Latin Common Turkic

20 000 лье су астында - 27

Total number of words is 4155
Total number of unique words is 1920
35.8 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
осы кемедегілердің ішінде тек менің жəне менің жолдастарымның ғана
ешқандай қатысы жоқ. Солай болғандықтан, тіпті сіздің қайғыңызға
қосыла тебіреніп, талантыңыз бен ақыл - ойыңызға сүйсініп, жүрегіміз
сіздің жүрегіңізбен бірге соғып тұрған шақтарда да, мұндағы барлық
əдемілік пен жақсылық атаулының зəредейінен де еріксіз бас тартуға
тиіспіз. Сөйтіп сізге қатысты нəрсенің бəріне жат адам болуымыздың өзі
біздің, менің де мұнда қалуымызға мүмкіндік бермейді. Бұған əсіресе Нед
Ленд төзе алмайды. Кім болса да, əйтеуір адам болғандықтан, ол туралы
ойлау керек болады. Бостандықты жақсы көретін, құлдықты жек көретін,
əсіресе, канадалық сияқты адамның басында кек алудың қандай жоспары
туатынын ойлап көрдіңіз бе? Ол не ойлауы мүмкін, не істеуге бел байлай
алады деп сіз, ой жүгіртіп көрдіңіз бе?..
Капитан Немо орнынан тұрды.
—Нед Ленд не ойлай алады, қандай іске бел байлай алады? Онда менің
жұмысым қанша? Мен оны іздегенім жоқ! Оны мен өзім үшін қызық көріп
те ұстап отырғам жоқ. Ал сіз болсаңыз, Аронакс мырза, сіз бəрін де
түсінетін, тіпті үндемеудің мəнін де түсінетін адамдардың бірісіз. Менің
сізге бұдан басқа айтар жауабым жоқ. Бұл тақырыпқа менімен сөйлеспекші
болған бірінші əрекетіңіздің бас - аяғы осы болуға тиіс, өйткені екінші рет
мен сізді тыңдамаймын.Мен шығып кеттім. Осы күннен бастап біздің
арамыз ашылып кетті.
Мен біздің арамызда болған əңгімені өзімнің екі, жолдасыма айттым.
—Біз енді білдік, — деді Нед Ленд, — бұл адамнан күтер енді түк те
жоқ. «Наутилус» Лонг - Айлендуге жақындап келеді. Əуе райына қарамай
қашуымыз керек.
Бірақ көк жүзі бірден бірге қаһарлана берді. Қатерлі, қатты дауылдың
хабаршылары да келе бастады. Əуеде ақ сүт тұман көшуде еді. Көк жиегін
қалың қара бұлт қаптап алған. Түйдек - түйдек ұшпа бұлттар теңіз үстімен
төмен жөңкіліп барады. Теңіз тулап жатыр. Құс атаулыдан дауыл достары
— дауылпаздар ғана қалыпты. Барометр тым төмендеп кетті.
12 май күні «Наутилус» Нью - Йорктен бірнеше миль жердегі Лонг Айлендке жеткен кезде күн шатырлап күркірей бастады. Теңіздегі осы
долы дауыл күресін мен суреттеп бере аламын, өйткені - капитан Немо су
астына терең түсіп ықтаудың орнына, қай қиқарлығы екенін білмеймін,
теңіздің үстінде қалды.
Жел оңтүстік - шығыстан секундына он бес метр шапшаңдықпен соғып
тұрды; түстен кейінгі сағат үште оның шапшаңдығы секундына жиырма
бес метрге дейін жетті. Бұл нағыз дүлей дауыл еді.
Капитан Немо кеменің үстінен орын алды. Тулаған толқындар
домалатып əкетіп жүрмесін деп ол əзін кеменің қалқанына байлатып
қойды. Оған қатарласа мен де өзімді байлап қойдым. Мен дауылға да,
дауылдан тайсалмай, қасқыйып тұрған осы ғажап адамға да — екеуіне де
бірдей сүйсініп тұрдым.
Қарақошқыл бұлттар аспанға шапшыған теңіз толқындарына тиіп
тұрды. Əдетте үлкен толқын жалдардың арасында болатын кішкене
толқындарды көре алмадым. Айнала -төңірегіміз қаптаған қара бұйра алып
толқындар, бұлардың жалдары шашырап, қыры жығылған жоқ, аралары
аса тығыз еді. Биіктігі барған сайын өсіп отырды.
«Наутилус» біресе қырынынан түсіп, біресе тұмсық жағы мачтадай тіп тік жоғары көтеріліп, корм жағы суға батып, қатты шайқалып тұрды. Кешкі
сағат бесте жаңбыр жауды, — бірақ ол. дауылды да, теңізді де
тыныштандыра алмады. Дауылдың шапшаңдығы секундына қырық бес
метрге .жетті, демек сағатына қырықтан аса лье алып отырды. Мұндай
дауылдар үйлерді де бұзып кетеді, үйлердің төбелерін де жұлып əкетеді,
темір торларды да қиратады, кемелердің үстіндегі зеңбіректерді доптай
домалатады. Бірақ «Наутилус» осы дүлей дауылда əлемге белгілі, атақты
инженердің: «жақсы жасалған кемелердің теңізбен шайқаса алмайтыны
болмайды» деген сөзін толық растап тұрды. Бұл кеме теңіз толқындары
бұза алатындай, қозғалмайтын жартас емес - ті, — бұл қозғалатын,
адамның айтқанымен жүретін темір ұршық болатын; үстінде құрал сайманы да, мачталары да жоқ, осы кеме өзіне ешбір зиян келтірмей тулап
жатқан дүлей теңізбен шайқасып тұрды.
Аласұрған осы зор толқын жалдарын мен қадағалай қарап тұрдым.
Бұлардың биіктігі он бес метрге дейін, ұзындығы жүз елу, жүз жетпіс
метрге дейін жетті, шапшаңдығы желдің шапшаңдығының жартысындай
еді, көлемі мен қуаттылығы теңіздің тереңдігіне байланысты болатын.
Бұлардың өздерімен бірге теңіздің тереңіне ауаны да ала кетіп, онда оттегін
жеткізіп тұру қызметін атқаратынын сонда білдім. Ғалымдардың есебі
бойынша, бұлардың қысымының шегі əрбір дененің бір шаршы футына үш
мың килограмнан келетін көрінеді. Гебрид аралындағы, салмағы отыз үш
мың килограмм жартасты орнынан қозғаған осындай толқындар еді. 1864
жылы 23 декабрьдегі дүлей дауыл кезінде Японияның Иеддо қаласының
бір бөлегін қиратып, мұхит бетімен сағатына жеті жүз километр
шапшаңдықпен жүріп отырып, сол күні Америка жағалуына соғылып,
жойылып кететін де осындай толқындар болатын.
Түнде мен көк жиегінде дауылмен арпалысып келе жатқан бір үлкен
кемені көрдім. Ол дрейфте жатыр еді. Бұл Нью - Йорк пен Ливерпульдің
немесе Гаврдың арасында жүретін кемелердің бірі болуға тиіс. Кешікпей ақ ол қараңғыда көрінбей кетті.
Кешкі сағат онда көк жүзін жалын қаптап алғандай болды. Найзағайлар
ауаны дамылсыз тілгілеп тұрды. Мен осы өткір жарқылдарға қарай алмай
қойдым, бірақ капитан көк жүзіне көз аудармастан қарады да тұрды. Тап
бір осы дүлей дауылда рақаттанып, лəззат алып тұрған сияқты.
Біріне - бірі соғылысқан зор толқындар, ышқына ұлып тұрған қатты жел,
шатырлаған күн —төңіректің бəрін құлақ тұндырған тасыр - түсірге
толтырып жіберді. Желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрды, шығыстан
басталған циклон солтүстікті, батысты, оңтүстікті айналып өтіп, шығысқа
қайта оралып отырды.
Əй, осы Гольфстрим - ай! Дауыл королі десе деген - дейісің - ау! Осы
сұмдық циклонды туғызып отырған оның суының жəне ағысының
үстіндегі ауа температурасының əртүрлілігі ғой!
Жаңбырдан кейін нағыз отты нөсер құйып берді. Аққан су балқыған
металл тасқынына айналып кеткендей болды.
Капитан Немо өзіне лайықты өлім тілеп, найзағай түсіп өлсем деп тұр
ма деп қалғандайсың.
Долы теңіз шегіне жете тулаған кезде «Наутилустың» тіп - тік жоғары
шапшып, өзінің болат тісін сырықтай .жоғары көтеріп, ұшқын атып
тұрғанын да көрдім.
Мен əбден қалжыраған күйім қақпағын ашып, кеменің ішіне түсіп
салонға бардым. Дауыл шегіне, өзінің ең биік сатысына жетті.
«Наутилустың» ішінде бір секунд тік басып тұруға болмайтын еді.
Капитан Немо кеменің ішіне түн ортасында бір - ақ түсті.
Резервуарлардың су алып жатқанын естідім, сол - ақ екен «Наутилус» баяу
ғана сырғып су астына түсіп бара жатты.
Салон терезелердің қақпақтары ашылды да, мен топ - топ балықтарды
көрдім, олар бейне бір елес сияқты, сендей соғылысып, беталды аласұрып
жүр еді. Кейбіреулеріне найзағай түсіп, көз алдымда өліп жатты.
«Наутилус» əлі төмен түсіп келе жатыр еді. Мен ол он бес метр төмен
түскенде тыныш суға жетер деп ойлап едім. Бірақ теңіздің аласұрып қатты
тулауы салдарынан, бізге елу метрге дейін төмен түсуге тура келді.
Ал мұнда, тереңіректегі дүние қандай, тыныш қандай жайбарақат
десеңізші! Тап осы тұста долы дауыл соғып, теңіз беті астан - кестен болып
жатыр деп кім ойлар!
Жиырмасыншы тарау
470 24' ЕНДІК ПЕН 17028'
БОЙЛЫҚТА
Дауыл бізді шығысқа қарай айдап тастады. Нью - Йорктың жағалауына
таяу тұста немесе əулие Лаврентии өзенінің сағасының маңында қашу
жөніндегі үміт сəулесі де үзілді -кесілді өшті. Бейшара Нед Ленд қатты
қайғырып, капитан Немо сияқты, көрінбейтін болып алды. Консель
екеуміздің жұбымыз жазылған жоқ.
Мен, «Наутилустың» шығысқа қарай, дəлірек айтқанда солтүстік шығысқа қарай айдалып тасталғанын айттым. Бірнеше күн бойы ол біресе
судың астымен,біресе үстімен жүзіп келе жатты, теңізді жолаушылар үшін
өте қауіпті қалың тұман басып тұр еді. Бұл тұман мұздың еруіне
байланысты пайда болады, өйткені еріген мұз ауаны тым көп буландырады.
Бұл алқапта, теріс бағыт көрсетіп жымыңдап тұрған оттарды нысана
етіп, жағалауға жетпек болған қаншама кеме апатқа ұшырап жатады! Бұл
тұманның
салдарынан
болған
бақытсыздықтар
қанша!
Фонарьлардыңоттарына қарамастан, гудоктардың айқайына қарамастан,
кемелердің зор қоңырауларының қағылуына қарамастан қанша кеме апатқа
ұшырайды! Жел су астындағы таулардың жарына соғылып жатқан
толқындардың дыбыстарын есіттірмей қоятын тұстарда, жартасқа соғылып
қанша кеме қирап жатады десеңізші!
Бұл тұстардағы теңіз түбі ұрыс аланының көрінісін елестетіп отыруы,
сондықтан таңданарлық нəрсе емес, қираған кемелердің қалдықтары мұнда
қаптап жатты: бұлардың кейбіреулері ескі, əбден тозығы жеткен,
кейбіреулері жап - жаңа, олардың мыс қаптамаларына прожектордың
сəулесі түсіп тұр еді.
Мұнда өзінің адамдары мен эмигранттар толы хабарсыз кеткен қаншама
кеме жатыр! Осы өтe қатерлі алқаптарда — Сень Поль аралы маңында Рас
мүйісінде, Бель - Иль бұғазында, əулие Лаврентий сағасында, жыл сайын
қаншама кеме апатқа ұшырап отырады!
Тек соңғы бірнеше жылдың ішінде ғана бұл тұстарда суға батқан
кемелердің қаралы тізімдеріне қаншама кеме қосылмады, бұлардың ішінде,
дүлей толқындар суға батырып жіберген «Сольвея», «Изид», «Парамат»
«Венгерец», «Канадалық», «Ағылшын -Саксондық», «Гомбольдт». «Құрама
Штаттар» кемелері; қақтығысып қалып, апатқа ұшыраған «Арктика» мен
«Леонец» кемелері: қалай апат болғаны белгісіз — «Президент», «Тынық
мұхит», «Глазго қаласы» кемелері бар еді. «Наутилус» бейне өліктерді
аралап, байқап келе жатқандай осы қирап жатқан кемелердің арасымен
жүзіп келе жатты.
15 майда біз Ньюфаундленд қайраңының оңтүстік шетіне жеттік.
Бұл қайраң су айдап əкелген заттардан пайда болған. Бұл не экватордан
Гольфстрим айдап əкелген, не оған қарама - қарсы Солтүстік полюстен,
Америка жағалауын айналып өтетін суық ағыс айдап келген əртүрлі
қалдықтардың үйіндісі болатын. Сондай - ақ, мұнда бұл тұста миллиардтап
қырылатын, тау - төбе болып үйіліп жатқан балық сүйектері, моллюскалар
мен зоофиттердің де қалдықтары бар еді.
Ньюфаундленд қайраны онша терең де емес - ті, бірнеше жүз футтан
аспайтын. Бірақ мұның оңтүстігінде құламалы терең жыра болатын, мұның
тереңдігі үш мың метр еді. Бұл тұста Гольфстрим кенейетін - ді. Ол мұнда
тіпті теңізге сіңіп кететін, өзінің шапшаңдығынан да, жылуынан да
айрылатын.
«Наутилус» жақындап келгенде тырым - тырақай болып қаша жөнелген
балықтардың ішінде, мен үлкендігі жарты метрдей, арқасы қара, іш жағы
қызғылт - сары дөңгелек қауырсындыларды көрдім, бұлар жұбайынан екі
елі айырылмайтын балықтар болады; еті өте дəмді, қоңыр - жасыл
мурендерді; көздері үлкен, бастары иттің басына ұқсаңқырайтын
каракстарды; тайыншалар мен губандарды көрдім. Бірақ біздің көзімізге
көбірек түскен трескалар болды, бұлар өздерінің ең жақсы көретін жері —
Ньюфаудленд қайраңдарында көбірек кездесіп отырды. Тресканы таулы
жердің балығы деп іркілмей айтуға болады, өйткені Ньюфаундлендтың өзі
су астының тауы болатын - ды. «Наутилус» трескалардың қалың тобын қақ
жарып өтіп келе жатқан шақта, Консель таңданумен болды.
—Бұл қалай, осы ма треска! — деп айқайлап жіберді ол.— Мен
тресканы камбала сияқты жалпақ балық деп ойлаушы едім.
—Бұл қай былшыл! Треска балық сататын дүкендерде ғана жалпақ қой,
өйткені магазинге оның ішін жарып əкеліп салады ғой. Теңізде ол жақсы
жүзуге бейімделген, голавль, ұршық тəрізді жұмыр келеді.
—Қожайын жақсы білуге тиіс қой,— деп жауап қайырды Консель. —
Бірақ мұнда балық дегеніңіз қандай көп, тіпті құмырысқаның илеуіндей!
—Ол бұдан əлде қайда көп болар еді, достым, бірақ, адам деген жауы
бар. Бір аналық тресканың қанша уылдырық салатынын білесіз бе?
—Айталық бес жүз мың болсын!
—Он бір миллион, достым!
—Он бір миллион! Қойыңыз, өзім санап шықпайынша бұған мен
ешуақытта сенбеймін.
—Сана. Бірақ менің. ойымша, маған сенсең сен уақытыңды босқа
өткізбес едің. Есіңізде болсын, бұларды өте көп ұстайды. Жұрттың орасан
көп тұтынатын балықтарының бірі де осы треска балығы, егер олар өте көп
енетін болмаса, бұл балықтардан ендігі түк қалмас еді. Тек Англия мен
Америкада ғана жетпіс бес мың балықшысы бар бес мың кеме треска
аулаумен шұғылданады. Əрбір кеме балық аулау маусымы кезінде қырық
мың треска ұстайды, сонда əлгі кемелердің барлығы бір маусымда - ақ екі
миллиондай балық аулайтын болады ғой. Норвегияның жағалауында да
осы шамада ауланады.
—Өте жақсы,— деді Консель. — Мен қожайынға сендім, енді санамай ақ қоямын.
—Нені санауды айтасың, Консель?
—Он бір миллион уылдырықты. Бірақ менің бір пікірім бар.
—Қандай?
—Ол мынадай: егер əрбір уылдырықтан бір балық шығатын болса, онда
екі - екіден төрт балық - ақ Англияны, Американы жəне Норвегияны
асырап тұруға мол жетеді ғой.
Осы арада, біз Ньюфаундленд қайраңының құмына кеменің килі тие
жаздап өте берген кезімізде мен трескаларды ұстау үшін құрып қойған екі
жүз қармағы бар ұп - ұзын жіңішке арқанды көрдім; əрбір балық аулайтын
қайықта осындай ондаған ау болады. Бұл арқандардың бір шеті судың
астында ырғаққа байлаулы болады да, судың үстіңгі жағында бұйқа ұстап
тұрады. «Наутилусқа» су астындағы осы торлардың арасымен жүруге тура
келді.
Бірақ, сүңгуір кеме трескалары көп тұста кідірген жоқ, Ньюфаундленд
ендігіне дейін көтерілді; мұнда, Сен Джонс аралында Европа мен Солтүстік
Американың арасын телеграф жолы арқылы қосып тұратын, транс - атлант
кабелінің Америка жақтағы ұшығы шығатын - ды.
Бұл арадан «Наутилус», солтүстікке қарай келе жатқан жолымен жүрудің
орнына, бейне, кабель жатқан жазық қыратты зерттемекші болғандай,
шығысқа қарай жүрді, бұл жердің бедері, өте көп зерттелгендіктен, оның
егежей - тегежейіне дейін белгілі болатын.
17 майда Сен - Джонстан бес жүз миль жерде, тереңдігі екі мың сегіз
жүз метр тұста, құмның үстінде созылып жатқан кабельді көрдім. Мен
мұны Консельге айтып үлгірген жоқ едім, сондықтан Консель оны орасан
үлкен жылан деп ойлап, өзінің белгілі əдісі бойынша, жыланның қай түріне
жататынын белгілеп алуға да кірісіп қалып еді. Бірақ мен мұның не екенін
айтып, оның тауын қайырып тастадым, сондықтан оны біраз жұбатпақ
болып, оған бұл кабельдің қалай салынғанын, оның толып жатқан
оқиғаларын айттым.
Бірінші кабель 1857 жəне 1858 жылдар бойына салынған. Бірақ ол төрт
телеграмма бергеннен кейін жұмыс істемей қалған. 1863 жылы инженерлер
үш мың төрт жүз километр жаңа кабель салған; мұның салмағы төрт - бес
жүз тонна болған, мұндай ауыр жүкті салу үшін əдейі, арнап «Great
Eastern» кемесі жіберілген. Бірақ бұл əрекет те сəтсіздікке ұшырайды.
25 майда «Наутилус» судың астына үш мың сегіз жүз отыз алты метрге
дейін түсіп, дəл кабель үзілген жердің үстінен шықты.
Кабель Ирландия жағалауынан алты жүз отыз сегіз миль жерде үзіледі.
Күндізгі сағат екіде Европамен хабарласуға болмай қалады. «Great Eastern»
кемесіндегі инженерлер кабельдің үзілген жерін тауып, кешкі сағат он
бірде судан кабельдің екі ұшын шығарып алды. Бұзылған жерін жөндей
кабельді суға қайта салады. Бірақ бірнеше күннен кейін кабель тағы да
үзіледі, бірақ бұл жолы кабельді мұхиттың түбінен шығара алмайды.
Алайда инженерлер қиыншылықтан тайынбайды. Олар енді жаңадан,
құрылысы жағынан əбден жетілдірілген тың кабель жасайды. Сымдардың
будасы гуттаперчадан істелген қабықпен қапталынып, оқшауландырылған
талшық заттар жастықшаларымен қорғалып, металл арматураға кіргізілген.
1866 жылы 13 июльде «Great Eastern» кемесі теңізге шығады.
Істің бəрі де ойдағыдай істеліп келе жатады. Бірақ бір күні мынадай бір
тосын оқиға болады. Кабельді суға салар алдында будасын таратып
жатқанда, инженерлер оның бірнеше жерінен шегемен тесілгенін
байқайды, тегі, мұны, кім де болса, кабельді істен шығаруды көздеп,
қастықпен жасаған болуы керек. Капитан Андерсон, кеме офицерлері мен
инженерлер басқосып кеңесіп, айыпты адам табылса, сотсыз - ақ оны
теңізге батырып жібермек болады. Осыдан кейін мұндай қылмысты
əрекеттер қайталанбайды.
27 июньде, қалың тұманды көктей өтіп отырып, «Great Eastern» Америка
жағалауына жетеді. Жұмыс та ойдағыдай болып аяқталады.
Əрине, мен электр кабельді заводтан жаңа жасалып шыққан алғашқы
күйінде көремін деп ойлағам жоқ - ты.Өзінің тастақ төсегінде созылып
жатқан металл жылан, кеміргіш моллюскалардан қорғайтын известь
қабығын жамылып алыпты.
Кабель теңіз толқынынан тыс, тереңде жатыр еді; электр дабылы мұның
бойымен Европадан Америкаға отыз екі жүздік секундта жететін. Бұл
кабель мəңгі өмір сүре алады, өйткені теңіз суының əсерімен гуттаперча
оны тек нығайта беретіндігі байқалған. Ал мұның үстіне оның бағыты да
ойдағыдай дұрыс тартылған, мұның нəтижесінде ол, судың күшті қысымы
жарылу қаупіне ұшырататын тереңге, қандай жағдайда да түспейді.
«Наутилус» кабель жатқан жердің ең терең деген тұстарына — төрт жүз
отыз бір метрге дейін барды. Сол арадан біз енді кабельдің 1863 жылы
аварияға ұшыраған жеріне қарай кеттік.
Мұнда мұхиттың түбінде ені жүз жиырма метр, тарлау келген аңғар бар
екен. Егер Монбланды осында əкеліп қойса оның төбесі судан көрінбес еді.
Бұл аңғардың шығыс жақ бөлігі биіктігі екі мың метр тау қабырғасына
тіреліп аяқталатын - ды. Бұл аңғарға біз 28 -май күні жеттік. «Наутилус»
енді Ирландияның жағалауынан жүз елу километрдей - ақ жерде тұр.
Бəлкім, капитан Немо Британия аралдарын айналып өтпек болған
шығар? Жоқ, ол тағы да оңтүстік бағытқа беттеп Европа теңіздеріне қарай
жүріп, мені қайран қалдырды.
—Ол осы жерде! — деді капитан.
Біз Энглези аралын орағытып өтіп шыққан кезде, оның Глазгодан немесе
Ливерпульден келе жатқан кемелердің жолына жарық түсіріп тұратын
маягінің оттарын менің көзім шалып қалды.
Менің ойымды өте бір маңызды мəселе кеміре бастады: «Наутилустың»
Ла - Маншқа кіруге батылы бара ма, жоқ па?
Өзінің інінен шыққан Нед Ленд, біз құрлыққа жақындасымен - ақ қайта қайта осыны сұрай берді. Мен оған не деп жауап қайтарайын? Капитан
Немо бұрынғысынша көрінбей қойды.
Американың жағалауларымен жүріп канадалықты бір қызықтырып еді;
енді Франция жағалауымен жүріп, мені қызықтырмақ болып келе жатқан
жоқ па екен, өзі?
Бұл кезде «Наутилус» бұрынғысынша оңтүстікке қарай жүзіп келе
жатқан - ды. 30 майда ол Ленд аралы көрініп тұран жерден өтті, бұл арадан
Британь аралдары да қашық емес - ті.
Егер капитан Немо Ла - Маншқа өтпекші болса, онда ол шығыс жаққа
қарай жүрер еді ғой.
Бірақ ол мұны істемеді.
31 майда, күні бойына «Наутилус» теңізде өзгеше бір айналыс жасап,
шыр айналды да жүрді, бұл мені өте таңдандырды. Ол осы маңнан бір
орынды іздеп, соны таба алмай жүрген секілді көрінді.
Түс кезінде байқау жұмысын капитан Немоның өзі жүргізді. Маған тіл
қатқан жоқ. Қабағы тым қатыңқы. Оның көңілін бұзған не? Бəлкім, тастап
кеткен отаны туралы əлдеқандай бір нəрсе есіне түсіп, сол жанын жеп
жүрген шығар? Сонда ол оның өкініп жүргені ме немесе қайғырып жүргені
ме? Менің миымды осы ой кемірумен болды. Маған, енді жағдай
капитанның осы құпия сырын ашар деген бір сезім пайда болды. Ертеңіне,
1 июньде, «Наутилус» кешегі шыр айналуын қайта бастады. Мұхитта
қандай да болса, белгілі бір орынды іздеп жүргені енді айқын болды. Түс
кезінде капитан Немо кешегідей тағы да байқау жұмысын өзі жүргізді.
Теңіз тыныш, əуе ашық еді.
Шығыс жақ көк жиегінде сегіз мильдей жерде, бар пəрменімен жүріп
келе жатқан бір үлкен кеменің кескіні айқын көрінді. Оның жалауы жоқ еді,
сондықтан қай ұлттық екенін біле алмадық.
Капитан Немо, күн көзі меридиан арқылы өтіп бара жатқан кезде
секстантты алып байқау жұмысын өте мұқият жүргізді. Бұл жұмысты істеу
оңай да еді. Өйткені теңіз тып -тынышты. Тоқтап тұрған «Наутилус» не екі
жағына, не алды - артына қарай да шайқалмастан тұрған - ды.
Мен бұл кезде кеменің үстінде едім. Байқау жұмысы аяқталысымен - ақ,
капитан Немо:
—Ол осы жерде! — деді.
Ол басқышпен төмен түсті. Жүрісін сəл бəсеңсіткен тəрізді, бірақ бізге
жақындап қалған кемені ол көрді ме, жоқ па, оны мен біле алмадым.
Мен де салонға қайттым. Кеменің үстіне шығатын ауыз жабылды,
резервуарларға су құйылып, «Наутилус» судың астына түсе бастады. Ол
винт қызмет істемегендіктен, тік түсіп келе жатты.
Бірнеше минуттан кейін сегіз жүз отыз үш метрге дейін терең түсіп,
тұмсығы теңіздің түбіне тие тоқтады.
Салондағы жарық өшіп кетті. Терезенің қақапақтары ашылды, мен
терезеден қарап, прожектордың сəулесі жарық түсіріп тұрған төңіректі
жарты миль жерге дейін көріп отырдым. Сол жақ терезеден қарағанда
судан басқа түк көре алмадым, ал оң жақта менің көңілімді бірден аударған
бір қарауытқан нəрсені көрдім: Мұның өзі қар басқан, ақ ракушкалармен
қапталған теңіз түбіндегі бір нəрсе сияқты еді. Мен кескініне мұқият қарап,
мұның мачталарынан айырылған, апатқа ұшыраған кезде, суға тұмсығымен
батқан бір кеме екенін аңғардым. Қалың известь басып қалуына қарағанда,
апатқа ұшыраған кеменің көрініп тұрған қалдығы теңіз түбінде ұзақ
жылдар бойы жатса керек.
Ал, бұл неткен кеме? «Наутилустың» мұның зиратына келуі қалай?
Бəлкім бұл кеме апатқа теңіз дауылының салдарынан ұшырамаған шығар?
Не деп ойларымды білмей дал боп тұрғанымда, кенеттен капитан Немо
сөйлеп кетті.
—Бір кезде бұл кеме «Марселец» деп аталған. Бұл тұңғыш рет бір мың
жеті жүз алпыс екінші жылы теңізге түсірілген, онда мұның үстінде жетпіс
төрт зеңбірегі болған. Бір мың жеті жүз жетпіс сегізінші жылы он үшінші
августа бұл кеме Ла - Пойпа - Вертриенін басқаруымен «Перстонға» қарсы
қатты шайқасады. Бір мың жеті жүз жетпіс тоғызыншы жылы адмирал
Эстеннің эскадрасының құрамында болып Гренаданы алу жорығына
қатысады. Бір мың жеті жүз сексен бірінші жылы бесінші сентябрьде граф
Трассаның басқаруымен Чизпик қолтығында болған ұрысқа қатысады. Бір
мың жеті жүз тоқсан төртінші жылы Франция республикасы оның атын
өзгертіп, жаңа ат қояды. Сол жылы он алтыншы апрельде Бресте Вилар Жуаез эскадрасына қосылды, бұл эскадраға адмирал Ван - Стабельдің
басқаруымен Америкадан астық алып келе жатқан кемелер керуенін қорғап
алып қайту тапсырылған. Республиканың екінші жылының он бірінші жəне
он екінші прериальнда бұл эскадра ағылшын кемелеріне кездеседі.
Профессор мырза, бүгін он үшінші прериаль — бір мың сегіз жүз алпыс
сегізінші жыл, бірінші июль. Бұдан дəл жетпіс төрт жыл бұрын, тап осы
жерде, 47° 24' ендік пен 17° 28' бойлықтың арасында, қаһармандық, ерлік
күрестен кейін, мачталарынан, командасының үштен бірінен айырылған,
суға жарым - жартылай батқан осы кеменің адамдары тірідей қолға
түскенше, суға батып өлген артық деген тоқтамға келді... Тірі қалған үш
жүз алпыс алты жауынгер кеменің арт жағындағы республика туын жоғары
көтеріп төңіректі тегіс күңіренте: «Жасасын, республика!» деп ұран салып
суға батып кетеді.
—Бұл «Кек алушы» ма? — деп айқайлап жібердім мен.
—Я, мырза, бұл «Кек алушы». Тамаша есім,— деп сыбырлады капитан
Немо қолдарын көкірегінің үстіне айқастырып салып.
Жиырма бірінші тарау
КЕК АЛУШЫ
Күтпеген жерден кездескен осы бір көрініс, басы жай басталып соны
ерекше бір тебірене айтылған сөздермен аяқталған революцияшыл кеменің
тарихы, менің өз басым маңыз бермей қала алмайтын осы «Кек алушы»
деген аттың өзі мені қайран қалдырды. Мен капитаннан көзімді айыра
алмадым. Теңізді қолыммен нұсқап көрсетіп, ол осы тамаша сынықтарға
сұқтана қарап тұрды.
Бəлкім мен, капитан Немоның кім екенін, қайдан келгенін, қайда бара
жатқанын ешуақытта біле алмаспын, бірақ мен ғалымдығын адамгершілігі
басым болып бара жатқан адамды көрдім.
Осы темір құрсаудың ішіне капитан Немо мен оның жолдастарын
түсірген тек адамды жек көрушілік қана емес - ті, оларды мұнда түсірген
қатерлі, қаһарлы өшпенділік еді, бұл өшпенділікті басуға тіпті уақыттың да
шамасы келмеген.
Бəлкім, ол кек алуды аңсайтын шығар?
Бұл кезде «Наутилус» баяу көтеріліп келе жатыр еді, «Кек алушының»
кескіні бара - бара көзден таса болды. Бұл арада кеменің болмашы ырғалуы
біздің теңіз үстінде жүзіп келе жатқанымызды аңғартты. Осы кезде
көмескілеу шыққан бір гүрсілді естіп мен капитанға қарадым. Бірақ ол селт
етпестен тұр екен.
—Капитан! — деп қалдым мен.
Ол жауап қатпады.
Мен оны қалдырып, кеменің үстіне шықтым. Консель мен канадалық та
сонда екен.
—Əлгі не гүрсіл? — деп сұрадым мен.
—Атылған зеңбіректің гүрсілі, — деп жауап қайырды Нед - Ленд.
Мен манағы кеме келе жатқан жаққа қарадым. Ол бар пəрменімен
«Наутилусқа» жақындап қалған екен. Біздің арамыз алты мильдей - ақ еді.
—Бұл нендей кеме, Нед?
—Мұның соғыс кемесі екеніне бəс тігісе аламын, — деп жауап қайырды
канадалық. — Бұл оның құрал - жабдықтары мен мачталарының
биіктігінен - ақ көрініп тұр. Бəлем, ол бізге шабуыл жасап, осы қарғыс
атқан «Наутилусты» қарасын өшіріп, суға батырғай еді!
—Нед достым, — деп жауап қатты Консель, — ол кеме «Наутилусқа»,
қандай зиян келтіре алады? Ол су астына түсіп шабуыл жасай алмайды,
теңіздің терең түбіндегі оны ата да алмайды ғой.
—Нед, сіз бұл кеменің ұлтын біле аласыз ба, соны айтыңызшы? — деп
сұрадым мен.
Канадалық қабағын кіржитіп, көзін сығырайтып кемеге тесіле қарады.
—Жоқ, профессор,— деп жауап қайырды ол,— оның ұлтын мен айыра
алмаймын, өйткені оның жалауы жоқ. Бірақ мен бұл соғыс кемесі деп тағы
да айтамын, өйткені, оның орталық мачтасында ұзын вымпел желбіреп тұр.
Ширек сағат бойына біз тура бізге қарай келе жатқан кемеге қарап
тұрдық.
Сонша жерден «Наутилусты» оның қалай көре алатынына менің миым
жетпей қойды; мұның үстіне, ол сүңгуір кеменің барлығын біледі деген
ойымда да жоқ еді.
Кешікпей - ақ канадалық маған мұның тісті жəне темір құрсаулы екі
палубасы бар, үлкен соғыс кемесі екенін айтты. Мұржасынан қарақошқыл,
қою түтін будақтап келеді. Желкендері жиылып алынған. Жалауы жоқ.
Жоғарыда желбіреп тұрған вымпелдің түсін айыруға болмады, өйткені жіп
- жіңішке еді.
Кеме шапшаң жүріп, жақындап келеді. Егер капитан Немо оны тым
жақын келтірсе, онда бізге қашып құтылатын жағдай туатын еді.
—Профессор,— деді Нед Ленд,— осы кеме бізге бір мильдей қалғанда,
мен теңізге бір - ақ қарғып түсемін, сіз де менің істегенімді істейтін
болыңыз!
Мен канадалықтың ұсынысына түк жауап қайырғам жоқ. Бірден бірге
үлкейіп, көрініп келе жатқан кемеге қараумен болдым. Мейілі
ағылшындық, мейлі француздық, мейлі американдық, мейлі орыстікі
болсын, — бəрібір бұл кеме жүзіп барсаң бізді көтеріп алатын еді.
—Бəлкім, қожайының есіңде шығар, суда жүзу өнері жөнінде біздің
кейбір тəжрибелеріміз де бар ғой,— деді Консель. Егер Нед достымның
кеңесін қабыл алатын болса, онда ол өзін ілестіріп ала жүру қамын маған ақ тапсырсын.
Мен енді ғана жауап қайтармақ болғанда, соғыс кемесінің тұмсық
жағынан ақ түтін бұрқ ете қалды. Бірнеше секундтан кейін теңізге күмп ете
түскен ауыр заттан «Наутилустың» үстін көбік шашқан су алып кетті.
Атылған оқтың гүрсілі тіпті менің құлағымды тындырып жіберді.
—Мұнысы несі? Бізді атқаны ма? — деп айқайлап жібердім.
—Ер жігіттер екен, — деп сыбырлады канадалық.
—Демек олар бізді апатқа ұшыраған кеме деп санамағаны ғой,— дедім
мен таңданып.
—Егер қожайын рұқсат етсе...— деп бастап еді Консель.
Сол арада - ақ əлгіден де жақынырақ келіп түскен зеңбірек оғынан
бағандай тіп - тік көтерілген су Консельдің аяғынан басына дейін жуып
кетті.
—Қожайынның рұқсатымен айтқанда, — деді Консель үзіліп кеткен
сөзін жалғап,— олар бізді нарвал деп атып тұр.
—Бірақ олар мұнда адамдар тұрғанын көруге тиіс қой! — дедім
дауысымды қаттырақ шығарып.
—Бəлкім, солай болғандықтан да атып тұрған шығар,— деп жауап
қайырды Нед Ленд, ойлы көзбен қарап.
Бұл сөздерден мен үшін бір жаңалық ашылғанда болды. Атышулы
жалған кереметтің сыры ендігі бүкіл дүние жүзіне белгілі болғаны күмəнсіз
еді. «Авраам Линкольн» «Наутилуспен» қағысқан кезде, канадалық оған
сүңгі лақтырғанда, жұрттың қатерлі керемет нарвал деп жүргендерінің ең
үлкен деген нарвалдан да қауіпті сүңгір қайықтан басқа түк те емес екенін
капитан Фарагут біліп қойған - ды.
Тас төбеден түскендей бұл хабар бүкіл дүние жүзінің халықтарын тегіс
өшіктірген шығар да, соның нəтижесінде енді барлық елдің соғыс кемелері
біздің сонымызға түсіп алған шығар деп топшылауға болар еді.
Ал мұның өзі дұрыс та еді, өйткені егер капитан Мемо бұл кемені кек
алу ісіне жұмсаса, онда бұдан қауіпті, бұдан қорқынышты қару жоқ еді.
Индия мұхитында, капитан Немо бізді құрыш түрмеге қамап ұйықтатып
тастайтын түні, «Наутилустың» қандай да болса бір кемемен
шайқасқанында менде енді ешқандай күдік қалмады. Маржан молада
жерленген адамның да, «Наутилустың» өзі бастаған қақтығыстың құрбаны
екендігінде күмəнім болмады.
Капитан Немо өмірінің бүркеулі жатқан құпия сыры ашыла бастады.
Оның əлі кім екені белгісіз бола тұрса да, əралуан ұлттардың өкілдері
бірлесіп алып, белгісіз бір жануардың соңына түсіп отырған жоқ, өздерінің
қас жауының, қас жауы болғанда, бүкіл адамзатқа деген өшпенділік отын
өршітуге серт берген адамның соңына түстік деп отыр.
Менің миыма осы ой келді. Сондықтан жақындап келіп қалған
кемедегілерді біз дос адамдар ретінде емес нағыз мейрімсіз жау ретінде
қарсы алуға тиісті екеніміз маған енді ғана айқын болды.
Бұл уақытта біздің төңірегімізге оқ үсті - үстіне түсіп жатты. Суға түскен
оқтардың кейбіреулері атқып, қайта серпіліп, алысырақ барып түсіп,
жоғалып кетіп жатты. Бірақ бірде - бірі «Наутилусқа» түскен жоқ.
Соғыс кемесі енді бізден үш мильдей - ақ жерде тұр еді.
Зеңбіректердің гүрсілі күшейе түссе де, капитан Немо кеменің үстіне
шықпай қойды.
Бірақ егер зеңбірек оқтарының бірі «Наутилустың» корпусына тисе,
сүңгуір кемені қатерге ұшыратуы кəдік еді.
Канадалық маған қарап:
—Мырза, ол кемедегілер біз туралы теріс пікірде болмасын! Белгі беріп
көрелік.. Мыңда бір шайтан! Бəлкім, олар мұнда адал адамдар да бар екенін
ұғар!
Нед Ленд қалтасынан орамалын алды. Бірақ ол орамалын жазып
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - 20 000 лье су астында - 28
  • Parts
  • 20 000 лье су астында - 01
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2015
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 02
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2010
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 03
    Total number of words is 4380
    Total number of unique words is 1940
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 04
    Total number of words is 4332
    Total number of unique words is 2011
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 05
    Total number of words is 4010
    Total number of unique words is 2058
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 06
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 1818
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 07
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1948
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 08
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2071
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 09
    Total number of words is 4217
    Total number of unique words is 2074
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 10
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 1869
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 11
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2013
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 12
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 1996
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 13
    Total number of words is 4263
    Total number of unique words is 2041
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 14
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 1947
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 15
    Total number of words is 4287
    Total number of unique words is 1996
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 16
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1781
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 17
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 1917
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 18
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2039
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 19
    Total number of words is 4272
    Total number of unique words is 2111
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 20
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2011
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 21
    Total number of words is 4141
    Total number of unique words is 1972
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 22
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 1850
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 23
    Total number of words is 4236
    Total number of unique words is 1916
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 24
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 1808
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 25
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2030
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 26
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 1946
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 27
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 1920
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 28
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 1916
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.