Latin Common Turkic

20 000 лье су астында - 22

Total number of words is 4174
Total number of unique words is 1850
36.5 of words are in the 2000 most common words
52.0 of words are in the 5000 most common words
59.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
дегенім, шынында да дұрыс еді. Киттердің осы тобы қазір амалсыздан өте
бір күшті жаумен шайқасады; ық жақта, сегіз мильдей жерде, қозғалып
келе жатқан қара нүктелерді көріп тұрсыз ба, профессор мырза?
—Көріп тұрмын, капитан,—деп жауап қайырдым мен.
—Олар кашалоттар, өте қатерлі жануарлар... Мен бұлардың екі жүз, үш
жүзден үйір - үйір болып жүргендерін де көргенмін! Ал осы өте жауыз,
зиянды жануарларды, сөз жоқ қырып, құртып жіберуге болады.
Осы сөздерді естігенде, канадалық жалт бұрылды.
—Онда қайтеді дейсіз, капитан,— дедім мен, — киттердің мүддесі үшін
мистер Лендке рұқсат беруге...
—Қатерге ұшырауымыздың қажеті болмас, —деді менің сөзімді бөліп
капитан. — «Наутилустың» өзі - ақ кашалоттардың жайын табады.
«Наутилустың» ұзын болат тісі бар, бұл шынтуайтқа келгенде, мистер
Лендтің сүңгісінен осал емес.
Канадалық, ешбір қымсынбастан иығын бір көтеріп қойды. Оның осы
сəттегі түрі: «Кашалоттарды кеменің тісімен қырыпты дегенді кім естіген?!
дегенді айтып тұр еді.
—Асықпаңыз профессор мырза,— деді капитан,— сізге ешуақытта
көрмеген аң аулауды көрсетемін, əлі. Аузы мен тісі ғана бар бұл
жыртқыштарға ешқандай аяушылық сезімі болуға тиіс емес!
Басының, ұзындығы жиырма бес метрге дейін баратын кашалотты
«Ауыз бен тіс» деп атаудың өзі де тауып қойылған атау. Осы зор бас оның
денесінің үштен біріндей еді. Тек мүйіз қабықты азуы бар кит аузынан,
кашалот аузының өзгешелігі — оның аузында əрбіреуі екі қадақтан келетін
отыз тоғыздан елу екіге дейін өткір тісі болады. Бас сүйегінің артқы
бөлегінде үш жүз, төрт жүз килограмм майлы сұйық зат — спермацет
сиятын, екі арасы бір - бірімен қосылып тұратын екі қуысы болады, —
мұның өзі өте қымбат бағаланатын - ды.
Кашалот, шынында да, дүние жүзіндегі ең сөлекет əрі ең сұмпайы
жануар. Өзінің басы өте келіссіз — сорақы келеді. Тұмсығының тек бір - ақ
бөлегі бар, сол жақ көзі оң жақ көзінен едəуір кіші. Сондықтан да ерте
замандағы аулаушылар оған үнемі сол жағынан келіп тиісетін болған.
Осы екі ортада жыртқыштар да жақындап қалып еді. Олар киттерді
көріп, енді оларға шабуыл жасауға ыңғайлана бастады.
Осы бір жағы басым, екінші жағы əлсіз шайқаста киттердің жеңілетіні
күні бұрын - ақ белгілі де, белгілі болғанда кашалоттардың киттерден көрі
күштілігінен, олардың қаруының да киттердің қаруынан артықтығынан
емес, кашалоттар киттерге қарағанда, дем алу үшін үске шықпай ұзақ
уақыт су астында қала алатын еді.
Китерге көмек көрсететін уақыт та болып қалды. «Наутилус» судың
астына түсті. Консель, Нед Ленд бəріміз салон терезесінің алдына келіп
отырдық.
«Наутилустың» жаңа қызметі—қыру қызметін өзі басқармақ болып,
капитан Немо штурвал кабинасына кетті.
Винт тез айналып, «Наутилус» бар пəрменімен шапшаң жүріп келе
жатты.
«Наутилус» жануарларға жеткен шақта, кашалоттар мен киттердің
арасында шайқас басталып та қалып еді. Капитан Немо кемені кашалоттар
тобының қалың ортасын қақ айырып жіберетіндей бағытта жүргізді.
Алғашқыда кашалоттар өздеріне тұтқиылдан жаңа бір жаудың келіп
тиіскенін елей қойған жоқ еді, бірақ кешікпей - ақ мұны мойындауға тиіс
болды.
Біздің көз алдымызда қандай қырғын шайқас болып жатты десеңізші!
Тіпті Нед Ленд те мəз - майрам болып, үсті - үстіне қол соғып отырды.
«Наутилус» өз капитанының қолындағы орасан үлкен оқтайлы сүңгіге
айналды. Ол кашалоттардың ет денелеріне қарай зулап барып, пəре - пəре
етіп, мылжалап, қанын судай ағыза, артына екеуін қалдырып кетті. Ол өзін
кашалоттар құйрықтарымен үсті - үстіне ұрғыштап жүргенін де, сол
сияқты, олардың топталып келіп өзіне екілене соқтығысып жүргенін де
сезген жоқ. Бір жыртқышты жайрата салып, екіншісіне бас салып, уақытты
босқа өткізбеуді, өзінің нысанаға алған жауынан мүлт кетпеуді көздеп, бір
орында шыр айналып, біресе тура зулай жөнеліп, біресе кілт кейін
бұрылып, кашалот сүңгіп кетсе ілесе сүңгіп, біресе су бетіне қайта жүзіп
шығып, кашалоттарға екі бүйір жағынан да, маңдай алдынан да, сыртынан
да шабуыл жасап, қай жағынан келсе де, қандай шапшаңдықпен келіп
тиіссе де оларды екіге шауып түсіп, немесе мылжа - мылжасын шығарып
кетіп жүрді.
Қандай, қырғын десеңізші! Су үстіндегі шу қандай деңіз! Зəрелері
ұшқан кашалоттардың демалғандағы ысқырықтары қандай! Алып
құйрықтар сабалаған судың астыңғы қабаты да астан - кестен болып
жатты... Бұл жаппай шайқас бір сағаттан аса уақытқа созылды. Бірнеше рет,
кашалоттардың он бір он екісі тобын жазбай бірлесіп келіп «Наутилусты»
қиратпақшы болып шабуыл жасады. Салон терезесінен олардың арандай
ашылған ауыздары, адамның зəресін ұшырарлық ақсиған тістері, шатнаған
.көздері көрініп отырды.
Нед Ленд өзін өзі ұстай алмай, оларға қарғысты жаудырып, жұдырығын
түйіп, кіжінумен болды.
Кашалоттар, орманда қамалаған жырқыштың алқымынан алған иттер
сияқты «Наутилустың» жақтауларын тістемек болып, ауыз салып та
əуреленді.
Бірақ «Наутилус» олардың орасан зор салмағын да, еселеген
соққыларын да елеген жоқ. Ол кашалоттарды су астына да қуып кетіп,
қайтадан су үстіне де алып шығып, нысанаға алған жауының бірде - бірін
бір секунд құтқармай өкшеледі де жүрді.
Ақыр аяғында кашалоттардың тобы сиреп қалды. Астаң - кестеңі
шыққан су да қалпына қайта келді. «Наутилус» судың үстіне шықты.
Сыртқа шығатын ауыз да ашылып, біз кеменің үстіне шықтық.
Теңіз беті мылжа - мылжасы шыққан кашалоттарға толып кетті. Егер
кашалоттардың тобына бүлдіргіш күші орасан зор снаряд түсіп жарылған
болса мына жар тастай, кесек -кесек ет денелерді тап осылай пəршелеп, тап
осылай мылжалай алмас еді. «Наутилустың» айналасындағы су көптеген
миль бойына қызыл қанға боялып жатты. «Наутилус» бейне бір қан
мұхитында жүзіп келе атқан сияқты.
Бізге капитан Немо келіп қосылды.
—Ал, мистер Ленд, не айтасыз?—деді ол канадалыққа қарап.
—Менің айтар түгім де жоқ, — деп жауап қайырды канадалық, — сіз
бізге бір жан түршігерлік тамашаны көрсеттіңіз, бұл даусыз. Бірақ мен
қасапшы емеспін, аңшымын, ал сіз бізге мал соятын, қасап орнын
көрсеттіңіз...
—Мұны өте зиянды, жыртқыш айуандарды қыру деп атайды, — деп
қарсы шықты капитан Немо, — ал «Наутилус» болса ол, қасапшының
балғасы емес.
— Əйткенмен, мен өзімнің сүңгімді артық көремін, — деді канадалық.
—Əркімнің сүйген қаруы болады ғой, — деді капитан Немо Нед Лендке
қадала қарап.
Мен, Нед капитанға бірдеңе деп, тіл тигізіп алмаса игі еді деп қорықтым,
өйткені, ондай сөздің түбі бізге жақсы тимеуі мүмкін еді, бірақ бақытқа
қарай, осы арада, Недтің көзі «Наутилус» жақындап келіп қалған китке
түсіп, соған көңілі ауып кетті.
Бұл жануар кашалоттардың шабуылынан құтыла алмапты. Мұның
оңтүстік киті екенін де біле қойдым, өйткені, түсі қап - қара, басы кеудесіне
кіре біткен кит екен. Анатомиялық жағынан алып қарағанда, мұның
кəдуілгі киттерден айырмашылығы, — оның жеті мойын омыртқасы
тұтасып, астасып біткен де, өзінің солтүстік туыстарынан екі қабырғасы
артық болатын. Бейшара кит жанбастай жатыр екен, кашалоттар қарнының
көптеген жерін жаралап тастапты. Кит өліп қалған.
Оның мылжаланған жүзгіш қанатының астында баласы бар екен, кит
баласын да қорғай алмапты. Енесінің ашылып қалған аузынан су
ақтарылып жатыр, ақтарылғанда ұртынан жылғадан аққан судай сылдырап
ағып жатыр еді.
Капитан Немо «Наутилусты» киттің қасына апаруға қосты. Екі матрос
киттің үстіне шықты да, жануардың желінінен сүт ағызып ала бастады.
Мен бұған қайран қалып қарап тұрдым. Сөйтіп матростар үш бөшке сүт
сауып алды.
Капитан осы жаңа сауылған, жылы сүттен бір аяқ сүт ұсынды. Мен бұл
ұсынысты естігенде өзімнің жиіркенгендігімді білдіргім келмесе де
білдіріп алдым. Капитан мені киттің сүтінің дəмі өте жақсы болады,
сиырдың сүтінен түк айырмасы жоқ жеп сендірді.
Мен ішіп көрдім. Бұл шынында да өте жақсы сүт екен.
Осы үш бөшке сүт біздің өте бағалы олжамыздың бірі болды, өйткені,
бұл сүттен алынған май, ірімшік тамақтарымыздың түрін көбейтті.
Осы күннен бастап — Нед Ленд капитан Немоға бірден бірге өшігіп,
қырын қарайтын болып алды, оның мұнысы мені қатты
қынжылтты,сондықтан мен ол бір өрескел қияңқылық жасап, бүлдіріп
жүрер деп қорқып, сол өрескелдікке жібермеу үшін, кит аулаушыны байқап
жүретін болдым.
Он үшінші тарау
МҰЗДАРДА
«Наутилус» бұрынғысынша тура оңтүстікке қарай елуінші меридиянның
бойымен едəуір шапшаң жүріп келе жатты. Шынымен - ақ полюске
бармақшы ма? Бұған мен сене алмадым, өйткені оңтүстік полюс жақта
март айы, солтүстік жақтық сентябрь айына, яғни күз басына сəйкес
келетін - ді.
14 мартта, 50° бойлықта, жүзіп жүрген сенді мен тұңғыш рет көрдім.
Бұл сірескен қалың мұздың көкшілдеу келген, ұзындығы жиырма, жиырма
бес футтай ғана бір кесегі еді, осы мұзға теңіз толқындары дүркіреп
соғылып жатты.
«Наутилус» мұхит бетінде келе жатқан - ды. Полюс теңіздерінде көп
болған Нед Ленд жүзіп жүрген сендерді бұрын да талай көрген адам еді. Ал
Консель екеуміздің мұны бірінші рет көруіміз болатын.
Көк жиегінде көзді шағылдырған аппақ бір алап көсіліп жатыр еді.
Ағылшын кит аулаушылары оны «сəулелі мұз» деп атайтын - ды. Не бір
қалың торлаған бұлт та оны көмескілендіре алмайтын. Бұл алап мұзды
байтақ жазықтың хабаршысы еді.
Шынында да көп кешікпей - ақ көлемді мұз алаптар көрінді, бұлардың
жарқыраған сəулесі атмосфераның құбылысына қарай біресе күшейіп,
біресе əлсіреп тұрды. Кейбір жүзіп жүрген мұз таулардың — айсбергтердің
— екі жақ бүйірлерінің, күкірт - қышқылды мыс сызаты сияқты жасыл
жолақтары бар; екінші бір кесек мұздар өте зор аметистерге ұқсап түгел
жылт - жылт етеді. Үшінші бір бұжыр - бұжырлары күн сəулесінен мың
құбылып тұрды. Ақыр аяғында төртіншілері, қар жамылып орасан зор
гранит жар тасындай болып көрініп тұр, бұлар бүтін бір қала салуға мол
жетер еді.
Оңтүстікке қарай барған сайын жүзіп жүрген мұздар да көбейе бастады,
жеке мұздар, айсбергтер де ірілей бастады. Арктика құстарының бұл
мұздарда мың - мыңдаған ұясы бар.
Бұл құстар дауылпаз, дауыл құстары, пуффиндер еді, дауыстары тіпті
құлағымызды тұндырды. Бұлардың кейбіреулері «Наутилусты» өлген
киттің денесі деп ойлап, кеменің үстіне келіп қонып, оның металл тысын
шоқып отырды.
Осы мұздардың арасымен жүзу кезінде капитан Немо көбінесе ұзақ
уақыт бойына кеменің үстінде болып жүрді. Ол осы меңіреу мұз даласына
ден қойып, аса зер салып қарады. Кейде, оның əдеттегі өте ызғарлы суық
көзқарасының оттай жайнап тұрған кездерін де көрдім.
Осы кездерде ол адам баласының аяғы жетпейтін осынау полюс
мұздарының əміршісі тек бір өзіммін деп те ойлайтын шығар? Ықтимал.
Бірақ мұны ол даусын шығарып айтқан жоқ. Ол ұзақ сағаттар бойына
қимылсыз тұрып, тек «Наутилусты» мұздар қоршап қалып, содан шығу
керек болғанда ғана ұйқыдан оянған адамдай селт ете түсетін.
Міне сонда ол штурвалда тұрып алып, мұзды алаптарға да, мұз тауларға
да соқтықпастан, кемені өзі басқарып, асқан шеберлікпен қандай мұз
қоршауынан болса да ұршықтай үйіріп алып шығатын. Мұздардың
кейбіреулерінің ұзыны көптеген мильге дейін созылып, су үстіндегі биіктігі
жетпіс - сексен метрге дейін баратын.
«Наутилустың» жолын кейде сірескен қалың мұздар бөгеп қалып
отырды. Бірақ капитан Немо қандай да болса бір мұздың жарылып, екі
айырылып кеткен тар аралығын болса да тауып алып, бұл аралықтар қайта
жабылып қалуы мүмкін екенін біле тұрса да, сол аралықтардың бойымен
зырғып өте шығатын.
Осылайша өз капитанының шебер басқаруының арқасында «Наутилус»
мəңгілік дүлей мұздардың арасымен жүзіп келе жатты.
Мұздардың көлемдеріне, формасына қарай белгіленген түрлері
Консельге өте ұнады, ол бұл түрлерді дереу біліп те алды, бұлар:
айсбергтер, немесе мұз таулар; айсфильдтер немесе мұзды алаптар;
драйфтайс немесе жүзіп жүрген мұздар, пэкстер, немесе мұз ботқа
болатын.
Ауа температурасы тым төменді: сынап бағанасы нөлден тек екі - үш ақ буын жоғары еді. Бірақ біз тюлень терілерінен, немесе ақ аю терілерінен
тігілген жылы киімдеріміз болғандықтан суықты онша сезе қойғамыз жоқ.
Ал «Наутилустың» ішінің жылылығы болса, ол ауа райы қандай болса да
электр пештердің қызуы арқасында ұдайы бір қалыпта болатын.Ал егер
тіпті пеш қызмет істемей қалған күнде «Наутилус» бірнеше метр төмен
түсе қойса болды, адам шыдауға болатын біркелкі температура жағдайына
бəрібір қайта келеді.
Егер бұл араға біз бұдан бір ай бұрын келсек тəулік бойы күн батпайтын
қызықты да көрген болар едік. Бірақ біз кешігіп келдік, сондықтан да түн
қазір біздің үш - төрт - ақ сағат уақытымызды алып, алты ай бойына өзінің
көлеңкесімен бүкіл полюс маңын жаппақшы болып күннен күнге ұзарып
келе жатты.
15 мартта біз Жаңа - Шотландия мен Оңтүстік - Оркией аралдарының
тұсындағы параллельден өттік. Капитан Немо маған, бұл жерлер бұдан
біраз бұрын сансыз көп тюлень паналаған жер екенін, бірақ араны ашылған
ағылшын, американ өндіріс қожалары пайда түсіру мақсатымен
тюленьдердің еркектерін де, ұрғашыларын да, балаларын да түгел қырып,
бұл манды меңіреу тыныштыққа бөлеп қойғандарын айтты.
16 мартта, таңертеңгі сағат сегіз шамасында, «Наутилус» елу бесінші
меридианның бойымен жүріп отырып, Оңтүстік полюс шеңберін кесіп өтті.
Мұздар жан - жағымызды қоршап, көк жиегін де көрсетпей қойды.
Əйткенмен, капитан бір жарықшақтан кейін екінші бір жарықшақты қуалай
жол тауып оңтүстікке қарай жүзді де отырды.
—Бұл бізді қайда алып барады?.. — деп қалдым дауысымды шығарып.
—Басы ауған жаққа апара жатыр,— деп жауап қайырды Консель! —
Баратын жер қалмағанда бір - ақ тоқтайтын болуы керек.
—Мен бұған кепілдік бере алмаймын,— дедім мен.
Ешбір қалтқысыз шын сырымды айтсам, маған осы жүзу сапары
мейлінше ұнап келе жатыр еді. Осынау қаһарлы мұз даласының тамаша
көрінісін айтып жеткізуге менің тіпті шамам келмейді. Мұнда мұздар ойда
жоқ түрге еніп отырды. Кейде мұзды алап, үш жағы сүп - сүйір сансыз көп
мұнаралары бар шығыс қалалары секілденіп көрінеді. Басқа бір жерлерде
ол жер сілкінгенде апатқа ұшырап қирап қалған қалалар сияқтанып жатыр.
Ал күн көзі көк жиегіне төмен түсіп, бір қиырдан қыя сəуле түсірген
уақыттарда, мұз көріністері бейне бір сыйқырлап қойғандай мүлде өзгере
қалады. Осы қиял ерісінің спектакілінің сахнасы күнді бұлт қабаттап,
мұздарды тұман басып, немесе екі мұз жартастары бір - бірімен
қақтығысып қалып, мыңдаған зеңбіректер атылған кездегідей гүрсілдеп
жатқан шақтарда, тіпті тез өзгеріп кететін.
«Наутилус» егер осындай қақтығысу кезінде, су астында болса, онда бұл
гүрсілдер су арқылы тіпті күшті естілетін, ал орасан зор мұз жартастар
құлай қалса, өте қауіпті тулаған толқын туғызатын. Дағдылы суларда долы
дауыл соғып, толқындар асыр салған кезде, кемелер қандай аударылып,
төңкерілетін болса, мұндай кездерде «Наутилус» та тап солардай ауытқып,
өте қатты шайқалатын.
Мұздардың арасынан ешбір саңлау көре алмай, мұз тұйығынан шыға
алмастай болып қамалдық - ау деп ойлап қалған талай кездерім де болды.
Бірақ қателеспейтін, көреген капитан Немо жаңа өткелдердің бірінен соң
бірін тауып ала беретін. Ол ешуақытта қателеспейтін, оның жол көрсеткіші
мұз таулардың беткейімен ағып жататын көкшіл сулар болатын. Сондықтан
мен оңтүстік теңіздердің мұздарында ол бұрын да талай рет болған ғой
деген қорытындыға келдім.
Алайда 16 мартта, кешке қарай, мұздар жолды біржолата бөгеді. Бұл əлі
ұшы - қиыры жоқ сірескен мұзды аймақ емес - ті, бұл тек аяз қатырып
тастаған мұз алабы ғана болатын. Бірақ бұл тосқауыл да капитан Немоны
тоқтата алмады. Кейін шегініңкіреп барды да, қайтадан бар пəрменімен
келіп «Наутилус» мұзға соғылды. Сөйтіп ол мұзды быт - шыт қылып,
сынадай кіріп арасынан өтіп шықты. Бұл жерде ол ерте замандағы таран
принципін қолданды, бірақ бұл таран шексіз күшті таран еді. Жоғары
атылған мұз кесектер біздің айналамызда бұршақша жауды. Кеменің
құдіретті соққысынан алдымыздан дереу өткел ашылды.
Кейде «Наутилус» мұзды қиратып өтпек болып оқтай зулаған кездерінде,
екпінімен мұзды алаптың үстіне шығып кететін. Мұндай жағдайда кеменің
салмағынан мұз қақ айрылып, жан - жаққа бытырап кетіп, кеме жүретін
жол түсіп қала беретін.
Бұл күндерде жиі - жиі қатты дауылдар да соғып тұрды. Кеменің ол шеті
мен бұл шетін көрсетпейтін қалың тұман басып тұрған да кездер болды.
Ұйтқып соққан жел бет қаратпайды. Кеменің үстіне түнде жауған қар
таңертеңге дейін қатып қалатын еді; күрек батпағандықтан, оны үлкен
қайламен аршып отыруға тура келді.
Ауа температурасы нөлден бес градус төмен түссе - ақ «Наутилустың»
үстін қалың мұз басып қалатын болды. Желкенді кемелер мұнда жүре
алмас еді, өйткені олардың блоктары мен талилеріне мұз қатып, істен
шығып қалар еді. Мұндай биік ендіктерде жүзуге, тек Электр күшімен
жүретін кемелердің ғана шамасы келеді.
Барометр үнемі қысымның төмендегенін, оның əлі де төмендей
түсетінін көрсетіп тұрды. Компасқа тіпті сенуге болмайтын болды. Жер
шарының полюсына тура келмейтін оңтүстік магнит полюсына
жақындаған сайын, компастың селтеңдеген тілі тіпті қиял жетпейтін
бағытты көрсетіп отырды. Шынында да, Гастеннің анықтамасы бойынша
оңтүстік магнит полюсі 70° ендік пен 130° бойлықта болатын да, ал
Дюперейдің анықтамасы бойынша, 70° 30' ендік пен 135° бойлықта
болатын - ды. Келе жатқан бағытты белгілеп алу үшін компасты кеменің əр
жеріне бір қойып, бірнеше рет байқап көріп, содан кейін осылардан
алынған цифрдың орта есебін дұрыс деп білуге тура келді.
Кейде кеменің қай жерде келе жатқанын лагтың көрсетуі бойынша
картаға түсіріп отыруға тура келді. Бұл əдіс бойынша алынған мəліметтер,
əрине, дəйексіз мəліметтер еді, өйткені бұлтарыс өткелдер арқылы жүріп
отырғандықтан кеменің бағыты минут сайын өзгеріп отырды.
17 мартта, жол салып алмақшы болып жиырма рет əрекеттендік, бірақ,
бұлардың бірде -бірінің сəті түспеді, сөйтіп, «Наутилустың» жолын
біржолата мұз басты, бұл енді мұзды ботқа да емес, жүзіп жүрген сең де
емес, тіпті мұз алабы да емес, бірімен бірі ұласқан, қозғалмайтын, сірескен
мұз таулар қамалы еді.
—Жаппай мұз,— деді маған канадалық.
Барлық полюс теңіз жүзушілері сияқты,Нед Лендтің де өткел бермейтін
мұздарға келіп киліктік деп тұрғанын мен түсіне қойдым. Түс кезінде
бірнеше минутке күн көзі көрінді, мұны дереу пайдаланып капитан Немо
қай жерде тұрғанымыздың дəл есебін шығарып алды. Біз 51° 30' бойлық
пен 67° 39' оңтүстік ендікте тұр екенбіз. Бақсақ «Наутилус» Антарктиканың
ен шалғай түкпіріне шығып кетіпті.
Біздің алдыңғы жағымызда, арт жағымызда да жалтыраған таза су
көрінбейді. «Наутилустың» айналасы мұз таулы кең алап еді, бұл алаптың
үсті шым - шытырық, іркес - тіркес болған сен жүрердегі өзен мұздарына
ұқсайтын еді, тек бұл олардан əлденеше есе зор, бірінің үстіне бірі шығып
үйме - жүйме болып жатқан мұз таулар еді. Əр жерден биіктігі екі жүз фут
тіпті одан да биігірек сүп - сүйір мұз жоталар да көрінеді. Олардың
аржағында тұман арасынан тіп - тік мұз жартастар көрініп тұр. Осы
сиқысыз көрініс бір жым - жырт тыныштыққа бөленіп тұр еді, бұл
тыныштықты дауылпаздардың сусылдаған қанаттары, шаңқылдаған
дауыстары ғана бұзып тұр. Мұндағының бəрі де өлі дүние сияқты...
Зулап келе жатқан «Наутилус» осындай мұзды алапқа келіп тоқтаған ды.
—Сіз, білесіз бе, профессор мырза,— деді бұл күні маған Нед Ленд, —
егер біздің капитанымыз осы арадан да əрі өтіп шыға алса...
—Онда қайтер еді, Нед?
—Онда ол жігіт болар еді!
—Неге?
—Өйткені сірескен мұзды ешкім де бұзып ете алмайды.
Капитанымыздың күшті адам екендігінде менің таласым жоқ, бірақ, ол
табиғаттан күшті емес қой! Ал егер осы араға табиғат өзінің қамалын
орнатса, оған лажсыз тоқтауға тура келеді.
—Менің пікірімше де, сіздің айтып тұрғаныңыз дұрыс сияқты, мистер
Ленд... Əйткенмен, осы мұздардың аржағында не бар екен, соны білгім
келер еді. Осы мұз менің де зығырданымды қайнатып тұр!
—Қожайын дұрыс айтады,— деді Консель. — Бұл камалдың өзі
ғалымдардың зығырданын қайнату үшін жасалған. Егер бұл қолымнан
келсе мен осы камалдың бəрін көтеріп алып құрылыққа қояр едім!
—Зығырдан қайнайтын түк те жоқ — деп жауап қайырды канадалық. —
Бұл қамалдардың аржағында не бар екенін мен жақсы білемін.
—Не бар?—деп сұрадым мен.
—Мұз, тек қана мұз!—деп жауап қайырды канадалық.
—Шынымен солай деп ойлайсыз ба, Нед? — дедім мен. — Бірақ
мұныңыздың дұрыстығында менің күмəнім бар, сондықтан мен оңтүстікке
қарай əлі де жүре бергім келеді.
—Мұныңыз тіпті жақсы емес, профессор мырза, — деп жауап қайырды
Нед Ленд. — Сіз бұл ойдан қайтуыңыз керек. Біз сірескен мұздың шегіне
жетіп тұрмыз — осы да жеткілікті. Бұдан əрі қарай сіз де, капитан Немо да,
«Наутилус» та бір адым ілгері баса алмайсыздар. Қайтқыңыз келе ме, жоқ
па, ол өз алдына, бірақ осы арадан солтүстікке қайтамыз, демек кəдуілгі
жөні түзу есі дұрыс адамдар тұратын жерге қайтамыз.
мойындауға тиіспін, бұл: кемелер мұзды алаптың үстімен де жүре
беретін болып үйреніп кеткенше, олар сірескен мұздың шетіне жеткен соң,
тоқтауға тиіс деген сөзі еді.
Шынында да, қанша күш жұмсаса да, мұзды жарып өтпек болып, қанша
əрекеттенсе де, «Наутилус» тұрған орнынан қозғала алмай қойды.
Əдетте, кеме ілгері қарай жүре алмаса, кейін қайтатын - ды. Бірақ мұнда
қайтуға да мүмкіндік жоқ еді, өтіп келген жатың бəрін де қайта мұз басып
қалған. Ал, егер біздің кемеміз тағы да біраз уақыт осы күйінде қозғалмай
тұратын болса, онда, сөз жоқ ол мұзға жабысып қатып қалар еді.
Бұл қауіп күндізгі сағат екі шамасында біліне бастады: «Наутилус»
тұрған жылым су өте тез арада мұз болып қата бастады. Мойындауым
керек, енді маған капитан Немоның осы қылығы үлкен ожарлық болып
көрінді.
Meн бұл кезде кеменің үстінде тұр едім. Қабыршақтанып қата бастаған
мұзға бірнеше минуттей қадағалап қарап тұрған капитан маған қарап:
—Біздің жағдайымыз туралы ойыңыз қандай, профессор мырза, — деп
сұрады.
—Біз мықтап тұрып, отырып қалдық деп ойлаймын, капитан.
—Отырып қалдық? Бұл сөзді қалай ұғуға болады?
—Менің айтайын дегенім: біз енді ілгері де, кейін де, оңға қарай да,
солға қарай да жүре алмаймыз деген сөз еді. Мұндай жағдайда
қалғандарды, мəдениетті елдерде, əйтеуір, «отырып қалды» деген сөзбен
ұғындырады.
—Демек, сіздің ойыңызша, «Наутилус» осы арадан шыға алмайды ғой!
—Бұған мен сеніңкіремеймін, капитан. Антрактиданың қысы қылышын
сүйретіп келіп қалғанда, мұзды қозғалады деп сену қиын ғой.
—Қайран, профессор, айтқаныңыздан қайтпайды екесіз - ақ, — деді
кекеңкіреп капитан Немо. — Сізге тек кедергілер мен бөгеттер - ақ көрінеді
де тұрады екен. Рұқсат етсеңіз сізге мен мынаны айтар едім: «Наутилус»
мұзды шеңберден құтылып шығып қана қоймай, ілгері қарай да жүре бере
алады!
—Бұдан да əрі, оңтүстікке қарай дейсіз бе? — дедім мен капитан Немоға
қарап.
—Я, профессор мырза, ол полюске дейін барады.
—Полюске?—деп қалдым
сенбегенімді ірке алмай.
мен
дауысымды
қаттырақ
шығарып,
—Я,— деді салқын ғана капитан, — оңтүстік полюске дейін, бүкіл жер
шарының меридиандары түйісетін сол бір жұмбақ полюске дейін барады.
«Наутилусқа» не істеткім келсе де істете алатынымды сіз білесіз ғой!
Я, мен мұны білетін едім. Сонымен қатар, бұл адамның көзсіз ерліктің
адамы екенін де білетін едім. Бірақ əйте тұрса да, Оңтүстік полюске бармақ
болып, талай қыруар қиын тосқауылдар мен кедергілерді бұзып - жарып,
көктей өтпекші болу — тек ессіз адамның ғана істейтін ісі, бұл солтүстік
полюске барудан да қиын.
Ең батыл, ең ысылған, ең тəжрибелі деген теңізшілер де Солтүстік
полюске бармақ болып, босқа əуре болған жоқ па еді, олардың талайы жете
алмай кейін қайтып, талайы апатқа ұшырап қаза тапқаны қайда!
—Адам баласының аяғы жетпеген осы полюсты сіз бұдан бұрын ашып
та қойған боларсыз — деп сұрадым мен капитан Немодан.
—Жоқ,— деп жауап қайырды ол.— Мұны бəріміз бірге ашатын
боламыз. Мұны ашуға басқалардың шамасы келмесе менің шамам келуі
керек. Мен «Наутилуспен» оңтүстікке қарай, ешуақытта, тап осындай алыс
сапар шеккен емеспін; бірақ сізге қайталап айтайын, біз əлі де ілгері қарай
жүреміз, жүргенде тура полюстің өзіне дейін барамыз!
—Менің сізге сенгім келеді - ақ, — деп жауап қайырдым мен кекеңкіреп.
— Мен сізге сенемін де. Ілгері қарай жүре береміз! Біз үшін ешбір кедергі бөгет жоқ! Сірескен мұзды қақ жарып өтеміз! Оның тас - талқанын
шығарамыз, егер ол қарсылық көрсететін болса, онда мұздың тура үстімен
ұшу үшін, «Наутилусқа» қанат жасап, қондырып аламыз да ұшамыз!
—Мұздың үстімен бе, профессор мырза?! — деп жауап қайырды
сабырлы пішінмен капитан Немо. — Өйтіп қажеті не? Одан да мұздың
астымен жүргеніміз жақсы ғой.
—Мұздың астымен дейсіз бе?! — деп айғайлап жібердім.
Кенеттен маған төңірегім жап - жарық болып кеткендей болды. Капитан
Немоның неге сеніп тұрғанын, нені сүйеніш етіп тұрғанын мен түсіне
қойдым. «Наутилустың» керемет қасиеті капитан Немоға тағы да бір
қызмет етуге тиіс еді.
—Біздің бір - бірімізді түсіне бастағанымызды мен байқап тұрмын,—
деді күлімсіреп капитан. — Менің байқауымша, сіз де мұндай əрекет
істеуге болады деп білетін шығарсыз. Мұның ойдағыдай болып
шығатындығында менің ешбір күмəнім жоқ. Кəдуілгі кемелер үшін мүмкін
емес іс, «Наутилус» үшін мүмкін болуы тиіс. Егер полюс жанында
құрылық болып шықса, ол, əрине, тоқтайды. Ал егер, мұның керісінше,
полюсті айнала мұхит суы алып жатса, онда біз тура полюстің өзіне дейін
барамыз!
—Шынында да, — дедім мен капитанның жүйелі пікіріне еріп, — егер
теңіздің бетін мұз қаптап алса, судың астыңғы қабаттары қатпауға тиіс қой.
Егер мен қателеспесем, теңіздің астыңғы жағындағы мұз үстіңгі
жағындағы мұздың биіктігінің төрттен үшіндей болатын сияқты еді ғой?
—Я, профессор мырза, сондай деуге болады. Мұз таулардың төрттен үш
бөлегі суға батып тұрады. Онда, теңіз бетіндегі ең биік мұз тау жүз метрден
аспайтын болса, оның су астына қарап кеткен бөлегі де үш жүз метрден
аспайды. Олай болса, «Наутилус» үшін үш жүз метр су астына түсу деген
немене, түкке тұрмайды емес пе?
—Түкке тұрмайды!
—Ол ол ма, біз əлі су астына түскенде, температурасы барлық,
ендіктерде де бірдей болатын тұсына дейін терең түсеміз, сөйтіп ауадағы
отыз - қырық градус аязды мазақ ететін боламыз!
—Дұрыс айтасыз капитан, өте дұрыс!—дедім мен.
—Бізге тек бір қиыншылықты жеңіп шығуға тура келеді, — деді сөзін
əрі қарай жалғастырып капитан Немо, — ол қиыншылық су астында
бірнеше тəулік бойына болған кезде, ауа қорын жаңалап ала
алмайтынымызда болып отыр.
—Сол - ақ па? — дедім мен. — «Наутилуста» ауа қорын толтырып
аларлық резервуарлар жеткілікті, сол резервуарлар бізді қажетті оттегімен
қамтамасыз ете алады ғой!
—Өте жақсы, профессор мырза,— деп күлімсіреді капитан тағы да.—
Енді тағы да бір күдікті мəселе туралы пікір алысуға рұқсат етіңіз,— кейін
сізден аңғал адам екен деген сөз естімес үшін ақылдасқалы тұрмын.
—Немене туралы күдігіңіз бар? — деп сұрадым капитаннан.
—Егер полюс тұрған жер теңіз болса, ол сірескен мұз болуы ықтимал,
олай болса, біз мұзды жарып теңіз бетіне шыға алмаймыз.
—Не айтып тұрсыз, капитан! «Наутилустың» ұзын- ұзын тіс қарулары
бар екенін ұмытып қалдыңыз ба! Сіз оны мұз төбеге қарай қиялата
жүргізбейсіз бе, сонда ол өзіне оп - оңай -ақ жол салып шықпай ма.
—Дегенмен профессор мырза, сіз бүгін мүлдем басқа тілде сөйлеп
тұрсыз.
—Алайда, капитан, — дедім мен бірден бірге екілене, — Оңтүстік
полюсте мұз қатпаған теңіз кездеспейтінін қайдан білеміз? Суық полюстері
Оңтүстік жарты шарда да, Солтүстік жарты шарда да құрылық полюсіне
сəйкес келмейді ғой. Сондықтан бұл анықтама теріске шығарылып
болғанша, жер шарының бір - біріне қарама - қарсы осы екі нүктесінде мұз
қатпаған теңіз бар кемесе жер бар деп жорамалдауымызға еркіміз бар.
—Мен былай деп ойлаймын, профессор мырза, — деп жауап қайырды
капитан Немо. — Менің жоба - жорамалдарыма, осы уақытқа дейін мүлде
қарсы болып келіп, енді менің пікірімді жақтайтын дəлелдерді жаудырып
тұрсыз, сіз осыны да бір ескеріп қойыңызшы.
Капитан Немоның мұнысы дұрыс еді. Батылдық жағынан мен енді оның
өзімен бəсекеге түсіп қалып едім. Енді мен полюске қарай жүзе бер деп
оны үгіттеуге айналдым. Мен тіпті одан асып түстім...
Жоқ, олай емес, ақылсыз бейшара! Капитан Немо менің сөйтетінімді ой
таразысынан өткізіп, кесіп - пішіп, біліп қойған, енді ол, менің қиялға ғана
беріліп, бір олай бір бұлай ауытқып тұрғанымды тамашалап тұр.
Бірақ капитан Немо уақытты босқа өткізіп тұрған жоқ - ты. Ол өзінің
көмекшісін шақырып алып, маған түсініксіз тілде сөйлесіп тұрды. Көмекші
капитанның жоспарын бұдан бұрын да естіген бе, əлде тіпті ол жоспардың
орындалмайтын несі бар деп қарады ма, əйтеуір оның бет ажарында
ешқандай таңдану белгісі сезілмеді!
Бірақ ол қаншама салқын қанды болғанымен, оның ешнəрсеге сес
бермейтіндігі Консельден асып кете қойған жоқ, өйткені Консельге мен
капитанның полюске бармақшы екенін айтқанымда ол сабырлы шыраймен
«қожайынның еркі білсін» деген бір - ақ сөзбен жауап қайырды, бұдан
басқа мен одан ештеме ести алмадым. Ал Нед Ленд болса ол бір басқа еді;
менің айтқан хабарымды естігенінде тап ондай ешкім иығын жоғары
көтере алмас еді.
—Білесіз бе, профессор мырза,— деді ол,— сізбен сіздің капитаныңыз
Немоны мен өте аяп тұрмын.
—Бірақ ұғыныңыз, Нед, біз полюске барғалы тұрмыз ғой, полюске!
—Онда баруыңыз ықтимал, бірақ, одан қайта алмайсыздар!
Осыны айтты да ол каютасына кетіп қалды, «бір пəлеге ұшырамай
тұрып», деді ол шығып бара жатып.
Бұл уақытта «Наутилус» өзінің сапарына шығуға даярлануда еді.
Двигательдердің қозғалуымен қуатты насостар, резервуарларға ауа
толтырып жатты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - 20 000 лье су астында - 23
  • Parts
  • 20 000 лье су астында - 01
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2015
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 02
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2010
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 03
    Total number of words is 4380
    Total number of unique words is 1940
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 04
    Total number of words is 4332
    Total number of unique words is 2011
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 05
    Total number of words is 4010
    Total number of unique words is 2058
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 06
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 1818
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 07
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1948
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 08
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2071
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 09
    Total number of words is 4217
    Total number of unique words is 2074
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 10
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 1869
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 11
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2013
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 12
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 1996
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 13
    Total number of words is 4263
    Total number of unique words is 2041
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 14
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 1947
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 15
    Total number of words is 4287
    Total number of unique words is 1996
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 16
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1781
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 17
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 1917
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 18
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2039
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 19
    Total number of words is 4272
    Total number of unique words is 2111
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 20
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2011
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 21
    Total number of words is 4141
    Total number of unique words is 1972
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 22
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 1850
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 23
    Total number of words is 4236
    Total number of unique words is 1916
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 24
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 1808
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 25
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2030
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 26
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 1946
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 27
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 1920
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 28
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 1916
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.