Latin Common Turkic

Біз Қалада Тұрамыз - 01

Общее количество слов 3817
Общее количество уникальных слов составляет 2253
31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
43.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
51.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
КІРІСПЕ СИЯҚТЫ КІШКЕНЕ ТАРАУ
БІРІНШІ ТАРАУ
ЕКІНШІ ТАРАУ
ҮШІНШІ ТАРАУ
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
БЕСІНШІ ТАРАУ
ҚОРЫТЫНДЫ СИЯҚТЫ КІШКЕНЕ ТАРАУ жазып, бұл дүниені
тəмамдайық.
(Роман)
«Адамды түсінен тану оңай болғанмен,
ішінен тану қиын».
Əкем марқұм жиі айтатын сөз еді.
КІРІСПЕ СИЯҚТЫ КІШКЕНЕ ТАРАУ
Талай-талай көші-қонды көріп, бұрыш-бұрышы қажалып сынған, айнадай
тақтайының жалтыраған бетіне айғыз-айғыз сызықтар түскен шифоньер,
яғни біздің ең басты мүлігіміз бөлменің бір бұрышына келіп қонжиды.
Екінші бұрышты Бағила екеуіміз үй болғалы бергі бар қуанышренішіміздің
куəсындай болып бірге келе жатқанмен кейінгі кездері төбесінен
жұдырығыңмен бір ұрмасаң не бейне көрінісі жоғалып кететін, не дыбысы
өшіп қалатын шағын ғана төрт сирақты қоңыр теледидар иемденді.
Бөлменің дəл ортасын кезінде бір ақауы үшін арзандаған мүліктерді
сататын арнайы дүкеннен сатып алған емен үстел мен төрт орындыққа
бердік. Мəдени тілмен айтқан кезде, қонақ бөлмесі деп аталатын бұл төрт
қабырғаға əзірге бұдан басқа қояр жасау-жабдық бола қоймады. Ал жатын
бөлменің еншісіне бөлінген дүние де белгілі. Никелденген ақ бас темір
кереуетіміз бен Құралайжанның əрі төсегі, əрі серуенге шыққандағы
көлігінің міндетін атқаратын қол арба ғана. Бұрындары жалдап тұратын
пəтерлердің аядай бір бөлмесінде кəдімгідей жасау болып, сықап тұратын
мүліктеріміз жалтыраған паркет едені, қызылды-жасылды түсті кілемдей
ғып түсқағазын безендіріп тастаған өрнекті қабырғалары, өңімізде түгілі
түсімізде көрмеген кең де жарық терезелі мынау қос бөлмелі кең сарайға
итке қос артқандай жараспай-ақ тұр. Жараспағаны өз алдына, əрқайсысы
шілдің қиындай шашырап, бастары бірікпей, əр жерде қалды. Өзіміз тұрып
келген кей бөлмелерден көлемі жағынан көш ілгері ауқымды ас үйі ол
қаңырап бос тұр. Жағың түспей жамандық көрмегір, Алексей сыйлаған
кішкене көк үстелден басқа ол үйге мүлік атаулыдан ештеңе бұйырмады.
«Екі бөлмелі үй» деп айтқанға ғана болмаса, киім ілетін қуысы, анау-мынау
жас отбасының қыңқ демей тұруларына жарайтындай кіре беріс ат
шаптырым дəлізі, жуынатын... тағы басқа əжетке жарайтын қуысы, ас үйі,
не керек, ұзын саны бес-алты бөлмесі бар мекен-жайдың қожасы болып
шыға келгеніме бір түрлі аң-таңмын. Өзгені қойғанда өзім де сене алар
емеспін. Осындай кең сарайдай келіскен пəтерге түбегейлі ие екенімді
куəландыратын қиялай тартылған қызыл белдеуі бар ордер деп аталатын
жарты беттік аса құнды құжатыма қайта-қайта қарай беремін. Бəрі де
дұпдұрыс, бəрі де заңды. Көсем атындағы көшенің пəленінші үйінің
пəленінші пəтерінің иесі өзім, яғни Серібаев Қуаныш екенін жəне осы
пəтерде тұруға хақылары бар əзірге шағын отбасымның мүшелері:
зайыбым Серібаева Бағила мен кішкентай құлыншағым – Серібаева
Құралай Қуанышқызының аты-жөндері тіркеліп, соңына құлынның
тұяғындай мөр басылып, куəландырып тастаған.
«Демек, бұдан былай көше кезіп, жалдамалы пəтер іздеу деген індеттің
ініне су құйылды, демек, бұдан былай көп адамға, əсіресе күні кеше
Алматыда тұрғанды қойып, бір көруге ынтық болып жүрген ауыл баласы
сен де астананың заңды бір тұрғынысың, демек, бұдан былай сен де өз
жеке меншік балконыңа шығып алып, көшемен ерсілі-қарсылы ағылған
адамдар тасқынына самарқау ғана қарап тұра аласың, жолдас Серібаев»
деймін өзіме-өзім. Бір орында байыз тауып тұра алмай, ас үй мен жатын
бөлменің ұзына бойына созылған кең балконға шығамын. Дəл бір əкемнен
қалғандай шалжиып тұрамын. Бір орында байыз тауып отыра алмай, жол
жүретін кісідей абыр-сабыр болып жүрген Бағила да соңымнан шығады.
– Қуаныш-ау, жаңа осы көшенің бойындағы бір үйлерден көрдім.
Балкондарына өсірген шырмауықтары сыңсыған ну орман сияқты. Күлгін
түсті гүлдері қандай керемет. Біз де балконға шырмауық өсірсек, ғажап
болар еді. Əрі көлеңке, əрі сəнді. Тіпті салқын түскенше кереуетімізді
осында шығарсақ, таза ауада ұйықтаған қандай рақат, – дейді ол иығыма
наздана асылып. Бар мақсаты түгел орындалып, балконға шырмауық өсіру
шаруасы ғана қалған кісі сияқты. Сəби болса да мынандай кең үйге əлі
аңтаң болып, үйрене алмай жүрген Құралайжан жетеді соңымыздан.
Тағалы атпен желгендей паркет еденді сарт-сарт еткізіп, еңбектеп мəз. Ол
да бір орнында байыз тауып отыра алмай жүргендей. Сонан соң шешесі
екеуіміз оны қолымызға көтеріп алып, болашақ құт-мекенінің зəулім
биіктегі балконында тұрып алып, көшеден асығыс ағылып жатқан адамдар
тасқынына жоғарыдан, төбелерінен үңілдіреміз. «Жаман əкең мен шешең
шығарған биігіңнен жоғарыламасаң, аласарма, құлыным! Тұрағың ғана
емес, жаның да, адами жаратылысың да биік болғай!» деймін іштей
толқып. Осындай қуаныш үстінде адам ақынжанды болып кетеді екен ғой.
Əр нəрсеге толқып, көңілім де көк кептер болып Алатаудың құзар
шыңдарын аралап, ұшып жүргендей. Əрине, Құралай əкесінің жанының
бүгін осынша қайта көктеп, гүлдеп тұрғанын қайдан білсін, алайда
бəрімізде де бір қуаныштың барын құйттай жүрегі сезгендей. Ботақаным-ау
сол, қанатын жайған көгершін сияқты далпылдап, қолымыздан секіріп ұша
жөнелердей. Ол да мəз. Біз ғана емес, жаңа қонысқа келіп, қуаныштары
қойнына сыймай жүргендердің біразы балкондарына шығып, көшедегі
адамдар тасқынына жоғарыдан көз тігеді. Оң жағымызда да, сол
жағымызда да, үстімізде де, астымызда да.
– Ничек, бала?! – дейді балкондары біздің балконмен жалғасып жатқан
татар жігіті Рафих бетіме күле қарап.
– Бик яқшы үйге килдек бит, ə!
– Көрші-ау, о не дегеніңіз! Ғажап үйге кірдік қой! Келіңіз, қоныс тойын
бастап жіберейік. Оның үстіне, құдайы көрші болдық дегендей...
– Иуқ. Башта сез безгə килерсез. Аннары без сезгə барырбыз. Кішінің юулы
да, бит киши.
Онсыз, байыз тауып бір орнымызда отыра алмай жүрген үшеуімізге не
жорық, құтты болсын айта келгендерге деген шикілі-пісілілерімізді емен
үстелдің үстіне қайыстыра тиеп, даярладық та үйден шықтық. Біз аз-мұз
жасауымызды жүк машинасы қорабының алдына ғана тиеп келгенде
ұзынды-қысқалы он шақты жігіт қара терге малынып, оң жағымыздағы
есікке тоқтаусыз жүк тасып жүр еді, одан бері етті екі рет асып, екі рет
жейтіндей уақыт өтсе де, жүкшілер сол қара тер болған күйлері əлі
тасынып жүр екен. Біз бұрын-соңды көрмеген, бет тақтайынан бет
көрінердей түрлі ағаш жиһаздарды жігіттер ышқына көтергенде олардың
алдына шығып алып, безектей жүгіріп, бебеулеп сөйлеп келе жатқан
денелілеу ақ сұр келіншектің даусы жиі-жиі ышқына шығады.
– Апыр-ай, байқасаңдаршы! Бүлдірдіңдер-ау, түге. Соғылды ғой анау
бұрышы! Осы қараң қалғырдың, дүниесіне бағана опытный жүкшілерді
жалдайық дедім. Тіл алды ма, қасарысып?! Əне, енді іске татымай, отын
болып қалатын болды.
– Терге малшынған ұзынды-қысқалы он шақты жігітте үн жоқ. Ақсұр
келіншекке көздерінің астымен бір-бір қарап қойып, ыңқылдап көтергенді,
ышқына тыныстағанды ғана біледі.
– Мен де барып көмектесуім керек еді, көрші ғой, – деймін Бағилаға.
– Танысып үлгермесек те күні бүгіннен бастап құдайы көрші болатын
кісілер ғой.
– Өзің біл, бірақ жеңгеміз ашулы көрінеді. Қолбырап жүріп, бірдемесін
бүлдіріп алсаң, «Сені кім шақырды өзі?» десе, не дейсің?
– Кісіні бір көргеннен тани қоятын сұңғыла Бағила сақтық білдірді.
– Алдымен мына үйге кіріп, құтты болсын айтып шығайық. Сонан соң
көрерсің. Сол жағымыздағы есік – жаңа көршілеріміз Рафихтың пəтері.
Бағана көші-қон үстінде танысқанбыз. Бір салада жүрсек те бұрын-соңды
көріспеппіз. Мен газет редакциясында жүрсем, ол біз əзірлеген газеттерді
тасқа басатын машинаның маманы екен.
– Жеңгей, сəлеметсіз бе?! Ал «Көш көлікті, қоныс жайлы болсын!» – дедім
көтерген жүгі болмаса да қара терге түсіп, барып-келіп тұрған етженді ақ
сұр келіншекке. Жалт етіп қараған сəтте жанарының ұшқынында
жаратпаған жарқыл болғанымен, біздің жаманды-жақсылы жаңа көршісі
екенімізді білсе керек, тер жуған жүзіне зорлықпен жылылық шуағын
жүгіртті.
– Рақмет, айналайын! Оң жағымыздағы есік – жаңағы əлі тасынып бола
алмай жүрген осы ақ сұр жеңгейдің пəтері. Жеңгей сияқты ет-жеңді емес,
керісінше қаңқасына терісін тыртыстыра қаптап қойғандай тыриған қара
жігітті үй иесі болар деп мөлшерлегенмін. «Ортақ асты біреуі шөмішпен,
бірі қасықпен ішетін кісілер сияқты екен» деген бір қызық ой келген.
Төртінші қабатқа дейін жеңгеміз жүк көтеріп шығарғаны сол, ет-жеңді
денесін сүйреп, ал қудай ағамыз қу жанын көтеріп жеткізсе де екеуіне
үлкен олжа екен деп түйдім. «Жарайды, бұлармен де дұрыстап таныса
жатармын, алдымен қоныс тойының алғашқы дəміне шақырып отырған
үйге бас сұғайық» деген оймен жеңгейге: «Біз қазір... » деп, бізді тосып
отырғандай екіұштылау сөз айттым да, кішіпейілділікпен бас изеп, сол
жағымдағы Рафихтың есігінің қоңырауының түймесін бастым.
– Ал, Рафқа, жеңгей, қоныс үйлеріңіз жайлы, құтты болсын! Бірбірімізге
іргеміз қайырлы болғай! – деймін мен көршілерімнің қолдарын құшырлана
қысып. Қанша дегенмен, біздің Бағила да көргенді жердің қызы емес пе:
«Бұл үйде той көп болсын! Шашу, шашу!» деп, екі-үш уыс конфетті ақ
жоңқа ғып, есіктен кіре шашып жіберген. Бес-алтылар шамасындағы
мысық көз сары бала аң-таң. «Беретін конфетін қолға ұстатпай, еденге
шашқаны несі?» дегендей əке-шешесінің, сонан соң біздің бетімізге аңырая
қарайды. Бірақ шашылып жатқан байлыққа жалтақ-жалтақ қарағанынан-ақ
ындынының тəттілерге біржола ауып тұрғанын байқау қиын емес еді.
– Ала ғой, Рафис! – Махфуза жеңгеміз жердегі шашуды жинай бастаған
кезде ғана мұның бəрі осылай болуға тиісті іс екенін енді түсінгендей
болған мысық көз конфет теру шаруасына бар ынтасымен кірісті.
– Бірақ екеу-үшеуден артық жеуге болмайды. Тісің ауыратын болады.
– Курше, не айтасыз, бик яқшы булды килгенеңез.
– Рафих ағынан жарылды. Қоныс тойын бізге дейін бастап қойса керек,
онсыз да ақ сары жігіт шала піскен қызанақтай бет-жүзін бал-бұл
жандырып, алаулап алыпты. Пəлен жүз қызметкері бар бір мекемеде жұмыс
істесек те бұрын қоян-қолтық араласып танысудың сəті түспеген көршім
мейлінше ақ жарқын жігіт болып шықты. Жеңгеміз Махфуза да бұрын бір-
бірін ғұмыры көрмеген Бағила екеуі жастайларынан бірге өскендей
шүйіркелесе кетіпті. Біраз ішіп-жеп дегендей, жедел «жуыстан» соң
көзімнің алды тұмандана бастағанда əлі жүктерін тасынып үлгіре алмай
жатқан оң қанаттағы көршім есіме түскені. «Көрші хақысы
– Тəңірі хақысы» деп отырушы еді əкем марқұм. «Алғашқы күннен бастап,
қайтып көріспейтін адамдардай сырт беріскеніміз жараспас» деген ой келді.
– Рафқа, мынау үшінші көршімізді танисыз ба? Өздері бір ауылға жетер
дүние тасыды ғой, қайда сыйғызып жатыр оның бəрін?
– Ə, аларнықы дурт булмə, – дейді Рафих.
– Бір мықты болар, – деді Махфуза. – Иə, врач булырға. Теш врачымын
дигəн, – деді Рафих. – Ə-ə! – деді Махфуза. «Онда түсіндім» дегендей үнін
бір түрлі созып айтты. – О, онда мынау қосамжарласа біткен «ұры» тісімді
оңдатып алатын болдым, – деді Бағила. Бар жұмысы таусылып, үй мəселесі
шешіліп, көңілі демденген соң ендігі жалғыз сəті түспей жүрген
шаруасының да орайы келе қалғанға балаша қуанып отыр.
– Мейлі ғой, кім болса ол болсын, біз үшін бар болғаны көрші ғана.
Əйтеуір көршіміз ғой. Жүріңіз Рафқа, көрмегендей болып отырғанымыз
көрдемшелік болар. Танысып, құтты болсын айтып шығайық, – деп
желпілдедім. Қайран, отты судың буы ғой отырғызбай тұрған. Құралайжан
мен Рафис қана қалыс қалды да, қалған үш ересек түгелдей менің жаңағы
ұсынысымды бір ауыздан қолдап шықты. Бағанағы ұзынды-қысқалы он
шақты жігіт үйдің ішінде дуылдасады. Жүк тасылып болса керек, қабатқа
көтерілер баспалдақтағы сабылысқан жүкшілер көрінбей, жүргіншілер
сирепті. Үй иесі қатпа қара жігіт жаңағы он шақты жүкшінің екеуін қасына
алып, есіктің құлыбын ауыстырту ісіне із суытпай, шұғыл кірісіпті.
«Кірісіпті» деген шартты ұғым. Құлыпты ауыстырту операциясына
басшылық жасап, нұсқау беріп тұрғаны болмаса, негізгі шаруаны атқарушы
екі жас жігіт. Шамасы мұндай іске ебі бар болса керек. Ақ күмістей
жалтыраған шынжырды да босағаға салақтатып іліп үлгіріпті. Су жаңа
емен есік ойылып, бір емес екі жерден құлып түсіпті. Үй иесі болашақ
жаңа көршілеріне, яғни бізге қарап, бір езулей күлді. Бүгінгі бітер істі
ертеңге қаратпайтын шектен тыс пысықтығына ең алдымен өзі сүйсінетін
сияқты. Бір езулей күлуінің себебі етегі түрілген езу жақтан ертедегі
египеттік сарбаздар сияқты самаладай сап түзеп шыға келер алтын
тістерінің əсері-ау деп түйдім. Алтын тістердің жарқылы аузына от тістеп
тұрғандай əсер береді екен. Əкесінің киімін киген жеткіншек сияқты
солбырайған тым үлкен спорт костюмінде өңіріне кестелеп жазған «аdіdas»
деген жазуы болса да, тыриған арық денеге қонбай-ақ тұр. Оның текті
фабрикада тоқылған спорттық костюмінің немесе өзінің көтерем жылқыдай
тырыйған арық-тұрақтығында менің не жұмысым бар, бейресім
сапарымыздың мақсатына, шақыртпай-ақ келген себебімізге бірден көштім.
– Көрші, жаңа қонысыңыз құтты болып, іргеміз бір-бірімізге қайырлы,
берекелі болсын! – деп, сөз қоймасынан сұрыптап алдын ала əзірлеп қойған
сөйлемімді қоныстасымның құлағына бағыттадым.
– Юк, қотлы булсын! Бик яқшы булды...! – Рафих та адал ниетін бірден
айтты.
– Мынау «отечественный» жаман құлыптардың кілттері бір-біріне түсе
береді емес пе?! Ең сенімді деген ағылшын құлыбының біреуін ғана емес,
екеуін бірдей салып жатырмын. Ордерді алған күні қоймада істейтін бір
таныс жігіттен əдейі таңдап алып едім.
– Алтын тісті көршім өзінің шектен тыс пысықтығы үшін ақтала
сөйлегендей. Бірақ онысын: «Е, жігіттер, өздеріңнің де үйлерің құтты
болсын!» дегендей ерекше жылы шыраймен айтты. Келеріміз келіп қалған
соң есіктің арғы бетінде тау-тау боп үйілген жүктер баррикадасынан өтер
жолдың бар-жоғын біле алмай жəне дəл табалдырықта тоңқаңдап жүрген
құлып салушылардан өте алмай бөгеле бергенбіз. Сол кезде үйілген
жүктердің арасынан жеңгеміздің ақ сазандай жүзі шалынды. – Ə, көршілер,
келіңдер! – Ол ағамызға қарағанда анағұрлым жөн білетіндігін көрсетті.
– «Кедей болсаң, көшіп көр» деген ғой. Ыбырсыған көп дүние жер-көкке
сыймайды, əдіре қалғыр! Ұшпаққа осы боқ-дүние шығарардай жинай
беріппіз ғой. Үйдің ішін ретке келтіре алмай жатырмыз. Тұрарчик, жол
берсеңші мына кісілерге. Келіп қалған соң үйімізді көрсін де. Алтын тісті
ағайымыздың есімінің Тұрарчик екенін өте алғырлықпен сол сəтте-ақ
зерделеп үлгірдім. Бағила екеуіміздің ханның сарайы осындай-ақ болар
деген екі бөлмеміз Тұрарчиктің алған үйіне қарағанда құрқылтайдың
ұясындай ғана баспана екенін бірден-ақ іштей мойындадым. Бала
кезімізден көріп жүрген колхоз басқармасының көп есікті, көп бөлмелі
кеңсесі дерсің. Ерсіліқарсылы көк есіктер, көп есіктер.
– Мынау ағаларың екеуіміздің «спальныйымыз», былайша айтқанда,
ұйықтайтын бөлмеміз, – деді ақ сазандай жеңгеміз, мен енді ғана іргеміздің
құтты болуы жайындағы бағанадан əзірлеп келген тілегімді айтуға оқтала
бергенде.
– Келімді-кетімді кісілерден қалтарыстау дегендей. Оның үстіне, көшенің
ызы-қиқы шуылы келмейтін, түс ауғанша күн түспейтін бөлмені əдейі
таңдадым. Ертеден қара кешке дейін үкіметтің жұмысымен шапқылаумен
жүрген кісі кешкілік оңаша жатып ұйықтамаса бола ма?! Оның үстіне,
денсаулығы болса шамалы. Əншейін, сыртымыз қампиып тұрғанмен,
ішімізде аурудың талай түрі бұғып жатыр. Мысалы, мына мен сəл нəрсеге
«нервничить» етсем, ала таңды көзіммен атырып, кірпік айқастыра
алмаймын. «Гипертоникпін»». «Давлениесі» түскірі қысқанда жаныңды
қоярға жер таппайсың. Өзім де соның бəрін алдын ала ойлап, гарнитурдың
бəрін де ыңғайластырып, алып қойғанмын. Əрқайсысын асықпай сараптап,
мұқият зерттеуіне тура келді мына жаман жеңгелеріңізге. Мынау – қонақ
бөлмесі. Сыртындағы өрнегіне қарап, арабтардың гарнитурын алып едім,
əдіре қалғыр, өзі зіл-батпан ауыр, сəл дым тисе өрнегі өшіп қалатын пəле
неме екен. Енді осыдан ертерек құтылып, өңін өзгертпей тұрғанда өткізіп
жіберейін деп отырмын... Сазандай жеңгей бағанағы күні бойы əбден
діңкелеп шаршаған, енді қапаш-құпаш тамақтанып, рюмкаларын сыңғырсыңғыр соғыстырып жатқан жігіттер отырған бөлмеге бастап келді.
Жігіттер ығысып, орын босата бастап еді, жеңешем төрелік айтты: – Отыра
беріңдер, айналайындар, бұлар – көршілерім ғой, – деді бізді иегімен
меңзеп. – Көршілермен үйдің ішін ретке келтіріп алған соң қоныс тойын
жасап, сайрандаймыз əлі. Шаршадыңдар əбден! Ничего, жассыңдар ғой...
Тыңайып алып, мына ағаштарды орын-орындарына қойып берсеңдер, арғы
жағын өзім-ақ дөңгелетіп əкетемін. – Бағана: «Мына қараң қалғырды
бүлдірдіңдер-ау! «Опытный» жүкшілер жалдайық дедім» деп, албарынды
болып жүрген жеңгеміз енді көмекші жігіттерге мейірін құлата сөйлейді.
«Дəуде болса, ашулануың да, одан қайтуың да жайдың бұлтындай тез,
ардың-дұрдың адамсың-ау» деп, пайымдап тұрмын. Жеңгей енді бізге
қарап сөйледі: – Тұрарчиктің студенттері ғой бұлар. Бір-екі жылдан бері
институтқа «почасовик» болып жүр. Онсыз да жұмысы басынан асады
байғұстың, «осы, қоя-ақ қой» дедім. Жоқ, болмайды. Бұл заманда ауру
жанына терезе таптырмай, көмек сұрап баратындардан гөрі тек сəнге алтын
тіс салдырушылар көбейіпті ғой. Институтыңдағы жұмысыңды қоя-ақ қой
дедім. Жоқ, болмайды. Ағаларыңның бізге бағынбай, өзім білемінмен
қырын кететін кездері жиі болады... «Оған қоса бірді айтып, бірге кететін
мылжың болмасаңыз игі еді» деймін ішімнен сазандай жеңгеме мінездеме
жазғалы тұрғандай, оның өзіндік ерекшеліктеріне назар аудара түсіп.
Жеңгей мұражаймен таныстырып жүрген экскурсовод сияқты бұрынғы
əуенін қайта тапты: – Бұл – ағаларыңның кабинеті. Кітаптарымен осында
сыйып отырса, рақметімді айтар едім бұған. Бұл шалға да румындар
жасаған су жаңа «мебель» əпергенмін... Музей қызметкері сияқты ол
маймаңдап басып, бөлмелердің келесісіне бет алды, туристің рөліндегі
төртеуіміз – мен, Бағила, Рафих, Махфуза, айтпақшы, Рафис пен
Құралайымыз бар, бəріміз тау-тау жүктің арасынан жалғыз аяқ жол тауып,
қаздай тізіліп, ілесіп келеміз. Ұрыс даласындағы биік-биік
баррикадалардың ортасымен жүріп келе жатқандай əсерде болады екенсің.
– Бұл – осы үйде Сəкенчик пен Тимурчик деген інілеріңіз бар, солардың
бөлмесі. Сабақтарын осында қарап, осында ұйықтайды... Өздері доп қуып
кеткен болар. Осы күнгінің баласы əке-шешелерінің дегенімен жүре ме?!
Солар үшін дүние жиып, солар үшін бəйек болып жүргеніңде титімдей де
жұмыстары жоқ... Қой, ойбай, қазіргі балаларды қой. «Осы күнгінің баласы
аласа туады, үлкендермен таласа туады» деген ып-ырас. Мына
ағаларыңның иі жұмсақ. Қанша дегенмен педагог емес пе, тек мейірімділік,
ізгілікпен тəрбиелегісі келеді. «Аюға намаз үйреткен таяқ». Кейде жон
терілерін сыпыра жаздаймын. Бірақ өзімнің жүрегім нашар, сəл
«нервничить» етсем, «сердечный приступым» ұстайды. Сөйткен балалар
доп қуалап, кетті əне! – Ол кісінің Сəкенчик пен Тимурчиктің тəлімінен
бастап, қазіргі ұрпақ тəрбиесі хақындағы педагогикалық толғамдарына
тосқауыл болам ба деген оймен алдын сөзбен кес-кестедім: – Жеңгей, бұл
бөлмедегі мебельдеріңіз де шеттікі ме? – Жоқ, ə! Кейін өз қолдары өз
ауыздарына жеткенде алсын шеттікін. Бұл өзіміздің астанадан шығатын
«Школьник» деген гарнитур ғой. – «Соны да білмей тұрсың ба?» дегендей
ол менің бетіме бір түрлі мүсіркегендей жымия қарады. Ол өзін
таныстырмағаны болмаса, үй-күйінен толық ақпар беріп болды. Менің осы
ойымды көзімнен оқып қойғандай-ақ: – Ой-бу, мен өзім түбі түскен күбідей
салдырлап жүріп, сіздермен таныспаппын да ғой. Ақжамал болады есімім.
– Ол екі-үш саусағына торлап жасаған, бұрамалап жасаған, өрнектеп
жасаған алтын жүзіктерді майшабақ сынды семізше саусақтарына қосқостап мінгестірген қолын бəрімізге ұсынды.
– Тұрарчик! – деді ол əлі де құлып салу шаруашылығына сара басшылық
жасап жүрген отағасына қарап. – Келсейші, мына көршілермен
таныстығымыз үшін деп, бірдеңе ауыз тиейік. Əзірге «стоя» болса да.
Алтын тістерін көрсете бір езулей күлген қатпа қара ағай жанымызға
жақындады. Біз «стоя» жаңа қоныс қуанышының ырымын жасаған болып,
сарыала қазыдан ауыз тиіп, жылтыр «тонды» оңаша оранған қымбат
конфеттерден балаларға бір-бірден ұстатқан соң, мен күн ұзын айта алмай
кеңірдегімде кептеліп тұрған құттықтау сөзімді ақыры бостандыққа
шығардым. Есіне жаңа түскендей Бағила конфет шашты. «Шашу-шашу!
Бұл үйде де той көп бола берсін!» дейді ол. Бірақ өзіміз шашқан
конфеттердің бірліжарымдарын Рафих пен Құралай иемденгендері
болмаса, көп ешкім еңкейген жоқ. – Ал, көршілер, біздің үйде де бір
дастарқан жасаулы тұр еді, менімен қызметтес жолдастар да «Құтты
болсын!» айтып келе бастайтын шығар. Бағана көшіріскен жігіттер де:
«Кешке келіп тойлаймыз» деп кетіп еді. Олар да бірдеңеден құр қалғандай
жетер қазір. Қане, мына Бағила екеуіміздің де өзімізге тиесілі заңды
шаңырағымызды көріп қайтыңыздар, – деймін мен барынша көргенділік
танытып.
– Жоқ-жоқ, айналайындар, – сазандай жеңгем табанымен шоқ басып
алғандай баж ете қалды. Кенет үнін бəсеңдетіп, Бағиланың құлағына
сыбырлай сөйледі. – Мына дүниелерді ашық-шашық тастап, қалай кете
береміз? Бұл күңде біреуге біреу сеніп бола ма?
– Ол ұзынды-қысқалы он шақты жігіт отырған кабинет жақты иегімен
меңзеп қойды. – Артық-ауыс тиынтебеніміз бен алтын-күміс дегендей
заттарымыз да осы жүктердің ішінде. Мынау өңшең аш-арыққа сеніп,
қалай кетеміз?! Жо-жоқ, рақмет, кейін кірерсіз. Біз енді көрші болдық қой,
бір-бірімізді талай шақырыса жатармыз. Бүгін қинамаңдар, айналайындар!
Айтпақшы, өздерің қайда қызмет істейсіңдер? – деді ол есіне əлдене
түскендей.
– Мен – журналистпін, – дедім тамағымды кенеп. – Келіндеріңіз оқулықтар
шығаратын баспада жұмыс істейді. Негізгі мамандығы математик-физик.
– Ал мен – типографияда цех мастері, – деді Рафих, – Біздікі əйел –
балабақшада тəрбиеші. Біздің қоғамнан иеленген оз орнымызға
жеңешемнің онша көңілі тола қоймаса керек:
– Е, бəрің де сөздің айналасында екенсіңдер. Сен қайным жорнал
шығарады екенсің ғой, – деді бір түрлі үнмен тіл қатып. Оның үстіне
«журналист» дегендер, тек журнал шығаратындар деп ойласа керек. Мен
оны түзетіп жатқым келмеді. Білмегенін білдіріп қайтемін деп ойладым.
– Е, жарайды, бопты. Рақмет, жасымыз кіші деп кіріп-шыққандарыңызға!
«Келмейміз» деп тұрған кісілердің шаужайларына оралып, жалынатын
емес, «Сіз-біз десер, шыж-быж жесер» күндерді, көршілік қадірімізді білісе
жатар сəттерді болашақтың еншісіне қалдырып, қаздай тізіліп, тағы да
жалғыз аяқтап үйден шықтық.
***
Сол күні шағын дастарқанымыздың басына біраз тілеулес жігіттер
келіншектерімен келіп думандаттық. Біреулері қатты күлсе де, не енді
біреулері əуелетіп əн бастаса да Бағила екеуіміз де əлдекімнен жасқанып,
қысылып отырған сияқтымыз. «Осы сендер-ақ маза бермейтін болдыңдар
ғой! Енді кеп əн айтқысы келіпті бұлардың! Баспанасы жоқ, əркімнің
үйінде қаңғып жүріп, бұлардың думаншыларын, əн салғыштарын
қарасаңдаршы! Əйда, барыңдар, ертеңнен қалмай үйді босатыңдар!» деп,
үй иесіқожайынымыз жетіп келетін сияқты болады да тұрады. «Қуаныш-ау,
мазамды алдың деп көршілер базына айтпаса, енді сені ешкім де қуып
шықпайды. Бұл – өз үйің, өлең төсегің ғой» деймін өзіме-өзім. Жоқ, алты
жыл бойына қанға сіңіп, бойды жайлаған үрей тұла бойыма тұтасып
жабысып қалғандай. Сəл қызса, «Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, бүрленбүрлен»
деп қоя беретін Қартбай бір кезде сызылтып, «Бүрленін» аралай жөнеліп
еді, есіктің қоңырауы баж ете қалды. Онсыз да қазыққа мінгендей
қыпылдаумен отырған мен орнымнан ұшып кете жаздадым. Бағила да
қолындағы кесесін түсіріп ала жаздап, əрең қалды. Екеуіміз де есікке қарай
тұра ұмтылыппыз. – Өй, иен далада отырғандай неге үріктіңдер?! – дейді
ойында дəнеңе жоқ Қуанышбек. «Өзі ауырмағанның құдаймен ісі жоқ»
дегендей өмірі кісі үйінде тұрып көрмеген, əскери қызметін өтеп келген
бетте қаладан пəтерін сайлап үлгірген бойжеткенге үйленген ол тұқымың
көбейгір, қайдан түсінсін бізді?! Түсінеді-ау деген, осы соңғы бірер жыл
болмаса бұған дейін пəтерде тұрып, оның да ащы-тұщысын біраз көрді-ау
деген Қартбай мен Оралбек те бірер жыл емес, жүз жылдан бері осындай
көп қабатты үйде тұрып келе жатқан жандар сияқты айылдарын жимайтын
болып алыпты. Оралбек те төрт-бес жыл кісі босағасында тұрғанның
қызығын əбден көрген болатын. Бір қызығы екеуіміз бір көшенің
бойындағы екі дүркін ауыстырған пəтерлерімізде көрші тұрғанбыз. Жиі
араласып, шай-пай ішіп, не жазып жатқанымызды айтып дегендей тіршілік
кешетінбіз. Жатақхана сияқты бір бөлмеге Айман екеуінің ие болғандарына
үш-төрт ай болған. Тек жеке, басыбайлы баспанаға ие болу бақытына қолы
əлі жетпей жүрген Серікжан ғана менің бүгінгі жайымды жан-тəнімен
түсінетін сияқты. Айтқанға болмаса, оның да біз сияқты астымыздан су
шыққандай пəтерден пəтерге көшіп, қиналғаны шамалы. Өздері де, біз де
«əже» атандырып кеткен шешесі дəл өзі сияқты бір кеңқолтық кейуана
тауып алып, сол кісінің үйінде екі туып, бір қалғандай бірге тұратын. – Уау,
əттесіне нəлет, айды аспанға бір шығарған тіршілік болды-ау мұның!
Шіркін, осындай бір үйге қолым жеткен күні бар ғой... – деп, күпініп
отырған ол есіктің қоңырауын естігенде сасқалақтап, сағатына қараған.
Оныкі де қанға сіңді қасиет қой, баяғы...
Есікке жетсем үстіңгі қабатта тұратын көршім. Қонақтарын шығарып
салған соң, құтты болсын айта келіпті. Оны да азды-көпті ұрттаған отты
судың қызуы отырғызбаса керек. Көршімді бастап келе жатып, ас үйде
самаладай боп жанып тұрған шамды көрдім де, өзіме-өзім есеп беріп те
үлгермей атылып кеп түймені басып қалдым. «Бөгде кісінің көзінше
үнемшіл кісі сияқтанып, неге олай істедім?» Оны ойланып та жатпай
автоматты түрде робот сияқты қимылдаппын. «Ребятушки, шамдарыңды
неге жарқыратып қойдыңдар? Сендердің маған жандарың ашымайды.
Жиырма бес сом төледім деп осынша ысырапқорлыққа баруға бола ма
екен!» – деп, қабағы ашылмайтын, əжім торлаған жүзінен қуанудың,
күлудің белгісі білінбейтін тетя Тася шыға келердей көрініпті.
Қонақтарымның қасына жете бере: «Ойбай-ау, шамдарды таң атқанша,
тіпті күн шыққанға дейін жарқыратып қойсам да өз үйімнің шамы емес пе
еді! Тек электр қуатының қанша жұмсалғанын есептегіш есті аппараттың
көрсеткен цифрына қарап жіберіп, уақтылы ақысын төлеп отырсам
болғаны емес пе?! Мыналар мені бір үнемшіл қу екен деп ойлайды-ау!»
деген ой басыма əрең жетті. Қайта жүгіріп барып, қабырғадағы қара
түймені сырт еткіздім. Ол аз болса ваннаның, тағы бір қажетті қуыстың
шамдарын түгел жағып қойдым. «Үнемшіл қу» емес екенімді дəлелдеген
түрім. Мені түсінсе, Бағила ғой түсінетін, бетіме күле қарап отыр екен. Мен
де езуіме күлкі жүгірттім. «Жаңа үйің өңшең қара домалақ Серібаевтар мен
Серібаеваларға тарлық қылсын! Журналистік ерекшелігіңді жалпақ
жұртыңа мойындатар небір очерктерің мен суреттемелерің осы үйде
жазыла берсін!» сияқты тілектерін аямаған достар есі бар, уақыт кестесіне
бағынған адамдардың бəрі де тəтті түс көріп жатқан түннің бір уағында
əрең тарасқан. Оларды шығарып салып тұрып, «Біз осынау үйдің
тұрғынымыз» дегендей ерекше бір мақтаныш сезіммен айбыны асқақ
көрінер ғимаратымызға сыртынан көз салып едім, көп пəтерлердің
жарқыраған шамдары əлі сөнбеген. Мен сияқты қуанып жүрген көршілерім
ғой...
***
Жаңа қоныс, жаңа үйді ол да қызық көрді ме қонақтар тарқағанша
домалаңдай еңбектеп, шапқылаумен жүріп, мұрттай ұшқан Құралай көк
арбасына қонақтап, құйттай танауы пысылдап, ұйықтап жатыр. Екі-үш
аптадан бері үйдің кілтін қолға əне аламыз, міне аламыз деумен, оның
үстіне бүгінгі көші-қон, одан қонақтарды күтумен діңкелесе керек, Бағила
да мынандай керемет үйдің сəтімен орала кеткеніне əлі де сене
алмайтындығын айтып, біраз жатты да, түн тыныштығына бағынды. Əлі
перде ұсталмаған үлкен терезеден көшедегі самаладай жарқыраған
шамдардың жарығы төгіледі. Екі жамбасыма кезек аунап, ұйқым келер
емес. Кірпіктерімнің арасына біреу тіреу тіреп кеткендей, көзімді іліндіре
алмай əуремін. Темекімді тұтатып, балконға шықтым.
– Бик, яқшы булды, ə, курше?! – Өз балконында тұрған сол жақ есіктегі
көршім Рафих қой. Күндізгі ерсілі-қарсылы ағылған адамдар тасқыны
мүлде тоқтаған деуге болады. Ғашықтар болса керек, бірінің ішіне бірі
кіріп кетердей болып, тұтас денеге айнала құшақтасқан қыз-жігіттер өтеді
анда-санда. Қалай құйындата зырласа да күндіз-түні шаруалары бір
таусылмайтын машиналар ғана шамдарын жарқыратып, сирек болса да
аққан жұлдыздай өтіп жатыр. Көптеген көршілердің шамы сөнген. Бəрі де
жаңа қоныстағы алғашқы тəтті ұйқыға батқандай. Оң жатағы көршім
Тұрарчик сияқты қиялап келіп, қисынын тауып, үйге ие болған басқа
саланың бірлі-жарым пысықайлары болмаса, бұл ғимарат тұрғындары
негізінен газет-журнал, баспахана қызметкерлері, бір саланың адамдары
болуға тиіс-ті. Яғни, менің əріптестерім. Бүгін-ақ түрлі редакцияларда
істейтін біраз жігіттерді көргенмін. Олардың көпшілігі-ақ мен сияқты
пəтерге алғаш ие болғандар. Біздер, жастар газеті редакциясында қызмет
істейтін бес-алты көгенкөз, бұл үйден де құр қалар едік. Егер, жағы түспей
жамандық көрмегір, бас редакторымыз Сейдештің тамаша ақылының
арқасы болмаса... Ол кезде бұл əрекеті білініп қалса, қызметін қойғанда
қоғамның ішіндегі таңдаулылар қоғамы сияқты партия мүшелігінен де
қуылатын болғандықтан, аса құпия əңгімені уақыт керуені пəлен қырды
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Біз Қалада Тұрамыз - 02
  • Части
  • Біз Қалада Тұрамыз - 01
    Общее количество слов 3817
    Общее количество уникальных слов составляет 2253
    31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 02
    Общее количество слов 3795
    Общее количество уникальных слов составляет 2282
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 03
    Общее количество слов 3989
    Общее количество уникальных слов составляет 2304
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 04
    Общее количество слов 3931
    Общее количество уникальных слов составляет 2280
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 05
    Общее количество слов 3939
    Общее количество уникальных слов составляет 2224
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 06
    Общее количество слов 4046
    Общее количество уникальных слов составляет 2175
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 07
    Общее количество слов 3951
    Общее количество уникальных слов составляет 2210
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 08
    Общее количество слов 3982
    Общее количество уникальных слов составляет 2134
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 09
    Общее количество слов 3954
    Общее количество уникальных слов составляет 2275
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 10
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    33.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 11
    Общее количество слов 3995
    Общее количество уникальных слов составляет 2226
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 12
    Общее количество слов 3953
    Общее количество уникальных слов составляет 2253
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 13
    Общее количество слов 3915
    Общее количество уникальных слов составляет 2239
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 14
    Общее количество слов 4111
    Общее количество уникальных слов составляет 2201
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 15
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2257
    35.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 16
    Общее количество слов 3916
    Общее количество уникальных слов составляет 2284
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 17
    Общее количество слов 4011
    Общее количество уникальных слов составляет 2297
    32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 18
    Общее количество слов 3414
    Общее количество уникальных слов составляет 2029
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов