Latin Common Turkic

Біз Қалада Тұрамыз - 12

Общее количество слов 3953
Общее количество уникальных слов составляет 2253
35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
– Барып тұру керек. Əкеге ештеңе бөліп бермесең де, бару керек, – деді ол
көзімнен көзін айырмаған күйі. – Бару керек, баланың əкеге жасар ең үлкен
жақсылығы – əке қадірін білуі ғана. Егер анау Қасымханды «Маскүнем
болса да, əкемізді əлдебіреу келіп алып кетіпті» деп ұлдары артынан іздеп
келіп жатса, қандай жарасар еді. Оны іздеген жан бола қалса деп аудандық
милицияға мекен-жайымды қалдырып кетіп едім. Ешкім келмеді. Мүмкін,
Қасекең байғұс бала-шаға алдындағы өз қадір-қасиетін кетіріп те алған
шығар. Бəрібір ол да əке ғой. Əке қадірін білмеген ұлды «шошқа» демей не
дейсің?! Ол үндемей біраз отырды да, тағы маған «шабуылын»
жалғастырды:
– Мүмкін, сен əке қадірін өзің əке болған соң бағаламай жүрген
шығарсың?! Ал біздің, Шағи шешелерің екеуіміздің тіршілігін көріп
отырсың ғой. Шалғайда жүрген ұлдан хат келмесе де, түн ұйқымызды төрт
бөлеміз... Кім біледі, Серікжан жаман бала болып өспеген сияқты. Кемпір
екеуіміздің ұлдан тілер бір-ақ өтінішіміз бар. Ертең үйленіп алған соң:
«Жұмысымыз солай, ұлықсаттарыңды берсеңдер, бөлек тұрайық деп едік»
деп жүрмесе болғаны. Қартайған шағымызда келін жұмсап, немере иіскеп,
бірге жүрсек деп қиялдаймыз ғой. Мен біз осы үйге келер алдында ғана
Серіктің институтты былтыр бітірген соң жолдамамен Теміртауға
жіберілгенін бұрын да білетінмін.
– Е, ол Теміртауға барғалы жылға жуық уақыт өтті емес пе, енді бірер
жылдан соң осында қызметін ауыстыруына да рұқсат беретін шығар.
Қолдарыңызға келіп тұрмағанда, жалғыз ұлдарыңыз қайда барушы еді?
Əліақ немерелеріңізге əн салып беріп отырасыз, – деймін мен Жүкеңнің
бетіне қарап. Əрине, бұл сөзім екеуіне де майдай жаққандай. Жүкең де,
шешей де күдіктері менің пікірімнен соң біржола сейіліп кеткендей, бөгде
ойдан серпіліп қалды. Бағила пен Мұрат сауығып, үйге келген күннің
ертеңінде Жүкең ағамыз Қасекеңді де таксилетіп алып жетсін. Өзі етженсіз адам мүлде терітарамысына ілінгендей болып, жүдеп қалыпты. Қос
жанары көзойыққа батып, тереңнен жылтырағанымен, бұрынғыдай
мақсатсыз, меңірейе қарамай, қайтадан жан біткендей. Əрнеге мəн бере
үңілетін болыпты. – Қалай, айналайын, кішкентайларың науқастанып
қалыпты деп еді, сауықты ма? – «Апыр-ай, мынау кəдімгі дені сау,
салауатты үлкен адамның сауалы ғой», – деген ой келді маған.
– Рақмет, аға! Кеше ауруханадан шығып, үйге келді. Өзіңіз де есенсау,
сауығып оралдыңыз ба? – деймін мен де.
– Айналайын, ең алдымен саған рақмет! Сенің газетке жазған мақалаң
менің мынау тəтті өмірге қайта оралуыма себепші болды ғой... Əрине,
біреулердің: «Өй, маскүнем, сені біреу газетке жазыпты ғой» дегенін
естігенім болмаса, газет түгілі тарихқа жазсаң да, ол кезде бірдеме
пайымдауға менің шамам жоқ еді ғой. Ең бастысы, мақаланың мынау
Жүсіптің көзіне түскенін айтсайшы... Мұның маған жасаған жақсылығын,
сірə, балаларым да жасай алмас... – Сөйтіп, енді «ішімдікті ұрттап
алмаймын» деп бұл ағаң сертін беріп отыр. Енді серттен тайса, мен үшін
өлген адам, – дейді Жүкең.
– Біржолата шошқа болып өледі де қалады. Ағамыз Қасекеңді сорпалап,
əлдендіру үшін тайыншадай бір қой сатып əкеліп сойды. Сірə, жолдасжоралары мен туыстарына оны кезеккезек қонаққа шақыру жөнінде
астыртын тапсырма берсе керек. Жүкеңдерді көп жылдан кейін табысқан
досымен бірге қонақ етушілер көбейді. Бір ғажабы, екі кісінің басы
қосылса болды, орталарында шошайып тұратын шөлмек атаулы ол
қонақтықтарда қарасын мүлде батырған. Оның есесіне кеселерге шұбат,
қымыз құйылатын болды. Бұл да, дау жоқ, Жүкеңнің «ерекше тапсырмасы»
екені түсінікті еді. – Шіркін, ішімдіксіз қонақ шақыратын қазақы
қасиетімізді қайта тапқандай болдық-ау, – десті біреулері. Жəне бірімен бірі
келісіп алғандай əрқайсысы-ақ Қасекеңе шама-шарықтарынша біреулері
шапан, біреулері костюм, көйлек-көншек дегендей сый-сияпат беріп жатты.
Жүкең: «Сен шошқа да бірге жүресің!» деп қоймаған кей тұстарда мен де
ілесіп, бірге барар едім. Оның үстіне, осынау бір Жүкең мен өзімнің арақатынасымызды сəл салқындата жаздаған мақаладан соң жуырда
газетімізге «Жазылған жайға қайта ораламыз» деген айдармен оның
жалғасын жазып, бетімді əбден жылытып алғанмын. Ол мақаланың негізгі
кейіпкері, майдангердің қанды көйлек досы Жүкең болатын. Жолдасы үшін
кеудесін оққа төсеген майдандасын мына заманда дерттен жаман «жаудың»
қолында қалдырмай шын достық парызды ақтай білген Жүкеңнің ерлігі
көбірек сөз болған. – Мына бір дүниені оқып көріңізші, – деп, ол кісіге
газетті ұсынғанмын. Көзілдірігін киіп алды да, оқып шықты. – Ой, шошқа,
солай деші. Мені бір ақ қанатты періште ғып жіберіпсің ғой. Кез келген кісі
солай істеуге тиісті ғана бір міндет қой менікі, – деген.
– Біріншіден, мұндай істі кез келген адам істей алмайды. Екіншіден, бұл –
тəрбиелік мəні зор көпке сабақ. Ал үшіншіден, мен шындықты ғана
жаздым, – дегенмін. Дегенмен, мақтағанды кім жек көрсін, газеттің
бесалты данасын алдырып, достарына таратқанын білемін. Сондай
қонақтықтардың бірінде жиналған жұрт Қасекеңе «Жүкеңе төтелей келе
жатқан оқтан сіздің сақтап қалғаныңыз туралы мына ініміздің мақаласынан
оқып білдік. Соны өз аузыңыздан айтып беріңізші» деп өтініш жасар еді.
– Е, құдай-ай, сержант жолдастың ойдан шығарып жүрген гəбі ғой.
Əйтпесе оған атылған оқ маған тиюші ме еді? – деп жалтаратын. Сонда
ғана Жүкең сол бір оқиғаның мəн-жайын өзінше түсіндірер еді. –
Сталинградтың əр көшесі, əр үйі үшін қырқысып жатқан кез, – деп бастар
еді əңгімесін сол бір оқиға күні кеше ғана өткендей көз алдына бəрін
елестетіп отырып. – Жан бермек оңай ма, фашистер əр үйге, əр үйдің
қабатқабатына бекініп алып, беріспей жатқан. Екі көзіміз көшенің арғы
бетіндегі үйде болып, баррикадада бекініп жатқанбыз. Жауынгерлерімді
шабуылға бастау үшін енді кеудемді көтере бергенім сол еді, əлдебіреу дəл
жанымнан атылып кеп мені құшақтай жығылды. Сол сəтте атылған
мылтықтың үнін де естімеппін ғой. Қарасам, мені денесімен баса құлаған
осы Қасекең екен. «Байқасаңызшы, енді болмаса сізге тие жаздады ғой»
дейді жайбарақат. Сөйткенше біздің мергендердің бірі қыр желкемізден
үйдің бір терезесінде тұрған жалғыз фрицтің снайперін атып түсірді. Мені
қарауылға ілген сол бəтшағар екен. Терезеден шошайып шыға берген
мылтықты көзі шалып қалған Қасекең мені құтқарамын деп өз басын
қатерге тігіпті. Маған деген оқ бұл батырдың оң иығына келіп қадалған.
Содан госпитальда үш ай жатып, қатарымызға қайта қосылған болатын.
– Апыр-ай, жолдас деп, міне, осыны айт. Ғажап екен, – деп еді отырғандар.
– Е, мен бұған арналған оқ өзіме тие қойсын дегенім жоқ, тек мылтық
атылғанша жатқызып үлгіремін бе деген далбасам ғой, – дейді Қасекең өз
ісін ерлік деп баға беруге мүлде көнгісі келмей. Қасекең жарты айдай қала
аралап, өмірінде таза киініп алып тұңғыш рет сыйлы қонақ болып жүрген
соң ағы ақ, қызылы қызыл боп, қарға аунаған түлкідей мүлде жасарып
кеткен. Мүмкін, мол тамаққа емес, жарқын көңілге, адал достың ақ ниетіне
тойынған болар. Мүмкін, өзі үшін қадірі кете бастаған тіршілік дейтін тəтті
ұғымның парқын дертінен айыққан соң білген шығар. Əйтеуір, ол бұл
өмірге қайтадан келген, Жүкең алғаш ертіп əкелген Қасымханнан қазіргі
кезде мүлде басқа Қасымхан еді. Ағамыз еңбек демалысын алып, досын
еліне алып жөнелді. Жолай Теміртаудағы ұлына да соға келмекші болып
аттанған.
***
Ұядай үйіміздегі жылылықты бірқалыпты ұстауға тырысамын. Отын мол
екен деп отты дүрілдетіп көп жағар болсам, үйдің іші ысып, бала терлейді.
Тершең балаға суық үйір. Сондықтан отты деміл-деміл аздап қана жағамыз.
Егер ысыңқырап бара жатса Мұратты орап, тысқа таза ауаға шығарып,
үйдің есік-терезесін ашып, ауасын қоңырсалқындатып аламыз. Бұл да
Жүкеңніңақылымен, өзінің жиі бақылауымен жүргізілетін жұмыс.
Журналист атанып, редакцияда қызмет істеген соң газет тапсырмасын, өз
бөліміңнің кейбір келелі мəселелері туралы республиканың түкпіртүкпіріне жиі-жиі іссапарға шығып тұруға тура келеді. Ондайда от жағып,
су əкелу, дүкеннен екі үйге де азық-түлік əкелу үшін кезек-кезек адал
достар – Ақантай, Əскербек, Пернебай, Манарларды өз орныма қалдырып
кетемін. Мұндай міндет көбіне университетте бес жыл бірге оқып, бір
адамдай болып кеткен Ақантай мен өзіммен он жыл бір партада отырып,
мектеп бітірген, туғаннан жақын жан досым болып кеткен Əскербекке
жүктеледі. Оның үстіне қалыңдығы Алтынжамал мен Бағила бір факультет,
бір топта білім алған дос құрбылар. Екеуінің қол ұстасып, үлкен өмірге
қатар басуға бел байлауларына біздің ықпалымыз болғаны күмəнсіз еді. –
Шырағым, достардың арасында үлкен сенім болғаны қандай жақсы. Бір
сөзіңде: «Қызғаншақтығым да бар» деген сияқты едің, келінді достарыңа
сеніп, қалдырып кете беретінің көп жастарда кездесе бермейтін қасиет.
Мұныңа қызыға да, таңдана қараймын, – дегені бар Жүкеңнің.
– Нағыз доспын деген адам досына қиянат жасап, достыққа сызат
түсірмейді. «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» демеуші ме еді. Менің
достарым – өмірлік нағыз достар, – дегенмін. Олардың отбасыма от жағып,
су тасуы да досқа қызмет көрсету емес пе...
***
Тағы бір көктем келіп, Алматы бойжеткен қыздай жасанып, жасарып шыға
келген кез еді. Жүкеңнің үйінің дым тартқан қабырғалары дегдіп, əбден
жылынғанымен «қыстық резиденциямыз» – екі бөлмелі шағын
үйшігімізден əлі шыға қоймағанбыз. Бекер обалы қане, Жүкең де, шешеміз
де: «Тар үйге тығылмай өздеріңнің бөлмелеріңе кіріңдер» деп неше дүркін
айтса да, кейбір мəселелерге байланысты жылы орнымыздан қозғалмай
отырған жайымыз бар. Біріншіден, қыс айларында жə деп үй болған
баспанамыз жаз шығып, жер аяғы кеңіген соң тіпті қарлығаштың ұясындай
қимас бір əдемі мекен боп көрінген. Қанша сыйласып, сіз-біз дескен
жандар болса да, «Өз қотырыңды өзің қасып» дегендей бөлек есіктен
кіріпшыққанды артығырақ санағаным да рас. Сонан соң Жүкең Қасекеңді
алып кеткен сапарынан əбден көңілді оралған. Біріншіден, Қасымханын өз
отының басына қайтадан қосып, ажырасып кеткен зайыбымен қайта
табыстырып, əкеден күдер үзіп кеткен бала-шағасын қайта жинап, нағыз
достық парызын соңына дейін атқарып, екіншіден, өз ұлы Серіктен де
жақсы хабар естіп келіпті. Расында мен сырттай іні ғып жүрген Серіктің
«айта алмай жүрген» бір сөзінің бары расқа айналып, биыл жазда «əкешешесі рұқсат етсе» келін түсірмек екен. Оның үстіне Жүкең Серік жұмыс
істеп жүрген комбинат басшыларына жолығып, баласының Алматыға оралу
мəселесін де шешіп қайтыпты. Əрине, Жүкең мен Шағи шешейдің көктен
тілегендері сол бір келін түсіру жайы болып отырған күнде қандай рұқсат
жөнінде əңгіме болмақ. Демек, жуырда, бұл үйде ұлы дүбір той өтіп, келін
түсірілмек. Олай болса, менің ол екеуіне өтілім өтіп кеткендей бір бүйірден
киіп-жарып барып, бір бөлмесіне кіріп алуымның қисыны жоқ еді.
Сондықтан да əзірге осы үйдегі келін түсіріп, той жасау, құда күту сияқты
оқиғалардың өрбуін бағып, істің аңысын аңдып дегендей, тұра тұруды жөн
көрдім. Жүкеңнің қазіргі кезде тіпті қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Мұратты
көтеріп жүріп, қазақша, орысша, қырғызша, татарша əндерді айтуы тіпті
жиілеп кеткен. Күндіз-түні ойынан да, түсінен де шықпайтын бір-ақ
мəселесі бар. Ол – Серіктің тойын қалай өткізу керек деген əңгіме. «Тойды
қайда жасаған дұрыс? Ресторанға ма, əлде үйге ме? Ресторан болса, кесімді
уақытқа бағынған жұрт емін-еркін демала алмай қалмай ма? Үйде өткізсе,
күндіз-түні тойласа да, өз еріктері өздерінде, бірақ жер тарлық етпес пе
екен? Оның үстіне, «Жүсіп пен Шағи мойындарына бұршақ салғандай
болып жүріп, адамнан бір, құдайдан екі сұрап алған жалғыздарының тойын
үйлерінде жасағандары ұят болды» сияқты ағайынның қаңқу сөздерінен
тағы жасқанады. Құдалар жағынан кім келеді, оларды қалай қарсы алу
керек?»...
– Қойшы, əйтеуір, таусылмайтын осындай көп сауалдар тəп-тəуір, еттіженді ағамызды біраз жұқартатын түрі бар. Ішіне сыймай кеткен кейбір
күрделі мəселелерді көбіне менімен ақылдасып, шешкісі келеді. Əрине, мен
ондайда аянып қалмаймын, бірақ «əп-бəрекелді» дегізердей пайдалы
кеңесім де шамалы. Дегенмен, «Тойды ресторанда дүрілдетіп өткізгеніңіз
жөн. Дос бар, дұшпан бар. Аңыз ғып айта жүргендеріне жақсы. Ресторан
уақыты тəмамдалғанда жұртты үйге шақырыңыз. Келгісі келгендер келе
жатар. Ет жақын ағайындар, жолдас-жораларыңыз онсыз да келер» деген
кеңесім Жүкеңе қатты ұнады.
– Өй, шошқа сол, «ақыл – жастан» деген емес пе? Тұп-тура осылай
істеймін, – деп мені бір көтеріп тастады. Шешеміздің де бетіне қан жүгіріп,
бұрынғыдай сары уайым соқпай, көбірек күліп, көңілді жүреді. Ол да
өзінше Бағиламен əңгімелесе қалса, айтары той жайы, дастарқан мəзірі, өзі
əлі көрмеген келіні туралы, оны қалай сыйлап, қалай қадір тұтатыны
туралы болатын.
– Шалдың айтысына қарағанда, келініміз көргенді жерден шыққан тəрбиелі
бала дейді. Əке сыйлап көргені емес пе, біздің жаман шалды көргенде иіліп
тағзым етіп, сəлем салыпты дейді. Айналайынды қолыма аман-есен бір
қондырып алсам, басынан құс ұшырармын ба! – деп, келінін айналыпүйіріліп, сыртынан мейірін төгіп отыратын. Жүкең Теміртаудан
оралысымен темірді қызған кезінде соқпақшы болып, екі-үш ағайынын
ертіп, оған досы Қасымханды жолдан қосып алып, құдасына барып,
алдарынан өтіп келген. Тойға даярлану қарбаласы, əсіресе содан кейін
қызып жүре берген болатын. Тойға сояр семіз жылқы іздеп, екіүш күн
жүрді. Ақыры, көптен күткен той күні де жетті. Оған дейін Серік те жұмыс
орнымен есеп айырысып дегендей, үйіне біржола оралған соң, Алматыдағы
көп зауыттардың біріне орналасқан. Ініміз маған қарағанда бойшаң,
бетаузында міні аз, қыз дидарлы əдемі жігіт екен. Бір көргенде-ақ кісінің
ішіне кіріп кетердей үйірсек мінезі де қатты ұнаған. «Шіркін-ай, баяғыда
Жүкеңнің балалар үйінен басқа біреу емес, дəл саған тап болғаны қандай
жақсы болған» деп ойлаймын. «Жақсы ағамыздың бізге көрсеткен
жақсылығын қайтарудың бір сəті енді келді-ау» дегендей Бағила екеуіміз де
осы үйдің үлкен ұлы мен келініндей тойға білек сыбана кірісіп, қонақтарын
аяғымызбен тік тұрып, қарсы алдық. Алыстан артынып-тартынып,
Қасымхан ағамыз да жеткен. Қасына əйелін ертіп алыпты. «Жүкеңнің тойы
– менің тойым» деп күпілдейді. Келінді қарсы алған соң, айтулы
ресторанда өткен айтулы той дастарқаны жиналған соң, ырду-дырдуы екі
аптаға дейін тарамаған той қиындығына да төтеп бердік. «Бұлар –
пəтершілерім» деуге бізді қимады ма, əлде өзі «пайда үшін жалдап отыр»
деген артық əңгімеге қалмайын деді ме, келген-кеткендерге мені «немере
інім», Серікжанның ағасы деп таныстырады. Шыны керек қой, той тарқап
болған соң Жүкең де, шешеміз де: «Балалар көңіл сыйса орын жетер, келіп
бір бөлмеге кіріңдер» демеді. Мүмкін, үйді өздері салғанмен оның болашақ
иелері келген соң өздерімен өзі болып жүріп, бізді ұмыта бастады ма, ол
жағы маған белгісіз. Бұрынғыдай емес, ағамыз: «Əй, шошқалар, қазан
көтеріп əуре болмаңдар, бүгін лағман пісіріп жатырмын» дегенін де
естіртпей кеткен. Содан ба, олай етуге ешқандай моральдық хақым болмаса
да, Жүкең мен Шағи шешейді бізге қарағанда əлдеқайда заңды өз ұлы мен
келінінен қызғана бастаған сияқтымын. Тіпті өзім де олардың көздеріне
көп түсе бермеуге тырысатындаймын. Бір күні Бағилаға өз шешімімді
айттым. «Басқа пəтер тауып алсақ қайтеді?! Кеңсеге тым шалғай,
автобустың қатынауы да нашар. Екі күннің бірінде жұмыстан кешігіп,
əбден ұят болды. Көп ұзамай өз үйімізді де беріп қалар. Орталыққа таман
жақындасақ, дұрыс болар еді» деймін. Ол да менің көкейіме қандай ойдың
орнығып, ішімде қандай ала мысықтың жасырынып жатқанын білсе керек:
«Бұрын шалғай демей-ақ тұрушы едің ғой» демеді. Тек қана:
– Аға мен шешейге не деп сылтау айтамыз? Балаларым деп бауыр басып
қалған адамдарға еш-шəй деспей, «көшеміз» дегеніміз қалай болар? – деп,
ол мəселенің шешімін өзіме əкеліп тіреді. – Алдымен пəтер іздеп көрейік.
Сəті түсіп, орталыққа жақын жақсы үй кездесе қалса, ақсақалға айтар бір
жал табармын, – деймін, «Шешінген судан тайынбас» дегендей өз
шешіміме əбден бекініп. Мен тағы да «жазған құлда шаршау жоқ»
дегендей, көше кезуге аттандым. Неге екенін қайдам, менің пəтер табудан
жолым болғыш еді. Тіпті менің қаланың бір шетінен екінші шетіне лып
етіп, көшіп алғанымды қызметтес жігіттер білмей де қалатын. Бұл жолы да
жолым бола кетті. Қаланың батыс жақ шетіне таяу, «Тастақ» деп аталатын,
баяғы Шағи шешейдің төркіні тұрған мекендегі бір-біріне иық тірестіре
салынған қалың жатаған үйлердің арасындағы тар көшемен асықпай басып
келе жатқанмын. «Пəтерге жібересіздер ме?» деп көрінгенге жабыса кетуге
дəтім шыдамайды. Бірақ негізгі шаруа пəтер іздеу болған соң үн-түнсіз
жүре беруге тағы болмайды ғой. «Əй, осында «малтабар бөлме» болуы
мүмкінау» дегендерге жолығып, бұйымтай айтамын. Көбінен тауым
шағылып, тауаным қайтса да алған беттен шегінер түрім жоқ. Бір кезде
көшенің шаңы шығып, көйлекшең жүрер уақыт болса да, үстіне сұрша
күпəйке киіп, есігінің алдында барлық тіршілігіне риза кейіппен шелтиіп
тұрған қол тоқпақтай ғана жігіт ағасына тіл қатпаққа ниет қылдым. –
Ассалаумағалейкум, ағасы! – Салям, – деді ол қазақ тілін жаңа үйреніп
жүрген басқа ұлттың өкілі сияқты. «Е, алтайлық па, əлде сібірлік пе,
қазаққа ұқсас басқа ұлттың кісісі болды» деп түйдім. Ал қол тоқпақтай
қасқа бас ағамыз: «Не айтасың?» дегендей арзанқол папиросын екі езуіне
кезек ытқытып, бетіме сынай қарайды. – Что?! – деді ол бір кезде.
– Ағасы, пəтер іздеп жүр едім. Үйіміз салынып жатыр. Үш-төрт айда беріп
қалуы да мүмкін, – деймін, ол «Үйімде ұзақ тұрғың келсе, ала алмаймын»
деп бетімді қайтарып тастайтындай.
– Үйленген?
– Үйленген, үйленген, – деппін мен де соның ыңғайымен. Дереу сөзімді
түзедім. – Ə, иə, үйленгенмін. Кішкентай баламыз да бар.
– Пожалуйста, – деді ол папиросын лақтырып жіберіп.
– Дəл бір мені тосып тұрған адам сияқты алдыма түсіп алып, қақпаны
ашты. Ұзын шынжырын салдырлатып, тайыншадай қасқыр ит үйшігінен
атып шықты. Мен де жан-дəрмен бір-ақ секіріп барып, қасқа бастың ту
сыртына жасырындым. – Палкан-н! А ну к себе! – Палкан менің санымнан
бір тістеуге сілекейі шұбырғанша қызыққандай көзі жайнап, үйшігінен
сығалайды. Айбат шегіп, гүр-гүр ырылдайды. Палканнан жан қалды-ау деп
енді үйдің есігіне беттей бергеніміз сол еді, бақшаның ішінен қара ала,
сары ала сабалақ қос қанден жаужеттілеп, бізге қарай тұра ұмтылсын.
Өліспей беріспейтін сыңайлары бар. Шəңкілдеп, мазасыз дауыстарымен
жер-көкті бастарына көтеріп келеді. Иелерінің тұлғасы шағын болғанмен
даусы зор екен. – Мопсик, Шарик, а ну, прекратить! Место! Бұл – өз кісіміз,
– деген мағынада орыс тілін ғана түсінетін иттеріне біраз орысшалап ұрсып
еді, екі қанден бізден шегінгенмен, «Ойбай, біздің қораға бөтен кісі кіріп
кетті» дегендей мазасыз үрістерін үдете түскен. Арыстан кейіптес Палкан
желке жүнін күдірейтіп, айқын жаулық мінез көрсетіп жатқанда, тұқымы ит
дегені болмаса, шама-шарықтары үй қояндарының арғы жақ, бергі
жағындағы Мопсик пен Шариктің де жуыр маңда елдесер түрлері
байқалмайды. «Мейлі, адам адамгершілік көрсетіп, күйімізді ұғып тұрғанда
иттердің жасаған иттіктерін жата жастана көріп алармын. Сендердің
құндарың бірер кесек сүйек-саяқ екенін білемін ғой...» Ауылды жерлерде
баяғы кездерде бір бөлменің төрінен тесіп, есік жасап, ар жағына бір
бөлме, үш-төрт жылдан соң, оны тесіп, тағы бір бөлме салып, біріненбіріне өте беретін тізбекті, жалғас бөлмелері көп үйлер болушы еді. Менің
жаңа қожайынымның да мекені сол үйлер сияқты бірінен-біріне өте беретін
үш бөлмелі екен. Кіре беріс дəлізімен есептегенде төртеу. Төргі бөлменің
төргі бұрышына Иса пайғамбардың иконасы қойылып, дөдегесіне кестелі
орамал ілініпті. Кемі бір жыл су көрмесе керек, шаң басып, əбден кірлепті.
«Е, бұл байғұстың қазақшаға тілі келмей тұрғаны шоқынды сорлы болдыау. Алтайдың шалғай аулыдарында шоқынған бірлі-жарым қазақтар болады
деуші еді. Сондайлардың бірі болар. Мейлі ғой, біздің пайғамбардың
суретінде неміз бар, суреттің бізде несі бар? Тұра берсін!»
– Вот, үй осы, – дейді қасқа бас қожайыным.
– Менікі əйел былтыр жазда опат болған. Ех, Зиночка! Жақсы адам еді,
жарықтық... Менікі жалғыз тұрады. Түнде қиын. Жоқ, менікі ешкімнен,
ештеңеден қорықпайды, тек үндемей жүріп, үндемей жатқан, кісілердің
орнына иттермен сөйлескен қорқытады. Мың-мың, тағы мың-мың адамы
бар үлкен қалада жалғыз тұрған қорқынышты.
«Шамасы, икона əйелінен қалған мұра болар?!. Балалары ер жетіп, басқа үй
болып кеткен-ау. Сорлы шалды қаңқайтып, жалғыз отырғызып қоймай,
қолдарына алса қайтер еді! Əй, Жүкең айтқандай, əке қадірін білмес
балалар қайдан пайда болады екен? Əлде өзі мазасыз кісі болды ма?»
Менің ойымды сезіп қалғандай ол көңілімдегі сауалға жауап берді. – Зина
екеуіміз отыз жыл бірге тұрдық. Ол барда баламыздың жоқтығы да
білінбеуші еді. Вот, Зина опат болған соң ең болмаса бір баланың
болмағанына өкіндім. Сен осы үйдің бəрінде тұра бер. Мен мынау кіре
берісте тұрған диванға жатамын. Зина опат болған соң мен түпкі үйдегі
кереуетімізге жатпадым. Түсіме кіреді. Сендер де онда жатпаңдар. Басқа
қалаған кереуетке жата беріңдер. Пəтерақыны айына жиырма сомдай төлеп
тұрсаң жетеді. Тек, үйді күтіп ұстасаңдар, өз үйлеріңдей көрсеңдер болды.
А то, осында тағы бір қазақтар тұрған. Одним словом, жақсы балалар
болмады. «Айналайындар, үйді күтсеңдерші. Грязьдің ішінде тұрған
жарамайды» десем, «Бізді жалдап алған жоқсыз! Ақшаңды береміз бе?
Береміз! Енді не керек?» деп, маған «өпкелейтін» сөз айтады. Мəселе
ақшада ма екен? Рас, бір үйде тұрған соң бөтендік білдіріп, есептескен
жарамайды емес пе? Содан менікі оларға өпкеледі де, үйден қуып шыққан.
Ол «өкпелеу» сөзінің бір-екі əрпінің орнын ауыстырып, қате айтқаны аздай,
оның мағынасын да өзгертіп, «ренжудің» орнына қолданып тұрғанын
байқадым. Өзі бір можантомпайлау кісі екен, қайта қазақшасын жөндеуге
көмектесермін. Əрине, үйіне тұрып жатсам» деп ойладым. – Əрине, бірге
тұрған соң есептескен жараспайды. «Есептескен ел болмас» деген ғой, –
деймін, мен оны қостап.
– Ол жағынан еш қам жемеңіз. Тазалықты өзіміз де жақсы кереміз.
– Все! – деді, ол да іздеген адамдары жаңа табылғандай қуанып. – Қазір
көшіп келемін десеңдер де болады. – Отын, су дегеннің жайын да келісіп
алғанымыз дұрыс болар. Ол менің нені меңзеп тұрғанымды түсінбесе
керек, қарсы сауал қойды. – А, оның келісетін несі бар? Су – колонкада,
үйден жиырма-ақ метр жерде. Отын болса – қорада, ал да жаға бер.
– Жоқ, отынға ештеңе төлеуге тиіс емеспін бе, дегенім ғой. – Ради бога!
Вот, сендер, қазақтар, қызықсыңдар!
– Ол шақшиып бетіме қараған. – Сендер көшіп келмесеңдер, мен үйге от
жақпайды, что ли? Никакой ақы төлеу! «Бұл қандай қызық кездейсоқтық.
Маған кездескен адамдардың бəрі өмір соққысын көргеннен, əлде... басқаға
жақсылық, жасауға бейім жаралғандықтан, əйтеуір «Үйімде тегін тұрасың»
немесе «Анаған төлемейақ қой» деп мүлде қызық шарт қойып шыға келеді.
Өзім сияқты пəтерден пəтерге жиі көшіп жүретін «көшпелі» жігіттердің
қай-қайсымен сөйлессем де, олардың айтысы бойынша, қазір пəтерге кісі
жіберушілердің көбі ең аяғы басы артық бөлмелердің өзін пайда табудың
көзіне айналдырған. Шамалары келсе, неғұрлым айлық пəтер ақыны
көбірек алуға тырысып тұрады. Көбінің қояр шарты бойынша, бір бөлмелі
пəтер үшін отынды да өзің түсіріп, электр қуаты үшін де өзің есеп
айырысасың, оған қоса кем дегенде үш айдың пəтер ақысын алдын ала
төлеп қоюың керек көрінеді. Солардың ішінде үнемі тегін немесе мейлінше
жеңілдікпен тұрғызатын қожайындардың тек маған кездесе кететіні,
шынында да, таңданарлық оқиға еді. – Олай болса ақшаңды əр айдың
соңында беріп тұратын боласың. – Мен базарда мал саудасын жасап тұрған
саудагер сияқты оның қолын қыстым. – Есіміңіз кім болады, ағасы? Менің
есімім – Қуаныш. Танысып қоялық.
– Мен қайтадан қолымды ұсындым. – Николай Иванович Балагазов болады.
– Ол да қолымды қысты. Он, он бір жастағы баланың қолы сияқты
кішкентай саусақтары менің орташа ғана алақанымда көміліп қалса да,
оның өте шағын денесіне қарамай қарулы, шымыр кісі екенін бірден
сездім. Сол кішкене саусақтары-ақ қолымды кəдімгідей қысыңқырап
жіберді. – Осы кісі менімен қалжыңдасқысы келіп, есімін теріс айтып
тұрған жоқ па екен деген оймен жаңа танысымның айналасын əжім торлай
бастаған қысыңқы көзіне барлай қарадым.
– А что? Менікі аты-жөн ұнамады, что ли? Ей, богу, имя, отчеством
осылай, – деп ағамыз тағы бір сұмдығын көрсетіп, шоқынып жіберсін.
Түрітүсі – қазақ, тілі жартылай қазақша, тегі қазақ, бірақ аты ғана емес,
бүкіл заты, жаны орыстанып кеткен мына шүйкедей кісіден қарадай
шошына бастадым. «Бағилаға айтып көрермін. Ұнамаса, жолымыз ашық
қой, кете береміз». Расында да біреудің аты-жөнінде, тегінде, нанымсенімінде не жұмысым бар? Оны тексеру үшін немесе жөнге салу үшін
келмегенім белгілі, сондықтан бəріне де ризалық сыңай танытқан болып:
– Жөн, ағасы! – дедім. – Менікі көптен бері тамақты жалғыз ішіп жүрген.
Кісіге жаман екен. Кел, бірігіп шай ішейік, сонан соң барарсың көшіп
келуге.
– Жаңа қожайынымның «Тез көшіп келе қал» деп, жабыса түсуінің себебіне
қаныға түскендеймін. Жалғыздықтан жалыққан ғой, байғұс. Оның алғашқы
өтінішін де жерде қалдырғым келмеді.
– Ұлтым – қазақ, аты-жөнім орысша. Документ солай. Қайсыбіреулермен
Кəрім деп таныса да беретінмін. Қалай атасаң да, менің қарсылығым жоқ, –
деді ол шай үстінде. Шай үстіндегі жақын таныса түскен əңгімеден соң
бүгін кешке-ақ, көшіп келетінімді айтып, үйге беттедім. Ендігі уайымым
басқа үйге көшетінімді Жүкеңе қалай айтудың мəселесі. Оның екі туып, бір
қалған туысына жасамас жақсылығын желге ұшырып жібергендей үнтүнсіз өз жөніме кете беруге тағы жүзім шыдамайды. Жүкеңнің көңілі
үшін, нартəуекелмен жалған жал айтуға бекіндім. Үйге жеткенше ойлап
тапқан өтірігімнің түрі мынандай: «Жұмыс орным бізге салынып жатқан үй
біткенше маған жастар жатақханасынан бір бөлме берген. Беріп тұрған бір
бөлмені алмасам болмас. Оның үстіне жұмысыма да жақындау дегендей».
Екінші уайымым тағы бар. Ол өзі қазақ бола тұра төріне иконасын іліп,
шоқынып кеткен жанның үйіне тұруға Бағиланың келіспеуі де мүмкін еді.
«Жұмыс орным жатақхана берді» деу жөніндегі амалсыз айтар өтірігімді
Бағила та құптай кетті. Көңілімдегі екінші түйткіл де оңай шешілді. Бағила:
«Бұл қалай болар екен?» деп біраз толғанғанмен: – Бірақ өзі дұрыс адам
сияқты. Үйірінен адасқан сорлыны, бəлкім, қатарға қосып, сауабын
алармыз, – деген уəжімнен соң, оған да келісімін берген. Жүкең кешкілік
жұмысынан келгенше жасауымызды буып-түйіп, Алексей сыйлаған
үстеліміздің жиналмалы сирақтарын бүгіп дегендей, даярлық жұмысын
толық тəмамдап қойғанбыз. Ойлап тапқан «жаңалығымды» естіген кезде,
ол сөзіме риясыз сенді. – Е, шошқалар, сөйтіп кетеміз деңдерші. Олай
болса, қазір өзім апарып, орналастырып қайтамын. Сонан соң Мұратжанды
сағынғанда атасы шауып барып тұрады, – деп қисыны келмес, қиын
əңгіменің ұшығын шығарды. Мен Бағилаға қарадым, Бағила маған қарады.
Енді бұл қиындықтан шығар жол жоқ сияқты көрінген. Өтірікті бір айтқан
адамның екіншісіне де, одан арғысына да амалсыз баратыны белгілі ғой.
Мен тəуекелмен келесі əңгімені қиюластыра бастадым. – Оған əуре болып
қайтесіз? Орналасып, жиылып-терілген соң-ақ өзіміз шақырып, үйді
көрсетеміз. – «Мен алдында ендігі тұратын үйіме барған соң-ақ, бұл
кісілерді шақырып, өзіміз келіп дегендей араласып тұрамыз» деп
ойлағанмын. Енді қарасам, мынау қатар айтылған қос өтіріктен кейін өзіме
тиесілі пəтерімді алып болғанша бұл адамның бетін көре алмайтынымды
сездім. Бұл менің еш қаламайтын ісімнің бірі болса да амалсыз көнуге,
амалсыз осылай істеуге тиісті шешім болып қалды. Жүкең менің азар да
безер болып, «жатақханама» ол кісіні бүгін неліктен жолатқым келмей
тұрғанымды білмесе де, əрі қарай ештеңе демеді. – Айналайындар, – деді
ол бізге қарап. Əңгіме бастарында айтатын үйреншікті «шошқаларынан»
тұңғыш рет жаңылды. – Айналайындар, аз күн болса да сендерге кемпір
екеуіміз бауыр басып қалып едік. Серікжанымның бір-бірінен көз
жазбастай достары болса деп, қиналған сəттерде сүйеніш, қуанған сəттерде
бірге қуанатын достар болып кетсе деп тілеуші едім. Ол тілегіме жете
алмаған сияқтымын. Аз уақытта аралас-құралас болып кете алмаған
шығарсыңдар. Бірақ келін екеуіңе өкпем жоқ. Қайда жүрсеңдер де, аман
болыңдар. Бір жаман шалымыз бен шешеміз бар еді деп қолдарың тигенде
сəлемдеріңді беріп, өздерің аз күн де болса мекен еткен үйлеріңе қонатүнеп кетіп жүрсеңдер болғаны... – Қарақтарым, сөйтіңдер. Мына
Мұратжанға əбден бауыр басып қалып едік, келіп-кетіп тұрыңдар, – дейді
Шағи шешеміз де...
Жалдаған таксиіміз келесі көшенің қиылысына барғанда артыма мойын
бұрсам екеуі есіктерінің алдында əлі тұр екен. Өз үйіңнен алыс сапарға
бара жатқандай ма, əлде қимас адамдарың қалып бара жатқандай ма, бір
түрлі жан тебіренісі мені де баурап бара жатты. – Жақсы адамдар еді, –
дейді Бағила та ақырын үн қатып.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Түнде жай жатқаннан ба, ертеңіне беліме қорғасын байлап қойғандай
төсектен əрең тұрдым. Ертеңгілік шайымды асығыс іштім де, Құралай мен
шешесіне күндегі əдетім бойынша, көк арбаны есік алдына шығарып беріп,
жұмысқа кеттім. Осыдан ол екеуі біраз уақыт ағаш көлеңкесін қуалап, таза
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Біз Қалада Тұрамыз - 13
  • Части
  • Біз Қалада Тұрамыз - 01
    Общее количество слов 3817
    Общее количество уникальных слов составляет 2253
    31.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 02
    Общее количество слов 3795
    Общее количество уникальных слов составляет 2282
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 03
    Общее количество слов 3989
    Общее количество уникальных слов составляет 2304
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 04
    Общее количество слов 3931
    Общее количество уникальных слов составляет 2280
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 05
    Общее количество слов 3939
    Общее количество уникальных слов составляет 2224
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 06
    Общее количество слов 4046
    Общее количество уникальных слов составляет 2175
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 07
    Общее количество слов 3951
    Общее количество уникальных слов составляет 2210
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 08
    Общее количество слов 3982
    Общее количество уникальных слов составляет 2134
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 09
    Общее количество слов 3954
    Общее количество уникальных слов составляет 2275
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 10
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2300
    33.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 11
    Общее количество слов 3995
    Общее количество уникальных слов составляет 2226
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 12
    Общее количество слов 3953
    Общее количество уникальных слов составляет 2253
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 13
    Общее количество слов 3915
    Общее количество уникальных слов составляет 2239
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 14
    Общее количество слов 4111
    Общее количество уникальных слов составляет 2201
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 15
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2257
    35.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 16
    Общее количество слов 3916
    Общее количество уникальных слов составляет 2284
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 17
    Общее количество слов 4011
    Общее количество уникальных слов составляет 2297
    32.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз Қалада Тұрамыз - 18
    Общее количество слов 3414
    Общее количество уникальных слов составляет 2029
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов