Latin Common Turkic

Əйел – Əлем - 13

Total number of words is 3761
Total number of unique words is 2256
22.2 of words are in the 2000 most common words
31.9 of words are in the 5000 most common words
37.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
1993 жылдан бастап менiң этнографиялық бiрнеше жинақтарым: “Жетi
қазына”, “Қазақ халқының əдет-ғұрыптары” атты кiтаптарым жыл сайын
басылып тұрды. Жəне оған қаламақы да алып тұрдым.
– Сөз басындағы əдебиет жайына қайта оралсақ.
– Сол тұралаған əдебиет əлi де оңып тұрған жоқ. Рас, аздап қаламақы
бөлiндi, кiтаптарымыз да шыға бастады. Бiрақ оның бəрi мардымсыз.
Жазушы еңбегiн алып тоймайды. Оқырман оқып тоймайды. Бұрын, осыдан
30-40 жыл бұрын бiр кiтабымыз шықса, ол бiздi бiрнеше жыл асырауға
жететiн едi. Рас, қазiр белгiлi қаламгерлерiмiздiң 5-10 томдық таңдамалары
шығарылып жатыр. Бiрақ тиражы əрi кетсе 1-2 мың дана ғана. Бұл басқаны
қойғанда кiтапханаларға жетпейдi, не оқырмандарға жетпейдi. Оқырмандар
қолына тимеген кiтапты бар деп айту қиын.
Мен өз басым əдебиет жоқ деп айта алмаймын. Халық бар жерде əдебиет
бар. Оқырман қауым бар. Бiрақ оқырман қауымның негiзi – əлi де сол аға
буын өкiлдерiмiзде тұр. Əдебиеттi iздейтiн де, пiкiр айтатын да солар. Қазiр
көпшiлiк: “жастар кiтап оқымайды” дегендi көп айтады. Халық жай
айтпайды, мен оған толық қосыламын. Жастардың көбi кiтапқа қарамайды.
Бұл жазушы, ақын жоқ деген сөз емес. Е.Ашықбаев, Иран-Ғайып,
С.Ақсұңқарұлы, Т.Ахметжан, Адай Сабыр, М.Қожахметова, С.Тұрғынбеков
шығармалары қандай. Кəкiмбек, Ғаббастар əлi сiлтеп келедi. М.Мағауин,
Г.Бельгер шығармаларын жұрт iздеп оқиды. Осы жерде тағы да ашына
айтатын бiр сөздiң ретi келiп тұр. Жазушылардың еңбегi еленiп, мемлекет
қамқорлыққа алып жатыр ма? Билiктiң 5-6 жазушыны жарылқағаны
жазушы қауымын көтерiп тастағаны емес. Керiсiнше, бiздiң мемлекетiмiз
өткен жылы əдебиетiмiздi тұқыртып, жазушылардың беделiн тағы да қатты
түсiрдi. Н.Айтұлы, С.Ақсұңқарұлы сияқты бəйгеден озып келген тамаша
ақындарымызды тобықтан қағып құлатты. Оларға Мемлекеттiк сыйлық
берiлмедi. Жазушылар қауымы жерге қарап қалды. Өздерiңiз
айтыңыздаршы, қазақ əдебиетiнiң тарихында Мемлекеттiк сыйлық
берiлмей қалған кез болды ма? Болған жоқ. Тiптi бiздiң қаламгерлер
Лениндiк, Мемлекеттiк, əлемдiк беделдi сыйлықтар алған жоқ па?! Қазақ
əдебиетiнiң беделi жоғары емес пе едi!
Ал, егемендiк алған кезде мынадай ұялатын жайға тап болдық. Бұл аталған
1- 2 ақын ғана емес, М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов бастаған салиқалы
қазақ əдебиетiнiң шекесiне тиген соққы болды. Бұл сөзiм билiкке жақпас,
бiрақ ақиқатты айту менiң азаматтық парызым. Бəрiн айт та бiрiн айт, ең
қиыны кiтаптардың жетiспеушiлiгi жазушыларымыздың еңбегiнiң
бағаланбауы халқымызды рухани аштыққа ұшыратуда. Тағы да айтамын
əдебиетiмiзге мемлекеттiк қамқорлық болмай, кiтаптар мен газетжурналдарымыздың тиражы өспей, арамшөптей қаптап кеткен зияндызиянсыз орыс əдебиеттерi азаймай, өз тiлiмiз өркендемей, iлгерi баса
алмаймыз.
– Дегенмен, соңғы 5-6 жыл iшiнде сiздiң “Қазақ халқының салт-түрлерi”,
“Қазақ халқының тұрмысы мен мəдениетi”, “Қазақтың дархан дастарқаны”
деген аса құнды кiтаптарыңыз 5-10 мың данамен жəне бiрнеше рет қайта
басылды ғой.
– Бұл кiтаптардың жөнi басқа. Өйткенi бұл тағылымы мен танымдық
еңбектерiм халықтың талабы мен талғамына сəйкес келдi. Ең бастысы
шетелдерге қазақ мəдениетiн танытатын бiрден-бiр танымдық еңбек болып,
қазақ, ағылшын, орыс тiлдерiнде басылды. Мəртебелi жерлерде сый-сияпат
есебiнде тарады. Қазiр əлемнiң 50-ге жуық елiне тарап кетсе де, өз елiмнiң
мектептерi мен кiтапханаларына əлi де жетпей отырғанына қиналамын.
– Сiздi сонау Кеңес дəуiрiнiң өзiнде қазақ тiлi, өз ана тiлi үшiн аз ғана
белсендi топтың бел ортасында жүрiп, қазақ мектептерiнiң тағдырына да
атсалысқаныңыз, бүгiнде аңызға, тарихқа айналғандай...
– Кеңес дəуiрi тұсында бiздiң халқымыздың тiлi ғана емес, мəдениетi де
барынша тоқырады халықтың рухы төмендеп, ұлттық болмысы да өзгерiске
ұшырады. 1989 жылдан бастап тiлiмiз туралы сөз қозғала бастады. Сəтiн
салғанда тəуелсiздiк алып, жер-жерде, облыс, республикада “Қазақ тiлi”
қоғамдары құрылып, олар белсендi жұмыс iстедi. Мен 1991 жылы Торғай
облыстық “Қазақ тiлi” қоғамының төрағасы болып сайландым. 1992 жылы
Алматыда қоғамның Халықаралық құрылтай съезiнде Ахаң мен Жахаңның
əруағы қолдап, менi сөзге бiрiншi шығарды. Мен, барлық шын сөзiмдi, ащы
пiкiрлерiмдi осында ашық сөйлеп, ашына айттым. “Бас кеспек болса да, тiл
кеспек жоқ” дедiм. Съезд делегаттары маған қатты қолдау көрсетiп,
дүркiрете қол соғып, дем берiп отырды. Үзiлiсте Республика Президентi
Н.Назарбаев əдейi келiп, қолымды алып, маған зор ризалық сезiмiн бiлдiрдi.
Қоғам барлық жерде жақсы жұмыс iстедi. Торғай облысының, Арқалық
қаласында көптеген жаңа қазақ мектептерi ашылды. Оларға лайықтап
сөздiктер, кiтапшалар шығардық. Арқалық педагогикалық институтында
қазақ тiлi мамандарын даярлайтын 2 жылдық курс ашылды. Өз басым
Арқалық қаласынан ұлт мəдениетi мен тiлiн тереңдетiп оқытатын арнайы
жеке мектеп, ашып онда он шақты мұғалiм жұмыс iстеп, жалақы алды. Бұл
кез – жұмыс жоқ, еңбекақы жоқ ауыр кезең болатын. Тiл мəселесi өте ауыр
əрi қиын едi. Арқалық қалалық кеңесiнiң сессиясында “Восточный” деген
көшенiң атын – А.Байтұрсыновтың атына өзгерту қанша дау болды
десеңiзшi! Əсiресе, осында өнiп- өсiп тойынған басқа ұлттардың ана
тiлiмiзге деген табанды əрi арсыз қарсылығы жүректi сыздатты. Бiз бұл
жерде өз тiлiмiздiң күшi арқылы ғана жеңiп жүрдiк. Ақыры сол жылдары
ашылған орта мектептер, бала-бақшалардың көпшiлiгi жабылып, халық
iргесi сөгiлiп, еңбек далаға кеттi. Сол кездегi ашылған ғажайып мектептер
мен балабақшалардың қазiр орны да қалмаған.
– Бүгiнде зиялы қауымды “зиянды қауым” санайтындар, жалпы сын
айтушылар көбейдi. Ақын-жазушыларды пiр тұтқан халық едiк, əсiресе,
бүгiнгi əдебиетшi – жастар, оқырман болсын, Кеңес дəуiрiне шошына, сыни
көзқарас қалыптастырған. Бұл пiкiрге қалай қарайсыз?
– Мұның себебi де жоқ емес. Бiздiң зиялы қауым өкiлдерi басылып қалған.
Күресте жалтақ. Мен Астана қаласында 6 жылдан астам уақыт тұрғанымда
кейбiр ғалымдар мен ақын-жазушылардың жалтақтығын, өз басы мен өз
жайын ғана күйттейтiн күйкi тiрлiгiн көрiп, таңғалдым. Мен олармен бұрын
сырттай ғана араласқаным болмаса, iштей көрген емес едiм. Өзiм бiлетiн
зиялы қауым өкiлдерiнiң кейбiрi атақ, мансап, сыйлық үшiн барын салатын
пенде болып шықты. Зиялы қауымның сөзiнiң билiкке өтпеуi, еңбектерiнiң
жарық көрмеуi, тұрмыстық жағдайының төмендеуi де жасырын емес.
Халықтың да зиялы қауымды ұмыта бастағаны сол себептi болар. Дегенмен,
аталған қауым мұндай жағдайда рухы мен намысын төмендетпей
Желтоқсандағы Жұбан мен Сафуан ағалардай атой салуы керек-ақ едi!
Кешегi Ахмет, Əлихан, Мiржақып əкелерiмiз жеңiлсе де, жеңiске бергiсiз iз
қалдырып кеттi ғой. Қайсыбiрiн айтасың, басшылықтан қолдау
таппайтындығын сезген жандар тiлiн тiстеп қалды.
Иə, мен Кеңес дəуiрiнде өстiм. Шын сөзiм, бiз сияқты соғыста өлген əкесiз
жетiмдердi жеткiздi, оқытты, тəрбие бердi. Соның арқасында мен көптiң
бiрi ғана емес жазушы болдым. Жəне өзiме лайық жұмыс iстедiм.
Халықтың əл-ауқаты да жақсы болды. Ең бастысы əр адамға жұмыс болды
бұл Кеңес кезеңiнiң жақсы жағы. Бiрақ коммунистiк саясаттың бiздiң
халықтың дiнi мен болмысына үнемi жоспарлы түрде балта шауып отырды.
Жүрсе аяғына, сөйлесе тiлiне тұсау салды. Қазақтық рух, салт-дəстүр,
ұлттық ерекшелiк мүлде жойылып бара жатты. Тiлiмiз тəлкекке түстi. Қазақ
азаматтарының өресi қанша биiк болса да, өз биiгiне көтерiле алмады,
көпшiлiгi əдейi қуғындалды. Былайша айтқанда бағы да, тiлi де байланды.
1928 жылғы тəркiлеу, 1931-1933 алапат аштық, 1937 жылғы жаппай жəне
жазықсыз репрессия, тағы басқа зорлық, зомбылық табы əлi де ел есiнде.
Осындай қырғында менiң атабабам да қырғын тапты. 1922 жылғы жұт пен
аштықта бабам өлдi. 1932 жылы атам өлдi. 1942 жылғы қырғында өз əкем
өлдi. Бұл бiр менiң ғана қасiретiм емес
Демек, Кеңес кезеңiне шошып қараудың толық дəлелi бар. Сондықтан ол
заманды аңсаудың қажетi жоқ. Оның басқа да зиянды əрекеттерi жеткiлiктi.
Ол кез əлеуметтiк-тұрмыстық жағдайы жақсы болғанмен қазақ сияқты
халықтарды түбi құрдымға жiберетiн қоғам болатын. Белгiлi қазақ ғалымы
М.Арын: “Кеңестiк дəуiрдiң ғұмыры ұзақ болғанда, қаскөйлiк əрекет жүзеге
асып, дəстүрдiң мүлдем жоқ болып кетуi де ықтимал едi. Онда тiл де жоқ
болатын едi. Ал тiл мен дəстүрдiң жоқ болуы дегенiң ұлттың жоқ болуына
əкелiп соқтырады”, – деп жазды. Шын сөз.
– Сiздi, əсiресе, жазушылықпен қатар, қазақтың тұрмыстық салт-дəстүрiне
деген көзқарасыңыз, тiптi жанашырлығыңыз дегенiмiз дұрысырақ болар,
ерекше қаламгер деп танимыз. Бүгiнде тиiп-қашып болса да, тойтомалақтарда болмаса, əлi де бұл тақырыпта ауыз толтырып мақтана алар
жағдай қалыптасқан жоқ. Сол салт-дəстүрдiң өзiн тəрбие тəрiздi отбасы,
ошақ қасынан бастаған жөн-ау ...
– Халқын сүйген адам, салтын да сүюге тиiс. Мен халықшыл жəне өз
халқымды барынша сүйетiн адаммын. Менi кейбiреулер “ұлтшыл” дейдi.
Менi Кеңес кезiнде де солай дейтiн. Мен оған ренжiмеймiн. Халқын сүйген
адам ұлтшыл болмай тұра алмайды. “Ұлтшыл” деген сөз анығына келгенде
“халқын сүйетiн адам” деген сөз. Мен де солардың бiрiмiн. Таза қазақы
ауылда, таза халық тəрбиесiн алып өстiм. Əке көрмесем де əкемдi көргендер
мен қазыналы қарттар кеңесiн алып, үлгiсiн көрдiм. Есейген соң халық
тəрбиесi мен оның əдеп, əдет, салт -дəстүрлерiнiң жəне оның үлгiлерiн,
тəлiмдерiн жазып отыруды əдетке айналдырдым. Ұзын сөздiң қысқасы бiр
өзiм салт-дəстүрлердiң 430-дан астам түрiн жаздым. Оның сыртында ырым,
тыйым, қағида, жөн-жосықтарын жəне жинақтадым. Не керек қазақ
тұрмысы мен мəдениетiне, ұлттық болмысына қатысы бар дүниелердi
жастай жинай бердiм. Бұған мəлiмет берген көпшiлiктiң де, өзiмнiң араб,
латын жазуларын бiлгенiмнiң де өте зор пайдасы тидi. Алғашында бұл
дүниелерiм басылмады. Оған жасыған, мойыған жоқпын. 1990 жылдан
бастап газет-журнал беттерiне үздiксiз жариялана бастады. Оны алғаш “Ана
тiлi” газетi жариялады. Қазiр Республикалық газет-журналдарға менiң осы
еңбектерiмдi жарияламаған баспасөз жоқ шығар. Жақау Дəуренбеков, Серiк
Əбдiрайымовтар жеке кiтабымды шығарып бердi.
Көп сөз не керек, 2004 жылдан бастап жоғарыда аталған 3 кiтабым
“Алматыкiтап” баспасынан (Э.Баталова) жыл сайын жарық көрдi. Оның
сыртында “Ана тiлi” баспасынан (Ж.Дəуренбеков) “Жетi қазына” атты 3
кiтаптан тұратын еңбегiм 6-7 рет қайта басылды. Мұның бəрi менiң аз
еңбегiмнiң жанғаны деп есептеймiн. Əңгiме, өлеңдерiм, ғылымитанымдық
жинақтарымды қосқанда 27 жинақ шығардым.
Қазiр, “Елiмiзде тарихымыз, тiлiмiз, салт-дəстүрiмiздi өркендетейiк!” деген
ұранды сөздер көп-ақ. Бiрақ сол салт- дəстүрiмiздi қалай жетiлдiремiз,
кейiнгi жастарға қалай үйретемiз. Бұл жөнiнде нəтижелi iс жоқ, тек көпiрме
сөз. Наурыз мерекесiнде ұлттық киiм киiп, киiз үй тiгемiз, дастарқанға
қойдың басы мен арақ қоямыз. Мұны ұйымдастырушылар өздерiнше ұлт
дəстүрiн насихаттадық деп бөседi. Қазiр ұлт мəдениетi туралы сөйлейтiн
“бiлгiштер” тiптi көп. Олардың қымыздың 40 түрi бар деп соғатындары да
бар. Авторы да жоқ, қай баспадан шыққаны да белгiсiз “Қазақ ырымдары”,
“Түс көру”, “Салт-дəстүр” сияқты дүмбiлез, сауатсыз кiтаптар көбейiп кеттi.
Салт-дəстүрiмiздi балабақшада, мектептерде, оқу орындарында оқыту
ешкiмнiң ойына келмейдi. Мен бұрын осы iстерге бағдарлама жасап
мектепте, жоғары оқу орындарында (Арқалық мемлекеттiк педагогикалық
институтында, Астана гуманитарлық колледжiнде т.б) оқытқан
болатынмын. Дегенмен жалғыз қаздың да, жалғыз қазақтың да үнi
шықпайтыны белгiлi ғой. Бiр қуанатыным мұғалiмдер, ата-аналар,
тəрбиешiлер, жастар менiң кiтаптарымды iздеп жүрiп алады, өзiме де
жолығады, алыстағылар хат жазады, шақырады. Бұл менiң еңбегiмнiң
халық қажетiне толық жарағаны ғой. Демек мен бақытты жазушымын.
Түбiнде менiң салт-дəстүр жөнiндегi еңбектерiмдi туған халқым тəрбие
iсiнде жүзеге асыратынына менiң еш күмəнiм жоқ. Олай болса, тəрбие
отбасы, ошақ қасынан бастау алуы қажет. Мен де, менiң замандастарым да
тəрбиенi солай алған.
Əр халықтың өзiнде, тарихында ұлт салт-дəстүрiнiң ортасы мен қызметiнiң
орны өте жоғары. Оны ештеңемен теңеуге де айырбастауға да болмайды.
“Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгiсi”, –
дейде батыр Бауыржан Момышұлы. Не iстейсiң қазiр өз ұлтын
сыйламайтын, салт-дəстүрден ада қазақтар өте көп, иə, өте көп. Маскүнем
еркек, əйел, жартылай жалаңаш қыз-келiншек, бетiмен кеткен жас.... өзiң
қорқасың. Астанада “Отырар кiтапханасының” бiр қызметкер əйелi өз
баласының сыныптасынан жоғарғы қабаттан ұлын шақырып берудi
өтiнгенде, анау бала ақысына 20 теңге ақша сұраған. Ең сорақысы
Парламентте ерлер екi əйел алу туралы мəселе көтергенде, депутат əйел:
“Егер еркек екi əйел, алатын болса, онда мен де бiрнеше күйеуге тиемiн”
дептi. Бұл бойында қазақ ұяты, қазақ қаны жоқ адамның сөзi ғой.
Осындайлар қалай Парламентте отырады? Е, бiз не iстемей, не көрмей
жүрмiз. “Өлiмнен ұят күштi” дейтiн едi. Шамасы сол ұят та кетiп барады-ау
деймiн кейбiр адамдар бойынан.
– Əдебиеттегi, өнердегi “жиендiкпен” (плагиаттық) жүздескен, кездескен
кезiңiз болды ма?
– Менiң “жанды” жерiмнен тидi бұл сұрақ. 2008 жылы менiң
шығармаларымды ұрлағандардың саны 44-ке жеткен едi. Жақында Ж.
Серiкбай деген 45-шi “жиенiм” табылды. Ол менiң “Халық ауа райын қалай
болжаған?” деген еңбегiмдi сол қалпымен республикалық газетке көшiрiптi.
Мұндай “жиендерiмнiң” iшiнде мектеп мұғалiмдерiнен бастап
профессорларға дейiн бар. Өкiнiштiсi сол, олар еш шiмiрiкпестен, анығы
ұялмастан менiң салт-дəстүрлер туралы үтiр, нүктесiне дейiн еш өзгерiссiз
көшiрiп еңбектерiмдi өз атымен жариялаған. Тағы да айтамын, менiң
дүниелерiмдi қанша рет пайдаланса да, авторын көрсетсе оларға алғыстан
басқа айтарым болмас едi. Өйткенi мен бұл дүниелердi халық үшiн жаздым.
Бiр қуанатыным менiң осы жазғандарым халыққа керек екен, пайдалы екен.
Мен соған сүйсiнемiн.
Осы iс жөнiнде авторлар қоғамы (М.Сқақбаев) көптеген ұрыларды сотқа
бердi. Жеңiп те шықтық, бiрақ осы iстi қарайтын соттар бiрнеше рет
əдiлетсiздiк көрсеттi. Соның бiр мысалын ғана айтайын, менiң 48 еңбегiмдi
өз кiтабына пайдаланған, ғалымсымақ iсiн қараған Астана қаласының
Алматы аудандық соты Диқанбаев өз шешiмiнде: “С.Кенжеахметұлының 1
шығармасын 48 рет пайдаланған” деп үкiм шығарып, 1 ғана еңбегiме
өтемақы алып бердi. “Мұныңыз қалай?” дегенiмде, ол: “Мен сотпын, үкiмдi
шығардым, жоғары жаққа арыздана берiңiз” дедi. Мұны Астана қалалық
соты да бекiтiп жiбердi. Ау, қанша бiлiмсiз болса да бiр кiтапқа бiр
шығарманы 48 рет пайдаланды дегенге бала да сенбейдi ғой. Бiрақ егемендi
ел соттары соған сенетiн көрiнедi.
“Ұрылар” мен “жиендерiм” əлi де жеткiлiктi. Олармен алдымен соттасып,
сот соңынан боқтасып, боқтасып болған соң боқ басып жүруден ендi
шаршадым əрi жиiркендiм. Осының бəрi ар-ұяттың азайғандығы, бiлiм мен
ғылымның арзандағаны, заңды əдiлеттiң кеткендiгi ме деп қорқамын-ау,
қорқамын.
– Сiздiң əйгiлi Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Амангелдi, Əлiби
туған жерде туып-өскенiңiздi бiлемiз. Торғайдағы сол жердiң қазiргi жайы
қалай?
– Рас, ұлылар туған өлкенiң ұланымын. Торғайым – менiң пiрiм. Мiржақып
əкемiзбен бiр ауылда, бiр Қызбелде, бiр Сарықопада тудым. Оған
мақтанамын. 70 жылдық өмiрiмнiң 60 жылы осы Торғай даласында өттi.
Туған жерiмнiң өскенi де, өркендеуi де, құлағаны да, құлдырағаны да көз
алдымда өттi ғой. Барлық шығармаларым осы Торғай жерiнде жазылды.
Торғай облысы екiншi жабылған кезде 3 ай қыс жылусыз, отынсыз,
жарықсыз, сусыз тас үйде отырдым. Амалымның жоғынан балаларым
арнайы үй салып, 2002 жылы Астанаға қоныс аудардым. Еуразия Ұлттық
университетiнiң “Отырар кiтапханасы” ғылыми-зерттеу орталығында
жұмыс iстедiм. Сол кездегi университет ректоры М.Жолдасбеков пен
кiтапхана директоры жазушы Т.Жұртбай маған айрықша қамқорлық
жасады. Ондағы бiрге iстеген 7-тен астам қыз-жiгiттерге шексiз ризамын.
Торғайға жылына 4-5 рет келемiн. Алғашқы жылдары жағдай өте ауыр
болғанын бүкiл Қазақстан бiледi. Бiр емес үш микроаудан ұлпатанымен
құлап, қирап жоқ болды. Жұрт жұмыссыз, мыңдаған халық ерiксiз қоныс
аударды. Еткен еңбек, төккен тер көз алдымда бордай тозып жатты.
Қаладағы 75 мың адамның жартысынан астамы көшiп кеттi. Дайын үйдi
құлатып, құрылыс материалдарын Астана, Қостанай, басқа да қалаларға
əкетiп, ептiлер үй салып алды.
Бұл үрдiс 10 жылға созылды. Уақыт өттi. Бiрақ 1916 жылы СанктПетербургтағы ақ патшаға қарсы найзамен шыққан халықтың өр рухы
сөнбептi. 1844 жылы Кенесары хан арқа тұтқан елдiң жiгерi жасымапты.
Абылай ханның айбарлы серiгi Шақшақ Жəнiбектiң қайраты қайтпаған
екен. Жастардың жалыны сөнбеген екен. Дүние түгенделер, құлаған үй
тұрғызылар, жоғалған мал табылар. Бəрiнен де өшпеген жiгер, сөнбеген
жүрек оты бар елге ештеңе жетпейдi. Мен соңғы бiрекi жылда осыны
көрдiм. Достарым мен замандастарым, қимас жерлестерiм менi елге
шақырды. Осы жылдың мамыр айында елге оралдым. Өзiм он төрт жыл
жұмыс iстеген Арқалық институты, оның ректоры профессор
Ж.Шаймарданов бастаған бұрынғы əрiптестерiм, достарым құшағын айқара
ашты. Кең пейiл, жайлы орын, жақсы жұмыс ұсынды. Бiр сөзбен айтқанда
туған Торғайыма оралдым. Астанадағы əсем үйiмдi балаларыма, жақсы
жұмысымды да қалдырдым. Маған үй де, жұмыс та табылады. Торғай елi
менсiз өмiр сүре алады. Ал мен Торғайсыз өмiр сүре алмайтынымды бұрын
да айтқанмын.
– Əдебиетте қай сала, қай тақырып кемшiн жазылады деп ойлайсыз?
– Қазiргi жастарда патриоттық сезiм мүлде аз. Бəрi де басқа ұлттың, анығы
орыстың тəрбиесi, үлгiсiмен өсiп қалыптасқан. Өз халқына, тiлiне,
дəстүрiне менсiнбей қарайды. Өз ұрпағың өз елiн, жұртын сүймесе бұдан
артық қасiрет жоқ! Ондай ұлтта болашақ та жоқ. Олай болса, бiзге
патриоттық, елдi сүйе бiлуге баулитын көркем дүниелер керек. Бiз аға буын
батырлар жырын, ертегiлердi, ерлiк дастандарды көп оқыдық жəне
Қобыланды, Ер Тарғындай батыр болсақ деп өстiк қой. Қазiр қарап тұрсақ
халық батырларының ерлiгiн өзiне үлгi ететiн жас ұрпақ ауылдарда əлi
аздап бар, қалада жоқ. Қазiргi тарихи тақырыптарда жазылған оқулықтар
мен əдебиеттердiң өзi жүзге, руға бөлiнетiн болыпты. Өткен тарихтағы
ерлiк оқиғаларда, Отан қорғау iсiнде жүз, ру, тайпа дегендер болмаған.
Елiмiз дұшпандарын солай жеңген.
– Өзiңiз ойлаған, Құдай қуат берсе осы жағынан ой толғасам, қалам
тербесем деген дүниелер бар ма? Алдағы шығармашылық жоспарыңыз
жайлы бiрер ауыз əңгiмелесеңiз?
– Өкiнiшке орай бiзде адам рухын түсiрiп, жiгерiн жасытатын оқиғалар көп.
Бұл əсiресе халық айтып жүргенiндей полиция, қаржы полициясы жағында
көп орын алады. Мұны кез келген газет бетiнен, əр ауданнан кездестiрiп
жүрмiз. Қостанай облысының Арқалық қаласының қаржы полициясы
(бастығы А. Əлмағанбетов) өздерi заңсыз iс қозғаған Ж.К деген азаматтың
туысы А.Əуезханов уақытша пайдалануға берген жеңiл машинасын
тəркiлеп алып кетiп, 4 айдан берi иесiне қайтармай отыр. Машинаның
заңды иесiнiң құжаты да бар. Заңды бетке түкiрген бұл əдiлетсiз əрекет
қазақтың “Күштiнiң к-i. диiрмен тартады” деген ерсi мақалына толық
сəйкес келедi. Мұндай жолсыз iстердi сол қазақ “ит те сүйектi к– не қарап
жұтады” деп сөзбен сойған. Заңды белден басқандар қазақтың мақалына
түкiргенi бар ма?! Бұл əрекет баяғы 1937 жылғы қуғын-сүргiндi қайта
əкелгендей əсер етедi. “Шаш ал десе, бас алатындардың” дəл осындай
“белсендiлiгi” əр жерде күн сайын кездесiп отырғанын баспасөздер жиi
жазып жүр. Құдайдан қорықпайтын, елден ұялмайтын, заңды күлкiге
айналдырған күш құрылымдарының жеке адамдарының күнi мен өмiрi
ұзаққа бара қоймас. “Қиянат қияметке кетпейдi” деген аталарымыздың
аталы сөзi бар. Қазiр, осы тақырып менi қатты толғандырып жүр.
Иə, өзiм ойлаған, Құдай қуат берсе, қалам тербесем деген ой əр қаламгерде
болады ғой. Əдебиет ақсақалы Ғабит: “Əдебиет кəсiп емес, өнер” деген.
Мен негiзiнен сықақшы жазушымын ғой. 2008 жылы таңдамалы сықақ
өлеңдерiм мен мысалдарымды шығардым. (Нұр-Астана баспасы). Ендi
таңдамалы əзiл, сықақ əңгiмелерiмдi (30 баспа табақтай) əзiрледiм. Қазiр
жаңа əңгiмелер жазып жатырмын. Этнографиялық əңгiмелерiм тағы бар.
Қазақтың тəрбиелiк салт-дəстүрлерiн мектептер мен оқу орындары,
балабақшалар үшiн методикалық нұсқау ретiнде шығармақпын. Ал, ұлт
болмысы жөнiнде, оның қағидалары мен жөн-жосықтарын əлi де
толықтыра, жалғастыра беремiн. Ол таусылмайтын қазына деп есептеймiн.
Маған қазақтың салт энциклопедиясын жазу тапсырылды. Мұны аяқтап та
қалдым. Сəтi келсе Қытай елiнен де кiтаптарым басылып келiп қалар.
– Аға, сөз соңында “демократияға” қатысты бiрер ауыз ой қозғай кетсеңiз?
– Демократия туралы елiмiзде əртүрлi пiкiр бар. Бiрақ бiзде ол əлi пiсiпжетiлмеген. Əркiм аузына келгендi айтып: “Бұл демократия”, – дейдi, ендi
бiреулер ойына келгендi iстеп “бұл да демократия”, – деп жүр. Демократия
негiзiнен мемлекетiмiз əбден нығайып, заң əбден күш алғанда, халық осы
жол мен тəртiптi толық игергенде ғана толық орнайды.
МҰЗАФАР ƏЛIМБАЕВ
Алпыс жылдан астам сөз маржанын тереңнен терiп, таспадай өрiп, сан
ұрпақты рухани кəусармен сусындата бiлген қабырғалы қаламгер, ақын,
жазушы, қоғам қайраткерi қазақтың Мұзағасы атанған Мұзафар Əлiмбаев
ағамыз да бүгiнде баба жасына жеткен халқымыздың ардақты ақсақалы
болып отыр.
Осы аяулы ақсақалымыздың 87 жасқа толар мерейтойы қарсаңында (29
қазан) «Түркiстан» газетiнiң тiлшiсi мен «Елшежiре» қоғамдық қорының
операторы ол кiсiнiң отбасында болып əңгiмелесiп, жеке мұрағат қорымен
танысып қайтқан едi.
– Мұзаға, əңгiмемiздi бүгiнгi əдебиет, мəдениет жайынан бастасақ.
Тəуелсiздiк алғалы жиырма жылға жуықтапты, осы жылдар iшiндегi
тəуелсiз елдiң тəуелсiз əдебиетi туралы ойыңыз. Қазақтың тiлi, əдеби тiлi
жайлы пiкiрiңiз?
– Бүгiнгi əдебиетiмiз жайлы салиқалы, салмақты пiкiр айту маған бүгiн аса
қиын, себебi көптен жүрек дiмкəсiне ұшырағандықтан замандас
қаламгерлердiң қалам қайратын қалтқысыз қадағалап отыруға дəрменiм
жетпейдi. Бұрынырақтағыдай елеулi деген туындыларды босатпай бас
салып, қолма-қол оқу, саралау қайда?! Шамам жеткенше қолыма түскенiнен
ынтыға сүзетiнiм, əрине, поэзиялық шығармалар.
Поэзиямыз, иншалла, абыройсыз емес, туған халқымыздың бүгiнгi арманаңсарын, көңiл күйiн əжептəуiр əдемi жырлап келе жатқан сияқты. Прозада
тарихи тақырыпты зерттей зерделеу басымдау көрiнедi.
Кеңес дəуiрiне кекiрейе қарайтындармен келiсу қиын. Сол кезеңде де қазақ
халқы тарих төрiнен ойып тұрып орын алар орасан табыстарға ие болды
емес пе?! Бұл шындықты ешкiм де мансұқтай алмас. Рас, өз тiзгiнiмiз
өзiмiзге тимеген, бодандық заман кештiк... Мəдениеттен, ғылым-бiлiмнен
жұрдай едiк, бəрiн де аға халықтан үйрендiк деп шiмiрiкпестен шындықты
бұрмалаған «сабаздар» да табылды. «Орыс тiлiн бiлмесең, өмiр сүруiң
қияметтей қиын болады», – деп балаларымызды жаппай дерлiк орыс
мектебiне бердiк. 700-дей қазақ мектебiмiз жабылып қалды... Балаңды орыс
мектебiне бермесең, ұлтшыл атанып, коммунист партиясы қатарынан шығу
– дағдыға айналды. Мен де балаларымды амалсыздан ана тiлi мектебiнде
оқыта алмадым... Үйде үйбике екеумiз бас болып ана тiлiнде сөйлегендiктен
үш ұлым да қазақ тiлiн жаман бiлмейдi, немерелерiм де аталар тiлiнде
сөйлеуге ынталы. Немерелер қате сөйлесе, белгiлi атауды түсiнбей
қолданса, ересектер табан астында түсiндiрiп отыруға тиiс.
Қазақы салт-дəстүр, əдет-ғұрып жаппай үрдiске айналмаса да, көбiнесе
сақталуда деп есептеймiн. Ұлттық тəрбиенi сөз етсек, үйiнде бiрыңғай
орысша шүлдiрлейтiн «жаңа қазақтар» тосқауыл боп отырғанын несiн
жасырамыз. Ал, жалпы алғанда қазақ тiлiне деген ықылас күшейiп келедi
деп ойлауға болады. Бұл мəселе жөнiнде баспасөз бетiнде беделдi тұлғалар
аз сөйлеп жатқан жоқ. Ана тiлiмiздiң көркемдiк қасиеттерiн, əуездiлiгiн,
бейнелiлiгiн, өрнектiлiгiн жан-жақты зерттей, аша түсiп, үгiтнасихатымызды үдете түсуге тиiстiмiз. Мұны оқымыстылар да,
журналистер де, жазушылар да жiгерлене үздiксiз көтеруге борышты. Бұл
насихатқа радио да, теледидар да толассыз, бiлек сыбана бiлiктiлiкпен
атсалысса құбақұп, нұр үстiне нұр! Кiтаптардағы, газет-журнал беттерiндегi
сөздердi жаңсақ қолданыстарды батыл сынау тəжiрибесi тереңдей түссе
екен. Өзге түгiлi тiптi тiл мамандарының өздерi де жазғандарында сөздердi
бұрып қолданатыны қынжылтадыақ. Басқаларға не жорық, «Ана тiлi»
газетi, ондағы қаламгерлер тiлдегi салақтықты қырағы сақшыдай қалт
жiбермей, əдiл сынап отырса екен деген тiлек айтқымыз келедi. Қазақ тiлi
жанашырлары осыған жаппай белсене кiрiссе, лексика тазалығы кiршiксiз
болар едi. Баспасөз беттерiнде бүкiл халықтық мүдделердi ерлерше
қорғауға, елiмiздiң ақсақалдарынан бастап, жасөспiрiмдерiне дейiн тарта
бiлейiк, осыған жасынан қызықтыра үйретейiк. Ұлттық намысты ту ғып
көтеру қандастарымызға тəн қасиет болуға тиiс! Соған баршаның көзiн
жеткiзе бiлсек, ғанибет.
Оқысақ та, қызмет атқарсақ та, түрлi жарыстарға қатыссақ та, тек ұлттық
намыс тұрғысынан қарайық. Бұл ұлтшылдық емес, ұлтжандылық!
Ұлтшылдық өзге ұлттың намысын аяққа таптасам дегендiк. Шындап
келгенде, ұлтшылдық – бұл делқұлылық, тентектiк, озбырлық.
Ұлтшылдықтың жолын кесу, тосқауыл қою – бəрiмiздiң интернационалдық
парызымыз. Орысқа да, қазаққа да, ұйғырға, татарға да... Баршаға осылай
деуден талмайық.
– Əдебиеттегi, өнердегi «жиендiкпен» (плагиаттық) жүздескен кезiңiз
болды ма? Көптеген жырларыңызға əндер жазылды, бүгiнгi əн текстерiнде
қазақшылықтан басқашалау үрдiс басым дегенге қалай қарайсыз?
– Əдебиетте, өнерде «жиендiк» деген əрқашан бой көрсететiн мiнез. Маған
жас талапкер кезiмнiң өзiнде де жиендiк жасаушылар болды. Мен қазақ
радиосынан жаңа өлеңдерiмдi оқыдым. Сол туындыда «долларыңнан» ,
«долбарыңнан» деген ұйқастар бар едi. Арада алты күн өтпей жатып-ақ бiр
ақынсымақ соларды пайдасына асырып, қажетiне жаратып, өлең жаза
қойыпты, сонысын газетке бастырды да. Бұл жылдарда менiң жаңа
афоризмдерiмдi бiтеудей немесе «өңдеп» өзiнiкi деп жариялаушылар да аз
ұшыраспады. Солармен соттасып жатуға арым шыдамайды, мұршам да жоқ.
Дегенмен де баспасөз беттерiнде де, радио мен теледидарда насихаттауды
аяусыз əшкерелеудi үздiксiз үрдiске айналдырса iзгiлiк деп танылары хақ.
Əн-өлеңдер жайында кезiнде мен талай-талай зерттемелер жаздым. Бүгiн
де жазғым келiп кетедi. Оған құлық болғанмен қуат қайда?!
«Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Маралдым» сияқты шынайы халықтық
əн боп шырқалған əн-өлеңдердей туындыларды тап бүгiн жазу қолымнан
келмес едi. Əн-өлеңдердi мен екi жолмен жаздым. Бiрде дайын əнге
сазгердiң тапсырмасымен, бiрде өзiмнiң құштарлығыммен өлең тудырып,
сазгерге əн жаздырдым. Олардың ырғақтамасы мен ұйқаснамасы əр алуан.
Мəселен, «Ақсұңқарым» əнiнiң қайырмасы 15 тармақ яғни 15 жолдық өлең.
Əн-өлеңдерiмдi жеке жинақ етiп бастырудың сəтi түскен екен. Басылым
«Ақмаңдайлым» деп аталып, 1984 жылы «Өнер» баспасынан шықты. Одан
кейiн жаңалаған жоқпын.
Алғашқы тырнақалды өлеңiмдi он төрт жасымда анамды жоқтап, 1937
жылдың көктемiнде шығарған екенмiн.
«... Өкiнем ерте өмiрден өткенiңе,
Көре алмай қызығымды кеткенiңе.
Өзгелер өз баласын еркелетсе,
Жетiмдiк сүйегiме жетпедi ме?!» – деп көзiме жас толып отырып, ауызша
айтқан ащы зарым осы болыпты. Жалпы, аналардың асыл тағылымына
арналған өлең-жырларым бiрқыдыру шығар-ау...
Ал, қазiр ше?..Əнiн де, өлеңiн де өзi жазып, өзi шырқайтын «əмбебаптар»
төбе көрсетедi. Бiржан салдар көбейсе құба-құп қой... Əттең олай емес!
Солардың əн-өлеңдерi газет-журналдарда жарияланғанын оқып, қарның
ашады... Редактордың талғамсыздығына қайран қаласың. Өлең мəтiнiнде
елдi елең еткiзер ерекшелiк, жамағатқа «Па, шiркiн!» дегiзерлiк жаңалығы
жоқ, тым құрыса ежелден-ақ белгiлi ойды өзiнше бейнелеп жатса бiр сəрiау. О да қарасын көрсетпеген. Көкжасық, көпiрме сөздер ғана. Аты бар
əншiлерiмiздiң сондай сөлсiз сөздi əндердi қалай ғана таңдап алғанына
түсiнбейсiң. Жастардың талғамын бұзатынын ескермегендерi қалай?! Қай
газеттен ұшыратқаным қазiр есiмде жоқ, əйтеуiр мынандай əнөлең мəтiнiн
оқығаным бар:
«... Қанша жылдар өттi,
Өзiңдi көрмегелi
Өзгермептi сол нəзiк үнiң
Сағымнан нұр жамылған,
Басыма қонған құсым менiң,
Қадiрлiм, қиналасың
Несiне ойланасың
Көңiлiң құздай күңiренiп
Жолымыз екi тарау
Тағдырға бар ма амал
Тiршiлiгiм өзгерер өмiр...»
Иə, сiз осынау сөздер үйiндiсiнен не ұқтыңыз? Мəн-мазмұны мынау екен
деп тəптiштей аласыз ба? Өлеңде ұйқас деген болушы едi ғой. «Көңiлiң
құздай күңiренiп» сияқты метафоралы теңеуi қандай əдемi?! Əттең, бүкiл
мəтiн осындай өрнектен құралса ғой. Бұл сырын айтып отырған бұрынғы
ғашығы ма, əлде бейтарап бiреу ме?
Жұмбақтай бұлдыр,
Тұмандай күңгiрт...
Сазына қанша елтiсе де, санасы самалалы пенде ынтызар көңiлмен осы əндi
шырқар ма едi? Əй, қайдам?! Əн мəтiнi тыңдарманды бейжай қалдырмай,
сезiмiне от беруi керек емес пе?! Iңкəрлiк ғашықтар лебiзiнiң өзегi болушы
едi ғой. Əттең, оны таппадым-ау. Өкiнтетiн əн мəтiндерi тым көбейiп кеттi.
Жасық өлеңдердiң жолын кесудi көп болып, қол ұстаса ойласуымыз қажетау!
Бiреулердiң есептеуiнше, менiң əн-өлеңдерiмнiң саны үш жүз елудей екен.
Ұлы композитор, талайлы талант Ахмет Жұбановтан бастап, Латиф
Хамиди, Нұрғиса Тiлендиев, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов,
Əбiлахат
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əйел – Əлем - 14
  • Parts
  • Əйел – Əлем - 01
    Total number of words is 3723
    Total number of unique words is 2434
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    38.4 of words are in the 5000 most common words
    44.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 02
    Total number of words is 3775
    Total number of unique words is 2372
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 03
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2209
    23.3 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 04
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2255
    22.8 of words are in the 2000 most common words
    33.6 of words are in the 5000 most common words
    39.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 05
    Total number of words is 3819
    Total number of unique words is 2357
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 06
    Total number of words is 3774
    Total number of unique words is 2294
    26.9 of words are in the 2000 most common words
    38.1 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 07
    Total number of words is 3670
    Total number of unique words is 2363
    25.5 of words are in the 2000 most common words
    36.0 of words are in the 5000 most common words
    42.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 08
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 2250
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 09
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2295
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 10
    Total number of words is 3719
    Total number of unique words is 2316
    25.7 of words are in the 2000 most common words
    35.8 of words are in the 5000 most common words
    41.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 11
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2286
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 12
    Total number of words is 3726
    Total number of unique words is 2303
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 13
    Total number of words is 3761
    Total number of unique words is 2256
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    31.9 of words are in the 5000 most common words
    37.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 14
    Total number of words is 3735
    Total number of unique words is 2376
    22.5 of words are in the 2000 most common words
    33.0 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 15
    Total number of words is 3754
    Total number of unique words is 2352
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    38.4 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 16
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 2223
    22.5 of words are in the 2000 most common words
    31.9 of words are in the 5000 most common words
    36.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 17
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2290
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    37.0 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 18
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2405
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 19
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2226
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 20
    Total number of words is 305
    Total number of unique words is 261
    48.1 of words are in the 2000 most common words
    58.7 of words are in the 5000 most common words
    63.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.