Latin Common Turkic

Əйел – Əлем - 12

Total number of words is 3726
Total number of unique words is 2303
29.5 of words are in the 2000 most common words
41.6 of words are in the 5000 most common words
48.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қолында қылқаламы бар, натурасы бар, яғни аң-құс болсын, тірі пенде
болсын салатын дүниесі бар, соны салады. Ал композитордың музыкалық
аспабы бар, нотасы бар, сонымен жазады. Салыстырмалы түрде айтар
болсақ, мүсіншінің де өз өнімі өзінде, ал бізде, драманың артистерінде өзі
ғана. Бұл – жеке пікірім.
Режиссердің көмегімен сахналанған шығарма арқылы сіз бен біздің рухани
араласуымыз, сахна мен залдың арасындағы қарым-қатынас, үйлесімділік
қалыптастыруға ұмтылыс жүреді. Содан кейін «сквазной действие» деген
болады. Спектакльдегі автордың айтайын деген идеясы. Пьесаңыз əдеби
шығарма ғой, ал спектакль мүлдем басқа.Оның үстіне, əдеби тіл
шұбарланған заман болды. Шынын айту керек, қазір артистерге құрал –
оқитын кітап жоқ! Қазақта талай режиссерлар болды, Маман Байсеркенов,
марқұм Асқар Тоқпанов, солардың өзі мен сияқты орысша-қазақша оқитын.
Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының өзінде орысша-қазақша.Тіл
шұбарланған жерде сөз-сөйлем құрылысының да бұзылуы заңдылық.
Күнделікті қолданыстағы емес, көркем əдебиеттің, көркем дүниенің
бүлінуі,ол сахнаның ғана емес, қалың қазақтың соры.
Маман Байсеркеновтың жазған бір кітабы қолыма түсті, оқыдым. Жарыққа
шыққан кітаптың соңында қандай оқулықтар пайдаланылған тізімдегі
өнертанушылардың бірдебіреуін танымаймын. Өзім кітапқұмармын, көп
оқыдым, əлі де оқимын. Тіпті пікірлерін қолданған адамдар түгілі, əлгі
кітапты түсінсем бұйырмасын. Сахнада 40-50 жыл жүріп мен ұқпаған
шығарманы, бүгінгі ұрпақ қайдан ұқсын?! Бұл мəселені көп болып
ойлануымыз керек.
Мектепті бітірерде, сегізінші сыныптан кейін онжылдықты бітірумен қатар,
кəсіби сала бойынша мамандық алып шықтық... Сонда бір жолдасым осы
өнер жолын таңдайық деді, жатақханасы бар, стипендиясы бар екен, соған
қызықтық. Маған сонда мұғалімдер таңғалыпты, біреуі ғана қазақ, Сыдықов
деген драма театрдан.Қалғандарының бəрі орыстар, «образно» сөйле,
суреттеп сөйле дейді. Шаляпин деген орыс халқының дарынды артисі
болды. Сол Михайл Александрович Чеховтың «Гамлет», «Хлестаковты» да,
тіпті комедия-драма, кез келген жанрда ойнағандарын көріп, таңғалған екен.
Ол Антон Павлович Чеховтың туған немересі болған. Тілсіз, сөйлемсіз,
мылқау кинолардың уағында Еуропаға барып киноға түскен. Кезінде ол
туралы Моров деген жазушы «Трагедия художника» деген кітап та жазды.
– Əлгінде Күлəштің көзін көрдім, операсын тыңдадым дедіңіз.
Жақсылармен жүрген күндер еске жиі түсетін шығар?
– Қазақтың талай режиссерлерімен жұмыс істедім. Оның арасында еврейдің
Барн деген жақсы режиссері болды, Барукаев деген осетин де болды. Асқар
Тоқпанов біріккен театрдың көркемдік жағын басқарды. Орыстың мықты
режиссерлерін бағындыратын.
Шəкен Аймановтың киноларына түскенім жоқ, шығармаларын бағалайтын
режиссерім. Театрға жиі келеді, үнемі жалғыз емес, шұбырып нөкерлерімен
жүретін-ді. Амандасып жүреміз. Талантты. Жүріс-тұрысының өзі бөлекше.
Жаратылы сы бөлек адамдар ғой. Бір күні келгенде «Сценарий жаздым»
деді. Мұхтар Əуезовтің «Абай» романынан. Жас Абайды Алтынбек
Кенжеков өте жақсы ойнады. Құнанбайды Бəйділда Қалтаев деген артист
жандырды. Оның Абайды ойнағысы келіп еді, бірақ Шəкен аға осылай
шешті. Маған Дəркенбайды берді. Ой бүй, талайдың қолы жете алмаған,
Өмірзақтар қанжығасына байлаған Дəркенбай əділдікпен алысып жүрген
жалғыз кедей, төңірегімнің бəрі бай-шонжарлармен алысып, жағаласып
жүретін сом рөлді бергеніне əуелде тосылыңқырап қалсам да, Шəкеннің
сенімі үлкен күш-қуат бергендей, бойымды əлдебір шабыт кернеп шыға
келдім.
– Сенің əртістігің жаман емес, даусың да мықты, ал енді Абайдың əкесін
ойнайтын актердің даусы күшті екен, басасың ба? – деді.
– Басамын, – дедім. Оның даусында, орысша айтқанда, металл жоқ, мүлдем
аз.Менің даусым зор, күшті-ақ. Оның үстіне соғыс жылдарында оқыдым
дедім ғой, сонда еврейлерден сабақ алдым. Ол кездері операның əншілері
сияқты драма артистеріне де дауыс қоятын-ды. Сонда кəдімгідей аптасына
үш рет театрдан келіп, дауыс ырғағын қалыптастыратын тұрақты сабақ
жүретін. Жоғары, орта жəне төменгі немесе кеңірдектен шығатын бөлік деп
бөлінеді. Мен мақтанғаным емес, осы үш буында да өте жоғары деңгейде
сөйлей алатынмын. Ал қазір сахна артистері түгіл əншілерге де ондай талап
қойыла бермейді. Тынысымның кеңдігі сондай, менің бір алған демім
қағаздың жарты беттік сөзі, демде оқып немесе дем алмай айтып шыға
аламын. Тағы сыдыртып емес, бабымен таза, ашық, анық айтып
шығатынмын. Даусым зор, диапозоны кең болғанымен, бойым аласа,
қазақша айтқанда қортық дейді ғой. Сондықтан да қырық жасқа дейін
жасөспірімдерді ойнадым.
Сөйтіп, Шəкен ағай сенім білдіріп, тіпті Дəркенбай-мені өзі киіндірді.
Спектакль біткен соң:
– Қасым жаман ойнаған жоқ, маған ұнады,– деді. Ол кісінің аузынан мұндай
мақтау сөз есту дегеніңіз, сұмдық мəртебе ғой.
– Сізге қол жетпес арман болған рөліңіз бар ма?
– Актер болған соң, əрине, неге болмасын?! Менің қабілетім де, дарыным да
жететін образдар болды ғой. Орта біліммен-ақ шамам да жетер еді. Ойымда
талайлары болды, қазір айтсам біреулер миығынан күліп жүрер, атамай-ақ
қояйын. Бір ғана кемшілігім, ой озық болғанымен бойымның қысқалығы,
шыны керек, көп кедергі болды.
– Сізге арнап жазылған шығармалар да бар. Əсіресе, «Түркістанның»
іргесін қалаған жазушы-драматург Қалағаң, Қалтай Мұхамеджановтың
өзіңізге арнаған пьесаларын білеміз...
– Иə, жазушы Сəкен Жүніс қазақтың біртуар режиссері Əзірбайжан
Мəмбетов екеуміздің балалық шағымызға арнап «Жаралы күндер» деген
соғыс жылдарындағы балалар тағдырын сахналады. Ал Қалтай
жазушылығымен қатар азаматтығы да жоғары қаламгер еді. «Қуырдақ
дайын», «Өзіме де сол керек», «Бөлтірік бөрік астында» деген
шығармаларын арнады.Өзі де үнемі келіп қатысып отыратын-ды. Сонда əр
спектакльден кейін:
– Сахнаға Жəкібаев шыққанда менің қаным көтеріледі, – дейтін. Сонда
менімен қоса «ойнап шыққандай» болады ғой деймін, риза көңілін
білдіргені, əр спектакль сайын жалықпай сол сөзін қайталайтын.
Қасым аға əлдебір қимас күндердің шуағына шомылып отырып,
«басшыларыңа айта бар, газетке қызметке келіп-кетіп жатқан жаңа толқын
журналистерге Қалтайдың шығармаларын насихаттап отырсын» деген
сəлемді айтуды тапсырды.
– Сізді көрермендеріңіз «Жансебіл», «Қан мен тер», «Қыз ғыш құс»
кинолары арқылы да жақсы біледі. Əсіресе, «Жан себілдегі» «тағдырыңыз»
өте аянышты. Аяқ-қолы сау адамның мүгедек арбасына таңылып отыруы
деген сұмдық шығар...
Қасым аға кеңкілдеп күліп алды. Киноны түсіру барысындағы қызықты
оқиғалар есіне түссе керек. Көз алдымызда бір шөкімдей болып отырған
қазақ өнерінің қара жорғасы əңгіме сайын биіктеп бара жатқандай. Сəлден
соң əңгімесін əрі қарай жалғастырды.
– Негізі киноға кешірек түстім. Ұсыныстар болып жатты, ең алғашқы
кинолардың бірі «Біз Жетісуданбыз» деген киноға да шақырылып едім,
жолым болмады. Сағатбек деген жас бала түсті. Ал, киноның нанымды,
жақсы шығуы көбіне операторға байланысты ғой. Əбділда Қастеев түсірді,
атақты Қастеевтің баласы. Арбаның астына екі аяғымды тығып байлап
тастаған. Арбадан шалқалап құлайтын жерім бар, сұмдық көрініс. Жазушы
Жүсіпбек Қорғасбек пен режиссері марқұм Аяған Шəжімбай та талантты
жігіттер ғой. Аяған қаншыл, намысшыл азамат еді. Ол кеңес дəуірінің
өзінде «халық жаулары» жайлы деректі фильмдер түсірген, көркем
фильмнің де бағына туған дарынды режиссер еді. Жазушының
шығармасында кейіпкер тап-таза шолақ емес, жартылай мүгедек болса
керек. Бірақ маған қойылған талап əлгіндей, екі қол, екі аяғы да жоқ.
Театрда болса таласып-тартысуға, ақыл-кеңес айтуға, пікір қосуға болады.
Ал кинода тек қоюшы режиссердің айтқанына бағынуың керек.
Талай əңгіме болып жүрсе де қайталап айтайын, Аяған сценарийді ресейлік
талантты киноактрисаны іздеп барып береді, ал Нина Мордюкова өзіне
ұнаса да, белорустық құрбысы Галина Макарованы ұсынады. Сол кездің
өзінде жетпіске таяп қалған кезі, бұл қалай болар екен деп іштей ойланып та
қалдым. Содан дайындық, түсіру басталды да кетті.
Бірде түсіру алаңында ары-бері өткен пойыздың артынан жүгіре-жүгіре
шаршап, дем алдық. Күннің қайнаған ыстығы, ары-бері жүгіргеннен ол да,
мен де діңкелеп отырмыз. Терлеп кеттім де, басымдағы тақиямды алшы деп
едім, ол тақияны алдыма қоя салды. Бір кезде жанымыздан өтіп бара жатқан
жеті-сегіз жасар қызы бар келіншек тақияма тиын тастады. Сөйтсем, бас
киімім шалқалап қалған екен. Содан жетегіндегі қызы анасының құлағына
бірдеңе деп сыбырлап, кері бұрылды да, қайтадан 3 сом тастап жөніне кетті.
Сонда ойладым, менің мына кейпім таза қайыршыға ұқсағаны, шын мəнінде
образдың шынайы шығып жатқан ғой деген ой келді. Содан сенімдірек
болғаны киноның сəтті түсірілімімен аяқталды ғой...
– Қасым аға, сіздің ғұмырыңыз бізге аңыз сияқты. Тағдырыңыз жайлы кітап
жазу ойда жоқ па?
Балконнан сыртқа көз салып отырған қарияның көңіліне сəл-пəл кірбің
түсіріп алғанымызды іштей ұқсақ та, көңілдегі сұрақ ауыздан шығып кетті...
«Е,е, қарағым, менің тағдырымды адам баласына бермей-ақ қойсын,
ешкімге тілемейтін, аса ауыр ғұмыр кештім мен» деп барып қайтадан үнсіз
қалған дана ақсақалдың жанарына келіп қалған мөп-мөлдір тамшыны
көрмесек те, жанымызбен сезіндік. Жүрегіміз сыздап қоя берді.
Тəуелсіздікке қол жеткізер тұстағы қазақ халқының тарихындағы
Желтоқсан оқиғасының зардабы бұл отбасын да айналып өтпегенінен
хабардар басымыз, əдемі бір əсерін мұңға айналдырып жібергенімізге тағы
да қиналдық. Дегенмен, көпті көрген, жақсылармен табақтас, дəмдес
болған, өнердің қызық-шыжығын татқан ақылман қарияның сабасына тез
түскені бізді де ауыр ойдан алып шықты.
– Менің тағдырымды дос түгіл дұшпаныма бермесе екен деп өмірден
өтемін, қарағым. Алла тағаланың маңдайыңа жазылғанынан көрмей
кетпейді екенсің. Тағдыр қатал жазалады мені, оны тəптіштеп айтып, жазып
жанды ауыртқаннан не пайда?!
Кітапты шабан оқысам да, көп оқимын, əсіресе тарихи дүниелер
ұнайды.Ал, кітап жазу деген сəнге айналған заман болды ғой, біраз танымал
жазушылар ұсыныс та жасап еді, келіспедім. Кезінде Оспанхан Əубəкіров та
ұсыныс жасап еді, көрші болдық. Өнердегі ғұмырымды көрермендерім
жақсы біледі, ал жеке өмірім, ол менің жеке қазынам. Мүмкін
жақсылығынан, қуанышынан көрген қиындық-азабым көп те болар,
дегенмен, ол жеке тағдыр ғой, адам тағдыры! Жамандыжақсылы өнер
адамының тағдыры! Көзім тірі кезімде ол бағасыз қазынаға ешкімді
жолатпаймын, ал... күнделікті күйбең тірліктен туған ойларды қағазға
түсіріп жүру деген де жақсы қасиет. Газеттерден Асанəлінің күнделігін
оқып отырамын. Ол азамат та қазақ халқының тəңірі берген мақтанышы
ғой. Пікірлері көңілге қонады.
– Бір сұрақты қойсам, көңіл күйіңіз бұзылып қалар ма екен, дегенмен
сексен жылдығыңыз неге республика көлемінде аталып өтпеді?
– Өйткені, мен жоғарыда айтқанымдай, ұлы актер де, данышпан актер де
емеспін. Мен тек қана өз кəсібімнің, өз қабілет-қарымымның, өз ісімнің
маманымын. Оны ешкім тартып ала алмайды.
Өнердегі еңбегімді өзінше бағалап, сыйлап, «осы шалдың еңбегі зор еді-ау,
бағаланбай қалды-ау», – деп жанұшырып атақ əперген Досқан балама
рақмет. Республика көлемінде шалқып аталып өтпесе де, ұжымымен бірге
келіп құттықтап, азынаулақ сый-сияпат жасаған театрдың қазіргі
басшылығына да ризамын. Жастар хал-жағдайымды телефоннан болса да
сұрап, хабарласып тұрады. Одан артық не бақыт, қандай тағдыр керек
дейсің?..
81-ге толамын деп отырмын ғой, мына жарық дүниеде көрген-білгенің бір
күнгідей болмайды. Осы киноның арқасында Таймувский Моловод деген
бар, Солтүстік мұзды мұхит, сонда болдым. Талай киносаңлақтарымен бірге
киноға түстім...
– Ұзақ жасаудың, əдемі қартаюдың сыры неде деп ойлайсыз? Сіз сексеннен
астым десеңіз де, біз баяғы сахнадағы өзіміз көрген Қасым ағатаймен
əңгімелескендейміз...
– О-о, ол алысқа кеткен заманмен тең.Əйтпесе, ұнтақ жеп өскен ұрпақ
өкіліміз.Ашаршылықтан соғысқа ұласқан балалық шақ... Əр ұлттың өзіндік
ерекшелігі бар, ас-тағамдары бар. Осы қырғыздар «қазақтар жылына бір
центнер қыл жейді» дейді екен. Шіркін-ай, сонда ет жегіштер өздері
болғаны ғой! Сонда немене қазақ соқыр ма екен, соқыр екеш соқыр да
қылқыбырды аузынан алып тастап жейді ғой. Өз басым тəбетім тартқан
дəмнен қалыс қалмаймын. Дегенмен, жас ұлғайған сайын əр нəрсенің де
шегі, шеті болатыны ақиқат.
Мəдениеттің майын ішіп, өнердің əдемі өрісін кеңейткен, кино мен сахна
өнерін қыздың қос бұрымындай көркем өрген қазақтың қайсар шалы –
Қасым аға Жəкібаевпен арадағы əңгіме осылай өрбіді...
КƏУКЕН КЕНЖЕТАЕВ:
КҮЛƏШТІ САҒЫНУ
Күлəш, Шара, Қанабек, Құрманбек, Манарбектердің өмірі – қазақ театр
өнерінің тарихы десе болады. Талай айтылып та, жазылып та жүр. Əлі де
таусылар емес. Айтқанымыздан айтпағанымыз, жазғаннан жазбағанымыз
көп. Кезінде айта да, жаза да алмадық. Тарихтағы ақтаңдақтар «бұл
қазақтың керемет қызы» деуден шошындырды да, үріктік. Дегенмен, уақыт
өте келе тарихтың шындыққа толы беттері де айқара ашылды. Олар жыл
өткен сайын жаңғыра беретін, ұрпақтар өзгерген сайын жаңара беретін
өнердің ақиқаттары деуге болады. Əйтпесе, кəсіби мамандығы жоқ,
қолында дипломы жоқ бола тұра, табиғаттың берген сыйы – тұла бойлары
тұнған өнер, талант ананың ақ сүтімен, туған елдің қасиетті топырағымен
дарымады деуге келмес.
Осы бір қасиет, өнерге деген алабөтен құштарлық –Күлəшті (ол кезде кез
келгенге бұйыра бермейтін) Кеңестер одағының Халық əртісі деген
абыройлы атаққа жеткізді. Сахнадағы Күлəш, актриса Күлəш көркем-ақ еді.
Оның көркемдігі бойындағы асқан таланты мен көрерменге деген,
көрерменнің оған деген ықылас- пейілі болатын. Жаны сұлу. Өнері сұлу.
Ал, қазақи ажар, көріктілігінен Шара əпкеміз тіпті бөлек-тін. Ол Күлəштан
да сұлу еді. Екеуі де сахнаның көркі болды. Еркесі болды. Бірінсіз-бірі
аталмайтын. Қатар жүрді. Киім киістері, сəн үлгілері де бірдей, бір шебердің
қолынан шыққандай жарасымды киінетін.
Театрға келмей тұрған кезде, біз сияқты жастарға Күлəшті көру – арман
болатын. Сыртынан көріп мəзбіз. Елуінші жылдары театрға келгеннен
кейін, менің бағыма қарай Күлəшпен бүкіл Кеңестер одағын түгел
араладым. Бибігүлмен де көп сапарлас болдым. Кейде екеуін ойша
салыстырамын. Күлəштің өнердегі бақыты Бибігүлде де бар. Алла
тағаланың үйіп-төгіп бере салған сұлулығы сахнаға шығып, аппақ тістерін
көрсете жымиып, тізерлеп иілгені – залдағы елдің көз қуанышына айналып,
ду еткізеді. Тіпті, одан кейін əн салмай-ақ келіп, қайта шығып кетсе де риза
жұрт.
Əнші көп. Қазақ əу бастан өнерліге бай халық. Бірақ, əр əншіні қабылдау
əрқилы. Күлəшта адамды өзіне тартып тұратын өнерден де бөлек бір қасиет
болды. Көп сапарлас болдым дедім ғой. Бірде Қарағандыда тұратын əпкем
мен жездем шақырған соң, Күлəшті ертіп бардым. Сондағы жиналған
халықты көрсеңіз, жездемнің кішкентай ғана қараша үйі түгіл, ауласына
сыймай кетті. Күлекеңді көру үшін. Соғыстан кейінгі тозығы жеткен,
жұпыны киінген ауыл адамдарының ортасында өзі де, киімі де келіскен
Күлəш. Марқұм Байғали ( Досымжанов) екеуміз анадайдан сырттан
бақылап тұрмыз. Киімдері жұпыны болса да, өзіне деген, өнерге деген
жыртық, көнетоз киімнің ар жағынан бетке ұрып тұрған ықылас-пейілді
танып, риза болған əнші, кербез Күлəш қызу əңгімеден бал-бұл жанып
отырды.
– Əй, Кəукен, – дейді Байғали, – қарашы Күлəшті, сен екеуміз ғой, олай
отыра алмас едік.
– Иə, иə, сұрақтарына ғана жауап беріп, олай емен-жарқын отыра
алмаймыз-ау, – деп мен де іштей мақұлдап қоямын. Біз қанша күн болсақ,
бүкіл ауыл-аймақ сонша күн Күлəшқа тыныштық бермеді.
Міне, Күлəштің сүйкімділігімен қоса, көрерменге, өз тыңдаушысына деген
дипломатиялық қарым-қатынасы да ерекше еді. Оның бойындағы
қарапайымдылыққа таңдана қарайтынбыз. Көрген кісіні өзіне тартып
тұратын.
Күлəшті іздеу, Күлəшті жазу – өте игілікті іс. «Күлəш неге ары қарай
оқымады» дейсің. Оның оқуға қабілеті де, мүмкіндігі де болған. Өнерде
басқа ел сезіне бермейтін бір өтпелі, көшкінді кезең болады. Онсыз да
тамылжып тұрған табиғи дауысты ар-бері ретке келтіріп,бұрап жатуды
қолайсыз санады ма, жасы да кедергі болған болар, бəлкім, Қанабек қарсы
болмаса да, онша оқуға ынталана қоймады. Еуропалық ретке келген
дауыспен əн салатындар аз болмаған ол кезде де. Мүмкін, оқымағаны да
дұрыс болған шығар деп те ойлаймын кейде. Өйткені, қалтадағы дипломнан
да құдіретті көмейден шыққан өзіндік уыз үні бар ғой. Консерваторияға
түсіп, оны бітіремін дегенше, ол дауысты сақтай алар ма еді, алмас па еді?!
Қазіргі əншілерді сол кездегі Күлəштің даусымен салыстырсаңыз, əрине,
оқып, ысылған, орындаудың неше түрлі технологиясы жағынан əлдеқайда
биік əншілер аз емес. Тіпті, даусы жағынан Күлəштан да керемет болуы
мүмкін. Ал, оқу-тоқусыз, ананың ақ сүтімен дарыған, үйретіп-тəрбиелеуді
қажетсінбейтін, тұла бойы тұнған талант ешкімнің жетелеуіне
бағындырмайтын алпауыт күш сияқты. Осындай қасиет Шарада да болған.
Балеттің не екенін білмей-ақ, сахнада бидің классикалық түрін
қалыптастырды емес пе?! Бұл да дəл Күлəш сықылды. Оны да билетіп
тұрған бап. Ол өнер құдіреті! Өнерге деген құштарлық, ынтық көңілдің
құдіреті!
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК:
ҰЛТТЫҢ ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫ – МƏДЕНИ МҰРАСЫНАН
“...Егер, əрбір халықтың тарихтағы орны жалпы адамзат мəдениетінің
дамуына қосқан рухани үлесімен өлшенер болса, онда қазақ халқының
ұялмай бетке ұстары музыкалық мұрасы болса керек...”
Белгілі жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбектің осы сөзі ұлттық музыка
өнеріміздің асыл мұратын айқындап бергендей.
Ұлттық өнердің қыр-сырын дүниəуи ілімдермен сабақтастыра сөйлегенде
абыз күйшідей тебіреніс күйін кешетін Ахаң бүгінгі ой-толғаныстарында
сан салалы өнеріміздің əр тұсын көктей шола келе, музыкамыздың байтақ
əлемі турасында байыпты əңгімелеген еді.
– Əңгімені ұлттық өнердің табиғатынан бастар болсақ, нағыз өнер қашан
да, қай кезде де тек қана ұлттық болып дүниеге келеді.Əсіресе, ұлттық төл
тумаларды айтқанда, қазақ халқының музыкалық мəдениеті өзінің терең
тарихымен, философиялық бай мазмұнымен айрықша, айқын көрініс
табады. Бұл тұрғыдан келгенде, руханияттың: сөз өнері, қол өнері, өзіміз сөз
еткелі отырған саз өнері бар. Өз басым осылардан саз өнерін (музыка)
ерекше бөле-жара бағалаймын. Бізден кем түспейтін сөз өнерін тудырған
елдерді жоққа шығаруға болмас. Бірақ əлемде эпикалық туындылар
тудырған елдер санаулыақ. Байырғы батыстағы, шығысымыздағы елдердің
музыка мəдениеті тарихына үңілер болсаңыз, эпикалық шығармалар
тудырған, поэзияны тудырған сол санаулы елдердің бірі қазақ болғанына көз
жеткізу қиын емес. Мүйізі қарағайдай көршілеріміздің көбінде эпос атымен
жоқ. Шығысымыздағы Қытайда, оңтүстігіміздегі араб-парсы елдерінде қол
өнерінің ғажайып үлгілері бар, əрине. Дегенмен, əдемі иірімдері мен нəзік
өрнектерінің жұмбаққа толы сырларын ешкім де қайталай алмайтын қазақ
өнеріне тең келмес.
Қазақ халқының музыкалық мəдениетіне қатысты ең бір байырғы дерек
көздері археологиялық айғақтар болып табылса, сол əлемге əйгілі рухты
археологиялық олжалардың ішінде бүгінде қазақтар тұтынып жүрген,
сахнаға алып шығып жүрген қобыз, домбыра, сазсырнай, үскірік, қоңырау
сынды аспаптардың болуы, қазақ руханият əлемінің тым арыдан бас
талатынын көрсетеді.Олардың алғашқы нұсқалары біздің жыл санауымызға
салсақ, ІV-V ғасырлармен тұспа-тұс келеді. Бір ғажабы, сол кезде жасалған
алғашқы нұсқалары қанша уақыт өтсе де, көп өзгерместен сақталғаны. Бұл
деген сөз, ұлы дала көшпенділерінің мыңдаған жылдар аясында шыңдалған
ғажайып мəдениетінің кіндік жұрттағы мұрагері – қазақтар болғанын
көрсетеді. Тарихи тамырластығын тарих қойнауында жоғалтып алмауы түбі
бір түркі жұртына аян.
Сондай үлкен мұралардың бірі – Аттилаға байланысты жыр. Қазақ
даласындағы Батысқа қарай жол бастаған атақты қолбасшы ғой. Жорық
шептерінде үнемі қобыз тыңдайтын болған. Жорықтан оралғанда екі қатар
болып сəнді киінген қыздар қарсы алып, шығарып салып отырған. Демалыс
кештерінде ерекше эпикалық жырлардың айтылатыны, сол жырды
тыңдаушылардың бірі қайғырып, өткен өміріне қимастықпен қараса,
екіншісі ерекше тебіреніс күй кешкен. Сол сияқты қыпшақтардың “Кодекс
Куманикус” (1303) атты кітабы негізінен қыпшақ тілін насихаттауға
арналған. Бірақ, музыка зерттеушісі Б.Г. Ерзакович осы еңбектегі əннің
түптамырын зерттей келе, қазақтардың музыкалық тілінің кейбір
элементтерін тауып, байырғы “Ақсақ құлан» күйінің жəне кейінгі “Елім-ай”
тарихи əнінің əуендік құлақкүйімен астасып жатқанын айтады.
Мұны айтып отырған себебіміз, сол əуенде де біздің музыкалық
аспаптарымызға табиғаты жағынан ұқсас аспаптарының болуы. Өйткені,
мұның себебін қазақ халқының бірыңғай өзімен тектес түркі халықтарымен
шекараласып, түркі əлемінің кіндік мекенінде болуынан да, көшпелі өмір
салтының тұрақтылығынан да іздеу керек.
Енді осы музыкалық мəдениетімізде ерекше орын алатын əн-күй өнерінің
өзіндік жанрлық ерекшеліктеріне тоқталсақ, мынаны айтуға болады. Күй
дегеніміз – шексіз музыкалық дүние. Тағы да ғылыми деректерге зер салар
болсақ, қазақ даласындағы мəдени-рухани дəстүріндегі күйдің алар орны
тым ерекше екенін мойындайсың.
Қазіргі түркі халықтарының біразына ортақ Қорқыт (ІХ ғ.), Кетбұғы (ХІІ-Х
ғ.ғ.), Сары Салтық (ХІІІ-ХІV ғ. ғ.), Қазтуған (ХҮ ғ.) сияқты тарихи
тұлғалардың музыкалық мұрасын бүгінге жеткізе алған бірден-бір халық –
қазақтар болып отыр. Мəселен, Қорқыттың күйлері қазақтан басқа бірде-бір
ұлтта сақталмаған. Қорқыттың бүгінге жеткен 10-нан астам күйі бар. Олар
нотаға түсіп, үнтаспаларға жазылып, қобызшылардың репертуарларынан
берік орын алған. Қорқыт күйлерінің тек қазақ арасында сақталып
қалуының өзіндік тарихи себептері бар. Біріншіден, Қорқыт шыққан
оғыздардың кіндік жұрты қазақ даласы еді. Екіншіден, қазақтардың ХХ
ғасырға дейін көшпелі өмір салтта болуы иісі түркілік дəстүр мен ділдің
(менталитеттің) таза сақталуына себепші болды. Үшіншіден, көшпелі өмір
салты ислам дінінің дендеп орнығуына дес бермеді, ХІХ-ХХ ғасырларға
дейін бұрынғы Тəңірлік нанымсенім үстем болып, Тəңірдің жердегі өкілі
деп есептелетін бақсылардың ел ішіндегі беделі елеулі болды. Ал, бақсыны
Тəңірмен тілдестіретін аспабы – қобыз еді. Сөз жоқ, қобыз шалған кез
келген бақсы тек қана бақсы сарындарын сарнатумен шектелмей, олар
өздеріне ұлы ұстаз санаған Қорқыттың күйлерін де аңыратып тартқан.
Сонымен қатар, дəстүрлі музыканы сақтап қалуға, біздегі авторлық
музыканың молдығы да əсер еткендігімен де мақтануымызға болады.
Мысалы, ҮІІІ ғасырдан 20-ға тарта қобызға арналған күй болса, ХІХІІ
ғасырдан жеткен «Ақсақ құлан» күйінің қазір онға тарта варианты бар.
Асанқайғыдан, Қазтуғаннан, тіпті берідегі Байжігіттен 30-ға тарта күй
жетті. Ол күйлерді өзінің ата-бабаларынан үйреніп, бүгінге жеткізген Талас
Əсемқұлов деген азамат. Тіпті, Абылай ханның онға тарта күйлері ел
құлағында. Ұлы хандарымыздың кезінде мол мұрасын дəріптемек түгілі,
аттарын атауға тыйым салған кезеңді де бастан кештік...
Қазақ халқы өзінің əуендік интонациясын ғана, қасиетін ғана даралап
қойған жоқ, сонымен қатар көркем өнер ретінде де дамыды, өсті. Оған айғақ
– Құрманғазы, Дəулеткерей, Қазанғап, Тəттімбет, Дайрабай сынды айтып
тауыса алмайтын асыл мұралар. Əн өнерімізден Ақан, Біржан, Естай сияқты
ірі тұлғалар жарып шықты. ХХ ғасырдың екінші жартысында академик
Ахмет Жұбановтың көрегендігінің арқасында қазақ мəдениетін өркендету
жолында, өнер ошақтарын ашуда мол еңбек сіңірді. Ол қазақтың 10 мыңға
тарта əн-күйлерін жинап, нотаға түсірді. Соның нəтижесінде, күй жанрынан
мол мұра қалыптасты. Осыншалық бай мұрамыздың ең көп қоры
домбырамен, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, жетіген, шаңқобыз,
месқобыздарда орындалады. Əн де сол аспаптарға қосыла береді. Кеңес
үкіметінің кезінде еуропалық əуендік-саздық ерекшеліктері сəнге айналды
да, бізде күй фольклорлық жанр болып қалды. Ал, таза ғылыми-зерттеу
əдістемелік тұрғысынан келсек, нағыз мəдениет, əсіресе, рухани мəдениет
тек қана ұлттық-этникалық төлтумалықта көрініс табады. Жəне сол төлтума
қасиетін тұғыр ете отырып қана дамиды, шыңдалады.
Əңгімелеп отырған ұлттық өнеріміздің тарихын сөз еткенде, міндетті түрде
бүгіні назардан тыс қалмауы керекті. Осы ретте көңілге кірбің түсірер
жайттар баршылық. Баршылық емес-ау, толып жатыр. Басқа елдің мəденирухани құндылықтарына жалаң еліктеу өзінен-өзі қайталау болып шығады
дедік. Өкінішке орай, бізде БАҚ-тың, əсіресе радиотеледидардағы
бейбастақтық қазақ музыкасын шала-жансар күйге түсіріп келеді. Соңғы
бес-алты жылда қазақ əн өнерінің классиктері Жүсіпбек Елебеков,
Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиевтардың дидарын көрмейтін
болдық. Оларды көрмеген, естімеген, санасына сіңірмеген қаулап өсіп келе
жатқан ұрпақ тағдыры ешкімді ойландырар түрі жоқ. Демек, қазақ радиотеледидары біздің ұлттың жадын өшіруге көбірек қызмет етіп келеді. Түн
ортасынан ауғанда ғана ұлттық музыкадан концерт беруден асқан қорлық
бар ма? Бұл қорлыққа қалай шыдарсың, төріңде тұрған теледидарыңды
сындыра алмайсың. Мұндай қорлыққа ара түсетін үкіметіміз, біздің
министрлігіміз болуы керек! Ал, олардың «сен тимесең мен тимен бадырақ
көз» деп үн-түнсіз отыруы айналып келгенде, астындағы креслосынан
айрылып қалмаудың амалы сияқты.
Ұлттың ұлттық мəдениеті ұрпақтың жадынан өшіп барады. Қазақ музыкасы
Қазақстандағы телеарналардың 80-90 пайызын қамтуы қажет. Ал, қалған
10 пайызы əлем музыкасын таныстыру деңгейінде ғана көрсетілуі керек.
Əлем музыкасы, оның ішінде американдық жеңіл ырғаққа құралған шоубизнес заманы өршіп тұр. Өз ата-бабасын түгендей алмайтын ұрпағымыз
сол өнер жұлдыздарының аты-жөндері мен шығармаларын жақсы біледі.
Осы орайда, айрықша қадап айтатын нəрсе, мынау коммерциялық «КТК»,
«Рахат», «Шаһар» сынды арналардағы журналистер, əсіресе музыкалық
бағдарламаларды ұйымдастырушылар əлгі музыкаға соншалықты ынтық
болса, өз ата-анасына, балаларына тыңдатсын. Бірақ қазақ халқының
ұрпағына, рухани тамырына балта шаппасын! Бұл – қиянаттың қиянаты.
Бұл – біздің адамдық құқымызға қол сұғу, біздің үкіметіміздің,
Парламентіміздің, тиісті билік орындарының біздің соншалықты тапталған
рухымызға немкетті қарауы.
Бұдан артық не айтуға болады. Қайнайды қаның...
Журналист ретінде, халқымның рухани-мəдениетінің жанашыры ретінде
жан-жүрегім шырылдап айтарым осы. Қазақ музыкасының өткені мен
бүгінгі туралы айтарымыз осы. Айта беретін, таусылмайтын, шегі жоқ
тақырып дер болсақ, күн тəртібінен бір сəт түспейтін маңызды мəселе де
осы. Өйткені, онда халықтың болашағы, үміт-сенімі жатыр. Ұлтты
қалыптастыруда, ұлтты ұлт етуде, ұлттың ұлттық рухын көрсетуде
музыкалық мəдениетіміздің, киелі мəдениетіміздің ықпалы ерекше екенін
естен шығармасақ керек. Осы проблемаға назар аударып, газет бұрышынан
орын беріп, шырылдап жазып жүргендеріңізді көзім шалып қалады, соған
ризашылығымды білдіремін.
СЕЙIТ КЕНЖЕАХМЕТОВ
Со-нау Торғайда жатқан сатирик-жазушы Сейiт ағамен телефон арқылы
хабарласқанымызда, көңiл күйiнiң əлденеге алаңдаулы екенiн аңғардық. Ол
кiсi отбасында жайлы, шығармашылығында мол мүмкiндiк жасаған əулет
анасының ептеп сырқаттанып қалғанын, соған көңiл алаң, жүрек күптi
болып жүргенiн айтты. Сырбаз сатирикке асыл жар, балаларына ақылман
ана болған тəтемiзге амандық тiлеп, дайындаған сұрақтарымызға жазбаша
болса да асықпай жауап беруiн өтiнген едiк. Əңгiме, əрине, əдебиет, тiл,
тəрбие жайлы болған соң, қаламы жүйрiк жазушы оқырман,
əсiресе,«Түркiстанның» оқырмандарымен жүздесуге тез келiстi. Олай
болса, жазушыны тыңдасақ...
– Сейiт аға, əңгiмемiздi бүгiнгi əдебиет, мəдениет жайынан бастасақ...
Тəуелсiздiк алғалы да жиырма жылға жуықтапты, осы жылдар iшiндегi
тəуелсiз елдiң тəуелсiз əдебиетi туралы ойыңыз?
– Бүгiнгi əдебиет пен мəдениет туралы тек жазушылар ғана емес, бүкiл
зиялы қауым мен оқырмандар да үлкен ой үстiнде. Неге десеңiз, өз тiзгiнiн
өзi ұстаған ел есебiнде бiздiң аталған саламыз əсiресе, алғашқы 6-7 жыл
iшiнде бəрi де құлдырады. Жүздеген кiтапхана жабылды. Ондағы кiтаптар
далада шашылып жатты. Сол əдебиеттi жасайтын жазушыларымыз тек
өзiнiң ғана емес, қажетсiз, құнсыз дүние есебiнде қалған əлемдiк
классикалық шығармаларын көргенде мүлдем абдырап қалды. Сөйтiп
кiтаптың құны, жазушының беделi əбден төмендедi. Мұндай жағдайда не
жазылушы едi, əйтеуiр жеңiл – желпi бiрдемелер жазылған болды. Оның өзi
басылмайды. Бiрсыпыра жазушылар ақшалы бiреулердiң естелiгiн немесе
солардың өздерiн көтермелеп, көлемiн қалыңдатып кiтап жазып берiп,
күнiн көрдi. Турасын айтқанда, жазушылар ешкiмге керексiз болып қалды.
Жазушылар одағы да, баспалар да бұрынғы абырой – беделiнен айырылып,
қаражатсыз отырды.
Қысқасы жазушылар үшiн қиын кезең туды. Жазу емес, қалай өмiр сүру
жайлы ғана ойлайтын болды.
– Осы кезде өзiңiз қандай күйде болдыңыз? Қалай күн көрдiңiз?
– Мен жасымнан қиындықпен, еңбекпен өскен адаммын. Мəдениетке де,
əдебиетке де, қол өнерiне де, суретшi, құрылыс iсiне де бейiм едiм.
Алғашқы қиындық кезiнде жоғары оқу орнында əдебиет, мəдениет
тарихынан лекция оқыдым. Ол кезде ұлттық мəдениет пен этнография
мəселесi аз зерттелген едi. Ал мен бұл iстi ерте қолға алып, жинақтағанмын.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Əйел – Əлем - 13
  • Parts
  • Əйел – Əлем - 01
    Total number of words is 3723
    Total number of unique words is 2434
    26.8 of words are in the 2000 most common words
    38.4 of words are in the 5000 most common words
    44.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 02
    Total number of words is 3775
    Total number of unique words is 2372
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 03
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2209
    23.3 of words are in the 2000 most common words
    33.1 of words are in the 5000 most common words
    38.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 04
    Total number of words is 3833
    Total number of unique words is 2255
    22.8 of words are in the 2000 most common words
    33.6 of words are in the 5000 most common words
    39.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 05
    Total number of words is 3819
    Total number of unique words is 2357
    27.0 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    45.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 06
    Total number of words is 3774
    Total number of unique words is 2294
    26.9 of words are in the 2000 most common words
    38.1 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 07
    Total number of words is 3670
    Total number of unique words is 2363
    25.5 of words are in the 2000 most common words
    36.0 of words are in the 5000 most common words
    42.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 08
    Total number of words is 3789
    Total number of unique words is 2250
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.0 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 09
    Total number of words is 3770
    Total number of unique words is 2295
    27.7 of words are in the 2000 most common words
    38.9 of words are in the 5000 most common words
    45.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 10
    Total number of words is 3719
    Total number of unique words is 2316
    25.7 of words are in the 2000 most common words
    35.8 of words are in the 5000 most common words
    41.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 11
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2286
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 12
    Total number of words is 3726
    Total number of unique words is 2303
    29.5 of words are in the 2000 most common words
    41.6 of words are in the 5000 most common words
    48.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 13
    Total number of words is 3761
    Total number of unique words is 2256
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    31.9 of words are in the 5000 most common words
    37.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 14
    Total number of words is 3735
    Total number of unique words is 2376
    22.5 of words are in the 2000 most common words
    33.0 of words are in the 5000 most common words
    39.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 15
    Total number of words is 3754
    Total number of unique words is 2352
    28.0 of words are in the 2000 most common words
    38.4 of words are in the 5000 most common words
    44.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 16
    Total number of words is 3730
    Total number of unique words is 2223
    22.5 of words are in the 2000 most common words
    31.9 of words are in the 5000 most common words
    36.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 17
    Total number of words is 3790
    Total number of unique words is 2290
    26.4 of words are in the 2000 most common words
    37.0 of words are in the 5000 most common words
    43.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 18
    Total number of words is 3809
    Total number of unique words is 2405
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 19
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2226
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Əйел – Əлем - 20
    Total number of words is 305
    Total number of unique words is 261
    48.1 of words are in the 2000 most common words
    58.7 of words are in the 5000 most common words
    63.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.