасын ағытып
жатқанда, тау қойнауынан əсем көкті ойнақтатып Шолпан шыға келді.
Оның артынан Аман көрінді.
ҚАРА ӨТКЕЛДЕР
1
Паромы, көпірі жоқ. Есіл өзені, онша үлкен болмаса да, өткел бере
бермейді. Басқа жерінен гөрі енділеу, тайыз, жадағай жатқан бір жері
ел оңай өте берген соң Қараөткел атанып кеткен. Бертін келе, дəл осы
өткелдің аузына ояз орталығы Ақмола қаласы орнады. Елдің көбі ескі
əдетпен Ақмоланы əлі де Қараөткел деп атайды. Қараөткелмен өтіп,
қалаға енерде, оң қол жақта, өзен жағасында, жатаған ағаш үй көрінеді.
Жерге белуарынан батқан, шатырлап жапқан темірсіз тақтай төбесі
дал-дұл, жуан бөренеден қиып салған ағаш қабырғалары да қуарып, ақ
жемделген осы үй ескінің көзі екенін өзі-ақ əйгілеп тұр. Бұл Ералиннің
пəтері. Барлығы екі бөлме, кухнясы, шоланы бөлек. Ағаш қоршауының
бірсыпырасы түбі шіріп, құлап, құламағаны қисайып қалса да,
əжептəуір қорасы бар. Сол қорада Ералин пұттық гирді екі қолымен
кезек көтеріп, таңертеңгі дене шынықтыру амалын істеп жүр. Күдістеу,
қамыт аяқ, ортадан төменірек бойы бар, отыздан аса жасы бар жігіт.
Гирді əрі-беріден соң лақтырып жіберді. Қорадағы құдықтан бір шелек
су алып, панерден жасалған далдаға енді де, суық су құйынып, одан
кейін орамалмен денесін ыспалап жатты.
Қорада еккен ағаш, өсімдік жоқ. Өз бетімен өскен шеп биіктеп,
шалғын бопты, жапырылмай тұрғанына қарағанда, мал ұстамайтын,
келім-кетімі аз екені байқалады. Ералин жуынып шыққан соң,
қорасына ойлы көзбен қарап тұрғанда есіктен басын ғана қылтитып,
қарт анасы шақырды.
― Жұмабек, жүр, шай суып барады.
Кішірек екі бөлме, ,басы артық нəрсе болмаған соң, үлкен көрінеді.
Еденін жуып сүртіп, жалтыратып қойыпты. Терезелері ашық. Күн
түсіп, ауасы жаңарып, үй іші көңілді-ақ. Жұмабектің əйелі татар
болатын. Қазақша сөйлегенде татар тілінің, татарша сөйлегенде қазақ
тілінің əсері білініп тұрады. Ата-анасы татар болса да, қазақ ішінде
туып-өскендіктен, екі ұлттың ықпалы бірдей тиіпті. Таңертеңгі шайға
ыстық самсамен қатар бір аяқ қымыз қойыпты. Жұмабек столға отыра
бере қарқ-қарқ күлді.
― Не болды сиңа? Неге күлəсін?!—деп, əйелі білгенше асығады.
― Қымызға жол болсын?
― Ол қазақ асы. Сен қазақ асын яратасын.
― Шаймен бірге қымыз ішкен қазақты қай атаң көріпті, шақшабас?
― Қазақтың қарнынан ас қайтпас, іше бер.
Екеуінің қалжыңына бəйбіше де араласып, келінін қостап жатыр:
― Марфуғажандікі дұрыс. Дəмдісін аямай, алдымызға жайып,
сыйлап отыр. Шөміштен қысса қайтер едің? Байының бар тапқанын өзі
жеп, жоны астаудай болып жүретін келіндер де бар. Менің Марфуғам
кісі күтіп қалған. Қазақша, татарша, орысша да күте біледі.
― Апам ылғи баласын келініне жығып береді. Осыңыз да
коммунистік пе, əділдік пе, апа?— деп еді Жұмабек.
― Əділдік,— деді апасы.— Еркектер, əсіресе мұсылман еркектер
үстемдік етіп əдеттенген. Əйелмен теңдік оларға кемдік көрінеді.
Сондықтан үйрету керек оларды.
― Мен мұсылман емеспін ғой, апа.
― Мұсылманның сарқытын ішкенсің.
Үшеуі бірден күлді. Шайдың ақырына қарамай, Жұмабек қызметіне
жинала бастады. Киімдерін дайындап жалақтап тұрған Марфуғаға:
― Сен бəлсініп жүрмісің, ұялып жүрмісің. Еңліктің ролін неге
ойнамайсың?— дегенде Марфуға күмілжіп қалып еді, апасы тағы да
араға түсті:
― Кінə онда емес, менде. Елі бар болғыр қаулап тұрған сөз емес пе.
«Пəленшенің келіні бұзылған екен» деп, ертең гу ете түседі.
― Өзіңіз қарсы емессіз бе, əйтеуір?
Апасы үндемеді. Жұмабек басын шайқап, тағы сөйлеп кетті:
― Үшеуіміз де коммуниспіз, жұмысшы семьясынан шықтық, сөйте
тұра сөзден қорықсақ, не болғанымыз! Ел кейде бала тəрізді, апа,
жатырқайды. Жатырқау — жек көру емес. Елдің көзін жаңалыққа
үйрете беру керек. Сахна өнері — қазаққа үлкен жаңалық. Үлкен
жаңалыққа үлкен талап, үлкен батылдық апарады. Коммунистер ең
батыл, ең талапкер адамдар.
― Ал батыл-ақ, талапкер-ақ болайық. Сонда ұятты қайтеміз, балам?
― Ұятпен қоса қорлық, ажал төніп тұрған күндерде де Еңлік сияқты
қыздар ерік іздеп топ жарды, апа. Бүгін сол қыздардың бейнесін
сахнада көрсететін əйел таппай, еркек əйел болып ойнағалы жатыр.
Міне, нағыз ұят осы. Əгəр Марфуға Еңліктің бейнесін жақсы көрсете
алса, сол ұят деушілер еңкілдеп жылайды, қарқылдап күледі. Содан
кейін Марфуғаның бетінен келіп сүйеді. Міне бұның аты — өнер, aпa.
Үй арасындағы пыш-пыштан қорқып, өнерді таста дегенше, баста,
қолтығыңда қытығы бар əйелдерді үйір маңыңа демейсіз бе? Бұның
аты — коммунистік, апа. Сіз коммуниссіз ғой.
― Қойдым, қойдым. Ал мейілдерің!— деді апасы. Жұмабек
Марфуғаға иегін бір көтерді де, күлімдеген күйде далаға шықты. Қақпа
алдында қайқы қара биеге жегулі көнетоз фаэтон күтіп тұрған, соған
келіп мінді.
Топырағы сарғыш, күні желтең, үйлерінің дені ағаш, шикі кірпіштен
салынған аласа, шағын қала, темір жолдан бес жүз километр қашық
тұрса да қайнап жатыр. Маңындағы қырық сегіз болыс қазақ саудасаттығымен, дау-жанжалымен, оқу іздеген балаларымен жазы-қысы
бір босатпайды. Ералин ояздық партия комитетінің үйіне келіп
тоқтағанда, қақпа алдында екі-үш ауыл жасы тұр екен, жүгіріп келіп,
қол алысты.
― Жай ма, балалар?
― Оқу іздеп жүр едік,— деді қараторы, жайнаң көз біреуі,— бізді
алмай, бай балаларын алды. Сонсоң сізге келдік.
― Оқу жұмысын мен басқармаймын ғой.
― Сіз кедейді қолдайды деген соң келдік.
― Кедейді қызмет басындағылардың бəрі қолдауға тиісті.
― Тиісті болса да, қолдамады. Теміржан өзі бай баласы. Қарғаның
көзін қарға неге шоқысын!
Жұмабек насыбайын екі саусағының ұшымен ерніне қыстырып,
жайнаң көз жігітке күлімсірей қарап тұрды да, кабинетке үшеуін де
алып кірді. Документтерімен танысты. Екеуі кедей, біреуі жалшы екен.
Укомда оқу жағын басқаратын жігітті шақырып алып, соған ерекше
тапсырды:
― Үшеуін оқу бөліміне ертіп апарып, өз көзіңмен орналастыр. Орын
қалмаса, бай балаларының орнын алып бер. Жалпы мəліметін ала
қайтшы: биыл жалшы, кедейден оқуға — жоғарғы жаққа қанша
жіберілді екен?
Балаларды жөнелте сала Жұмабек секретарьдың кабинетіне кірді.
Самайына ақ енген, ашаң жүз орыс орнынан тұрып, қол алысқанда,
оның қасындағы қалың бет, бітік көз қазақ жас та болса ауыр отырып,
солғын амандасты.
Жұмабек екеуінің аралығынан келіп отыра бере-ақ, ұзақ əңгімесін
бастап жіберді:
― Бір ай он күн жүріп қайттым. Қарағанды, Шарықты, Шерубай,
Нұра, Құмкөл, Асанқайғы болыстарында болдым. Марқұмның жүрген
жерлері осы екен. Kөп арыз, көп айыптың бəрі бекер, байлар жапқан
жала көрінеді...
Бітік көз жігіт жайымен отырып мырс етті. Жұмабек онысын елеусіз
қалдырмады:
― Ермекбай, сен күдіктенсең де, айтайын: жала байдікі болғанда,
өлтірткен тағы солар. Өлікті жаламен көміп, іздеусіз қалдырмақ.
― Бəрін байға жапқанмен ақ — ақ, қара — қара емес пе?—деді
Ермекбай шытынап қойып, қалың ернін шошайта, тағы да сөйлеп
кетті.— Кеше совдеп мүшесі болған, бүгін коммунист, жауапты
қызметте жүрген Əділ қалай байдың жұмсауымен коммунисті
өлтіреді? Жұмысшы десең—жұмысшы, кедей десең — кедей,
«Байларды қойдай қу қамшымен»,— деп жүрген Шалабай қалай
байдың жұмсауымен коммунисті өлтіреді? Жұмеке, байға шұқшиғанда
басқа ештемені көрмей қаласыз-ау тіпті!
― Мүмкін, көрмейтінім көп шығар, шырақ,— деп, Жұмабек езy
тартты. Шырайы жылы көрінгенмен, сөзі ызбарлы. Жай сөйлеп, сөзін
дамытып барады.— Совдептің ішінде арамдар болған. Оларды қазақ
байлары əдейі енгізген. Ақмолада совдеп құлап, Колчак билеген кезде,
совдептің адал мүшелері қуғынға, қырғынға ұшырады. Арамдары аман
қалды. Байлар қорғап қалды. Колчак құлаған кезде совдеп атымен сол
сұмдар тағы да совет қатарына еніп кетті. Бұны бертінде келген сен
көрмесең,— бір жөн. Олармен əртінде айналысқан, бір алданған мен
сияқтылар тағы да алданса, партия кешірмейді. Əділ, Шалабайлар—
байдың, қолшоқпары. Қалқаны олар өздігінен өлтірген жоқ. Шəкен,
Малқарлардың жұмсауымен өлтірді. Өлген Қалқаның үстінен жауып
жатқан арыздар халықтікі емес, тап дұшпандарынікі. Ауыл байлары
қазір есін жиып алыпты, ауыздықтамаса, ырық берер түрі жоқ.
― Жұмеке, военный коммунизмге шақырып тұрсыз ба? Нəпті
қайтеміз! Ауылға бет бұр деп жатыр, оны қайтеміз?
― Ермекбай шырақ, мені солақай дегің келеді-ау! Мен сені əзір оңқай
демей-ақ, ойымды айтып бітірейін, сабыр ет. Нəп — байдың басынан
жүгенін сыпыр деген сөз емес. Əгəр кейбір аңқаулар не оңқайлар солай
десе, жөнге салуымыз керек. Нəп — компартияның негізгі
мақсаттарына қайшы келмейтін саясат. Олай болса, жағдайға үңіле бір
қарайықшы. Бізде қала, өндіріс, жұмысшы табы жоқтың қасы.
Халқымыздың қаптал көпшілігі қара шаруа: ұлан байтақ далада көшіп,
киікше жосып жүрген ел. Сол елдің құлағына біз əзір Ленин,
большевик, совет, бостандық, буржуй деген бес сөзді ғана мықтап
құйыппыз. Өзге ойымыздың көбі жетпей жатыр. Ауылды əлі ру басы
ақсақал басқарады. Жалшы əлі қанаушының бетіне тура қарай
алмайды. Жергілікті өкімет басында бұрынғы жуандар отыр, ояна
бастағандардың үнін шығармайды. Жер қожасы əлі күнге байлар.
Кедей, орташа оның қоңсысы. Ел бетін осы сасық салындылардан
аршымайынша, жаңа леп, жаңа ауа бара қоймайды. «Барғызамын!» деп,
Қалқа сияқты батыл қимылдағандар қаза тапты.
― Бетіңіз енді айқын көрінді. Ауыл үшін ерекше бір Октябрь тілеп
тұрсыз,— деп еді Ермекбай, Жұмабек көтеріліп кетті:
― Октябрь емес, Октябрь жемістерін ауылға жеткізгім келеді.
Жетпей жатыр, жол соқты болып жатыр. Советтендіру керек ауылды!
― Мысалы?
― Малқарлардың қолынан өкіметті алып, ауыл еңбекшілерінің, өз
қолына берсек, орташа, кедейлердің, жалшылардың басын қосып,
мақсатын қорғайтын көпшілік ұйымдар құрсақ, бұндай ұйымдар орыс
шаруаларының, Түркістан қазақтарының арасында алдақашан
құрылған, сол ұйымдарға сүйене отырып, байдың жерге қожалығын
жойсақ, жерді еңбекші қара шаруаларға бөліп берсек, міне сонда ғана
Октябрь жемісінен татқан болады жұрт. Сонда ғана ауыл советтенеді,
социализм деген сөзге тез түсінеді. Осы шараларды көңілдегідей
еткізу үшін ауылды аудандау тəртіптерін өзгертпей болмайды. Патша
заманында қазақтың бай-жуандары елді руға жіктеп, болыстың,
ауылнайдың санын көбейтіп, бөлшектеп жіберген. Біз енді сол
бөлшектелген, əрбір ру басы жуанның шылауында кеткен жұртты
қайтадан аудандасақ, бірнеше болысты қосып бір болыс жасасақ,
басқару ісі көп жеңілдейді, ру арасындағы шатақтарды да азайтамыз.
Қысқарта айтқанда, бұл сапарда менің ауылдан алып қайтқан
ойларымның негізі осылар.
Ермекбай сөйлеуге асығып отыр екен, Жұмабек болысымен,
орнынан бір қозғалып қойып:
― Мен көрген ауылда жағдай Жұмекең айтқаннан басқарақ, Алексей
Александрович,— деді. Секретарь манадан төмен қарап, анда-санда бір
жазып қойып, үнсіз тыңдап отырған қалпын бұзған жоқ. Ермекбай
салған жерден қызу сөйлеп барады.— Жұмекең қалада өскен
жұмысшы, ауыл сырын кейде аңдамай қалады. Барған сайын тоң боп
жатқан ескілікті көреді де, шауып, қопарып тастар ма еді,— деп,
кіжініп қайтады. Қопарып тастауға күш жетпейді. Ескілік тоңы
астынан еріп бітеді. Еріп жатыр, Жұмеке, көре алмапсыз. Қазақ
даласында кəзір жүздеген коммунист, комсомолдар істейді, мыңдаған
газет, журнал, кітаптар тарайды; əр ауылда дерлік сауат ашқыш
мектептер бар... Осының бəрі даладағы ескілік тоңын ерітіп жатқан
жылы леп, совет лебі. Бұл леп сол Малқар, Шəкендердің өзін жібітіп,
буындарын босатқан. Оларда бұрынғы қарсылық, өшпенділік кəзір
жоқ, мүмкіндік берсек, бірге отырып істескісі келеді.
Жұмабек жайлап қана сылқ-сылқ күліп қойды. Оның осы күлкісі
Ермекбайдың қызу сөзінен жанға əлдеқайда батымды еді.
Тағы да батыра түсті:
― Сеніп-ақ қалған екенсің! Тап тартысы біткен ғой он да?
― Олай бұрмаламаңыз. Мен: совет ықпалы сағат сайын өсіп барады,
демекпін. Совет ісіне жəрдемі тиетін адамдардың бірде-бірін қақпалық,
пайдаланайық, демекпін. Сіз адамдардың тек таптық тегіне қарайсыз.
Мен, сонымен қоса, құлық-мінезіне де, қолынан келетін ісіне де
қарағым келеді. Адам тас емес, тас та өзгереді.
― Феодал Малқарлар қанша өзгерді? Соның қолынан советтің
қандай ісі келеді?
― Ол тіпті қолынан ештеме келмеген күнде советтің айтқанын
істейді, жұртқа істете алады, беделі бар. Оның орнына бір батырақты
апарып қойсаң, жұрт оған əзір бағынбайды, бағындырам деп жүргенде,
ол өзін не жұртты бүлдіреді. Шалабай, Əдхамдарға басқартып
байқамадық па?
― Сонда еңбекшілер өзі басқара алмайды демекпісің?
― Жоқ! Сіз сияқты жұмысшы, батырақ кедейлер басқарса ғана,
социализмге апарады, басқалар бұрып əкетеді деуден аулақ болғым
келеді. Социализм — бүкіл халық ісі.
― Мен қашан айтыппын өйдеп?
― Шалабай, Əдхамдарды көтерген сіз ғой. Айтпақ түгілі, іс жүзінде
көрсеттіңіз.
Жұмабек осы кезде қызарып кетті. Секретарь жаңа ғана жоғары
қарады. Мөлдір көк көзін күлімдете отырып, сөзге араласты:
― Бұндай қателік əрқайсымыздан табылады. Тек оны бетке салық
етпейік, сабақ етейік,— деді Ермекбайға. Қазақша сөйледі. Тілінен
титтей акцент сезілмейді. Бір рет мысқылдап та қойды.— Біріңді бірін,
«Жұмеке», «Шырақ» десеңдер де, араларың жырақтап барады. Тым
жырақтап кетіп, жақындаса алмай жүрмеңдер.
― Жұмекең мені ұнатпайды. Ұнау үшін ойымды қалай өзгертейін!
― Мен үшін ойыңнан айныма, шырақ. Өзін алдаған — өзгеге тіпті
опасыз.
― Жə, олай болса, осымен тоқталық,— деді де, секретарь орнынан
тұрды. Сəл түйілген қабағынан салмақты қынжыл байқалады.— Ендігі
сөз алдағы бюрода болсын. Мен ойымды сонда айтармын.
Кеңес осымен тарады. Секретарьдың бетін екі жақтың бірі біле
алған жоқ. Бірақ алдағы бюрода қатты айтыс болатыны, тұжырымды
қаулы алынатыны үшеуіне де түсінікті еді.
Жұмабек ой басып, үйіне ауыр қайтты. Ол қақпадан енгенде, қорада
жүрген анасы қобалжыған пішінмен қарсы алды.
― Жай ма, Жұмаш?
― Жай, апа. Тағы да бір тартысқа түскелі тұрмын.
― Кіммен?
― Енді сол Ермекбайдың өзімен.
― Байқа, балам. Ол үкімет бастығы, оқыған, қолдаушысы көп.
Оқығандар, жуандар, қалталылар оны қолдайды. Сенің жұмысшы,
жалшы кедейіңнен стол басында қанша адам отыр, ойлашы! Сорлы
кедей мына заманда алдына қойған асты да алып іше алмай отырған
жоқ па?
― Мəселені стол басындағылар шешпейді, халық шешеді, апа.
Қобалжымаңыз,— деді де, Жұмабек үйге кірместен қорадағы
скамейкаға отырып хаттар оқи бастады. Өзі жоқта кеңсеге келіп жатып
қалған хаттарды ала қайтқан, соның бірін оқи бастағанда-ақ, күлімдеп,
жабыңқы келген қабағы ашыла берді. Қабағын көріп, апасы да жайраң
жүзбен телміре қалды баласына.
― Кім жазыпты, не айтады?!
― Кəзір, апа, сабыр етіңіз.
Қызметтен Марфуға қайтты. Күйеуі мен шешесі бірден қадалған
хатқа бұ да үңіле келіп тұрды.
― Жазған кім? Тіпті рахаттанып отырсыңдар ғой!
«Кəзір, кəзір» дей отырып, Жұмабек оқып шықты да:
― Осы жүріп қайтқан жолымдағы ең үлкен табысым болар бұл хат!
— деді. Қуанғанда күлімдеп, кішірейіп, ашуланғанда үлкейіп,
адырайып кететін ала көзі бұл жолы ұзын, ұшы қайқылау əдемі қара
кірпіктерінің астынан тым кіші, ойнақы көрініп тұрды.— Аман дейтін
бала жігітті, əркім тəуір атаған соң, əдейі үйіне барып, əңгімелесіп едім,
қатты ұнады. Жаны кристалдай таза, өзі əжептəуір сауатты, уытты,
зирек жас екен. Қызық, сөйте тұра, совет жұмысына əлі араласпапты.
Тіпті совет қызметкерлерінің, көбіне қырын қарайды. Бауырыма
тартып байқадым, онша иліге қоймады. Енді міне хат жазып отыр.
Малқар болыстың почтовойын өзінің алдында итше тепкілепті. Содан
кейін бес жігіт қол қойып, комсомол ұйымын ашуды сұрайды. Шіркінай, осындай жастар шыға берсе!
― Еті тірі жалшы екен, қолдай гөр. Малқар малғұн ор қазып жатқан
шығар оған.
― Жалшы емес, апа. Орта шаруаның баласы. Арғы аталары малды,
беделді болған деседі.
― Онда, көн тартып, қалпына кетіп жүрмесін!
― Мейлінше сақсыз-ау!— деп, сылқ-сылқ күлді Жұмабек.— Тегінен
қауіптенбеңіз, жаман ықпалдардан қауіптеніңіз. Бірдеме шығады-ау
деген адамды байлар бізден бұрын көріп, өзіне тартып жүрген жоқ па?
Надан Малқар ескі əдетімен елді қорқытып ұстамақ болса, залым
Шəкендер алдап ұстамақ. Аман Малқармен тез-ақ түс шайысты. Ал
Шəкенмен түс шайысу одан қиынырақ...
― Ол кəпір маңайласқанның басын айналдырып алады. Марқұм
Қалқаның өзі: «Бай болса да, ақылды бай екен» деп келгені қайда?
— Иə, оның, айласы көп, байланысы көп. Үйде отырып қолын созса,
Орынборға жетеді. Бұл сияқты байларға қолданатын шара басқа болу
керек. Сонда не болу керек?— деп отырып, Жұмабек басын ұстады да,
үнсіз ойға кетті...
II
Аман атын қинамай жүріп, араға екі қонды. Үшінші күні Ақмоланың
түбіндегі Күйгенжар дейтін жерде отыратын қыпшақтарға жете
қонбақ болып келеді. Жалғыз. Салт. Бұрын жүрмеген жол, көрмеген ел.
Адасып кетпейін деп, кездескеннен жөн сұрай отырады. Кездесушілер
де өзі сияқты: қойнында бір қалаш наны жоқ, айлық, апталық сапарға
«Ер азығы, бөрі азығы — жолда» немесе тұп-тура дауласа, «Қонағасы
— қазақтың бөлінбеген еншісі» деп, ел жағалай, жыла қонақтай,
сұрастыра бара жатқан өңкей салт аттылар. Олар бірақ жөн сұрасқанда,
Аманша сұрамайды. Руыңнан бастап өзіңе жеткенде тоқтайды. «Алысжуықтан», «орыс-орманнан» естіп-білгеніңді тегіс айтқызады. Өзі де
соның бəрін білгенінше айтып береді. Қисапсыз кең далаға шашылған
малшы қазақтың бірі естігенді бірі ести қоюы, мемлекет болмаса да,
ғасырлар бойы бір тұтас тілі, аңызы, салты сақталып, дами беруі осы
қыдырымпаздығынан, жөн сұрағыштығынан сияқты. Жолға шыққан
екі-үш күннің ішінде бұрын атын ғана естіген, кейде тіпті естімеген
рулармен, жерлермен танысып, Аманның ойы бірсыпыра кеңіп,
тыңайып қалды. Əрбір қонған, түстенген жерінен қазақ өмірінің, бір
елесі есінде қалып қойған тəрізді. Тосын көз тұрғын елдің елеусізіне
шұқшия қарап қызықса да, жатырқаса да, ақыл сарабына салмай,
алғашқы сезімнің дегенімен келеді. Бабатайға жеткенде жер реңі
шұғыл өзгерді. Есілдің екі жағы көз тоярлық кең жазық. Жазықтың бір
шетінде жалпақ белестер жатыр. Сарала тұздық шұбар дүние екен.
Орылған егін орындары ағарып, ойдым-ойдым ормандар қарауытып
көрінеді. Таяқ тастам ел. Салынған шошақ, маялар жиі. Алыстағы қыр
елінде, кең сахарада өскен Аман бұл көрініске қапелімде қызықса да,
біраздан соң жалығып іші пысқандай, кеудесі тарылғандай болды.
Көңілі айдын, еркін, үйренген жерге тартып, шыққалы талай
елестеткен сол жердегі бір көріністі тағы да əкеліп елестетті...
Əкесі төрт-бес кісімен бел асырып шығарып салған. Шығарып
тұрып, мынаны айтқан: «Балам, алысқа, айтысқа жастай аттандың,
ұрын аттандың. Қалталы да, балталы да емессің. Тым болмаса, қасыңда
бір серігің жоқ. Бұның бірін бере алмай, албырт жасты айбалталы əккі
жауға құр қол жібердім. Бірақ ақ батамды ала кет. «Батаменен ер
көгереді, жаңбырменен жер көгереді». Жаңылмасам, ел батасы, ата
батасы — ақ бата мынау болатын: қарның ашып, көзің қарауытса да,
атың арып, жаяуласаң да, дұшпаның дандайсып, досың налыса да,
тəуекелің мұқамасын. Бақыт құсы басыңа келіп қона қалса, тастаған
тасың өрге домалап, қуаныш шіркін тасыған судай кеудені кернеп
кетсе, арнаңнан ешбір аспасын. Тілегім осы-ақ. Жолың болсын,
жолдасын, қызыр болсын».
Шығарушылар қоштасып кейін қайтты. Боз көделі белестің бетінде,
ақбоз аттан түсіп, жалғыз қалған, екі ракағат намаз оқып, қолын ұзақ
жайып, тілеу тілеп қалған ақ бас əкесін Аман қозы көш жер ұзағанша
көріп бара жатты, артына жалт-жалт қарап бара жатты. Осы көрініс
есінде мықты қалған екен. Ұзақ жолда ат соғып, жалығып, шаршап
келе жатқанда ойын бөледі. Əкесі сол боз белдің бетінде қолын əлі
жайып отырған сияқтанады. «Бұл не сандал? Бай-жуанның заманы
кетті,— дегені қайда? Шалабай сорлы қашқын болғанда осындай
зорлыққа шыдай алмай болды ма екен?»—деген əрқилы ойлармен
келе жатқанда, аты қатты сүрініп, етпетінен түсті де, ұшып тұрды.
Аманның ойы бөлініп кетті, денесі бір шымыр етті. «Сүрінбейтін торы
шұнақ, сүрінсең де, тұрып кеттің. Мен де сендей тұрған-ақ!»—деп,
атынан түсті де, ауыздығын алып, шідерлеп қоя берді. Өзі шапанын
шешіп жайып тастап, шалқасынан жатып қалды. Лезде ұйқтап барады.
Жол тақау, ерсілі-қарсылы өтіп жатқандар бұған қарап өтеді. Қорапты
лекшенкеге жалғыз ат жегіп, қатар отырған екеудің бірі шұқшия
қарайды. Шағын қара мұрты бар, тəпелтек қараторы жігіт екен.
― Анау атты мен танып келем. Соға жүрсек қайтеді?—- деді
қасындағыға.
Жолдан бұрылып, əуелі тор атқа соқты екеуі.
― Дəл өзі!— деп, жігіт секіріп түсті арбадан.— Ей, бейқам жігіт,
басыңды көтер. Атыңды танып бұрылдық.
Аман ояна қоймап еді, қасына келіп тұрып:
― Пəле! Өзін де таныдым. Мынау Сапардың Аманы ғой!— дегенде,
Аман көзін ашып алды.
— Қасенбісің-ей! Босандың ба?
― Босанбай. Жылқыбайдың дұзағында жатам ба! Ал, ел-жұрт аман
ба? Қашан шықтың?
― Бүгін үшінші күн.
― Жол болсын, қайда барасың?
― Айтсын. Ақмолаға барам. Саған салған дұзақты байлар маған да
салды. Соны үзгелі барам.
― Байдың дəл онысына өле-өлгенше ырзамын!— деп сақ-сақ күлді
Қасен. Денесі кіші болғанымен, даусы үлкен, қасқыр мойын жігіт
көрінеді, кеудесімен бұрыла қарап, Аманның оң тізесіне бір қолын
салып қойды.— Үстіңе суық су құйып жібермегенде жылы төсекте
пыс-пыс ұйықтап жата беретін едің-ау. Сенің теңің əлдеқашан оянып,
ат үстінде жүр.
― Абақты көзіңді аша түскен бе, қалай?
― Ашпақ түгілі, ашындырады. Нанбасаң, біраз жатып шық.
― Мен жатып та үлгірдім. Кепілге шығып келем.
― Япырау, не дейсің?!
― Əңгіме көп. Ал өзің қалай босандың? Кім босатты?
― Парасыз босану қиын екен, көбірек жатып қалдым. Стол
басындағылардың көбі — байлар не байшылдар. Бағыма қарай, укомда
істейтін Ералин дейтін жігіт қуғыншы болды. Бұрын өзін көрген емен,
əйтеуір, сол жігіт араласып босатты.
― Иə, иə, ол кісі елге барып, сенің жайыңа қанып кеткен. «Поселкенің
сені ақтап берген қағазын да ала кетті» деген. Менің де сеніп бара
жатқаным сол кісі. Өзі қалада ма қазір?
― Қалада. Ұзақ жүріп, таяуда ғана қайтты. Сенен хат алған екен,
айтып отырды. Бірақ келетініңді, мына шатағыңды естімеген сияқты.
Күн кешкіріп қалды, жүре əңгімелесейік.
Екеуі арбаға отырып, арбадағы жігітті атқа мінгізді. Бұлар ауылда
кездескенде бір-бірімен сыпайы амандасып өте шығатын. Қазір, түзде
кездескендіктен бе, болмаса мұңдастықтан ба, шұрқырасып қалды.
Қалтқысыз сөйлесіп келеді. Қасеннің жасы, көргені көбірек, үлкенсіп,
ақыл айтпақ болады:
― Бала, сенің дұшпаның менікінен азулырақ,— деді басын изей
отырып.— Қалам ұстаушылардың көбі солардың құйыршықтары.
Мынау нəп дегеннің не екеніне түсінбей қойдым, Əйтеуір, қаланың,
даланың байлары жыланша тіріліп, сумаң-сумаң жорта бастады. Солар
осы күні исполкомның алдынан шықпайды.
― Исполком бастығының өзі бай баласы деген.
― Болса болар, мəйегі аузынан шығып тұр екен. Осыны Ленин біле
ме?
― Білгенде қайтеді? Жұлып тастағанда, орнына қоя қоятын кімің
бар? Білімсіз адам басшы бола алмайды.
― Егескенде мен енді елге қайтпадым!— деп, Қасен божыны
қаттырақ қағып қалып, шыбыртқысын шарт еткізді. Күдіс көк желе
түсті. Ат екпінімен сез де үдей түсті.— Сен де қайтпа. Болыстық
қызметкерлер дайындайтын курс бар көрінеді. Соған түсейік.
Партияға енейік. Сонысын Малқар, Жылқыбайлардың тісі боқты батар
бізге!..
― Мен рабфакқа кетер едім. Əттен, алмайды. Сені алады, жалшысың
ғой.
― Маған Ақмоланың оқуы жетеді. Сонау Орынборға қаңғып жыным
бар ма?
Аман жымиып қана күліп қойды. Кейде сөз кемшілігін сынағаны
бұл. Қасен тілсіз, үнсіз сынды аңғарған жоқ. Бірде аңқау, бірде
адуындау сөйлеп келе жатса да, түйсігі мол, талапты жігіт тəрізді.
― Оқу, оқу дейміз-ау,— деді бір кезде.— Малқар болыста қанша оқу
бар? Малы мен беделі аман болса, бай оқуыңды қақпалап мінеді.
Орыстың Кубрин сияқты байларын қолма-қол шауып алғанда, қазақ
байларына неге тимеді екен?
― Қазақ даласында Кубрин сияқты бай бар ма?
― Шəкендер ше?
― Кубрин миллионер. Сан қалада үйі, дүкені, ондаған, жүздеген
жұмысшысы бар. Шауып алуға сол жұмысшылар көмектесті. Біздің
жалшы, кедейлер байға жарамсақтанып, тақымымыздан алады.
― Ойпыр-ай десеңші! Бай иек көтерсе, бір кедейдің үстінен бір кедей
арыз береді. Үшінші кедей куə болады. Үшеуін жетістіріп қойып,
байекең мұртынан күледі...
Екеуін де бай-жуанға жығып берген, бетіне дақ салған кедейлерге
үлкен өкпелі булар, түңіле сөйлейді. Сонда да олардан ат кекілін кесіп
кете алатын түрі жоқ.
― Тап жаулығынан надандық жаулығы басымырақ!— деп күрсінеді
Аман. — Біз осы елдің кедейі түгілі, байына не зиян келтірдік? Сонар
қардың үстінде жатқан тышқан ізіндей-ақ, ізіміз бар өмірде. Нені
бүлдірдік?! Қараңғы, мылқау, нойыс надандыққа обалымыз!.. Онымен
алысармыз, бірде астына түссек, бірде үстіне де шығармыз. Сөйтіп
жүріп, «жылай келген дүниеден күңірене бір күні кетерміз». Бұл
надандық қазаққа Абай сияқты ардақтысын да ұрғызған. Біз кімге
шікірə! Сайып келгенде, құр тарығудан пайда жоқ. Шамаң келсе,
Сұлтанмахмұт айтпақшы, қараңғы қазақ еліне өрмелеп шығып, күн
бол...
Өзін аға тұтып, ақыл айтпақшы болған Қасен, Аман сөйлеген кезде
кішірейіп, басын шұлғи береді. Ашылмаған жас жігіт ішін ашқан сайын
бір асылын көрсетіп, қызықтырып келе жатқан тəрізді.
― Бауырым!— деді Қасен, божыдан бос қолын ұсына бере.— Бір
елде, бір жерде өссек те, тізелес отырып, құнарлы əңгімелескеніміз осы
шығар. Осы тізе айрылмасын. Өле-өлгенше дос болайық, қолыңды
əкел. Қайда жүрсең де жаман ағаңды естен тастама бұдан былай.
― Дұрыс!— деп, Аман қол алысты.— Жаман ініңді өзің де ұмытпа.
Жасың үлкендеу болса да, салған жерден «сен» деп сөйлеуім əдепсіздік
емес, өзімсінгендік. Неге екенін білмеймін, мен сені, əйтеуір, сырттайақ өзімсініп қойғамын. Сен үшін Байбол ауылнайдан да безіп болдым.
Оның үйінің ақ үзігін көрген сайын, сені есіме алатын едім.
Жол екі айрылды. Əңгіме үзілді. Манадан үнсіз келе жатқан жігіт
аттан түсті де:
― Інішегім, сұраған ауылың мына ағаштың түбінде,— деп, аттың
шылбырын ұстата берді Аманға. Аман Қасенмен қалада кездесуге сөз
байласып, көрініп тұрған бір шоқ ағашқа қарай жүріп кетті. Іздеп келе
жатқан аулының бір адамын танымайды. Бірақ осы ауыл əкесінің
немере, шөбере туыстарымен, жама ағайындарымен ерсілі-қарсылы
құда, жекжат. Бертін келе сүйек жаңғыртпаған соң қарым-қатынастары
сиреп, тек алыстан, сырттан тілектес болысып жүреді. Кейінгі
жастарды екі жағы да аз біледі. Аман бейтаныс жекжаттардың
бейнесін əрқилы жорып келе жатқанда, жол шоқ ағаштың дəл түбінде
көрінбей отырған үш-төрт үйлі шағын ауылдың үстінен түсірді.
Ауылға ене берісте тоған, тоған үстінде су диірмен. Жолшыбай Есіл
бойындағы елдерден мұндай диірменнің талайын кездестірсе де, торы
шұнақ үркуін əлі қоймапты, осқыра өтті.
Өтіп алған соң, Аман диірменші орыстан Ақанның үйін орыс тілінде
сұрап еді, ұзын бойлы, ұзын сақалды қарт диірменші үсті-басы əппақ
болып тұрып, жауапты қазақша қайырды:
― Ақанның кімі едің?
― Қайын жұрты болам.
― Сенбеймін оныңа.
― Неге сенбейсіз?
― Жездеңе деген төсің, апаңа деген асықты жілігің қайда?
Бөктеріншегің көрінбейді.
― Салт атпен алыс жолда ас бөктеріп жүре алмадым.
― Бұныңа Ақан жұбанса, мен қойдым. Ол антұрған сен түгілі, менен
де дəме етеді. Өзі анау үш терезелі кірпіш үйдің ығында шөп айырлап
жатыр. Үйі сол.
Аман сəлем бере аттан түскенде, еңгезердей сары шал кеп,
албардың ішіндегі шөп маяның маңын жиыстырып жүріп, шұқшия
қарады оған.
― Қай баласың, шырағым?
― Алтай, Сапар деген кісінің баласымын.
― Кəдімгі Елбай Сапардың ба?
― Иə.
― Атың кім?
― Аман.
― Бəтима, Бəтима! Бері шық, бауырың келді!— деп айғай салды
Ақан. Қорадан атжақты, қара кез, ақсұр əйел шығып, тани алмай
тосырқай қарап келе жатыр еді, кеңкілдей күлді:
― Інісін апасы танымайды. Сапар ағаңның баласы, Аман.
― Келші, бауырым, құшып амандасайын онда,— деді де, Бəтима
құшағын жайды. Аман барып құшағына енген шақта қартаң тартып,
оты азайған құралай көзінен ыстық жас ытып шықты.— Тілім тасқа,
көзім тасқа! Болып тұр екенсің, қарашығым, сыртыңнан естіп, бір
көруге ынтызар едім. Ырзамын, тəңірім, көрсеттің!
Албар ішіне он шақты бала жиналып қалды. Арты үш-төрт жаста,
алды он сегіз, жиырмаға келіп қалған жасөспірім қыз, бала жігіт.
Біріне-бірі: «нағашымыз» деп сыбырлап, танаулары желп-желп етеді.
Өзі амандасып болған соң:
― Мыналар жиендерің,— деп, Бəтима бір топ балаға бір-ақ нұсқады.
Ішіндегі ең кішісі жүгіріп келіп, шешесінің етегіне жабысты. Кенжесі
осы болса, Бəтекең кемі елу жаста тапқан болар. Қазір елу мен алпыс
арасында жасы бар. Ақан бір топ жанды бастап үйге тартты.
Күн кешкірген, үй іші ала-көлеңке. Үсті-басы таза, жасөспірім жиен
қыз əдепті жүріп, Аманның алдына өзінен үлкен дөңгелек стол əкеліп
жайды. Шам жақты. Шынысында кіршік жоқ, оныншы номерлі керосин
шам əкпен ағартқан үйдің ішін жарқыратып жіберді.
― Шəй піскенше тыныға тұрсын, ат соғып келді ғой, жастық əпер,
балам,— деп Ақан Бəтиманы ертіп ауыз үйге шықты. Жастық əперген
соң қыз да шығып кетті.
Көп балалы үйде шаң-шұң көп болатын, бұл үйде бір бала қыңқ
еткен жоқ. Шетінен еңбекке үйретіп тастапты. Екеуі үш шелекпен суға
жөнелді. Біреуі самауырға ағаш жара бастады, енді бірі қара бас
саулықты алып соғып, сойғалы жатыр. Ақан мен Бəтима балаларын
жұмысқа жауып жіберіп, бақылап тұр. Анда-санда: «Олай емес, е,
солай» деп, жөн сілтеп қояды. Өздері де əлі еңбекке мығым сияқты,
еңкеймеген, тіп-тік, ірі денелерінде ақау көрінбейді. Самауыр
шуылдап, қой сойылып болған кезде:
― Ақжанды шақырып кел, қонақпен бірге болсын,— деп бір баланы
жүгіртіп жіберді де, Ақан төргі бөлмеге келіп, жайланып отырды.
Оқымаған, ауам адам. Қазақы əңгімелерге де шорқақ, қара жұмысқа
апат, көңілі ақ, мінезі морт болатын. Қолы босағанда ермегі — Абай.
Өзі оқи алмаса да, балаларына, қонағына оқытып жаттап алады. Сол
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Дауылдан кейін - 09
  • Части
  • Дауылдан кейін - 01
    Общее количество слов 4186
    Общее количество уникальных слов составляет 2478
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 02
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2410
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 03
    Общее количество слов 4173
    Общее количество уникальных слов составляет 2290
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 04
    Общее количество слов 4101
    Общее количество уникальных слов составляет 2351
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 05
    Общее количество слов 4154
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 06
    Общее количество слов 4223
    Общее количество уникальных слов составляет 2367
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 07
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2283
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 08
    Общее количество слов 4107
    Общее количество уникальных слов составляет 2391
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 09
    Общее количество слов 4142
    Общее количество уникальных слов составляет 2372
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 10
    Общее количество слов 4104
    Общее количество уникальных слов составляет 2380
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 11
    Общее количество слов 4136
    Общее количество уникальных слов составляет 2348
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 12
    Общее количество слов 4128
    Общее количество уникальных слов составляет 2305
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 13
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2332
    34.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 14
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2378
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 15
    Общее количество слов 4068
    Общее количество уникальных слов составляет 2247
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 16
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2289
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 17
    Общее количество слов 4166
    Общее количество уникальных слов составляет 2421
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 18
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2376
    34.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 19
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2274
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 20
    Общее количество слов 4008
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 21
    Общее количество слов 3974
    Общее количество уникальных слов составляет 2382
    31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 22
    Общее количество слов 4023
    Общее количество уникальных слов составляет 2405
    32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 23
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2379
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 24
    Общее количество слов 4055
    Общее количество уникальных слов составляет 2375
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 25
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2302
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 26
    Общее количество слов 3988
    Общее количество уникальных слов составляет 2269
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 27
    Общее количество слов 4007
    Общее количество уникальных слов составляет 2330
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 28
    Общее количество слов 4051
    Общее количество уникальных слов составляет 2363
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 29
    Общее количество слов 3997
    Общее количество уникальных слов составляет 2415
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Дауылдан кейін - 30
    Общее количество слов 2776
    Общее количество уникальных слов составляет 1692
    38.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов