Latin Common Turkic

Саулық кiлтi өз қолыңда - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 3672
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1925
18.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
27.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
31.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
өте күштi əсер ететiн болғандықтан, əрқайсысын бөлекбөлек 30-60 грамнан
сығып ала салысымен, тың кезiнде пайдалану қажет. 10-15 минут
тұрғаннан кейiн сапасы жойылып кетедi. Ұсақ тастар мен құмдардан
бүйректi тазарту үшiн жер бауырлап жатып, аяқ-қолды бiр мезгiлде жоғары
3-5 рет көтер. Бұл қозғалыс тастың үгiтiлiп, құмға айналуына, ыдырап,
сыртқа шығуына мүмкiндiк жасайды.
Бүйрек ауруының алдын алу. Несеп қышқылынан тас түзiлуiнiң алдын алу
үшiн аз көлемде несеп iшкен пайдалы. Несеп қышқылы тастарды ерiтiп,
сыртқа шығарылуына септеседi. Емделу шарасы барысында, ақуызға бай
(қуырылған, сүрленген ет, тұздалған балық, олардың етiнен жасалған
сорпа, т.б.) тағамдардан мүлдем аулақ бол. Осы айтылған тағамдар
ағзадағы азот қалдығының сыбағалы салмағын көбейтiп, бүйрекке түсетiн
салмақ арта бередi. Бұған Уокер шырынын iшуге кеңес берiледi: салат,
жемiс-жидек, бүр жарған бидай жеу керек. Салатты теңiздiң құрғақ
капустасымен аздап тұздықтау бүйректiң қызметiне дем берiп, оның
қызметiн тұншықтыратын тəттi дəмдерден (қышқыл орта) құтқарады.
Мұнда несептi қайнатып, қойылтылған маңызын iшкен дұрыс. Егер сiлтiлiк
тастар пайда болған болса (өте сирек кездеседi), өз несебiңдi iш. Жылы
суға лимон шырынын қосып iшсең, несебiң сəл қышқылданып, ұсақ
тастарды ерiтiп жiбередi. Бұдан басқа йог асандары (жоғарыда жазылған
жаттығу шаралары) бүйрек ауруларының алдын алуды өте тамаша
толықтыра алады.
Бкуджангасана жаттығу шарасы (жылан бейнесi) – бүйректе тас пайда
болудың алдын алады. Шадабхасана жаттығу шарасы (көк шегiртке
бейнесi) – бүйректi жасартады.
Маюрсана жаттығу шарасы (ұзын құйрықты қырғауыл тектес құс бейнесi)
– бүйректi қанмен шаяды. Бүйрекке диаметрi 12 мм үлкен артерия кiредi.
Осы асана жаттығу шараларын орындағанда, артерияны қысып, қан ағысы
баяулайды да, бүйрекке қан зор күшпен өтедi. Асана бiткеннен кейiн
артерияда қан айналымы қалпына келедi. Сөйтiп, ағысы күшейген қан
капиллярға лап берiп, оларды ашып, керексiз тастандыларды шайып
жiбередi. Жалпы, капиллярдағы қан айналымына үнемi жағдай жасайды.
Сонымен, жүгiру, дене жаттығуын жасау йогтардың асана жаттығуын
жасауға көмектеседi. Тек сондай алдын алу шаралары жаттығуларының
жиынтығымен бүйректi сау-саламат ұзақ сақтауға əбден болады. Ертедегi
дəруiштер:
«Жүрегiң қанша ауру болса да сау, мықты бүйрекпен 100 жасауға болады»
– дейдi екен.
Мүшелердi тазартудың негiздерi мен оның таза сақталуын қолдау. Тазарту
əдiстерi орасан көп, сондықтан олардың барлығына бiрдей бейiмделу өте
қиын. Тазартудың жалпы негiздерiн түсiнген əр адам өзiне пайдалы əдiстi
өз мақсатына жарата алады.
Сондықтан қысқаша болса да мыналарды əбден бiлiп алу қажет:
1.Адам мүшелерiнiң құрылысы, қызметi, өзара қатынасы.
2.Адам мүшелерi ұлпаларының қасиетi.
3.Адамның ұлпасына қоршаған ортаның əсерi, тағамның қасиетi.
4.Тазарту əдiсiне қолданылатын заттардың қасиетi.
Бiздiң мүшелерiмiздiң құрылысы бiрнеше деңгейден тұратын күрделi жүйе.
Бiз көзге көрiнетiн үлкен деңгейден бастап, үлкейткiштермен айыра алатын
деңгейiне дейiн зерттейтiн боламыз.
Бiрiншi деңгейi – адам денесiндегi жұмсақ ұлпаларды ұстап тұратын сүйек
қаңқалары.
Екiншi деңгейi – жұмсақ тiндер. Олар дəнекер торларға (қаңқа) мүшелердiң
жұмыс жасушаларын iлiп қойған.
Үшiншi деңгейi – жасушалық деңгей. Жасушалардың iшiндегi белгiлi
құрылым (цитоқаңқа), ол iшкi жасуша мүшелерiн белгiлi жағдайда
сүйемелдеп отырады. Торшалар iшiнде протоплазма орналасатын қуыс
жасайды. Протоплазма дегенiмiз – коллоид ерiтiндiсi 80 %-ы су мен оны
жiбермей ұстап тұратын қаңқасы бар, табиғаты ақуыздан түзiлген жiңiшке
торшалар жүйесi. Осы арада жасушадағы барлық су қоры, қаңқа
жасушаларымен торланған үйшiктерде өзара тығыз байланысып жатады.
Дененiң барлық сұйық ортасы: қан, сөл, ми мен жұлын сұйығы, өт пен
несеп белгiлi бiр дəрежеде тұтқырлық қасиетке икемдi коллоид ерiтiндiсi
болып табылады.
Дененiң тiршiлiк əрекетiне мүмкiндiк беретiн жасушалар, ұлпалар,
шемiршектер мен сүйектер жалғастырушы ұлпалар арқылы өзара тығыз
байланысып тұрады. Дененiң тiршiлiк əрекетi осы қаңқалардағы
сұйықтардың ахуалына тiкелей тəуелдi.
Адам денесiнiң құрамы ұлпалар қасиетiне тоқталайық. Дененiң негiзiн
құрайтын жасуша дəрежесi өзiнiң массасы жағынан ең үлкен
болатындықтан, осының өзiнен бастауымыз дұрыс болар. Жасушаның
негiзi – протоплазма – коллоид ерiтiндiсi, ал оның өзi сұйық сiлiкпеге
(ұйыған сорпа сияқты) ұқсайды. Оның 99 %-ы судан құралады. Бұл
химиялық реакциялардың жүруiне жақсы орта болып табылады.
Сондықтан сұйық жəне қатты денелердiң қасиетiне бiрдей икемдi.
Сөйтiп, жасушаларда сұйық жəне қатты заттардың бөлiктерi арасында бiрбiрiне тiркесiп жабысуы мен күшеюi əсерiнен сiлiкпеде өзiн-өзi нығайту
үрдiсi үздiксiз жүредi. Нəтижесiнде сiлiкпе мүйiз сияқты денеге айналуын
ксерогель деймiз. Мұндай қоюланған протоплазма тiршiлiк əрекетiн
толыққанды жүзеге асыра алмайтыны салдарынан жасушалар өлеттенедi.
Мұны болдырмау үшiн жасушаның iшiнде де, коллоид ертiндiсiнiң өзiнде
де қысымға қарсы күрделi қорғаныс əрекетi жүредi.
Егер аталмыш қорғаныс əрекетi бұзылса, дененiң сұйық ортасында
коацервация (жиналу, қордалану) жəне коагуляция (ұю, қоюлану) деп
аталатын құбылыстар жүрiледi.
Коацервация: коллоид ерiтiндiсi (сiлiкпе сұйығы) бөлшектерi (мицель)
жартылай сольват қабыршығынан ажырап, бiр-бiрiне жақындай түседi де,
коллоид ерiтiндiсiнiң ортасында жалпыға ортақ су қабығын түзедi.
Онысымен тоқталмай, мұнда да бөлшектер бiр-бiрiне жақындап жабысып,
құрғап, сұйықтықтың ұюы жалғасады. Ондағы сұйықтардың жабысқақтық
сипаты артады. Осы айтылғандар негiзiнде тұздар шөгiп, ағзада құм мен
тастар пайда болады.
Коагуляция – коллоид ерiтiндiсi үш сатылы. «Жетiлу» сатысында коллоид
қаңқаларының механикалық қасиетiнiң нығыздалуы байқалады. «Қартаю»
сатысында коллоид қаңқасы өзiнiң сұйықтарын сығып, сыртқа шығарып,
көлемi кiшiрейiп, коллоид қаңқасы қатып-семедi. «Ксереголь» сатысында
коллоид ерiтiндiсiнiң сұйығы əбден тартылып, көлемi едəуiр кемидi.
Сонысымен ол мүйiз iспеттi массаға айналады. Осы айтылған қысымдар
салдарынан оның iшiндегi барлық зат (тұз, бояу) нығыздалып, қатты
тастарға айналады. Кейбiр ғалымдардың пiкiрiне қарағанда, бауыр, өт пен
бүйректе пайда болатын тастар да осындай үдерiстердiң нəтижесiнде
түзiледi.
Дəнекер ұлпалар дененiң жұмысшы жасушаларымен қоса өрiледi. Осы
ұлпалар арқылы тұз бен суды бөлу, тасымалдау, ұлпаларды қалпына
келтiру, жұқпалы ауруларға қарсы тұру сияқты мiндеттер атқарылады.
Сөйтiп денеде iшкi ортаның тұрақтылығы сақталады (гомеостаз). Дəнекер
ұлпалар ақуыз коллогенасынан тұрады. Денедегi барлық ақуыздың 30 %ын құрайды. Олар ақуыздың тiркес үш амин қышқылынан тұрады.
Жасушалар қартайғанда жiңiшке жiпшелер бiр-бiрiне «өрiлiп», дөрекi
арқан еседi. Бұл iшкi дененiң тарамыс, сiңiр сияқты негiзгi қаңқаларына
өзгерiс енгiзедi. Нəтижесiнде iшкi ағзалар нығыздалып, құрғау басталады.
Дəнекер ұлпалардың қоректiк зат тасымалдауы солғындап, ас сiңiру үрдiсi
баяулайды. Нəтижесiнде иммунитетi босаңсиды. Коагуляция дəнекер
ұлпасында жасушалық деңгейде «қартаю» принципiне сай жүредi.
Бiздiң мiндетiмiз өз өмiрiмiз шегiнде қол жетерлiк барлық əдiс-амалды iске
қосу арқылы ағзадағы аталмыш қысым салдарынан құрғап, қатып-семiп
қалу үрдiстерiне қарсы күресуге тиiспiз. Қытай медицинасы бiр-бiрiне
қарама-қарсы «ян» жəне «инь» күштерi туралы айтады. Бiз айтып отырған
«қысу» – ян күшiне, «кеңейту» – иньге сəйкеседi. Сондықтан бұл ретте
иньдi янға қарсы қоя бiлудiң бiз үшiн маңызы зор.
3. Жасушалардағы плазма коллоидтарының сұйықтық ортадағы дəнекер
ұлпалардың қасиетiн, қоршаған ортаны, iшiп-жейтiн асымыз бен басқа да
қозғаушы күштердiң əсерi денеге қолайлы ма, жоқ па дегенге қорытынды
жасап, бiлiп жүргенiмiз жөн.
Денедегi сұйық ортада жасушалардың протоплазмасы сыртқы ортаның
салқын əсерiнен құрғап, қатып-семетiн болса, жылы əсерiнен сұйылады.
Құрғақ ауа суды кептiрiп, сiлiкпенi қатайтады. Ал дымқыл ауа, керiсiнше,
ылғалдандырып, сұйықтықты молайтады. Жылылық пен ылғалды ауаны
дұрыс үйлестiре алсақ, коллоид ерiтiндiсiнiң қасиетi қалпына келiп,
сұйылуы шөгiп, бiтелiп қалған тастар, тұздар мен улы заттар қозғалысқа
түсiп, тастандыларды сыртқа қуалап шығарады. Мұндай жағдай қан, сөл,
жасушааралық жəне жұлын сұйықтары, несеп, өт, жасуша плазмалары мен
дененiң барлық сұйықтарына ортақ əдiлдiк.
Бұл бiзге толық түсiнiктi. Дененi тазарту үшiн алдын ала коллоидтардың
құрғап мүйiзденген сiлiкпелерiн мейлiнше сұйылтып, ағатын дəрежеге
жеткiзу керек. Сол үшiн тазарту жұмыстарын бастаудан бұрын дененi
жұмсарту шараларын жасау лазым. Сондықтан тазарту шараларын
жүргiзудiң алдында бiр апта бойы күн сайын жылы науаға немесе моншаға
отырып, жемiстiң не көкөнiстiң шырынын iшiп, денеден тер шығарып, тоқ
iшектi тазартып шаю сияқты шараларды бiрiнен соң бiрiн жасаса, нəтижесi
жақсы болмақ. Алдын ала дайындық жасауға 6-7 күн жұмсалады. Тазарту
шарасының алдында 24-36 сағат ашығудың мəнiсi зор.
Алдын ала дайындық жасаған кезде ет, балық, сүт, iрiмшiк (сыр),
жұмыртқа, ұннан жасалған, жоғары қысым мен температурада өңделген
шұжық, дəмдi тоқаш, балбауырсақ, балмұздақ, кока-кола, газдалған
минерал суларды тұтынуға əсте болмайды. Негiзгi тамақ – көкөнiс, сəбiз,
қырыққабат, қызылшадан жасалған салат немесе көкөнiс сорпасы болса
дұрыс. Картоптың крахмалы мол болатыны себептi болмайды. Алдын ала
дайындық кезiнде жеуге болмайтын тағамдар түрiне шайнағанда ауыз
қуысында сiлекеймен шыланатын, асқазанда бөртетiн тағамдар жатады.
Сiңген кезде қан айналымы арқылы сөл мен дене коллоидтарымен
араласады. Осындай əрекетiмен сұйықтардың тұтқырлық қасиетi арта
түседi.
Бұдан тыс барлық жейтiн асымыз ыстық пеш үстiнде өңделедi. Мiне,
осылай пiсiрiлген тағамдар зарядсыз қалады. Бұлай дайындалған тағамдар
коагуляциялануға бейiм тұрады. Осыны болдырмау үшiн бiздiң денемiздiң
электр зарядтары қажеттi мөлшерден артық жұмсалады. Нəтижесiнде
мицель бөлшектердегi, сондай-ақ қан мен лимфадағы зарядтардың көлемi
азаяды. Күн сайын осылай қайталана берушiлiк бiздiң тiршiлiк
қуатымыздың негiзiне балта шабумен бiрдей əсер етедi. Барлық деңгейдегi
коллоидтар қоюланып, құрғап, ядродағы зарядтардың азаюы салдарынан
бөлшектер бiр-бiрiне жақындап, тiркелiп қалушылыққа ұрындырады.
Қанның ағысы сарсылып, тұрып қалады. Осыдан, коацервация мен
коагуляция үдерiсi күшейiп, ксерогель пайда болады.
Осындай жағдайда, «Ауру – астан...», – деп қазағым бекер айтпаған болса
керек. Нəтижесi – өте қолайсыз. Дененiң о жер, бұ жерi қатайып iсiнедi,
иiлгiш икемдiлiгi кемiп, аяққол тоңғақ болады. Таңертен тұрған кезде
адамның аяқ-қолы ұйып, ағаш сияқтанып, ақыр соңында қозғалысы
шектелген жекеленген ошақтар пайда болады. Егер мұндай белгiлер сыр
бере бастаса, денеңдi жинақталған көр-жерден тазартуға кiрiскенiң абзал.
Бұл белгiлер сiздiң денеңiзде тұз шөгiндiлерi, құмдар, тастар мен сарысу
кернеген iсiктер сияқты қауiп-қатерлердiң төнiп тұрғанын бiлдiредi.
1. Халық кемеңгерлiгi, мыңдаған жылдар бойы қателесе жүрiп, көре жүрiп,
əдiс-амалдарын екшеп, дененi тазартуды таңдап алған. Бiз сiздермен дененi
тазартуды ғылыми тұрғыдан сарапқа салдық. Ал, ендi жоғарыдағыдай
тəжiрибемен нығайтуымыз қажет. Адам денесiн тазартудың үш принципi:
коллоидтың қоюлану себебiн жою үшiн коллоидтарды сұйылтып жiберетiн
шараларды iске асыруымыз керек.
Коллоидтардың қоюлану себебiн жою үшiн:
а) ксерогельдер коллоидтарды қоюландыратындықтан, iшiп жем
тағамдарын шектеу керек; ксерогельдерге бай ет тағамдары мен құрамында
казеинi бар сүт тағамдары. «Көк сүт – жануарлар желiмi», – деп те аталады.
Одан жасалған тағамдар – құрт, iрiмшiк деген атаулармен базарларда
сатылады.
Қант араластырып, балаларға беремiз. Крахмалы мол тағамдар – картоп,
жоғары қысыммен өңделген қант, жоғары механикалық күшпен тартылып
ұсақталған жəне құрғатылған өнiмдер – нан, балбауырсақ, əртүрлi дəмдi
тоқаштар, бөлкелер;.
ə) ауа райының қолайсыз кездерiнде қарама-қарсы шаралар ұйымдастыру:
суықтан, құрғақ жел мен ыстықтан сақтану; салқын күндерi тым жеңiл
киiну; ыстық күндерi салқын жерге көлеңкелеп жату; құрғақшылық кезде
жылы су құйылған науада отыру; есiк-терезелердi бiр мезетте ашып қою;
киiз үй, палатканың iргесiн түрiп, самалдың өтiнде жату сияқты
амалдардан əрдайым сақтық жасап жүру лазым;
б) қан айналымының сарсылып, баяулап қалуын болдырмау үшiн жаяу
жүрiп серуендеу; үздiксiз дене жаттығуларын жасау; дене еңбегiмен
шұғылдану; əрекеттер жасау; терлеу амалдарын қолдануға болады.
Айтылған шараларды өз уақытында үнемi дұрыс орындаса, қан айналымы
дененiң шектеулi шеңберiнде тоқырауы, құм-тас түзу, барлық қатаю сияқты
негiзгi себептердi жояды.
Коллоидтарды сұйылтып, қозғалысын күшейтiп отыру үшiн:
а) үйiң жылы болсын, сыртқа жылы киiнiп шық. Тоңғақ болсаң, ыстық
тағам iшiп, монша мен жылы науаға отыр, құмбұлау сияқты əдiстердi жаса.
Дененiң бiр шеңбердегi бөлiгiн жылыту үшiн грелка қою, пластырь
жапсыру, сипап үгу (массаж) сияқты əдiстер қан айналымын
жылдамдатады;
ə) түрлi жемiстер шырынынан жасалған сусындар, дистильденген су мен
тоңазытқышта қатырған мұздың суын ерiтiп iшу.
Бұлар денедегi қоқыстарды шайып тазалайды, коллоидтарды сұйылтып,
қалпына келтiредi. Биоколлоидтармен қаныққан, қайнатылған тұнба,
шырын, тағы сол сияқты өт пен несептi қуалайтын арнаулы қасиеттерi бар.
Олардың бөлшектерi (мицель) денедегi тастанды заттарды бойына сiңiрiп,
сыртқа шығарып, ұйыған қанды тарқатады, сөйтiп, қанның өзiн де
тазартады.
Су бетiнiң созылмалығы 72,8 дин/см болса, бұл көрсеткiш несепте 64-69
дин/см. Бұл дегенiмiз, несептiң денеге сiңiмдiлiк қасиетiнiң арттыратынын
бiлдiредi. Осындай қасиетiмен дененi сырттай шылап қана қоймай, ары
қарай заттың iшiне де өте алады. Ол коллоидтарды бөрттiрiп, тiптi ерiтiп те
жiбередi. Баяу отқа қайнату арқылы алғашқы көлемiнiң төрттен бiр бөлiгi
қалған қойылтылған несептiң адам денсаулығына ететiн əсерi тiптi күштi
болады.
Тұздық орнына пайдаланатын бұрыш, қалампыр, аскөк, ақжелке, iнжiр
сияқты өсiмдiктер iшке жылылық берiп, қан айналымын жылдамдатуға
көметеседi.
ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЖАҚСАРТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
Егер сiз денсаулығыңызды шындап сауықтыруға кiрiскен болсаңыз, ең
алдымен мыналарды бiлуiңiз тиiс:
1.Дене құрылысы жағынан қай топқа жататыныңызды;
2.Неше жаста екенiн iңiздi;
3.Жыл мерзiмiнiң ерекшелiгi мен оның адам денесiне əсерiн сезiнудi;
4.Жылдың қай мезгiлiнде қай мүшеңiздiң белсендi, қайсысы босаң
болатынын.
Туыстарыңыздың жоғарыда айтылған топтардың қайсысына жататынын
анықтап көрiп, жоспар жасап, iске асыру қажет. 0йтпейiнше, денсаулыққа
зиян келтiруiңiз мүмкiн.
10-сурет.
Адамдардың бiтiмi: а) «жел құзды»; б) «өт»; в) «шырыш»
1.Аласа бойлы немесе өте биiк, дене құрылысы (10а-сурет) тепе-тең
болмаса – ол «жел құз» (ватта), оның денесi ылғалды, сұйықты сақтай
алмайды. Орта бойлы дене құрылысы (10б-сурет) тепе-тең болса – дене
бiтiмi «өт», денесi жылуушы. Кеудесi кең, қуатты-қалың еттi, сүйектi (10всурет). «Шырыш» (денесi сұйықты жақсы ұстайды, бiрақ жылытуы нашар.)
2.Егер 25 жаста болса – «шырыш», 25 тен 40-50 жас арасы «өт», одан
жоғары жастағылар «желқұзға» жатады.
3.Суық, желдi, əсiресе құрғақ болса – бұл мезгiл «желқұздiкi». Жазғытұрым
жəне күзде салқын дымқыл «шырыш» мезгiлi. Жазда ыстық, құрғақшылық
«өт» мезгiлi. Ылғалды жəне жылылықты сақтай алмайтын құрғақшылық
өзiне сəйкес дене бiтiмдi адамдарға əсерi жақсы емес.
«Жел-құз» дене бiтiмi сипаты ашық болса, таңертең сағат 7-де тұрып,
денеңдi зəйтүн майымен сылап, сiңбей қалған майды жаңбырлатқыш
астында тұрып жылы сумен шай. Ары қарай омыртқа жотасына əсер
ететiндей, жеңiлжелпi гимнастика жаса. К.Нишидiң денсаулықты
сауықтырудың алты ережесiн орындап жүрудiң зияны жоқ. Шамалы
демалыстан соң таңертеңгi тамақтануды жалғастыр. Екi сағаттан кейiн
шөп, шай қайнататын ыстық тұнбаға бал қосып iш, жұмысыңды жасай бер.
Қалай тамақ iшкiң келедi, солай жаса, асқазаныңды қинама. Кешкi сағат 19
дажеңiл сiңетiн тамағыңды iшiп-же. Ыстық науаға отырып, артынан
денеңдi тортасын қайырған қаймақ майы не зəйтүн майымен сыла. Қыста
суық күндерi күндiзгi тамағың өнген бидайдан жасалған ыстық көже,
ботқа, буға пiсiрген қырыққабат, сəбiз болуға тиiс. Сөк көже де жаман емес.
Екi апта сайын бiр реттен айына екi күн ашығуға да болады. Егер «жел
құзды» адамдар көп уақыт 7-14 күн ашыққысы келсе, тек жаздың жылы
күндерi ашығуларына болады.
«0т» дене бiтiмiнiң сипаты ашық болса, таңертең сағат 6 жарымда төсектен
тұру, бiрi жылы, бiрi ыстық сумен алмастыратын жаңбырлатқыштың
астына тұру. Дене жаттығуын жасау. Шат көңiлмен сергек, жiгерлi, өз
ортасында байсалды, сыпайы болу. Ызаланып немесе артықша елiрiп
мақтанудан аулақ болу.
11-сурет.
а) Алдыңғы жағынан. iшiн кеуде қуысына тартып тұру. б) Жанынан
(бүйiрiнен) iштiң ойымы анық көрiнiп тұру.
Əрi қарай аздап құрсақ қуысының жаттығуын iстеу (уддиана бандха) тiк
тұрып, аздап еңкейiп, тiзенi бүгiп, қолыңмен тiзеге сүйенiп тұрып, демiңдi
толық сыртқа шығар. Сонымен iшкi мүшелерiң толығымен кеуде қуысына
тартылады. Осылайша бiрнеше қайтала. Сөйтiп, осы жаттығуды күнiне 100
рет қайтала. Сонымен, күнделiктi шаруаңа кiрiс. Тамақ iшiп-жеуге асықпа.
Қарның ашуға таянғанда жалбыз дəмдi немесе тəттi дəмдi жылы су iш. 1516 сағатта түскi тамақ iшiп-же. Осыдан былай сұйық iшкiң келсе, осы
айтылған дəмдi сұйықты iшiп əдеттен. Кешке 18-19 сағат арасында таза
ауаға шығып жүгiр, ауыр жұмыс жаса (жер қаз, ағаш көтер). Артынан
демалып, денеңдi босат, ештеме ойлама, ешбiр жоспар жасама. Бiрдемелер
ойлап түршiксең, «өт» принципi қозғалып түршiктiредi. Асқазан
қыжылдайды, шаш түсу, уақытынан бұрын ағару басталады, көздiң көруi
төмендейдi. Мұндай адамдар 22 сағаттан бастап жатып ұйықтауы жөн.
Егер олардың ұйқысы келмесе, асқа деген тəбетi шауып, түнде тұрып
тамақтанады. Сонымен, асқорыту мəселесi туындайды, денеге қоқыс
жиналады, терiсiнде бөртпе пайда болады. Бұл деген қан құрамының
өзгергенiнiң көрсеткiшi. Осылайша ызақорлықтың неден туындайтынына
көзiмiз жетедi. Сөйтiп, адам өзiн-өзi бақылап, ызақорлықтан сақтанып,
режим сақтауы абзал.
0тi көбейгiш адамдар айына екi апта сайын бiр реттен 36 сағаттан ашығуы
дұрыс. Жаз айында күн көзiне қақталудан сақтанып, көлеңкелi салқын
орынға жайғасқаны жөн. Салқын суда жүзiп, суық сусын iшуi керек.
Тағамы шикi салат (қырыққабат, сəбiз), жемiс-жидек, құлпынай, таңқурай,
өрiк болса тым жақсы. Суық кезде жылы, сұйығы көп тағам жеуi дұрыс.
Басқа мезгiлде дене шынықтырудың барлық түрiмен, жазда тек суда
жүзумен айналысуы жөн. Жылы, дымқыл кездерде 14-20 күнге дейiн
ашығуға болады.
«Шырыш» дене бiтiмiнiң сипаты ашық болса, денесi iрi бола тұра, əлсiз
адамдар жұмыс жасап, өзiн-өзi қимылдауға мəжбүр ете алса, бəрi
жақсылыққа бет бұрады. Олар 5-6 сағат арасында тұруы қажет. Сонда ғана
олардың күнi бойы дене күшi қайтпайды. Оларға күнделiктi
қайнатылғаннан қалған несебiмен бүкiл денесiн сылап-сипау өте қолайлы.
Сылап-сипаудан кейiн денесiн əуелi жылы сумен кейiн, суық сумен шаюы
керек. Денедегi қан айналымын жылдамдату үшiн 30 минут жүгiру немесе
жылдам адымдап жүру керек. Сонда денесi жылынады. Жаттығу кезiнде
еңбектен ерiнбейтiн, қайратты көңiл күйде болғаны жөн.
Таңертеңгi тамақты дəмi шөптiң тұнбасына аздап бал қосып iшу дұрыс.
Осыдан кейiн тəбет аш қасқырдың тəбетiндей болғанша жұмыс iстей беру
керек. Түсте буға пiсiрiлген май қосылмаған азғана жылы тамақпен
тамақтанған жөн. 0нген бидайдың шелпегiн жегенi дұрыс. Сонсон
күнделiктi жұмысыңмен шұғылдана бер. Егер қайтадан тамақтануға
тəбетiң шапса, 16 сағаттан асырмай алғашқыдай тамақтан. Сусын iшкiң
келсе, тағы да ащы дəмдi шөптiң ыстық тұнбасын iш.
Артынан қойытылған несеппен тағы да бүкiл денеңдi сылап сипа, онан соң
суық, ыстық сумен алмастырып кезек-кезек жаңбырлатқыштың астында
бiрер минут тұр. Артынан қозғалыс жасағың келiп, белсендiлiгiң артса, 3045 минут терлегенше жаттығу жаса. 22 сағатта ұйқыға кiрiс. Осындай күн
тəртiбiн үнемi сақтайтын болсаң, сымбатты мүсiнiң сақталады. Көңiлсiздiк
пен жалқаулыққа берiлмесең, суық тию, тұмау дегендерден де құтыласың.
Негiзi жоспарыңды дененiң жылуымен құрғап қалуынан сақтануға бағытта.
Бұл арада туған айдың бiрi күнгi ай жаңасымен басталатын 14-i күнiн екi
труба дейдi (бұл күнi өтi көбейгендер құрғақ ашықса, екi есе пайдалы) 11-i,
20-сы, 26-сы күндерi 36 сағаттан ашықса, басқа күндерi ашыққаннан артық.
Осы күндерi желқұзы бар, шырышы мол адамдар су немесе, өз несебiн ғана
iшiп ашығады. Шырышы көбейген адамдар салқын, ылғалды күндердi
жақсы көрмейдi, дене бiтiмi солай. Жазғытұрым, күздiң салқын жауыншашынды күндерi жақсы əсер етпейдi. Сондықтан оның денесiне салқын
ылғалға қарсы күресу үшiн «құрғатқыш» саунаға, ыстық буға отырып,
майлы тағамдар мен сұйықты аз қолдану пайдалы. Дененiң жылу түзушi
қан айналымын күшейту үшiн дене қимылын күшейтiп, жаттығу жасай
беру қажет. Құрғақ, ыстық жаз айлары олар үшiн таптырмайтын мезгiл.
Құрғақшылық пен жылылық олардың денесiндегi шырыш пен суықты
теңестiрiп ұстайтындықтан, өздерiн жақсы сезiнедi. Мұндай адамдарға
жазда 30-40 күнге шейiн ашығу, ұзақ уақыт жүгiру өте пайдалы.
Тамақтану ерекшелiгi. «Жел-құзды» адамдардың тамақтануы. Таңертеңгi
тағам 8-9 сағат арасы. Ыстық шөп шайы, итмұрын гүлi, аюбадам, таңқурай,
аршаның тұндырмасы, қарағай бүрi сияқты кез келген тəттi дəм беретiн
(бал, қантқа айналып кетпеген крахмал) немесе құрғатылып алынған
жемiс-жидектен жасалған компот, немесе сəбiз, қырыққабат, қызылша
шырыны, жас картоп, қияр, бақбақтың жаңадан сығып алынған шырыны,
күрiш, шырын, бидай, өнген бидайдан жасалған көже болса, қаймақ майын
қосып iшуге болады. Бұлар крахмалға бай тағамдар деп есептеледi.
Ал қаз, үйрек, балық, тауық етi, жұмыртқа ақуыз тағамдарына жатады.
Қай-қайсысын да ыстықтай пайдаланған жөн. Жаңғақтың қай түрi болса да
жеуге тұрады. Барлық тағамдарға тұз орнына пияз, сарымсақ, имбирь, қара
бұрыш, қалампыр пайдалан. Тамақты iшiп-жегенде асықпай отырып,
тойған белгi бiлiне сала тоқтату керек.
Түскi тамақтану 13-15 сағат арасы. Бұл да таңертеңгiлiкке ұқсас. Егер
таңертеңгiлiкте ыстық шөп шайын iшкен болсаң, түсте не шырынын сығып
iш не компот iш. Егер бұқтырылған қызылша, сəбiз, пиязбен жеген болсаң,
ендi жемiс-жидек же. Егер күрiш ботқасын сары маймен iшкен болсаң,
өнген бидайдың көжесiн немесе қаз, үйрек, балық, жұмыртқа, жаңғақ
тұқымдастың қолыңа түскенiн же. Суға қайнатқан картопқа қаймақ не май
қосып же.
Кешкiлiк тағам 18-19 сағат арасы. Жел құзды адамдар үшiн ғана кешкiлiк
тамақтану ұсынылады. Неге десеңiз, олардың денесiнде зат алмасуы өте тез
жүредi. Сондықтан олардың көңiл күйiнiң қалыпты болуына тартылыс
қуатын толықтырып отыру үшiн басқалармен салыстарғанда басқаша
болуы амалсыздық.
1.Кез келген сусынды iшу.
2.Аздап бұқтырылған көкiнiс немесе жемiс-жидек.
3.Крахмалды тағамдарға аздап қаймақ майын қосып жеу. Ұйқы алдында.
Тамақ iшкiсi келген жағдайда бiр жарым сағат алдында бiр стақан жылы
сүт немесе шөптiң тұнбасына аздап бал қосып iшу. Бұл қалыпты ұйықтауға
көмектеседi. Құрғақ, суық күндерi (қыста, күздiң аяғы, жазғытұрымның
басында) тағам жылы не ыстық болуы жөн.
«Өт» дене бiтiмiне сəйкес тамақтану. Таңертеңгi 8-9 сағат аралығы.
Құрғақ тəттi жемiс-жидектен дайындаған салқын компот немесе шөп шай,
қымыздықтың, итмұрынның гүлi, не жемiсi, жалбыз, не алма сөлi.
Салат немесе бұқтырылған көкөнiс, қияр мен қырыққабат, жемiс-жидек
жеуге болады.
Екiншi тамақ ретiнде крахмалды немесе ақуызды тамақ тұтын. Егер
крахмалды тамақ iшкiң келсе, оны бидай немесе өндiрiлген бидай, арпа,
картоп немесе ақ күрiштен жасап, аздаған сары май қос. Егер ақуызды
тағам болса, жұмыртқаның ағынан, балапан, не күрке тауық мекиенiнiң етi
болғаны жөн. Тұздыққа аскөк қос. Асыра тойып жеу – өте зиянды. Аш
құрсақтау болған жөн. Жылыдай, не жаңа ғана суыған күйiнде жеу дұрыс.
Түстiк асты 13-15 сағат аралығында жеңiз.
Егер таңертең компот немесе шөп шай iшкен болсаңыз, алдымен алманың
шырынын iшiңiз. Егер таңертең салат немесе бұқтырылған көкөнiс жеген
болсаңыз, ендiгi кезекте жемiс-жидек жеңiз. Таңертең қабығы алынбаған
картопқа аздаған сары май қосып жеген болсаңыз, ендi өндiрiлген
бидайдан көже жасап iшiңiз. Күрiш ботқасы немесе палауға көкөнiс
қосыңыз, ет болмасын, ал жоғарыдағы айтылған еттiң кез келгенiне сүйген
тұздығыңызды салыңыз. Кешкiлiк ас 18-19 сағат арасында болсын. 0т дене
бiтiмдi адамдар үшiн тек аздаған сүт немесе жемiс сөлi, компот, жемiсжидек, жаңа салат, қайнатып пiсiрiлген көкөнiстi аздап қолданса болады.
Егер iшкiңiз келсе, ұйықтар алдында итмұрын тұқымдастарының тұнбасын
iшiңiз. Жылдың суық кезiнде ас жылы, əрi сұйық болсын.
Шырыш дене бiтiмдi адамдардың тамақтануы.
Таңертеңгi ас 8-9 сағат арасында. Сұйықты аз, тiптi iшпейақ қойса да
болады. Бұл салмағының ауырлығына байланысты. Егер тiптi өте қаталап,
iшкiңiз келсе, мия немесе жусанның тұнбасына бал қосып, бiр стақан
iшiңiз. Жемiс-жидектен алма, алмұрт, анар, мүк жидегi, жүзiм, құрма, беке
жемiсi, шырғанақ болсын.
Аздаған салат немесе бұқтырылған көкөнiс. Осының барлығы құрғақ
болуы шарт. Көкөнiстерден сəбiз, қырыққабат, пияз, жасыл өңдi көкөнiстер,
асқабақ, сүттiген, ақжелке, шпинат. Бұқтырылған көкөнiстер – жылы, ал
шикiсi үй температурасымен бiрдей болуы шарт. Суықтай iшiп жеу жақсы
емес. Сондай-ақ, көкөнiске май қосу да дұрыс емес.
Ендi крахмалы бар тағамдардан да аздап жеуге болады. Қабықты картоп
немесе қайнатып пiсiрiлген үлкендiкiшiлi бұршақ, арпа, жүгерi, тары, сөк,
қарақұмық, сұлы, бидай. Құрғақ, сұйықтығы аз тағамдар дайындап жеу
пайдалы. Немесе құстың балапаны, қой етi, жұмыртқа сияқты майы жоқ
еттерден тамақ жасап жеңiз. Осы айтылған тағамдарды сарымсақ, аскөк,
қалампыр, қара бұрыш қосып тұздықтаңыз, бiрақ тұз салмаңыз. Барлығы
жылыдай, көлемi өте аз болсын.
Түскi ас 13-15 сағат аралығында таңертеңгi тағаммен бiрдей. Ауызға салған
тамағыңды əбден шайнап, алғашқы тойыну сезiмi бiлiне салысымен жеудi
тоқтатыңыз.
Кешкi ас 18-19 сағат аралығында. Құрғақ жемiс-жидек, немесе шикi сəбiз
жеп, бiр стақан қайнатылған жусан немесе мияның суына бал қосып iшiңiз.
Осылайша тамақтанса, «шырыш» дене бiтiмдi адамдар денесi құрғап, өзiн
жақсы сезiнетiн болады.
Тəулiк биоырғағы – жасушалар iшiндегi биоырғақ. Торшаның құрамы
протоплазмадан тұратынын екенiн əркiм бiледi. Оның iшiнде қарамақайшылық екi бағытта жүредi. Анаболизм жəне катаболизм.
Анаболизм – биологиялық үрдiс, онда қарапайым заттар өзара бiрiгiп,
əлдеқандай күрделi заттар пайда болып, жаңа протоплазма түзiлiп, қуат
қорлары жиналады.
Катаболизм – бұл анаболизмге қарама-қайшы процесс. Күрделi заттар
ажырап, қарапайым заттар пайда болып, сонымен бұрыннан жиналған
энергия қоры босайды.
Сонымен, анаболизм протоплазманы күрделендiредi, катаболизм,
керiсiнше, кiшiрейтiп, құрамын өзгертедi. Бұл екеуi өзара сай келсе, бiрбiрiнiң болмысын жылдамдатады. Жасушалар бөлiмдерiнiң өзара
орналасуының ыдырауы келесi жинақтауға дем берiп, протоплазма
бөлiмдерiнiң өзара орналасуы қаншама мол қордаланса, келесi ыдырау
соншама белсендi жүрiп, қуат көп көлемде босап шығады. Мұндай
үрдiстен кейiн барлық денеде ең мол тiршiлiк əрекетi байқалады.
Бұл ырғақты жылу мен жарық басқарады. Осы екi қозғаушы күш қаншама
күштi болса, протоплазманың сапырылысуы мен ферменттердiң
белсендiлiгi арта түседi. 3 сағат пен 15 сағат аралығында дененiң iшкi
қозғалысы басталып, қышқыл жағына қарай ауысады. Жылылықтың
төмендеуi, жарықтың азаюы дене белсендiлiгiн азайтады. Мұның барлығы
бiрiгiп, жасушадағы протоплазманың қоюлануына əкелiп соғады.
Қорытындысында, жасушалардың белсендiлiгi төмендейдi. 15 сағаттан
түнгi 3 сағатқа дейiн қышқыл мен сiлтiлiк тепе-теңдiк қышқылға қарай
ауыса бастайды. Сөйтiп, торшалар iшiндегi ырғақ алмасуын күн мен түннiң
алмасуы реттеп отырады.
Бiрнеше қозғаушы күш жасушаның биоырғағына қысым көрсетедi. Түнде
жұмыс iстеп, күндiз ұйықтап, ұйқымен ояу отыру ырғағын ескермеу
мұндай өмiр салтына қарсы, табиғатқа жат, түнгi кезекке шығатын
жұмыстан бас тартқан жөн.
Əр мүшенiң өзiнiң жеке электр заряды бар, адамның аяғы терiс зарядты. Ал
бас оң зарядты болып келедi. Ортадағы бел – бейтарап. Бұл көрсеткiштер
дененiң тiршiлiк əрекетiне, iшкi ортаға жəне биотокқа едəуiр əсер етедi.
Қазiргi адамдардың үшiн электр зарядты жерден оқшаулайтын табанды аяқ
киiм киетiндiгi проблема туғызып отыр. Нəтижесiнде, денедегi оң зарядтың
артықшылығы əсерiнен iшкi ортаны қышқылдық жағына бағыттайды.
Дененiң iшкi ортасында РЊ небары 0,4-0,5 болса, дене қызметiн ауыр
өзгерiске түсiредi. Дененiң iшкi Рњ ортасының өзгеруi алдымен
ферменттердiң белсендiлiгiн өзгертедi. Ферменттер жасушаға барған
заттарды толық көлемде соңғы түрiне дейiн ыдырата алмай
қалатындықтан, денеден сыртқа шықпай, қордалана бередi. Мысалы, ақуыз
несеп қышқылына дейiн ыдырап, ары қарай мочевина құрай алмайды.
Көмiрсу көмiртек тотығына дейiн ыдырап, оның соңғы түрiнiң
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Саулық кiлтi өз қолыңда - 07
  • Büleklär
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3709
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    18.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    27.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3743
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2072
    21.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    30.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3714
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1998
    19.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    29.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3761
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1937
    18.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    28.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3700
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1924
    19.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    26.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3672
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1925
    18.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    27.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1778
    19.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    28.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3796
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1750
    19.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    28.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    32.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3726
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2007
    19.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    27.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    32.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3603
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1810
    18.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    25.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    30.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3649
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1969
    19.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    27.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3739
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1921
    20.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    28.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3818
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    21.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3744
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    20.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    30.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3793
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1895
    21.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    29.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3762
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    22.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3654
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2114
    19.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    29.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3717
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1931
    21.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3734
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1709
    21.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Саулық кiлтi өз қолыңда - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 930
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 640
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.