Latin Common Turkic

Біз Қалада Тұрамыз - 17

Общее количество слов 4011
Общее количество уникальных слов составляет 2297
32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
қалса керек. Отын болсын деп... – Шешесінің алдында ақтала сөйлеген
бала сияқты сөзім божырап шықты. – Сендерде ме, сендерде жүрек жоқ!
Қалай ғана қолың барып, балта сермедің! – Жақсылық жасаймын деп
пысықсып жүріп, айыпты болғаныма қысылдым. Не айтарымды білмей,
көзіммен жер шұқылап тұрмын.
– Дүниенің парқын білмейтін ғып сендерді осылай тəрбиелеген кім?!
Ойпырым-ай, үстіріктеліп, дап-даяр жарқырап тұрған тақтайды
бүлдіргеніай, ə! Құдай-ау, есік алдына орындық жасасақ та керек емес пе
еді? Соны қалай ғана ойламадың? Обал-ай, обал! Қарашы бүлдіріп
тынғанын. Орындық түгілі тағы осындай бір үйдің еденін төсеп, төбесін
жапса да, дəл мұндай тақтайлардың неше алуаны сарайдың бір бұрышында
жинаулы тұрғанын талай көргенмін. Бірақ не дерсің? «Сасқан үйрек
артымен сүңгидінің» керін жасап, балға мен бірнеше шеге алып келдім. –
Тася апай, байқамай қалыппын. Қазір жымын білдірмей шегелеп
тастаймын. Басқа-басқа, бұл менің қолымнан келеді. – Иə, қолыңнан келіп
тұр, – деп кекетті ол кісі. – Қолыңнан бүлдіру ғана келетін шығар. Отын
əкеліп, жақсы аттанам деп жүріп, апайымыздың көңіл күйін текке түсірдім.
«Үнем, үнем, тағы да үнем!» Міне, апайымыздың жан-дүниесін жайлап
алған жалғыз ұран осы. Тіпті бір күн қайнатқан сорпасын үш-төрт күн
ішіп, соңғы ұрттамына дейін əбден тауыспай, қайтадан қазан көтермес еді.
Оның себебін өте қарапайым арифметикамен түсіндіреді. Біріншіден, тамақ
бекер ысырап болмайды, екіншіден, оны пісіретін газ босқа шығын
болмайды, үшіншіден, уақыт үнемделеді. Əрине, апайымыз үш күнде бір
қазан көтермек түгілі, питон жыланы сияқты жарты жылда бір-ақ рет
тамақтанса да онда менің қандай жұмысым болмақ?! Тек қана біздің ішкі
мəселемізге жиі-жиі қол сұғып, өзі сияқты үш күнде бір қазан көтеруіміздің
қажеттігін арнаулы мəселе ғып, жиі-жиі ортаға сала бергені аз уақытта-ақ
мені қажыта бастаған.
– Ех, балақандар, балақандар! Дүниенің парқын, қадірін білесіңдер ме
сендер! Жарайды, қазан-ошақтарың бөлек, қалай ішесіңдер, қайтіп
ішесіңдер – онда менің жұмысым жоқ, бірақ байлықтарың тіреліп
тұрғандай ысырапқорлықтарыңды көріп отырудың өзі маған азап болып
тұр, – дейтін. Сондықтан да біз тамағымыздың өзін ұрлық жасаған кісідей
апамызға көп көрсетпей ішуге тырысар едік. Кейде ол кісіні тамақты бірге
ішуге шақырғанда біздің асымызды өзінен қызғанғандай:
– Неге шақыра бересіңдер мені? Əрине, мол асылған етті тоя жегенді кім
жек көрсін, дегенмен бір айға жеткізуге болатын етті бір-ақ асқандарыңды
түсіну қиын, – дер еді. Өз ішкен тамағымызды өзімізден, тіпті өзінен де
қызғанып жүрген кісі біздің үйге біреу-міреу қыдырып келсе, тіпті есінен
тана жаздайтын.
– Құдай-ау, қуырдақ қуырып берген соң ет асудың қанша қажеті бар? Олар
немене, сонда он күн тамақ ішпей келген адамдар ма екен? Жарайды,
сендер ессіз бола қойыңдар, ал келген кісілерің сендердің жағдайларыңды
неге ойламайды?! Бірақ олардың несі кетіп барады?! Ертең екеуің
жоқшылық көріп отырдыңдар ма, тап сол пəлен сағат бойы
дастарқандарыңнан бас алмай жеп бағатын қулар бір үзім нан бермейді, –
деп күңіренгенде, қара аспанды басыңа құлатардай болатын.
– Е, «Өле ішкенше бөле іш» деген бар емес пе?! – деймін мен ашуына
тиместей ғана майдалай сөйлеп.
– Бəрібір екеуіңнің қалай ақылсыз жаралғандарыңа миым жетпейді, – дер
еді ол.
– Ақшаның қадірін білмеген адам басқаның қадірін білмейді.
Бір күні жұмыстан жайырақ келсем, көз байланған уақытта Бағила есік
алдында жүр. – Мені тосып жүрсің бе, үйге шам неге жақпағансың? –
деймін, ойымда дəнеңе жоқ. Апайымыз да елбең қағып, есік алдында жүр
екен. «Оның мəнісін мына кісіден сұра» дегендей Бағила үй иесін меңзеді.
Сөйткенша апайымыз да бұл жарық əлемдегі ең мүсəпір адамдай мүлəйім
сөйлейтін үйреншікті үніне салған.неге екенін қайдам, ол кісінің осы бір
мүттəйім бейнесі маған қартайып, əбден можыған мысыққа ұқсатар едім. –
Балам-ау, өзің қарашы, мынау əділдік пе?! Сендер жоқта мен айына отыз
тиыннан артыққа электр қуатын пайдаланып көрген жоқ едім. Мінеки, енді
екі сомнан бір-ақ асып кетіпті. Мені білесіңдер, үкімет берген пенсияны
үнемдеудің арқасында ғана қалт-құлт етіп, əрең жан бағып отырған
бейшарамын. Жалғыз ұл болса анау, бір тиындық көмегі жоқ, қайта қатыны
екеуі көзім тірі тұрғанда-ақ келіп үптеп кетуге даяр... Олар мен өлсем ғой
жыламақ түгілі қуанар... Кемпірдің сөзін тыңдап тұра берсем, дəл осы үйге
ақыр заман орнап, жоқшылық дейтін зұлмат əбден тұралатып кеткендей
көрінеді. Тамағын күн барда əзірлеп, төсегін күн барда салып дегендей
шамды мүлде жақпайтын сияқты еді. Оның себебі сол, əр тиынды шашау
шығармаудың қамы екенін жаңа білгендеймін. Апамыз бастырмалатып
күңірене жөнелді. – Мені аямасаңдар да, үкіметтің электрін аясаңдаршы,
түн баласы жарқыратып кеп отырғандарың. Шыдамның да шегі болады,
жетер, шырақтарым... Əншейін шамды күндіз-түні жақсақ та төлейтін адам
бар деп ойлап жүрген шығарсыңдар...
– Өй-бу, апай-ау, оны несіне айтасыз? Сіз тіпті электр қуатына төлемей-ақ
қойыңыз. Бұл не ғып, менің ойыма келмеген?! Ай сайын екі үйіміздің
пайдаланған электр қуаты үшін өзім-ақ есептесейін. Тіпті біз осында
келгеннен бергі барлық электр қуатына төлеген ақшаңызды да қайтарып
берейін, – дедім, осымен құтылсам, үлкен олжа деген оймен. – Немене?!
«Мен төлейін» дейсің бе? Құдай-ау, баяғыдан-ақ сөйтпейсің бе? Одан кейін
таң атқанша шам жағып ұйықтасаң да, шаруам жоқ. Апамыздың жүзіне қан
жүгіргенін, əрине, байқай алған жоқпын, солай болғанына титтей де
күмəнім жоқ. Үні бір түрлі жарқын естілді, сонымен бірге «Осы алдап
тұрған жоқ па?» дегендей сенімсіздіктің де лебі бар еді. – Шын ба? Пəтер
ақының сыртында ғой, солай емес пе? – деді қайталап.
– Əрине, сыртында. Сіз бір айда неше сомға пайдаланғанымызды айтып
тұрасыз. Ақшасын сізге беріп тұрамын. Əйтеуір, Тася апай, «Балақандар,
шамды өшіріңдер» деп тұрмасаңыз болды, – деймін, əзілге сүйеген болып.
Өз шартымды да айтып қалып жатырмын. Бүгін біраз қаламақы алып, үйге
қуанышты оралған едім, қалтамнан оттай жанған он сомдықты суырып
алып қолына ұстаттым.
– Апай, мынау осыған дейін жаққан жарықтың төлемі, – дедім.
Ол менің тағы бір ессіздігіме таң-тамаша қалғандай бетіме біраз қарап
тұрды да, жеделдете басып үйіне кіріп кетіп, шамын жарқ еткізді. – Міне,
мəселе қандай оңай шешілді, өзі де бұдан былай қараңғылықта
отырмайтын болды, – деймін Бағилаға əзілдеп. Бірақ апамыздың бұл
асығыс қимылының мəні мүлде басқа екен. Менің «алдыңғы айларыңызға
төлейін» дегенімнен танып кетер десе керек, тоқ есебін тіркеп, жазатын
кнежкесін алып келіпті. – Біз осы үйде тұрғаннан бері электр қуатына
қанша ақша төлепсіз, Тася апай. – Жеті сом 88 тиын, – деп сарт ете қалды. –
Мен саған екі сом 12 тиын қайтаруым керек қой, бірақ менде ондай ұсақ
жоқ еді...
– Жоқ, қажеті жоқ, апай. Өзіңізде қала берсін. Бірге тұрған соң ондай ауыстүйіс болмай тұрмайды ғой... Ол есі шыға қуанғаны сонша, «Осынысы шын
ба, өтірік пе?» дегендей мағынасыз күле берді. Бекер обалы қане, біз бұл
кісіні ұрысқақ немесе мүлде мазасыз адам десек дұрыс болмас еді. Рас,
ренішін айтып келе жатқанда кінəңді мойындай қойып, алдына түсіп алып
құрдай жорғалап кетсең немесе айыбыңды қаражат тұрғысынан жуып-шая
салсаң, сізге деген көзқарасы бірер күнге болса да, оңай өзгере салады. Бұл
жолы да солай болды.
– Мен қазір, – деді ол үйіне қарай тағы да жүгіріп бара жатып... – мен
қазір... Шамын жаңа сөндіріп шығып еді, енді электр шуағы бір мезгілде
біздің терезеден де, оның терезелерінен де аппақ болып аулаға ақтарылды.
«Ол аз болса...» дедім де кемпір бұрын сөндіртіп тастаған маңдайшаға да
электр шамын салып қойдым. Аула да нұрға малынды. Бағанадан қараңғы
үйге беттей алмай жүрген Бағила да өз бөлмемізге кіре берген. Сол кезде
Тася апай терезені ашып, мені сұқ саусағымен іліп шақырды. Бағанағыдай
емес, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Əжім торлаған жүзінде көңілділік
деуден гөрі бақыттылықтың ізі сайрап жатыр еді. – Балақан, бүгін келін
екеуіңе сый-құрмет көрсетейін, – ол мен үйіне кірген бетте құлағыма
сыбырлап, құпиялап айтты. Жаңа ғана ең мүсəпір адамдай мүлейімсіп
тұрған қожайынымыз енді ең бір дарқан жүректі, қамқор ана болып
көрінді. – Оның үстіне жаңа артық төлеген екі сом 12 тиыным бар
дегендей... Екеуіміз кіре беріс үйдің еденінің астындағы салқын жертөле
қоймаға түстік. Үстіндегі үйдің көлеміне жетеғабыл, кең етіп-ақ салынған
екен. Айыбы жер астында дегені болмаса əп-əдемі екі бөлмелі жай. Шам
жанған соң айналадағы «қазына-байлыққа» зер сала қарай бастадым.
Қойманың бірінші бөлмесінде неше түрлі сайман, ағаш кеспектер, ең аяғы
кендір арқан мен əр жылдардың, əр размерлі аяқ киімдерінің біраз үлгісі
бар екен. Қабырғаға қатар-қатар шегеленген тақтай сөрелердің үсті сықап
тұр. Қаншасының кəдеге асатынын білмеймін, бірақ түрлерінің молдығы,
сақталу жылдарының ұзақтығы жағынан кез келген ұсақ мекемелердің
қоймаларымен таласа алатынына сенімім зор. Көптеген аяқ киім кеуіп,
əбден көн болып қалыпты. Бір ай майға малсаң да жібіп, кəдеге асар түрі
жоқ. Менің бұл мол «қазынаға» сұқтана қарап кеткенімді байқады-ау
деймін, Тася апай: «Е, осы күнгі балалар дүниенің қадірін біле ме? Анау
жалғыз ұл жақсы болса, осының бəріне ие болмай ма?! Ес жоқ десеңші. Бір
қатынның етегінен ұстады да, қарасын біржола батырды. Мен ертең өле
қалсам, осы қу дүние соған қалмағанда, бəрін көріме бірге ала кетемін
бе?!» «Иə, өле қалсаңыз балаңыз мыналарды шығарып, тазалау үшін аз
азапқа түспес-ау» деймін мен. Əрине, ішімнен ғана. – Балақан, мынау
кеспекті былай, бір шетке жылжытып жіберші.
– Ол түпкі бөлмеге кірер есіктің еркін ашылуына кедергі жасап тұрған ескі
кеспекті нұсқады. Қашанда пенде шіркіннің бір нəрсені білуге құмар
тұратын əдеті емес пе, кеспекті бұрышқа таман ысырып қойған соң,
қақпағын ашып, ішіне үңілдім. Көп заманнан бері тышқандар мекен ғып
алса керек, танау жарар күлімсі иіс мүңк ете қалды. Ер-тұрман,
қамытсаймандар дегендей əбден тозығы жеткен əбзелдер екен. Көптен бері
осынау кеспекті қойып, бүкіл осы екі бөлмелі қоймадағы дүниелерді өз
мүліктері етіп алған тышқандар тістерінің қышуларын қандырайық
дегендей, əбзелдің қайыстарын мейілдерінше турай беріпті. «Апатай-ау,
өзге дүниенің қажеті болса да, мынау қырық жылғы қамыт-сайман неге
керек?» деп, сұрауға оңтайланып едім, апайым ойымды айтқызбай түсінсе
керек.
– Е, шалымның көзі ғой. Қимаймын, тұра берсін, – деді. Сол кезде үйдің
бұрышында сүйеулі тұрған бір затты көріп, жүрегім зу ете қалды. Мүмкін
емес, басқа дүние болар. Жо-жоқ, əне қасында қақпағы да сүйеулі тұр.
Сыртын қаптаған арзанқол қара матасына дейін менің көзімнің
алдамағанын айғақтайды. Табыт! – Тася апай, мынау қайдан тұр? – деппін,
сасқалақтап. – Е, шалым қайтқанда жасатып едім, көршідегі ағаш шеберіне.
Сөйтсем, оның бұрынғы жұмыс істеген жеріндегілер де біреуін жасатып
əкеліпті, – дейді ол елеусіз ғана. – Кейін өзім өлгенде балаларыма жеңіл
болады. Осы заманда бəрі де удай қымбат емес пе?! Табыт жасатып, ақша
шығармайды. Даяр тұр. Тек сыртындағы шүберегін ауыстырса болғаны. Ол
жаққа барғанда маған біреу: «Табытың неге жаман?» деп сұрайды дейсің
бе?! Иə, маған осы да жарап жатыр. Мен осы жер астындағы тышқандар
мен егеуқұйрықтар мекен еткен, сонан соң атам заманғы аруаққа арналса
да, əлі кəдеге асар күнін тосып тұрған табыт сақталған үрейлі жертөледен
тезірек кең дүниеге шықсам екен деп ойладым. «Бүйтіп жасаған сыйсыяпаты да құрысын!» Түпкі, екінші бөлменің ішіне өткенде мұнан да
аузы-мұрнынан шығып тұрған мол дүниенің шеті тағы көрінеді. Тек
мұндағы дүниенің алдыңғы қоймадағыдан айырмашылығы ауыздары
мықтап жабылған өңшең шыны банкалар еді. Əр түрлі жемістерден
қайнатқан мұраппалар ма-ау, сусындық сұйық қайнатпалар ма-ау, тұздалған
көкөністер ме-ау, санында қисап жоқ. Бір интернаттың баласы жабылып
жесе бір айда, əй, əрең тауысар-ау. Көбісінің бетін бір елі шаң басыпты.
Кемпір ине қарағандай əр ыдысқа сығалап, ұзақ үңіліп, ұзақ қыдырыстап
жүріп, ең төменгі сөреден екі литрлік бір банканы суырып алып, шаңын
сүртті. – Балақан, бұл таңқурайдың мұраппасы. Келіннің аяғы ауыр ғой,
жарықтық бұл өзі өте қасиетті жеміс, көп ауруға мың да бір ем... Е,
жетісегіз жыл қоймада тұрғанда сендерге бұйырған екен де... – Ол
шынымененақ, осы банканы текке беріп қоя беремін бе дегендей қолымен
салмақтап біраз тұрды. – Не дейсіз, жеті-сегіз жыл дедіңіз бе? – деппін өз
құлағыма өзім сенбегендей.
– Е, балақан, оның несіне таңданасың? Анау ең жоғарғы сөредегілер
шалдың бар кезінде даярланған. Ал шалдың көз жұмғанына міне биыл он
жеті жыл болды. – Бұлар бұзылып кетпей ме? – деймін, жеті-сегіз жыл
бойы менің жеуімді сарғая күтіп тұрған мұраппаға күдіктене қарап. –
Балақан, кім қалай даярлай алады бұл шіркінді?! Бес күнде жеуге жарамай
бұзылатын ғып та, жүз жыл тұрса да балдай тəтті қалпынан өзгермейтіндей
ғып та əзірлеуге болады. Бəрі де даярлаған адамына байланысты. Дегенмен,
мен жерасты үйінен шыққанда жаңағы үрейді ұмытып, қуанышты едім.
Аяғы ауыр Бағила жеті-сегіз жыл сақталған мұраппаны жеп, денсаулығын
нығайта түссін дегендіктен емес, бір шатыр астындағы екі əулеттің
арасындағы ауа райының ойда жоқта суынып, одан күрт жылынғаны үшін
қуанышты едім.
– Апыр-ай, мынау шынында неше жыл сақталса да, банкаға бір апта бұрын
ғана салғандай екен, – дейді Бағила. Мен апамыздың байлығы туралы
тамсана əңгімелеп отырғанда үйге Тася апайдың өзі кірді. Біз əдеттегідей:
«Отырыңыз, бізбен бірге тамақтаныңыз» деп жалпылдағанмен, ол
əдеттегідей үзілді-кесілді бас тартты. Ол кісіні дастарқанымыздың шетіне
отырғызамыз деген бұрынсоңды талабымыз көбіне мақұлданбайтындықтан
бұл жолы көп қинамадық. Ол əуелі бүгінгі тосын сыйының бізге ұнаған,
ұнамағанын сұрады. Əрине, біз дəл мұндай дəмді мұраппаны бұл
жасымызға дейін жеп көрмегенімізді дереу мойындадық. Сонан кейін
апамыз бақшасының кең екенін, оған шыққан жеміс-жидекті жалғызілікті
болса да тырбанып жүріп жинап алып, кəдеге асыратынын, сонымен ептепсептеп біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей күн көріп жатқанын, бірақ
жеміс күйінде болмаса, жемістен əзірленген кей тағамды базарға сатқызбай
қойғаннан бері көптеген мұраппасын өткізе алмай, əншейін діңкесінің
құрып отырғанын – бəр-бəрін майдалап отырып, айтып шықты. «Сонда бұл
кісінің қандай өтініші болмақшы» деп мен отырмын. Ақыры ол сөздің де
шеті шықты.
– Балақандар, кеңселеріңде қарақаттың, таңқурайдың мұраппасын алғысы
келгендер болса, айтсаңдаршы. Мен қымбат сұрамаймын. Жемісімді өсіріп,
жинауға кеткен еңбегім ақталса болды. Əрине, біз жұрттың бəріне ертең-ақ
айтпақ болып уəде бердік, тіпті өзіміз де əр түрінен бірнеше банкасын
сатып алатынымызды мəлімдеп, ол кісіні əбден қуандырдық. Уəдемізде
тұрып, ертеңіне-ақ үш-төрт түрлі жеміс мұраппасы дастарқанымыздың əрін
келтірсе, Бағиланың дос-жар келіншектері де келіп, көтеріп кетіп жатты.
Мен редакциядағы қызжігіттерге хабарлап, оларға да таси тастадым. Бұл,
əрине, өзім үшін тым оңтайлы шаруа болмады. Күн құрғатпай тасымалдай
беру аз күнде-ақ қажыта бастаған. Алайда апайымыздың мұрап па,
қайнатпалары үшін алатын ақшасын санап тұрып, рахаттанатынын көру де
мен үшін қуаныш еді. Бекер обалы қане, Тася апайымыздың таң қаларлық
дүниеқорлық мінезі болмаса, аз уақыт үйінде тұрғанда іргесі құтсыз болды
дей алмас едік. Мұратымыздың орнын басқан Құралайымыз сол
шаңырақтың төлі болып, ортамызға қосылды. Сол босағадан өзіміз де «Өз
үйім, өлең төсегім» дейтіндей бір баспананың иесі атанып шықтық.
Апамызға кей күні ұнап, кей күні жақпай жүрсек те, оның да жақсы
қасиеттерін танып, өзімше бағалайтынмын. Жетпісіңізге тақап отырса да,
мейлінше еңбекшілдігі мен тынымсыздығы таңғалдыратын. Ауласындағы
бау-бағын мəпелеп күткенде бар ғой, ондай жансебіл адамды көрген емен.
Кешке дейін қыбырлап бауын күтеді, əредігінде іргедегі базарға бір
қатынап, жеңіл-желпі бұйымдарын өткізіп келе қояды. Одан іңірде жіп
иіріп, бірдеңесін тоқитын.
– Тася апай, бір уақыт дем алмайсыз ба? – дейтінмін кейде оған жаным
ашып.
– Е, балақаным-ай, адам өлгенде ғана дем алады. Тіршіліктің өзі – қарекет
емес пе. Өзің қыбырламасаң кім келіп, аузыңа асын тосар дейсің? Біздікі
сомды сомға емес, тиынды-тиынға жамағандай тіршілік қой, – деп уəж
айтар еді. Апамыздың тағы да жақсы қасиеттерін еске алсам, оның
ешқашан жалған сөйлемейтінін, пікірін бүкпей ашық айтатынын, жалпы
бір беткей мінезін айтар едім. Осындай адамгершілік, жақсы қасиеттердің
біразын бір басына жинай білген жан неліктен соншалықты дүниеқор
болды екен? Бұл сауалға өзі де жауап бере алмас еді. Ал егер де оның өмір
жолдарының кей беттеріне үңілер болсақ, мүмкін, осы сауалдың жауабы да
табылар.
ТАСЯ АПАЙ АЙТҚАН
Бақытты балалығының, қызығы таусылмас жастық шағының куəсі болған
ақ Нева, əсем Нева мынау қатал уақытпен бірге қатыбас болып кеткен бе
немене? Бұрынғыдай ақ жон толқындары мəрмəр жағалауды өбіп, күн
шуағымен көз қысысып ойнамайды. Ауыр ой жаныштаған адам сияқты
тереңнен толғап, шымыр-шымыр үнсіз ағады. Бұрындары сүйірленіп
барып, түу-у биікке қол созар көп шіркеулердің алтын айдарлы айқыштары
да бүкіл қала сұлулығын əрлей түскендей əсем көрінер еді, қазір ол да
күңгірт тартқан. Жау самолеттерінің қала үйлеріне шүйлігіп, тым тақау
келуіне кедергі жасап тұрған алып аэростаттардың киттің қарнындай
шермиген бауырлары көлбеңдеп, жиі қарауытады. Қанатсыз самұрық
сияқты алып бір мақұлықтар аспаннан салақтап, түсіп келе жатқандай əсер
береді. Бақытты балалық шағын, одан кейін қызығы таусылмас қайран
жастық шағын өткізген ару қыздай əсем қала бүгінде қайырымсыз жаудың
күндіз-түні бір тынбай сілтеген шоқпарынан əбден қажыған, сөйте тұра
жанына, тəніне түскен жарақатына қарамай, өліспей беріспес қас батырлық
күйін танытады. Əйел тағы да өзіне жəне екі баласына берілген екі
тəуліктік азығын – асықтай-асықтай бірнеше түйір қара нанды тұп-тура
жүрегінің тұсына қыса ұстаған күйі келе жатқан. Шіркін, тұщы өмірдің бар
тірегі де, бар алтын қайнары да осы бірер түйір нанға кеп тірелерін бұрынсоңды ойлап па бұл жазған. Ойламаған. Тек қана адамның уақытында
тамақ ішпесе, қарны ашатынын, ал бірнеше күн бойы тамақтанбаса,
ашығатынын көмескі ғана болжайтын. Тіпті, ондай дүниені есіне алып
көрмеген сияқты. Өйткені қарны ашып көрсе де, ашығып көрмеген.
Жегенге – тоқ, ішкенге – мəз, мұңсыз-қамсыз сол бір күндер енді ойласа
біржола, қайыра мойнын бұрмастай өте бергендей. Аяқтың астында бір
жапырақ нан жатса, көтеріп көрді ме екен сол кезде. Ерінетін. Аяқ астында
жатқан бір кесек тасқа қалай қараса, оған да солай немкетті бейжай қарар
еді. Оны қойғанда өзінің де түн асқан тағамдар мен сəл тобарсыған нанды
кəдеге асырмай қоқыс салатын ыдысқа атып ұрған кездері аз болмапты.
Кесірлік екен, соның бəрі, əрине, ол кезде «кепиет» дегенді естіп те
көрмепті. Дəл осылай өзек жалғар бір үзім нанға зар боларын білсе, өйтер
ме еді. Ес білгеннен жоқшылықтың зардабын тартып көрмепті. Рас, тым
жасырақ кезінде қала шетіндегі жұпыны барақтардың бірінде тұратындары,
əке-шешелерінің таң бозынан жұмыстарына кетіп, ымырт үйіріле шаршапшалдығып келетіндері, бірақ сол кездің өзінде де тоя тамақ жемегенмен,
ашығып көрмегені есінде. Адам жанына қажетті дүниелердің қайсысы жоқ
болса, естен сол кетпейді ғой. Тіпті нені ойласа да, бүкіл ақыл-есі қалай да
тамақ мəселесіне қарай ойыса береді. Сол бір шақтағы өздері қадірқасиетін біле бермеген мол дүние көзден бір-бір ұшса да, көңіл шіркіннен
кетпейді-ақ. Сол бір алаңсыз жылдардың қандай бір оқиғасын есіне алса
да, соны, сондағы дастарқан, тағам түрлері көз алдына келер еді. Тіпті
алдындағы тамағын ішпей қисаңдайтын бұл жазғанға шешесінің: «Сен
əдемі қыз болып өсу үшін тамақты жақсылап жеуің керек» деп азғыратын
сəттері көңіл түкпірінен өкініш болып өрекпитін... Ұлы төңкерістен соң
біраз жылдардан кейін бұлар да əсем қала орталығындағы заңғар үйлердің
бірінің заңды тұрғыны болып, тұрмыстарын біршама жөндеп алған.
Зауыттың бірінде сирек мамандықтың иесі болған əкесіне үйренуші шəкірт
болып орналасқан Валентин дейтін жігіт бұлардың үйіне келгіштеп жүріп,
ақыры əке-шешелерінен рұқсат алып, екеуі жеке үй болып шыққанда да
молшылық болмағанмен, ішіпжемнен тарығып көрмепті. Өтті-кетті тəтті
ғұмыр осынша асығыс болар ма? Ес жинап, айналаға асықпай қарап, тіпті
тіршіліктің рақатты сəттерін танып, оларды тұшынып үлгіргенше,
өкіндіріп, қапы қалдырып үлгеріпті... Аш адамның бар арманы, бар тілегі
де қу өзекті жалғар бір түйір астан ұзап шыға алмас осы бір шақта екі
баласына деген бірнеше түйір сыбаға нанды кеудесіне қыса ұстаған əйел
қазір де өткен ғұмырының небір молшылықты шақтарын, кезінде қадірқасиетін біле алмаған мол ішіпжемдерін есіне алып келе жатып: «Əттең,
дүние-ай, сол бір дəурен қайта айналып, тым болмаса, бір күнге келер
болса, нан қасиетін, ас қадірін бір сəтке де ұмытпаспын-ау! Бірақ ондай
атты күн қайда? Мынау темір құрсауға түскен қала елмен, үлкен жермен
қашан қайта қауышар?! Қауышар-ау, табысар-ау, бірақ жұдырықтай
балаларыммен жете алармын ба ол күнге?!» деп толғанады. Күзгі қара суық
өңменінен өтердей тым ызғарлы екен. Алыстан талып естілген
зеңбіректердің əредік-əредік гүрсілі болмаса, қала іші жым-жырт. Əйел бір
жақ бұрышын бомба қиратып кеткен көпірден өтіп, үйіне қарай төтелей
тартты. «Қазір үйге жетемін. Мені зарыға күтіп жатқан балақандарыма, қос
ботама нандарынан бір-бір үзім беремін. Дау жоқ, менің Валюшама ес кіріп
қалған. Бүгін таңертең өз сыбағасын түгел жемей, жарымын інісі Антонға
беруі – сол есейгендіктің белгісі. Шіркін, баяғыдай бейбіт күн болса,
Валюша биыл мектепке де барған болар еді. Ақ көбелек – ақ бантигі
жарасып, жүзі бал-бұл, өзі гүл-гүл жайнап, шəкірт атанар еді... Оқасы жоқ,
бірер жылда тұрған не бар, əлі-ақ, мектебіне де барар, бəрі де ұмыт болар.
Тек қана сол күнге өз жанымды құрбан етсем де, осы екеуі аман жетсе
екен... Ал ақымақ Антошка əлі мүлде сəби ғой, мен сол екеуінен барымды
аяп отырғандай: «Мама, мама деймін, нан жеймін» деп жанды қинайды.
Мейлі ғой, қос құлыным аман болса, барлық қиындық ұмытылар». Ол өз
көңілін өзі демеп, əлсіреген тəніне жігер бергендей қарсы соққан өкпек
желге де қарамай, үйіне қарай адымдай ұмтылды. Соғыстың алғаш
басталған бетінде ғой, майдандағы күйеуі Валентиннен қаралы хабардың
келетіні. Онда дəл қазіргідей таршылық заман да жоқ. Үш-төрт тəулік
басы-көзі көнектей болып ісіп, жылап-еңіреп, соңынан бірге өлердей
болған. Екі бірдей баласын, солардың болашағын ойлап, тəубесіне
келгендей еді. Енді міне, жазған ана жан жарының мəңгілік оралмасына
біржола көндігіп, ол аз болса екі баласы үшін өз жанын құрбан етуге бар.
Бүгін ойлап отырса, «көппен көрген ұлы той» қан майданда шеһит болған
күйеуін жоқтап, сонша егілуі де бас түгелдігіне үйренген жанның күпірлігі
сияқты. Үйіне қарай төтелей тартып келе жатқан əйел қарсы алдынан
алынбас қамал шыққандай кілт тоқтай қалды. Түрі де, бойы да, жас
мөлшері де тура өзінің Антонынан айнымаған бір бала жол шетінде тұр.
Алақанын жайып, əлдене сұрайды. «Не сұрасын бұл шіркіндер, дау жоқ,
нан сұрап тұр ғой!» Осы бір ой келген сəтте ол сəбидің жүзіне қарамай,
өтіп кетпек болды. «Өз балаларымның несібесін ауыздарынан жырып саған
бергенде не мархадам табармын?! Онан да сенің аянышты жүзіңе
қарамаған күйі-ақ өз жөніме кетейін». Əйел осылай ойлап, баланың
қасынан бір қырындап өте бергенде жаңағы сəбидің мұны жанарымен тесе
қарап тұрғанын түйсінді. – Мама! Ол естімеген болып, ілгері жүре берген.
«Апыр-ай, үні де Антонның үнінен аумайды екен».
– Мама! – Əйел кілт тоқтай қалды. Дəл осы үн иесінің өз баласы екеніне
күмəнсіз сенген. Қойнына тыққан екі-үш түйір нанды тірі жанға сездірмей
өз балаларыма жеткізсем деп келе жатып, өз баласын танымай қала
жаздапты. Əйелдің өзінің де аштықтан дəрмені құрып, əлі бітсе керек, көз
алды тұманданып, өз ұлын əрең таныды.
– Сыртқа неғып шығып кеттің? – Ол ұлына қатқылдау үн қатқан. – «Біреуді
біреу біліп болмайтын мынау аласапыранда үйден адасып кетсе қайтеді?»
деген үрейлі ой шошытқан. Ұлы суықтан қып-қызыл болып домбығып
кеткен мұрнын тартып қойып, ақтала сөйледі: – Қорықтым. – Қорыққаның
не? Валя үйде емес пе? – Валя тұрмай қойды орнынан... Не сөйлемейді.
Баланың мына сөзі көңілге үрей туғызардай. Қызының таңертең берген бір
үзім нанның жартысын ғана толғағанынан өзі де секем алғандай еді. Бірақ
өзінен гөрі бауырына жаны ашығандықтан түгел жемеген болар деп
ойлаған. Ол бір қолымен нанын кеудесіне қысып, екіншісімен ұлын
жетелеген күйі көшенің арғы бетіндегі үйіне қарай құстай ұшты. Күндіз
қаланы жаудан қорғаушы еріктілердің командирінен үйге барып қайтуға
рұқсат сұрауға екі-үш рет оқталса да батпаған еді. Не болса да үйіне
ертерек қайтпағанына өкініп келеді. Есік жабылмаған, ашық қалыпты. Бір
кезде, базары тарқамаған тұста өз қызығы өзіне жетіп жатқан ақарлышақарлы құт мекенінен енді бір суық та үрейлі ызғар есетіндей.
– Валяжан, құлыным! Үн жоқ. Əйел сырт киімін шешуге шамасы келмей
төргі бөлмеге қарай жан ұшыра ұмтылды. Қызы таң алаң-елеңде өзі
кеткендегідей төсегінде жатыр. Еті қашып, тері-тарамысына ілінген шидей
жіңішке қолы көрпенің сыртына шығып қалыпты. Бетін бүркеп алған. Ана
бірден көрпені серпіп тастап, қызының үстіне құлады. Ешқандай үн
болмады. Бетінен, көзінен аймалады. Ешқандай қимылы байқалмады.
Мұздай суық, ернін қарырдай, мəйітке тəн суықтық. Ана ұзақ жылады.
Күндіз-түні осы екеуінің өмірін құтқара көр деп жалынған жаратушыдан,
жебеушіден де еш көмектің болмағанын, егер, егер тым болмағанда бір
бөлке нан болса, нəрестені ажалдан соның құтқарарын түсінді. Əйел түннің
бір уағына дейін ендігі өзінің жалғыз алданышы, жалғыз сүйеніші болып
қалған ұлын бауырына басып, ұзақ өксіді. Күні бойғы ауыр жұмыс, оның
үстіне əлді құртып бара жатқан аштық оны да əбден діңкелетіп, тыныштық
құшағына жетелеп бара жатыр еді. «Мен ұлымды тамақтандыруым керек,
əйтпесе одан да айырыламын...» Осы ой оралуы мұң, ол ұлын қозғап оятты.
Танауы пысылдап, бала ұйықтап қалыпты. Жуырмаңда оянар болмады.
«Ұлым-ай, құлыным-ай, тұршы қане, нан жейікші. Мен саған нан
əкелдім...» деп сыбырлады ұлының құлағына. «Нан... нан» деп қайталады
ұлы. «Берші, наныңнан, қарным ашты...» Ұлы ұйқылы көзімен ет-женсіз
алақанын жая орнынан тұрған. Бір қуыста шырағдан шамның түбірі
жатушы еді, соны тауып əкеліп, жарық жақты. Шөлмек түбіндегі қалған
керосинді керогазға құйып, азғана су қайнатты. Сөйтті де балалары мен
өзіне берілген нанның бір түйірін суға салып, көжеге ұқсас тамақ жасады.
Ондағы ойы ұлының бойын жылыту болатын. Шындығында таң сəріде
жеген түймедей наннан басқа нəр сызбаған бала ішінде өзек жалғары бар
суды сүйсіне ішті. Тек əйелдің ішкі сарайы қанша ас тілеп тұрса да, нан
көжеден екі-үш қасықтан ары ұрттай алмады. «Күні бүгін ғана о дүниелік
болып кеткен Валяның сыбағасы да бар-ау» деген ой мұны мұңға батыра
берген. «Құлыным сол, – деп күбірледі ол, – сен өзің мəңгі тыныш əлемге
бізден ерте кетіп, тіршілігіңдегі соңғы сыбағаңды ініңе қалдыру арқылы-ақ
туысқандық парызыңды өтеп барасың...» Ертеңінде əр-əр үйдегі осылай
шетінеген сəбилер мен қайтыс болған адамдарды жерлеушілермен бірге
Валяны бауырластар зиратында жатқандардың құшағына мəңгі тапсырған
соң, ұлын жетелеген күйі есігі ашық қалған үйіне соқпастан қаланы
қорғаушылар шебіне қарай бірден тартқан... Қысқа қарсы «Өмір жолы»
атанған мұз үстіндегі жалғыз аяқ соқпақ арқылы жеткізілген аз ғана азықтүлік көп өмірдің үзілмеуіне себепші болды. Жалғыз ұлдың да су ішерлігі
бар екен, бəріне төзіп, аман қалды. Нева жағасындағы алып қаланы
құрсаулаған аждаһа бел ортасынан кесілген кезде ол шешесімен бірге
тойып тамақ ішер сəтке де жеткен еді. Нева жағасындағы əсем қала адамзат
тарихында болып көрмеген алапат қоршаудан азат болысымен, бұлар да өз
үйлеріне оралып, бейбіт тіршілікке ұқсас көптен күткен тəтті ғұмыр бастап
еді. Рас, əйел бұрынғыдай таңның атысынан күннің батысына дейін тыным
таппай зауытта жұмыс істейтін. Рас, бұрынғыдай жалғыз ұл қаршадай
болып, үй бағып қалатын. Бірақ олар бақытты еді. Шегінген жаудың
біржола жеңілеріне қалтқысыз сенген кез. Содан кейін азық-түліктің ас татөк болмаса да айтарлықтай молаюы ең үлкен ауыртпалық, ашаршылық
дертінің бетін қайтаруы – барша қала тұрғындарының ең үлкен бақыты еді.
Асыға күткен жеңіс те келді. Барша жұрт айнала ағайынтуысқандарынан
жоғалтқан құрбандары сонша көп болса да, тірі қалған бірлі-жарымына
шүкіршілік дескендей. Əйел елмен бірге қуанып, қасында қалған жалғыз
алданышы бес жасар ұлының болғанына жұбанған. Сол күндердің бірінде
татар дəм жетеледі ме, əйтеуір, кейінгі қосағымен танысып, қиырдағы
Алматы қаласына жол тартқан. Сол күнге дейінгі өмірінің ащы-тұщы
сəттеріне толы үлкен бөлігін өткізген туған қаласы – Нева жағасындағы
алып шаһармен солай хош-хош айтысқан. Өткен өмірінің өкініштері
соншама көп болғанымен, болашағынан күтер үміті одан да үлкен болды
ма, артына көп қарайламай, өкінішсіз аттанған. Жаңа жерде де жаман
болған жоқ. Майдан даласына бір аяғын қалдырып қайтқан қосағы ауыр
жұмысқа жарамаған соң, отын базына қала жұртына сексеуіл, ағаш тасып
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Біз Қалада Тұрамыз - 18
  • Части
  • Біз Қалада Тұрамыз - 01
    Общее количество слов 3817
    Общее количество уникальных слов составляет 2253
    31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 02
    Общее количество слов 3795
    Общее количество уникальных слов составляет 2282
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 03
    Общее количество слов 3989
    Общее количество уникальных слов составляет 2304
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 04
    Общее количество слов 3931
    Общее количество уникальных слов составляет 2280
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 05
    Общее количество слов 3939
    Общее количество уникальных слов составляет 2224
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 06
    Общее количество слов 4046
    Общее количество уникальных слов составляет 2175
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 07
    Общее количество слов 3951
    Общее количество уникальных слов составляет 2210
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 08
    Общее количество слов 3982
    Общее количество уникальных слов составляет 2134
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 09
    Общее количество слов 3954
    Общее количество уникальных слов составляет 2275
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 10
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    33.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 11
    Общее количество слов 3995
    Общее количество уникальных слов составляет 2226
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 12
    Общее количество слов 3953
    Общее количество уникальных слов составляет 2253
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 13
    Общее количество слов 3915
    Общее количество уникальных слов составляет 2239
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 14
    Общее количество слов 4111
    Общее количество уникальных слов составляет 2201
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 15
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2257
    35.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 16
    Общее количество слов 3916
    Общее количество уникальных слов составляет 2284
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 17
    Общее количество слов 4011
    Общее количество уникальных слов составляет 2297
    32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 18
    Общее количество слов 3414
    Общее количество уникальных слов составляет 2029
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов