Latin Common Turkic

Əйел – Əлем - 16

Total number of words is 3730
Total number of unique words is 2223
22.5 of words are in the 2000 most common words
31.9 of words are in the 5000 most common words
36.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ма? Бүгiнде сатиралық əзiлкеш отаулар көбейдi, анайы қалжыңбастар саны
да артып тұрған мынау “ұятсыздау” қоғамдағы сатираға көңiлiңiз тола ма?
– Адам адамды, халық халықты қайталайды. Қайталау атаулының бəрiн
ұрлық (плагиат) санау – қате пiкiр. “Ит үредi, керуен көшедi” яғни “Собака
лает, караван идет”. Қазақта да бар, орыста да бар. Ананы да, мынаны да
ұрлықшы санап, кейде бiреулер бiреулердiң обалына қалып жатады.
Ұрлық, ұрлықшы жоқ емес, бар. Өзiме келсем, тоналған кездерiм де бар.
Ұстап бергендер де болды. Өттi. Кеттi. Олардың аты-жөндерiн айтуды
ыңғайсыз санаймын. Бiр жаныма бататыны бiрлi-жарым өлең жолдарымды,
афоризмдерiмдi бiрнеше жерде бiраз адамның аузынан құлағым шалды.
Авторы қасында отыр, айтпайды. Бiр басылымда “Терминнiң бəрi – сөз,
сөздiң бəрi – термин емес” деген тақырыпқа көзiм түстi. Менiкi! Ондайда
“менiкi” деуiм де дұрыс емес шығар деп қаласың, өйткенi əңгiменiң
басында айтқанымыздай, адамды адам қайталайды ғой.
Ал, сатира – тəрбие құралы. Сатирада, əсiресе, сахналық сатирада сiз
айтқан ұятсыз сөздер жиi ұшырасады. Менiң хатпен сөйлесетiн əдетiм бар.
Құлаққа ерсi, тұрпайы естiлетiн сөздерден тазару жайын бiрер сахнагер
iнiқарындастарыма хатпен ескертiп қоямын. Рақмет, бəрi де бас изедi. Бiр
сахнагер сахнада “ кəрi қыз”, “отырып қалған қыздар”, – деп тұрып алды.
Қатты ашуым келдi. “Екеу болу бақытын күткен қыздарымыз, аруларымыз”
десе болмай ма? Əркiмнiң жұқа жерi бар. “Кəрi қыз”, отырып қалған қыз” да
олардың жұқа жерi емес пе? Тағдыры! Халық, “отырған қыз орнын табар”
деп жұмсартпай ма, неге ойланбай сөйлеймiз?
Екеу болу, жұп құру бақытын алдан күткен аруларымызды сайқымазаққа
айналдыруға қандай қақымыз бар? “Ұятсыз күлкiден” шығып кеттi ғой,
сондықтан да орнымен айтылған əзiл-қалжың тек қана көңiл көтеру емес,
жан сергiтетiн емшара болса игi!
– Əдебиетте қай сала, қай тақырып кемшiн жазылады деп ойлайсыз?
– Қазiргi заман, қазiргi уақыт мiнезiн, проблемаларын көтерген, ел
тамсанып айтып жүретiндей кесек туындыларды еске түсiре алмаймын.
Қателессем қаламдас-əрiптестерiмнен кешiрiм сұраймын. Фантастика көзге
аз түседi. Журналистикада очерк, фельетон, памфлет жанрлары “почти”
көрiнбей кеттi.
– Өзiнiз ойлаған, Құдай қуат берсе осы жағынан ой толғасам, қалам
тербесем деген дүниелер бар ма? Алдағы шығармашылық жоспарыңыз
жайлы бiрер ауыз əңгiмелесеңiз?
– Том-том болмаса да кiтаптарым там-тұмдап шығып жатыр.
Шығармашылық ой-жоспар баршылық. Сатирасы, ғылымы, басқасы бар –
уақытын, сəтiн күтiп үйде бiраз қолжазба үюлi тұр. Жан дүниесi таза,
адамға адал, көп қитұрқыны бiлмейтiн, бiрақ жалғандыққа, өтiрiк сөзге,
өтiрiк күлкiге шыдамайтын, бет-аузын бұзып, барған жерiн кейде астанкестен етiп қайтатын бiр сатиралық образды қашағаныма көп уақыт болды.
Көлденең көп шаруа киiп-жарып кетiп, соны ұзатып алдым.
– Аға, сөз соңында демократияға қатысты бiрер ауыз ой қозғай кетсеңiз.
Жалпы, бүгiнгi қазақ мемлекетi, қазақ қоғамы туралы көзқарасыңыз?
– Авторының аты-жөнi жадымда қалмады: адамзат ойлап тапқан бiр
құндылық – демократия, бiрақ оның өзi шала дегенге ұқсас жолдар бiр
əдебиеттен көзiме түсiп едi. Осы пiкiрдiң жағындамын. Демократияны
жоғары билiкпен ғана шектей беремiз. Демократияны бостандық, еркiндiк
мағынасында түсiнсек, бетiмен кету, ауа жайылып кету, ауызға келгендi
аталау демократия ма? Елдi қазiр сектанттар жайлап, басқа шығып барады.
Бұл не? Демократия! “Құдықтың сыртындағының бəрi ақылды”. Бұл да
демократияның əңгiмесi.
Қазақ мемлекетi, қазақ қоғамы жайлы əңгiме де, айналып келгенде,
халқымыздың салт-дəстүр, тəлiм-тəрбие, тiлi мен дiнiнен айналып кете
алмайтын түйiнi жоқ ұзақ-сонар əңгiме болса керек. Бүгiнгi əңгiмеде оның
бəрiн қамти алдық, алмадық оны бiр түйiндеп қойсақ. Оқырманға
айтарымыз да, жеткiзерлерiңiз де көп болсын.
Иə, қай заманда, қай қоғамда болсын, ұлттың жоғын жоқтап, барын
жұртшылыққа жария ететiн қолына қалам ұстағандар екенiн мойындар
болсақ, онда бұл тақырыптың нүктесi қойылмасы ақиқат. Халқымыздың
тағдыры, болашағы бейжай қалдырмайтын, үнемi жазғандарынан өз туған
халқының жазу мəдениетi ғана емес, сөйлеу мəдениетiне аса көңiл бөлiп,
əдептен əдемi иiрiм iздеп жүретiн бүгiнгi əңгiменiң кейiпкерi Умбетбай
ағаға қарап, шын мəнiндегi аса мəдениеттi қазақты тағы бiр көргендей
шаттандық. Кəрiге де, жасқа да аса iзетпен қарайтын, сабырлы-байыпты
жүрiс-тұрысының өзi үлгi ұстаздың бойынан қазақи тəрбиенiң тəлiмi аңқып
тұрғандай. Көптеген жылдар бойы ғылым мен жазушылықты қатар алып
келе жатқан ұлағатты ұстаздың журналистикаға бейiмi бар қабiлеттi
жастарды тəрбиелеу жолында шығармашылық табыс тiлей отырып,
қоштастық...
НҰРҒАЛИ НҮСIПЖАНОВ
Ол кiсiнi бiз бiлгелi қашан! Сонау балалық шағымызда əнi əлдилеп өсiрген
əншi ағамыздың бiздi таңғалдыратыны, қашан көрсең де өзгермейтiн, үнемi
бiр қалыптағы жүрiстұрысы, тiптi ептеп сызылған маңдайдағы əжiм
сызықтары болмаса қартаймайтындығы. Бойын тiк ұстайтын, аяғын
тəкаппарлана басатын кəдiгi əншiнiң осы бiр сырын бiлмек ой бiраздан
мазалаған-ды. Қазiргi қорлық-зорлықпен нан табатын, байитын
қайырымсыздау қоғамда, байиыған үстiне байи түссем екен дейтiн
тойымсыздау қоғамда үнемi өзiнiң сабырлы кейпiнен айнымайтын ол кiсiге
қарап қызығасың, қуанасың. Қазақстан Республикасының Халық əртiсi,
Мемлекеттiк жəне Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтарының лауреаты,
Қырғыздың Абылас Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың
лауреаты, Өзбекстанның өнерге еңбек сiңiрген мəдениет қызметкерi
Нұрғали НҮСIПЖАНҰЛЫМЕН əңгiме де осылай басталды.
– Нұрғали аға, Сiздiң шығармашылық өмiрiңiз, жетiстiктерiңiз тыңдарман,
көрермендерiңiздiң көз алдында. Осынша құрметке бөлене жүрiп, сахнада
да, өмiрде де бiр өзгермейсiз, шынында да бiз бiлгелi осы бiр қалыптасыз,
бет-əлпетте, тiптi жүрiс-тұрыста да бiр өзгерiс жоқ сияқты...
– Рақмет! Дегенмен, уақыттың еншiсiндегi нəрсе ғой, қанша қартаймаймын
десең де уақыт өз дегенiн iстейдi, керегiн алады емес пе?! Сосын ел
алдындағы жауапкершiлiкке де байланысты. Халықтың көз алдында жүрген
соң, қампиған қарын мен iркiлдеген семiздiктi емес, өнерiңмен қоса өзiңдi
көрсетуiң тағы керек шығар. Тамақты талғап жеп, үнемi қозғалыста жүрген
кiсiге де артық салмақ жабыспаса керек. Бұл бiр ғана жағы. Ол менiң
түсiнiгiмде қанымызға сiңген сабырлылық, ұстамдылық, тiптi үлкендердiң
ақ батасы болар. Өйткенi бiз қатарластар үлкендi үлкендей, кiшiнi кiшiдей
сыйлай бiлетiн, иманы жүзiнен төгiлiп тұратын тəрбиелi ортаның
түлектерiмiз, Бұл бiзден кейiнгiлерге топырақ шашу немесе арына тию
емес, əр ұрпақтың өзiндiк бiр ерекшелiгi, ұстанымы бөлек болатынын
өмiрдiң өзi-ақ көрсетiп келедi емес пе?! Одан кейiн адамның тегiне, қанына,
табиғатына да көп байланысты. Атақ даңққа мастанып, елдiң қошеметiн
көрмей жатып, еңбегi сiңбей жатып, жалына жал байлап шыға келетiндер
арамызда жоқ емес. Өз буына өздерi семiрiп, кiсi танымастай жағдайға
жететiндер де баршылық. Осы жасымызға дейiн ешкiмнiң көмегiне зəру
болмай, өз еңбегiммен келе жатқаныма тəубе деймiн. Бiреуден бiрнəрсе
сұрап, не қызмет бабын отбасымның қажетiне бұрып ешбiр басшының
мазасын алып көрмеппiн. Ал бүгiнде заман тiптi бөлек, ондай
сұранымпаздарды билiк басындағылар да, қызмет бабындағы басшылар да
жарата бермейдi. Ешкiмнiң алдын орамай, сыбағасына ұмтылмай бiр
жолмен, таза жолмен жүргенге не жетсiн! Бiз осыны ұстандық. Тойтомалаққа бармай-ақ, əлдебiреулердiң жекеменшiк əншiсiне айналмай-ақ,
халықпен, халық өнерiмен өстiк, өркендедiк!
– Нұраға, осы жерде Сiз орындайтын əндер табиғаты халықтық сарынға
бай, бүгiнгi арсын-гүрсiн той əуендерiне келмейдi ғой деген пiкiр туындауы
əбден мүмкiн, кейбiр əншi iнi-қарындастарыңызды ренжiтiп алмайық...
– Жоқ! Əн, өнер қашанда халық игiлiгi, өзiнiң төл туындысы. Рас, менiң
шығармашылығым халыққа жақынырақ. Дегенмен эстрадалық əуендер де
баршылық қой. Тойға бармайды емеспiз, барамыз, бiрақ той үстiнде əн салу,
бiз үшiн, əсiресе, өзiм үшiн үйренбеген, үйрене алмайтын, құптай алмайтын
жағдай. Бұл, ендi менiң жеке пiкiрiм, өмiрлiк ұстанымым. Ол үшін менi
ешкiм де сөге алмаса керек. Əншi ғана, өнер адамы ғана емес, жалпы кез
келген пендеңiз өзiнiң жаратылысына сай, көзге де, құлаққа да оғаш
əрекеттен таза болғаны абзал дер едiм. Ал бұл қасиет шығармашылық
адамдар үшiн тiптi қатаңдай ұстанатын ұстаным болса деймiн. Əншiлердiң
тойға қатысуы бүгiнгi жаңа қазақтар үшiн бəсекеге айналғалы қашан!
Кейiнгi жастардың арасынан небiр көмейлi əншiлердi көп iздемей-ақ табуға
болады. Небiр талантты жастар бар, сахнада елдiң құлағының құрышын
қандырып, елдiң сүйкiмiне айналғандарды əлгiндей бəсекенiң қазанына
апарып шыжғырып жүрген де өзiмiздiң қазекем. “Пəленшенiң тойында
пəлен əншi əн салдының” мақтанышқа айналғаны сонша, өзiмiздi қойып,
шетелден шақырушылар да осы қазақи мақтаншақтықтың кесiрi екенi дау
сыз. Абай айтпақшы, бекер мал шашпақтың керi, осы! Ақша жүрген жер
қашанда бəсеке, сосын таза еместiгi тағы бар. Таңдауын, талғамын халық
өзi-ақ талғап алар.
Осы уақытқа дейiн, сонау алпысыншы жылдардан берi қарай Қазақ
радиосының “Алтын қорында” IО6 автордың З50-ден астам əндерiн
орындаппын. Олардың iшiнде халық əндерiмен қатар орыс, украин, ауған,
монғол, шведтiң халық əндерi бар. “Алқоңыр”, “Япурай”, “Дедiмай-ау”
сияқты қазақтың халық əндерi мерейiңдi өсiретiн, шабытыңа шалқар шабыт
беретiн, əуенiне сөзi сай керемет дүниелер ғой. Жаңа Қазақ радиосында
жазылған дедiм ғой, сол бiр замандарда шығармашылықтың таза болуына
көркемдiк кеңестiң тигiзер пайдасы мол болды. Бiрнеше адамнан тұратын
онда сазгер де, əншi мен ақыныңыз да болды, керемет бiр топ жаңа туынды
болсын, бұрын жазылған дүние болсын, эфирге жiберер алдында сұрыптап,
саралап, əбден иi қанғанда ғана халық игiлiгiне ұсынылып жататын. Сол бiр
əдемi дəстүр қалғалы қашан, əркiм өзiнше тiрлiк кешiп кеткен тұсаусыз бiр
заман болды. Қоғамның басқа салалары сияқты емес, мəдениеттi, əдебиеттi,
өнердi бетiмен жiберуге болмайды. Мəдениет пен өнер жүгенсiз жерде
дұрыс қоғам да қалыптаспаса керек. “Өнер алды қызыл тiлдi” айтқан қазақ,
өнерсiз ұрпақ тiлсiз, дiлсiз,тiптi дiнсiз болып қалыптасуы мүмкiн екенiн
анау заманда-ақ зарлап айтып кеткен жоқ па? Бүгiнде қоғамда қып-қызыл
тартысқа, былайша айтқанда көкпарға айналып отырған ана тiлiмiздiң
ақсауын да осы бiр кемшiлiгiмiзден iздеу қажет. Басқа басқа, теледидардан
балаларға арналған қазақша мультфильмдердi бақылаңызшы, шынын айту
керек, жүйесiз, мақсатсыз. Қазақтың мiнген көлiгi не ат екенi, не есек екенi
белгiсiз, сүмiрейген бiр құбыжық дерсiң. Кейiпкерiңiздiң өзi не сөзi, не
жүрiсi қиқыжиқы бiрдеңе. Балаларға ұсынылған басқа ұлттардың ит-құсы
да, тышқан-мысығы да атылып тұр. Ширақ. Балаларымызға тұшымды
фильм түгiл, əлгiнiң экрандағы сөзi мен iсiне ересек өзiң түсiнбейсiң...
Қазақи тəлiм-тəрбиесi анық, көруге көз ұялмайтын туындылар бiрен саран
ғана. Ал, концерттiк бағдарламаларды айтудың өзi ұят. Бүгiнде кез келген
əндi табиғатына келсiн келмесiн бiр топ жалаңаш бишiлерсiз көзге елестете
алмайсыз. Айналайындар-ау, сахнаның киесiнен қорықсақ неттi,
көпшiлiктiң көзiнен қаймықсақ қайтедi?! Жартылай жалаңаштық,
сахнадағы ұятсыздық қайдан ендi?! Əжептəуiр əннiң сиқын бұзу, тайраңдау
бүгiнде үйреншiктi өнерге айналды, қол шапалақтап отыра беретiн
безбүйрек көрермен қалыптасты. Халықтық дəстүрлi əндер орындап
жүрген, салт-дəстүрлiк қалыптан ұзамаған, бүгiнгi эстрадаға бой ұрған,
дендеген заманда да өзiндiк қолтаңбасы бар кейбiр топтардың да кейде
əдептен асқанын көргенде көңiлдi кiрбiң шалады. Дегенмен, қанша
батыстың əумесер əуенiне елiктесек те, халық өнерiн, дəстүрлi өнерiн
жойып жiбере алмаймыз ғой, оның бəрi уақытша жын ойнақ. Бiрақ бiр
жүйелiлiк жетiспейдi. Бiз тыңдаушыларымыздың көңiлiнде жатталып,
өзiмiздiң шамамызды белгiлеп алған, қалыптасқан əншiмiз.
– Заманына қарай адамы, талғампаз қанағатшыл қазақтың орнын жаңа
қазақтар басты ғой... Ал өнер де ортаға, қоғамға қарай бейiмделген тəрiздi
ме, қалай?
– Əңгiмемiздiң басында айтқанымыздай, бүгiнде əрбiр шенеунiктiң бiр-бiр
серi, əншiлерi қоса жүретiнi жасырын емес. Белгiлi бiр топқа ғана қызмет
ететiндердi де шыққыр көзiмiз көрiп жүр. Дегенмен, өнердiң құдiретi,
өнердiң қасиетi ешқашан бəсеңдемейдi, жоғалмайды. Халық өзi-ақ iздеп
табады өнерпазын, сарайда болсын, сахнада болсын, жоқ, тойханаларда
болсын, бiрақ тыңдарманы, қол соғарлары сол қарабайыр халық қой. Былай
қарап отырсаңыз, жеке шақырып əн салдырса да, тойда билетсе де, өнер
халықтыкi. Мəселе, бұл жерде əншiде де емес, сол халыққа ұсынылып
отырған əннiң мазмұнында, өнегесiнде дер едiм. Əнiн де, сөзiн де, тiптi
орындаушысы да өзi талғамсыз шығармалар көбеймесе деген тiлек қой.
Атам заманнан өзiнiң тумысын өзгертпей, ұрпақтан ұрпаққа сəн
салтанатымен жеткен əн өнерiмiздi ақсатпай, бiз де болашаққа жеткiзсек,
бiзден кейiнгiлер де боямасыз, табиғи қалпында ұстанса деген тiлек қана
бiздiкi. Заман өзгерсiн, жаңарсын, тұрмыс өзгерiп, жақсарсын, пендеңiздiң
де жан дүниесi заманына қарай сана-сезiмi тұрақтанса, оған тек қана
халықтық өнердiң əсерi ерекше болатынын сезiнсе деген ниет. Заманына
қарай адамы дегеннен шығады, баяғының байлары сияқты бiр қауым елдi
асырап, ауыл-аймақтың берекесiн келтiре отырып сал-серiлерiмен, əншiкүйшiлерiмен қосарлана жүрсе бүгiнгi жаңа қазақтарға, жаңа байларға неге
мақтанбасқа! Қазақтың бiр байы бүкiл бiр ауылды асыраған, жетiм жесiрiн
жылатпаған, жұмыссыздық болмаған ғой. Бiр жағында соғыс жүрiп жатса
да, жесiр деген болмаған, бала тəрбиесiз қалмаған. Егер жаңағы жаңа
қазақтар осылай бiрбiрiне мейiрiммен қарап, қамқор бола бiлсе, бүгiнгiдей
қарттар мен балалар үйi көбеймес едi ғой дейсiң. Əйтпесе, жекеменшiк
əншiлерi барларға бұлай сұқтана қарамас едiк, “байдың малын байғұс
қызғаныпты” танытпас едiк,
– Нұраға, бұл пiкiрлерiңiз талайлардың ойында жүрген сауал десе де болар.
Айдарымыз “АРДАГЕР” болғандықтан, өзiңiз пiр тұтқан, ерекше
сыйлайтын азаматтардың iшiнен Димаш əкемiздi (Қонаевты) жиi айтасыз.
Сыйлас аға-iнi болып араласа жүре, Сiзден той-томалақта əн сұраған кезi
болды ма?
– Жоқ, Димекеңмен өнер адамы, əншi ретiнде емес, бiр ет жақын аға-iнi
сияқты араластық. Əрине, түрлi жағдайдағы кездесулер болды, бiрақ “ал
ендi əнiңдi айт, айт та қайт” деген өтiнiш те, бұйрық та болған емес. Елдiң,
жердiң тарихы, ауыл адамдарының тағдыры, жастар болашағы жайлы
тағылымы мол əңгiмелер ғана айтылатын.
Ол кiсiмен алғаш рет Құрманғазы оркестрiнде партия ұйымының
жететкшiсi болып жүргенде жолықтым. “Ойпырмай, Нұрғали өнермен бiрге
мынандай партиялық жұмыстың басын қалай бiрiктiрiп жүрсiң?
Шығармашылығыңа кедергi емес пе, қалай үлгересiң?” – деп сүйсiнiп,
қамқорлық танытқаны бар. Ол кiсiнiң iшi-бауырыма кiрiп, өзiне тарта
сөйлегенi бiздi қаншама жыл аға iнi болып сыйласуымызға жол ашты.
Менiң өнердегi өмiрiме алаңдаушылық бiлдiрiп, шығармашылығыма жаны
ауырғаны, кез келген пенденi толқытары сөзсiз. Оның үстiне мемлекеттiк
қаншама шаруалары бола тұра, қарапайым ғана əншiге көңiл бөлуi, соған
уақыт тауып əңгiме-дүкен құруы, қандай қарапайымдылық, көрегендiк
десеңiзшi! Маған ғана емес, жалпы өнер ұжымдарына көзқарасы ерекше
едi. Ол кезде шетелдерге, облыс орталықтарына концерттiк
бағдарламалармен жиi шығу, қазiргiдей қаржыға байланысты тұсауланған
жоқ. Оны айту парыз! Сондай iссапарлар кезiнде шетелдiк ағайындар
Димаш ағамызды жиi сұрап, сəлем жолдап жатады. Тiптi iзiмiзден iздеп
келiп, ол кiсiге жолықтыруымды өтiнген талай қандастарымызды өз басым
ертiп те барғанмын. Сонда кең дастарқан басындағы жолығысуларда тарихи
зерделi əңгiмелерге құлақ құрышын қандырушы едiк...
Бiрде екеумiз оңаша қалған сəтте маған таңғалып жүргенiн айтты. Мен қай
кезде не iстеп қойғанымды, нендей əбестiк жасағанымды ойлап сасып
қалайын. “Сенi бiлгелi бiраз уақыт болыпты, бiрақ өз басыңның не болмаса
отбасыңның шаруасын айтып бұйымтайлап көрмепсiң”, – дедi сəл жымиған
қалпы. “Көке, Қазақстанның болашағы үшiн, экономикасын көтерiп,
қаншама қала салынды. Ауылдың өзi қаламен тең дəрежеге жетiп қалған
жағдайы бар. Ал сол игiлiктiң ертеңгi күнi ұрпақтарымыз қызығын көредi,
игiлiгiне пайдаланады, оның iшiнде менiң де əулетiм бар емес пе, сол
жетедi” – дедiм. Ол ойланып қалды. Қалың қою қастарының арасы сəл пəл
дiрiлдеп, жанарын алысқа, сонау қар басқан Алатауға елжiрей қарап тұрып
қалды. Ал мен болсам, сондай үлкен басымен, республикадан тыс қаншама
қыруар тiрлiгi бола тұра, сондай ойға келiп жүргенiне таңғалдым,
сүйсiндiм.
– Нұраға, тағы бiр азамат туралы айтпай кетсек болмас...
– Əрине, Нұрағамыз, Нұрғиса Тiлендиевтей азаматтар жүз жылда бiр
туылады ғой. “Саржайлау”, “Елiм менiң”, “Ақ əже” сияқты əндерiн орындай
жүрiп, шығармашылық тығыз байланыста болдық. Ол заман шын мəнiнде,
өнердi құрметтеген, пiр тұтқан заман болды. Қазiр жеке өнер адамдарының
гастрольдiк шығындары шырқаған заманда сол тұстардағы өнер ұжымдары
iргесi сөгiлмей, iссапарларға топ тобымен шығуы соның айғағы. Жеке
концерт беру үшiн сарайдың, егер теледидарға түсу керек болса, оның
шығыны, билет өткiзу сияқты толып жатқан ұсақ-түйек болып
көрiнгенiмен, қаншама жүйкеңдi тоздыратын тiрлiк. Ал ол кезде ондай
шаруаға бас қатырмайтынбыз. Ұсыныстар, сұраныстар түсiп жататын.
“Отырар сазын” Нұрғисасыз елестету мүмкiн емес сияқты едi, амал жоқ,
оған да құлақ пен көз үйрендi. Өнер дегеннiң баламасы тəрiздi көрiнедi
маған. Қалақтай ғана қара шалдың бойындағы құдiрет... өнерге деген
құштарлық, ғашықтықты көрген бiз де бақыттымыз. Əсiресе, бiр орнында
тұра алмай теңселiп қазақтың күйiн бүкiл оркестрмен дирижерлiк жасап
тұрған бейнесi талай тыңдарманының жүрегiнде болса керек. Сондай
дарынды, халқының өнерiне барын салып, төгiлдiрiп кеткен ағалар iзiн
басып бiз де келемiз...
Нұрғали Нүсiпжанұлымен болған əңгiме осылай ардагер ағалары туралы
естелiгiмен жалғаса бердi, жалғаса бердi. Өзi жаңа ғана қалақтай деп
отырған Нұрағаларының iзiн басып, өнерде өшпес қолтаңбасы бар əншiге
қарап отырып, бiз де «шынашақтай болған тұлғадан ұлы дауыстар, əуендер
қалай ғана жарып жiбермей ұстап тұрады екен, не деген қоңыр үн...» деп
iштей тамсандық.
Жер жəннаты Жетiсу топырағында дүниеге келiп, Алматы Мемлекеттiк
консерваториясының əн факультетiнде жетi жыл оқып, Абай атындағы
Қазақ Мемлекеттiк академиялық Опера жəне балет театрында
шығармашылық қызмет атқарған күмiс көмей əншiнiң одан кейiнгi жиырма
жылдан астам уақыты атақты Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттiк
академиялық ұлт-аспаптар оркестрiнде жалғасады. Қазақ телевизиясы мен
радио хабарларын тарататын Мемлекеттiк комитетiндегi (1966-1976)
жылдарын нағыз шығармашылығының өрлеу, өркендеу жылдары деп
санайды əншiнiң өзi де риза көңiлмен. Ал, “Қазақконцерт” жанынан ашқан
“Жазира” аспаптық ансамблiнде жүрiп, талай жастарды тəрбиелеп
шыққанын да оқырман қауым өзi-ақ iшi сезер деп ойлаймыз.
БАҚЫТЖАН МОМЫШҰЛЫ:
ƏЛI КҮНГЕ БАУКЕҢНIҢ БАЛАСЫ БОП ЖҮРМIН...
Аты аңызға айналған батырларға қазақ халқы кенде болмағаны тарихтан
белгiлi. Дегенмен, қазақтың Бауыржаны бiреу ғана. Бүгiнде батырдың 100
жылдығына байланысты шаралар елiмiздiң əр облыс, аудан көлемiнде
басталып та кеттi.
Бiз батыр Бауыржан Момышұлына туған баласы Бақытжан Момышұлының
тұрғысынан үңiлудi жөн көрдiк. Қара шаңырағына жүрексiне кiрiп, ондағы
мамыражай қоңыр қазақи тiрлiкке көңiлiмiз толып, батыр ұрпағы өсiп-өнiп
отырған ошақтан марқайып шықтық.
– Бақытжан аға, Қазақстанда биылғы жыл – Момышұлының 100 жылдығы,
яғни Сiздiң əулеттiң жылы ғой. Үкiмет не деп жатыр?
– Əңгiменi сəлемнен бастайық. Газет оқырмандарын тарихқа енiп жатқан
Барыс жылымен құттықтаймын. Əр қазақтың отбасына береке-бiрлiк,
елiмiзге тыныштық тiлейiк.
Бiз үшiн, əрине, бұл жыл ерекше жыл, əкемiздiң жүзжылдығы аталып өтетiн
жыл. Дайындық бұдан үштөрт жыл бұрын-ақ бас талып кеткен. Сол кездегi əкiм Серiк Үмбетовтiң
қолдауымен Жамбыл облыстық əкiмшiлiгi жанынан ғылыми орталық
құрылды. Оны басқарған өзiмiздiң ағамыз, академик Мекемтас
Мырзахметов деген азамат. Солар əкемiздiң шығармаларын, хаттарын,
лекцияларын, 30 томдық энциклопедиялық анықтама кiтабын
шығармақшы. Содан кейiн «Өнер» баспасы фотосурет альбом шығарды, 15
томдық шығармалары да оқырман қолына тиiп қалар деп отырмыз.
Үкiмет тарапынан да бiраз қозғалыстар болып жатыр. Өкiнiшке орай, анық
бекiтiлген жоқ қой деймiн, өйткенi қағазға түсiрiлген жоба-жоспарын
əкелiп көрсеткен, бiрақ көңiлге онша қонбады. Ой-ұсыныстарымызды
қостық, оны қабылдай ма, қабылдамай ма, жоғары жақ өздерi бiледi. Бiрақ
əке аруағы алдында қарыз болып қалмайық деген оймен ептеп ұсыныстар
енгiздiк, кiм бiлсiн, бекiтiлiп қалар. Ал, жалпы ондағы iс-шаралар
мектептердегi кездесулер сияқты, жоғары оқу орындарындағы жүздесулер,
айтыс, мерекелiк концерттер ғана екен. Республика көлемiнде өтетiндей
ауыз толтырып айтарлық ештеңе де көре алмадым.
Əкем – əскери адам. Ол кiсi артына өшпейтiн, өлмейтiн əскери ғылым
қалдырған кiсi. Жасалған жоба-сценарийден əскери ештеңе көзге түспедi.
Көп жылдан берi қарай елдiң де, қоғамдық ұйымдардың да өтiнiп сұрап
жүргенi əкемнiң атында офицерлiк орден жасалса деген ұсынысын қостық.
Өйткенi, егемендiк алғалы 18 жыл болды, осы он сегiз жылдың iшiнде əкем
тəуелсiз Қазақстанның бiр жапырақ қағазына не наградасына ие болған жоқ.
Көпшiлiк қателеседi, кейде «Халық қаһарманы» деп жазып жатады. Ол
атақты əкем алған жоқ. Тiптi, кешегi үкiмет басшысына ұсынылатын
мерекелiк шараның жобасында да осылай аталыпты. Бiз қаһармандық
сұрамаймыз да, тiптi қазiргi кезде бұл атақ дəрiгер, саудагер, кəсiпкер,
əртiстерге де берiлiп жатыр. Кейде, бұл атақтың əкеме керегi де жоқ деп
ойлаймын.
Мен əскери шендегiлерге офицерлiк орден тағайындалса дегендi сұрадым.
Сосын бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi, əкемнiң алғашқы мамандығы финансистбанкир болған. Бұл кiсi Ленинградтың финакадемиясын бiтiрген. Қазiргi
«ТұранƏлем» банкiсi ол кезде «Промстрой» деп аталған. Осы банктiң
негiзiнде «ТұранƏлемнiң» 80 жылдық мерейтойындағы «Алғашқы қазақ
банкирлерi» деген тiзiмде əкем екiншi болып тұр. Академияны бiтiрiп
келгеннен кейiн осы банкте жұмыс iстеп, аз уақытта қызметi жоғарылап,
алған мақтау қағаздары мен сыйақыларының түбiртектерiне дейiн банк
архивiнде сақталыпты.
Осыдан кейiн маған тағы бiр ой түстi: “неге ескерткiш монета шығармасқа
деген?”. Əкемнiң жүз жылдығы қайталана бермейдi ғой, осы бiр ұрымтал
тұста осы тiрлiк те жүзеге асып кетсе деп ойлаймын. Содан кейiн тағы бiр
таңғалдырғаны, мынау Шымкент, Алматы қалаларындағы өткiзiлетiн
шаралар тiптi жоқтың қасы. Ал шын мəнiнде, əкем – Жамбыл мен
Шымкентке ортақ перзент. Əкемнiң туған ауылы ол кезде Жамбыл
облысына қараған. Түлкiбас, Сайрам Жуалыға қараған. Кейiн облыс аумағы
қағазға түскенде Жуалы Жамбыл облысына кеттi де, əкемнiң атабабаларының, туыстарының 11 ауылы Түлкiбаста қалып қояды да, ал 5 ауыл
бергi Жуалыда қалады. Сондықтан туған жер дегенде екi облысқа ортақ
перзент деп тұрғаным сол. Көнекөз қариялар бұл туралы жақсы бiледi,
əкемдi өз тумасы деп есептейдi. Бiрақ жобада Шымкент, яғни Оңтүстiк
Қазақстан облысы мүлдем жоқ. Ең бiр сорақысы, Үкiмет басшысы Кəрiм
Мəсiмовке дайындалған жобада “Кеңес Одағының батыры”, “Қазақстанның
Халық қаһарманы” деп тұр. Айналайындар-ау, сонда Президент
аппаратында отырғандар, жобаны жасағандар əкемнiң бұл атақты ресми
түрде алмағанынан бейхабар болғаны ма?!
Əн айтып, мерекелiк концерт, айтыс, кездесулермен шектелмей, ғылыми
конференциялар өтсiн, жыл бойы əскери бөлiмдерде əкемнiң жазып кеткен,
артына қалдырған үлгiөнегесiнен үздiксiз оқулар неге өткiзбеске?!
Əкемнiң атындағы №131 мектеп мұндай шараларды үнемi ұйымдастырып
жатады. Жақында №17 мектептегi өткен жиынға Зейнеп апаларың қатысып
келдi. Ал, жоғары оқу орындарының көпшiлiгi ақылы болғандықтан,
əйтеуiр ақшасын төлеп, диплом алса ғана болды, əлгiндей шаралар
ұйымдастырыла бермейдi. Оқу орындарындағы əскери оқулардың
барлығында əкемнiң отансүйгiштiгi, əскери патриоттық үрдiсi тереңдеп
жүргiзiлсе, əншейiн даңғазалықтың түк те қажетi жоқ. Елдiң, қазақтың
елдiгiне сын, өйткенi, қазақ үшiн, сол қазақтың ұлан-ғайыр кең даласын,
жерiн сүйiп өткен əкемдей қазақ батырлары жоқ емес, тарихтан оларды
сызып тастауға болмас, дегенмен, соңғы жүз жылда туған қазақтың
Бауыржаны бiреу ғана.
Бауыржан мен қазақ – егiз ұғым деп қабылдау керек! Өйткенi, қазақ əкемдi
бөлген жоқ, ал əкем қазақты бөлген жоқ. Сондықтан да бiздiң шаңырақтың
ғана емес, бұл елдiң, бүтiн қазақтың тойы болуға тиiс. Елдiң рухын,
жастарымыздың патриоттық сезiмiн оятатын той болуы керек.
Тағы айта кететiн нəрсе, 1991 жылы Қарамановтың премьер-министр
кезiнде, сол кiсiнiң қолы қойылған қаулыда Алматы қаласында əкеме
ескерткiш орнатуға қаулы шығарған. Сол қаулы əлi күнге жүзеге асқан жоқ.
Өткен жолы Панфилов паркiне қоямыз дедi де, комиссия құрылып, бiздi
шақырып, макетiн қарағанбыз. Көңiлiм толмады, образ жоқ, жансыз. Содан
кейiн Момышұлы көшесi мен Райымбек даңғылының қиылысқан жерiне
аллея ашып, тағы бiр орын дайындалды. Əуезов ауданының сол кездегi
əкiмi Əдiл Несiпбаев деген азамат бауырымыз дайындады. Бiрақ ескерткiш
қойылмады. Бұл жер қаланың сырты деп кейбiреулер рұқсат етпеген бе,
түсiнiксiз жағдайда қалып қойды. Қайта қалаға кiреберiстегi, əдемi-ақ жер
едi. Бiрақ бiздiң пiкiрiмiзбен санасып, шынын айту керек, сұрап жатқан
адам жоқ. Менi тыңдар құлақ болса, мына паркке қоюға қарсымыз.
Бiрiншiден, бұл паркте Отан қорғағандарға арналған Мəңгiлiк алау бар,
монумент тұр. Екiншiден, бiр жағында ауған соғысының батырларына
арналған ескерткiш, үшiншiден, батыр қалаларға арналған тас ескерткiштер
тұр. Əр мемлекеттiң президенттерiне арналған ескерткiштер тағы тұр.
Содан кейiн 28-панфиловшыларға арналған ескерткiштер де тұр, бiр
жағында Панфиловтың ескерткiшi жəне бар. Қысылып-қымтырылып
тұрған үш зеңбiрек, оның бəрiн былай қойғанда шiркеу тұр. Содан кейiн ол
жерде қазақтың керемет азаматтары Кəрiпжанов, Бөрiбаевтың зираттары
бар. Ал əкемнiң ескерткiшiн екi зеңбiректiң ортасына қоймақшы екен.
Төменгi жағы көкбазар. Ескерткiшке гүл қоямыз дейтiндердiң көлiгi түгiл,
өздерi де сыймайтын алақандай жер, тiптi қисынсыз.
Комиссияға шақырылғанымда осы ойларымды айттым. Өкiнiшке орай,
менсiз де шешiлiп қойған мəселе екен, көзбояу үшiн шақырылғандай болып
қалдым. Ескерткiштiң өзi де қолапайсыз, тек шошайған папахасынан
танымасаң, тiптi келмейдi. Əкемнiң бас киiм киюiнде де аңғарған адамға,
сырт көзге бiлiнбейтiн бiр ерекшелiк бар. Ол кiсi бас киiмiнiң төбесi əдемi
болып тұруы үшiн төбесiн жiппен жиырып киетiн. Образ жоқ. Осы
жүзжылдық ұрымтал тұс, мұнан қалып қойса,
Бауыржанға ескерткiш мүлдем қойылмай кететiн де шығар деген қорқыныш
та жоқ емес. Өйткенi, сонау 1991 жылдан берi қанша рет қаулы шықса да
орындалмай, жүзеге аспай бедерленген қағаздар бедiрейген күйi қалып
келедi. «Халық бармайды» деген сылтау ғана. Қаланың шетiндегi аудан
тұрғындары халық емес пе? Əкеме бас иiп, гүл қойғысы келгендер, қаланың
қай шетi болса да тауып барады.
Қала қонақтары болсын, жергiлiктi халық болсын баланемерелерiмен барып
серуендеп тұратын орнықты кең жерге қойылса деген ой ғой. Панфиловты
ұстазы деп екеуiн парктiң екi жағына қоямыз деген ойлары дұрыс та шығар.
Дегенмен, əкемнiң де ешкiмге қыстырылмай-қысылмай өзi-өз болып
жарқырап тұратын орны бар ғой.
Бауыржан жеке тұлға болуға тиiс. Астанадағы ескерткiштi орнатқанда
Бөрiбай Жексембин өзi бiрге жүрiп, менi жиiжиi шақырып, тынымсыз еңбек
еттi. Нəтиже жаман болған жоқ. Ақылдасып-кеңесiп шешкен дүние қашанда
ұнамды болады. Кез келген пендеңiздiң ата-анасының бет-бейнесiн, оның
жүзiндегi əрбiр ерекшелiкке дейiн елестете алатыны сияқты, мен де əкемнiң
мiнез-құлқының өзгерiсiне дейiн оның жүзiнен, көзiнен аңғаратынмын.
Қабағындағы, əсiресе екi қастың арасындағы сызығына дейiн көз алдымда.
Тiптi, əлгi ескерткiштiң тым табиғи, жанды шығуы да осы менiң көз
алдымдағы суретпен, əке суретiмен сəйкес келгенiнен болар. Сондықтан да
болар, ескерткiш көңiлiмнен шықты.
Əкемнiң өзiндiк ерекшелiктерi көп-ақ. Бас киiмнiң өзiн ерекше киетiнiн
айттым ғой. Ал ендi адамгершiлiк жағынан, заң жағынан да мен жалғыз
мұрагерiмiн, ұрпағымын. Сондықтан ол кiсiге байланысты кез келген тiрлiк
менсiз бiтпеуi керек. Ел-жұрттың бiлетiнiндей, мұны растайтын, тiптi,
қағазым да бар. Содан кейiнгi бiр ескеретiн мəселе, ол – орнатылатын
ескерткiшке ұзын-сонар сөз жазбай, қысқа да нұсқа болуы шарт. Мəселен
«Даңқты қолбасшы Б.Момышұлы» деп жоғары жағынан жұлдызын орнатса.
Ал Жуалыдағы ескерткiште Қазақстанның Халық қаһарманы деп жазулы
тұр. Əлдебiреулердiң сауатсыздығынан бүткiл елдi шатастыруға бола ма?
Қайталап айтуға тура келедi, республикамызда Елбасының ғана
жарлығымен тағайындалатын бұл жоғары атақ ол кiсiде жоқ, болған емес.
Саяси қате ғой, кейбiр ақпарат құралдарында да осылай жазылып жатады.
Менiң ойымша, қазақтың Бауыржаны қандай құрметке, қандай атаққа болса
да əбден лайық. Бiрақ солай екен деп ондай жауапты атақты жапсыра беруге
тағы болмайды ғой.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əйел – Əлем - 17
  • Parts
  • Əйел – Əлем - 01
    Total number of words is 3723
    Total number of unique words is 2434
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    38.4 of words are in the 5000 most common words
    44.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 02
    Total number of words is 3775
    Total number of unique words is 2372
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 03
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2209
    23.3 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 04
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2255
    22.8 of words are in the 2000 most common words
    33.6 of words are in the 5000 most common words
    39.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 05
    Total number of words is 3819
    Total number of unique words is 2357
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 06
    Total number of words is 3774
    Total number of unique words is 2294
    26.9 of words are in the 2000 most common words
    38.1 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 07
    Total number of words is 3670
    Total number of unique words is 2363
    25.5 of words are in the 2000 most common words
    36.0 of words are in the 5000 most common words
    42.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 08
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 2250
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 09
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2295
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 10
    Total number of words is 3719
    Total number of unique words is 2316
    25.7 of words are in the 2000 most common words
    35.8 of words are in the 5000 most common words
    41.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 11
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2286
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 12
    Total number of words is 3726
    Total number of unique words is 2303
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 13
    Total number of words is 3761
    Total number of unique words is 2256
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    31.9 of words are in the 5000 most common words
    37.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 14
    Total number of words is 3735
    Total number of unique words is 2376
    22.5 of words are in the 2000 most common words
    33.0 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 15
    Total number of words is 3754
    Total number of unique words is 2352
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    38.4 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 16
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 2223
    22.5 of words are in the 2000 most common words
    31.9 of words are in the 5000 most common words
    36.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 17
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2290
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    37.0 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 18
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2405
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 19
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2226
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 20
    Total number of words is 305
    Total number of unique words is 261
    48.1 of words are in the 2000 most common words
    58.7 of words are in the 5000 most common words
    63.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.