Latin Common Turkic

Біз Қалада Тұрамыз - 08

Общее количество слов 3982
Общее количество уникальных слов составляет 2134
32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
55.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
керек боп тұрғаны. «Төрт қолмен ойнаған жақсы», – деп Хайролла
Сартаевичтің көнбей отырғаны. Қане, тез киін!
– Қайдағы «төртінші қолды» айтасыз? – деймін түкке түсінбей. – Оу,
сызбайсың ба деймін? Картаны, преферансты айтамын. «Жігітке жеті өнер
де аз» дегендей, осы бір ойыннан да аздап сауат ашып қойғанмын,
артықтығы болмас деген оймен өзіміздің дəм-тұздас қулар бас қоса қалған
кезде «Қойшы болған заманымда карта ойындарының біразын меңгердік
қой» деп шіренетін Ақантайдан «тіл сындырып, сауат ашып» жүретініміз
болушы еді. Жаңа үйреніп жүрген соң ба, əлде қалтарысбұлтарыс,
қитұрқысы көп қызық ойын болған соң ба, əйтеуір, осы бір «сызу» өнеріне
құмартып жүргенім де рас еді. Тұрар ағамыздың: «Төртінші қол боласың»
дегенін бірден ұға алмасам да, «Оу, сызбайсың ба?» деген преферанстың
өзіне тəн терминін түсіне кеттім. «Жарайды» дей жаздап, бұлардың ұтсаң
«қолың кетпесін» деп жиырма тиын беріп, ұтылсаң жиырма тиын алып
жүре беретін өз Ақантай, Қартбай, Серікжан, Оралбектерім емес, мүлде
бейтаныс жандар екенін жəне құдайы көршім Тұрардың мені құрметтеп
емес, «тек Хайролла Сартаевичтің төрт қолмен ойнағысы келгендігінен
ғана» амалсыз шақырып отырғанын миымда қорытып үлгергендіктен, о
бастағы ұшқалақ шешімнен сыпайы түрде ғана бас тартуға тура келді. –
Жоқ, көрші, онша біліңкіремеуші едім.
– Өзімді де төбеден бір қоятын кісі жоқ. «Онша-сонша» деп, күлбілтелеп
нем бар еді? «Білмеймін» десем, тонымды сыпырып алмас еді ғой. – Өй,
төрт адам ойнағанда білмейтін бір адамға өте оңай. «Бос қол» көмектесіп
отырады. Жүр, киін!
– Бұдан кейін қарсыласу, əрине, білімсіздік болар еді. Көк арбасында
ұйқысын соғып жатқан Құралайды да көршіміздің үйіне ала келіп, көп
бөлмелердің біріне жатқызып қойдық. Қонақ бөлмедегі биік-биік қос
креслоға белуарларынан батып отырған қос қонақ болашақ қарсыластары
немесе «төртінші қол» маған сынай қарасады. Журнал үстелінің үстінде
сызулы қағаз, су жаңа карта, несін айтасың, əншейін келсең кел деп
əлекедей жаланып даяр отыр. Алты-жеті кісіге ғана емес, кемі жиырма
қонаққа даярланғандай ат шаптырым, ұзын, бірақ үстінде сықай толтырған
түрлі тағамдардан ине шаншар саңылау жоқ үстелдің бел ортасына таман
үш əйел үлкендігі кісінің басындай аққұманды ортаға алыпты. Бағила ас
бөлмеде жүрсе керек, көрінбейді. – Ас-салау-мағалей-кум! Орталарыңыз
толсын! – деп, жарқын есендесіп, жандарына келдім.
– Кел, айналайын, отыра қал. – Кең-мол пішілген дененің жерге басар тұсы
үлкен креслоны аузы-мұрнынан шығара толтырған шойқараның сөз
нəшіне, маңғаз қозғалысына қарап, шамасы «төртінші қолсыз» ойнамайтын
Хайролла Сартаевич осы болар деп мөлшерледім. Екінші креслода отырған
шұнаң қаққан тəпелтек сары өзінің өте қағілездігін əрі кішіпейілділігін
көрсетіп, лып етіп орнынан тұрды да, қолын ұсынды.
– Жайнақ Қайрақбаевич Қайрақбаев. – Мұндайды күтпедім бе, сасқалақтап,
есімімді ұмытып қалған адамдай кібіртіктеп əрең атадым. – Қуаныш
Серібаевпын, Тұрекеңнің көршісі... – Шойқараға да қолымды беру керек
пе, жоқ па деп ойланып тұрғанымда, қиын сəттен Тұрар көршім құтқарды.
– Бұл кісі Хайролла Сартаевич деген ағаң болады.
– Сонан кейін ғана ағамыз етшең қолын сүлесоқ ұстата салды. Тершіген
алақаны сұп-суық екен. Əрі түбіт биялай кигендей жұп-жұмсақ, былқ ете
қалды. – Ал бұл інішек, – деді Тұрекең мені сұқ саусағымен нұсқап. –
Біздің көршіміз. Жаңа өздеріңізбен таныстырған Бағила дейтін
келіндеріңіздің жолдасы... Журнал шығарады. – Жастар газетінде істеймін,
– дедім, елеусіз ғана ағамыздың қателігін түзеп. Шамасы «журналист»
дегеннің бəрін де журнал шығарушылар деп ойласа керек. Сонан соң маған
ол кісілердің қызметтері жөнінде ақпар берді. Шамалауымша, «Хайролла
Сартаевич ғылымның, медицина ғылымының ірі тұлғасы, əрі үлкен бір
емхананың білдей бас дəрігері екен. Яғни, Тұрар ағамыздың тікелей
бастығы болар» деген сұңғыла шешімге келіп үлгірдім. Көрші ағамыздың
«Керек кісілер» дегеніне жіп таға алмадым. «Бас ауырып, балтырымыз
сыздай қалса, бас дəрігерсіз-ақ емхананың басқа дəрігерлері жетпей ме? Ол
үшін Хайролла Сартаевичке барып, көмек сұраудың не қажеті бар?» Екінші
тəпелтек сары қаладағы ірі сауда мекемелерінің ағаш-сұғаш жағын
билейтін ірі басшыларының бірі екен. «Яғни мынау бөлмелердегі «шетте»
жасалған көп жиһаздардың алынуына тікелей жəрдемдескен кісі болды
ғой» деп зерделедім. «Керек кісілер... » Тағы да түсініксіз. Біз де үйге ағашсұғаш аламыз деп талпынсақ, көздің жауын алған дүниелер магазиннен
табылмай ма? Ол үшін ірі басшыға барудың қажеті қанша? Адам біреумен
танысқанда болашақ тіршілігімізге қажеті бар ма, əлде жоқ па деген
есеппен таныспайсың ғой. Бұл екі ағамыздың да мен үшін «керек кісілер»
емес екендігін мойындай тұрсам да, кішіпейілділік ілтипатын көрсетіп,
басымды изедім.
– Ал, қане, мен тұз ашып жіберейін, қолымыз толық қой, – деп Жайнақ
Қайрақбаевич су жаңа картаны көз ілеспес жылдамдықпен сапыра бастады.
Карта тартысына қарап, соның арнайы курсын бітірген бе дерсің. Тұрар
ағамыз əлдене есіне түскендей орнынан лып етіп көтеріліп мол қазынадан
қайысып тұрған үстелдің жанына барып, құмырсқа бел үш рюмкаға өзінің:
«Анау мұртты кісі сүйіп ішетін» деген сарала пагонды шөлмектен құйды
да, менің бетіме қарады: – Қайсысынан, інім? – деді. – Үйренген ақ жақсы
ғой. Туғалы ақтан басқасын ішін көрмеп едім. Тым қара жаяу адам емес
екенімді сездіріп, қитыға сөйлеген түрім. Бір жақсысы оған ешқайсысы мəн
берген жоқ. Менің рюмкеме басталмаған ақтың шөлмегі ашылып құйылды.
«Бір кезде байи қалсам, мен де бес жұлдызды «армянскиге» үйір болар ма
екенмін» деп ойладым. – Таныстығымыз үшін деп тартып жіберейік. Біз
таныстық үшін деп тартып жіберіп, сарала қазыдан шайнадық. Сонан соң
ғана үй иесі қаламын оқтап, сызулы даяр тұрған беттің ортасына дөңгелетіп
шеңбер салды да, бас қонақтың бетіне қарады. – Қалай, Хайролла
Сартаевич, жүз жиырма «при бомбамен» «нөл-беске» пəтуаласамыз ба?
«Өздерің біліңдер, маған бəрібір» дегендей, бас қонақ өз ризашылығының
мезіретін жасады. Карта үлестірудің кезегін анықтайтын тұз өзіне шыққан
Жайнақ Қайрақбаевич сол зыпылдатқан күйі отыз екі қағазды бөліп үлгірді.
– «Нөл-бес» тым көптеу болар, жаңа үйреніп жүр едім... Оның үстіне...
ақшам да аздау, – деп міңгірледім. Бүгінгі ыдыс-аяқтың саудасынан қалған
Бағиланың қазынасының тең жарымын – отыз сомды ала келгенмін. Сол
ақшаны көршімнің көңілі үшін қиғаныммен, «нөл-бес» тиынға келіссем
ұтылған жағдайда, қаржымның төтеп бере алмасын сезіп отырмын. – Екі
тиын да жетер еді. – Пəлі, журналистерде ақша көп болмаушы ма еді? –
Жайнақ ағамыз «Осындай да ойын бола ма екен? Енді не болдық?»
дегендей дағдарды. «Қайдағы қалтасы тесік жалаңаяқты қайдан тауып
келіп жүрсің?» дегендей, Хайрекең Тұрар ағамызға сұраулы жүзбен назар
аударды. – Е, сіздердей ағасымен ойнап үйренсін де! Жас емес пе əлі.
Жарайды, бір жолы ойнап көрейік. Реті келмесе көре жатармыз. – Үй иесі
бас қонақтың алдында ақтала сөйлеп, қалған уағызын маған бағыштады. –
Қуаныш шырағым, қорқа берме, үйренесің, үйретеміз. Ал ақшаң жетпей
қалса, біз де елміз ғой, мен берейін қарызға. Бас қонақ төрелігін айтып, аз
ғана келіспеушілікті доғарып, ойынның ортасындағы «05» деген цифрды
«03-ке» өз қолымен жөндеді. Əрине, бұдан əрі қарай наразылық білдірсем,
оным өте тəрбиесіздік, əрі ұсақтық болар еді. Он картамды рет-ретімен
сұрыптап қарасам, екі түрінен өңшең қыпқызыл тұз, корольдер бастаған
ығай мен сығайлары сықап тұр екен. Өңшең сурет көзіме оттай басылып,
жүрегім қуаныштан дір ете қалды. «А, құдай, мықтыларға таба қыла
көрме!» Бас қонақ қалыс қалды да, көршім: «Біреу» деді. Мен де ойланбай
«Екеу» дедім. Қанша білімсіз болсам да, мұндай картамен таңертеңнен
кешке дейін шабуға болатынын білетінмін. Сол кезде карта таратып, бос
отырған Жайнақ ағамыз көмекке ұмтылып, қолыма үңілген. Үңілді де: «О,
– деді қағаздардың сүбелі шыққанына сүйсініп кетіп: – Тұреке, босқа
дауласпай осы ініңізге жол бересіз-ау деймін, «Жетінің төрті», – деді мен
үшін жауап беріп. – «Жетінің төрті» менде отыр, – дейді көршім де
қолында карта емес, мол қазынаның кілті отырғандай. «Ендігім қалай
болар екен?» дегендей сəл ойланып қалып едім, Жəкең үй иесінің үмітін
мүлде өшірді. – Əйтпесе, бұл жігіт «сегіздің төрті» дейді. – Онда алсын, –
деді Тұрар ағамыз. «Жерден» тағы бір «түйенің солдаты» шығып еді,
Жайнақ Қайрақбаевич тіпті жайнап сала берді. – Бұл жігіт «тоғыз түйе» деп
заказ береді. – Мен жымыңдадым. – О, інішек, бірінші ойыннан тоғызбен
бастау кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. «Пас» деді бас қонақ
менің ойынды «тоғыз алыстан» бастағаныма шын сүйсінгендей. – Менің де
батылым бармайды. – Үй иесі де қол көтерді. Қайсысы таратса да көбіне
менің қолым басым шыға берді. Тіпті үшеуі де көбіне ойын
білмейтіндердің «қолының шыққыш келетінін» мойындай бастады. Ойын
ережесі бойынша «тоғыз, он» алыстар мен «мизер» атап өтіледі екен.
Хайролла Сартаевичтің бір «мизері» мен менің екі «тоғызымның»
құрметіне жүз грамдатып, басытқыға біздің үйде, эмальды кастрюльде
пісіріліп, салқындатылған қазы-қартадан, тісіңе басқан кезде аузыңа майын
шашыратып жіберер кіртілдек жалдан жедік. Қалқайып, менің де салиқалы
басшы адамдармен тізе тиістіре карта ойнап отырған өнеріме Бағила та мəз
сияқты. Анда-санда жылы жымиып, қарап қояды. Өзі тіпті осы үйдің туған
келіні сияқты балдай батып, судай сіңіп дегендей, ас үй мен екі ортада
зырлап жүр. Керісінше, ақ жеңешем келін жұмсап қолы ұзарған қас
бəйбішедей: «Наныңды жұмыртқа қосып жая ғой, шайыңды ысытып əкеле
ғой» деген сияқты келте тапсырмалармен ғана шектеліп, орнынан қозғалар
емес. Бір сағатқа созылған, ет даяр болардың алдында ғана мəреге жеткен
бірінші ойынның нəтижесінде бақандай алпыс үш сом ұтып шығыппын. –
Міне, саған керек болса, ойын білмейтін кісі! – деді көбірек ұтылған
Жайнақ ағамыз қалтасынан əмиянын суырып жатып. Бір ғажабы, елу бес
сом емес, елу бес тиын ұтылғандай ренжу, өкіну деген жоқ, қарызға алған
ақшасын қайтарғандай жайнаң қағады. – Келін-ау, мына інімізге не беріп
күшейтіп қойғансың, бəрімізді қырып барады, – дейді көршіміз де ұтылған
жиырма бес сомын ортаға тастап жатып. Бұл сабаздың да қыңқ дейтін түрі
көрінбейді, қайта Бағилаға əзіл айтып, мені мақтап қояды. Еркектер
жағында ел көшіп жатса да, ақ жеңешем бастаған қос қонақ келіншектің
бізге назар аударар шамалары жоқ. Əрегідік естіп қалған сөздерінің реңіне
қарағанда, осы қалада тұратын біраз əйелдердің «сорларын қайнатып»
үлгірді. Біреулерінің парықсыз киінетіні іреліп, біреуінің дүниені сəнімен,
мəнімен жинамайтыны мінелді. Енді біреуінің күйеуінің арқасында
шолжаңдағаны болмаса, бұлардың қолдарына су құя алмайтын тексіздігі
қолма-қол дəлелденді.
– Бұл ініміздің алғашқы ұтысын «атап өту» керек, – деді Хайролла
Сартаевич ортада жатқан ақшадағы өз үлесін теріп алып жатып. Мен
«жуып» жіберуге қарсы болғаным жоқ, бірақ он шақты күн жұмыс істеп
əрең табуға болатын ақшаны жан қалтаға басып алуға жүзім шыдамады.
– Ағалар, мен ақшаны алмаймын. Алып көрген дүнием емес еді.
Үйреткендеріңізге рақмет. Енді ойнамай-ақ, сіздердің «мизерлеріңізге»
рюмкаларды даярлап қана отырайыншы, – деймін сол алпыс үш сомын
пайда қылмай-ақ, одан əлдеқайда ыстығырақ, əлдеқайда қымбаттырақ өз
отыз сомымның есен-аман қалғанына қуанып. – Қой, көрші, «Атаңның
құнын кешсең де, картаның пұлын кешпе» деген! Ұтқаныңды алмағаның
бізді сыйламағаның. Жассың ғой əлі. Алып та, алдырып та үйренерсің.
– Көршім алпыс үш сомды алдыма қарай ысырып қойды. Əрине,
«ойнамаймын да ойнамаймын» деп безеріп отыру мұндай салиқалы
адамдардың алдында ұят болған болар еді. Амалсыз еттен кейінгі екінші
ойынға тағы кірісуге тура келді. Байқаймын, өзімнің де көмейім бос,
шіркін, тағы да ұтып кетсем деген бір өлеусіреген дəме де жоқ емес. «Егер
осы ойында тағы бір отыз үш... жо-жоқ, тіпті жетпіс, сексен... жүз сом ұтып
кетіп, оны алуға əлі батылым бармай отырған мына алпыс үшке қосып,
бұлар қалтама зорлап салып берсе, онда қайтер едім? Бағила не дер еді?
«Бұйырып тұрған дүние екен, терезеге перде алайық» дер ме еді, əлде тағы
ыдыс-аяққа жүгірер ме еді? Жоқ, мен бірден барып, жазу үстелін алар
едім...» Тəтті қиялды доғара тұрып, алдымда жатқан картаға үңілдім... Тағы
бір ет асым мөлшерінде екінші ойынның да төбесі көрініп қалған кез
болатын. Карта таратып болған үшеуінің əрқайсысы-ақ жедел маған
көмекке келіп, ақыл-кеңестерін береді. Тіпті, бірінші ұтысымнан бас
тартатын жөнім де бар екен, өйткені «қолыма картаның шыққыштығы» өз
алдына, еңбектің негізі осылардікі екен. «Жоқ, қалайда ақшаны алмауым
керек, оған менің хақым жоқ» деймін өзіме-өзім. Өйткені, екінші ойынды
да жұрттан бұрын бітіріп, Хайролла Сартаевичтің өзіне «американша
көмекті» бере бастағанмын. Екінші ойынның көні үш емес, бес тиыннан
екеніне де, қарсыластарымның маған қарағанда бұл өнердің «майын ішкен»
кісілер екенін де ұмытып, еркін көсіле бастағанмын. Бұл кезде осы үйдің
біраз шаруасын дөңгелетіп тастаған Бағила пен Құралай үйге барып,
ұйқыға кіріскен-ді. Қолыма зер сала қарасам, екі ойында Хайрекең бір,
Тұрар ағамыз бір рет ойнап тастаған «мизер» деген пəле қолыма келіп,
қонақтап отыр. Қауіпқатер дегенде көзге түсері – қаңғырған «қара
қарғаның жетім ондығы». Басқасында қылаудай мін болсыншы. Жүрегі
түскір алып ұшып, желкеме мінген бір əзəзіл: «Қолың жүріп тұр, басқадан
кемсің бе?!» деп дікілдесін.
Оның үстіне, «Сиырымды ұттырып жатырмын ба, əрі кетсе өзім əлі қалтаға
салмай үстел шетінде жатқан алпыс үш сомы кетер. Тəуекел!» деп ойладым
да:
– Мизер! – дедім, даусымды жарқын шығарып. – Бала, жүріс бізден, байқа!
– дейді Хайрекең. – Ойбай, Хайролла Сартаевич, ініміздің талабын
қайтармаңыз, ойнасын! – деп қалған екеуі шыж-быж болды.
– Ойнаймын! – дедім батыл түрде. «Жерді» ашып қалғанда, о төбесінен
жүргір, тағы «қара қарғаның тұзы мен королі» шыға келсін. Жасырып
қайтемін, сол екеуін сол күйі қайыра жауып, «не болса да болары болды»
деп сазарып отырмын. – О, – деді Жайнақ Қайрақбаевич əйелі ұл тапқандай
екі қолдағы картаны бір сүзіп шыққан соң. – Бұл ініміз «бес алыссыз» ба,
«алты алыссыз» ба, қалып қойды. Сонан соң басқа «заңды алыстарын
«сауыпсауып» алып, «қарғаның жетілігі мен сегіздігін ондығыма» ұстата
қойды.
– «Бессіз» қалдың, – деп, біреуі суық хабарды естіртті. Жынын алдырған
бақсыдай мен отырмын. Бір түрлі қолым дірілдейді. Бұрын «төбемде» отыз
екі айыбым бар еді, енді екі жүз де отыз екі болып, бір-ақ қонжиды. Ептеп
есептеп көрсем, қарсыластарымның əрқайсысына тек осы мизері
түскірден-ақ жиырма бес сомнан берешек болып шыға келіппін.
Маңдайдан тер шықты. – Нешауа, ондай-ондай ойында болып тұрады, –
деп көршім жанашырлық білдірді. Ешкім ішейік демесе де, бір елу грамды
өзім құйып алып, тартып жібердім. – «Мизер» егіз деуші еді, «мизер»! –
деді Хайролла Сартаевич. «Шіркін-ай, бұл да бір «бессіз» қалса, оған
берешек жиырма бес сомнан құтылар едім-ау» деген бір мысық тілеу ішкі
сарайымның тереңінен бас көтерді. – Ал енді, Хайролла Сартаевич,
мынаған ойнаған жүрегіңіздің түгі бар екен. Қалай қорықпайсыз, ə! – деп
карта жайылып болған соң Тұрекең бас қонақтың астына бұл кеште
пəленбайыншы рет көпшік қойды. – «Прикубыңыз» да онша сыймапты.
Жайнақ Қайрақбаевич тағы да «сауып» болып, бізге қарады: – Қане,
ағайындар, бұл кісінің қолында «шыбынның келіншегі» қалды ма, əлде
«қиықтың тұзы» қалды ма?
– Қайдам! – деп, Тұрекең жауапкершіліктен тайқып шыға келді. – Əрине,
«шыбынның келіншегі» шығар, – деймін мен. Қолымнан келсе аяйтын
түрім жоқ. – Тəуекел! – деп Жəкең «шыбынның» ондығын тартып жіберіп
еді, Хайрекең сол сабырлы қалпымен қолындағы картасын тастай берді. –
Таппадыңдар! – Ойпыр-ай, сіздің жүректі – арыстанның жүрегі дедім ғой.
Жалғыз «тұзды» ұстап отырсыз, ə? Алып беретін жағдайыңыз бар еді, оған
да бармадыңыз.
Екінші ойынның қорытындысы бойынша тұп-тура тоқсан бес сом ұтылып
шықтым. Бағиланың бұйырмаған отыз сомын қосып, жиынтығы тоқсан үш
сомды ортаға қойып, алақанымды жайдым. Екі сом жоқ дегенім. Жəкең
бағанағы бір мақалды қайталады. – «Атаңның құнын кешсең де, картаның
пұлын кешпе» деген. Көршісі, бағанағы сөзіңіз бар, қалғанын сіз төлеңіз.
Хайрекең пікір білдірмеді. Көршімнің есебінен жетпеген екі сомды
амалсыз төлеп, орнымнан тұрдым.
– Ал, ағалар, сіздермен танысқаныма, бір кеш бірге болғаныма
қуаныштымын! – дедім, сыр бергім келмей. Əйтпесе қайдағы қуаныш.
Ішімді қара мысық тырнап жатқандай. Жиынтығы тоқсан бес сомның
өкініші де аз емес екен. Құрып кеткір алпыс үш сомын қойшы. Бағиланың
отызының өкінішін айтсаңшы. Мен үйден шығып бара жатқанда да олар
ойыннан алған əсерлерін талдап жатқан. Тұрар көршімнің: – Ойпыр-ай,
жаңа сіздің «қарғаны»... – дегенін анық естідім. – Өңшең қара қарғалар, –
деймін, есікті жапқан соң əлдекімге кіжініп. «Ал өзің кімсің?» деймін, тағы
да өзіме өзім сауал беріп... Үйге келіп жатқанда да екі көзім удай ашып,
ұйқым келер емес. Құралай мен Бағила менің ең алғаш рет ірі ойынға
қатысып, ойсырай ұтылып келгенімді қайдан білсін, тəтті ұйқы құшағында
жатыр. Əрине, сонша ренжігенде бар байлығымнан айырылдым дегендік
емес қой, бұл – əрі кетсе бір-екі мақала жазып, тауып алар дүние ғой,
мəселе намыста екен. Бəрінен де ұтылғанымды, өзім төлей алмай,
көршімнен екі сом болса да қарыз алып бергенім батады. «Əй, өзіме де
обал жоқ. «Керек кісілердің» маған керегі қанша еді?» деп ойладым. Ертең
жұмыс, сондықтан қалай да ұйықтауым қажет. Көзімді тарс жұмып алып,
ештеңе ойламауға тырысамын. Түн тыныштығын дір еткізіп, зулап өтіп
жатқан көшедегі машиналарды санаймын. «Бір, екі, үш, төрт... жиырма...
отыз бес...» көңілім тұманданып, ұйқы құшағына ене беремін. Сол кезде
«тұз, корольдер» бастаған картаның қағаздары елестейді. Белгісіз бір
өткінші қуаныш кимелейді... Карта емес, менің жан алғышымдай болып,
қарғыс атқыр қара қарғаның ондығы тұрады қолымда. «О, жігітім, иə, бес
алыссыз, иə алты алыссыз қалдың-ау деймін!» «Əйелі ұл тапқандай
қуанған Жайнақ ағамыз ғой...» Селк етіп, көзімді ашып аламын. Тағы да
азапқа түсіп, тағы да санаймын. «Əй тұқымың жайылғыр, Ақантай, – деп
ойлаймын аунақшып жатып. – Өмірде талай-талай жандармен дəмдес
боласың. Префанс деген зиялы адамдардың ойыны. Үйреніп ал» деп үйге
келгенде, не өз үйіне барғанда ерінбей-жалықпай «зиялылардың ойынын»
үйретуші едің. Оқуым кем болды ма, оқытуың кем болды ма? Зиялы
адамдармен ойыным осылайша осылды» деп ойладым. Əйтеуір, бір
заманда ұйқым əрең ұйыпты.
Ертеңіне біреу сабап-сабап тастағандай, мылжа-мылжа болып əрең тұрдым.
– Не болды түнімен отырып? Ұтылып қалдың ба? – деп сұраған Бағилаға
күлбілтелеп жауап беремін: – Мизері түскірден құлап қалғаным. Əйтпесе
екі ойында да ұтып отыр едім. Құлаған жалғыз мизерім-ақ кеш бойғы
еңбегімді еш қылды. Ол əрі қарай қазбалап сұрамады. «Мизер» дегеннің не
екенін білмесе де ұтылып қалғаныма соның себепші болғанын түсінген
сияқты. Мен күлбеттеніп жатып: – Енді ойнамаймын! – дедім. Ол күні
мандытып жұмыс та істей алмадым. «Қатты науқастанып қалғанымды»
айтып едім, түр-түсімді көріп отырған бастығым оңай иланып, түстен кейін
үйге қайтарды. Үйге шаршап-шалдығып келгенмен, ұйықтағаным жоқ. Ой
теңізіне қайық салып, аяулы Жүкеңнің кей сəттерін еске түсірдім.
Сонымен...
ЖҮСІП ЖƏНЕ ШАҒИ ШЕШЕЙ
Жүкең – алпыстың арғы жағынан асып қалған кісі. Төртпақ, денесі ауыр.
Соған қарамай шалт қимылдың кісісі, қопара істеп, қотара ішеді (тамақты
айтамын). Бір құрылыс тресі жабдықтау кеңсесінің бастығы болып келе
жатқанына жиырма жылдан асыпты. Зейнеткерлікке бір шығып,
басшылары, министрі өтінген соң, бір айдан кейін өз жұмысына қайта
келеді. Əн-күйді ұнатады, сауыққой. Түрлі-түрлі тағамдарды өзі
даярлағанды жақсы көреді. Айтулы аспаз десе де болады. Шағи шешей –
күніне он ауыз сөзді санап əрең айтатын момын кісі. Бір көбелектің қанаты
сыныпты десе, жылай салуға бар. Баласы... Жарайды, ретімен айтайын.
Алексейдің үйінен кетемін деп бел буған соң жұмысқа бардым да,
зайыбымды кішкентайыммен перзентханадан шығарғанша басқа пəтер
іздеуімнің керектігін айтып, бірер күнге бастығымнан сұранып шықтым.
Пəтер іздеудің өзіміз білетін екі-ақ тəсілі бар болатын. Бірі – Көкбазар
жанындағы пəтер іздеушілер мен пəтерші алатындар жиналатын жерге,
«Жетім бұрышқа» бару, екіншісі – көшелерді қыдырып жүріп, əр үйдің
есігін қағып, сұрау салу. Əуелі алғашқы тəсілді сынап көрмек болдым.
Іздегендері қайсы, пəтеріне жіберетіндері қайсы, айырып болмастай, азынаулақ жас-кəрі жүр екен. Өзім сияқты жастардың пəтер іздейтіні анық,
сондықтан көбіне шалкемпірлер жағын жағалап көрдім. Бұйымтайымды
айтқан соң, олар алдымен: «Балаң бар ма еді?» деп сұрайды. «Иə, əлі
бесікте еді» деп жауап беремін. «Жоқ!» деп кесіп тастайды ондайда.
«Апыр-ау, əлі өзім де қолыма алып көрмеген құйттай баламнан неге үркеді
бұлар? Жаңа ғана туған сəби бұлардың төбесіне шай қайнатты ма сонша?
Бала тумаса, адамдар, осы бəріміз қайдан пайда болыппыз? Жоқ, əлде
пəтерші алатындардың бəрі баладан жерінген безбүйректер ме?!» «Жанды
қоңырауымның əнін өзім ғана естіп жататын оңаша болмаса да, есігі бөлек
пəтер керек» деп тағы да өз шешіміме беки түстім. Сөйттім де пəтер
қараудың бірінші тəсілін тəрк етіп, біршама көбірек қалыптасқан
екіншісіне – көше аралау тəсіліне көңілім ауды. Көшелерді сүзіп, жаяулап
келемін. Кездескеннің бəріне айтар бір-ақ сөзім бар: «Пəтер іздеп жүр
едім», олардың да айтар бір-ақ сөзі бар: «Жоқ!». Мен де шаршамаймын.
Жағалай беремін. Сұрай беремін. «Өткен күнде белгі жоқ» деген ғой,
əйтпесе арада біраз уақыт өткеннен кейін сол кездердегі оқиғаларды
қағазға түсіру – естелік қана. Ал естелік деген ескіреді, уақыт неғұрлым
көп өтсе, оқиғаның ыстық-суығы да басылады. Əйтпесе, көше аралап,
пəтер іздеу деген де айтуға ғана оңай дүние. Əлдекімдердің артық сөздерін
де, тіпті намысыңа тиетін қорлауға жақын сөздерін де естідік. Шіркіндер иə
«бар», иə «жоқ» десе арманың не, іздеу жұмысын əрі қарай жалғастыра
бересің ғой. Арада қаншама жылдар өтсе де əлі жанға жара салып кеткен
сол жолғы бір ауыз сөзді əлі күнге дейін ұмыта алмаймын. Бірінші
Алматының жатаған үйлері көп бір көшесін сүзіп келе жатқанмын. Екі-үш
əйел есік алдындағы ұзыншақ орындыққа отырып алып, əңгімеге кіріскен
екен. Аса маңызды əңгімелерін бөліп жіберген мəдениетсіздік өзімнен де
болды-ау деймін. «Извините, пожалюста, ищу квартиру» деп барынша
сыпайы сөйлеген сияқты едім, ортада отырған əр білегі бір-бір келідей егде
əйел арп ете қалсын. «Бұл басурмандар маза бергенді қойды. «Жер иесіміз»
дейді-ау тағы да. Мынау ағаштың қуысына кіріп тұра беріңдер. Сол да
жетеді сендерге!» – деп салды. Наданның оспадар сөзі басыма қанымды
шапшытты. Алайда, көше кезіп, пəтер іздеушілердің түгелдей біздер –
«басурмандар» екеніміз де сол кезеңнің ащы шындығы екенін мойындап,
теріс айналып кеттім. Оған айтатын уəжім де, сөзім де жоқ еді. Өз елімде
жүріп, əркімнің босағасын сағалаған ит тіршілігіме қанша налысам да
«іздеу жұмысын» қайта жалғастырдым. «Қазір өздерін ел иесі, жер иесі
сезініп жүрген осынау халықтың бəрі неге ғана Алексей мен Тамарадай
болмайды екен?» деген ой келген. Бəрібір оспадар кемпірдің жалғыз ауыз
сөзі ішке шемен болып байланып қалды. Бұрынғыдай əркімнен бір
сұрамай, түсі жылы-ау дегендерге ғана қайрылатын болдым. Осылайша аса
қажырлылықпен іздеу жұмысымды жалғастырып келе жатқанымда бір ақ
«Волга» қасыма келіп тоқтай қалды. Кабинаның есігі ашылғанда мойнымен
тұтасқан бір қазандай бас көрінді. – Əй, бала! – деді ол мені өзіне қарай сұқ
саусағымен іліп шақырып.
– Осы көшенің екі жүз жиырма үшінші «Г» деген үйін білесің бе? – Жоқ,
білмеуші едім, – деймін мен. – Е, неге білмейсің?! – Қойдың үйіткен басы
сияқты бет-аузының майы жылтыраған ағамыз қыңыр шапты.
– Е, білмеген соң білмеймін де.
– Бұған дейін бейтаныс адамнан сөз естіп, ес жия алмай келе жатқан мен де
қитыға бастадым.
– Е, білмесең не іздеп жүрсің бұл жақтан? – Айдың-күннің аманында
тергеуге ала бастады. Ол – машинада, мен жерде. Қарадан қарап, айыпты
адамындай сұрақтың астына алған соң, мен одан əрі қыңыр тарттым. – Е,
менімен бірге іздессеңіз, тұратын пəтер сұрастырып жүрмін. Сондықтан
үйлердің «Г-сінде» де, «Ж-сында» да жұмысым жоқ. – Сөйттім де еріккен
адаммен бірге ерікпейін деп, теріс айнала бергенім сол еді, жуан
ағамыздың: «Əй, бала!» деген даусы тағы естілді. Тура жаңағыдай
саусағымен іліп шақырып тұр: – Е, тоқта, бала! – деді ол бетіме жымыңдай
қарап. – Сен маған ұнайсың. Осындай бетің бар, жүзің бар демейтіндерді
жақсы керетін қазақ едім. Сені маған Тəңірінің өзі кезіктірген шығар. Өзің
қайда істеуші едің? – Бетің бар, жүзің бар демейтін кісінің рөлінде киноға
түсетін жігіт іздеп жүрген жоқсыз ба? – деп мен қарсы сұрақ қойдым. –
Үлкен кісімен дұрыстап сөйлес, ей, бала!
– Өзіңіз ғой тура сөйлегенді ұнатамын деген. Олай болса, жазу-сызу
жағында істеуші едім.
– Е, «жазу-сызуың» газет-журнал ма? Бəрекелді, кел отыр машинаға.
– Е, қайда бармақпын отырғанда? – Е, өзің жаңа ғана «пəтер іздеп жүрмін»
дедің емес пе? Ойланып жатар не бар, машинаның артқы орындығына
келіп жайғасып алдым. «Аз да болса, аяқ суытып алғаным да жаман
болмас». Жуан ағам мойнын бұру қиын болғандықтан, бүкіл денесімен
бұрылып, алғашқы бір қарағанда күп болып ісіп кеткендей боп көрінетін
бортиған қолын ұсынды. – Менің есімім Жүсіп болады. Жүке дейсің бе,
көке дейсің бе, ерік өзіңде. – Қуаныш, – деймін мен ойламаған жерден
ұшыраса кеткен көкемнің қылығына таң қалып. Ол көшеден əрі өткен, бері
өткендерден екі жүз жиырма үшінші «Г» деген үйін сұрастыра жүріп,
менен біраз анкеталық анықтамалар алды. Тергеп отырғандай, тек
манағыдай емес екеуіміз де машинаның ішіндеміз. Əйтеуір, менің отбасым
жағдайына, кəсібіме, тіпті əлі өзім қолыма алып көрмеген баламның туғаны
туралы ақпарыма да аса бір қанағаттанғандық рай танытты. – «Ат байлар»
ма, əлде «өріс» пе? – деп сұрады.
– Ат байлар. Есімін де Мұрат деп достарым қойды. – «Қыз – күтімің, ұл –
түтінің» деген атаң қазақ. Түтініңді жалғастырар азамат екен ғой.
Бəрекелді! Тек түтініңнің нағыз иесі болар ұл болсын де... Бұл сөз, əрине,
маған ұнады. Алайда, оның қандай ойы бары маған беймəлім еді. Мен не
болса да ақырына дейін шыдап бағуға бекіндім. Ақыры іздеген үйін тауып
алды да, шоферіне емес, маған алғашқы бұйрығын берді: – Əй, шошқа, осы
үйдің қырық бірінші пəтерінде Сергей Павлович деген шошқа тұруға тиіс.
Жүсіп Тəңірбердиевич келіп тұр де. Жаны барында тез тысқа шықсын де!
Мен, əрине таныспай жатып, өзімді көлденең өткен бір көк аттының
«шошқа» дегеніне төзе алмадым. Дəл қазір өзіме тиесілі пəтерім жоқ дегені
болмаса, шыны керек, кез келген шенеуніктің жеке басымды əй жоқ, шəй
жоқ, қорлай салуын көтере алмасым анық. Ақ «волга» мінбек түгілі, ақ
вертолет мінсін маған десе. Төс қалтамдағы оттай жанған куəлігім жə деген
білдей бір газет бөлімінің меңгерушісі екенімді айғақтап ол жатыр.
Мүмкін, мені бір не үйі, не күйі жоқ қаңғыбас екен, сондықтан қорласам
да, зорласам да қолымнан алар ешкім жоқ, Сергей Павловичтерді іздететін
қолбала ғып алайын дейтін болар. «Жоқ, Жүсіп Тəңірбердиевич, оныңыз
бола қоймас!» Ызғарымды жинап, бетіме шығардым да: – Ақсақал, қалай
болса, солай қорлауыңызға көне кететін кенже ұлыңыз емес шығармын! –
дедім ысылдай үн қатып. – Шошқалығымды қай жерімнен көріп тұрсыз? –
Жарайды онда, «шошқа» дегенді аз айтуға тырысармын. Мен тəуір көрген
адамыма айтушы едім бұл сөзді... Қане, зырла, уақытым жоқ, алдыңа сал да
тез қуып кел. – Қарсыласым алғашқы тойтарысыма айылын да жиған жоқ.
Бүгін не болса да осының дегеніне көніп, айтқанын орындамақ болдым. Бір
көрген адамды əй-шəй жоқ, өзімсіне баса-көктеп сөйлейтін мінезі қызық та
көрінді. «Жарайды, мұнысына да көніп, Сергей Павловичін алдыма салып,
қуып келейін» деген оймен машинадан түсіп, екі жүз жиырма үшінші «Г»
үйдің қырық бірінші пəтеріне бет алдым. Іздеген кісім үйінде жоқ болып
шықты. – Əйелі бар ма екен? – деді жедел келіп жеткізген менің хабарымды
тыңдаған Жүкең. – Шешесі ме, əйелі ме, əйтеуір, есікті бір кемпір ашты
ғой. – Өй, шошқа, алпыстағы адамның шешесі бола ма екен? Əйелі сол да.
– Жаңа ғана азырақ айтпақ болған сөзін қолма-қол қайталағаны есіне түссе
керек, жылтыраған етшең дидарынан күлкінің нышаны байқалды. – Кімнің
іздеп келгенін айттың ба? – Иə, Жүсіп Тəңірбердиевич келіп тұр дедім. –
«Күйеуі дереу кеңсеге жетсін» дегенді айттың ба?
– Сіз ондай тапсырма берген жоқсыз.
– Əй, мен сақалды басыммен іздеп жүрген соң арғы жағын өзің біліпақ,
айтпайсың ба? Бар, айтып кел жəне бұдан былай жұмысты шала-шарпы
орындамайтын бол! Ұқтың ба? Мені тура бір қызметке жаңа қабылдаған
бастықтай есімді жидырмай бүріп барады. «Еріккенмен ерікпей, жөніме
жүре берсем бе екен? Бұл тауып берген пəтер де жарытпас». Жоқ, «Бір
жылға қоян терісі де шыдайды» дегендей, бір жолға қалай да қиқар шалдың
қырына төзіп көрмек болдым. Жүкеңнің қосымша тапсырмасын орындап
келген соң машинаға отырып, қаланың терістік жағына қарай тарттық. Ол
шоферіне «Үйге!» деп бір-ақ ауыз сөз айтқан. «Осы шіркін, мені өз үйіне
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Біз Қалада Тұрамыз - 09
  • Части
  • Біз Қалада Тұрамыз - 01
    Общее количество слов 3817
    Общее количество уникальных слов составляет 2253
    31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 02
    Общее количество слов 3795
    Общее количество уникальных слов составляет 2282
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 03
    Общее количество слов 3989
    Общее количество уникальных слов составляет 2304
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 04
    Общее количество слов 3931
    Общее количество уникальных слов составляет 2280
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 05
    Общее количество слов 3939
    Общее количество уникальных слов составляет 2224
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 06
    Общее количество слов 4046
    Общее количество уникальных слов составляет 2175
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 07
    Общее количество слов 3951
    Общее количество уникальных слов составляет 2210
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 08
    Общее количество слов 3982
    Общее количество уникальных слов составляет 2134
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 09
    Общее количество слов 3954
    Общее количество уникальных слов составляет 2275
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 10
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    33.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 11
    Общее количество слов 3995
    Общее количество уникальных слов составляет 2226
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 12
    Общее количество слов 3953
    Общее количество уникальных слов составляет 2253
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 13
    Общее количество слов 3915
    Общее количество уникальных слов составляет 2239
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 14
    Общее количество слов 4111
    Общее количество уникальных слов составляет 2201
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 15
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2257
    35.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 16
    Общее количество слов 3916
    Общее количество уникальных слов составляет 2284
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 17
    Общее количество слов 4011
    Общее количество уникальных слов составляет 2297
    32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 18
    Общее количество слов 3414
    Общее количество уникальных слов составляет 2029
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов